Кҥнікейдің жазығы КҤнікей ғой бҧ жатқАН



жүктеу 0.53 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата10.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Кҥнікейдің жазығы 

КҤНІКЕЙ ҒОЙ БҦ ЖАТҚАН 

 

Жаялықша  жалпиған,  жарқанатша  қалқиған,  жермен-жексен  шым  қора,  бейнеуі 



жоқ  сҧм  қора.  Шым  қорада  -  жер  ҥйде,  желпіндірмес  кор  ҥйде,  арса-арса  болып  сҥйегі, 

қалақтай болып иегі, жаңқадай жоқ жақ еттен, саусақтары шілбиіп, кӛлеңкедей кілбиіп, бҧ 

жатқан қай аруақ?  

Әлсін-әлсін демігіп, тық-тық еткен жӛтелі ӛңменіңнен ӛткендей, алма еріні кезеріп 

Бетпақ  кезіп  кеткендей,  кимешегі  қолқылдап  қуыршаққа  тіккендей,  сатпақ-сатпақ 

жастығы жастық емес кетпендей, сар тӛсек боп сарғайып - бҧ жатқаның қай әйел?  

Білмесеңіз айтайын - Кҥнікей ғой бҧ жатқан.  

Кҥзден  жатқан  Кҥнікей  -  жазға  жетті  ілініп:  кҥндері  ғой,  жан  шіркін,  ҥзілмейтін 

созылып.  

Кӛктем кҥні  кҥледі, кҥліп еді  - жер тҥледі. Тҥлегені  емес пе ақ кебінін сыпырып, 

кӛк  торғынға  бӛленді.  Қызыл-жасыл,  ақ-кӛкшіл  бейне  кілем  тҥріндей,  гҥлдер  гҥл-гҥл 

жанады, кҥлкілдеген гҥл-жапырақ, сағымданған кҥлім бел терезеден кӛз салса, Кҥнікейдің 

кӛңіліне жазылмас жара салады.  

Аһ,  дариға,  дариға!  Кҥнікей  сау  боп  жҥрер  ме  еді!  Қырдан  тезек  терер  ме  еді! 

Қырдан қия кезер ме еді! Шырқап әнге салар ма еді! Әнге салса, ол бітіп, қапқа қары талар 

ма еді!..  

Жалғыз әйнек жаман ҥй, тӛсеніші - жалаң ши. Жаман шидің тӛр жағы - ала сырмақ 

текемет, текеметте - Кҥнікей, жалғыз әйнек тҥбінде. Алты кӛзден ҥшеу жоқ, лақтар ойнап 

сындырған.  Қалғаны  аман  қалсын  деп,  әйнекті  жҥдә  жҧлдырған.  Кҥн  жылыда  не  керек? 

Бала-шаға, қозы-лақ жол қып алды әйнекті. Лақ ойнақтап кӛрпеге, жығып кетеді шәйнекті. 

Шәйнекте  шалап  сусын  бар,  шалабын  қорғап  Кҥнікей  айтып  қояды:  "Шай"!-  деп  те. 

Ойнақтаған  қҧлдыр  лақ  -  шай  дегенді  біле  ме?  Лақ  қарғыса  әйнектен,  запы  болған 

Кҥнікей, қолын созады шәйнекке.  

Кҥнікейдің серігі - әйнектен ескен жел болады. Кҥнікей жалғыз жатқанда, қозы-лақ 

пен қарлығаш - бейне бір дҥйім ел болады. Ауыл-ҥйден Кҥнікейге келушілер кем болады. 

Қашан жатқан Кҥнікей? Қашан ӛлген Кҥнікей? Қашанғы кӛңілін сҧрарсың? Соған қарап 

отыр ма? Шаруасы бар әркімнің.  

Оқта-текте Кҥнікейге бір айналып, кіші ҥйдегі Айдарлым келеді.  

-  Айдарлым-ау,  жап-жас  боп  аяуды  қайдан  білесің?  Мҥшелге  жаңа  жеттің  ғой... 

Айналайын ӛзіңнен! Сусының бар ма, апатай?.. Қалайсың деген сӛзіңнен!.. Сен болмасаң, 

қарағым!..- деп қояды Кҥнікей, деміге сӛйлеп ентігіп. , Айдарлым кетсе, Кҥнікей жалғыз 

жатады кҥркілдеп:- Уһ... алла-ай!..- деп кҥңкілдеп.  

Кҥнікейдің  серігі  -  әйнектен  ескен  жел  болады.  Кҥнікей  жалғыз  жатқанда  қос 

қарлығаш ел болады.  

Тҥйірлеп  тасып  топырақ,  қыл-қыбыр,  шӛп-шар,  жанырақ,  біріне-бірі  жапсырып, 

қос  қарлығаш  қалбаңдап,  ҧя  орнатты  дӛңбекке:  балалап,  ӛсіп-еңбекке.  Жалығу  жоқ 

шіркінде: жаралғандай еңбекке. Кҥнікей жатыр бақылап, қарлығаштың ӛнерін жатқандай-

ақ кӛрмекке.  

Қарлығашта дамыл жоқ: есі-дерті ҧясы, бірі кетсе, бірі кеп, ақ қанаты дірілдеп, қос 

қҧйрығын  қалақ  қып,  қҧртымтай  боп  қҧнтиып,  бҧғып  қана  қылтиып  ҧясына  жатады. 

Зайыбы  ҧя  басқанда,  байы  жҥреді  бәйек  боп:  әлсін-әлсін  келгіштеп,  жарының  жайын 

білгіштеп.  

Қарлығаш екеш қарлығаш бір-біріне қайырылғыш, бірін-бірі сыйлағыш. Адамзатқа 

не  болды?  Кҥнікейден  безгендей,  Кҥнікей  мәңгі  ӛлгендей,  суық  топырақ  кӛмгендей, 

Айдарлымнан ӛзгесі шетінен тҥге ҧмытып.  

Баласы  қайда  Кҥнікейдің  "апалап"  бір  уақ  келетін?  Жҧбайы  қайда  Кҥнікейдің, 

қияметтік  жолдасы?  Кҥнікей  бҥйтіп  жатқанда,  жастық  қойып  басына,  қолынан  сусын 

беретін? Ауылы қайда Кҥнікейдің, келіп-кетіп жҥретін?  



Жалғыз перзент демесең, аулы да бар он шақты ҥй, байы да бар соқталдай, бауыры 

да бар байының - немерелес әмеңгер. Кҥнікей сауда ҥйінен, ҥйірімен шықпайтын, ӛңшең 

қортық кеген кез.  

Бар  болса,  олар  қайда  жҥр,  бірі  басын  кӛрсетпей?  Ауылды  қойшы,  ауыл  ғой, 

жайшылықта бауыр ғой. Байы қайда Кҥнікейдің? Қосағы бҥйтіп жатқанда, қолының ҧшын 

бір бермей, жанына жақын бір келмей?  

Келмек  тҧрып  сҧнқа  адым,  шҧлық  жамап  қаңғып  жҥр,  қатқан  бар  деп  қай  ҥйде  - 

кӛкше тҥтін аңдып жҥр, жамауменен жан сақтап, қара басын қамдап жҥр.  

Қамдағаны  қҧрысын!  Кҥнікейдін  кӛзі  тіріде  бір  қатынмен  сӛз  байлап,  алуға  соны 

оңтайлап, тӛртті-бесті қараның бір-екеуін беруге, бҥгін-ертең қам қып жҥр.  

Кҥнікейдің  кӛзі  тӛрт,  кӛкірегі  жанған  ӛрт.  Бәрінен  де  жанына  Батып  жаткан  осы 

дерт.  


Ауыл-аймақ,  абысын,  не  жақыны-алысы,  не  тамыры-танысы,  не  алған  серігі,  жеті 

жылғы жолдасы - бәрі бірдей безгендей, Кҥнікей сонша не жазды?  

Не  жазғанын  бейбақтың  мен  айтайын,  жігіттер,  қҧлағыңды  сала  бер,  кӛкейіңе 

ҧнаса, мәнісіне қана бер.  

      ОЛ КҤНДЕ  

Ол кҥнде Кҥнікейдің бала кезі, сҥю мен жек кӛруден таза кезі.  

Сонда да:  

Мені сҥйген жігітте не арман бар? Айтып тҧрған секілді отты кӛзі. Кҥнікейдің әкесі 

Қҧлтума-ды. Қҧлтума қҧл боп туды, ҧл тумады. Қҧл туғанын сонан біл: Ордабайдың ӛмірі 

қойын  бағып  қолтаулады.  Шешесі  Кҥнікейдің  ІІІекер  еді,  ӛзі  де  Шекер  десе  шекер  еді, 

Қҧлтуманы "Шекердің байы" деуші еді, Шекерді "катыны" деу бекер еді.  

Ӛйткені:  

Ак  жаулык,  кылаң  ҧрған.  кылаң  Шекер,  Етегі  аяк  басса,  бҧлаң  етер.  Мықынын 

қысып  қалсақ:-  Ой  қағынды!  Қойшы!-  деп  еркеленер,  бҧраң  етер.  Ордабайдың  ауылы  - 

ӛңшең боз бас, Қолы бос, делебесі неге қозбас? Қызды ауылды торудан торықса да,  

Немесе  оңайына  обықса  да,  Шекерден  айналып  кеп  әйел  озбас!  Кҥнікейдің  ағасы 

бар:  Жҧматай  таз.  Тамақ  беріп  жҧмсаса,  ол  соған  мәз.  Кӛп  бала  бҧралқы  итше  тҥйе  бас 

қып, Желін кап тақиясын алып кашып: "Тазым, тазым. таққан таз, Тазды қҧдай қаққан таз, 

Бес  ешкісін  баққан  таз.  Ҥй  айнала  кашқан  таз,  Туырлыққа  тышкан  таз...  Әуескі,  жынды 

кӛкек, коңыр ала қаз..."-  

деп ажуалап, ыза қылушы еді.  

Әкесі қойшы Қҧлтума, ағасы Жҧматай таз, "қоңыр ала қаз, алпыс ҥйрек, бір тырна, 

жата  қалып  жер  тырна"  болса  да,  Кҥнікей  Қҧлагердің  баласындай  ҥздік  туып,  он  ҥшке 

жетер-жетпесте  бозбаланың  кӛзін  тартып,  баласынбай  "сӛз  айтуға"  жарап  қап  еді.  Қыз-

бозбала жиылып сауық қҧрғанда, орамалдың бетін Кҥнікейге бҧрғанда:  

Қолыңның  айналайын  саласынан!  Кӛзіңнің  кӛңіл  қояр  карасынан.  Сҥйрік  боп 

жалғыз ӛзі кайдан шыққан Қамыс пен кара ӛлеңнің арасынан?-  

деп, бозбала кӛзді бір қадап қоюшы еді.  

Қадаса  да  сҧмдықты  ерте  сезгіш,  жырынды  Шекер  қызына  қарлығаштай  шыжбақ 

боп, жҥрсе-тҧрса кӛзінен таса қылмай, тҧтқындағы жаннан бетер бағушы еді.  

Бірақ  Шекер  шеше  болам  деп  бекер  арам  тер  болды.  Баланы  іспен  емес,  сӛзбен, 

ҥлгімен емес,  ақылмен ҥйретпекші  адам сорлы ғой. Шекер ӛзіне "қҧдайжҧқтырмағанды" 

қызына  оқыды.  Қызы  кӛргенін  тоқыды.  "Бозбаламен  ӛзі  неге  ойнайды?"  деген  сҧрау 

Кҥнікейдің  ойына  ерте  бекілді.  Он  тӛртке  аяқ  басқан  соң-ақ  кӛзі  жанып  тҧрған  Кҥнікей 

апасынан қҧрық әкетті.  

- Жә, жә, ӛзім де білем, бала емеспін ғой...- деп, бҧрымын арқасына бір ыршытып, 

етегіне айнала бір қарап, шығып кететін кҥйге ҧшырады.  

Кҥнікейдің ерлігіне апасы ӛңін бҧзғанмен, кӛмейі бос: ӛзіне тартқанын, бозбаланың 

кӛз  салғанын  бір  есептен  теріс  те  кӛрмейді.  Қай  есептен  екенін  кім  білсін,  ананың  мақ-

танышы да. Кҥнікей оны сезеді.  



Апасы  жылтырағанды  Кҥнікейдің  ҥстіне  жапсырады,  шашын  жылтыратып 

тарайды,  ӛреді,  омырауын  қызыл,  жасыл  жіппен  кестелейді,  тана  моншақты  қамзолына 

тағады,  уақ  кҥмістен  сылдырмақай  шашбау  да  істейді.  Қҧлтуманың  тыққыштап  әкелген 

пҧшпақ жабағысына бақалшыдан айна, тарақ, жҧпар сабын, шаш майын әперді.  

-        Эһ! Кімнің қызынан кем?  

Баласын оннан асқан соң-ақ Шекер теңіне атастыруды ойлаған. Бірақ  әркімдер-ақ 

ауызға  алса  да,  бірінің  жетесін,  бірінің  қабын,  бірінің  сабын,  бірінің  малын,  бірінің 

мҧрнын, бірінің кеңірдек сақалын жаратпай, Шекер аяғына отырғызбаған.  

-        Қойшының қызы деп кемсінеді ғой. Адырам! Қанның қызына берем бе екен!- 

деп қоятын.  

Ӛйткені  ӛзін қойшының қатынымын деп Шекер ӛмірі ойлаған емес  қой. Қойшы  - 

тек қол байлау, қҧдай бҧйрығы. Анығында Шекер ӛзін ана мырзалардың қатынымын деп 

есептейтін.  

Шекер "Сырдың суын шҧлығынан келтірмей" жҥрсе де, енді ойланбасқа болмады. 

Кҥнікей  14-ке  келіп  қалды.  Енді  Кҥнікей  небір  қыздарды  да  отыртып  кетеді.  Сӛйлесе  - 

тҥбін тҥсіреді, оң қолынан ӛнері тӛгіледі, кҥлсе - аузынан дҥр шашылады. Ән шырқаса - 

сҥйегіңді шымырлатады. Шекердің ӛзі соққан еді ғой ана кезде. Сӛйткен қызға сенім бар 

ма? Кім біледі...  

Сӛйтіп  жҥргенде  Ордабайдікінде  Тҧяқ  дейтін  етікші  жатты.  "Кебіске  Шегебайдан 

да  бҧл  ӛткін  екен:  ӛкшені  бес-ақ  шегемен  тҧрғызады...  Асауға  қҧрық  салса,  тырп  етер 

емес, әкше сіріні тастай ғып, әшекейлеп тастайды. Тақаны қылмита мінеуге келгенде, жер 

жҥзінде бҧдан етікші ӛтпес..." деп, қымызға жиылған қҧла ауыздардың ауыз суы қҧртып 

жҥрді.  

Шекер  Ордабайдікіне  қымызға  барғанда,  ана  жақта,  жҥктің  бҧрышында:  "Пҥп-

пҥп!" деп, былғарыға су бҥркіп, тықылдатып, қҧжыраңдап жатқан мойны ішіне кірген бір 

жаманды  кӛруші  еді.  Оны  кісі  екен  деп  артық  кӛз  тоқтатпаушы  еді.  Жҧрттың  жер-суға 

тҥсірмей жатқанын естіген соң, Шекер де тігінін кӛргелі:  

-         Былай  тҧршы,  біз  де  кӛрейік,-  деп,  етікшінің  пышағын,  бізін,  балғасын, 

кемпірауызын  ҧстап,  қаумалап  жатқан  еркектерді  кимелеп,  біреуінің  қолынан  кебісті 

жҧлып  алып  қарады.  Байдың  кебісі  екен,  олай-бҧлай  аударып  кӛрді  де,  шҥйкесінің 

қылшығын бір тістеп алып: "Теріс емес" деп, 10  

ерніне  жабысқан  жҥнді  тҥкіріп тастады.  Сонымен  кете  барды.  Қайтып  оның  ісіне 

ІІІекер кӛз салған жоқ.  

Бір кҥні кешке таман Кҥнікей Ордабай ҥйі жағына барып келіп:  

      Апа, сен Шәмшидің кебісін кӛрген жоқсың ғой. Бір тҥрлі сҧлу бопты!- деді.  

-         Ә,  қойшы,  несі  бар  дейсің!..  Қандай  екен?-  дегенде,  Кҥнікей  қолымен, 

ернімен, қасы-кӛзімен кӛрсетіп, ӛзінше ӛте әдемілеп суреттеді.  

Байсалды кісімсіп, Кҥнікейге: "Кӛрсе қызарсың-ау" деп отырса да, аздан соң ӛзінің 

де әуесқойлығы ҧстап, бір жҧмысқа барған кісі боп Шекер байдікіне жӛнелді.  

Келсе, сыңар кебісі Шәмшидің алдында - қолсандығында қаздиып тҧр екен. Шекер 

жанына барып, кебісті алып айналдырып қарады, кӛбінесе ӛкше жағына кӛз салды. Жарма 

кӛттік қылып, қызыл-жасыл шарың жіппен иттіс шалып, сірісін қошқар мҥйіздеп қойып, 

тақасын шоңқита қаза мінеп тастаған екен. Кебіс жҧтынып тҧр. Шекер керіп-керіп, демін 

бір-ақ шығарды: кебіске қызығып, кҥншілдігі қозып кетті.  

-        Кҥнікейге мен де осындай бір кебіс тіккізіп берейінші,- деді. 

-         Тіккізсең,  шамаң  келеді  ғой!-  деп:  "Саған  арам  болар"  деген  кісіше,  Шәмши 

қасын керіп, тӛменгі ернін бҧлтың еткізді.  

      Несі бар, "Ердің қҧны, нардың пҧлы" деймісің?- деп Шекердің де жыны ҧстап, 

бастырмалатып шығып кетті.  

Шекер  келе  сала  жаман  әбдіресін  бҥйі  тигендей  астан-кестен  ақтарып,  "тӛрт  қой, 

тӛрт  киімнің"  біреуін  суырып  алды.  Ол  Қҧлтуманың  байдікінен  алған  бас  ҧлтаны  еді. 

Кебістің сайманы онымен тҥгенделе ме? Шекер ауылды қыдырып жҥріп, кӛттік тақа, сірі, 



ішпек тәрізді жабдығын тауып алды. Шарық жіп бақалшыдан - тарамыс ӛз ҥйінен шықты. 

Барды  да  Тҧяққа  сӛйлесті.  Ордабайдың  етіктерін  бітірген  соң,  Тҧяқ  Кҥнікейге  кебіс 

тікпекші болды.  

Он  шақты  кҥннен  кейін  Шекер  Тҧяқты  тӛрінің  алдына  отырғызып, ӛзі  -  тарамыс, 

Кҥнікейге шарық жіп ширатқызып:  

-         Қарағым,  оңдап  тік!  Бар  ӛнеріңді  сал.  Шәмшидің  кебісінен  асырмасаң,  кем 

қылма...- деп тақымдап, қайрап, қадағалап отыр.  

Қиядағыны кӛретін Шекердің қырағы кӛз қҧйрығы қҧтқарсын ба, Тҧяқтың жаман 

қарасын  сезген  соң,  жатарда  тӛсек-орын  жоқтығын  сылтауратып,  байдың  қонақ  ҥйіне 

жіберіп жҥрді. Әйтсе де кӛңіліне келіп қала ма деп, кҥндіз кебіс тігіп отырғанда Тҧяқтың 

ҥй  ішін,  малын,  ауыл-аймағын  сҧрап,  әлі  кҥнге  қалындық  айттырмай  жҥргенін  де  сӛз 

қылып:  


-        Жігіт адамға қыз табылмаушы ма еді...- деп кӛңілдендіріп, есек дәмелі қылып 

қояды.  


Кҥнікей  жоқта  ӛзінің  де  жайы-кҥйін  сӛйлеп,  осы  бір-екі  кҥшік  болмаса,  жаман 

қойшыға  әлдеқашан  тҧрмайтынын,  Кҥнікейін  жыламайтын  теңіне  қоскысы  келетінін 

білдіріп, ара-арасында:  

-         Ерегестіргенде  Шәмшидікінен  асырып  жіберші.  Тағаң  жетсе,  ӛкшесін 

оныкінен пышақ сыртындай болса да артық сал. Әйтеуір ӛнеріңді аяма, қарағым!- деп бір 

ескертіп ӛтеді.  

-        Бар ӛнер болса, сізден несін аяйық,- деп, Тҧяқ ыржиған болады.  

-        Иә, сӛйт, қарағым!.. Мен де бір керегіңе жарармын... Тіпті таныс боп қояйық. 

Біздікіне  келіп-кетіп  жҥрсейші.  Байдікіндей  ет-қымызымыз  болмаса  да,  айран,  шалабы-

мыз,  ықыласымыз  болады  ғой...-  деп  жылы  сӛздің  де  шетін  сездіріп,  бір-екі  сиырдың 

ірімшігі мен қаймағын, қатығын аузына тосады.  

-         Ет,  қымыз  ҥнемі  бола  бере  ме...  Біз  енді  не  қылып,  атқа  мініп,  нетіп  жҥрген 

кісі  емес...  Бәрінен  де  адамның  несі  керек...-  дегенде  Шекер  тартып  отырған  тарамысын 

тісіне  қыстырып,  әнтек  қоя  тҧрып,  қҧйқылжыған  кӛзінің  қҧйрығымен  сҧмдана  қарап 

жымияды. Оны кӛріп Тҧяқ та жымияды, балғасын қаттырақ сермеп, тізесін қимылдатып, 

қутыңдап қояды.  

Не  керек,  Тҧяқ  бар  ӛнерін  кебіске  салды,  аянған  жоқ.  Шекердің  де  бҧл  кебістен 

аяғанын ит жесе болмай ма. Кебіс Шәмшидікінен аспаса, кем болмады. Тҧяқ жарытып ақы 

алған жоқ, тек ықыласына ырза болды.  

Тҧяқ ауылына қайтарда Шекердікіне келіп, дәм ауыз тиіп, қош айтысты.  

Шекер қызымен тысқа шығып аттандырып:  

-         Келіп-кетіп  жҥр...  Кӛрген  жерде  ауыл  бар...  Етігіміз  болса  саған  тіктірейік,- 

дегенде:  

-        Е, нетсек, келмей енді...- деп Кҥнікей екеуіне кезек қарап, Тҧяқ жҥріп кетті.  

Тҧяқ кеткеннен кейін етік жайынан сӛз қозғалса, Шекер Тҧяқты аузынан тҥсірмей:  

-  Шегебай  қайда?!  Оныкі  Тҧяқтың  бір  шанышқанына  да  тҧрмайды,-  деп  мақтап 

жҥретін болды.  

Сӛйтіп жҥріп Тҧяқ Кҥнікейді айттырды.  

Тҧяқ  -  6-7  қаралы  кедейдің  баласы.  Мҧрны  кертеш,  иегі  кемиек  бет-аузы  қҧдды 

шӛміш,  мойны  ішіне  кірген.  Бейнесіз-ақ  жігіт.  Сонда  да  Шекердің  қолайына  жақты. 

Шекердің  айтуынша  мҧрнының  да  "дәнеңесі  жоқ",  қолы  да  "епсек",  ӛзі  де  оны-мҧныға 

"епті", мойны да "сҧңғақ", ӛңі де "ақ қҧба" жігіт боп шықты.  

Со кертештен басқа кісі қҧрып қалғандай...- деп Кҥнікей сырт айналып бҧртыңдап, 

жамап отырған әкесінің жаман шапанын лақтырып тастап кӛріп еді, Шекер мойнын ит ала 

қаздың айғырындай созып, бҥркітше тҥйіліп, бурадай шабынып: "Болмайды деген не?"... 

Қарды да, жарды да боратты, жылатты, сықтатты - ақыры кӛндірді. Қҧлтуманы қойшы, ол 

бір ӛлген кісі ғой.  


Әне-міне дегенше, Тҧяқ бір-екі қарасын беріп, қҧда тҥсіп, кҥйеу боп, бҧрынғы келе 

берісті сиретті.  

Тҧяқ  кҥн  сайын  тапқан-таянғанын  қалыңға  тоса  берсін;  Кҥнікей  шолпы  тағып,  ән 

салып, бҧлғақтап ӛсе берсін; енді әңгіменің бетін ӛзге жаққа бҧрайық.  

     КӚШКЕНДЕ  

Ол  кҥнге  жиырма  жылдан  асып  кетті,  жиырма  бес  жыл  да  боп  қалған  шығар.  Ол 

кҥнде  айдабол,  кҥлік,  ақ  бура,  тҧлпар,  қозған,  кақсал  Шідерті  бойын  жайлайды.  Ӛлеңті 

мен  Шідерті  қатар  аққан  ӛзен.  Ӛре  басы  Есіл,  Нҧрадан  келе  ме,  кім  білсін,  Ӛлеңті  - 

Ақкелге,  Шідерті  Жайылмаға  барып  сарқады.  Онда  Шідертінің  суы  мол  кезі.  Жалғыз-ақ 

Шиқылдақ аулы болмаса, о кезде Шідерті бойын қыстаған ел де жоқ. Сәуірдің алашабыр 

бҧлты  арылмай-ақ  Баянауыл,  Қызылтаудағы  қалың  сҥйіндік  атаңдарын  алқынтып, 

бҧйдасын  кеш  қҧлаш  созып,  Бӛкембай,  Арқалық,  Жаманадыр,  Желдіадырдан  асып, 

Шідертіге қарай ағыл-тегіл қҧлай бастайды.  

Жонның қар суымен шығып, желкілдеп тҧнып тҧрған бидайық, шалғын жеймін деп 

жанталасып  кҥліктен  алдымен  Ноқаң  ауылы  кӛшеді.  Ноқаң  малсақ  кісі  еді  ғой.  Ноқаң 

тҥннен  кӛшеді,  ҥдере  кӛшеді.  Қатын-баланың  жақ  жҥнін  ҥрпите,  кӛзін  іріңдете,  иегін 

дірілдете,  кӛлікті  зорықтыра,  арықты  ӛлтіре  кӛшеді.  Қызылтаудан  он  бес  кӛшкенде 

Шідертіге  тҥседі.  Ноқаң  ауылы  ӛзге  ел  барғанша,  жонның  соны  шалғынына  қардай 

шҥйгіп, аш қасқырмен арпалысып, малының тҥгін тартса, майы шығады.  

Ноқаң кеткен соң, Ордабай ауылы да копаңдайды. Ӛлер-тірілеріне қарамай, олар да 

айдайды. Айдағанмен Ноқаң бір сағым - жеткізбейді.  

Ордабайдың қыз-келіншектері бәт кҧндыз бӛріктерінің ҥкісі желкілдеп, жорға мен 

жҥйрік мініп, алдыңғы кешке сыдыртып ӛте шыққан кереге, уық, қҧрымын тендеген ала 

шолақ,  тарғыл  шолақ  сиырының  санында  кҥзеген  кек  байталмен  қалықтап  келе  жаткан 

Кҥнікейдің зығыры қайнайды. Тақымды бір қысып, қамшыны бір басып, шаба жӛнелгісі 

келеді де - талабы тас болады. Кҥнікей азуын шайнайды.  

-        Осынша топтан бір жібі тҥзу мал табылмады ма? Мінбеймін шолақ байталға,- 

деп Кҥнікей о баста-ақ азап салған, бірақ шешесі:  

-         Қарағым-ау,  сҥйгеніңді  мінетін  ӛз  жылқың  ба?  Тигенімен  жҥре  бер,  қҧдай 

жеткізер...- деп, бастырмаған.  

Шынымен  дейсіз  бе? Жоға,  онысы  әншейін  ғой.  Кҥнікей  бедеу  мініп  қылаң  ҧрса, 

тӛбесі  кӛкке  жетпес  пе  еді?  Кҥнікей  тҧрсын,  астындағы  қҧлағы  қалтиған,  қарыны 

қорылдаған шобырға ӛз кӛңілі де бейжай.  

Шекер  "қҧдай  жеткізер"  десе  де,  жеткізбесін  іші  сезеді.  Бір  кӛшті,  екі  кӛшті,  ҥш 

кӛшті.  Кәне  жеткізгені?  Жалаң  бҧ  жолы  ма?  Жеткізбегелі  қашан?  Кҥнде  кӛзін 

қызықтырып,  бай  қыздарының  сәнденіп,  қҧтырынып  жҥргені  анау.  Бҧл  ой  Шекердің 

басын жегідей жеді. Шекер шара іздеді, оны ойлады, мҧны ойлады: байдан да, қҧдайдан 

да "жәрекім алда" болмасына кӛзі жетті.  

Шекердің  қабағы,  еріні  аттай  тулап  келе  жатқанда,  бай  балалары  кӛп  жылқыны 

кҥндей  кҥркіретіп,  қиқулап  айдап,  сиырды  басып  кете  жаздап  ҥстінен  ӛтті.  Астындағы 

жаман неме де бҥйірі қызып:  

-         Ий-еһе-һу-ӛ!-деп  ҥйірсек  тҧлпарымсып,  шіңкілдеп  басы  мен  қҧйрығын 

кӛтерейін деп еді Шекер:  

-        Кет әй, ӛлімтік!- деп бір езуін жҧлқып, шолақ сабауымен желкеден бір қойды.  

Жылқы лек-легімен ӛтіп жатыр.  

Уай,  дҥние  шіркін-ай!  Анау  қара  ат,  торы  ат,  қҧла  бие,  жирен  бие,  ӛне  бір  қҧла 

биелерге Шекер де, Кҥнікей де мінер ме еді! Қаздия, қақия отырып, тақымды жапсырып, 

ӛкшені  қадап  тастап,  кӛк  кӛйлектің  етегін,  ақ  шаршының  ҧшын  желеңдетіп,  елпілдетіп, 

елеңдетіп желер ме еді! Анау боқ мҧрын Шоқандардың астындағы ақ селеуді Кҥнікейдің 

астына  берер  ме  еді;  Шекер  кедейлікті,  қорлықты,  қойшыны  бір  кҥн,  бір  сағат  ішінде 

талақ қылмас да еді! Бірақ оған қолы қалай жетеді? Кім жеткізеді? Қҧдай ма, бай ма? Жоқ, 

жоқ, жоқ! Ӛзі, ӛзі жетуі керек!  



Кӛп  жылқыны  еріккен  балаларға  айдатып,  ӛзі  Тҥгелбай  адырына  мана  жосып 

кеткен  қысырақты  қайырып,  тымақтың  желкесін  мықырайта  киіп,  қҧрығын  сҥйретіп, 

жылқышы  Домбай  келе  жатыр  екен.  Деңгейіне  таянғанда  ІІІекердің  кӛзі  от  боп  жайнап, 

шобырын борбайға бір кӛміп, сиырдан оқшаулана беріп:  

-        Әй, Домбай! Қайырылшы,- деп, қамшысын шошайты.  

Домбай байдың кӛп жылқысын ӛз маңдайына біткендей  

буланып  жҥретін  есерлеу  жігіт  еді,  ӛйткені  кӛшкенде  кӛршілерге  ептеп  ӛз 

таңдауымен де ҧстап беруші  еді. Анда-санда байдың, бәйбішенің кӛзі  тҥсіп:  "Пәленшеге 

ол  атты  несіне  бердің"  дегенде:  "Содан  қолайлы  аттың  реті  болмады,  таң  асырып 

жіберейін  деп  ем,  жылқы  ӛріп  кетіп,  ӛзге  аттың  жӛні  келмей  қап  еді"  деп  жоқтан  ӛзгені 

сылтау қылып жҧбата беруші еді.  

Осы  Домбай  ана  жылы  бір  тҥні  Шекерге  қол  салғанда,  ІІІекердің  онда  іріленіп 

жҥрген  кезі  ме,  ӛзге  себеп  болды  ма,  кім  білсін,  әйтеуір  меселі  қайтып  еді.  Содан  бері 

Домбай тҥйеші Жаманайдың жаман Тәукішін талшық қып, ІІІекерден кҥдер ҥзіп кетіп еді. 

Енді кӛк кӛйлегі кӛлеңдеген, байбатшалармен айналыс қылатын Шекер медіресін қылған 

соң  не  жаны  тҧрсын,  қысырақты  "Вшщит!"  деп,  бір  ыршытып  жіберіп,  айғырын 

шаужайлай берді.  

-        Е, Шеке, жақсы ма?  

      Жақсы емей, жаман деймісің?  

-        Атың келісіпті ғой.  

-         Ой,  қҧдай  атқыр!  Осынша  жылқыдан  бір  тәуір  мал  қолыңа  тҥспеді  ме?- 

дегеннен-ақ Шекер мойнын былғаң еткізіп, кӛзін тӛңкеріп жіберді, іш білді, мҧрт кҥлді.  

Шекер бірталай сӛйлесіп, жымиып қайтты.  

Немене апа?- дегенде: - Саған бір жақсы ат бер деп тапсырдым. Ертең жҥгенді ӛзің 

апар!-  деді  (бҧрын  атты  Жҧматай  таз  әкелетін).  Ертеңгі  кӛште  Кҥнікей  қҧйрық-жалы 

Шәмшидің  шашындай  тӛгілген  жарау  тобылғы  торы  биені  алып  келді.  Кӛк  байталдың 

жанында дҥлдҥл тәрізді.  

Шекер  бҧрын  да  айтқан  ғой,  жаман  шомыттарын  сиырларына  артып,  ӛзі  жӛнеліп 

бара жатып, Кҥнікейге тағы да: 

-         Бар  ана  Шәмшилердің  қасында  бол!  Елеңдеген  мал  кӛрінеді,  жығылып 

қалма!- деді.  

Кҥнікей қызылшаң белбеуімен қыпшасын кылдай қып буынып, қызыл тақиясының 

ҥкісін дӛңгелете сілкіп, желпілдетіп, кебісін тазалап киіп, атын жетелеп, байдың жҧртына 

барды.  


Байдікі  он  шақты  тҥйеге  жҥгін  артып  болған  екен.  Тҧрғызған  тҥйелерді  салды 

балақ  малшы  қатын  жетелеп  тіркеп,  алдыңғы  тҥйені  тау  кеншіктей  қара  сирақ 

Қырықбайына  ҧстатып  қойған  екен.  Жаулығы  қоқырайған  Қара  бәйбіше  кҥптей  боп 

жҧртта шалқиып тҧрып, кейбір жҥгі ауған тҥйелерді кӛріп:  

-         Дҥйсенбай,  Дҥйсенбай!  Сен  қайда  жҥрсің  ана  ауған  тҥйені  бҧрамай?-  деп 

шаңқ-шаңқ етеді.  

Дҥйсенбай маңдай терін шапанының етегімен бір сҥртіп, далақтап жҥгіріп барады.  

-         Сен,  неғып  тҧрсың,  бозбала  жігіт  боп  сіресіп;  қымыз  ішкенде  сондайсың... 

колыңа жҧғып кете ме? Бар, ана тҥйені бас арқанды тарт, атты ертте!..- деп, Қара бәйбіше 

кӛрші  жігіттердің  онысын  оған,  мҧнысын  бҧған  жҧмсап,  бҧйырып  тҧр.  Жігіттер  ҥн-тҥн 

жоқ, жҥгіріп қауқалаңдап, мықшыңдап, бҧйрығын орындап жҥр.  

-         Е,  мына  қыз  да  сәнденіп  шығыпты  ғой. Мынау  атты  бҧған  кім  берген?-  деп, 

Кҥнікейге де кӛзі тҥсіп кетті. Кҥнікей қыпылдап, сазарып, тҥк айта алмай қалды.  

       Апа-ау,  не  қыласын.  Біздің  қасымызда  жҥрейін  деген  ғой,-  деп,  Шәмши  ара 


Каталог: images -> stories -> pdf
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Ж ы лдар аралы ғы Қ р халы кка білім беру министрі ш айсұлтан ш аяхм етов
pdf -> Сыны: тарих және тағылым
pdf -> Ж-аймауъітов т уы н лы ла ры ндағы
pdf -> «білім ltd» жэне «С0тиаз» шяш wi11
pdf -> Отчет Қазақстан Республикасы Біпім жэне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
pdf -> «білім ltd» жэне«СӘтназ» жшс-нен шығатын
pdf -> Қазақстан республикасының Әл-Фараби атындағы
pdf -> Ғ ы л ы м и п е д а г о г и к а л ы қ ж у р н а л ЖӘне табиғат q семей орыс географиялық

жүктеу 0.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет