Книга. Время. Общество материалы IV международной научно-практической конференции



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/30
Дата26.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріКнига
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

ШОҢ БИ 
 
Б.Н. Мұзафаров 
ПМПИ, Павлодар қ., Қазақстан 
 
XVIII–XIX 
ғасырларда 
елінің 
болашағын 
алыстан 
барлап, 
халқының  тағдырына  тікелей  араласа  білген,  ақыл  мен  кемеңгерліктің 
тізгінін қатар ұстаған, озық ойлы орақ тілді би-шешендердің билік айту 
негізі қалыптасқан еді. Жері мен еліне баса-көктеп кірген сыртқы жаудан 
қорғайтын  қол  бастаушы  батыр  болса,  би  –  қалың  жұртты  ұйым- 
дастырып  ұйыта  білетін  кемеңгер  деп  тануға  болады.  Қазақ  бір  ауыз 
сөзге  тоқтап,  сөз  өнерін  қастерлей  де  қадірлей  білген  халық.  Оның  бір 
дәлелі  «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен  өтеді» деп бекер айтпаған болар. 
Себебі сөз біздің ата-бабамыз көтере алмаған үлкен жүкті ғасырлар бойы 
көтеріп,  шашпай-  төкпей  бүгінгі  күнге  жеткізген.  Міне  осы  сөз  өнеріне 
үзеңгі  қағыстыратын  шешендікті  де  біздің  халқымыз  қасиетті  деп 
ұғынып  дәріптесе  керек.  Шешендік  –  қай  дәуірде  болмасын  өз 
ортасында үлкен абыройға ие болған, қалың жұртты бір өзіне бағындыра 
отырып, бойына біткен турашыл әділдігімен халқының арасында қаққан 

84 
 
қазықтай  биік  тұғырда  таныла  білген.  Сондықтан  белгілі  бір  мәселені 
талқылау кезінде ауызекі сөзімен тыңдаушыларды аузына қаратып, өзіне 
тарта  білетін  терең  ойлы,  шебер  тілді  би-шешен  дейді.  Ал,  нақты 
жағдайды  талқылағанда  би  адамның  тапқыр  ойымен,  шебер  тілімен 
ауызша айтқан мазмұнды, орынды пікірін шешендік сөзге телиді. 
Қазақ  даласын  патшалы  Ресей  империясы  жаулап  алған  соң,  отар 
елді  тиімді  басқару  үшін  әкімшілік  реформалар  жүргізгені  белгілі. 
Хандық билікті түбегейлі жойып, орыстардың басқару жүйесі орнайды. 
Шоң  би  Едігеұлы  Орта  жүздің  ішіндегі,  Арғынның  Сүйіндігінен 
шыққан  би,  шешен,  асқан  ақыл  иесі,  елмен  елді,  румен  руды  ымыраға 
келтірген мәмлегер адам болған.  
Шоң  бидің  өмірі,  отбасы,  ұрпағы  жөнінде  деректерден  гөрі  оның 
қара  қылды  қақ  жарған  әділ  билігі,  шешендігі  жайында  халық  аузында 
сақталған  әңгімелер  көп.  Сондай  әңгімелер  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеевтің 
қалдырған  бай  мұрасынан  орын  алған.  Сонымен  қатар  Шоң  би  туралы 
халықтың  арасына  кең  тараған  ауыз  әдебиетінің  үлгілерінде,  орыстың 
отарлаушы  әкімшілігінің  құжаттарында,  зерттеушілердің  еңбектерінде 
айтылады. 
Шоң би Едігеұлы 1764 жылы дүниеге келген. 1836 жылы Баянауыл- 
да қайтыс болған. Мүрдесін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи 
кесенесінде  жерлеген.  1833–1836  жылдары  Баянауыл  сыртқы  округінің 
аға  сұлтаны  болған.  1846  жылдың  13  тамызы  күні,  қу  тағдырдың 
бұйрығымен  Сібірге  жер  ауып  келіп,  күнкөріс  қамымен  Ресей  әкімші- 
лігіне  қызмет  қылған  поляк  халқының  тумасы,  әдебиетші  Адольф 
Янушкевич күнделік дәптерінде былай деп жазады: «Шоң – сұлтан емес, 
бірақ ірі адам. Ол орыстар осы жерге келер алдында өмір сүрген. Ақылы, 
әділдігі  және  күш-қуатының  зорлығы  арқасында  ол  өз  ортасында  үлкен 
беделге  ие  болған.  Оның  әмірі  анау-мынау  ханнан  артығырақ  пәрменді 
жүрген.  Қылмыскерлерді  өзі  жазалаған,  оларды  кейде  асау  атпен 
сүйреттіріп, аяусыз түрде өлтірткен...» – дейді [1, 35 б.].  
Атақты  Едіге  биден  туатын  қос  саңлақ  Шоң  мен  Торайғыр  сынды 
асыл  перзенттер  қол  астындағы  халықты  төрелердің  билігіне  қарсы 
ұйымдастырады.  Десек  те,  бұлар  билік  тізгініне  мұрагерлік  жөнмен 
жетіп,  атақ-абыройды  өз  жолдарымен  тапқаны  белгілі.  Атап  айтсақ, 
Бөкей  төренің  хан  болуына  қатты  қарсылық  көрсеткені  деуге  болады. 
Дала  заңының  үлгісі  мен  қағидасын  алға  тартып,  Төртуыл  жұртының 
бірлігін  нығайту  жолында  айтарлықтай  зор  еңбек  сіңірген  би,  шешен 
санатындағы  ірі тарихи тұлғалар деп тануымыз керек. «Баяғы «Ақтабан 
шұбырындыдан»  кейін  сонау  жизақ  даласы  мен  Сыр  бойынан  Арқаға 
қарай  көшерде  «жол  торығын  ата  жаудан  басым  болу  үшін»  Айдабол 
батыры  Олжабай  мен  Қаржас  Сәти  (Шорманның  атасы)  Мейрамның 
сүйіндігінің төрт тармағы Қаржас, Жанболды, Құлболды және Орманшы 
өсіп-өнген  ұрпақтан  1816  жылы  «Төртұлы»  деген  одақ  құрып  қайта 
жанғыртады.  Бертін  ел-жұрт  ата-баба  мекеніне  есен-сау  орнықса  керек. 

85 
 
Одаққа  кірген  рулардың  билері  Шоңды  бір  ауыздан  төбе  би  деп  тани- 
ды» [2]. 
Шоң  би  қарапайым  халықтың  да  ел  басқара  алатынын  дәлелдеп, 
патша  бекіткен  жарғыны  бұздырып,  аға  сұлтан  атанған  тұңғыш  би. 
Сондай-ақ, Шоң би 1833 жылы Баянауыл округі құрылғанда алғашқы аға 
сұлтаны  болып  сайланған.  Жаңадан  ашылған  округтің  ісін  жақсы 
ұйымдастыру  үшін  патша  үкіметі  Шоң  бидің  ел  алдындағы  атақ-
абыройын  жақсы  пайдаланған.  Кейін  оның  орнында  қысқа,  бірақ  аса 
жемісті  ғұмырында  Шорман  би  де  отырған.  Шорман  бидің,  яғни  бала 
Шорманның  ұстазы  Шоң  би  еді.  Олар  туралы  ел  ішінде  көптеген  аңыз 
бар.  Сол  1833  жылы  Баянауыл  округі  ашылғанда  аға  сұлтан  Шоң  биге 
кандидат  болып  34  жастағы  Шорман  би  Күшікұлы  бекітілген.  Ол  кезде 
аға  сұлтанның  сайлану  мерзімі  3  жыл  болған.  1836  жылдың  басында 
Шоң  бидің  дүние  салуына  байланысты  патша  үкіметі  аға  сұлтандыққа 
Шорман би Күшікұлын хорунжий шенінде бекітеді. 
Қазақ  халқының  ақиық  ақыны  С. Торайғыров  Едіге  би  атасынан 
санағанда  биге  бесінші  буыннан  қосылатын  туысқан  боп  келеді. 
Ақынның  «Айқап»  журналында  1913  жылы  жарық  көрген  «Қазақ 
тіліндегі  өлең  кітаптары  жайынан»  атты  еңбегінде  былай  десе  керек: 
«...ең ақыры кеше қазақ Россияға қараған заманда Шоң билер болды. Ол 
қазақтың  ортасынан  құдай  жаратқан  билері  бар  заманда  халық  қандай 
халде  болды,  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  заман  болды.  Кеше 
Шоң деген кісі тоқты ұрлаған ұрыны тарттырып өлтірді. Жеті ұрыны бір 
көлдің  басында  тарттырып  өлтіргеннен  сол  көл  «Ұрының  көлі»  атан- 
ды», – деп әрі сүйсініп, әрі өкінішпен сипаттаса керек [3, 25 б.].  
Шоң  бидің  әкесі  белгілі  Едіге  би  Төлебайұлы.  Демек,  Шоң 
бабамыздың  басына  қонған  би  атағы  арғы  аталарынан  дарыған  сынды. 
Олай  дейтініміз,  арғы  атасы  Айдабол  бидің  жолын  оның  туған  інісі 
Торайғыр би (1767–1830 жж.) де жалғастырғаны тарихта белгілі. 
Шоң  би  Едігеұлының  ата  –  таралымы  былай  өрбиді:  «Арғын  – 
Мейрам  сопы  –  Сүйіндік  –  Суғыншы  –  Шоманақ  –  Құлболды  –  Айда- 
бол – Жанқозы – Төлебай – Едіге би – Шоң би» [4, 684 б.].  
Ғұлама-философ  М.Ж. Көпейұлы  өзінің  еңбегінде  Шоң  би  туралы 
былай  дейді:  «Екі  елдің  дау-жанжалы,  «Ердің  құны  –  нардың  пұлы»  – 
сияқтыларды  Қаракесек,  Төртуылдың  билері  бас  қосып,  бітім,  тыным 
қылып,  ел  арасын  тыйыштандырып,  жайландырады  екен.  Сонда 
Қаракесектің биі – Тіленші, Төртуыл биі – Шоң би – екеуі бас қоспақшы 
болып,  Шоң  би  Қаракесекке  бет  алып  жүрмекші  болып:  «Айдабол 
Тайкелтір  бидің  Өрік  деген  тоқалынан  туған  Өтеп  сақауды  ала 
жүрейік!» – деп, барса, Өтеп кедейлікте қара қасқаның өзі екен. 
– Атым, тоным жоқ – деген соң, Тайкелтірдегі Манкен байдың торы 
жорғасын  алдырып,  мінгізіп,  шұға  шекпенін  алғызып  кигізіп,  алып 
жөнелді. Сонда Өтеп сақау айтыпты: 

86 
 
– Алдынан  буа  сөйлейін  бе,  артынан  қуа  сөйлейін  бе?  –  дегенде, 
Құдай рахмат қылсын, Шоң би айтқан екен: 
– Артынан  қуамын  деп  жүргенде,  жеткізсе  жақсы,  шалдырмай, 
шығып  кетсе,  қапы  соғып  қаларсың.  Не  болса  да, алдынан  буа  сөйле!  – 
депті. 
Билер  бас  қосып,  сөзді  бастағанақ  Өтеп  сақау  ешкімге  сөз  бермеді, 
Тіленшінің аузын ашырмады. Сонда Тіленші не дерін білмей: 
– Мынау өзі жағасы кір-кір немең кім өзі? – депті. 
Сонда Өтеп сақау айтқан екен: 
– Көйлек кірі жуса, кетер; көңіл кірі айтса, кетер; сүйек кірі қайтсе, 
кетер? – дегенде, Тіленші: 
– Менің сүйегімде не кір бар? Әкем – Бекболат, бабам – Қазыбек, – 
Бошанға,  Болатқожаға  шейін  шұбыртып  сөйлегенде,  сонда  Өтеп  сақау 
айтқан екен: 
– Әкең  айсыз  қараңғы  түн  еді,  жерошақтың  басында,  көгеннің 
қасында жататын шеше – сол Мықыра күң еді, – дегенде, Тіленші сөз та-
ба алмай, Шоңға айтқан екен: 
– Ай,  Шоң-ай,  мына  сөзді  биті  быжынаған,  құрты  құжынаған 
жаманыңнан  есіттірмей,  өзің-ақ  айтып  тынсаң,  не  етеді?!  –  дегеннен 
басқа дәнеме айта алмапты. 
– Сол  Қазыбектің  ұрпағына:  «Кімсің?»  –  дегенге  «Кішікпіз!»  – 
дейтіндері  бар.  Онысы:  «Біз  Сұлымқарадан  емеспіз»  –  дегені.  Кішік  – 
қатынның  аты  болса  керек.  Сұлымқарадан  жирендіріп  қойған  Өтеп 
сақаудың сөзі болмаса, кімнен туғанын кім біледі? [5, 246 б.]. 
Осы  орайда  айта  кететін  бір  жайт  2011  жылдың  14  қыркүйегінде 
Баянауыл ауданында Шоң би мен Шорман биге ескерткіш орнатылғаны, 
соңынан ерген ұрпақтарына үлкен мақтаныш сезім тудырады. 
Шоң би  Едігеұлы аға сұлтан  халқына жаққан билеуші, ел мүддесін 
көздеген би болып, даналығымен, әділдігімен,  туралығымен дараланып, 
бұқара  көңілінен  шықты.  Көпшілік  жиналған  жерде  әрқашан  ақыл-
ойының кеңдігімен, озық ойымен ерекшеленген. Сол үшін де Шоңды ел 
қадір тұтып, ардақтап, құрметтеген. Десек те,  Шоң Едігеұлының ақылы 
асқан,  дана,  халқының  құты  болар  дара  тұлға  ретінде  қазақ  тарихында 
алар орны ерекше. 
 
Әдебиет 
1. Дневники и письма из путешествия по казахским степям/ Ф.И. Стеклова. – 
Алматы: Қазақстан, 1966. – 179 б. 
2. Исабай Қ. Шорман-бала би // Сарыарқа самалы. – 2000. – 26 тамыз. 
3. Қаныш елі. – Алматы-Павлодар: Жібек жолы, 1999. – 336 б. 
4. Баянаула перзенттері. – Павлодар: ЖШС ҒПФ «ЭКО», 2010. – 748 б.  
5. Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы.  Шығармалар.  6  т.  –  Павлодар:  «ЭКО»  ҒӨФ, 
2008. – 385 б.  
 
 

87 
 
BOOKCROSSING «КІТАПХАНАСЫ» 
 
Б. Нұрмат 
ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан  
 
Француз  жазушысы  Виктор  Мари  Гюго  ХІХ  ғасырда  кітапты  асып 
таспайтын  асыл  досқа  теңеген  болатын.  Карл  Маркс  оқыған  кітап- 
тарынан  үзінді  жазып  жүрген  болса,  Шекспир  үшін  кітап  тақтан  да 
қымбат  саналды.  Бұл  өткен  ғасырлардағы  кітап  туралы  көзқарас 
болатын.  Бүгінде  кітап  жайлы  оқырмандар  пікірі  қандай?  Олар  кітапты 
қайдан  алып  оқиды?  Осы  сияқты  ұршығынан  ұстатпай  үйірілген 
сұрақтарға жауап табу маңызы зор мәселелердің бірі. 
Шапшаң  жүріп  жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік  бәсекелестікті 
арттыра  түсуде.  Заманауи  технологиялар  дамыған  сайын  жастардың 
кітап  оқу  процесі  де  бәсеңдей  түсуде.  Бұдан  арылудың  бір  ғана  жолы 
бар.  Ол  осы  технологиялар  мен  жаңа  «құбылыстардың»  барлығын  да 
кітап оқу жолында ұтымды қолдана білу. Бұл бағытта бірнеше жұмыстар 
атқарылып  та  келеді.  Солардың  бірі  бүкіләлемдік  Bookcrossing 
қозғалысы.  
Wikipedia  мәліметіне  сүйенер  болсақ  Bookcrossing  қозғалысының 
негізін  салушы  –  Рон  Хорнбекер  [1].  Ол  2001  жылы  мамыр  айында  өз 
үйінің  есік  алдында  20  кітап  қалдырады  және  әр  кітапқа  түсіндірме 
қағазын жабыстырады. Bookcrossing  қозғалысының негізгі мақсаты өзің 
оқыған  кез-келген  кітапты  «бостандыққа»  жіберу  арқылы  оқылған 
кітапты  өзге  оқырмандарға  оқылмаған  «жаңа»  кітап  ретінде  тарту  ету. 
Bookcrossing  сайтының  бей-ресми  сайтындағы  [3]  мәліметке  сүйенер 
болсақ бүгінге дейін 116725 кітап «бостандыққа» жіберілді.  
Қазіргі таңда 1,5 млн адам бұл қозғалыстың белсенділері. 13 милли- 
оннан  астам  кітап  тіркелген.  Қозғалыс  орталығы  www.bookcrossing.com 
халықаралық  сайты  болып  табылады.  15  тілге  аударылған.  Сонымен 
бірге  әр  елдің  өз  буккросинг  сайты  да  пайда  бола  бастады.  Бұл 
қозғалыстың  дамуының  көрінісі.  Қозғалыс  қатысушыларын  буккросер- 
лер деп атайды. 
Қозғалыс  Италияда  да  өте  қарқынмен  дамыды.  Итальян  тілінде 
PassaLibro  деп  аталады.  Флоренцияда  тіпті  билік  4000  кітапты  осы 
қозғалыс  негізінде  «бостандыққа»  жіберді.  2014  жылғы  мәлімет 
бойынша  қозғалыс  Германияда  белсенділігін  күшейткен.  Мұнда  ай 
сайын он мыңдаған кітаптар «бостандыққа» жіберіледі.  
Әр  жылдың  сәуір  айында  қозғалыс  белсенділерінің  сьезді  өтіп 
тұрады: 
2004 – Сент-Луис, Миссури. АҚШ 
2005 – Форт-Уэрт, Техас. АҚШ 
2006 – Торонто. Канада 
2007 – Оңтүстік Каролина. АҚШ 

88 
 
2008 – Лондон. Ұлыбритания 
2009 – Крайстчерч. Жаңа Зеландия 
2010 – Амстердам. Нидерланды 
2011 – Вашингтон. АҚШ 
2012 – Дублин. Ирландия 
2013 – Гетеборг. Швеция 
2014 – Мельбрун. Австралия. 
Bookcrossing  түрлері:  классикалық,  арнайы  орындар  көмегімен, 
букрей  (почта  арқылы  кітапты  келесі  буккросерге  салып  жіберу,  кітап 
салып  жіберген  буккросерге  қайтпайды),  букринг  (кітапты  салып 
жіберген буккросерге кітап қайтадан қайтуы керек). 
Bookcrossing  қозғалысында  кітапты  бостандыққа  жіберудің  үш 
сатысы бар: 
1 кітапты арнайы сайтта [2] тіркеп BCID нөмірін алу; 
2 BCID  нөмірін  кітапқа  жазу  (сонымен  бірге  өзіңнің  e-mail 
поштаңды да жазып қалдыруға болады); 
3 кітапты қауіпсіз кез-келген жерге қалдырып кету. 
BCID  нөмірі  арқылы  қозғалыс  ұйымдастырушылары  кітаптарды 
бақылап отырады.  
Бұл  қозғалыс  2012  жылы  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық 
институтында кітапханашы-ғалым Наталья Александровна Колодинаның 
бастамасымен  пайда  болды.  Осы  арқылы  институттың  абонементінде, 
№5,  №2  оқу  залдары  мен  №1,  №2  студенттер  үйінде  «қауіпсіз  сөрелер» 
пайда  болды.  Мұнда  кез-келген  оқырман  өзі  оқып  болған  кітабын  алып 
келіп кітапханашыға тапсырады. Кітапханашы Bookcrossing парақшасын 
кітапқа  салып  оны  қауіпсіз  сөреге  қояды.  Ол  сөрелерден  кез-келген 
оқырман  сол  кітапты  алып  кете  алады.  Осы  арқылы  кітап  оқушыларды 
қызығушылығы  да  кітапхананың  оқырмандар  саны  да  артады.  Бұл 
сөрелерден  «Аманат»,  «Жұлдыз»,  «Жалын»  секілді  журналдарды  да 
табуға болады. Бұл Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына өнеге 
бола алады.  
Кітапты  өртеуден  де  жаманы  ол  сол  кітапты  оқымау  екені  белгілі. 
Олай болса кітаптарды «бостандыққа» жібер! 
 
Әдебиет 
1. www.wikipedia.com 
2. www.bookcrossing.com 
3. www.bookcrossing.ru 
 
 

89 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК  
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
А. Оспанова, К.Г. Исинбаева 
ПМПИ, Павлодар қаласы 
 
12  жылдық  білім  беру  жүйесінде  білім  беруді  ұйымдастырудағы 
жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзыреттілік тұрғылар жалпы білім беруді 
ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда. 
Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  қарқынды  дамуы  білім  беру 
саласына  да  прогрессивті  өзгерістерді  енгізуді  талап  етуде.  Бұл 
өзгерістердің  негізгілерінің  бірі  ғылым  негіздері  бойынша  білім 
мазмұнын  жетілдіру  десек,  мектептегі  оқытылатын  білім  көлемін 
әрдайым үстемелеп отыру қажет болады. 
Қазіргі  таңда  мектеп  оқушыларына  дәстүрлі  пәндермен  қатар  
экономика,  экология,  валеология,  психология,  саясаттану  ғылымдары 
негіздерін  оқыту  заман  талабына  айналуда.  Заман  талабына  қоса 
балалардың  жалпы  психологиялық  дамуын  ескеру,  осыған  сәйкес  оқу 
жүктемесінің  шектен  шықпай,  талапқа  сай  келуін  қадағалау,  білім 
мазмұнының  оқушылардың  құзыреттілігін  қалыптастыруға  бағытталып 
іріктелуін  қатаң  ескеру  педагог  ғалымдардың  жұмысына  қойылатын 
негізгі  талап  болуда.  Осындай  талаптарды  қанағаттандыру  мүмкіндік- 
терінің бірі-мектепте оқытылатын интеграцияланған пәндерді түзу және 
оны  мектеп  практикасына  енгізу.  Міне,  осы  талаптарды  қанағаттандыру 
мақсатында  12-жылдық  білім  беру  жүйесіне:  «Қоршаған  әлем»,  «Өзін-
өзі  тану»,  «Көркем  еңбек»,  «Жаратылыстану»,  «Қоғамдық  білім  негіз- 
дері»,  «Көркем  мәдениет»,  «Әлемдік  көркем  мәдениет»  атты  интегра- 
цияланған пәндердің енгізілуі педагогика ғылымындағы үлкен бетбұрыс 
деп  есептеуге  болады.  Бұл,  әрине  үлкен  ізденістер  мен  ғылыми 
зерттеулерді қажет етуде. 
Психологиялық  қызмет  Қазақстан  Республикасының  білім  мекеме- 
лерінде  өткен  ғасырдың  соңғы  он  жылдығында  ғана  өз  дәрежесінде 
қажет  екенін  дәлелдеді.  Оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктерін 
ескермейінше, білім беру саласындағы қызмет ілгері баспайды. Баланың 
бойында  мектепке  дейінгі  жасынан  бастауыш  сынып  жасына  дейін 
психологиялық  өзгерістер  байқалады.  Жеке  тұлғаны  дамытуда  оқушы- 
лардың  рухани,  физикалық  және  әлеуметтік  қолайлы  жағдайы,  яғни 
физиологиялық денсаулығы маңызды роль атқарады. Егер адам қолайсыз 
ортаға  түссе,  онда  өз  кезегінде  ол  адамда  қобалжу  пайда  болады. 
Қобалжу  нәтижесінде  адам  сыртқы  факторларға  қарсы  тұра  алмай,  өз-
өзіне деген сенімсіздік туады, жұмыс істеу, ойлау қабілеттері төмендейді 
және  зейіні  шашыраңқы  болады.  Жалпы  білім  беру  мектептің  алғашқы 
сатысы  болып  есептелетін  бастауыш  сыныптарда  баланың  бейімделуі 
бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. 

90 
 
Кез  келген  адам  үшін  оның  ішінде  балалар  үшін  ең  бастысы 
қоршаған  ортаға  бейімделу,  қарым-қатынасқа  түсе  білу,  оқуға  қажетті 
білім,  дағды,  шеберлікті  меңгере  білу.  Алайда,  балаларды  мектепке 
бейімдеу  мәселесі  психология,  педагогиканың  да  міндеті  болып  табы- 
лады.  
Баланың  жеке  басын  сыйлау  оның  ішкі  дүниесінің  құндылығын 
қажеттілігі  мен  қызығушылығын  қабылдау,  онда  өз  басының  қасиетін 
сезінуге  мүмкіндік  береді.  Мұндай  сезімнен  айырылған  адам  өзін  де, 
басқаны да төмендетуге, әділетсіздік жасауға бейім болады.  
Өзінің  жеке  басының  қасиетін  сезінген  бала,  өзінің  және  басқаның 
қылықтарын  адамгершілік  тұрғыда  бағалауға  және  әділетсіздікке  жол 
бермейді.  Өзін  түсіну,  өзіне-өзі  баға  бере  білу  қабілеттері  баланың 
бойына  үлкендермен  қарым-қатынаста  жағымды  немесе  жағымсыз 
қылықтарды  бағалау  қасиеттерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді. 
Әсіресе,  бала  үшін,  оған  сеніммен  және  құрметпен  қарайтын 
үлкендердің бағасы өте маңызды. 
Бағалау  баланың  назарын  оның  істеген  жақсы  немесе  жаман 
қылықтарына  емес,  оның  істеген  істерінің  басқа  адамдарға  салдары 
қалай әсер ететіндігін бағалауға үйренеді.  
Қазіргі  заман  мектебі  тұлғаның  жеке  дара  психофизиологиялық 
және  интеллектуалдық  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  жан-жақты 
дамытуды  қамтамасыз  ететін  оқу  үлгісін  іздеу  үстінде.  Бала  үшін 
неғұрлым  ыңғайлы  жағдаймен  қамтамасыз  ететін  (тиісті  мазмұнды 
жинақталғанда,  дидактикалық  принциптерге  қол  жеткізу  сақталғанда, 
игеру  мүмкін  болғанда)  оқу  үрдісін  жеке  даралаудың  неғұрлым  тиімді 
нысанына,  негізінде  терең  психофизиологиялық  және  психологиялық  – 
педагогикалық  зерттеулер  жатқан  сыныптарды  топтау  арқылы  саралап 
оқыту жатады.  
Ақпараттық  құзыреттіліктің  мынадай  аспектілері  бойынша  білім 
алушының жетістіктері. 
а) Бастауыш білім беру деңгейінде:  
1) ақпараттық ізденісті жоспарлау 
– ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі; 
– ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін 
бөліп алады; 
– анықтамалықтарды,  энциклопедияларды  қолданады,  кітаптардың 
мазмұны  бойынша  және  сайттағы  сілтемелер  бойынша  бағдар  жасай 
алады; 
2) алғашқы ақпаратты алу: 
– бақылау, қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент 
жүргізеді;  
– адамға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады; 
– ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады; 
3) ақпаратты екінші қайтара алу: 

91 
 
– берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды 
бөліп алады және жүйелейді; 
4) ақпаратты алғашқы өңдеу: 
– алынған  ақпаратты  қарапайым  берілген  құрылым  (1  белгі  бойын- 
ша) аясында жүйелендіреді;  
5) ақпараттарды өңдеу: 
– алынған ақпаратты дәл баяндай алады; 
– ақпараттың  жеткіліксіздігін  немесе  өзінің  түсінбегендігін  ескер- 
теді;  
– ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды 
негіздей алады. 
Проблемаларды шешу құзыреттілігінің мынадай аспектілері бойын- 
ша білім алушының жетістіктері:  
а) Бастауыш білім беру деңгейінде:  
1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау): 
– мұғалім ұйымдастырған проблеманы шешуге ден қоя алады; 
– шынайы  және  қалауы  бойынша  жағдаяттарды  жалпы  түрде 
сипаттай алады; 
2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау: 
– міндеттерді  шешу  қадамдарын  логикалық  және  уақыт  бірізділігі 
бойынша анықтайды және реттейді.  
3) технологияларды қолдану: 
– нұсқаулықпен жасайды; 
4) қорларды (ресурстарды) жоспарлау: 
– белгілі іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды. 
5) қызметті бағалау: 
– өз  іс-әрекетіне  берілген  алгоритм  бойынша  бақылауды  жүзеге 
асырады;  
6) қызмет нәтижесін, өнімін бағалау:  
– жоспарланған  және  алынған  нәтижелердің  сипаттамаларын 
салыстырады  және  нәтижелер  сапасының  ойдағыға  сәйкестігі  жөнінде 
қорытынды жасайды; 
– өз  әрекетінің  нәтижелерін  берілген  өлшемдер  мен  тәсілдерге 
сәйкес бағалайды. 
7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау: 
– өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсете алады;  
– өз әрекетінің себептерін атай алады. 
Коммуникативтік  құзыреттіліктің  мынадай  аспектілері  бойынша 
білім алушының жетістіктері: 
а) Бастауыш білім беру деңгейінде: 
1) жазбаша қатынас: 
– қарапайым  құрылымдағы  жазбаша  қатынастың  стандарт  үлгілері 
бойынша ойын рәсімдейді; 

92 
 
– мәтінді  рәсімдеу  және  берілген  үлгідегі  көмекші  сызбалар 
нормаларын сақтай отырып сұрақтарды баяндай алады.  
2) көпшілік алдында сөз сөйлеу: 
– сөз сөйлеу жоспарын жасайды; 
– көпшілік  алдында  сөз  сөйлеу  нормасын  және  регламентті  сақ- 
тайды; 
– өзінің  баяндамасының  мазмұнды  топтамаларын  бөліп  алу  үшін 
кідіріс жасай алады. 
3) сұхбат: 
– монологта,  сұхбатта,  пікірталаста  (топ)  шын  мәнісіндегі, 
бағаланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдай алады.  
4) нәтижелі топтық қатынас: 
– білім  алушылар  топтық  талқылаудың  берілген  тәртібіне  өз 
беттерінше ілесе алады;  
– білім  алушылар  топтық  жұмысқа  арналған  тапсырмаға  сәйкес 
жауап бере (амалдар орындай) алады;  
– білім алушылар өздерінің ойларын, пікірлерін ұсынады, түсіндіре 
алады  немесе  топтың  басқа  мүшелерінің  ойларына,  пікірлеріне  деген 
көзқарасын дәйектей алады. 
Бастауыш сыныптардың 60 оқушысы зерттелді. 
2  «А»  сыныбында  өткізілген  зерттеулер  бойынша  «жазбаша  қаты- 
нас» көрсеткіші бойынша келесі нәтижелерді байқадық: 
– жоғары деңгей 12 оқушы (40%); 
– орта денгей 14 оқушы (46,6%); 
– төмен деңгей 4 оқушы (13,3%). 
«Көпшілік алдында сөз сөйлеу» көрсеткіші бойынша: 
– жоғары деңгей 4 оқушы (13,3%); 
– орта денгей 16 оқушы (53,3%); 
– төмен деңгей 10 оқушы (33,3%). 
«Сұхбат» көрсеткіші бойынша: 
– жоғары деңгей 8 оқушы (26,6%); 
– орта деңгей 18 оқушы (60%); 
– төмен деңгей 4 оқушы (13,3%). 
«Нәтижелі топтық қатынас» көрсеткіші бойынша: 
– жоғары деңгей 6 оқушы (20%); 
– орта деңгей 17 оқушы (56,6%); 
– төмен деңгей 7 оқушы (23,3%). 
Зерттеу  жұмысымыздың  мақсатына  байланысты  біздің  алдымызда 
тұрған келесі мәселе ол осы бастауыш сынып оқушыларына психология- 
лық көмек көрсету.  
Жалпы  бастауыш  сынып  балаларымен  жүргізілген  жұмыстарды 
қорытындылай  айтатын  болсақ,  баланың  танымдық  процестерінің, 
жалпы  өз  құрбыластарымен  салыстырғанда  дамуында  артта  қалушы- 
лықтың  болу  себебін  бейімделу  жағдайымен  байланыстыруға  болады. 

93 
 
Себебі  баланың  өзінің  ішкі  сезімдерінде  бала  жастан  қобалжу,  сенім- 
сіздік  қасиеттері  қалыптасса,  өз  жасына  сай  ата-анасынан  дұрыс 
эмоционалдық  жақындықты  сезіне  алмаса  ол  баланың  барлық  таным- 
дық-интеллектуалдық  аймағының  дамуына  әсер  ететіндігін  байқауға 
болады.  Осы  себептерге  байланысты  баланың  физиологиялық  дамуы 
барысында,  танымдық  процестеріндегі  сөйлеу,  ойлау  қасиеттерінде 
тежелу болады. 
Сонымен  диагностика  жұмыстары  міндетті  түрде  жалпы  сынып 
бойынша және жеке оқушылармен өткізілуі тиіс. 
 
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы
publications -> Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б
publications -> Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы
publications -> Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет