Книга. Время. Общество материалы IV международной научно-практической конференции



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/30
Дата26.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Литература 
1. Анисимов В.М. Методика преподавания русского языка в начальных клас-
сах / В.М. Анисимов, К.Е. Андреева, Л.В. Сокорутова. – Якутск, 2001. 
2. Зайцев В.Н. Резервы обучения чтению. – М.: Просвещение, 1991. 
3. Климанова Л. Обучение чтению в начальных классах // Начальная школа. – 
1999. – №18. 
4. Львов  М.Р.  Методика преподавания  русского  языка  в  начальных  классах  / 
М.Р. Львов, В.Г. Горецкий, О.В. Сосновская – М.: 2000. 
5.Оморокова  М.И.  Совершенствование  чтения  младших  школьников. –  М.: 
1997. 
6.Светловская  Н.Н.  Методика  обучения  чтению:  что  это  такое?//  Начальная 
школа. – 2005. – №2. 
 
 
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР:  
ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮЙРЕТУ 
 
С.Б. Жолжаксинова 
№28 ЖОМ, Павлодар қ., Қазақстан 
 
Ғылыми-зерттеу  нәтижелері  сабақта  диалогтiң  маңызды  рөл 
атқаратынын  көрсетті.  Диалогтiк  оқыту  ұжымдық  және  өзара  білім 
алмасуға жағдай туғызады және қолдаушы болып табылады. Мұғалімдер 
мен  оқушылардың  бір-бірімен  сөйлесуі,  ұялмай  ескертулерді  айтуы,  өз 
пікірлерін  қысылмай  білдіріп,  пікір  алмасуда  өздерін  шынайы  ашу 
олардың қандай болу керектігін көрсетеді. 

51 
 
Фриери,  мұғалім  міндеті  –  оқушының  білімін  толықтыру,  байыту 
тенденциясымен  емес,  білімді  тауып,  дамыту  арқылы  тереңдетуге 
бағытталған  көзқарас  тұрғысынан  оқушылармен  диалогқа  түсу  деп 
санайды.  Бұл  пікір  жаңа  болып  табылмайды:  оқытуда  диалогқа  басты 
рөл  беруді  алғаш  рет  Л.С. Выготский  ұсынған;  ол  енгізген  «таяу  даму 
аймағы» түсінігі мен Сократтың «эленхос» пайымдауы, диалогтiк әңгіме 
қатысушылардың  біліміндегі  кемшіліктерді  көрсететіндігін  дәлелдейтін 
теориялық мағынасын анықтайды.  
Диалогтi үш деңгейге бөлуге болады: 
1) өз-өзімен  диалогқа  түсуі,  яғни  өздігінен  ой  жинақтауы  –  оқушы- 
ның жеке деңгейі; 
2) мен және басқа (екі жеке тұлғалық ой өрістің дамуы, байланысы). 
Бұл екеуаралық деңгей; 
3) мультидиалог  (5–7  адамның  белгілі  бір  тақырыптағы  ой  бөлісу- 
лері). 
Александар  білім  берудегі  әңгімелесуді  –  қарым-қатынас  жасаудың 
бірсарынды  үдерісі  емес,  керісінше  идеялар  екіжақты  бағытта  жүреді 
және  осының  негізінде  оқушының  білім  алу  үдерісі  алға  жылжиды  деп 
тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету 
үшін  күш-жігерін  жұмсайтын  және  Мерсер  сипаттағандай,  білімді 
бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер 
болып  табылады.  Пікір  алмасу  оқушылармен  диалог  құру  арқылы  іске 
асады,  дегенмен  оны  оқушылар  бірлескен  зерттеу  барысында  да 
нақтылай алады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың 
білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады. 
Мерсер мен Литлтон  өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың 
қызығушылығын  арттырумен  қатар  олардың  білім  деңгейінің  өсуіне 
үлес  қосатындығын  атап  көрсетеді.  Зерттеулерде  ересектермен  интер- 
активті  қарым-қатынас  пен  достарымен  бірігіп  жүргізілген  жұмыстың 
балалардың  оқуына  және  когнитивті  дамуына  әсер  ететіндігі  айтылған. 
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда 
келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар: 
– оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік 
береді; 
– басқа  адамдарда  түрлі  идеялардың  болатындығын  оқушылардың 
түсінулеріне көмектеседі; 
– оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; 
– мұғалімдерге оқушыларға білім беру  барысында олардың оқушы- 
лары  қандай  деңгейде  екендігін  түсінуге  көмектеседі.  Осы  зерттеуші- 
лердің бәрі білім беру үрдісінде диалогтық оқыту қаншалықты маңызды 
рөл  атқаратынын  айтып  көрсетеді.  Бұл  тақырыпты  таңдаған  себебім  – 
орыс тілді мектептерде оқушыларды мемлекеттік тілде еркін сөйлету ең 
маңызды  да  ең  күрделі  үдеріс.  Оқушылардың  сөздік  қорларының 
аздығынан  мұғалімнің  берген  сұрақтарына  толық  жауап  бере  алмай 

52 
 
қиналатыны  тағы  бар.  Сондықтан  осы  мәселені  біраз  да  болса  шешу 
мақсатымен  диалогтiк  оқыту  тақырыбын  таңдап,  егжей-тегжейлі 
зерттеп, тәжірибемде сынап көруді көздедім. 
Осы  сауалнама  негізінде  анықтағаным  –  мұғалімдердің  көбіне  бұл 
мәселе  ортақ  болғанымен  шешу  жолдары  нақты  көрсетілмей,  жабулы 
күйінде қалып тұрғанын байқадым.  
Сабақта  қойылған  сұрақтар  сабақты  тұжырымдауға,  қорытын- 
дылауға,  жаңа  сабаққа  шығуыма  және  сабақ  барысында  іс-әрекетке 
мақсат  қоюға  жетеледі.  Диалог  кезінде  оқушының  сабақты  түсінгені 
немесе  қай  кезеңде  екенін  анықтап,  жетелеме  сұрақтар  қойып,  ойды 
толық жаңа белестерге жетелеу көзделген. Сабақта диалогтық оқытудың 
жұппен және топпен жұмыс түрлері ұйымдастырылды. 
Негізгі  бөлімде  мәтінмен  жұмыс  барысында  лексикалық  тақырып- 
пен қатар грамматикалық тақырыпты ұштастырып, оқушылардың сөздік 
қорларын кеңейту  көзделген. Қабілеті жоғары оқушылар үлгерімі  төмен 
оқушыларға  көмек  көрсетіп,  бір-біріне  сұрақ-жауап  қою  арқылы 
диалогтық  қарым  қатынасқа  түскені  байқалады.  Осыдан  жағымды 
психологиялық ахуал орнады. 
Мәтінді  түсінгендері  бойынша  диалог  құрастыруда  тек  жақсы 
оқитын  оқушылар  ғана  берілген  уақыт  ішінде  орындады,  ал  үлгерімі 
төмен  оқушылар  біраз  қиналып,  уақытымды  алып  қойды.  Бұдан 
түсінгенім – тапсырма беру кезінде оқушылардың білім деңгейлеріне сай 
деңгейлеп беріп отыру керек екен. 
Негізгі  кезеңде  мәтінді  талдау  барысында  жұппен  өзара  әрекетке 
түсті.  Оқушыларға  сұрақтар  ұсынылады.  Сауалнама  ретінде  бір-бірімен 
сұхбат  жүргізе  отырып,  өз  ойларын  білдіре  алады.  Диалогтық  әңгімені 
дамытуда  оқушылардың  сөздік  қорының  аздығы  кедергі  келтірді. 
Сонымен  қатар  оқушылар  бірден  жауап  бермейді.  Қазақ  тілінде  қалай 
жауап  беретініне  ойланады.  Оқушы  ойын  білу  үшін  орысша  жауап 
беруге  болатынын  айтып,  кейін  аударуды  ұсындым.  Өз  тарапымнан 
олардың сөйлемдерінің грамматикалық құрылымдары дұрыс болмаса да 
сөйлетуге  тырысамын.  Кейін  дұрыстап,  қайталату  арқылы  бекітемін. 
Сонда  оқушылар  сәтсіздіктен  қорықпай,  жауап  беруге  дағдыланады  деп 
ойлаймын. 
Қорыта  айтсақ,  балалардың  өз  жауаптары  арқылы  олардың  білім 
алуын  қолдап,  жоғары  деңгейлі  сұрақтарды  дұрыс  қоя  білсек  олардың 
ойлау  қабілетін  жоғары  деңгейде  дамытуға  болады  деп  ой  түйдім.  Бұл 
сабақ  жоспарлары  сыныптағы  дамуы  жағынан  «жылдам»,  «орта», 
«баяу»  оқушыларға  арналып  құрылған  сабақтар.  Сабақтағы  алынған 
тапсырмалар  өлшемдері  де  оқушылардың  психологиялық  даму  ерекше- 
ліктеріне  орай  қарастырылған.  Тапсырмаларды  құрастыру  барысында 
Блум  таксономиясының  тапсырмаларды  құру  талаптары  ескерілген. 
Дамуы  «баяу»  оқушыларға  Блум  таксономиясының  білу,  ұғыну 
деңгейіндегі  тапсырмалар  берілсе,  дамуы  «орта»  оқушыларға  қолдану 

53 
 
деңгейіндегі  тапсырмалар  беріледі.  Ал  даму  деңгейі  «жылдам»  оқушы- 
ларға  Блум  таксономиясының  талдау,  қорыту  деңгейіндегі  тапсырма- 
ларды беру қарастырылған.  
Сабақ  барысында  сыныптағы  дамуы  жағынан  «жылдам»,  «орта», 
«баяу»  оқушыларға  арналып  құрылған  сабақ.  Сабақта  алынған  тапсыр- 
малар өлшемдері де оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктеріне 
орай  қарастыруы  керек.  Тапсырмаларды  құрастыру  барысында  Блум 
таксономиясының  тапсырмаларды  құру  талаптары  ескере  қажет.Дамуы 
«баяу»  оқушыларға  Блум  таксономиясының  білу,  ұғыну  деңгейіндегі 
тапсырмалар  берілсе,  дамуы  «орта»  оқушыларға  қолдану  деңгейіндегі 
тапсырмалар  беріледі.  Ал  даму  деңгейі  «жылдам»  оқушыларға  Блум 
таксономиясының  талдау,  қорыту  деңгейіндегі  тапсырмаларды  беру 
керек.  
Оқу  материалын  меңгеру  оқушылардың  диалогқа  түсуі  арқылы, 
коммуникативтік  дағдыларының  дамуы  арқылы  жүзеге  асады.  Оқушы- 
лар  сөйлеу  әрекетіне  түседі,  ойлауға  үйренеді.  Диалог  оқушылардың 
қызығушылығын арттыруымен бірге олардың білім деңгейінің өсуіне де 
ықпал  етеді.  Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  диалог  арқылы  өзара 
байланыс  және  кері  байланыс  болады.  Тәжірибеден  өту  кезінде  диалог- 
тың сабақта маңызды рөл атқаратынына көз жеткіздім. Сабақтарымызда 
тақырыпты  жан-жақты  қарастыру  мақсатында  үнемі  диалогқа  сүйене 
қажет.  Біріншіден  бұл  әдіс  тіл  үйренуде  міндетті  болып  табылады. 
Сондықтан  да  диалогтық  оқыту  қарым-қатынасқа  түсудің  бірден-бір 
тиімді әдісі деп айтуға болады.  
Оқушылардың  мұғалім  және  сыныптастарымен  диалог  жүргізу 
мүмкіндігін  туғызу  үшін  әр  түрлі  тапсырмалар  берілген  жағдайда 
оқушылардың ойлау деңгейлері де, сөйлеу дағдылары да дамиды. Сабақ- 
та  қойылған  сұрақтар  сабақты  тұжырымдауға,  қорытындылауға,  жаңа 
сабаққа  шығуыма  және  сабақ  барысында  іс-әрекетке  мақсат  қоюға 
жетеледі. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап берде алады, өз ойларын 
анық,  толық  жеткізуге  тырысты.  Диалог  кезінде  оқушының  сабақты 
түсінгені  немесе  қай  кезеңде  екенін  анықтауға  болады,  жетелеме 
сұрақтар қойып, ойды толық жаңа белестерге жетеледі. Нәтижесінде: 
– оқушылар  арасында  әңгіме,  ынтымақтастық  қарым-қатынас 
орнады; 
– олар өздерінің ойларын ашық айта білді; 
– өз жауаптарына дәлелдеме келтіре алды; 
– оқушылар аз да болса, сыни тұрғыдан ойлауға үйренді; 
– мұғалім оқушының қай деңгейде екенін анықтауға болады. 
 
 

54 
 
ЗАМАНАУИ СТУДЕНТ ЖӘНЕ КІТАП 
 
С.Б. Жылкайдарова, Б.Г. Сарсенбаева 
ПМПИ, Павлодар қ., Қазақстан 
 
Кітап – білімнің  қайнар көзі. Онсыз өмір сүру ХХІ ғасырда мүмкін 
емес екендігі мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды 
терең  ойлауға  жетелейді.  Әр  адам  кітаптың  бетін  ашқан  сайын  оның 
әлемінің  тылсым  табиғатын,  жаңа  құндылықтарын  үйренеді.  Жаңа 
мағлұматтармен танысып, керегін санасына тоқып алады. 
Адамзат  баласының  қол  жеткізген  ұлы  игіліктерінің  бірі  –  білім 
қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, 
жазбаша  түрде  немесе  көркем  әдебиет  арқылы  да  жеткен.  Кітап  адам 
баласының  сан  ғасырлық  ақыл–ойының  жемісі,  тарихы  мен  тағылымы- 
ның  алтын  сандығы.  «Кітап  дегеніміз  –  алдыңғы  ұрпақтың  артқы 
ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да 
тиылар едік» – деген еді Ғабит Мүсірепов. 
Кітап  таңдап,  талғап  оқи  білу,  оны  түсіну  мен  түйсіну,  алған 
әсеріңді  өмір  қажетіңе  жарата  білу  –  әрбір  адамның  білігі  мен  білімін, 
пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.  
Бүгінгі  таңда  студенттердің  арасында  кітап  оқу  деген  азайып  бара 
жатыр.  Көбі  үйге  берілген  тапсырмаларын  орындау  үшін  ғана  кітапты 
алады.  Себебі  әлемнің  қарқынды  техникалық  дамуы  барысында  кез 
келген  ақпаратты  ғаламтор  арқылы  іздеп  табуға  болады.  Қазіргі  кездегі 
студенттер, жоғары оқу орнындарындағы алып жатқан білімдерімен ғана 
шектелмей,  өздігінен  қосымша  білім  алып,  өзін-өзі  жетілдіру  істерімен 
айналысу  керек.  Әр  студент  өзінің  келешек  мамандығына  байланысты 
қосымша кітаптар, журналдар мен электрондық оқулықтарды оқу керек. 
Осыларды  оқу  арқылы  өзінің  келешек  мамандығын  одан  әрі  терең 
түсініп,  сол  салаға  байланысты  туындаған  түрлі  сұрақтарға  жауап  беру 
арқылы, өзіне сол мамандық түрін жаңа қырдан ашып көруге мүмкіндік 
береді. Оқу процесі кезінде студент жаңа ақпараттан бас тартпауы керек, 
себебі  білім  беру  аясында  күн  сайын  өзгерістер  болып  жатады.  Күн 
сайын  түрлі  ғалымдар  жаңа  методикалар,  әдістер  мен  бағыттарды 
ұсынады және соның бәрін оқып қарастыру да мүмкін емес. Сол себепті 
өздігінен  білім  алып,  іздену  барысында,  өзімізге  қажетті  және  қызықты 
ақпараттарды  алып  қарастырғанымыз  жөн.  Себебі  адам  өзіне  қызықсыз 
ақпаратты  оқыған  немесе  естіген  жағдайда,  оның  психологиялық 
процесстері  нашар  қызмет  атқарып,  алынған  мағлұмат  түсініксіз  болуы 
мүмкін [1]. 
Қазақта  «Білекті  бірді  жығар,  білімді  мыңды  жығар»,  «Күш  – 
білімде»  деген  ұлағатты  сөздерді  даналарымыз  айтып  кеткен.  Ал  білім 
мен күшті қайдан аламыз? Әрине, кітаптан. 

55 
 
Қазіргі  заманның  талабы  жоғары.  Әр  басшы  өз  қарамағында 
ақылды,  сауатты  адамның  жұмыс  істегенің  қалайды.  Мысалы:  бір  кәсіп 
орнына  екі  адам  жұмыс  іздеп  келеді.  Олар  сол  кәсіп  орынның 
басшысымен әңгімелесуге кіріседі. Әңгіме барысында бірінші адам өзін 
жақсы қырынан көрсетеді. Алған білімі, сөйлеген сөзі барлығы керемет. 
Ал  екіншісі  –  екі  сөздің  басын  қосалмайтын  не  сөз  мәнерлігі,  не  сауат- 
тылығы жоқ адам. Осыны көріп, салыстырғаннан кейін, әрине жұмысқа 
бірінші  адамды  қабылдайды.  Себебі  білімі  бар  адамдар,  ылғи  да 
сұраныста.  Сол  себепті  әр  адам  өздігінен  білім  алып,  өзін-өзі  дамыту 
қажет. Өздігінен білім алып, іздену – күрделі процесс. Ол таным белсен- 
ділігінің ең биік сатысы. Бұл процесс ең ауыр және үлкен еңбекті қажет 
ететін жолдардың бірі. Ол тек жоғары оқу орнымен шектелмей, адамның 
бүкіл өмірін қамтиды. Осы процесс – қажырлылық пен шыдамдылықты 
қажет  етеді  және  оған  ылғи  да  көңіл  аударып  тұру  үшін,  мықты  моти- 
вация  болу  керек.  Өздігінен  білім  алып,  ізденуді  танымдық  қызметіне 
жатқызуға  болады.  Ғалымдардың  айтуы  бойынша  ұзақ  мотивация  – 
субьектінің танымдық қабілетін табысқа жетелейді. Өздігінен білім алып 
жетілуде  шектеу  жоқ,  сол  себепті  студент  қалаған  тақырыбында  ізденіс 
жасап, өзін қызықтырған мағлұматты оқи алады [2].  
Мотивация  психология  ғылымында  жеке  тұлғаның  дамуындағы 
мінез-құлқы  мен  іс-әрекеті,  әрекеттегі  белсенділігін  реттейтін  фактор 
ретінде  қарастырылады.  Ал  жеке  тұлға  іс-әрекетінің  қай түрі болмасын, 
оның  мотивациялық  ерекшеліктерін  ескермей,  әлеуметтік  психология- 
лық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. 
Мотивация  күші  оның  құрылымында  және  оқыту  мотивациясының 
жетекшілігінде,  кәсіби  құзіреттілікті  кәсіби  меңгеруінде.  Студенттерді 
оқыту  қызметінде  міндетті  түрде  мотивтік  құрылымды  білу  керек,  ол 
жұмысты түзету әдістерін, позитивті оқыту мотивациясын көтермелеуде, 
оқыту процесінің нәтижелілігінде көрініс табады. 
Мотивация  атқару  тәртібі  келесідей  психикалық  процестерден 
тұрады:  түрткіні  қабылдау,  оның  эмоционалдық  бағасының  мағынасы, 
мәнін түсіну және түрлі бағасы, түрткіге көз жеткізу. 
Студенттердің  онды  белсенді  мотивациясын  қалыптастыру  үшін, 
міндетті  түрде  олардың  оқу  мотив  қозғалысын  бақылау  керек.  Ол  үшін 
міндетті  түрде  оқу  процесінде  студенттердің  өз  ойын,  доминантты 
мотивін қалыптастыру керек. Сондықтан да, мотивация туралы мәселе – 
студенттің  оқу-танымдық  жұмысының  сапасының  мәселесі.  Оқу  іс–
әрекеті мотивациясының қайнар көзі – студент қажеттіліктерінің аймағы. 
Студент  қажеттіліктерінің  қанағаттануы  немесе  фурстрацияға  ұшырауы 
оқытушының  аудиторияда  туғызатын  обьективті  жағдайларға  және 
студенттің  жеткен  жетістіктеріне,  оқытушының  мінез–құлқына  тәуелді 
болады.  
Студенттердің оқуға деген негізгі екі түрлі мотивтері болады: 
– табысқа жету; 

56 
 
– танымдық мотив. 
Мұндай  танымдық  мотив  студенттердің  оқу–танымдық  әрекетінің, 
оның  ішінде  ойлау  іс–әрекетінің  негізін  құрап  қарастырады.  Бұл  іс–
әрекет  проблемалық  ситуация  кезінде  пайда  болады  да,  студенттер  мен 
оқытушылырдың  қарым–қатынасының  дұрыс  жағдайда  өрбуіне  себеп 
болады.  Ал,  табысқа  жету  мотивтері  студенттердің  оқыту  процесінде 
танымдық және кәсіби мотивтерге бағынышты болады [3]. 
Заманның  дамуына  байланысты,  қазіргі  уақытта  ақпарат  деген  өте 
көп.  Бірақ  та  оның  бәрін  оқып  қарастыруға  үлгермей  де  қаласын.  Сол 
себепті,  қазіргі  кезде  электронды  оқулық  деген  құрал  қарқынды  дамып 
келеді. Ол кітап секілді көп орынды қажет етпейді, оны ұялы телефонға, 
компьютерге  жене  тағы  да  басқа  электрондық  құрылғыларға  орнату 
арқылы  қарай  аламыз.  Бұл  өте  ыңғайлы,  себебі  кез  келген  уақытта,  кез 
келген жерде өзінің сүйікті кітабынды ашып оқи аласын. 
Қазіргі  кезде  ақпараттандыру  процессі  қарқынды  дамып,  электрон- 
ды  жүйеге  көштік  дегенімізбен,  тіпті  соны  мақтаныш  тұтқанымызбен, 
ақыл  ойдың  негізі  кітап  болып  қала  бермек.  Кітап  –  адам  психология- 
сына әсер ететін үлкен күш. Әр адамның дербес ойлануына, өзімен – өзі 
қалып сырласуына, сыртқы дүниемен көркем қарым – қатынас жасауына 
мүмкіндік беретін бірден – бір құрал кітап. 
Ал,  кез  келген  нәрседен  алған  әсерді  табан  астында  жүзеге 
асырудың салдарынан адам ойсыздыққа үйренеді.  
Кітап  рухани,  мәдени  өмір  қайнары,  білім  көзі.  Өткеннің  рухы, 
келешектің  кепілі.  Жақсы  мен  жаманның  парқы.  Мәдениеттің  биік 
шыны.  «Адам  кітап  оқуды  қойса,  ойлауды  қояды»,  –  дейді  Д. Дидро. 
Расында  да  солай.  Себебі  кітап  –  біздің  сан  ғасырлық  тарихымыз  бен 
тыныс-  тіршілігіміздің  құнды  жәдігері.  Оны  оқып,  тарихынан  тәлім 
алмаған, асыл сөзді сусындап қанбаған жанда не озық, ой болсын тәйірі? 
Тамырсыз тал да өспейді емес пе?! 
«Кітап  –  өмір  ұстазы.  Сондықтан  жастар  кітап  оқуды  күнделікті 
әдет  қылуы  тиіс.  Кітап  оқымай  өмірді  білу,  білім  алу  мүмкін  емес»,  – 
деді Серке Қожамқұлов [4]. 
Бір  кітапты  қолға  алсаңыз,  ішкі  нәрін  алу,  пайдалы  ой  қорыту 
мақсатымен оқыған дұрыс. Кітаптағы маңызды тұстарды белгілеп, астын 
сызып, тіпті керек болса , жан–жағына ойға оралған пікірлерді қысқаша 
түртіп  қою, кейінірек тағы бір көз жүгіртіп өту де артық емес. Түсінуге 
қиын  соғатын,  күрделі  мәліметтерді  талдаған  кітаптарды  төрт  –  бес 
қайтара  оқып  шығудың  өзі  аз  дер  едім.  Бұл  әсіре  айтқандығым  емес. 
Оқыған сайын ойға оралған әрбір пікірдің сәйкес кітаптың бетіне түртіп, 
белгілеп,  қажет  болған  немесе  қалаған жағдайда  сол  мәселе  төңірегінде 
өзі де қалам тартып жазып көргені дұрыс. 
Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу – рухани жетілуге ғана емес, тән 
саулығына  да  керемет  пайдалы  екендігін  дәлелденіп  отыр.  Медицина 
ілімінде  үлкен  мидың  жұмысы  бүкіл  дене  организмдеріне  тікелей  әсер 

57 
 
етеді  делінген.  Сол  үшін  де  биология  саласында  «үздіксіз  қозғалыстағы 
клетка жасарып отырады дейтін» көзқарас бар. 
Жақында  ғалымдар  кітап  оқу,  сурет,  музыка,  жазушылық  секілді 
ақыл-ой  еңбегімен  шұғылданатын  адамдардың  жүйке  жүйесінің  басқа 
адамдардан  әлдеқайда  тез  дамитынын  және  қартайған  кезде  де  жүйке 
жүйесінің  шаршауы,  әлсіреуі  және  үлкен  миының  қартаюы  болмайты- 
ның дәлелдеді. 
Кітап  оқудың  тағы  бір  ерекшелігі  –  ұзақ  өмір  сүрудің  кепілі  екен. 
Жапония  медицинасы  осылай  қорытынды  шығарып  отыр.  Олардың 
айтуынша  ең  ұзақ  өмір  сүретіндер  философтар,  одан  кейінгі  ғалымдар 
мен  көркем  өнершілер  екен.  Сол  себепті,  күніне  бір  уақыт  бөліп  кітап 
оқыған дұрыс [5]. 
«Кітапсыз  үй  –  жансыз  дене  сияты»  деген  екен  бір  данышпан.  Ал 
кітапты ғұмыр бойы қолына ұстамаған адамды неге теңерінді де білмей 
дағдарасың.  Тақырыптың  тоқ  етері:  Кітап  –  қашан  да  рухани  азық. 
Ондай қымбат қазынаны өткінші дүниелермен алмастыруға әсте болмай- 
ды. Сондықтан, алдамшы нәрселерге еріп, кітаптың қадірін түсірмейік. 
 
Әдебиет 
1. Крокинская О.К., Трапицын С.Ю. Студент как «Потребитель образования» 
// Высшее образование в России. – 2015, – №6. – С. 65-74. 
2. Бессенов К.А. Сущность и содержание самообразовательной деятельности 
студентов // Alma mater. – 2015. – №6. – С. 52-56. 
3. Джумажанов  Г.К.,  Орынгалиева  Ш.О.  Студенттердің  оқу  іс–әрекетінің 
мотивациясының ерекшеліктері // Хабаршы. – 2014. – №4. – С. 66-76. 
4. Әкім  Ж.  17  миллион  халықтың  17  пайызы  ғана  кітап  оқиды  //  Халық.  – 
2015. – №39. 
5. Матай А. Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы зор // Massaget.kz.- 2013. 
 
 
БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУЫ МЕН ЖАЗУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ  
ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ 
 
Э.Е. Исламова 
ПМПИ, Павлодар қ., Қазақстан 
 
Елбасы  Н.Ә. Назарбаев  жыл  сайынғы  өзінің  жодауында  жастарға 
кітап  оқудың  маңызы  мен  қажеттілігіне  тоқталып  өтеді.  Өзінің  2012 
жылғы  14  желтоқсан  күнгі  жолдауында  жастардың  кітапқа  деген 
қызығушылығын  арттыру  үшін  ең  үздік  100  заманауи  кітапты  іріктеп, 
оларды  қазақ  тіліне  аудару  туралы  айтты.  Бұл  еліміздің  кітап  қорына 
қосылатын үлкен байлық болары сөзсіз. 
Қазіргі  таңда  пайдаланылып  жүрген  кітаптардың  балалар  өміріне 
тигізер  пайдасы  сол  кітаптардың  жалпы  мазмұнына  байланысты.  Бұл 
біріншіден,  балалардың  кітаптардан  алып  жүрген  білімдерін  жинақтай 

58 
 
түсіп,  тиянақты  етуге  көмектеседі.  Екіншіден,  оқылған  кітап  бойынша 
қайтадан  әңгімелеу  бала  сөздігіне  жаңа  сөздермен  тіркестердің 
тұрақтануына ықпал етеді. 
Бірақ  балалардың  көпшілігіне  кітапты  дұрыс  таңдап,  оны  дұрыс 
түсініп  оқу  оңай  тие  бермейді.  Қазіргі  уақытта  балардың  сөйлеу  тілінің 
дамымауы  мен  оқуындағы  және  жазуындағы  кемістіктердің  арасында 
тығыз  байланыс  бар  екені  барлығына  мәлім.  Сондықтан  кемістіктерді 
жою үшін түзету ықпалының бірыңғай жүйесі қажет. 
Бұндай  балалармен  жұмыс  жасау  барысында,  мектеп  жасына 
дейінгі  балаларға  арнайы  шағарылған  «Біздің  кітап»,  «Үйіміз  –  ортақ, 
жырымыз  –  ортақ»,  «Тілашар»  сияқты  жинақтар  мен  «Жалын», 
«Аруана»  баспаларынан  түрлі  түсті  етіп  шығарылған  белгілі  классик 
жазушыларымыздың суретті кітаптарының біразы болса, тіпті жақсы.  
Кітап  бұрышындағы  не  арнайы  безендірілген  кітап  сөрелеріндегі 
шығарма  персонаждары  бойынша  қойылған  қоғзғалмалы  ойыншықтар 
мен образды кейіпкерлердің тиімді қолданылуы балаларды көркем сөзге 
баулиды,  салыстыру  әдісімен  тәрбиеші  балаларды  мазмұны  ұқсас, 
кейіпкерлері ортақ ертегі, әңгіме персонаждарын бейнелеуге шақырады. 
Мысалы,  орыс  балалар  әдебиетінің  негзін  қалаушы  К.Д. Ушинскийдің 
«Таңғы  сәулелер»  әңгімесі  мен  қазақ  жаушысы  С. Жүнісовтің  «Тиіндер 
мен кірпілер» атты әңгімесінің суреттерін орналастырып, осы шығарма- 
лар жайында әңгіме өткізу балаларға бұлардың мазмұнының ұқсастығын 
байқатады.  Ал қаладағы тірі  жәндіктердің барлығы қам керемет үстінде 
болатындығын  күннің  шығуы  құмырсқа,  көбелек,  бал  араны  еңбекке 
жұмылдырса  (К.Д. Ушинский  әңгімесінде),  мысықтың  ғана  ұйқысын 
ұзарта  түскендігін,  ал  екінші  шығармада  кірпілер  де,  тиіндер  де 
еңбекқор,  ақылды  жәндіктер  деген  ойда  қалады  балалар  (С. Жүнісовтің 
әңгімесінен).  Өкінішке  орай,  қазіргі  таңда  осындай  қарапайым  көркем 
шығармаларды  оқи  алмайтын  балалар  баршылық.  Оған  себеп  – 
дислексия.  
Дислексия – интеллектісі бұзылған немесе (көбінесе) жоғары болып 
келетін  баланың  оқуға  немесе  санауға  шамасының  жетпеуі.  Оны  психо- 
логиялық  ауру  деп  қарауға  да  болмас.  Дегенмен  бұл  дертке  шалдыққан 
бала  сіздің  көмегіңізге  зәру.  Оқуға,  сөзді  әріптеп  айтуға,  есепке  деген 
созылмалы  қиындықтар  –  бұлар  шығу  тегі  жағынан  неврологиялық  деп 
саналады.  Қазіргі  уақытта  оқуға  қабілетсіздік  интеллекттің  төмендігін 
көрсетпейтіні  жөнінде  көзқарастар  да  бар.  Онда  оқуға  қабілетсіз 
адамның  невролгиялық  қиындықтары  әріп  пен  цифрды  қолдануда 
кездеседі.  
Дислексияны келесі түрге бөледі: 
– фонематикалық дислексия. Оқығанда балалар аккустикалық ұқсас 
дыбыстар  мен  әріптерді  алмастырып,  орындарын  ауыстырып,  әріптер 
мен буындарды оқымайды; 

59 
 
– оптикалық  дислексия.  Негізінде  көргенді  бақылау,  көргенді  есте 
сақтау болады; 
– семантикалық  дислексия.  Бала  оқығанда  сөйлемдегі  сөздердің 
байланысы анық болмайды; 
– аграмматикалық дислексия. Бала оқығанда жақта, септікте қателік 
жібереді; 
– мнестикалық дислексия. Бала оқығанда сөздегі әріптердің тәртібін 
бұзады. 
Оқудың  қиындықтарына  мысал  ретінде  оқудағы  қиындық  және 
жазудағы  қиындықтар  яғни,  дисграфия  жатады.  Дислексия  мен  дис- 
графия  екеуі  екі  бөлек  ақаулық  емес,  керісінше,  бір-бірімен  тығыз 
байланысты. 
Дисграфия  –  ауызекі  сөйлеу  тілінің  патологиясынан  басқа  жазба 
тілдің  бұзылуы,  яғни,  жазудың  дамымау  шарттарының  бірі.  Дисграфия 
гректің dis- бұзылу ұғымын білдіріп, graphia – жазамын сөзіне қjсылады 
да, жазудың ерекше кемістіктері ұғымын білдіреді.  
Дисграфия түрлері: 
– аккустико-артикуляциялық  дисграфия.  Оның  негізінде  дыбыс- 
тарды  дұрыс  айтпау,  қате  айтуға  сүйену.  Ауызша  тілдегі  дыбыстарды 
айтпай  кету  және  сәйкес  орын  ауыстыруларда,  әріптерді  бос  жіберу, 
орын ауыстыруларда көрінеді; 
– аккустикалық  дисграфия.  Фонем  танудың  фонемдік  бузылуларға 
негізделген.  Мұнда  ауызша  тілдес  дыбыстар  дұрыс  айтылады,  ал 
әріптерді жазғанда олар аккустикалық белгілер бойынша ауыстырылады; 
– тіл  талдау  мен  жинақтаудың  негізіндегі  дисграфиясы.  Негізінде 
тіл  талдау  мен  жинақтаудың  түрлі  формаларының  бұзылуы  жатыр: 
сөйлемді  сөздерге,  сөздерді  буындарға,  фонематикалық  талдау  мен 
жинақтауға бөлу; 
– оптикалық  дисграфия.  Кеңістік  түсініктерінің,  жинақтау  мен 
талдаудың,  көру  гнозисінің  артта  қалуымен  байланысты.  Жазуда  әріпті 
қате жазу мен ауыстыруларда байқалады; 
– аграмматикалық  дисграфия  аграмматикалық  дислексияның  фак- 
торларына ұқсас болып келеді. 
Баланың  сөйлеу  және  оқуын  дұрыс  дамыту  негізінен  балалар 
бақшасында  тәрбиешімен  сөйлесу  және  ойнау  үрдісінде  ұйымдастыры- 
лады.  Балалардың  дамуында  ойын  және  ойыншықтар  басты  роль 
атқарады.  Бұған  мысал  ретінде  Қазақстандық  жазушы  Алмас  Нүсіптің 
«Аға, ертегі деген не?» атты кітабынан үзінді келтіре аламыз: 
«...Естиярлармен қол алысып, төс қағыстырып болған соң, мойныма 
асыла  кеткен  інімді  көтеріп,  «детскийге»  өткенмін.  Қаптаған  ойыншық. 
Қару-жарақтың  мың-сан  түрі  үйіліп  жатыр.  Пышақ,  қылыш,  граната... 
Мылтықтың  неше  атасы.  Кәдімгі  мылтықтан  аумайды.  Көшеде  кеудеңе 
тақаса,  барыңды  сұрамай-ақ  бергізердей.  Көліктің  көптігін  айтып  керегі 
жоқ.  Ішіне  адам  сиятыны  да  бар.  Ойын  баласына  арналып  жасалды 

60 
 
демесең,  орта  салмақты  азаматты  да  көтерердей.  Соғыс  техникалары  да 
шаш етектен. Жан-жануар, хайуанат атаулы, тіпті біз білмейтін, көрмеген 
мақұлықтар;  адамның  жеті  атасы,  –  көбі  шет  ел  мультфильмдерінің 
кейіпкерлері  мен  әскерилер.  Толып  жатыр.  Сап  түзей  орналасады  да, 
інімнің  қаптаған  қаруының  тегеурініне  шыдамай,  аяқтары  аспаннан 
келеді.  Бірінің  басын  қылыш  кессе,  бірі  оққа  жем  болуда.  Бір  қызығы 
ойыншық садақ та бар екен...» 
Жазу тілінің бұзылу себептері.  
А.Н. Корнеев  мәліметтері  бойынша,  жазу  тілінің  бұзылуында 
неғұрлым  маңызды  роль  жүктілік  кезеңінде  кеш  әсер  ететін  патогенді 
факторларға жатады. Бұл босану кезеңінің қиындығына әкеледі, олан әрі 
постнатальді  кезең  ауруларына.  Алдыңғы  қабынулар  келесі  қабынулар- 
дың пайда болу қаупін тудырады.  
Жазу тілінің дамуында келесі себептер маңызды роль атқарады: 
– тұқымқуалаушылық қиыншылықтары 45%; 
– шекаралық психикалық бұзылулар 60%; 
– бас миының жарты шарының қызмет спецализациясы; 
– жануядағы  кемістікке  бейімдік:  туысқандарда  тұтығу,  солқол- 
дылық, ауызша тілдің дамымаушылығы. 
Қандай  бала  болмасын  ешуақытта  бірден  дұрыс  жазып  және  оқып 
кете  алмайды.  Балалардың  барлығы  да  оқу  мен  жазуды  үйренудің 
алғашқы  сатысында  азды-көпті  қателерді  жіберетіні  кімге  болса  да  бел- 
гілі  жәйт.  Бірақ,  бұл  жерде  табиғи  және  заңды  қателер  туралы  болғалы 
тұрған  жоқ,  керісінше,  патологиялық  қателер  туралы  сөз  болғалы  тұр. 
Сөйлеу  тілі  дұрыс  жетілген  балалар  мектепке  дейінгі  жастарында-ақ 
қажетті  сөздік  қорларын  игеретіндігін,  сөйлеу  тілінің  грамматикалық 
түрлерін  меңгеретіндігі,  сөздердің,  дыбыстардың  әріптерін  талдауды 
меңгере  алатындарына  дайын  екендігі  кімге  болса  да  белгілі  жәйт. 
Алайда  сөйлеу  тілдерінің  түрлі  патологиялары  бар  балаларда  бұлардың 
даму барысы кешеуілдеп артта қалып қояды. 
Р.Е. Левинаның,  Н.А. Никашинаның,  Л.Ф. Спированың  зерттеу- 
леріндегі көрсеткендері бойынша мектеп жасына дейінгі тіл мүкістіктері 
бар  балалардың  дыбыстарды  талдауға  дайындығы  дұрыс  сөйлейтін 
балаларға  қарағанда  әлдеқайда  нашар  екен.  Сондықтан  сөйлеу  тілінің 
түрлі  мүкістіктері  бар  балалар  жалпы  мектептердегі  оқытудың 
жағдайында  жазуды  және  оқуды  толық  меңгеріп  кетуге  шамалары 
келмейді.  Жазуының  кемістігі  бар  балалардың  айтылған  сөздердің 
мағыналарын  дұрыс  түсінбеулерінің  салдарынан  жазған  жазуларын 
түсіну  өте  қиын.  Оқу  мен  жазу  бірімен-бірі  тығыз  байланысты  болған- 
дықтан  жазуындағы  кемістіктер  оқуында  да  қатар  жүреді.  Өзінің 
жазғандарының  дұрыстығын  тексеру  үшін  бала  қайталап  оқып  шығу 
керек  немесе  жазғанын  басқа  білетін  біреуге  оқытады.  Бұндай  балалар 
нышандары  сөйлеу  тілі  мүшелеріне  немесе  әуезіне  жақын  дыбыстарды 
есту  арқылы  жеткілікті  түрде  ажырата  алмайды.  Сонымен  қатар  сөздік 

61 
 
қоры өте кедей бала тіпті қарапайым, жәй сөздің мағынасын түсінбейді, 
сондықтан  да  оларды  жиі  шатастырады,  алмастырады,  орнын  ауыс- 
тырады.  Сөйлеу  тілінің  грамматикалық  құрылысының  қалыптасуының 
жеткіліксіздігінен  жазуына  дыбыстарды  түсіріп  қалдырады,  алмасты- 
рады немесе жалғаулықтарды шатастырады, сөйлем тіркесін басқаруын- 
да және қиыстыруында қателер жібереді. 
Н.А. Никашина,  Л.Ф. Спирова  балардың  жазу  патологиясын  тузету 
мәселесіне  арналған  жұмыстарда  ауызекі  сөйлеу  тілінің  және  оқуы  мен 
жазуындағы  сөйлеу  кемістіктерін  жұмылдырып  жою  керек  екендігіне 
ерекше көңіл аударады. 
Бұндай  жұмысты  әдетте  логопед  мектептегі  логопедиялық  түзету 
сабақтарында,  сыныптан  тыс  уақытын  пайдаланып,  аптасына  3–4  рет 
жүргізеді. Логопедиялық жұмыстардың негізгі бағыттары: 
1. Фонематикалық  түйсігін  жетілдіру.  Қарама-қарсы  дыбыстарды 
және буындарды ажырату тек айтумен естіртіп қана жүргізіп қоймайды, 
сондай-ақ  оны  жазу  тілінде  бекітіп  машықтандырады.  Бұл  жұмысты 
міндетті  түрде  тілдің  қимылдау  анализаторының  қатысуымен  жүргізеді. 
Сондықтан  фонематикалық  есту  қабілетін  жетілдірумен  дыбыстарды 
айтқызу жұмыстары бір мезгілде жүзеге асады.  
2. Дыбыстарды  айтқызу  жұмыстары.  Бұрмалану,  алмастыру,  түсіп 
қалу  сияқты  дыбыстардың  айтылуындағы  барлық  кемістіктерді  жою 
қажет.  Кейде  сөйлеу  тіліндегі  дыбыстарын  айтылу  сақталған  балаларда 
кездесеті. Бұндай жағдайда тіл қимылының анализаторын іске қосу үшін 
сөйлеу  тілі  мүшелерін  анығырақ  істейтіндей  ету  керек.  Фонематикалық 
есту  қабілеті  бұзылған  кезде,  тіпті  сақталған  дыбыстардың  өздерінің 
артикуляциясы мүлде анық болмайтынын есте сақтау керек.  
3. Дыбыстарды  талдауға  және  жинақтауға  дағдылануын  жетілдіру. 
Фонематикалық  түйсігін  жетілдіру  жұмысына  өтеді.  Соңғы  жұмыс  әр 
уақытта балалардың дұрыс айту құралдарымен жүргізіледі.  
Жұмыстың негізгі түрлері: 
а) сөйлемнен  сөзді,  сөзден  буынды,  буыннан  дыбыстарды  бөлу. 
Бұндай талдау ұзын сызық сөйлемді, қысқа сызықтар сөздерді, ең қысқа 
сызықтар буындарды, нүктелер дыбыстарды көрсететін тұтас сөйлемнің 
ноубайын құрастырумен көрсетеді; 
б) жетпейтін дыбыстарды, буындарды жазып беру; 
в) бір ғана бағанға бір буынды сөздерді, екінші бағанға екі буынды 
сөздерді жазып, буындардың сандық мөлшері бойынша сөздерді іріктеу; 
г) берілген  дыбысқа  сөздер  ойлап  табу,  оларды  жазу,  әр  сөзге 
қарама-қарсы дыбыстары бар басқа сөздерді іріктеп алу. 
4. Сөздік  қорын  байыту  және  оларды  іс  жүзінде  пайдалана  білуге 
жетілдіру.  Әдетте  бұл  кезең  балаларды  жаңа  сөздердің  әр  түрлі  жасалу 
жолдарымен таныстырады. Әр түрлі жұрнақтардың көмегімен бір етістік 
сөздерден бірнеше жаңа сөздер жасайды, мысалы: кел-ін, кел-сап, кел-те; 
бір жұрнақтың көмегімен бірнеше жаңа етістік сөздер жасайды, мысалы, 

62 
 
қолтық-тас,  пысық-тас,  қытық-тас.  Бұндай  жұмыс  дұрыс  оқу  және  жазу 
ережесін жақсартып, баланың ой-өрісін кеңейтеді.  
Өткізілген  барлық  оқу  жұмыстарында  сөздік  қоры  молаяды, 
дәлелденеді,  бекітіліп  тұрақталады.  Басты  мәселе  дыбыстарды  талдау 
бойынша  әрбір  сөздің  маңызын  анықтау,  жаттығуын,  жазуы  мен  оқуын 
жаттығумен байланыстыру. Сөздік қорының белсенділігін арттыру. 
5. Ауызша  қалай  болса,  жазбаша  да  солай  сөйлеу  тілінің  байланы- 
сын жетілдіру. Жазуындағы және оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы 
барлық оқу жылы бойынша жүргізіледі. Олардың қажетті шарттарының 
нәтижелілігі ауызекі сөйлеу тілі мен жазуын жетілдіру болып саналады.  
Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді түзету тоқтаусыз жұмыс істеуді 
талап  етеді,  ол  балалардың  қаншама  уақытын  алады,  оның  үстіне 
қажытады.  Сондықтан  оларды  жойғаннан  гөрі  алдын  ала  сақтандыру 
жеңілірек және тиімді болады.  
Оқуы  мен  жазуындағы  кемістіктердің  алдын  алу  ықпалының 
қажетті  шарттың  бірі  –  сөйлеу  тілінің  толық  дамымауының  сақтық 
белгіліерін ерте бастан танып білу. 
Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  балардың  кез  келген  сұрақтарына 
кез  келген  уақытта  жауап  беруге  тырысу  керек.  Осы  жайлы  жоғарыда 
аталған Алмас Нүсіп ағамыздың шығармасынан үзінді келтіруге болады: 
«...Шаршай  бастағанда  бейбіт  әңгімеге  көшкенбіз.  Сұрамайтыны  жоқ. 
Анау не, мынау  не? Ол  неге ондай, бұл  неге былай? Ерінбей, жалықпай 
білгенімді  (білмегенімді  де)  айтып  жатырмын.  Жалғыз  ұлдарының  тәтті 
тілі  қызықтырса  керек,  сұрақ-жауапқа  үй  иелері  де  араласқан.  Үш 
жақтап  ұғындырып  жатырмыз.  Қанағаттанбаса  да,  жауапсыз  қалып 
жатқан жоқ. 
– Ммм, – деді. Тағы қандай бәле шығарар екен деп күтіп отырмын. 
Кенет: 
– Аға,  ертегі  деген  не?  –  деді  бейкүнә  кейіппен  бетіме  қарап...». 
Үзіндіден  көрініп  тұрғандай  мектеп  жасына  дейінгі  баларда  қызық- 
тырытын  сұрақтары  өте  көп.  Бұл  кезде  баланың  сұрағына  жан-жақты 
талқылау арқылы жауап беруге тырысу қажет.  
Жан-жақты талдаудың және сөлеу тілінің жекелеген сыңарларының 
тіл  кемістігіндегі  маңызын  анықтау  негізінде  60  жылдары  жазу  мен 
оқуға  үйрету  үшін  алдын  ала  дайындық  жағдайлары  жеткіліксіз, 
мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  ерекше  түрлері  бөлінген  болатын 
болатын.  Бұған  фонетика-фонематикалық  толық  дамымаған  балалар 
жатады.  
Мектепте  оқитын  ересек  және  орта  жастағы  балалардың  арасын- 
дағы  ең  көп  тарағаны  дыбыстарды  бұзып  айту  ақаулықтары.  Бұл  топқа 
жататын  есту  қабілеті  дұрыс  балалар  жеке  дыбыстарды,  бір  немесе 
бірнеше топтағы дыбыстарды дұрыс айта алмағандығы байқалады.  
Фонетико-фонематикасының  толық  дамымауын  қалай  түсінуге 
болады? 

63 
 
Фонетико-фонематикасының толық дамымауы дегеніміз – ол қабыл- 
дау  түйсігі  мен  дыбыстардың  айтылуындағы  ақаулардың  салдарынан 
болған сөйлеу тілінің әр түрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі 
дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысының бұзылуы. 
Бұл  жағдайды  сипаттайтын  негізгі  көріністерді  бөліп  көрсетуге 
болады: 
1. Жұп  немесе  топ  дыбыстардың  айтылуын  ажырата  алмауын 
бұндай жағдайда бір дыбыс, екі немесе тіпті  үш дыбысты да алмастыра 
береді, мысалы, Т дыбысы С, Ч, Ш дыбыстарының орнына айтылады. 
2. Бір дыбыстардың басқаларымен алмастырылуы. 
Баланың  сөйлеу  тілінде  жеңіл  айтылатын  дыбыстар  айтылуы  қиын 
дыбыстарды  алмастырады.  Бұндай  айтылуы  жеңіл  дыбыстар  баланың 
сөйлеу  тілінде  ерте  жасынан-ақ  пайда  болады  да  кез  келген  қиын 
дыбыстарды  алмастыра  береді.  Мысалы,  Л  дыбысы  Р  дыбысын,  Ф 
дыбысы  Ш  дыбысын,  Т  мен  Д  дыбыстары  ызың  мен  ысқырық  дыбыс- 
тарын түгелдей алмастырады. 
3. Дыбыстарды  шатастыру.  Бұл  көптеген  дыбысталдың  әр-түрлі 
сөздерге қолданылуының қолайсыздығын сипаттайды. Бала дыбысты бір 
сөзде  дұрыс  қолданады  да,  ал  оны  басқа  сол  дыбысқа  әуезі  жағынан 
немесе  айтылуы  жағынан  ұқсас  дыбыспен  қатар  келсе,  алмастырып 
жібереді.  Мысалы,  бала  Л,  Р  немесе  Ш  дыбыстарын  жеке  тұрғанда 
дұрыс айтады да, ал сөйлегенде алмастырып, шатастырып айтады.  
Сөйлеу  тілі  дыбыстарының  айтылуындағы  бұл  сияқты  кемістіктер 
тәрбиешілер  мен  ата-аналарды  ойландыру  керек,  себебі  бұндай  кеміс- 
тіктер фонематикалық есту қабілетінің толық жетілмегенін дәлелдейді. 
Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуын фонетикалық оыйн үстінде 
бекітудің  бірнеше  тәсілдері  бар.  Бірақ,  халық  ауыз  әдебиетіндегі  көлемі 
шағын әдеби үлгілерді  тіл дыбыстарын  айтқызуда  қолдану – өте  тиімді. 
Бос  уақытта  кітаппен  жұмыс  жүргізудің  пайдасы  өте  мол.  Балабақшада 
орысша тәрбиеленіп, үйде қазақи ортада өсіп келе жатқан бүлдіршіндер- 
дің  көпшілігінің  зейіні  тұрақсыз,  жалтақ,  мінезі  бұйғы,  ұяң  келетіні 
белгілі  жайт.  Бұл  қиындықты  жеңу  үшін  балалармен  кітаптың  пайдасы 
жайлы әңгіме – сабақ өткізуге болады. 
Бұл сабақта  «Тілашар» кітабын пайдалануға болады. Осы кітаптың 
мамұны бойынша «Аяжанның қошақанға қызығуы...» жайлы үзінділерді 
алып,  тілдік  құралдың  түсініксіз  түрлерін  балалармен  әңгімелесе 
отырып,  талдау  мәтін  мазмұнының  жеңіл  де  тез  қабылдануына  мүмкін- 
дік береді. 
«Тілашар»  кітабының  бір  ғана  әңгімесінен  бала  қаншама  жаңа  сөз, 
жаңа тіркестерді үйренеді. Сонымен қатар, кітаптың өзіне берер пайдасы 
мол екенін, біздің ең қымбат досымыз кітап екенін түсінеді.  
Оқуы  мен  жазуында  бұылыстары  бар  балалармен  жұмыс  жасау 
барысында  жақсы  суретшілердің  қолынан  шыққан,  әр  түрлі  және  бір 
түспен  боялған  сүреттермен  безендіріліп  шығарылған  кітаптарды 

64 
 
қолданған тиімді. Мысалы, Мәскеу, Курск, Омбы қалаларында шығарыл- 
ған К. Жуковскийдің ертегілеріне В. Конашевичтің салған иллюстрация- 
лары  балаларды  әрдайым  көңілді  күйге  кенелтеді.  Сондай-ақ  «Орыс 
халық  ертегілері»  кітабында  салынған  әсем  иллюстрациялар  балаларды 
тебірентпей қоймайды және оқуға деген ынтасын дамытады. 
 
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы
publications -> Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б
publications -> Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы
publications -> Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет