Книга. Время. Общество материалы IV международной научно-практической конференции



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/30
Дата26.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріКнига
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
ПАВЛОДАРСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
КІТАП. УАҚЫТ. ҚОҒАМ 
 
 
 
IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция 
материалдары 
 
 
 
 
 
КНИГА. ВРЕМЯ. ОБЩЕСТВО 
 
 
 
материалы  
IV международной научно-практической конференции 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Павлодар 
2015 


 
УДК 001:028 
ББК 78.303 
 
К 97 
 
 
Жалпы редакциясын басқарған ПМПИ ректоры, филос.ғ.д. Н.Р. Аршабеков 
Жауапты редактор – ПМПИ проректоры, т.ғ.к. Ә.С. Ілиясова 
 
Под общей редакцией ректора ПГПИ д. филос.н. Н.Р. Аршабекова 
Ответственный редактор – проректор ПГПИ, к.и.н. А.С. Ильясова 
 
 
К 97  
Кітап.  Уақыт.  Қоғам:  IV  халықаралық  ғылыми-практикалық  конферен- 
ция  материалдары  =  Книга.  Время.  Общество:  материалы  IV  между- 
народной научно-практической конференции / құраст. М.А. Таженова; бас 
ред. Н.Р. Аршабеков. – Павлодар: ПМПИ, 2015. – 290 б. 
 
 
ISBN 978-601-267-385-2 
 
 
 
Жинаққа «Кітап. Уақыт. Қоғам» атты халықаралық конференцияның 
материалдары  енгізілген.  Баяндамаларда  қазіргі  әлемдегі  кітап  оқу  мен 
кітап  мәдениетінің  өзекті  мәселелері,  оқырмандардың  әдеби  дамуын 
зерттеу саласындағы кейбір сұрақтары жарияланған. 
 
Конференция материалдары педагогтерге, зерттеушілерге, білім беру 
және кітапхана саласындағы мамандарға, сонымен қатар кең жұртшылық- 
қа пайдалы болуы мүмкін. 
 
 
Сборник  содержит  материалы  международной  конференции  «Книга. 
Время.  Общество».  Доклады  посвящены  актуальным проблемам  книжной 
культуры  и  чтения  в  современном  мире,  освещены  некоторые  вопросы  в 
области исследований литературного развития читателей. 
 
Материалы  конференции  могут  быть  полезны  педагогам,  исследова-
телям, специалистам в области образования и библиотечного дела, а также 
широкой общественности. 
 
 
 
 
 
 
 
ISBN 978-601-267-385-2 
 
 
УДК 001:028 
ББК 78.303 
 
 
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2015. 


 
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ  
 
Құрметті конференцияға қатысушылар,  
әріптестер және қонақтар! 
 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына қош келдіңіздер және 
ғылыми  форумның  жұмысына  қатысуға  келіскендеріңіз  үшін  алғысымды 
білдіремін.  Е. Бекмаханов  атындағы  ғылыми  кітапхананың  бастамасы 
бойынша  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институты  ұйымдастырып 
отырған  «Кітап.  Уақыт.  Қоғам»  атты  IV  Халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференциясы  республиканың  мәдени  және  қоғамдық  өмірінің  маңызды 
шарасы  болып  табылады.  Конференция  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың  кітап 
оқуын  қолдау  бойынша  кітапханалардың  жұмысын  жетілдірудің  әдіснамалық 
және  концептуалдық  жолдарын  анықтау,  халықаралық  деңгейде  кітапхана- 
аралық өзара әрекеттесу мен әлеуметтік серіктестікті дамыту факторларының 
бірі  болды.  Конференцияны  өткізудің  басты  мақсаты  кітапхана  ісінің  және 
кітап  мәдениеті  саласында  білім  және  алдағы  қатарлы  тәжірибе  алмасу  деп 
есептеймін.  
2009,  2011,  2013  жылдары  өткізілген  «Кітап.  Уақыт.  Қоғам»  атты 
конференциясы  жақсы  дәстүрге  айналып,  кітап  ісі  мен  кітапханалық  жүйені 
дамыту  саласында  өзінің  жаңашылдық  алаңының  беделін  бірнеше  рет 
дәлелдеді.  Ғалымдар,  педагогтар,  кітапханалық  істің,  ақпараттық  техно- 
логиялардың, мұрағат және мұражай ісінің кәсіпқойлары, кітап ісінің әртүрлі 
салаларының  және  білім  беру  ұйымдарының  өкілдерінен  жиналған  50-ден 
астам  авторлар  аса  өзекті  тақырыпты  талқылау  мен  пікір  алмасу  үшін  біздің 
педагогикалық оқу орнымызға жиналғанына мен қуаныштымын. 
Қазақстан  Республикасында,  барлық  дамыған  мемлекеттерде  сияқты, 
маңызды  стратегиялық  міндет  болып  ғылымды,  инновацияларды,  ақпараттық 
индустрияны,  білім  беру  мен  мәдениетті  дамытуға  акцент  қойылған 
ақпараттық қоғамды, білімде құрылған қоғамды құру белгіленген. Ақпараттық 
қоғамды  құру  кезінде  бастысы  –  жоспар  мен  бағдарламалар  ретінде  анық 
ресімделген  мемлекеттік  саясат,  бірақ  қоғамның  өзгеруі  –  бұл  азаматтардың 
өздерінің  міндеті  де  сөзсіз.  Осы  көзқарастан,  болып  жатқан  үрдістерді  түсіну 
ракурсында  адамдар  санасының  өзгеруі  қажет:  ақпараттық  қоғам  азаматтарға 
не бере алады және оны жасауға қалай ықпал етуге болады.  
Ақпараттық  қоғамның  дамуына  қарай  адамның  тапсырманы  орындау 
үшін  ақпаратты  қалай  жинай  білу,  талдау  және  көпшілікке  тарату  қабілеті, 
жаһанды  ақпараттық  кеңістікте  жылдам  бағдарлы  болу  сияқты  жеке 
қасиеттеріне деген талаптар да өзгереді.  
Ақпараттық  технологиялардың  жаппай  таратылуы  кітап  оқу  дағды- 
ларына  одан  да  аса  жоғары  талаптарды  талап  етеді.  Ғылыми  зерттеулердің 
нәтижелері  бойынша  және  тәжірибе  көрсеткендей,  «кітап  оқитын  адам» 
интернеттің  үздік  тұтынушысы,  әртүрлі  экономикалық,  әлеуметтік  және 
психологиялық жағдайларға бейімделуге қабілетті адам болып табылады.  
Бүгінгі  таңда  адамды  жай  кітап  оқуға  үйрету  жеткіліксіз,  оны  өнімді, 
дамытушы кітап оқуға үйрету әлдеқайда маңызды. Қоғамда кітап оқу дамыған 
және  әлеуметтік  жағынан  бағалы  адамның,  жалпыны  қамти  алатын, 


 
факторлардың көбін талдай алатын, жағдайды  дұрыс бағалай  алатын, жалғыз 
дұрыс шешімді жылдам қабылдай алатын және оған жауапкершілікте болатын 
адамның қасиеттерін қалыптастырады деген түсінікті сақтау өте маңызды.  
Кітап  оқу  әмбебап  мәдени  техника  ретінде  ақпараттық  сауаттылық 
проблемаларын шешуге ғана ықпал етпейді, ол мәдениет сабақтастығын, адам 
және ұлттың зияткерлік дамуын сақтауға ықпал жасайды.  
Бүгінгі таңдағы кітап оқу сапасына қамқорлық жасау – бұл ұлт болашағы 
туралы ойлау болып табылады. 
Кітап  мәдениеті  мен  кітап  оқудың  трансформациясына  байланысты 
күрделі  проблемалар  технологиялық  және  қоғамдық  өзгерістердің  әсерінен 
гуманитарлық  сала  мамандардың  алдына  маңызды  әлеуметтік  қызметтерді 
орындайтын  әлеуметтік  және  мәдени  құбылыстар  ретінде  кітап  оқу  туралы 
тұтас  түсінікті  қалыптастыру  қажеттілігін  қояды.  Бұл  философиялық  және 
мәдени  сұрақ,  ғылыми  теориялардың  ғана  емес,  сонымен  қатар  педагогика- 
лық, кітапханалық тәжірибе мәселесі. 
Институт  кітапханасын  біз  бағалаймыз,  қадірлейміз  және  Павлодар 
облысында  мектеп  пен  педагогикалық  білім  берудің  тұрақты  дамуына  ықпал 
ететін  білім  беру  үрдісінің  қарқынды,  ашық  жүйесін  білдіретін  кітапхана 
ретінде  насихаттаймыз.  Қазіргі  таңда  педагогикалық  оқу  орнының  кітап- 
ханасы аймақтағы кәсіби кітапханалық қоғамдастықтың беделді көшбасшысы 
болып табылады.  
Мен, 
институтымыздың 
кітапханалық 
ұжымында 
кітап 
оқуға 
байланысты күрделі, көп мағыналы сұрақтарды терең түсіну қалыптасқанына 
сеніммен айта аламын. Өзінің кәсіби қызметінде дәл осы педагог-студенттерге 
балалардың  кітап оқуын  басқаруға, балалардың кітап оқуларын  басқару үшін 
ата-аналарға  кеңесші  болуға  тура  келетіндігін  ескере  отырып,  кітапхана 
мемлекеттік және жалпы гуманитарлық құндылықтарға бағытталған мақсатты 
тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастырды.  
Қазақстан  аймақтары  мен  басқа  елдерден  келген  кәсіпқойлардың 
конференцияға қатысулары талқыланатын сұрақтардың өзектілігін дәлелдейді. 
Әрине,  әрбір  қатысушыда  әріптестерімен  бөліскісі  келетін  жұмыс  тәжірибесі 
жинақталған.  
Бұл  конференция  жарқын  және  есте  қаларлық  оқиға  болады,  білім  беру 
және  мәдениет  ұйымдары  мамандарының  өміріне  жаңа  идеяларды,  иннова- 
циялық шешімдерді және ерекше жолдарды енгізеді деген сенімім мол.  
Сәтті  жұмыс,  жемісті  шығармашылық  қарым-қатынас,  конструктивті 
диалог және тиімді өзара әрекет тілеймін! 
 
Н. Аршабеков, 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық  
институтының ректоры,  
философия ғылымының докторы, профессор 


 
ПРИВЕТСТВЕННОЕ СЛОВО 
 
Уважаемые участники конференции, коллеги и гости! 
 
Разрешите  приветствовать  вас  в  Павлодарском  государственном  педаго- 
гическом институте и выразить признательность за ваше согласие участвовать 
в  работе  научного  форума.  IV  международная  научно-практическая  конфе- 
ренция  «Книга.  Время.  Общество»,  организованная  Павлодарским  государст- 
венным  педагогическим  институтом  по  инициативе  научной  библиотеки  им. 
Е. Бекмаханова,  несомненно,  является  значимым  событием  в  культурной  и 
общественной  жизни  республики.  Конференция  стала  одним  из  фактов  опре- 
деления  методологических  и  концептуальных  подходов  совершенствования 
работы  библиотек по поддержке чтения различных  социальных групп, разви- 
тия межбиблиотечного взаимодействия и социального партнерства на между- 
народном уровне. 
Считаю, что главная цель проведения конференции заключается в обмене 
передовым  опытом  и  знаниями  в  сфере  книжной  культуры  и  библиотечного 
дела.  
Конференция  «Книга.  Время.  Общество»  2009,  2011,  2013  годов  стала 
хорошей  традицией  и  неоднократно  подтверждала  свою  репутацию  новатор- 
ской  площадки  в  области  развития  книжного  дела  и  библиотечной  системы.  
Я  рад  тому,  что  именно  педагогический  вуз  стал  местом  для  обсуждения  и 
обмена  мнениями  на  столь  актуальную  тему,  в  обсуждении  которой  примут 
участие  более  50  авторов,  среди  которых:  ученые,  педагоги,  профессионалы 
библиотечной  сферы,  информационных  технологий,  архивного  и  музейного 
дела, представители разных сфер книжного дела и организаций образования.  
В  Республике  Казахстан,  как  и  во  всех  развитых  государствах,  важ- 
нейшей  стратегической  задачей  обозначено  построение  информационного 
общества, общества, построенного на знаниях, где акценты сделаны на разви- 
тие  науки,  инноваций,  информационной  индустрии,  образования  и  культуры.  
Безусловно,  главное  при  построении  информационного  общества  –  это  четко 
оформленная в виде планов и программ государственная политика, однако из-
менение общества – это и задача самих граждан. С этой точки зрения, необхо-
димо изменение сознания людей в ракурсе понимания происходящих процес-
сов:  что  может  дать  информационное  общество  его  гражданам  и  как  можно 
способствовать его созданию.  
По  мере  развития  информационного  общества  меняются  требования  к 
таким личностным качествам человека, как: умение собрать информацию для 
решения задачи, способность анализировать и обобщать, умение быстро ори- 
ентироваться в глобальном информационном пространстве. Массовое распро- 
странение  информационных  технологий  предъявляет  ещё  более  высокие  тре- 
бования к навыкам чтения. По итогам научных исследований и, как показыва- 
ет практика, «человек читающий» является лучшим пользователем в Интерне- 
те, более успешным человеком, способным к адаптации в различных экономи- 
ческих, социальных и психологических условиях. 
Сегодня  недостаточно  научить  человека  просто  читать,  гораздо  важнее 
научить  его  продуктивному,  развивающему  чтению.  Не  менее  важно  сохра-


 
нить в обществе понимание того, что чтение формирует качества развитого и 
социально  ценного  человека,  человека,  умеющего  охватить  целое,  проанали-
зировать  множество  факторов,  адекватно  оценить  ситуацию,  быстро  принять 
единственно  верное  решение  и  нести  за  него  ответственность.  Чтение  как 
универсальная  культурологическая  техника  не  только  способствует  решению 
проблем  информационной  грамотности,  но  и  содействует  сохранению  преем-
ственности культуры, интеллектуального развития человека и нации. Забота о 
качестве чтения сегодня – это забота о будущем нации. 
Сложные  проблемы,  связанные  с  трансформацией  книжной  культуры  и 
чтения  под  воздействием  технологических  и  общественных  перемен,  ставят 
перед  специалистами  гуманитарной  сферы  необходимость  формирования  це-
лостного  представления  о  чтении,  как  о  социальном  и  культурном  явлении, 
выполняющем жизненно важные социальные функции. Это вопрос философ-
ский и культурологический, вопрос не только научных теорий, но и педагоги-
ческой, библиотечной практики.  
Библиотеку института мы ценим, уважаем и пропагандируем как библио- 
теку,  которая  олицетворяет  собой  динамичную,  открытую  систему  образова- 
тельного процесса, содействующей устойчивому развитию школьного и педа- 
гогического образования в Павлодарской области. Сегодня библиотека педаго- 
гического  вуза  по  праву  является  авторитетным  лидером  профессионального 
библиотечного сообщества региона.  
Я  могу  с  уверенностью  сказать,  что  в  библиотечном  коллективе  ПГПИ 
сложилось  глубокое  понимание  сложности,  неоднозначности  вопросов,  свя-
занных с чтением. Учитывая тот факт, что именно студентам-педагогам в про-
фессиональной  деятельности  предстоит  быть  руководителями  детского  чте-
ния, консультантами родителей по руководству читательским развитием детей, 
библиотекой  сформирована  система  целенаправленной  воспитательной  рабо-
ты, ориентированной на государственные и общегуманитарные ценности.  
Участие  в  конференции  профессионалов  из  других  стран  и  регионов 
Казахстана подтверждает актуальность обсуждаемых вопросов. Несомненно, у 
каждого  участника  накоплен  богатый  опыт  работы,  которым  он  готов 
поделиться с коллегами. 
Я  уверен,  что  эта  конференция  будет  ярким  и  запоминающимся 
событием, внесет в жизнь специалистов организаций образования и культуры 
новые идеи, инновационные решения и нестандартные подходы.  
Успешной работы, плодотворного творческого общения, конструктивного 
диалога и эффективного взаимодействия! 
 
Н. Аршабеков, 
ректор Павлодарского государственного 
педагогического института, доктор 
философских наук, профессор  


 
ОҚЫРМАНҒА 
 
Алдарыңызда  ПМПИ  Е.  Бекмаханов  атындағы  ғылыми  кітапхана- 
ның  бастамасы  бойынша  төртінші  рет  өткізіліп  отырған  «Кітап.  Уақыт. 
Қоғам» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материал- 
дарының  жинағы.  Конференция  заманауи  әлемдегі  кітап  мәдениеті  мен 
кітап оқу проблемаларына арналған.  
Дәл  кітапханашылар  үлкен  дәрежеде  кітап  оқу  проблемасының 
қамын  ойлайды  және  кітапты  алға  бастыру  мен  кітап  оқуды 
ұйымдастыруда шығармашылық белсенділікті көрсететіні құпия емес. 
Бұл тақырыптың өсіп келе жатқан өзектілігіне қарамастан, отандық 
ғылымның  оны  зерделеудің  өте  әлсіз  дәрежесін  белгілеуге  тура  келеді. 
Ғылыми  қоғамдастықтың  алдына  көптеген  зерттеушілік  міндеттер 
қойылған. Конференцияның мақсаты: қоғамның рухани құндылығы мен 
тұлғаны  қалыптастыру  құралы  ретінде  кітап  оқу  мәртебесін  арттыру, 
Қазақстандағы кітап оқу бағдарламасын қолдауда әлеуметтік серіктестік 
пен кәсіби ынтамақтастықты дамытуға ықпал жасау.  
2009,  2011  және  2013  жылдарда  өткізілген  конференциялар  сәтті 
өтті,  кітап  саласындағы  мамандарда  үлкен  қызығушылық  танытты, 
педагогикалық  ұйымдар  мен  кітапханалардың  жұмысын  белсендетуге 
әсер етті. 
Конференцияға  қабылданған  баяндамалар  қағаз  және  электронды 
жинақтарда  басылған.  Жинақта  Қазақстан,  Ресей,  Украин,  Беларус 
республикасы,  Хакас  республикасы,  Эстон,  Қытайдан  жіберілген  60 
астам  мақалалар  бар.  Мақала  авторлары  –  ғалымдар,  педагогтер,  кітап- 
ханашылар,  студенттер,  мектеп  оқушылары,  білім  беру  мен  мәдениет 
ұйымдарының  мамандары.  Олардың  шығармашылық  іздестірулері 
барлық  оқырман  санаттары  арасында  кітап  оқуды  дамыту  және 
қолдаумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.  
Жинақ  2  тараудан  тұрады  –  бұл  тақырыптық  секциялар.  Секция 
материалдары  кітап  ісінің  әлеуметтік  мәдени  мәселелеріне  және  кітап 
оқудың  педагогикалық  аспекттеріне  арналған.  Онда  оқырмандық 
дамудың педагогикалық және кітапханалық технологиялары көрсетілген, 
кітап оқу проблемаларының спектры талданған.  
Мақала  авторлары  жайлы  ақпарат  жинақтың  соңында  «Авторлар 
туралы мәлімет» тарауында берілген.  
Конференцияны  ұйымдастыру  комитеті  осы  кәсіби  кездесу  кітап 
және  кітап  оқудың  рөлі  туралы  білімдерімізді  тереңдетеді,  жастардың 
оқырмандық  дамуына  үздік  педагогикалық  және  кітапханалық  әсер  ету 
тәжірибесін ұсынады деген үміт білдіреді.  
Көлемді  және  қызықты  іс-шаралардың  арасында  «Кітап.  Уақыт. 
Қоғам»  атты  конференция  тұрарлық  орынға  ие  болады  және  кітап  пен 
кітап  мәдениетінің  халықаралық  проблемаларына  мамандар  мен  кең 
жұртшылықтың назарын аударатыны күмәнсіз.  


 
ЧИТАТЕЛЮ 
 
Перед  вами  сборник  материалов  очередной  IV  международной  
научно-практической  конференции  «Книга.  Время.  Общество»,  которая 
проводится  по  инициативе  научной  библиотеки  им.  Е. Бекмаханова 
ПГПИ. Конференция посвящена проблемам книжной культуры и чтения 
в  современном  мире.  Не  секрет,  что  именно  библиотекари  в  большей 
степени  озадачены  проблемой  чтения  и  проявляют  творческую  актив-
ность в продвижении книги и организации чтения. 
Несмотря на растущую актуальность данной темы, приходится кон-
статировать  крайне  слабую  степень  её  изученности  отечественной  нау-
кой.  Перед  научной  общественностью  всё  ещё  стоит  немало  исследова-
тельских задач. Цель конференции: содействие повышению статуса чте-
ния  как  духовной  ценности  общества  и  средства  формирования  лично-
сти, развитию социального партнёрства  и профессионального сотрудни-
чества в поддержке программ чтения в Казахстане.  
Конференции  2009,  2011  и  2013  годов  прошли  успешно,  вызвали 
большой интерес специалистов книжной сферы, способствовали активи-
зации деятельности библиотек и педагогических организаций. 
Присланные на конференцию доклады опубликованы в бумажном и 
электронном  сборниках.  Они  содержат  более  60  статей  из  Казахстана, 
России,  Украины,  Республики  Беларусь,  Республики  Хакасия,  Эстонии, 
Китая.  Авторы  статей  –  это  ученые,  педагоги,  библиотекари,  студенты, 
школьники  и  специалисты  организаций  образования  и  культуры,  чьи 
творческие  изыскания  направлены  на  решение  проблем,  связанных  с 
развитием и поддержкой чтения среди всех категорий читателей.  
Сборник  состоит  из  двух  разделов  –  это  тематические  секции. 
Материалы  секций  посвящены  социокультурным  вопросам  книжного 
дела и педагогическим аспектам чтения. В них отражены педагогические 
и  библиотечные  технологии  читательского  развития,  проанализирован 
спектр проблем чтения.  
Информация  об  авторах  статей  дана  в  конце  сборника  в  разделе 
«Сведения об авторах».  
Оргкомитет  конференции  выражает  надежду,  что  эта  профессио-
нальная встреча углубит наши знания о роли книги и чтения в современ-
ном мире, представит лучший педагогический и библиотечный опыт со-
действия читательскому развитию молодёжи. 
Нет  сомнения,  что  среди  масштабных  и  интересных  мероприятий 
конференция «Книга. Время. Общество» займет достойное место и при-
влечет  внимание  специалистов  и  широкой  общественности  к  междуна-
родным проблемам чтения и книжной культуры. 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кітап оқу проблемаларының  
әлеуметтік-мәдени контексі  
 
 
 
Социально-культурный контекст  
проблем чтения 
 

10 
 
АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ КІТАПХАНАНЫҢ 
АЛАТЫН ОРНЫ 
 
А. Адельбаева, Д. Майкаринова, А.Қ. Мурзатаева 
ПМПИ, Павлодар қ., Қазақстан 
 
Арнайы  білім  жалпы  білім  жүйесінің  бір  бөлігі  болып  табылады 
және  мемлекет  арнайы  білім  беру  қажеттілігіне  ие  тұлғалар  үшін  білім 
алуда  тең  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ету  мақсатында  барлық 
жағдайларды жасайды. 
Қазақстан  Республикасының  Заңнамасымен  білім  беру  саласының 
негізін  қалаушы  халықаралық  құжаттарға  сәйкес,  мүмкіндігі  шектеулі 
тұлғалар  үшін  білім  алуына  тең  құқықтар  қағидасы  қарастырылады. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алуын  дамытудағы  кепілдіктері 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында,  Қазақстан  Республика- 
сының  «Қазақстан  Республикасындағы  бала  құқығы  туралы»,  «Білім 
беру  туралы»,  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік,  медицина- 
лық-педагогикалық  коррекциялық  қолдау  туралы»,  «Қазақстан  Респуб- 
ликасындағы  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы»,  «Арнайы 
әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарында бекітілген.  
Елбасының  тапсырмасына  орай,  2004  жылы  мүмкіндігі  шектеулі 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін 
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республика- 
сы Үкіметінің қаулысымен әлеуметтік бейімделу және кәсіби реабилита- 
циялау  республикалық  ғылыми-тәжірибелік  орталығы  арнайы  білім 
беруді  дамыту  бойынша  ғылыми-тәжірибелік  жұмыстар  және  инклю- 
зивті  білім  беруге  ауысу,  арнайы  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтар, 
оқу-әдістемелік жиынтықтарды даярлау жұмыстары жүргізілетін ұлттық 
ғылыми-тәжірибелік коррекциялау орталығы болып қайта құрылды.  
Инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы  –  Қазақстан  Республика- 
сының  2011–2020  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамыту  Мемлекеттік 
бағдарламасының  басым  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Мүмкін- 
дігі  шектеулі  балалардың  сапалы  білім  алуға  деген  тең  құқысы  Қазақ- 
стан  Республикасы  заңнамаларымен  бекітілген.  Біздің  елімізде 
39 арнайы  балабақша  мен  315  арнайы  топтар  қызмет  етеді,  онда 
мектепке дейінгі жастағы 15 мың бала тәрбие мен білім алуда, 25 мыңға 
жуық  мектеп  оқушылары  білім  алып  отырған  106  арнайы  мектеп  және 
жалпы  білім  беретін  мектептер  жанындағы  1219  арнайы  сыныптар  да 
қызмет  етуде.  Қазіргі  таңда  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  коррек- 
циялық-педагогикалық  қолдауды  17  реабилитациялау  орталықтары, 
133 психологиялық-педагогикалық  коррекциялау  кабинеттері,  мектеп 
жанындағы  558  логопедиялық  пунктері  көрсетуде.  Республикада 
18 жасқа  дейінгі  мүмкіндігі  шектеулі  138  513  бала  бар,  ол  барлық 

11 
 
балалар  санының  2,8%  құрайды.  Соның  ішінде,  мектеп  жасындағы 
балалар  саны  –  93 740  баланы,  мектеп  жасына  дейінгі  –  44 773  бала. 
Арнайы оқу бағдарламасы бойынша 62 мыңға жуық қатысушы, мектепке 
дейінгі арнайы бағдарлама бойынша – 27 мыңнан астам бала білім алуда. 
Сонымен қатар, ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан 
мамандарды  даярлау  ісін  178  колледж  жүргізуде.  Аталмыш  санат 
студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам құрайды.  
Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алуына  электронды  білім 
беру,  қашықтықтан  оқыту  жүйесі  де  жол  ашады.  2011  жылдан  бері 
мемлекеттік  бағдарлама  аясында,  үйінде  білім  алатын  балалар  қажетті 
бағдарламалық-техникалық  құралдарды  алады.  Тірек-қимыл  аппарат- 
тары  бұзылған  балалар  үшін  жеке  қозғалыс  құралдары,  арнайы 
пернетақта  мен  манипуляторлар,  есту  қабілеті  бұзылған  балалар  үшін  – 
есту  аппараттары,  дыбысты  күшейтуші  микрофоноы  бар  жүйе, 
тифлотехникалық құралдар алынады. Білім алуға жол ашуды қамту үшін 
ақпараттық  қамтамасыз  ету  құралдары,  соның  ішінде  принтерлер  мен 
Брайлевтік  дисплейлер,  оқу  машиналары  мен  үлкейтуші  құрылғылар, 
электронды  лупалар,  сөйлеуші  экранды  үлкейтуші  шағын  құрылғылары 
және  тағы  басқалары  аса  маңызды.  Республикалық  бюджет  есебінен 
компьютерлік  техника  және  құрал-жабдықтармен  6  мыңға  жуық  үйінен 
оқытылатын мүгедек-бала қамтылған. 
Қазіргі  уақытта  республикадағы  арнайы  білім  беру  ұйымдарының 
жартысына  жуығы  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  танымдық  дамуын 
ынталандырушы  мультимедиялық  білім  беру  жүйесімен  жабдықталған. 
Арнайы  мектептердің  20%-ында  интерактивті  тақталар  орнатылған. 
Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95 %, білім беру 
арнайы  мекемелерінің  41%  логопедтік  жаттықтырғыштармен,  37%  – 
есту-сөйлеу жаттықтырғыштарымен жабдықталған.  
Адамзат  баласының  қол  жеткізген  ұлы  игіліктерінің  бірі  –  білім 
қазынасы.  Ал  білім  сипаты  әр  түрлі.  Ол  ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша, 
жазбаша  түрде  немесе  көркем  әдебиет  арқылы  да  жеткен.  Кітап  адам 
баласының  сан  ғасырлық  ақыл-ойының  жемісі,тарихы  мен  тағылымы- 
ның  алтын  сандығы.  «Кітап  дегеніміз  –  алдыңғы  ұрпақтың  артқы 
ұрпаққа  қалдырған  рухани  өсиеті.  Кітап  оқудан  тыйылсақ,  ой  ойлаудан 
да  тыйылар  едік»  –  деген  еді  Ғ. Мүсірепов.  Кітапты  таңдап,  талғап  оқи 
білу оны  түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір  қажетіне жарата білу  – 
әрбір  адамның  білігі  мен  білімін,  пайымы  мен  парасатын  айқындайтын 
алғы  шарттарының  бірі.  Міне  осы  асыл  қазынаны  оқу  қазіргі  таңда 
төмендеп  отыр.  «Кітап  маған  тақтан  да  қымбат»,  –  деп  атап  көрсеткен 
Шекспир.  Өкінішке  орай  көркем  әдебиетке  деген  қызығушылығы 
азайды.  Әдебиетке  деген  құлықсыздық  пайда  болды.  Оның  себептерін 
күнделікті  қолданысқа  енген  ғаламтор  мен  компьютер  секілді  құрыл- 
ғылардың  әсері  деп  білеміз.  Бұдан  соңғы  себеп,  аттаған  әр  қадамымыз 
ақша керек болатын күнделікті тірішілік қамы адамдардың кітапқа деген 

12 
 
ынтасын  төмендетіріп  жіберді.  Бала  кітап  оқып,  ойын  қорытудың 
орнына  теледидардан  дайын  өнімдерді  көруге  бейім.  Мұның  барлығы 
балалардың  кітап  оқуына  үлкен  кедергі  келтіреді.  Ал  ата-аналар  тым 
жұмысбасты.  Баланың  теледидар  қарауын  белгілі  бір  уақытта  ғана 
шектеп,  кітап  оқуына  арнайы  көңіл  бөліп,  қадағалап  отыруға  уақыт 
таппайды.  Әрине,  мұны  жауап  деуге  де  келе  қоймас,  өйткені  бұл  себеп 
жұтаңдатып  әкетіп  бара  жатқан  осы  мәселеге  ден  қоюымыз  да  тегін 
емес.  «Мақсатымыз  –  кітап  неге  оқылмайды»  деген  сауалдың  жауабын 
жан-жақты іздеу.  
Арнайы  мектептегі  оқушылардың  әдебиеттен  алыстатып  алмауды 
бірлесіп  табу,  кітапқа  деген  баланың  қызығушылығын  арттыру.  Біздің 
ойымызша  қазіргі  кезде  оқырман  баланың  қызығушылығын  арттыру 
үшін  «балабақша  –  мектеп  –  кітапхана  –  мұғалім  –  ата  –  ана»  деген 
аражігі  ажырамайтын  схемамен  жұмыс  жасау  қажет.  Балабақша 
табалдырығын  аттаған  күннен  бастап  кітаптың  құдіретін  ұғындыру. 
Жыртпауға,  сызбауға,  боямауға  үйрету.  Кітапханашыларға  көмекші 
ретінде  оқушылар  арасынан  кітапханашаларды  сайлап  қойсақ.  Барлық 
оқушы  кезекпен  кітапханашы  болып  шыққаны  дұрыс.  Акцияға  кезекші 
баланың  ата-анасының  біреуі  айына  бір  рет  кітапханаға  келіп  баланың 
жұмысын көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс 
жасаса.  Ол  апта  сайын  ауысып,  кезек  келе  береді.  Бұл  жұмыс  оқушы- 
лардың  кітапханаға  деген  қызығушылығын  арттырады  деп  ойлаймыз. 
Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзссіз. Кітапханаға деген 
дұрыс  көзқарасы  қалыптасып  өседі,  кітапты  ұқыпты  ұстауына, 
уақытында  алған  кітапты  қайтаруына,  кітапханашы  мамандығына  деген 
үстірт ой, жансақ мінез қалыптасуына септігін тигізеді. Сыныптың білім 
сапасы  жоғарылайды,  жолдастық  сезімі  оянады.  Ата  –  ана  жауапкер- 
шілігі  артады.  Қорытынды  шығарылып  «Кім  кітап  көп  оқыды?»  «Кім 
жылдам?»  деген  сайыстар  өткізу.  Сайыста  зейінді,  жылдам,  оқымысты, 
мәнерлеп  оқитын  сауатты  оқушыны  аңғарып  мадақтау.  Басқа  оқырман- 
дарда соған ұқсау не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.  
Кітапты  оқымайды  деп  байбалам  салғанша,  бірге  отырып  қызмет 
жасауымыз  керек.  Оқырман  мен  кітап  оқушы  қоғамды  қалыптастыру 
ата-ана,  мектеп  кітапханашы  қызметі  жоғары  дәрежеде  болуы  керек. 
Кітапханашылар  жас  ұрпақты  әдебиеттен  тыс  елеңдететін  ақпарат 
түрлері  көп,  қазақ  тілінде  балаларға  арналған  әдебиеттер  тым  аз  деп 
шырылдайды.  Әр  баланың  жасына  сай,  тіліне  жатық,  безендірілуі 
көркем орыс тілінде басылған кітаптар  сияқты қазақ  тіліндегі басылым- 
дардың  осындай  болуын  өтінеді.  Әр  түрлі  саладағы  балаларға  арналған 
ана  тіліндегі  энциклопедиялардың  жоқтығы.  Бүгінгі  ақпараттық  техно- 
логиялар  заманында  жастардың  өскелең  талабын  қанағаттандыруда, 
рухани байлығын дамытуда мәдениет пен білім ордасы кітапханалардың 
атқаратын рөлі ұшаң теңіз. Бұрында кітапхана тек идеологиялық мекеме 
ретінде  қарастырылса,  бүгінгі  таңда  еліміздің  болашағы  –  жастрадың 

13 
 
жоғары  талаптары  мен  сұраныстардың  жан-жақты  қамтитын  әлеуметтік 
институт  ретінде  сипатталады.  Қоғамыздың  рухани  және  материалдық 
өмірінің  барлық  саласына  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  қатар 
кітапханалардың  тигізетін  әсері  мол.  Кітап  және  кітап  өнімдері 
қоғамның  маңызды  ақпараттық  құндылығы  болып  болып  табылатынын 
ешкім  жоққа  шығармас.  Ақпараттың  әлемдік  ахуалы  шапшаңдықпен 
өзгеріп  келеді.  Ақпараттық  қоғамның  қалыптасуы  мен  жетілуіне,  оның 
әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін маңызды – факторлардың 
бірі  –  еліміздің  ақпараттық  қорының  жағдайымен  қажетті  ақпараттарды 
кітапханалармен  ғылыми  –  техникалық  ақпарат  органдары  желісі  арқы- 
лы  алу  мүмкіндігі.  Осыған  байланысты  ақпараттарды  негізгі  сақтаушы 
және  таратушы  болып  саналатын  кітапханалардың  рөлі  мен  міндеттері 
неғұрлым өзгереді.  
Бүгінде  кітапхана  ісі  мен  информатика  саласы  бұрын  соңды 
болмаған деңгейде бір-бірімен тығыз байланысты. Мұнда жаңа ақпарат- 
тық  технологиялар  оқырмандарға  қазіргі  заманға  сай,  сапалы  жаңа 
қызмет  көрсетудің  құралы  болып  табылады.  Кітапханаларды  автомат- 
тандыру  елімізбен  әлемдік  қоғамдастық  шеңберіндегі  ақпараттандыру 
мен қазіргі заманғы ақпараттық интеграцияның жалпы міндеттерінің бірі 
болып  табылады.  Қазіргі  заманға  сай  кітапханалар  өздерінің  дәстүрлі 
міндеттерімен  қатар  оқырмандардың  ұлттық,  әлемдік  мәдени  және 
интеллектуалдық  ақпараттық  байлықтарға  қол  жеткізуіне  мүмкіндік 
беретін  ақпарат  орталықтарының  міндетін  атқарады.  Әрине,  мұндай 
маңызды әлеуметтік міндетті жаңа ақпараттық-коммуникациялық техно- 
логияларды  енгізу  арқылы  ғана  оңды  шешуге  болады.  Көп  жағдайда 
оқырмандарды  нақты  кітап  емес,  белгілі  бір  тақырып  бойынша  ақпарат 
қызықтырады.  Осындай  қажеттіліктерді  қанағаттандыруда  электронды 
кітап қорларын пайдалану аса тиімді. 
Қорыта келе Ұлы жазушы М. Горький:  «Мен өз бойымдағы барлық 
жақсылығым үшін алдымен кітапқа борыштымын. Білім бұлағы кітапты 
сүйіңдер», – деп жар салды. Кітаптан не іздесең бәрін табасың. Кітаптың 
білмейтіні бар ма? Ол саған естен кетпес ертегі де, қиялыңа қанат бітіріп 
талай  тамаша  әңгіме,  жыр  да  айтып  бере  алады.  Кітап  арқылы  үйіңде 
отырып-ақ  әлеммен  жалғасасың,  тарихпен  тілдесесің.  Алыс  жерлерге 
саяхат  шегесің,  түрлі  елдермен  танысасың.  Кітап  сенің  ақылшың,  адал 
досың,  өмірілік  есті  жолдасың  сен  ерінбесең,  ол  саған  ақыл  айтудан 
ерінбейтін,  жалықпайтын  шебер  ұстаз.  Сен  ала  білсең,  ол  бере  біледі. 
Кітап – жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. 
Айналадағы  адамдарға  адал  мейірімді  қарауға  үйренесің.  Кітап  арқылы 
адамның  жүрегін  көресің.  Алуан  адамның  жан  сырың  ұғасың.  Кей 
шығармалардан  дүниеқоңыз,  өзімшіл,  өркөкірек  жандардың  жан 
түршігер  әрекетін  көріп,  шошынып  жиренесің,  енді  біреулерінен  асыл 
жанды адамдардың нұрлы жүрекетерін, асқақ армандарын, үлгілі істерін 

14 
 
көріп,  жаның  сүйсініп,  тебірене  алғыс  айтасың.  Сондай  болсам  деген 
арман көңіліңе ұя салады. 
 

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы
publications -> Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б
publications -> Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы
publications -> Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет