Книга посвящена памяти Жакии Сарсенова нашего



жүктеу 2.32 Mb.

бет4/18
Дата09.01.2017
өлшемі2.32 Mb.
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

сондықтан да Жақия сол жердегі ағайын-туыстарды іздеді. ниеттің 

қалыстығы  да,  көзкөргендер  де  табыла  кетті.  мұның  әке-шешесін 

біледі деген көнекөздерден ертілес ата мен асанхан ағаны алдыртты. 

Жақияның атажұртынан осы екі кісінің ғана шамалы хабары бар екен.

47


Мырзатай ағаның үйінде.

Арал қаласы. 1987 жыл

құдайдың құдіреті, үйдің орнын асанхан аға қиналмай тапты. 

ал, бейіттің орнын, моланың жобасын ертілес атасы көрсетті. Өзі де 

белгісіз болып кеткен екен... 

ең бастысы, табылды.

* * *


сонымен, әкеге арналып соғылған биіктігі бес метрге жететін  

ескерткіштің құрылысы басталып та кетті. Жақияның көңіл күйі бір 

орныққандай  болды.  енді  ше,  жылдар  бойы  армандаған  үлкен  істі 

межелейтін мезгілде алыс емес.

елдің осынау сауапты шаруаға шабыттана кіріскені соншалық, 

құрылыс  жұмыстары  төрт  күнде  аяқталып,  ескерткіш  даяр  болды. 

бесінші  күні  Жақия    ағайын-туысты,  ел-жұртты  жинап,  құдайы  ас 

берді.


құдайыға алақандай ауыл түгел жиналды. текті туған ұлдың 

парасатты  іс-әрекетіне  үлкен-кіші  түгел  риза  болысты.  батасын 

48


Жақия Бұхарбайұлы, Изада, Қасымхан, Даража апа, Мамық апа,

Өміртай, Марат. Аралтөбеден қайтып келе жатқан кезде.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Түркістан қаласы.1987 жыл

берген ертілес ата. «артына мынадай  ұл қалдырған бұқарбай мен 

Зағипада  не  арман  бар?!  Жарықтықтар  жатқан  жерлерінде  бір-бір 

аунап түскен шығар-ау. мұндай балаң болса, қиналмай-ақ өле беруге 

болады ғой» деген еді қария.

сол  күні  ақзада  апасы  да  көз  жасына  әбден  ерік  берді. 

«Шырағым, араға  қаншама  жылдар салып іздеп келгеніңе, сөйтіп  

әруақты да, тіріні де  түгел тебіренткеніңе рақмет. біздей емес, қолың 

ұзын ғой шырағым, апаңа келіп тұр», –  деп еді ақзада апасы. разы 

болып батасын берді.

* * *

осылайша,  аралтөбедегі  қимас  күндер  де  әп-сәтте  зуылдап 



өте шықты. қанша жылғы сартап сағыныштың қызуы туған жердің 

топырағына бір аунап тұрғаннан  кейін-ақ бірден басылатын шығар 

деп  ойлайтын.  онысы  бекер  екен!  дүниедегі  ең  мейірімді  адамдар 

49


аралтөбеде ғана жасайтын сияқты ма, қалай өзі?! топырағының өзі 

көзге ыстық көрінеді. айналдырған апта күннің ішінде аралтөбеден 

бір қадам ұзап шыққысы келмей қалды.

бірақ,  кету  керек.  ең  бастысы,  «тіршілігімде  қайран 

аралтөбені бір көрер ме екенмін, жан әкем мен аяулы анамның басын 

қарайтуды құдай маған жазар ма екен?!» – деген арманы орындалды. 

Жолаушының жолы жүрсе бітеді. енді кідірудің еш реті жоқ. құдай 

өмір беріп жатса тағы келер.

ертесіне жолға шықты. беталысы – орск. орскіңіз енді ресей. 

алайда,  ресейдің  жері  деген  әншейін  аты.  орскінің  қай  түкпіріне 

барсаңыз да алдыңыздан қаракөз ағайын шыға келеді.

Шымкенттен  шыққан  топтың  орскіні  бетке  алатынындай  да 

бар. мұнда  Жақияның апасы бәтіш әулетімен, нағашысы Әлімжан 

әулетімен мекендейді. топқа Шымкенттен поезбен шыққан даража 

мен мамық апалар, аралтөбеден ақзада апа қосылды.

* * *


орскінің  жанындағы  үшінші фермада тұратын тама апасының 

үйі бар. сабыр жездесі де үйде екен. бұларды алғашқыда танымай 

қызық болды. енді елу жыл дегеніңіз оңай ма, ел жаңаратын уақыт 

қой.  апасы  құдайдың  бұл  көрсеткеніне  сенер-сенбесін  білмей: 

«ойпырмай-ә,  ойпырмай-ә»  дей  береді  бар  болғаны.  екі  сіңілісі, 

жеңгесін және Жақия інісін көргеніне қатты қуанды.

ертесіне сабыр жездесі мен тама апасын ертіп, бәтіш апасы 

мен Әлімжан нағашысының ауылын іздеп жолға шығып кетті. Жол 

бастаушы – сабыр жездесі.

қанша жол жүргендері естерінде жоқ, әйтеуір ұзақ уақыт іздеді. 

бір аудан орталығына барып еді, ондағылар түкпірдегі кеншарға жол 

сілтеді.  мәселе  ол  жерге  барғанда  да  шешілген  жоқ,  одан  ферма-

ферманы аралап кетті.

сөйтіп  жүргенде,  Әлімжан  нағашысын  таппаса  да  дерегін 

тапты.  нағашысы  осыдан  шамалы  уақыт  бұрын  қайтыс  болыпты. 

Әлекеңді көршісі өз қолымен жөнелткен екен. бұлар сол көршісінің 

50


үйін  іздеп  тапты.  мосқалдау  келген  кісі,  сиыр  фермасында  жұмыс 

істейтін көрінеді.

аты-жөні  есінде  қалмапты,  сол  көршісі  бұларды  Әлімжан 

нағашысы  жатқан  бейітке  апарып,  «міне,  нағашыңның  мәңгілік 

мекені» деп көрсетті. бір кездегі атақты тоймағамбет байдың кенже 

ұлының    мәңгілік  тыныс  тапқан  жері  осы.  мына  баянсыз  дүние 

бардан да, жоқтан да қалады деген. Жақия бастаған топ сол жерде 

құран  оқып,  Шымкенттен  арнайы  жасатып  әкелген  құлпытасты 

орнатты. ауылға құдайы тамақ берді. ас үстінде сондағы ел-жұртқа 

Жақия    «ағайындар,  нағашымды  ақ  жуып,  арулап  жерлегендеріңіз 

үшін рақмет! Үлкен мұсылманшылық істепсіздер, жақсылықтарыңыз 

алладан бірнеше есе боп қайтсын!» деп алғысын жеткізді, өздерімен 

ала келген сый-сияпаттарын үлестерді.

ауыл-аймақ  та  Жақияға  алғыстарын  жаудырып  жатыр. 

Үлкендердің  біреуі  «шырағым,  жиеннің  келіп  нағашысына  белгі 

қойғанын  бұрын-соңды  көрмеген  едік.  мұндай  да  жақсылықтың 

болатынын  бүгін  өзіңнен  көріп  отырмыз.  соған  қарағанда  артында 

өзіңдей жиені бар Әлімжан нағашың бақытты екен. нағашыңа істеген 

жақсылығың өзіңе, бала-шағаңа құдайдан қайтсын!» – деп батасын 

жаудырды.

51


ендігі бағыт – бәтіш апасының ауылы. Шағындау елді мекенге 

бұлар  күн  кештете  жетті.  адамның  жолы  боларда  кез-келген  істің 

түйіні шешіліп жүре беретіні бар ғой. бұл жолы да солай болды. екі 

кештің арасында бәтіш апасының ұлы мұхамеджанның үйін кімнен 

сұраймыз деп аз-кем дағдарып қалған. бірақ қалай болғанда да табу 

керек,  сұрау  керек  қой.  сөйткенше  болған  жоқ,  бұлардың  алдынан 

енді бой жете бастаған екі қыз шыға келді. «Шырақтарым, осында 

мұхамеджан  деген  кісінің  үйін  білесіңдер  ме?»  деп  жатыр.  қызық 

болғанда әлгі екі қыздың біреуі бұлар іздеп жүрген мұхамеджанның 

үлкен қызы базар болып шықпасы бар ма?! Жолы болды деген осы! 

базар да «ағайым!»-деп қуанған.

Шіркін,  қазақтың,  оның  ішінде  ауыл  қазағының  ықылас-

пейіліне жететін әлемде не бар екен, сірә! Жиен ағалары екі кештің 

арасы  ғой  деген  жоқ,  бұлардың  қарсылығына  да  қараған  жоқ.  ісек 

қойды алып ұрды. сосын түннің бір уағында үйеме табақ ет келді. 

ас ішіліп, дастарқан жиылған соң төсек салынды. Шынына келгенде 

төсек салынды деген аты, үй иелері де, қонақтар да бұл түні ұйықтаған 

жоқ.  бір  тұстан  басталған  әңгіме  екіншісінің  шетін  шығарып,  ол 

үшінші  әңгімеге  ұласып  жатты.  байқайды,  үлкен  де,  кіші  де  өзіне 

бір түрлі қызыға қарайтындай. Жақия ішінен «е, сіздер менің бүгінгі 

өмірімді  көріп  қызығып  отырсыздар  ғой,  ал,  кешегі  күнімді  көру 

былай тұрсын, естімей-ақ қойыңыздар» деді...

ағайын-туыстың арасында қуанышты өткізген аз күн осылайша 

зуылдап өте шықты. ең бастысы, өз қолы өз аузына жете бастағалы 

санаға салмақ салған «шіркін, қайран ата-анамның басын қарайтсам 

ғой,  балалық шағымның куәсі болған туған жерімді тіршілігімде бір 

рет көрсем ғой», – деген арманы орындалды.

келесі  күні  таң  алдында  Шымкенттен  келген  топ  жолға 

шығып кетті. «торқалы тойда бірге болайық, құдай енді арамызды 

ажыратпасын,  жиі-жиі  хабарласып  тұрайық»  деген  алғаусыз  көңіл 

ағайын артта қала берді...

52


Өмір ЖоЛым

бұл дүниеде ептейлі, 

көп күндер естен кетпейді.

Үзім нан тәтті, сонда да,

Жетімектерге жетпейді.

тек сауда, қысы-жазы ән

қызылтаудың бар базары.

секілді еді-ау ол бірақ,

Шығайбай тірлік қазаны.

көз көрмес ешбір тоқты – аш,

екен ғой, достар, «жоқ» ащы.

бүк түсіп бірде қалыппын

Жеймін деп күнжіт тоқашты.

базардың сырты албарды

іш бүріп жатып қалғанда,

кездескен маған қызырдай

ұмытпас жанды жалғанда-ай...

ізтілеу ата арбалы,

танып бір мені қалғаны.

Шығыпты елден, ырғыздан

орскі жаққа барғалы.

Үйіріліп орап қалмай жан

алып бір жүрмін шалғайдан.

Жақия Сәрсенов

53


дәу қара кісі, жылы сөз

айтары құлақ қалқайған.

бауыр жоқ оң мен солыңда

бірақ та қалқам қорынба.

апаң бар бәтіш дейтұғын

Әкеңмен туыс жолымда.

деді-ау қарт қағып арқамнан,

барамын десең, бар қамдан.

қазір-ақ сізбен, ататай

кетемін десем, таң қалған.

ататай, деймін қалдырма

күн ашық, көзім жаңбырда,

көрсеткен мені қызырға

мың алғыс айтам тағдырға.

Жоқ жұтып мынау аш құрсақ,

қарар ма жасқа қасқырша .

Желкілдеп өсіп келе жатқан

ұрғандай көкті тас бұршақ.

Жөнелді «шу» деп ат-арба,

дүрбелең көшті шашарға

ағарып алда жол жатты

сүйектей салған сахарға.

бұлыңғыр көкте бұрқырап,

бұлттар жүр таппай бір бұтақ.

Шиқылдап  арба мұң шағар,

буыны құрып сықырлап.

54


менің де әлім құрыған,

ішімде бөрі ұлыған.

Үмітпен ғана, қиялмен,

тойынып жүре  жылыған.

ойымды ерткен нелер жай,

оятты сулы кемер сай.

тас қайраң мөлдір жылғада

тасшабақ кілең өрер жай.

Үстінен түскен көп қойдың,

қасқырдай суға бет қойдым.

төрт-бесеуін сол жерде, 

тірідей ұстап жеп қойдым.   

еріп бір іште шабақтар,

ашылған сынды қабақтар.

қорқатын енді, еш жай жоқ,

түлкі құрсақта тамақ бар.

мөлдір су қош бол, қайырлы,

түсінген менің жайымды,

тас қайраңнан бір жетім

тамағын күндік айырды.

Жылғалы сай, салқын саз,

ұшқандай болды аққу-қаз.

басымнан сыйпар адам бар

апам бар, алда көңіл жаз.

қызыл қыш көше, қазарма,

қазарма, әлде базар ма?

ендік те, сонда кідірдік,

сусындап белді жазарға.

55


білетін сауап, обалды

қарттар-ай үміт оңалды.

сөйлесіп сонда бір үйге, 

ізекең атты доғарды.

Үлкендер сөзді қойма ғып, 

Өткенді кеткен ойға алып.

отырды кешке, біз сыртта

қосаяқ қуып ойнадық.

Жай түскен жайсыз шақ еді,

табарсың қайдан бапты енді.

ізтілеу ата арбадан

«Жамыл»  – деп түнде қап берді.

құрты бар жиырма шақтыдай,

қозғағам түнде қапты жай.

иесі ерте санады-ау,

Жеп едім бірін қап, құдай!

«бірісі кем бе, немене?» –

дейді қарт, енді сене ме?

«Жегем жоқ», – деймін, – тигем жоқ

көңілім әттеген-әй деді.

Шалшық су, балшық, Шошқа көл,

Шетімен тартқан пошта жол.

Жеткізді бізді бір тұсқа,

айқасқан сурет қолға қол.

«түсе ғой, – деді, – қарағым,

көрінген анау жылқы ауыл

56


кірбастың қызы – апам деп,

сұрасаң, анық табарың»

қазақы тұрмыс құмды ауыл, 

дейді екен шетін жылқы ауыл.

орскі орыс жерінде

Үркердей шағын бір қауым.

қайдан жүр дейді қиялым, 

бойымда қызық кұй-ағын,

көгілдір көздер дейтіндей, 

қаракөз жоқ-ау, зияның.

                          

                           * * *

тыл  жұмысы келді де, қосқа ендім,

Жас бұғанам, қатып әлі үлгермей.

№3 дала бригадасы,

майдан үшін тек қана адам санасы.

Жеті-сегіз, он үш, он төрт, он бес жас

осында екен барша ауыл баласы.

кіл шиборбай, шимақайлар ілмиген,

сабан шашты, шүңірек көздер кілмиген.

Өгіз мініп, пар ат жегіп жер айдап,

тырма тартар жалғыз әуен, бір күймен.

бөліп жармас, ешкімді де кең дала,

Өзекке нәр, аш-арыққа емхана.

кіл сары үрпек, арасында қоп-қоңыр,

«поганальшік» қазақ бала мен ғана.

57


ол  күндерім жүректе тұр емес пе,

айналған жоқ, айналмайды елеске.

махорка орап, сарғыш мұртын ширатып,

отыратын бригадир шал әлі есте.

балаларды аяушы еді анадай,

Өзінің де көңілі бір баладай.

«сынок, сынок, көзіңді ашшы» – дейтұғын.

құлай берсек, тұруға ерте жарамай.

бірімізді енді ояттым дегенде,

оянғаны құлар қайтып еденге.

Әлі құрып сілкілеумен ұлдарын,

отыратын қарап сосын көгенге.

түтін емес, жұтатындай шал жасын,

балалардың көріп тұрып қалжасын.

ұйқылы ояу жылынуға іздейміз,

пысылдаған шаруа өгіз арқасын.

торғай шырыл, таң азаннан дірдектеп, 

сабан айдап, масақ теріп жүрмеп пе ек.

ұшып кеткен көңілдегі қарлығаш,

қуаныштың қайда екенін білсек деп.

сонау алыс батыстағы жат елден,

«Жеңіс!» атты ұлы хабар әкелген

сол қарлығаш қанатымен су тасып,

Жүріпті ғой қан майданда от өрген.

омырауы орден, медаль жеңіске,

«Әке, – дедім – мұным, сірә, теріс пе?

 ер емес пе ол, ер емес пе – бабамдай,

қаймықпастан қарсы ұмтылған фашистке!» 

58


бәрімізге жақын еді ол қандай,

тек атының өзі пана болғандай.

сәуір мінез, кең пейілді тыныштық,

Өр кеудесі тау-далаға қорғандай.

Өртенді өлке, болды лезде тұмған көп,

Өміріндей кеткендердің құрбан боп.

Жеңіс – әке, балалықтың бал күнін,

қиын шаққа қайта оралдырған жоқ.

сонау жылдар соғыстың өз тосындай,

еске түссе бұзылады түсім жай.

Жеті жаста айдаған тұл біздерді

бейбіт күннің ашық абақтысындай.

сол абақтан алып шыққан ағалар,

қабырғасы қайыспаған  қар жаудырған қара нар.

секілденіп көрінеді шөкпейтін,

бұл істерді заманалар бағалар.

ащы тағдыр, шүмектетіп келмекті, 

Жылқы ауылда Жақия жүріп ер жетті.

осы арада, ол хат жазған маржан қыз,

осы жерде оған құрдас тентектер.

ақсары қыз гудронға кеткен күн, 

секілді бір көшкен алтын, өткен мұң,

тойға жетіп, беташарын маржанның

орта жолдан үзіп тастап, кеткенмін.

көңілдері төгіп өтер жаңбырдай,

қанапия, боранбай мен Жаңбырбай,

59


армысыңдар, аман ба сол күлім көз,

көрген адам қала алмайтын жаңғырмай.

Өтті-кетті балалық шақ десек те,

мына мені ортаңда деп есепте.

туған жердің, өскен жердің түтінін,

сағындырар, бағынбай еш есепке.

отыз бір жыл мекен болған оңтүстік,

кешір мені, құшақ жайып қол қыстық

егде тартқан сайын мені ойлантар,

кіндік кесіп, кір жуған жер  көзге ыстық.

қанда жүрек, қасиет күш ол қандай,

қалардаймын, басты әуенім жырланбай.

бабалардың аманаты, дәстүрі,

азаматтық ісі күтіп тұрғандай.

бұқарбайдан, Жалғасбайдан, есеннен,

ұл бала боп қалған жалғыз шешемнен 

мен-ақ едім, абдоллаға мың шүкір,

оңтүстікте өсіп-өндік десем мен. 

бір шабадан, жалғыз ғана шинельмен,

түсіп едім, мен Шымкенттен, сен елден,

келген сынды, әзіз жанды ағаны, 

сағалаумен, құрметке ен бөленген.

ермекбаев деген есім маған да,

Жақын болды әке дейін, ағам да.

Жетім жүрек лүпілдеді кездесіп,

оңтүстіктің бір лебіндейін самалға.

60


мен шөлдеп ем мейірімге, шуаққа,

болды ағамыз дертке қамқор, қуат та.

Жанға қуат іздеп жүріп кез болдым.

тынық бастау, көлге таңғы уақта.

Әсем екен оңтүстіктің жері де,

есік алды көген қозы, жері де.

көктем келіп, ерте түсіп бұл жаққа,

бал өрігі сыбырлайды серіге.

Жазы ыстық, қысы жылы құшақтай

қалам қалай, дос пейіліне ұқсатпай?

ыстық мұнда қара көздер жанары,

Әдемі бір, әдемі бір, ысаптай,

хиуалы, миуалы базары,

оттан түспес сахы тірлік қазаны

хан атлас киген сұлу жеңгейлер

қалтаңызды қағып қалар, азары.

алған жары жақсы болсын жігіттің,

деген бар ғой, қарап сонда күліп күн.

қазалыда даража апам сый тартты

ұстатты да алтын бауын кілттің.

отау аштық, бақыт кілті – изада,

сене алғам жоқ, мына ғажайып сыйға аса

Жүр екен ғой қарындасын жездемнің,

бек ұнаттым деп ініммен үй болса.

былайша келін болған құдашам

екеумізді тағдыр талай сынаған.

сыйлайтыны дос көңілді, дәстүрді,

бауырмалдық қасиеті ұнаған.

61


қалың қарда, жалғыз жаяу омбылап,

қарыс жерге он сүрініп, он құлап.

Шынжыр табан жүре алмаған боранда,

туыс үшін барған алыс ол, жылап.

барған алыс нағашымның ауылына,

дүниеден қайтқан ене, бауырына.

рух үшін орыс күнін тым қатты

қысын жеңіп десем, сөзім даулы ма?

тым асырып мақтамаған зайыбын,

қазекеңнің бірімін ғой, айыбым.

Жұмсақ мінез, жеңсе ашулы аязды,

келін бала ізетімен қайырым.

дәстүрінен жаңылмаған қайда да,

нәзік бала емес екен, жәй бала.

басын тіккен ата-баба жолына,

келіндермен жарық қой бұл айнала. 

келініне енесінен дари ма,

изада да аумаған сол Зағипа.

деуші еді апам үш ұл, екі қыз өсірдік;

Жанболат, қасым, гүлжан, марат, динара.  

қайтем жұртым, әңгіме етпей отбасын, 

отан оттан бастау алып жатқасын.          

ендігі жол жеңіс тартқан жолдар ғой, 

осыменен қызыл тілім тоқтасын.   

                               

1987 жыл. Алматы қаласы

62


атыҢ барда Жер таны, ЖеЛіп ЖҮріп

Жақия    зейнеткерлікке  1994  жылдың  қазан  айында  шықты. 

Үлкен  бейнетке,  қуанышы  мен  реніші  қатар  жүретін  ат  үстіндегі 

күндерге осылай нүкте қойылды.

Жақия зейнеткерлікке шыққанда бала-шаға түгел оқу бітіріп, 

бәрі қызметте жүрген кездері. ең қуанарлығы, ұл да, қыз да жақсы 

тәрбие  көрді,  ақылды  болып  өсті.  тәрбие  көргендіктерінен  ғой 

«папа, зейнеткерлікке бұлайша үн-түнсіз шығып кеткен жараспайды. 

ат  үстінде  жүріп  өзіңіз  қанша  адамның  қолынан  дәм  таттыңыз, 

соларға біз де өз ықылас-пейілімізді көрсетіп, ниетімізді танытайық, 

дастарқан  жаяйық»  деп  «Шымкент»  мейрамханасында  дүрілдетіп, 

үлкен той жасады. асқар таудай болған әкелеріне «мерседес» жеңіл 

автокөлігін сыйға тартты. ал, ол кезде «мерседес» екінің бірінде жоқ 

еді.


Жұрттың  біразының  көңіл-күйін  зейнеткерлікке  шығар 

алдында  бір  уайым  торлайтыны  жасырын  емес.  Әсіресе,  саналы 

ғұмырын  аттың  жалында  өткізген  адамдарға  сын.  енді  оларды  да 

түсінуге болады. қанша жыл көрген қолдау-қошемет бір-ақ күнде сап 

тиылғандай болады.  ізін басқан балалары әке даңқын жалғастырып 

әкетсе  жақсы,  олай  болмаса  ше?  сіз  жақсысыз,  сіз  кереметсізге 

үйренген адам жаңа өмірге үйрене ала ма, жаңа жағдайға бейімделе 

ала ма? 


бір  қызығы,  Жақия  сол  кезде  кейбіреулердей  зейнеткерлікке 

шықтым деп торыққан да жоқ, көңілін уайым басқан да жоқ. қайта 

үлкен  қуаныштың  құшағында  жүрді.  ағамыздың  төбесін  көкке 

жеткізген кіші ұлы мараттың әңгімесі еді.

63


Жақия Бұхарбайұлының алпысқа толған мерейтойында.

Мадина апа, Тойбазар аға, Ерқуат, Қожабай, Өтеген, Асылбек құда.

Шымкент қаласы. 1994 жыл

Зейнеткерлікке  шығарының  алдында  ғой,  отбасының  бәрі 

кешкі  асқа  жиналған.  балаларының  қас-қабағына  қарап,  әркімнің 

ішінде жатқан әлемін жазбай танитын. осы жолы бар назары маратқа 

ауған.  бір-екі  күннен  бері  кіші  ұлының  өзіне  бір  нәрсені  айтқысы 

келіп, сөз таппай жүргенін сезеді. не айтпақ ойы барын тап басып 

тани алмағанмен, «балам, не айтқың келді» деп әдейі өзі де сұрамаған. 

«біздің маратжан ойын ашық айта ала ма екен, айта алмай ма екен?» 

деп сынамаққа бел буған.

Әділін айту керек, марат батылдық танытты. ойын бүкпесіз 

жеткізді.  алыстан  орағытып  та  әуре  болған  жоқ,  «папа,  қалай 

қарайсыз, үйленсем қайтеді» деп тоқетерін бір-ақ айтты.

мұндай тосын әңгімеге Жақия  дағдарып қалған... дегенмен, 

көпті көрген Жақия емес пе, «балам, мақұл, сенің үйленем дегеніңе 

қарсылығым  жоқ,  алайда,  алдыңда  ағаң  Жамболат  бар,  алдымен 

ағаңмен сөйлес, ақылдас. екеуің ақылдаспай іс қылушы болмаңдар», 

– деді. 

сонымен,  сәрсеннің  бұқарбайынан  тараған  әулет  сол  1994 

жылдың 15 қазанында мараттың болашақ жары Шолпанның үйіне 

құда түсіп барды.

64


Әңгіме  алған-бергенде  емес,  мәселенің  үлкені  мың  жыл 

сыйласар  құдаңның  өзіңмен  деңгейлес  болғанында.  Әрине,  бұл 

жерде байлық туралы сөз қозғалып отырған жоқ. айтып отырғанның 

бәрі  рухани  деңгейдің  төңірегіндегі  әңгіме.  бұл  тұрғыдан  алғанда 

Жақия  мен  изаданың  жолы  болды.  болашақ  құдалары,  оңласбек 

облыстық  ауруханада    бөлім  меңгерушісі  екен.  құлакеев  медицина 

ғылымының  кандидаты.  гүлшат  құдағиы  жас  ұрпақ  тәрбиесімен 

айналысып отырған ұстаз болып шықты. Шолпан осы үйдің ырым-

алды тұңғышы екен. артында екі сіңлісі, бір інісі бар.

құда да, құдағи да зиялы адамдар. аз сөйлеп, көп тыңдайды. 

ең бастысы, адамға деген мейірім-шапағаттарын көздерінен танисың. 

демек, айналасына жан жылуын шашып жүреді деген сөз. ал, мұндай 

адамдар тәрбиелеген ұрпақ жаман болмауы тиіс.

Жақия  мен  изадаға  да  алғаш  келген  ой  осы  болды.  сөйтіп, 

Шолпанға  құда  түсіп,  құда-құдағиды  Жақияның  алдағы  болатын 

мерейтойына шақырды. мерейтой 28 қазанда өтетін еді, ал, мараттың 

тойы 26 қарашаға белгіленді.

Гүлшат құдағиымен.

Аралтөбе. 1995 жыл

65


* * *

мерейтойды өткізіп, артынша келін түсіріп, той жасаған  Жақия  

көңілін осылайша бір демдеп еді. Шаруамен айналыспаса ішкен асы 

бойына тарамайтын Жақия «зейнеткерлікке шықтым, болды енді», – 

деп үйден шықпай қалған жоқ. «мына заман не болып кетті өзі?», – 

деп  уақытты кінәлай сөйлейтін кейбіреулердей емес, жасы алпыстан 

асқанда...  жаңа  бизнес  бастады.  осы  тірлігі  еске  түскенде  жасына 

жетпей қартайып жүрген кейбір замандастарды  мүсіркейсің.

ал, алпыстан асқан Жақия сәрсенов халыққа қажетті тауарлар 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал