Книга посвящена памяти Жакии Сарсенова нашего



жүктеу 2.32 Mb.

бет3/18
Дата09.01.2017
өлшемі2.32 Mb.
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

таныстырсақ деп отырмыз. Жақсы жердің қызы, дұрыс сөзге тоқтап, 

сол қызды аласың», – депті.

сағынышты  сәлем  хаттың  соңы  үкімге  айналып  кеткендей. 

Үкім болғанда да, өз көңілінен шығатын тәтті үкім. кейін білді, әріп 

танымайтын апасы бұл хатты Жеткергенге жазғызыпты. Жеткерген 

–  изаданың  жалғыз  інісі.  Өйткені,  ол  кезде  Жеткерген  мектепке 

нағашысы  Жантөренің  үйінен  қатынап  оқитын.  Үйде  хат  танитын 

бала барда даража апа көшедегі біреуге жалынып хат жазғыза ма?! 

бұрынғының  адамдарының  кәдімгі  аңғалдығы,  тазалығы  ерекше. 

сол тазалығы болмаса, хатты қыздың туған інісіне жазғыза ма?! осы 

оқиға есіне түссе, Жақия аға еріксіз қайран қалатын.

Жақияны  да  жалғыз  даража  апасының  үйі  күткен  жоқ, 

айналасындағы  көрші-қолаң  бірінен  соң  бірі  шақырып,  қонақасы 

берді. Жантөре жездесінің шешесі қатира әже де осы үйде екен. «бұл 

кім, бөтен бала ғой», – деген жоқ, аналық үлкен жүрекпен ол кісі де 

еміреніп жатыр.

31


изадалардың  үйі  ол  кезде  ошағанды  деген  жерде  тұратын. 

изада мектепке ошағандыдан қазалыға жаяу қатынап оқитын.

даража  апасының  үйінде,  біраз  аунап-қунаған  соң  алыс-

жақындағы ағайындарға сәлемдесіп қайту үшін, Жақия ошағандыны 

бетке  алды.  сол  ошағандыға  кетіп  бара  жатып,  кішкентай  қыз 

изаданы жолда алғаш рет көзі шалып қалып еді. оның изада екенін 

қасындағы  серігі  арқылы  білген.  содан  баратын  үйіне  жеткенше 

әлсін-әлсін артына бұрылып қарай бергені есте...

* * *

қазалыдағы қимас күндер де зулап өте шықты. «Әрекет етіп 



жұмысқа тұру керек», – дегенді абдолла ағасы нықтаңқырай айтқан. 

сол сөз қамшы болды да, Жақия көктемнің жаймашуақ күндерінің 

бірінде Шымкентке қайта оралды.

келген соң араға көп уақыт салмай, ретін тауып ермекбаевқа 

кірді. ол кісі жәй ректор емес еді, шын мәніндегі үлкен тұлға болатын.

Жақия мен Изада ортада Гүлмарам.

Қазалы қаласы. 1957 жыл, қазан айы

32


байұзақ  ағасы  мұны  ұзақ  тыңдады,  мұқият  тыңдады.  сөзді 

көп  бөлмейтін  кісі  екен.  бұл  сөйлеп  отырғанда  ол  мұның  жүдеу 

өңіне білдіртпей көз жүгіртіп отырыпты. Жақия әңгімесін аяқтаған 

соң  ағасы  кесімді  сөзді  бір-ақ  айтты.  «осы  Шымкентте  қоғамдық 

тамақтандыру тресінің директоры ерғалиев деген жақсы жігіт бар. 

ертең менің атымнан сол жігітке бар, ескертіп қоямын».

ермекбаевтың  алдынан  қуанып  шықты.  ол  кісі  жәйдан-жай 

ешкімді де мақтамайтын болуы керек, ерғалиев расында да азамат 

болып шықты. азаматтығы сол да, екі сөзге келген жоқ, мұны бірден 

қызметке  қабылдады.  нақтырақ  айтқанда,  полторацкий  көшесінде 

студенттердің  №1  асханасы  болатын,  Жақия  сонда  есепші  болып 

қызметке қабылданды. «Жақсыдан – шарапат» деген осы.

бұл  –  азаматтың  үлкен  мақсат  жолындағы  алғашқы  қадамы-

тын.  Жақсы  күндердің,  тамаша  сәттердің  басы.  сол  бір  бақытты 

күндер жадында жатталып қалып еді. Жатын жерден де тарыққан жоқ, 

абдолла ағасының үйі бұл үшін шын мәнінде, тура мағынасында-ақ 

жайлау болды.

Жаңылыспаса, 1957 жылдың қазан айы болатын. қазалыдағы 

даража  апасы    бір  кісіден  хабар  айтып  жіберіпті:  «Шаруаларын 

реттесін де шұғыл келіп кетсін, маңызды әңгіме бар», – депті апасы. 

«тыныштық  па  екен»,  –  деп  алып-ұшып  қазалыға  жетсін.  сөйтсе, 

жарықтық апасы Жеткерген арқылы хат жіберіп, изаданы да алдырып 

отыр екен. мақсаты – жиен қайынсіңлісі мен інісін таныстыру, реті 

келіп жатса жақсы мен жақсыны табыстыру.

осылайша, изада мен Жақияны бірінші рет даража апаларының 

үйінде көреді. денесі шағындау келген қара баланың жанарында  мұң  

ақыл тұнғандай көрінгені әлі есте. бұл – изаданың 16-17-лерге келген 

кезі.


таныстық  сыйластыққа,  бір-біріне  деген    құрметке  ұласты. 

даража  апасының  қызы  кішкентай  күлмарамды  ертіп,  қазалыдағы 

саябақты  серуендегенде  Жақия    өзінің  салмақты  мінездің,  ойдың 

адамы екендігін танытты. Әңгімесін әдемі айтып, әсерлі жеткізеді. аз 

әңгіменің өзінде-ақ өзінің талайлы тағдырынан хабар беріп үлгерді.

қоштасарда  көкейіндегі  ойын  да  салиқалы  жеткізгені  есте. 

қысқасы, екі жас келер жылға шаңырақ көтеруге сөз байласты...

33


* * *

сол жылы изада жетінші сыныптың екі тоқсанын қазалыда, 

қалған бөлігін аралда бітірген еді. келер жылы, яғни 1958 жылдың 

2  тамызында  Жақия  қасына  абдолла  ағасының  үйіндегі  жеңгесі 

мамықты  және  көңілі  жақын  жолдасы,  түбі  атыраулық  арон  атты 

жігітті ертіп, қазалыға келді де изаданы өзімен  алып кетті.

* * *

Жас жұбайларды Шымкентте ермекбаевтың қызы Лариса күтіп 



алып,  нестерев  көшесі,  №18  үйдегі  абдолла  ағасының  үйіне  ертіп 

әкелген. ол кезде бүгінгідей аста-төк заман жоқ. абдолла ағамыздың 

анасы – Забира әже келіннің алдынан шашуға дәу-дәу шақпақ қант 

шашқан. көненің асылдары жоққа жасымайтын, ұсақ-түйектерге мән 



Шымкентке келген кездері.

1958жыл, қазан айы

34


бермейтін, кісі сыртынан ғайбат сөз айтып, өсек-аяңға жуымайтын. 

аз ағайын риясыз көңілмен қуанып жатты. ең керегі де осы еді.

кейін бақ көтеріп, Жақия мен изада да талай-талай салтанатты 

тойлардың төрінде отырды. алайда, қандай той болсын, екеуі үшін 

бірде-біреуі  сол  нестерев  көшесіндегі  №18  үйде  өткен  арқа-жарқа 

қуанышқа жетпейді.

отбасылық  өмір  осылай  басталды.  алғашқыда  абдолла 

ағаларының үйінде сол жылдың желтоқсан айына дейін тұрды. сосын 

бір өзбектің үйін жалдап, оңаша пәтерге шығып кетті.

бас екеу болмай, мал екеу болмайтыны рас екен, үйленгеннен 

кейін-ақ  Жақияның  шаруасы дөңгелеп жүре берді. көп кешікпей №5 

асханаға  бас  есепші  болып  ауысты.  ал,  изада    тігіншілер  курсына 

оқуға қабылданды.

                                               * * *



Ердің көңілін жар ашар,

Әтірмен етін жуынып,

Термемен белін буынып,

Тотыдай белін таранған.

Осылардың өзінде,

Орны бөлек ойласаң,

Әлдилеп сүйген балаңнан.

  

 

 

 

 









Базар Жырау

кеше ғана келін боп түскен қаршадай қыз изаданың қадамы да, 

жалға алған өзбектің үйі де құтты болып шықты. ер азаматтың бағы 

алған жарына тікелей қатысты.  Жақия  да «жеңгелеріңмен бас қосқан 

сәттен бастап берекем артып, жолым ашылды», –  деп отырушы еді.

қысқа  мезгілдің  ішінде-ақ  жас  отбасының  дастарқаны 

ұлғайып, ыдысы майланып жүре берді. тумысынан тұйық көрінетін 

Жақия  көпшіл  болып  шықты.  қонақ  сыйлағанды  ұнататын.  реті 

түссе,  жолдастарын  ертіп,  үй  көрсетуді  қош  көретін.  дастарқанға 

35


барын  жайып,  жомарттығымен  азаматтардың  батасын  алып  жүрді. 

Жұбайының абырой-мерейі үшін, келген қонақтың риза болуы  үшін 

изада  аянбай  тер  төкті.  азды-көп  таныстарға    олардың  шағын  үйі 

жұмақтың төрінен де ыстық еді... «келіннің дастарқаны кең» дегенді 

үлкендердің  көпшілігі-ақ  айтып  жүріпті.  олар  өмір  бойы  елдің 

алғысын алды.

сол  кішкентай  қоржын  тамға  кімдер  қонақ  болып  келмеді 

дейсіз?!  көпшілігі  кейін  есімдері  елге  танымал,  қадірлі  азаматтар 

атанды. бұл үйге ең бірінші келген қонақ Шәріп серікбаев еді. Өзі 

бойдақ, өзі математик, жігіттің төресі. сол кезде Шымкент педагогика 

институтында  оқытушы  болып  істейтін.  ал,  ол  кезде  жоғары  оқу 

орнында мұғалім болу дегеніңіз үлкен дәреже ғана емес, атақ-абырой 

болатын...

ал  енді «өзбектің де үйі берекелі болып шықты» дейтініміз, 

Жақия мен изаданың ырым алды тұңғышы – қасымхан осы пәтерде  

дүниеге келді. изада  перзентханада жатқанда артынан абдолла аға 

мен  мамық  апаның  өздерін  іздеп  келгені  есте.  «келін,  ренжімесең 

бұл бала біздің бала болсын, атын қасымхан қойыңдар», – деп еді 

абдолла аға.

Жаңа-Жылда.

Шымкент қаласы. 1959 жыл

36


іні де, келін де сыйлы ағаның сөзін жерге тастамады, өмірге 

жаңа келген жас нәресте қасымхан атты құрметті есімге ие болды.

сәби    қасымхан  өзімен  бірге  ырыс-несібе  ала  келді.  сол 

алпысыншы  жылдың  мамырында  абдолла  ағалары  тұрып  жатқан 

нестерев  көшесіндегі  №41  үй  аяқ  астынан  сатылатын  бола  қалды. 

Әлгі  үйге  Жақияның  көңілі  ауды!  көпқабатты  үйлердей  емес, 

есігінің  алдында  өздеріне  лайық  бау-шарбағы  бар.  ең  бастысы, 

абдолла ағасының үйі де тиіп тұр, алыс-жақыннан ағайын іздеп әуре 

болмайсың.  бағасы  да  мұсылманшылыққа  жақын.  Үй  иесі  «болар 

жерім, тоқтар жерім 5 мың сом» депті.

Әрине, күні кеше үйленген Жақияда бес мың сом жоқ. алайда, 

ішіп-жемнен артылдырып, тірнектеп жиып жүрген аз-маз ақшасы бар. 

бақ та, дәулет те баспаналы ерге бітеді. демек, әйтеуір ретін тауып 

осы үйді алып қалу керек. қалған мәселе сосын-ақ шешіле береді.

осы ойға әбден бекінген Жақия қалай болғанда да үйді алып 

қалуға  бел  байлады.  Жинап  жүрген  ақшасының  жетпеген  жеріне 

изаданың артынан келген тігін машинасын сатты. ол жетпеген жерге 

үйдегі  киіз,  алашаларды  сатып,  ақшасын  қосты.  қалғанын  қарыз 

алды.  кешегі жетім бала бүгін басында баспанасы, сүйіп алған жары, 

сүйкімді сәбиі бар азаматқа айналды. 



Бөле інісі Өтегенмен бірге. (солдан оңға қарай: Өтеген, Изада,

Жақия, Жамболат). Шымкент қаласы. 1962 жыл

37


Санкт-Петербург қаласы. 1962 жыл

Ленинградта оқып жүрген әкесіне Жамболат пен Изада

жіберген суреттер. Шымкент қаласы. 1962 жыл, қараша айы

ең  бастысы,  өз  отауы  бар.  елден  біреу-міреулер  келіп 

жатса, мұның бүгінгі өз қолы өз аузына жете бастаған күйін көрер. 

көрген  жұрт,  елге  «бұқарбай  марқұмның  баласы  азамат  болыпты. 

дастарханынан дәм татып, өніп-өскенін көрдік», –  деп мақтан тұтып 

барар. осының өзі неге тұрады?!

38


бұл  уақытта  Жақияда  жолдас-жора  да  көбейе  бастады. 

байқайды,  біраз  жігіттер  мұнымен  жақындасқысы  келеді, 

қатарларына  тартып,    араласып-құраласқысы  келеді.  сырткөзге 

тұйық  көрінгенімен,  жаратылысынан  көпшіл  Жақия  да  ел-жұртпен 

араласқанды жақсы көретін. бір күні бұлар мейман шақырса, келесі 

күні өздері қонаққа барады.

осындай  күндердің бірінде, нақтырақ айтсақ, 1961 жылдың 

наурыз айында изада екеуін Шаянда тұратын орынбасар деген кісі 

қонаққа шақырған. бұлар екі сөзге келген жоқ, жасынан асыңқырап 

қалған қасымханды емшектен шығарып, абдолла ағаларының үйіне 

қалдырып  кеткен.  бір  күн  қонып  қайтып  келсе,  абдолла  аға  мен 

мамық жеңгей қасымханға әбден бауыр басып қалыпты, қолдарынан 

шығарғысы жоқ.

ақыры,  кешкі  астың  үстінде  үлкендер  көкейіндегілерін 

ақтарып  салды.  Әріден  орағытып  айтқан  әңгіменің  тоқетер  түйіні 

олар кішкентай қасымханды бауырларына басқысы келеді екен.

алғашында, Жақия кәдімгідей ренжіген.

Жақияұлы Жанболат.

Шымкент қаласы. 1962 жыл

39


сол  бір  күндері  Жақияны  райынан  қайтарған  басқа  емес, 

изада еді. кәдімгі қазақ әйеліне тән даналық, ақыл-парасат, ашуды 

ақылға жеңдіру, сезімнің емес ойдың жетегіне еру қиын-қыстау сәтте 

тығырықтан  шығар  жолды  дәл  көрсетіп  бергендей.  Үлкендерді  де 

ренжітпей, ерінің де көңіліне қаяу түсірмей шешуші сөзді өзі айтып 

еді.


–  сіз жаман болсаңыз қасыңызға жан жуыр ма еді?! ал, бала – 

дәнекер. ертең екі әулеттің арасын осы қасымхан жалғайтын болады. 

демек,  тұла  бойы  тұңғышымыздың  келешегі  жаман  болмайды. 

оған  екі  әулет  бірдей  тілеулес  болып  отырады.  кең  болсаңыз, 

кем  болмайсыз.  ал,  қазір  баланы  бермеймін  десеңіз  үлкен  кісілер 

ренжиді. Үлкен кісілерді, әруақты кісілерді ренжітіп екеуіміз қайда 

бармақпыз? құдай берерінен танбасын, ар жағын өзіңіз ойланарсыз.

турасына  келгенде  осынау  әңгімелерден  кейін  Жақияға 

ойланатын  түк  те  қалмап  еді.  тек  дұрыс  сөзге  тоқтай  білу  керек. 

Өзіңді өзің жеңе білуің керек. мұндай ерлік сол бір сәтте Жақияның 

бойынан табыла білді.

қуанышы мен реніші, шаттығы мен мұңы араласып, күн артынан 

күн өтіп жатты. бір күн бір күнге ұқсамайды. сөйтіп жүргенде 1961 

жылы  қарашада  екінші  ұл  Жанболат  өмірге  келді.  оның  қуанышы 

өз алдына бір тарих. алайда,  айтайын дегеніміз ол емес, айтайын 

дегеніміз  сол  бір  күндердегі  изаданың  көрегендігі,  азаматтардың 

арасын  суыстырмай,  ел  мен  елдің  арасын  жақындастыра  білген 

даналық шешімі. сол қасымханның тегі  әлі күнге дейін Жұмашев. 

абдолла  1964 жылы науқастанып, қайтыс болды. ал, мамық  2006 

жылы 92 жасында дүниеден өтті. анасын қасымханның өзі жерледі. 

ақ жуып, арулап, барлық жөн-жоралғысын атқарып, ақтық сапарына 

өзі шығарып салды. осындайда сол алпысыншы жылдары Жақия мен 

изада қасымханды абдолла ағаларына бермегенде не болар еді деген 

ой келеді. ойлаудың өзі ауыр, есіл ер ұрпақсыз өтер еді. ол кісінің 

артында қалған мамық  немере дейтін шіркіннің тәттілігін сезінбес 

еді. сәбидің қылығына, иісіне  балқитын шақ бұйырмас еді. бұқарбай 

атаның шаңырағы бүгінде өсіп-өнген мәуелі бәйтерекке айнала білсе, 

оның астарында талай сыр бар. сол сырдың бірі – изаданың сонау 

40


Абдолла аға, Мамық апа, Қасымхан.

Шымкент қаласы. 1964 жыл

күндердегі батыл да ақылды әрекеті болса керек.

бір  елдің  тарихы  былай  тұрсын,  бір  әулеттің,  бір  адамның 

өзінің тарихы  түсінер жанға тұнған сыр... мәселен, Жақияның әкесі 

бұқарбайдың басын құраған  абдолла ағамыздың әкесі Жұмаш қария 

емес пе еді?! одан Жақияның әпкесі даражаны да өз бауырына басты. 

Жұмаш қарияны кәмпескеден құтқарған бұқарбай ер болатын. бірақ 

бір әулеттің абызына айналған қарияны кәмпескеден құтқарғанмен, 

репрессия атты тажалдан құтқара алмапты. Жұмаш ақсақал отызыншы 

жылдары қудалауға ұшырап, атылып кетті.

41


Жұмаштың  әулеті  мен  бұқарбайдың  әулетінің  тарихына 

байыптап қарасаңыз, олар жарық дүниеге келген сәттен бастап, осы 

уақытқа дейін бір-бірінің үзіген жерін жалғап келгеніне куә боласыз. 

Үзілгенді  алдымен  бұқарбай  жалғаса,  кейінгі  кезек  даража  апаға 

бұйырыпты.  ал,  қасымханыңыз  үшінші  буын.  қалай  болғанда  да, 

осы әулет Жұмаш атаның атын өшірмей келеді.   

Жұмаш  қарияның  артында  қалған  жалғыз  ұл  абдолла  1964 

жылы елге, қарабұтаққа, ондағы аралтөбеге барып, әкесінің басына 

тас  қойды.  ол  белгі  аралтөбеде  әлі  тұр.  ал,  өмірдің  үлкен  сыйы, 

ескерткіші – Жұмаш есімінің өшпегендігі, қасымханның Жұмашев 

болып жүргендігін жоғарыда айттық.

қазақ әйелдерін әулие емес деп көріңізші!



Жақия мен Изада қызы Гүлжанмен.

Шымкент қаласы. 1969 жыл

42


армысыҢ, араЛтӨбем, ата Жұртым...

                                                                           



Ей туған жер,

кіндік қаным жуған жер,

Дізе түріп, дүзде қаңбақ

қуған жер,

Тұңғыш менің тұсауымды

кескен жер,

Тәй-тәй басып өмірде алғаш

тұрған жер!                                 

                                                 

     









Қуандық Шаңғытбаев

кешегі  үлкендердің  аузынан  «әркімнің  туған  жері  –  мекке» 

дегенді жиі еститінбіз. осылайша туған топырақтың қадір-қасиетін 

ол кісілер бір-ақ ауыз сөзбен түйіндейтін.

Жақияның  туған  жерден  кіндігінің  қалай  үзілгенін  оқырман 

қауым жақсы біледі. төрт-бес жастағы бала нағашыларының қолында 

болды, тағдыр тәлкегімен қай жердің нанын жемеді десеңізші. бүгінде 

43


Ата-анаға арнап ескерткіш қою кезінде.(Бірінші барған сапар).

Қызыл Жұлдыз елді мекені (қазіргі Аралтөбе). 1987 жыл.Маусым айы

ол  ауыртпалықтың  бәрі  де  артта  қалды.  Шүкір,  ішкені  –  алдында, 

ішпегені – артында. алайда, жанына бір нәрсе жетпейді де тұрады...

Жанын  жегідей  жеген  ойды  жасы  ұлғая  келе  түсінгендей 

болды. туған жер деген қасиетті ұғымға келгенде адамның ішкі жан 

дүниесін кейде өзіне де беймәлім керемет сезім кернейді. Жасы үш 

мүшелден  өтіп,  төртінші  мүшелге  таянғанда  Жақияға  әке-шешенің 

жатқан  жерін  тауып,  басын  қарайту  керек  деген  пезенттік  парызы 

жанына тыныштық бермеді. «Жаратқан ием осынау тілегімді қабыл 

қылар ма екен?» деген ой мазалады.

ақыры, құдай тілегін қабыл алды. сапардың сәті 1987 жылы 

түсті.  бұл  кезде  жасы  елуді  еңсеріп-ақ  қалған.  көктемнің  аяғы, 

жаздың  басындағы  мамыражай  күндердің  бірінде  қасына  изаданы, 

ұлдары  қасымхан  мен  маратты,  Өміртай,  сайфулла  атты  туыс 

інілерін  ертіп,  екі  жеңіл  автокөлікпен  Шымкенттен  қарабұтақтағы 

аралтөбеге тартып кетті. ата-анасына арнайы жасатылған құлпытас 

та машинаға артылды. даража апасы мен мамық жеңгесі арттарынан 

44


поезбен шықты. Жанболат ол кезде киевте, оқуда еді.  ата-әжесінің 

әруағына бас ию үшін Жанболатта келді.

Жер шалғай демекші, Шымкентіңіз бен аралтөбенің арасы тура 

2000 шақырым екен. ол кезде қазіргідей жұмсақ шетелдік автокөліктер 

жоқ,  жаңа  Жигулидің  өзі  әрі  кетсе  500  шақырымнан  артық  жерге 

шыдатпайды.  алайда,  жолдың  қиындығы  үлкен  мақсатпен  шыққан 

жандарға ешқандай да бөгет бола алған жоқ, кедергі келтіре алмады.

бұлар  ағайын-туысқа  амандасып  шығу  үшін  жолай  аралға 

тоқтады. алғашқы түскен үй – мырзатай ағаның үйі болды. мырзатай 

– абдолланың жақын інілерінің бірі.

сапардың мәнін түсінген мырзатай Жақия інісіне қатты риза 

болды.  алыстан  келген  қонақтардың  құрметіне  ісек  қой  сойылып, 

қонақасыға  изаданың  немере  ағасы  қожабай,  басқа  да  туыстар 

шақырылып,  аз  ғана  ағайын  мәре-сәре  болды.  Әке-шешенің  рухын 

риза  ету    үшін  араға  тура  жарты  ғасыр  уақыт  салып,  туған  жерге 

Ертілес ата, Мамық апа, Ақзада апа, Марат, Даража апа, Өміртай,

Сейфулла, Изада, Жақия Бұхарбайұлы.

Қызыл Жұлдыз елді мекені (қазіргі Аралтөбе). 1987 жыл.Маусым айы

45


бет түзеген Жақияға үлкен-кішінің бәрі риза болды. бір күн қонып, 

ертесіне  қарабұтақты  бетке  алып,  қайта  жолға  шыққан  бұларды 

ақсақалдар батасын беріп, шығарып салды.

аралдан шығып, 1000 шақырым жол жүріп, қарабұтағыңызға 

да жетті. алғашқы іздеп тауып алған үйі ақзада әпкесінің үйі. баяғы 

Жалғасбай  атасының  жалғыз  қызы  –  ақзада.  ақзада  апасының 

да  айтжан  деген  жалғыз  ұлы  бар  еді.  сол  жалғыздан  өсіп-өніпті. 

айтжанның да құдай берген оншақты перзенті бар екен.

ойламаған жерден келген бауырларына қатты қуанған ақзада 

апасында  ес  жоқ.  Жылайды  да  сөйлейді,  сөйлейді  де  жылайды. 

немерелес  інісінің  тағдырдың  талай  дүлей  толқындарынан  аман 

шыққанын біледі. тіпті Шымкентте тұратынын, бүгінде елдің алды 

болғанынан да хабардар, ұзынқұлақтан естіген. Жарықтық, осындай 

бауырым бар еді, аман жүрсінші, абыройлы жүрсінші деп дұғасынан 

бір  тастамайды.  міне,  бүгін  өзімен  жолығып  отыр.  қайта-қайта 

«бүгін өліп кетсем арманым жоқ», – деп қояды.



Марат, Өміртай, Мамық апа, Даража апа, Жақия Бұхарбайұлы,

Изада, Жамболат, Сейфулла. Ата-анаға арнаған ескерткiш жанында

қайтар кезде түскен сурет. Қызыл Жұлдыз елді мекені (қазіргі

Аралтөбе). 1987 жыл. Маусым айында

46


Жалпы адамның жолы болар кезде құдай бәрін өзі үйлестіреді. 

бұлардың сапарының сырын естіген апасы мен жиені «жолдарыңыз 

болады  екен»  дегенді  қосарлана  айтты.  сөйтсе,  бұлар  баратын 

«аралтөбе»  кеңшарының  директоры  ерсайын  атты  азамат  күйеу 

бала  болып  шықты.  ерсайынның  қосағы  сәуле  Жақияның  рулас 

қарындасы.  Шымкент  педагогика  институтының  тарих  факультетін 

абдолла ағаларының үйінде жатып бітірген. мұны біреулер әлбетте, 

сәйкестік дейді, ал, Жақия мұның сырын басқаша ұққан. «игі мақсат 

үшін жолға шыққаннан кейін бәрінің ретін алланың өзі келтіріп тұр» 

деп ойлады.

ертесіне  аралтөбеге  жеткен  соң,  ерсайынның  алдына 

Жақияның  өзі  кірді.  келген  мақсатын,  жай-жапсарды  түгел 

түсіндіргеннен кейін «қарағым, сен де ел ұстап отырған азаматсың. 

азаматқа  азаматтық  қылған  ғана  жарасады.  сен  маған  құрылыс 

материалдарынан көмектес. Әрине, ақшама», – деді.

Жақияның өтініш айта сөйлейтініндей бар еді. ол – қазақстанда 

колбиннің  басшылық  құрып  тұрған  кезі.  құрылыс  материалдары 

ақшаңа сатылмайды. бірнәрсе бар деуден, жоқ дей салудың өзі жеңіл 

уақыт.

ерсайынның  қолында  кәрі  шешесі  бар  екен.  байқайды, 



уақытысында  айналасына  билігін  жүргізген  адам.  мән-жайға 

қаныққан  соң  әңгімеге  сол  кейуана  кірісіп  кетті.  баласына  қарата 

«шырағым, басқа ешнәрсе бітірмесең де мына кісінің шаруасын бітір. 

мен адам танысам бұл тегін адам емес, әруақты адам. ризашылығын 

аласың», – деді.

ерсайын  да  ер  екен.  атына  заты  сай  жігіт  болып  шықты. 

айтқаны бір-ақ ауыз сөз. «қиналмаңыз ағасы. далаға келген жоқсыз, 

ел ішіне келдіңіз, шаруаңыз шешіледі».

ендігі  мәселе  өздері  тұрған  үйдің  орнын,  әке-шешесінің 

мәңгілік  мекенін  табу.  ал,  бұл  оңай  шаруа  болмайын  деп  тұр. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал