Книга посвящена памяти Жакии Сарсенова нашего



жүктеу 2.32 Mb.

бет1/18
Дата09.01.2017
өлшемі2.32 Mb.
түріКнига
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ғұмырбаяндық хикая

биографическая повесть



 

* * *



Эта  книга  посвящена  памяти  Жакии  Сарсенова  –  нашего

современника,  человека  с  удивительной  судьбой.  Оставшись  в  раннем

возрасте сиротой, он прошел суровую школу жизни, но тяжкие испытания

не  сломили  его,  а  лишь  закалили  стойкий,  упорный  и  целеустремленный

характер,  благодаря  которому  он  встал  крепко  на  ноги,  состоялся  как

человек  и  занял  достойное  место  в  обществе.  Родившись  в  глубинке,  в

одном из небольших аулов Актюбинской области, волею судьбы он большую

часть жизни провел в Южном Казахстане, долгие годы был на руководящей

работе в Шымкенте, стал известным в городе человеком, всеми уважаемым,

авторитетным, главой большого и дружного семейства.



В  настоящий  сборник  включены  биографическая  повесть  «Уроки

судьбы»,  рассказывающая  о  сложном,  полном  трагических  событий

и  поучительных  уроков  жизненном  пути  Жакии  Сарсенова,  а  также

воспоминания  его  родных  и  близких,  друзей,  статьи  людей,  хорошо  его

знавших и не знакомых с ним, но потрясенных его судьбой.



Книга  адресована  широкому  кругу  читателей,  в  особенности  она

будет полезна представителям молодого поколения, формирующего в себе

приоритеты и ценности жизни.

Удк 54658

ббк 54.15 в26

0-85


ISBN 35642-05-15689

© «Өнегелі өмір», «Линии судьбы»

® алматы қ., 2012 ж.


* * *

 



Бұл  кітап  –  есімі  еліне  танымал  азамат  Жақия  Сәрсеновтің

қиындыққа толы балалық шағы мен еңбек жолынан сыр шертеді. Ол бала

күнінен-ақ тіршіліктің ауыр еңбек екенін, тек тыным таппай еңбектенген,

ізденген адам ғана мақсатына жетерін түсінді.



Кітапқа  Ж.Сәрсеновтің  балалары  мен  немерелерінің,  қызметтес

достарының, замандастарының сағынышқа толы естеліктері қамтылды.

аЛғыс сӨЗ

қазақтың  адам  ғұмырын  қамшының  сабындай  қысқа  деп 

айтуы  тегін  емес.  Өмірдің  қалай  өткенін  де  байқамай  қалыппыз. 

балаларымның  әкесі,  немерелерімнің  атасы,  алпыстан,  пайғамбар 

жасынан  асып,  тағы  да  туған  елге  барамын,    ағайындардың  жылы 

жүздерін көріп қайтамын деп жүргенінде  дүниеден өтті.

 осы  кітапты  шығаруға    тағы  бір  себеп,  ол  –  Жақаңның    өз 

өтініші болды дегім келеді. ол кісі соңғы рет елге барып келгеннен 

кейін өзінің басынан өткергендерін қағазға түсірсем бе  деген оймен 

біраз толғанып жүрді. осы ойымен бәрімізбен жиі-жиі бөлісіп, «менің 

өмірім,  көрген  тауқыметім  ойымнан  кетпейді,  сондықтан  ұрпағым 

біле жүрсін деп, өмір жолымды қағаз бетіне түсіргім келеді», осылай 

ойланып-толғанып жүргенінде  өмірден озып кете барды.

 «көзден кетсе де, көңілден кетпейді» деген ғой! сол себептен 

Жақияның ойына алған мақсат-арманын орындауды жөн көрдік.

                  

                                                                           Жұбайы Изада

Кеулімжайқызы-Бұхарбайкеліні

6


сӨЗ басы

Бүгінгі  әңгімеміздің  кейіпкері,  Жақия  Сәрсеновпен  кездесуім

қаншалықты кездейсоқ болса, одан көз жазып қалуым да күтпеген

жерден болды. Негізінен біздің танысуымызға себепкер болған кісі

–есімі республикаға белгілі ғалым, академик Әбдірахман Омбаев еді.

– Соңғы кездері қилы тағдыр иелері туралы жиі қалам тербеп

жүргеніңді  байқаймын.  Осы  бағытың  дұрыс.  Қаламыңның  ұшына

жанды  жаралайтын    сөзден  гөрі  жаныңды  рахатқа  бөлейтін

жақсы сөздердің ілінгені қандай ғанибет, – деген Әбдірахман аға аз-

кем  үнсіздіктен  кейін  «мен  сені  бір  ағаңмен  таныстырғым  келеді.

Ол кісінің тағдыры туралы толқымай тыңдау мүмкін емес», – деп

тоқтаған.

Қадірлі  адамның,  сыйлас  тұлғаның  сөзіне  құлақ  аспау

мүмкін емес еді. Осылайша Жақия Сәрсеновтің Шымкенттегі қара

7


шаңырағына алғаш бас сұқтық. Бұл жаңылыспасам, 2001 жылдың

жазы болатын.

Жақаң бізді жалғыз қарсы алды. Изада апай да, балалар мен

келіндер де шаруаларымен шығып кеткен болуы керек. Алайда, бүгін

ойлап отырсам, шешіліп сөйлесуімізге сол оңашалықтың өзі дұрыс

болды-ау деймін.

Салқын бөлмеде ішінде Жақия мен Әбдірахман жарасымды,

сырға  толы  әңгіменің  тиегін  бір  ағытты  дейсіз,  ара-арасында

бірер  сөз  айтқаным  болмаса,  көбінде  тыңдаушымын.  Мені  таң

қалдырғаны, бүгінде әбден болған-толған, ішкені алдында, ішпегені

артында деген адамның жанарындағы мұң еді.

– Апыр-ау, жар таңдауда жаңылыспаған, қызметте де асығы

алшысынан  тұрған,  ұл-қыздарын  ұлағатты  етіп  өсіріп,  жақсы

жермен  құда  болған,  немерелерінің  ардақты  атасы,  көпке  сыйлы,

танымал адамның да жанарындағы мұң не де болса тегін емес, –

деген ойда отырмын іштей.

Уақыт  қоштасарға  таянғанда  Әбекең:  «Жақия  аға,  мына

Абай ініңізді мұнда жәйдан жәй ертіп келгенім жоқ. Жақсылармен

жанасып  жүрсін  деген  ниетпен  таныстырғалы  алып  келдім,  әрі

Сіздің тағдырыңыз да оңай тағдыр емес, бәлкім бір нәрсе жазар, ол

жазғаны ел-жұртқа ой салып жатса, мақсаттың орындалғаны емес

пе? Бұған не дейсіз?», – деп кесімді сөзді үй иесінің өзіне қалдырған.

Алайда,  Жақия  аға    сезімнен  гөрі  ақылдың  адамы  болып

шықты.

– Шырақтарым-ау, өмірдің өзгеше өрілгені болмаса, мендегі

тағдыр кімде жоқ дейсің?! Басымнан осындай да осындай жағдайлар

өтіп еді, соны жазыңдар деуім әдепке сия қояр ма екен? Оның үстіне

мемлекет,  қоғам  қайраткері  емеспін,  ел  қатарлы  қарапайым  өмір

кештім. Асықпайық, ойға тағы бір салып көрелік, – деді де қойды.

Сонымен қоштасып, шығып кеткенбіз.

Осынау кездесу ұмытыла бастаған кездердің бірінде жұмысқа

Жақия ағаның өзі іздеп келмесі бар ма?! Есімде, кабинеттен сыртқа

шығып  сөйлестік.  Және  де  ұзақ  сөйлестік.  Ағаның  әрбір  әңгімесі,

кескін-келбеті,  ойлы  жанары  тыңдаған  сайын  таң  қалдырды.

8


Осындай  қиын  тағдырмен  бүгінгі  күнге  тірі  жету  дегеніңіз...  Бұл

енді тек Құдайдың пенделерге бір нәрсені түсіндіру үшін көрсеткен,

сырға толы құпиясы болуы мүмкін. Әйтпесе...

– Шырағым, біздің тағдырдың шет жағасы осындай. Өмірдің

көбі  кетіп,  азы  қалды,  мұның  бәрін  немерелерге  айтып  беру  өте

ауыр.  Дегенмен,  олар  аталарының  кім  болғанын,  мына  өмірдегі

міндетінің  қандай  болғанын  білуі  керек  қой.  Сондықтан  соңымда

өзім  туралы  кітап  қалдыруға  бекініп  келіп  отырған  жайым  бар.

Тек қазір сәл науқастанып жүрмін, кішкене емделіп келейін... Сосын

қарсы болмасаң жазуға отырсақ, – деді.

Ол кісіні көлігіне шығарып салғаннан кейін де ұзақ ойландым.

Бір қарағанда қаршығадай шымыр көрінетін жанның ішкі әлемінің

соншалықты нәзіктігі қайран қалдырды.

Көлігіне мініп бара жатып, «күт, күзде келемін» деп еді...

...  Сонымен  күз  де  келді.  Алайда,  Жақия  аға  хабарласпады.

Өзім іздеп баруға ыңғайсыздандым, бүгін болмаса ертең хабарласар

деген оймен жүрдім. Күн артынан күн өтті, бірақ Жақия аға сол

күйі хабарласпады...

9


і  бӨЛім

Жақия


Өмір ЖоЛы – тар соқпақ

«Мен үшін шілдехана ойналмаған,

Ешқашан туған күнім тойланбаған.

Өмірге адам келді деп ескеріп,

Куәлік алуды да ойланбаған.

Білмеймін, мұның үшін кім кінәлі,

Белгісіз туған күні жүрмін әлі.

  

 

 

 

 

Мұқағали Мақатаев

Жақия  сәрсеновтің  туған  жылы  төлқұжат  бойынша  –  1934 

жыл.  алайда,  ағамыз  төлқұжаттың  дәлдігіне  ылғи  күмәнданатын. 

күмәнданғаннан  тыс,    «нобайы  не  1929,  не  1930  жылғы  болуға 

тиіспін», – деп отыратын. ол кезде нақ туған жылын  сұрап ала қоятын 

үлкен жоқ. Әрі Жақияның тағдыры басқаша...

анық білетіні, кіндік қаны тамған жер – ақтөбе облысының 

қарабұтақ ауданы, дәлірек айтсақ, аралтөбе ауылы. қазақылықтың 

тұнып  тұрған  жері,  қазақ  тілінің  табиғаты  сақталған  қасиетті  өлке. 

қазақ поэзиясындағы тілі ең шұрайлы ақындардың бірі әрі бірегейі, 

қуандық Шаңғытбаев та осы қарабұтақтың ұланы.

13


Төрт өрме қамшы сарт етті,

Арғымақ атқып жұлқынды.

Жанары қыздың жалт етті,

Жарысып желмен ұмтылды.

Жігіт те шықты сыдырып,

Орамал таңып басына.

Жұмылған бейне жұдырық,

Жабысып ердің қасына.

Топылдап тиген тұяқтан

Тозаңы жердің өрілді.

Дүйім ел тұрып бұ жақтан

Күледі гулеп көңілді.

Сырбай-ау әне, қарап бақ:

Қуалай өрлеп даланы,

Айтылмай жүрген махаббат

Құйын боп ағып барады –

осы  жыр  жолдарын  туғызу  үшін  өзің  қарабұтақтың  тумасы 

болуың тиіс. пешенеңізге қарабұтақта өмірге келу жазбаған екен, сіз  

жақсы өлеңдер жазуыңыз мүмкін, бірақ, қуағаң қаламынан шыққан 

осынау өлеңді бәрібір жаза алмаған болар едіңіз. оған ренжудің еш 

реті жоқ.

Өмірдің ащы-тұщысын қаншалықты көп татса да, Жақияның 

жаратылысы  нәзік,  сыршыл  жан  еді.  Өте  әсершіл,  лезде  қуанып, 

тез  ренжитін.  алайда,  ренжігенін  ешкімге  сездірмеуге  тырысатын. 

сөзі    сыпайы,  ойындағысын  бүкпесіз  тік  айтатын.  мұның  бәрі 

сайып  келгенде,  туған  топырақтың  әсері.  алла  тағала  қарабұтақ 

перзенттерінің жанын о баста сұлу қылып жаратқан болуы керек.

Жақия    өмір  бойы  қуандық  Шаңғытбаевпен  бір  жүздесуді 

армандап  өтті.  дәм-тұз  бұйырмаған  қиын  екен,  ол  арманы 

орындалмады.  саналы  ғұмырының  бәрін  есеп-қисапқа,  сауда 

14


саласына арнаған адамның  өлең-жырға осыншалықты құмар болуы 

қайран қалдырады. Жастайынан құлағы жырға қанып өскен ғой дейін 

десеңіз, ес жиып, ержеткенше, яғни әскер қатарына алынғанға дейінгі 

өмірі балалар үйінде, кісі есігінде өтіпті... 

* * *

Жақияның тегі жайлы әңгімелесек, кіші жүздің ішіндегі алты 



ата  Әлімнен  шығады.  Әлімнің  ішіндегі  –  төртқара,  төртқараның 

ішіндегі  –  құламан,  құламаннан  –  Жантайлақ,  Жантайлақтан 

кенжебайы.

Үлкен әкесі – сәрсен. одан бұқарбай туады. бұқарбайдан бір 

қыз, бір ұл. яғни, даража мен Жақия.

атасы сәрсен үш ағайынды болыпты. соңынан есен, көшен 

атты інілері ерген.

сәрсеннен  бұқарбай  туады  да,  есеннен  бәтіш,  ұлжан  деген 

екі қыз бар. ал, көшеннен Жалғасбай деген жалғыз тұяқ қалады. бір 

қызығы, Жалғасбайдай жалғыздан да ақзада атты жалғыз қыз қалады.

        бұқарбайдан тарайтын ұрпаққа келсек, оны жоғарыда 

айттық, даража  мен Жақия.  даража  1922 жылы туылған, 2006 жылы  

Шымкентте дүние салды.

даражаның  қызы  гүлмарам  бүгінде  балалы-шағалы, 

Шымкентте тұрады. 

бұл  әулетте  өсіп-өнгені  Жақияның  шаңырағы  болды.  Үлкен 

ұлы – қасымхан ердің жасы елуді еңсерді. Жұбайы раушан екеуі үш 

перзент тәрбиелеп отыр.

қасымханның өкшелес інісі Жанболатта елуге келді. ол 1961 

жылы  туылған.  мекен-жайы  алматыда.  белгілі  кәсіпкер.  іскерлігі 

өз  алдына,  қазақстан  жұртшылығы  Жанболатты  республика  бокс 

федерациясының  вице-президенті  ретінде  жақсы  таниды.  қазақ 

боксы  бүгінде  белгілі  бір  белестерді  бағындырып  жатса,  оған 

Жанболат  қосып  отырған  үлес  те  шексіз.  Жанболат  пен  келіншегі 

айман екеуінің шаңырағында екі ұл, бір қыз өсіп жатыр.

Жанболаттан  кейін  гүлжан.  Әкесінің  сүйікті  қызы.  Жақия  

гүлжанды қыз бала деп шеттетпейтін, қайта көп істерде ақылдасып 

15


отыруды жөн санайтын. гүлжанның мамандығы тарихшы. алматыда 

тұрады. Жолдасы – асан кәсіпкер. бүгінде екеуі екі ұлдың ата-анасы.

1967  жылы  туылған  марат  мәскеудің  автомобиль  жолдары 

институтының түлегі.  кәсіпкер. келіншегі Шолпан екеуі екі ұл, бір 

қыз өсіріп отыр.

сүткенжесі  динараның  өзі  де  бүгінде  қырықтың  қырқасына 

шықты.  мәскеудің  жеңіл  өнеркәсіп  институтын  бітірген  динара 

инженер  мамандығын  алып  шықты.  бүгінде  –  меншік  шаруасын 

жүргізіп  отырған  іскер.    Жолдасы  ершат  екеуінің  алтын  асықтай 

ұлдары бар.

бұлар сәрсеннің үлкені бұқарбайдан өніп-өскен ұрпақ болып 

саналады.  ал,  екінші  ұл  –  есеннен  бәтіш,  ұлжан  атты  екі  қыз 

қалғанын жоғарыда айттық.

бәтіштің  мұхамеджан  атты  ұлы,  күміс  атты  қызы  бар. 

мұхамеджан  да,  күміс  те  бүгінде  бір-бір  берекелі  шаңырақтың 

иелері.


ұлжаннан екі қыз, бір ұл бар, оларда  өз қатарларының алды 

болып өсіп келеді.

көшен  атадан  жалғыз  ұл  Жалғасбай  бар  дедік.  Жалғасбай 

атамыздың артында ақзада атты қызы қалды. ақзада ері мұрат екеуі 

айтжан атты ұл тәрбиеледі. сол айтжаныңыз қазір алпыстан асты. 

Жұбайы мәдина екеуі он ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

* * *

Алла ісінде арман жоқ,

Табылған сөзде жалған жоқ.

Басы жұмырбендесін

Жаратқан жалғыз құдайым

Не күйлерге салған жоқ...

                                                          

                                                           

Базар Жырау

Жақия  айтып отыратын:

–  Әкем  бұқарбай  да  жалғыз  болыпты.  Әкеден  қай  жаста 

16


жетім қалғаны дәл есте жоқ. Әйтеуір, үлкендерден, көзкөргендерден 

сұрастырып жүріп білгенім әкем – аталас ағасы Жұмаштың қолында 

жүріп  ер  жетіпті.  Әкемізді  үйлендіріп,  үй  қылған  да  осы  Жұмаш 

атамыз. Жұмекең төртқараның атақты байы тоймағамбеттің Зағипа 

дейтін  сұлу  қызын  бұқарбайға  алып  береді.  Зағипаның  сералы, 

Әлімжан дейтін інілері, нәзира атты сіңілісі болады. тоймағамбет бай 

қызымды жетім балаға бермеймін деп айта алмайды. себебі, Жұмаш 

бұқарбайдың  әкесі  орнына  жүретін.  ал,  Жұмаш  көптің  ішіндегі 

белгілі, қарабұтақтағы атақты болыс білісбайдың ұлы еді. Жақияның 

жасында қанша қиналса да уақыт өте келе ауған жүгін теңеп алуының, 

тектілігінен бір танбауының сыры осында жатыр. ердің нағашысына 

тартатыны  рас  болса,  оның  нағашысы  бүкіл  ақтөбе  өңіріне  аты 

белгілі тоймағамбет бай болып шығады.

Зағипа  ару  тоймағамбет  байдың  ырым  алды  тұңғышы  – 

отының алды, суының тұнығы еді. соңынан ерген екі інісі – сералы 

мен Әлімжан, жалғыз сіңілісі нәзираның Зағипа десе шығарда жаны 

бөлек болатын.

сол бұқарбай үйленген соң, алдымен дүниеге даража келеді. 

Жалпы,    қазақтай  жеті  атасынан  теріп,  туған-туысқанды  бауырына 

тартатын ел кемде-кем. бұл ойымызбен  күні кеше біреулер келіспеген 

болар,  дәл  бүгін  ешкім  олай  емес  деп  айта  алмайды.  бұқарбайдай 

жетімді  жетілдірген  Жұмаш  ата  мен  кемпірі  даражаны  емізбестен 

бауырына  басып  алады.  «Өзіңді  жетілдірдім,  маған  сол  да  жетеді, 

үй қылдым, бұдан артық не қыл дейсің, енді жолыңды тап, жолың 

анау»,  –  демейді.  ол  кезде    бұлай  айтпақ  түгілі,  тіпті  ойламайтын. 

«ата-бабалардың рухы асқақ еді ғой».

Жұмаш ата сәби даражаны неге бауырына басты?

себебі, Жұмаш атаның абдолла атты жалғыз ұлы бар. абдолла 

жалғыз  болмасын  деп  даражаны  тілеулес  етіп  бауырына  басқан. 

абдолла  жалғыз  болмайды.  бұл  –  бір.  екінші,  арада  жүрген  сәби 

екі әулеттің арасын қосады. ертең сәрсеннен, бұқарбайдан тараған 

ұрпақ бұларға жат болып кетпейді.

Жұмаш  қария  әулие  екен,  расында  да  екі  әулеттен  тараған 

ұрпақ әлі күнге той-жиынын бөлек өткізіп көрген емес. арада ғасырға 

17


жуық уақыт өтсе де торқалы тойда, топырақты өлімде екі әулет түгел 

жиналады. 

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары елдің басынан алмағайып 

қиын заман көп өткені белгілі. ақ пен қызыл алмасып, билік бірде 

ақтарға ауысса, бірде қызылдың қолына өтеді. одан бай-болыстарды 

кәмпескелеу  науқаны  басталады.  кәмпеске  Жұмашқа  тіктеп  келсе 

керек.  бір  түнде  көтеріле  көшпесе,  жаңа  өкіметтің  аямауға  бекініп 

отырған жайы бар. мұны бәрі де сезеді. алдымен сезген ойға алғыр, 

заманды болжағыш бұқарбай болыпты. ол бір түнде Жұмаш ағасын 

қазалы жақтағы бекбауыл деген ауылға әкеліп қоныстандырады. 

бұқарбай қазалыға көп бөгелмейді. сезік тудырмас үшін елге 

шұғыл  оралады.  тіктеп  келген  ажалға  шара  бар  ма?!  қарабұтаққа 

келсе,  елді...  кеселді  дерт  жайлаған  екен.  Өмірдің  жазмышынан 

қашқан қорқыт ата да паналайтын мекен таппаған. бұқарбай атамыз 

да қарабұтақта кенеттен сырқаттанып, мезгілсіз дүниеден өтеді. 

бұл кезде бала Жақия небәрі бір жарым жаста...

* * *

елге  келген  ауыр  дерт  қалың  жұртты  есеңгіретіп  кеткен  еді. 



бұқарбай  атамыздың  қазасынан  соң,  араға  небәрі  бір    жыл  салып, 

Жақияның  анасы  Зағипа,  ізінен  ілескен  екі  қарындасын  да  ажал 

құшты. небәрі екі жастан асқан сәбидің тағдыры мұншалықты тайқы 

болар ма?!

құдайдың құдіреті, шешесінің қайтыс болған сәтін бала Жақия 

еміс-еміс біледі. расында,  сол бір қаралы күндер Жақияның есінен 

ешқашан шыққан емес.

анық  біледі,  анасының  соңғы  демі  үзілгенде,  ол  оның 

құшағында қалған. Үйге дауыстап, жылап кірген әйелдің сұлбасы әлі 

көз алдында. «қаршадай басыңмен бұл құдайға не жазып едің?» деп 

анасының омырауынан ажыратқан...

 кейін есейгенде оның анасы Зағипаның абысыны – бақытжан 

әже  екенін  білді.  Жатқан  жері  жайлы  болғыр,  ешкімге  қиянаты 

жоқ адам еді. Жақияны да бауырына басып, жетімдігін білдірмеуге 

тырысты.

Шешесін арулап жерлеген бақытжан әже еді. Жақия үш-төрт 

жасына дейін осы әжесінің қолында өсті. 

18


бір  күні  үйге  Жалғасбай  атасы  келді.  мұны  өзіне  шақырып, 

айналып-толғанғаны, 

дауысын 

шығармағанмен 

өксіп-өксіп 

жылағаны,  тарам-тарам  жасының  сақалын  қуалай  аққаны,  сосын 

қияндағы көкжиекке қарап, үнсіз күрсінгені бала да болса, жадында 

сақталып қалды. 

сосын  Жалғасбай  атасы  бала  Жақияны    атына  отырғызған. 

Шылбырынан өзі жетектеп, бір қазақы үйдің қасына тоқтады.

–  Жалған  дүние-ай,  жалғандығыңды  басымыздан  шыр 

айналып  ұшарыңда  бір-ақ  білетініміз  қиын.  іштегі  зарыңды  төгіп, 

запыраныңды ақтару да мүмкін болмай қалғанына не істерсің? тұла 

бойым  толы  қайғы-шер,  төгілгенде  түсінермісің,  түк  қалдырмай 

айтқанымда ұғармысың? Әлі баласың-ғой, баласың... ең болмағанда 

жасыңның онға да толмағанын қарашы. ей, жақсылығы көп құдай, 

жалбарындым  өзіңе,  мына  кішкентай  пендеңе  тыңдайтұғын  құлақ, 

ұғатұғын сана бере гөр! менде басқа шара қалмады, – деп сақалын 

жас жуған атасы әлден уақытта бұған «тыңда!» деді. «тыңда» деді 

де дәп бір үлкен кісіге әңгіме айтып отырғандай көсілді. Әр сөзінен 

кейін «ұғып ал, шырағым!», «ұмытпа, қарағымды» қосып қояды.

– Жақияжан, енді бала болма, саған бала болуға болмайды. бір 

әулеттен қалған жалғыз еркек кіндік өзіңсің. құдай сені аман қылсын! 

сен аман болсаң бұқарбайдың ошағы қайта жанады, шаңырағы қайта 

тіктеледі. Әйтеуір, аман жүр, шырағым. ал, енді мынау астыңдағы 

жануар әкеңнің аты еді, Жақияжан. сен ат жалын тартып мінгенше, 

қандай заман боларын кім білсін? Әкесінің тақымы тиген тұлпарға 

баласының да тақымы тисін дедім. мына үй бұқарбайдың салған үйі, 

қара шаңырақ.  демек, сенің  үйің  осы.  кішкентаймын  деме, санаңа 

бәрін тоқып ал. мен қасыңда қашанғы жүре берер дейсің?! бір күні 

мен де кетермін. сол кезде сұрайтын адам таппай қаласың әлі.

Жалғасбай  ата  осы  әңгімесінің  бәрін  әлі  беске  де  толмаған  

сәбиге  айтқанын  білсе  де,  әйтеуір  көзі  тірісінде  Жақияға  айтып 

қалғанына қуанды.

алыста  қалған  балалық  шақ  еске  түскенде  Жақияның  көз 

алдынан осы суреттер тізбектеліп  өтетін.

19


* * *

Жалғасбай  атасының  сол  бір  кездесуі  бұған  біраз  күн  дәтке 

қуат болған. ұйқысынан ояна сала қараша үйді бір төңіректеп келетіні 

де  есінен  шыға  қойған  жоқ.  Әлгі  үй  бала  көңіліне  сондай  ыстық 

көрінеді. Үлкендердің өзі туралы не айтып жүргенін қайдан білсін, 

сол үйді әйтеуір көңіліне медет санайды. Әкесі есінде жоқ, ал, асыл 

бейнесі жадынан шыға қоймаған қайран анасы сол үйге әйтеуір бір 

келіп қалатындай көрінеді де тұрады. Үйді көрсе анасы еске түседі, 

анасы еске түссе сәби жүрек сыздап қоя береді...



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал