Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі



жүктеу 0.86 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата13.01.2017
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№11 (1269) 

19 – 26 наурыз

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

22-наурыз – Ұлыстың ұлы 

күні. Бұл күні күн мен түн 

теңеледі. Табиғат та, 

жан-жануар да түлейді, 

жаңарады. Самарқанның 

көк тасы еріп, қара жер 

бусанады. Даланың төсінде 

қызғалдақтар құлпыра 

өсіп, төңірек қызылды-

жасылды түске бөленеді. 

Осы өзерістердің барлығы 

көңіл күйді көтеріп, жаны 

ізгі жандарды жақсылыққа, 

аппақ армандарға 

ұмтылдырады. Міне, Наурыз 

құдіреті осындай! 

 Бұл күннің тағы бір 

ерекшелігі – қазақ тілінің 

мән-маңызын жұртшылық 

арасында кеңінен 

насихаттап, оның ел өмірінде 

қолданылу аясын кеңейтуге 

қал-қадерінше үлес қосып келе 

жатқан ұлт басылымы – «Ана 

тілі» газетінің туған күні. 

Биыл – мерейтой. Газеттің 

жарық көргеніне 25 жыл 

толып отыр. Басылым бұдан 

былай да ұлттық мүддеге, 

туған тіліміздің тұғыры 

биіктей түсуіне қызмет ете 

беретін болады.

 Ұлт газеті жасай берсін!

 Әз Наурыз құтты болсын!  

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

9-бет

11-бет

5-бет

ұлыстың ұлы күні



«Жігітке шапан 

киген ұнамады...»

Дәулеткерей мен

Өскенбай

Сөзтаным

Бибігүл ТӨлегенова, КСРо халық артисі, Социалистік еңбек ері:

жерде концерт ұйымдастырылып, 

қазақтың ұлттық ойындары ойнала-

ды. «Алтыбақанда» тербелген қыз-

жігіттер, «Ақ сүйек», т.б. ойындар-

ды қызығып, сыртынан талай рет 

тамашаладық. Қазіргі жастар бақытты. 

Солар қуанса біз де қуанамыз. Біздің 

кезімізде Нау рыз мерекесі тойланған 

жоқ. Сауық-сайран құрып, ойын 

ойнауға бізде мүмкіншілік болма-

ды. Ал қазір осы қуаныштарымызды 

дос-жаранмен, туған-туысқанмен 

бөлісіп, мәре-сәре боламыз. Бір 

үлкен қазаннан нау рыз көже ішіп, 

мереке-той болып жатқанның өзі бір 

ғанибет дүние. Осы жақсылықтардың 

барлығы Елбасының арқасында келді. 

Ұмытылып қалған салт-дәстүрімізді 

қайтадан жаңғыртып, халықты 

қуанышқа бөлеп отырған Елбасына 

рақмет айтуымыз керек. Наурызды тек 

қазақ халқы ғана емес, өзге ұлт өкілдері 

де қуана қарсы алады. Құдайым, бізді 

осы жақсылықтан айырмасын деп, 

шүкіршілік етіп, тәубе дейміз.



– Өзіңіз Наурыз көже пісіріп 

көрдіңіз бе?

–   Н а у р ы з   к ө ж е н і   ө з   б а с ы м 

қазақтың үлкен дәрежелі тағамының 

бірі деп санаймын.  Бала кезімде анам 

көже пісіретін. Ол қиын кезең еді ғой. 

Бүгінде баршылық заманы, жеті түрлі 

тағам салады деп жатады. Ол кезде 

көженің ішіне май, ет салып, сосын 

айран қосатын. Соның өзін біз көже-

көже деп, таласа-тармаса, рақаттанып 

ішетінбіз. Еміс-еміс есімде қалғаны, 

әжелеріміз бен аналарымыз наурыз 

көже іштік, тәтті екен деп айтып оты-

ратын. Сонымен қатар көктем келді, 

көже ішіңдер, бақытты болыңдар, осы 

наурыз көже құт-береке әкелсін, көк 

көп болып, тоқшылық заман болсын 

деп айтатын. Орыстың арасында туып-

өскеннен кейін бе, бала кезімізде 

соның мән-мағынасына көңіл аудар-

маппыз. Әйтеуір, көже деп іше береміз. 

Көженің бір жақсы жері ыстық күндері 

шөліңді қандырады. Шөл басу деген 

адамның денсаулығына жақсы әсер 



– Бибігүл Ахметқызы, Сіз үшін 

Нау рыз мейрамының мәні мен маңызы 

неде? 

– Наурыз мерекесі – қайсымыз 

үшін де қуанышты мереке. Адам 

баласына қуаныш, бақыт сыйлап, 

көңіліңді көтереді. Наурыздың өзі 

жаңа тіршіліктің бастауы ғой. Айна-

ла көгеріп, шуақты леп еседі. Дала 

жайнап, керемет бір ғажайып күйге 

енесің. 

Кешігіп келсе де Тәуелсіздігімізбен 

енген Наурыз мерекесін бәріміз жақсы 

көреміз. Бүкіл ел, бүкіл халық болып 

тойлап, мерекелеп жатамыз. Жер-

Береке басы – бірлік

етеді ғой. Енді өз басыма келсем, өзім 

наурыз көже жасап көрмеппін. Бірақ 

Құдайға шүкір, анамның жасағанын, 

басқа да жер-жерден талай на-

урыз көженің дәмін таттым. Соған 

шүкіршілік етемін. 



– Наурыз мерекесі Сіз үшін Жаңа 

жыл секілді отбасылық мерекеге айнала 

алды ма?

– Әрине. Айналаңның көгеріп, 

көктеп жатқанының өзі үлкен жаңалық 

қой. Наурыздан тек жақсы жаңалықтар 

күтеміз. Алла Тағала ақпен бірге бақ-

берекесін, ырыс-несібесін ала келсін 

деп тілек тілейміз. Жеріміз көгеріп, 

аспанымызда тыныштық болып, 

елімізде бақытты өмір сүрейік дейміз. 

Адам баласы қашанда өзінің тілектерін 

айтып, жақсылықтан күдер үзбей, 

үміттенеді. Барлық арман-тілектеріміз 

орындалып, бір мақсат, бір мүддеде, 

ынтымақ пен ауызбіршілікте өмір 

сүргенге не жетсін.  

(Жалғасы 3-бетте)

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

ағалардың алақаны

Бет қатталып жатқанда:

Баспасөз – 2015

 Талдықорғандағы Ілияс 

Жан сүгіров атындағы Мәдениет 

сарайында Ұлы Жеңістің 70 

жылды ғына арналған концерт 

өтті. 

  наурыз мейрамын өткізудің 

тоғыз күндік жоспарына сәйкес 

оңтүстік Қазақстан өңірінде 

«Жайнау күні» болып өтті. 

 Қызылордада «Мәңгілік елім 

– мәртебем» атты республикалық 

жас ақындар айтысы мәреге жетті.

  М.Өтемісов атындағы Ба-

тыс Қазақстан мемлекеттік уни-

верситетінде жаратылыстану-

математика бағытындағы алты 

пәннен республикалық олимпиа-

да аяқталды. 

 Өскемен қалалық «нұр 

отан» партиясының филиалы 

жастар орталығымен бірлесе 

отырып, республика бойынша 

қолға алынған «ардагерлерді 

ардақтайық» атты шара өткізді. 

 алматы облысы ең-

бек ші қазақ  ауданында 

жаңадан салынған же-

кеменшік екі бала-

бақша ашылды.

«АнА тілім» – 

Арым...»

Қазпош

Та

Индекс


Мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

6 ай


1384, 32

1480, 20


1556, 64

12 ай


2768, 64

2960, 40


3113, 28

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

6 ай


2649, 12

2745, 00


2821, 44

12 ай


5298, 24

5490, 00


5642, 88

көрМе


наурыз-тілек

«Ислам мәдениетінің құндылықтары»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық 

музейінде «Алматы – ислам мәдениетінің 2015 жылғы 

астанасы» мәдени шарасының аясында «Ислам 

мәдениетінің құндылықтары» атты көрме ашылды. 

Көрменің ашылу рәсіміне Қазақстандағы Мысыр Араб 

Республикасы Елшілігі Мысыр мәдени орталығының 

басшысы, атташе Хамдан Ибрагим, «Нұр-Мүбарак» Египет 

ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, 

доктор Жуда Абдулғани Басюни қатысты.  

Көрмені ашқан ҚР Мемлекеттік Орталық музейі дирек-

торының бірінші орынбасары Бейбітқали Қақабаев атал-

мыш шараның мақсаты – қалың жұртшылықты ҚР Мемле-

кеттік Орталық музейі қорындағы жәдігерлердің негізінде 

исламның ерекшеліктерімен таныстыру екенін атап өтті.

10

Фото тілі – нақты тіл, затты тіл. Көрдің, 

көргеніңді түсірдің, түсіргеніңді шығардың... 

Көбіміз осылай ойлаймыз. ал Сен болсаң 

фотоаппаратыңды мың бұрап, мылтық 

кезеген мергенше кезеп, көріністерді бір 

жерге жинақтап кешенді, көркем коллаж 

жасайсың. отаншыл рухта туған кешенді 

көркем суреттерің публицистикалық лепті, 

философиялық ойға сақы шығып отырады, 

жан аға! ол үшін көзмергендік аз, фотообъ-

ективке дүние-ғаламның сырын сыйғызар 

ойшыл болу керек. Сен халқымыздың осындай 

аппараттың шағын көзіне дүние-ғаламның 

шалқар көрінісін сыйғызған ғажап көзі 

қиядағыны шалатын көзмерген суретшісі, ой-

шыл перзентісің, жан аға!

жыр жолдарынан



Шапағат төккен 

мейірлі...    

Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай-сайға ақса жылғалар,

Бұл – Наурыз хабары.

 

Ашылып аспан шүмегі,



Жауынмен құм да түледі.

Көкмайса жұмсақ құлпырған,

Бұл – Наурыз кілемі.

 

Бусанып тарғыл атырап,



Нәрленіп торғын топырақ.

Жауқазын өссе жотада,

Бұл – Наурыз-жапырақ.

 

Көз тігіп Күнге барлығы,



Бүршігін жарса әр гүлі.

Халыққа бақыт тілеген,

Бұл Наурыздың жарлығы.

 

Бөктіріп көктем жаңбыры,



Тіріліп шөптің тамыры.

Бүрленсе жусан бұрқырап,

Бұл – Наурыздың таң нұры.

 

Қауымға қалың дүр болған,



Шаттыққа бөлер жыр болған.

Шапағат төккен мейірлі,

Бұл – Наурыз ғой, нұр болған.

 

Себелеп жаңбыр жауып тұр,



Емшегін бұлттың сауып тұр.

Жақсылық нәрін мол сепкен,

Бұл – Наурыз сауық-жыр.

 

Тілегін айтып ұнаған,



Арылса туыс күнәдан.

Көңілде күдік қалдырмас,

Бұл Наурыз – шын адам.

 

Тұқымын сеуіп ырыс-құт,



Дем алса диқан тыныс қып.

Тірлік пен байлық бастауы,

Наурыз сыйы тыныштық.

 

Тәуелсіз елдің адамы,



Бейбіт күн берік қамалы.

Құт болсын дейік ағайын,

Жаңа күн Наурыз қадамы.

Әли ЫСқАБАй

ТАЛДЫҚОРҒАН

Әз наурыз құтты болсын!

(Фотосуреткер 

Берсінбек Сәрсеновпен сырласу)


3

№11 (1269) 

19 – 26 наурыз

2015 жыл


АНА ТІЛІ

2

№11 (1269) 



19 – 26 наурыз

2015 жыл


АНА ТІЛІ

нұрсұлтан назаРБаев:

А

қпараттар ағыны



А

қпараттар ағыны



 Әзірлеген Нұрлан қҰМАР

құрМет


жИын 

Марапат


Отанды сүюдің үлгісі 

«Қазақстан халқы әдебиеті және ұлттық таным»

Қаламгердің еңбегі бағаланды 

қазақстан Жазушылар одағында «Герольд Бельгер кім?» атты 

кітаптың тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер рәсімінде жа  зушы Дулат Исабеков, ардагер дипломат 

Сәлім Құр манғожин, Зәкір Аса баев, Нәзікен Алпамысқызы және 

басқа ақын-жа зушылар естеліктер айтты. Г.Бельгердің зайыбы Раиса 

Хисматулина мен қызы Ирина Герольдовна қаламгер мұрасына 

жасалып жатқан ерекше құрмет үшін алғыс білдірді. 

Айта кетейік, жинақ мемлекет және қоғам қайраткері Мұх тар  

Құл-Мұ хаммедтің алғысөзімен басталып, ақын-жазушылардың 

мақала-сұх баттары берілген. Онда Шериаздан Елеукенов, Смағұл Елу -

бай, Темірхан Медетбек, Тұ рыс бек Сәукетай, Серік Ақ сұң қар ұлы және 

басқа қа лам герлер Г.Бельгердің шығармашылығы туралы пайымдарын 

жеткізген. Кітап жазушының Отанына деген құрметін көрсету арқылы 

оқырман қауымның туған жерге, ана тіліне деген құрметін арттыруды 

көздейді. 



Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақстан халқы 

Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «қазақстан халқы әдебиеті 

және ұлттық таным» атты конференция өткізілді. 

Конференцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының 

орынбасары Ералы Тоғжанов ашып, жүргізіп отырды. 2015 жыл 

Елбасы Нұр сұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халқы 

Ассамблеясының жы лы деп жарияланғанын тілге тиек еткен ол 

осы жылдың аясында еліміздің барлық өңірлерінде этносаралық 

келісім мен қоғамдық тұрақтылыққа арналған игі шаралар өтіп 

жатқанын атап өтті. Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы 

Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өз сөзінде 

Қазақстан халқы Ассамблеясы  халқымыз үшін ғана емес, бүкіл 

дүниежүзі үшін үлкен орны бар екеніне тоқталды.  Конференцияда 

М.Әуезов атындағы Әдебиет жә не өнер институтының 

директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғы-

лым ының докторы Уәлихан Қалижанов баяндама жасады. 

Конференция барысында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

инсти туты ның ғалымдары шығарған 10 жа ңа кітаптың тұсаукесер 

рәсімі өтті.

Ресей Федерациясының Бейбітшілік 

және келісім сарайының конференц-за-

лында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 

М.Шолохов атындағы Халықаралық сый-

лық тың иегері Сәбит Досановтың 75 жасқа 

то луына орай жазушының шығармашылық 

кеші өтті.

Ресей Жазушылар одағы мен «Мұрагер» 

және «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымдары 

ұйымдастырған кеште орыстың көрнекті 

ақыны, Ресей Жазушылар одағының бірінші 

хатшысы Геннадий Иванов, әлем таныған сыншы, академик 

Феликс Кузнецов, Тәжікстанның халық жазушысы Шавқат 

Ниязи, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-

лейтенант Сергей Соколов, «Московский литератор» газетінің 

бас редакторы Иван Голубничий, тарихшы, әдебиетшi Валентин 

Осипов сөз сөйлеп, қаламгердің шығармашылығына тоқталды. 

Белгілі жазушы, Ресей Баспасөз клубының президенті Валерий 

Поволяев С.Досановқа Сергей Есенин атындағы «Золотая 

осень» сыйлығы берілгенін және Василий Шукшин алтын 

медалімен марапатталғанын атап өтті. Бұл сыйлықтарды Ресей 

және Мәскеу Жазушылар одақтарының басшылары табыстады. 

С.Досанов сонымен бірге көрнекті мемлекет қайраткері Геннадий 

Зюгановтың шешімімен «Тың жерлерді игерудің 60 жылдығы» 

және «Панфиловшы» ескерткіш медалімен марапатталды. Сөйтіп, 

қазақ қаламгері Мәскеуден төрт бірдей марапат алып, елге зор 

абыроймен оралды.

елбасы және ел мұраты

атадәстүр

қазақ хандары

қаулы

тұсаукесер 



Тіл – татулық тірегі 

қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Көрмелер 

залында Сүлеймен Демирел атындағы университет ректорының ғылыми 

істер  жөніндегі кеңесшісі, белгілі әдебиетші ғалым, профессор Дандай 

Ысқақұлының «Мәңгілік майдан немесе тілдер тоғысындағы түркі әлемі», 

«Түркілік ортақ термин негіздері» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, 

жоғары оқу орындарының студенттері, Ұлттық кітапхананың 

оқырмандары қатысқан шараны ҚР ҰҒА  М.Әуезов атындағы 

Әдебиет және өнер институтының директоры, белгілі қаламгер, 

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы 

Уәлихан Қалижанов жүргізіп отырды. Шара барысында жазушы, 

аудармашы, шоқантанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 

ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сарбас Ақтаев, Халықаралық 

«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик-жазушы Ғаббас 

Қабышұлы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-

ның академигі , Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы 

Өмірзақ Айтбайұлы  және т.б. қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, 

халықтар достығын нығайтуда тілдің алар орны ерекше екендігіне 

тоқталып, ғалымның жаңадан жарық көріп отырған бұл еңбектеріне 

жоғары баға берді. Жиында филология ғылымының докторы, «Арыс» 

баспасының директоры Ғарифолла Әнес автордың шығармашылығы 

туралы баяндама жасады. Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана 

қорынан автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі 

ұйымдастырылды.

Ел БАсқАрғың кЕлЕ мЕ – 

мЕмлЕкЕттік тілді мЕңгЕр

Бір кісідей қатысайық

БаБалаР Рухы – БаянДы 

ТаРихыМызДың БаСТауы

Тілдің дамуына жан-жақты 

көмек көрсету керек

сайлау – 2015

леБіз

Биылғы жылдың сәуір айында кезектен тыс ҚР президенті сайлауы өткізілетіні баршаға 

мәлім. ал президент болуға лайықты азаматқа басты талап ретінде мемлекеттік тілді 

меңгеріп, сауатты сөйлеуі және ойын еркін жеткізе білуі қойылып отыр. осыдан-ақ 

мемлекеттік тілдің мән-маңызының жоғары екенін ұғынуға болады. осы орайда 

лингвистикалық комиссия құрылып,  жұмыс атқарды. емтихан үш кезең бойынша 

өткізілді. Бірінші, үміткер комиссия ұсынған тақырып бойынша  жазбаша шығарма жа-

зуы қажет. екінші кезеңде үміткер классикалық шығармадан 3 баспа беттен аспайтын 

мәтінді мәнерлеп оқиды. ал ең соңында 15 минут сөз сөйлеуі тиіс. 

Мұхтар ТӨлеген,

Қостанай мемлекеттік 

педагогикалық 

институтының проректоры 

Таяуда ғана наурыздың 14-інде 

Маңғыстау жұртшылығы «отпан тау» 

тарихи-мәдени кешенінде  «амал 

күнін» атап өтті. Көрісу мерекесі 

деп аталатын бұл күні қазақ бала-

сы жүздесіп, қол алысып, бір-біріне 

игі тілектер айтып жатты. Жергілікті 

тұрғындар, жан-жақтан келген 

қонақтар дәмнен ауыз тиіп, ән-жыр 

сайыстарын, ұлттық ойындарды 

тамашалады. Төменде белгілі ақын, 

Қазақстан Жазушылар одағынның 

мүшесі Сабыр аДай «амал» мереке-

сінің жай-күйі жөнінде ой өрбітеді.

Әр кезең бойынша дайындалуға бір сағат 

уақыт берілді. Лингвистикалық комиссия 

төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің айту-

ынша, бұл сынақта ең бастысы Пре зидентке 

үміткер болған азаматтың  Мемлекеттік 

тілді біліп қана қоймай, тілді бағалауы да 

назарға алынған екен. 

Орталық сайлау комиссиясына келіп, 

Қазақстан Республикасының Прези дент-

тігіне үміткер ретінде тіркелген Елбасы  

Нұрсұлтан Назарбаев лингвистикалық 

комиссияның сынынан сүрінбей өтті. 

Мемлекет басшысы өзге үміткерлер секілді 

үш тапсырманы орындады. «Біздің күшіміз 

бірлікте» тақырыбында жазба жұмысын 

жазған Елбасы бір де бір қате жібермеген. 

Сонымен қатар Ілияс Есенберлиннің рома-

нынан үзінді оқыды. Ал еркін сөйлеуде «Ба-

балар сөзі – даналық көзі» тақырыбы бойын-

ша өз ойын жеткізген. Комиссия төрағасы 

Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, тіл 

мамандары Президенттің жұмысын жоғары 

бағалады.  Ол «Барлық осы уақытқа дейін 

сынақтан өткен президентікке кандидаттар 

секілді Нұрсұлтан Әбішұлы үш сұраққа 

жауап берді. Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ 

халқының алдында, осы мемлекет ал-

Елбасының «Нұр Отан» партиясының 

XVI съезінде 26-сәуір күні елімізде өткізілетін 

Президенттік сайлауға қатысатындығы тура-

лы шешімін Қазақстан халқы зор ықыласпен 

қарсы алды. Мен де Елбасының осы шешімін 

қуана қолдайтынымды айтқым келеді. 

Мемлекет басшысы әрдайым халқы-

мыздың құрметіне бөленіп келеді. Кешегі 

тәуелсіздіктің алғашқы жылдары да жұрт-

шы лықты барлық кездескен қиындықтар 

мен ауыртпалықтардан алып шықты. Сөйтіп, 

өзінің кемеңгерлігі және қайраткерлігінің 

ар қасында ұлттар арасындағы ынтымақ пен 

тұрақтылықты нығайтты. 

Көпшілікке мәлім, келесі жылы елімізде 

Парламент сайлауы да болады. Сондықтан 

Президент сайлауын биыл 26-сәуірде 

өткізетініміз өте дұрыс шешім болды. Алды-

мызда да бізді үлкен асулар күтіп тұр. Ендігі бас-

ты мақсат – бәсекеге қабілетті әрі өркениетті 

отыз елдің қатарынан көріну. Сондықтан да ел 

тағдыры сынға түсетін Президенттік сайлауға 

бір кісідей қатысқанымыз абзал болады. 

Баршаға мәлім, елімізде білім ордаларының 

заман талабына сай болуына да Мемлекет бас-

шысы үнемі қамқорлық жасап келеді. Осы 

салада қызмет істеп келе жатқан ғалымдар да 

тәуелсіз мемлекетіміздің әрі қарай өркендей 

түсуі үшін білікті кадрлар дайындауға қомақты 

үлес қоса беретіндігі даусыз. 

дында өтпеген сыны жоқ. Осы сыннан да 

ойдағыдай өтті. Біз тіл маманы ретінде ерек-

ше бағалап отырмыз» деп Н.Ә.Назарбаевты 

мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген 

қорытынды жасады.

Лингвистикалық комиссияға сынақ 

тапсырғандар қатарында «Экологиялық 

тұрақтылық» қоғамдық бірлестігі басқар-

масының төрағасы Серік Мұқаш болды. 

С.Мұқашқа «Қазақстан Ассамблеясы 

– Қазақстан табысы» деген тақырыпта 

шығарма жазу жүктелді. Бұл туралы комис-

сия төрағасы М.Жолдасбеков тақырыптың 

ашылмағанын, 35 қате кеткенін атап 

өтті.  Үміткерге екінші кезеңде Абайдың 

қара сөздері, нақты айтқанда, 43-інші 

қара сөзі түскен екен. Үшінші тапсыр-

ма ретінде «Халық тарихы және рухани 

жәдігерлер» тақырыбына сөйлеуі тиіс еді. 

Алайда Лингвистикалық комиссияның 

қорытындысы бойынша Серік Тасқараұлы 

қазақ тілін еркін меңгермеген деп та-

нылды. Сынақ тапсырғандар қатарында 

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының 

төрағасы Әбілғазы Құсайынов болды. 

Оның бірінші сұрағына «Ел мен жер 

тағдыры» деген тақырып келді. Екінші 

– Қазақ жері қандай кең болса, 

халқының да тарихы соншалықты 

терең, сол сияқты ұлтымыздың 

мәдениеті, салт-дәстүрі де өте 

бай. Ата-бабаларымыздан мұра 

болып келе жатқан салт-дәстүр, 

әдеп-ғұрыптарымыз негізінен 

бір болғанмен, еліміздің барлық 

аймақтарында біркелкі сақталмаған. 

Азын-аулақ ерекшеліктері болған-

дықтан, кейбірі тіпті ұмытыла 

баста ғандықтан, бүгінгі жастарға 

оны түсіндіре кеткеннің еш артық-

шылығы жоқ қой деп ойлаймын.

Қ а з а қ   х а л қ ы н ы ң   ж а д ы н д а 

сақталған рулық шежіреде бүгінгі 

қазақ баласының барлығы қазақ 

атадан өсіп-өнген бір кісінің баласы 

екендігі айтылады. Мәселе, ұлттық 

шежіренің ғылыми және тарихи-

танымдық зерделеу тұрғысынан 

қаншалықты нақтылығында емес, 

тегін іздеп тереңдеген сайын бүгінгі 

барлық қазақты бір атаның бала-

сы қылып шығаратын тұтастыққа 

негізделген – тайға таңба басқандай 

құрылымдық құндылығы мен сабақ-

тастығында.

Отпан  таудағы  қа ра шаңы рақ-

тың қарақазаны – ұлттық, тектік 

рухани мұрамыз. Наурызда «Амал» 

мерекесінің 13-і мен 14-інде От-

пан тауға жиналып, еліміздің әр 

түкпірінен шақырылған ақсақал дары 

мен азаматтары сол ортақ қара-

шаңырақтың қарақазанынан дәм 

татса, жылма-жыл жаңғыртып үр-

бірімізге, әсіресе, балаларға көмектесу»   

деді ол. Мемлекет басшысы «Мейірімділік» 

ерікті қоғамы» қорының ауыр науқасқа 

ұшыраған балаларға көмек көрсету сынды 

маңызды әлеуметтік бағыттағы жұмыспен 

айналысатынын, бұл істе оған бүкіл 

қоғамның қолдауы қажет екеніне баса 

назар аударды. Тағы бір айта кетерлігі, 

Елбасы аурулардың пайда болу себептерін 

іздеумен айналысып, олардың алдын алуды 

маңызды мәселе ретінде арнайы тоқталып 

өтті. «Қоғамның әл-ауқаты неғұрлым 

жоғары болған сайын, ол мұқтаждарға, 

соның ішінде науқас балаларға, мүмкіндігі 

шектеулі азаматтарға, зейнеткерлерге 

соғұрлым көбірек көмектесетін болады. 

Қазақстанның балалары ата-анасы бола 

тұрып, балалар үйінде тәрбиеленбейтіндей, 

ал балалары бар ата-аналар қарттар үйіне 

түспейтіндей жағдай жасау маңызды. 

Осының барлығы үшін қоғам мен мемлекет 

бірлесіп жұмыс істеуі керек. Сіздер сияқты 

энтузиаст жандар елдің табысты дамуы 

мен оның болашағы үшін өте қажет» деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында ерекше мәнге ие 

болған мәселе ретінде мемлекеттік тілді 

дамыту сөз болды. «Бұл мәселе тез шешіле 

қоюы мүмкін емес, ұзақ уақыт жұмыс 

жүргізген жөн. Мұны өскелең ұрпақтан 

бастау қажет. Тілдің дамуына жан-жақты 

көмек көрсету керек. Зиялы қауымды 

тартып, өзекті шығармаларды талқылау, 

(Басы 1-бетте)


Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін

жүктеу 0.86 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет