«Күйзелістің алдын-алу әдістері»



жүктеу 19.75 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.04.2017
өлшемі19.75 Kb.

«Күйзелістің алдын-алу әдістері» 

Таңнан  кешке  дейінгі  уақыт,әр  апта,әр  ай,әр  жылдағы  тіршілігіміз    -  бұл 

біздің күнделікті  өміріміз.  Күннің басталуы,тамақтану тәртібі және қозғалыс 

белсенділігі  ,демалыс  пен  ұйқының  сапасы,қоршаған  ортамен  жағымды 

қарым-қатынас , күйзеліске қарсы тұра алу дағдысы белсенді және еркін өмір 

сүрудің  бірден-бір    бөлігі  болып  табылады.Өмір  сүру  салтының 

салауатты,белсенді 

 

болуы 



өзімізге 

әбден 


байланысты.Өмір 

сүру  


принциптеріне  өзіміз жағымды әсер ете отырып, босаңсу мен үйлесімділікке 

қол  жеткізсек,барынша    сабырлы  болып,күйзеліс    факторларларына   

жәйбарақат  қараймыз,демек  аутогенді реттеу қабілетін  меңгереміз. 

Аутоггендік    реттеу  арқылы  күйзелістің  алдын-алудың    төрт  әдісін  атап 

айтуға болады: 

1.Босаңсу (релаксация) 

2. Күйзеліске қарсы «күнді қайта құрастыру» 

3.Күтпеген күйзеліске алғашқы жәрдем көрсету. 

4.Күйзеліске аутогенді сараптама жасау. 

Кез-келген  адамға  жаттығу  арқылы    осыларды  жасау  қиын  емес.Талдайтын 

болсақ, 

босаңсу 


деген 

ол 


бұлшық 

еттердегі 

қысымдарды 

жеңілдету.Мұрынмен  тыныс  алып,  ауызбен  шығару,ауызбен  ауаны  ішке 

тартып,  мұрын  тесігі  арқылы  шығару  немесе  бір  мұрынның  тесігі  арқылы 

ішке ауаны тартып, екінші тесігімен сыртқа шығару арқылы бұлшық еттерге 

босаңсу жасау керек. 

Жұмыста  болған  титығу,  шаршау,ашулану  т.с.с.  адамдар  үйіне  алып  келіп 

жатады,бұл дұрыс емес,өзінің  жаман көңіл-күйін үйдің босағасына кіргізбеу 

керек.Өзімізбен бірге күні бойы жиналған күйзелісті үйге әкелмеу үшін үйге 

қайтар  алдында  бұлшық  ет  босаңсуын  жасап,  жиналып  қалған  жағымсыз 

энергиядан тазалануымыз керек.  



Үйге

 келген соң 10 минут ішінде жасауға болатын босаңсу жаттығуы: 

1.Креслоға отырып,денеңізді босатып,тыныштықта демалып алыңыз. 

2.Қою шәй немесе кофе даярлап алып,оны  біраз уақыт созып ішіңіз,дәл осы 

сәтте ештеңе ойламауға  тырысыңыз. 

3.Өзіңізге  ұнайтын  жақсы  әуен  тыңдаңыз,  бар  ойды  тоқтатып,толық  әуен 

жетегіне еніңіз. 



4.Өзіңіздің жақындарыңызбен бірге ішуге де болады,әңгімелесіңіз.Жұмыстан 

келе  сала  мәселе  шешуге  кіріспеңіз:  шаршап  тұрғанда  бұл  қиындық 

туғызады.Сіз  ол  мәселені  біраз  уақыт  өткен  соң,бойыңыздағы  қысымдар 

босаңсығаннан кейін оңай шеше аласыз. 

5.Ваннаға 

жылы 


су 

толтырып 

біраз 

жатыңыз.Ваннада 



жатқанда 

тыныштандыратын  тыныс  алу  жаттығуларын  жасауға  болады.Әрбір 

тынысыңыздан  кейін  күні  бойы  жиналып  қалған  бойыңыздағы  қысым 

жеңілдейді. 

6.Кешкі астан кейін таза ауада біраз серуендеңіз 

7.Спорттық  ыңғайлы  киім  киіп,  5-10  минут  жүгіруге  болады.  Мұндай 

ұсыныстар өз тарапыңыздан болуы өте маңызды. 

Тыныққан соң  қандай да мәселені шешу сіздің жүйкеңізге салмақ салмайды 

және  бұған  айтарлықтай  күш-қуатыңыз  да  кетпейді.Күйзеліске  аутогенді 

сараптама  жасау  үшін  «күйзеліс  күнделігін»  арнау  керек.  Күнделікке 

күйзеліс  белгілері  қашан  және  қандай  жағдайларда  байқалғанын  туралы 

жазыңыз.Яғни  өзіңізді  бақылауға  алыңыз.  Күнделіктегі  бақылаулар    қандай 

жағдайлар  сізге  күйзеліс  тудырғанын  анықтауға  көмек  береді.Күйзелістің 

себептерін  анықтай  аласыз.Күнделікке  сонымен  қатар  күйзеліс  кезінде 

болатын  сезімдеріңізді  жазып  бақылау  жүргізу  керек.  Бақылау  барысында 

ашулану, денедегі жыбыр,жиі тыныстау,бұлшық ет қысымы, бір орында тұра 

алмау,ауырлықты 

сезіну,ауыз 

құрғауы,ұйқының 

бұзылуы,тез 

шаршау,қорқыныш  сезімі,көңіл-күй  бұзылуы,жабығу,бас,буын  ауруы,тәбет 

қалпсыздығы,жүрек соғуының жиілеуі сияқты  күйзеліс белгілері болатынын 

аңғарамыз.Бақылау күнделігінің көмегімен күйзелістің туындау себебін және 

өмір сүруімізге не кедергі болғанын анықтауға мүмкіндік аламыз. 



Психологиялық

 релаксация әдістері:  

Фитотерапия  (емдік өсімдіктерді пайдалану әдісі) 

Музыкатерапия  (музыка  –  бұл  ем,жүйке-психикалық  ауруларға  ем  ,алдын-

алу болып табылады) 

Хромотерапия  (жүйке-жүйенің  қызметіне  түстерді    алмастыра  отырып 

жағымды әсер ету) 

Литотерапия    (минералдармен  емдеу:  рубин  мінез-құлыққа  жағымды  әсер 

береді,жадыны жаттықтырады,жауапкершілік сезімін арттырады т.с.с.) 



 

 

 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 19.75 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет