Күй күмбезі Тәттімбет Рымбек Смағұлов



жүктеу 110.24 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.02.2017
өлшемі110.24 Kb.

Күй күмбезі Тәттімбет 

Рымбек Смағұлов, 

аудандық «Қарқаралы» 

газетінің бас редакторы 



Шертпе күйлер жай-

ын сөз етер болсаң көңілге 

ең алдымен аса көрнекті 

домбырашы, халық ком-

позиторы Тәттімбет ора-

лады. Кемеңгер күйшінің жан 

тебірентер асқақ та өрнекті 

күйлері қазақ даласында бар 

қасиет-қуатымен одан әрі 

шалқи түсуде. Шетсіз де 

шексіз сыршыл философияға 

құрылған бұл туындылар өзініқ 

ешқашанда сыны кетпейтін 

оқшау да дара дүниелігімен 

халқымыздың жүрегінен 

өшпес орын  а л ғ а н . 

Ардақты баба күйлерін 

қалың жұртшылық қауым 

алдында насихаттап, ел ара-

сына кеңінен таратуда кейінгі 

лек жас домбырашылардың да 

зор үлесі бар. Солардың бірі -

Егіндібұлақтық 

Тұрысбек Түсіпбеков. 

Ш

ертпе күйлер жайын сөз етер 



болсаң көңілге ең алдымен 

аса көрнекті домбырашы, халық 

композиторы Тәттімбет оралады. 

Кемеңгер күйшінің жан тебірентер 

асқақ та өрнекті күйлері қазақ да-

ласында бар қасиет - қуатымен 

одан әрі шалқи түсуде. Шетсіз 

де шексіз сыршыл философияға 

құрылған бұл туындылар өзінің 

ешқашан да сыны кетпейтін оқшау 

да дара дүниелігімен халқымыздың 

жүрегінен өшпес орын алған. 

Ардақты баба күйлерін қалың 

жұртшылық қауым алдында наси-

хаттап, ел арасына кеңінен таратуда 

кейінгі лек жас домбырашылардың 

да зор үлесі бар. Солардың бірі -

Егіндібұлақтық Тұрысбек Түсіпбеков. 

Ол 1947 жылы Мыржық өңірінде 

дүниеге келген. Оның Тәттімбеттің 

туған жерінде тууы тегін емес. 

Тұрысбек даңқты бабасымен ата-

лас туыс. Достар тауындағы жер 

аттары Мөшеке-Маңыбай бұлағы 

бұлардың аталарының есімдері. 

Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі 

болса, Маңыбай Тұрысбектің арғы 

атасы. Сондықтан болар, мүмкін 

жас домбырашы ұлы күйшінің 

шығармаларын орындағанда күй 

табиғатына шын жүрегімен беріліп, 

тебіреніс үстінде тартады. Ол 

әсіресе, «Сылқылдақ» сияқты сырға 

толы сылқ-сылқ күлген сылқым күйді 

үзілдіріп, жандандырып шертеді. 

Тәттімбеттің әрбір күйінде, өзіндік 

үні, сағынышқа, қуанышқа, кейде 

ызалы ашуға толы мазмұн бар. 

«Сылқылдақ» күйін шертер ал-

дында Тұрысбек оның ел санасына 

тарап кеткен мынадай тарихын баян 

етеді. 


Өнерді мәңгі серік еткен 

Тәттімбет бірде Жанақ жырау мен 

Қарқаралыдағы үлкен жиында бас 

қосады. Би-болыстар, көпшілік жұрт 

тоғысқан осы ортада Жанақ жырау 

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу қиссасын 

үш күн, үш түн жырлады. Жаны таза 

жас жігітпен сұлу қыз арасындағы 

мөлдір махаббатты өзіндік асқақ 

мақаммен нақышына келтіре баян-

дайды. 

Жанекең, өлең айтқанда ты-



ныс алғанын сездірмей түйдек 

түйдегімен тастайтын көрінеді. 

Әсерлі үн мен әсем өлең жолдары 

жұптасып замана шежіресін халық 

ұйып тыңдапты сол күндері. Міне 

сол жылы Тәттімбет «Сылқылдақ» 

күйін Баянның сыңғырлаған сылқ-

сылқ күлкісіне арнапты деседі. 

Шын мәнінде, осы Егіндібұлақ 

өңірінің адамдарына күйшілік өнері 

дарыған десе болар. Олар халық 

композиторының өлмес туындыла-

рын бізге жеткізуге өздерінің үлестерін 

қосты. Әсіресе Тәттімбеттің өз бала-

лары Мұсатай, Қысатай әке амана-

тындай қастерлеп, халқымыздың ал-

тын қоры - Тәттімбет күйлерін Ықаш 

Жүкіжанов, Мәндер Сәрсенбаев, 

Түсіпбек Кенжетаев, Құсайын 

Садықов, Ахметбек Кенжетаевтар 

сияқты саусақтарынан бал тамған 

домбырашыларға үйретіп кеткен. 

80 жылдары дүниеден өткен 

бұл күйшілердің айнала елді күй 

құдіретімен баурап алатын өзіндік 

екпіні бар-тын. Сондай-ақ, 1976 

жылы 60 жасқа тақап дүниеден 

өткен Ақан Әжібеков, Ырысбек 

Түсібеков керемет күйші болған. Бұл 

екеуі де Тәттімбет күйлерін меруерт-

тей тізіп көкірегінде сақтап келген. 

Ақанның әкесі Әжібек Ибраев күй 

кәусарларын Тәттімбет балалары-


нан үйреніп ұлына мирас еткен еді. 

Тәттімбет күйлерін шебер 

орындаушылардың бірі Тұрысбек 

Түсіпбеков десек артық болмас. Ол жа-

стайынан Тәттімбеттің дауылдап өткен 

өмірін, қанаты талмас биік өнерін зерттеп, 

бойына сіңіріп келеді. 

Қай күйші Тәттімбеттен үлгі алмаған, 

Ат сабылтып, күй үйренуге 

бір барамаған, 

Атанған күй күмбезі Сарыарқаның, 

Күй тартса алдына бір жан салмаған. 

Тұрысбектің әкесі Түсіпбек Кенжетаев та 

кезінде домбыра тартқан. Кешегі Ұлы Отан 

соғысы уақытында да кейбір ошақ баста-

рында Тәттімбеттің кекті күйлері күңіреніп, 

кернедей тартылып, кек алуға үндейтін. 

Ол ұл-қыздарына домбыра тартудың 

әліппесін үйретті. Түсіпбек Кенжетаевтың 

4 ұл, 4 қызы түгелдей домбыра тартады. 

Балаларының әрқайсысы әр мамандықтың 

тұтқасын ұстағанымен ұлттық музыка аспа-

бына деген ыстық сүйіспеншілік қанына 

сіңіп, қасиет болып қалыптасқан. 

Алайда, олардың ішінен үлкен сахнаға 

домбыраны өмірлік серік еткені Тұрысбек. 

Ол тек қана домбыра тартумен шектелмей, 

Тәттімбет туралы мол деректерді жинап 

жүр. Мәселен ұлы күйшінің 40-тан астам 

белгілі күйлерін басқа әлі де елге белгісіз 

күйлері бар. Сол күйлердің бірі «Ақбөпе» 

жайлы Т.Түсіпбеков былай дейді: алғашқы 

әйелі Ақбөпе қайтыс болғанда Тәттімбет 

қаншама күн қайғырып жатып алады. Үлкен 

жүректің армандай асылын жоғалтқан сәті 

еді бұл. 1862 жылы Тәттімбет 47 жасында 

қайтыс болғаннан кейін жесір қалған екінші 

әйелі Есім күйшінің бұрынғы әйелінен 

қалған Мұсатай, Қысатай деген ұлдарын 

аялап өсіреді. Мұсатай мен Қысатай жасы 

өздерімен шамалас екінші анасын қадірлеп 

өтіпті. Есім болса екі бала ұйықтап жатқан 

кезде, олардың ұйқысын бұзбасын деп 

шырылдаған бозторғайларды қуатын 

көрінеді. 

Міне ұлы адамдардың өмірінің көрінісі 

осындай музыка зерттеушісі белгілі дом-

бырашы У.Бекенов «Күй табиғаты» деген 

кітабында «Тәттімбет 

елінде ата күйін мирас 

көрер тамылжытар күй 

тартар күйші ұрпақтарын 

көптеп кездестіруте бола-

ды» дей келіп, Тұрысбек 

есімін атап өтеді. Сол 

кітабының 37-бетінде тағы 

да «Тұрысбек Түсіпбеков» 

Тәттімбет өнерін әрі орын-

даушысы, әрі насихаттау-

шысы деген. Т.Түсіпбеков 

Тәттімбеттің Қосбасардың 

9 түрін, «Былқылдақ» 

және басқа күйлерін ез 

биігіне жеткізе орындай-

ды. Тәттекең күйлердің 

бәрі бір деңгейде өте 

құнды, әрқайсысы терең 

философиямен, сыршыл-

дығымен, әсем үнділігімен 

адамдар жанын тебірентеді. Өйткенмен 

де, табиғаттың әсем көркі, қызықты 

дәстүрлерін сипаттайтын «Сарыжай-

лау» мен жүрек қылын дәл басып, жанды 

беймәлім шаттыққа бөлейтін «Көкейкесті» 

күйі Тұрысбек үшін өте ыстық. 

Тұрысбек Түсіпбеков 1970 жылы 

Қарқаралы зооветтехникумыңда оқып 

жүрген кезінде Францияға барған Салтанат 

ән-би ансамбліне қатыса бастайды. Міне 

сол кезден бастап жасынан жаны сүйген 

Тәттімбет бабасының күйлерін нақышына 

келтіріп, зор толғаныспен орындап келеді. 

Ол қазақтың ақын композиторы Кенен 

Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуы-

на арналған Алматыдағы торқалы тойға 

қатысып, көпшілік алдында «Майдасары», 

«Мыржық» күйлерін орындап берді. Қазақ 

ССР Мәдениет Министрілігінің арнайы 

«Алғыс грамотасымен» наградталды. 

Тұрысбек жайлы бірнеше күй кітаптарда 

айтылып суреті басылған. 

Тұрысбек шын мәнінде ел сенімін 

ақтап тамаша өнерімен көрініп жүр. Ол 

- Республикалық және Бүкілодақтық 

байқаулардың лауреаты. Тұрысбек 

Түсіпбеков Тәттімбет күйлерінің үлкен на-



Домбырашы, халық 

композиторы 

Тәттімбет 

Бірде Тәттімбет бес 

төремен Омбы сапары-

на шығады. Олардың 

құрметіне жолай мал 

сойылады, сый тар-

тылады, ел барын 

шашады. Сол жолы 

қасындағы әлгі бесеуіне 

әлі елге мәлімсіз күй 

тартады. Күй орында-

лып біткен соң төрелер 

«бұл қандай күй», - деп 

сұрайды. Сонда оларға 

Тәттімбет өлеңдетіп 

жауап берген екен: 

Бұл күйдің аты 

«Бес төреіе», 

Отырсаң өңшең 

мес төре. 

Санаң болса кеудеңде, 

Жұмбағымды 

шеш төре. 

Өз еліне қасқырдай, 

Неге мұнша өш төре. 

Тұрысбек Түсіпбеков 

1970 жылы Қарқапралы 

зооветтехникумын-

да оқып жүрген 

кезінде Францияға 

барған Салтанат 

ән-би ансамбліне 

қатыса бастайды. 

Міне сол кезден бас-

тап жасынан жаны 

сүйген Тәттімбет 

бабасының күйлерін 

нақышына келтіріп, зор 

толғаныспен орындап 

келеді. 

сихаттаушысы, жанашыры. Оларды зор 

тебіреніспен орындайды. 

Т. Түсіпбеков Тәттімбеттің өмірі туралы 

қызықты дерек айтады. 1855 жылы 23 нау-

рызда Ресей императоры Александр 2-ші 

таққа отыру тойына шақырумен Ақмола 

округінен Ыбырай Жайықбаев, Көкшетау 

округінен Шыңғыс Уәлиханов, Баянауыл 

ауданынан Мұса Шорманов, Қарқаралы 

ауданынан Тәттімбет Қазанғапов Петер-

бургке барған екен. Сол жолы патша II 

Александрдің алдында Тәттімбет өзінің 

«Сарыжайлау», «Сылқылдақ» күйлерін 

тартып, ұлы мәртебелі патшаның өз 

қолынан күміс медаль алады. 1973 жылы 

жаз айында Тәттімбет шығармашылығын 

зерттеу үшін Алматыдан келген акаде-

мик Әлкей Марғұлан Тұрысбектің әкесі 

Түсіпбек Кенжетевтың үйінде қонақ болып 

Ленинградтан алынған архив құжаттарын 

Тұрысбектің өз қолына беріп кетті. Осы 

архивтегі (фонд 1265 оп 4-дело 27) 1855 

жылғы 29 наурыздан 1856 жылғы 12 

қаңтарға дейінгі жүргізген «О прибытие 

Санкт-Петербург депутаций от сибирских 

киргизов а также о награждение членов 

этой депутаций. Чиннами орденами и ме-

далями» - деген 90-беттік іс қағаздарын 

ала келіпті. Бұл қағаздарда II Александр 

патшаның 1855 жылы ақпан айында таққа 

отыру рәсіміне сегіз адам барғаны тура-

лы дерек бар. Олардың қатарында Сібір 

қазақтарының облыстық тілмашы Добши-

енский де болған. Бұл депутацияны екінші 

рет 24 сәуірде патша қайта қабылдаған. 

Тұрысбек Түсіпбеков Тәттімбеттің меда-

лінің көшірмесін Мәдениет министрлігі 

арқылы туған жері Егіндібұлақ ауданына 

әкелген болатын. 

Бірде Тәттімбет бес төремен Омбы 

сапарына шығады. Олардың құрметіне 

жолай мал сойылады, сый тартылады, ел 

барын шашады. Сол жолы қасындағы әлгі 

бесеуіне әлі елге мәлімсіз күй тартады. 

Күй орындалып біткен соң төрелер «бұл 

қандай күй», - деп сұрайды. Сонда оларға 

Тәттімбет өлеңдетіп жауап берген екен: 

Бұл күйдің аты «Бес төре», 

Тәттімбеттің ұрпағы, күйші 

Тұрысбек Түсіпбеков I 

Отырсаң өңшең мес төре. 

Санаң болса кеудеңде, 

Жұмбағымды шеш төре. 

Өз еліне қасқырдай, 

Неге мұнша өш төре. 

Ал Тәттімбеттің Алшағыр, Азамат ба-

басына арналған Бертіс атты күйлері 

адамгершілікті уағыздайтын жоғары 

азаматтық рухтағы күйлер. Тұрысбек 

Түсіпбеков Бертіс күйі, Алшағыр күйніің 

шығу тарихын былайша әңгімелейді: 

Мыржық деген қалмақ батыры бастаған 

жау елге маза бермеген кез екен. Қазақтан 

Алшағыр батыр қол бастап жауды жеңіпті. 

Жеңілген қалмақ батыры Мыржық өлер ал-

дында: «Мына тауға менің атымды қой», 

- деп соңғы тілегін білдіріпті. Тәттімбет 

туған жер аққайың, шынар терек өскен, 

сылқылдақ тосқан бұлақ ағатын «Мыржық» 

тауының тарихы міне осындай. 

Тәттімбеттің «Мыржық» күйі осы жердің 

әсем табиғатына, туған жерге деген 

сағынышқа арналған. Тәттімбет көптеген 

білімді ғалым адамдармен қатынасын 


үзбеген. Мысалы, орыстың белгілі ғалымы, 

төрт томдық түсіндірме сөздік жазған Вла-

димир Дальмен өте жақын таныс болған. 

«Северная пчела» газетінде Тәттімбеттің 

Петербургте болып күй тартып бергендігін 

С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романының 

екінші томы «Бәйгеден келген бір тай» 

бөлімінде деректер келтірген. Мәселен, 

поляк саяхатшысы Адольф Янушкеевич 

1846 ж 15 қыркүйектен бастап Тәттімбет 

ауылында үш күн болған. Тәттімбетпен 

бірге уақытын қызықты өтікзген, күйлерін 

тыңдап, құмарын қандырған. Бұл жайында 

ол өзінің «Күнделіктер мен саяхаттар» атты 

кітабында айтып өтеді. Техника ғылымының 

кандидаты Юрий Григорьевич Поповтың 

«Свидание с Сарыаркой» кітабында «Зо-

лотая домбыра Таттимбета» деген бөлім 

жазған. Онда Тәттімбет өмірі, оның күйлері 

жайлы баян еткен. Ұлы күйшінің лайықты 

мұрагері Тұрысбек жөнінде әңгімелейді. 

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің», -

дегендей Тұрысбектің сана-сезімінің, түйсік-

түсінігінің жаңа ояна бере сезген-білгені 

Тәттімбет жайлы, басқа да өнерпаздар, ән-

күй, домбыра турасында еді. Әкесі Түсіпбек 

Кенжетаев «Осы ұлым күйші болады», 

- деп жастайынан домбыраға баулыған. 

Күй құдіретіне машықтырған. Тұрысбек 

есін біліп, етек жаба бастаған кезде даңқты 

бабасы Тәттімбет туралы әңгімелерді көп 

естіді. 


1978 жылы ақпан айында қазақ 

телевидениесі «Тәттімбеттің күйлері» атты 

телефильм түсірді. Оған белгілі жазушы 

Сапарғали Бегалин, Қазақстанның халық 

әртісі М.Хамзин, домбырашылар У.Бекенов 

және Т.Түсіпбековтер қатысты. Бұл теле-

фильм Алматыдан 4-5 рет қайталанып 

көрсетілді. Ондағы түскен бір кадр сурет 

У.Бекеновтың «Күй табиғаты» кітабындағы 

38 бетінде берген. 

Қарағанды облыстық Тәттімбет атын-

дағы музыка училищесіне студенттер-

ге Тәттімбет жайлы жете түсіндіру және 

лайықты эстетикалық тәрбие беру үшін 

ұлы күйшінің шығармашылық портреті 

қажет болды. Тұрысбек 1974 жылдан ба-

стап Қарағанды облыстық суретшілер, 

мүсіншілер, архитекторлармен тығыз бай-

ланыста болды. Биіктігі 12 метр, салмағы 

25 тонна материалды ансамбльдің архи-

текторы Нұрбақыт Қойшыбаев пен мүсінші 

Жеңіс Малдыбаев бірігіп Тәттімбет обра-

зын жасауға белсене кірісіп, ескерткіштің 

орнауына зор үлесін қосты. Қарағанды 

облыстық суретшілер одағы бөлімшесі 

басқармасының төрағасы, Қазақстан 

Суретшілер одағының мүшесі Сейітмахан 

Қалмаханов 1977 жылы тұңғыш рет 

ұлы күйішінің шығармашылық портретін 

Тұрысбек берген мәліметтерге сүйене от-

ырып, жасап шығарды. Бұл суретті олар 

Егіндібұлақ ауданының қазіргі Тәттімбет 

атындағы совхозға қойды. 

Суреттің бір данасы - Тәттімбеттің 

шығармашылық портреті Қаз.ССР 

Мәдениет Министрлігі жанындағы көркем-

көрме дирекциясының қорына қабылданды. 

1978 жылдан бастап кірісіп 1980 жылы 

Тәттімбеттің шығармашылық портретін 

Қарағандылық суретші КСРО Суретшілер 

одағының мүшелері Мәжит Байтенов, 

Райымкүл Есіркеевтер Т.Түсіпбековпен 

кеңесе отырып жасап шыққан еді. Бұл 

сурет Егіндібұлақ ауданының Тәттімбет 

атындағы көшесінде орналасқан тарихи-

өлкетану музейінде тұр. 

Сондай-ақ, Львов қаласының көр-

кемсурет университетін бітірген соң 

Қарағандының бас суретшісі болып істейтін 

КСРО Суретшілер одағының мүшесі Мұрат 

Қалқабаев жасаған Тәттімбеттің портреті 

Тәттімбет атындағы музыка училищесіне 

қойылды. 

Жоғарыда аты аталған суретшілер жай-

лы 1979 жылы Мәскеуден «Советский ху-

дожник» баспасынан шыққан «Художники 

Караганды» деген кітапта айтылған. Бұл 

суретшілердің кеңес сұрап жазған көптеген 

хаттары Тұрысбек Түсіпбековте сақтаулы. 

1970 жылы Тұрысбек Түсіпбеков алға 

қойған мақсатына белсене кірісіп, Тәттімбет 

өмірін ғылыми тұрғыда зерттей бастады. 

Баба есімін кейінгі ұрпаққа айқын таныту 

үшін, Қарағанды музыкалық училищесіне, 



Бүгінде Тұрысбек 

архивінде Ә.Марғұлан, 

Ғ..Мүсірепов, 

З.Ақышев, 

Ж.Әлімқұлов, 

Л.Хамиди және 

басқалары жазған 

хаттары сақтаулы. 

Бұл сәлем хаттарда 

талантты жігітке 

деген ағалық ыстық 

сезім, еңбегіне берілген 

баға, Тәттімбет 

жайында білдірілген 

пікірлер бар. Мәселен, 

«Тұрысбек Тәттімбет 

туралы мәліметтері 

толықтай жина-

стырып алған соң, 

оның күйін домбыраға 

салған», — деп жа-

зады Ә.Марғұлан. 

«Қалайда, сен өзің елің 

таныған күйшісінің 

- дейді жазушы 

Ғ.Мүсірепов. 

«Ұяда не көрсе, 

ұшқанда соны 

ілерсің», - дегендей 

Тұрысбектің сана-

сезімнің, түйсік-

түсінігінің жаңа 

ояна бере сезген-

білгені Тәттімбет 

жайлы, басқа да 

өнерпаздар, ән-күй 

домбыра турасында 

еді. Әкесі Түсіпбек 

Кенжетаев «Осы 

ұлым күйші болады», 

- деп жастайынан 

домбыраға баулыған 

Күй құдіретіне 

машықтырған. 

Тұрысбек есін біліп, 

етек жаба бастаған 

кезде даңқты бабасы 

Тәттімбет туралы 

әңгімелері көп естіді. 

Егіндібұлақ ауданындағы бір көшеге, 

аудандық тарихи өлкетану музейіне 

Тәттімбет есімі берілуіне бар куш-жігерін 

салды. Оның «Қазақ әдебиетінің» 1979 ж 

21 қыркүйегінде қазақ кеңес композиторы 

Ілия Жақановтың «Балқантаудың баурай-

ында» әніне жазған рецензиясы және басқа 

да осы тақырыпта шыққан мақалалары му-

зыка әдлеміндегі Тұрысбек белсенділігін 

көрсетті. Қарағанды облыстық «Орталық 

Қазақстан» газетінде, республикалық «Ка-

захстанская правда», «Ленинская сме-

на» газеттерінде Тұрысбектің көптеген 

мақалалары басылды. 1977 жылы 14-16 

қазанда республикалық орысша, қазақша 

газеттерде КазТаг тілшісі Всевольд 

Аляпиннің «Халық композиторына ар-

налды» деген мақаласында Тұрысбектің 

домбырашылығы, насихатшылығы жөнінде 

айтылған. 

«Социалистік Қазақстанда» 1985 ж 14 

желтоқсанда «Керемет күйші құрметіне» 

деген мақала басылды. Оның авторы 

Тәттімбет атындағы музыка училищесінің 

оқытушысы М.Мұқышев мақалада 

Тәттімбет атындағы музыка училищесінде 

Тәттімбеттің туғанына 170 жыл толуына 

арналып өткен салтанатты кеш туралы 

жазды. Кештің ұйымдастырушысы және 

Тәттімбет күйлерін тартушы Тұрысбек 

Түсіпбековтің талмай ізденісіне, шебер 

орындаушылығына талдау жасалды. 

1985 жылы желтоқсан айында 

Алматыдағы Құрманғазы атындағы 

мемлекеттік консерваторияда Тұрыс-

бек Түсіпбеков пен Монғол Халық 

Республикасының Баян-Өлгей аймағынан 

келген сол жердің ұлттық аспаптар 

оркестрінің дирижері Хусаяну Мусайеру-

мен арнайы кездесу болып өтті. Моңғолдық 

қонақ ұлы күйшінің сыртық елге мәлім 

бола қоймаған небір ғажап туындыларын 

Тұрысбектің орындауында тыңдап қайран 

қалды. Бұл жөнінде 1986 жылы 21 ақпанда 

«Қазақстан мұғалімінде» консерватория 

студенті Е.Мейірқұловтың «Тәттімбетке ар-

налды» деген мақаласы шықты. 

1985 жылы Ташкент қаласының 

М.Т.Ташмухамедов атындағы заводынан 

алғаш рет Тәттімбеттің 13 күй жинағы бар 

пластинка 40 000 тиражбен шықан еді. ¥лы 

күйшінің талантының қастерлене бастауы 

Тұрысбек Түсіпбековке шексіз қуаныш 

әкелді. 

Пластинка сыртының орауына алғысөз 

жазған Қазақстанның өнер қайраткері, про-

фессор Хабидолла Тастанов. Ол бұл күнде 

Тәттімбет күйлерін шебер орындаушылар 

аз емес. Олардың қатарына Қазақстанның 

халық әртісі Мағауия Хамзин және еңбегі 

сіңген әртіс Әбікен Хасенов, республика 

домбырашылар конкурсының лауреаты 

Тұрысбек Түсіпбековтер жатады деген еді. 

Көптеген музыка зерттеушілері, 

ғалымдар, жазушылар Тәттімбет жайлы 

ізденіс жұмыстары кезінде Тұрысбекпен 

үнемі байланыс жасап отырды. Оның 

тартқан күйлерін зейін қоя тыңдап, одан 

бірнеше күйлер жазып алды. Кейіннен олар 

күйші атына біржола бекіді. Бүгінде Тұрысбек 

архивінде Ә.Марғұлан, Ғ.Мүсірепов, 

З.Ақышев, Т.Әлімқұлов, Л.Хамиди және 

басқалары жазған хаттары сақтаулы. Бұл 

сәлем хаттарда талантты жігітке деген 

ағалық ыстық сезім, еңбегіне берілген баға, 

Тәттімбет жайында білдірілген пікірлер 

бар. Мәселен, «Тұрысбек Тәттімбет тура-

лы мәліметтерді толықтай жинастырып 

алған соң, оның күйін домбыраға салған» 

- деп жазады Ә.Марғұлан. «Қалайда, сен 

өзің елің таныған күйшісің», - дейді жа-

зушы Ғ.Мүсірепов. Көптеген кітаптардың 

авторы, Қарқаралы өңіріне арнайы еңбек 

жазған жазушы Алексей Иванович Брагин 

Тұрысбекке жазған хатында «Продеды и 

провнуки Каркаралинских краев» деген 

кітап жазып жүргенімде «Сарыарқа» елінің 

Тәттімбетті шексіз сүйетіндігіне көзім жетті. 

Тұрысбек сіз сияқты домбырашылардың 

орындауында оның күйлерін естідім», -

деп шын ықыласпен атап өтеді. 

Оның жоғарыда Қазақстанның Оңтүстік 

және Орталық облыстарына өткізген 

Тәттімбеттің өмірі жайлы, күйлерінің шығу 

тарихы туралы лекциясын жоғары бағалап, 

1989 жылы Москваның Бүкілодақтық 


«Общество знаниясының» председателі 

академик Н.Г.Басовтың қолы қойылған 



«Благодарственная грамотамен» ма-

рапатталды. Тәттімбеттің туғанына 175 

жыл толуы мерейтойына байланысты 

Москвалық тележурналист Г.И.Сытых 

17 тамыз 1992 ж Моквада 120 минуттық 

бағдарламасын көрсетті. Бүкілодақтық 

«Маяк» радиобағдарламасынан хабар-

лар беріліп, Тәттімбет совхозында күйші 

жерленген мазар жанында Тұрысбек 

Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Көкейкесті» 

күйлерін орындады. 

1988 жылы «Өнер» баспасынан Са-

рыжайлау Тәттімбет деген 4500 тираж-

бен күйшінің 25 күй жинағы бар кітап 

шықты. Мұнда Тұрысбектің орындауында 

Сарықамыс, Көш тонаған күйлері нотаға 

басылып шықты. Сондай-ақ, Тәттімбеттің 

туғанына 175 жыл толуына байланы-

сты Алматылық Қазақстан Суретшілер 

одағаның мүшелері Иханова Амангүл мен 

Үмбетова Жәңгір «Тәттімбеттің музыкасы» 

деген биіктігі 2 м, ұзындығы 5 м гобелен 

жасады. Бұл туралы «Сұхбат» газетінің 12 

маусым 1992 ж санында фотосурет басы-

лып, Гобеленде сол жақта күйшінің ұрпағы, 

өнерпаз Т.Түсіпбеков Тәттімбет күйлерін 

шебер орындаушы деп көрсетілген. 

Таяуда облыстық мәдениет қоры 

«Тәттімбеттің туған жерінде» атты фильм 

түсірді. Мұнда басты кейіпкер ретінде 

Т.Түсіпбеков көрсетіледі. 

Тұрысбектің Тәттімбетану ісімен 

айналысудағы жетістіктеріне, орындау 

шеберлігіне көптеген өнер қайраткерлері 

әділ бағасын беріп келеді. Мәселен, 

Қазақ ССР халық әртісі, Қаз ССР Мемле-

кеттік сыйлығының лауреаты, КСРО 

композиторлар одағының мүшесі Л. Ха-

миди «Тәттімбеттің өмірбаяны мен 

шығармашылығын көптен бері зерт-

теп, кеңінен насихаттап жүрген музыка 

зерттеушісі Т. Түсіпбековпен кездесіп, 

біраз әңгіменің шетін қайырдық. Оның бұл 

еңбегінің музыка мәдениетіне өте қажет 

екенін айтпай кетуге болмас», - деп жаза-

ды

Тұрысбек Түсіпбеков үшін Қаз. ССР 

Ғылым Академиясының корреспондент 

мүшесі, өнертану ғылымының докторы, 

профессор Борис Григорьевичтің 1986 

жылы 22 шілдеде жазған хаты өте қүнды. 

Басқа да данышпан халық таланттары 

сияқты Тәттімбет есімі де ұмытылмақ емес, 

ол жөнінде насихаттап оқытып отыру керек. 

Бұл істе сіздің еңбегіңіз өте зор. Сол үшін 

сізді құрмет тұтамын», - дей келіп атақты 

ғалым, композитор Борис Григорьевич 

Тәттімбет шығармашылығына да жоғары 

баға берді. 

Тұрысбек мәдени қызмет саласындағы 

тамаша еңбегі үшін Қазақ ССР Мәдениет 

министрлігінің, облыстық Мәдениет бас-

қармасының бірнеше дипломдарына ие 

болған. 


Тұрысбек Түсіпбековтің мәдениетті 

өркендету мен Тәттімбеттану саласындағы 

атқарған ерен еңбегін бағалай отырып, 

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет 

қайраткері атағын алуға лайық деп толық 

айтуға болады. 

Тұрысбек даңкты баба күйлерінің 

бүгінгі нағыз жаршысы, жанашыры, кәусар 

бұлағы. Ол Тәттімбетану саласында әлі де 

талай еңбек етіп, табысқа жетері сөзсіз. 



Тұрысбек даңқты 

баба күйлерінің 

бүгінгі нағыз жар-

шысы, жанашыры, 

кәусар бұлағы. Ол 

Тәттімбетану 

саласында әлі де 

талай еңбек етіп, 

табысқа жетері 

сөзсіз. 

РЕЗЮМЕ 


Из статьи мы узнаем о жизни и деятельности народного композитора Таттимбета 

и его потомка - Турысбека Тусипбекова. Автор глубоко раскрывает тематику их произ­

ведений. 

SUMMARY 


The given article dedicated to great Kazakh compositor Tatimbet and its descendant 

urysbek Tusipbek. The author shows the theme of theirs work. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Oner -> Tattimbet
Oner -> Жүсекең бала кезінде ағасы Жақыпбектен көп үйренді. Ол мен ағамның қасында әншімін бе?- деп
Oner -> Өмірбаянын айтудың қажеті шамалы. Шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың
Tattimbet -> Өмірбаяны мен шығарма шылығын зерттеп, жұртшылыққа насихаттап жүрген Республикалық домбырашылар конкурсы
Oner -> Ұлы əншіні ұлықтаған үш күн
Oner -> 26 қараша күні «Шалқыма» концерт залында композитор Сыдық Мұхаметжанов шығармаларынан концерт болады. Оған Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі қатысады
Oner -> Тарлан әнші
Oner -> «ЖАҚсының аты өшпейді»
Oner -> С. Сейфуллин атындағы облыстык қазақ драма
Oner -> Ұшқан Жүрсін Молдашұлы қазақтың көнеден тамы р тартқан айтыс өнерінің

жүктеу 110.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет