Kit ап хан асы ғарифолла Есім



жүктеу 0.54 Mb.

бет3/4
Дата27.01.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4
(М.Лермонтов.  М.,  1975.  Т  1.  С. 179)

Абай  аудармасы:

Кец  жайлау  -   жалгыз  бесік  жас  балага.

Алла  асыраган  пендесі  аш  бола  ма?

Ержеткен  сон,  сыймайсын  кец  дүниеге,

Тыныштық  пен  чар  боларсың  баспанаға.  (1  m.  38-6.)

Мәселені осыпай қойғанда кім бақытты: бала 

ма, жоқ әлде ержеткен азамат па? Сірә, бүл жерде 

бақыт  деген  үғым  мәселе  ретінде  келмейтінге 

үқсайды.  Оның  үстіне  Абай  “б а қ ы г ’  дегенді 

қолданбаған.  Шиллердің қалай  айтқанын  білмей- 

мін, ал Лермонтов болса,  ересек жанға (азаматқа, 

жай адамға емес) 

"тесен покажется мир ” -  дейді. 

Бүл  жерде  еш  трагедия  жоқ.  Адамның  өзінін 

қиялы, арманымен, білімге қүмарлығымен әлемді 

тар  көруі  аса қауіпті  іс емес.  Мәселе,  осы  ойдағы 

адамның  жасайтын  іс,  әрекет,  харекетінде.  Ал, 

Абай 


болса мәселені мүлдем ашық түрінде берген. 

Ол 


“тыныьитық  пен  зар  боларсың  баспанага ”,  - 

дейді.  Бесікке  сыйған  бас,  олемге  сыймай  маза- 

сыздыкқа түсу деген  не  қиямет. Сірә,  муның бәрі 

адамның  өз  болмысындағы  іс  болса  керек.  Бала 

кезінде  ашылмаған  қуат  күні  ертең  адамға 

мазасыздык  беріп,  оны  таудан  тасқа  секіргеді. 

Сөйтіп, адамдар әлемге сыймай өздерін әуре етісіп, 

ғүмыр  кешпек.  Абай  мәселені  осылай  қойған, 

онысы қазактарға түсінікті. Тәубаның қажеттілігі

- § • 6 3   ►Вһ



де осында. Орыс халқының дүниетанымындатәуба 

деген  түсінік  жоқ,  сондықтан 



“тесен  покажется 

мир"  -  дегенге тоқтау  беретін  сананы  Лермонтов 

айтпаған.

Аудармада “бақытты бала” (счастлив ребенок) 

деген түсінік жоқ, орнына жас балаға бесік бейне кең 

жайлау. Абай М.Лермонтовтың “счастлив ребенок” 

деген  түсінігін  мүнымен  ғана бейнелеп  қоймайды, 

оган  ырыздық, қүт деген түсініктер қосқан. Оны ол 

поэзия тілімен “Алла асыраған пендесі аш бола ма?”- 

деп  бейнелеген.  Алла  асыраған  деген,  оның 

ырыздығы,  оның  сәбиге  берген  күты  деген  сөз. 



Сәбидщ қүты өзінде. Сәби дүниеге өз ырыздығымен 

келеді. Абай оны нақтылап “Алла асыраған пендесі 

аш болама?”-дейді. Сәбидіңөз ырыздығымен келетін 

қүгың  орыс  тілінде  Михаил  Лермонтов  “счастлив 

ребенок” деген түсінікпен  берген.  Қүт деген түсінік 

орнына баланъщ бақьггы деген түр. Кезі нде осы өленді 

Міржақып Дулатов осыпай аударган:

Бақытты  бала:

Бесікте  еркін  өседі,

Ержетсе:  кара  дүние

Тар  дсссді.  (М.Дулапюв.  Шыг.,  1991.  338-6.)

Міржакып аудармасы калька, Абай аудармасы 

халықтусінігіне сай жасагтган, мазмунды ау дарма. 

Бул  жерде  мынаны  ескеру  керек,  хакім  Абай 

ешқашан тек аудармашы  болып  кала алмайды, ол 

аудармада да ақын Абай болып тур. Ол аудармашы 

болып бой тасалап  қала алмақ емес.

* ^ 6 4 * 0 -



Лермонтов  пен  Абайды  тыңдап  отырсақ, 

адамныңбақытты шағы бесіктегі сәбилік кезі екен. 

Есейе  келе  социологгар  тілімен  айтсақ  олеумет- 

тене  (социализация)  келе,  адам  кең  дүниеге 

сыймай басын тауға да, таска да соғады.

Ержеткен,  есейген  адам 



бакьпты  болудын. 

орнына, баяғыдағы Будда айтқандай азапқа түспек. 

Өмір дегеннің мәні сол. Өмірді рахат деп те түсіну 

бар, бірақ ол ойлы адамға катыссыз жай. Ол Абай 

айтқан  “Қайғысыз  асау  жандар”.  Асау  жандарға 

өмір  рахат,  еш  қайғы  жоқ  секілді  көрінеді,  олар 

өздерін бақыттымын  деп те  сезінбек.

Абай 


“Пленныйрыцарь '’деген М.Лермонтов- 

тьщ  олеңін 



“Тутқындагы  батыр”  деп  аударган. 

Түп  нүсқа  да,  аударма  да  бес  шумақтан  түрады. 

Өлеңнің мағынасы толық берілген. Абай аударма- 

ларын  оқып  отырып,  оның  орыс  тілін  жетік 

меңгергеніне таң қаласың. Мысаггы,  "

Молча сижу 

под  окошкам  темницы ”,  -  дегенді  “Қараңгы  уй 

терезесі -  тутқын орны ”, - деп тамаша аударған. 

Мүнда  әдеттегідей  жолма-жол.  сөзбе-сөз  аудару 

жоқ,  аударма  ой  монісіне  негізделген.  Тагы  бір 

ескеретін мәселе, Абай аудармасы, арнайы көрсс- 

тілмесе,  оның төл  шығармасынан  еш  айырмасы 

жоқ.  Бәр  сөздер,  үгымдар,  қазақша  түсінікті: 

Мысалы,  М .Лермонтов:  “Нет  на  устах  моих 

грешной молитвы”, - десе, Абай: 



“Тоуба жоқ, дуга 

да  жоқ,  тентек  бойда ”,  -  дейді.  таза  қазақи 

түсінік.


- 0 *  6 5 0 Г -

Соңгы  бесінш і  ш умақта  Абай  ерекше 

көрінген.  Меніңше  ол  тереңдеп,  батырлықтың 

мағынасына  ой  жіберген.  Өзінін  түтқындағы 

қалпына  қайғырып  отырған  батыр  жоқ,  ол 

тагдырдың  жазуына  көнген,  оныд  себебін  Абай 

былайша  айтқан:

Жүйрік  уақыт  шаршатпай  қсймас  акыр,

Денемді  сауыт-сайман  кысьш  жатыр.

Бүрын  сені  біреуге  көп  жүмсап  ем,

Евді  өзіме  шакырдым,  ажал  батыр. 



(1 

т. 

218~б.)

Ажал  батыр  деген  Абайдың  жаңалығы. 

Лермонтовта ондай  түсінік  жоқ.  Осылай  айтпаса 

қазаққа  орыс  ақынның  өлеңі  бүлыңғыр  больпт 

қалмақ,  сондықтан  Абай  ойын  мейлінше  ашық 

білдірген.  Батыр  деген  ажалды  оңды-солды 

шашқан жан, ендігі  кезек өзіне келген. Егер, оның 

багырлыгы  рас  болса,  “ажал  батырмен”  жекпе- 

жектерде ол жасьіқтық көрсетпей, оны тура қарсы 

алуы  керек.  Батырлық  деген  осы.  Ажалдан 

қорыққан  батыр  емес.  Ажалды  шакыру  үшін 

батырлык  қажет.  Осы  ойды  Абай  айшықты  сту 

үшін  "ажал  батыр’'  деген  үгым  қолданып:  “Енді 

өзіме  шақырдым, ажал батыр”, -  дейді.

Сөз 

“Менің  сырым,  жігіттер,  емес  оңаи’ 

дегенөлең туралы, ол М.Лермонтовтын 



"Я не хочу, 

чтобы  свет  узнан”  деген  өлеңнін  аудармасы. 

Лермонтовта  16  жол,  Абайда  16  жол.  Аударма 

түпнүсқаға  мағынасы  жагынан  жақьш.  Бүған 

біздіц  қосарымыз  М.Лермонтовтың  осы  өлеңіне

- 0 *  6 6 * 0 -


берілген түсініктеме 

“Написано на одном листке 

со  стихотворением ”  “Не  смейся  над моей  про­

роческой тоскою... ”,  которое по содержанию пред­

положительно  датируется  1837  годом.  Впервые 

опубликовано  было  после  смерти  Лермонтова,  в 

1845  году, с  цензурным  пропуском двух строк:

И  пусть  меня  накажет  тог,

Кто  изобрел  мои  мученья.



(М.Лермонтов.  М .  1975.  Т.  1.  С.521)

Демек,  Абай  қолына елец қысқарусыз толык 

түскен.  Бірақ  айта  қаларлық  іс  сол,  өлеңнің 

шүрайлы жері:

Мен  тентек  ne,  түбінде  кім  жазалы,

Қайгыны  жіберуші  озі  сынар,  —

дегенді  патша цензурасының апып тастағаны, әрі 

доп  осы  ой  Абайды  ерекше  толғанысқа  салып, 

Лермонтов  өлеңін  ақынның  дәп  өзіндей  баяндап 

бергені.  Бул  өлеңді  аударма  деу  қиын.  Лермон- 

товтың айтпақ ойын терең түсінген  Абайдың бүл 

өлеңі,  оның  төл  шығармалары  қатарынан  орын 

алмақ,  мысалы:

Я  не  хочу,  чтоб  свет  узнал

Мою  таинственную   повесть;

Как  я  любил,  за  что  страдал.

Тому  судья  лиш ь  бог да  совесть!...  П аи   же.  С.  36)

Абай  аудармасы:

Менін  сырым,  жігітгер,  емес  онай,

Ешкімнің  ортагы  жок.  жүрсін  былай!

67


Нсні  сүйдім,  дүниеде  неден  күйдім,

Қазысы  оның  -   арым  мен  бір-ақ  күдай.  (2  т.  40-6.)

Лермонтов  поэзиясының  бір  тамшысы 

төгілмей толық берілген. Екі тілді адам мүны жете 

түсіне  алады.  Менің  назарым  Лермонтовтың 

‘ тому судья лишь бог да совесть ”,  - деген ойына 

тусіп  отыр.  “Бог да  совесть”  қазақшасы 



“Ар мен 

бір-ақ Қудай ”. Қүдай туралы әңгіменің басы ашық. 

Мәселе 


“Ар ”  -   дегенде  болып  түр.  Сіро,  орыс 

ақынның  өлеңіндегі  қызықтырғаны  да  осы  ар 

мәселесі болса керек. Олай болса Ар дегеніміз не? 

Екі  ақын  оны  қандай  мәнде  қолданып  отыр? 

Ғылыми  қалыптасқан  түсініктерге  салсақ  ар 

дегеннің  мелшері  шақталып  қалады.  Себебі, 

ғылымда “мораль” -  деген түсінік бар. Ал, екі ақын 

болса Арды мейлінше биіктетіп қолданған. Қүдай 

үғымынан асқан абстракция әрі абсолют болмаса

сонымен бірге түратын үгым Ар болып түр. Демек, 

Ар дегеніміз де абсолюттік үгым.  Бірақ,  Ар деген 

жеке  адамга  қатысты,  оның  болмысы.  Ар  деген 

үгымсыз  адам  болмысын  айқындау  мүмкін  емес. 

Сонда  Ар  адамның  санасы  ма,  жоқ  әлде 

әрекетгерінен  көрінетін  оньщ  пиғыл,  қылығы  ма? 

Сірә,  Ар  деген  танымға,  сол  жерде  жіберілетін 

қателікгерге, оларды түсінген соң, адамның қайғыға 

түсуіне 


қатысты  іс  болса  керек.  Олаіі  болса  Ар 

мәселесі қүдайға катыссыз, адам еркіне байланысты 

болганы  деген  пікірге  келеміз.  Ерікті  берген 

жаратушы, бірақ осы жолда оның қазысы -  Ары.



~§« 68>0Ь

Адам Ары көтермейтін іске бармауы керек. Ол 

ушін адам Ардың мүмкіндігі орі  шекарасын біліп 

сезінуі керек.  Мүндай адам баласыньщ не  ақылы, 

несезімі жетпейтін істі пендеденталап ету мүмкін 

бе? Кім білсін, мүмкінталап қажет шығар, мүмкін 

ол артық іс шьпғар!

Міне,  осы  түста  комекке  жүрек  келеді.  Оны 

Лермонтов:

Им  сердце  в  чувствах  даст  отчет,

У  них  попросит  сожаленья;

И  пусть  меня  накажет  тог,

Кто  избрал  мои  мученья...  (Там  же.  С.36)

Абай  осы  халді  түп-тура  түсініп  былай  деп 

аударган:

Жүрегім  екеуіне  ж албарынар,

Рақымдық  пен  әділ  -  сор  деп  жалынар.

Мен  тентек  ne,  түбінде  кім  жазалы.

Қайгыны  жібсруші  өзі  сынар.  (On  da  сонда  40-6.)

Жүрек Ар мен Қүдайға жалбарынып, олардан 

кешірім  сүрайды.  Бүл  мәселеде  екі  ақын  бірге, 

одан әрі де Абай  ой  қосқан.  Солда жүрек  Ар  мен 

Қүдайдан  не  деп  жалбарынады?  Абай  айтады: 



“Рацымдыц пен әдіч - сор " -  дейді.  Міне, әлемдік 

моселе. Ақындар нсден күйіп  отыр дегенде жауап 

сол, олар жүректерінінәдептілігі үшін күйіп отыр. 

Мүны  Абай  ашып  айтқан.  Лермонтов  болса 



“Им 

сердце в чувствах даст отчет  - деп тиянақтаган. 

Абай  болса  бүл  ойды  айқындай  і үсіп,  ол  үшінші 

жолда  тағы  бір  ой  қосқан:  "

Мен  тентек  ne, 

тубіндекім жазалы ”, - деген пікір. Лсрмонтовтың

- 0 *  69 » 0 -



үшінші  жолында  тек  былай  делінген 

“И пусть 

меня  накажет  тот”.  Төртінші  жолда  екі  ақын 

аяқтарын  бірдей  басып 



“Қайгыны  жіберуші озі 

сынар ”, - дейді.

Сүрақ -   қайғыны  жіберуші  кім?  Ол -  жара- 

тушы. Бірақ, ол неге қайғы жібереді? Ойлау керек. 

Сірэ, ойлы адам қайғысыз болмас дегенге тоқталу 

керек. Арын сақтаймын деп қаншама жан қайғыға 

түсті.  Ал  сол  қайгыны  жіберуші  (сынақ  ретінде) 

ж аратқан.  Демек,  сынаушы  да  өзі  болганы 

оділеттілік.

Абай  Михаил  Лермонтовтың  “Демон”  атты 

поэмасының  бастапқы  екі  бөлімшесін  “Шайтан' 

деп  аударган.  Абай  аудармалары  ешқашан сөзбе- 

соз,  балама  іздеуден  түрмайтыны  белгілі.  Ол 

аударма  мәселесінде  соншама  еркін,  тіптен 

“Шайтан”  деп  аталатын  он  шумақтан  түратын 

өлеңді  аударма  деудің  озі  қиын.  Абайды  үнемі 

өлеңдегі  идея  қызықтыратынға  үқсайды.  Осы 

жолы  да  солай  болған.  М.Лермонтов  “Демон” 

туралы  толғанса,  Абай  қазақ  тіліне  сіңісті  үғым 

“Шайтан” дегенге  терең талдау  берген.  Алдымен 

Абай “Шайтан деген  кім?” -  деген сауалга жауап 

іздеген.  Шайтан  қүдайдың  қуган  жаны.  Бүл 

мәселеде  М .Лермонтов  пен  Абай  арасында 

қайшылық  жоқ,  орыс  мәтінінде  де  солай.  Қүдай 

куган жан дегеннің бойы.нда бүркемеленіп тағы бір 

сауал  түр,  ол  шайтанды  қүдай  не  үшін  қуған?  - 

деген  сауал.  Міне осыдан  бастап  Шайганныц кім

- g « 7 0 > g -


екені  анықтала  бастайды.  Шайтанның  шайтан 

атануының  басты  себебі,  оның 



теңеспейтін 

теңдесі жщ қүдірет мүмкіндігіне кудік келтіруі. 

Теңцесі  жоқ  нәрсе  -   жалғыздық.  Жалғыз  болу 

Жаратушыға тән,  әрі  ол  жалғыздықтың  сыры  да 

Жаратушы  үшін  мәлім,  өзгелер  үшін  -  қүпия. 

Шайтан  болуға  ынталы  болған  періште  осы 

қүпияға қол  созған. Сол әрекеті ушін лағнеттікке 

душар болған періште шайтанға ай 

н а л г а н . 

Қарғыс 

беруші Тәңір. Әйтпегенде, 



“Ол кунде нурлы бейіс 

ішінде  екен.  Өзі  де  періштелер  тусінде  екен ”. 

(Абай. 2 т.  57-6).

Періштенің  ш айтанға  айналуы  әлем дік 

тарихтың  басталуы.  Жер  бетінде  жаңа  доуір 

басталды, оның мазмүны періште мен шайтанның 

бір-біріне  қарсылығы.  Неліктен  жағдай  осылай 

болды дегенге нактылы жауап жоқ, тск болган істі 

баяндау ғана бар, тыңдаңыз:

Босағасы  кең  еді,  төрде  орыіі  тар,

Төрде  жалгыз  отырмак ойында  бар.

Жалгыздық  -  бір  тэңрінің  сыбағасы.

Өршілдікнсн  лағнеткс  болтан  д у т ар .  (Ол  да сонда  57-6.)

Абай болған істің себебін өршілдіктен көреді. 

Бүл  қанағаттанарлық  себеп  пе,  әрине  жок, 

өршілдіктің  несі  нашар.  Өршілдік  табиғатында 

намыс,  жігер,  қайрат,  қуат  сияқтылар  жатыр. 

Оларсыз  мәселе  қандай  мәнге  айналмақ?  Сірә, 

шайтандықтың  себебі  тек  ершілдікте  емес,  одан 

өзге  басты  себеп  болуы  ксрек.  Діни  мифтерде

- § • 7 1



мүны  Ж аратушының  жер  бетіне  адамды 

жаратканьша 



наразылық дейді. Онда Шайтанның 

күнәсі Жаратушы ісіне қол сүққандығында немесе 

оның шеберлігіне шек келтіргендігінде. Бір сөзбен 

айтқанда жаратушы харекетін тек қүптап қоймай, 

оған  мін таққаныңца.  Сонда оған  мүндай өр сана 

қайдан  келген.  Сірә,  мүндай  өршілдік  шайтанға 

жаратушынын  өзінен  ауысқан,  демек,  шайтан- 

дықтың  себебі  -   Жаратушынын  өз  болмысында 

бар  нәрсе.  Олай дейтінім  көп  кейін,  өзі  жаратқан 

Адам-Ата  үрпағы  ш айтандық  орекеттерді 

кабылдап, жер бетіне шайтан ici қаптап кетпеді ме? 

Қабыл туысы Абылды  өлтірді.  Осы дәстүр әрине 

періштелік  емес,  шайтан  салған  дәстүр  болатын. 

Сонымен  шайтандықтың  себебі  жаратылыста 

дегенге тоқталып, енді  Шайтаннын М.Лермонтов 

пен  Абай  айтқан сипатгарына тоқталайық.



Бірінші сипаты.  Шайтанның жалгыз болгы- 

сы  келгепдігі.  Абай  “Жалгыздық  -  бір  тәңріпің 

сыбагасы ",  -   дейді.  Шайтандық  жалғыздыққа 

бастайды. Менен өзге ешкім жоқ, маған тең келетін 

де ешкім жоқ деген сана, көп жандарды уландырып 

жүргені тарихтан да, бүгінгі күннен де белгілі. Осы 

өр сананы тежеу үшін мүсылман философиясында 

тәуба  концепциясы  жасалған.  Тәуба  жок  жерде 

иман жоқ, тоқталу, тежелу жоқ. Тәубасыз болу тек 

Шайтанға  ғана жарасады.  Тәубасыздық түп-тура 

шайтандыққа  бірден  бастап  апармақ.  Шайтан 

жалғыз  болғысы  келеді,  бірақ  бола  алмайды,  ол

~ 0 < 7 2 ^


Тәңірдіңганасыбағасы. Содан барып Шайтанның 

мүңға батуы да ғажап емес.  Шайтанның еркіндігі 

жалғыз  болуда.  Ол  мүмкін,  бірақ  іске  асатын 

мүмкіндік  емес.  Жалғыздықтын  болу  мүмкіндігі 

деген  сөз,  оған  шайтакның  жетуі  дсген  емес: 

керісінше мүмкін шайтан үшін мүлдем болмайтын 

мүмкіндік. Осы мүмкіндіктің мүмкін болуы деген 

дертті  сана  ш айтанға  азы қ  болған.  Осы 

орындалмайтын  іспен  әуре-әрекетке  түсу,  өзінің 

шайтандық болмысына айналған. Содан болар біз 

шайтан  ici - 

әрекет, періште ici -харакет дейміз. 

Абайдың пысықтарды сынай келе харакетті әрекет 

деуі  тегін  емес.  Болымсыз  нәтиж есіз  іспен 

айналысу - әрекет деген үғыммен белгіленеді. Ал, 

харакет болса,  нәтижелі  іске  багытталған  -  қуат. 

Сонымен  шайтанның  жалғыздыққа  үмтылысы  - 

әрекет. бірақ бүл оның сипаты, онсыз  шайтандык 

деген нактылык  мәнін жойып  алмақ.



Екінгиі  сипаты.  Шайтандық  қуыс  кеуделік. 

Оны Абай былайша білдірген:

Алладан  карғыс  алған  кеудесінен,

Сүю 


мен  сол  сағатга  сенім  кетті.  (Ол  да  сонда



57-6.)

Бүл жерде үш үғымды қарастыру керек, олар: 

царгыс,  сүю және сенім.

Қарғыс  өлшем,  қарғы сқа  дейін  шайтан 

періште,  Алладан  қарғыс  агн ан  соң.  ол  шайтанға 

айналады.  Қарғыс  сапалық  озгешелік  әкелетін  -  

күш.  Ол  жаратушынын  қүдіреті.  Қарғыс  Алла 

эмірінің  корінісі,  сонда  неліктен  Алла  өзінің



нүрдан  жаратқан  періштесінің  бірін  қарғаған, 

себеп,  ол  жаратушысының  жаратушылық  еркін- 

дігіне  қарсы  шыққан.  Жаратушы  бар  болмыстан 

да  тыс  бір  мақүлық  жаратып,  неліктен  екені  бір 

өзіне  гана  мәлім,  соған  (яғни  Адамға)  өзгелер 

бағынышты  (діни  мифологияда  иман  келтіру) 

болуы қажет болған. Бүл да әмір, ол дауға, таласқа 

түспейтін  бүйрық,  бірақ  соны  бір  періште  пікір 

таласына салып, неге олай деген өз философиясын 

үсынып, жаратушы харакетіне  наразылық білдір- 

ген.  Сөйтіп  Алла харакетіне  қарсы  әрекеттенген. 

Періштенің Шайтанға айналып  қарғыс  алу себебі 

осы.  Абай  айтады  қарғыс  алған  сәтте  (сағатта) 

оның  кеудесінен  сүю  кетті.  Сонда  сүю  дегеніміз 

не? 

Сую жаратушы мен жаратылганныц арасын- 

дагы табиги-дәстурлі байланыс. Сол үзілді. Ендігі 

жерде  әрекет  мақсатында  шайтан  не  істесе  де 

ерікті.  Рфкіндік  қолға  мықтап  тиді.  Ойлаймын 

еркіндікті толық алу, сірә да шайтандықтың жолы 

ма екен деп. Мүлдем еркіндік алған шайтанда сүю 

жоқ.  Демек,  сүю  деген  өтеу,  нарыз  бен  қарыз, 

біздіц тілмен айтсақ - жауапкершілік. Жауап беру 

міндетінен  шайтан  қүтылған,  сондықтанда  ол  -  

шайтан.  Адамнын  одан  артықшылығы,  ол 

Алланың алдында жауапты, оның өтейтін  парызы 

бар,  адам  адам  болганы  үш

ін  Жаратушысына 

карыздар. Шайтан мүндай істен ада. Ол карыз бен 

парызды  үмытқан,  сондықтан  онын  кеудесінде 

сүю  болуы  мүмкін  емес.  Шайтанда  сүю  жоқ,

—0 «   74 * 0 —


адамда сүю бар, демек шайтанда иман жоқ, адамда 

иман  бар.  Ш айтандықпен  ш айтанеместіктің 

ажыратылатын тусының бірі  осы  мәселеде.

Абай  сүю  мен  сенімді  бірге  атаған.  Ол 



“Алладан  царгыс  алган  кеудесінен,  сую мен  сол 

сагатта сенім кетті ", -  дейді. Сүю мен сенімнің 

табиғаты бір болып түр. Сүю жоқ жерде сенім жоқ. 

Сенім болмысы  айқын да,  ашық та емес.  Шайтан 

соған наразы.  Бүл  істе  оны жазгыруға да  болмас. 

Ол  істің  неге  осыпай  болу  себебін  білгісі  келеді, 

бірақоньщ орнына олтек бүйрык алды. Жаратушы 

ісін  кабыл  апып,  оған  сену  керек.  Шайтан  болса 

табиғатынан  метафизик,  ол  істін  себебін  білуге 

қүштар. Бүл қүптарлық ынта, бірақ ынта, ниетпң 

мөлшері  барлығын  шайтан 



ескермеген,  оның 

ықласы 


бічуге мумкін  емес  істіц  сырын  білгісі 

келген.  Қүпия  деген  бар,  сыр  деген  бар,  онын 

алдында  тоқтам  керек,  егер  Ж аратушынын 

қүпиясын,  сырын  білсек,  сен  сол  жаратушыдан 

қалайша кем болмақсың, жалгыздын жалғыздығын 

білуші -  Жаратушы, ол сен болсаң сол қүпияі а кол 

созғансын,  ол  болмайды,  сондықтан  да  шайтан 

атанып,  одан  қаргыс  алғаны түсінікті  орі  дүрыс.

Үіиіниіі  сипаты.  Шайтан  адамның  -  жауы. 

Оны Абай (М.Лермонтовтан аударма екенін естен 

шығармайық)  былайша бейнелеген:

Адаммен 


сонан  бері  болды  кекті,

Өлмсс,  өшпес  өзіне  кезі  жетті 

Не  кылганмен  қуанар  болмаган  cou,

Несіне  жер  дүниеге  бәле  септі?  (57-ô.j



Ойлаймын  шайтанның  адам мен  кекті  болуы, 

адамнын 


болмысындағы 

шайтансыз 

да 

“шайтандығының” да болуында болар. Бүл мэнде 



адам  мен шайтан, шайтандық істе -  бәсекелестер, 

конкуренттер.  Екеуінің  де  таласы  шайтандықта, 

олай  болмаса,  яғни  адам табигатында шайтандық 

болмаса, шайтан оның маңынан басып журе алмас 

еді.  Шайтан  адам  бойындағы  шайтандықты  сезе 

білген.  Бурын  бүркемеленіп,  жасырын  көзге 

түспей,  анықталмай  келген  шайтандық  адамның 

өмірге  келуінен  нақтылана,  анықтала  түсті. 

Адамның  харакетінде  орекет  (оуреленушілік деп 

түсініңіз)  барын  бір  періште  түсінді,  шайтаи 

болды.  Жалпы  түсінік  басы  қай  заманнан 

басталады  деген  сүраққа  жауап  іздей  кетсек,  біз 

мойындауымыз  керек, 

періште  өз  бойындагы 

шайтандықты жаратушы Адам-Атаны жаратқанда 

ғанаайқын проблема ретінде түсінді. Проблеманы 

тусіну 

Періш телік 



пен 

Ш айтандықтың 

анықтагіуында  еді.  Дифференциациялық  сана,  ол 

шайтан  санасы.  Демек,  осы  санаға  ортақтасып 

әлемге  Адам  келді,  содан  барып  шайтан  адамға 

кектенеді. Алайда осы кек тілін табигатында тага 

бір  сыр  бүғып  жатканын  айтпасқа  болмайды,  ол 

шайтанның  адаммен  кектене  отырып,  оны  өзінің 

әрекетінің еңбасты 

қажеттілігі деп түсінуі. Бізге 

ауа  қандай  қажет  болса,  адам  шайтанға  сондай 

кажет.  Адамсыз  шайтан  шайтан  болудан  қшімак. 

Адам  болмаса,  ол  қайтадан  періште  кейпіне  өтіп

" 0 4  76


кету  қаупі  бар.  Сондықтан  ол  адам  бар  кезде 

өлмейді  де,  өшпейді  де.  Акырзаман  жағдайында 

шайтан  әрекеті  қалай болмагы  бізге  күңгірт,  сірә 

өзгеше хәлге т/сер.

Иә,  шайтан  адам  жауы,  бірақ  оны  тағы  да 

қандай сипатпен анықтауға болады дегенге Абай, 

шайтан  ол  ешқашан  қуаныш  дегенді  білмейді 

дейді.  Сөйте  түра  Абай  қайш ылықгы  пікір 

үсынған, шайтан қуанбаган соң, несіне жер жүзіне 

бәле  себеді  -  деп.  Бірден  айтарым  бәле  сеппесе. 

ол шайтан ба? Боле дегеннІң өзі нағыз шайтандық. 

Бірақ,  осы  жерде  шайтанның.  адамнан  бір 

өзгешелігі  айтылған,  ол  онын 

дәрменсіздігі, 

істелген  ісінің  нәтиж есіздігі,  ягни  куана 

білмегендігі.  Қуану  дегеніміз  атқарылган  істін 

нотижесін белгілеу, еоньг сезіну. Ал, бүл шайтанға 

берілмеген,  нәтиж есіз  орекетте  -  қуаныш 

болмайды.  Шайтандық  нәтижесіз әрекет дегенде, 

біз  оны  тек  процесс  деп  қарастырып  отьгрмыз. 

Әриие,  ироцестің  өзі  нәтиже,  бірақ,  оның 

шайтандық  және  періш телік  мазмүны  бар. 

Қуаныш  беретіні  соңғысы.  Адамнын  шайтаннан 

да,  періштеден  де  артықшылыгы,  оның  бойында 

екеуі  де  нотижесіз  әрекет  -   шайтандық  та, 

нотижелі харакет періштелікте бар. Сондықтан да

мен  періштелікті  де,  шайтандықты  да  адам 

кеңістігінің сипаттары  деп түсінемін.

Тортінші сипаты.  Шайтанда дос жоқ.  яғни 

оған достық деген  үғым  беймәлім.

- g ,   7 7 * 8 -


Алласыз  дос  таптіады,  сьф  таппады,

Неше  мың  жыл  кезсе  де  теңіректі.  



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал