Кіріспе жұмыстың өзектілігі



жүктеу 5.92 Mb.
Pdf просмотр
бет1/20
Дата20.07.2022
өлшемі5.92 Mb.
#20812
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Адилбекова Л
Tau ken-k siporyndaryny - rylysy (1), тапсырмалар (4)





КІРІСПЕ 
Жұмыстың өзектілігі тау-кен өндіру саласын дамытудың қазіргі 
кезеңі тау-кен жыныстарының деформациялануына және тау-кен 
қысымының көрінуіне байланысты елеулі геомеханикалық процестермен 
сипатталады. Жер асты қазбаларында тау-кен қысымының пайда болуы 
статикалық, яғни уақыт өте баяу дамитын және жалпы адам үшін қауіпсіз 
болып табылатын, сондай-ақ динамикалық, өте тез өтетін, көбінесе апатты 
салдармен болуы мүмкін. Осының барлығы жер асты кеңістігін игеру 
процесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін төмендетеді. Мұндай жағдайда 
геомеханиканың заманауи әдістерінсіз жер қойнауын игеру процесін 
елестету қиын. 
Қойылған мақсатты шешуге теориялық мінсіз көзқарас жер қойнауын 
пайдалану кезінде тау жыныстары массивінің жай-күйі туралы барынша 
ақпарат болған кезде оң болуы мүмкін. 
Осы бағытта зерттеу саласында орындалған ғылыми жұмыстардың 
көптігіне қарамастан, бұрынғысынша өзекті болып қалуда. Бұл жұмыс тау-
кен жыныстарының орнықтылығын шешуге және тік, көлденең тау-кен 
қазбаларын жүргізу және кен денелерін өңдеу кезінде тау-кен қысымын 
басқару бойынша ұсыныстар беруге, яғни қазу жүйелерін жетілдірудің 
жекелеген технологиялық және геотехникалық проблемаларын шешуге, тау-
кен қазбаларының зерттеу сипаты мен дәрежесін, пайдалы қазбаны құрама 
(ашық-жерасты) тәсілмен өндіру кезіндегі олардың орнықтылығын зерттеуге 
арналған. Алынған ғылыми материалдар күмәнсіз құндылыққа ие, ал аталған 
жұмыстардың әдістемелік тәсілдері жекелеген арнайы мәселелерді шешу 
кезінде пайдаланылатын болады. 
Зерттеу объектісі тау-кен кәсіпорындары. 
Зерттеудің пәні Ақжал кенорны мысалында жер беті және жерасты 
қазбалырының орнықтылығын маркшейдерлік қаматамасыз ету жұмыстарын 
орындауда кешенді түрде глобалды жерсеріктік навигациялық жүйелер мен 
лазерлік сканерлерді қолдану.

жүктеу 5.92 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет