Кіріспе бөлім Тақырыптық сөйлемдер



жүктеу 20.7 Kb.
Дата07.06.2022
өлшемі20.7 Kb.
#20505
Аргументативті эссе форма
Аидалён, Anyqtama

Орынбасар Аида



Кіріспе бөлім

Тақырыптық сөйлемдер

Тиімді ұсынылмаған кері байланыс неге әкеледі?





Талқылау сұрағы




Негізгі бөлім

1-абзац

Пікір

«Мұғалімдерге шынай кері байланыс керек»


Билл Гейтс

Кері байланыс-адамның өзге бір адамның іс әрекетіне,өзі куә болған оқиғасына пікір білдіруі,өз ойын жеткізе білуі. Сабақ барысындағы кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.Жалпы,кері байланысты қай кақытта қолдана білу мұғалімнің өз құзырлығында.Тақырыптың соңында немесе сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға әбден болады.Сабақ мақсаттарына қарай кейде топтық,кейде әңгімелесу түрінде жүргізілуі керек.Осы тұрғыда кері байланыстың оқушыға берер мүмкіншілігі көп екенін білеміз.


Алайда,сабақ барысында тиімді қолданылмаған кері байланыс қандай нәтижеге жеткізеді?



Аргумент




Сараптама

Тиімсіз кері байланыс негізінде оқу мақсаттарына дұрыс бағыт жасалмайды


Оқушының өз бетінше ойлануы,жауап беруі қиынға соғуы мүмкін.
Кері байланыс мүлдем болмаған жағдайда кей мұғалімдер тарапынан оқушыларды салыстыру болуы ғажап емес



2-абзац

Пікір

Тиімді кері байланыс болмаған жағдайда оқушы өзінің кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтерді дұрыс қабаылдай алмас еді.Ондай кезде алға қарай жылжуға арналған нұсқаулары да дұрыс құрылмайды.


Кері байланысты тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігінде екені айдан анық.Алайда,мұғалім оқушының кері байланысқа берген жауабына мысқылмен,сыни тұрғыдан орынсыз деп тауып,жағымсыз сөздерді,сөз тіркестерін сақтанар болса,оқушының сабаққа деген қызығушылығын жоғалтып алар еді.

Кері байланыс барысында оқушының қателігін емес,дұрыс орындалғанын ескерткен жөн.Тиімсіз кері байланыс болған жағдайда оқушы өз жұмысын және де өзге оқушының жұмысын дұрыс бағалай алмауы мүмкін.



Аргумент


Сараптама

Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс жақсы орнау үшін мұғалім тарапынан тиімді кері байланыс түрлерін қолдануы керек.Оқушыға да,мұғалімге де ортақ болатындай әдістер ойлап табылуы тиіс.

Қорытынды бөлім

Нақты шешім

Тиімді кері байланыс болуы үшін мұғалім мына жайттарды ескеру керек:


Уақыт.Кері байланыс кезінде мұғалім уақытты қатты ұстануы керек.

  • Оқушы нені істей алады?

  • Оқушы нені істей алмайды?

  • Бір оқушының жұмысы басқа оқушының жұмысымен қалай салыстырылады?

Оқушы нені жақсарта алады? Деген сұрақтарға үнемі жауап беру арқылы
оқушыларға тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге болады.
Мақсатқа жету үшін оқушыларды үнемі «фокусте» ұстау. 
Вербальды, вербальды емес және ауызша формадағы кері байланыстар.
Қорытындылай келе,сабақ барысында тиімсіз ұсынылған кері байланыс мұғалім шеберлігінің осалдығын танытса,оқушы үшін кері әсерін тигізеді.Сабақ үстінде кері байланыстың дұрыс қолданылуы оқушының болашақтағы өмірімен тығыз байланысты. Оны жан-жақты дамыған, өмір сүруге бей­ім, өзіндік ой-толғамы бар, адам­гершілігі жоғары, бәсекеге қа­бі­летті жеке тұлға тәрбиелеу үшін дұрыс әрі нақты кері байланыс болуы шарт


Ұсыныстар


жүктеу 20.7 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет