"Үкімет "Агробизнес-2020" Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін



жүктеу 0.57 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

 Жадымда  Жүрер  Жаңғырып... 

журналистердің  санасын  ашып, 

қаламын ұштай білген  ұстазымыз 

еді.  Амал  қанша,  енді  міне, 

көзімізге жас, көңілімізге көлеңке 

ұялатып отырмыз.

Ағамыз  өмірінің  соңына  дейін  

қолынан 


қаламын 

тастамай,  

талай-  талай  жақсы  азаматтар   

мен  азаматшалардың  еңбектерін 

халқына  жеткізіп,  журналистік 

парызын орындады.  Талай жақсы 

мен  жайсаңдарды    газет  бетінде 

оқырманымен 

қауыштырып,  

ұрпақ  келешегіне  таныстырып,     

тынымсыз еңбек ете білді.  

Журналист 

Төлепберген 

Баялының  өзі  жайлы  айтылған 

мына бір сөздері еріксіз  көңілімізді 

құлазытты.   

(Төлепберген 

БАЯЛЫ 


ағамыздың  соңғы  сөзінде:  —  Өзі 

жақсы  адамның 

орны 

оқшау, 


ш а р а п а т ы 

айрықша. 

Оны 

көріп, біліп,  сезін- 



сек  те  кезінде 

б а ғ а л а й 

а л м а й т ы н ы - 

мыз  рас.  Уақыт, 

өмір  бір  орнында 

т ұ р м а й д ы . 

Зырлап, 

күн 


күнге  ұласып,  ай 

айға 


жалғасып, 

жылдар  жылжи 

береді. 

Ойлап 


о т ы р с а м , 

орта 


мектепті 

журналистика    факультетінің  шет 

тілі  емтиханынан  «құлап»  қалған 

соң,    амалсыз  ауылға  қайтқаным 

ешқашан ұмытылмайды.

1969  жылдың  күзі  еді.  «Келесі 

жылға  емтиханға  дейін  екі  қолға 

бір күрек табылар»,- деп жүргенде 

аудандық  «Коммунизм  нұры» 

газеті  редакциясына  жұмысқа 

орналасу  ой  тұрмақ,  түске  де 

кірмеген  болатын.  Мектептегі 

5-  класс,  1965  жылдан  “жазуға 

талпынып”, 

бірер 

қысқа, 


күзелген,  түзелген  жазбаларым 

аудандық  газетте  шыға  бастаған. 

Содан  не  керек,  Ұзынбұлақтағы 

Ы.  Көшкінов  атындағы  орта 

мектепті аяқтағанша, «тілші бала» 

атанып,    «Журналист    болам» 

деп  армандадық  қой.  Журналист 

жолының    ауырлығын,    жүгінің 

аса  салмақтығын,  жауапкершілігі 

мен міндетінің өте жоғарлылығын 

білді  дейсіз  бе?!.)-    деген  сөзі 

жүрегімізді шымырлатып өтті. 

Өне  бойынан  үлгі  аларлық 

жақсы  қасиеттер  табыла  білетін 

қаламы  қарымды  журналистің 

газет  беттеріндегі  қолтанбалары 

өзіндік 

сарынымен 

оқырман 

жүрегінен ойып тұрып орын алды. 

Қырық жылдан аса еңбек еткеп, 

зейнетке  шықса  да  “Хантәңірі” 

газетіне 

бас 


сұғып, 

жас 


журналистерге өз білгенін үйретіп, 

жол  сілтеп,  ағалық  жомарттығын 

жасап, келіп- кетіп жүретін. 

Бес күндік жалған- ай... Көзіміз 

сенсе  де,  көңіліміз  сенбейтін  

мезгілсіз  келген  қазаға  не  шара?! 

Елінің  жақсылығына  сүйініп, 

жамандығына күйінетін турашыл, 

жалғандыққа  жаны  қас  ағамыз 

Төлепберген 

Баялыны 

аудан 


халқы, оқырман қауымы әрқашан 

жүрек 


түпкірінде 

сақтайды. 

Адамдық  міндетін  адал  атқарған, 

ағамыздың жаны жәннатта, иманы 

жолдас болсын дейміз. 

ғ. БейқұтБай, 

с. мурасилов. 

төлепберген   Баялы 

бітіріп,  одан  арман  жетегімен 

Алматыға  барып,  сол  кездегі 

С.  М.  Киров  атындағы  қазақ 

мемлекеттік 

университеттің 



Балалық шаққа саяхат

 

                Жыр-жоқтау

 

(Бердібек Соқпақбаев     



    шығармалары  желісімен)

Қарамаймын өткенге жоғарыдан,

Туған жерлік қашан да болам ұлан.

Болашақтың соқпағын  

 

 

 



бастағанмын,

Балалықтың жіңішке торабынан.

Балалықтан кеңейіп өрісіміз,

Ұзартқанбыз өмірдің желісін біз.

Сол кездегі сәттілік, сәтсіздіктен,

Құралғанды кейінгі жеңісіміз.

Апыл-тапыл аяңдап ес біле біз,

Ұлағатын үлкеннің естігенбіз.

Тентектікпен бәрін де жүре    

 

 



 

тыңдап, 


Қатемізді кешірек, кеш білеміз.

Хан сарайға балаған қараша үйдің,

Тәрінде сан тентектер аласұрдық.

Қайталанбас ол да бір дәурен еді,

Бал қылығы бойына жарасымды.

Ойын-сауық мүлтіксіз меңгеріліп,

Табанымызға тас батып, шөңге  

 

 



 

кіріп,


Өңшең қара домалақ  

 

 



 

жарысушы ек,

Ағаш аттың жалында өңгеріліп.

Шетсіз-шексіз қиялға берілетін,

Санамызда сан арман өрілетін.

Тасасында таулардың,  

 

 

 



қырқалардың,

Жұмбақ әлем жатқандай көрінетін.

Қармағында ақ балық туламаса,

Сәтсіздіктер сенімін шыңдамаса,

Жүріп өткен жерінде қаз  

 

 



 

 

қаңқылдап,



Аулалардың иттері шуламаса,

Балалықтың қандай бір мәнісі бар,

Біздің дәурен осындай,   танысып ал.

Жантасында жасықтау- пенделік  

 

 

 



көп,

Қожасының сотқарлау- намысы  

 

 

 



бар.

Өзін ерек сезініп, төс те қағып,

Әр ауылда бір Сұлтан өскені анық.

Бұзауларды қуана қайтарғанбыз,

Қызды аулаға шатысып кетсе  

 

 



 

«лағып».


Өткенімнің еске алсам белестерін,

Бәрін балдай, айнадай демес те  

 

 

 



едім.

Жүзімде бар соғыстың қайғы – 

 

 

 



мұңы,

Көзімде бар ФЗО-ның елестері.

Тірлік бізді ертерек сынағанды,

Аз көрмедік тағдыры жылағанды.

Талай қимас жандармен  

 

 



 

қоштастырды,

Соқпағы мен өмірдің бұралаңы.

Табаныммен тоздарған тау,    

 

 

 



даланы,

Қайда сол кез, апыр-ау  

 

 

 



қайда қалды?...

Өткенімнен жазайын естеліктер,

Сонда білем көңілім жайланады.

Жастық арман сезімді арбады ма,

Кеттік алыс балалық қалды ауылда.

Іздеріміз сақталған шығар бәлкім,

Қостөбенің көнерген тамдарында.

Көнерген там... Сыры көп, мәнісі  

 

 

 



бар,

Мәнісін ұқ жас ұрпақ, танысып ал.

Аналардың ол жерде арманы бар,

Әкелердің қайтпайтын намысы  

 

 

 



бар,

Кешегі өткен өмірдің ағысы бар,

Тоқтап қалған тірліктің дабысы  

 

 



 

бар...


 

 И. САСЫҚБАЙҰЛЫ.

Хантәңірі

6

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,  сенбі,  20 қыркүйек

Әдебиет                

            пен  

                  өнер 

-Ой-ой,  Секе,  сені  жұмысқа 

шығып кетті ғой десем... 

-Беке. 


Ассалаумағалейкүм! 

Өзіңіз қалайсыз?

-Өзің  айтатын    «Ит  мініп,  ирек 

қамшылау». Ауру мені де аттан ауда-

рып алып бара жатыр ма қалай? 

-Күтін.  Басқаның  бәрі  өткінші, 

өтіріктеу тірлік...

Бұл сәрсенбі күнгі телефондағы 

әңгіме. Жұма күні:

-Сейдахмет, 

бұл 

Бибігүл... 



Беке  жоқ...  айрылдық,-  деген 

сұмдық  сөз  жүректі  кеудеге  кеп-

теді. 

Қамыққанымды 



ержеткен 

балалардың өздеріне білдірмеуге ты-

рысатын әдет болушы еді. Бұл жолы 

көз  шарасынан  шықты  деген  жасты 

олардан жасыра алмадым.

-Кетті 


арамыздан 

ар-ұят 


арқалаған сір адам...  Кімге айттым?! 

Балаларым былай да біледі ғой.

Хантәңірінің 

көк 


тіреген 

мұзартынан  зорығып  иек  артатын 

күннің    алтын  баулы  шапағы  айтты 

ма  екен,  иіс-қоңыстан  ажырамайтын 

борсықтың  өзін  әтірмен  шомылды-

ратын  аңыраған  ақ  самалы  айтты 

ма  екен,  ұрттап  қалсаң  тісің  тұрмақ 

сүйегің  шымыр  етіп,  жан  сарайың 

ашылатын  қасиетті  киелі  тау  суы 

айтқан  болар.  Тап-тұйнақтай  түбі 

құлжа сақа болуға икемделіп тұрған 

бала-жазушылыққа  әліпбиді  бастар-

бастамастан  құлаш  ұрды.  Көкпен 

тілдескен  сол  өңірде  жазушылықты 

кәсіп  қылған үлгі жоқ еді. Жыр мар-

жанын терген небір дүлдүлдер ауызға 

алынбай,  жаңа  өмірдің  ызу-қию 

кернейі  еліріп,  барабаны  күмпілдеп 

бесжылдықтың  балғасы  солқылдап 

соғыла бастаған кезең.

Айту  бар  да  болмыс  бар. 

Жазушылыққа 

Керқұла 

атты 


Кендебайдың хикаясынан қанша есе 

артық, неше қияметқайым соқпақпен 

жетті түз түлегі.

«Он  алты  жасар  чемпионымен» 

бірге қазақ балалар әдебиетіне жаңа 

дәуір  келді.  Көркемсөздің  қан  ба-

зарына  Бердібек  Соқпақбаев  бөлек 

Сейдахмет БердіҚұл,  жазушы 

          

Өтірігі  жоқ  өмір

Қоштасу


  

Қызық еді-ау қылықтары

Біз білетін Бердібек Соқпақбаев ірі тұлға, 

үлкен  талант  иесі.  Бүгінде  оның  ерекше 

дарын –қасиеттерін туған халқы айдай танып, 

асылдай бағалап отыр. Оны айтасыз көптеген 

шет  жұрттар  ұшқыр  ой,  өткір  тіл  қуатымен 

көмкерілген  шынайы  шеберлігіне  тамсана 

таңырқап,  күдік  –күмәнсіз  мойындаған. 

Сондықтан  менің  басы  ашық  нәрсеге  алып-

қосарым  жоқ.  Басқаша  айтқанда,  Бекеңнің 

шыққан шыңына, биік-биік бел-белестеріне, 

әйгілі-әйгілі шығармаларына талдау жасаудан 

аулақпын. Тек қарапайым пендеге тән кейбір 

қылықтарын,  қызық  мінездерін  еске  түсіре 

кетпекпін.

Мен  Бекеңмен  көп  жылдар  жолдас, 

дәмдес-тұздас  болдым.  Сонда  байқағаным, 

сыйласқан 

адамға 


адал, 

ақжарқын 

еді.  Әлдекімдей  сырты  жылтырап,  іші 

түтінденіп  жатпайтын.  Не  айтса  да  ашық 

айтады.  Арамдық  ойлап,  аяқтан  шалу 

дегенді  білмейтін.  Өзі  ешкімге  жалпаңдап 

жарамсақтанбайтын  және  ондайларды  –екі 

жүзділерді,  кімнің  тарысы  піссе,  соның 

тауығы болып кететін бейшараларды өте жек 

көретін, бойын аулақ ұстайтын...

Былай  қарағанда,  Бердібек  екеуміз  үш 

қайнаса  сорпасы  қосылмайтын  екі  түрлі 

мінездің  адамы  едік.  Ол-отты  сезімге, 

мен  -салқын  сабырға  тарта  беретінмін. 

Кей  кезде  елпілдеп-желпілдеп    кетпейтін 

«шабандығымды»  мысқылдап:  «тартыншақ 

тайлақтай  тақыстанып  қайтесің,  қорықпай-

ақ  қой,  Әлеке.  Менімен  бірге  жүрсең  ашта 

болмайсың,  абырой  да  алмайсың»-деп 

жарқылдай күлетін.

Кейін  жиырма  шақты  жылдан  соң, 

«Турксиб»  санаториінде  демалып  жүргенде 

осы сөзді Мақан Садықовтан естіп, «Бердібек 

қашан  аузыңа  түкірген»-деп  қатты  бір 

күлгенім бар. Ол да тас жаратын тәуекелден 

туғандай 

еркөңілді, 

анау-мынаудан 

тайсалмайтын  тапқыр  жігіт  еді  ғой.Сірә, 

Бекең  екеуінің    мінезі  бірде  болмаса,  бірде 

үйлесіп қалатын болса керек...

Сонау  жиырмасыншы  жылдары  туған 

бәріміз  сияқты  Бердібек  те  қиындықты 

көп  көріп  өсті.  Бірақ  ұнжырғысы  түсіп 

мойымай  ақжарқын,  көңілді  жүретін.  Әзіл-

қалжыңды  өте  жақсы  көретін.  Қайдағыны 

қайдан  табатынын,  қалай  қиыстыратынын 

білмейсің!  Әйтеуір  бас  қоса  қалсаң  езуіңді 

жидырмайтын.  «Ой  бұл  ма,  бұл  өлгенді 

де  он  аунатып  күлдірмей  қоймайды»-деп 

тыңдағандар қайран  қалатын. Ондай ортаның 

гүлі  еді  ғой.  Тегінде  туабітті  қабілеттің 

құдіретіне не жетсін. Сөзге келгенде ерекше 

сиқыры  бардай  сезілетін.  Бір  дем  сөйлессе, 

небір  сылқым,  небір  кербездерді  жүрісінен 

жаңылдырып,  торғайдай  аузына  қаратып, 

табындырып    тастайтын.  «Бұған  дауа  жоқ, 

адам түгіл,  жын-періңді де жүгендеп  алғанын 

білмей қаласың»-деп күлетін құрбылары...

Бір күні Бекең бөденедей бұлтиып шыға 

келді.  Үстіндегі  киімі  өзіне  ұнағанымен 

бізге сөкеттеу көрінді. Сонда бір жағы көңіл 

үшін,  бір  жағы  күлкі  үшін:  «Мынауыңыз 

біз  көрмеген  қымбат  нәрсе  екен,  жаңадан 

алдыңыз ба, құтты болсын!»-дестік. Ал Бекең 

біздің әзіл астарында «бәле» бүгіп, қасақана 

білмегенсіп,  әдейі  қағытып  тұрғанымызды 

елеген  жоқ.  Шындығын  жасырмай  бүкпесіз 

ашығына көшті: «Е,е, қылқылдаған қулар-ай, 

ә, талпақ танауларың жыбырламай-ақ қойсын. 

Бұл  басқа  емес,  күнде  киіп  жүрген  қаракөк 

мәуіт  пальтоның  өзі.  Тек  қазіргі  модаға 

ықшамдалған,  үлгі  –үрдіске  лайықталған 

түрі. Яғни, тобығыңа  төгіліп тұратын ұзын 

етегі  айналдыра  қиылып,  қарыс  сүйемдей 

қысқартылған  түрі.  Сондықтан  сендерге 

әрі  ерсі,  әрі  жаңа  заттай  көрініп,  «құтты 

болсын,  құтты  болсын!»  -деп  желпілдеп 

тұрғандарыңның себебі сол»-деп, қауқылана 

жымиды.  Біз  шошынғандай  шыр  етіп, 

безінгендей  бейне  таныттық:  «Не  дейсің, 

Беке-ау,  етегін  кесіп,  ел  айналдырғандай 

жаман ырым бастағаның не сұмдық?»-дестік, 

үдірейгенсіп. Ол енді бізді келемеждеп  сақ-

сақ  күлді:  «Ой!  Ой,  маубастарым-ай,  бәсе 

деймін-ау,  сендердің  мұрындарыңа  мұндай 

жаңалық  иісі  қайдан  бара  қойсын?..  Өңшең 

салпы етек, кең балақ қаперсіз қарақтарым-

ай»-деп мәз болады. 

Айта  берсең,  бала  мінездері    көп  еді. 

Кейде  алданбасқа  алданып,  ашуланбасқа 

ашулана қалатын. Бірде, Алматыда тұрғанда, 

КазПИ-де  оқитын  студент  құрдасымыз 

Кәрібаев  Жөкен  деген  қуақы  жігіт  Бекеңе 

кездесе  кетіпті.  Асығыс  амандаса  салып: 

«Оу, Беке, әлгі Әлнұр жездеңнің қалін біліп, 

көңілін  сұрадың  ба?  Көктөбенің  түбіндегі  

арқан  бойындай  жарқабақтан  құлап,  аяғын 

сындырып,  мүлде  қор  болып  қалыпты  ғой, 

бейшара»,—  депті.  Бекең  соған  имандай 

илана  кетіпті.  Күн  жексенбі  еді.  Қаланы 

аралайық  деп  киініп  жатқанбыз.  Есіктің 

алдына бір жеңіл машина тоқтағандай болып 

еді.  Соның  арасынша  салдыр-гүлдір  Бекең 

кіріп  келді.  Қол  беріп  амандасқанша:    «Ал,  

халің қалай, аяғың қандай, көп болды ма өзі, 

тобан  аяқ  түйедей  нағып  тайып  жығылып  

жүрсің»-деп  бастырмалата  жөнелді.  Біз 

бірін  ұқсақ,  бірін  ұқпай  аң-таңбыз.  Оған 

қарап жатқан Бекең жоқ: «Сенің кедейлігіңді 

ескеріп, әдейі такси алып келдім. Үйге жүріп 

қонақ болыңдар. Дастархан жаюлы тұр. Қане, 

тез жиналыңдар»-деп ай-шайға қарамай алды 

да    жөнелді.  Сонымен  өзінің  алданғанын 

үйіне  барғанда  бір-ақ  біліп:  «ой,  оның  өзі 

ит  екен»,  -деп  кәдімгідей  ренжіп  қалды... 

Алдымызға  тамақ  келгенде  туралған  етті 

әрі-бері қарбытып жіберді де: -«Қонақ тойса 

мен  тойдым»,—  деп  кейін  ысырыла  берді. 

Оған  ыңғайсыызданған  зайыбы:  «Ой,  Беке, 

осы қалжыңды қойшы, айналайын, сырыңды 

білмейтін  бөгде  адамдар  болса  мүлде 

қолайсыз  жағдайға  қалады  ғой»-деп  бәйек 

болды.  Сөйтіп  қылжақтасып  отырғанда, 

сөзге  айналып  байқамаса  керек,  алдына 

қойған  сорпаға  аузын  күйдіріп  алып:  «Ой, 

әкең... ыстық деп айтпайсың ба?» -деп, Бекең 

быжылдады  да  қалды.  Біз:  «Ештеме  етпес 

Беке,  әзірше  есеңді  жібермей  елден  бұрын 

тойып  алдың  ғой.  Тағы  қарның  ашқанша 

күйген аузың да жазылып кетер»-деп, қыран-

топан күлкіге баттық.

Жоғарыда айтқандай, Бердібек екеуміз екі 

түрлі мінездің адамы едік. Бірақ, бір-бірімізді 

шын жүрегімізден жақсы ұғысып, қалтқысыз 

сыйлаушы  едік.  Ағат  істерімізді,  артық-кем 

айтқандарымызды    көңілге  кір  сақтамай 

кешіре  беретінбіз.  Ұзағырақ  көріспесек, 

құшағымыз сағынышпен қауышатын. Содан 

да болу керек,  менің зейнеткерлік  демалысыма  

шығуыма  байланысты  жайылған  дастархан 

басында  Бекеңнің:    «Жалғыз  досым  бар  еді 

мен сүйенер, оның өзі болыпты пенсионер»-

деп, мұңдана күрсінгені бар... 

«Қайран азамат, қайран жолдас,  ертерек 

өттің-ау  бұл  пәниден»-  деп,  мен  де  жиі 

күрсінемін. 

Амал бар ма тағдырға?



Кеше ғана өмірден өткен соғыс және еңбек ардагері, Қазақстан 

Респубикасының Құрметті журналисі Әлнұр Мейірбеков жазушы  

Бердібек  Соқпақбаевтың  сыйласы,  сырласы,  замандасы  еді. 

Әлекеңнің  жазушы  туралы  жазылған  естелігін  оқырмандар 

назарына ұсынып отырмыз. 

бітім,  бөлек  өрнек,  бөлек  сазбен 

келді. Біреуге ұнады, біреу түсінбеді, 

баз  біреу  тітіркенді.  О,  ғажап,  әр 

жазғаны  жақпар  тасты  қаршылдата 

қиып,  шындықтың  дәмін  терсе,  өзі 

де туралықтың тескен тауы кездессе 

таумен, асу бермес мұз тауы жолықса, 

көк сіреудің тырнағы ілінер бұдырын 

тауып,  орағытып  өтер  жол  іздемей 

тіке  тарта  беретін  жансебіл  боп 

шықты.


ертеректе бір шопан тойынан ат-

басын Алматыға бұруға тұр едік. Сол 

кездегі елбасыларының бірінің көзіне 

түсіп  қалыппыз.  Қолқалап  Бекең 

екеумізді  басқа  жерде  жайсаңдарға  

арнап тігілген ақ ордаға алып барды. 

Арғымақ  мінгендер  жиналған  жер-

дегі бар әңгіме Кремльдегі көсемдер 

мен Алматыдағы үкімет үйіндегілерді 

ежіктей айтып,  қособаға айнала бе-

ретін. Саяси Бюроға мүше болмаса да 

сол  санаттағылардың  бір  мысқал  да 

кемдігі    жоқ  азаматы  әңгімеге  тиек 

болып тұрып алды. Бәрі де ол кісінің 

іскерлігі,  алғырлығы  жайлы  тала-

са,  жарыса  айтып  жатты.  Бір  кезде 

әңгімеден сырт отырған Бекең:

-Шынында  да  осы  кісіде  кісілік 

белгілер  көп-ақ.  Бірақ  мұның  ба-

сында  да  билігі  жоқ.  Өзіміз  секілді 

жер бауырлаған тірліктің ар жақ, бер 

жағы ғой, бейшара да-деді.

дүние    түгел  тұншығарлық 

тыныштық  төнді  төбемізден.  Шайы-

рына  шыланып  жанған  қарағай 

отынның көкке өрлеген жалынындай 

шалқыған  мәслихаттан  сығырайған 

білте  шам  да  қалмады...  енді  отыра 

берудің реті жоқ. Қолтықтаусыз атқа 

қондық.


Тағы  бірде  бөктердегі  жол-

мен  келе  жатқанбыз.  делбеші  мен. 

Жайлауға мал көшіп барады. Жиі-жиі 

кідіре бердік. екеуміз де рахат сезім-

деміз.  Мал  көрсе,  көш  көрсе    көңіл 

түндігі  көтерілетін  қазақ  баласы  

емеспіз бе. Бір кезде  Бекең:

-Тоқтат, 

тоқтатшы. 

Мына-


лар  ит  екен  ғой.  Көздері  көз  емес, 

шалбардың тесігі...

Бекең  әр  малдың  тірсегі  қағып, 

қаңғалақтаған  қозыны    көріп  келе 

жатыпты.  Бір  сирағы  сүйретілген 

қозының халі расында мүшкіл.

-Әй,  бауырым,  мына  қозы  өледі 

ғой.


-Ажал  тура  келсе  адам  да 

жантәсілім 

болады, 

ақсақал. 

Күйгелектемеңіз.

-Мен  саған  күйгелекті  артынан 

көрсетем.  Әпкел  таңатын  дәкеңді, 

сылайтын дәріңді. Қолы іскер Бекең 

оқты  көзімен  қойшыны  атып  жүріп,  

қозының  аяғын  кепілдеп,  алдына 

өңгертті.

Анау  да  тектұрмас  екен, 

екеуміздің  де  жазғандарымызды 

оқитынын емтихандағыдай дәлелдеп,  

ақыры  Бекеңнің  қыз  алыспайтын 

ағайыны болып шықты.

-Әй,  осы  мен  Айтпын  ба?, 

Құрманмын  ба?-дегені  бір  кезде 

Бекеңнің.  Анау аттан ауып түсіп қала 

жаздады.


еңсесі  биіктер  өтірік  айтпай-

ды.  «Менің  атым  Қожа»,  «Өлгендер 

қайтып  келмейдімен»  ауызданған, 

ауыздығы  алынған  жасұлан  өсіп  ке-

леді. 

Жаңаша жайнар ұрпағымыз тағы 



бар. Олардың сіз туралы сөзі бізден 

бөлек. Бізден зерек.



Хантәңірі

7

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы, сенбі, 20 қыркүйек

Білімді, іскер әріптес, 

абзал азамат еді   

Тағзым


«Қанат 

Қадыров 


қайтыс 

болыпты»-деген  суық    хабарды 

естігенде  төбемізден  біреу  мұздай 

су құйып жібергендей дел-сал күйде 

қалдық.    Аудандық  газетті  ұзақ 

жылдар басқарған Төлек Айдаралиев 

ағаның    Қыдырбек  ағаң  ренжігенде 

(Қыдырбек  Нүсіпәлиев):  «Төке  біз  

қапақ  қарын  мал  мамандарындай 

болмадық  қой»-  деген  сөзі  есіме 

оралды.  «Шындығында біздер жайлы 

жағдайынан  гөрі  жүйкені  тауысатын 

жұмыстары 

көп 


мемлекеттік 

қызметтен  қандай  артықшылықтар 

таптық?»  -  деп,  еріксіз  ойланады 

екенсің. 

Олай дейтінім, Қанатқа да, маған 

да    «қалпағына»  хабарлатып  қойып, 

араға  үлкенді-кішілі  «пірлерін» 

салып,  тірі  адамның  сыртынан 

тор  құрып,  реті  келсе  орнына 

жапалақтай  жалп  етіп  отыра  кететін 

иненің  көзінен  өтетін  жылпос  мінез 

бұйырмаған еді. Жалпы, ұзақ жылдар 

өзіме  талғажау  болған  мемлекеттік 

қызметті  жамандаудан  аулақпын. 

Өйткені: 

«Сары 


аязда, 

шыжыған 


сарытамызда, 

Қызмет 


еттік 

тығылмай 

қалқаңызға, 

Қоңыраулап 

келетін 

кейбіреулер, 

Омыраулап 

жүрмесін 

ортаңызда»- 

 

деп,  30 жылдай елге, халыққа қызмет 



еттік. Көпке ортақ шара үшін күндіз 

күлкіден,  түнде  ұйқыдан  айрылдық. 

Оның  ақ,  қарасын  көпшілік  өзі 

бағалай  жатар.  Жұмыста  орынсыз 

қиянат  көрген  азаматтарға    да  ара 

түскен  кездеріміз  аз  емес.  Сол  үшін  

күштінің  көлеңкесін  саялағандарға 

жақпаған 

шығармыз. 

Ондай 


пенделердің  сыртымыздан  «доклад» 

жазғанын да талай бастан кештік. 

Қанат  та  күні  кеше  ғана  көз 

алдымызда осындай қиянаттың шетін 

көрген  болатын.  Қызмет  бабында 

жолдастай  болып  кеткен  бұрынғы 

аппарат  басшысын  шығарып  салу 

дастарханына 

қатысқан 

Қанат 


жаңадан келген басшылықтың жоқты 

бардай  етіп  «жұмыста  болмадың, 

боссың»-деген сөзіне иіліп кешірім де 

сұрамады. Неге сұрасын. Тау құлатып, 

аспанды төңкерген жоқ. Тапсырылған 

жұмысты жауапкершілікпен атқарды. 

Содан болар, басшылықтың орынсыз 

айыптағанына  иілмей,  еңсесін  тік 

ұстап,  жиынды  тастап  жүре  берді. 

Әлдекімдердей заң орнына жүгінбеді.

Жүгінгенде жұмыстан не ескерту, не 

сөгісі  жоқ  азаматтың  шағымы  дұрыс 

болып  шығары  сөзсіз  еді.  Шынын 

айтқанда, 

Қанаттың 

жұмыстағы 

жауапкершілігін,  іскерлігін  көріп, 

сезініп  жүріп,  оны  әлі  де  жетік 

білмейтін  жаңа  басшыға  бір  ауыз 

қолдау сөзін білдірмей, бұғып  қалған 

үлкенді-кішілі  басшыларға  Қанатқа 

жасалған  қиянат  үшін    ренжідік 

те.  Қайтеміз,  аузы  қисық  болса  да 

«қалпағы»  барларды  көкке  ұшырған 

түлкі заманға амал не?

Араға жылдар салып, арамаздан 

ерте  кеткен  сыйлас  азамат  туралы 

сол  кезде  қызметтес  болған  әріптес 

қарындасы,  аудан  әкімі  аппараты 

мемлекеттік мекемесінің бас маманы 

Элмира 

Жыланбасовадан 



сыр 

тартым:


  -Қанат  аға  сауатты,  жұмысына 

өте  мығым  азамат  еді.  Анау-мынау 

әңгімені 

айтпайтын. 

Қылтың-

сылтыңды жаны сүймейтін. Жұмысты 



(Өмірден мезгілсіз өткен Қанат Қадыров 

туралы естелік)   

бірінші кезекке қоятын. Содан болар 

ол  кісі  жұмыс  істейтін  ұйымдастыру 

бөлімі  мен  біздің  жалпы  бөлім 

арасында 

 

әрқашан 


іскерлік 

байланыстар  қалыптасты.  Жоғары 

жаққа  жіберілетін  хабарлар  мен 

мәліметтер  мезгілінде  орындалды. 

Ұйымдастыру  бөліміндегі  Қанат 

Қадыров,  Нұрбол  Қарамырзаев, 

Бердіғожа Мамырбековтер әкімдіктегі 

барлық  жұмыстың  тамырына  қан 

жүгірткен білікті мамандар еді. 

Олар 


алқа 

жиынының 

анықтамасын,  басқа  да  үлкенді-

кішілі 


жиындардың 

жүргізу 


тәртібін, 

баяндамасын 

қалай 

дайындау  керектігін,  анықтаманың, 



баядаманың  көлемін,  оқылатын 

уақытына  дейін  тиісті  бөлімдерге 

нақтылап  тапсыратын.  Дайындалған 

материалдарды алдымен өздері оқып, 

кемшілігін түзететін. Оның арасында 

селолық  округтерге,  мекемелерге 

өткізілетін  жиынның  күн  тәртібі 

туралы  ауызша  да,  жазбаша  да 

хабарлап,  қатысатындарды  толық 

қамтамасыз  ететін.  Осындай  қым-

қуат  жұмыстардың  ортасында  жас 

мамандарға  ағалық  бағыт-бағдарын, 

әдіскерлік  көмегін  көрсетіп  Қанат 

Қадыров    жүрді.  Кейін  Алакөл-

Балқаш  су  ресурсу  мекемесіне 

инспектор-эколог  болып  кетті  ғой-

дейді, Элмира қарындасымыз.

Азаматтың деңгейін жолсапарда 

танисың. 

Бақыт 


Баймұқанов 

аудан  әкімі  болып  келгеннен 

кейін 

жаңылмасам 



2000-ші 

жылдардың  аяғында    салалық 

бөлім 

басшыларының 



шұғыл 

тапсырмасымен 

Қанат 

екеуміз 


Ұзынбұлақ,  Жылысай  ауылдарына 

жоғарыдан  келген  бір  халық 

қалаулысымен  кездесу  жиынын 

дайындауға  бардық.  Қазіргідей 

электронды 

шығара 


салатын 

көрнекі  үгіттер,  столға  төсейтін 

скатерттер,тіпті  ынғайлы  столдар, 

басқа да қажет бұйымдар қат кез ғой.

Көрнекі үгіттерін қолдан жаздыруға, 

жиын 


өткізілетін 

жерлерді 

дайындауға,  жылытуға,  жиынның 

жүргізу 


тәртібін, 

сөйлешілерді 

дайындауға  бір  күнге  толар-толмас 

уақытымыз  бар  болатын.  Сол 

жолсапарда  Қанаттың  қандай  қиын 

жұмыс  болса  да  байсалдылықпен 

ұйымдастыра  білетін,  сын  сағатта 

сенім  жүгін  арқалай  білетін  азамат 

екеніне  көзім  жетті.  Екі  ауылдағы 

дайындаған  жиынымыз  жоғары 

деңгейде өтті.

Қанатпен  сол  жиыннан  кейін 

бір-бірімізді бұрын білетін азаматтай 

сыйласып кеттік. Аудандық, облыстық 

деңгейдегі талай жауапты шараларды 

бірлесіп 

дайындап, 

ойдағыдай 

ұйымдастырдық.  Әзіл-қалжыңымыз 

да  жарасымын  тапты.  Кейін  Алакөл-

Балқаш  су  ресурсы  мекемесінде 

инспектор-эколог  қызметін  атқарып 

жүргенде жолымыз түйісіп, жағдайын 

сұрадым:


-Сендерге қарағанда көк иіскеп, 

табиғатта  жүрміз  ғой,  күйеу  бала-

дейді  жайдары  жымиып.  «Демек, 

жаңа  орын  қолайына  жағып,  жаңа 

адамдармен жайлауы жарасқан екен 

ғой»-деген  оймен  тілектес  әріптес 

үшін  іштей  қуандым  да.  Соңғы 

жылдары таусылмайтын шаралар мен 

жиындар  мүмкіндік  бермей  Қанат 

құрдасымнан  көз  жазып  қалдым. 

Көрінбегенге қала жаққа көшіп кетті 

ме  деген  ойда  да  болғаным  рас.Ол 

алаңсыз  ойымды  Қанаттың  мезгілсіз 

қазасы  туралы  хабар  селдіретіп 

кеткендей болды. 

Көшіп  кетті  ме  деп  жүрген 

құрдасым  2000-ші  жылдан  бері 

жеке  шаруашылығымен  айналысады 

екен.  Ол  жеке  шаруашылығы  тиімді 

болды  ма,  жоқ  па  білмеймін.  Мені 

мазалайтыны 

инженер-технолог 

мамандығы  бар  Қанаттай  іскер, 

білімді  азаматтар  қай  салаға  болса 

да  қажет  қой.  Кезінде  Кеген  астық 

қабылдау  кәсіпорнында,  аудандық 

тұрмыс  қажетін  өтеу  комбинатында 

инженер,  аудан  әкімі  аппаратының 

ұйымдастыру  бөлімінде  бас  маман 

болып  жауапкершілікпен  жұмыстар 

атқарған  абзал  азаматтың  тағдыры 

оны  жақсы  білетін  үлкенді-кішілі 

басшылар тарапынан 14 жылдан бері 

неге  назардан  тыс  қалды?  Көзден 

кеткенді  көңілде  тез  ұмытатынымыз 

қалай? Ол адамгершілік пен намысты 

пендешіліктен 

жоғары 


қоятын 

азамат  еді.  Болмайтынды  болдыр 

деп 

шағымданып, 



кеңселердің 

алдын  тоздырмағаны  тағы  белгілі. 

Қоңыраулатқандарды 

 

көкке 



көтеріп,  кеше  ғана  бірге  жүрген, 

ел  құрметтеген  азаматтарымызды 

шетке қағатын бейғамдықтан  қашан 

арылады екенбіз? Мені осы сұрақтар 

мазалайды.

Қалай  болғанда  да,  бір  іскер, 

білімді  азамат  еңбегі  ескерілмей 

ортамыздан  мезгілсіз  өтті.  Өкінішті-

ақ! 

Көңілге 


демеу 

болатыны 

«Орнында  бар  оңалар»-дегендей, 

соңында жанұясы, жұбайы, балалары 

мен  немерелері  қалды.  Қанаттай 

абзал  азаматтың  жетпеген  биігіне 

солар  жетсін.  Жанұясына  әрқашан 

қуаныш  шуағын  сепсін.  Топырағың 

торқа,  жатқан  жерің  жайлы  болсын, 

Қанат құрдасым!



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет