"Үкімет "Агробизнес-2020" Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін



жүктеу 0.57 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жинақтан  кейін   Жинақ 

шығарған ақын Ш. мекебаЙДыҢ жыр жолдары

Жаңа кітап  жарық  көрді

Қалың  оқырманға  ақындығын  мойындатқан 

Шеризаттың  екінші  жинағын  қолға  алғанда  шын 

қуандық.  «Қалың  оқырман»  десек  те,  оның  бәріне 

бірдей  бұл  шығармашылық  еңбектің  жетпейтінін 

ойлағанда,    іштей  қынжылғанымыз  рас.  Таралы-

мы  1000  дана  ғана.  Жұртшылыққа  Шеризатты 

таныстырудың  қажеті  болмас.  Мектепте  ұзақ  жыл 

бойы жас буынды шыңдалып, шымырланып, спортпен 

етене жақын өсуге баулып келе жатса да, Алла берген 

таланттың арқасында, арқалы ақындығымен   танылған 

азамат. Оған оның әрқашан да өмір- өлең жолынан өз 

бағыт-  бағдарын  тауып,  нақты  айқындап  жүректен 

шымырлап  шыққан  ойлы  да  мазмұнды,  өрнекті  де 

өрелі, бояу- бедері қанық, жылы, шуақты жылдарымен 

оқырман  көкжиегін  кеңейтіп  жүргені  айғақ.  Екінші-

ден,  сонау  балалық,  оқушылық  шақтан  тырнақ  алды 

туындыларын аудандық газеттер— «Коммунизм нұры» 

мен «Қарқара», «Советтік шекара» мен «Хантәңірінде», 

басқа да облыстық және республикалық мерзімді ба-

сылымдарда жариялап, көпшілік көңілінен жылы орын 

алғаны дәлел десек, асыра айтпаймыз.

Оқырманнан  жақсы  бағасын  алған  Шеризат 

ақынның  өлеңдері  бірнеше  жинақтарда  –  «Айна-

лайын  Атамекен,    Ақмекен»,    «Аспантаулар  аясын-

да»,  «Білімнің мөлдір бұлағы» атты кітаптарда жарық 

көргені  мәлім.  Ал,  жеке  өлеңдер  кітабы  «Жүрегімнің 

көзінен  жас  ағады»  тасқа  басылып,  қолға  тигеніне, 

ризашылыққа  бөлегеніне  көп  уақыт  өте  қойған  жоқ 

еді. Енді, міне, ол екінші жинағын «Ол күндер оралмай-

ды»  деп атаған қомақты еңбегін оқырманға ұсынып 

отыр.  Үстіміздегі  жылдың  сәуір  айында  «Сенім» 

баспаханасында  басылған    кітаптағы  өлеңдер  бес 

бөлімге  топтастырылған.  Алуан  тақырыпты  қамтып, 

ақын ойын қозғап, шабытын шымырқандырып, жан- 

дүниесінен  бұлқынып  шыққан  өлеңдері  бір  деммен, 

ынта-  ықыласпен  оқылып,  рухани  нәрлендіреді, 

әрлендіреді. Өлең- өрімге деген ынтызарлықты артты-

рып, оқырманмен мұңдасады, сырласады.

«...Уақыттың заңдылығы десек те,

Елеңдейміз алдымыздан көш өтсе.

Қойшы бәрін, құтты болсын келер жыл.

Кеткен жылға болмасыншы еш өкпе.

Жүрегіне шаттық отын жақтырып,

Өздеріңе айтатын сөз тәтті ғып,

Алысқа да,  жақынға да, баршаға,

Мен тілеймін, сен де тіле жақсылық».

          («Сен де тіле», 6-7 беттер).

Таң  атады.  Күн  шығады,  батады.  Кеш  түсіп,  түн 

жылжиды.  Ай  айға  ұласып,  жылдың  өткенін,  жаңа 

жылдың  жеткенін  сезбей,  білмей  де  қаласың.  Уақыт 

осылай  зымырайды.  Шеризат  ақын  әркімнің  басын-

да қайталанып, мынау тіршілік- өмір іркіліссіз жылжи 

беретінін өлеңмен өреді. «Ескі жылға өкпе жоқ, жаңа 

жылдан күтер көп»,- деп түйіп, барша жұртшылықпен 

өз  тілек  –ниетін  үндестіреді.  Жарқын  үміт-сенім, 

айқын  арман-  мақсат,  мұраттан  айнымау,  ажырамау 

қажеттігін алға тартады.

«... Орындалмады сан жетпес әлде, арман жүз,

Орындалғаны- орындарында қалған біз.

Қазақтың ұлы, қазақ боп қалсаң екен тек,

Қазақ  болмаса, жаралып едік қайдан біз?!.

Алланың күтіп, бір мейірімін келетін,

Ұрпағы үшін ет кесіп еттен беретін.

Мен қазақтың- қылыштың өткір жүзімін,

Көк туы үшін көрге салса да көнетін.

                                       (“Мен қазақпын”, 7-8 беттер)

Жинақтың алғашқы беттеріндегі екі өлеңді оқып, 

Шеризат ақынға шынайы ризашылық білдірсек,  одан 

арғылары да еріксіз тартып, баурап, шөліркеген шөліңді 

басады. Көкейдегі ой- сезімді  қозғайды. Әрине,  «Мен 

қазақпын» деп толғанбаған ақын жоқ. Бірақ, әркімнің 

(ақындық)  айтары  әр  бөлек,  әсер-  ықпалы  өзінше. 

Дәл қазіргі, Тәуелсіздікпен тыныстаған шақты алсақ, 

бар қазақта «Көк туы үшін көрге... көнетін» қазақ аз-

дай,  жетіспейтіндей.  Өйткені,  «қызыл  империялық 

кеңестік келмеске кетті десек те, әлі күнге «бұра тар-

тып», «кері кетіп» жүрген кім? Ол— қазақ! Көзі тоймас 

«қайырымсыз»,  келешек  ұлт,  ұрпақ  қамын  ойламас 

«мейірімсіз  кім?  Ол—  қазақ!  Дінінен  безген,  ділі  мен 

тіліне «теріс қарайтын», «қаңсықты таңсық» деп “жа-

лап,  жұқтайтын  кім?  Ол  —  тағы  да  қазақ!..”  Сұрақ          

таусылмас, ақын  шер-мұңы оңайлықпен тарқамас. Ал, 

нағыз қазақ қашан болар екенбіз?!.

Ақын  Шеризат  бұл  сүбелі  еңбегінің  «Бәрі  де 

болған»  атты  бірінші  бөліміндегі  жоғарыдағыдай 

өрнекті,  өрелі  өлеңдерімен  оқыған  жанды  терең  ой-

ландырып,  толқытып,  тебірендіріп,  алғы  күндерге 

үміттендіріп,  сендірсе,  сонымен  қатар  жат  құбылыс, 

жамандық 

атаулыдан 

жирендірсе, 

«Күнделік 

дәптерден»,  «Өлеңмен  өрілген  сыр»,  «Армандастар» 

40  жыл  кітабынан,  «Арнаулар»  атаған  бөлімдерінде 

де нәрлі өлеңдермен әрлендіреді. «Қамшының  сабын-

дай қысқа ғұмырда» әрбір адамға адалдықтан, адам-

гершіліктен,  қарапайымдылық  пен  мейірімділіктен, 

ынтымақ пен бірліктен,  өз Отаныңды, халықты сүйіп, 

соның ғана жақсылығын асырудан басқа абыройлы, 

асқақ ешнәрсе жоқ екенін меңзейді, алдыға тартады. 

Оны  оралымды,  орнықты  оймен,  ақындық  арынды 

қалам- қарымымен жан-жақты толғап  ұғындырады. 

Біз де «Бәрекелді!» -  демекпіз.



бақытЖан бауыр байыппен 

“Сенім  мен  сезім-  серігім” деп толғанған

  аспантаулар  өңірімізді  «ба-

тырлар  елі.  ақындар  жері»,-  деп 

жылы  лебіз,  ыстық  ықыласпен 

«атағанда  көтеріліп,  мерейленіп 

қалатынымыз  бар.  Шүкір  дейік, 

арғы-бергі  заманда  да  халық 

қамын  жеген,  елі  мен  жерінің 

тұтастығын,  азаттығын  ойлаған  

арыстардан  кенде  емеспіз.  батыр 

бабаларымызды,  еңбекпен  өрле-

ген  ерлерімізді  әрқашан  мақтан 

тұтып,    ұрпаққа  үлгі  -өнеге    етіп 

келеміз.  Халық  сөзін  сөйлеген, 

өмір-  тіршілік  болмыс-  бітімін 

өлеңмен 

кестелеген 

алдыңғы 

толқын—  азулы  ақындарымыз  да 

баршылық.  Олардың  өкшебасар-

дарынды  да  талантты,  алымды 

да  қарымды  кейінгі  толқын- 

ұрпақтары  аз емес. Толығып, то-

лысып қуантуда.

«Сенім    мен  сезім-серігім» 

атты  жинақ  кітапты  қолға  алып 

оқығанда  «авторы  кім?»-  деген 

сауал  тілге  оралды.  Сұрастыра 

келгенде,  кітап  мұқабасындағы 

«бақытжан  Сатыбалдыұлы»  деп 

жазылған  аты-  жөнге  қанықтық. 

Өз 

бауырымыз— 



Жылысай 

ауылдық  округіне  қарасты  Шы-

бышы елді мекенінің тумасы екен. 

Оны  жинақтағы  «Туған  жер  кіта-

бы»  өлеңінде  бақытжан  былайша 

толғаған.

«білінбейді 

сырт 


көзге, 

ауылымның тынысы,

асып-  тасып  әрқашан,  арта 

берсін ырысы.

Тау  мен  тасы,  аршасы, 

қарағайлы алқабы,

Туған    жерім  осындай,  аты 

оның Шыбышы...»

            (кітапта, 12-13 беттер)

Жинақтағы  баспахана  ағат-

тықтарын  (өлеңдердің  ретсіз,    ір-

кес-  тіркес  берілуін,  қателердің 

көптігін,  т.  т.)  еске  алмасақ  та, 

бақытжанның  алған  тақырыбын 

өлең 

өлшемімен 



жеткізуде-

гі  олқылық-  кемшілігі    жоқ  дей 

алмаймыз.  Әйтсе  де  талабын  із-

деніс-  еңбекпен  ұштап,  поэзия 

өлкесіне өзіндік бағыт- бағдармен 

бет  алғаны,  айтары  барлығы 

анық 

аңғарылады. 



көпшілік 

өлеңдеріндегі  ойлы  оралымды 

мәнді  де  мағыналы.  Туып-  өскен 

жерге,    оның  табиғи  құбылыс, 

кескін-  келбетіне,  өз  орта-

сы–  ата-анасы,  бауыр-ағайынға 

арналған  жылы,  шуақты  сезім, 

көңіл  күйін  өлең  шумақтарымен 

қысқа  да  нұсқа  етіп  өріп,  жеткі-

зуге  ұмтылғаны  құптарлық.  Оны-

мен  оқырманды  тартады,  баурап 

алады.  кітаптағы  өлеңдер  біздің 

де  көңілімізден  шығып,  көкейге 

түйілгенін атап айтқанымыз абзал. 

Оқиық.

«Қамыққанда  қайғырып,  жа-



ным жүдеп,

көңілімнің  соққанда  дауылы 

үдеп.

Ән  тыңдасам  көңілім  жайла-



нады,

Қонғандай  боп  шаттықтың 

ауылы  кеп».

  («Ән құдіреті», 13-14 беттер)

ана  тілде  сусындадым  білім-

мен,


кәусар  сөздің  ақтарайын 

түбін мен.

Тыңдар  құлақ  болса  екен 

үнімді,


мұқағали  сөзін  айтам  бүгін 

мен:


«кей- 

кейде 


дүниеден 

түңілсең де,

Түңілмегін қасиетті тіліңнен!.

(“ана тілді аяла”, 31-32 беттер).

«Ән-көңілдің 

ажары»,-де-

сек,  оның    қасиет-  құдіреттілігін 

бейнелеп,  жеткізуге  ақын  тілінен 

басқа тіл жете ме?! бақытжан соны 

өлең  шумақтарымен  шумақтап, 

адам  жаны  әннен  қандай  қуат 

алатынын, 

қиналғанда 

қалай 


жұбанатынын, 

ән 


болмаса, 

нәр  де,  әр  де,  өмір  де  болмай-

тынын 

көкейге 


қондырады, 

орнықтырады.  ал,  екінші  кел-

тірілген  өлеңінде:  «Туған  тіл-  ті-

регіміз.  Ол  тірліктен  айырылсақ, 

бәрінен  де  ажыраймыз»,-  деген 

ой-түйін  жасап,  әрқашан  ана 

тілді  құрметтеуге,  қастерлеуге, 

көздің 


қарашығындай 

көріп, 


сақтауға  шақырады.  бүгін  таңда, 

Тәуелсіздікпен  тыныстаған,  тір-

шілік  салтанатын  құрған  тұста, 

бізге  не  жетіспейді,  не  «жетім-

сіреуде?»  ана тілге, оның мемле-

кеттік мәртебеге жетуіне шынайы 

жанашырлықтың 

жетіспеуіне, 

оған ең алдымен иісі қазақ «кінәлі 

де,  күнәлі»  екендігімізге  ақын 

назар  аудартады,  солайша  шы-

рылдайды.  «бұрыс»  дей  аламыз 

ба?  Жоқ!  Туған    тілге  бүкіл  қазақ 

өз-  өзіміз  қамқор,  қорғаушы, 

қолдаушы, алғы күндерге апарушы 

бола  алмасақ,  басқадан  көрудің 

жөні де, жолы да жоқ-ау...

абай данамыздың:

«Туғанда  дүние  есігін  ашады 

өлең,


Өлеңмен  жер  қойнына  кірер 

денең.


Өмірдегі 

қызықтың 

бәрі 

өлеңмен,


Ойлансаңшы  бос  қақпай 

елең- селең»,-

деп 

түйіндей 



келе, 

Сатыбалдыұлы  бақытжан  ба-

уырымыздан  бұдан  да  ойлы, 

мағыналы, рухты шығармашылық 

еңбек күтеміз. 

Өмір  —  өлең    өріндегі  өресі 

биіктеп, өрісі мен тынысы ашыла 

түсуіне тілектеспіз.



Хантәңірі

5

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,   сенбі,  20 қыркүйек

 

Көзден кетсе  де, көңілден кетпес

 

жақсы жандарды жас ұрпақ білгені жөн-ау! 



Бұдан 

Бұрын 

осындай 

тақырыппен  ой  қозғап,  артында 

жарқын із қалдырған асыл азаматтар 

БекБолат 

асанов 

пен 

ермек   

жақыпжанұлы 

мырзагелдиев 

(Хантәңірі», №22, 14 маусым 2014 жыл)  

жайында  жазған  едік.  «Өлі  риза 

Болмай,  тірі  Байымайды»- демекші, 

ондай  Өмір,  Өмір  еңБек  жолы  үлгі- 

Өнегемен  Өрілген  жайсаң  жандар 

Бүгінгі  күні  арамызда  Болмаса  да,  

игілікті  де  ізгілікті  істері  кӨңіл 

тӨрінен кетпек емес. 

адамгершілікке    толы  Болмыс- 

Бітімі де кӨз алдыда тұрады.  оларды 

жас  Өрімнің  танып,  Білгені    тәлім 

мен тағылым алғаны аБзал-ақ!

Іске мығым болатын

Өзі  жақсы  адамның  орны  оқшау,  шарапаты 

айрықша. Оны көріп, біліп сезінсек те кезінде 

бағалай  алмайтынымыз  бар.  Уақыт,  өмір  бір 

орнында тұрмайды. Зырлап, күн күнге ұласып, 

ай  айға  жалғасып,  жылдар  жылжи  береді. 

Ойлап  отырсам,  орта  мектепті  бітіріп,  одан 

арман  жетегімен  Алматыға  барып,  сол  кездегі 

С.  М.  Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 

университеті журналистика  факультетінің шет 

тілі емтиханынан «құлап» қалған соң,  амалсыз 

ауылға қайтқаным ешқашан ұмытылмайды.

1969  жылдың  күзі  еді.  «Келесі  жылға 

емтиханға дейін екі қолға бір күрек табылар»,- 

деп  жүргенде,    аудандық  «Коммунизм  нұры» 

газеті  редакциясына  жұмысқа  орналасу  ой 

тұрмақ, түске де кірмеген болатын. Мектептегі 

5-класс,  1965  жылдан  “жазуға  талпынып”, 

бірер  қысқа,  күзелген,  түзелген  жазбаларым 

аудандық  газетте  шыға  бастаған.  Содан  не 

керек, Ұзынбұлақтағы Ы. Көшкінов атындағы 

орта мектепті аяқтағанша, «тілші бала» атанып, 

«Журналист  болам»  деп  армандадық  қой. 

Журналист жолының  ауырлығын,  жүгінің аса 

салмақтығын,  жауапкершілігі  мен  міндетінің 

өте жоғарлылығын білді дейсіз бе?!.

«Коммунизм  нұрының»  Бас  редакторы 

Тақаң-  Тағаш  аға  Байжановтың  шақыруы,  

құптап,  қолдауымен  “газеттің    корректоры” 

деген жұмысты иелендік.  Ал, бұл жазбаға негізгі 

түрткі болған абзал азамат Әкітай аға Жұмәділов,  

жаңылмасам,  газеттің  бөлім  меңгерушісі  екен. 

Ол  қызметтің  бас  редактор, оның орынбасары,  

жауапты  хатшыдан кейінгі жауапты басшылық  

орын  екенін  жүре,    көре  түсіндік,  түйіндік. 

Аптасына  үш  рет  шығарылатын  газетте  3 

бөлім:  партия  тұрмысы,  ауыл  шаруашылығы, 

хат  бөлімі  болып  жіктелетін.  Сол  әр  бөлімде 

бірнеше  әдеби  қызметкерлер,  аға  әдеби 

қызметкерлер  істейтін.  Газет  корректорының 

міндеті— газет  нөмірінің әрбір бетін түпнұсқа 

материалдарымен  салыстыра  оқып,  қателерін 

(әріп,  тыныс  белгісі,т.  т)  көрсетіп,    түзеттіру, 

яғни,  сауаттылығын көтеру. Беттерді шұқшия, 

қадала  оқу,  қатеден  арылту  қайдан  оңай 

болсын?!  Бөлім  меңгерушісі,  әдеби  қызметкер 

қоса    оқысып,  жүктің  бір  жағын  жеңілдететін. 

Сонда  Әкітай  аға  сауаттылығымен,  ұқыпты, 

тиянақтылығымен, 

жазғандарының 

ойлы 

мазмұндылығымен  тартып,  ерекше  баурап 



алатын. Жас деп жасқамай, тең санап, жұмысты 

үйреніп,  төселуге  ағалық  ақыл-  кеңесін 

аямайтын, әрдайым қол ұшын беріп, тура  бағыт- 

бағдар  көрсетіп  отыратын.  Ол  шақ  ағаның  да 

30-ға  толмаған,  жігері  жалындап,  қылшылдап 

тұрған кезі екен ғой. Кейіннен бір жылға жетер- 

жетпес  мерзімде  аудандық  родио  хабарларын 

тарату  редакциясында  тағы  да  басшы,  қосшы 

дегендей  бірге  жұмыстас  болдық.  Балапан 

қанаты  қатайып,  топшыны  бекітуде,  шынайы 

журналистік  жолға  түсіп,  оқырман  көпшілік— 

аудан  халқына  қызмет  көрсетуде  Әкітай  аға 

Жұмәділов  осылайша  тәлімгер-  ұстаздарының 

бірі,  бірегейі  болғанын  еске  аламын,  жанымда 

берік сақтаумен келемін.

1973  жылдан  Әкітай  аға  аудандық  «Білім» 

қоғамына  ауысты.  Одан  ары  аудандық  партия 

комитетінде нұсқаушы, А. Түркебаев атындағы 

орта  мектепте  директордың  орынбасары, 

директор,  «Таушелек»  совхозында  партия 

ұйымының  хатшысы  міндеттерін    зор 

абыроймен  атқарды.  Еліміз  Тәуелсіздік  алған 

жылдан Саты ауылдық округінің алғашқы әкімі 

ретінде атқа мініп, ол міндетті  жауаптылықпен, 

сый- құрметімен орындады.

Әкітай  аға  Жұмәділов  қандай  істе  болсын 

табандылығымен,  жоғары  білім-  білігімен 

бой  көрсеткенін  атап  айту  керек.  Ақжарқын, 

ақкөңіл,  кеңпейіл,  жан-дүниесі  осындай 

жайсаңдыққа,  адамгершілікке  толы  еді.  Басқа 

қызметте  жүргенімен  жазуын  еш    тоқтатпады, 

қарымды қаламын тастамады. Орталыққа жолы 

түскенде газет редакциясына соқпай, жолықпай 

кетпейтін.  Ауыл,  мектеп,  т.б.  жаңалық,  игі 

істерін  айтып,  жазған  жазбаларын  ұсынатын. 

«Бұл  газет  редакциясы—  киелі,  қасиетті 

орынның  бірі.  Осында  жұмыс  жасап,  ойға 

ой  қосып,  түлегенімді  мақтан  етемін,-  дейтін 

ауылына қайтарда газет ісіне сәттілік, журналист 

інілеріне амандық, шығармашылық табыс тілеп, 

ол күндерді қимастықпен еске алады, сағынады 

екенсің.  Көз  алдыда  жаны-жаз,  жүрегі  кең  де 

жомарт ағаның жарқын бейнесі тұрады.

                   



Жайсаң еді-ау, жайсаң!

«Халық  айтса,  қалт  айтпайды».  Ақиқат 

осы.  Халық  қашан  да  таразы.  Жақсылық 

пен  жамандықты  салмақтап,  екшеп,  тұралап 

отырады.  Мәселен,  «Жақсы  туса,  ел  ырысы», 

«Жақсы  келді дегенше, жарық келді  дегейсің, 

жақсылықтың нышанын алып келді дегейсің»,- 

деп тәмселдеп, “Жақсының аты өлмейді”- деген 

түйін  жасайды.

Әрине,  әр  отбасы  ата-ананың  өмірін 

жалғастыратын 

ұрпағы- 


ұл-қызы. 

Оған 


ешқандай  дау  жоқ.  Әйтсе  де,  бұл  бір  бөлек  те, 

ел-  жұрт  көңіл-  жүрегінде  жайсаңдығымен, 

жақсылық  шарапат,  ізгілікті  із-  істерімен 

қалу,  орнығу  кез-  келгеннің  пешенесіне 

жазылмаған,  қолынан  келмейтіні  де  анық 

ақиқат. Қою шаң, топтың ішінде жүру өзгеше 

де,  одан  оқшауланып  бой  көрсету,  жан-

жағына  жақсылық,  адамгершілік  шарапатын 

шашу,  ұлғайту,  кез-  келген  жанның  «тәлей- 

тағдырына  жазылған»  дей  аламыз  ба?!.  Жоқ! 

«Асыл.  Абзал.  Атпал.  Арыс»,-  деп  атайтын, 

атала  беретін  азамат  қатарына  қосылу,  оның 

үдесінен  көріну,  ел-  жұрт  жүрегіне  терең  

орнығып,  ыстық  ықыласпен  аталу  қайдан 

оңай    болсын!?  «Халқына  қалаулы,  еліне 

елеулі  болған  азамат!»-  деп  екінің  бірін  айта 

алмаймыз ғой.

«Жайсаң  еді-ау,  жайсаң!»-  деп  бұл  күнде 

арамызда жоқ, бірақ жарқын бейнесі, игілікті 

істері,  аңқылдаған  ақынжандылығы  көз 

алдымызда,  сана-  сезім,  көңіл  көкжиегінде 

қалған,  берік  орныққан  Жекең—  Жеңіс  аға 

Әуезханұлы  жайында  аз-кем  сыр  қозғап, 

толғасақ, қолдағы қалам да жүріп бергендей-

ау  осы!  «Жақсының  жақсылығын  айт,  нұры 

тасысын»,-  демекші,    Жекеңмен  жиі-  жиі 

жүздесіп, тілдесіп, халық игілігі үшін атқарған 

жақсы  іс,  қалтқысыз  қызметіне  қанығып, 

қуанып  жүргенде  тұщымды  бір  дүние  жаза 

алмаппыз.  Міне,  сол  өкініш,  орны  толмас 

олқылық.  Бұл  жазбада  да  тереңдеп  кете 

алмаспыз.  Әйтсе  де  жас  өрім:  «Осындай 

арыс азамат болған екен. Өмір, еңбек жолын 

үлгі- өнеге тұтайық!”- деп түйінсе, азда болса 

өкініштің  сейілгені,  олқылықтың  орны 

толғаны.


Ж.  Әуезханов—  балалығын  сұм  соғыс, 

одан  соңғы  қиыншылық  лайлап,  қинаған 

толқынның  бірі.  Өзінің  өсіп,  жетілуі  сондай 

«соқтықпалы-  соқпақты»  шақта  өтсе,  арғы 

ата,  әкелерінің  тартқан  тауқыметін,  көрген 

қанды- қырғынын айтуға ауыз бармайды.

Көшкіннен әкелері— Дәулетбақ, Сейдапас, 

Қанапия,  Ескендір,  Ыдырыс,  Ықсан  және 

Әуезхан болып тарапты. Бұны кезінде Жекең 

жаны  ауыра  отырып  айтатын.  Себебі,  бұл 

әкелерінен  Қанапия  мен  Ескендір  1916 

жылғы  Қарқара  ұлт-  азаттық  көтерілісіне 

қатысып,  патша  жендеттерінің  оны  қан- 

жоса етіп басып, жаныштауында көз жұмған. 

Қазақстанда  белгілі революционер, мемлекет 

қайраткері» атанып, сол өкіметтің өзі  таңған 

«халық жауы» таңбасымен 20 жылға сотталған 

Ыдырыс  1944  жылы  Архангельскі  деген 

тұңғиық түкпірінде қайтыс болса, Ықсан әкесі 

“Халық  жауының  інісі”  атты  жала-айдаумен 

15  жылын    Карлагта  азапты,  тозақты  күн- 

түнімен өткізген. Басқаларының да «маңдайы 

жарқырағаны» жоқ. Дәулетбақ, Сейдапас, өз 

әкесі Әуезхан да «жала мен налаға» ұшырап, 

сұрапыл  соғыс  оғы,  отына  түскенін  Жекең 

қинала  есіне  алатын.  “Ондай  күннің  беті 

әрмен!”-  деп  сөзін  созбай  үзіп  жан-  жүрегі 

қинала үнсіз отырып қалатын...

Жекең жоғарыда айтқанымыздай, ақынжанды 

қандай  қарбалас,  қауырт  шаруа,  тірлікте  жүрсе 

де,  өлең-  өрімімен  өзіне-  өзі  дем  беріп,  күш- 

жігерін  босаңсытпайтын,  қайт  шарболаттай 

қатаятын  асыл  азамат  еді.  Әрдайым  газет 

жұмысын, журналистер іс- қимылын құрметтеп, 

жанына  жақын    тұратын.  Өлеңдерін  “оқып, 

танысып  көріңдер.  Мүмкіншілік  болса  тасқа 

(газетке)  басарсыңдар”,-  деп,  артық-кем  сөз 

айтпай  қолға  ұстататын.  Жақсы,  нәрлі,  әрлі, 

рухты  дүние  редакция  қоржынында  қайдан 

жатсын?!    Көп  уақыт  өтпей  «Ж.  Әуезханұлы 

деп  айқындалған  ойлы,  шымыр  өлеңдер  арысы 

облыстық,  республикалық,  берісі  аудандық 

газеттерде  жарық  көріп,  оқырман  ілтипатына 

бөленіп жататын.

Ақын, азамат Ж. Әуезханов өлеңдерінде туған 

жер  мен    елін,  өмірдің  әралуан  қыр-сырын,  т.б  

тақырыпты өзек етіп, өрнектеп  өретін, көркем 

кестелейтін.  Мына  бір  өлеңін  оқып  көрейікші.  

Атауы-«Қолтыққыстау-  ата қонысым».

«Көне атау, ата қоныс- Қолтыққыстау,

Сияқты берекелі толық астау.

Шүйгін шөп, мөлдір бастау, шұрайлы жер,

Аң  тоғысы үзілмес жерің тастау,»-

деп  толғап,    осы  өңірдің  кескін-  келбетін, 

ырыс-  құтын  өлең  жолдарымен  шумақтап 

барып:


«Естімей жүр Қолтықтың сырын ешкім,

Кіндік кескен жері бұл Ыдырыстың.

Мұхтар келіп толғанып жазды осында,

«Қилы заман» дастанын қырылыстың.

Ілияс та әжемнен қымыз ішіп,

Жырын жазған жөні кеп қыдырыстың.

Ораз болған бұл жерде ұйым ашып,

Қоғам болып құрылған құрылыстың»,-

деген  тарихи  дерек-  дәйекті  алдыға  тартады, 

нақтылайды,  Бұлай  дегеніміз-  бүгінгі  жас 

өрім-  оқушылардың  бәрі    бірдей  аса  көрнекті 

мемлекет    және  қоғам  қайраткерлері  Ыдырыс 

Көшкінов  пен  Ораз  Жандосовты,  Аспантаулар 

аймағында  ат  тізгінін  тартып,  жер,  ел-  жұрт 

жағдайымен,  өткен,  бастан  кешкен  «тар  жол, 

тайғақ  кешуімен»  танысқан  заңғар,  академик 

жазушы  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезовты,  жыр 

дүлдүлі  Ілияс  Жансүгіровты  біледі  деп  айту 

қиын. Жекең осынау небары 6 шумақ өлеңімен 

соның орнын толтырып, жас буынға жер мен ел,  

оның  ер-  азаматы  өмір  қызметінен  үлгі-  өнеге, 

тәлім-  тәрбие,  тағылым  беруді  көздеген.  Өлең 

сонысымен  құнды,  мән-  мағыналы,  бағасы 

жоғары демекпіз.

Тоқ  етер    түйін  жасасақ,  бар  еңбек,  қызмет 

жолын  халқына  арнаған  Жекең  туралы  әңгіме 

бұнымен  шектелмес.  Жоғары  қызмет  тізгінін 

ұстап,  үлкен-  үлкен  шаруашылықты  басқарса 

да,  Тәуелсіздік  кезеңінің  алғашқы  жергілікті 

әкімнің  бірі болса да аспаған, тасымаған абзал 

азамат ел- жұрт, ұрпақ жүрегінде сақталуы керек. 

Солай бола береді деп кәміл сенеміз.

Тағзым

Төгейін мұңмен зарымды- 



                                               ай,

Жоқсың ау аға жанымда- ай.

Қайтейік бізде шара жоқ,

Ажал деген залымға- ай.

Арманда кеткен ағам- ай,

Сарғайды менің санам- ай.

Тәубе етеміз Аллаға,

Жоқ бізден басқа амал- ай.

Жапырақ күзде соларда,

Қайтады құстар оларда.

Ағажан едің ерекше,

Өзіңнің  орның  толар  ма?,- 

деп  ақындар  жырлағандай,  міне, 

бізде  асыл  азаматымыз,  қамқор 

ағамыз,  ұлағатты  ұстазымыз  бола 

білген Төлепберген Баялыны өлді 

деуге  қимай,  өзегіміз  өртеніп, 

қабырғамыз  қайысып,    еске 

алып  отырмыз.    Көзінің  тірісінде 

ағалық  ақылын  айтып,  жас 



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет