"Үкімет "Агробизнес-2020" Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін



жүктеу 0.57 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

А. АбдрАмАнов, 

салық төлеушілермен  жұмыс және 

камералдық бақылау бөлімінің басшысы

 

Салық басқармасында

«Кеген  ауылынан  автошкол  ашылады  екен.  Бұл 

жұмысты қаладан келген бір азаматтар қолға алыпты»- 

деген  сөзді  естігеміз.  Ол  қандай  автошкол?  Онда  не 

үйретеді?  Әлде    жоғарыдан  келгендердің  тарапынан 

әлдебір есепті түгендеу үшін уақытша қолға алынған 

жұмыс  па?-деген  сұрақтар  әрқайсымызда  болғаны 

айқын.    Әрі  бәрімізді    елең  еткізген  хабардың 

мәнісін  анықтау,  көз  жеткізуді  де  ойлап  жүргеміз. 

Қала жақтан келіп бір жұмыстың басын жалаулатып 

бастап,  аяғына  жеткізбей  көпті  алаңдатып  тастап 

кеткен «бастамалардан» кенде емеспіз ғой.   Жақында 

көкейімізге    маза  бермеген  автошкол  туралы  

түйткілдің  шешімін  тапқандай  болдық.  Редакцияға 

бас  сұққан  жігіт  ағасы  жасындағы  жайдары  азамат 

өзін  Елжанов  Шахимұрат  Жүнісханұлы  деп 

таныстырды.  «Бір  көрген-біліс,  екі  көрген-таныс»-

дегендей, әңгімелесе келе мінезі салмақты азаматтың 

атқаратын жұмысы да қомақты екеніне көзіміз жетті. 

Яғни, 

Шахимұрат 



аудан 

орталығындағы 

үлкен  де  ауқымды  жұмысты  қолға  алған  Қазақстан 

Республикасының 

автокөлік 

жүргізушілер 

Одағының  автошколының  директоры    әрі  осы 

құзырылы  саланың  Райымбек  ауданы  бойынша 

автокөлік  жүргізушілер  Одағының  төрағасы  екен. 

Әңгімелесе  келе,  екеуміз  де  Қазақстанның  кезіндегі 

ең  жоғарғы  оқу  орнының  түлегі  екенімізді  білдік. 

Ол 1976 жылы КазГУ-дің заң факультетін, мен 1979 

жылы  журналистика  факультетін  бітіріппіз.  Сол 

кездегі  10  пайыздай  ғана  қазағы  бар  қалада  студент 

болып,  қоғамдық  автокөліктерде,  көшелерде, 

студенттік құрылыс, ауыл шаруашылығы жұмыстары 

отрядтарында  өктемдік  көрсетуге  тырысқан  өзге 

ұлттың  өкілдеріне  есе  жібермей,  ұлтымыздың 

намысын жыртқан буырқанған жастық шағымыздың 

көріністері көз алдымыздан жүгіріп өткендей болды. 

Әрине,  әңгімеміздің  негізгі  желісі  Шахимұраттың 

қолға  алған  ауқымды  жұмысы  ғой.  Енді  сол  сәті 

түскен сұхбатымызға оралайын.

Тілші:— 

Шахимұрат 

Жүнісханұлы! 

Аудан 

орталығынан  автошкол  ашу  туралы  өзіңіз  бастама 

көтердіңіз  бе?  оған    басшыларыңыз,  әріптестеріңіз 

қалай қарады? Қолдау болды ма?

Шахимұрат    Жүнісханұлы:—«Ел-елдің  бәрі  

жақсы,  Өз  елің  бәрінен  жақсы»-деген  нақыл  сөзді 

жүрегі  ауылым  деп  соққан    азаматтардың      бәрі 

көкейге  түйіп  өсті  деп  ойлаймын.  Өйткені,  ауылда 

тудық, өстік, қанаттандық. Қалаған мамандығымызға 

Ауылыңда не жаңалық?



туған  жерін  тұғырына  балаған  азаМат

«Қазақстан  Республикасының  азаматтарына,  оралмандарға  және  Қазақстан 

Республикасында  тұруға  ықтиярхаты  бар  адамдарға  олардың  мүлікті  жария  етуіне 

байланысты  рақымшылық  жасау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  2014  жылғы 

30  маусымдағы  №  213-V  ҚРЗ  Заңы  мемлекеттің  мүлікті,  оның  ішінде  бұрын  жариялы 

экономикалық  айналымнан  шығарылған  ақшаны  жария  ету  жөніндегі  біржолғы  акция 

өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың 

және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін 

декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

  Мүлікті  жария  ету  термині  –  табыстарды  жасыру  мақсатында  заңды  экономикалық 

айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 

ресімделмеген  не  тиісті  емес  тұлғаға  ресімделген  мүлікке  құқықтарды  мемлекеттің  тану 

рәсімі;

Мынадай мүлік:



1) ақша;

2) бағалы қағаздар;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш 

объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5)  құрылыс  нормалары  мен  қағидаларына,  сондай-ақ  өздері  орналасқан,  жария  ету 

субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, 

Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6)  Қазақстан  Республикасы  аумағының  шегінен  тыс  жерлерде  тұрған  жылжымайтын 

мүлік жария етуге жатады

Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 

желтоқсанда аяқталады.

Мүлiктi  (ақшадан  басқа)  жария  етуге  ұсыну  үшін  құжаттарды  тапсыру  мерзімі  2014 

жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

  Мүлiктi  (ақшадан  басқа)  жария  ету  комиссияға,  салық  органына  жария  ету 

субъектілерінің мынадай құжаттарды:

1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге 

арналған өтiнiштi (бұдан әрi – өтiнiш);

2)  өтінішті  берген  кезде  түпнұсқасын  көрсету  арқылы  жеке  басын  куәландыратын 

құжаттың көшiрмесiн;

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін 



жеМқорлық- дерт

Сыбайлас 

жемқорлықпен 

күресте 


жазалау  шарттары    ғана    емес,  құқық 

бұзушылықтың    алдын-алу  да  маңызды  

міндеттердің бірі.  Бұл бағыттағы  жұмыс-

тар,    Райымбек    ауданы  бойынша  салық 

басқармасында    салық  төлеушілердің  

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  Заңын 

жетелдірілуне    байланысты    ақпараттан-

дыру  және  жемқорларға  қарсы  саясатты 

жүзеге 

асыру 


жолдарын 

талқыға  

салатын  дөңгелек  столдар,  семинарлар 

үзбей  жүргізіліп  отырады.  Мысалға, 

«Жемқолықпен  күрес    бойынша  өзекті 

мәселелер»  тақырыбына  дөңгелек  стол 

ұйымдастыруды    салық  басқармасы 

дәстүрге  айналдырған.  Оған  аудандық  

сот,  прокуратура,  ішкі  істер,  салық, 

әділет  басқармалары,  ұлттық  қауіпсіздік 

бөлімінің  басшылары    немесе  өкілдері 

қатысады. Шараның мақсаты – сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес  заңдылығының 

талаптарын  сақтай  отырып,  мемлекеттік 

органдармен бірлесіп  әрекет ету.  Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы    қылмыстардың 

алдын-алу шараларын жүргізудегі деңгейді 

анықтау, аталған санаттарға істер бойынша  

алдын-ала  және де    заң  бұзушылыққа  жол 

бермеу туралы өзекті  мәселелерді талқылау.  

Елімізде  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес 

қарқынды  жүріп,  халықтың  әділеттілікке 

сенімі арта түсті. 

Елбасының 

Қазақстан 

халқына  

Жолдауында:  «Тұрғындарға  мемлекеттік 

Қызмет  көрсетудің  сапасын  арттыру-бұл 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тұру  мен 

азаматтардың  мемлекеттік  органдардың 

қызметіне    сенімін  арттырудың  маңызды 

қыры»делінген.  Осы  мәселенің  бізге  де 

қатысы  бар.  Сыбайлас  жемқорлықпен 

күрес  –  бүгінгі  күнің  өзекті  мәселесі. 

Қоғамымыз үшін қатерлі дертке айналған 

сыбайлас    жемқорлықпен    күреске  

мемлекеттік деңгейде үлкен маңыз беріліп, 

биліктің  барлық  тармақтары  жұмылып 

күрес    жүргізуде.  Құқықтық  мемлекет 

пен  демократиялық  қоғам  құрып,  ел 

экономикасын алға бастыруға зор кедергі 

келтіріп отырған қатерлі дерт. Оның бетін 

қайтару  үшін,  осы  кеселді  болдырмаудың 

алдын-алу  жолдарын  қарастыруымыз 

керек.  Бұл  күрес      салық    органдары  ғана 

емес,  бүкіл  халық  болып  күрескенде  ғана  

нәтижелі болады

д. мухАмедиев, 

құқықтық ұйымдастыру  жұмысы және 

мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы.  

жария  ету  субъектілері  салық  органына  осы  айқындалған  құжаттар 

тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:

1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған 

жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы 

қатысу үлесі бойынша – осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың 

нотариат куәландырған көшiрмесiн;

2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша 

– бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi 

жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi 

болып  табылатын  мемлекеттiң  заңнамасында  белгіленген,  осы  бағалы 

қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;

3)  мүліктің  сатып  алу  құнын  немесе  бағалау  құнын  растайтын 

құжатты ұсынады.

Бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда 

мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, 

өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі;

4) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады.

Ақшаны  жария  ету  үшін  Қазақстан  Республикасының  екiншi 

деңгейдегi банктері, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде 

тұрған  осындай  банктердiң  филиалдарын  қоспағанда,  Ұлттық  пошта 

операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші 

негізінде жеке жинақ шотын (бұдан әрі – жинақ шоты) ашады.

Құқықтары  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 

ресiмделмеген,    Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрған 

жылжымайтын  мүліктi  жария  ету  үшін  жария  ету  субъектілері 

әкімшіліктегі комиссияға құжаттар  тапсырады.

Қазақстан  Республикасы  аумағының  шегiнен  тыс  жерлерде  тұрған 

мүлiктi  жария  ету  үшін-  мүлiктi  жария  ететін  жария  ету  субъектілері 

тұрғылықты орны бойынша салық органына құжаттар тапсырады.

Мүлікті жария етуге байланысты барлық сұрақтар бойынша Алматы 

обылысы бойына салық департаментінің 8-7282-243603 және Райымбек 

ауданы  бойынша  салық  басқармасының  8-72777-2-25-11  телефондары 

бойынша сұрауға болады

А. усенАлиев, 

салық төлеушілермен  жұмыс және камералдық бақылау 

бөлімінің бас маманы. 

қолымыз жетті. «Туған жердің туын биікке көтерсек»-

деген,  арманның  өтеуі,  абыздай  қариялардың 

батасының  қайтарымы  шығар    ел  аузына  ілігер 

жауапты  қызмет  атқарып  жүрміз.  Шүкір,  қаржылай 

жағынан  да  жаман  емеспіз.  «Аттымын  деп  артыңа 

қарайламай кетпе» -дегендей, ауданымыздан шыққан 

атымтай  жомарт  азаматтардай  мен  де    оу  баста  2010 

өте  маңызды.  Автокөліктерді  техникалық  байқаудан 

өткізу  бұрын республиканың ішкі істер министрлігіне 

қарасты  болған.  Бірақ,    бұл  орган  сол  кезде  де 

жүргізушілік куәлігін, техникалық байқаудың талонын 

бізден алатын. 2013 жылдан бастап техникалық байқау 

жеке кәсіпкерлерге берілді. Біздің құрылым қоғамдық 

бірлестік.  Техникалық  байқау  бөлімін  ашуға  біздің 

де  құқымыз  болғандықтан,  осы  маңызды  мәселе 

жөнінде  іс-шара  жасап,  аталған  жұмысты  қолға 

алып  отырмыз.  Ал  өзгерістерге  келсек,  автокөлік 

жолдарының  ережесінің  өзгеруіне  байланысты  

бізде  де  талап  күшейтілді.  Жол  жүру  ережесін  бұзу 

адам  өміріне  қауіпті  болғандықтан  мектептерге 

барып  оқушыларға  техника  қауіпсіздігі,  жолда  жүру 

ережесінің  ерекшеліктері  туралы  лекция  оқудамыз. 

Себебі  бұл  өте  маңызды  мәселе.  Ал  техникалық 

байқауға  байланысты  алдымен  жүргізушіні  көріп,  

автокөлігінің  ақауы  болған  жағдайда  3  күннен  10 

күнге  дейін  ақауын  жөндеп,    техникалық  байқаудан 

қайтадан  өтуге  құқы  бар  екенін  түсіндіреміз.  Ол 

жүргізушінің өз өмірі, қоршаған ортадағы қауіпсіздік 

үшін де өте маңызды.



Тілші: — Туған жерде қолға алған игі бастамаңыз 

құтты  болсын?  Азаматтар  тарапынан  алғашқы 

қадамыңызға қолдау  болған шығар. 

Шахимұрат  Жүнісханұлы:—  Тілегіңізге  рахмет! 

Әрине,  алғашқы  қадамыма  аудан  азаматтары 

тарапынан қолдау болды. Жоғарыда атап өткенімдей 

өз  басшыларыма  ауданның  Кеген  селосында  

техникалық байқаудан өткізу бөлімін және автошкол 

ашу  тиімді  екенін  дәлелдеп,  шешім  шығарттым. 

Ауылдан  біраз  уақыт  қол  үзіп  кеткен  соң  мұнда  кім 

қайда  жұмыс  атқаратынынан  хабарсызбын  ғой. 

Дегенмен,  бастамамызды  түсініп  алғашқы  кезде-ақ 

қол үшін берген азаматтар табылды.  Кеген ауылына 

келгенде  алғашқы  жолыққан  адамым  аудан  әкімінің 

орынбасары  Қуанышбек  Төлепбердиев  еді.  Ол  кісі 

техникалық  байқауға  жер  алуыма  көмектесті.  Ал, 

жеке  кәсіпкер  Майтыбаев  Айтмұқан  өтінішімді 

қайтармай,  өзіне  бекітілген  жерден  техникалық 

байқау  станциясына    қажетті  жер  бөліп  берді.  Осы 

үлкен  жүректі  азаматтарға  алғыстан  басқа  айтарым 

жоқ.


Тілші:  —    халыққа  пайдасы  зор  үлкен  жұмысты 

қолға  алдыңыз.  Алдағы  жоспарыңыз  қандай?  бөлімде 

бүгінгі  қажеттіліктерге  орай  қандай  қызметтер 

көрсетіледі? 

Шахимұрат  Жүнісханұлы:—  Алда  өте  көп 

жоспарымыз  бар.  Мекеменің  ғимараты  салынып 

бітсе,  15-20  адамға  жаңа  жұмыс  орны  ашылады. 

Автокөлік  мектебінде  «А»,  «В»,  «ВС»,  «Д»,  «Е» 

категориялары  оқытылып,  жүргізу  куәлігі  беріледі. 

Екіншіден,  қазір  ауыл  шаруашылығы  үшін  сұраныс 

артып  отырған  тракторист-машинист  мамандығы 

да  оқытылады.  Үшіншіден,  көлік  жуатын  орын  да 

ашамыз. Төртіншіден, компьютерлік курс ашылады.

Қазір  мекеменің    ғимаратының  құрылысында 

4  азамат    жұмыс  істеуде.  2  күзетші    бар.  Өздеріне 

тапсырылған    жұмыстарға    жауапкершілікпен 

қарайтын  Шағансариев  Зыкрияға,  Жексенбиев 

Мұсаға, басқа да заматтарға алғысымыз зор.

Уақыт талабына сәйкес жарнама болсын деп Кеген 

ауылына  «Мазда-626» кронус автокөлігін алып келдік. 

Ол  автокөліктің    қосымша  педалі  мен  жүргізушілер 

Одағының рәсімдері, телефон нөмерлері бар. «Мазда» 

автокөлігі    Жүргізушілер  Одағының  бұйрығымен 

Байтұманов Төлебай деген жігітке бекітілді.  Сондай-

ақ,  салынып  жатқан  ғимарат  та  жеке  келісім-

шартпен  сол  жігітке  бекітілген.  Жоғардағы  аталып 

өткен  жұмыстардың  болашақта  ел  игілігіне  қызмет 

көрсетеріне сеніміміз мол.



 Тілші: —  сұхбатыңызға рахмет!

Шахимұрат Жүнісханұлы: —  Сіздерге де рахмет! 

Әрдайым  осындай  жақсы  істерді  халыққа  жеткізе 

беріңіздер.  Редакция  ұжымына  шығармашылық 

табыс тілеймін!  



                               сұхбатты жүргізген 

иемберді ТАсТАнов, 

«хантәңірі» газеті. 

жылы 


туып-өскен 

ауылым Шырғанаққа  

өз  қаржыма  мешіт 

салып  берсем  деп 

ойлағам. Бірақ, маған 

байланысты 

емес 

әртүрлі  себептермен 



бұл 

бастамам 

орындалмай  қалды. 

Содан  кейін  уақыт 

талабына 

сейкес 


аудан  орталығынан 

т е х н и к а л ы қ 

байқаудан  өткізетін 

бөлім, 


автошкол 

ашуды  ойластырдым.  Басшыларымыз  тарапынан: 

«Райымбек  ауданында  көп  болса,  500  автокөлік  бар 

шығар.  Аудан  бұл  мәселе  жөнінен  артта  қалған.  Ол 

жақта қайдағы техникалық байқау?»-деген пікірлер де 

айтылды. Ол пікірлердің  «қолға алған ісің ілгері баса 

ма?»-деген жанашырлықтан туындағанын да түсіндім. 

Картотекамен  қанша  автокөлік  барын  дәлелдедім. 

Аудан  жастарының  болашағы  үшін  «Әкеңнен 

мал  қалғанша,  тал  қалсын»-  дегендей,  автошкол, 

техникалық  байқау  бөлімін  ашуға  нақты  шешімге 

келдім. Өйткені, жастар— ауданның болашағы ғой.  



Тілші: 

— 

Алғашқы 

жұмысыңызды 

неден 

бастадыңыз?  

Шахимұрат  Жүнісханұлы:—    Қазір  Қазақстан 

Республикасының  автокөлік жүргізушілер Одағының 

төрағасы  және  аудандағы  автошколдың  директоры 

лауазымын атқарып келемін. Осыдан бір жыл бұрын 

сәуір айында ауданға техникалық байқау станциясын 

әкеліп  орналастырғам.  Содан  бері  халыққа  үздіксіз 

қызмет көрсетіп жатыр.

Тілші:  —  елімізде  жол  жүру  ережесінің  өзгеруіне 

байланысты  сіздер  еңбек  ететін  құрылымдарда  қандай 

өзгерістер  болды?  ол  өзгерістер  қандай  қажеттіліктен 

туындады? 

Шахимұрат  Жүнісханұлы:—        Бұл  сұрағыңыз 


Хантәңірі

4

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,   сенбі,  20 қыркүйек

Ақжарқын да, кішіпейіл азамат Баялы Төлепберген Сәрсенханұлы зейнеткерлікке 

шыққаннан кейін де қаламын қолынан тастамай  жайдары жымиысымен бәрімізге 

жарқылдай амандасып, маржандай жазуларымен ұқыптап жазылған замандастары 

туралы ойтолғауларын, мақалаларын редакцияға тастап кететін. Бұл оның жүрек 

қалауымен таңдаған журналист мамандығын шынайы құрметтегендігі болса керек. 

Жалпы, Төкең қай салаға қалам тартса да, оны зерттеп, нақты мәліметтермен газет 

бетіне ұсынатын. Содан болар кезінде Төлепберген Сәрсенханұлының тіл туралы, 

ұлттық салт-дәстүрлер туралы мақалаларының облыс көлемінде жоғары бағаланып, 

Ұзынағаш  ауылында  өткен  аудандық  газет  журналистерінің  айтулы  форумында 

арнайы  жүлде  алғанының  да  куәсі  болдық.  Сондай-ақ,  Қарқара  көтерілісінің  90 

жылдығына арналған үздік шығармалар байқауында Төлепберген Сәрсенханұлының 

көтеріліске қатысқандардың ерліктері мен аянышты тағдырлары туралы мақаласы 

бас жүлдені иеленген болатын.

Газетіміздің бүгінгі санында өмірден мезгілсіз өткен қадірлі қаламдасымыздың 

редакцияға әкелген соңғы мақалаларын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.   

Өнердің биігінен кӨрінген азамат 

Омар Жұмабекұлы жайлы толғаныс

біз  қалың  жұртшылық,  жас 

буын  туған  өңір  түлектерімен-  бар 

саналы  ғұмыр,  білім-  білік,  өнер,  

еңбегін  жеріне,  халқына  арнаған 

айтулы  азаматтарымен  мерейлену-

ге  тиіспіз.  Ол—  заңдылық!  Шүкір 

дейік,  аспантаулар  аймағымыз 

небір    ырыстарымен  танымал,  жүзі 

жарқын, мәртебесі жоғары.

міне,  ондай  «сегіз  қырлы,  бір 

сырлы»,  айналасына  жақсылық, 

жарқындық  шарапатын  шашқан 

азаматтар  қатарында  жерлесіміз, 

бауырымыз  Омар  Жұмабекұлы 

Қиқымовты 

атасақ, 


оқырман 

көпшілік толық қостайды деген ой-

дамыз.

«ештен  де  кеш    жақсы», 



«Игіліктің ерте- кеші жоқ»,- дейміз тәмсілдеп. Солай демекші, айтулы өнер 

шебері –көрнекті артист, белгілі актер, ақын, басқа да қабілет- қарымы мол 

Омар бауырымыз «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алғанда 

шын қуандық, көңіл көкжиегін кеңейттік. Ол туралы қалам алып, ой- пікір 

қозғасақ, әсіресе, жас буынға жақын таныстырсақ деген түйінге келгеніміз 

де рас. Оның сәті енді соққандай, кештігі болмас.

Таяуда  бір  газет  бетінен  мынандай  ғибаратты  сөзді  оқығаным  бар: 

«Пенде бар да, адам бар. адамдыққа құлаш ұрса, бірінен бірі асқақтап өседі. 

арамдыққа  қарасын  батырса,  адамнан  пендеге  құлдырап    көшеді.  Осы-

дан- ақ екеуінің айырмасының қандай екенін ажырата беріңдер, ағайын», 

(Софы Сматаев, «Қараңғы ойлар», «Үш қоңыр» газеті, №24,13 маусым 2014 

жыл).  Дұрыс  тұжырым,  парасатты  ақиқат.  көбіне  біз  адам  мен  пендені, 

кім-кім  екенін,  нақты  ажырата  алмай,  кереғарлыққа  ұшыраймыз.  кейбір 

пендені,  қарақан  басын  күйттегенді    әлгіндей  себеппен  «асыра  дәріптеп»,  

«көтермелеп»  жіберетінімізді  жасыруға  болмайды.  ал,  біз  сыр  қозғап,  ой-

пікір білдірмек Омар Жұмабекұлы адамдық туын биік, таза ұстап, кір шал-

дырмай келе жатқан азаматтар қатарында, алдыңғы  сапында.

біреу  білер,  біреу  білмес.  Омар-  алпысты  алқымдаған  біздің  ізіміз-

ді  басып,  «ағалап»  жүгіріп  өскен  бауырымыз.  Жанға  жайлы,  құт-  берекелі 

Жылысай атты ауылдың саумал ауасын жұтып, Қосбастаудың зәмзәм суын 

ішіп, ағалы- інілі боп ат жалын тарттық. балалық шағынан алғыр, талапты, 

әр іске, еңбекке, өнерге бейімделіп, жетіліп,  ержеткен оның қазақтың м. 

О. Әуезов атындағы академиялық драма театрында өнерін де өресін де биік-

тетіп, көрермендер көзайымына айналғанына талай жылдың жүзі болыпты.  

Оның  сахна  саңлақтары,  жарық  жұлдыздары  С.  майқанова.  б.  Рамова,  З. 

Досанова,  Ф.  Шәріпова,  Х.  елебековадай  апайларынан,  м.  Сүртібаев,  Ә. 

молдабеков, ы.Ноғайбаев, Ә. Әшімовтай ағаларынан үйренгені мол-ақ! бұл 

жерде театр сахнасында сомдаған бейнелерін тізбелеудің қажеті болмас. ки-

елі  шаңырақта м. Әуезов, Ш. айтматов, Ғ. мүсірепов, Ә. Нұршайықов, Ә. 

Сәрсенбаев,  Д. Исабековтей қабырғалы, атақты қаламгерлердің, сондай-ақ,  

шетелдік  драматургтердің  шығармаларындағы  белді-  белді  кейіпкерлерді 

сахналап, көрермен қауымның аса зор алғысына бөленіп, сый құрметіне ке-

нелгенін мақтан тұтып, жас буын талапкерлерге үлгі-өнеге еткеніміз абзал. 

Омар қазақ кино өнерінде де өз өре- өрісін айқын көрсетіп, мәртебе- 

мерейін  өсірген  актер.  Соңғы  түскен  фильмдердің  бірі-  «Сырғалымдағы» 

Жантөре  бейнесімен жұртшылыққа тіптен жақсы танылғаны мәлім. «Қала 

ішінде жүреміз, сырт ауыл- ауылға барамыз. Қазір мені көбіне «Омар» деп 

емес,  «Жантөре»  атайтын  болды.  «Сіз  Жантөресіз  бе?»-деп  сұраған  бейта-

ныс  үлкен-  кішіге  «емеспін»  деп  қалай  айтамын?!  Іштей  толқып,  жылы 

жүзбен  бас  изеймін»,-  деген-ді  Омар  бауырымыз  жақында  бір  қуанышта 

жүздесіп, бас қосқанда. Өнер құдіреті, оның нағыз азамат— актерге берер,  

алға қарыштатар сый- құрметі, рухани күш- қуаты деген осы! Омардың қазір 

кемелденген, шабыты шалқыған шағы. Соған орай «алдағы алар өнер асу-

лары бұрынғыдан да биіктеп, атақ-абыройы арта  түсетіні еш күмән тудыр-

майды. алайда, осының бәріне ол асып- тасып, адамдық, азаматтық жолы-

нан ауытқымайтыны айдан анық. Әлі сол аңқылдаған ақжарқын, ақкөңіл, 

мейірбан, бауырмал қалпында. Орынды  жерінде  әнін де асқақтата айтып, 

әзіл-  қалжыңын  да  қосақтап,  отырған  ортасын  жайнатып,  жарқыратып, 

шуақтандырып жібереді.

Омар Жұмабекұлы көрнекті артист, актер, жан- жақтылы өнер иесі ғана 

емес, орынды, алымды, арқалы ақын да. Оның өзіндік ерекше қасиеті болар, 

“мен ақынмын” деп кеуде қақпайтыны. мерзімді баспасөзге де поэзиялық 

шығармасын ұдайы ұсына бермейді. ара- тұра көз шалып, ыстық ықылас, 

дән риза көңілден оқып, рухани байып қаламыз. керісінше «шатты-бұтты» 

бірер  өлең  жазып  немесе  сондай  «сөл-  нәрі»  жоқ  дүниелерінен  жинақ  кі-

тап  шығаратындар  қазір  баршылық.  Тіпті,  «саңырауқұлақтай  қаптап» 

бара  жатқандай.  Ондайларға    қарасаңыз:  «ақынмын»  деп  аспандап,  «мені 

көріп, таны» дегендей “айқұлақтанады”. алланың беретін сыйы, таланты-

ақындықты қолымен жасап алғандай «асқақтап», «асып- тасығанына» ерік-

сіз бас шайқап, іштей қынжыласыз. Осы жазба, толғаныста келтірген адам 

мен  пенденің  айырмасы  осындайдан  көрінбей  ме?  «Пенде,  пендешілікке» 

дауа болмас, шіркін! «бүкірді көр ғана түзейді»,- деп түйілген халық нақылы 

бекер айтылмағанына  бұл нақты дәлел-айғақ.

«ақындығы» дегеніміз- Омардың жер мен ел, батыр бабалар тарихын 

басқыншы,  т.  б.  арам  ниеттілер  қарсы  жүргізген  шайқас,  оқиғаны    жан- 

жақтылы  зердеге  түйгені.  Оны  мағыналы,  ойлы,  шымыр  өлең  жолымен 

шумақтап,  оқыған  оқырманын  толғантатыны,  білмегенді  білдіретіні,  яғни 

ой- өрісті кеңейтетіні. Сондай-ақ,  туған, өскен өңірді, ынтымақ- бірлікке 

ұйыған, еңбек пен кәсіпке, шаруаға жұмылған адамдарды өрген: нәрлі де, 

әрлі кестелеп, баяндаған өлең, толғау, поэмалары жүрек түпкірінен шымыр-

лап,  қайнап  шығып,  басқа  (оқырман)  жүрегіне  жылы,  шуақты  болып  же-

тетіні. мәселен, Омар ақынның батыр, ержүрек, сексенінде де дұшпанына 

иілмеген, өр кеудесін тік ұстаған  Пұсырманбай бабасына арнаған поэма-

сында оның бір ғана ерлік, ел- жұрт қамын, тыныштығын тереңнен ойлап, 

жүзеге асырған оқиғасын көркем, келісті тілмен кестелеп, көз  алдыға әкелді. 

Поэманы Әубәкір Солтанбекұлы бабаның баласы Құрманқожаның (Қожан. 

Ол кісіні көрдік. көкірегі даңғыл, зердеге түйгені мол, тарих, шежірені өте 

жақсы білетін. Сондай әңгімесін ептеп естісек те, кезінде қағазға түсіріп не-

месе таспаға жазып алмағанымызға осы күні қатты өкінеміз) баяндауымен 

бастап, одан ары сабақтайды:

«Қожаңыз сөзді бастар жұмып көзін,

Әркім-ақ ұстады қарт мінезін.

бұл оның көргені емес, естігені,

Толғайды кәрі жүрек, тұнық сезім..,»-

деп түйіп, Қожан қарттың Пұсырманбай бабаны таныстыруын былай-

ша жалғастырды:

“албанда батыр бар ма Пұсырмандай,

Демімен сайдың тасын ұшырғандай.

Руы- Әлмеректің Жәнібегі,

бәйсейіт, өз әкесі ер Қонысбай.

албанда батыр  бар ма Пұсырмандай,

ел-жұрты аруағына бас ұрғандай.

айбынды асқар таудай әр тұлғасы.

мінезі жүрген жарап қарт бурадай”,- 

 

 

деп,  дамытылып,  негізгі  оқиға  желісіне  көшеді.  Тарихта  болған  оқиғада 



Пұсырманбай  баба  сексеннің  жетеуіне  келіп  отырғанда,  оны  естіген 

қырғыздың  Тоқтарбайдай  дәнкеуде  батырының  басынып,  «көзі  тірісінде 

шабамын» деп жорық жасауымен өрбітіледі. Тоқтарбайдың астамдылығына, 

аярлығына шыдамаған Пұсырманбай:

“Шынымен Тоқтар сені басынды ма,

мойныма жылан болып асылды ма.

ұл болып Қонысбайдан туған болсам,

кеудеңе зар қыламын басыңды да!!

Жан едім жау көрмеген жақын еді,

аруағын Әлмеректің шақыр енді!

Сыйлағанды білмеді сынасқанның,

Талқаны таңдайына татыр енді!”-

деп,  қаһарланған,  намыс  буған  бабамыз  «Қаракеріне  қарғып  мініп, 

жеке- жеке шыққан Тоқтарбайдың  найзасын қағып тастап, қолындағы ды-

раумен (қамшы) қақмаңдайынан тартып өтеді. Осылай қырғыз батырының 

басы  айбалтамен  қиылып,  қалың  жасағы  быт-  шыт  болып  қашады.  Сол 

шайқас өткен сай – «Тоқтарбай сайы» деп аталып кетіпті.

Поэма:


«арайланған алтын таң алдан атып,

Қырға қабақ, қырсыз күн алыстады.

бас тігіп, қан төгіскен жер судан да,

ескеріп енші беру қалыспады.

ынтымақ көздің ақ пен қарасындай,

Ой ортақ, егіз мақсат намыстары!

Пұсырман пәмдеп соққан ұлы ескерткіш,

бұдан соң қырғыз, қазақ шабыспады»,-

деп аяқталған. Шығарманың бұлай аяқталуы- оқырман көкейіне қонды. 

Төскейде  малы,  төсекте  басы  қосылған,  ежелден  қоңсы  қонған  албан- 

бұғы  арасында,  поэмада  баяндалған  оқиғадан  кейін,  яғни  Пұсырманбай 

бабамыздың бір жағы ерлігінің, екінші жағы көршілес, туыстас екі халықтың 

тыныштығын, ынтымақ- бірлігін тереңнен ойлауының арқасында, алакөздік 

оты  өшіп,    мамыражай  тыныс-  тіршілік  қалыптасыпты.  Ол  жарасымды 

қарым- қатынас бүгінгі Тәуелсіздік заманында да  жалғасып, албан- бұғы 

бір  туғандай  күн  кешуде,  әрбәр  таңы  арайлап  атуда.  Өнер  шебері,  ақын 

Омар Жұмабекұлы хақындағы толғанысты осымен түйіндейік, Соза берсең, 

айта  берсең  әңгіме  көп,  ой-  пікір  де  жеткілікті.  біздің  мақсат-  оны  аудан 

жұртшылығына, оның ішінде жас өрімдерге қысқаша болса да таныстыру. 

Өнерінен, оның биігіне көтерілудегі ізденіске толы еңбегінен әсер- ықпал 

алса үлгі- өнеге етсе деген  ниет- тілек. кейінгі толқын талапкерлер арасы-

нан Омардай өнер жұлдыздары шығып, қатары көбейіп, толысып жатса, нұр 

үстіне нұр жауғаны да.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал