Кез келген саладағы ұлттық идеология жұмысы


Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатында



жүктеу 0.66 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата29.04.2017
өлшемі0.66 Mb.
1   2   3   4   5   6

Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатында 

оқуға қандай құжаттар керек? Оқу жылы аяқталмай қабылдау басталады 

деген рас па?

Алмас ЕГЕМБЕРДИЕВ, Алматы облысы

Алматы қаласындағы Б.Мо 

мыш 

ұлы 


атындағы республикалық әскери мектеп-

интернатына қабылдау маусымның 20-сы 

мен шілденің 20-сы аралығында жүргізі-

леді. Мектеп қабырғасына 9-сыныпты 

бітірген оқушылар қабыл данады. Керекті 

құжаттар: оқушы ата-анасының өтініші, 

медициналық тексеру 

ден өткендігі 

жөніндегі анықтама, жеке куәлік көшірмесі, 

мектептен мінездеме, алты дана 4х6 

суреті, 9-сыныптан кейінгі берілетін куәлік, 

ата-ананың жұмыс ор нынан анықтама, 

жа сөспірімдер  ісі  жө нін дегі  инспек-

циясынан тізімде жоқ тығын растайтын 

анықтама, үй кі тап шасының көшірмесі 

мен №83 егілу кітапшасы қажет. Та-

лапкерлер қабылдау мерзімі аяқтал ғаннан 

кейін сынақтан өтеді. Атап айтқанда, 

математика пәнінен бақылау, қазақ немесе 

орыс тілі пәндерінен диктант жазады. 

Қосымша денешынықтыру пәні бойынша 

тапсыр малар  орындалады.

Данияр, сіздің әскери салаға деген 

қызы ғушылығыңыз бізді де қуантып отыр. 

Наза рыңызға ҚР Қорғаныс министр лігінің 

ресми мәліметтерін ұсынамыз.

1993 жылғы 9 сәуірдегі «Қазақстан 

Республикасының қорғанысы және 

Қарулы Күштері туралы» Заңының 12-

бабына сәй кес, Құрлық әскерлері әскери 

басқару ор 

ган 


дары, өңірлік қолбас-

шылықтар, әскер тектері, арнайы әскерлер, 

тыл, оқу және резервтегі бөлімдерден 

тұрады. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің негізгі 

тапсырмаларына мыналар кіреді: 

1. Агрессияға тойтарыс беру үшін 

әскерлер       дің  әзірлігіне  қолдау  көрсету. 

2. Қазақстан Республикасының 

егемендігі мен аумақтық тұтастығын 

қорғау.


3. Мемлекеттік және әскери объек-

тілерді күзету және қорғау.

4. Мемлекеттік шекараның құрлықтағы 

бөлігін қорғау. 

5. Бітімгерлік және басқа да тап сыр-

маларды орындау.



Бақайшағына дейін мұздай 

қаруланған жау болса да, бес 

қаруы сай әскердің айбыны асқақ 

екені анық. «Бес қаруы сай» 

дегеніміз – бұл жан-жақты 

дайындық. Техникалық та, 

материалдық та, тіпті моральдық, 

психологиялық та және, ең 

бастысы, білім-біліктіліктің жоғары 

болуы шарт. 

Біз – ғасырлар бойы еліміз бен же ріміздің 

қорғанысына айрықша жоғары мән беріп 

келген халықпыз. Ал қазіргі Тәуелсіз Қа-

зақстанның қорғаныс саласы қандай бағаға 

лайық? Жаман емес, әрине. Қазақстан ның 

әскери бюджетi 2007 жылы 1 млрд 220 

миллион долларға жетті. Сол жылы еліміздің 

әскер қатарындағылардың саны 74 мыңнан 

асты. Ал халқы бiзден екi еседей артық көрші 

Өзбекстанның әскерлерi 68 мың адамды 

құраса, бюджеті 302 млн доллар ғана. Тағы 

бір мысал, Түрікменстан үшін әскер санын да, 

бюджетін де көтеру арман болып тұр, яғни 

50 мың әскер, 116 млн доллар. Айта кетсек, 

артық болмас, Тәжiкстанда 15 мың әскер, 

қаржысы – 52 млн доллар. Айыр қалпақ аға-

йындар (Қырғызстан) бұрынғы КСРО елдері 

арасында 11 мың әскерімен (40 млн доллар) 

тізімнің ең соңында тұр. 

Алайда бұған тоқмейілсуге болмайды. 

Өйткені Қазақстан мен біз үлгі етіп отырған 

елдердің қорғаныс салалары ахуалының 

арасы жер мен көктей. Былайша айтқанда, 

көшбасшы елдер күш-қуатын әскерінің 

беделімен өлшейді. Орталық Азияда абы-

ройымыз асқақтап тұрғанымен, байтақ же-

рімізге жерік болып отырған алпауыт елдер 

үшін біз әзірге әлсізбіз. Статистикалық мәлі-

метке жүгінсек, әскерлеріміз жалпы халықтың 

бір пайызын да құрамайды екен. 

Осыдан барып мынадай сауал туын-

дайды: «Әскери қызметке сұраныс неге 

жоқ?» Бұрындары, яғни КСРО кезінде әскери 

қыз меткерлердің мәртебесі биік болатын. 

Оларға көптеген жеңілдік жасалып, мемле-

кеттің өзі «басқасы – бір төбе, әскеріміз – бір 

төбе» деп, айрықша қамқорлық танытатын. 

Өйткені әскери адамдарға қойылатын талап 

күшті, жауапкершілік зор. Жұмыс бабымен 

жыл он екі ай қоныс аударып, күн-түнге қара-

май, ел күзету – шынымен де оңай шаруа 

емес. Кезінде олар жалақыға да шағым-

данбайтын. Бас панамен қамтамасыз етіліп, 

еңбек дема лыстарында шипажайларда тегін 

емдел гендері тағы бар. Олар тіпті балалары 

үшін балабақша кезегінде де тұрмайтын. 

Бәрін айт та, бірін айт, қоғамда да ерекше 

құрмет көрсетілгенін барша жұрт біледі. 

Әскери киімдегі кез келген адамға Отан 

күзетшісі ретінде қарап, жеткіншектер бой 

түзесе, ересектер оларға бейбітшіліктің кепілі 

ретінде қарайтын. 

Өткен-кеткенді ой елегінен өткізген 



«Әскери стратегиялық зерттеулер инс-

титуты» АҚ президенті Георгий ДУБОВЦЕВ 

былай дейді: 

– Рас, Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің 

қорғаныс саласы тоқырауға ұшырады. Жылда 

әскери оқу орындарына талас күшті бо латын. 

Ал 1990-1995 жылдар шамасында тіп ті 

талапкерлер саны күрт төмендеп, студент 

жинай алмай қалды. Осының өзінен-ақ 

әскери қызметтің мәртебесінің қаншалықты 

түсіп кеткендігін байқауға болады. 

Жағдай жылдан-жылға түзеліп келеді, 

оны мойындау керек. Әрине, бұдан да жақ-

сарту қажет-ақ. Ол – уақыт өте реттелетін ша-

руа. Естеріңізде болар, Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев «Қазақстан Республикасының 

кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және 

әскери қызмет мәселелері бойынша өз ге-

рістер мен толықтырулар енгізу туралы» За-

ңына қол қою арқылы әскери қызмет пен 

әс кери қызметкерлердің мәртебесін көтеруге 

айрықша көңіл бөліп отыр. Кезінде келмеске 

кеткен жеңілдіктер мен көмектер де қайта 

қалпына келтіріліп жатыр. Қысқасы, бұрынғы 

КСРО елдері арасында әлеуетіміз күшті. Әри-

не, АҚШ, Еуропа елдері немесе бауырлас 

Түркиядағы жағдаймен салыстыруға кел-

мейді. Өйткені олардың экономикалық жағы 

Қазақстаннан әлдеқайда озық. Бар гәп – 

осында. Әскери қызметкерлердің қоғам дағы 

орнының деңгейін мен екіге бөліп қарар 

едім. Біріншісі: қарапайым адамдар арасында 

әскери құрылымның беделі жоғары, өйткені 

олар, мәселен, күш құрылымына жұмысқа 

тұру үшін әскери атақтың міндетті екендігін 

біледі. Ал баласының болашағын өз жауап-

кершілігіне алған қалталы ата-ананың 

көзқарасы басқа. Сөз болып отырғандай, 

әскери қызметкерлердің қоғамдағы артық-

шылықтары белгілене бастады деуге болады. 

Мәселен, 7 мамыр күні бұдан былай демалыс 

күні деп саналатын болады. Елбасы Жарлыққа 

қол қойды. Осының өзіне қарап, сең қозғалды 

дер едім. 

Ләззат БИЛАН

Әскеріміздің 

бес қаруы 

сай ма?


№76 (758) 

5.05.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

ТМД курсанттары спартакиадасы Астанада өтеді



ДАҢҚ

Бүкіләлемдік әскери спорттық ойындар



Інім Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара 

академиясында оқушы еді. Ол: «ТМД қатысушылары мемлекеттерінің 

достастық әскерлері арасында спартакиада өткізіліп тұрады», – дейді. 

Сол спартакиаданың биылғысы біздің елде өтетін көрінеді. Соның қай 

уақытта, қай жерде өткізілетіндігін білуге бола ма?

Талғат ҒАЗИЗҰЛЫ, Астана қаласы

1999 жылы наурыз айында ТМД ел-

де рінің Қорғаныс министрлері кеңесінің 

қанатының астында спорттық комитет 

құрылған. Оның құрамына 11 мемлекет 

кірген болатын. Содан бері осы елдер 

ТМД қатысушылары мемлекеттерінің 

достастық әскерлері арасында спарта-

киа да өткізіп келеді. Былтыр осы спар-

та киаданың сегізіншісі Санкт-Петербург 

қаласында өткізілді. Тоғызыншы спар-

та киаданы өткізу біздің елге сеніп тап-

сырылып отыр. 

ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық 

әске ри спорт клубының (ЦСКА) бас-

шысы, Спорт комитеті төрағасының 

орын басары, полковник Бекболат Ихан-

баевтың айтуынша, бұл спартакиада 

шіл де  айында  Астанада өтпек. Қаржы 

бөлініп, дайындық жұмыстары жүргізіліп 

жатыр екен.

Осы Қарулы Күштер арасында халықаралық әскери ойындар немесе 

чемпионаттар өткізіліп тұра ма?

Дидар НҰРМАҒАМБЕТОВ, Қарағанды облысы

Өткізілгенде қандай! Қарулы Күштер ара сын-

да Олимпиада ойындары сияқты бүкіл әлем дік 

әскери спорттық ойындар өткізіліп тұра ды. 

Халықаралық әскери спорт кеңесінің туы астында 

төрт жылда бір рет Бүкіләлемдік әскери спорттық 

ойындар ұйымдастырылып келеді. Жазғы спорт 

түрлерінен алғаш рет Ұлы Жеңістің 50 жылдығына 

орай лас ты ры лып,  1995  жылы  І  бүкіләлемдік 

әскери спорт тық ойын дар өткізілген. Содан кейін 

төрт жылдық жиі лік сақталып, 1999 жылы 

Загребте (Хор ва тия), 2003 жылы Катанияда 

(Италия), 2007 жы лы Хайдарабадта (Үндіс тан) 

қарулы  күш тер  дің  бүкіләлемдік  ойын да ры 

өткізілді. 2015 жыл ғы бесінші дүние жү зілік 

әскери дода Мунйон  да (Оңтүстік Корея) жалауын 

желбірет пек.

Жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан Бүкіл-

әлемдік әскери спорттық ойындарға кейінгі 

жыл  дары 100-ден астам елдердің әскери 

спорт   шылары қатысуда. Аталмыш додада 20 

шақты спорт түрінен жекелей және ко ман да лық 

сын да  бірнеше  медальдар  жиын тығы  сарап   қа 

са лынады. Олардың арасында әске ри-қол дан-

балы сайыстар, жекпе-жек түрлері, пара  шютпен 

се кіру, әскери бессайыс сынды қарулы күштерге 

тән спорт түрлерімен қоса, Олимпиада ойын-

да ры бағдарламасына енетін спорт түрлері де 

бар.

Ал қысқы спорт түрлерінен І бүкіләлемдік 



әскери спорттық ойындар тек 2010 жылы 

өткізілді. Италияның Аоста деген қаласында өт-

кен алғашқы дүбірлі додаға 42 елдің әс ке рінің 

сардарлары мен сарбаздары қатысты. Оның 

бағдарламасындағы спорт түрлерінің барлығы 

дерлік – қысқы Олимпиада ойын дары бағ дар-

ламасына кіретін спорт түрлері (әрине, мәнер-

леп сырғанау жоқ, әзірше). Қысқы Олимпиада 

ойын дарынан өзгешелігі, оның бағдар ла ма-

сында құзға өрмелеу спорты бар. Ал альпинизм 

көрсетілімді  (таныс тыры лым ды)  спорт  түрі 

ретінде ғана Бүкіл әлем дік әске ри спорттық 

ойын дар бағдарламасына ілікті.

ӘСКЕРИ СПОРТ

ЕРЛІК

Қазақтың батырлығы 

шекарамен шектелмейді

Отан алдындағы қаһармандық ерлік 

– қай елдің де ең қастер тұтатын ұғымы. Әр 

елдің ең жоғарғы мемлекеттік наградасы 

да тұтас мемлекет пен халық үшін қаһар-

ман дық ерлік жасаған адамға беріледі. 

Кезінде Кеңес Одағының Батыры деген 

мәртебелі атақты одақтас респуб ли ка лар-

дың түкпір-түкпіріндегі 12 780-ге жуық 

адам иеленді. Олардың 91%-ы – Ұлы Отан 

соғысында ерлік көрсеткендер. Кейін 

бейбіт уақытта бұл жоғарғы мемлекеттік 

награда интернационалист жауынгерлерге 

және ортақ Отанымыздың қауіпсіздігі жо-

лын да орасан еңбек сіңірген басқа да 

азамат тарға берілді. Ерлігі күллі кеңес 

жұртшылығына мәшһүр болғандардың 

арасында қазақстандықтар да көп болды. 

Бүгінде Ресейдің де, Қазақстанның да, 

басқа да елдердің өз батырларына арнал-

ған ең жоғарғы мемлекеттік наградалары 

бар. Бірақ кейде жүрек жұтқан батырлық 

бір елдің аумағымен шектелмейді. Әрі 

адам ды, тұтас елді оның ұлтына, тілі мен 

діліне, өркениеті мен саясатына қарамай, 

қауіп-қатерден қорғау – нағыз қаһар ман-

дарға тән. Тарихи көршіміз – Ресей Феде-

ра циясы бүгінде бір топ қандасымызды өз 

елінің қаһарманы деп таниды. Олар 

жөнінде жеке-жеке тоқталайық.



Бақтыораз БЕЙСЕКБАЕВ – «Ресей 

Феде  ра ция сының  батыры»  атағына  ие 

қазақ стан дық тардың ең жасы үлкені. 1920 

жылы Жетісу облысының Верный уезі, 

Ильинское елді мекенінде дүниеге келген. 

Әскери қызметтерде болған ол 1941 жылы 

соғыс басталғанда Алысты бомбалау 

авиациясы әуе корпусындағы 42-диви-

зияға қарасты 207-полктің бірінші әуе 

эскадрильясының бомбалаушы-атқышы 

ретінде шайқастарға қатысады. Бейсекбаев 

капитан Александр Масловтың экипажында 

болған. 1941 жылы маусымның 26-сы күні 

Беларусь жерінде фашистердің механи ка-

лан ды рыл ған  колоннасын  талқандау 

кезінде қаза тап қан. Бір деректер бойынша, 

Маслов оқ тиген ұшақты жау техникаларына 

бағыт таған. Маслов ұшағының құлағаны 

дәлел денген, бірақ оқиғаның қалай бол-

ғаны әлі күнге дейін беймәлім. Сол кездегі 

идео ло гия  бойынша,  өлімі  дәлелденбеген 

қазақ жауынгеріне «Отанын сатып кетуі» 

мүмкін деген күдік те келтірілді. Бірақ 90-

жылдары соғыс деректерін қайта қараған 

Ресей үкіметі Бейсекбаевты елдің батыры 

деп таныды. 



Талғат МҰСАБАЕВ – есімі күллі қазақ-

қа құрметті ғарышкер. Ұлттық ғарыш 

агент тігі төрағасының бүкіл еңбек жолы 

Қазақ стан ның  азаматтық  авиациясымен 

және ғарыш саласымен байланысты. 90-

жылдары КСРО қорғаныс министрінің бұй-

рығымен әскери қызметке және зерт теуші 

ғарыш кер лер  құрамына  қабыл дан ған  ол 

Ресей Феде рациясының ғылымына да зор 

үлес қосты, сол елдің үлкен үміт күт тірер 

ғарыш 

кері болды. Мұсабаев «Мир» 



орбиталық ғылыми-зерттеу кешеніне ұзақ 

халық ара лық ғарыш сапарына дайын да-

лып, оны сәтті орындағаны үшін және сол 

кезде ерлік пен батырлық көрсеткені үшін 

1994 жыл дың қарашасында Ресейдің ең 

жоғар ғы мемлекеттік наградасын иеленді. 

Бір жыл дан соң еліміздің Халық Қаһарманы 

атан ды.


Қайырболат (Қайыргелді немесе 

Нико лай)  МАЙДАНОВ – Батыс Қазақстан 

өңірінің түлегі. 1956 жылғы жігіт Герма-

ния да кеңес әскері құрамында әскери 

боры шын өтеген соң Саратов ұшқыштар 

училищесін тәмам дай ды. Одесса, Байкал 

жағалауы, Түркістан әскери округтарында 

қызмет атқарады. Кейін Ауғанстандағы 

соғысқа аттанады. Оның ерлігі осы кезде 

көзге түседі. Ауған жеріндегі әскери 

операциялар үшін ол 200 кеңестік барлау 

тобын барар жеріне сәтті жеткізді және 

дұшпандардың он шақты қарулы керуенін 

жойды. Кеңес Одағының батыры атанған 

ол бұдан кейін атамекенге келіп, біраз 

еңбек етеді. 90-жылдардың соңында Ресей 

әскері құрамына қайта қосы лып, тікұшақ 

полкі командирі ретінде Кавказда шие ле-

ніс кен лаңкестікке қарсы ұрыс әрекеттеріне 

қатысады. 2000 жылдың қаңтарында ол 

Солтүстік Кавказ әскери округінің қол бас-

шысы мен журналистер тобын тер ро рис-

тер ден құтқарады. Содан бір күннен кейін 

Шешенстанда Май дановтың тікұшағына 

оқ жаудырылады, алған жарақатына қара-

мас тан, батыр тікұшақты аэродромға жет-

кізуге тырысады, бірақ осы ерлігі үстінде 

қаза табады. 

Жантас ЖОЛДИНОВ – «Ресей Федера-

ция сының батыры» атанған қазақтардың 

ең жасы. Ресей Ішкі істер министрлігі Сібір 

ішкі әскери округінің құрама полкының 

атқышы қаһармандықпен қаза тапқан 

кезде бар болғаны 20 жаста еді. Әрине, 

көпшілік Жантасты Қазақстан азаматы емес 

деуі мүмкін. Дегенмен ол туған өңір – 

Орынбор облысының Домбар ауданы, 

қазақ тың байырғы жері, ал бүгінде екі 

елдің шекаралас ауданы. Жолдинов Гроз-

ный дағы соғыс кезінде бейбіт тұрғындарды 

дін аман алып шығу операциясына қатыс-

ты. Содырлардың шабуылы кезінде соңғы 

оғы қалғанша атысып, бес дұшпанды 

өлтір ді. Тұтқынға түспей, оққа ұшып, қаза 

болды. Ресей үкіметі Жантас Бақытжанұлына 

батырға лайық атақты 1998 жылы берді.

Біз өзге ел қаһарман деп құрметтейтін 

қазақтар жайлы айттық. Ресейдің ең жо ғар-

ғы мемлекеттік наградасына ие болған өзге 

де отандастарымыз аз емес. Бал қашта туып, 

Ақтөбеде өскен, Орынбордан түлеп ұшқан 

ғарышкер Юрий Лончаков Ресейдің теңіз 

және азаматтық авиация, ғарыш сала-

ларының дамуына бар ерік-жігерін арнады. 

Бұл еңбегі ескерілмей қалған жоқ. Бүгінде 

ол да – Ресей Федерациясының батыры. 

Талдықорғанда туып-өскен Ирина Янина 

1966 жылғы болатын. Медбике маман-

дығын меңгерген ол 1995 жылы Ресейдің 

ішкі әскеріне келісімшарт бойын ша қызметке 

алынады.  Әскери  меди ци на ның  маманы 

болған оған отбасын сақтап қалу үшін басқа 

қызметтерге ауысуға болар еді. Бірақ қайсар 

қыз құқық қорғау саласын тастамауды 

ұйғарады, тіпті, Шешенстандағы соғысқа 

екі рет өз еркімен аттанады. 40-тан астам 

жауынгерге жәрдем көрсеткен қазақ-

стандық келіншек содырлар атқы ла ған БТР-

ден әскерилерді шыға ра мын деп жүріп, 

ажал құшты. Ирина – Кавказдағы ерлігі үшін 

«Ресей Федерациясының баты ры» атағын 

алған тұңғыш әйел.



Ел басына күн туғанда, адамзатқа 

қауіп-қатер төнгенде, ерлік те бой көр-

сетеді. Мұндай сәттегі қаһармандық әре-

 кеттер ұмытылмайды, ерліктің кейін гі 

ұрпақ қа құрметті үлгі болып қала тыны 

ақи қат. Қадірлі оқырман, егер өзге мем-

лекеттерде халық батыры атанған қазақ-

тар  немесе  қазақ стан дық тар  туралы 

мәлі мет білсеңіздер, біз дің электронды 

мекен  жайы мызға  жол дауларыңызға 

болады.

Болатбек МҰХТАРОВ

«Ресей Федерациясының батыры» атағына ие болған ел 

азаматтарының өмір жолы мен ерлігіне мән бермей жатамыз. Өз 

еліміздің Тәуелсіздігі мен тұрақтылығын барлық құндылықтан артық 

санайтынымыздан болар. Дегенмен ерлігін өзімізбен бірге басқа ел де 

құрмет тұтып, мойындаған саңлақтарымыздың ісі біздің халықтың 

ерік-жігер әлеуетін көрсетпей ме?! Қаһармандық шекара деген ұғымның 

шеңберіне сыймайды.

Әскерге әйелдердің де бар таласы...

– Еліміздің Қарулы Күштері 

қатарында қызмет атқарып 

жүрген қыз-келіншектер саны 

жыл өткен сайын артып 

келеді. Мұндай өзгеріс 

әскердегі тәртіпсіздіктің 

алдын алумен қатар, 

тұрғындар арасында әскери-

патриоттық сезімнің кеңінен 

насихатталуына өз септігін 

тигізуде, – дейді әскери 

мамандар. Отан үшін аянбай 

еңбек ету, Қарулы Күштер 

қатарын толықтыру бүгінде 

тек ер-азаматтардың ғана 

міндеті болудан қалды. 

ӘСКЕРИ КИІМДІ КИГЕН САЙЫН 

КЕУДЕМДІ МАҚТАНЫШ СЕЗІМІ 

БИЛЕЙДІ

Әскери өмірдің қатаң тәртібіне мойы-

май жүрген бойжеткендердің бірі – Қызыл-

жар қаласындағы №6637 әскери бөлімінің 

әскери тілшісі Данагүл Әл-Қожа. 

Данагүл жастайынан әскери киім киюді 

армандаған екен. Алайда әскери оқу 

орнына түсуге мүмкіндігі болмай, ар ма ны-

на жету үшін басқа жолды таңдайды. Яғни 

журналистика мамандығын игереді. Сұлу 

мүсінді, сұңғақ бойлы әрі жоғары білімді 

журналист қызды әскери бөлім басшылары 

бірден жұмысқа қабылдайды. Бүгінде 

Данагүл №6637 әскери бөлімінің отымен 

кіріп, күлімен шығып жүрген жандардың 

бірі. Таңертең ертемен сапқа тұрады, қо-

лы  на қару ұстайды, тіпті басылымдарға 

ма қа   ла  жазу  үшін  айлап  оқу-жаттығу 

жиын  дарында жүретін кездері де болады 

екен. 


Жалпы Қазақстан Республикасы ІІМ 

Ішкі әскерлерінің Солтүстік құрамасына 

қарасты №6637, №6697, №5510 әскери 

бөлім де рінде 185 әйел қызмет етеді екен. 

Әс кери қызметтің тетігін ұстаған білікті де 

білімді арулардың күш-қуаты қаржы, іс-

жүргізу, жинақтау және ұйымдастыру 

қызметтерінде көбірек пайдаланылуда.



Данагүл ӘЛ-ҚОЖА, №6637 әскери бөлі-

мі нің әскери тілшісі:

– Алғаш әскери қызметке келгенде бар 

жұмысым қолыма қағаз, қалам алып, 

фотоаппарат асынудан басталып, мақала 

жазумен аяқталады деп ойлағанмын. Бірақ 

менің бұл пікірімнің бірінші күні-ақ тас-

талқаны шықты. Әскери киім кигізіп, сапқа 

тұр ғызды, қолыма қару ұстатып, атыс ала-

ңы на жіберді. Талап бәріне бірдей, әйел, 

еркек деп бөліп-жарып жатпайды. Маған 

ішкі әскерлердің беделін көтеру, күнделікті 

жел өтінде кірпік қақпай қасқайып тұрған, 

салтанатты шеруде сымдай тартылып, сап 

құрған сергек сарбаздарымыздың өмірін 

насихаттау міндеті жүктелген. Өзімнің 

әскери міндетімді адал атқарып, төл әске-

рі міздің әлеуетін арттыруға аз да болса өз 

үлесімді қосып жүрмін деп білемін. Әр күн 

үстіме әскери форма киген сайын мақтаныш 

сезіміне бөленемін.

МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

Таңертең жұмысқа кетіп бара жатып, 

үлкен көшенің бойында жиналып тұрған 

әскери киімдегі қыздарды жиі байқайтын 

Әсел қаржыгер мамандығын игеріп, 

Талдықорған гарнизонына өзі сұранып 

келген еді. Содан бері де он жылдан астам 

уақыт өтіпті. Басында келісімшартпен жай 

қатардағы қызметкер болып қабыл дан ған 

ол уақыт өте келе, байланысшылар бри-

гадасының қаржыгер есепшісі болып 

тағайындалады. 

Ізденімпаз, еңбексүйгіш қыздың мінез-

құлқы – өзгелерге үлгі. Әсемдікке құштар 

Әселдің әріптестері оның табандылығын, 

ақылдылығын жоғары бағалайды. Қазір, 

құдайға шүкір, Расул, Әлихан есімді екі 

бүлдіршіннің анасы.



Әсел ОРАЗАЕВА, № 54 380 әскери бөлім 

қызметкері:

– Қазақстан мықты мемлекеттермен 

терезесі тең. Бұл – еліміздегі экономикалық 

саясаттың оң екендігінің айқын белгісі. 

Табыстарды еселеп, белестерді бағын ды-

рып отырған қазақ елінің Қарулы Күштері 

қатарында қызмет етіп жатқанымды мақтан 

тұтамын. Біздің әскери бөлім сарбаздары 

Талдықорған гарнизоны құрамында елі міз-

де жыл сайын өтетін түрлі оқу-жаттығу ша-

ра ларына қатысып, үнемі алдыңғы орын-

дардан көрінуде. Әскер қатарындағы 

қыз  дар ерлерден қалыспай, ауыр, жеңіл 

деп таңдамай, жұмысты сапалы әрі тия-

нақты атқарады. Алайда өз басым қыз дар-

дың әскер саласында өздерінің табиғатына 

жақын жұмыстарды атқарғанын қалар 

едім. Қару-жарақ көтеру, ауыр техниканы 

бағындыру, жаттығу алаңдарында атыс-

шабысқа қатысу ерлерге ғана лайық сияқ-

ты. Кәсіби мереке бізге де ортақ бол ға ны-

мен, бөлім қыздары жиналып, ерлерді 

құрметтейміз. Арнайы дастарқан жайып, 

концерттік бағдарлама да дайындаймыз. 

Бұл – қалыптасқан дағды. Мен барша әс-

ке рилерді Отан қорғаушылар күнімен 

құттықтап, мықты денсаулық, еңбектеріне 

табыс тілеймін. Еліміз өркендеп, мықты 

мемлекеттердің көшін бастасын!

«ӘСКЕР ӘЛСІЗДЕРДІҢ ОРНЫ ЕМЕС!»

Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімнің 

байланысшысы Татьяна Лазерева – өмі-

рінің 19 жылын Қарулы Күштерге арнаған 

адам. Жасы 50-ді маңайлап қалса да 

сымға тартқандай сұңғақ әйел оған бір сәт 

те өкініп көрмегенін айтады. 

Татьяна Анатольевна 80-жыл 

дары 

жұбайы 


ның қызмет бабымен Қиыр 

Шығыс тағы әскери гарнизондардың біріне 

аттанады. Қазіргі кәсібі байланысшылықтың 

қыр-сырына да сол жерде қаныққан. Әріп-

тестері «өз ісіне берілген адам» деп баға-

лайтын байланысшының жұртқа жұмысы 

туралы айтқысы жоқ. Болмайды! Тәртіп 

солай. Өйткені Татьяна Лазерева – №6655 

әскери бөлімдегі арнайы байланыс бөлім-

шесінің қызметкері. Құпия мәліметтермен 

жұмыс жасайтын маманның кабинетіне 

санау лы адам ғана кіре алады. Өзгелер 

үшін есігі үнемі жабық. 

Қызметінің құпиялығына қарамастан, 

Татьяна Лазерева жүзі жайдары, мінезі 

ашық адам екен. Табандылығы да бай қа-

лады. Тәжірибелі байланысшыны әріп тес-

тері өзара «біздің бас бағбан» деп те 

атайды. Әскери бөлімнің аумағында 

жайқалып өсіп тұрған бозқараған (сирень) 

мен өзге де гүлдер Татьяна Анатольевнаның 

қамқорлығында. 



Татьяна ЛАЗЕРЕВА, Ақтөбедегі №6655 

әскери бөлімнің байланысшысы:

– Ақтөбеде сәуір айында күн қатты ысып 

кетті. Сондықтан болса керек, коман дир іміз 

«өзімізге тиесілі территорияны тез арада 

көгалдандыру керек» деп бұйырды. Мен 

Ақтөбеде туып-өскен адаммын. Жер гілікті 

климатты жақсы білемін. Мамыр айын да 

күннің күрт суытатыны бар. Бірақ бұй  рықтың 

аты – бұйрық. Талқыланбауы тиіс. Бұл 

қиындықтан мен «өгізді де өлтір 

мей, 

арбаны да сындырмай» шықтым. Өйт  кені 

әйелмін. Ол аз десеңіз, әскери адам  мын. Ал 

әскер әлсіздердің орны емес.

Әскерді өмірінің мәні деп санағанымен, 

екі баланың анасы, төрт жасар ұлдың әжесі 

Татьяна Анатольевнаның «әйел ең алдымен 

– ана» деген ұстанымы бар. Қарулы Күштер 

қатарына енді ғана қабылданған жас сар-

баз дардың жүзінен мейірім төгіліп тұратын 

байланысшыға үйірсектігі де содан болса 

керек. 

Әдетте №6655 әскери бөлімдегі тәжі-



р ибелі офицерлердің жетекшілігіне үш-

төрт сарбаздан тапсырылады. Куратор, 

яғни, жетекші алғашқы алты айда сар баз-

дармен күнбе-күн араласып, моральдық 

қолдау жасауға міндетті. «Мен кез келген 

сарбазбен әңгімемді «балам» деп бас тай-

мын. Бәрінің де анасы бар. Үйден жырақ 

жүргендіктен сағынады. Кейде жабырқап 

отырған сәттерінде жылы сөйлесем, жан-

дары жадырап сала береді. Сондай күндері 

үйге қуанып қайтамын», – дейді Татьяна 

Лазерева. Оның айтуынша, әйелдер тір лік-

тің басқа да салалары сияқты, әскерге де 

ауадай қажет.



Жаңагүл НИЯЗМАҒАНБЕТОВА,

 Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

 Гүлжанат НҰРШАНОВА

Әзиз ЖҰМАДІЛ 

Қарулы Күштер спортта да қарымды

7 Мамыр мерекесін бірінші 

кезекте Отан қорғау шы лар-

мен байланыстырамыз. 

Демек, ЦСКА-Әскерилердің 

орталық спорттық клубының 

да бұл мерекеге қатысы бар. 

Ендеше аталмыш мейрамның 

қарсаңында ЦСКА-ның 

еліміз дегі бүгінгі халіне тағы 

бір рет тоқталып өткеніміз 

артық болмас. 

Жалпы ЦСКА-ның басшылығы, негізгі 

штабы елордамыз Астанада  орна лас қа ны-

мен, оның жаттығу орталықтары ай мақ-

тар 

да жұмыс жасауда. Атап айтсақ, 



Щучинск қаласында шаңғы базасы орын 

тепкен, Алматыда спорттың 12 түрі жұмыс 

жасап тұр. Ал Алматы облысына қарасты 

Пан фи лов ка  елді  мекенінде  орналасқан 

тағы бір жаттығу орталығында ЦСКА-

шылар соңғы дайындықтарын пысықтайды. 

Сондай-ақ былтыр ЦСКА-ның Алматы 

қаласындағы орта лығында төрт ашық тен-

нис корты салынып, футбол алаңы то лы-

ғымен қайта күрделі жөндеуден өткен. 

Жаңа жасанды алаң төселген бұл стадион 

бүгін де  Алма ты ның  алдыңғы  қатарлы 

футбол кешен де рі нің қатарына кіреді. Тіпті 

әскерилерге қа тысты Алматының «ЦСКА» 

футбол клубы да өз алаңындағы ойын-

дарын осы ста дион да қабылдауда.

Жалпы, ЦСКА-ның спорттық жетістіктері 

де аз емес. Спортшылары да қарымды. 

Мә селен, боксшылардан Серік Сәпиев, 

Біржан Жақыпов, Ғани Жайлауов сынды 

саң лақтар да әскерилердің құрамына 

кіреді. Сондай-ақ Ольга Рыпакова, Елена 

Шалыгина сынды арулары бар. Жалпы 

бүгінде ЦСКА құра мын да ел намысын 

халық аралық аренада абыроймен қорғап 

жүрген 120-дан астам спортшы бар. 

Сондай-ақ тағы бір айта кетерлігі, 

Олим  пиада ойындары сияқты төрт жылда 

бір өтетін дүбірлі дода Қарулы Күштер 

арасында да ұйымдастырылып тұратынын 

айтпай кетуге болмас. Былтыр сол дода 

шілде айында Бразилияда ұйым дас ты рыл-

ған. Қазақстан Қарулы Күштері бір алтын, 

екі күміс және он қола, барлығы 13 медаль 

иеленген болатын. 

– Бүгінде бізде спорттың 17 түрі бар. 

Бұл спорт түрлерінің барлығы да Қарулы 

Күштер арасындағы дүниежүзілік ойын-

дар дың бағдарламасына кіреді. Алма ты-

дағы оқу-жаттығу орталығында 12 спорт 

түрі, яғни футбол, волейбол, баскетбол, 

бокс, еркін күрес, дзюдо, жүзу, жеңіл 

атле тика, спорттық бағдарлау, таэквондо, 

қоян-қолтық ұрыс және классикалық 

күрес бар. Щучинскіде филиалымызда 

бес спорт түрін, яғни шаңғы жарысынан, 

биатлон, триат 

лон, қазіргі заманғы 

бессайыс және әскери көпсайысты дамы-

тып отырмыз, – деді ҚР Қорғаныс ми-

нистр лігі ЦСКА бас шы сы, Спорт комитеті 

төрағасының  орын ба сары  полковник 

Бекболат Иханбаев.

Дегенмен бұрындары ЦСКА-да спорт-

тың 40 түрі болатын. Бірақ көптеген спорт 

түрлерінің Қарулы Күштерге еш қатысы 

болмағандықтан, оларды ЦСКА спорттық 

бағдарламасынан алып тастаған екен.

Басқа спорттық қоғамдастықтары 

секіл ді бүгінде ЦСКА-да да Лондон Олим-

пиадасына дайындық қызу жүруде. Бүгінде 

ЦСКА-ның 15 спортшысы Лондон Олим-

пиа дасының лицензиясын иеленген екен. 

Атап айтсақ, Серік Сәпиев, Ғани Жайлауов, 

Біржан Жақыпов, Ілияс Сүлейменов (бәрі 

де – боксшылар), Ақжүрек Таңатаров, 

Дәу лет Ниязбеков (екеуі де – еркін күрес), 

Евгений Алексеев (ескек есу), Анна Куль-

кина (синхронды жүзу), Ольга Рыпакова, 

Мар гарита Мацко, Евгений Эктов, Екате-

ри на Эктова, Ольга Терешкова, Виктория 

Ялов цева. Дегенмен  жүктіліктеріне бай ла-

ныс ты Терешкова мен Яловцева Лондон 

додасына қатыспауы мүмкін.

ПАРЫЗ

Бұл спартакиадаға негізінен жоғары 



әскери-оқу орындарының курсанттары 

қатысады. Былтыр Қазақстанның намы-

сын 44 курсант қорғап, жеті спорттың 

түрі бойынша сынға түскен болатын. Әрі 

біздің курсант-спортшыларымыз на мыс-

ты қолдан бермей, үздік үштікке ілігіп 

жүр. Құрамы көп Ресей курсант та рынан 

кейінгі екінші орынды иеленіп те келеді. 

ТМД елдерінің қорғаныс министрлері 

кеңесінің құрамындағы спорттық коми-

тет тің мақсаты – осы спартакиада ар қы-

лы Достастық елдердің Қарулы Күш те-

рі 

 

нің спорты мен дене тәрбиесі 



са ла  сындағы  маңызды  мәселелерді  үй-

лес  тіріп  отыру.



ЦСКА СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ЕКІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2010 жылғы Гуанжоу

Жазғы Азия ойындары

Медаль


Ұлттық 

құрама


ҚР Қарулы 

Күштері


Алтын

18

6



Күміс

23

12



Қола

38

11



Барлығы

79

29



Спортшылар

341


58

2011 жылғы Астана-Алматы

Қысқы Азия ойындары 

Медаль


Ұлттық 

құрама


ҚР Қарулы 

Күштері


Алтын

32

8



Күміс

21

8



Қола

17

6



Барлығы

70

22



Спортшылар

168


27

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)

Бекболат ИХАНБАЕВ,  ҚР Қорғаныс 



министрлігі ЦСКА басшысы-Спорт ко ми теті 

төрағасының орынбасары, пол ков ник: 

– Бізде бұрын спорттың 40 түрі бо ла-

тын. Әрқандай сұрыптаулар жүргізілгеннен 

кейін олардың бірқатары қысқартылды. 

Себебі ол жердегі спорт түрлерінің Қарулы 

Күштерге еш қажеті болмады. Мысалға 

гимнастиканың Қарулы Күштерге қатысы 

жоқ. Ол жеке үйірме ретінде Алматыда 

істеп тұр. Бірақ команда ретінде спорттың 

бұл түрі ЦСКА-ға керек емес. Сондай-ақ 

ЦСКА-да гольф спорты да болатын. Бірақ 

өз деріңіз ойлаңыздаршы, гольфтың әс кер-

 ге не қажеті, не қатысы бар? Біз Қарулы 

Күш   терге қажетті деген спорттың 17 түрін 

ғана қалдырып отырмыз. Алайда жаттық-

ты   рушылардың 90 пайызын алып қал-

дық.

– Бұрындары ЦСКА-ны Астанаға 

то лықтай көшіріп, Алматыдағы орта-

лы ғы жабылады деген сынды сы быс-

тар көп болушы еді...

– Өткен жылы Астанада осы мәселеге 

бай  ланысты алқалы жиын өтіп, ЦСКА-ның 

қала тыны туралы, жұмысын әрі қарай жал-

ғас тыратыны жөнінде айтылған. Теннис 

корт тары салынды, футбол алаңы жаңар-

тыл ды, көптеген басқа кешендер де салы-

ну да. Сондықтан ЦСКА Алматыда мәңгі 

қала ды деп айтуға толық негіз бар.

– Лондон Олимпиадасынан қанша 

медаль күтесіздер?

– Басты үмітіміз – Серік Сәпиев пен 

Ольга Рыпакова. Сонымен қатар өзге спорт-

 шыларымыз да жүлделі орындарға ілігіп 

қалатын шығар. Әзірге екі медаль деп 

отырмыз. 



– ЦСКА жыл сайын бокстан Сағадат 

Нұр  мағамбетовтің  атында  халық ара-

лық турнир өткізуші еді. Биыл бұл дода 

қай  уақытта  ұйым дас ты ры ла ды?

– Осыған дейін қаржы мәселесі шеші-

мін таппай келген. Соған байланысты тур-

нирді өзіміздің спорттық кешенде өткізе 

салатын шығармыз деп ойлап едік. Жа қын-

 да бюджеті белгіленіп, қомақты қар жы 

бөлінді. Енді Алматының орталығынан 

үлкен спорт сарайын жалдаймыз. «Дос тық-

 та» өткізетін шығармыз. Күнін де бел гілеп 

қойдық. 25-30 мамыр аралы ғын да өте тін 

бұл додаға Қазақстаннан бөлек то ғыз елдің 

200-ден астам боксшылары ке леді.



№76 (758) 

5.05.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

 



  

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

АУА РАЙЫ

Тісті бес күнде құртатын 

сусындар анықталды

Толассыз 

жаңбыр жауып, 

жел күшейеді



Энергетикалық және спортшыларға арналған газды сусындар тіске 

зиянды. Оңтүстік Иллинойс университеті ғалымдарының соңғы 

зерттеуі көпшілікті ойға қалдырып отыр.

Алдағы тәуліктерде 

еліміздің солтүстік, шығыс 

және орталық аймақтарында 

қолайсыз ауа райы 

қалыптасады. Жаңбыр жауып, 

жел күшейеді. Оңтүстік пен 

шығыс аймақтарда өзен-

сулардың деңгейі көтерілмек.

The Daily Mail-дың хабарлауынша, сарапшы-

лар 13 спорттық сусын мен 9 энергетиктің қыш-

қыл дық деңгейін тестілеуден өткізген. Сусындар 

мен сілекей қосындысының адам тісі эмаліне 

әсері күн сайын тексерілді. Сынақтың нәтижесін-

де энергетикалық және спорттық газды сусындар 

құрамында қышқыл деңгейінің жоғары 

болатыны және мұндай сусындарды ішкен адам 

тісі эмалінің бес күннен кейін-ақ зақымданатыны 

анықталды. Соның ішінде, энергетикалық 

 

сусындардың әсері қарапайым газды сусындарға 



қарағанда, екі есе күшті болып шықты. Эмальдің 

бұзылуы тіс шірімесін дамытатындықтан, мамандар мұндай сусындардан соң 

ауызды шаюға немесе қантсыз сағыз шайнауға кеңес береді.

Ленин өлімінің себебі 

нақтыланды 

Владимир Ильич Лениннің өліміне оның ағзасындағы 

тұқым қуалаушылық қасиеттің нашарлауы себеп болуы 

мүм кін. Америкалық ғалымдар коммунистер көсемінің 

мерез ден өлгені туралы тұжырымды жоққа шығарды.

Utro.ru порталының хабар-

лауын ша, Ленин өлімінің себе-

біне қатысты жорамал Америка-

ның Мэриленд штатында өткен 

халы қаралық  медициналық 

кон ферен цияда  айтылды.  Ға-

лым дар Ленин нің денесін кесіп, 

талдау жүргізген. Зерттеудің 

нәтижесіне қарағанда, әлемдік 

пролетариат тың көсемі бас миы 

қан тамыры 

ның қатаюымен 

ауырған. Мұндай кесел инсульт-

тың салдарынан жабысқанға 

ұқсайды. 53 жыл өмір сүрген 

саясаткердің  ағза сын дағы  қор-

ғаныш жүйесі де әлсіз болған. 

Естеріңізге сала кетейік, ресми 

нұсқа бойынша, Ленин өлімінің 

себебі «бас миы тамыр ларының 

зақымдануымен бай 

ланысты 

диффузды  атерос кле роз»  делі-

неді. Алайда бір топ еуропалық 

ғалым оның жыныс тық жолмен 

жұғып, жүйкені за қым дайтын 

аурудан қайтыс бол ғанын дә-

лел деуге  тырысады. 

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Алматтың әзілдері

Жас сарбаз анасына хат жазып отыр:

«Мама, мысық сатып ал да, атын Прапор деп 

қойшы. Әскерден барған соң өз қолыммен 

өлтірем!»

***

Әскери бөлімге компьютер алынды. Полков-

ник:

– Мұның не керегі бар?

– Жолдас полковник, бұдан сіздің жұмысыңыз 

екі есе азаяды.

– Онда тағы біреуін әкеліңдерші.

***

– Қатардағы Ұзақбаев, менің сұрағыма «Так 

точно» деп жауап беру керек, ұқтың ба?

– Аха.

***

– Папа, шоколад алып берші...

– Сен дәу жігіт емессің бе?! Аз уақыттан соң 

әскерге барасың...

– Онда маған шылым шегіп, машина айдауға 

болады ғой, иә?

– Жарайды, қандай шоколад алып бере-

йін?..

05,40

14,18

19,59

Ауа райы

+15+17

о

 

 +5+7

о

+17+19

о

 

+6+8

о

+16+18

о

 

+5+7

о

 +25+27

о

 

+10+12

о

+23+25

о

 

 +10+12

о

 

+10+12



о

 

+1+3

о

+8+10

о

 

+1+2

о

+21+23

о

 

 +8+10

о

+25+27

о

 

+14+16

о

+23+25

о

 

+12+14

о

+18+20

о

 

+6+8

о

+17+20

о

 

+4+6

о

 

+24+26

О

 

+12+14

О

  

+23+25

о

 

+5+7

о

      


+10+12

о

 

+2+4

о

 

+22+25

О

 

+12+14

О

+22+24

о

 

+10+12

о

 

+19+22

о

 

+11+13

о

№76 (758) 



5.05.2012 жыл, 

сенбі


8

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

Ке

зекшi  ред



ак

тор – Нұрғазы СА

САЕВ

Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

А

ЕВ  – 



ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат 

 

минис



трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап

 



бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар

 

қабылд



анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi


 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты


 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1525

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №815

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



да

кц

ияның



 м

ек

ен



жайы

Ал



ма

ты

 қ



ал

ас

ы,05



005

1,

 Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

48

/1 А



e-

m

ail



inf

o@

alashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Ор

ал – Т



оқт

ар КЕНЖЕҒА

ЛИЕВ, т

ел.: 87756720806



Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

ел.: 

388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiк

тi 

тiлшiлер қосыны, т



ел.: 

388-80-62

Тар


ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 414«б»

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Аста


на

 б

ю



росының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Арман А

СҚАРОВ – тілші



Мамырдың 5-і

Алаштың атаулы күні

• 1918 жылы Бүкілқазақ жастар съезінде «Жас азамат» жастар 

ұйымы құрылды. 

• 87 жыл бұрын (1925) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 

жанындағы әйелдер бөлімі шығарған «Азат әйел» газеті негізінде 

«Теңдік» газетінің алғашқы саны шықты. 1955 жылдан бастап 

«Қазақстан әйелдері» деген атпен журнал болып шыға бастады.

• 86 жыл бұрын (1926-2005) қобызшы, Қазақстанның халық әртісі, 

профессор Фатима Балғаева дүниеге келді.

• 27 жыл бұрын (1986) Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры, 

қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың мұражайы 

ашылды.


• 17 жыл бұрын (1995) Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ 

ауылында Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы-

ның мұражайы ашылды.

• Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күні.



Туған күн иелері

Сағындық Сатыбалдин (1937) – экономика ғылымының докторы, 

профессор, академик;



Тынысбек Қалменов (1946) – физика-математика ғылымдарының 

докторы, профессор, академик;



Нұрғали Асылов (1951) – әлеуметтану ғылымының докторы, 

профессор, академик, генерал-майор;



Нұрлан Жанәбілов (1953) – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық 

орталығының меңгерушісі, профессор, полковник;



Талғат Айтбайұлы (1954) – жазушы;

Қайым-Мұнар Тәбеев (1956) – жазушы, журналист;

Мұсағали Дуамбеков (1961) – техника ғылымының докторы, 

профессор; 



Нұрлан Дулатбеков

 (1962) – Қарағандыдағы «Болашақ» университетінің 

ректоры, заң ғылымының докторы, профессор;

Еркеш Шәкеев

 (1962) – композитор, әнші;



Сапархан Омаров (1968) – ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын 

қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі;



Мұрат Тілебалдин (1974) – ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Мал 

шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті  Мал 

шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмысы, талдау және 

технологиялық саясат басқармасының бастығы; 

Асқар Саду (1979) – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік 

материалдық резервтер комитетінің төрағасы.



Мамырдың 6-сы

Алаштың атаулы күні

• 20 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасын-

да дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды.

• 14 жыл бұрын (1998) Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан 

Республикасының астанасы – Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып 

өзгеріп, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандары құрылды. 

• 2 жыл бұрын (2010) Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері, рейхстагқа 

ту тіккен, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев тұрған Достық даңғылы-

ның бойындағы үйде батырдың құрметіне мемориалды тақта ашылды.

Туған күн иелері

Ілия Жақанов (1936) – композитор, жазушы, Қазақстанның және 

Қырғызстан ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты;

Төлен Қаупынбаев (1938) – жазушы;

Кеңесбай Әбенов (1941) – «Транстелеком» АҚ кәсіподақ төрағасы; 

Шолпан Қыдырниязова (1949) – айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек 

сіңірген мәдениет қызметкері; 



Жақсылық Үшкемпіров (1951) – даңқты палуан, грек-рим күресінен 

Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, 

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген бапкері, Тараз қаласының құрметті азаматы;

Мирғали Қонаев (1957) – геология-минерология ғылымының докторы, 

академик;   



Ерлан Бекхожин (1963) – ҚР Президенті телерадио кешенінің бас 

директоры. 



Мамырдың 7-сі

Алаштың атаулы күні

• Отан қорғаушы күні.

• 37 жыл бұрын (1975) Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің жағасында Ұлы 

Отан соғысы жылдарында мерт болған шығысқазақстандық азаматтарға 

ескерткіш орнатылды. 

• 27 жыл бұрын (1985) Петропавлдағы Жеңiстiң жаңа саябағында 1941-1945 

жж. соғыстағы Ұлы Жеңiстiң 40-жылдығына арналған обелиск ашылды.

• 20 жыл бұрын (1992) Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс 

комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта 

құрылды.


• 13 жыл бұрын (1999) Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын 

тіккен Рахымжан Қошқарбаевқа – «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

• 2 жыл бұрын (2010) Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың 

тұңғыш ұшқыш қызы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова соңғы жылдары 

тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды.

Туған күн иелері

Сиязбек Мұқашев (1939) – Қазақстан кәсіподақтар федерациясы кеңесінің 

төрағасы; 



Арғынғазы Егеубаев (1941) – ауылшаруашылығы ғылымының докторы, 

профессор, академик; 



Марат Мұстафин

 (1952) – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры; 

Диханбек Сатылғанов (1954) – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше 

жағдайды жою департаментінің директоры, генерал-майор; 



Элдар Қонаев (1956) – Қазақстан Республикасының Омск қаласындағы 

консулы, техника ғылымының кандидаты;



Райхан Мәженқызы (1956) – ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы, Баспа және 

полиграфия ісінің білгірі; 



Руслан Әубәкіров (1960) – Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі;

Дариға Назарбаева (1963) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, саясаттану 

ғылымының докторы; 



Қайрат Жауханов (1967) – «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басқарма 

төрағасы; 



Талғат Ермегияев (1969) – ҚР Спорт және дене тәрбиесі агенттігінің 

төрағасы; 



Жеңіс Қасымбек (1975) – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 

жауапты хатшысы;



Қуат Әуесбай (1985) – «Халық сөзі» республикалық газетінің бас 

редакторы.

  

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

СКАНВОРД


Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

Газетіміздің  №75 (757)  санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Метан. Ода. Ранд. Брамс. Ана. Асар. Итақай. Стерх. Танка. Дуа. Енші. Ажан. Илот. Жүн. Па. Ерке. Адат.  

 

    



  

ТІГІНЕН: Декрет. Аужар. Аян. Жармақ. Кенже. Нас. Асан. Айт. Шина. Қодас. Еділ. Науру. Опа. Шаһар. Хаттат. 

Айқыш


Қолдағы 

өлшем 


бірлігі

Амазонка 

жыланы

Үлкен


Тай боксы

Қаланы 


айналдыра 

қоршаған 

қорған, 

бекініс


Бір жасушалы 

жәндік


Кітап

Олжадан 


берілетін сый

Еңбек 


жылдарының 

жиынтығы


С. Байте-

рековтің әні

Перу

 қаласы


Қырғыз 

қаласы


Жансүгіров 

поэмасы


Жауынгер. 

жорық 


ыдысы

Жағармай 

түрі

Шеше


Катод 

(Ант.)


Тегі, 

нәсілі


Алма сорты 

Ақан серінің 

баласы

Мүйізді 


ірі  жануар        

(С. Америка)

Уфадағы 

әйгілі медресе

Кемедегі су 

тереңдігін 

өлшейтін 

аспап


Еркектің бір 

жұрты


Ит тұқымы

Мүйіз ыдыс

Күн мезгілі

Табыс


Отырар

Бірлестік

Қитар

5

6

7

1

2



3

4

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

31

Мамыр 2012



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандары-

ның болжамына қарағанда, циклон және 

сонымен байланысты атмосфералық тұтас 

таралымдардың әсерінен Қазақстанның 

солтүстік, шығыс  және  орталық облыста-

рын  да толассыз жаңбыр жауып, жел кү-

шейе ді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Пав-

ло дар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, 

Жам 


был, Қостанай, Шығыс Қазақстан 

облыс тарында 15-20 м/с жел соғады. 

Еліміз дің шығысын дағы аудандарда шаңды 

дауыл болуы мүм кін. Маңғыстау, Атырау  

облыстары  аума ғын  да  тұман  түседі. 

Мамандардың  гид ро ло  гия лық  болжамына 

келсек, жауын-шашынның салдарынан 

алдағы үш тәулік ішінде республиканың 

оңтүстік, оңтүстік шығыс және шығыс 

облыс тарының таулы аймақтарында көп-

теген өзендердің су деңгейі көтерілуі 

мүмкін. 


Болатбек МҰХТАРОВ

mealblog.ru

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.66 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет