мереке бар екен. Оның бірі Дүниежүзілік ер-
Халықаралық ерлер күні деп аталып жүр. Бір
болған. Оның бірі, яғни Халық аралық ерлер
күні 19 қара ша да атап өті леді. Алғаш рет бұл
аталып өтеді. Оның авторы – КСРО-ның
тын. Алғаш рет Аустрияда 2000 жылы атап
өтіл ді. Осылайша, «ер адам дар дың төл
болды.
ды. Астанадағы бірлескен бизнес-форумда
ның өкілдері келді. Олар ауыл шаруа шы-
табыс ты түрде жұмыс істеп келеді. Мұндай
мақсаты – Шығысқа қарай бет бұру. Осы
орайда Қазақстанның рөлі ерекше. Себебі
бәріміз білеміз», – деді В. Орбан.
дол ларды құраған еді. Бірақ дағдарыстан
көтеруге мүдделіміз. Мажар кәсіпкерлері
даяр. Олар ауыл шаруашылығы, энер ге ти-
танның үкімет басшысы.
дел ді. Оның ішінде «Самұрық-Қазына»
болады. Атап айтқанда, ол Астана қала-
№76 (758)
5.05.2012 жыл,
сенбі
www.alashainasy.kz
3
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
ҚОРҒАНЫС
Әскери ғылымды дамытпайынша,
әскери жүйені реформалай аламыз ба?
АЙБЫН
Отандық қорғаныс өндірісін бәсекеге қабілетті етудің қандай жолдары бар?
Дайрабай ҮСІПБАЕВ,
«Қазимпэкс Ақтау» тер ро-
ризммен, экстремизм мен
және басқа қылмыстармен
күресуде құқық қорғау
органдарымен арнайы
қызметтерге көмектесу
қорының директоры:
Әзімбай
ҒАЛИ,
саясаттанушы:
Владислав
КОСАРЕВ,
Мәжіліс депутаты:
– Оралдағы «Зенит» зауыты еліміздің әскери флотына арнап
әскери-теңіз кемелерін шығара бастады. Сапасы жақсы. Демек,
қорғанысқа арналған техника мен құрал-жабдықты өндіру
қолымыздан келеді. Дегенмен қорғаныс өндірісін бәсекеге
қабілетті ету үшін, ең алдымен, өндіріс болу керек емес пе? Ал
біз де бұл сала құлашын кең жайған деуге келмейді. Басқасын
былай қойғанда, киім-кешек пен шоқпарға дейін да сырттан сатып
аламыз. Өткенде «ескі бронежилет сатып алды» деген әңгіме
шықты. Ескі әскери техника сатып алған жағдайлар да кездескені
мәлім. Ал сол заттардың бәрін өзімізде өндірсек, мұндай келең-
сіздіктер болмас еді. Елдің қорғаныс қабілеті ең алдыңғы кезекте
тұруы қажет десек, онда қорғаныс өндірісін дамыту жағы да ұмыт
қалмағаны дұрыс. Әлбетте, қорғаныс өндірісі жекеменшіктің
қолына берілмейді. Оны өркендетуді Үкімет өзі қолға алуы керек.
Ал бізде қорғаныс өндірісі онша өркендемей тұрғанда, бәсекеге
қабілеттілік туралы сөз қозғау ерте сияқты.
– Мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылы еліміздің қорғаныс
өнеркәсібінің жағдайы мүшкіл еді. «Қазақстан Инжиниринг»
ұлттық компаниясының шығынды қосқандағы таза табысы
258 млн теңгені құраған болатын. Кәсіпорындар Қорғаныс
министрлігі құзырына өткен соң ұлттық компания 2010
жылды 350 млн теңге, ал 2011 жылды 1,7 млрд теңге таза
пайдамен тамамдады. 2012 жылы бұл көрсеткішті 3 млрд
теңгеге ұлғайту көзделіп отыр.
Еліміздегі қорғаныс өндірісін өз бетінше жеке сала ретінде
қарастыруға болмайтыны рас. Дегенмен қорғаныс
техникасын шығаратын өз зауыттарымыз бар. Мәселен,
Оралда, Петро павл да. Олардың өнімдерін бүгінгі күні де
бәсекеге қабілетті деуге әбден болады. Технология бар,
мүмкіндік те мол.
– Негізі, бізде алып бара жатқандай қорғаныс өндірісі
жоқтың қасы ғой. Бұл жағынан өзге дамыған елдермен
бәсекеге түсе алмаймыз. Өйткені қазіргі заманға сай жо-
ғары технологияларды жасау әзірге мүмкін емес. Сон-
дықтан шетелден жаңа техника, құрал-жабдық сатып
аламыз. Содан кейін бұл өндірістің «екі бағытты», яғни
әскери және бейбіт салаға арналған өнімдерді қатар
өндіретін сипаты болады. Міне, осы жағынан өркендетуге
болар еді. Қиын-қыстау кезеңде ескі қару-жарақты сыртқа
саттық, ұшақтарды саттық. Ал ол техниканы модер-
низациялауға болады екен.
Сондықтан бүгінгі технология қарқынды дамыған
заманда қорғанысқа қажетті өнімдерді сырттан да сатып
алуға болады. Бірақ әскер қауіпсіздік тұрғысынан
келгенде, жалғыз Ресейден ғана емес, өзге елдерден де
сатып алу қажет.
Дайындаған Гүлнар АХМЕТОВА
ОЙ-КӨКПАР
Басы 1-бетте
Талғат ТӘЖІКБАЕВ, 53975 әскери
бөлім командирінің тәрбие және құқық
жөніндегі орынбасары
Тілеу КӨЛБАЕВ,
әскери жазушы
Осының өзі олардың көп артықшы лық-
тарының бірі деп айта аламын. Негізі қор-
ғаныс саласының әлеуетін жетілдірудің
басты көрсеткіштерінің бірі – әскери қыз-
метшілердің дайындық сапасын арттыру
болып табылады. Ал бұл сапаға кәсіби
әскери жүйе жауап бере алады. Бұл жерде
негізгі мақсат жаңаша ойлау қабілеті бар,
жан-жақты әскери мамандарды қа лып тас-
тыруға бағытталған. Яғни жоғары кә сі-
билік пен шет тілдерін еркін меңгерген,
ком пьютерлік технологияны жоғары дә-
режеде білетін, ақпараттық ағымды бас-
қара алатындай болуы қажет. ХХІ ғасырда
осындай дәрежеде қалыптасқан әскер-
леріміз болмаса біз қалай тәуелсіз ел
ретінде мақтана аламыз?! Елбасы әр қашан
Қарулы Күштердің жаңа сапалық деңгейге
жетуін қадап айтып отырады. Осы орайда
біз әрқашан сапалы, жарақтанған және
жан-жақты дайын далған әскер құру ар-
Дәл қазір бізге үшжылдық мерзім
керек. Кәсіби әс керилерге жалақы төлеп
жалдағанша, барша сарбазды талапқа
сай дайын дауға тырысуымыз керек.
Кәсіби әскерилерге ғана емес, барша
сарбазға әскери талапты мін дет-
теуіміз керек. Яғни жауапты істерде
кәсіби әскерилерге ғана арқа
сүйе мей, кәмелеттік жасқа жет-
кен, жалпы, әскери жүйе бойын-
ша әскерге шақырыл ған сар-
баз дардың барлығы әскери
қыз метке сай бол ғаны жөн.
Біз ол талапқа әскери бо-
рышты өтеу мер зімін созу
арқылы же те міз деп ой-
лаймын. Біз қазір кәсіби
әскерилікке кім болса со ның
жалақы үшін өтіп кет пе уін қада-
ға лауымыз керек. Өйт кені олар үшін
бірінші орында Отанға қызмет ету емес,
сол қыз меттің жалақысы тұрады. Бүгінде
кәсіби әскер қатарындағы сар баздардың
көбі ком пьютерлік техни каны меңгермеген,
ауыл дан барған бала лар. Сондықтан кә-
сіби әскери жүйеге қатысты осындай
кемшілік тердің де ай тылуы оның артық-
шылығынан гөрі кем шілігін көрсетеді деп
ойлаймын. Кәсіби әскери жүйеге қа тысты
мұндай сөздер айтылмағаны дұрыс. Ал
айты луының өзі сондай кемшіліктер орын
алып жатқанын көрсетеді.
Қазақстанның кәсіби әскери жүйесі
артықшылығын көрсете алды ма?
Оның 72 пайызы – запастағы
ге нералдар мен адмиралдар, офи-
церлер, 28 пайызы – әскери
қызмет тегі әскери ғалымдар. Ресей әскери
ғы лымдар академиясы құзырлы мем-
лекеттік құрылымдардың тапсыр масымен
400-ден астам теориялық және ғылыми
еңбектер басып шығарып, 15-тей заң
жобасына ұйытқы болды. Ал Қазақстанда
«Сарбаз» газеті, «Айбын», «Сардар»
ғылыми журналы мен телеарналардағы
бірді-екілі әскери бағдарламалардан өзге
мақтанарымыз жоқ десе де болады.
ӘСКЕРИ РЕФОРМАНЫҢ ДІҢГЕГІ
– ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ
Қазіргі соғысу тәсілдері әскери шығын-
дарын барынша азайтуға бағытталуы
керек және қарсылас жаудың ұрымтал
тұстарына күйрете соққы беруге назар
аударылады. Әскери текетірес ақпараттық,
психологиялық және радиоэлектрондық
күреспен айшықталып отырады. Жалпы,
кез келген әскери қақтығыс майдан ала-
ңында ғана емес, әуе-ғарыштық кеңіс тікте
де өрістеуі әбден мүмкін. Сондай-ақ қазіргі
соғыстың саяси мақсаты бір елді бүтіндей
жойып жіберуге емес, қарсы ластың әскери
құрылымдары мен экономикалық
нысандарына соққы беруге бағытталады.
Пилотсыз ұшақтарға деген сұраныс артты.
Бұрын төртінші толқындағы әскери
қимылдар құрлық – теңіз-әуе арқылы
жүзеге асып жатса, қазіргі алтыншы
толқындағы соғыс қимылында құрлық-
теңіз-әуе-ғарыш арқылы іске асырылады.
Осыған орай соңғы 2-3 жылдың ішінде
көптеген елдер әскери стратегияларын
жаңғыртты.
Көп елдер әскери реформаны жүргізуде
артық шығыннан арылып, әскери құры-
лымдарды ықшамдауға, әскери қыз-
метшілерді әлеуметтік қамтуға ұмтылып
жатыр. Ресей әскери құрылымын рефор-
малау барысында полктік жүйеден бри-
гадалық жүйеге ауыстырып, әскер санын 1
миллиондай ғана қалдырмақ. 32 пайызды
құрайтын офицерлер корпусын 15 пайызға
дейін қысқартып, мичмандар мен
прапорщиктер корпусын таратып жатыр.
Жақын арада Ресей армиясындағы
келісімшартпен қызмет ететіндер санын
425 мыңға жеткізбек.
Қазақстан Республикасының Әскери
доктринасында жазылғандай, оның қор-
ғаныстық сипаты бар, оның ережелерінде
бейбітшілікті дәйекті түрде ұстанатындығы
елдің ұлттық мүддесін табанды қорғаумен,
әскери қауіпсіздігіне кепілдік берумен
үйлеседі. Әскери доктринада әскери
қауіпсіздіктің қазіргі заманғы, оның ішінде
ассиметриялы қатерлер – кибертер ро-
ризмді, этноұлттық және діни экс тре-
мизмді, қарудың заңсыз таралуын қоса
алғанда, халықаралық терроризмге қарсы
күрес ескеріле отырып, Қарулы Күштерді,
басқа да әскерлер мен әскери құралым-
дарды дамыту жағдайлары мен негізгі
бағыттары нақтыланады. Қазіргі уақытта
Қазақстанда Құрлық әскерлерінен, Әуе
қорғанысы күштерінен және Әскери-теңіз
күштерінен тұратын Қарулы Күштердің
оңтайлы үш түрлі құрылымы құрылды.
Құрлық әскерлерінің құрамына төрт
өңірлік қолбасшылықтың әскерлері,
сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлері, Зымыран
әскерлері мен артиллерия кірді. Қазақстан
армиясындағы бригадалық жүйені
америкалық «Страйкер» бригадалық
жүйесі негізінде құру туралы айтылып
жүр.
Ким СЕРІКБАЙ,
әскери ғылымдар докторы:
– Әскери ғылымды өркендету үшін тек
қаражат қана қажет емес, оған білікті
мамандар дайындау керек. Бізде әскери
ғылым кадрлары аздау. 90 жылдары армия
құрылған кезде әскери ғылымға жете көңіл
бөлінбеді. 20 жылдың ішінде 8 министр
ауысты. Әр министрдің өзіндік пікірі болды,
өзінше реформа жасады, әскери ғылым
қалтарыста қалып жатты. Қазақстандағы
әскери ғылымның негізін салуға Манаш
Қозыбаев, Керейхан Аманжолов, Павел
Белан деген тарихшылар, Роллан Қаратаев,
Нұрғали Асылов және өзге де әскери
ғылым докторы, кандидаттары үлес қосты.
Жасыратыны жоқ, кейбір қорғаныс басшы-
лары ғылымды қоя тұршы, енді біреулері
ғылыммен армияда жүргендер ерігіп
жүрген офицерлер деген пікірлер болды.
Елімізде он шақты әскери ғылым докторы,
18 әскери ғылым кандидаты бар. 2000
жылы Үкімет, әскери қолбасшылар дың
қолдауымен Ресей, Украина, Беларусь
елінен ғалымдар шақырып, отандық әс-
кери ғылым даму жолына түсті. Щучинскіде
қорғаныс университетінде әскери ғылым
басқармасы, сондай-ақ Қорғаныс ми-
нистрлігі жанынан стра тегиялық зерт теулер
институты мем лекеттік кәсіпорны ашылып,
жұмыс істеп жатыр. Қорғаныс министрлігі,
Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің басын біріктіріп, әскери зерттеу
институтын ашу керек, келешекте әскери
қауіпсіздік мәселесімен айналысатын орган
болуы керек деп ойлаймын. Министрлер
Каби нетінде әскери қауіпсіздік мәселесін
басқаратын премьер-министрдің орын-
басары болса, оған барлық күштік құры-
лымдардың өкілдері кіруі керек. Елдегі
әскери және ҰҚК, ІІМ, ТЖМ-ның арнаулы
оқу орын дарының басын қосып, бір орган
құрылса. Ал Қазақстанның әскери ғылым-
дар академиясын құру келешектің ен-
шісінде, алдымен әскери-зерттеу инс-
титутын құрайық. Бұл мәселе талқыланды,
құжаттар қабылданып жатыр, сондықтан
осындай институттан бастау керек.
ОЙТАЛҚЫ
БЕЙТАРАП ПІКІР
Рүстем ҚАЙДАРОВ,
«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің
төрағасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-
майор:
– Бүгінгі қоғамда кәсіби әскери жүйе бола тұра ол
қажет емес деген пікірлер айтылуы, оның артықшылығымен
қатар кемшілігі де барын көрсетеді. Сондықтан кәсіби
әскери жүйеміздің бүгінгі жетістігімен тоқмейілсімей, әлі де
болса, жетілдіре түсу керек деп ойлаймын. Жалпы, Қарулы
Күштерге қатысты мәселелерде біз заман талабына сай
қимылдап, өзгелердің артықшылығын үйреніп, заманауи
техникаларды да жатсынбауымыз керек. Қазір ТМД-да көп
елден оқ бойы озық тұрған еліміздің ең күшті әскер ұс-
тайтындай қауқары бар. Бейбіт заман десек те, Қарулы
Күштеріміздің талапқа сай болуы ел абыройы деп білемін.
Дайындаған
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
Басы 1-бетте
қылы өзімізді көрсетуіміз керек. Ал ондай
сапаға кәсіби әскери жүйе лайықты.
Сондықтан алдағы уа қытта біз кәсіби
әскери жүйе қажет емес дегеннен гөрі,
оларды әлі де болса жетілдіріп, за-
манға сай олардың дайын дық тарын
арттыра беру қажеттігі жайлы ой-
лануы мыз керек. Шыны керек,
бүгінде дамыған мемлекет тердің
көбісінде бұл жүйе қалыптасқан.
Сондықтан бізге де кәсіби әс-
кери жүйе керек деп айта ала-
мын. Айта кетер жайт, кәсіби
әскери салаға ер-азаматтар
қызметіне емес, тө ленетін
жалақысына қызық қан-
дықтан келеді деген бос
сөз. Керсінше, олар жал -
ақысы төленіп жатқан дықтан, өз
қызмет
теріне адал, та
лапқа сай
қалыптасады. Негізі, кәсіби әскерилер
осы қызметті жан дүниесімен қалаған-
дықтан, Отанын сүйгендіктен одан әрі
әскери қызметін жалғастыруға тырысады
деп ойлаймын.
Дәл қазіргі таңда кәсіби әскери жүйенің
жетістіктері бізді қуантуда. Сондықтан
Қазақстанның Қарулы Күштері Отанының
нағыз патриоттары қызмет ететін, көптеген
жастар үшін арман болатын, шын мәніндегі
беделді және құрметті қызмет болып қала
беретініне сенемін.
Негізі, әскери қызметке ер-азаматтарды
кішкентай кезінен бастап дайындауымыз
керек. Бүгінде әскерге шақырылатын-
дардың 80 пайызы әскерге жарамсыз
болып қалуда. Біле білсек бұл – үлкен
әлеу меттік мәселе. Сондықтан кәсіби әс-
кери жүйе деп даурыққанша, ер азамат-
тары мыздың әскерге жарамдылығына
алаң дауымыз керек.
САРБАЗДЫҚ ЖАЙЛЫ
САЛҚЫН САУАЛНАМА
«Қандай да бір күн туа қалса, қолыңызға
қару алып, әскер қатарында ел қорғауға
дайынсыз ба?» деген сұраққа Алматы қа-
ласы мен облысы тұрғындарының ішінен
1000 адамға әлеуметтік сауалнама жүр-
гізілгенде, міне қызық, «сөз жоқ, дайын-
мын» деген ерлер саны 30,6 пайызды құ-
ра са, әйелдер одан асып түсіп, 37 пайызбен
таңғалдырған. «Басқа түссе, бағынар едік»
деген ерлер – 23,4 пайыз, ал әйелдер – 19
пайыз. «Жобасы келсе, жалтарар ем» де-
ген дердің арасында да ерлер көп – 14,6
пайыз, ал әйелдер небары 10 пайыз ғана.
Бас тартушылар арасында еркек кіндікті
11,8, ал нәзік жандылар 17,2 пайыз.
Жоғарыда жүргізілген сауалнама жал-
пы, 18 бен 60 жас аралығындағылар бол-
са, оларды бүгініміз деп қарамасақ, ер-
теңіміз деп айту қиындау. Ал болашақ
– бүгінгі мектеп жасындағы жасөспірім-
дерде. Сондықтан 15-17 жас аралығындағы
400 жоғары сынып оқушыларына бөлек
сауал нама жүргізілген. Нәтижесі көңілге су
сеп кендей, яғни 65 пайыз жас жеткіншек
мек теп бітірген соң әскерге барудан бас
тарт қан. Оның ең бірінші сылтауы – оқу,
яғни әрі қарай жоғары білім алу. Бірақ бір
қызығы, қалалықтар мен ауылдықтардың
арасында әскерге деген құлшыныс әр
алуандықты көрсеткен. Мысалы, қалалық
оқушылар арасында сарбаз атануға деген
құлық 12,4 пайыз болса, ауылдықтар 43
пайызды құрайды. Ал бастартқандар қа-
лада 80,7 пайыз да, ауылда – 47,8 пайыз.
Бұл түсінікті, ал енді өзі туып-өскен қазақ
елінің әскерінен бастартқандар қатарында,
өзге әскер қатарында қызмет етуден бас-
тартпайтындар да табылғандарға не дер-
сіз?!. Әскерге баруға келісетіндер шы-
нында, елін сүйетіндер ме деген сұрақ
туындауы заңды? Егер олай болса, керемет!
Себебі Отансыз өмір сүргеннен өлуді артық
көру деген – ең құрметті сезім. Ол – адам-
гершіліктің ең биік шыңы. Әйтсе де бұл
тұста да, жеткіншектеріміз көңілді пәсейтеді,
яғни өз жеке басының мүддесі үшін.
Дәлірек айтсақ, әскери билет алу арқылы
мансабын жоғарылату мүмкіндігін көз-
дейді. Әскери әдіс-тәсілді меңгеріп, ерлікті
шыңдау әр азаматтың Отан алдындағы
борышы деп қарайтындар 16 пайыз
шамасында ғана.
Поделитесь с Вашими друзьями: