Кәсібіи стандарт «Арнайы білім беру (педагогикалық және әдістемелік қызмет)»



жүктеу 177.32 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.03.2017
өлшемі177.32 Kb.

 

 



 

ЖОБА 



Кәсібіи стандарт «Арнайы білім беру 

(педагогикалық және әдістемелік қызмет)» 

 

1.



 

Жалпы ережелер 

 

           1.«Арнайы  білім  беру  (педагогикалық  және  әдістемелік  қызмет)   кәсіби 

стандарты білім беру бағдарламаларын қалаптастыруға, оның ішінде білім беру 

ұйымдарының персоналын оқытуға,   білім беру мекемелерінің қызметкерлерін 

және түлектерін сертификаттауға арналған.    

2.Осы  кәсіби  стандартта  мынадай  терминдер  мен  анықтамалар 

қолданылады: 

1)

 



біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы 

орындауға дайын болу дәрежесі; 

2)    біліктілік  деңгейі/деңгейлік  біліктілік  –  еңбек  іс-қимылдарының 

күрделілігі,  стандартты  еместігі,  жауапкершілігі  мен  дербестігі  өлшемдеріне 

қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыреті деңгейіне қойылатын 

талаптар жиынтығы; 

3)      ұлттық  біліктілік  шеңбері  -  еңбек  нарығында  танылатын  біліктілік 

деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 

4)    ұлттық  біліктілік  жүйесі  –  еңбек  нарығынан  мамандар  даярлау 

сұраныс  пен  ұсынысты  реттеу  үшін  құқықтық  және  институтционалдық 

тетіктерінің жиынтығы;  

5)  cалалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін 

құрылымдық жағынан сипаттау; 

6)  сала/негізгі  топ  –  шығарылатын  өнімдерге,  өндіріс  технологияларға, 

негізгі қор мен жұмыс істеушілердің кәсіптік дағдыларына ортақ сипаттамасы 

тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы; 

7)  кәсіби  топ  –  жалпы  интеграциялық  негізі  (ұқсас  немесе  жақын 

тағайындау объектілер, технологиялар оның ішінде еңбек құралдары) бар және 

оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас жиынтығын 

талап ететін кәсіби кіші топтар жиынтығы; 

8)  кәсіби  кіші  топ  –  еңбек  функцияларының  және  оларды  орындау  үшін 

қажетті  құзыреттердің  тұтас  жиынымен  қалыптастырылған  кәсіптер 

жиынтығы; 

9)  кәсіби  стандарт  –  кәсіби  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік 

деңгейіне,  құзыреттеріне,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  және  жағдайларына 

қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 

 

10)  кәсіп  –  арнайы  дайындық  нәтижесінде  игерілетін  және  білім  туралы 



тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді және тәжірибелік дағдыларды 

талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптердің негізгі түрі; 

 

 11)  еңбек  функциясы  –  еңбек  үрдісінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін 



шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

 

 



 

         3. Осы кәсіби стандартта мынандай қысқартулар пайдаланылады: 

         3.1. ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері; 

         3.2.  БА  –  басшылар,  мамандардың  және  басқа  да  қызметшілер 

лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 

         3.3.  КС – кәсіби стандарт; 

         3.4   СБШ – салалық біліктілік шеңбері. 

 

 



2. Кәсіби стандарт төлқұжаты 

 

4.    Кәсіби  стандарттың  атауы:  «Арнайы  білім  беру  (педагогикалық  және 

әдістемелік қызмет)». 

5. 


Кәсіби  стандартты  әзірлеу  мақсаты:  арнайы  білім  беруде 

(педагогикалық  және  әдістемелік  қызмет)  қызметкерлерге    қажетті  ептілікті, 

дағдыларды, білім мен құзыреттілікті сипаттау. 

6.  Кәсіби  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:    стандарт  оқушылардың 

денелік,  психологиялық,  рухани  және  зияткерлік  дамуын  және  мүмкіндігі 

шектеулі  балалардың  толықтай  мамандануын  қамтамасыз  ететін  жалпы  орта 

және мамандандырылған білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылына, түзету-

әдістемелік  және  түзету-педагогикалық  қызметіне  қойылатын  талаптарды 

қамтиды. 

7. Негізгі топ: білім. 

Кәсіптік топ: арнайы білім беру. 

 

 



3.

 

Кәсіптердің карточкалары 

 

8. Кәсіптер тізбесі:   



педагог-дефектолог  (мамандандыру:    арнайы  білім;  лауазымдар:  педагог, 

педагог-дефектолог,  оқытушы-дефектолог  және  басқалары),  ҰБШ  бойынша 

біліктіліктің 4, 5-деңгейі; 

әдіскер-дефектолог  (мамандандыру:  арнайы  білім;  лауазымдар:  әдіскер, 

әдіскер-дефектолог, 

әдістемелік 

кабинеттің 

меңгерушісі, 

әдістемелік 

бірлестіктің  жетекшісі  және  басқалары),  ҰБШ  бойынша  біліктіліктің  4,  5-

деңгейі. 

Кәсіптер карточкалары осы КС-ға қосымшаларда беріліп отыр.  

 

 

 

 



 

 

 



 

«Арнайы  білім беру (педагогикалық және әдістемелік 



 

 



 

қызмет) кәсіптік стандартына қосымша 

 

Кәсіптер карточкасы  

«Педагог-дефектолог (мамандану: арнайы  білім беру) 

Кәсіп коды 

2340 

Кәсіп атауы 



Педагог-дефектолог (мамандандыру: арнайы  білім беру) 

 ҰБШ 


 

бойынша 


біліктілік деңгейі 

БА  бойынша  біліктілік 



деңгейі 

«Дефектология»  (логопедия),  логопед–мұғалім  лауазымында 

жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес. 

Кәсіптік білім деңгейі 

Мамандығына сәйкес жоғары білім 

 

 



 

 

 



 

 

Еңбек функциялары 



1.Түзету-педагогикалық  және  тәрбие  қыметінің  педагогикалық 

технологияларын,  қолданыстағы  әдістемелік    материалдарды, 

педагогикалық  қызметтің  оң  тәжірибесін  зерделеу  және 

қорытындылау 

2.Оқу  процесінің  моделін,  тұжырымдамасы  мен  жоспарын 

әзірлеуге қатысу (әдіскерлермен және басшылармен бірлесіп) 

3.Әдістемелік  материалдарды  әзірлеу,  білім  алушылардың  жеке 

және  кәсіби  әлеуетін  ашудың  және  пайдаланудың  денсаулықты 

сақтау,  ұйымдастыру  және  техникалық  шарттарын  жобалау;  

сабақтар өткізу. 

4.Оқушылардың дербес оқу қызметін ұйымдастыру 

5.Рефлексия,  жеке  қызметтегі  қиыншылықтарды  анықтау  және 

түзету 

1-еңбек функциясы 



Түзету-педагогикалық 

және  тәрбие  қыметінің 

педагогикалық 

технологияларын, 

қолданыстағы 

әдістемелік  

материалдарды, 

педагогикалық  қызметтің 

оң  тәжірибесін  зерделеу 

және қорытындылау 



Іскерлік пен дағдылар: 

1.Инновациялық  әдістерді  пайдалана  отырып,  оқу  және 

педагогикалық қызмет шарттарын зерттеу және жобалау. 

2.Оқушылардың  әлеуетін  бастапқы  диагностикалау  әдістерін 

қолдану: сауалнама жүргізу, сұхбат алу, ойын диагностикалары. 

3.Нормативтік-құқықтық   актілер ережелерін сақтау. 



Білім:  

1.Түсініктерді  айыра  білу:  еңбек  қызмет,  ойлау,  рефлексия, 

индивид,  субъект,  жеке  тұлға,  өркендеу,  социум,  қоғам, 

мемлекет,  әдістер,  тәсілдер,  қағидаттар,  қызмет  мәні,  оқу  және 

педагогикалық  әрекеттер,  педагогикалық  технология,  адамның   

қалыптасуы, дамуы, тәрбиеленуі, оқуы, білімі, рухани зияткерлік 

және дене әлеуеті. 

2.  Дидактика  принциптері,  педагогика  және  жас  ерекшелік 

психологиясы. 

3. Түзету-педагогикалық және тәрбие қызметінің педагогикалық 

технологиялары. 

4. 


Еңбекті 

қорғаудың, 

қауіпсіздік 

техникасының, өрт қаупсіздігінің қағидалары мен нормалары. 

4. Санитарлық нормалар мен қағидалар. 

5. Бала құқықтары туралы конвенция,  «Білім  туралы»,  «ҚР бала 

құқықтары  туралы»,  «Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес»,  «ҚР  Тіл 

туралы»  ҚР  заңдары,  ҚР  Еңбек  кодексі  және  басқа  да    білім 

беруді ұйымдастыру  қызметі  мәселелері бойынша нормативтік 

құқықтық актілер. 

6. Білім берудің мемлекеттік стандарттары. 

7. ҚР білім беруді ұйымдастыру  жүйесі. 

8.Оқу-бағдарламалық  құжаттаманы  әзірлеу  принциптері  және 


 

 



 

тәртібі. 

2-еңбек функциясы 

Оқу  процесінің  моделін, 

тұжырымдамасы 

мен 


жоспарын 

әзірлеуге 

қатысу 

(әдіскерлермен 



және 

 

басшылармен 



бірлесіп) 

Іскерлік пен дағдылар: 

1.Оқу, әдістемелік, педагогикалық,  басшылық қызмет пен өзара 

іс-қимыл  функционалдық модельдерінің құрылымы. 

2.Оқу, әдістемелік, педагогикалық,  басшылық  қызмет пен  өзара 

іс-қимылды схемалық модельдеу. 

3.    Түзету-педагогикалық  және  тәрбие  қызметі  педагогикалық  

тұжырымдамасының  құрылымы. 

4.Педагогикадық қызмет жоспарының құрылымы. 



Білім: 

1.Түсініктерді айыра білу: құрылым, жүйе, макеттер, модельдер, 

модельдеу,    ұйымдастыру,  өзін-өзі  айқындау,  өзін-өзі 

ұйымдастыру, өзін-өзі қамтамасыз ету, өзіндік білім алу, өзін-өзі 

басқару. 

2. Жас ерекшілігі мен арнайы педагогика және психология. 

3.  Адамның  жеке  әлеуетін  ашу  және  пайдалану  тәсілдері  мен 

принциптері. 

4. Қабілеттерді  диагностикалау әдістері. 

5. Оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктері. 

6.  Педагогикалық,  тәрбие  және  басшылық    қызметі 

субъектілерінің тиімді өзара іс-қимыл шарттарын жасау әдістері.   



 

 



 

3-еңбек функциясы 

Әдістемелік 

материалдарды  әзірлеу, 

білім  алушылардың  жеке 

және 


кәсіби 

әлеуетін 

ашудың 

және 


пайдаланудың 

денсаулықты 

сақтау, 

ұйымдастыру 

және 

техникалық  жағдайларын 



жобалау;  сабақтар өткізу. 

Іскерлік пен дағдылар: 

1.Білім  алушылардың  жеке  басының  және  кәсіби  мүдделерін  

анықтау. 

2.  Әдіскерлермен  және  басшылық    персоналмен  тақырыптарды, 

өткізу 

нысандары 



мен 

сабақтардың, 

семинарлардың, 

конференциялардың,  біліктіліктерді  арттыру  курстарының 

мазмұнын келісу. 

3. 


Тәрбие 

және 


оқу-педагогикалық 

 

қызметінде 



коммуникацияның логикалық әдістерін пайдалану. 

4. 


Шолудың 

инновациялық 

әдістерін 

қолдану 


және 

көзқарастарды келісу. 

5. Жеке және топтық рефлексивті рәсімдерді ұйымдастыру. 

6. Рефлексия  нәтижелерін қорытындылау және жүйелендіру.  

7.  Қосымша  білімдерді  меңгеруге  және    қосымша  қабілеттерді 

ашуға тапсырыс пен талаптарды тұжырымдау. 



Білім: 

1.  Оқушылардың  жеке  және  кәсіби  мүдделерін  анықтаудың 

тәсілдері мен принциптері. 

2. Сөйлесу әдістері, коммуникация және келісу. 

3. Оқу-педагогикалық қызмет шарттарын модельдеу әдістері. 

4. Шолу  және көзқарастарды келісу тәсілдері. 

5.  Жеке  және  топтық  рефлексивті  рәсімдерді  ұйымдастыру  

принциптері.  

6.Рефлексия  нәтижелерін  қорытындылау  және  жүйелендіру  

әдістері. 

7.Қосымша  білімдерді  меңгеруге    және      қосымша  қабілеттерді 

ашуға тапсырыс пен талаптарды тұжырымдау әдістері. 

4-еңбек функциясы 

Білім 


алушылардың 

дербес 


оқу 

қызметін 

ұймдастыру  

 

Іскерлік пен дағдылар: 

1. Міндетті және проблемалық оқу шарттарын жобалау. 

2.  Оқу  қызметін  ұйымдастыру  және  оқушылардың  әртүрлі 

әлеуметтік  және  кәсіби  ұстанымдарда  оқушылардың  өзара  іс-

қимылы. 


3. Білім мен дағдының жетіспеушілігін айқындау. 

4.  Қажетті  қабілеттерді  қалыптастыру  бойынша  тренингтерге 

уәждемелерді ұйымдастыру. 

Білім:  

1.Дарындыларды анықтау және қолдау әдістері. 

2.  Педагогикалық  жұмыстың  тиімді  нысандары  мен  әдістерін 

қорытындылау және тарату әдістері. 

3.  Оқушылардың  жеке  және  кәсіби  әлеуетін  ашуға    ықпал  етуге  


 

 



 

жағдай жасау тәсілдері мен қағидаттары. 

4. Әлеуметтік қызмет,  жеке тұлғалық өзара әрекет  жағдайларын 

ұйымдастыру және модельдеу  әдістері. 

5. 

Педагогикалық  және  психологиялық  ғылым,  түзету-



педагогикалық және тәрбие қызметі  саласындағы жетістік. 

6. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен оқыту әдістері. 

7. 

Кәсіби,  коммуникативті,  ақпараттық  және  құқықтық 



құзыреттілікті қалптастыру принциптері. 

8.  Жеке  оқытудың,  дамыта  отырып,  оқытудың  педагогикалық 

технологиялары; құзыреттілікті тәсіл. 

9. 


Мәтіндік  редакторлармен,  электрондық  кестелермен, 

электрондық  поштамен  және  браузерлермен,  мультимедиалық 

жабдықпен  жұмыс істеу  негіздері.  

5-еңбек функциясы 

Рефлексия, 

жеке 


қызметтегі 

қиыншылықтарды 

анықтау және түзету  

 

 



Іскерлік пен дағдылар: 

1. Оқу және оқу-педагогикалық шарттарды, әріптестермен өзара 

әрекеттер шарттарын талдау және қиыншылықтарды анықтау. 

2.  Рефлексия  нәтижелерін  қорытындылау  және  жүйелендіру, 

проблемалар мен міндеттерді қою. 

3.Тапсырысты тұжырымдау және қосымша білімдерді меңгеруге 

және қосымша қабілеттерді ашуға өзіндік айқындау. 

Білім: 

1.  Білім  беру  процестері  субъектілері    іс-қимылдарының 

шарттарын  жүйелі талдау әдістері. 

2.  Түсініктерді  айыру:  ұстаным,  функциялар,  іс-қимылдар, 

қиыншылықтар, критерийлер,  міндеттер, проблемалар. 

3.  Рефлексия  нәтижелерін  қорытындылау  және  жүйелендіру  

әдістері 

4.    Тапсырысты  тұжырымдау  және  қосымша  білімдерді 

меңгеруге және қосымша қабілеттерді ашуға өзіндік айқындау. 

5. 


Есептік  педагогикалық  құжаттаманы  әзірлеуге  және 

ресімдеуге қойылатын талаптар.    



Кәсіптер карточкасы  

«Педагог-дефектолог (мамандандыру: арнайы білім беру)» 

Кәсіп коды 

2340 

Кәсіп атауы 



Педагог-дефектолог (мамандандыру: арнай білім беру) 

 ҰБШ    бойынша  біліктілік 

деңгейі 

БА бойынша біліктілік деңгейі  Дефектология»  (логопедия)  мамандығы  бойынша  жоғары 



педагогикалық білім, логопед–мұғалім лауазымында жұмыс 

өтілі 6 жылдан кем емес немесе ғылым кандидаты ғылыми 

атағының  болуы  және  логопед–мұғалім  лауазымында 

жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес 

Кәсіптік білім деңгейі 

Мамандығына сәйкес жоғары білім 

 

 

 



 

 

 



 

1.Әдіснамалық  құралдарды  (тәсілдерді, 

принциптерді, 

әдістерді,  түсініктерді,  санаттарды,  тұжырымдамаларды), 

түзету-педагогикалық және тәрбие қызметті      зерттеу мен 

жобалаудың қолданыстағы әдістерін талдау және таңдау.   

2.  Қолданыстағы  әдістемелік  материалдарды,  түзету-

педагогикалық  және  тәрбие  қызметтің    озық  әдістемелік 

және  педагогикалық  технологияларын  зерделеу  және 


 

 



 

Еңбек функциялары 

қорытындылау.     

3. 


Арнайы  білім    беру  моделін,  оқу-әдістемелік 

материалдарды,  педагогикалық  қызмет  тиімділігін  арттыру 

жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.   

4.  Оқу  және  педагогикалық  қызмет  шарттарын  модельдеу, 

педагогикалық қызмет жоспарын әзірлеу.   

5.  Сабақтар  өткізу,  рефлексия,  әдістемелік,  түзету-

педагогикалық  және  тәрбие  қызмет  шарттары    мен 

әдістерінің қиыншылықтары мен түзетулерін анықтау.   

1-еңбек функциясы 

Әдіснамалық 

құралдарды 

(тәсілдерді, 

қағидаттарды, 

әдістерді, 

түсініктерді, 

санаттарды, 

тұжырымдамаларды),  түзету-

педагогикалық  және  тәрбие 

қызметті            зерттеу  мен 

жобалаудың 

қолданыстағы 

әдістерін талдау және таңдау.   



Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Оқу,  педагогикалық  және    басшылық    қызметі 

жағдайларын 

зерттеуде, 

жобалауда, 

жақсартуда 

инновациялық әдістерді пайдалану.   

2.  Оқушылардың  жеке  және  кәсіби  әлеуетін  ашудың  және 

іске асырудың инновациялық әдістерін пайдалану.    

3. Әдістемелік, педагогикалық және  басшылық  қызметінің 

әдіснамалық 

құралдарын 

таңдауда 

коммуникацияны 

қолдану және көзқарас бойынша келісу.   

Білім:  

1.  Түсініктер  айыра  білу:  дамыта  отырып  оқыту,  оқу 

әрекеті,  оқу-педагогикалық  өзара  іс-әрекет,  ұйымдастыру, 

басқару, 

рефлексивті 

 

ойлауды 



ұйымдастырудың 

құралдары,  тәсілдер,  принциптері,  әдістер,  түсініктер, 

санаттар мен тұжырымдамалар, қызмет нормалары.   

2. Нормалар типтері: мақсат, жоспар, бағдарлама, жоба.   

3. Қызметтік мәтіндермен жұмыс істеу әдістері.   

4.  Білім  алушылардың  рухани,  зияткерлік,  дене  әлеуетін, 

жас  ерекшелік  және  жеке,  психологиялық  зияткерлік 

қабілеттерін  диагностикалау  тәсілдері,  қағидаттары  мен 

әдістері.    

5.  Қызмет  пен  өзара  іс-қимылдың  оқу  және  кәсіби 

жағдайларын ойынмен модельдеу әдістері.   

6. 


Өзін-өзі  тануға,  өзіндік  білім  алуға,  өзін-өзі 

ұйымдастыруға, 

өзін-өзі 

жетілдіруге 

уәждеу 

және 


ынталандыру әдістері.   

7.  Оқу,  педагогикалық,  әдістемелік  және    басшылық  

қызметі жағдайын жүйелі талдау мен жобалаудың әдістері.    

8.  Тәрбиелеу  мен  оқытудың  бағдарламалық    және 

проблемалы әдістері    

2-еңбек функциясы 

Қолданыстағы 

әдістемелік 

материалдарды, 

түзету-


педагогикалық  және  тәрбие 

қызметтің    озық  әдістемелік 

және 

педагогикалық 



технологияларын 

зерделеу 

және қорытындылау.     

Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Ұстанымаралық  коммуникацияны  ұйымдастыру  және 

көзқарасты келісу

  



2.  Нормативтік  мәтіндерді,  оқыту  мен  тәрбиелеудің 

педагогикалық  технологияларын      зерделеуде  мәтінмен 

жұмыс істеу әдісін пайдалану.   

Білім: 

1. Ұйымдасқан коммуникация схемасының функционалдық 

талаптары және көзқарасты келісу.   

2.  Нормативтік  мәтіндерді,  әдістемелік  материалдарды 

схемалық  шолу.   

3. Бар    таптаурынды проблемаландыру  тәсілдері.   



 

 



 

4.  Оқу,  әдістемелік,  педагогикалық,  басшылық  қызметте 

туындайтын проблемаларды қою және иерархизациялау.   

5.  Дау-дамай  жағдайлары  себептерін  диагностикалау 

әдістері, олардың алдын алу  және оны шешу тәсілдері.   

6. Қайта нормалау және нормаларды іске асыруды бақылау 

тәсілдері.    

7. Педагогикалық ғылым мен практиканың жетістігі.   

3-еңбек функциясы 

Арнайы  білім  беру    ,  оқу-

әдістемелік  материалдардың, 

педагогикалық 

қызметтің 

тиімділігін  арттыру  жөніндегі 

ұсыныстар моделін әзірлеу.   

Іскерлік және дағдылар: 

1.

 



Білім  алушылардың,  әдіскерлердің,  педагогтар  мен  

басшылық    персоналдың  қызметі  мен  өзара  іс-қимыл  

моделін әзірлеу. 

2.

 



Оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу   

3.Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу.   

4.  Педагогикалық  қызмет  тиімділігін  арттыру  бойынша 

ұсыныстар әзірлеу.   



Білім: 

1. Оқу-әдістемелік материалдардың типтері мен түрлері. 

2.  Оқу-әдістемелік  материалдарды  әзірлеу  қағидаттары, 

тәсілдері және талаптары.   

3.  Педагогикалық  қызметтің  функционалдық  модельдерін 

жасау әдістері. 

4.  Оқу  жоспары  мен  оқу  бағдарламаларын  әзірлеуге 

қойылатын талаптар. 

4-еңбек функциясы 

Оқу 


және 

педагогикалық 

қызмет  шарттарын  модельдеу, 

педагогикалық 

қызмет 

жоспарын әзірлеу.   



 

Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Білім  алушылардың,  әдіскерлердің,  педагогтар  мен   

басшылық    персоналдың      қызметі  мен  өзара  іс-қимылы 

типтік  шарттарының  бағдарламалары  мен  ойынды   

модельдеу жоспарын әзірлеу.   

2.  Ойынды  модельдеуде  модератордың  (ойын  технигінің)   

функцияларын орындауы.   

3. Есепті ресімдеу. 



Білім:  

1. 


Ойын 

түрлері: 

рөлдік, 

іскери, 


инновациялық, 

ұйымдастыру-коммуникативті,  ұйымдастыру-қызмет    және 

басқа.   

2.  Ойынға  қатысушылардың  көзқарасын  схемаландыру 

қағидаттары. 

3.Көзқарасты  келісуде  коммуникацияны,  ұйымдастыру, 

түсінік, сын, арбитраждық жұмыс принциптері.    

4. Қосымшалау мен нақтылықтың логикалық принциптері.   

5.Білім  алу  процесіне  қатысушылардың  қызметі  мен  өзара 

іс-қимылының  функционалдық  модельдерін  қалыптастыру 

әдістері.    

5-еңбек функциясы 

Сабақтар  өткізу,  рефлексия, 

әдістемелік, 

түзету-

педагогикалық  және  тәрбие 



Іскерлік пен дағдылар: 

1. 


Оқу 

және 


оқу-педагогикалық 

жағдайларды, 

әріптестермен өзара іс-әрекеттер жағдайларын талдау және 

қиыншылықтарды анықтау. 



 

 



 

қызмет 


шарттары 

 

мен 



әдістерінің 

қиыншылықтары 

мен түзетулерін анықтау.   

 

2. 



Рефлексия,    нәтижелерді  қорытындылау  және 

жүйелендіру, проблемалар мен міндеттерді қою. 

3. Қосымша білімдерді меңгеру және қосымша қабілеттерді 

ашу. 


4. Өзінің кәсіби деңгейін  жүйелі арттыру 

Білім: 

1.  Білім  беру  процестері  субъектілері    өзара  іс-

қимылдарының жағдайларын жүйелі талдау әдістері. 

2.  Түсініктерді  айыра  білу:  ұстаным,  функциялар,  іс-

қимылдар,  қиыншылықтар,  критерийлер,    міндеттер, 

проблемалар. 

3. Рефлексия нәтижелерін қорытындылау және жүйелендіру  

әдістері 

4.  Тапсырысты  тұжырымдау  және  қосымша  білімдерді 

меңгеруге  және  қосымша  қабілеттерді  ашуға  өзіндік 

айқындау. 

5.  Есептік    құжаттаманы  әзірлеуге  және  ресімдеуге 

қойылатын талаптар.    

Жеке 


құзыреттілігіне 

қойылатын талаптар  

Өзін-өзі ұйымдастыру 

Коммуникативті қабілеттер. 

Талдау қабілеттері. 

Ұйымдастырушылық қабілеттер. 

Педагогикалық қабілеттер. 

СБШ 


шеңберінде 

басқа 


кәсіптермен байланысы  

Әдіскер-


дефектолог 

 

Кәсіптік коды 



2351 

 

Кәсіптер карточкасы  



«Әдіскер-дефектолог (мамандану: арнайы білім беру) 

Кәсіп коды 

2351 

Кәсіп атауы 



Әдіскер-дефектолог (мамандығы: арнайы білім беру) 

 ҰБШ    бойынша  біліктілік 

деңгейі 

БА  бойынша  біліктілік 



деңгейі 

Дефектология»  (логопедия)  мамандығы  бойынша  жоғары 

педагогикалық  білім,  логопед–мұғалім  лауазымында  жұмыс 

өтілі 3 жылдан кем емес 

Кәсіптік білім деңгейі 

Мамандығына сәйкес жоғары білім 

 

 

 



 

 

 



 

 

Еңбек функциялары 



1.Тәрбиелеу  мен  оқытудың  педагогикалық  технологияларын, 

қолданыстағы 

әдістемелік 

материалдарды, 

әдістемелік 

жұмыстың оң тәжірибесін зерделеу және қорытындылау. 

2.Білім  алушыларды    оқыту  мен  тәрбиелеу  бойынша   

әдістемелік    материалдарды,  әдістемелік  жұмыс  жоспарын 

әзірлеу.   

3.Білім  алушылардың  жеке  және  кәсіби  әлеуетін  ашуды  және  

іске  асыруды  қамтамасыз  ететін  әдістемелік  материалдарды, 

ұйымдық және техникалық шарттарын  келісу. 

4.Сабақтарды,  семинарларды,  конференцияларды,  білім  беру 

мекемелері  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстарын 

ұйымдастыру .  

5.Рефлексия,    жеке  әдістемелік  қызметтегі    қиыншылықтарды 

анықтау және түзету. Белгіленген есеп құжаттамасын жасау.  


 

10 


 

 

1-еңбек функциясы 



Тәрбиелеу  мен  оқытудың 

педагогикалық 

технологияларын, 

қолданыстағы  әдістемелік  

материалдарды, 

педагогикалық  қызметтің 

оң  тәжірибесін  зерделеу 

және қорытындылау 



Іскерлік пен дағдылар: 

1. Нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтау. 

2.  Білім  алушылардың  рухани,  зияткерлік  және  дене  әлеуетін 

диагностикалау.  

3.  Оқу  және  педагогикалық  қызметті  зерттеуде,  жобалауда, 

жағдайларын жақсартуда инновациялық әдістерді пайдалану.   



Білім:  

1.Түсініктерді айыра білу: еңбек қызмет,құралдар мен тәсілдер, 

мақсат  және  нәтиже,    индивид,  субъект,  жеке  тұлға,адам, 

әдістер,  тәсілдер,  принциптер,  қызмет  мәні,  оқу  және 

педагогикалық 

әрекеттер, 

педагогикалық 

технология, 

тәрбиелеу, оқыту, білім, адамның рухани зияткерлік және дене 

әлеуеті,  ойлау, рефлексия. 

2.  Дидактика  қағидаттары,  педагогика  және  жас  ерекшелігі 

психологиясы. 

3.  Әдістемелік  және  ақпараттық  материалдарды  жүйелендіру 

принциптері.   

4.  Оқытудың  аудиошолу    және  интерактивті  құралдарына 

қойылатын талаптар.  

4. 

Еңбекті  қорғаудың,  қауіпсіздік  техникасының,  өрт 



қаупсіздігінің қағидалары мен нормалары. 

5.Санитарлық нормалар мен қағидалар. 

6.Бала құқықтары туралы конвенция, «Білім туралы», «ҚР бала 

құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «ҚР Тіл 

туралы»  ҚР  заңдары,  ҚР  Еңбек  кодексі  және  басқа  да    білім 

беруді ұйымдастыру  қызметі  мәселелері бойынша нормативтік 

құқықтық актілер. 

7. Білім берудің мемлекеттік стандарттары. 

8. ҚР білім беруді ұйымдастыру  жүйесі. 

9.Оқу-бағдарламалық  құжаттаманы  әзірлеу  принциптері  және 

тәртібі. 

2-еңбек функциясы 

Білім  алушыларды    оқыту 

мен  тәрбиелеу  бойынша   

әдістемелік  

материалдарды, 

әдістемелік 

жұмыс 


жоспарын әзірлеу. 

Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Әдістемелік  кабинеттерді    материалдармен,  жабдықпен, 

көрнекі  құралдармен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  құжаттарды 

әзірлеу, жаңарту. 

2.      Басқару  органдарымен  өзара  іс-қимыл,  әдістемелік 

кабинеттерді,  полигондарды    материалдармен,  жабдықпен, 

көрнекі құралдармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.       

Білім: 

1.  Әдістемелік  кабинеттерді    материалдармен,  жабдықпен, 

көрнекі  құралдармен  қамтамасыз  етуді  ұйымдастыру  мен 

техникалық нормативтері. 

2.  Әдістемелік  кабинеттерді    материалдармен,  жабдықпен, 

көрнекі  құралдармен  қамтамасыз  ету  нұсқаларын  келісу 

тәсілдері және принциптері.    

3.  Әдістемелік    және  ақпараттық  материалдарды  жүйелендіру 

принциптері.   

4. Оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктері.   

5.  Мәтінді  редактормен,  электронды  кестелермен,  электронды 

поштамен  және  браузерлермен,  мультимедиялық  жабдықпен 

жұмыс істеу негіздері.  


 

11 


 

 

6.  Оқу  кабинеттері  мен  қосалқы  үй-жайларды  жарақтандыруға 



және жабдықтауға қойылатын талаптар 

3-еңбек функциясы 

Білім  алушылардың  жеке 

басы  және  кәсіби  әлеуетін 

ашуды  және    іске  асыруды 

қамтамасыз 

ететін 

әдістемелік 



материалдарды,  ұйымдық 

және 


техникалық 

шарттарын  келісу. 



Іскерлік  пен дағдылар: 

1.  Коммуникация  мен  модельдеудің  логикалық  әдістерін 

пайдалану. 

2. Шолу  және көзқарастарды келісу принциптерін пайдалану.  



Білім: 

1. Білім алушылардың жеке және кәсіби әлеуетін ашуды және 

іске  асыруды  қамтамасыз  ететін  ұйымдық  және  техникалық 

шарттарды жасау тәсілдері мен принциптері.  

2. Коммуникациялау, шолу және көзқарасты келісу әдістері. 

4-еңбек функциясы 

Ашық 

сабақтарды, 



семинарларды, 

конференцияларды,  білім 

беру 

мекемелері 



қызметкерлерінің 

біліктілігін 

арттыру 

курстарын ұйымдастыру    



Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Білім  беру  қызметкерлерінің  (педагогикалық,  басшылық 

және  техникалық  персоналы)  жеке  және    кәсіби  мүдделерін 

анықтау.   

2. 

Сабақтарды, 



семинарларды, 

конференцияларды, 

педагогикалық,  басшылық  және  техникалық  персоналдың 

біліктілігін  арттыру  курстарын  өткізу  мен  мазмұнының 

тақырыптарын, нысандарын келісу.   

3. Білім беру мекемелері қызметккерлерінің жұмысында  көмек 

көрсету.   

Білім:  

1.  Өзінің  кәсіби  шеберлігін  арттыруға  педагогикалық, 

басшылық  және  техникалық  персоналдың  уәждемесін  

қамтамасыз ету әдістері.   

2.Түсінікттерді  айыра  білу:    мүмкіндіктер,  тұтынушылық, 

қажеттіліктер, қабілеттер, құзыреттер. 

3. Құзыретті тәсіл. 

4.  Ашық  сабақтарды,  семинарларды,  конференцияларды, 

біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру қағидаттары. 

5.Білім 


беру  процесі  субъектілерінің  өзара  іс-қимыл 

жағдайларын жүйелі талдау әдістері.       

6.Ашық 

сабақтарды, 



семинарларды, 

конференцияларды, 

біліктілікті  арттыру  курстарын  өткізуге  жоспалар  мен 

бағдарламаларды  әзірлеуге  және  ресімдеуге  қойылатын 

талаптар.   

5-еңбек функциясы 

Рефлексия, 

жеке 


әдістемелік 

қызметтегі  

қиыншылықтарды  анықтау 

және  түзету,  белгіленген 

есеп құжаттаамасын жасау.  

 

Іскерлік пен дағдылар: 

1. Жеке рефлексивті рәсімдерді ұйымдастыру.   

2. Топтық рефлексивті рәсімдерді ұйымдастыру. 

3. Рефлексия нәтижелерін қорытындылау және жүйелендіру. 

4.  Қосымша  білімдерді  меңгеруге  және  қосымша  қабілеттерді 

ашуға тапсырыстарды және талаптарды тұжырымдау. 

Білім: 

1. Түсініктерді айыра білу: ұстаным, функциялар, іс-қимылдар, 

қиыншылықтар,  критерийлер,  міндеттер,  проблемалар,  әдістер 

мен әдістемелер.   

2.  Жеке  және  топтық  рефлексивті  рәсімдерді  ұйымдастыру 

қағидаттары.   

3.  Рефлексия  нәтижелерін  қорытындылау  және  жүйелендіру  

әдістері 

4.  Қосымша  білімдерді  меңгеруге  және  қосымша  қабілеттерді 


 

12 


 

 

ашуға тапсырысты тұжырымдау және өзіндік айқындау. 



5.  Есептік   құжаттаманы  әзірлеуге  және  ресімдеуге  қойылатын 

талаптар.    



Кәсіптер  карточкасы 

«Әдіскер-дефектолог (мамандану: арнайы білім беру)» 

Кәсіп коды 

2351 

Кәсіп атауы 



Әдіскер (мамандандыру: арнайы білім беру) 

 ҰБШ    бойынша  біліктілік 

деңгейі 

БА 



бойынша 

біліктілік 

деңгейі 

Дефектология»  (логопедия)  мамандығы  бойынша  жоғары 

педагогикалық  білім,  логопед–мұғалім  лауазымында  жұмыс 

өтілі  6  жылдан  кем  емес,  немесе  ғылым  кандидаты  ғылыми 

атағының  болуы  және  логопед–мұғалім  лауазымында  жұмыс 

өтілі 3 жылдан кем емес 

Кәсіптік білім деңгейі 

Мамандығына сәйкес  жоғары білім 

 

 

 



 

 

 



 

 

Еңбек функциялары 



1.  Әдіснамалық  құралдарды  (тәсілдерді,  принциптерді, 

әдістерді, түсініктерді, санаттарды, тұжырымдамаларды), оқу 

және  түзету-педагогикалық    қызмет  шарттарын  зерттеу  мен 

жобалаудың қолданыстағы әдістерін талдау және таңдау.   

2.  Білім  алушылардың  жеке  әлеуетін  ашу  және  іске  асыру 

моделін,  оқу  және  түзету-педагогикалық  қызмет  шарттарын 

зерттеу және жобалау әдістемесін әзірлеу.      

3.Білім  алушылардың  жеке  әлеуетін    ашу  және  іске  асыру 

моделін,  оқу  және  түзету-педагогикалық  қызмет  шарттарын 

зерттеу және жобалау әдістемесін келісу.      

4.Түзету-педагогикалық қызмет мониторингі.            

5.Рефлексия,  оқу  және  түзету-педагогикалық  қызмет 

шарттарының қиыншылықтарын    анықтау және түзету.   

6.Рефлексия,  өзіндік  әдістемелік  қызмет  қиыншылықтарын    

анықтау және түзету.   

1-еңбек функциясы 

Әдіснамалық 

құралдарды 

(тәсілдерді, 

қағидаттарды, 

әдістерді, 

түсініктерді, 

санаттарды, 

тұжырымдамаларды), 

оқу 

және  түзету-педагогикалық  



қызмет 

шарттарын      

зерттеу  мен  жобалаудың 

қолданыстағы 

әдістерін 

талдау және таңдау.   



Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Оқу  және  түзету-педагогикалық  қызмет  шарттарын 

зерттеуде  және  жобалауда    инновациялық  әдістерді, 

әдістемелік  құралдарды  (тәсілдерді,  принциптерді,  әдістерді, 

түсініктерді, санаттарды, тұжырымдамаларды) пайдалану.   

2.  Оқушылардың  рухани,  зияткерлік  және  дене  әлеуетін 

диагностикалау.  

Білім:  

1. Оқушылардың жеке тұлға әлеуеті түсінігі. 

2.  Жеке  тұлғаның  жас  ерекшелік  және  жеке  психологиялық 

ерекшеліктері.  

3.  Еңбек  пен  оқудың  уәждемелеу  және  ынтыландыру 

тәсілдері.  

4.Оқу,  түзету-педагогикалық,  әдістемелік  және  басшылық 

қызмет жағдайларын жүйелі талдау және жобалау әдіснамасы. 

2-еңбек функциясы 

Білім  алушылардың  жеке 

әлеуетін  ашу  және  іске 

асыру 


моделін, 

оқу 


Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Оқушылардың  жеке  және  кәсіби  әлеуетін  ашу    және  іске 

асыру  моделін  әзірлеу  үшін  инновациялық  әдістерді 

пайдалану.    



 

13 


 

 

жәнетүзету-педагогикалық 



өызмет  шарттарын  зерттеу 

және  жобалау  әдістемесін 

әзірлеу.      

2. Оқу және түзету-педагогикалық қызмет шарттарын зерттеу 

және  жобалау  әдістемесін  әзірлеу  үшін    инновациялық 

әдістерді пайдалану.    



Білім:      

1.    Оқушылардың  жеке  және  кәсіби  әлеуетін  ашу    және  іске 

асыру моделін әзірлеу тәсілдері мен қағидаттары. 

2. Оқу және түзету-педагогикалық қызмет шарттарын зерттеу 

және жобалау әдістемесін әзірлеу әдістемелері.    

3-еңбек функциясы 

Білім  алушылардың  жеке 

әлеуетін    ашу  және  іске 

асыру  моделін,  оқу  және 

түзету-педагогикалық 

қызмет  шарттарын  зерттеу 

және  жобалау  әдістемесін 

келісу 

Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Коммуникация  мен  модельдеудің  логикалық  әдістерді 

пайдалану.   

2. Шолу және көзқарастарды келісу принциптерін пайдалану. 



Білім:  

1. Оқушылардың жеке әлеуетін ашу  және іске асыру моделін 

әзірлеу тәсілдері мен принциптері. 

2.  Коммуникация,  модельдеу,  шолу  және  көзқарасты  келісу 

әдістері.      

3. Оқу және түзету-педагогикалық қызмет шарттарын зерттеу 

және жобалау әдістемесін әзірлеу әдістемелері. 

4-еңбек функциясы 

Түзету-педагогикалық 

қызмет мониторингі.            



Іскерлік пен дағдылар: 

1. 


Түзету-педагогикалық  қызметті  бақылаудың  нақты 

әдістерін пайдалану.      

2. Коммуникация  және көзқарасты келісу әдістері.     

3.Оқушылар 

мен 

педагогтардың 



білімдері 

және 


дағдыларының жетіспеушілігін анықтау.  

Кәсіби шеберлікті арттыру уәждемесін ұйымдастыру.   



Білім:  

1.Түзету-педагогикалық  қызмет  мониторгінің  тәсілдері  мен 

принциптері.   

2.Нәтижелерді ресімдеу әдістері.   

5-еңбек функциясы 

Рефлексия,  оқу  және  түзету-

педагогикалық 

қызмет 


шарттарының 

қиыншылықтарын    анықтау 

және түзету.   

Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Ұйымдастыру  және  басқарудың  коммуникациясын,  нақты 

әдістері мен әртүрлі тәсілдерді пайдлану.       

2.  Бірлескен  рефлексивті  талдауды  пайдалану,  проблемалар 

мен қиыншылықтарды анықтау және шешу.    

3.  Нормаларды  іске  асыруды  қайта  нормалау  және  бақылау 

тәсілдерін айқындау. 

4.  Ұйымдастыру  және  басқарудың  коммуникациясын,  нақты 

әдістері мен әртүрлі тәсілдерді пайдалану.    

5.  Бірлескен  рефлексивті      талдауды  пайдалану,  проблемалар 

мен қиыншылықтарды анықтау және шешу.    

6. Қайта нормалау және бақылау тәсілдерін айқындау. 



Білім: 

1.  Оқушылар  мен  педагог-дефектологтардың  бірлескен 

рефлексивті  талдауды  ұйымдастыру  әдістерін  талдау  және 

бағалау.   

2. Қиыншылықтарды анықтау.     

3.  Оқу  және  түзету-педагогикалық  қызметте  туындайтын 

проблемаларды шешуді бағалау және бақылау  

4.  Педагогикалық  проблемаларды қою және шешу.   

5.  Нормаларды  іске  асыруды  қайта  нормалау  және  бақылау 


 

14 


 

 

тәсілдері.  



6-еңбек функциясы  

Рефлексия, 

өзіндік 

әдістемелік 

қызмет 

қиыншылықтарын    анықтау 



және түзету.   

Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Ұйымдастыру  және  басқарудың  коммуникациясын,  нақты 

әдістері мен әртүрлі тәсілдерді пайдалану.  .     

2.  Бірлескен  рефлексивті      талдауды  пайдалану,  проблемалар 

мен қиыншылықтарды анықтау және шешу.  

3.  Нормаларды  іске  асыруды  қайта  нормалау  және  бақылау 

тәсілдерін айқындау. 

Білім: 

1.  Оқушылар  мен  педагог-дефектологтардың  бірлескен 

рефлексивті  талдауды  ұйымдастыру  әдістерін  талдау  және 

бағалау.   

2. Қиыншылықтарды анықтау.     

3. Педагогикалық  проблемаларды қою және шешу.   

4.  Нормаларды  іске  асыруды  қайта  нормалау  және  бақылау 

тәсілдері   

Жеке 

құзыреттілікке 



қойылатын талаптар  

Өзін-өзі ұйымдастыру, өздігінен білім алу. 

Коммуникативті.  

Талдамалық.  

Педагогикалық. 

 

 СБШ 


шеңберін 

де 


басқа 

кәсіптер 

мен 

байланысы  



Педагог-

дефектолог 

 

Кәсіп коды 



2340 

 

Кәсіптік стандарттың техникалық деректері  

Әзірленді  

«Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік академиясы 

Нұсқа  нөмірі    және 

шығарылған жылы  

1-нұсқа, 2015 жыл 

Болжамды  қайта  қарау 

күні  

2018 жыл 



 

  

 



          

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



Каталог: uploads -> content -> files
files -> Индекс Басылым аты, редакция телефоны Жылына шығатын саны Жа- зылу мерзімі Жазылу бағасы Алматы Регион
files -> Қазақстан республикасының басылымдары
files -> Кәсіби стандарт «Әлеуметтік қызметтер»
files -> Кәсіби стандарт «Бастауыш білім педагогикалық және әдістемелік қызмет»
files -> Кәсіби стандарт Техникалық және кәсіби білім
files -> Кадрлар саясаты
files -> Кәсіби стандарт «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
files -> №123 (28851) 29 маусым сəрсенбі 2016 жыл ● Еңбегімен еленген

жүктеу 177.32 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет