КƏПҚызы е. Ой түбінде жатқан сөз



жүктеу 1.7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/25
Дата11.09.2017
өлшемі1.7 Mb.
#14365
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

УДК 070
ББК 76.01
К 24
УДК 070
ББК 76.01
ISBN 978-9965-22-440-9
©  Кəпқызы Е., 2013
© «Қазығұрт» баспасы», 2013
КƏПҚЫЗЫ Е.
Ой  түбінде  жатқан  сөз.  Мақалалар  жинағы.  –  Алматы: 
«Қазығұрт» баспасы, 2013. – 288 бет.
ISBN 978-9965-22-440-9
Кітапта автордың əр жылдардағы ұлт, демография, саясат тө-
ңірегіндегі ой-толғаныстары, сараптамалық мақалалары жəне жол-
сапар очерктері қамтылған.
Автор елдің мəңгі мұраты – ұлттың ұлт болып ұйысу жолында-
ғы шытырман белестері жайында толғанады. 
Кітап қалың оқырман қауымға арналған. 
К 24
Қазақстан Республикасы 
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды

3
Алғы сөз
Қазақ  журналистикасы  еліміз  тəуелсіздік  алғаннан  кейінгі 
жылдарда бұрынғы уақыт пен кеңістік əлемінде еркін шарлай ал-
майтын өрісі тар, шеңбері шектеулі, қамтитын тақырып аумағы 
өлшемді,  цензурасы  басым  күйден  босанып  нағыз  сөз  өнерінің 
ақиқатты  айтатын  өмірдің  кез  келген  саласының  қалтарыс-бұл-
тарысына қаймықпай еніп, еркін сөйлейтін қоғамның ең белсен-
ді мүшесіне айналды. Сонымен қатар заманға сай əлемдік талап-
тар үдесіне қанағаттанарлық жауап бере алатын, қарыстап дамып 
отырған  жаңа  дəуірдің  техник-технологиясын  жеттік  меңгерген 
кəсіби  шеберлігі  ешкімнен  кем  түспейтін,  өркениетті  елдердің 
осы саладағы қол жеткізген бай тəжірибесінен үйреніп, бойына 
сіңірген, танымдық талғампаздығы жоғары, қазақ қоғамының 
ғаламдық  кеңістіктегі  орны  мен  өресін  саралап,  сараптап,  талдау 
жасап дұрыс əрі шынайы анықтай алатын, халық сенетін, сенім 
артатын,  билік  пен  бұқара  арасындағы  алтын  көпір  дəрежесіне 
жетті. Соның үшін де журналистиканы бүгінгі қоғамның төртінші 
билігі  атайды.  Демек,  оның  қоғам  алдында  жүктеген  міндеті 
мығым,  жүрер  жолы  күрделі,  арқалаған  аманаты  ауыр,  атқарар 
қызметі  мол  деген  сөз.  Ал  осы  бір  аса  салмақты,  зор  мақсатқа 
жетіп, мүддеден мүдірмей шығу журналист үшін үлкен сын.
Бүгін оқырман қауымға жол тартып отырған Есенгүл Кəп-
қызының  «Ой  түбінде  жатқан  сөз»  атты  кітабы  осы  сауалда-
рымызға жауап береді. Бүгінгі заманауи қазақ журналистика-
сының  ХХI  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  тыныс-тіршілігін, 
бағамдап, оның қоғам өміріндегі орнын сипатауға, сол кезеңнің 
шынайы өмірін қоғамның қуатты құралына айналған баспасөз 
бетінде  қалай  беріліп,  қалай  таразыға  тартылғанын  автордың 
осы  кітапқа  енген  əр  жылдары  жазған  жазбаларынан  толық 
байқауға болады.
Есенгүл Кəпқызы қазіргі қазақ журналистикасында өзіндік 
қолтаңбасымен  айқындалған,  белгілі  орны  бар  белді  журна-
листердің бірі, филология ғылымдарының кандидаты. Жиыр-
ма  жылдай  журналистика  саласында  жинақтаған  өмірлік  тəжі-

рибесін  жас  журналист  мамандарды  даярлауға  арнап,  əсіресе 
олардың  заманауи  медиа  үдерістерді  игеруге  ерекше  назар 
аударып жүрген ұстаз. Оның бұған дейін жарық көрген «Сөз-
дің  шыны», «Жырақта  қалған  тағдырлар»  кітаптары  да  көп-
шілік  көңілінен  шыққан,  қазақ  қоғамының  қайта  қалыптасу 
кезеңіндегі  заманның  тыныс-тіршілігін  əрлеп-əсірелемей,  бояп 
өңдемей, қаз-қалпында, дəйек-деректі, көп сөзділігі керенау, 
айтары анық, берері мол туындылар болды.
Кітап «Ой түбінде жатқан сөз» деп қауымға белгілі тіркес-
пен аталғанымен ол тек бір журналистің қоғам, ел, өмір, тір-
шілік,  заман  туралы  жазған  субъекті  ой-толғам,  толғауларының 
жиынтыққұрамасы емес, бүгінгі қазақ қоғамының күнгейі мен 
көлеңкелі өмірінің, алға қарай іркіліссіз қадам басқан жасампаз 
жолдарының, соны соқпақтарының тыныс аурасының жарқын 
айнасы  деуге  əбден  лайық.  Мынау  жаһандану  дəуірінде  көз 
ілеспес  жылдамдықпен  екпін  алған  инновациялық  үдерістер 
тұсында жер жүзінің кез келген түкпірінен толассыз құйылып, 
төгіліп  жатқан  ақпараттарды  дер  кезінде  дұрыс,  нанымды, 
шынайы сараптап, арасынан ұлттық жол тауып, өзіндік бет-бей-
несін  анықтап,  озық  технологиялармен  жарысқа  түсіп,  халықара-
лық  журналистиканың  қай  саласының  болмасын  тең  дəрежеде 
бəсекелестікке  түсу,  сол  бір  ақпараттар  ағынына  араласып,  ада-
сып  кетпей  биіктен  көріну  бүгінгі  қазақ  журналистерінің  мұра-
ты болса керек. Есенгүл Кəпқызы міне, осы талап-тілектен шыға 
білген журналист. Не жазса да, қай тақырыпты қозғап, қамтыса 
да  ол  Қазақ  Елінің  халқы  мен  жерінің  біртұтастығы,  бірлік-бе-
рекесімен, ұйтқы ұлттың ұлы тұғырлары тіл мен ділдің бүгіні 
мен  болашағына  көңілі  алаң,  күрделі  көкейкесті  мəселерімен 
ұштасып,  сабақтасып,  бір-біріне  жалғасып  жатады.  Əр  бір  жаз-
басы  қай  қырынан  алсаңда  ширақ  əрі  тартымды,  дерегі  мен 
дəйегі жеткілікті, жан-жақты сарапталып, талданған, қысқа да 
нұсқа, көздеген нысанына дөп тиіп жататын, кəсіби сүзгіден өтіп, 
ерекше екшелген, қорғасындай қою, мəйекті ой, мəнді пікір, хал-
қына, елін-жеріне қажетті мəліметтер ұсынады. Қолдарыңызда-
ғы «Ой түбінде жатқан сөз» атты кітап осының жарқын көріні-
сі болмақ.
Темірғали КӨПБАЕВ,
«Қазығұрт» баспасының директоры

5
І бөлім
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ – 
ТІЛ МЕН ЖЕРІ
ҚАЗАҚ ҰЛТ РЕТIНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН БА?
Қазiр  кеңселерге  тығылып  қазақтың  жағдайын  талқылай-
тындар  да,  телеарналардағы  ток-шоулар  да  осы  мəселенi  сөз 
ететiн болып алыпты. Мемлекеттiк тарихы мың жылдарға со-
зылса  да,  ұлт  ретiнде  тарих  сахнасынан  берiк  орын  алса  да, 
оның  ұлт  ретiнде  пiсiп  жетiлмегенi  жайлы  сөздiң  қозғалуының 
өзi  ұлттың  өзiне  деген  сенiмiнiң  азаюын  танытса  керек.  Осы-
дан  бiр  ғасыр  уақыт  бұрын,  Ресейдiң  қоластында,  тiптi  ав-
тономиялық  дəрежемiз  де  бола  қоймаған  кезде  «Алаш»  зия-
лылары осы мəселенi күн тəртiбiне қойып көрмеген екен. Ке-
рiсiнше, «Алхамдулла,  алты  миллион  қазақпыз!»  деп  өз  рухын 
өздерi асқақтатқан. Ал, мемлекет тəуелсiздiгiн қолына алып, та-
рих  сахнасынан  қайта  орын  алған  ХХI  ғасырда,  мұндай  сол-
қылдақтық  танытуымыз,  ұлттық  рухымыздың  кеми  түскендi-
гiн  бiлдiрсе  керек.  Бұл  мəселе  көтерiлген  «Қазақстан»  ұлттық 
арнасындағы  «Көкпар»  бағдарламасында  да, «31 канал»  ар-
насының «Замандастар» бағдарламасында да бiр тезис ортаға 
салынды. «Бiз  қазақтың  намысына  келетiн  сөз  айтсақ,  ешкiм 
өре  түрегелiп  оның  намысын  жыртпайды,  керiсiнше,  бiрге  жа-
мандасады,  ал  руының  намысына  келетiн  сөз  айтсақ  аттан-
дап,  жаға  жыртысуға  дейiн  барамыз.  Демек,  бұл  бiздiң  ұлт  ре-
тiнде қалыптаспағандығымыздың көрiнiсi емес пе?» дейдi жүр-
гiзушiлерi. Мен шынымды айтсам, бұндай əңгiменi тек осы 
адамдардың аузынан естiп отырмын.
Рас,  Абай  өз  ұлтының  кемшiлiгiн  термелеген  шығар,  А.Бай-
тұрсынұлы қазақтың кемшiлiгiн айтқан шығар. Қазақтың 

6
бойкүйездiгi  мен  жайбасарлығын  қазiргi  ұлт  зиялылары  да 
ескертiп жатқан шығар. Бiрақ, бұл ұлтын жек көрушiлiктiң ны-
шаны дегенге кiм сенедi. Керiсiнше, ұлттық намысты жанудың 
амалдары шығар.
Қазақ ұлт ретiнде қалыптасқалы алты ғасыр уақыт болды. 
Соның нəтижесiнде отаршыл күштердiң табанды езгiсiнен аман 
қалды. Ұлт ретiнде жойып жiберуге қандай амал-айла жасаса да, 
қазақ  бүгiнге  жеттi.  Тəуелсiздiктiң  көк  байрағын  желбiреттi. 
Ендi осы байрақтың мəңгi желбiреуiне жұмыс iстеуiмiз керек. 
Ол  үшiн  əлсiреп  кеткен  ұлттық  санамызды  оятуымыз  қажет. 
Өсiп  келе  жатқан  өрiмдей  жастарымыздың  санасына  өзiн-өзi 
кемсiтетiн идеяларды таңбаған жөн.
Бiздiң  саяси  санамыздың  əлсiздiгi  салдарынан  саясаткер-
лер қазақ тағдырын ойыншыққа айналдырып отыр. Айталық, 
Қазақстанда 90-шы жылдардың басында басталған iшкi абыр-
сабыр,  ауылдан  қалаға  ағылушылыққа  көзжұмбайлықпен  қа-
раған едiк. Iшкi саясат ушығып, жаңа əлеуметтiк проблемалар 
бой  көтере  бастады.  Ауылдан  қалаға  келген  жұрттың  саяси 
санасы  өсiп,  теңдiк  сұрай  бастаған  кезде,  халықты  қайтадан 
ауылда  ұстау  мəселесi  күн  тəртiбiне  шығарылды.  Керiсiнше, 
келiмсектердiң  қазақ  елiнде  жұмыс  iстеуiне  мол  мүмкiндiк 
жасап,  елiмiздiң  есiгiн  тағы  айқара  аштық.  Тағы  да  Ресейдi 
мысалға  келтiрейiк.  Онда  керiсiнше,  келiмсектердiң  келуiне 
кедергi  келтiрiп  бағуда.  Қара  базарда  сауда  жасап  тұрған  ор-
талық  азиялық  тұрғындарды  қуудың  шарасымен  екi  жылдай 
айналысып келедi. Оның орнына шекара аймақтарға орналас-
тыру  үшiн  шетте  жүрген  қандастарын  шақырып  жатыр.  Бiз 
оралмандардың келуiнiң жүйелi саясатын жүргiзгеннiң орны-
на, жұмыс күшi дегендi желеу етiп, жылына миллионға жуық 
адамның Қазақстанға келiп орналасуына жол аштық.
Бiздегi қазiргi жергiлiктi ұлттың билiкпен келiспеушiлiгi сти-
хиялы түрде орын алып отыр. Айталық, Шаңырақтағы дүрбе-
лең, Атырау, Алматы облыстары мен Оңтүстiк Қазақстандағы 
Маятас оқиғасы жергiлiктi ұлттың ашу-ызасының əлсiз көрiнiсi. 
Бұның астарында əлеуметтiк теңсiздiк жатқанымен, өз елiнде 
өгей баланың күйiн кешкен қазақ ашулы. Қандай əрекет бол-
са  да,  маңайындағы  өзге  ұлт  өкiлдерiнен  ашуын  қайтаруға 

7
тырысуда.  Сол  Шаңырақ  оқиғасына  кiнəлiлердiң  алды  жиыр-
ма  жылға  сотталғанда,  Маловодныйдағы  соттың  үкiмi  жария-
ланып, қазақтар кiнəлi болып табылғанда, Маятас оқиғасының 
тiгiсiн  жатқызып,  аз  ұлттарға  қысым  көрсетiп  жатыр  деп  қа-
зақтарды кiнəлағанда, қазақ тағы үнсiз қалды. Өз бауырлары-
ның  тағдырына  бейжай  қарады.  Демек,  бұл  бiздiң  саяси  са-
намыздың əлi əлсiздiгiн танытады. Яғни, қазақты оята бiлетiн 
саяси қайраткердiң пiсiп жетiлмегендiгiнiң көрiнiсi.
Бұған билiк мүдделi. Қазақтың тарихын сызып тастап, «мем-
лекеттiгi болмаған» ел ретiнде танытуға құштар топтар Қазақ 
хандығының 570 жылдығын, «Алаш» қозғалысының 90 жыл-
дығын, «Желтоқсан  көтерiлiсiнiң» 20 жылдығын  көз  жұмып 
ғана  өткiзiп  жiбердi.  Бiздiң  қасыретiмiз  де  осы.  Тарихты  əр-
кiм өзiнен бастауға ұмтылады, билiк басындағылар ұлттық 
мүддеден  гөрi  жеке  басының  қамын  көбiрек  күйттейдi,  ақыр 
аяғында отарсыздандыру саясаты да жүргiзiлмей отыр. Осының 
салдары  «қазақтың»  ұлт  ретiнде  қалыптасқанына  күмəнмен 
қарайтын ойға да жетелеуде.
Түйiн: сонымен  тəуелсiздiгiмiздiң  көк  байрағы  желбiре-
генiне 16 жыл. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы 
қолымызда.  Ендi  оны  баянды  ету  бiзге  серт.  Бүгiнгi  ұрпақ  пен 
болашақ ұрпақтың арқалар аманаты. Тəуелсiз елдiң туы еш-
қашан жығылмасын, ең ұлық мейрамымыз баянды болсын.
13 желтоқсан, 2007
АЛМАТЫ ƏУЕЖАЙЫ КIМНIҢ ҚОЛЫНДА? 
ƏЗIРГЕ БҰЛ ЖАҒЫ ҚҰПИЯ
Мемлекеттiгi  мығым  елдердiң  ұстанған  бiр  саясаты  бар: 
ол  кез  келген  мемлекеттiң  байланыс  торабы,  əуе  жəне  темiр 
жолы, энергетикалық құндылықтары мемлекет меншiгiнде бо-
луы  тиiс.  Өйткенi,  бұлардың  барлығы  стратегиялық  маңызы 
бар объектiлер. Жекешелендiру кезiнде елiмiздiң байлығы ұс-
тағанның қолында, тiстегеннiң аузында кеттi.

8
Мемлекеттiк  стратегиялық  маңызы  бар  делiнген  энергети-
ка  да,  əуе  жəне  темiр  жол  тасымалы  да,  байланыс  саласы  да 
жекеменшiктiң  қолына  өтiп  кеттi.  Құдай  бетiн  аулақ  қылсын, 
егер алда-жалда ел басына күн туатын болса, жау аталған объек-
тiлердi  қолды  етуге  ұмтылады  екен.  Бəлкiм  есiне  бiрдеңе 
түстi  ме,  жоқ  əлде  мемлекеттiң  ұлттық  қауiпсiздiгiн  ескердi 
ме, жоқ басқа да бақай есебi бар ма, осыдан бiр-екi ай бұрын 
стратегиялық  объектiлердi  мемлекет  меншiгiне  қайтару  тура-
лы Қаулы қабылданды.
Сол  Қаулының  негiзiнде  болар,  екi  аптадай  уақыт  бұрын 
премьер-министр  Кəрiм  Мəсiмов  «Самұрық»  холдингiне  стра-
тегиялық  маңызы  бар  объектiнi  мемлекет  меншiгiне  нарықтық 
бағамен сатып алу үшiн, Алматы əуежайының акционерле-
рiмен келiссөз жүргiзудi тапсырды. Содан берi жарты ай өтсе 
де, баспасөз беттерiнде ол жайында мəлiметтер тiптi сараң 
айтылуда.
Ең  алдымен, «Алматы  əуежайы  кiмнiң  меншiгiнде?»  де-
ген  сауалға  жауап  iздеп  сандалдық.  Бiрақ,  бұл  ақпарат  мем-
лекеттiк  құпиядан  да  жасырын  болып  шықты.  Тiптi, «Алма-
ты Халықаралық əуежайы» акционерлiк қоғамының өзi оның 
акционерлерiн атай алмай отыр. Көлiк жəне коммуникация 
министрлiгi  де,  Табиғи  монополияларды  реттеу  агенттiгi  де, 
«Самұрық» холдингi де оның иелерiн айтуға келгенде сараңдық 
танытуда. Сөйтiп, əлi күнге дейiн «Алматы əуежайы» туралы 
нақты деректер қолымызға түспедi.
«Алматы  əуежайы»  Храпуновтың  Алматы  қаласының  əкi-
мi болып тұрған кезiнде қала бюджетiмен салынған екен. Сол 
кездiң өзiнде оппозициялық күштер əуежайдың тым қымбатқа 
салынғаны жайында дабыл көтерген. Оған кеткен қаржы жа-
йында ақпарат көздерiнде екi түрлi цифр айтылады. Мысалы, 
«Zonakz»  сайтында 2004 жылдың 9-қыркүйегiнде  «Чиновни-
ков  в  отставку»  атты  Анна  Калашникованың  материалы  жарық 
көрген. Онда «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бiрi – 
Болат Əбiлов былай дейдi: «Виктор Храпунов əуежайды 15 
миллион  долларға  тұрғызуға  уəде  берген.  Кейiн  ол 20 мил-
лионға  жеттi,  ақырында 52 миллион  доллар  жұмсалды.  Əуе-
жайдың ауданы 30 мың шаршы метр. Демек, əр шаршы метрi 

9
1733 доллардан келiп отыр ғой». Ал, ендi бiрiнде 65 миллион 
доллар  жұмсалғандығы  туралы  ақпарат  кездеседi.  Əуежай  са-
лынып  болғаннан  кейiн  жекеменшiкке  берiлген.  Жоғарыдағы 
мақаланың  деректерiне  сүйенсек,  Алматы  əуежайына  Храпу-
новтың  əйелi – Лейла  Храпунова  иелiк  еткен  сынды. «По-
том  Храпунов  отдает  его  в  управление  своей  супруги,  если 
это  не  так,  то  пусть  выступит  перед  народом  и  опровергнет 
все  это»  дейдi  Болат  Əбiлов.  Белгiлi  оппозиционер  Асылбек 
Қожахметов: «А  если  говорить  про  алматинский  аэропорт  и 
передачу его управления, мы вообще не видим третьей сторо-
ны,  которая  должна  быть.  А  третья  сторона  называется  мас-
лихат города Алматы – это деньги городского бюджета» дейдi 
аталған  мақалада.  Демек,  əуежайдың  жекеменшiкке  берiлуiнiң 
өзi сан салалы сұрақтардан тұрады. Деректерге қарағанда, ол 
жекеменшiкке  сатылған  жоқ,  əшейiн  берiле  салған.  Ендi  бiр 
мақалаларда əуежайдың құрылысына Қазкоммерцбанк инвес-
тиция  салғандығы  айтылады.  Жоғарыда  аталған  сайтта 2003 
жылдың 19 тамызында  Александр  Пейрактың  «Хроника  пи-
кирующего  акима»  атты  мақаласында  əуежайдың  алғашқы  құ-
нының 25 миллион долларға бағаланғандығын, оның 15 миллио-
нын  Қазкоммерцбанк, 10 миллионын  қалалық  бюджет  төлеудi 
мойнына  алғандығы  жазылған.  Бұл  туралы  əкiмнiң 2002 жылы 
9-қаңтарда өткiзген арнайы баспасөз-мəслихатында айтылады.
Кейiнгi ақпараттарға қарағанда əуежайға Храпуновтың да, 
Бекетованың  да  қатысы  жоқ  болып  шықты.  Оның  бiр  шетiн 
«Казком»,  бiр  шетiн  басқа  бiр  дəулер  нық  ұстаған  секiл-
дi.  Сөйтiп, «Самұрық»  холдинг  арқылы  «Алматы  əуежайын» 
стратегиялық  маңызды  объект  ретiнде  мемлекет  қайта  сатып 
алмақшы.  Ендiгi  мəселе  осыдан  келiп  туындайды.  Мəселен, 
Алматы əуежайын салуға қазiргi иелерi (Қазкоммерцбанкiден 
басқасы)  көк  тиын  жұмсаған  жоқ.  Тек  қана  iшкi  жөндеу 
жұмыстары  мен  жиһазына  азын-аулақ  ақша  жұмсаған  болуы 
мүмкiн. Ал, мемлекет əуежайды сатып алғанда, ненi есептеуi 
керек.  Əуежайды  салуға  кеткен  шығынның  есебiмен  бе,  жоқ 
əлде  мемлекет  бюджетiнен  шыққан  қаражат  та  есептелiне 
ме?  Бүгiнде  оның  нарықтық  құны  қанша  болатындығы  жай-
лы  да  ақпарат  кездеспейдi.  Бiздiң  экономикамыздағы  ұлттық 

10
мүдденiң  ескерiлмеуi  салдарынан  талай  сан  соққанымыз  да 
есiмiзде.  Мəселен, 1997 жылдың  тамызында  Алматы  энерго-
кешенi  бельгиялық  «Трактебель»  компаниясына 5 миллион 
долларға сатылып, одан зиян шеге бергеннен кейiн, қайтадан 
50  миллион  долларға  сатып  алғанымыз  есiмiзде.  Алматы  əуе-
жайына  қатысты  сауда  да  солай  болайын  деп  тұр.  Бұл  жерде 
кiм  ұтады?  Кiм  ұтылады?  Бiздiңше  зиян  шегетiн  мемлекет 
қазынасы секiлдi де, ал оның бүгiнде жасырын иелерi пайдаға 
белшесiнен батпақ.
Алматы  əуежайы  Қазақстанның  ең  iрi  əрi  ең  маңызды  объек-
тiсi.  Көлiк  жəне  коммуникация  министрлiгiнiң  дерегiне  қара-
ғанда,  Қазақстанға  келетiн  жолаушылардың 50%-ы,  жүк  та-
сымалының 68%-ы  осы  əуежай  арқылы  өтедi.  Əуежайдың  өт-
кiзу  мүмкiндiгi  жылына 2,5 миллион  жолаушыға  сай  келедi. 
Жалпы алаңы – 29 мың шаршы метр.
2006  жылдың  қаңтарында  Елбасының  Жарлығымен  «Са-
мұрық» холдинг» АҚ-ы құрылды. Қазiр оның қарауында «Қа-
зақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «КЕGOC» АҚ, «ҚазМұнайГаз» 
Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан темiр жолы» ұлттық ком-
паниясы»  АҚ  сияқты  отандық  экономиканың  алыптары  бар. 
Бүгiнгi  таңда  «Самұрық»  компаниялар  тобына 300-ден  астам 
заңды тұлғалар енедi.
7 ақпан, 2008
МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ ТҰРМЫСТЫҚ ТIЛ 
ДƏРЕЖЕСIНДЕ...
«Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бəрiн не бардың. 
Алтын күннен бағасыз бiр белгi боп, 
Нұрлы жұлдыз – бабам тiлi, сен қалдың»
Заңғар  ақын  Мағжан  Жұмабаев  өткен  ғасырдың  басында 
осылай күңiренген екен. Одан бергi бiр ғасырда, ХХI ғасырдың 
басында бабамыздан қалған мұра – тiлiмiздiң күнi саяси саудаға 

11
түсерiн бiлмеппiз. Тəуелсiздiк алғалы 16 жыл өтсе де, мемле-
кеттiк тiлдiң жыры бiтер түрi жоқ.
Келесi  жылы  қазақ  тiлi  мемлекеттiк  мəртебеге  қол  жеткiз-
генiне 20 жыл  толады. «Тiлдердi  дамытудың 2001–2010 жылға 
арналған бағдарламасының» да аяқталуы жақын. Бiрақ, соған 
қарамастан  мемлекеттiк  тiл  туралы  əңгiме  əлi  басылар  емес. 
Жоспар бойынша елiмiздегi барлық қоғам салалары 2009 жылы 
қазақ тiлiнде сөйлеуi тиiс едi. «Келесi жылы мемлекеттiк қызмет 
салаларының  барлығы  iс-қағаздарын  қазақ  тiлiне  көшiредi»  де-
лiнген аталған бағдарламада. Бiрақ, бұның барлығы тек сөз жү-
зiнде қалатын түрi бар. Өйткенi, бұған саяси-экономикалық тұр-
ғыдан да, психологиялық тұрғыдан да əлi дайын емеспiз.
Күлтөбенің басында күнде жиын
Мемлекеттiк тiл туралы жиындар үнемi «Күлтөбенiң ба-
сында  күнде  жиынды»  еске  түсiредi.  Бұған,  ең  алдымен,  Мем-
лекеттiк  хатшы  дəрежесiнде  көңiл  бөлiндi.  Иманғали  Тасма-
ғамбетов  пен  Оралбай  Əбдiкəрiмовтiң  Мемлекеттiк  хатшы  бол-
ған кезiнде барлық деңгейдегi əкiмдер мен министрлердiң ба-
сы  екi-үш  дүркiн  қосылды.  Барлығы  уəде  берiп,  мемлекеттiк 
тiлдiң  көсегесiн  көгертiп, 2–3 жылдың  iшiнде  бүкiл  елдi  сайра-
тып жiберетiндей екпiнмен кетедi. Бiрақ, былай шыға ұмыт бо-
лады.  Шенеунiктiң  бəрi  жоғары  мəртебелiнiң  алдында  жалған 
есеп беруi үшiн ғана келетiндей.
Сосын бұл iске премьер-министрлер араласты. Даниял Ах-
метовтiң  премьер  кезiнде  де  мемлекеттiк  тiлге  қатысты  жиын-
дар  өткiзiлiп  едi.  Кəрiм  Мəсiмов  премьер  болысымен,  екi-үш 
ауыз  сөздiң  басын  қазақша  құрап,  мемлекеттiк  тiлдi  тiкелей 
өзi  қадағалайтынын  айтты.  Сөйтiп, «Мемлекеттiк  тiл  саяса-
тын одан əрi жетiлдiру жөнiнде» комиссия құрып, өзi тiкелей 
басшылыққа  алды. 2007 жылды  «Қазақ  тiлi  жылы»  деп  жария-
лады. Кəрiм Мəсiмов премьер болған жылдан астам уақыт iшiн-
де талай жиын өттi. Тiптi, Мəдениет жəне ақпарат министрлiгi-
нiң соңғы алқа мəжiлiсi мемлекеттiк тiлде өттi. Оны айғайла-
тып,  сүйiншi  сұрап,  барлық  ақпарат  құралдары  жазды.  Алайда, 

12
мемлекеттiк жиынның мемлекеттiң тiлiнде өткенiн мақтан ет-
кен бiзден басқа ел жоқ шығар.
Əдiлет министрлiгi заңдардың мемлекеттiк тiлде жазылуы 
қажеттiгiн айтқалы да бiрнеше айдың жүзi болды.
Яғни,  былайғы  жұрттың  аптығын  басу  үшiн  мемлекеттiк 
тiл  туралы  биiк  мiнберлерде  айтылып  қалады.  Сөз  бар. Iс  жоқ.
Мəселен, о баста сөз бойынша, елiмiздiң облыстарының бар-
лығы дерлiк iс-қағаздарын мемлекеттiк тiлге көшiруi тиiс бо-
латын.  Көше  алмады,  қағаз  жүзiнде  көштiк  деген  жалған  мə-
лiмдеме  жасағандары  болмаса, iс  жүзiнде  бəрi,  керiсiнше. Iс-
қағаздарын  қазақшалады  деген  Оңтүстiк  Қазақстан,  Атырау, 
Қызылорда,  Маңғыстау,  Алматы  облыстарының  биiк  лауазым-
ды шенеунiктерiнiң көбi теледидардан мемлекеттiк тiлде сұхбат 
бере алмайды. Олардың сөзiн аударып берiп жатқанының талай 
куəсi  болдық.  Сонда  iс-қағаздарын  мемлекеттiк  тiлге  көшiрдi 
деген  сөз – мемлекеттiк  қызметкерлерден  мемлекеттiк  тiлдi  еркiн 
меңгерудi  талап  етедi  дегендi  бiлдiрмей  ме?  Ол  iс-қағаздарын 
қай тiлде жүргiзiп отыр? Əлде артық шығын шығарып аударма-
шы ұстап отыр ма? Демек, мемлекеттiк тiлге деген салғырттық 
бүкiл бүтiн жүйенi жаулап алған. Шенеунiктердiң барлығы 
дерлiк  жауырды  жаба  тоқиды.  Ондайлардың  ойында  ұлттық 
мүдде, мемлекетшiлдiк сана жоқтың қасы. Қазiр олар тек өзiнiң 
астындағы орын-тағы мен қолындағы дəулетiн ғана ойлайды. 
Демек, бұл бiздiң қазiргi қоғамның қасiретi болып отыр.
Мемлекеттік тіл жəне Елбасы
Бiздiңше,  мемлекеттiк  тiлдiң  қозғаушы  күшi,  оның  шын  мə-
нiндегi  мемлекеттiк  дəрежеге  жетуi – Елбасының  қолында. 
1989  жылы  мемлекеттiк  дəрежеге  қол  жеткiзген  күннен  бастап, 
Елбасы қазақ тiлiнiң қолданылу аясын кеңейту мақсатында 
талай  iстерге  мұрындық  болғаны  белгiлi.  Алайда,  бiздiң  сая-
си  элита  мемлекеттiк  тiлдiң  көсегесiн  өздiгiмен  көгертуге  құ-
лықсыз.  Тек  Елбасының  нұсқауымен  жүруге  үйренiп  алған. 
Жел қалай соқса, солай майысуға бейiм. Айталық, осыдан 1,5 
жыл  бұрын  Елбасы  Қазақстан  халықтары  ассамблеясының 
ХII  сессиясында  «Аюдың  да  тiл  үйренетiн  кезi  жеттi»  деп 

13
қадап  айтты.  Содан  кейiн  жоғары  жақта  абың-күбiң  бастал-
ды.  Тiлдi  үйретудiң  əртүрлi  жобалары  жасалды.  Бiлiм  жəне 
ғылым министрi Жансейiт Түймебаев «Тiл үйрету курстарын 
ашып»,  оны  жаңа  үлгiде  үйрететiн  əдiс-тəсiлдердiң  тұсауке-
серiн  жасады.  Тiл  үйренгiсi  келгендерге  бұл  курстарда  тегiн 
дəрiс оқытылатын болды.
Аталған  жиында  Елбасы: «Мемлекеттiк  қызметкерлер  мем-
лекеттiк  тiлдi  бiлмейiнше,  қызметке  алынбайды»  дедi.  Бiз  осы 
жиыннан кейiн бiраз сiлкiнiс болады деп ойладық. Бiрақ, бұл 
да  көп  жиынның  кебiн  құшты.  Көп  ұзамай  Елбасы 2007 жылы 
халыққа  дəстүрлi  Жолдауын  жасады.  Онда  «Үш  тұғырлы 
тiл»  саясатын  ұсынды.  Бұдан  кейiн  қоғамдық  пiкiр  осы  идея 
төңiрегiнде  өрбiдi. «Үш  тұғырлы  тiл – болашағымыз»  деп 
алаөкпе  болыстық.  Бұның  өзi  мемлекеттiк  тiлдiң  дəрежесiне 
бiраз  нұқсан  келтiрген  сынды.  Ағылшын  тiлi – халықаралық 
жəне бизнес тiлi, орыс тiлi (ресми деген дəрежесi тұрғанда) – 
саяси  билiктiң  тiлi.  Ал,  қазақ  тiлi «мемлекеттiк»  деген  атына 
мəз болып, тұрмыстық деңгейге ысырылды. 
Биылғы жылдың 17-қаңтарында «Нұр Отан» партиясының 
құрылтайында  Президент: «Бiз  азаматтарға  тiл  бiлмегенi  үшiн 
қысым  көрсетпеуiмiз  керек.  Мемлекеттiк  тiлдi  жылдам  уақыт-
та  жүзеге  асыру  бiздiң  мақсатымыз  емес.  Мəселе  стратегия-
лық  тұрғыдан  қойылып  отыр,  бұл  iсте  динамика  болуы  керек» 
дегендi  айтты.  Бұл  да  мемлекеттiк  қызметкерлердiң  мемлекет-
тiк  тiлдi  бiлуге  деген  ынтасын  азайтып  жəне  «мемлекеттiк  тiл-
дi  бiлуi»  жөнiндегi  талапты  əлсiреттi  ме  деймiз.  Биылғы  Жол-
дауында Президент мемлекеттiк тiлге тағы да назар аударды. 
«Үкiмет  «Тiлдердiң  үш  тұғырлылығы»  мəдени  жобасын  iске 
асыруды  жеделдетуi  тиiс.  Бүкiл  қоғамымызды  топтастырып 
отырған мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн оқыту сапасын арт-
тыру қажеттiгiне ерекше назар аударғым келедi. Халықаралық 
тəжiрибелерге сүйене отырып қазақ тiлiн оқытудың қазiргi за-
манғы  озық  бағдарламалары  мен  əдiстерiн  əзiрлеп,  енгiзу  қажет. 
Мемлекеттiк  тiлдi  тиiмдi  меңгерудiң  ең  үздiк,  инновациялық 
əдiстемелiк,  практикалық  оқу-құралдарын,  аудио-бейнемате-
риалдарды əзiрлеу керек. Қазақ тiлiндегi оқулықтар шығаруға 
арналған  тендердi  үнемi  жеңiп  алатын  бiр-екi  баспа  ғана  бар. 

14
Сонда  оқулықтардың  сапасын  жақсарту  үшiн  қандай  бəсе-
келестiк  болмақ.  Қазақ  тiлiндегi  оқулықтардың  сапасы  сын 
көтермейдi.  Олар  адамдарды  қазақ  тiлiн  үйренуге  емес,  қазақ 
тiлiнен қашуға бейiмдейдi. Осы салаға жауапты тиiстi орган-
дар нақты шешiм қабылдауы тиiс» делiнген онда. Бұл жолы да 
«үш тұғырлылық» мəселесi назардан тыс қалмай отыр.

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.7 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет