Келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік№2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы



жүктеу 1.38 Mb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата15.09.2017
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы: Ана тілі, 1992. 
2.Нурмаханова А.Н.Типы предложений по модальности и интонации в тюрских языках: 
автореф. ... докт. Филол. Наук.-Ташкент, 1966 
3.Төлегенов  О.  Жалпы  модальді  және  мақсат  мәнді  жай  сөйлем  типтері.-Алматы: 
Мектеп, 1968 
4.Дүйсенбекова  Л.С.  Функционально-семантический  аспект  категории  повелительного 
наклонения в казахском языке: автореф. ... канд. филол. наук.-Алматы, 1993 
5.Светоназарова  Н.Д.  Просодическая  организация  высказывания  и  интонационная 
система языка: Автореф. Дис. ... канд. филол. наук: 10.02.19. – Л., 1988. 
6.Қараев М.Ә. «Қазақ тілі»: Алматы, 1993 
7.Ысқақов A. «Қaзіргі қaзақ тілі»: Алматы,1999 
8.Лингвитический 
энциклопедический 
словарь/ 
В.Н.Ярцева. 
–М.: 
Советская 
энциклопедия, 1990 

 
 
31 
9.Шалабай  Б.  Қaзіргі  қaзақ  тіліндегі  күрделі  синтаксистік  тұтастық//  Қазақ  тілі  мен 
әдебиеті. 2-ші кітап. Алматы. 1975 
10.  Оразбаева  Ф.Ш.,  Г.  Сағидолла,  Б.  Қасым,  А.Қобыланова,  Қ.  Есенова,  Ұ.Исабекова, 
Қ.Қасабек, Ж.Балтабаева, Қ.Мұхамади, Р.Рахметова, Ж.Көпбаева Қазіргі қазақ тілі. Оқу 
құралы. Изд-во Принтс.:Алматы, 2005 
 
 
Қайыпбаева М.М. 
ДИАЛОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ 
Kayypbaeva84@mail.ru 
 
Аңдатпа 
Мақалада  диалог  туралы  сөз  қозғалады.  Сондай-ақ  диалогтың  көркем 
шығармалардағы қызметі жайлы жазылған. 
Тірек  сөздер:  көркемдік  қызмет,  мінездік  даралау,  кейіпкер,  ішкі  әлем, 
тұлға, мәңгілік өмір, құнды теория, тысқары сезім. 
 
Аннотация 
В  статье  освещаются  вопросы,  связанные  с  понятием  «диалог»  в 
художественной литературе. Автора интересует функции диалога, особенности, 
виды и формы. 
Ключевые  слова:  художественное  назначение,  персонаж,  характерная 
особенность, внутренний мир, вечная жизнь, ощущения. 
 
Annotation  
The present article throws some light on questions concerning the nature of the 
notion  «dialogue»  in  literary  texts.  Furthermore,  the  author  defines  functions, 
peculiarities, forms and types of dialogues in the carried out research.    
Key words: character, peculiar feature, inner world, feelings.  
 
Диалог  туралы  сөз  қозғағанда  алдымен  өзінің  прозалық  шығармаларын 
әлемдік  прозамен  салыстыра  зерттеген  орыс  әдебиеті  ғалымдарының  құнды 
теориялық  еңбектерінде  айтылған  пікір  –  тұжырымдардан  бастаймыз.  Өйктені 
диалогтың көркемдік қызметі орыс әдебиеттану ғылымында ертеден-ақ арнайы 
зерттеу объектісіне алынып, терең қарастырылған. 
20 ғасырдағы Батыс Европа мен орыс романындағы диалогтың функцио-
налдық  айырмашылығын  А.И.  Белецкий:  «...біріне  өзі  жасаған  бейнелердің 
типтік-тұрмыстық жағдайларынан хабардар беретін әшекей ретінде, екіншісінде 
оқырманды  жан  құбылыстарымен  таныстыру  үшін  керек  болуына»  қарап 
ажыратады.  А.И.  Белецкий  «адам  тұлғасын  жасау  мен  ашудан  бұрын  диалог 
сюжеттік динамика мен драмалық ширығыс мақсатында пайдаланылады»,  -дей 
келіп,  осы  тезистерін  орыс  ертегілері  мен  батырлар  жырының  материалдары 
бойынша  дәлелдейді.  Ғалым  әсіресе  жұмбақтың  қарапайым  диалог  формасы 
есебіндегі қызметіне, диалогқа эпикалық үш дүркіндік заңымен сабақтас ретінде 
мән беріп, драмалық диалогтың көптеген түрлерін паш етті. 
Тысқары  сезім  мен  ішкі  сезім  өзгерістерін  бейнелеудегі  авторлық  төл 
сөздің мүмкіндіктері молаюымен қабат, кейіпкер сөздеріне мінездік даралаудың 

 
 
32 
көрнекілігін арртыру орнында көп жүк артылады. Әр адамның тілінен характер 
қырлары  ұшқын  шашады,  сөз  хабаршылары  қаһарман  жан  толғаныстарын 
анығырақ  әрі  сенімдірек  көрсетеді.  Әлеуметтік  жағдайы,  дүниетанымдық 
танымдарын  адамдардың  сөйлеу  мәнеріндегі  түрлі  диалект,  жаргон 
элементтеріне дейін ұмытпай пайдалану арқылы белгілі бір типтерге тән лексика 
нанымдылығын  суреттеудегі  өлшеусіз  мол  рөлін  айтпағанда,  диалогтық  сезім, 
көңіл-күй нюанстарын зор эмоционалдық-психологиялық серпінмен кең қарпуы, 
дер кезінде тоқталмай кетуге болмайтын үзілістер, интонациялық бедерлер мен 
кейіпкер  бет  жүзіндегі  өзгерістер  мен  ым-ишара  қалтарыстарын  түгел  алып, 
оқиғаға  ілесе  қимылдайтын  ремаркалардың  бейнелеу  ұшқырлығы  да  таң 
қалдырарлық. 
Орыс  әдебиетінде  диалогты  зерттеуші  ғалымдардың  бірі  В.Е.  Хализаев 
«Әдебиет  теориясы»  атты  еңбегінде  Шлегель диалогтарын  қарастырып,  негізін 
айқындайды. Ғалым үшін диалог әр түрлі тұлғалардың (екі немесе одан да көп) 
екі жақтың қарым – қатынасына тұрады. Диалогқа қатынасушы кейіпкерлер әр 
кезде рөлдерін өзгертіп отырады. Белгілі бір уақытта сөйлеуші белсенділік күй 
танытса, кейде тыңдаушы қалпында көрсететіндігін атап көрсетеді.  
А.П.  Чехов  диалогтарында  да  жазушының  әсер-  қатынасы  жиі.  Алайда 
олар  тілдесу  мазмұнымен  сәйкес  келе  бермейді.  Бұл  тұста  да  шындық 
құбылыстарын  барынша  қанат  жая  бауырына  алуды  көздейтін  талапты 
аңғаратын объективті позиция бас көтереді. Суреткердің қырағы жанары сыртқы 
ортамен  кейіпкерлердің  сөйлеу  кезіндегі  жүріс  –  тұрысы,  қимыл  қозғалысын 
қатар қадағалайды. 
Чехов  үшін  диалог  үлкен  көлемдегі  қарым-қатынас  сахынасы,  жалпы 
айтқанда  өзіндік  мазмұнымен  басым  драмаландырылған,  ең  бастысы,  мәңгілік 
өмірімен байланысты үлкен көлемдегі қарым-қатынас сахнасы болып табылады. 
М. 
Бахтин 
философия, 
психология, 
лингвистика, 
әдебиеттану 
ғылымдарының тоғысқан жерлеріндегі диалогтың зерттелу қажеттігін айтты. Ол 
«жеке тұлғаның ішкі әлемі диалогты, монологты болып келеді» дейді.  
«Сананың диологиялық табиғаты – адам өмірінің диологиялық сұранысы. 
Өмір  -  өзінің  табиғаты  бойынша  диалогты  болып  келеді.  Өмір  сүру,  яғни, 
көзбен,  ерінмен,  қолмен,  жанымен,  бүкіл  денесімен,  қылықтарымен  диалогқа 
қатысу. Ол өзін сөзге беріп және адам өмірінің диологиялық тәніне кіреді» дейді 
М.Бахтин. 
Диалогты  қатынастардың  пайда  болуының  басты  жағдайлары  қарым-
қатынастың  қарқынды  болуы.  Жеке  адамның  айтқан  сөзі  екіншісінің  жауабын 
керек  ететін  сәтте  диалогтық  қатынас  пайда  болады.  Сөз  –  бұл  қандай  да 
болмасын авторлық бағыттағы айтылуға тиісті нәрсе. Сөздің шын болмысы- сол 
сөзді  жазушы  адаммен  тұтасу.Ол  екеуін  ішкі  ритм  қосады.  Адамның  ішкі 
әлеміндегі айтылуға тиісті нәрсе сөз болып шығады. Ғалым сонымен қатар Ф.М. 
Достаевскийдегі  полифониялық  романмен  тамырлас  диалогтың  өзгеше 
функцияларына  тоқталады.  Диалог  мұнда  тікелей  әрекет  процесіне  айнала 
тұрып,  сюжет  арқылы  әзірленгенімен,  іштей  кейіпкерлердің  оқиғалық  қарым–
қатынастарына  тәуелсіз  болады.  Достаевский  шығармаларындағы  диалогқа 
М.Бахтин  басқа  композициялық  элементтерге  қарағанда  ғұрметті  орын  береді. 
Оның себебі «...Достаевскийде адам сөйлеу субъекті болып табылуынан» дейді 

 
 
33 
М.Бахтин.  Диалог  көмегімен  қаһармандардың  дербес  ерікті  саналары  арқылы 
авторлық  идея  да  ашылады.  Достаевскийдің  әр  персонажы  өзгеден  ерекше 
айырмасы  мол  рухани-танымдық  сапаларымен  өмір  сүреді.  Олардың  сыртқы 
тіршіліктен  бөлек  жанындағы,  қиялындағы  әлемнің  субъективті  моделі  бар. 
Достаевский  сомдаған  тұлғалар  әрдайым  өзін-өзі  сынауға  бейім,  түрлі  іс 
әрекеттері  мен  көкейін  кескілеген  аса  маңызды  моральдық-эстетикалық 
мәселелерге әділ жауап табу үшін қинала күреседі.Ішкі диалог немесе М. Бахтин 
терминологиясы  бойынша  –  микродиолог  Достоевский  психологизмнің  ең 
қуатты  қаруы деліеген.  Бұл  айтылған  жағдайлар  орыс  әдебиетіндегі  диалогтың 
зерттелу  жайын  көрсетеді  және  әлемдік  прозаны  салыстыра  зерттеген  орыс 
әдебиеті ғылымдарының құнды теориялық еңбектері болып табылады. 
Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  диалогтың  көркемдік  қызметі  орыс 
әдебиетіндегідей  арнайы  зерттеу  объектісіне  алынбағанымен,  оның  шығарма 
құрылымындағы қызметтің маңызы жайында айтылған пікірлер баршылық.  
Алғаш  рет  А.Байтұрсынов  «Әдебиет  танытқыш»  (1926)  еңбегінде  диалог 
шығарма  мазмұнына  қарай  жіктеліп  «сөйлестіру»  деп  алынса,  М.Әуезов 
диалогты «әңгімелестіру» деп береді. 
Диалогтың  күрделі  қызметінің  мәнін  қазақ  жазушыларының  диалогтың 
озық  үлгілерін  сөз  еткен  ғалым  Б.Майтанов  еңбектеріндегі  пікірлер  де 
маңызды.Диалогты  «екі  адамның  сөйлесуі,  пікір  алмасуы,  әңгімелесуі»  ретінде 
тар  мағынада  анықтауға  болмайды.  Ол  әдебиеттануда  ерекше  мағынаға  ие 
категория.  Диалог  –  екі  көзқарастағы  адамдардың  жан  дүниелерінің, 
мүдделерінің  тоғысуы.  Сол  себепті  мұндай  күрделі  мәселе  арнайы  зерттеуді 
қажет  етеді.  Осы  орайда  С.  Мұқанов  шығармалары  көркем  диалог  жасаудың 
шынайы үлгісі бола алады.  
Қазақ  әдебиетінің  2005  жылы  жарық  көрген  энциклопедиялық 
анықтамалығында диалогқа мынандай анықтама берілген: «Диалог (гр.dialogos – 
cөйлесу,әңгімелесу  пішіні,  екі  не  одан  да  көп  адамдардың  пікір  алмасуы; 
ғылыми және көркем әдеби шығармада қолданылатын тәсіл. Диалогта драмалық 
әрекет, интонация, ырғақ мол болады.  
Диалог  –  көркем  шығарманың,  драмалық  шығарманың,  адам  мінезін, 
көркем  идеяны  ашатын  сырлы  бейне  жасауда  шешуші  қызмет  атқаратын  ең 
негізгі  құралы.  Яғни,  диалогта  әр  кейіпкердің  сөз  саптауынан,  оның  ой 
толғанысын , сөйлеу өзгешелігінен жан- дүниесі айқын үлес береді.Жазушының 
шеберлігі  де  оның  әр  кейіпкерді  мінез  бітіміне,  ой-өрісіне  орай  сөйлетуінен 
көрінеді.  Сондықтан  мағыналы  диалог,  кейіпкерді  сөйлестіре  білу  шеберлігі  - 
әдеби шығармада халықтың тіл байлығын мол пайдаланып, онымен қолданудың 
ұтымды тәсілдерінің бірі)». 
«Әдебиеттану.Терминдер  сөздігінде»  диалогты  «сөйлестіру»  деп  береді: 
Әдеби  шығармада  екі  кейіпкердің  немесе  бірнеше  адамның  сөйлесуі,  оларды 
сөйлестіру  тәсілі.  Дармалық  шығарма  түгелдей  дерлік  диалогқа  сөйлестіруге 
және  кейіпкерді  сөйлетуге,  монологқа  негізделіп  құрылады.  Жоғарыда  атап 
өткеніміздей, диалогты М.Әуезовтің «әңгімелестіру» дегені белгілі.  
Диалог  кейіпкерді жай бірінен  кейін  бірін сөйлете  беру,  сөйлестіру  емес, 
ол  сөйлесетін  адамдардың  қарым  –  қатынасының  қалай  шиеленісіп,  қалай 
өзгеріп, өрістеп отыратынына сәйкес беріледі. Және бір кейіпкердің айтқан сөзі 

 
 
34 
екінші кейіпкердің айтатын сөзіне түрткі, болып келесі сөйлесуші жауап қайтара 
сөйлейді. Әрбір мағынасы жағынан тиянақты диалог кейіпкердің мінез – құлқын 
тағы  бір  қырынан  ашып  көрсетіп,  олардың  қарым  –  қатынасының  бұрынғы 
қалпынан  өзгеріп,  жаңа  бір  сатыға  көтерілгенін  танытады.  Сөйлескен 
кейіпкерлердің  сөздері  шығармадағы  тартыс  –  қақтығыстардың  шиеленісіп 
өрістеуімен  осылай  тығыз  байланысты  болып  келмесе,  онда  диалог  ширақ, 
шымыр, яки тартымды болмайды. Әсіресе, кейіпкердің қиын, қыстақ жағдайда, 
қандай  әрекет  жасайтынын  көрсету  үшін  диалогтың,  яғни  олардың  қайсысын 
қалай  сөйлетудің  мәні  зор.  Диалог  кейіпкер  сөзінің  бір  түрі  болғандықтан  ол 
арқылы  кейіпкерлердің  ішкі  сыры  аңғарылады.  Яғни,  әр  кейіпкерлердің  сөз 
саптауына,  оның  ой  толғанысынан,  сөйлеу  ерекшелігінен  жан  дүниесі  айқын 
елес  береді.  Жазушының  шеберлігі  де  оның  әр  кейіпкерді  мінез  бітіміне,  ой 
өрісіне,  ортасына  т.б.  орай  сөйлетуінен көрінеді. Сондықтан  мағыналы  диалог; 
кейіпкерлердің  сөйлестіру  білу  шеберлігі  әдеби  шығармада  халықтың  тіл 
байлығын мол пайдаланып, орнымен қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі. 
Диалог тіл ғылымының да нысаны. Өйткені сөз – диалогтың басты тірегі 
болса, тілдің де, әдебиеттің де негізгі элементі, объектісі – сөз болып табылады. 
Сондықтан  біз  қарастырып  отырған  диалог  мәселесі  екі  екі  ғылым  саласына 
ортақ болғандықтан, зерттеу деңгейін шолып өту де орынды.  
Көркем  проза  жүйесіндегі  диалогқа  тиісті  үлес,  салмақ  та  зор.  Егер 
драмада ол теңдесі жоқ қажеттіліктен туса, прозада оны түрлі авторлық баяндау 
тәсілдерімен  алмастыруға  болар  еді.  Бірақ  мұндай  біркелкі  баяндау  тәсілі  өмір 
заңдылықтарына сәйкес келмейтіндігі белгілі.  
 Көркем бейне жасау – кейіпкерді тұлғалаудын амал – тәсілдері сан алуан 
болып  келеді.  Көрнекті  әдебиеттанушы  –  ғалым  З.  Кабдолов  «  Сөз  өнері» 
еңбегінде  көркем  бейнені  жасау  тәсілдері  мен  олардың  қызметі  жайлы  : 
«Әдебиеттегі  адамның  ішкі  бітімі  тікмінездеу  немесе  жанама  мінездеу  арқылы 
ғана  жасмалмайды.,  тіпті  тұлғалауға  қажетті  өзге  тәсілдер  де  түгел  оқыс 
мақсатта қызмет атқарып жатады. Аданмның әлдебір күйініш сүйінішін немесе 
кескін-  кейпін,  қимыл  -  әрекетін  суреттеу,  оның  өз  сөзін  немесе  өзгемен 
сөйлесуін  келтіру,  ең  арғы  жағын  түрліше  табиғат  құбылыстарын  суреттеу...  – 
осылардың  бәрі  сыйып  келенгде,  әдебиеттегі  адамның  сыртқы  түрін  анықтап, 
ішкі сырын ашу керек» деп жазды.  
 «Шығармадағы  іс-әрекеттің  өрбіп  барып,  белгілі  бір  белеңге  шыққан 
кезеңде  көп  астарлы,  қат-қабаттың  түйінін  айтатын  сайыс  сөз  жазушының  тіл 
байлығына  да,  алынып  отырған  тартыс  пен  қаһарманның  ақиқаттылығына  да 
сын.  Диалог  –  айтпауға  болмайтын,  жасыруға  келмейтін  қажеттілікті  жария 
етуге тиіс», - деген «Абай жолы» эпопеясында М.Әуезов ұстаған принципке де 
айғақ.  
 Әуезов диалогтарының психологиялық қуаты мол, олар персонаж ойы мен 
сезім қозғалыстарын бедерлейді. Кейіпкер сөзі дараланған, характерге сай және 
сонымен  бірге  нақты  бір  жағдайда  көңіл  күйлер  сипатын  береді.Диалогтар 
қаһармандардың  әр  алуан  көзқарасын,  өмір  құбылыстарына  деген  әр  басқа 
қарым-қатынастарын  танытады.  20  ғасырдың  қыр  өміріндегі  сөздің  ұлы  күшін 
шын  мәнінде  көрсете  білуде  суреткер  өз  драматургиясында  кеңінен  байқалған 
лаконизм  және  орасан  шешендік  сапарларын  мінез,  дүниетаным  сипаттарын 

 
 
35 
даралап қас шеберлікпен пайдаланады. Ғ.Мүсірепов творчествосында диалогтың 
икемділігі,  психологиялық  мақсаттарға  арнайы  құрылуы  басым  көрінген. 
Қаламгерді  ерекшелейтін  –  «диалог-деталь»  Ғ.Мүсірепов  прозасындағы 
Б.Майлин  дәстүрінің  терең  іздерін  танытады.  Шағын  жанрларда,  тіпті 
«...уақиғаның басталуы, шиеленісіп, дамуы, шарықтау шегі, шиеленісін» толық 
ашып  беретін  диалогтың  қарапайым  шаруа,  шолақ  белсенді,  кісімсінген 
құрығанның жан әлемі, характер құбылыстарын тапқыр, нақты репликаларымен 
нанымды  суреттейтінін  білеміз.  Б.Майлин  замандастары  өмір  сүрген  дәуірді 
бейнелейтін 
Ғ.Мұстафиннің 
«Дауылдан 
кейін» 
романында 
адамдар 
психологиясын тап басатын, юморлық мәні айқын тілдесу сәттері жиі кездеседі. 
Әрине,  бұл  суреткердің  жоғарыдағы  принциптік  бағдары  жеке  творчестволық, 
стильдік  оқшаулықпен  дамыта  түскені,  кемеліне  келтіргені  күмән  тудырмаса 
керек.  Үйрену,  үндесу  шақтары  қай  қаламгердің  болмасын  көркемдік  әлемін 
байытып отырары даусыз.  
 М.Әуезов  туындыларын  көп  зерттеген  ғалым  Е.Лузинова  Тургеневтің 
Әуезов  шығармашылығына  тигізген  негізгі  әсерінің  бірі  –  оның  әсіресе  соңғы 
туындыларында  характер  сомдау  амалдарының  жүйесіндегі  диалогтың  рөлі 
ерекше  деп  санайды:  «жазушының  соңғы  шығармаларында  ол  идеялық 
қайшылықтарға  арнаған  диалогтарында,  мысалы:  өмірдің  мәнін,  ішкі  әлемінің 
басты  негізін  ашуға  көмектесетін  Абай  мен  Құнанбай  немесе  басқа  кейіпкелер 
арасында диалог – жекпе – жектерде анық көрінеді» делінген.  
 Орыс  тіл  білімі  ғалмыдарының  типологиясы  негізінде  жас  ғалым  Г.С. 
Иманғалиева  «Типология  диологқа»  атты  кандидаттық  зерттеу  жұмысында 
төмендегідей көптеген диалог түрлерін атап көрсеткен: 
1)
 
диалог -сұхбат (беседа) 
2)
 
диалог -тергеу (расспрос) 
3)
 
диалог - хабарлама (сообщение) 
4)
 
диалог –түсінісу (понимание) 
5)
 
диалог –тартыс (спор) 
6)
 
диалог –дау (ссора) 
7)
 
диалог – қайшылық (противоречие) 
8)
 
диалог –ой-талқы ( обсуждение) 
9)
 
диалог – өтініш (просьба) 
10)
 
диалог – ұсыныс (предложение) 
11)
 
диалог – ой – түрткі ( пробуждение) 
12)
 
диалог – үндестік ( унисон) 
13)
 
диалог – жинақтау (синтез) 
14)
 
диалог – сәлемдесу (приветствие) 
15)
 
диалог –түсінісу (прощание) 
 
Аталған  диалог  үлгілерін  ғалым  жинақтап  үлкен  үш  топқа  бөліп 
қарастырады: 
а) ақпараттық диалог (информативный): Бұған диалог – сұхбат,  
диалог – хабарлама және диалог –түсінісуді жатқызады. 

 
 
36 
 ә)  прагматикалық  диалог  (прагматический):  Бұл  топқа  диалог-  тартыс, 
диалог – дау, диалог – ой-талқы, диалог өтініш, диалог – ұсыныс, диалог – ой – 
түрткіні топтастырған. 
б) моральдық диалогқа (моральный): диалог –үндестік, диалог –жинақтау, 
диалог –сәлемдесу, диалог – қоштасу сынды түрлерін топтастырды.  
 1974 жылы жарық көрген «Әдебиеттану. Терминдер сөздігінде» диалогқа 
тек анықтама беріліп қана қоймай, оның әдебиеттің барлық жанрларында да осы 
көркемдік  құралдың  көрініс  табатындығы  айтылған.  «Диалог  –ауызша  сөйлеу 
түрі,  екі  немесе  бірнеше  адамдар  арасындағы  әңгіме»  делініп,  әр  жанрдағы 
диалогтың атқаратын қызметі жеке – жеке айтылады.  
 Қорыта  айтқанда  диалог  арқылы  адамдар  бір  –  бірімен  тығыз  қарым-
қатынас құрып, рухани, мәдени байланыс орнатып, күнделікті өмір тіршілігінен 
хабардар болады, қоғамдағы өз орнын тауып, бағыт-бағдарын анықтайды. Роман 
жанрын  зерттеуші  М.  Бахтин  айтқандай:  Шындықты  іздеудің  диалогтық  әдісі 
дайын  шындыққа  ие  болғысы  келетін  нақты  монологизмге  ,  сонымен  қатар, 
қандайда бір шындықты білеміз деп ойлаған адамдардың сенімділігіне де қарсы 
қойылады.  Шындық  жеке  адам  басына  туындамайды  және  болмайды,  ол 
шындықты  іздеуші  адамдар  арасында  олардың  диалогтық  сөйлесу  кезінде 
туындайды.  Адамдардың  тұрмыстық,  саяси,  әлеуметтік  карым-қатынасында 
диалогтың  алатын  орны  зор.  Осы  орайда  қарастырылған  мәселеміз  – 
адамдардың  шынайы  болмысын  суреттейтін  көркем  шығармадағы  диалогтың 
сан алуан турлері мен қызметі .  
 Көркем бейнелеуіш құрал ретінде диалогтың қызметі , дара стиль жазуға 
қатысы  М.  Бахтин  Л.  Гинзбург  А.  Чудаков  В.  Хализев  А.  Белецский  Г. 
Абрамович А. Чичерин т.б зерттеулерінде әр қырынан қарастырылды .  
 Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  диалогтың  көркемдік  қызметі  арнайы 
зерттелмесе  де  оның  шығарма  құрылымындағы  қызметі  алғаш  рет  А. 
Байтұрсынов  «Әдебиет  танытқыш»  еңбегінде  айтылды.  Шығарма  мазмұнына 
берудегі  «сөйлестірудің»  (А.  Байтұрсынов  атауы  бойынша)  ауыз  әдебиеті 
үлгеріндегі қолданысы (Қ. Жұмалиев зертеулерінде), диалогтың әдебиеттің өзге 
көркемдік амал-тәсілдерімен сабақтас қызметі (З. Қабдоловтың зерттеулерінде) 
нақты талданған. 
 Диалог үлгілері мүдделері ортақ, бір-біріне жақын, туыстық қатынастағы 
екі кейіпкердің қарапайым тілдесу сәттерінен бастап, жол-жөнекей, ресми сапар 
барысындағы  әңгімелесу,  қаһармандардың  жүздесу  кезіндегі  ой  бөлісу, 
кездейсоқ сәтіндегі әр түрлі көңіл күй нюанстарын бейнелейтін кейіпкерлердің 
төл сөзімен қатар, мүдделері қайшы келетін адамдардың айтыс-тартысын, пікір 
алмасу, дауласу кезеңдерін толық қамтиды. Кез келген диалог қаһармандарының 
ой-санасының, дүниетанымының мінез – құлқының ерекшелігін ашады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: Қазақ университеті, 1992.350 б. 
2. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.- Алматы: Санат, 1996.-333б. 
3. Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы: Алаш, 2000.-406 б. 
4. Қазақ Кеңес Энциклопедиясы.- Алматы:1975. 
5. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: Аруна, 2005.-576 б. 

 
 
37 
6.  Әдебиеттану.  Терминдер  сөздігі.  /  Құраст.:  Ахмето  З.,  Шаңбай  Т.  –  Семей- 
Новосибирск: Талер- Пресс, 2006.- 398 б. 
7. Имангалиева Г. Типология диалога. Алматы, 1999. 
8. Кәрімов Х. Қанатты тіл. Алматы. Санат, 1995.-144 б. 
9. Әбілов Ж. Фольклор – диалог комедияның репертуарлық тармағы // Түркология, №3, 
2005.-78-80 бб. 
Иманғалиева Г. Қазақ тіліндегі қарым-қатынастың диалогты түрі.- Алматы, 199 
 
 
Мұқышева А.Н. 
ҒАСЫРЛАР САБАҚТАСТЫҒЫНДА СУРЕТТЕЛГЕН  
ТҰЛПАРЛАР БЕЙНЕСІ 
mukusheva.alma@mail.ru 
 
Аңдатпа 
Мақалада  ғасырлар  белесінде  суреттелген  тұлпарлар  образын  ашу 
көзделген.  Автор  тұлпар  образын  ашу  мақсатында  ғылыми-салыстыру  әдісін 
қолдана отырып, тың, өзекті мәселелер көтеруге тырысқан. 
Тірек  сөздер:  қазақ  поэзиясы,  тұлпар  бейнесі,  стиль,  тілдік  бірліктер, 
шығарма идеясы, поэтикалық бейне 
 
Аннотация 
Главная  цель  автора  статьи  –  всестороннее  раскрытие  образа  коня  в 
казахской литературе. Исследователь в своем анализе использует сравнительно-
исторический метод, одновременно поднимая актуальные вопросы символизма в 
литературе. 
Ключевые  слова:  казахская  поэзия,  образ  тулпара,  стиль,  языковые 
единицы, идея произведения, поэтический образ. 
 
Abstract 
The aim of the paper is with the help of comprehensive approach to unleash the 
image  of  steed  created  in  Kazakh  literature.  The  author  uses  diachronic  and 
comparative  methods  in  her  research,  rising  up  a  topical  issue  of  symbolism  in 
literature.  
Key words: kazakh poetry, image of steed, style, language units, message of the 
literary work 
 
ХҮІІІ  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  ең  көрнекті  өкілі  –  арқалы  жырау, 
қабырғалы  би  Бұқар  өз  тұсындағы  қазақ  хандарының  бас  идеологы  болып, 
ісімен  де,  жырымен  де  Абылай  хан  саясатын  мейлінше  қолдаған.  Хандықтың 
нығаюы,  хан  үкіметінің  берік  болуы  жолында  күреседі.  Бұқар  жыраудың  ”Ай, 
заман-ай,  заман-ай“  өлеңінде  арғымақтың  бейнесі  мен  ел  тағдыры  былайша 
берілген: ”Құл-құтандар жиылып, Құда болған заман-ай. Арғымағын жоғалтып, 
Тай жүгірткен заман-ай“ [1, 84 б.]. Арғымақтың жалы жоқ – Жабылар жалымен 
теңелер, Жақсылардың малы жоқ – Жамандар малмен теңелер. Арғымақ жалғыз, 
ер малсыз, Алланың аманат қойған жаны, Қай күн алары болжалсыз!“  – деген. 
Бұл өлеңде қиын-қыстау кезеңнің құл-құтандары жиылып, құда болған заман, ел 

 
 
38 
арғымағын жоғалтып, тай жүгірткен заман дей келе, өз кезіндегі арғымақ деген 
азаматтардың  өзі  билігі  жабыдай  жамандармен  тең  болып  жақсылардың  малы 
болмай,  жамандармен  тең  келіп,  заманның  арғымағы  мен  азаматы  жалсыз,  ері 
малсыз болғандығын жырлаған.  
Айталық  қазіргі  әдебиет  пен  көркемөнердегі,  тағы  басқа  салалардағы 
шығармалар үшін идеяның атқаратын маңызы өте зор. Ең алдымен, қандай ғана 
шығарма  болмасын,  негізгі  бір  идеяның  айналасына  барлық  оқиғаларды, 
шиеленіскен  қайшылықтарды  топтастырады.  Әрине,  мәселе  идеяның 
ақиқатында  жатыр.  Дегенмен,  идея  бұл  жерде  шешуші  және  негізгі  болып 
табылады [2, 79 б.]. 
«Жал  құйрығы  қаба  деп»  атты  өлеңінен  мынадай  суреттемелер  мен 
философиялық  ойды  көре  аламыз:  «Жал,  құйрығы  қаба  деп,  Жабыдан  айғыр 
салмаңыз!  Қалың  малы  арзан  деп,  Жаман  қатын  алмаңыз!  Жабыдан  айғыр 
салсаңыз, Жауға мінер ат тумас, Жаман қатын алсаңыз, Топқа кірер ұл тумас», – 
деп арзанға түскен қызды ойланбастан алуға болмайтыны, оның арты жабыдан 
айғыр  салсаңыз,  жауға  мінер  ат  тумай,  жаман  қатын  алсаңыз,  топқа  кірер  ұл 
тумайтын  ұрпағын  ойлаған  жыраудың  өмірлік  тұжырымы  жабы  мен  жаман 
әйелді  қатар  қоя  салыстыру  арқылы  берілген.  Ал,  «Қара  арғымақ  арыса» 
өлеңінде де арғымақ бейнесі мен адам өмірін салыстыру әдісі былайша берілген: 
«Қара  арғымақ  арыса,  Қарға  адым  жер  мұң  болар,  Есіл  көзден  нұр  тайса,  Бір 
көруге  зар  болар,  Хайырсыз  итке  мал  бітсе,  Аңқаң  құрып  келгенде,  Саумал 
бермес ішерге», – деген [1, 102 б.]. Мұнда, Қара арғымақ арыса дегені – жақсы 
адам қартайса, қарға адым жер мұң болып, есіл көзден нұр тайса, бір көруге зар 
болуы,  Хайырсыз  ит  деп  –  жаман  адамды  айта  келе,  аңқаң  құрып  келгенде, 
Саумал бермес ішерге деген. 
Бұқар жыраудың бұл толғауларынан тұлпарлар бейнесі мен ел тағдырын, 
сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайды көруге болады. Сонымен қатар жырау 
шығармаларында  Ресеймен  жауласпау,  онымен  тату  көршілік  сақтау  керегін 
насихаттайды.  
ХҮІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірі – Шал 
ақын.  Шал  ақынның  біздің  заманымызға  жеткен  мұрасы  тақырыптық  жағынан 
алғанда  біршама  бай.  Бұлар:  дін,  эстетика,  мораль  мәселелері,  байлық  пен 
кедейлік,  о  дүние  мен  бұ  дүние  жайлы  сөз  етілетін  философиялық  – 
дидактикалық  үлгілердегі  туындылар,  көшпенділердің  күнделікті  өміріне, 
шаруашылығына  қатысты  тұрмыстық  өлеңдер,  жеке  адамдарға  арналған 
эпиграммалар, арнау жырлар мен әртүрі жағдайда туған экспроматтар. Сондай-
ақ,  ағайын-туыс  пен  арғымақ  ат  жайлы  жазылған  мына  жолдар  соны  дәлелдей 
түседі: ”Арғымақ ат кімде жоқ, міне алмасаң атша жоқ, Ағайын-туыс кімде жоқ, 
сыйласпасаң жатша жоқ“  [1,  114 б.],  –  делінген. Мұнда жырау  арғымақ  ат  пен 
ағайын  жайлы  сөз  ете  келіп,  Арғымақ  атың  болып,  оны  міне  алмасаң,  жоқпен 
тең  ағайын-туғаның  болып,  сыйласпасаң,  жатша  жоқ,  –  деп  салыстыра 
жырлаған.  
Жан-жақтағы,  өмірге  жақындығы,  елгезектегі,  жыраулар  поэзиясында 
қамтылған  жаңа  тақырыптарға  бару  Шал  шығармаларының  қазақ  қауымының 
барлық  саласында  кеңінен  таралуына  себеп  болған  жоқ,  қазақ  поэзиясының 

 
 
39 
өрісін кеңейтті, қазақ топырағында реалистік дәстүрдің өркен жаюына септесер 
алғы шартты жасады.  
Қорыта  айтар  болсақ,  жыраулар  поэзиясында  арғымақ,  тұлпар  бейнесін 
бірде сұлу жарға, біресе жақсы адамға, енді бірде ағайын-туысқа балаған. Жақсы 
адамды  –  арғымақ  деп  суреттесе,  жаман  жандар  –  жабы  деп  берілген.  Бұл 
тұстардан да жылқы жөнінде түсінік, тұлпар туралы  ойлар мен толғамдар мол. 
Тұлпардың сыны мен сыры, бабы мен бағы да қалың көптің назарын аударады. 
Жыраулар поэзиясын жалғаушы ақын, әрі батыр Махамбет Өтемісұлының 
«Ереулі  атқа  ер  салмай,  Егеулі  найза  қолға  алмай,  Еңку-еңку  жер  шалмай, 
Қоңыр  салқын  төске  алмай,  Тебінгі  терге  шірімей,  Терлігі  майдай  ерімей,  Ат 
үстінде  күн  көрмей,  Ашаршылық  шөл  көрмей,  Ерлердің  ісі  бітер  ме?»  –  деген 
өлеңінен  [1,  180  б.]  жаугершілік  заманның  қиын-қыстау  кезеңін  суреттеумен 
қоса,  Махамбеттің  атбегілік,  жылқы  сүйгіштік  қыры  да  байқалады.  Оны  біз: 
«тебінгі  терге  шірімей,  терлігі  майдай  ерімей,  ат  үстінде  күн  көрмей, 
ашаршылық шөл көрмей», – деген жолдардан байқаймыз. 
Сондай-ақ,  «Атадан  туған  аруақты  ер»  өлеңінде де  аттың  сыны  жайында 
да  ой  қозғайды:  «Жамандарға  қарасаң,  малын  көрер  жанындай.  Жүйрік  аттың 
белгісі, Тұрады құйрық жалында-ай. Айтып-айтпай немесе Халық қозғалса, Хан 
тұра  алмайды  тағында-ай!»  –  деген  [1,  182  б.].  Өлеңнен  Махамбеттің  ат 
сүйгіштік  қасиетімен  бірге  жүйрік  аттың  белгісін  жазбай  танушылығы 
суреттелген.  
Махамбеттің  «Тарланым»  өлеңінде  де  асыл  ердің  сүйікті  тұлпары 
суреттелген.  ”Кермиығым,  кербезім!  Керіскідей  шандозым.  Құландай  ащы 
дауыстым!  Құлжадай  айбар  мүйіздім!  Қырмызыдай  ажарлым!  Хиуадай 
базарлым! Теңіздей терең ақылдым! Тебіренбес ауыр мінездім!“ – дейді [1, 185 
б.]. 
Тұлпардың нақтылы әрекет-қимылын шебер бейнелеген ақын, осы арқылы 
батырдың  жаяу  жарысына  түсе  алмай,  қаны  қызып,  делебесі  қозып  өзін-өзі 
күшпен тежеп тұрған жас жігіттің көңіл-күйін айқын көрсетеді.  
Қазіргі таңдағы поэзияда тұлпар, жүйрік ат деген мағынада айтыла береді. 
Сондықтан  ертедегі  немесе  ескі жыр-қиссалардағы  ерекше қасиеттері  бар атты 
ғана тұлпар деп ұғу дұрыс емес.  
Сондай-ақ,  халықтық  дәстүрді  қолданып,  ақындар  жақсы  аттың  қасиетін 
адамға  жанастыруды  да  шет  көрмейді.  Мысалы,  ”тарлан“  деген  сөздің  аттың 
сипаты ретінде қолданылып ұнамды мағына алғаны сонша, тіпті кісіні де тарлан 
деп айта береміз. С.Дөнентаевтің ”Үміт“ атты өлеңінде ”тарлан үміт“ дегені де 
жатық  болып  шыққан.  Ал  Ж.Молдағалиев  «тарлан  халық»,  «тарлан  күй», 
«тарлан  жүрек»  деген  сияқты  сөз  тіркестерін  еркін  қолдана  берген  [3,  98-100 
бб.]. 
Махамбеттің ”Тарланым“ өлеңінде ақын Исатай бейнесін қадірлі, қасиетті 
адам  туралы  халық  ұғымына,  көркем  ойлау  өзгешелігіне  сәйкес  тартымды 
суреттелген. Исатай батырды тарланым, арыстаным деу де – халықтық үлгідегі 
метафоралар. Құланға теңегенде даусы зор, айбынды дегенді аңғартса, құлжадай 
айбар  мүйіздім  деп,  әрине,  ауыспалы  мағынада,  айбаттылық,  қаһарлық  секілді 
сипатты таныту үшін айтып отыр. Ақынның өлең-толғауларында тұлпар туралы 

 
 
40 
ұнамды  сипаттар  мол.  Тұлпар  –  көп  жылқының  бірі  емес,  батырдың  серігі, 
жорық-соғыста шешуші роль атқарған. 
Жауынгер  серігі,  ел  ағасы  Исатай  қаза  тауып,  көтеріліс  қанға  боялған 
күндерде  жүрегі  кілкімеген,  жігері  мұқалмаған,  қайта  серпілер,  қапысыз  соғар 
күндерді аңсаған Махамбет өзінің өмірлік мұратын туған халқының тағдырынан 
бөлек  алып қарамапты. Исатайға  арнап:  «Исатай  деген ағам  бар»,  «Тайманның 
ұлы  Исатай»,  «Мінгені  Исатайдың  Ақтабан-ай»  және  тағы  да  басқа  өлеңдер 
жазған. Ақын бұнда батырды асау арғымаққа теңейді. Оны ”Исатай деген ағам 
бар“ өлеңінен көруге болады: «Ат туады байталдан, Айт десем, лебіз қайтарман. 
Халық қайғысын айтуға, Хан ұлынан тайсалман. Ат туар ма шұбардай, Ер туар 
ма бұлардай!“ – дейді [1, 183 б.]. Бұл өлеңде Махамбет ”Ат туар ма шұбардай“ 
деп, шұбар түсті жануардың қасиетін ерекше түсініп, оны Исатайға теңеген.  
Осындай сарында жазылған Махамбеттің «Тайманның ұлы Исатай» деген 
өлеңінде:  «Арғымақтан  туған  қазанат,  Шабуыл  салса  нанғысыз.  Қазан  аттан 
туған қаз мойын, Күніне көз көрім жер шалғысыз. Айырдан туған жампоз бар, 
Нарға жүгін салғысыз. Жаманнан туған жақсы бар, Атасын айтса нанғысыз»,  – 
дейді  ақын  [1,  184  б.].  Арғымақ  жайлы  жазылған  Махамбеттің  осы  өлеңін 
мәтіндік ұқсастығы Шалкиіз жырауда да кездеседі. Мәселен: 
Шалкиіз: 
 
 
 
Махамбет: 
Айырдан туған жампоз бар
 
Айырдан туған жампоз бар, 
Жүгін нарға салғысыз.   
 
Нарға жүгін салғысыз. 
Жаманнан туған жақсы бар, 
 
Жаманнан туған жақсы бар, 
Адам айтса нанғысыз.   
 
Атасын айтса нанғысыз, – дейді.  
Осы  арада  Махамбет,  Шалкиіз  жырларынан  сусындап,  үлгі  тұтып 
өскендігі  білінеді.  Шалкиіз  жырау  мен  Махамбет  ақын  шығармаларынан 
осындай  ұқсастықтармен  бірге  екеуінің  атбегілік  қырлары,  Шалкиіз  жырларын 
келешек ұрпаққа жеткізуші Махамбет үлгісін көреміз.  
Махамбет  Исатайдың  Ақтабан  атына  арнап  –  «Мінгені  Исатайдың 
Ақтабан-ай»  атты  өлеңін  жазған:  «Мінгені  Исатайдың  Ақтабан-ай,  Сүт  беріп, 
сұлы  беріп  баптаған-ай!  Зеңбірек  үш  атқанда  дарымады,  құдайым,  міне,  қара 
сақтағаны-ай! Мінгені Исатайдың көгілдір-ай, Әскерін Барша құмға төгілдірді-
ай! Мыңды алған, бірді беріп Ақтабанды, Жыландай белге соққан бүлдірді-ай!» 
–  дейді [1, 196 б.].  Бұл  өлеңде  Махамбет  Ақтабан  аттың ерекше  қасиеттерімен 
бірге оның аяусыз өлімін суреттеген.  
Махамбеттің:  «Ылдидан  салса,  төсте  озған,  ертеден  салса,  кеште  озған, 
қой мойынды, көк жұлын, Томаға көз қасқа азбан» – деп, асау тұлпарды жырға 
қосқан  біртуар  ел  қамын,  ертеңгі  болашағын  ойлаған  батыр  Махамбет 
бабамыздың  өзі  бота  тірсек  сәйгүлік  мінген  атбегі  болған,  десек  артықшылық 
емес [4, 8 б.]. 
Жоғарыда  келтірілген  Махамбеттің  бұл  өлеңіне  академик  –  Қажым 
Жұмалиевтен [5] бастап, үлкенді-кішілі сыншы – зерттеушілер соқпағаны кем де 
кем.  Бірақ,  солардың  бәрі  де  шығарманы  талдағанда  да,  асса  әдебиеттің,  қала 
берді  тілдің  принциптеріне  ғана  сүйенеді.  Оған  анық  атбегінің  көзімен  қарап, 
ақынның  ат  танудағы  артықшылығын,  оның  емеуріндегі  қат-қабат  сырды, 
жойқын жұмбақты таза таным тұрғысынан ашып, шешіп берген жан жоқ. Демек, 
тұлпар табиғаты өзгеше мұрат-көзқарасты, дүниетанымды қажет етеді.  

 
 
41 
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен 
әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін қаламгері – Абай Құнанбаев – өз ұлтының 
реалистік,  гуманистік  жаңа  әдебиеттің  негізін  қалаушы,  қазақ  поэзиясын 
қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл 
бейнелеп,  дұрыс  қорытынды  шығара  білген  прогресшіл  ақын.  Ол  халқының 
болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір 
тарихи  кезеңнің  алға  қойған  сұрауына  жауап  беріп,  елінің  әдебиет  көшін  зор 
мақсатқа меңзеді [6, 866 б.]. 
Абай  ақындық  өнерге  жаңа  түсініктер  енгізді.  Сөйтіп,  қаламгер  жаңа 
тұрпатты  поэзия  жасаумен  бірге,  соны  тудырушы  ақынның  рөлін  жоғары 
бағалады, оның әлеуметтік қызметіне, шығармашылығына еркекше маңыз берді.  
Абай  –  тек  өсиетші  емес,  шебер  өрнекші.  Қазақ  поэзиясындағы  ақын 
өрнектерін кейінгі ұрпақтарға жалғастырып, өсіріп, жетілтіп әкеткен баға жетпес 
мүлік.  Абай  –  жаңаның  жаршысы.  Халқына  да,  поэзияға  да  соны  жол  сілтеп, 
өсу-өзгеру  бағытын  бастады.  Осы  кезеңде  Ұлы  қаламгер  дара  ақынымыз  Абай 
Құнанбаев  та  аттың  сынына  байланысты  «Шоқпардай  кекілі  бар  қамыс  құлақ» 
өлеңін  жазды.  Бұл  өлең  1886  жылы  жазылған.  Әрқайсысы  4  тармақты,  8 
шумақтан тұрады. 1886 жылы тудырған өлеңдердің тақырыбы әр алуан екендігін 
көрсететін  бір-екі  өлең  аттың  сыны  мен  жазға  арналған  өлеңдер.  Бұл 
шығармаларда Абай суретші-реалист ақын есебіндегі шеберлігі көрінеді. Аттың 
сыны  –  жаратылыстың  жанды  бір  бейнесі  болған  бәйге  атқа  арналған  өлең. 
Ғасырлар бойында мал өсірумен, көшпелі күйде тірлік еткен елдің ақыны аттың 
бағасын  өзгеше  түсінеді.  Соның  ішінде  бәйге  аттың  орны  мүлде  бөлек.  Ол 
қазақтың бағы заманынан бергі ауызша әдебиетінде де сан алуан «қиял пырағы» 
болып  жырланып  келген.  Абай  өмір  кешкен  кезде  ат  –  ер  қанаты  жүйрік  ат, 
әсіресе қазақ білген жануардың ішіндегі адамға ең ыстығы, қадірлісі. Бірақ, осы 
аттың жайын сипаттағанда Абай тағы да реалис-суретші боп шығады. «Қақтаған 
ақ күмістей» деген өлеңінде онша орынды болмаса да, мұнда қолмен қойғандай, 
барлық  сыны  сырт  сымбатынан  көрінетін  көліктің  жайын  Абай  кекілі, 
құлағынан  бастап  түгел  толық  баяндап  шығады.  Бәйге  аттың  мүсінін  сынап 
санауда  Абай  үлкен  білімдік,  байқағыштық  танытады.  Ол  әрі  шебер  ақын 
болудың  үстіне,  аса  білгір  саятшы,  атсейіс  сыншы  боп  шығады.  Абай 
”Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ“ өлеңінде: «Теке мұрын, салпы ерін, ұзын 
тісті,  Қабырғалы,  жотасы  болса  күшті.  Ойынды  еті  бөп-бөлек,  омыраулы, 
Тояттаған бүркіттей салқы төсті», – дейді [7, 62-63 бб.]. 
Аттың  сыны  мен  бабы  –  өзгеше  таным-түсінікті  қажетсінеді.  Тұлпар 
табиғаты, өзіндік бейне-бедері де жіті тануды, қамқорлықты қажет етеді. 
Аталған  өлеңде  аттың  бар  мүсінін  санап  шығуда,  әсем  жырмен,  үлкен 
шешендікпен  шеберлеп  сипаттауда  ақын  қазақ  тілінің  осы  жөніндегі  мол 
байлығын да танытады. Өзге тілге аударуға аса қиын соғатын осы өлеңінде ақын 
сол тілдің бар мүмкіндігін де өзгеше ұсталықпен пайдаланады. Жалғыз-ақ, атап 
айтатын  бір  жай,  осы  атты  сынап  отырушы  адамның  кейбір  салт-саналық 
көзқарасы турасында болу керек. Ақын осы атты еңбекші көпшіліктің күнделік 
тіршілігіне  қажет  болған  күш  көлігі  есебінде  жырламайды  және  жорықта 
жансерігі ететін жауынгер көзімен де қарамай, өзі жүйрік, өзі берік, жуан жуас, 
қолға түспес, жақсы атқа қарап отырған көзі өзі де еңбекші адамның көзі емес. 

 
 
42 
Атты,  оның  іс-әрекетінің  үстінде  көрсетпей,  «белдеуде  тыныш  тұрса,  байлап 
көрсек» деп, тек қана көлденең тұрғызып қойып, бейнелеу түрінде тыныш қана 
тамашалап отырған ақын көзін көреміз. 
Ғалым  Б.Кенжебаев  «Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері»  еңбегінде 
Абайдың  өлеңдерін  талдай  келе:  ”Абай  өлеңдерін  көріктеуге  өте  ұста.  Бұл 
жөнінде  ол  эпитеттің,  салыстыру  –  теңеудің,  ауыстыру  –  шендестірудің 
(троптың), әсірілеудің, фигуралық сөздердің әрі неше алуан түрлерін қолданады, 
әрі оларды неше алуан етіп қолданады. Бұл оның әрбір өлеңінен айқын көрініп 
отырады;  кей  өлеңдері  бастан-аяқ  кілең  эпитеттермен,  теңеулермен, 
шендестірулермен,  әсірілеумен  келеді  және  де  өте  жарыстықта,  көрікті  болып 
келеді,  –  дей  келе,  «Шоқпардай  кекілі  бар,  қамыс  құлақ»  өлеңіне  тоқталсақ: 
«Өлеңді  көріктеу,  өлеңнің  кестесін  келтіру  жөнінде  де  Абайдың  қазақта  әлі 
теңдесі  жоқ;  қазақтың  бұрын-сонды  ақындарының  ешқайсысы  өлеңді  Абай 
сияқты ұста, келісті көріктеген емес», – дейді [8, 82 б.].  
Қазақта ат үстіне мініп, ел қорғаған арулар да болғандығын білеміз. Түркі, 
оның  ішінде  қазақ  даласында  әлемді  тандандырған  абзал  аналар  мен  үкілі 
қыздар  аз  болған  жоқ.  Әйгілі  Кирдің  басын  алып,  патшалық  құрған  Тұмар 
ханым,  Шығыс  әйелдерінің  патшайымы  Тұрқан  қатын,  Шыңғыс  ханды 
бұлтартпаған  Қоңыратқызы  Бөрте  ханым,  Низами  ғашық  болып  жыр  арнаған 
Қыпшақ  қызы  Әппақ  сұлу,  бүкіл  Ұлы  жүздің  ұлы  анасы  Домалақ  ананың 
қасиетті  есімдерін  білмейтін  қазақ  жоқ.  Арулар...  Олардың  бірсыпырасы  қиын 
кезеңде  ер-азаматтарымен  бірге  қолына  қару  алып,  жауға  аттанған.  Ақын 
тілімен  айтқанда:  «...Намысты бермеу  үшін жатқа  қолдан,  Арулар  аз  болды  ма 
атқа  қонған»,  –  дей  келе,  ХҮІІІ  ғасырда  өмір  сүріп,  ат  үстінде  елін  қорғаған 
арулар:  Гауһар  батыр;  Назым  –  Қабанбай  батыр  мен  Гауһар  батырдан  туған 
қаһарман қыз; Есенбике – Үйсін Қаратай батырдың қызы; Айтолқын – Абылай 
ханның  қызы;  Жандәлі  –  Найман  тайпасынан  шыққан  батыр  қыз;  Айбике  – 
ХҮІІІ  ғасырда  өткен  атақты  Бұланбай  батырдың  жары,  барлаушы  сарбаздар 
қолын басқарған ержүрек әйел; Ақбикеш – ХҮІІІ ғасырдағы жойқын соғыстарда 
алыстан  көретін  қырағы  қыз  болған  екен;  Ботагөз  –  Тама  Көкіұлы  Есет 
батырдың  қызы;  Сапар.  Әкесінің  аты  –  Мәтен,  кейде  есімі  Сапура  деп  те 
аталады.  Ғалым  Н.Бекмаханова  ”Легенда  о  невидимке“  деген  /1968  ж./  кітап 
жазған; 
ХІХ ғасырда өмір сүрген ат үстіндегі арулар: Бақты – әкесі батыр болған 
текті  жердің  қызы  екен;  Қойсана  -  /ХҮІІІ-ХІХ  ғ./  Тарақты  Байғозы  батырдың 
қызы; Қыз Данай – Кіші жүз қызы. Атақты күйші Құрманғазының Қыз Данайға 
арналған  бірнеше  күйі  бар;  Ақбикеш  ана  /ХҮІІІ  ғ./  -  Найман  Бағаналы  елінің 
қызы;  Бопай  –  Қасым  ханның  қызы,  Кенесарының  апасы;  Айғыз  Көшкінбаева 
/1876-1918  жж./  -  Азамат  соғысына  қатысқан,  Аягөз  ауданында  туған.  Жазушы 
Қ.Исабаев «Айқыз» атты роман жазған. 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  ат  жалын  тарта  ұстап,  ел  қамын  ойлап, 
жаумен күрескен батыр қыздар – Мәншүк пен Әлия. 
Қазақ  елінің  азаттығы  мен  тәуелсіздігі  жолында  жан  қиған  ержүрек 
бойжеткен  Ләззат  Асанованың  ерліктері  ешқашан  ұмытылмақ  емес  [9,  132  б.]. 
Мұның  бәрі,  сөз  жоқ  ұлт  тарихының  бай,  ел-жерге  көзқарас  айқын,  елбасылар 
мен  қолбасылардың  мақсат-мұраттары  биік,  ең  негізгісі  –  Отан  деп  соққан 

 
 
43 
жүректер  Атамекенге  адал,  бостандық  пен  тәуелсіздікке  берік  те  табанды 
екендіктерін  айқын  аңғартты.  Халқымыздың  даму  кезеңдерінің  бәрі  – 
баршасынан  –  ұлт  тәуелсіздігіне  ұмтылыс,  осы  жолдағы  ерен  еңбек,  іргелі 
ізденіс,  ізгілікті  жасампаздық  жан-жақты  танылады.  Аяулы  аналардың  ел 
ертеңіне,  кемел  келешекке  қатысты  көзқарас-әрекеттері  осының  дәлел-дерегі 
бола алады. 
Қысқасы, қазақ әдебиетіндегі жылқы жөніндегі таным-түсініктердің негізі 
мол.  Дала –  қазақ ақын-жазушыларының бейнелеу  объектісіне айналған. Оның 
ат  шаптырар  кең  жазықтары, сол  мекендегі болып  жатқан  оқиғалар,  сол жерде 
туған  адамдар  мен  жылқылар,  бағылымдар  осының  бәрі  –  ат,  жылқы  бейнесін 
жасауға әсер еткен. 
Бұл – бір. 
Екіншіден,  қазақ  әдебиетінің  арғы-бергі  тарихында  жасаған  сөз  асылын 
теріп,  оны  жоғары  бағалаған  көрнекті  тұлғалардың  бәрі  –  баршасы  –  тұлпар 
туралы жоғары түсінікте болған-ды. 
Үшіншіден,  аттың  сыны  мен  бабы,  ұрыс-шайқастардағы  орын-үлестері 
өлең-толғауларда, бабалар сөзі арқылы жүйелі жеткен. 
Төртіншіден, ұлттық сөз өнерінде тұлпарлар бейнесі мен тағдыры өзіндік 
белгі  –  қасиеттерімен,  бөлек  бітім,  сымбаттарымен  де  қалың  көптің  назарын 
аударған. 
Қазақ тұлпарларының сыры мен сымбаты осы. 

жүктеу 1.38 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет