Келісемін. Бұған бір ғана мысал айт­ сам да жеткілікті. Өткенде Алматыда ҚР



жүктеу 0.7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата23.02.2017
өлшемі0.7 Mb.
#3454
  1   2   3   4   5   6

иә

— Келісемін. Бұған бір ғана мысал айт­

сам  да  жеткілікті.  Өткенде  Алматыда  ҚР 

мәдениет  және  ақпарат  министрі  Мұхтар 

Құл­Мұхаммедтің қатысуымен үлкен дөң­

гелек  үстел  өтті.  Ұлт  тұжырымдамасын 

талқылауға арналған бұл отырыста зиялы 

қауым өкілдері, бірқатар Парламент депу­

таттары,  мәдениет  қайраткерлері,  бұқа­

ралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері, 

басқа  да  азаматтар  бас  қосты.  Жиында 

қазақ тілінің бүгінгі жағдайы туралы айта 

келіп,  мен  орыстілді  басылымдардың 

кейбір  ұлттық  проблемаларға  жіті  назар 

салмайтынын  жеткізген  едім.  Оның  ішін­

де  әсіресе  қазақ  тілінің  мәселесі  тасада 

қалып жатады. Бұл сөзім қайсыбір азамат­

тардың  қитығына  тигенімен,  артынан, 

тіпті  ертеңінде­ақ  расқа,  тірі  мысалға 

айналды. 



Жоқ 

– Жоқ. Орыстілді басылымдар ұлттық 

проблемаларды  көтермейді  деп  айтуға 

болмайды. Оған өзіміз де күнделікті көз 

жеткізіп жүрміз. Ақпарат құралдарының 

не  жазып  жатқанына  қанық  азаматтар 

мұны  жақсы  біледі.  Менің  ойымша, 

орыстілді  басылымдардың  өзі  екіге  бө­

лінеді,  біріншісі  –  өзге  ұлттың  өкілдері 

қызмет  ететін  басылымдар,  екіншісі  – 

қ азақ  ұлтының  өкілдері  жұмыс  істейтін 

ба сылымдар, мұның қатарына қазақ тілін 

білетін  өзге  ұлттың  өкілдерін  де  қосуға 

болады. Сондай­ақ орыстілді басылым­

дарды  ұстанған  бағыты  бойынша  да 

жіктеп  қарауға  болады.  Кейбір  басы­

лымдар тек қызықты оқиғаларды беру­

мен шектеледі, кейбіреулері елдегі түрлі 

жағдайлармен  қоса,  сіз  айтып  отырған 

ұлттық проблемаларды қаузайды. 



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

– Соңғы «Аллаға шүкір» әніне 

түсірілген  бейнебаяндарыңызды 

қайда түсірдіңіздер?

–  Өзіміздің  Ташкент  қала­

сында...


(Қазақстан арнасындағы 

«Таңшолпан» бағдарламасында 

Қайрат Нұртас және  

Сырым Исабаевпен болған 

тікелей сұхбаттан)

№11 (237) 

29 қаңтар

жұма


2010 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

Сейдахмет қҰТТЫқАДАМ, 

саясаттанушы:

Ғарифолла ЕСІМ, 

сенатор:

д

АБ



ыл

3-бет

5-бет

8-бет

Ой­КӨКПАР 

«Алаш айнасы»  

Көк түріктің көне 

мұрасын насихаттайды

«Ақ Жайықтың» 

авторы кім?

Тілді дамыту 

бағдарламасына ұсыныс

орыстілді басылымдар ұлт проблемаларын дұрыс көтермейді деген пікірмен келісесіз бе?

қолда бар деректерге қарағанда, 

қазіргі күні қазақстанда мерзімдік 

басылымдардың 453-і – қазақ тілінде

2303-і орыс тілінде шығады. Сондай-

ақ ел аумағына Ресейдің 5248 газет-

журналы таралады. Ал енді осы ақпарат 

құралдарында ұлттық проблемалар 

қаншалықты жазылып жатыр? «Соңғы 

уақытта орыстілді басылымдарда ұлттық 

мәселелер дұрыс көтерілмейді» деген 

пікірлер айтылып жүр. осы рас па? Бұған 

айтары бар азаматтарымыз не дейді екен? 

М

ә



С

еле


Алматы Гаитидің кебін киіп жүрмесін

Қаржылық  қадағалау  агенттігі  акционерлер  мен 

топ­менеджерлерге  төленетін  сыйақы  мен  бонустар 

мөлшерін  анықтап,  тым  көп  болған  жағдайда  оған 

арнайы  салық  салмақшы.  Сәрсенбі  күні  баспасөз 

мәслихатын өткізген ҚҚА төрайымы елена Бахмутова 

осындай жаңалықты жария етті. Алайда осы уақытқа 

дейін  кімге  қанша  бонус  төленгенінен  банктерді 

қадағалаушы  орган  басшысы  да  хабарсыз  екен: 

«Бұл  коммерциялық  құпия  болып  табылады.  Оны 

анықтау үшін банктерге хат жазуымыз керек», — деп 

жауап берді. Қазақстан қор биржасының листингілік 

талаптарында  да  топ­менеджменттің  бонустарын 

көрсету туралы шарт жоқ екен. Банктердің негізінен 

жекеменшік ұйым екенін ескерсек, басшыларының 

табыстың  қанша  бөлігін  қалталарына  басып  жат­

қаны  бізге  қатысы  жоқ  деуге  болар  еді.  Алайда 

дағдарыс  қыспағы  күшейіп,  кассада  қолма­қол 

ақша қалмаған кезде Үкімет Альянс банк, БТА банк, 

Қазкоммерцбанк  және  Халық  банктен  25  пайыз 

бен  76  пайыз  аралығында  үлес  алып,  депозит 

құйды. Өзге банктерге ипотекалық несиелерді қайта 

қаржыландыруға, құрылысты аяқтауға, шағын және 

орта  бизнеске  қолдау  көрсету  үшін  қарызға  ақша 

беріп  отыр.  Республикалық  бюджетке  жетеқабыл, 

қыруар ақша – 19 миллиард доллар бөлінді. 

еліміздегі сейсмикалық қауіпті 

аймақта  орналасқан  Алматы  – 

соңғы  үлгідегі  зама науи  және 

ертедегі  тарихтан  сыр  шертетін 

көне  ғимараттарға  бай  қала. 

Салынған уа қытына байланысты 

нысандардың  табиғат  апатына 

төзу  деңгейі  де  әр  алуан.  Қа­

зақтың  сейсмологиялық  төзімді 

құрылыс  және  ар хи тектура  жө­

нін дегі ғылыми­зерттеу инсти ту­

тының  директоры  Марат  әшім­

баевтың  айтуынша,  шаһар дағы 

ғимараттардың үш тен бір бөлігі 

сейсмологиялық  төзім ділік  та­

лаптарына үйлес пейді. Бетін ау­

лақ қылсын, сейсмикалық карта­

ға сәйкес, жер дүмпуі бола қалса, 

мұндағы ғимараттарға түрлі дең­

гейде  зақым  келуі  мүмкін.  Ал 

қаладағы  нысандардың  30  па­

йызы  9  балдық  жер  сілкінісіне 

төтеп  бергені  былай  тұрсын, 

жермен­жексен  болуы  ғажап 

емес.  Осыны  айтқан  маман  қа­

лада  салынып  жатқан  құры­

лыстардың сапасына жүргізілген 

сараптама  нәтижесі  және  осы 

саладағы  азды­көпті  тәжірибе 

Алматыда берік әрі сейсмикалық 

тұрақты ғимараттар салу мүмкін 

екенін  көрсеткенін  айтады.  әрі 

оңтүстік астананың сейсмикалық 

қауіпті  аймақтардағы  жобалау 

және  салу  бойынша  құрылыс 

нормалары  өзге  ТМд  елдеріне 

қара ғанда аса қатты көрінеді. 

АқШ банкирлерінің былтыр 145 миллиард 

доллар бонус алғаны америкалықтардың төбе 

шашын тік тұрғызды. Өйткені бұл мемлекет 

бөлген 700 миллиард доллардың бестен 

біріне пара-пар. қазақстан Үкіметі банктерге 

19 миллиард доллар қолдау көрсетті. Бірақ 

топ-менеджерлерге қандай бонус төленіп 

жатқанынан хабарсызбыз. 

Банк бонустарын 

тексеретін құзыретті 

орынның болмағаны ма? 

он жылдан кейін айналып келген былтырғы санақ науқаны сайтанның сапалағына 

айналып кеткені мәлім. Көк мойынсалы тағып, көк сөмке асынғандар көше-көшені аралап, 

көп үйді сүзгіден өткізгенімен, одан әлі күнге дейін сүбелі нәтиже шыққан жоқ. Бұны 

кешегі Сенаттың кезекті отырысына келген Статистика агенттігінің жаңа төрағасы әлихан 

Смайылов мырза да мойындады. 

ХАлыҚТыҢ БИлІККе 

деГеН КӨЗҚАРАСыНыҢ 

ЖАҚСАРУыНА ОППОЗИЦИЯ 

дА КӨП еҢБеК СІҢІРІП ЖАТыР

Алматыдағы 

ғимараттардың 

үштен бірі 

сейсмологиялық 

талаптарға сәйкес 

келмейді. құдай 

бетін әрі қылсын, 

оңтүстік астанада 9 

балдық зілзала бола 

қалса, нысандардың 

30 пайыздан 

астамы жермен-

жексен болуы 

әбден мүмкін. Бұл 

туралы кеше қазақ 

сейсмологиялық 

төзімді құрылыс 

және архитектура 

жөніндегі ғылыми-

зерттеу институты 

өткізген баспасөз 

мәслихатында  

белгілі болды.

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

148,07

207,76

4,88

21,67

1,39

10236,16

1471,51

1862,51

72,77

1088,9

Жалғасы 3-бетте

ДАТ!

6-б

етте

Бақытжамал БЕКТҰРҒАНоВА:

Мұрат АлМАСБЕКҰлЫ

Қарапайым  халықты  былай  қой­

ғанда, құзырлы орындарға құлақта­

ры жақын сенаторлардың өзі саны­

мыздың  қанша  екенінен  бейхабар. 

«Біреу тойға айналғанда, біреу қойға 

айналады»  демекші,  мемлекет  адам 

санауға  көшкенде,  сол  жұмысқа  жа­

уапты  лауазым  иелері  ақша  санауға 

кіріскен.  Соның  кесірінен  науқанға 

арналған  халықтың  қаржысы  ханта­

лапайға түсті. Нақты дерек келтірсек, 

республикалық  бюджеттен  ұлттық 

санаққа бөлінген 1 млрд 144 млн тең­

генің  764,  8  миллионы  жылпос  ше­

неуніктердің  жемсауында  кеткен.  Ал 

тауыққа тары шашқандай, санақ шара­

сына тек 379 млн теңге ғана жұмса­

лыпты...

Бейсенбі  күні  Жоғарғы  палата 

«Мем лекеттік  статистика  туралы» 

және «Қазақстан Республикасының 

кейбір заңнамалық актілеріне мем­

лекеттік  статистика  мәселелері  бо­

йын ша өзгерістер мен толықтырулар 

ен гізу  туралы»  делінетін  екі  бірдей 

заң  жобасын  қарады.  Қос  құжат 

бойынша  баяндама  жасаған  Ста­

тистика  агент тігінің  төрағасы әли­

хан  Смайылов  заңдардың  басты 

бағыттары  жайында  айтып  берді. 

Заң  жобаларының  негізгі  мақсаты 

– статистикалық және статистикалық 

емес қызметтердің аражігін ажыра­

ту,  сондай­ақ  ста тистика  орган да­

рына, барлық әкім шілік дереккөз­

дерінің әкімшілік де ректеріне қол 

жеткізуді,  респон денттердің  есеп 

жүктемесін  төмен детуді  қамта­

масыз  ету.  Бұдан  былай  барлық 

мемлекеттік  органдардың  есепке 

алынуы реттеледі.

Мансұр Х

АМИТ (фо


то)

Сонымен қазақтың 

саны қанша болды өзі?!

Жалғасы 2-бетте

Жалғасы 4-бетте

Жансая әБДІБЕКоВА

Нұрғис


а 

еле


УБ

еК

ОВ (фо



то)

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№11 (237) 



29.01.2010 жыл, жұма

www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

Қоғам

Дабыл 


Алматы Гаитидің  

кебін киіп жүрмесін

Қазақстанның үлесі қандай? 

Жыл-


дар

Халық 


саны

Туыл-


ғандар

Өлген-


дер

2007 


15 565,6

316,8


158,9

2008


15 778,2

359,3


155,0

2009


15 981,2

332,1


131,3

Рас,  аздап  артқандық  аңғарылады.  ал 

жалпы,  жағдай  анау  айтқандай  мәз 

емес. 


Тағы бір айта кетерлігі, елде ажырасқан 

ерлі-зайыптылар саны артып, толық емес 

отбасында өсіп жатқан балалар саны күрт 

көбейіп  кеткен.  Нақтырақ  айтсақ,  елдегі 

әрбір  тоғызыншы  отбасы  «екі  жарты». 

Мұндай  жағдай  да  демографиялық  кері 

ахуалға  әкеп  соқтыруда.  ал  500  мыңға 

жуық  баланы  жалғызбасты  аналар  тәр-

бие леп отыр. 

Ауыл өркендемей,  

адам саны көбеймес

«Орталық азия елдері ішінде Қазақстан 

экономикасы жағынан бәрін басып озып, 

алдыңғы шептеміз» деп мақтанамыз кеп. 

ал  халық  санына  келгенде,  амал  жоқ, 

күмілжіп,  жеңілгенімізді  лажсыз  мойын-

дау ға тура келеді. Тұрмыстық әл-ауқа ты-

мыз  жақсарып  келеді  дейміз,  онда  бала 

ту уға  не  кедергі?  Әлде  біздің  халықтың 

мен талитеті батыстанып бара ма?

біздің    ойымызша,  бұл  ауылдағылар-

дың қалаға үдере көшулеріне байланысты 

болса керек. Тек бізде ғана емес, әлемде 

соңғы екі жылда тарихта тұңғыш рет қала 

тұрғындарының  саны  ауыл  тұрғындары-

ның  санын  артқа  тастапты.  Қазақстанға 

кел сек,  соңғы  дерек  бойынша  қалалық 

жер лерде тұратындар саны 8,465-ті құра-

са,  ауылдағы  ағайындар  7,405-ке  кем. 

бұл ресми. Ішкі эмиграциялық жағдайдың 

ушы ғып тұрғаны айтпаса да белгілі. бҰҰ-

ның  болжауынша,  2025  жылы  жер  беті 

ха лық тарының  тең  жартысы  қалаға  қо-

ныс танатынға  ұқсайды.  ал  «2050  жылға 

қарай жер беті халықтарының 70 пайызы 

қалада  тұратын  болады»  дейді  әлем  са-

рап шылары.  ауылдағылар  шаһар  жаға-

лап, әлемдік урбанизация қатты сезілетін 

бо лады. Демек, туу көрсеткіші күрт төмен-

дейтін кез әлі алда. Өйткені демография-

лық жағдайды жақсартуға басым үлес қо-

са тындар  негізінен,  ауыл  тұрғындары 

екен  дігін ұмытпайық. 

бҰҰ  мынандай  да  мәлімет  таратқан 

болатын: олардың болжауынша жер беті 

халықтарының  саны  2012  жылы  –  6,8, 

2025  жылы  –  8,  ал  2045  жылы  9  мил-

лиардқа жетуі ықтимал. айта кетейік, тұр-

мыстық  әл-ауқаты  көш  ілгері  елдерде 

бала туу төмендеп, керісінше экономикасы 

іл дал далап тұрған елдерде әйелдер бел-

сен ділік танытатынға ұқсайды. Негізі, бұл 

жа ңа лық  емес,  қашаннан  қалыптасқан 

үде ріс.  Десек  те,  сарапшы-ғалымдардың 

ай туынша,  егер  бала  туу  процесі  бір  қа-

лып ты жүрсе, көрсеткіш біз келтіріп отыр-

ған  мәліметтерден  әлдеқайда  жоғары 

Де

МО



гР

а

фия



Марат ӘШІМБАЕВ, 

Қазақтың сейсмологиялық төзімді 

құрылыс және архитектура жөніндегі 

ғылыми-зерттеу институтының 

директоры:

– Халықаралық деңгейде 

салыстырар болсақ, еуропалық 

талаптар біздікіне қарағанда 

едәуір әлсіз. Біздің құрылыс 

нормаларымыздың қорғаныс 

дәрежесі америкалық болмаса 

жапондық нормаларға жақындау, 

яғни мықты. Жергілікті билік 

әлеуметтік нысандар – білім 

ордалары мен емдеу орындарын 

сейсмикалық жағынан күшейту 

үшін қажетті қаражат бөліп, біраз 

шараларды қолға алғанына 

қарамастан, бұл жұмыстар өте 

баяу жүріп жатыр. Олардың 

қашан аяқталатыны белгісіз. 

Әзірше, табиғат бізді мүсіркеп 

тұр. Ал қуатты зілзала бола қалса, 

жағдай мүшкіл болмақ. 

Сондықтан бұл нысандарды не 

істеу керектігін ерте бастан 

ойластырған дұрыс.

Жиынға қатысқан ҚР білім және ғылым 

министрлігі  Сейсмологиялық  тәжірибелік-

әдістемелік экспедициясы мемлекеттік бас -

қармасының  бастығы  Талғат  Нысан баев-

тың айтуынша, бүгінде экспеди ция ның халі 

аса  мүшкіл  көрінеді.  Мекемеге  қарас ты 

сейсмологиялық  стансылар  желі сі  2005 

жылы  ТМД  елдері  бойынша  көш  ілге рі 

болса, қазір қаржы мен маман тапшылығына 

тап болған. «Мекеменің 2007 жылға дейін 

жұмысы  қарқынды  жүріп,  жақсы  дамып 

келе жатқан болатын. Қаржының жеткілікті 

мөлшерде  бөлінбеуі  салдарынан  қон дыр-

ғы лардың жаңартыл ма ға нына біраз болды. 

Мамандардың жала қысы мардымсыз. Мә-

селен,  жас  инже нер-маманның  айлығы  – 

бар бол ғаны 17,8 мың теңге. Осының кесі-

рінен  бі лік ті  кадрлардан  айырылып 

қал  дық», – дей ді ол. баспасөз мәслихатына 

жи  налған  мамандардың  айтуынша,  қала-

дағы  ны сан дардың  сейсмикалық  тұрақты-

лы ғын кү шей ту жұмыстары тез арада қолға 

алын  баса, жойқын зілзала алматыға қауіп 

төн  діріп  тұр.  «Ондай  бола  қалса,  оңтүстік 

ас та наның жанында гаитидегі оқиға «ойын-

шық» болып қалмақ», – дейді Т.Нысан ба ев. 

Шәміл ХАКІМОВ, 

өзбекстандық сейсмолог:

– Күшті жер сілкінісі кезінде 

адамдар, негізінен дүмпулердің 

әсерінен емес, соған шыдас 

бермейтін ғимараттардың 

құлауынан зардап шегеді. 

Сондықтан табиғи апаттың 

алдын алуда ең әуелі түрлі 

нысандар дың сейсмикалық 

құбылыстарға төзімділігін 

арттыруға баса көңіл аудару 

қажет. Мектеп, балабақша, 

аурухана сияқты нысандарды 

салу кезінде олардың сейсми-

калық беріктігін қамтамасыз ету 

құрылысшы лардың басты 

міндеті болуы тиіс. 

екі әкеден бір егіздің туылуы  

ғажап құбылыс емес

Қазіргі уақытта әйелдер экстракорпоралды ұрықтандырудың неше 

түр  лі әдістері арқасында бала көтеретін болды. Білгім келетіні, әртүрлі 

әкеден егіздердің дүниеге келуі мүмкін бе?

 

Смағұл ШЫНБЕРГЕНОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы

еліміздің  ақпараттық  техноло-

гиялар және телекоммуникация са-

ла сын  зерттеушілердің  айтуын ша, 

Қазақстанда  ғаламтор  қыз  метін 

пай  даланушылар  сан ы  жыл дан- 

жылға  көбейіп  келеді.  Мә селен, 

2008 жылы интернет ауди то рия кө-

лемі  2007  жылмен  са лыс тырғанда 

14,8  пайызға  артып,  2,3  миллион 

адам ды  құраған.  ал  өткен  жылы 

бұл көрсеткіш 30 пайызға жоғары-

лап ты.  Тәуелсіз  зерттеу  компания-

ла рының бірінің 2009 жылдың со-

ңындағы  мәлі мет  теріне  сүйенсек, 

бүгін де Қа зақ  станда ғаламтор қыз-

метін 3,16 миллион адам пайда ла-

натын  кө рінеді.  бұл  республика 

халқының 19, 8 пайызын құрайды. 

ал  16  жасқа  дейінгі  балалар  үлесі 

12 пайызға тең. 

Қазақстанда ғаламторды қанша адам пайдаланады?



Жақында телеарналардың бірінен Қытайда интернет 

пайдаланушылардың саны 300 миллионға жеткенін естідім. 

Қазақстанда бұл жағдай қалай екен?

 Қайрат ЖАКиН, Қарағанды облысы

Медицина  ғылымында  гетеро па тер -

налды суперфекундация деген ұғым бар. 

бұл – бір жатырда бір мез гілде бірнеше 

аталық ұрық жұмыртқа жа сушаларының 

өсіп-өнуі. Мұндай құ былыс, негізінен мы-

сық тарда жиі кез деседі. алайда ме ди ци-

наның  соң ғы  жетістіктері  егіздердің  бір-

неше  әке ден  туылуы  мүмкін  екенін 

дә лел  деп  отыр.  ал  табиғи  суперфекун-

да ция ша мамен әрбір жүз миллиар дын-

шы  анада  болуы  ықтимал.  Соңғы  рет 

мұн дай  жағдай  аҚШ-та  тіркелді.  Майа 

Вашингтон есімді әйелдің егіз ұл дарының 

ДНК-ларына  талдау  жүр гізілген  кезде 

олардың  әкелерінің  екі  түрлі  адам  екені 

100 пайыз дық өл шем мен анықталды. 

болуы тиіс екен. Демек, қосылып жатқан 

аз-маз пайыз ауыз толтырып айтарлықтай 

емес. Керісінше, әлемдік сарапшылардың 

шындыққа жанасымды мына бір деректері 

турасында  ойлану  керек  сияқты:  «орта 

есеппен айтқанда, 1950 жылы әрбір әйел-

ге 5,4 баладан келсе, бұл көрсеткіш 2003 

жылы  2,1  балаға  төмендеп  кетті»  дейді 

олар. 


Демограф-ғалым  Мақаш  Тәтімнің 

отан дық басылымға берген бір сұхбатын-

дағы  мына  болжамы  әңгіме  өзегі  болып 

отырған  тақырыпқа  тұздық  болатындай-

ақ:  «бала  туу  деңгейі  төмендеген  жоқ. 

Мысалы,  қазір  бізде  «беби-бум»  жүріп 

жатыр, «беби» – ағылшынша «бала» де-

ген  сөз,  яғни  бала  туу  көбеюде.  1999-

2008  жылдың  арасында  бізде  жылдық 

өсім  220  мыңнан  360  мыңға  дейін  өсті. 

бұл  өсім  2015  жылға  қарай  шырқау 

шыңына  жетеді.  Әрине,  экономикалық 

дағдарыс тың салдарынан ол жоспарлаған 

деңгей ден біршама төмен болуы мүмкін. 

бірақ бұған қарамастан, өсім әлі бірнеше 

жылға  дейін  жалғасады.  Қазақ  халқы 

1945-1999  жылдар  аралығында  демог-

рафия  лық жетілуден өтті, енді 2000 жыл-

дан  бері  есею  кезеңі  жүріп  жатыр.  бұл 

үрдіс 2050 жылға дейін созылуы мүмкін. 

екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі 

кезеңде  қазақ  отбасында  әрбір  әйел 

дүниеге жеті бала әкелді. Демографиялық 

тасқын  деп  жүрген  кезең  –  осы.  1970 

жылдардың  аяғына  таман  ол  бес  балаға 

дейін  азайды.  Демографиялық  тасқында 

қазақ  халқының  саны  2-3  миллион  ғана 

болса,  одан  кейінгі  кезеңде  ол  үздіксіз 

өсіп  отырды.  Сондықтан  дүниеге  келіп 

жатқан  баланың  саны  әзірше  азай-

майды.  Жалпы,  1960  жылдардағы 

демог рафия лық  дүмпу  1986  жылы 

Желтоқ сан көте рі лісіне әсер етті. Қазақ 

отбасында бұл толқыннан кейінгі бала-

ның  ең  көп  дүниеге  келген  кезі  1988 

жылы тіркелді. Қазір олардың жасы 21-

де.  3-4  жылдан  кейін  бұл  толқын  тағы 

бір демографиялық үлкен дүмпу жасауы 

мүмкін. бірақ 1960 жыл дар  дың соңын-

да ғы  рекорд  енді  қайтып  қайталанады 

деп  айта  алмаймын».  байқауымызша, 

Мақаш  Тәтім  болашаққа  зор  үмітпен 

қарайтын сияқты. Әлемдік сарапшылар 

атойлап  жат қанда,  ол  кері сінше  жақсы 

жаңалықтың  жар шысы  бо лып  жүр. 

«Жақсы  сөз  –  жа рым  ырыс».  лайым, 

айтқаны келсін!

ДиплОММеН – ауылға



Ауылға 

мұғалімнен 

басқа маман 

керек емес пе?

Былтыр «Дипломмен 

– ауылға» деген атпен қолға 

алынған акцияның 

нәтижесінде 6 мың 582 жас 

маман ауылдық жерлерге 

еңбек етуге барыпты. Бұл – 

кеше Үкімет жанындағы 

Жастар ісі жөніндегі кеңестің 

отырысында ауыл 

шаруашылығы вице-министрі 

Марат Оразаевтың келтірген 

дерегі. Бір қызығы, бұлардың 

бәрі дерлік – мұғалімдер (80 

пайызға жуығы), дәрігерлер 

және мәдениет пен спорт 

саласының мамандары екен. 

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.7 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет