Келер жылдан



жүктеу 315.06 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата17.05.2017
өлшемі315.06 Kb.
1   2   3   4

Қ

АЙЫР

ЫМДЫЛЫҚ

24

Желтоқсан 2015

№12 (145)

25

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Ақшаны оңды-солды шашу 

байлыққа жеткізбейді

Қазкоммерцньюстің өткен санында біз елімізге танымал тұлғалардың өз балаларына маңдай термен 

келетін тиын-тебенді жұмсауды қалай үйрететіні туралы жазған болатынбыз. Алайда осы нөмірде біз сахна 

саңлақтарының қазіргі нарықтағы жағдайды ескере отырып, өздері де қаражатты қалай үнемдеп, қалай 

жұмсайтыны туралы біліп, жариялап отырмыз

 1  Айлық табысыңызды қалай жұмсайсыз?

 2  Ақшаны орнымен жұмсайтын, үнемшіл адамсыз ба, 

әлде тиынның қайда кеткеніне онша мән бермейсіз бе?

 3  Ертеңгі күніңді бүгін ойла демекші, ақшаңызды 

жинайсыз ба? Қандай мақсаттарға жинайсыз (оқу, саяхат, 

пәтер, көлік, жаңа ән жаздыру және т. б.)? Банктердің 

депозиттеріне жүгінесіз бе?



Майра Мұхамедқызы

опера әншісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі 

«Меломен» 

тобы

1. 

Елімізде опера әншілерінің айлығы 

жоғары емес. Сондықтан күнделікті 

шығынмен — үй, тамақ демекші — 

соған кетеді.

2.

 Әрине, ақша тиыннан құралады. 

Сондықтан қолымдағы барымды 

орнымен жұмсауға тырысамын. 

Алайда жақындарыма, туған-

туыстарыма қолымдағы барымды 

беріп, олардан ештеңе аямаймын. 

Негізі, мен ақшаға құмар жан емеспін. 

Ақша — қолдың кірі деп бекер 

айтылмаған. Жинаған тиын-тебенімді 

орнымен жұмсап, Алла тағала 

соның берекесін берсін деп тілеп 

жүремін. Өйткені менің әр тиыным — 

өз еңбегіммен, маңдай термен 

тапқан табысым. Сондықтан керек 

кезде, пайдалы істерге жұмсауға 

тырысамын. Сондай-ақ тапқанымды 

жинап, ертеңгі күнімді көбірек 

ойлаймын.

3.

 Қытай халқының біздің санамызға 

құйған жақсы бір тәрбиесі бар: 

ертеңгі күніңді ойлап, ақшаны 

бүгіннен бастап жина деген. Мәселен, 

америкалықтар үйлерін, көліктерін, 

керекті заттарының бәрін несиеге 

алып, сол қарыздарын өмір бойы 

төлеп өтеді. Ал қытайлықтар 

болса керісінше, өмір бойы жинап, 

кейін жиған-тергенінің қызығын 

көреді. Мен де мүмкіндігімше 

ақша жинаймын. Бірақ саяхатқа 

шыққанда ақшамды үнемдемеймін. 

Отбасымызбен ең жақсы деген 

жерлерге баруға тырысамыз. 

Сондай-ақ баланың білім алуына, 

оқуына ақша аямаймыз. Дегенмен, 

үнемшілдік керек және әр отбасының 

бюджеті әйел затының қолында болу 

керек деп ойлаймын.

4.

 Қызым әлі кішкентай. Десе де, 

оған қазірден бастап ақшаның 

қалай келетінін, тиынның қадірін 

түсіндіруге тырысамын. Өйткені 

баланы дайынға үйретіп алса, ертеңгі 

күні ол жұмыс істей алмай, өз-өзін 

асырай алмай қалады. Сондықтан 

ақша табу — үлкен еңбек екенін 

басынан түсіндіру біздің міндетіміз, 

парызымыз.

5. 

Менің бойымдағы қателік, мүмкін, 

өнер адамы болған соң ба, өте көп 

киім сатып аламын. Сахналық 

киімдерім, күнделікті киетін 

киімдерім жеткілікті. Әйел заты 

болған соң да шығар, көңіл-күйің 

бұзылса, дүкенге жүгіресің. Алайда 

қызыма қазірден бастап қалай киіну 

керектігін, керектісін ғана сатып 

алуды үйретуге тырысып жүрмін. 

Сондықтан оған киімді, қуыршақ 

түрлерін ала бермеймін. Өйткені өз 

бойымдағы қателікті қайталамаса 

екен деймін.

6.

 Әрине, ешкімнің келешегін, ертеңгі 

күні не болатынын біліп, болжай 

алмаймыз. Әр нәрсені бұйырған 

күні көреміз. 2016 жылы басқаларға 

айтар кеңесім — артық шығын еш 

пайда әкелмейді. Ертеңгі күнімізді 

кішкене ұқыптылықпен ойлауымыз 



1. Жігер: 

Жалпы, біз айлық 

табысымызды үшке бөліп қоямыз. 

Бір бөлігін өз әндерімізді жаздыруға, 

бейнебаян түсіруге, өнерге 

қатысты барлық шығындарымызға 

жұмсаймыз. Тағы бір бөлігін жеке 

басымызға, отбасымызға, күнделікті 

шығындарымызға қойып қоямыз. Ал 

үшінші бөлігін — ортақ қорымызға 

жинаймыз. Өйткені аяқ астынан, 

 4  Өз балаларыңызға ақша жинауды, ақша жұмсауды 

үйретесіз бе? Қалай үйретесіз?

 5  Келешекте балаларыңыздың ақшаны жұмсауға қатысты 

қандай қателектеріңізді қайталамағанын қалайсыз?

 6  Қазіргі нарықтағы жағдайға қарап, алдымызда келе 

жатқан 2016 жылы ақшаны жұмсау, үнемдеу, жинауға 

қатысты берер ақыл-кеңестеріңіз?

керек. Алайда, егер пәтерлер арзандап 

жатса, басында баспанасы жоқ 

адамдар, үй сатып алуға тырысу керек. 

Қомақты заттар сатып алған жөн. 

Өйткені ақшаны жинай бергеннен 

де ештеңе шықпайды, ертең ол 

құнсызданып кетеді. Ал қомақты зат 

сенің балаларыңа мұра болып қалады. 

Егер қалта көтерсе, қазір алтын сатып 

алған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені 

алтынның құны ешқашан түспейді. 

Қай заманда болсын, сары алтынның 

зияны болған емес.

күтпеген шығындар болып жатады. 

Сондай кездері тиын-тебен керек 

болса, үшінші бөлігімізді қолданамыз.

2. Қайрат: Жалпы миллион бір 

теңгеден, бір тиыннан құралады. 

Сондықтан ол біздің маңдай термен 

келіп жатқан қаражат, еңбекақымыз 

болғандықтан, барша тиімді 

пайдаланып, орнымен жұмсауға 

тырысамыз. Одан кейін жиналған 

ақшаны барынша үнемдеуге 

тырысамыз. Бірақ ән жаздырғанда, 

үнемдеуге емес, сапасына аса көңіл 

бөлеміз.

3. Ғабит: 

Қазақта қыстың қамын 

жаз ойла деген сөз бар емес 

пе?! Әрине, ертеңгі күнімізді 

ойлап, ақша жинаймыз. Ақша 

жинау мақсатында депозиттерді 

пайдаланамыз. Ақшаны оңды-

солды шашу байлыққа жеткізбейді. 

Сондықтан тиын-тебенімізді 

сапалы заттарға жұмсағанды дұрыс 

көреміз.

4. Ролан: 

Құдай қаласа, келешекте 

үйретеміз.

5. Жігер: 

Алматыға алғаш келген 

кезде, яғни студент кезімізде 

бәріміз жеке-жеке болып жұмыс 

істедік. Шыны керек, ол кезде 

ақшамыз жеткілікті еді. Алайда 

жастықтың буынымен ақшаны 

оңды-солды көп шаштық. Есепсіз, 

босқа кетті. Балаларымыздың 

осы нәрсені қайталамағанын 

тілеймін. Сосын ысырап жасамай, 

маңдай термен тапқан ақшаларын 

өз мақсаттарына жету үшін, 

керектісіне жаратқанын қалар едік.



6. Ролан: 

Бір хадисте былай 

жазылған: бұл өмірде адам екі 

нәрсенің қадірін білмей өтеді: 

денсаулық пен бос уақыттың. 

Сондықтан денсаулығымызды 

беріп, әр минутымызды арнаған 

жұмысымыздың ақысын ақылмен 

жұмсау біздің қолымызда. Ақшаны 

барынша үнемдеп, орнымен 



жұмсайық. 

Қ

АР

ЖЫ

 С

А

УА

ТТЫЛЫҒЫ

Каталог: gazeta
gazeta -> Ғылым таппай мақтанба ●
gazeta -> Жиналған студенттер қауымы ерекше толқу үстінде
gazeta -> Й е к б ілім күні М.Ө тем ісо в а ты н д ағы б аты с Қ азақстан м е м л е ке ттік у н и в е р с и те тін д е д е аталы п өтілді. С алтанатты ж и ы н ға о қы туш ы -п ро ф ессо р л ар құрамы
gazeta -> 15 апреля в зкгу им. Махамбета Утемисова прошло ежегодное распределение выпускников
gazeta -> 5 апреля состоялась пресс конференция с участием ректора зкгу им. М. Утемисова
gazeta -> Год Ассамблеи народа Казахстана дружба и согласие навсегда
gazeta -> Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады
gazeta -> Приезд высокого гостя 27 февраля с рабочим визитом в Уральск
gazeta -> Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да – кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі

жүктеу 315.06 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет