Келер жылдан



жүктеу 315.06 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата17.05.2017
өлшемі315.06 Kb.
1   2   3   4

АТАЛҒАН ҚҰЖАТҚА 

сәйкес 


Қазкоммерцбанк тарапынан 

5 млн еуро мөлшеріндегі 

қаржы жұмсалады. Бұған қоса, 

банк өзінің эксклюзивті құқығын 

пайдаланып, ЭКСПО-2017 аймағында 

карталарды қабылдау және қызмет 

көрсету бойынша эквайрингтік 

инфрақұрылым құрып, есептік-

кассалық бөлімшелерін ашады. 

Сондай-ақ, интернет-банкинг және 

банктің филиалдық желілері арқылы 

көрмеге кіру билеттерін онлайн-сату, 

ЭКСПО-2017 көрмесінде қолма-қолсыз 

ақша төлем жасау үшін эксклюзивті 

бірлескен банктік өнімдер жасау 

жоспарлануда.

— Қазкоммерцбанктің біздің 

ресми демеушіміз болу жөнінде 

шешім қабылдағанына біз дән 

ризамыз. Еліміздегі жетекші банктің 

бірімен меморандумға қол қою өзара 

тиімді серіктестік қарым-қатынас 

негізін қалайды және ЭКСПО-2017-

ге дайындықтың басты кезеңдерінің 

бірі екенін айғақтайды, — деп атап өтті 

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма 

төрағасы Ахметжан Есімов.

— Біз Қазақстанның бүкіл әлемге 

жаңа технология мен энергетиканы паш 

ететін 2017 жылғы ұлттық негізгі жобаға 

қатысуға мүмкіншілік алғанымызды 

мақтан етеміз. Бұл жобаға біз тек 

демеушілік етіп қана қоймай, сонымен 

бірге өзіміздің технологиямызды, 

инновациялық және ІТ-жетістігімізді 

әкеле алатынымызға сенімдіміз, — деді 



Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы 

Мағжан Әуезов.

— Біз осындай қызмет түрлерін басқа 

халықаралық көрмелерде көрсеткен 

банктердің тәжірибесін, оның ішінде 

Милан көрмесінің тәжірибесі де бар, 

белсенді түрде зерделеп жатырмыз. 

Біз осынау қызметтерді олардан кем 

жасамайтынымызға сенімдімін, — деп 

әңгімесін толықтырды Әуезов мырза.

Оның пайымдауынша, ЭКСПО-2017 

көрмесінің жаңа қуат көзі және 

оны үнемдеу негізгі идеясы — 

Қазкоммерцбанкке өте жақын. Бүгінгі 

таңда банктің бөлімшелеріне қарағанда, 

клиенттер банктің электронды арналары 

«Болашақ 

энергиясы» деген 

тақырыппен 

Астана 

ЭКСПО-2017 



халықаралық 

көрмесін өткізу 

біздің өмір сүруіміз 

үшін маңызды 

мәселе тұрғысында 

ойлануға 

шақырады және 

біздің өміріміздің 

қауіпсіздігі мен 

өмір сүру сапасын 

арттыруды 

қамтамасыз етеді.



ЖАҢА 20 

мыңдық 


купюраны жасау 

барысында ғарыш 

кемелеріне және жаңа 

технологияға қолданатын бояулар 

қолданылған екен.

Сондай-ақ, жаңа купюраны 

сипалап көргенде анағұрлым 

қаттырақ, яғни, мығым 

(жүрекшесінде пластиктен жасалған 

қабат бар) және мөлшері, көлемі 

жағынан үлкенірек (8 см-ге 15,5) 

екенін айта кеткен жөн.

Бұл банкнот қазақстандық 

және әлем валюталарының ішінде 

қорғанысы мықты банкноттың 

біріне жатады.

Меңдібай Әлин, ҚР Ұлттық банктің 

бас дизайнері:

—  Сұр түс туралы тіпті тұтас поэма 

жазуға болады. Оның жалған түрін 

жасау өте күрделі шаруа.

20 мыңдық банкнотты шығару 

қаншаға түсті?

Банкноттар 2013 жылы басылып 

қойылған, сондықтан қазір оны 

шығаруға ешқандай қосымша қаржы 

көзі жұмсалған жоқ.

Орталық банк есебінен оны 

сақтауға, беруге және өңдеуге 

ешқандай қосымша қаржы талап 

етілмейді. Жаңа банкнот екінші 

деңгейлі банктерге басқа номиналдар 

секілді тең дәрежеде, бірдей беріледі. 

Кассалық бөлімшелер үшін бұл 

стандартты үдеріс, сондықтан 

қосымша қиындықтар туғызбайды.

Екінші деңгейлі банктер өз 

клиенттеріне қызмет көрсету 

мақсатында өз банкоматтарының 

қолданысын жаңалау керек. 

Ақша қабылдайтын құралдың 

бағдарламасын жаңалау біраз уақыт 

алады, өйткені, техникаға түрлі 

сападағы, жаңа купюрадан бастап, 

тозығы жеткен ақшаларды тануды 

«оқыту» оңайға түспейді, — делінген 

Ұлттық банктің хабарламасында.

Сөйте тұра, Ұлттық банкте 

ақша қабылдайтын құралдардағы 

машина оқитын элементтер банктік 

сектор үшін ешқандай қиындық 

туғызбайтынына сенімді. Ұлттық 

банк банкнотта купюраның тозығы 

жеткеніне қарамастан машина 

сенімді түрде оқи алатын және 

тексерістен әбден өткен мықты 

қорғаныс элементтері бар екенін 

айтады.


Ж

А

арқылы 3 есе артық қамтамасыз етіліп 

отыр. Бұл қағазды да, қуат көзін де 

және басқа да ресурстарды үнемдейді.

Көрме аумағына біз баламалы 

қуат көзімен жұмыс істейтін, 

күн батареясынан қуат алатын 

банкоматтар орналастыруға 

дайынбыз, — деді Қазкоммерцбанктің 

басқарма төрағасы.

Осындай ЭКСПО-2017 секілді 

ірі халықаралық жобаны банктік 

инфрақұрылым және филиалдық 

желі арқылы жылжыту 

Қазкоммерцбанктің ұлттық және 

халықаралық деңгейде барлық 

аймақта қатысуына жол ашады. 

Казкомның клиенттері күн сайын 

әлемнің 100-ден аса елінде төлем 

жасайтынын ескерсек, ЭКСПО-

2017-нің символикасы банктің төлем 

картасы арқылы осы елдерде де 

танымал болмақ.

Астана ЭКСПО-2017 көрмесі 

қуат көзін тасымалдаушыларға 

адамзат алдында тұрған 

түйткілдерді ескере отырып, 

жаһандық көзқарас тұрғысынан 

қарауға, тек біздің денсаулығымыз 

бен қоршаған орта қауіпсіздігін 

қамтамасыз етуге ғана емес, 

сонымен бірге экономикалық 

және әлеуметтік дамуды 

жылдамдатуға көмектеседі.

Қол қою рәсімі 

кезінде Мағжан 

Әуезов ЭКСПО-2017 

символикасы 

белгіленген 

Қазкоммерцбанктің 

жаңа картасының 

үлгісін көрсетті



МАҢЫЗ

ДЫ

 Ж

АҢА

ЛЫҚТ

АР

12

13

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Желтоқсан 2015

№12 (145)

Сіздің даусыңыз бен 

пікіріңіз маңызды 

Бұл күндері Казкомның қызметін 6 миллионнан аса клиент пайдаланып отыр және олар ең 

жоғары сапалы сервиске лайық әрі Қазкоммерцбанктің көрсететін қызметіне көңілі толуы тиіс. 

Сондай-ақ, біз қандай қызметті жетілдіру, дамыту керектігін сезінеміз

ОСЫ МАҚСАТТА

 Казком 

«Клиент дауысы» деген 

арнайы жоба жасады: 

сіздердің көмектеріңіз 

арқасында жақсылыққа қарай 

ұмтылу үшін, өзгеру үшін біз 

сіздердің тілек-ұсыныстарыңызды, 

шынайы сындарыңызды күтеміз.

Күз басталысымен 

Қазкоммерцбанк Customer Cen-

tric Transformation (ССТ) деген 

клиенттерге бағытталған 

трансформациялы филиалдық 

желі бағдарламасын іске 

қосты. Соның аясында 

клиенттермен кері 

байланыс орнату үшін 

олардың идеясын 

және айқын 

ұсыныстарын 



О

жиып, жүзеге асыру 

мақсатында «Клиент 

дауысы» жобасы алғаш 

рет қанат қаққан.

— Біз Қазақстанда 

үздік банктік бренд 

қалыптастырғымыз келеді 

және осы мақсатта БТА-мен 

біріккеннен кейін Казкомның 

қол жеткізген жаңа филиалдық 

желісін сапалы өнімдермен және 

жайлы қызмет көрсету ісімен 

толықтырғымыз келеді, — дейді 

Қазкоммерцбанктің басқарушы 

директоры Әділ Батырбеков. — Бұл 

үшін біз үздік әлемдік тәжірибені 

пайдалануды жөн деп шештік және 

екі халықаралық консалтингтік 

компанияны тарттық. Арадағы 

іскер байланыс нәтижесінде біздің 

желісімізді жаңарту және қызмет 

көрсету сапасын жоғарылату 

жөніндегі жоспар жасалды.

Басқарушы директордың сөзіне 

қарағанда, жоба бойынша жұмыс 

келер жылдың ортасына дейін 

жалғасады және бірнеше іс-шара 

кешені жүзеге асырылады: атап 

айтқанда, банктік өнім құралдарын 

қайта қарау, ішкі бизнес-үдерістерді 

оңтайландыру және филиалдық 

желілердің барлық қызметкерлерін 

кең көлемде оқыту ісі қолға алынбақ.

Клиенттерге қызмет көрсету ісін 

жетілдіру жөніндегі бастаманың 

алғашқы қадамы Алматы 

(фронт-офис) анықтау мақсатында 

банктің консультанттары бірнеше 

арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізді.



КАЗКОМДЫ ҚАЛАЙ ЕЛІМІЗДЕГІ 

КЛИЕНТШІЛ БАНК ЕТЕ АЛАМЫЗ

— Біз банкке қызмет көрсету сапасын 

жоғары халықаралық стандарттарға 

сай көтере отырып, клиенттердің 

көңілінен шығу үшін көмектесіп 

жатырмыз, — дейді консалтинг 

компаниясының өкілдері, жобаны 

жасаушылар. Негізгі міндет — банктік 

қызметкерлер үшін клиенттерді 

«негізгі элементке» айналдыру және 

олар банкке қандай арна арқылы 

хабарласқанына қарамастан, қаржы 

мекемесіне — бөлімшелер арқылы 

ма, телефон немесе интернет 

арқылы байланысып отыр ма, 

қалай хабарласса да, клиенттің 

көңілінен шығу. Біз банктің клиентке 

қарай мойнын бұруы негізгі 

элементке айналып, оның ҚКБ-ны 

Қазақстандағы банктік бизнестің 

көшбасшысы ретінде тануға лайықты 

қызмет ететініне сенеміз.

Операциялық тиімділікті 

арттыру үшін Казкомға бөлімшелер 

жұмысын оңтайландыру қажет 

және клиенттерден түсетін арыз-

өтініштердің дені күту уақытын 

барынша қысқартуды сұрайды. 

Консультанттардың пікірінше, бұған 

бөлімшелер арқылы жүргізілетін 

операциялардың 60 пайызын 

қашықтықтан қызмет көрсету 

арналарына ауыстыру арқылы қол 

жеткізуге болады.

Өйткені, Казкомда интернет және 

мобильді банкингтің қазақстандағы 

үздік тұғырнамасы бар, сондықтан 

клиенттердің көпшілігі соны 

пайдаландыруды әдетке айналдырса, 

мәселе де, түйін де шешіледі. Бұл 

үрдіс жайлылықты арттырады әрі 

кезекті азайтады.

Клиенттерді өзіне-өзі қызмет 

көрсету аймағына белсенді түрде 

жібере бастағанда және оларға 

операция жасауға менеджер-

консультант көмек көрсете 

бастағанда, олар: «Мұны өзім де 

жасай алатынымды білмедім, Бұл 

өте тез екен ғой!», «Жедел қызмет 

көрсету әрі уақыт үнемдеу…», «Маған 

мұның кезек күттірмейтіні ұнайды, 

бірақ сіз маған келер жолы тағы 

көмектесіп жібересіз бе? Әйтпесе, 

оның қалай жасалатынын мен 

ұмытып қалуым мүмкін» дегенді 

айтқан.

«Клиенттерге қызмет көрсету 



үрдісінде әйтеуір бір жұмыс 

табылады, — деп түсіндіреді Әділ 

Батырбеков. — Кейде алдын-ала 

қарастыруға мүмкіншілік болмай 

қалатын жағдайлар кездеседі, бірақ 

біз клиенттермен бірге жақсылыққа 

қарай өзгеруге дайынбыз. «Клиент 

дауысы» бастамасының мәні де 

осында: біздің клиенттер өзінің 

ойындағысын айтуға, өдерінің 

өтініш-тілектерін айтып, оның 

жауабын естуге әрі жедел түрде 

кері байланысқа қол жеткізуге 

мүмкіншілік алады».

Басқарушы директордың 

сөзінше, бұл үдерістің ашықтығын 

қамтамасыз ету өте маңызы. Себебі, 

клиент тарапынан естілген әрбір 

идея, әрбір өтініш-тілек далаға 

кеткендей әсер етпеуі тиіс, мұның 

артында клиенттің даусын, үнін 

есту, соған лайықты қызмет көрсету 

сапасын жетілдіру жатқанын 

түсінгені абзал. Осындай мақсатпен 

банкте клиентке қызмет көрсетудің 

түйткілді сәттерін зерттейтін, 

олардың жағдайын талдап, 

ұсыныстары мен дұрыс айтылған 

сынын қарастыратын сапа жөніндегі 

арнайы комитет құрылды.



НАЗЫҢЫЗДЫ

ҚАЛАЙ ЖЕТКІЗЕСІЗ?

Егер сіз осы жобаға қатысқыңыз 

келсе және клиентке қызмет 

көрсету сапасын арттыруға қатысты 

ұсынысыңыз болса, онда оны банк 

сайтында орналасқан ru.kkb.kz/



page/Feedback

 арнайы өтінімді 



толтырып, бізге жолдай аласыз. 

— Біз осыған жету үшін ұмтылып 

жатырмыз және осы бағытта 

жұмыс істеудеміз. Мысалы, 

биыл Homebank қаржылық 

порталы арқылы депозит ашуға 

және оны толтыруға мүмкіндік 

ашылды. Бөлімшелердегі 

жұмыс ауыртпашылығын 

жеңілдету мақсатында және 

қашықтықтан банктік қызмет 

көрсетуді жетілдіру аясында 

«Homebank-бөлімшелерде» 

деген шартты атаумен клиенттің 

шынайы операция жасауы 

арқылы Homebank мүмкіндіктері 

үйретіледі. Бұған қоса, 

Homebank-те уақытты үнемдеуге 

мүмкіншілік беретін үнемі жаңа 

сервистер енгізіліп отырады. 

2016 жылғы жоспарда — барлық 

карта түрлерін шығару, анықтама 

алу және т. б. тұр.

— Банкке тек қол қоюға 

келу керек деп есептеймін, 

қалғанын электронды қызмет 

көрсетуге айналдырған жөн! 

Сонда Еуропадағыдай банктік 

бөлімшелерде 1–2 адам ғана 

болады, клиенттердің жалпылама 

жиналуы оларда жоқ.

— Homebank-тен басқа банктегі 

кредитті «Сыртқы аударымдар» 

қызметі арқылы төлеуге болады. 

Ол үшін алушының толық 

атауын, алушының шотын, 

алушының БСН, Кбе-сін толық 

жазуың керек. Несиені жабу 

қызметін автоматтандыру 

мүмкін емес, өйткені, басқа 

банктер әрбір заемшыға 

келісімшарт/шот бірегей нөмір 

береді және ол дерек құпия 

саналады. 

— Сіздерде мынадай қызмет түрі 

болғанын қалаймын: Homebank 

арқылы басқа банктердегі 

кредитті төлеу мүмкін болса. 

Әйтпесе, ақшаны алып, банктің 

өзіне барып төлеуге тура келеді. 

Бұл — өте ыңғайсыз.

—  Homebank-те төлемдердің бұл 

түрі жүзеге асырылмаған. Себебі, 

әлеуметтік аударымдарды заңды 

тұлғалар/ЖК төлейтіні белгілі, ал 

Homebank — жеке тұлғалардың 

төлем жасауына арналған 

қаржы порталы. Сондықтан 

бұл қызмет түрі Onlinebank — 

қашықтықтан банктік қызмет 

көрсету жүйесінде заңды тұлғалар 

мен жеке кәсіпкерлерге арналып 

жасалынған.

— Сіздердің банктеріңіз зейнетақы 

және әлеуметтік төлемдерді 

интернет арқылы аудару 

мәселесімен айналысса екен. 

— Бөлімшелер сағат 18-ден 

кейін жұмыс істесе деген 

тілегім бар. Қазіргідей 

жұмыс тәртібімен жұмыс 

істеу ыңғайсыз, өйткені, 

үнемі жұмыстан сұрану 

керек. Осыған орай шаруаны 

жұмыстан кейін тындыру 

үшін жұмыс тәртібін 

ұлғайтуды және ұзартуды 

сұраймын. 

— Жоба аясында біз қазір бұл 

мәселемен, клиенттерге қызмет 

көрсету сапасын дамытумен 

айналысып жатырмыз. Бұл 

жоба біздің клиенттердің 

талабын орындауға үздік 

үлгімен жауап бере алатын 

қызмет көрсету-форматын 

өзгертуді қарастырады. Қызмет 

көрсетудегі жағымды, оң 

өзгерістерді таяу арада бағалау 

мүмкіндігі туады. 

филиалының төрт бөлімшесінде 

жүргізіледі. 2016 жылы жинақталған 

тәжірибе Қазақстан бойынша банктің 

барлық филиалдық желісін қамтиды.

Казкомның клиенттерге қызмет 

көрсету ісінің мықты және әлсіз 

жағын бағалау және қызметшінің 

клиентпен қалай жұмыс істейтінін 

МАҢЫЗ

ДЫ

 Ж

АҢА

ЛЫҚТ

АР


14

Желтоқсан 2015

№12 (145)

15

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Кентау:


трансформаторлық аймақ

Казком Қазақстанның Даму банкінің мемлекеттік бағдарламасы аясында Кентау трансформатор зауытын 

қаржыландырды. Бұл зауыт — жергілікті өнім шығаруда жоғары үлеске ие

ЗАЕМНЫҢ БАР

 қаражаты — 

1 миллиард теңге — осы 

күні толық игерілді. Бұл 

қаржы шкаф құрылысы, 

подстансаларға арналған сан түрлі 

трансформаторлардың шикізаты мен 

материалдарын сатып алуға және 

айналым капиталын толықтыруға 

жұмсалды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаев «бүгіндері бүкіл әлем 

біздің еліміз сияқты дағдарыстың 

ықпалын сезіп отыр. Нашар жұмыс 

істейтін және бәсекеге қабілетті 

емес кәсіпорындардың болашағы 

бұлыңғыр» — деген еді. «ЕАЭО мен ДСҰ-

ға кірер тұста мен біздің кәсіпкерлерге 

өздерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру 

туралы айтқанмын. Енді шығындарды 

азайтып, еңбектің өнімділігін арттыру 

керек», — деп атап өтті мемлекет 

басшысы. Дегенмен, қазіргі таңда 

отандық компаниялардың көшбасшы 

болуға қауқары бар. Бұған мысалдар жоқ 

емес, болашақта олар импортты тауар 

өндірушілермен бәсекеге түсе алады.

Қазақстандық өндірісшілерге қолдау 

көрсету мемлекеттің маңызды міндеті 

болып қала береді. Әсіресе, дағдарыс 

кезінде қолдау көрсету аса маңызды мәселе 

АҚПАРАТ ҮШІН:

КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР 

ЗАУЫТЫНЫҢ (КТЗ) ТАРИХЫ

1959 жылдың 8 тамызынан басталады. 

Кентау қаласының жүк автобазасының 

шағын жөндеу ұстаханасынан 

1–2 габаритті трансформаторлар 

және комплектілі трансформатор 

подстансалары шығарыла басталды. 

Ал 1960 жылдың 10 шілдесінде зауыт 

конвейерінен бірінші Тм-180/10 

трансформаторы шықты.

Бүгіндері КТЗ Қазақстан мен 

шетел нарығындағы сұранысқа ие 

трансформаторлардың бар түрін 

шығарады. Ертеректе бұл жерде 

жаңа цехтар ашылған еді, енді бұрын 

Ресейден сатып алатындардың бәрі — 

ұсақ бөлшектерден бастап, жаңа 

дайын өнімге дейін осында өндіріледі. 

Сондай-ақ, зауытта алғаш рет эмалды 

өткізгішті айыратын (изоляцияланған) 

сымдар шығарыла бастады.

Кәсіпорын шығаратын 

трансформаторлық құрал-

жабдықтар тау-кен, машина 

жасау, көлік саласында, мұнайгаз 

кешендерінде және тұрғын үй-

коммуналды шаруашылық секторында 

қолданылады. Трансформаторларды 

тұрақты түрде сатып алушылар 

арасында ҚазМұнайГаз, Қазақстан 

темір жолы, ҚазТрансОйл, KEGOC, BI-

Group, Orda Invest, Қазцинк, сондай-

ақ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, 

Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжан 

мен Ауғанстанның ірі кәсіпорындары 

бар.


болып отыр. Қолжетімді шарттар мен 

төмен пайыздық мөлшерлеме (Ala-

geum Electric тобына кіретін Кентау 

зауытына несие бесжылдық мерзімге 

бастапқы мөлшерлемесі жылдық 6 

пайыз көрсеткішпен берілді) отандық 

бизнеске тұрақсыздық кезеңінен 

аман-сау шығуға ғана емес, сонымен 

бірге өсімнің жаңа мүмкіншіліктерін 

ашуға жол береді.

«Электромашинажасау — бұл аса 

күрделі және қорды көп мөлшерде 

талап ететін сала және мемлекет пен 

банктің қолдау-қамқорлығынсыз 

бізге осы бағытты дамыту аса қиынға 

соғар еді. Казком біздің өтінішімізді 

дер кезінде қабылдады, соның 

арқасында 1 млрд теңге кредит 

алып оны шикізат пен материалдар 

сатып алуға жұмсадық», — дейді 

«Кентау трансформатор зауыты» 

АҚ басқарушы директоры Хайролла 

Қожабаев.

Қазкоммерцбанк өз тарапынан 

бүгінгідей тұрақсыздық кезеңінде 

компанияларға қолдау көрсету аса 



З

Зауыттың қазақстандық 

мазмұндағы өнімінің 

үлесі 80 пайыздық 

көрсеткішке ие

Қазіргі таңда 

отандық 

компаниялардың 

көшбасшы болуға 

қауқары бар

қажетті іс-шара екенін атап өтті.

— Біз бүгінгідей бизнес 

үшін қиын-қыстау кезеңінде 

трансформатор жабдығын 

шығаратын жетекші өндіріс орнына 

қолдау көрсетуді жөн деп санадық. 

Себебі, кәсіпорын тек жергілікті 

маңызға ғана ие емес, оның шет ел 

нарығындағы мәні де ерекше екенін 

ескердік. Бұған қоса, бұл кәсіпорын 

мемлекет басшысы үнемі айтатын 

импортты ауыстыру идеясына 

да жауап бере алады. Зауыттың 

қазақстандық мазмұндағы өнімінің 

үлесі 80 пайыздық көрсеткішке 

ие. Мұндай көрсеткішке жергілікті 

кәсіпорындардың бәрі бірдей 

жетіп жатқан жоқ. Жарты ғасырдан 

астам тарихы бар зауыт уақытша 

экономикалық қиыншылықтан 

біздің қолдауымыздың арқасында 

аман-сау шығатынына шын 

жүректен қуаныштымыз», — деп 

атап өтті Қазкоммерцбанктің 

басқарушы директоры Айгүл 

Жайлаубекова. 



Ж

ОБ

А

ЛАР

16

17

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Желтоқсан 2015

№12 (145)

Парасат пен саяхат



КАЗКОМ 

мен Booking.com 

қызметі байланысына арналған 

баспасөз мәслихатында 

үздік мақалаға байқау 

ұйымдастырылып отырғанын 

естігенде, мен оған міндетті түрде 

қатысамын деп шештім. Менің 

сол кезде Стамбұлдан жаңа ғана 

оралған бетім еді. Саяхат кезінде мен 

уақытты да, ақшаны да үнемдеуге 

әсер ететін заманауи технологиялар 

мен мобильді қосымшаларды 

пайдаланған едім. Демек, менің 

көпшілікке тілімді тамызып тұрып 

айтып беретін әңгімем болды. Мен 

Казком мен Booking.com сайтына 

қонақ үйден орынды алдын-ала 

брондауда үнем жасауға мүмкіншілік 

тудырғаны үшін және жаңа саяхатқа 

шығу жолында жеңіп алған 

сертификат үшін үлкен алғысымды 

айтамын, — дейді Алексей Щеглов.

Байқауға жіберген өз мақаласында 

Алексей саяхат жасаудағы жеке 

тәжірибесінің арқасында оны 

әрине өзің ұйымдастыруыңа әбден 

болады және солай істеу де керек, 

қаражатын үнемдеп, оның үстіне 

есте қаларлықтай әсерлі демалысын 

жан-жақты, тәптіштеп жазған екен. 

Алексейдің жазбасын мына жерден 

оқи аласыздар: https://goo.gl/aMb1Kv 

(ал төменде мақала қысқартылып 

беріліп отыр)

— Сәті түскен саяхаттарымда 

байқайтыным, жаңа технологиялар 

мен мобильді қосымшалар саяхатты 

жоспарлау жұмыстарын жеңілдетеді. 

Кейде сол саяхаттың өзі тек 

уақытыңды үнемдеп қана қоймай, 

ақшаңның да үнемделуіне септігін 

тигізеді, — деп жазады Алексей.

Кез келген саяхат қай жерге 

баратыныңнан, яғни бағыт 

таңдаудан, жолға шығу күнін 

белгілеуден, әуе билетін сатып 

алудан/брондаудан және қонақ үй 

бронынан басталады. Бұл жолы 

маған баратын жерімді таңдау 

бұйырмады, себебі мен Turkish Air-

lines әуекомпаниясының жаһандық 

байқауына қатысып, Instagram-нан 

билет жеңіп алдым. Дегенмен мен 

жолға шығар күнім белгілі болған 

күннің өзінде баратын жерімде, 

туристік мерзімде қандай да бір 

қызықты оқиғаның, концерттің 

(мысалы, Мюнхендегі Октоберфест 

немесе Риодағы карнавал) болғанын 

қалар едім.

Мен билетімді брондамадым, 

себебі оны маған электронды пошта 

арқылы Стамбұлдан жіберген еді. 

Күні кешеге дейін билет алу үшін 

агенттікке немесе әуекомпанияның 

өкілдігіне баратын едік, ал қазір 

технология біздің уақытымызды 

үнемдейді. Осы жерде тағы қайталап 

айтамын, онлайн билет тек 

уақытыңды үнемдеп қана қоймай, 

ақшаңды да көп шығындамайды. 

Мәселен, офиске барып билет сатып 

алуға қарағанда, онлайн анағұрлым 

арзан түсуі мүмкін. Саяхатыңның 

күні, рейс бағыты, әуекомпания 

сәті түсіп, сәйкес келуі үшін билетті 


Каталог: gazeta
gazeta -> Ғылым таппай мақтанба ●
gazeta -> Жиналған студенттер қауымы ерекше толқу үстінде
gazeta -> Й е к б ілім күні М.Ө тем ісо в а ты н д ағы б аты с Қ азақстан м е м л е ке ттік у н и в е р с и те тін д е д е аталы п өтілді. С алтанатты ж и ы н ға о қы туш ы -п ро ф ессо р л ар құрамы
gazeta -> 15 апреля в зкгу им. Махамбета Утемисова прошло ежегодное распределение выпускников
gazeta -> 5 апреля состоялась пресс конференция с участием ректора зкгу им. М. Утемисова
gazeta -> Год Ассамблеи народа Казахстана дружба и согласие навсегда
gazeta -> Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады
gazeta -> Приезд высокого гостя 27 февраля с рабочим визитом в Уральск
gazeta -> Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да – кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі

жүктеу 315.06 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет