Кеңестер Одағы тұсында Ауған соғы сына қатысқан біздің елдің жауын­



жүктеу 0.75 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6

Тілеу Көлбай, 

тарих ғылымының докторы

профессор, 

ҚР Гуманитарлық ғылымдар 

академиясының академигі,

ҚР Журналистер одағы сыйлығының 

лауреаты

Соғыстағы қазақтар 

Соғыс басталар алдында Кеңес Одағы бойынша қазақ хал­

қы ның саны 3 миллион 250 мыңға жетіп, апаттан кейін қайта 

то  лығып келе жатқан еді. 1929­32 жылдар дағы ашаршылық, 

1937­38 жылдардағы аласапыран да елді әбден есеңгіреткен 

болатын.

біз  сіздің  атаңыз  туралы  деректі  таптық!    Ол  үшін 

www.obd-memorial.ru    сайтын  ашып,  оған  «Қожа-

беков»  деген  фамилияны  енгіздік.  атаңыздың  есімі 

–  «Қонақбай»  деп  жазылған  екен.  Мерт  бол ғандар 

туралы  ақпар  журналында  атаңыз  «1942  жылдың 

қараша  –  желтоқсан  айларында    Сосково  селосын 

қор  ғау кезінде қаза тапты, сол ауылда жерленген» деп 

жазылған.    Интернет  сайттарынан  қара сақ,    мұндай 

елді  мекен  Курск  облысында  бар  екен.  Жауынгер 

Қонақ бай Қожабеков  101-атқыштар отряды сапында 

Отан қорғапты. 

Жалпыландырылған  мәліметтер  базасы  жобасы 

2006  жылы  құрылған.  Онда  8,5  миллионға  жуық 

жа уын гер туралы  мәлімет жинастырылыпты. бұл құ-

жат тар  Ресей  Федерациясы  Қорғаныс  министрлігі 

Ор  талық  мұрағаты,  өзге  де  мұрағаттар  негізінде 

жинастырылған.  Дерек  қоры    мерт  болғандар  тізімі 

туралы ақпар, бауырластар моласы төлқұжаты, әскери 

тұтқындар құжаттары негізінде жасалған.  Кейбір фа-

милия лар қате жазылған болуы мүмкін,  мұны із дестіру 

кезінде  ескерген  жөн.  Сондай-ақ  жоғалған  жа уын-

герлерді  туған күні, айы, жылы, туған жері, соғысқа 

шақырылған  әскери  комиссариат,  әскери  шені    және 

соңғы қызмет орны  бойынша да іздестіруге болады.   

Менің  атам    Көмекбай  Қожабеков  Ұлы  Отан  соғысына    аттанып,  хабарсыз  кетті.  Қай  жерде 

жерленгенін де білмейміз.  Хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестірудің жаңа әдістері бар ма?  

                   Дархан КөМЕКбаЕВАлматы қаласы

Сүйінші! Хабарсыз кеткен жауынгер дерегі табылды

бәрі де ап-анық есінде. 1941 жылдың 

22-ші маусымы. Таңертеңгі 10 сағат шама-

сында  әскери  курстың  жеке  құрамы  оқу 

орнының  алаңына  тайлы-таяғымен  сапқа 

тұрғызылды. Командир 6 сағат бұрын ғана 

фашистердің  соғыс  жарияла мастан  Кеңес 

Одағының  шекарасына  ба сып  кіргенін, 

басқыншыларға қарсы ұлы Отан соғысы-

ның  басталғанын  мәлімдейді.  алғашқы 

кездері майданға Шаймұхан әскери техник 

ре тінде араласады. «Мен бұзылған әскери 

тех никаларды,  пулемет,  зеңбіректерді 

жөн   деу үшін алғы шепке жиі баратынмын. 

Сол  кезде  ешқандай  қауіп-қатерден  тай-

сал май, қолына қару ұстап, Отанын қорғап 

жүрген өзімен қатарлас өрімдей жас жігіт-

терді көремін. Оларға қызығатынмын. Осы 

жағдай  менің  полк  командиріне  алғы 

шепке  жіберу  жөнінде  рапорт  жазуыма 

түрткі болды, – деп еске ала ды Шаймұхан 

ақсақал. – Келесі күні мені командир өзіне 

шақырып былай деді: «Комиссармен бірге 

отырып  сенің  рапор тың мен  таныстым, 

3-ші батальонның пуле мет шілер ротасына 

ко мандир етіп алғы шепке жіберуге шешім 

қабылдадық».  Мен  сенім  білдіргені  үшін 

алғысымды айта-айта қызметіме кірістім».

Шаймұхан  Мұқанов  сапында  болған 

177-ші  атқыштар  дивизиясы  сол  кездегі 

ленинград қаласын қорғаған әскери құра-

малардың  ішіндегі  ең  жасы  еді.  Олардың 

жолындағының бәрін жайпап келе жатқан 

жауды луга қорғанысында маңдайын тас-

қа соққандай тоқтатып, 45 тәулік бойы ал-

ға  бірде-бір  қадам  бастырмай  қойған 

ерлігін аңыз қып айтады қазірге дейін. Сол 

бір  жарым  ай  ішінде  басқыншылар  10 

мыңнан  астам  офицерлері  мен  жауын-

герлерінен, ондаған артиллериялық бата-

рея ларынан  айырылып,  атақты  8-ші  танк 

дивизиясының  күлі  көкке  ұшады.  45  күн 

ішіндегі  шайқастың  қаншалықты  қиян-

кескі  болғанын  айтуға  осы  сандардың  өзі 

жеткілікті болса керек. Сол жанқиярлыққа 

толы  айқастардың  бел  ортасында  жиыр-

маға да тола қоймаған өрімдей қазақ жігіті 

өміріне төнген қауіпке қарамай, өзінің күші 

мен  тапқырлығын,  батылдығын  көрсете 

білді. 

Қатарында қазақ жігіті Шаймұхан Мұ-



қан ов бар осы 177-ші атқыштар дивизия-

сының ерлікке толы жолы Дубровка түбін-

дегі  қиян-кескі  ұрыстарда,  Погестье 

те мір       жол  стансасы  маңындағы  ормандар 

мен батпақтарда өткен шайқастарда, лю-

бань, нарва қалаларын азат ету үшін шай-

қастарда  жалғасын  тапты.  балтық  жаға-

лауында  жаудың  Курляндия  тобына 

жата тын  300  мың  жауынгерін  тас-талқан 

еткен де осы – 177-ші атқыштар дивизиясы 

болатын.

Шаймұхан  аға,  әсіресе,  ленинград 

қор  шауы  жайлы  жиі  еске  алады.  «Онда 

біздің жауынгерлерге аштыққа да, алапат 

аязға  да,  бақайшағына  дейін  қаруланған 

жауға да жан аямай қарсы тұруға тура кел-

ді.  ленинградтың  жұмысшыларына  тәу -

лігіне  –  250  грамнан,  өзге  тұрғындарға 

125 грамнан қатқан нан берілетін. Осыған 

қара май, олар да қаланы қорғауда күндіз-

түні жұмыс істеді. Сақылдаған сары аяз 40-

45  градусқа  дейін  жететін  кейде.  Жара-

ланған жауынгерлердің медсанбатқа жете 

алмай жолда үсіп қалған кездері де болды. 

Осыған байланысты жолдарға медсанбатқа 

қанша  метр  қалғанын  көрсететін  тақтай-

шалар  орнатылды.  алдыңғы  шептегі  жа-

уын герлердің  өзі  тәулігіне  екі  тілім  кеп-

тірілген  нан  мен  арпа  немесе  сұлыдан 

қай    натылған  сорпаны  қанағат  тұтатын. 

бірақ аштық пен суық та жаумен шайқасуға 

кедергі болған жоқ. біз ленин град тық тар-

дың  аштық  пен  суықтан,  бомба  мен  сна-

ряд тан  қалай  қырылып  жатқанын  өз 

көзімізбен  көрдік.  ашыққан,  қалжыраған 

адамдардың тіпті көшедегі мәйіттерді алып 

кетуге шамалары жоқ еді», – дейді ол еске 

алудың өзі аса ауыр болса да.



Сара НҰҒЫМаН, 

Астана

Қаламын қаруға 

айырбастаған 

майдангер

Мемлекеттік қауіпсіздік 

ор ган дарының құрметті қыз­

меткері, отставкадағы полковник 

Шаймұ хан Мұқанов – Ұлы Отан 

соғы сының алғашқы күнінен 

аяғына дейін қатысқан адам. 

бүгіндері ас тана қаласында 

тұрады. 19 жасында әскер 

қатарына алынып, өз еркімен 

алғы шепке сұранып жүріп, 

жалындаған жиырмасын да рота 

командирі, кейінірек бата льон 

командирі болған қазақ  жігіті 

жайлы айтар әңгіме, кейінгі 

ұрпаққа үлгі болар ерлік істері аз 

емес...

Сіздің сұрағыңызға алматы қаласы бойын-

ша  ар дагерлер және әлеуметтік мекемелермен 

жұ мыс  бөлімінің  бастығы  Ыбыраева  бәтима 

Мұст афақызы жауап береді:

Жалпы, алматы қаласы бойынша 161 мың 

зейнеткер бар. Оның 2670-і соғыс ардагерлері 

мен соғыс мүгедектері. бұдан бөлек соғыс уа-

қы тында тылда еңбек еткен 19 000 адам тір-

келген.  ленинград  қаласын  азат  етуге  ат-

салыс қан 128 майдангеріміз тағы бар. Жеңіс 

ме рекесі  қар саңын да  соғыс  ардагерлеріне 

кө мек ретінде жер гілікті атқарушы билік қала-

лық  бюджеттен  қар жы  бөлді.  2670  соғыс 

арда гер леріне 4500 тең  ге, ленинград май да-

ны на  қатыс қандарға  5000  теңге  біржолғы 

жәрде мақы  берілсе,  тағы  ай  сайын  зейнет-

ақысына  қосымша  2550  теңге  жәр демақы 

тағайын далған. ал тылда еңбек ет кен дерге ай 

сайын  1273  теңге  жәрдемақы  бел гіленіп 

отыр.  алдағы  уақытта  олардың  шипа-

жайларда  тегін  демалуы  үшін  199  миллион 

бөлінген.  

Қаламызда қанша соғыс ардагері бар?



биыл  жеңістің  64  жылдығын  тойлағалы  отырмыз.  Жылдан­жылға  соғыс 

ардагерлерінің  де  азайып  бара  жатқаны  рас.  Мені  қызықтырып  отырған  нәрсе  — 

қазіргі уақытта алматы қаласы бойынша қанша соғыс ардагері қалды? 

Еркенұр ҚОНЫСбай, Алматы қаласы

№71 (71) 

9.05.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

6

дАТ!



бАйқАу

АлАш АзАмАты



?

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Несиеге алынған үй бұзылатын болса, 

не істеу керек?

Бұл  сұраққа  Алматы  қаласы  әкімдігінің 

ма ман дары жауап береді:

– Кепілдікке қойылған жер те лі м і не ме се 

онда  орналасқан  жылжымалы  мү лік  мем ­

ле кет тің  тәр кілеуіне  ұшыраған  жағ  дайда 

банктен  борышкер  атына  жа ңа  есеп шот 

ашу  қажет.  Содан  кейін  жер  учас кесін  не­

месе жылжымалы мүлікті са тып алу жө нін де 

екіжақты  келісім  жасалуы  тиіс.  Кепіл діктегі 

ны санды  алушы  тарап  келісімшартта  көр­

се тілген  мүлік  құнын  бо рыш кердің  есеп­

шо тына  аударады.  банк  тіркеуші  органға 

кепіл дікке  қойыл ған  мүлікті  борышкердің 

мойнынан алып тастап, оған иелік құқығын 

бе кі те тін  құжаттардың  тұпнұсқасын  тәр­

кі леу ші  кәсіпорынға  тапсырады.  Сөй тіп, 

борышкер  ипотекалық  несиені  қайтарудан 

боса тылады.

Біз  ипотекалық  несиеге  пәтер  ал ған быз.  Бірақ  жақында  біз  пәтер  ал ған 

көпқабатты  ескі  үйдің  қаланың  бас  жоспарына  сай  қиратылатын  ғи ма рат  деп 

танылғанын естідік. Енді не іс теу керек?

Динара ЕКІБАЕВААлматы қаласы

«Консьерж» деген кім?

«Консьерж»  сөзі  француз 

ті лі  нен  аударғанда  «есік  кү зе­

ту ші»  деген ді  білдіреді.  Өткен 

ға сыр  лар да  Еуропада  қо нақ ­

үй   лер дің  мей ман   дар   ды  қар сы 

алып,  олар  үшін  так  сиге  не­

месе  театр  билеттеріне  тап ­

сы рыс  бе ру ші  қыз меткерлері 

осы   лай  аталған.  Кон  сьер ждер 

ке   ңес 

дә уіріндегі 

мей ман­


ха на лар да  да  бол ды.  Олар 

Біз  тұратын  үйдің  ауласында  «консьерж»  деп  аталатын 

жұмысшылар бар. Олар не қызмет атқарады?

 

Асқар ЕсқАлиЕВ, Ақтөбе қаласы

тәртіп  пен  тазалық ты  бақылау 

міндетін  ат қар ған.  2004  жылы 

сол  кездегі  рес пу блика  ішкі 

істер  министрі  За уытбек  Тұ­

рыс беков  қоғамдық  тәр тіпті 

қадағалау  ісі не  консьерждер 

ин ститутын  ара лас тыруды  ен­

гіз ді.  Олар  еңбек  бир жасында 

тұ рақ ты 

жұмыс 


ке зе гінде 

тұрған  аза мат тардан  ірік тел ді. 

Консьерждер  учас келік  по ли­

цей  лер дің  жұмысын  же ңіл­

де ту ге,  аулалар  мен  подъез­

дер де  ты ныш тықты  бақылап, 

түрлі қыл мыс тың ал дын алуға 

ат са лы сады.  бұл  институттың 

жұмы сы  аз  уа қыт тың  ішін де 

жақ сы  нәтиже  бер  ді.  бір  ғана 

елор  даның  өзінде  500­ден 

астам  консьер ждің  кө ме гі мен 

по ли цей лер бір жылда 800­ге 

жуық  ірілі­ұсақты  қыл мыс тың 

бе тін  ашты.  бірақ  соңғы  кез ­

дері  кон сьер ждердің  жұ мы сы 

әлде қайда  бәсеңдеп  кет ке ні 

шындық. Оған оларға төле не­

тін  жа лақының  мар дым  сыз­

ды  ғы се беп болса керек.



Алматыда патриоттық және 

әскери-спорттық үйірмелердің 

I Ұлттық фестивалі өтті. «Отан 

қорғаушы-2009» атты әскери 

өнер мен патриоттық әндер 

байқауын әскери-спорттық 

клубтар федерациясы, Бас 

әскери прокуратура мен 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

ұйымдастырды. 

Патриоттық әндердің ұлттық бай қа уы­

на  Маңғыстау,  Ақтөбе,  ба тыс  қазақстан, 

Шы ғыс  қазақстан,  қос та най  облыстары 

және  Алматы  мен  Ас тана  қалаларынан 

тоғыз  команда  қа тысты.  қазақтың  әсерлі 

ән де рін  на қышына  келтіре  орындаған 

жас әс ке рилер бір­бірінен асып түсуге ты­

рыс ты. Сонымен қатар алғашқы ме ди  ци­

налық көмек көрсету, әс ке ри­қолданбалы 

көпсайыстың  жа ңа  түр лері  –  семсерлесу 

мен спорттық пы шақ лақтырудан бақ сы­

насты. 

Фестивальде  төрешілер  Ақ мола  об­



лысының  жас  әскерилер  ко ман дасын 

үз  дік  деп  тапты.  бұдан  кейінгі  орын  ба­

тыс қазақстан облысынан кел ген жез таң­

дай  жігіттерге  тиді.  Әс кери  әндер  фес­

ти валінің  негізгі  мақ саты  –  Ұжымдық 

қа уіпсіздік  туралы  келісім  ұйымына  мү­

ше  мемлекеттердің  қатысуымен  өте тін 

патриоттық  және  әскери­спорттық  ме ке  ­

ме лер дің  халықаралық  жиы нына  қа зақ­

стан  құрама  командасын  жа сақ тау.  бас­

қосу  алдағы  жазда  Ақ мола  об лы сының 

Шортанды  қа ла сын да  өтеді  деп  жос ­

парланған.  

Ж

ансая

 сЕрғАзықызы

Отаншылдыққа 

үндейтін әндер 

шырқалды

Ақтөбедегі  Әлия  мұражайында  ол 

оқыған  сыныптың  класс  журналы  сақ­

тау лы  тұр.  Журналды  Ақтөбеге  жеткізу 

үшін  мұражай  қорының  сол  кездегі  бас 

сақтаушысы  болған  Орынбасар  бек­

мағамбетов Ресейдегі Вятск селосындағы 

мек теп  директорының  есігінің  алдында 

қо нуға да мәжбүр болған.  

құнды жәдігерді  80­жылдары Ақтөбеге 

әкел ген Орынбасар бекмағамбетов мұ ра­

жайда Әлияның өзінің жеке тұтынған, ұс­

тан ған еш нәрсесі жоқ екенін айтып отыр.

–  Әлия  мұражайы  ашылар  алдында 

(Мұ ра жай  Ақтөбеде  1985  жылы  ашыл­

ды.­  

Авт.) жәдігер жинап, Кеңес өкі ме ті нің 

бірталай  жерлеріне  бардым.  1981  жы  лы 

Ресейдің Ярослав облысы, Рыбинск қа  ла ­

сында Әлияның снайперлік жұбы На деж­

да Матвееваның үйінде де болдым, – деп 

ес ке алады Орынбасар бекмағамбетов.  

Әлия тәрбиеленіп жатқан балалар үйі 

1942  жылы  блокададағы  Ленинградтан 

атақты  «Өмір  жолы»  арқылы  Ярослав 

облысының  Вятск  селосына  көшірілгені 

белгілі. Сонда Әлия жеті сыныпты тәмам­

дай ды.


–  Мұражайдағы  журнал  –  сол  Вятск 

орта мек    т е  бін дегі журнал, – дейді Орын­

басар  бек     м а    ғам    бетов  әңгімесін  жал ғас­

ты рып,  –  мен  он да  жаз  айында  барып, 

мек теп ди    рек   то  рын та уып алдым. барлық 

мұ  ға  лім дер жа з   ғы демалысқа шығып кет­

кен.  ди  рект ор  дың  өзі  де  ертең  жол  жүр­

гелі  жа  тыр  екен.  Мен  барып  жабыса  кет­

тім. Өйт    кені қан  дай да бір құнды жә ді гер 

алып  кеткім  келді.    ди ректорға  бар  жағ­

да    йымды  түсін ді ріп  жа тыр мын.  Сөйт сем, 

мұ  ра жай  сол  мек теп  тің  тарих  пә нінің  мұ­

ға  лі   мі  нің  маң  дай  те рімен  жа сал ған  екен. 

Мек теп  мұ ра жайының  бас ты  мақта ны шы 

да Ке ңес  тер Ода ғының ба ты ры Әлия Мол­

да  ғұ  ло ва ту ралы деректер екен. ди ректор 

ме  нің  сонау  жер ден  келіп  тұрғанымды, 

жә  ді  гер  лер өзі ме емес екенін біліп, түсіне 

тұр са  да,  әлгі  мұғалімнің  рұқсатынсыз 

еш  те   ңе  бе  ре  ал май ты нын  ал ға  тартты.  

«Пони  маю, но  я не мо гу» – деп, ол да тұ­

рып алды. Со дан не ке рек, ал  май кет пеу ге 

бел буып, кеш кілік сол ди рек  тор дың ау ла­

сын да тұр  ған бе сед ка ға ба рып түнеп шық­

тым. Ме  нің қайт па сым ды біл  ге  сін мек теп 

дирек  то ры бас ын шай қап­шай  қап тұрып, 

екін ші кү ні мұражайға ба рып, жур нал дың 

соңғы жа ғы нан бір бөлігін жырт пай, ақы­

рын  ға  на  тігі сі н ен  сөгіп,  бай  қат  пай  алып 

бер  ді. 

– байқап қарасаңыз, журналда Әлия­

мен бірге бірнеше фамилия басқа сиямен 

тол тырылған және олардың алдыңғы қа­

тары бос. Олардың барлығы да оқу жы лы 

аяқталарда  Ленинградтан  көшіріліп  әке­

лін ген жетімдер, – дейді Орынбасар бек­

ма ғам бетов. 

Абат қАрАтАЕВ, 

Ақтөбе

Әлия өмірінің 

көмескі беті

сұлтан ЖиЕНБАЕВ, 100­ші ұлттық атқыштар бригадасының ардагері

мемлекет және қоғам қайраткері:

Ерлік жағынан 

қазақ халқынан 

асқан ешкім жоқ

Ол  кезде  болашақ  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  жанып  тұрған  жас 

кадр  еді.  Бізден  20  жас  кіші.  сөзге  шешен,  жұмысты  жан-тәнімен  беріліп 

істейтін  жас  кадрдан  үлкен  үміт  күтетінбіз.  Димекеңнің  өзі:  «сендер  біліп 

қойыңыздар.  Ертең  біз  кеткен  соң  араларыңда  ел  басқаруға  ең  лайықтысы 

Нұрсұлтан Назарбаев. Моим преемником будет именно Назарбаев!» деп бюро 

мүшелеріне ашық айтатын. Жас Нұрсұлтанды қарағандыдағы кезінен жақсы 

білетінмін. Кейін орталыққа басшылыққа ауысып келген соң ақылдасып тұрды. 

Президент болғаннан кейін де 80, 85 жылдық мерейтойларыммен құттықтап, 

хат жіберіп тұрады. Біз сияқты ақсақалдарды ұмытпайды. Мен тәуелсіз елді 

көтерген, Астана тұрғызған Елбасыға ризамын. Елбасыны І Петрға теңеймін, 

ол  Петерборды  батпаққа  салды,  ал  Президентіміз  Астананы  шөл  даладан 

тұрғызды. Елбасыға «сіз» деп емес, «сен» деп сөйлеймін. Ол бізге бала ғой. 

ЕлБАсы турАлы үзІК Ой 

–  сұлтан  ата,  алдымен  Жеңіс  кү-

німен  құт тық  тай мын!  сіздердің  ден-

саулық та ры  ңызға  қуат  берсін,  қан 

майданда  от  кеш кен  жан қиярлық 

ер лік  ше жіре ле рі ңіз  тәуелс із  ұр пақ-

қа рух берсін! 1945 жылғы Же ңіс кү ні 

дүниеге  келген  сә би лер  бү гін де  пай-

ғам бар  жасынан  асып  кетті.  үш-төрт 

ұр пақ  ауысса  да,  со ғыс  жаңғы ры ғы 

ж а ды  мыз дан  өш пей  ді.  Екін ші  жа-

һан  дық  соғыс та  от  пен  оқ  орта сында 

ше йіт  болған  атала ры мыз   дың  ерлік 

ше жі ре сі  бүгінгі  ұр пақ  үшін  тірі  аңыз, 

әрбірі  өз  алдына  бо йы мыз    ға  рух  бе-

рер  «Батырлар  жыры»  де с ек,  ар тық 

айт қан дық  емес.  сол  сұ р а  пыл  со ғыс 

жыл да ры на  шегініс  жа  са сақ.  со   ғыс   та 

қай май дан да бол ды ңыз?

– 1941 жылы Алматыда 100­ші қазақ 

бри  га дасы құрылып, сонда жаттығып, со­

ғыс өнерін меңгердік. бригаданың 90 па­

йы зынан көбі өз еркімен соғысқа сұранған 

қа зақ жастары еді. Алматыдан Мәскеу ма­

ңайында  тағы  да  соғысқа  машықтанып, 

ал дыңғы шепте кескілескен ұрыстар жүріп 

жа т қан  Калинин  майданына  аттандық. 

39­шы командованиенің құрамында Ржев 

қа ла сының  түбінде  талай  боздақтардың 

қа ны  төгіліп,  шейіт  болған  үлкен  шай­

қастарды бастан өткердік. құдай басқа сал­

масын,  талай  жігіттер  қырылып  кетті.  Сол 

кезде мен танкіге қарсы ататын қару (про­

тивотанковое ружья) ротасының командирі 

бол дым. Ржев түбіндегі кескілескен ұрыста 

ПТР­мен  жаудың  екі  танкісін  жойдым. 

бұл  ұрыста  біздің  2­ші  батальон  жаудың 

төрт  танкісін  жойды,  мен  соның  екеуінің 

күл­талқанын  шығардым.  Ржевтен  кейін 

Вели кие  Луки  деген  қаланы  азат  етуде 

жау дың  тағы  бір  танкісін  жайраттым.  бұл 

ту р а лы батальон тілшісі қасым Шәріповтің 

«қа тардағы  қаһарман  батыр»  кітабында 

ег жей­тегжейлі  жазылды.  100­ші  ат­

қыш тар  бригадасынан  сегіз  бірдей  Ке ңес 

Одағының  батыры  шықты.  Кеңес  Ода ғы­

ның  батыры  Мәншүк  Мәметовамен  қан 

май  данда бірге соғыстық. 



МӘНШүК МӘМЕтОВА  

МЕНІ АМАН АлыП қАлДы

– сол қазақтың Батыр қызы туралы 

естелік айта кетсеңіз? 

– Небәрі 19 жастағы қаршадай қыз Ал­

ма тыда оқып жүріп, кешкісін халық ко мис­

сариаты  кеңесінде  көмекші  болып  жұ мыс 

істейді.  Сонда  жүріп,  соғысқа  сұранып, 

ақыры  алтыншы  мәрте  арыз  жаз ған нан 

кейін  барып,  100­ші  атқыштар  бри га­

дасының сапында майданға аттанады.



–  Ол  кезде  соғысқа  баратын  қазақ 

қыздары аз болған шығар? 

–  Өте  аз  болды,  көбі  дәрігер  болып 

атта натын.  Алғашында  медсестра  бол­

ды.  Сондай  өткір  қыз  еді,  ештеңеден 

қорықпайтын.  бәріне  көмек  беріп,  еңге­

зер дей  жаралы  жігіттерді  шанаға  тиеп, 

го с питальға  жеткізетін.  Мен  Ржевтегі 

ұрыс та  екі  танкіні  жойғаннан  кейін  қат­

ты  жараландым.  Сол  кезде  Мәншүк  ке­

ліп  жарамды  таңып,  «Сұлтанжан,  айна­

лайын,  тезірек  жазыл.  Майданға  қайт» 

деп,  маңдайымнан  сүйіп,  шанаға  са лып 

майданға  жіберген.  Ол  менің  жа ра қа­

тым ды  байлап,  аман  қалдырды.  Ал  өзі 

біз  қа тыс қан  Не вель  де ген  қа ла ның  тү­

бін дегі  ұрыста  ерлікпен  қаза  тапты.  Ол 

«мен  штабта  қағаз  жазып  отырмаймын, 

пулеметшілікке жіберіңіздер» деп, қоймай 

арыз  жазып,  майданның  алғы  шебінде 

айқасты. Мәншүктің әкесі1937 жылы «ха­

лық  жауы»  деп  атылып  кеткен.  Мәншүк 

Мәметованың  өзі  «халық  жауының» 

балалары  соғысқа  барып,  өзін  көрсете 

білсе, әке сін ақтайды деп естігенін айтатын. 

Сон дықтан «мен әкемді ақтаймын, соғыс­

қа  барамын»  деп  болмай  аттанды  ғой. 

Ке йін  Кеңес  Одағының  батыры  Мәншүк 

Мәмето ваның  80  жылдығын  атап  өтейік 

деп  хат  жаздым.  Ол  кезде  Премьер­ми­

нистр  Иманғали  Тасмағамбетов,  облыс 

әкі мі  қырымбек  Көшербаев  көмектесіп, 

ба тыр  қыздың  80  жылдық  тойын  туған 

же рі  Оралда  дүркіретіп  атап  өттік.  Одан 

кейін Невельге барып, митингі өткізіп, гүл 

шоқ тарын  қойдық.  Ол  жерде  қазақтың 

батыр қызына үлкен екі метрлік ескерткіш 

қойылған, басынан гүл шоқтары кетпейді. 

Жер гілікті  халықтың  батыр  қызға  құрметі 

ерек ше, оның атында көше де бар. 

–  соғыс  кезіндегі  атақты  100-ші 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал