Кеңестер Одағы тұсында Ауған соғы сына қатысқан біздің елдің жауын­



жүктеу 0.75 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6

ОйТАмЫзЫҚ

гер лер дің  әл де не ше  тобы  қатар  шабуыл­

да ған. әдетте, «бұл ерлікті бірінші болып 

жа саған  –  Михаил  егоров  пен  Мелитон 

кан тария» деп айтылады. Бірақ олай емес. 

не гізінде,  туды  бірінші  болып  қадаған  – 

Ми хаил Минин мен Бобров»  деген дерек 

ай тылды.  Яғни  рахымжан  қошқарбаев 

ту ралы бір ауыз сөз жоқ. «қандасымыз – 

қа һар ман!»  деп  өз  ішімізде  желпінгенге 

шебер міз. ал неге осындай ұлттық батыр­

ла рымызды кең көлемде дәріптеп, ерлігін 

өзгелерге де мойындата алмаймыз?                                

қысқасын  айтқанда,  біздің  тарихқа, 

та рихи  тұлғаларға  деген  құрметіміз  жет­

кілікті  дәрежеде  емес.  ал  өткеннің  жақ­

сысын  «жақсы»  деп,  қадіріне  жете  ал ма­

йынша,  жарқын  болашақ,  құнды  қоғам 

жа сай аламыз ба?.. 

2009 жылдың 1-31 

мамыры аралығында 

Ұлы Отан соғысының 

қатысушылары мен 

мүгедектеріне және оларға 

те ңес тірілген адамдарға 

Қазақстанда жә не Қазақстан 

мен ТмД елдері ара-

сындағы бағыттары 

бойынша «Эйр Астана» 

әуе компаниясының эко-

номикалық класс билеттері 

ба ғаларына 100 пайыз 

жеңілдік бе рі леді. Олардың 

серіктеріне эко номикалық 

класс тарифтерінен 50 пайыз 

жеңілдік белгіленді. Осы 

шара Ұлы Отан соғысындағы 

Же ңістің 64 жылдығына 

ар налады және ұлттық әуе 

та сы малдаушысымен жыл 

сайын өт кі зіледі.

Билеттерді  алу  үшін  ұлы  отан  со ғы­

сының ардагерлері мен олардың серіктері 

«Эйр  астана»  әуе  компаниясының  са ту 

кеңселеріне  баруы  керек  немесе  бай ла­

ныс  орталығына  келесі  телефон  арқылы 

+7  727­2444477  хабарласуы  тиіс.  «Эйр 

астана» қызметкерлері сіздердің сұрақ та­

ры ңызға  жауап  береді  және  авиабилетті 

брондауға  және  алуға  көмек  көрсетеді. 

Билетті сатып алған кезде 1992 жылдың 1 

қаңтарына дейін күші бар үлгілер бойынша 

тиісті мекемелер берген куәліктерді немесе 

зейнеткерлік  куәліктерді  көрсетуі  керек. 

сонымен  қатар  қазақстан  қалаларына 

немесе  Мәскеу,  Баку,  Бішкек  қалаларына 

сапар 2009 жылдың 30 маусымына дейін 

аяқталуы қажет.

әлеуметтік  жауапкершіліктің,  іскерлік 

этиканың және тату көршіліктің ең жақсы 

дәс түрлері ұлттық тасымалдаушының жұ­

мы сында  басты  болып  табылады.  Мы­

са лы,  2008  жылы  әуе  компаниясы  әлеу ­

мет тік  жауапкерлік  саласында  30­дан 

астам  жобаны  жүзеге  асырды.  олар дың 

арасында  оңтүстік  қазақстан  облы сын­

да ғы су тасқыны апаттарын жоюға қа ты су, 

қызыл крест жобаларына қатысу, қазақ­

стан  биоәртүрлілігін  сақтау  қорының 

эко логиялық  бағдарламаларын  қолдау, 

же ңіс  күніне  ардагерлерге  тегін  ұшу,  қа­

зақ стан  қалаларында  ВИЧ­ауру  балалар 

пай дасына  қазақстан  жұлдыздарының 

кон церттерін  қолдау,  астана  қаласының 

ба ла лар  үйіне  автобус  тапсыру  және  т.т. 

60­тан астам тегін билеттер дереу емдеуге 

не  операцияға  мұқтаж  балаларға,  130­

дан астам билет – авиация ардагерлеріне, 

мү ге дектерге,  соқырлар  қоғамына,  өнер 

және  мәдениет  қайраткерлеріне  берілді. 

2008  жылы  241  ардагер  мен  оларды 

алып барған 89 серігі ұлы отан соғысында 

жеңіс күніне арналған шара аясында тегін 

авиабилеттерді пайдаланды.



***

Air Astana – әуе тасымалы кауымдасты­

ғы ның  толық  құқықты  мүшесі  және  әуе 

ке мелеріне  еуропалық  EASA/Part  145 

стан дарттары  бойынша  техникалық  қыз­

мет  көрсету  сертификатын  алған  Қа зақ­

стандағы  бірегей  компания  болып  та бы­

ла ды.

***

«Эйр Астана» АҚ – «Самұрық­Қазына» 

ұлттық әл­ауқат қоры АҚ пен ағылшындық 

ВАЕ  System  компанияларының  бірлескен 

компаниясы,  акциялық  үлесі  тиісінше  51 

пайыз және 49 пайыз. Бүгінгі таңда «Эйр 

Ас тана»  әуе  компаниясының  әуе  паркі 

В767­300, В757­200, А321, А320, A319 

және Ғ50 ұшақтарын құрайды.

***

Қосымша  ақпарат  алу  үшін  ха бар­

ласыңыз:

«Эйр  Астана»  АҚ  БАҚ­пен  байланыс 

бөлімі Тел.:+7 727 258 41 35 ішкі 328

Электронды  мекенжай:  Tlek.Abdrakhi­

mov@airastana.com  

www.аirastana.com 

«Эйр Астана» 

Ұлы Отан 

соғысының 

ардагерлерін 

Жеңіс күнімен 

құттықтап, 

тегін билеттер 

береді

өткендерін ескерген – 

өскендіктің белгісі

11 мамыр күні м.Әуезов 

атындағы академиялық 

драма театрында қазақтың 

біртуар тарланбозы 

Ғарифолла Құрманғалиевке 

арналған кеш өтеді. Талайдың 

«арқасын ат қосқандай 

дүбірлеткен» саңлақ 

әнші, композитор, актер-

ақынның төл шәкірті Сәуле 

Жанпейісова Ғарекеңді 

сағынған жұртшылықты 

Ғарифолла әндерімен қайта 

қауыштыруды жөн көріпті. 

сахна  өнерінің  құрметтісіне  ай нал­

ған әншінің қазақ телевизиясындағы ән ­

ші­жазушы  жәнібек  кәрменов  жүр гіз ген 

«ән  туралы  әңгіме»  атты  ха бар ға  қа тыс­

қандығы  алдыңғы  буын  аға лардың  есін­

де  болар.  сыр­сұх батта  ақсақал  әнші: 

«Өнер паздың  мұраты  –  өз  мұратым  – 

ха лықтың  өз  әнін  өзіне  аздырмай­тоз­

дырмай  аза мат тық пен  жеткізу,  келер  ұр­

пақ қа ама нат етіп тапсыру», – деген екен. 

Өнер паз  мұратына  жетті.  әнсүйер  қа  уым 

ғарифолла  әндерін  сүйіп  тың да ды,  шә­

кірт тері де өшпес мұрамен су сын дады. 

«Мектепте  оқып  жүргенімде  біз дің 

ауыл ға ғарекеңнің класын бі тір ген анюша 

сат қынова  есімді  апай  ке лін  боп  түсті. 

ән шілікке  баулыған  ал ғаш қы  ұстазым  – 

осы  кісі.  сондай­ақ  әкем  қызылорда  пе­

динститутында оқыған шағында ғарекеңді 

кө зімен көрген, әндерін сүйіп тыңдайтын. 

ән шінің бүкіл пластинкаларын үй ге алып 

ке летін. Өзім де көрген жер де ғарекеңнің 

плас тинкаларын  са тып  алып,  тыңдап, 

көп теген ән дер ді үй рендім, – дейді сәуле 

жан  пе йі со ва. 

ғарифолладай  халық  әншісінің  ал­

дынан  сабақ  алған  соңғы  шәкірті  ән ші 

мерейтойының  өз  деңгейінде  атал май 

жатқандығына қынжылады. «ға рекеңдей 

тұлғалар екі тумайды. Бір туар өнерпаздың 

әндерін  ал ды мызға  жалау  етіп  ұстап,  дә­

ріп теу  –  ұс таз  алдындағы  парызымыз» 

деп біле ді. 



Жадыра ЖҰмАКҮЛБАй

Ғарекеңнің көзі 

– Сәуленің өзі

№71 (71) 

9.05.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

5

 



?

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Өткендерін ұмытқан – 

Өшкендіктің белгісі

безбен


Тұлға

Соғысқа  қатысқандардың  ең  жасы 

1929 жылы туғандар, аштық жылдарында 

олар төрт-бес жаста болды. Міне, халқы-

мыздың сақталып қалды-ау деген ең соңғы 

еркеккіндікті  ұрпағы  осылайша  майдан 

шебінен  бір-ақ  шықты.  Демографиялық 

пайымдау  бойынша,  тікелей  майданға 

500  мың  қазақ  азаматы  аттанды.  Соның 

350 мыңы, яғни 70 пайызы, соғыстан қай-

тып  оралмады.  Әрине,  оның  ішінде  елге 

қайтпағаны  мен  тірі  қалғандары  да  жоқ 

емес-ті.  Соңғы  кезде  ғана  белгілі  болып 

отырған  бір  шындық  –  5,3  миллионға 

жуық  солдат  жау  қолына  түскен  болса, 

соның  кемінде  50  мыңы  –  қазақ  азамат-

тары. Олардың арасында кейін аман-есен 

еліне  қайтқандары  бірен-саран  ғана  еді. 

Волокаламск  үшін  болған  шайқаста  Пан-

филов  дивизиясының  13,5  мың  жауын-

герінен 9 мың адам қаза тапты. 

батыс Қазақстан тұрғындарынан ақтө-

бе қаласында құрылған 312 дивизия 1941 

жылы күзде Тула мен Москва арасындағы 

ұрыстарда құрамын түгелге жуық жоғалтты. 

Соғыс кезіндегі штат бойынша бір дивизия 

11 мың адамнан тұрса, соның 300-ден ас-

тамы ғана қалды. 

алматыда жасақталған қазақтың 100-

атқыштар бригадасы 1942 жылғы желтоқ-

сан айында Калинин майданында жүргізіл-

ген ұрыстарда 2572 адамынан айырылды. 

бұл  бригада  құрамының  жартысынан  ас-

тамы еді. 

1942  жылы  ақпан  айында  ақмола 

қаласында  100-ұлттық  атты-әскер  диви-

зиясы  жасақталды.  ұлттық  дивизия ның 

негізі қандастарымыз – қазақ ұлтынан құ-

рыл ды.  аз  ғана  дайындықтан  соң,  жаңа 

жинақ талған  штатты  әскер  корпусы  мар-

шал  Тимошенко  мен  әскери  Кеңестің 

мүшесі н.С.Хрущев басқарған әскерге қо-

сы лады.  бірден  Харьков  түбіндегі  ұрысқа 

қатысып,  зор  қару-жарақпен  қаруланған 

неміс әскеріне жаман қылыш, шолақ мыл-

тықпен  қарсы  шығудың  соңы  жеңіліспен 

аяқталғаны белгілі болса да, тарихымызда 

оның жеңілу сипаты ашылып көрсетілмеді. 

Жау қолына тұтқын болып түскендер «бізде 

тұтқындар болмауы керек» деген Сталиннің 

бір ауыз сөзінің не екендігіне көздері жетті. 

Олар Франция, Германия, Польша терри-

торияларындағы  лагерьлерге  тоғытылды. 

Міне,  қорғану  ұлтшылдығы  осы  лагерь-

лерде өмірге келіп еді. 

Кеңес  әскерлеріне  қайта  қосылудың 

бар амалын жасаған тұтқындардың іс-әре-

кетінен  соғыс  жағдайында  ештеңе  шық-

пады.  Мәселен,  «Түркістан»  легионынан 

қа шып келген Тимур Жанкелдин басқарған 

(Әліби Жанкелдиннің ұлы) бір взвод қазақ 

солдаттарын қызыл әскерлер «сатқындар» 

ретінде атып тастады. 

28  панфиловшылар  айналасындағы 

шын дық ұзақ уақыт айтылмай келді. Олар-

дың  фашистердің  54  танкісіне  қарсы  тұ-

рып,  ерлікпен  қаза  тапқанының  өзі  бүкіл 

дивизияның  ерлігіне  жатқызылды.  Пан-

филов шылар  туралы  кино  түсірілгенде, 

немістерге  қарсы  ұрыс  кезінде  окоптан 

қашып  шыққан  жауынгерлердің  бірін 

азият тық  ретінде  бейнелеу  ұйғарылды. 

Осы  арқылы  олардың  жанкешті  ерлігін, 

патриоттық  сезімін  жоққа  шығару  қажет 

болды. арға түскен дақтың зардабын көр-

гендер де болды. 

Иә, шындық құнды десек те, оның бетін 

ұзақ уақыт жауып келдік. Мәскеу түбіндегі 

шешуші шайқаста полк командирі бауыр-

жан  Момышұлы  жаумен  отыз  рет  бетпе-

бет  келіп,  бірнеше  дүркін  жау  қоршауын 

ұйымдасқан түрде бұзып шықты. Мәскеуге 

ұмтылған  неміс  әскерінің  екпінін  баяу-

латып, шығынға ұшыратты, бұған қоса әр 

жерде  шашырап  қалған  өз  бөлім шеле рі-

міз ді  қоршаудан  құтқарып,  алғы  шеп ке 

әке ліп қосты. 

Дубосековада  болған  ұрыста  28  пан-

филовшының  ерлігі  әлемге  аңыз  болып 

тарағаны  рас.  Саяси  жетекші  Клочковтың 

«Россия  кең  байтақ,  бір-ақ  шегінер  жер 

жоқ, артымызда Москва!» деген жалынды 

сөзі  бүкіл  жауынгерлерге  ұран  болғаны 

аян. Әйтсе де сол сұрапыл кезде баукеңнің 

айт қан  мына  сөзі  одан  да  құнды  болса 

керек.  Қорғаныс  шебінің  картасын  алып 

келген штаб бастығына баукең: «арқамыз-

да Москва тұрғанда, маған картаның қан-

дай  қажеті  бар!»  –  деп  картаны  қақ  айы-

рып,  жанып  тұрған  отқа  салып  жіберген 

өжеттігін қалай ұмытармыз?!

Соғыс басталған кезде әскери дивизия 

мен бригаданың басында қазақ командирі 

болған емес, ал одан төменгі орта офицер 

құрамында да олардың саны тым аз болды. 

Мұның да өз себептері бар дейміз. бірінші-

ден,  қазақ  ұлтынан  шыққан  офицерлер 

құ ра мының  аз  болуы  болса,  екіншіден, 

олар ды  әскери  училище,  академияларда 

оқы тып,  дайындауға  орталық  әскери  ве-

домс т во лар  құлықсыздық  танытты.  Тіпті 

Қазақстанда  жасақталған  әскери  құра-

малар  бөлімдердің  құрамы  да  көпұлтты 

бо лып,  олардың  ұлттық,  таптық  құрамы 

пайыздық  мөлшерде  ғана  көрсетілетін. 

100-ші,  101-ұлттық  атқыштар  бригадасы 

мен 3-атты әскер дивизиясының құрамын-

да ғана негізінен қазақтар болса, ал олар-

дың қолбасшылық құрамы көбінесе орыс 

ұлтының өкілдерінен тұрды. 

біз  мына  мәселені  ескеруіміз  керек. 

Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің құрамын-

дағы  ұлт  өкілдерінің  сан  мөлшері  көп 

айтыла  бермейтін.  Тоталитарлық  жүйе 

және оның идеологиясы, ұлттық айырма-

шылықтар  мен  ерекшеліктерді,  халықтар 

достығы,  коммунистік  патриотизм  деген 

ұран ның  маңайына  топтастырып,  онша 

дәріптемейтін. 

Соғыс  туралы  ащы  шындықты  айтар 

бол сақ,  қоршауда  қалып  немесе  жаралы 

күйінде  тұтқынға  түсіп,  азап  шеккендерді 

елемей  кетуге  болмайды.  Соғыстың  ал-

ғашқы  кезеңінде  мыңдап  қырылып,  тірі 

қалғандары  тұтқынға  түсті.  Одан  сәтін 

тауып  құтылғандар  партизандарға  қо-

сылды. Мұндай бақытқа қолы жетпегендер 

концлагерьлерде  азап  шекті.  ал  славян 

халқынан  басқа  халықтар  өкілдерінен 

фашистік командование әртүрлі легиондар 

құрып,  өз  еліне  қарсы  айдап  салмақшы 

болды.  Олардың  кейбірін  өздері  басып 

алған  жерлерде  партизандарға  қарсы 

жұм сауға әрекеттенді. Сонда да легионның 

бөлімдерінен  қашып  шығып,  болгария, 

Югославия,  Италия,  Франция  партизан-

дарына қосылған азаматтар аз емес. 

борис алексеевич Викторов деген орыс 

ге нералы  1965  жылы  «Казахстанская 

прав   да»  газетіне  Сталинград  түбіне  жет-

кізілген  «Түркістан  легионының»  бір  ба-

тальоны 1942 жылдың қарашасында Қы-

зыл  армия  жағына  өтіп  кеткенін  және 

олар ды осы бағытта үгіттеп, бағыт берген 

бақыт байжанов пен Құлмырза Ишановты 

гестапо  қапасында  қаншама  азаптамаса 

да, сыр ашпаған қалпы қаза тапқандарын 

жазғаны бар. Сол екеуінің тіл тістеген қай-

сарлықтары  арқасында  батальон  біздің 

жаққа есен-сау өткен. Украина, белоруссия 

партизандарына  қарсы  қойылған  легион 

роталары  да  жалғыз  оқ  атпастан  отан-

дастары жағына шығып отырған. Осыдан 

кейін  неміс  командованиесі  легион  ба-

тальон дарын француз мәкилеріне (парти-

зан дарына) қарсы соғысқа салады. алайда 

бұл  жерде  де  қазақ  жігіттері  арасынан 

ахмет  бектаев,  Әбу  Молдағалиев,  зұным 

Жаманқұлов сияқты жетекшілер табылып, 

солардың  басшылығымен  француз  жа-

ғына өтіп кеткен. 

«Түркістан легионына» қатысы бар де-

ген  айыппен  1947  жылы  8-18  сәуір  ара-

лы ғында  алматы  қаласында  атышулы 

«49-дың  соты»  болды.  Оларға  «Әлихан 

бөкей хановтың,  Мұстафа  Шоқайдың, 

Тұрар  Рысқұловтың,  Файзолла  Ходжаев-

тың,  Сәкен  Сейфуллиннің,  Темірбек  Жүр-

геновтің,  Сұлтанбек  Қожановтың  істерін 

алға  апарушы,  революцияға  қарсы  күрес 

жүргізуші,  неміс  Қарулы  Күштерінің  бар-

лаушылары» деген айыптар тағылды. Осы 

айыптар  бойынша  шығарылған  сот  үкімі-

мен 11 адам – ату жазасын, 4 адам – 25 

жыл ға, 20 адам – 20 жылға, 9 адам – 15 

жылға,  4  адам  –  10  жылға  және  жалғыз 

әйел Шәрифа Сәдуллаева 7 жылға түрмеде 

отыру  жазасын  алды.  бірақ  1947  жылы 

маусымда  КСРО  Жоғарғы  Кеңес  Прези-

диумы «ату жазасы барлық елдер бойынша 

тоқ татылсын» деген қаулы шығарып, «49-

дың» бәрі де тірі қалды. Олар кейін бір тін-

деп кешірімге ие болғанымен, ақтал мады. 

Кеңестік үстемшіл билік тіпті ел басына 

ауыр күн туғанда да, өзінің жымысқы сая-

сатын қоймады. Тіпті үлкен ерлік жаса ған-

дардың өздері ұлтына қарай қатаң іріктеліп 

отырды. Әйтпесе сол соғыста ба та льонын 

қоршаудан алты рет шығынсыз алып шық-

қан  бауыржан  Момышұлындай  ко ман-

дирлер көп болып па еді? екі рет Ке ңестер 

Одағының  батыры  атағына  ұсы нылса  да, 

қайсыбір  әскери  басшы лар дың  «бізден 

бұрын әскери-тарихи романға кіріп кетті» 

деген  қызғанышынан  жолы  кесілді.  Тіпті 

олар  осы  себептен  жоғарыдағы  кітапты 

жазған  александр  бектің  өзіне  Ста лин дік 

сыйлықты бергізбей қойды... ал фашизм-

нің ордасы – Рейхстагқа ең ал ғаш ту тіккен 

Рахымжан  Қошқарбаев  пен  Гри горий  бу-

латов неге атаусыз қалды. Әрине, Рейхстаг-

қа  ту  тігушілердің  бірі  –  орыс  ұлтынан, 

екін шісі – «ұлы көсемнің» ұлты нан болуы 

керектігі  әбден  ойлас тырылғаны  айтпаса 

да түсінікті. 

ұлы  Жеңістің  20  жылдығында  соғыс 

арда герлері Мәскеуге шақырылған. Сонда 

гру зин 


Кантария 

150-дивизиясының 

Рейхс  таг   қа  тігілген  туын  Қызыл  алаңға 

ұстап шығады. Сол топта Рахымжан Қош-

қарбаев та болған. Ол Кантарияның қолы-

нан туды жұлып алып: «бұл туды Рейхстагқа 

бірінші мен тіккенмін», – деген. Шындықты 

білетіндер оған қарсы келмейді. Қошқар-

баев тың  сол  туды  көпшіліктің  ортасында 

ұстап тұрған суреті қазір бар. 

100-ұлттық  атқыштар  бригадасының 

әйгілі  мергені  Ыбырайым  Сүлейменовтің 

қолынан  оққа  ұшқан  неміс  солдаты  мен 

офицерінің  нақты  саны  341  болды.  не 

зеңбірек  емес,  не  пулемет  емес,  жалғыз 

оқты винтовкамен осыншама жауды жою 

– соғыс тарихында бұрын-соңды болмаған 

ерлік! амал не, қазақтың құралайды көзге 

атқан мергеніне батыр атағы бұйырмады. 

1944  жылдың  қақаған  қысында  май-

дан шебінде қаза тапқан Панфилов диви-

зия сы ның  мергені  Төлеуғали  Әбдібеков 

ағамыздың  ең  жоғары  батыр  атағын  үш 

рет алмақ түгілі тым құрыса, бір мәрте де 

лайықты  бағасын  алмауының  бір  ғана 

құпия сыры «халық жауы» саналған әкесі-

нің інісі Кемелбайға келіп тірелуі – расында, 

төтенше  озбырлық.  Отансүйгіш  қасиетті 

рухты қорлау болып табылатыны сөзсіз. 

ең таңдаулы деген фашист мергендері 

оның  соңына  түсті.  алайда  Төлеуғали 

олар ды  бір-бірлеп  құртты.  Кеңес  армия-

сының жылдық мерекесі қарсаңында жау-

дың  асқан  шебер  мергенімен  жекпе-жек 

болды.  бұл  уақытта  Төлеуғали  суық  тиіп, 

сыр қаттанып  отырды.  Гитлершіл  қас-қа-

ғым сәтке озып кетті, бірінші оқ Әбді беков-

ке  тиді,  бірақ  өлімші  болып  жара ланған 

аға сержант фашистен кегін алып үлгерді. 

Гит лершіл  батыр  қазақтың  соңғы  ат-

қанынан сеспей қатты. бұл атақты мер ген-

нің есебіне енген 397-дұшпан бола тын. 

Панфиловшылардан  34  жауынгер 

Кеңестер Одағының батыры атанған. ұлы 

Жеңістің  40  жылдығына  арналған  «Пан-

филовшылар» атты кітапта Т.Әбдібековтің 

есімі тек кітаптың ең соңындағы – «Құрама-

ның  ескерткіш  күнтізбесі»  атты  соғыс 

хрони касында екі жерде жай ғана аталы-

нып  өткен.  нағыз  қаһарман  адамның  бұ-

дан былай да еліне елеусіз, белгісіз болып 

қала беруі дұрыс па? 

Туған елін жаудан жан аямай қорғаған 

даңқты сұрмерген бір өзі бір батальондай 

дұшпанның көзін жойған Төлеуғали Әбді-

беков орыс жерінде Калинин облысының 

маңында  жерленген.  Тек  №2916  нөмірлі 

снайпер  винтовкасы Қазақстан Республи-

ка  сы ның  Мемлекеттік  Орталық  мұра-

жайын  да сақтаулы тұр. 

ештен кеш жақсы. батырдың өшпес ру-

хына тағзым ететін уақыт әлдеқашан жет-

кен  жоқ  па?!  Сондықтан  Төлеуғали  Әбді-

беков ке өлгеннен соң арада 65 жыл өтсе 

де ресми атақ берілуі керек. 

еліміз  Тәуелсіздік  алғалы  бері  Кеңес 

кезінде жіберілген келеңсіздік түзетіліп жа-

тыр. Қасым Қайсенов, Рахымжан Қош қар-

баев  сияқты  көзсіз  батырларға  «Халық 

Қаһарманы» атағы берілді. Қазақтың ұш-

қыш  қызы  Хиуаз  Доспанова  да  осындай 

айрықша  құрметке  ие  болды.  енді  кезек 

Ыбырайым  Сүлейменов  пен  Төлеуғали 

Әбдібековке  келіп  тұрған  тәрізді.  Олар 

өздері нің  лайықты  бағасын  алып,  Халық 

Қаһарманы  атанса,  оған  ел  де,  аруақтар 

да  риза  болар  еді.  Қазақта  Ы.Сүлей-

меновтей, Т.Әбдібековтей ерен ерлер көп 

емес қой. 

ұлы Жеңіс мерекесі, шынын айтқанда, 

бір  жағынан  қаралы  кезең  болғанымен, 

ерлік  пен  елдік,  ар-намыс,  отаншылдық 

пен биік рух аяусыз сынға түскен ғаламат 

тарихи сәт еді. ендеше, өткеніміздің қадау-

қадау  оқиғаларын  сезім  көзімен  сүзіп 

өтпей, оған сындарлы әрі байыппен қарай-

тын  кезең  келді.  Өмірдің  сайрап  жатқан 

кең даңғыл жолы жоқ. Оның жарқыраған 

жарық  күні  де,  түнерген  тұманды  түні  де 

бар.  Осындай  алмағайып  кезеңнің  ұлы 

Отан  соғысы  екені  белгілі.  Қандай  ұлы 

оқиға болсын оның тарих талқысына түсуі 

заңды. Кейінгі кездерде біздің елімізде осы 

соғысқа,  Жеңіске  деген  екіұшты,  әртүрлі 

пікірлер  айтылып  қалып  жүр.  Олардың 

кейбіреулері  немістер  Қазақстанға  емес, 

Ресейге  шабуыл  жасады,  Ресей  біздің 

Отаны мыз  емес,  сондықтан  бұл  соғыста 

қа за  тапқан  қазақтар  босқа  кеткен  боз-

дақтар дегенді айтады. Шын мәнінде, сол 

кезде  –  ұлы  Отан  соғысы  кезінде  КСРО 

Одағына  жататын  барлық  республи ка-

лардың  ортақ  отаны  болатын.  Мұны  жа-

сыру дың қажеті жоқ. бұл – бір. екіншіден, 

мәселеге тере ңірек қарасақ, фашистердің 

мақсаты  бір  Ресей  емес,  бүкіл  әлемді 

басып  алып,  бар лық  халықты  құл  ету 

болатын.  Гитлер  Қазақ станды,  сірә,  сол 

қалпында  ұстаймын,  халқын  аман-есен 

сақтаймын,  шаруасын  шашау  етпеймін, 

қазақтардың 

мұртын 


қи сайтпаймын, 

басынан сипап отырамын демесе керек! 

Демократия  деген  жарықтықты  ту-

тала қай,  жүн  сабағандай  етіп  иемденген 

кері ауыз дардың керенау сөздерін есту сол 

сұра пылдан аман келген ардагерлер үшін 

ауыр-ақ,  ал  соғыстан  қайтпағандар  рухы 

алдында масқара, ұят. Қасиеттеп, ардақтап 

келген киелілерімізді келеке еткеннен келі-

серіміз шамалы-ау. 

ұлы  Жеңістің  құнын  түсіру  –  бүтін  бір 

ұрпақтың  жанқиярлық  ерлігін  мансұқ  ету 

екенін де ұмытпайық! Келешегіміз алдында 

күпір  болмайық,  жетім  мен  жесірдің  көз 

жасын ұмытпайық, арманда кеткен атамыз 

бен әкеміздің, ағамыз бен әпкеміздің аруа-

ғынан ұялайық! Өмір бойы баласын күтіп, 

өлдіге  қимаған  өр  аналарымыз  ең  соңғы 

үміттерін қабірге бірге ала түсті, солардың 

үзілмес  үмітін  желге  ұшырмайық.  анала-

ры мыздың ақ жаулық – арын құр мет тейік.

Соғыстан қайтқан солдаттар, арамызда 

жүрген  ардақты  ардагерлер!  Саптарыңыз 

сиремесінші,  сағыныштарыңыз  күйре ме-

сін! 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.75 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет