Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 4.5 Kb.
Pdf просмотр
бет3/28
Дата25.05.2017
өлшемі4.5 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Ой мен сөйлеу.  Санадағы ойдың сөзге айналу процесі ең
алғаш Л.С.Выготский зерттеулерінен басталып, Ф.де Соссюр,
Б.де   Куртенэ,   Блумфилд   еңбектерінде   жалғасып,   Н.Хомский,
А.А.Леонтьев зерттеулерінде толықтырылды.
ХХғ. алғашқы онжылдығында Л.С.Выготскийдің ой сөйлеу
арқылы  аяқталады  деген  сөзі   ой мен тіл процесінің әмбебап
формуласына   айналды.   Ғалым   ойды   ықшамдалған,
тұйықталған   әрекет   деп   таныды.   Ойдың   тіл   арқылы   сыртқа
шығарылуы   “мо-тив   ↔ой↔ішкі   сөйлеу↔іштен   шыққан
мазмұнның   сыртқы   аршылған,   айқындалған   (развернутое)
мағыналар   жүйесіне   ай-налуы   ↔   сыртқы   сөйлеу”   сатылары
арқылы жүзеге асатынын көрсетті.
Ал естілген сөзді ұғу синтаксистік құрылым мен лексикалық
мағынаға анализ жасау ↔оны ішкі сөйлеуге жинап, орап алу ↔
мотив пен мәнін түсіну сатылары арқылы жүреді деді. Бұл тео-
рияны нейролингвистикалық бағытта дамытқан А.Р.Лурия ойда
адамның   айтайын   деген   тақырыбы   белгіленеді,   сол  тақырып
ту-ралы не айту, қалай айту керек деген предикатты мазмұн –
ішкі   сөйлеуде   жүзеге   асырылады,   ол   қысқа,   фрагментарлы,
аморф-ты   сипатта   болады.   Бұл   тұрғыда   ішкі   сөйлеу   ішкі
субъективтік   мәнді   сыртқы   аршылған   мағыналар   жүйесіне
айналдыратын ме-ханизм болып табылады деді.
Ғалым бір ойды түрліше жеткізуге болатыны сыртқы сөйлеу мен
ішкі сөйлеудің айырмашылығын көрсетеді, сондықтан ішкі сөйлеу –
инвариант, сыртқы сөйлеу – вариант болады деп көрсетті. Астыңғы
грамматикалық   құрылым   мен   ішкі   сөйлеу,   үстіңгі   грамматикалық
құрылым   мен   сыртқы   сөйлеу   сәйкеседі,   астыңғы   грамматикалық
құрылым   адам   санасына   жақын   болғандықтан   оны   құрастырудың
ережесі   аз,   сондықтан   кішкентай   бала   бұны   тез   меңгереді   деді.
Естілген   сөзді   ұғынуда   1-саты   сөз   мағынасын   айыру,   яғни
көпмағыналылықтан нақты мағынаны айыру болып табылады деді; 2)
сөйлем жүйесін білу (егер сөз мағынасын ша-
24
25

малап түсініп, ал сөйлем құрылымын білмесе, күңгірт түсінік
түрінде қалады); 3) бүкіл хабарды түсіну керек деді. Мұндағы
1, 2 саты тілдік ережелер аясында жүрсе, соңғысы тілдік ойлау
психологиясына барады деді.
Сана мен тіл.  Жалпы психология санада пайда болған  ұғым
алдымен адам миына келіп түскен сигналдарды қабылдау арқылы
түйсіктен   басталып,   елес,   түсінік,   ой,   ұғымға   ұласатынын
көрсетеді.   Сонда  мұндағы  ой  адам санасы мен  тіліне қарағанда
кең ауқымды қамтитынын білдіреді. Ойлау сезімдік, абстрак-тілік
формаға көбірек бейім болса, сана оның мазмұндық жағын алады.
Бұл тұрғыда ойлау сөйлеуге, сана тілге жақын. Сана тіл арқылы
жасалып, тілді қолдана отырып дамиды. Ойлау мен сөйлеу жеке,
сана   мен  тіл  жалпы   болатыны  сондықтан.   Әркім  өзінше  ойлап,
өзінше сөйлеуі мүмкін, бірақ мұның бәрі жалпы тіл (ұлт тілі) мен
жалпы сананы (ұлттық сана) құрайды. Сана
– инвариант, ойлау – вариант болатыны сияқты, тіл – инвари-ант,
сөйлеу   –   вариант   болады.   Сана   –   бүкіл   этностың,   әлеуметтің
ғасырлар бойы жасаған ой еңбегінің нәтижесі. Сол сананы жеке
адам ойына көшіру тіл (сөйленім) арқылы жүзеге асады.
Ой   мен   жазу.  Сонымен,  тіл   мен   сана,  сөйлеу   мен   ойлау
арасындағы осындай пайымдауларды қорыта келіп, біз енді жазу
жүйесінің доминаттылығымен байланысты адам ойы ауызша тілді
делдалдамай-ақ, бірден жазба тілге айнала ала-тынына көз жеткізе
бастаймыз.   Әрине,   мотив   арқылы   туған   ойдың   ішкі   сөйлеуде
предикаттық   қатынасқа   ұйымдасуы,   одан   әрі   айтылымның
логикалық құрылымының түзілуі және сыртқы тілдің синтаксистік
құрылымына   айналуында   ауызша   тілдің   қызметі   жоқ   емес.
Өйткені   жазба   мәтін   алдымен   ауыз-ша   айтылып,   сосын   қағазға
түсіру   әдісі   көбірек   қолданылады.   Немесе   бірнеше   рет
қайталанып,   айтылып   жүрген   ой   ғана   өзінің   ақикаттығына
жеткенде   жазуға   түсуі   мүмкін.   Мысалы,   ауыз-ша   түсіндіріліп
келген оқымыстының дәрісі соңында барып, дәрістер жинағына,
не оқу құралына айналатын кезі сирек емес. Бірақ Б.де Куртенэ
айтқандай,   сауаты   жоқ   адамның   басында   айту-есту  елесі   болса,
сауатты   адамның   басында   бұл   елеспен   қатар   сөздердің
графикалық   кескіні   мен   оптикалық   бейнесі   қатар   ор-наласып,
соңғысы күштірек болады. Қазіргі адамның санасы сөз мағынасын
оның   қалай   естілетініне   қарамастан,   графикалық   пор-третін
елестетіп   барып   түсінеді.   Өйткені   ондай   әлеуметтің   көбі
тыңдағанға қарағанда көбірек оқиды, сөйлегеннен гөрі көбірек
жазады. Әрине, бұл өз ойын жазба жүйе арқылы шығаратын тіл
тұтынушылар туралы екені белгілі.
В.А.Истриннің жазба мәтін графикалық құрылымы негізін-де
ауызша тілге қарағанда өзге мағыналық реңк алып кетеді дегені
де, біздің ойымызша, осымен байланысты. Ғалым жаз-ба мәтінді
оқу  жазу-сана байланысын көрсетеді.  Іштей  оқуда,  оқырманның
сөздік   қоры   сөз   мағынасы   мен   оның   графикалық   бейнесін
ассоциациялауға   жеткілікті   жағдайда   жазу-ой   түрінде   болады,
жазу   мен   ойдың   тура   байланысы   жазудың   жетілген,   жоғарғы
сатысында   пайда   болады   деген.   В.А.Истрин   цифр-лар   әр   тілде
әртүрлі аталады, бірақ мағына біреу, сонда бұл таңба сөзбен емес,
ұғыммен   яғни   ойлаумен   тікелей   байланыс-ты   болды.   Мысалы,
адам   санасындағы   ұғым   дыбысталмай-ақ,   жазуға   айналатын
кездер   болады.   Айталық,   ғылыми   техникалық   таңбалар,
формулалар,   сөздің   фонетикалық,   кинесикалық   бей-нелері
болмайтын   кейбір   оқылуларының   болуы   “ұғым-термин-жазу
таңбасы”   сатыларының   жиі   қайталана   келіп,   “ұғым-жазу
таңбасына”   айналуынан   шығады”   дейді.   Ой-жазу   процесін
түсіндіру   қиындығы   бұл   кезеңдердің   санасыз,   автоматты   түрде
өтуіне, әрі ойдың таңбалық сипаты жоқтығына байланысты.
Ой – жазу процесін жазу – ой қатынасында көрсетуге болады.
Өйткені   жазу   –   таңба,   оның   тұрпаты   бар.   Сонымен,   көз   жазба
мәтінді   көріп,  ол тілдік   санадағы  графемамен,   графикалық   пор-
треттермен  ассоциация   жасайды.  Сөздің  адам  санасында  бейне-
ленген   графикалық   портреттері,   синтаксистік,   пунктуациялық
белгілер   арқылы   үстіңгі   синтаксистік   құрылымға   көшіріп   алы-
нады   және   астыңғы   синтаксистік   құрылымға   көшіріліп,   сөйлем
мәні   екшеледі.   Өйткені   жазба   мәтіннің   жөнделу,  редакцияла-ну
мүмкіндігі тілдің ауызша сөйлеу жүйесінен басқа үстіңгі мәтіндік
құрылым жасайды. Сөйтіп, мұнда негізгі мән белгісіз, жасырын
қалады.   Сондықтан   үстіңгі   құрылымды   астыңғы   құрылымға
көшірудің мәні бар.
Жазу-ой   процесін   мәтіннің   графикалық   “өмірінен”   бастап
көрсетуге   болады.   Өйткені   көз   қармап   көру   үшін   графикалық
кеңістіктің   үйреншікті   болуы,   стандарттылығы   маңызды.   Көз
мәтінді көргенде ондағы графикалық морфемаларды графикалық
мәнмәтінде   (контексте)   алып   оқиды.   Сөздің   графикалық
кеңістіктегі орны (азатжол, парақ басы, соңы), мазмұны (бас әріп,
кіші әріп), дыбыстық мағынасы (әріп түрлері), мәні (қарайтылған,
асты сызылған, жазба әріптер, үзілмелі жазылған), тыныс бел-
26
27

гілер арқылы мәтін мазмұны сол графикалық портретімен қоса
адам санасына қабылданады. Ішкі сөйлеу жазба тілдегі синтак-
систік   құрылымды   ауызша   тілдің   синтаксистік   құрылымына
айналдыруды   қажетсінбей-ақ,   санасында   орналасқан   сауатты
адамның елесіне сәйкес, жайылма сөйлемді, ықшамдап, екшеп,
предикатты   қатынасқа   түсіреді.   Сөйтіп,   жазылған   сөйлемнің
мазмұнын   ойға   көшіреді.   Белгілі   мотивтен   пайда   болған   ой
(ойлау) сыртқа шығатын мақсаты айқындалғанда (ішкі сөйлеу)
және ол жазу арқылы таңбаға айналатынында (сыртқы сөйлеу),
алдымен,   әрине,   ауызша   тілдің   грамматикалық   құрылымына
көшіріледі.   Жазба   тілаудиториясының   көмескілігі,   вербалды
емес   коммуникативтік   құралдардың   жоқтығы   жазба   мәтіннің
грамматикалық   құрылымын   жаңа   сатыға   көтереді.   Бұл  кейде
ішкі   сөйлеу  мазмұнына   дәл   шықса,   кейде   тереңдеп,   мотивті
айқындайды.
Сонымен, жазу-ой қатынасын былай көрсетуге  болады (1-
су-рет):
Жазба мәтін
графикалық контекст
графикалық портрет
Үстіңгі синтаксистік құрылымды қабылдау
ішкі сөйлеу
түсінік, ойлау
1 сурет  Жазу-ой қатынасы
Сонда, біздің ойымызша, пиктографиялық жазу мен қазіргі
дыбыстық  жазу  түрлерінің  негізінде   жетілген  жазба   тілдерде
әріпті фонема арқылы дыбысқа айналдыратын сипат болмайды.
Суретжазуда   салынған   таңбаларды   оқу   үшін   белгілі   тілді
білу шарт болмады. Салынған таңбаны генетикалық жағынан
байланысы жоқ тілдер оқи алмаса да, мәдени, экономикалық,
әлеуметтік жағдайы ортақ халықтар, туыс тілді ұлыстар бір-
бірінің тілін түсінбесе де оқитын болды деп ойлаймыз. Өйткені
суретжазуда  ой-жазу,  жазу-ой  қатынасы болды. Ал буынжазу,
дыбысжазуда  белгілі тілдің дыбыстық сегменттерін таңбалап,
әр   тілдің   өз   жазуын   жасады.   Дыбыстық   тілдің   қалыптану
кезеңдерінде ой – ауызша тіл – жазу қатынасы болады.
Ал   ендігі   сауаттану   деңгейі   жоғарылаған,   оқудың   авто-
маттанған дәуірінде ой – жазу, жазу – ой қатынасында болатын
сияқты. Сонда ойлау (бейне, схема, ұғым, түсінік, мотив) < ішкі
сөйлеу (предикаттық қатынастағы аморфты тіркестер, айтылатын
ойдың негізгі тақырыбы, қалай айтатыны, сөздің грамматикалық
құрылымы) < сыртқы тіл (логикалық синтаксистің граматикалық
синтаксиске айналуы, сөйлеу бірліктерін екшеуі, фонемалық код)
<   дыбыстық   тіл   (фонеманың   дыбысқа   айналуы,   ауызша   тіл
жүйесі)   <   графикалық   тіл   (фонеманың   әріпке   айналуы,   жазба
тілжүйесі,   орфография,   шрифт,   мәтін)   сатылары   арқылы   жазба
тілге айналады.
Сыртқы   тіл   мен   дыбыстық   актісінің   арасындағы   сәл   кідіріс
ойдың жүйелі шығуына көмектеседі. Сондықтан санада жетіл-ген
ойдың материалдану жолдары да қиын болмайды. Бұл ауыз-ша тіл
мен   жазба   тіларасына   да   байланысты.   Үнемі   ауызша   тілде
реалданып жүрген ой бір мезгілде жазба тілмәтініне айналады.
Зерттеушілер арасында жазуды ауызша тілге қатыссыз ойды
бірден   жарыққа   шығаратын   құрал   ретінде   танитындар   бар
(А.С.Чикобава).
Бүгінгі әдебиетте жазу арқылы ойлану басым. Морфологиялық
синтаксистің   билігі   күшті   болған   жазба   тілде   қазір   логикалық
синтаксис басым, сөйлем құрауда ассоциацияның билігі бар, тура
мағынадан   гөрі   астыртын   мағынадағы   сөздерді   көп   қолданатын
психологиялық   синтаксис   күшейіп   келеді.   Автор   индивидуалды
кодификация   жасайды,   оның   кодын   әр   оқушы   өзінше   ашады,
өзінше   түсінеді.   Сондықтан   қазіргі   ақын-жа-зушылар
шығармаларының   тілі   XVІІІғ.   ақын-жазушыларының   тіліне
ұқсамайды,   сондай-ақ  өткен   ғасыр   оқырмандарына  да  түсініксіз
болар еді.
Жазба   тілдегі   мұндай   процеске   ақпарат   тарату   жағынан
поштаға қарағанда 700 есе жылдам (300 есе арзан) гипермедиа
– интернет жүйесінің жылдамдығы да әсер етпей отырған жоқ.
Өйткені   бүгінде   интернет   тілі   әдеби,   ауызекі,   жазба   тілге
конку-рент болып келеді.
Ғалымдар  ХХғ.  аяғы  стильаралық  айырмашылықтардың
28
29

азаюымен,   әдеби   тілде   қарапайым,   ауызекі   тіл   элементтерінің
көбеюімен ерекшеленеді дейді. Бұның бәрі іштен шыққан ойдың
ішкі   тілдік   сүзекіден   өтпей,   яғни   астыңғы   құрылымның   үстіңгі
құрылымға   көшірілмей   (немесе   керісінше),   жазба   мәтінге   айна-
луынан   шығады.   Бұдан   бүгінгі   жазба   тілареалдарында   жазудың
екі түрлі бағытта қолданыс тауып отырғанын байқаймыз: 1) жаз-ба
тілді өз нормасы мен жүйесінде жұмсау (ғылыми стиль, ре-сми іс
қағаздар стилі, көркем әдебиет, публицистикалық стиль), 2) жазба
тілмен ауызша тіл аражігін жымдастыра жұмсау, шегін айырмау,
жазба-ауызекі   тіл   жасау   (интернет   тілі,   қолхат,   кейбір   көркем
әдебиеттер),   яғни   жазба   тілде   ауызекі   тіл   элементтерін   жиі
қолдану.
Сонымен,   жоғарыда   айтылғандарды   түйіндей   келе   бүгінгі
күн адамдарының санасында жазу-ойлау қатынасы және ойлау-
жазу қатынасы бар деген ойға келеміз.
Пысықтау сұрақтары:
1. Адам ойы жазуға қалай түседі?
2. Ішкі ой мен тілдің және ауызша тілдің арақатысы қандай?
3. Ойлау мен жазудың арасында қандай процестер бар?
2-семинар. Жазу – дербес жүйе ме, 
әлде ойдың бір формасы ма?
Семинар сұрақтары:
1. Жазуды   ойды   жарыққа   шығарудың   бір   формасы   ғана   деген
ғалымдар кімдер және қандай негізге сүйенді?
2. Жазуды   ауызша   тілден   бөлек   дербес   жүйе   деп   танудың
себептері қандай?
3. Жазудың дербес жүйелілігі дегенді қалай түсіндіңіз?
Жазу   теориясының   пәнін   анықтау   үшін   алдымен   жазу   де-
геніміз не, оның тілге қатысы қандай, жазу ауызша сөйлеу тілінің
көшірмесі   ме,  әлде  одан   өзгеше,   дербес   жүйе   ме,   жазба   тілмен
тілдің, жазу мен ойлаудың арасында қандай байланыс бар деген
мәселелерге арнайы тоқталу керек. Өйткені жазу – тілдің жаз-ба
жүйесі   немесе   тіл   өмір   сүруінің   бір   формасы   деген   қазірде
қалыптасып қалған екі түсінік және екі бағыт – жазудың бүгіні
мен болашағын айқындайтын, жазу монополиясының сипатын
саралайтын бағыттар болып табылады.
ХХғ. бастап халықтың сауаттану деңгейінің артуы, соған сай
жазудың демократиялануы, жазуы бар тілдің ғана тіл қатарына
саналып,   зерттеу   нысанына   айналуы,   жазу   арқылы   ой-лау
мүмкіндігі   жазу   мәселесіне   көңіл   бөлдіре   бастады.   Әсіресе
Фердинанд   де   Соссюрдің   “Тiл   және   сөз„   дихотомиясынан
кейiн, әлемдiк тiлдер жазуы  бар тiл мен жазуы  жоқ тiлдерге
ажыраты-ла бастағанынан кейiн, жазуы бар тiлдердiң әлемдiк
деңгейде   көбеюiнен   жазу   тiлдiң   екiнші   формасы   немесе
құрылымы   деген   ұғымдар   пайда   бола   бастады.   Жазуы
сақталған   өлi   тiлдердiң   бо-луы   немесе   жазуы   жоқ   тiлдердiң
өмiр сүруi және жазба тілдердiң көбеюi жазу – тiл өмiр сүруiнiң
бiр формасы ма, әлде өз алды-на дербес тiлдiк жүйе ме деген
сауалдарға жауап iздеудi қажет еттi.
Осы орайда мәселенің қазақ тіл білімінде алғаш қойылып
отыруына және ауызша тіл мәселесіне қатысты лингвистикада
біржақты пікірдің қалыптаса қоймауына байланысты шетелдік
және кеңестік ғалымдар мен тілшілердің еңбектеріне шолу жа-
сап, көзқарастарына  көңіл бөлеміз. Бұл жазба тілмен ауызша
тіл   ұғымдары   қатынасының   күрделілігіне   және   белгілі   бір
тұжырым   алдымен   ірі   теоретиктердің   пікірлеріне   негізделіп
барып айтылу қажеттілігінен туындайды.
Фердинанд де Соссюр  жазудың ауызша тілді көшіре беру
сипатынан өзге бағыт алатынын аңдады. Ірі теоретиктің тіл мен
сөз дихотомиясы жазу мен тілдің, жазу мен ауызша тілдің ара-
сын жаңа қырынан саралайтын үрдістердің басталуына түрткі
болды. Тілдік жүйеге енетін бірліктер алдымен сөйленісте пай-
да   болып,   қызметі   сараланып,   тұрақты   нормаға   айналғанша
өмір сүреді, ал тіл осы бірліктерді бекітеді.
Тіл (languа) – индивид санасында сақталған ғажайыптардың
қоры, көпшіліктің, тілдік ұжымның санасында орналасқан пас-
сив грамматикалық жүйе, сөз – (langage) жеке индивидтердің
қолдануындағы белсенді (актив) жүйе; сөйленістен екшелген,
сөйлеушілердің жанында қалатын тілдік әрекеттің бөлігі ғана
тіл болып табылады деді ғалым.
Ф.   де   Соссюрдің   сөйленіс,   сөзге   (речь)   қарағанда   тіл
табиғатын   барынша   танытатын   анықтауларынан   кейін,   тіл
ғылымының   негізгі   зерттеу   нысаны   жазба   мәтін   деректері
болып келгеннен кейін жазу мен тіл бірдеңгейде танылды.
Лингвистер   (ауызша   тілді   нысанға   алушылар)   мен   фило-
логтер (жазба тілді нысан етушілер) саналы, санасыз түрде де
30
31

жазба   тілдеңгейлерін,   олардың   бірліктеріне   (графема,   аллограф,
графонология, графикалық морфема, лексикология, синтаксис) тіл
деңгейлерінің бірлігі, құрылымы ретінде қарады.
И.А.Бодуэн   де   Куртенэнің  жазу   теориясына   қатысты
еңбектеріне (Об отношении русского письма к русскому язы-
ку” (1912), “Знаки препинания” (1913), “К теории” “слова как
такового” и “Буквы как таковой” (1914)) көз жүгірте отырып,
ғалымның жазуды психологиялық негізге табан тіреп, зерттеу
қажеттілігін   айтқанын   көреміз.   Себебі,   ғалымның   ойынша,
жазу мен тіл екі басқа дүние, бір-біріне сәйкеспейтін жүйелер:
жазу оптика немесе геометрияның пәні болса, дыбыс – жалпы
акустиканың пәні. Екі құрылымды осылай байланыссыз алсақ,
олардың арасында ешқандай қиысатын сәйкестіктер болмайды.
Сонда ауызша тіл мен жазудың байланысы адам психикасында
жүзеге асады.
Тек адам санасы арқылы ауызша тіл жазу жүйесіне, жазба
тілауызша тілге айнала алады. Бодуэн де Куртене жазба тілдің
дербестігін  алғаш   айтқан   ғалымның   бірі   болады.  Алайда
ғалым  жазба   тілдің   ойлаумен   тікелей   байланысатынына
күмәнмен   қарады:   “Айтылатын-естілетін   тіл   жазылатын-
оқылатын тіл-ден мүлде дербес күйде пайда болса, жазылатын-
оқылатын тіл алдыңғымен байланыста ғана мағыналы болады»
деген.   Ғалым   әріп   пен   дыбысты,   жазба   тілмен   ауызша   тілді
терминологиясы бойынша қатаң айыруды  талап еткен. Тілдік
ойлаудың   бір   түрі   мен   екіншісін,   терминдерін   араластырып
қолдануға қарсы бол-ды.
Автор үнемі ауызша тіл элементтерінің жазба тілбірліктеріне
айналғандағы   көріністерін,   сәйкестік,   сәйкессіздіктерін   сөз   етіп
отырған.   Мысалы,   ауызша   тілдің   морфологиялық   бөлінуі   жазба
тілде   былай   көрініс   табады   дейді:   азатжол,   нүкте,   қос   нүкте,
нүктелі   үтір,   үтір,   бас   әріп   –   сөйлемдер   мен   фразалар;   сөздер
арасындағы   босаралықтар,   сызықша,   дефис   –   сөйлем   іші;   мор-
фема,  түбір, қосымша – сөздің морфологиялық  принциппен жа-
зылуы.   И.А.Бодуэн   де   Куртенэ   мектеп   грамматикаларындағы
фонетиканы оқытудың әдістерін сынға алған (қысқа, ұзын әріп; тіл
ескерткіштері деген сияқты «терминдерді»).
Л.В.Щерба   Бодуэн   де   Куртенэ   тіл   ескерткіштерінен   тірі
адамның тілін зерттеуге шақырғанын, бұл оның ғылымдағы ең
басты, негізгі еңбегі екенін айтқан. “Бодуэн  де Куртенэ жазу
теориясына бірнеше рет қайта оралған: ол көп лингвистерден
өзгеше   ауызша   тілді   зерттейтін   әдіс-тәсілдерді   механикалық
түрде жазуды зерттеуге қолдана салудан қашқан. Жазудың өзіне
тән заңдылықтарын табуға тырысқан» дейді ғалым ұстазы ту-
ралы.
Сөйтіп,   ғалымның  жазу  саласына   қатысты   пікірлеріне   зер
сала отырып, жазу мен ауыза тілдің шегарасын айыру, екеуінің
даралығы   туралы   көзқарас   Б.   де   Куртенэ   тұжырымдарынан
басталғанына көз жеткіземіз.
Л.В.Щерба  ұстазы   Б.Куртэненің   ізімен   тіл   білімінің   негізгі
нысаны жазба тілемес, ауызша тіл болу керек деп, әу бастан жаз-
ба тілден ауызша тілді  айырып  алу  керектігін ескертті.  Өйткені
жазу консервативті дүние, ол ауызша тілге икемделмей сол күйі
қалып отырады да, екеуінің арасында сәйкессіздік пайда болады.
Ол   сәйкессіздік   грамматика   саласында   көрінеді.   Дұрыс   жазуды
меңгеру   үшін,   жазба   тілдің   грамматикасын   білу   керек   болып
шығады   деді   ғалым.   Сондықтан   жазба   тілдегі   морфологиялық
формаларды   ауызша   тіл   формалары   етіп   түсіндірудің   қателігін
көрсетті.   Егер   ауызша   тілді   сол   қалпында   жазуға   түсірсек   біз,
фонетика,   морфология,   синтаксис   құрылымдарынан   қанша   қате
жібергенімізді   көрер   едік,   сөзінің   жазба   нұсқасын   оқыған   адам
“қалай ғана қате жібергенмін” деп таңғалар еді дейді ғалым. «Бұл
факт   барлық   қателердің   әлеуметтік   негізі   бар   екенін,   ауыз-ша
тілдің жүйесінде бар екенін көрсетеді» деген. “Егер қандай да бір
грамматиканы грамматика үшін зерттеймін десек, онда тек ауызша
сөйленген сөздің грамматикасын зертеу керек...
Жазба тіл қандай да бір деңгейде өлі тіл болып табылады. Оны
бізге мектепте зорлықпен үйретеді» деп, оқулықтардағы тілдік
материал деп түсіндіретініміз жасанды тіл деді.
Сонымен, жазудың ауызша  тілден ерекшелігін айқындаған
ғалымдардың   көш   басында   Ф.де   Соссюр,   Б.де   Куртенэ,
В.В.Щерба тұрды.
Жазу   пәнін   анықтаудағы   келесі   кезең   ғалымдарының   пікір-
леріне   құлақ   ассақ,   мына   жағдайды   байқаймыз:   зерттеушілер
жазуды   ауызша   тілге   көмекші   құрал   ретінде   анықтаған   сай-ын,
оның дербестігі туралы айтады. Мысалы, Л.В.Зиндер алғашында
жазудың   дербес   жүйе   бола   алмайтынын   айтты,   жазу   тілдің   бір
формасы   деді.  Дыбысжазудан  басқа  ұғымжазу,   бәлкім,
автономды жүйе бола алар, ал дыбысжазудың әдетте де-рбестігі
төмен деді. Алайда ғалым еңбегінде көрсетілген сызба-да тілдік
жүйе екі түрлі тілден – дыбыстық және жазба тілден
32
33

тұрады. Дыбыстық тіл айту, тыңдау арқылы ауызша сөзде өмір
сүрсе, жазба тіл жазу мен оқу арқылы жазба сөзде өмір сүреді.
Сонда жазу ауызша сөзді жазба сөзге айналдыратын код болып
табылады, өздігінен жүйе құрай алмайды.
Сөйтіп,   Л.В.Зиндер   ауызша   тілдегі   морфонологиялық
құбылыс   тәрізді   жазу  да   графонологиялық   құбылыс   болаты-
нын, септік қосымшалары ауызша тіл мен жазба тілде екі түрлі
көрінетінін айтады. Сөйтіп, жазуды  да жүйе мен қолданысқа
бөлетін уақыт келгенін айтады.
И.Е.Гельбтің  ойынша,  жазудың   о   бастағы   болмысы   тілден
өзгеше еді. Адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға
қарағанда жетілген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу
өзінің дербес жүйелік сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба
орынбасары   болып   қалды.   Сондықтан   “жазуды   ауызша   тілдің
эквиваленті   деп,   көрінетін   таңбалар   арқылы   сөйлеуді   түсіретін
тәсіл   деп   танитын   лингвистер   жазудың   тарихи   дамуын   дұрыс
бағаламай   отыр,   олар   бұл   анықтамаларының   жазудың   алғашқы
сатысына сәйкес емес екенін біле алмайды. Ол кездегі жазу тілдің
ауызша   формасын   берген   жоқ”   дейді.   Ғалым   жазу   алғашында
сөйленген сөзбен әлсіз байланысты дейді.
Бір суретті әркім әртүрлі оқыды, ауызша тіл формаларына
сәйкеспеді, жазу фонетикалана бастағанда ғана ауызша форма-
сымен сәйкесе бастады. Бұл көзқарасқа қатысты тағы мынадай
пікір   барын   білеміз:   жазу   адамзат   тілінің   даму   сатысымен
сәйкес жетіліп отырды;  суретжазу  (пиктография),  ұғымжазу
(логог-рафия) адамзат тілінің дыбыстық бірліктерге ажырамай,
тұтас  сөйлемдердің бір морфемамен синкретті бірлігі кезінде
пайда   болса,  дыбысжазу  (фонография)   тілдің   дыбыстық
бірліктерге бөлінген дәуіріне сәйкес келеді: “Кең мағынасында
алғандағы жазу өзінің даму сатыларында ауызша тілмен бірдей
бола ал-майды, ал жазуды зерттеушінің лингвист болуы шарт
емес   ”   де-ген   И.Е.Гельб,   сондықтан   ойжазу   мен   дыбысжазу
арасындағы алшақтыққа назар аудару керек екенін айтады.
И.Е.Гельб   оқығанда   ғана   түсінікті   болатын   визуалды
морфемалардың болатыны жазудың ауызша тілден бөлек ком-
муникация құралы екендігін дәлелдейді дейді.
Каталог: uploads -> files
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
files -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
files -> Алматы облысының ӘКІМДІГІ алматы облысының МӘдениет, МҰРАҒаттар жәНЕ
files -> 11 бет 3 стр. №16 (109) 20 тамыз, 2015 жыл АҢдатпа
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 ф-пр-02 2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013

жүктеу 4.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет