Казахской национальной консерватории им. Курмангазы



жүктеу 5.1 Kb.

бет9/14
Дата12.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Балабеков Е.О. Қазақ музыкалық фольклоры. Алматы, Триумф-Т, 2007. -160 бет. 
 
REFERENCES 
1. Balabekov A.O. Kazakh loving folk-lore. Almaty, Triumph-T, 2007. -160 p. 
 
Насипканым КАМАЛОВА 
Профессор Южно-Казахстанского Государственного университета имени М.О.Ауэзова, 
кандидат педагогических наук 
Назымгуль КОСПАНОВА 
Магистрант Южно-Казахстанского Государственного университета имени М.О.Ауэзова 
 
ВОЗМОЖНОСТИ ПОДЪЁМА КУЛЬТУРНОГО УРОВНЯ НАРОДА НА ОСНОВЕ 
ТРАДИЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ 
 
Резюме: 
В  статье  рассматриваются  возможности  изменений  в  сфере  культурных  потребностей  человека  и 
общества  на  основе  традиционной  культуры.  Выясняются  факторы  изменения  народной  культуры  через 
применение к современным условиям передаваемой из поколение в поколение этнокультуры. 
 
Ключевые слова: Культура, человек, общество, этнос, этнокультура, ценности, фактор. 
 
Nasipkhanym KAMALOVA 
Professor of M.О.Auezov South Kazakhstan State University, Ph.D. 
Nazymgul KOSPANOVA 
Master of M.О.Auezov South Kazakhstan State University 
 
POSSIBILITIES OF CULTURAL LEVEL OF THE PEOPLE RISING ON THE BASIS OF 
TRADITIONAL CULTURE 
 
Summary: 
This article discusses the possibility of changes in the cultural needs of individuals and society based on 
traditional culture. Investigates the factors of popular culture change through the use of transmitted from generation 
to generation ethnic culture to modern conditions.  
 
Keywords: Culture, man, society, ethnicity, ethnic culture, values, factor.  
 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
65 
ƏОЖ 37+784-057.874 
 
Медеубек ТƏҢІРБЕРГЕНОВ 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, 
Шығармашылық жəне жаңа технологиялар ғылыми мектебінің директоры, педагогика 
ғылымдарының докторы 
МЕЙРАМКҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА 
«Сырдария» университетінің магистранты 
 
МУЗЫКАЛЫҚ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ВОКАЛДЫ ƏНШІЛІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ 
  
Мақалада  музыкалық-эстетикалық  білім  алушылардың  вокалды-орындаушылық  қабілетін  жоғарылату 
мəселелері қарастырылады.  
 
Тірек сөздер: тұлға, сынып, тəрбие, сыныптан тыс, музыка 
Ключевые слова: личность, класс, воспитание, внеклассные занятия, музыка 
Keywords: personality, class, education, extracurricular activities, music 
 
Тұлғаны  барлық  жағынан  дамытып  тəрбиелеу,  жас  ұрпақты  қоғам  құрылысына  белсене 
қатысуға  əзірлеу  міндеттері  де  мектеп  арқылы  жүзеге  асырылатын  болса,  мектепте  білім  жəне 
тəрбие  алу  барысында  жас  түлектердің  ақыл-ойы  дамиды,  адамгершілік  қасиеттері  қалыптасады, 
ой еңбегіне  төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады. Жеке 
тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатынын ескере отырып, оның іске асуы тек сабақ 
жүйесінде  ғана  емес,  сабақтан  тыс  жүргізілетін  əртүрлі  тəрбиелік  əрекеттермен  ұштасады.  Ол 
əлбетте сыныптан тыс жəне мектептен тыс болып бөлінеді. 
Сыныптан тыс тəрбие жұмысы мектептегі тəрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, 
ол  тəрбиенің  жалпы  мақсатын  орындауға  тəн - балаға  қоғамда  өмір  сүруге  қажетті  əлеуметтік 
тəжірибені  меңгерту  жəне  қоғамдық  тұрғыдан  қабылданған  құндылықтар  жүйесін  қалыптастыру. 
Осыған  орай,  оның  негізгі  мақсаты - сабақ  үстінде  жүзеге  асыратын  тəрбие  міндетін  толықтыру 
жəне  тереңдету,  олардың  қабілеттерін  неғұрлым  толық  ашу,  белгілі  бір  нəрсеге  қызығушылығы 
мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділігін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. 
Сабақтан  тыс  тəрбие  жұмысының  ерекшелігі  төмендегі  аталған  міндеттерде  көрсетілген: 
балада  өзіне  қатысты  жағымды  қатынасты  қалыптастыру  жəне  ондағы  өзін-өзі  бағалаудың 
əділдігін  қамтамасыз  ету.  Бұл  баланың  одан  əрі  дара  дамуының  негізі  болады.  Себебі,  тəжірибе 
көрсететіндей  «қиын  балада»  өзі  туралы  жағымсыз  көзқарас  қалыптасқан.  Тəрбие  жұмысы 
барысында  мұғалімдер  оны  не  күшейтеді.  Болмаса  өзіне  деген  жағымды  əсерді  өзгертеді.  Соған 
орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан сыныптан тыс тəрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді 
жоюға  мүмкіндік  берді  жəне  баланың  өзі  жөнінде  жағымды  көзқарастың  қалыптасуына,  өзінің 
күш-қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады. 
Біріншіден, балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара əрекет ету дағдысын қалыптастыру. егерде 
балада  өзіне  қатысты  жағымды  көзқарасы  бар  жағдайда  жолдастарымен  тіл  табысу,  олардың 
пікірін  тыңдау,  өзара  мүмкіндіктерін,  міндеттерін  бөлісу,  басқа  адамдардың  мүддесін  ескеру, 
көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды əрекеттесу 
дағдысы қалыптасады. 
Екіншіден,  балада  əртүрлі  көркемөнер  əрекеттерінің  түрімен  тікелей  танысу  арқылы  ондағы 
қажеттілікті  қалыптастыру.  Оған  қызығушылықты  баланың  дара  ерекшеліктерін  жəне  қажетті 
біліктілік пен дағды дəрежесін ескеру негізінде қалыптастыру, басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс 
жұмыста бала өзіне пайдалы əрекетпен шұғылдануы тиіс жəне оны өзіндік тұрғыдан ұйымдастыра 
алуы қажет. 
Үшіншіден,  баланың  дүниетаным  компоненттері:  адамгершілік,  эмоционалдық,  ерік-жігерін 
қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарда бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль жəне 
мінез-құлық  нормаларын  меңгереді.  Эмоциялық  сала  шығармашылық  əрекетте  эстетикалык 
көзқарас арқылы қалыптасады. 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
66  
Төртіншіден,  баланың  таным  қызығушылығын  дамыту.  Мұндай  міндетте  сыныптан  тыс 
жұмыс  сыныпта  жəне  сыныптан  тыс  əрекеттің  сабақтастығын  қамтамасыз  етеді.  Өйткені, 
сыныптан  тыс  жұмыс  сыныптағы  тəрбиемен  байланысты,  мұндай  көзқараста  ол  оқу  процесінің 
нəтижесін  арттыруға  бағытталған.  Баланың  таным  қызығушылығын  дамыту,  бір  жағдайда,  ол 
оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тəрбиелік ыкпалын күшейтеді. 
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың не бағыттарын анықтайды. Нақтылы 
іске, сыныпқа, мұғалімнің жағдайы ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін. 
Демек  біз  жоғарыда  айтқандай  тəрбие  жүйесінде  олардың  қызметі  ерекше.  Олар  тəрбие  берудің 
жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. 
Мектептен,  сыныптан  тыс  музыкалық  тəрбие  жұмысы  оқушыларды  қоғамдық  мəні  бар 
музыкалық  іс-əрекеттерге  белсенділікпен  қатыстыру,  бастамшылдық  пен  өз  беттілікке 
ынталандыру,  жеке  тұлғалық  музыкалық  кызығушылығын  арттыру  негізінде  музыкалық 
бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. 
Мектептен,  сыныптан  тыс  музыкалық  тəрбие  жұмысы,  мектептегі  оқу-  тəрбие  іс-əрекетінің 
табиғи  жалғасы  əрі  маңызды  элементтерінің  бірі  ретінде,  музыка  сабақтарында  алған  білім - 
іскерлік  дағдыларын  əрі  қарай  тереңдетіп  жалғастырушы  болып  табылады.  Мұндай  тəрбие 
жұмысы  оқушыларға  білім  мен  тəрбие  берудің  жалпы  принциптеріне  бағынады.  Оған  бірнеше 
ерекшеліктер тəн. 
Біріншіден,  мектептен,  сыныптан  тыс  түрлі  музыкалық  əрекет  баланың  музыка  сабағында 
ашыла бермейтін жеке-дара музыкалық қабілетін ашуға ықпал етеді. 
Екіншіден,  балалардың  ұжым  болып  əрекет  етуге  деген  талпыныстарын  қанағаттандырып, 
ұжымдық-орындаушылыққа, ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға үйретеді. 
Үшіншіден, мектептен, сыныптан тыс музыкалық тəрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде 
уақытқа  қатаң  шектеу  болмайды.  Бұл  баланың  өз  ынта-жігеріне  қалауына,  еркіне  сəйкес 
ұйымдастырылатын əрекеті. 
Төртіншіден,  мектептен,  сыныптан  тыс  музыкалық  тəрбие  жұмысының  түрімен  айналысу 
баланың  əлеуметтік-музыкалық  тəжірибесін  жандандырып,  жетілдіреді,  оны  музыка  өнерінің 
таңдаулы  үлгілерімен  кеңірек  таныстырып,  қажетті  музыкалық  практикалық  іскерлігі  мен 
дағдыларын қалыптастырады. 
Бесіншіден,  балалардың  мектептен,  сыныптан  тыс  музыкалық  тəрбие  жұмыстарымен 
шұғылдануы  олардың  өз  беттілігін,  бастамшылдығын  белсендіреді,  тұрақты  қызығушылығы 
қалыптасып,  өз  бетінше  шығармашылықты  тапсырмаларды  нəтижелі  орындауын  қамтамасыз  ете 
алады. 
Жүйелі түрде жəне мақсатты бағыттылықпен жүргізілетін сабақтан, сыныптан, мектептен тыс 
тəрбие жұмысы, сондай-ақ, балалардың музыкалық-шығармашылықтарын дамыту осы жұмыстың 
жоғарыда  аталған  ерекшеліктерін,  оқушылар  құрамының  жас  жəне  жеке  дара  ерекшеліктерін, 
материалдық  базаны  педагог  мамандардың  кəсіп  деңгейін,  жергілікті  жердегі  мəдени 
инфрақұрылымдардың жəне т.б. мүмкіндіктерін есепке алу негізінде түрі ұйымдастыру формалары 
арқылы  жүзеге  асырылғанда  ғана  нəтижелі  жетістіктерге  қол  жеткізеді.  Мысалы: - сыныптан
мектептен  тыс  тəрбие  жұмыстарын  негізгі  үш  топқа  бөліп  топтастыруға  болады:  оқушылармен 
жеке  жұмыс; - түрлі  үйірмелердегі,  клубтар  мен  қоғамдардағы  шығармашылық  бірлестіктердегі 
топпен жұмыс; - балаларды үлкен ұжымдарға қатыстыратын көпшілік іс-шаралары. 
Оқушылармен  жеке  жұмыс  жеке  дауыста  əн  салу  немесе  музыкалық  аспаптарда:  домбыра, 
қобыз,  сырнай,  фортепиано,  скрипка,  т.б.  басқа  ойнап,  балалардың  əуесқойлық  қызығушылығын 
қанағаттандыру  мақсатында  музыкант-педагогтардың  музыка  мамандарының  жетекшілігімен 
ұйымдастырылады.  Осындай  жеке  жұмыс  балалардың  болашақта  топтық  жұмысқа  тартылуының 
алғашқы сатысы болып табылады. Жеке аспаптық сабақтардың жоспары оқушының психологиялық, 
физиологиялық,  музыкалық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  жасалынады.  Үйірмелерге  қатысқан 
балалардың  мектептегі  мерекелік  концерттерде  өз  өнерлерін  көрсетудің  үлкен  мəнісі  бар,  себебі 
ондай  концерттер  оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерін  дамытып,  орындаушылық  шеберлігінің 
техникасын жетілдіреді. 
Топтық  музыкалық  тəрбие  жұмысының  түрлері  көп:  хор  үйірмесі,  музыкалық  аспаптық 
ансамбльдер, оркестрлер, балалардың музыка театры, балалардың музыкалық филармониясы жəне т. 
б. 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
67 
Оларды музыкалық іс-əрекетке, балаларды жас мөлшеріне, музыканың жанрлық ерекшеліктеріне 
қарай топтастыруға  болады.  Мəселен, хор үйірмесін  балалардың  жас  жəне  жыныс  ерекшеліктеріне 
қарай балдырғандар хоры (1-4 сыныптар), жас өспірімдер (5-8 сыныптардың оқушыларынан немесе 
5-6 жəне 7-8 сыныптарға) бөліп жоғарғы 9-11 сынып балалар хорларын ұйымдастыруға болады. Хор 
үйірмелеріне  көбінесе  музыкалық  қабілеттері  бар  оқушылардың  қатысатыны  белгілі.  Іс-жүзіндегі 
тəжірибелер көрсеткендей музыкалық қабілеттері нашар, бірақ музыкаға деген кызығушылығы мен 
ықыластары  бар  балалар  хорға  қатысып,  өздерінің  музыкалық  қабілеттері  мен  дауыстарын 
дамытқандықтары белгілі. 
Музыкалық  аспаптар  үйірмесінде  жүзеге  асырылатын  топпен  музыкалық  тəрбие  берудің 
түрлеріне түрлі ансамбльдер, мектеп оркестрлері мысал бола алады. Мектеп оркестрі немесе халық 
аспаптар  ансамблінің  де  оқушылардың  музыкалық  қабілетін  дамытудағы  рөлі  ерекше.  Оркестрге 
қатысқан оқушылардын өз аспаптары болуы тиіс. Өйткені, əрбір оқушы оркестрдің репетициясының 
сапалы  өтуіне  өз  беттерінше  үйлерінде  музыкалық  дайындықтар  жүргізулері  тиіс.  Осындай 
жұмыстардың салдарынан олардың аспапты меңгерудегі дағдыларымен орындаушылық шеберліктің 
техникасы,  музыкалық  қабілеттері  дамиды.  Оркестр  ұжымының  репертуарын  таңдауда  оның 
көркемдік  жəне  техникалық  орындаушылығының  деңгейін,  мүмкіншіліктерін  ескеріп  құрастырған 
жөн. Музыкалық шығармалар оқушыларға ыңғайлы, əрі қызықты болуы тиіс. 
Қызықты  ұйымдастырылған  сабақтар,  репертуарды  іскерлі  таңдай  білу  шығарманың 
партитурасын  оркестрге  түсіруде  қолайлы  жасау,  жетекшінің  дирижерлаудағы  қол  қимылының 
техникасы окушылардың музыкалық өнерге деген сүйіспеншіліктерін тəрбиелеуге, орындаушылық 
мəдениетін қалыптастыруға себебін тигізеді. 
Қазіргі уақытта жеке аспаптарда орындау үйірмелері (фортепиано, баян, домбыра, қобыз жəне 
т.б.) кеңінен таралуда. Мұның өзі мұғалімнің оқушымен жеке дара жұмысына, олардың музыкалық 
қабілеттерінің жете дамуына, музыкаға деген қызығушылығы мен талғамын тəрбиелеуге қолайлы 
жағдайлар жасайды. 
Музыкалық  көпшілік  іс-шаралар  түрлеріне:  музыкалық-тақырыптық  ертеңгіліктер,  кештер, 
кездесулер,  музыкалық  мейрамдар,  апталықтар,  конкурстар,  байқаулар,  концерттер,  дискотека 
жəне т.б. жатады. 
Мектептен,  сыныптан  тыс  жүргізілетін  музыкалық  тəрбиенің  көпшілік  түріне  мектеп 
мерекелер  де  жатады.  Олардың  тақырыптары  да  əртүрлі  болуы  мүмкін.  Ерекше  мəн  беретін 
мерекелер: «Алтын күз», «8-Наурыз», «Наурыз», «9 мамыр - Жеңіс күні», «Жаңа жыл». Мерекелер 
оқушыларға  қуаныш  сыйлап,  олардың  сезімдерінің  бірігуіне  жəне  де  əрбір  қатысушының 
көркемдік  қабілеттері  мен  шығармашылық  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндіктер  беруі  тиіс. 
Мерекелерді ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескеріледі. 
Сыныптан  тыс  музыкалық  тəрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  əн  салу,  музыкалық 
шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене 
тəрбиесіне,  денсаулығына  жағымды  ықпалын  тигізеді.  Осындай  іс-əрекетпен  жүйелі  түрде 
шұғылдану  өкпедегі  оттегі  алмасуын  белсендіріп,  дауыс  аппаратының,  дем  алу  органдарының 
шымыр  да  икемді  жетілуіне,  жалпы  денсаулығының  жақсы  болуын  қамтамасыз  етеді.  Əн  салу, 
музыка  тыңдау  адамның  тонусын,  яғни  жүйке  жүйесі  мен  бұлшық  еттерінің  физиологиялық 
жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп əн салу процесінде дене бітімі, басты, 
қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойылуы балалардың дене қозғалысы 
мəдениетін  калыптастыруға  көмектеседі.  Музыкалық  есту  қабілеттерін  дамытуға  бағытталған 
жүйелі  түрде  жүргізілетін  жаттығулардың  да  мəні  зор.  Ондай  жаттығулар  жасау  барысында 
оқушылар  тек  дыбыстардың  биіктігі  мен  ұзақтығын,  тембрін,  күшін  бір  мезгілде  немесе 
бірізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату кабілеттерін иеленеді. 
Тұжырымдай келе, музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі жəне тілмен айтып жеткізе 
алмайтын ұшқыр қиялы, нəзік сезімі. Ол өзінің көркемдігі мен нəзіктілігімен адам жанын баурап, 
олардын  ақыл-ой,  сана-сезімінің  кеңейіп,  жақсы  мінез-құлықтарының  қалыптасуына  əсер  етеді. 
Оқушылардың  музыкалық  іс-əрекеттерінде  дамитын  ойлаудың  осы  сферасы  олардың  болмысты 
тануына  көмектеседі,  дүниетанымын  кеңейтеді,  ақыл-ой  қабілеттерін  жетілдіреді.  Қиялдың, 
фантазияның  дамуы  тəлім-тəрбиенің  маңызды  жақтарының  бірі.  Осы  ретте  бала  қиялын 
шарықтатып,  арман-мақсатының  өресін  биіктетуде,  шығармашылыққа  жетелеуде  музыканың 
маңызы  зор.  Мектептен,  сыныптан  тыс  музыкалық  тəрбие  жұмысы  музыка  пəні  мұғалімінің 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
68  
жетекшілігімен ұйымдастырылады. Оны жоспарлап ұйымдастыруда мұғалім балалардың жас жəне 
жеке-дара  ерекшеліктерін,  музыкалық  қабілет,  нышандарының  даму  деңгейлерін  есепке  алып, 
жергілікті  жердегі  балалардың  шығармашылық  орталықтарымен,  филармониямен,  театрлармен, 
музыкалық 
қоғамдармен 
жəне 
басқа 
да 
музыкалық 
тəрбие 
беретін 
қоғамдық 
инфракұрылымдармен,  ата-аналармен  біріккен  жұмыстарды  ұйымдастырады.  Сонымен  бірге, 
музыка  пəні  мұғалімі  оқушылардың  сыныптан,  мектептен  тыс  тəрбие  жұмысының  нəтижелерін 
қорытындылап отырғаны дұрыс.  
  
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
  
1.  Едігенова,  А.  Ж.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  қазақ  халық  ертегілеріне  танымдық 
қызығушылығын қалыптастыру. п.ғ.к. ... дисс. автореф. – А., 2004. – 25 б. 
2. Менабени, Г. А. Методика обучения сольному пению. – Л., 1987. 
3. Дмитриев, Л. Б. Основы вокальной методики. – М., 1968. 
4. Чаплин, В. Л. Вопросы вокальной педагогики. – М., 1969.  
5. Шойынбаев, Қ.Ə. Дауысты қалыптастыру. – Ш., 2002. 
6. Шойынбаев, Қ.Ə. Дауыс қою методикасы. – Ш., 2005. 
7. Шепаева, С. А., Сыдыкова, Р. Ш. Əн айтуды үйрету əдістемесі. – Ш., 2008. 
8. Қожахметова А. Ш. Əншілік дауыс тəрбиесі. – А., 2006. 
 
REFERENCES 
 
1.  Edìgenova, A. Ž. Bastauyš synyp oķušylaryny  ķazaķ halyķ ertegìlerìne tanymdyķ  ķyzyġušylyġyn 
ķalyptastyru. p.ġ.k. ... diss. avtoref. – A., 2004. – 25 b. 
2. Menabeni, G. A. Metodika obučeniâ sol’nomu peniû. – L., 1987. 
3. Dmitriev, L. B. Osnovy vokal’noj metodiki. – M., 1968. 
4. Chaplin, V. L. Voprosy vokal’noj pedagogiki. – M., 1969.  
5. Šojynbaev, Ķ.A. Dauysty ķalyptastyru. – Š., 2002. 
6. Šojynbaev, Ķ.A. Dauys ķoû metodikasy. – Š., 2005. 
7. Šepaeva, S. A., Sydykova, R. Š. An ajtudy ùjretu adìstemesì. – Š., 2008. 
8. Ķožahmetova A. Š. Anšìlìk dauys tarbiesì. – A., 2006. 
 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
69 
Медеубек ТƏНИРБЕРГЕНОВ 
Профессор Южно-Казахстанкого государственного педагогического института, директор школы 
науки твочрества и новых технологии, доктор педагогических наук 
Мейрамкуль ТУЛЕГЕНОВА 
Магистрант университета «Сырдарья» 
 
РАЗВИТИЕ ВОКАЛЬНЫХ СПОСОБНОСТЕЙ УЧЕНИКОВ В МУЗЫКАЛЬНО-
ЭСТЕТИЧЕСКОМ ОБРАЗОВАНИИ 
 
Резюме: 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  повышения  вокально-певческих  способностей  учащихся  в 
музыкально-эстетическом образовании. 
 
Ключевые слова: личность, класс, воспитание, внеклассные занятия, музыка 
 
Medeubek TANIRBERGENOV 
Professor of South Kazakhstan State Pedagogical Institute, the Director of the Scientific School of creativity 
and new technologies, doctor of pedagogical sciences 
Meyramkul TULEGENOVA 
Master of Syrdaria University 
 
DEVELOPMENT OF PUPILS VOCAL ABILITIES IN THE MUSICAL AND AESTHETIC 
EDUCATION 
 
Summary: 
In this article increase of vocal and singing abilities of pupils in musical and esthetic educations are considered. 
 
Keywords: personality, class, education, extracurricular activities, music 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
70  
ƏОЖ  371-057.874   
 
 
 
 
 
 
 
 
МЕДЕУБЕК ТƏҢІРБЕРГЕНОВ 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, 
Шығармашылық жəне жаңа технологиялар ғылыми мектебінің директоры, педагогика 
ғылымдарының докторы 
АҚБӨПЕ БАЛАБЕКОВА 
«Сырдария» университетінің магистранты 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН  
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Мақалада бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың жолдары қарастырылады.   
 
Тірек сөздер: мектеп, шығармашылық, психология, педагогика, бала, бастауыш, қабілет. 
Ключевые слова: школа, творчество, психология, педагогика, учащийся, начальная школа, способность 
Keywords: school, work, psychology, pedagogy, teachers, primary, ability 
 
Мектеп  құрылымында  болып  жатқан  өзгерістер,  білім  беру  мақсаттарының  алмасуы,  оның 
дамытушылық  сипаттарының  бекітілуі,  көпнұсқалық  оқытуға  көшу  сияқты  мəселелер 
орындаушылардан  шығармашылық  бастамалық,  жөні  бөлек  көзқарастарды,  жұмыстың  жоғары 
сапасын жəне кəсібилікті талап етеді. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығына ұмтылуы, 
ізденуі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін 
нығайтып, өмірден өз орнын таба білуге көмектеседі. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар 
өзінен-өзі  жойылуға  да  қабілетті.  Баланы  бастауыш  сыныптан  бастап  шығармашылыққа  ойлауға, 
қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық əрекеттерге дайын болуға тəрбиелеу қажет.  
Шығармашылық – бүкіл  тіршіліктің  көзі.  Баланың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытудың 
жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогикада ертеден зерттеліп келеді.  
Көрнекі  педагогтар  К.Д.Ушинский,  Ы.Алтынсарин,  А.С.Макаренконың  шығармаларында 
қабілеттерді  дамытудың  жолдары  қарастырылса,  оқушы  шығармашылығына  бағыт-бағдар  беруді 
ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Өз республикамызда бұл мəселеге назар 
аударған  ғалымдар  Ə.Қоңыратбаев,  С.Тілешова,  В.Д.Чернов,  Қ.Ə.Жаманбаева,  М.Мұхамединдер 
ойын əрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.  
Шығармашылық  қабілеттерді  дамытуды  бастамас  бұрын  ең  алдымен  «қабілет»  ұғымының 
мəнін терең түсініп алу қажет.  
Қабілет:  
- білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері.  
-  талаптарды  қанағаттандыратын  жəне  үлкен  жетістіктерге  жеткізетін  адамның  қасиеттерінің 
синтезін айтады.  
-  іс-əрекеттің  белгілі  бір  түрін  ойдағыдай,  нəтижелі  орындауда  көрінетін  адамның  жеке 
қасиеті.  
- жеке адамның психологиялық айырмашылығы.  
-  білім-білік  жиынтығы,  оларды  қолдана  білудегі  дербестік,  саналылық,  шығармашылық.  
       Қабілеттерді негізгі 3 топқа бөлейік.  
1. Психологиялық қабілеттер;  
2. Ақыл-ой қабілеті;  
3. Физиологиялық қабілеттер.  
Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейінің болатындығын дəлелдейді.  
- репродуктивті- іс-əрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі;  
- шығармашылық- жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.  
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:  
• мəселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті;  
• ақпаратты жүйке жүйесі арқылы хабарлауды;  

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
71 
• тасымалдай білуді;  
• ақылдың икемділігі, ойдың орамдылығын;  
• əрекетті бағалай білуді қарастырады.  
Шығармашылық туралы айтылған ойлар мен жасалған тұжырымдамаларды талдай отырып, ол 
төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам əрекеті деген қорытынды жасаймыз:  
• шығармашылықта қарама-қайшылықтардың болуы;  
• əлеуметтік немесе жеке адамға деген мəнінің болуы;  
• шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;  
• нəтиженің жаңалығы, соңғылығы.  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғалылығын  тəрбиелеу  үшін,  ең  алдымен  олардың 
шығармашылық қабілеттерін дамытудың мəні зор. Ал сол шығармашылық қабілеттерді дамытудың 
көптеген əдістері мен тəсілдері бар. 
Енді соларға көңіл аударайық:  
Шығармашылық қабілеттер əр бастауыш сынып оқушысының бойында болады. Қабілеттердің 
бірдей еместігін сыныпта отырған оқушылардың əрқайсысының əр пəнге жəне əр деңгейде қабілеті 
болғандығымен дəлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері 
сурет салғанды тəуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттер де 
əр түрлі болып келеді. Мысалға: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, 
дəл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің ара қатынасын 
жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, 
сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.  
Бастауыш  сынып  оқушыларына  тəн  шығармашылық  процестің  кезеңдерін  шартты  түрде 
төмендегідей топтастыруға болады:  
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.  
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.  
3. Шешімнің жарық көруі.  
4. Шығармашылық акт.  
5. Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу.  
Бастауыш  сыныпта  көп  берілмейтін  шығармашылыққа  үйрету  жұмысының  бірі - өлең 
жазғызуға баулу. Бұл жұмысты 1-ші сыныпта əліппеден кейінгі кезеңнен-ақ бастаған жөн. Ол үшін 
оқушыларға  ең  алдымен  ұйқас  сөздің  мəнін  түсіндіріп,  өлеңдердегі  ұйқастарды  табуға  тапсырма 
беріледі.  Сонан  кейін  ғана  алдымен  жеке  дыбыстар,  сосын  буындар,  одан  кейін  берілген  жол 
арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:  
1) у-у-у сыныпта жақсы оқу.  
2) – ға,-ға,-ға бардым ауылға.  
3) Ауылға барамын, Төлдерді табамын.  
Осы тəртіппен үйретіле бастаған бұл жұмыс кейіннен күрделене түседі.  
4)  өлеңнің  бірінші  жолын  беріп,  қалған 2-ші,3-ші,4-ші  жолдарын  ұйқастарды  ескере  отырып, 
балалардың өздеріне жалғастыру ұсынылады.  
Əрине, бұл жұмыстың нəтижелі болуы үшін мұндай əдісті тұрақты түрде жəне жиі қолданып 
отырған жөн. 2,3,4 сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп алады. 
Оқушыларды  шығармашылыққа  үйретудің  тағы  бір  жолы - əңгіме,  ертегілер  жазғызу.  Бұл 
жұмысты  төмендегідей  бастаған  жөн.  Сынып  оқушыларына  қағаз  таратылып  беріледі.  Оларға 
сұрақтарға жауап жазатын орын қалдырып, баған түрінде көшіріп алу тапсырылады. 1-ші сұраққа 
жауапты  өзі  жазады,  сосын  жауабын  көршісі  көрмейтіндей  етіп  жауып,  парталас  отырған  балаға 
береді. 2-ші сұраққа жауапты сол бала жазып, жоғарыдағы ретпен жұмыс жалғаса береді. Ең соңғы 
сұраққа жауап жазылып біткенде, жұмыс жиналып алынады да, жалпы сынып алдында оқылады. 
Сұрақтар келесідей болуы мүмкін:  
1. Ол кім? (не?)  
2. Ол қандай?  
3. Қайда барды?  
4. Кімді (нені) кездестірді?  
5. Оқиға немен аяқталды?  
6. Не туралы сөйлесті?  

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
72  
7. Əрі қарай не болды?  
Осы  тəріздес  жұмыстар  баланың  қиялын  шарықтатып,  шығармашылығын  дамытуға  ықпал 
ететіндігіне көз жеткізуге болады.   
Оқу  сабақтарын  түрлендіріп,  оларға  дамытушылық  сипат  беретін  жұмыстың  бірі - диафильм 
жасату.  
Диафильм - суретті  шығарма.  Онда  сурет  тірек  ретінде  пайдаланылады.  Диафильм  жасауға 
лайықты деп табылған тақырып мазмұны бөліктерге бөлінеді. Сосын бір бет қағаз алып, оны 4-ке 
бүктеу  тапсырылады.  Ол  бөліктерге  шығарманың  бөліктерінің  мазмұнына  сəйкес  суреттер 
тапсырылады. Сынып жоғарылаған сайын қойылатын мақсаттар да күрделене түседі. Мысалға:  
- тақырыпты қызықты эпизодтарға бөл, белгіле;  
- диафильм кадрларының ретін көз алдына елестет;  
- оларды альбом бетіне сал;  
- əр кадрға қысқа (мəтін-титр) құрастыр;  
- кадрларға сюжеттер бойынша əңгімелеп бер.  
Диафильм  баланың  зейінін,  байқампаздығын  тəрбиелеп,  ойын,  тілін,  шығармашылығын 
дамытады. Негізгіні анықтап, логиканы қатаң түрде сақтай білуге үйретеді.  
Оқушылардың қызығушылық туғызатын шығармашылық жұмыстардың бірі - мүсіндеу. Оқып 
отырған  шығармадағы  өзіне  ұнаған  кейіпкерлердің  мүсінін  жасатқызу  арқылы  оқушыларды 
шығармашылық  əрекеттің  құмарту,  қиялдау,  идеяның  жарқ  ету,  интуиция,  шабыт  сияқты 
кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға əкелуге болады. Бұл жұмыстарды топтарда ұйымдастырған 
қолайлы.  Шығарма  ең  алдымен  оқылады,  бөліктерге  бөлінеді.  Сосын  бір  үзіндіні  композиция 
түрінде  ермексаздан  бейнелеу  тапсырылады.  Жұмыс  аяқталған  соң,  əр  топ  өз  композициясы 
арқылы  не  айтқылары  келгендерін  түсіндіріп  береді.  Бұл  жұмыстар  баланың  шығармашылығын 
дамытып, оның мінез-құлқын, жаупкершілігін тəрбиелейді.  
Келесі  жұмыс  түрі - драмалау.  Драмалау  қоршаған  ортадан,  оқиғадан  өз  көрген  білгендерін, 
көңіл-күйлерін,  алған  əсерлерін  білдіруге  асығып  тұратын  кіші  жастағы  оқушыларға  өте  жақын. 
Бұл  туралы  Л.С.Выготский “…драма  басқа  шығармашылық  жұмыстарға  қарағанда  балаға 
жақындау,  өйткені  ол  ойынмен  тікелей  байланысты,  оның  тұла  бойында  шығармашылықтың  əр 
түрлі элементтері бар”, - деген.  
Шығарманың кейіпкерін сахналау үшін оны түсіну, оның образына ене білу қажет. Ол баладан 
үлкен саналылықты талап етеді.  
Бұл  жұмыс  арқылы  бала  өмірлік  тəжірібе  жинақтайды,  өмірге  деген  көзқарасы  қалыптасады. 
Драмалауға сабақта аз уақыт бөлінеді. Ол кезде оқушылар сыныпта қажетті реквизиттер əзірлейді, 
рөлдерін  бөледі,  дайындық  жасайды.  Көріністің  өзі 10-15 минуттай  уақыт  алады.  Соңынан 
ұйымдастырылған  пікірталаста  кімнің  қалай  ойнағандары,  қандай  кемшіліктер  жібергендері 
талқыланады.  Араларынан  жақсы  «ойнай»  алатын  «актерлер»  де  шығып  жатады.  
        Баланың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  жұмбақтар  жəне  мақал-мəтелдермен 
жұмысты  жаңаша  ұйымдастырудың  көп  көмегі  тиуі  мүмкін.  Жұмбақтар - көркем  миниатюра. 
Оларды  салыстыру  арқылы  пайда  болатын  образдар  беріледі.  Сондықтан  оларды  шешу  кезінде 
баланың логикалық ойы дамиды.  
Бастауыш  сыныптардың  «Ана  тілі»  оқулықтарында  берілген  мақал-мəтелдерді  бала 
шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың мəні зор. бұл жанрымен жұмыс төмендегідей 
ұйымдастырылады:  
1. Оқиғаға байланысты мақал-мəтелдер айтқызу.  
2. Керісінше, мақал-мəтелдің мағынасына қарай оқиға ойлау.  
3. Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айтқызу.  
4. Мақалдың мағынасын ашатын суреттер жинау.  
5. “Халық даналығын ұмытқан жоқсың ба?” түріндегі ойын.  
Келесі жұмыс түрін де балалар өте қызықты орындайды. Тақтаға сюжетті сурет іліп қоямын. 
Мысалға: «Қалың орман. Айнала жап-жасыл. Өзен ағып жатыр. Жағасында балық аулап отырған 
адам бейнеленген. Өзенде үйрек, қаздар жүзіп жүр».  
Осы суретке қарап отырып, мақалдар айту тапсырылады. Сонда:  
• Сулы жер - нулы жер.  
• Еңбек етсең, емерсің.  

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
73 
• Еңбек ер атандырады.  
• Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды.  
•  Табиғат – туған  анаң  т.б.  мақалдарды  балалар  естеріне  түсірді. Бұл  тапсырманы  орындау 
арқылы  сөздің  құдіретін  түсіну,  мақалға  деген  қызығушылығын  ояту,  оларды  пайдалана  білу 
сияқты педагогикалық-психологиялық міндеттер шешіледі.  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  бойындағы  шығармашылық  қабілеттерді  дамыту  зерттеу 
əрекетімен  тікелей  байланысты.  Шығармашылық  пен  зерттеу  арқылы  оқыту  барысында  болатын 
үдерісті – шығармашылық  ізденушілік  деп  атайды.  Ал  шығармашылық  ізденушілік  кез-келген 
кəсіппен  тікелей  байланысты.  Егерде  баламен  жұмыс  істеуде  мұғалім  балалардың 
шығармашылыққа  қызығушылығын  тудырса – бала  зерттеу  арқылы  көпке  қол  жеткізе  алады. 
Оқушылардың  зерттеу  іс-əрекеттерін  ұйымдастырудың  түрлері  көп  жəне  олар  шығармашылық 
жұмыстың ерекшеліктеріне қарай қолданылады. 
Қарапайым жаттығуларға тоқталып өтейік:  
• «əлемге бөтен көзбен қарау»  
• «Басқа кейіпкер атынан əңгіме құру»  
• «Оқиғаның соңын пайдаланып, əңгіме құру»  
- «… Сөйтіп біз өз машинамызды таба алмадық».  
- «… Ит Əсетке қарай жүгіріп, оның бетін жалап алды».  
- «… мысық Динаның қолында ұйықтап қалды».  
• «Заттың қанша маңызы бар». 
Балаларға  өздеріне  өте  жақсы  таныс  зат  беріледі.  Ол  кірпіш,  газет,  бор,  қарындаш  болуы 
мүмкін. Тапсырма əдеттегідей емес, басқаша қалай қолдануға болатынын келтіру. Бұл тапсырманы 
орындау барысында баланың шығармашылық қабілеттері өсе түседі.  
• «заттың белгілерін ата»  
• «суретті толықтыр»  
Мысалға  келесідей  тапсырма  беріледі: Бала  шығармашылығын  тек  ана  тілі,  қазақ  тілі 
сабақтарында  ғана  дамытуға  болады  деу  дұрыс  емес.  Кез-келген  сабақта  баланың  бойындағы 
қабілеттерді  дамыту  басты  мақсат  болуға  тиісті.  Əсіресе  бейнелеу  өнері,  еңбекке  баулу 
сабақтарында  балалар  шығармашылықтың  түрлі-түрлі  қырларын  көрсете  түседі.  Мысал  келтіре 
кетсек, бейнелеу өнері сабағында келесідей тапсырмаларды қолдануға болады:  
•  портретті  ойлап  тап та, жинап  ал – шарты : мұғалім  көз, мұрын, ауыз, құлақ, шаш  үлгілері 
салынған  карточкаларды  тақтаға  іліп  қояды,  ал  оқушылар  сол  үлгілерге  қарап  отырып  ойлап 
тапқан адам бейнесін құрастырады.  
•  Аңдардың  бейнесін  құрастыр – шарты:  мұғалім  əр  балаға  аңдар  немесе  жануарлар 
бейнеленген  суреттерді  дене  мүшелерін  бөлек  қиып  таратып  береді,  ал  оқушы  сол  бөліктерді 
құрастыру керек.  
•  Ізін  тап – шарты:  тақтаға  түрлі  адамның,  жануарлар  мен  аңдардың,  құстар  мен 
қосмекенділердің суреттерін іліп қояды да солардың іздерін дəптерлеріңе сал деп тапсырма береді.  
Əрине  баланың  шығармашылығын,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытатын  жаттығулар  мен 
тапсырмалар, əдістер мен тəсілдер сан алуан.    Сабақ құрылымына шығармашылық пен зерттеуді 
ендіру  жəне  қолдана  алу  əр  мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты.  Бастауыш  сынып  оқушысы 
ермексаз тəріздес, қандай пішінге келтірсең сол қалыпта ары қарай орта буынға кетеді.      Баланың 
шығармашыл  не  болмаса  қалыпты,  басқалардан  ешбір  айырмашылығы  жоқ  тұлға  болары  біздер, 
бастауыш сынып мұғалімдерінің қолында. 
 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал