Казахской национальной консерватории им. Курмангазы



жүктеу 5.1 Kb.

бет13/14
Дата12.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Ақ  жайық»    –  күйшінің  Жайық  жағасындағы  жалындап  өткен  жастық  шағының  куəсі. 
Қызықты  сəттерін суреттер  күй  табиғатына  жеңіл  де  сезімге  беріле ойнау  жарасымды. Қазақ күй 
өнерінде  адам  жан-дүниесін,  рухани  күйін  жеткізуде  сан  алуан  күйшілер  табиғат  тақырыбына 
арналған туындылармен байланыстыра əсем суреттеген. 
 Басынан  соңына  дейін  бір  ғана  ⅝  өлшемімен  жүріп  отыратын  күй  –өмірдің  қайғысы  мен 
қуанышын  бірдей  көтере  білген  автордың  қайсарлығы  мен  салмақтылығын  айқындағандай. 
«Каспий  толқыны»  туындысында  толқын  бейнесі  жетік  суреттелсе,  Жайықтың  ағысының  жағаға 
соғуы  секвенциялар  арқылы  күй  табиғатын  тыңдаушыға  ұғындыра  түседі.  Екі  төмен  екі  жоғары 
кезектесе жүретін қағыс түрі өлшеммен бірге біте қайнасып жатқандай. 
«Ақжайық» - бас  буын,  орта  буын  мен 2 саға,  яғни,  кіші  жəне  үлкен  сағалардан  тұрады. 
Фригийлік ладта жүреді.  
Күй мазмұны дəстүрлі «d-a» тірегінен бастау алып, кіріспе 10 такты таныстырудан соң, Дина 
күйлеріне  тəн  ладгармониялық  тіректің  «f-c»  нотасына  ауысқандығын  байқаймыз.  Екінші 
ауысымда тақырып орта буынның диапазонын мейлінше ұлғайтып, «b-f» ноталарына дейін барып, 
əр  кез  көздеген  «a-es»  нотасына  барып  отырады.  Ырғағы – Батыс  Қазақстан  күйлерінен  алыс 
кетпейді. Əсіресе, Түркеш, Құрманғазы, Қауеннің «Сəн-ау» күйіндегі элементтер келеді. 
Орта  буын  «g-c¹»  нотасынан  басталса  да, «b-f»  ладтық  тірекке  тоқтайды.  Үстіңгі  ішек 
толығымен  ойналып  болған  соң,  əуен  астыңғы  ішекте  ауысып,  əдетінше  секвенция  арқылы 
жылжиды. «g-с²»  нотасына  дейін  барып,  қайталана  шолақ  қайырым  байланысымен  бас  буынның 
екінші ауысымын қысқаша қайталап аяқтайды. 
Күй – жалғасы  кіші  сағада  «d-a¹»  басталып,  сол  мезетте  əуенді  орта  буын  үстіңгі  ішегінде 
сағада  ойнап  бола,  диапазонын  кеңейте  «d-с¹»  нотасына  дейін  жалғап,  біртіндеп  көтеріле  бас 
буынға келіп аяқтайды. 
Үлкен  сағаның  басталуы,  кіші  сағаның  кіріспесі  мен  үстіңгі  ішектегі  əуеннің  қайталануымен 
байланысты.  Əрі  қарай  үлкен  сағаның  дамуы  вариациялық  түрде  дамып,  ырғақтық  суреттің 
өзгеруіне  жол  береді. «d-с²»  тірегіне  барып  тоқтаған  жүріс,  үстіңгі  ішекке  кезек  береді.Үлкен 
                                          

Махамбет,  З.Есжанова,  Қ,Ахмедьяровтардың  «Жайық»  тақырыбына  арналған  күйлеріне  музыкалық  ерекшеліктері 
көрсетіліп, салыстырмалы талдау жасалынды. 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
95 
сағаның интервалдық жүрістері Құрманғазының «Адай» күйі элементтерін аңғартса, интонациялық 
ырғақ – күйдің өзіндік болмысын айқындайды. 
 
 
 
Содан  соң  барып  «d¹»-ге  дейін  барып,саға  мүмкіндігін  сарқа  ойнап,  секвенция  арқылы  бас 
буынға əкеледі. Осы аралықтағы «Ақ жайық» күйі мен Махамбеттің «Жайық асу» күйіндегі лига 
арқылы  ойналу  элементтерінен  қарт  Жайық  өзенін  суреттеудегі  күйші-сазгерлердің  ой-өрісінің 
ұштасқанын байқаймыз. 
 
З.Есжанова-"Ақ жайық" 
 
М.Өтемісұлы-«Жайық асу» 
 
 
Күй – бас  буындағы  «f-c¹»  ладтық  тіректегі  ойын  мен  орта  буынның  толықтай    қайталануы 
арқылы    өз  мəресіне  жетеді.  Күйде  шарықтау  шегі  бөлімі  болмағанда  көбіне  осындай 
қайталануларға жол беріледі. 
«Жайық»  туралы  күйлердің  қағыстарына  назар  аударсақ,  жоғарыда  көрсетілген  күйлермен 
қоса, туынды мазмұнын ашу мақсатында Қ.Ахмедьяров та «Ақ Жайық» күйінде мына қағыс түрін 
қолданады.  Сонымен  қатар,  үш  күй  бойында  да  триоль,  лиганың  кездесуі – ортақ  тұжырым 
қалыптастырады. 
 
М.Өтемісұлы-«Жайық асу» 
 
 
З.Есжанова-«Ақ Жайық» 
 
 
Қ.Ахмедьяров-«Ақ Жайық» 
 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
96  
«Шаттық»,  «Шашу»  күйлерінің  шығу  тарихы  туралы,  К.Сахарбаева  еңбегінде [1, 8] 1978 
жылы Атырау қаласында облыстық күй мерекесінде Зəмзəм апай жүлделі бірінші орынға ие болып, 
сол қуанышты сəтін күймен байланыстырғанын көрсеткен. 
«..Зəмзəмнің  репертуарында  отыздан  аса  күйі  бар,..өзі  күй  шығарады.  Оның  «Каспий 
толқыны», «Ақ  Жайық», «Шаттық»  күйлерін  біз  орындап  тыңдағанымызда,  заман  тілін,  əуенін 
түсініп  шығарғаны,...  қазақ  аспапты  музыкасын  толықтыра  түсетіні  көрініп-ақ  тұр», «Оның 
тартысында  сыртын  сұлулаймын  деген  талап  жоқ.  Күйлерді  орнықты,  ырғақ  екпін  жақтарын  нақ 
ұстап тартады» [3, 119]. 
Күйші  шығармашылығындағы  техникалық  мүмкіндікті,  шапшаңдық  пен  біркелкі  ойнау, 
жігерлілікті  талап  ететін  туындының  бірі.  Эолийлі  ладта  жүретін, 2/4 өлшеміндегі  күйдің 
болмысын оналтылық ырғақтық суретпен кіріспеден бастап, қағыстың бір төмен үш жоғары болуы 
–  шаттанған  жанның  эмоциясын  күй  құрылысы  əдемі  суреттейді.  Мұнда  көңілді  сезім  басым. 
Жалпы күй құрылымы қысқа, бір ғана саға бар. Əр буында,  яғни, сағадан басқасы, реприза арқылы 
қайталанады. 
Осындай  шаттану  сезіміне  арналған  «Шаттанамын»  атты  туынды  күйші  А.Жайымовтың 
шығармашылығында  кездеседі.  Ол  күйде  өзіндік  көркем  де  мол  техникалық  мүмкіндікті  қажет 
ететін  оттай  жалындаған  қуаныш  сезімді  суреттей,  керемет  көңіл-күйге  бөлейді.  Күй  құрылысы 
əдеттегінше.  Бірақ,  бұл  күйдің  жарық  көрінісі,  автордың  кəсіби  дəрежедегі  білімін  айқын 
көрсетеді.  «d-a»  тірегінде  басталатын  күй,  əрі  қарай  күтпеген  шаттық  сыйлайды.  Мазмұны, 
табиғаты  бөлек  дүние  болғанмен,  Зəмзəм  апайдың  күйімен  ұштасатын  кезі – ол  жалпылама  күй 
болмысы жалындаған шаттық сезімді, қуана шабыттанғаны. Екі күй де бұл бағытта тақырыптың өз 
қырын аша алған деп білеміз. 
Бас  буын – кіріспе  мен    негізгі  тақырыптан  тұрады.  Ладтық  тірек  «d-a».  Күйді  таныстыру 
тақырыбынан  соң,  «g-c¹»  нотасынан  төмен  сырғи  «a-e¹»  тірегіне,  орта  буынның  толықтай 
ойналуына жол беріледі. Орта буыннан шығып, бас буынға жалғар сəтте əр кез репризалы қысқаша 
əуен ойналады.  
 
 
Саға – «d-a¹» басталып, үстіңгі ішекте транспозициялы қайталаудан соң, астыңғы ішек «d-c¹» 
нотасына  берілген  ойын  секвенция  арқылы  «d-d¹»  байланыстырушы  ладтық  тіректе  аялдай, 
репризалы қысқаша əуенге кезек береді. Күй соңы орта жəне бас буындардың, репризалы қысқаша 
əуендердің қайталануымен аяқталады. 
«Шашу»  –  жылдам,  жігерлі  ойналатын,  жалпы,  автор  күйлеріне  тəн  жай  эолийлік  ладтағы 
күйлердің  бірі.  Шығу  тарихынан  алшақ  кетпеген  туынды  мазмұны  бойынан  сергектік  пен 
жалындаған  жастықтың,  болашақ  күйші  ұрпақтың  дəстүрді  сақтай  көбеюін  түсінікті  тілмен 
жеткізеді. Өлшемдері - 2/4, ¾. Өзге туындыларынан даралайтын ырғақтық суреттер – пунктир мен 
триоль,  қағыстары  да  оқшауламай  күй  желісімен  қоса  əкетеді.  Қарапайым  классикалық  үлгідегі 
құрылым – бас  буын,  орта  буын  жəне  екі  сағаның  бірігуінен  құралған.  Күйде  ілме  қағыс  түрі 
қолданылған.  Мазмұны-əдетінше,  бас  буын,  орта  буын,  кіші  сағамен  басталып,  кең  диапазонды 
үлкен сағаға ұласқан құрамнан тұрады. 
Бас буында ладтық тірек негізінен «d-a» болғанымен, бастама «e-a» нотасында. Жалықтырмас, 
ықшамды жетік берілген ой –  бас буын мен кіріспе тақырыпшаның ойынымен басталады. 
Кезекті  «g-c¹»  тіректен  бастау  ала,  «h-f»  тірегінде  тұрақтаған  орта  буынның,  үстіңгі  ішектегі 
толыққанды  ойынан  соң,  секвенциямен  диапазонын  кеңейте  төмен  жылжып, «d¹-a¹»  нотасына 
дейін  барады.  Бұл  буын  пысықтала  ойнала  өзара  байланыспен  секвенция,  одан  соң  нақтылай 
ойналған орта буынның əдемі безендірленген əшекейі арқылы бас буынның қайталануымен сағаға 
түседі.  
Ретімен басталған кіші саға «d-a¹» үстіңгі ішекте транспозициялық қайталаудан соң, өз кезегін 
астыңғы  ішекте  үлкен  сағаның  байланыса  дамуына  жол  береді.  Мұнда  да  үстіңгі  ішекте  əуеннің 
толықтай ойынынан соң, орта буынның «d¹-a¹» ойналуымен ұтымды секвенция арқылы бас буынға 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
97 
келеді. Күй – бас буыны, кіріспе тақырыпша мен орта буыны ешбір өзгеріссіз толықтай ойналып, 
күй аяқталады.  
«Арман» - əпкесі, күйші Барша Хасеноваға арналған күй. Қуанышынан қайғысы басым болған 
Барша  өміріндегі  сəттері  туралы  айтары  мол,  толғана  төгіле,  ойлана  отырып  орындалар 
философиялық күй. 
Жоғарыда айтып өткеніміздей Зəмзəм күйшінің ақындық қасиетін «Арман - өмір» атты  өлең 
жолдарынан тұратын толғаудан көреміз. 
 
..Көп еді Барша апаның армандары, 
Келгенде отыз екі жаста дүние салып, 
Бір перзент көрмедім деп зарлағаны. 
Баласы Карл жалғыз кала барды. 
Келгенде отыз жасқа перзент көріп, 
Мен өзім сол əкеден жастай қалдым, 
Жеттім деп мұратына алданғаны. 
Қолға алып домбыраны бастағаным... 
деп назын айтса, ал мына бір жолдарында – 
Алдымда Барша апам барым еді, 
Бір уақыт жалғызбын деп қамығамын, 
Өнерге асқан ол дарын еді. 
Ағайын-туғандарды сағынамын. 
Өнерін əкеміздің тастама деп, 
Елімнің ұрпақтары болса, аман 
«Үйренші, осы өнердің бəрін»  деді. 
Армандап өмірімде не қыламын... 
дей келе, соңында былай деп аяқтайды. – 
Тірлікте дүние пəни жалған бар ма? 
Армансыз бұл дүниеде қалған бар ма? 
Халқым-ау, неге айттың деп сөге көрме 
Айтамын көңілімді қалғандарға... 
Асықпай,  ойлы  орындалатын  күй  атына  сай,  арманның  асқақтығын,  салмақтылығын  жеткізу 
жолында  квинтоль  көмегімен  жүзеге  асуда. 6/8 өлшемімен  басталып, 8/8 өлшемі  арқылы  ойды 
нақтылай араласа жүріп отырады. Жалпы күй – ІІ басқыштың төмендеуі бойынша фригийлік ладта 
жүрсе, сағада ғана VІ басқыштың жоғарылатуы арқылы дорийлік ладпен жалғасады.  
Күй  барысы  бас  буын,  орта  буын  жəне  кіші,  үлкен  сағалардан  тұрады.  Шарықтау  шегі – бас 
жəне орта буындардың қайталануы арқылы аяқталады. 
«d-a» – квинтольмен басталып, дайындалған 2 тактыдан соң, «e-a» ладтық тірек арқылы өтіп, 
«f-c»  ладтық тірегін де қамти кіріспені аяқтайды. 
«a-e»  тірегінде  басталған  орта  буын  толғау  ретінде  диапазоны  «c-g»  нотасына  дейін  жетіп 
көсіле жырлайды. 
Саға – «d-a¹»  нотасында  бастала  үстіңгі  ішектің  жеткілікті  ойынан  соң,  қайталана  нақтылай 
жүретін əуеннің «с» нотасына дейін жетіп, жоғары көтерілген əуен – «d-a»  тірегімен байланыса, 
орта буында аялдай, серпін алып, фермато белгісімен бір тыныстап алып, бас буынға келеді. 
Ашық  ішекпен  басталған  үлкен  саға  «d-a¹»  нотасынан  жедел  түрде  «d-d¹»  нотасына  өтіп, 
үстіңгі  ішектегі  шағын  ойыннан  астыңғы  ішекке  ауысып,  диапазонды  толықтай  қамтиды.  Кіші 
сағада «a¹» нотасымен  орта буынды байланыстыра көтерілсе, үлкен сағада ол «g» нотасы арқылы 
жүзеге асады. Буынның əрі қарай жүрісі кіші сағаның шешімімен тура бірдей. 
Күй – орта буынның əуелгі толғай жырлаған күрделі ауқымды тақырыбының фермато арқылы 
бір  тыныстай,  соңғы  «d-a»  ладтық  тірегінде  квинтолімен  қоса  нақтылай  ойналуымен  өз  мəресіне 
жетеді. 
Зəмзəм  күйшінің  туындылары  əр  біреуі – бір  төбе.  Автордың  ішкі  дүниесі  мен  қолтаңбасы 
айқын  сезілетін  күйлерінен  ұқсастықтан  гөрі  айырмашылықтарды  жиі  байқауға  болады.  Ұстазы 
Құрманғазының,  Динаның,  жалпы  Батыс  Қазақстан  күйшілік  дəстүріндегі  орындаушылық  пен 
шығармашылықты меңгере, насихаттай жүріп, өзіндік бағытын қалыптастыра білген.  

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
98  
Негізінен  күйлері  минорға  жақын – эолийлік,  фригийлік  жəне  дорийлік  ладтарда  жүреді. 
Аралас,  күрделі  өлшемдер,  секвенция,  фермато  қолдану – салмақты,  ойлы,  философиялық 
туындыларының мазмұнын ашып, тыңдаушыға жақындата түседі. Əр буынның қайталай ойналуы, 
нақтылықты көрсетеді. Түрлі ладтық тіректе басталатын күйлер қатары-сазгердің жан-жақтылығын 
зерделейді.  Толыққанды,  екі  сағалы  туындыларында  баппен,  салиқалы  ойды  білдірер  ырғақтық 
композицияны құрайды.. 
Көбіне  көп  кездесетін  триоль,  квинтольдар – сазгердің  тауқыметінің  ауырлығын, 
тағдырындағы  шырғалаңдарды  суреттейді.  Сол  қиындықтардың  бəрінен  аспай-саспай,  сабыр  мен 
ақылды  серік  етіп  жеңе  білген  күйші  өмірінің  оңай  болмағандығы  да  көрінер.  Өмірін  халқына 
арнап, туындыларымен сыр шерткен  күйші шеберлігі терең сезімге бөлеп, жанды тербейді. 
Батыс  Қазақстан  күйшілік  дəстүріндегі  қыз-келіншектер  қатарында  орындаушылығынан 
бастап, күйшілігімен қоса ақындығы – Зəмзəм апайдың қасиеті мен талантын дараламай қоймады. 
Ескі дəстүр мен жаңашылдықтың көпірі іспеттес бола білген күйші – қазақ халқының өнерпаз қыз-
келіншектері ішіндегі бірегей тұлға. 
 
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
 
Сахарбаева К., Хайрушев М. Күй-ғұмыр – Алматы,1997. – 56б. 
2.
 
Сахарбаева К. Атырау əн-куй мухиты – Алматы,2001-784 б. 
3.
 
Жұбанов А. Ғасырлар пернесі – Алматы, 2000 ж.-328б. 
4.
 
Утегалиева С. Программа Этносольфеджио для студентов-домбристов факультета народной 
музыки. – Алматы, 2005 – 40с. 
5.
 
Темиргалиева  С.,  Утегалиева  С.    «Туркменские»  кюи  в  домбровой  традиции  Западного 
Казахстана. Алматы: Лем, 2008. – 130с. 
6.
 
Утегалиева  С.  Звуковой  мир  музыки  тюркских  народов:  теория,  история,  практика  (на  материале 
инструментальных традиций Центральной Азии). – Москва, 2013 – 528с. 
 
REFERENCES 
1.  Saharbaeva K., Hajrušev M. Kùj-ġumyr – Almaty,1997. – 56b. 
2.  Saharbaeva K. Atyrau an-kuj muhity – Almaty,2001-784 b. 
3.  Žubanov A. Ġasyrlar pernesì – Almaty, 2000 ž.-328b. 
4.  Utegalieva S. Programma Ètnosol’fedžio dlâ studentov-dombristov fakul’teta narodnoj muzyki. – Almaty, 
2005 – 40s. 
5.  Temirgalieva S., Utegalieva S.  «Turkmenskie» kûi v dombrovoj tradicii Zapadnogo Kazahstana. Almaty: 
Lem, 2008. – 130s. 
6.  Utegalieva S. Zvukovoj mir muzyki tûrkskih narodov: teoriâ, istoriâ, praktika (na materiale 
instrumental’nyh tradicij Central’noj Azii). – Moskva, 2013 – 528s. 
 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
99 
Мольдир КИСАМЕДЕНОВА 
Магистрант 2 курса специальности «Музыковедения» КНК им. Курмангазы 
 
МУЗЫКАЛЬНО-СТИЛЕВЫЕ ОСОБЕННОСТИ КЮЕВ ЗАМЗАМ ЕСЖАНОВОЙ 
 
Резюме: 
Данная статья посвящена творческому наследию Замзам Есжановой (1913-1993) – одной из известных 
домбристок,  женщин-кюйши  Западного  Казахстана.  В  ней  впервые  выявляются  музыкальные-стилевые 
особенности ее авторских сочинений, таких как «Каспий толкыны», «Арман», «Акжайык» и др. В создании 
кюев  она  следует  лучшим  домбровым  традициям  кюйши  Западного  Казахстана:  Курмангазы,  Дины, 
Даулеткерея, Туркеша и др. 
 
Ключевые слова: женщины-кюйши, импровизатор. 
 
Moldir KISAMEDENOVA 
2nd year Master student of Musicology,  Kurmangazy Kazakh National Conservatory 
 
MUSICAL-STYLE FEATURES OF ZAMZAM ESZHANOVA KYUIS  
 
Summary: 
This article is devoted to the creative heritage of Zamzam Eszhanova (1913-1993)who is one of the famous 
dombrashy (Dombra player), women-kuyshi of Western Kazakhstan. The stylistic peculiarities of her Dombra music, 
especially kuissuch as «Caspian Tolkyn», «Arman», «Akzhayik» and etc.are examined in first time. In own works 
she is realized the best traditions of Western Kazakhstani kuyshis such as Kurmangazy, Dina, Dauletkerei, Turkesh 
and others. 
 
Keywords: women-kuyshi, improvise. 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
100  
ƏОЖ 78.03 
 
ТАЛҒАТ ƏБУҒАЗЫ 
Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның магистранты 
 
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНЕН ШЫҚҚАН ƏНШІ-АҚЫНДАР 
(Уəйіс Шондыбайұлы, Ноғайбай Сүлейменұлы жəне Əсет Найманбайұлы) 
 
Бұл мақалада Шығыс Қазақстан өңірінің Əншілік дəстүрі туралы, оның тарихы, көрнекті өкілдері жəне 
əрқайсысының ерекшеліктері туралы баяндалады. Мақалада аты аталған əншілердің кейінгі музыкатанушы 
жəне  өнертанушы  зерттеушілер  тарапынан  қаншалықты  зерделенгені  қысқаша  айтылады.Əсет 
Найманбаевтың    əншілігі  туралы  қазақ  əдебиетімен  өнері  тарихында  айтылып  журген  əңгімелері  аз  емес. 
Ноғайбай  Сүлейменұлы  жəне  Уəйіс  Шондыбайұлы  жайында  атақты  əдебиеттанушы    жəне  кейбір 
ғалымдардан  басқа  көп  ешкім  біле  бермейді.  Жалпы  халыққа  кеңінен  таныс  деп  айта  алмаймыз.  Осы 
тұрғыдан қарағанда мақалада аталған үш тұлғаның шығармашылығына  тоқталады.  
 
Кілтік сөздер: домбыра, əншілік мектеп, əншілік дəстүр, дəстүрлі əн, музыка мəдениеті. 
Ключевые  слова:  домбра,  песенная  школа,  песенная  традиция,  традиционная  песня,  музыкальная 
культура. 
Keywords: dombra, song-composing school, song tradition, traditional song, musical culture. 
 
Атақты жазушы, əдебиеттанушы ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Ешбір əдеби жанр дүниеге өзінің 
толысқан,  кемелденген  үлгісінде  туа  салмайды.  Уақыттың  сұранысына  орай  оның  алғашқы 
нышаны, даму эволюциясы болады», – деген [2, 15 б]. Осы сөзді қазақ əн өнерінің ілкідегі пайда 
болу тарихына қолданудың ешбір қателігі жоқ. Қазақ əн өнері де бірден туа салып шырқау биігіне 
көтеріле қойды деу əбестік болар еді. Атақты əнші Бекболат Тілеухан қазақтың қара өлең жайлы 
айтқан  бір  сөзінде  былай  деген  еді: «Ғасырлар  бойы  желісі  үзілмеген  халық  даналағының  бір 
белгілі  үрдіске  түсіп,  қалыптасқан  философиялық  ой-тұжырымының  сомдалған  көрінісі, 
дүниетанымы мен бітімі, болмысының бейнесіндей ғажайып жанрдың маңызы аса зор.  
Жас  пен  кəріге,  қыз  бенен  бозбалаға,  қысқасы  баршаға  ортақ  болып,  бастау  көзін  ықылым 
заманнан алып, бүгінге сынын алдырмай жеткен қара өлеңнің құдіреті ұлтпен бірге жасасып келе 
жатқаны қуантарлық жайт». Заманымыздың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаев:  
«Қазақтың қара өлеңі құдіретім, 
Мұнда бір сұмдық сыр бар естілмеген, – десе дегендей...» [3, 6 б]. Демек, қазақ қара өлеңінің 
тарихы  қанша  ғасырлар  бұрын  пайда  болған  болса,  əншілік  мектептердің  де  ілкі  бастамасын  сол 
дəуірлерден  іздеу  лəзім.  Дəл  қай  күні,  қай  қоғамда  əншілік  қалыптаса  бастағанын  тап  басу  қиын 
екені де рас. Алайда, əн – адам  жанының сүйеніші, жұбанышы екенін ескерсек қазақ əн өнері де 
қазақ  ұлты  өмір  сүре  бастаған  кезеңмен  бірге  жасасып  келе  жатқанын  болжау  көп  қиындық 
тудырмайды.  
Қазақтың ұлттық музыка қорының ішінде əн жанры ерекше орын алады. «Əн – өмір шежіресі, 
өмірдің сəулесі, музыка біткеннің негізі, керегетасы, халықтың игілігі мен ақыл-парасаты», – деп, 
жазушы Алексей Толстой айтқандай қазақ əншілік өнер тарихы ұлт өмірінің шежірелі сипаттамасы 
еді. 
«Халықтың  дəстүрлі  əндерінің  таралып,  біздің  дəуірімізге  жетуінің  өзі  халық  əншілерінің 
өнерімен  тығыз  байланысты.  Өйткені,  сол  əнші  арқылы  əнді  естіп,  ұғынамыз,  сырына  қанамыз. 
Əншілердің шығармашылық жолы, ұлттық дəстүрді сақтаушы ғана емес, бұрынғы мен бүгінгінің 
арасын жалғастырушы ретінде көрінеді. Осы күні бүкіл халық игілігіне айналып, қазақ музыкасы 
мəдениетіне  кесек  кірпіш  болып  қаланған  атышулы  əнші-композиторларымыздың  классикалық 
шығармалары  осының  айғағы.  Бұдан  жүздеген  жылдар  бұрын  дүниеге  келіп,  сол  уақыттың,  сол 
заманның көрінісі мен тіршілігін суреттеген бұл туындылар бүгінгі күнде өз қасиеттерін сақтаумен 
бірге,  бұрынғыдан  да  түрлене  түсуде.  Мұның  құпиясы,  біздіңше  халық  таланттарының  озық 
дарындылығында болса керек. Олардың əндері – адам сезімін оятып, ойын қозғап, толғандыратын 
мəнді-мазмұнды шығармалар. Ондай үлгілер тарихтың сан қилы талқысына түсіп, неше буын елдің 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
101 
қолынан өтсе де, өз маңыздылығын жоймастан, адамның өнегелі мақсаттарын жырлап келеді» [4, 
21 б]. 
Əн – жауынгер  жанр.  Ол  өмірдегі  күнделікті  оқиғаларға  дер  кезінде  үн  қосып  отыратын 
идеологиялық  құралдың  бірі. «Əннің  қызметі  тек  көңіл  көтерумен  шектелмейді,  ол – əлеуметтік 
жүк  көтеретін  шығарма», – деп  жазушы  Ғабит  Мүсірепов  айтқандай,  əн  қайсы  уақытта  да 
демокартиялық  көзқарасты  бейнелеп  келген.  Сондай-ақ,  əнде  халықтың  басынан  кешірген 
жазылғандықтан, оны тыңдайтын да, орындайтын да, төрешісі де халық. Сондықтан да, əн тағдыры 
жалпы жұртты толғантпай қоймайды.  
Заманнан  заманға  өзгеріске  ұшырап  отыратын  халық  өмірімен  байланысты  əн  де  дамып, 
өзгеріп, ерекшеленіп, сұрыпталады. Əннің тууы қазақ халқының тарихи дамуымен байланысты, əн 
– халық өмірінің сəулесі. 
«Біздіңше» – дейді  музыка  зерттеушісі  З.  Қоспақов  өзінің  «Қазақтың  əншілік  өнері»  атты 
кітабында: «əнші-ақын,  əнші-композиторлардың  алғаш,  жеке-дара  өнерпаз  ретінде  жіктеліп, 
таралуы  жыршы,  жыраулардың  қызметіне  байланысты  болса  керек.  Сондықтан  да,  сол  жыршы, 
жыраулардың өзі қазақ əн өнерінің тұңғыш өкілдері болуға тиіс. Ендеше, сол атышулы Ақан сері, 
Біржан  сал,  Жаяу  Мұса,  Естай,  Əсет,  Шашубай,  Қали,  Кенен,  Манарбек,  Жүсіпбек,  Ғарифолла, 
Құтбай, Дəнештердің əншілік өнерін ата дəстүрден сабақталып, ана сүтімен қалыптасқан арна деп 
қарауымыз  керек.  Сол  сияқты  қоғамда  өмір  сүрген  əр  түрлі  топтардың  көзқарастары  мен  ой 
мүддесі де əн арқылы көрініс тауып, бізге жетті. Бір сөзбен айтқанда, əн өнері – өмірдегі қоғамдық 
құрылыстың жай-жапсарын суреттей алатын идеялық құралдың бірі.  
Ерте кезде, əн бірден-бірге, бір жерден екінші жерге, ауыздан-ауызға таралып, ауызша үйрену 
арқылы меңгерілген. Ол заман жай сауаттың да, музыкалық сауаттың да жоқ кезі еді» [4, 23 б]. 
Əннің  халық  аузында  сақталып,  таралу  жолдарының  өзінше  себептері  бар.  Ол  уақытта 
қазіргідей композитордың шығармасын профессионал əнші жаттап алып, радио-теледидар арқылы 
орындайтын жағдайдың жоқтығынан шығарған əнін айтып, халыққа тарататын да композитордың 
өзі болды. Егер, ол композитордың əншілік өнері басым болса, онда орындалған əннің көркемдік 
дəрежесі де жоғары, сапалы болып шығып, тыңдаушыларды қызықтырып, олардың көкейлеріне тез 
қонатын.  Ал,  жақсы  əн  шығарып,  бірақ  оны  автордың  өзі  тиісті  дəрежеде  орындай  алмаса,  ол 
шығарма аз таралумен қатар, кейде ұмытылып та кететін еді. Əнші, жыршылар бір жерден екінші 
жерге  барып,  өнерлерін  көрсетіп,  елдің  сыйлы  қонағы  болып  жүрді.  Əннің  халық  аузында 
сақталуындағы  шарттардың  бірі – жоғарыда  айтылған  жайлар  болса,  екіншіден  шығарманың  ел 
өмірімен  байланыстылығы,  əн  мазмұнының  тереңдігі,  тілінің  өткірлігі  де  оның  өмірін  ұзартатын 
қасиеттерге айналды.   
Осы тұрғыдан алғанда, Шығыс Қазақстан өңіріндегі əншілік өнер жəне оның даму жолдары да 
жоғарыда айтылған қағидалар негізінде талдауды, зерделеуді қажет етеді. Тіпті, кейбір тарихшы-
əдебиетшілердің «Алтай өңірі адамзаттық мəдениеттің бастау алған аймағы» дейтін əфсаналарына 
сүйенсек,  қазақ  əн  өнеріндегі  ең  бір  көне  нұсқаларды  да  дəл  осы  əншілік  мектептен  кездестіріп 
қалуымыз  да  ғажап  емес.  Сонымен  қатар,  Алтай-Тарбағатай  əншілік  мектебінің  қалыптасу,  етек 
жаю,  əншілік  ерекшеліктерінің  мəлім  болуы  сынды  жағдайлар  мен  кейінгі  кəсіби  əншілермен 
ұрпақ  сабақтастығы,  шығармашылық  байланысы  да  талқылауға,  талдауға  зəру.  Осы  күнге  дейін 
Алтай-Тарбағатай  əншілік  мектебінің,  яғни,  Шығыс  Қазақстан  өңірінен  шыққан  əнші-ақындар 
мұрасының  толық  игерілмеуі,  жеке  зерттеу  нысаны  ретінде  жинақталмауы  біздің  мақаламыздың 
негізгі өзегіне айналып отыр. 
Шығыс  Қазақстан  əншілік  мектебіне  жататын  əнші-ақындардың  толық  тізімін  жасау  əзірше 
мүмкін емес. Бірақ, ауызды қу шөппен сүртуге де келмейді. Абыз ақын Абайдан бастап, Шəкəрім, 
Ноғайбай,  Ақылбай,  Уəйіс,  Берікбол,  Əлмағамбет,  Мұхамеджан,  Əсет,  Шəкір  бастаған 
тұлғалардың  ізін  басқан  Əміре,  Санақ,  Жəнібек,  Мəдениет,  Болат,  Келденбай,  Тұрсынғазы  т.б. 
əншілердің атын атауға болады.  Əсіресе, солардың ішінде Уəйіс Шондыбайұлы, Ноғайбай Соқыр 
жəне Əсет Найманбаевтың əншілік, ақындық мұрасы туралы мəлімет баршылық.  
Абайдың  ақын  əрі  əнші  шəкірттерінің  бірегейі,  Шығыс  Қазақстан  өңіріндегі  əншілік  өнердің 
ұлы  тұлғасы  саналатын  əншінің  бірі – Уəйіс  Шондыбайұлы.  Ол  Абайдың  талантты  ақын 
шəкірттерінің қатарында аталады. Ол əрі əнші, домбырашы, гармоншы жəне өзі де əн шығаратын 
сегіз  қырлы  өнерпаз.  Уəйістің  ақындық,  əншілік  өнері  өз  заманында  өз  ортасына  əйгілі  болған. 
Абай  оның  өнерпаз,  жас  талапкер  екенін  естіп,  білген  соң,  əдейі  арнап  шақыртып  алып,  өлең 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
102  
айтқызып, əн салдырған. Ұлы ақынның сондай мінезі жөнінде Көкбай былай дейді: «Өлең айтқыш 
жігіттердің сөздерінде нəр, жұғын болса, дəмді сөзін көріп риза болса, ондайлардың өлеңді көбірек 
айтқанын тілейтін... Өзі біреуге ұзақ  əңгіме, ұзақ  жыр сияқты  нəрселерді  айтқызғанда  ешуақытта 
басқа бөтен нəрселерге аумай, таза көңілмен, үлкен ықыласпен тыңдайтын жəне əрқашан сондайды 
тыңдап болған соң, мағынасы мен мəнін ұғындырып сын айтатын» [5, 388-390].   
Мұхтар Əуезов «Абай жолы» романында да Уəйіс ақын есімін атап өтеді. Бұл туралы жазушы: 
«Бір  топ  жолдасымен  Байғабылдан  Ақылбай  келген.  Абайдың  сəлемін,  осы  соңғы  жылдарда 
«ақын»  деген  атағы  шыққан  Керей  Уəйіс,  Топайдан  Бейсембай  деген  ақындар  да  келіпті.  Түстен 
бері осы қонақтар Абайдың үйіне келіп, сəлем берісіп, түстік астан, күндізгі шайдан ішті. Отаулар, 
қонақ  үйлер,  көрші  үйлердің  қазіргі  жататын  орындарын  анықтасты» [6, 145].  Есімі  ұлы 
жазушының əйгілі романына кірсе де Уəйіс Шондыбайұлының əншілік қыры əлі күнге жан-жақты 
зерттелген  емес.  Оның  əндері  мен  өлеңдері  өнертанушылар  мен  музыкатанушылардың  аузына 
іліксе  де  жалпыхалықтық  талқылауға,  жаппай  қолданысқа  түсе  қоймады.  Бұл  туралы  кезінде 
Абайтанушы  ғалым  Қайым  Мұхаметханов  та  атап  өтіпті.  Уəйіс  Шондыбайұлы  жайында  бізге 
жеткен  нақты  мəліметтер  мен  оның  өмірбаяны  туралы  деректер  осы  Қайым  Мұхаметханов 
жазбаларынан ғана табылады.  
«Уəйіс Шондыбайұлы қазіргі Семей облысы Шұбартау ауданы, Баршатас селосында, бұрынғы 
Дағанды  болысы, 12-ауыл,  Жылтыр  деген  жерде 1873 жылы  дүниеге  келіпті.  Руы – Керей, 
Бегімбет-Бекназар, Қожагелді-Көлібай. Шондыбайдың Уəйістен басқа төрт баласы болыпты. Олар 
– Мұхамедияр, Жүніс – Уəйістің ағалары, Исатай, Естай – інілері. Бұл екі інісі де əнші болған.  
Табиғи дарынды Уəйіс жас жігіт кезінде серілік құрып, серуендеп, Семей, Қарқаралы, Кереу, 
Зайсан елдерін аралап өлең айтып, əн салыпты.  
1893-94  жылдары  Абайдың  шақыруымен  келген  Уəйіс,  ұлы  ақынның  талантты,  білімді 
шəкірттері  Мағауия,  Ақылбай,  Көкбайлардың  тобына  қосылады.  Абайдың  өсиетін  тыңдап,  ұғып, 
еңбекші халық мүддесін жырлайтын, азамат ақын болады. Бұл айтқанымызды оның жаңа табылған 
өлеңдері де дəлелдейді.  
«...Жан құрбан халық үшін қылайық та, 
Бұл істен не боламыз қашқанымыз. 
Ақылын айтып, айтып Абай кеткен, 
Қазақта сол емес пе асқанымыз». 
Ақындық  өнерде  Абайдан  үлгі-өнеге  алып,  оның  өсиетін  көп  тыңдап,  терең  түсініп,  мол 
тағлым алған Уəйіс ұлы ақынның саналы шəкірті болады» [1, 185-186].    
Ғалым  Қайым  Мұхаметханов  Уəйіс  Шондыбайұлы  жайындағы  мағлұматтың  көбін  əншінің 
жиені Нəсіпбек Сəменбетовтен алғанын айтады. 1983 жылы 6 қазан күні Шұбартау ауданынан Қ. 
Мұхаметхановқа хат келеді. Онда Уəйіс ақын туралы жəне қолжазба өлеңдері бар болып шығады. 
Ал, өлеңдерді топтастырып, жинап, сақтап келген Уəйістің екінші ағасы Жүністің немересі Майдан 
Құрмашев деген азамат болса керек. Ол ғалымға жазған хатында: «Бұл табылған шығармаларының 
тақырыптары  мен  мазмұны  біз  үшін  өте  күрделі.  Оны  ғылым  жəне  əдебиет  тұрғысынан  зерттеу, 
талдау  сіздің  назарыңызға  ілінері  сөзсіз  деп  ойлаймын.  Мен  жəне  Майдан  да  əдебиетші  емеспіз. 
Менің  мамандығым  –инженер,  ал,  Майдан – мал  дəрігері.  Сондықтан  осы  деректерді  ғалым-
əдебиетші  сізге  жібере  отырып,  баспа  бетіне  беріп,  өзіңіздің  пікіріңіз  бен  ғылыми  талдауыңызды 
жəне Уəйіс шығармаларының жарыққа шығуына үлкен үлес қосады деген үміттеміз», – дейді. Осы 
арқылы  Н.  Сəменбетов  баба  рухы  алдындағы  парызынан  құтылса,  ғалым  Қ.Мұхаметханов  өзінің 
«Абайдың ақындық айналасы» дейтін атышулы ғылыми жұмысын  нəрлендіре, толықтыра түскені 
анық.  
Уəйіс  Шондыбайұлының  артында  қалған  мұраларының  ішінде  ең  атақты  дегені  екі  поэмасы 
сақталыпты.  Соның  бірі – «Ивануша  дурачок»  деп  аталады.  Білетін  адамдардың  айтуы  бойынша 
бұл  шығарманың  тақырыбын  Уəйіске  Абай  берген  екен,  өлеңмен  жазылған  орыс  ертегісінің 
уақиғасынан  оған  айтып  беріпті  жəне  орысша  жақсы  білетін  бір  шəкіртіне,  орысшасын  Уəйіске 
оқып беріп, түсіндір деп тапсырған екен.  
Уəйісті көрген, онымен ауылдас болған, Агдари Оразалинов: «Орыс шаруалары жайлы «Иван» 
деген поэма жазғанын жəне көптеген өлеңдері барын білетінбіз», – дейді [7]. «Иванушка дурачок» 
поэмасының  уақиғасы  П. И. Ершовтың (1815-1869) «Конек-Горбунок»  атты  белгілі  ертегі-
дастанынан алынған. Бұл шығарманың авторы Уəйіс ақын.  

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
103 
«Тəукенің  Керей  еліне  шабуылы  туралы  поэманың  өз  қолындағы  нұсқасы  мен  жоғарыда 
айтылған, Төлеусары Өскенбаевтың жазбасын салыстырып қарағанда, кейбір жеке сөздері болмаса, 
екеуі  бірдей  болып  шықты.  Поэмада  Тобықты  мен  Керей  елінің  арасында  анық  болған  уақиға 
суреттеледі.  Поэмада  сипатталатын  адамдардың  бəрі  де  өмірде  болған  кісілер.  Тəукемен 
шайқасатын  Керей  батыры  дейтін – Жікісай  Уəйістің  өз  елінің  адамы  жəне  замандас,  құрдасы. 
Уақиғаның  қай  жылы,  қалай  болғаны  жайында  қолымызда  толық  мағлұмат  бар», – дейді 
абайтанушы  ғалым  Қ.  Мұхаметханов [1, 185-186 бб].  Алтай-Тарбағатай  əншілік  мектебінің  тағы 
бір жарқын өкілі – алты алашқа «Ноғайбай Соқыр» атымен танылған ақын Ноғайбай Сүлейменұлы.  
Руым — Қаракерей,  шешем — Мұрын, 
Жеті  ата  Жолымбетке  төккен  нұрын. 
Батыры  Қаракерей ер Қабанбай, 
Аталған    кімнің    аты    одан    бұрын, – деп  жырлаған  ақын  əрі  əнші  тұлғаның  өмірдерегі  əлі 
күнге  толық  зерттелген  емес.  Тіпті,  өзі  өмір  сүрген  заманда  да,  кейінгі  əдебиетшілер  мен 
өнертанушылардың да назарынан тыс қалған. Бірақ, ақын аты ұмытылған жоқ. Оның көзін көріп, 
əнін тыңдап өскен халық ардақ тұтқан ақынын есінен шығармапты. Ноғайбай Сүлейменұлы туралы 
ең  алғашқы  жазбаша  дерек  орыстың  танымал  этнографы  А.Ивановскийдің  «Қазақтың    халық  
ақыны-əнші    Ноғайбай»  дейтін  мақаласы  арқылы  жеткен.  Бұл  туралы 2003 жылы  жазушы 
Əбділдəбек  Салықбай  мынадай  мəлімет  айтады: «Музыкальная  культура  Казахстана»  деген 
еңбекте  бұл  мақала    қысқартылып  басылғанын  айттық.  Сол  қысқартуда    басқасы  өз  алдына 
А.Ивановскийдің  Ноғайбаймен  кездескен  мерзімі  де    қысқарып,   «Бұл 1888 жылы    маусым 
айының аяқ кезі еді»  дегеннің  орнына  «Бұл 1888  жылдың   аяқ кезі еді» болып басылып кеткен. 
Осы мəселе зерттеушілердің көпшілігін  шатастырған.   
А.Ивановский бұл туындысын аса биік пафоспен, өнерге деген зор құрметпен  жазған.  Құдды 
қара  сөзбен  жазылған  көркем  толғау  не  шебер  суреткердің      қолынан    шыққан    эссе,  новелла  
дерсің.  Зерттеуші  Ноғайбайды 1888 жылы  маусымның  соңында  үш  жағын  тау      қоршаған  қазан 
шұңқырда  отырған  Садықан  деген  тамырының  үйінде    кездестіреді.  Оның    сезімталдығына,   
жырының  тыңдаушысын  тұтқындап,  баурап  алар  орасан  зор  қуатына  тəнті  болады.  Ноғайбай  
жырлаған      жатақтар      туралы    айта    келіп    автор    «Жүздеген  адамдар  оған  маңдайын  соқты, 
қаншама  жүзі  сол  соққыдан    оңалмады,  қаншама  жүзі  екінші      көрмейтіндей    етіп    қазақ  
даласынан    лақтырылып  тасталды.  Ең  жанға  бататыны – <...> “жатақтардың”  ешкімнің 
көзіне түспейтіні, ешкімнің  оларға  көмек  бермейтіні...»  – дейді 
«Ақырған   аяз   бен  қытымыр   қыстың  қаһарлы  бораны   жылы   баспана   іздеу  жолында  
қазақты  еріксіз  бай  казакқа  əкеледі.  Мал  қораға  тақау,  кейде  тіпті  онымен  жапсарлас  
тұрған  шағын  ғана  күркешеде  жатақ  енді  қыстап  шықпақ.  Күркенің  өзі  топырақпен,  мал  
қиымен  сыланып,  жамалып-жасқалған», – дей келіп  автор жатақтың адам төзгісіз ауыр халіне 
жұртшылық  назарын  аудартуға    тырысады.  Бұл – отарлық    пиғылдағы    пенденің    сөзі    емес,  
түсінігі    терең,  жүрегі    үлкен    жанның    сөзі.  Бəлкім,  кейін    бұзылмаса,  ол    кезде  
А. Ивановскийдің  ниеті  түзу  болған  сияқты. 
Бір өкініштісі – А. Ивановский бұл мақаласында кейінгіге  дерек  болар  нақты  мəліметтермен  
сөйлемей,  бейнелі    сөздерге    көбірек    жүгінген.  Ноғайбайдың    ата-тегі,  бала-шағасы,  əйелі,  
өлеңдерінің  мəтіні,  əндерінің  нотасы,  т. б.   аса  қажет мағлұматтар  мақалада  жоққа  тəн» [10]. 
Ноғайбай  туралы  келесі  дерек 1903 жылы  шыққан    «Россия.  ХVІІІ    том.  Полное  
географическое описание нашего общества. Киргизский край» деген  кітапта  кездеседі. Онда ақын 
есімі  Шортанбай,  Абаймен  қатар    аталады.  Ноғайбай    ақын    мұнда    жарлы-жақыбайлардың, 
жатақтардың мұң-шерін жырлаушы ретінде  аталып өткен [8]. 
Кейбір  деректерде  Зайсан    өңіріне  1926  жылы    экспедицияға    барған    əйгілі    ғалым  
Ə.Марғұлан  да  Ноғайбай  өлеңдерінің  кең  таралғанына  назар  аударған  деседі.  Ғалым  Зайсан 
қаласының сол кездегі 70 жасар тұрғыны Əнваридің бай мұрағатын қолына түсіре алмағаны үшін  
«Сол архивте  Ноғайбай  зағиптың да жыр маржандары  кетті-ау» деп  өкінген көрінеді. Санкт-
Петербургтен келген экспедицияның мақсаты əдеби  мұраларды  жинауға қатыссыз болғандықтан, 
Ə.Марғұланның  Ноғайбай  жырларын  ел  арасынан      іздеп    жүріп,  жазып    алуға    мұршасы   
болмаған  сияқты [10]. 
 Сонымен қатар, қолда  бар  дерекке  қарағанда  Ноғайбай  ақынды  ғылыми  тұрғыдан  алғаш  
зерттеп,  ол    туралы    арнайы    мақала    жазған — академик    Ахмет    Жұбанов. 1962  жылы    орыс  

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
104  
тілінде    «Қазақ    совет    музыкасының    тарихы    жөніндегі    очерктер»  деген    еңбек    шығады. 
Академик  ғалым    осы    кітапқа    кіріспе    ретінде  орыс  тілінде    «Қазақ    халқының    Ұлы    Октябрь  
Социалистік  революциясына   дейінгі музыкасы» деген көлемді мақала жазып,  А.Ивановскийдің  
əйгілі  мақаласынан  дəйексөз  келтіреді.   
Осыдан  соң  А.Жұбанов  «Ақын  əнші  Ноғайбай» атты мақала  жазыпты.  Ол  ғалымның  «Əн-
күй    сапары» (А., 1976. 85-90-бб)  кітабында    жарияланған.  Сонымен  қатар,  сазгер    ғалым    осы  
еңбегінде    А. Ивановский    мақаласының    «Қазақстанның    музыка    мəдениеті»  кітабында  
жарияланған  нұсқасымен  шектеліп  қалмай, өз  бетінше  зерттеу  жүргізген.  «А.Ивановский   орыс  
тіліне    қарасөзбен  аударған  Ноғайбай      өлеңдерінің  оригиналы  болар  деп  біз  “Ақмола  облыстық 
Ведомостерінің”  өткен    ғасырдың    тоқсаныншы    жылдарындағы    нөмерлерін    қарадық, — деп  
жазады  А.Жұбанов. — Онда  да  қазақша  қарасөзбен  баяндалыпты.   Сондықтан  бұл  арада  
орысша    оригиналынан    үнемі  аударып  отырдық.  Орысша  оригиналымен  танысқысы  келгендер  
«Этнографическое    обозрение»  журналының  1839  жылы    шыққан  үшінші    кітабынан  
табады», – дейді автор [11, 87]. 
Ал, өнертанушы-ғалым, сазгер Ілия Жақанов та Ноғайбай мұрасы туралы «Үзілген əн» дейтін 
еңбегінде  біршама  мəлімет  келтіреді.  Тіпті,  əнші  атын  бір  кездері  академик  А.  Жұбановтан 
естігенін  айта  келе,  оның  шығармаларын  іздестіріп  Шығыс  Қазақстан  өңірін,  Қытайдағы  жəне 
Монғолиядағы қазақтар арасына барғанын, азды-көпті дерек тапқанын жазады. 
Заман  қыспағына  мойынсымай,  əн  құдіретін  терең  түсініп,  халқын  əн  мен  күйге  бөлеген 
саналы  əнші  Əсет – қазақ  əдебиетінде  ақын,  ұлттық  мəдениетімізде  əнші-сазгер  ретінде  ерекше 
орын алған тұлға.  
Əсет əн салғанда қазақ түгілі ұйғыр, қытай, орысқа дейін сөз астарын түсінбесе де, дауысына 
таңырқап,  қызыға  бар  ынтасымен  тыңдайтын  болған  екен.  Əсет  əншілігімен  қоса,  сөз  төркінін 
терең түсіне білетін дарынына ақылы сай суырыпсалма жəне жазба ақын болған. Ол қолына қалам 
алып, əн өлкесіндегі жанрдың барлығын қамтуға тырысқан, мысалы, көпшілікке белгілі əндерімен 
қоса,  өлең-өсиет  термелерін,  арнау-аужарларын,  беташар,  жоқтау,  қоштасу  жəне  көптеген  қисса-
дастандар жазып, оны жатқа жырлаған. Көптеген үлкен айтыстарға қатысып, өзінің жүйрік ойлы, 
сөз маржандарын шебер қолдана білуі арқасында кез-келген ортада ауыздықпен алысып, жеке дара 
суырыла  шыққан  тұлпардай  барша  жұртты  таң  қалдырып,  тамсандырған.  Данышпан  Абай  өз 
заманында  өлең-сөзге,  əнге,  ауыз  əдебиеті  мен  айтысқа  жаны  құмар  бірқатар  жігіттердің  басын 
қосып,  олардың  талантын  байқап  ақындыққа  баулығанын  «Абай  жолы»  роман-эпопеясынан 
білеміз. Хакім Абай өзінің Көкбай, Мағауия, Əсет, Уəйіс, Əріп, Шəкəрім, т.б. сынды шəкірттеріне 
тарсырма  беріп,  ақындықтарын  сарапқа  салып,  тексерген.  Өлең-сөздің  парқын  терең  түсініп,  өзі 
айтқандай  «айналасы  теп-тегіс,  жұмыр  келетін»  өлең  жазуға  машықтаған.  Соның  салдарынан 
ақынның  қағілез  шəкірттерінің  бірі  Əсет  ақындықты  та  бір  адамдай  терең  меңгеріп,  оның  үстіне 
суырыпсалмалық  қасиетін  дамытып,  талай  айтыста  алдына  жан  салмаған  асқан  ақын  болған.  Ал 
ақынның əншілігі өз алдына бір мұра, бір кітап екендігі айтпаса да түсінікті. Себебі, Əсет əуелі ел-
жұртына «əнші» ретінде танылды.  
Шебер əнші болу кез-келгеннің маңдайына бұйырған бақ емес. Ол үшін, əн айтатын адамның 
дауысы зор, құлаққа жағымды, əнді жүрегімен айта білетін қасиетке ие болуы қажет. Əсет мұндай 
қасиеттерден  кенде  болмаған.  Əсет  тынысы  кең,  дауысы  биік  шебер  орындаушы  болғандықтан, 
оның  əндері  де  көбіне  биік,  өрнекті  пікірлер  арқылы  түрленіп,  гүлденіп  арнасына  сыймаған 
дариядай шалқып отырады. Бұған Əсет əндерінің сөздері дəлел бола алады. 
«Əн басып, мейір қандыра салғандай қып, 
Үйреніп жастар ғибрат алғандай ғып», – деп салады Əсет, өз сөзі айтып тұрғандай, əнге басқан, 
əнге салған адам тыңдаушының мерейін қандыруы керек, демек əнші – Əсет бұл үдеден шығады. 
Тағы  бірде  «Айғайға  қайран  даусым  ерінбеген», – дейді.  Біз  бұл  сөзден,  əншінің  ешқашан  да  əл 
салудан  жасқанбағандығын,  тайсалмағандығын  аңғарамыз.  Əсеттің  дауысы  зор,  диапазоны  кең, 
əншілігі өзгеден басым, ерекше болған дейміз ғой, ақынның өлең жолынан мысал келтірер болсақ, 
шынымен дауысының қандай болғандығын байқаймыз: 
«Алашқа атым шыққан Əсет ақын, 
Өлеңім – жан жолдасым маған жақын. 
Аңыраған аспан-көкке асқақ үнім, 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
105 
Саған  да  уақыт  жетті  қарлығатын», – деген  шумақ  əнші-ақынның  өмірмен  қош  айтысар  сəті 
таяу қалғанда жазғандығын, кезінде дүрілдетіп, аңыратып, дауысы аспанға жетіп əн салғандығын 
көреміз. Əнші дауысының шын мəнінде «аспан-көкке жетіп, аңырайтындай» күші болса жəне оған 
Əсеттің  өзі  осылай  деп  баға  беріп  тұрса,  бұл  анық  шындық.  Тіпті,  Əсет  дауысын  тыңдамай-ақ, 
оның дауысы мен əн салу қарқыны, əншілік образы мен характері қандай болғандығын жұлқынған, 
дауылдай соққан, екпінді өлеңдерінен байқаймыз. Тағы бір мысал:  
«Арғынмын, атым – Əсет арындаған, 
 Арындап əн сала ма дарымаған. 
Аспанның аясында əн шалқытқан, 
 Бұлбұлмын дауысы көкте дамылдаған», – деп өзін бұлбұлға теңейді. Əн салғанда дауысының 
шалқитындығына баға береді.  
«Асқақ əн аспанға өрлеп, асқар тербеп, 
Күңіренткен сар даланы күндер жалған. 
Əн құмар əлеуметім анталап тұр, 
Сайра тіл, аңыра əнім, інжу-маржан!.. 
 
Əн салсаң Əсеттей сал əсемдетіп, 
Қоздырып делебені дəсерлетіп. 
Шырқатып, шығындатып, шалықтатып, 
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп. 
Талдырып, талықсытып, тамылжытып, 
Орғытып, орағытып, басқа өрлетіп. 
Самғатып, саңқылдатып, сар желгізіп, 
Ұрынтып, өршелентіп, бəсеңдетіп. 
Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғап, 
Қырық қарып, тоқсан толғап, бес өрлетіп. 
Қарқынды үн қан қайнатып, жүрек жұлып, 
Жан  жалмап,  көңіл  тербеп,  əсерлетіп» [12, 86], – Əсеттің  əншілігіне  бұдан  артық  бағаның, 
бұдан артық теңеудің керегі не? Себебі, Əсет өзін асыра мақтап, «мен сондай əншімін, дауысым – 
дауыл,  əнім-ескек,  сөзім-жаңбыр»  деп  мақтаншақтық,  өркөкіректікке  салынып  өз-өзіне  баға 
бермейтіндігіне  көзіміз  əбден  жетті.  Демек,  Əсет – шын  мəнінде  асқан  шебер  əнші,  өз  əндерін 
жеріне  жеткізе,  аспандағы  аққуға  үнін  қоса,  дауысы  алты  қырдан  аса  шырқап  əн  салған 
қайталанбас, біртуар тұлға, нағыз бұлбұл үнді əнші.  
Абай атамыз айтады:  
«Ұйықтап жатқан жүректі əн оятар, 
Үннің тəтті оралған мəні оятар,  
дей келе:  
«Адам аз мұны біліп əн саларлық, 
Тыңдаушы да аз ол əннен бəһра аларлық», – демек, Əсеттің əндері Абай айтқандай тəтті, үні 
жағымды, əнді түсініп, түйсініп орындайтын жəне де тыңдаушыға рахат сезімін сыйлайтын асқан 
əнші.  
Əсет əндерінің жоғары, биік айтылуымен қоса, оған əн əуені аздық еткендей, жоғарыдан небір 
мың құбылған өрнекті иірімдер жасап, əн рахатына бөлегендей, аспан аясында қалықтаған аққудай 
самғаған  көңілі  жүрегімен  үндесе  отырып,  əн  сөздерінің  шебер  ұштасуымен  қоса,  шалқыған 
шабытты сезімінің арқасында оның əндері ерекшеленіп, күрделене түседі. 
Белгілі жазушы Сəуірбек Бақбергенов Дəнешпен сырлас, əндерін сүйіп тыңдаған адамның бірі. 
Əсеттің көзін көрген Кенен атамыздан арнайы барып Сəуірбек аға Əсет əндерін жеткізуші Дəнеш 
туралы сұрастырғанда: «Мен Əсетті көзіммен көргем, естігем, əлі күнге дейін оның бейнесі, киген 
киімі  көз  алдымда,  салған  əні  құлағымда.  Қазіргі  Қапшағайдың  орнында  Романовтардың 300 
жылдығына  орай  той  өтіп,  сол  жерде  Əсет  əн  салды.  Əсеттің  түрін  көреміз  деп  жастар  киіз  үйге 
өрмелеп, 4-5 үйді  құлатқан.  Əсеттің  керемет  дауысынан  үйлердің  туырлығы  желпілдеп  кеткен. 
Оның дауысы тым биік, аса жоғары болатын. Дəнешті тыңдадым. Əсеттің əндерін айтады екен.  Əн 
салу  мəнері  Əсетке  ұқсайды,  ал  бірақ  дауысы  мақпал  үнді,  жағымды,  ащы  да  емес,  Əсеттікіндей 
биік те емес», – деп баға берген екен Кенен атамыз. 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
106  
Əнші  болатын  адам  кішкентайынан  соған  бейім  келуі  керек.  Əсеттің  музыкалық  қабілеті, 
қағып алатын зеректігі мен алғырлығы бала күнінде-ақ байқалған екен. Бұл туралы Ахмет Жұбанов 
былай  деп  жазады: «Жасы 13-14-ке  келгенде  Əсет  қиссалар  жаттап  айтатын  болады.  Жаттау 
қабілеті  аса  жоғары  болады.  Əсіресе,  əн  құмар  болған  жас  талапкер  ауылға  келген  əншінің  əнін, 
жыршының сазын, тіпті бақсының зікір-музыкасын да бұлжытпай қағып алады. Сабақтан қолы бос 
кезде үнемі өлең айтып, əн салып, басқа замандастарының арасында бері келе ауылдың сəнінің бірі 
болады. Көп уақыт өтпей-ақ əнші Əсет атанады».  
Құрманбай  Толыбаев  өзінің  «Əсет»  атты  роман-новелласында  Əсетті  қазақ  сахарасының  əр 
тұрғыны, тіпті əрбір тауы мен тасы, аққан бұлағы мен көшкен бұлтының да, ұшқан құс, жортқан 
аңының да сүйіп тыңдағандығын суреттеп жазады. Тарих беттерін ақтарар болсақ, біз Əсеттің ел 
аралап,  жер  аралап,  көбіне-көп  ауыл  жұртшылығының  шақыртуымен  Қазақ  елінің  түпкір-
түпкірінде  болып,  жатып-жастанып  əн  айтып,  халықты  əн-бұлағына  қандырғанын  байқаймыз. 
Ешкімнің  көңілін  қалдырмай,  қазақтың  дархан  пейілді  жазира  даласында  аттың  үстінде  жүріп, 
ауыл-ауылға  қонып,  қонақ  болып,  əннен  табақ  тартқандығы  баршамызға  мəлім.  Ал  Əсетті 
тыңдаған  халық  əнші  əндерін  қандай  көңіл,  қандай  толқыныспен  қабылдады?  Бұл  турасында 
«Əсет» роман-новелласынан бір үзік мысал келтіре кетейік:  
 
«Кеудесін кере басын көтеріп, ышқына дем алды да, тербетіле ескен əсем əуенді сызылта 
жөнелді. Сыңғырлай  сорғалаған  сұлу  əн  тыңдаушылардың  жан  жүйесін балқытты.  Кейбір  мұңды 
жанарлар  өз  жүрегімен  сырласқандай  мүлгіп  кетті.  Үйездеген  жылқыдай  бастарын  шұлғиды.  Əн 
сазына елти құлақ тосады. Əн ырғағындағы ерке наз, ащы өксік, бұрқанған сезім, аңыраған арман, 
қасіретті қайғы, түнек мұң тынық түннің аспанында жел шайқаған бұлттай аударылып төңкеріледі. 
Тұнық дауыс ақ пейіл анадай əлдилеп, тыңдаушыны бесіктегі баладай тербетеді... 
Тегін  адам  болмас-ау.  Көпті  көрген  сұңғылалығы  сөз  саптасынан-ақ  көрініп  тұр.  Əн  
салысында  жасандылық  жоқ,  ышқынбайды,  табиғи  өріс.  Дауысында  жанды  балқытатын,  ойды 
оятатын сиқырдай бір саздылық бар. Екі-үш күн қонақ қып күтейін. Тым құрығанда, осы кісінің өзі 
білетін жаңа, бұл өңірге тарамаған əндерін үйреніп қалармын... Ойын осылай түйіндеген Мұқатай 
жолаушыны осылай қошаметтеді», – деп өрілетін үзіндіден Əсеттің əн айтқандағы бейнесін əркім 
көз  алдына  елестетеді.  Əнді  айтқанда  қазіргі  кейбір  əншілердей,  ышқынбайтындығын  еркін  ғана 
айтатындығын,  ал  тыңдаушысын  небір  күйге  бөлейтіндігін  жазушының  суреттеуінен  аңғарамыз. 
Міне, нағыз əнші деген –осы. 
 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал