Казахской национальной консерватории им. Курмангазы



жүктеу 5.1 Kb.

бет12/14
Дата12.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
Keywords: Mahambet, dombyra, perne’s system, tokpe, shertpe. 
 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
87 
ƏОЖ 780.6 
 
Лаула ЧЕНЕМИСОВА  
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2 курс магистранты 
 
ҚОБЫЗ КЛАСЫНДА ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ 
ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Берілген мақалада қобыз класындағы оқушының орындаушылық қабілетін дамытуда, Ж.Қараевтың үш 
деңгейлік  технологиясын  пайдаланудың  тиімділігі  туралы  баяндалады.  Музыка  саласында  білім  берудің 
деңгейлеп  оқытылуы  тек  практикалық,  ал  теориялық  тұрғыда  нақты  жүйеленбегені  айтылған. 
Орындаушылықты  шығармашылықпен  байланыстырып,  оны  арттыруда  жаңа  технологияны  пайдалана 
отырып  ізденістің  жаңа  көзін  ашу,  баланың  мүмкіншілігін  ескере  отырып  арнайы  тапсырмаларды 
ұйымдастыру жолдары көрсетілген жəне қобыз класында оқитын оқушының ынтасы мен қызығушылығын, 
ерекше қасиеттерін, қабілеттілігін, белсенділігін дамыту мəселелері қарастырылған. 
 
Тірек  сөздер:  қобыз,  қабілет,  орындаушылық  шеберлік,  технология,  музыкалық  шығармашылық, 
ұлттық музыка.  
Ключевые  слова:  кобыз,  способность,  исполнительское  мастерство,  технология,  музыкальное 
творчество, традиционная музыка.  
Keywords: kobyz, ability, skills, technology, music, art, traditional music. 
 
«Қазіргі  заманғы  білім  берудің – перспективалық  міндеті – сындарлы  ойлай  беретін  жəне 
ақпараттар  ағынында  бағдар  ала  білуге  қабілетті  адамдарды  даярлау»  дей  келе,  Елбасы  оқу 
орындары  ішінде  орта  білім  беретін  жүйенің  интеллектуалды  ұлт  тəрбиелеуде  ерекше  маңызды 
орын алатынын атап көрсетті. Сөзінде «Орта білім белсенді, білімді жəне табыстарға бағдарланған 
тұлғаларды тəрбиелеуге жауап береді. Оқушылар ешқашан бастауды тоқтатпа, ешқашан тоқтауды 
бастама»  деген  ақиқаттан  адаспаулары  тиіс»  деп,  мектепке  дейінге  жəне  бастауыш  білім  беру 
ісінен жоғары оқу орындарында, одан кейінгі кезеңде білім, ғылымды дамытуда серпінді іс-қимыл 
танытуға  жол  ашатын  шешуші  белес  саналатын  білім  ордаларынан  үлкен  нəтижелер  күтетінін 
қадап айтты [1]. 
Жалпы  «технология»  ұғымының  қалыптасуы  мен  даму  тарихы  өте  əріде.  Бұл  туралы  бізге 
дейінгі  зертеуші  ғалымдар  кеңінен  тоқталып,  жан-жақты  қарастырған.  Соңғы  кездерде  білім 
берудің  жаңа  даму  бағытын  қамтитын  оқытудың  елуден  астам  жаңа  технологиялары  практикаға 
енгізіліп, 
кеңінен 
пайдалануда. 
Атап 
айтар 
болсақ: 
В.П. Беспалько, 
М.В. Кларин, 
Н.Р. Талызиналардың  бағдарламалы  оқытуы,  Л.В.Занков,  Л.С.Выготскийің  дамыта  оқытуы, 
В.Р. Шаталов  тірек  сигналдары,  С.Н. Лысенкованың  оза  оқытуы,  П. И. Третьяковтің  модульдік 
оқытуы, В.К. Дьяченко, К.Я. Возиналардың ұжымдық оқытуы т.б. [2].  
Бүгінгі таңда мұғалімнің борышы - өзінің кəсіптік деңгейін үздіксіз жетілдіру, оқушының өсіп-
жетілуіне,  белсенділігіне,  шығармашылығы  мен  орындаушылығының  жəне  жауапкершілігінің 
қалыптасуына ықпал жасау болып табылады. Осындай аталмыш міндеттерді жəне нəтижелі білімге 
қол  жеткізуді  жүзеге  асыру  барысында  деңгейлеп  оқыту  технологиясы  оқыту  үрдісінде  өз  орнын 
таба білді. 
Білім беруде технологияларды игеру əрі, оқушылардың жас ерекшеліктеріне тəн етіп сабақтың 
өту жолдарын ұйымдастыру көп еңбекті, ізденушілікті қажет етеді.  
Егер мұғалім əр сабағын қызықты етіп жаңа технологиямен сабақ беріп отырса, оқушылардың 
кəсіби  білім  алуына  мүмкіндік  туатын  еді.  Сол  себептен  өскелең  ұрпақты  тəрбиелеуде  жаңа 
технологияның алатын орны ерекше.  
Жаңа технологияны меңгерудің, қолданудың өзін-өзі дамытуға, тəжірибе жинауға көмектеседі. 
Күн  санап  өзгеріп  жатқан  қоғамда,  өзге  де  елдермен  тереземіз  тең  болу  үшін  бізге  сапалы  білім 
алып,  кəсіби  маман  иесі  болуымыз  ауадай  қажет.  Деңгейлеп  оқыту  жолдарына  тоқталып  өтетін 
болсақ,  педагогика  ғылымының  докторы  Ж.Қараевтың  деңгейлеп,  саралап  оқыту  технологиясы 
мынандай 4 түрге бөлінген: 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
88  
1.  Репродуктивтік  деңгей – жалпыға  бірдей  стандартты  білім  негізінде  тапсырма  беріледі. 
Мұндай  тапсырмалар  оқушылардың  алдыңғы  сабақтарда  алған  білімдеріне  жəне  оқушыға 
байланысты 
2.  Алгоритмдік  деңгей – мұнда  оқушы  мұғалімнің  түсіндіруімен  қабылдаған  ақпаратты 
пайдалана отырып орындайды.  
3.  Эвристикалық  деңгей – оқушы  өзі  ізденіп,  қосымша  əдебиеттерді  қолдана  отырып  жауап 
береді. 
Шығармашылық  деңгей – оқушының  таза  өзіндік  шығармашылығын  байқатады.  Жаңа 
тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді [3]. 
Осы  бөлінген  топтарға  қарай  отырып,  қобыз  класына  арналған  деңгейлік  тапсырмаларды 
жүйелейік. Олардың құрамына екі қолға арналған жаттығулар, ноталық мəтіндер, іскерлік ойындар 
(есту қабілетін дамыту, яғни теріс қаратып оқушыға күйсандықтың тілін басып, қандай нота екенін 
тапқызу) т.б. жатады. 
Бірінші деңгейдің тапсырмалары репродуктивтік болғандықтан, ол жалпыға бірдей тапсырма. 
Мемлекеттік стандартқа сəйкес, баланың жас мөлшеріне байланысты таңдалынып алынады. 
Екінші  деңгейдің  тапсырмалары  сəл  күрделірек.  Класс  бағдарламасының  талабына  сəйкес 
гамма,  жаттығулар  жəне  шығармаларды  орындайды.  Оқушының  ынтасы  жоғарылап  оның 
орындаушылық көрсеткіші жоғарылай бастайды.  
Үшінші  деңгей  тапсырмалары  өз  бетімен  жұмыс  істеуіне  арналған  тапсырмалар  болып 
табылады.  Ойлау  дəрежесі  жоғары,  шығарманы  өз  бетінше  талдау,  салыстыру  жұмыстарын 
жүргізетін қабілетке ие болады.  
Төртінші  деңгей  дарынды,  талапты  оқушыларға  арналған.  Бұл  деңгейдегі  оқушы  саны  аз 
болғанымен,  үш  деңгейлік  тапсырмаларын  орындағанда  ерекшеленіп  көзге  түсіп  тұрады.  Бұл 
шығармашылық  оқушыға  мұғалім  бағытын  беріп  отырады,  арнайы  конкурстарға  қатыстырып, 
концерттерге шығарады. Ол өзіне берілген тапсырманы орындап қорытынды нəтиже шығарады. 
Музыкалық шығармашылықпен айналысқан баланың білімге құштарлығы артады. Музыкалық 
тəжірибесі неғұрлым бай болған сайын, олардың дербес шығармашылық еңбегі жемісті болады.  
Ұлттық музыканы таныстырып, ұлттық аспаптарымызда ойнатып үйрету жастарға музыкалық 
білім мен тəрбие берудің кілті [3]. 
Оқушының  бойына  жақсы  қасиеттерді  сіңіруде  эстетикалық  тəрбиенің  маңызы  зор.  Ал, 
эстетикалық  тəрбиенің  ең  басты  саласы – музыка.  Музыканың  математикалық  тұрғыда  түсіндіру 
негізін  салушы  пифагоршылар  музыканы  этникалық  тəрбиенің  негізі  деп  білген.  Ұстаз  болу 
жауапты да қиын мамандық. 
Оқушының бойындағы  ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына 
бағыт-бағдар  бере  білу  күрделі  жұмыс.  Баланы  заманына  қарай  бейімдеп,  көненің  озық  өнегесін 
оқушы санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту, орындаушылық 
шеберлігін қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. 
Музыкалық  білім  беруде  оқушылар  келешекте  орындаушы  немесе  мұғалім  болады. 
Сондықтан,  оларды  тəрбиелеудегі  мұғалімнің  басты  мақсаты – педагогикалық  тəрбиені  дұрыс 
бағыттауда.  Педагогикалық  білім  берудің  əдісіне  тереңірек  үңілу  үшін,  алдымен  біздің 
заманымыздағы  педагог-музыкант  қандай  білімді  игеруі  қажет? - деген,  сұраққа  жауап  беруіміз 
керек.  
Оған  өз  аспабындағы  орындаушылық  əрі  техникалық  мүмкіншілігі,  үйретудің  қалыпты  бір 
əдісін ғана білуі жеткілікті ме?. Көбінесе мұғалім өз білімін оқушыға дəстүрлі оқытумен үйретеді. 
Яғни, өзінің білгенін, оқушы бойына сіңдіру. Бірақ үйретілетін əдіс түрі оқушының жеке тұлғалық 
қабілетіне сай келмеуі мүмкін. Сол себептен мұғалімнің алдында, əр оқушыны тəрбиелеуде жаңа 
ізденістер күтіп тұр. 
Алдымен  кімді  оқытып  жатқаныңыз  туралы  өзіңізге  сұрақ  қойыңыз.  Оқушының  нені 
қалайтынын біліңіз, себебі əр оқушының өзіндік психологиясы, қолы, ойы т.б. сондай-ақ, жалқау, 
еңбекқор, мəдениетті, ерікті оқушылар бар. Олардың қайсысына қандай əдісті қолданатыныңызды 
анықтаңыз. Адамның түрлілігі бір жүйемен оқытуды шеттетеді, – дейді Ю. Янкелевич [4].  
Ерте заманда қалыптасқан дəстүрлі оқыту мен ұлы педагогтардың кеңестеріне сүйене отырып, 
қобыз  класында  оқушының  орындаушылық  мүмкіншілігін  арттыру  мақсатымен  деңгейлік 
тапсырмалар арқылы оқытуды қолдануға болады.  

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
89 
Деңгейлеп  оқыту  технологиясы 1998 жылдан  бастап  қолданысқа  енгізіліп  барлық  пəн 
кешендері  пайдалана  бастады.  Профессор  Ж.Қараевтың  бұл  технологиясында  оқушылардың 
қызығушылығын ашып, білімді меңгеру талап етіледі.  
Технология  репродуктивтік,  алгоритмдік,  эвристикалық,  шығармашылық  деңгейлерінен 
тұрады.  Оның  басты  мақсаты – оқушыларды  «қабілетті», «қабілетсіз»  деген  жіктерге  бөлуді 
болдырмау.  
Деңгейлеп оқыту технологиясындағы үш деңгейлік жəне қосымша шығармашылық талаптары, 
музыка  саласында  əсіресе  орындаушылық  шеберлікті  арттыруда  өзінің  көп  ықпалын  тигізетіні 
анық.  Деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқытудың  мақсаты – əрбір  оқушы  өзінің  даму  деңгейінде 
оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету. 
Деңгейлік  тапсырмалар  барлық  оқушыға  бірдей  беріледі.  Барлық  оқушы  өз  қызметін  бірінші 
деңгейдің  тапсырмасынан  бастайды.  Əр  оқушы  оларды  орындай  отырып  келесі  деңгейге  көшеді. 
Ал, келесі деңгейдегі оқушылар қабілетіне байланысты өз жұмыстарын жүзеге асырады.  
Музыка саласында деңгейлеп білім берудің нақты жүйесі əлі күнге дейін құрылмаған, оны əр 
мұғалім  өзінің  ойымен  ұйымдастырып  баланың  мүмкіншілігіне  қарай  жүйелейді.  Музыка 
мектептері, жоғары оқу орындары өз оқушыларын орындаушылыққа дайындайды. Педагогикалық 
білім  мен  əдіс  теориялық  жəне  практикалық  жұмыстарға  сүйену  арқылы  қалыптасады.  Осы 
жылдары  көптеген  оқушылар  методикалық  сауаттылық  пен  педагогикалық  əдістердің 
жетіспеушілігінен орындаушылық қырынан зардап шегуде. 
Шығармашылық  орындаушылықпен  тығыз  байланысты.  Шығармашылықты  арттыру  арқылы 
орындаушылыққа қол жеткіземіз. Яғни, үш өлшемді əдістемелік жүйені қолдану арқылы баланың 
шығармашылығын арттырып, орындаушылық шеберлікті дамытамыз. 
Қобыз  класында  оқыту  жүйесі  топтық  болмағандықтан,  жұмыс  жүргізу  бағдарламасын  құру 
жеңілірек.  Өйткені,  сабақ  жеке  өтілетіндіктен  əр  оқушының  қабілетімен  жеке  тұлғалық 
ерекшеліктеріне сай тапсырмалары күтіп тұрады. Бұл жерде деңгейлік тапсырмалардың айта кетер 
бір  ерекшелігі,  екінші  деңгейдегі  оқушы  келесі  деңгейдегі  оқушының  жеткен  жетістігін  көріп 
алдыға  ұмтылады.  Оның  орындаған  шығармасын  орындауға  тырысып  оқушының  жеке  жұмыс 
істеу процесінің қарқыны күшейе түседі.  
Музыкалық  білім  беруде  оқушылар  келешекте  орындаушы  немесе  мұғалім  болады. 
Сондықтан,  оларды  тəрбиелеудегі  мұғалімнің  басты  мақсаты – педагогикалық  тəрбиені  дұрыс 
бағыттауда.  Педагогикалық  білім  берудің  əдісіне  тереңірек  үңілу  үшін,  алдымен  біздің 
заманымыздағы  педагог-музыкант  қандай  білімді  игеруі  қажет? - деген,  сұраққа  жауап  беруіміз 
керек.  
Қобыз аспабы скрипка үлгісінен туындағандықтан, біз көбінесе скрипка мектебінің əдістемелік 
нұсқауларына жүгінеміз. Айта кететін жайт, скрипкада гриф бар, ал қобызда жоқ, тырнақты ішекке 
ысып  ойнаймыз.  Сондықтан  скрипкада  кездесетін  кейбір  заңдылықтар  қобыз  аспабында  біраз 
қиындықтар тудырады.  
Скрипка  мектебінің  ұлы  өкілдерінің  кеңестеріне  назар  аударатын  болсақ,  деңгейлеп  оқыту 
технологиясына  біраз  ұқсастығы  бар.  Сондықтан,  сол  кеңестерді  негізге  ала  отырып,  жаңа 
технологияны қолдансақ, туындайтын мəселелер саны азаятын еді.  
А.И. Ямпольский  «Мұғалім  оқушының  дайындаушысы  емес,  керісінше  шығармашылық 
жетекшісі,  оған  керекті  əдіс-тəсілді  көрсетіп,  кемшіліктерін  түзей  отырып  дұрыс  жолға  бағыттау 
қажет»,-деген  екен.  Заманауи  педагогика  бұрыннан  қалған  жүйеге  қатып  қалмайды.  Керісінше 
орындаушылықтың тəрбие заңдылықтарын дамытудағы методикаларды іздейді. 
Оқу – даму  технологиясы  болып  табылады.  Оқу  арқылы  мəдени  деңгей  қалыптасады.  Оқу 
үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланып, дамыта оқыту – жеке тұлғаны дұрыс бағыттап оқыту 
мақсатын  іске  асырып,  оқу  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарылатуға 
мүмкіндік береді.  
Сапалы  білім  алған,  танымдылығы  жоғары,  құзыретті,  бəсекелестіктің  қайсыбір  мықты 
тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық 
дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.  
Қазіргі заманауи педагогтардың міндеті оқушыға тек білім беру ғана емес, балалардың өміріне 
қажетті процестерді оқуға баулу болып табылады. Адамның еңбек үстіндегі қалыптасқан сезімі ол 
эстетикалық  сезім.  Заман  талабына  сай  ұлттық  музыка,  ұлт  аспаптарын  меңгеру  үрдісінде 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
90  
оқушылардың  рухани  жаңаруын,  талап  ізденістерін  қалыптастыруда  музыкалық  білім  берудің 
атқаратын қызметі ерекше.  
Қорыта айтқанда «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» -демекші, ұстаздың оқушыны 
тəрбиелеудегі міндеті өте зор.  
Ол  үнемі  ізденісте  болып,  əр  оқушыға  сай  келетін  əдіс-тəсілді  тауып  отыруы  қажет.  Өнерде 
қиындықты  тек  еңбекпен,  төзімділікпен  жеңесің.  Яғни,  үздіксіз  дайындық,  ізденіс,  түрлі  жаңа 
технологияларға  сүйеніп  сабақ  өту  барысын  өзгерту.  Орындаушылықты  шығармашылықпен 
байланыстырып, оны арттыруда жаңа технологияны пайдалана отырып ізденістің жаңа көзін ашу, 
баланың  мүмкіншілігін  ескере  отырып  арнайы  тапсырмаларды  ұйымдастыру.  Аталып  отырған 
деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқыту  технологиясына  сүйеніп  орындаушының  музыкалық  есту 
қабілеті, есте сақтау, көру, нота тану, оқу сауаттылығы жəне аспапта орындау шеберлігін арттыру. 
 
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
 
Кобдикова  Ж.У.  «Үш  өлшемді  əдістемелік  жүйе» – оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамыту  жəне  даму  деңгейін  критериалды  бағалау  жүйесі  арқылы  өлшеу  тетігі.  Алматы 2013. 150 бет 
Мұғалімдерге арналған оқу-əдістемелік құрал 
2.
 
Оразақынова Н.А. Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілін кешенді талдау 2007 ж.  
3.
 
Мəдениет жəне білім (ғылыми-тəжірбиелік материалдар) Алматы 2009 
4.
 
Янкелевич Ю.И. Педагогическое наследие Москва 1983. 
 
REFERENCES 
1.  Kobdikova Zh.U. «Үsh өlshemdі ədіstemelіk zhүye» – oқushylardyң funktsionaldyқ sauattylyғyn damytu 
zhəne damu deңgeyіn kriterialdy baғalau zhүyesі arқyly өlsheu tetіgі. Almaty 2013. 150 bet Mұғalіmderge arnalғan 
oқu-ədіstemelіk құral 
2.  Orazaқynova N.A. Zhalpy bіlіm beretіn orta mektepte қazaқ tіlіn keshendі taldau 2007 zh.  
3. Mədeniyet zhəne bіlіm (ғylymi-təzhіrbiyelіk materialdar) Almaty 2009 
4.  Yankelevich Yu.I. Pedagogicheskoye naslediye Moskva 1983. 
 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
91 
Лаула ЧЕНЕМИСОВА  
Магистрант 2 курса Казахского государственного женского педагогического университета 
 
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ ИСПОЛНИТЕЛЬСКОГО МАСТЕРСТВА ЧЕРЕЗ УПРАЖНЕНИЯ 
РАЗЛИЧНОГО УРОВНЯ В КЛАССЕ КОБЫЗА 
 
Резюме: 
В этой статье рассматривается эффективность использования технологии трехуровневого обучения Ж. 
Караева  для  развития  исполнительского  мастерства  учащихся  класса  кобыз.  Технология  уровневого 
обучения в области музыки является только практической, а с теоретической точки зрения она конкретно не 
систематизирована.  В  статье  также  показаны  способы  организации  специальных  заданий  с  учетом 
возможностей  учащегося,  пути  открытия  новых  истоков  исследования,  связывания  исполнительского 
мастерства  с  творчеством  при  использовании  новых  технологий  и  его  дальнейшего  развития,  а  также 
изучены проблемы развития активности, заинтересованности и индивидуальных музыкальных способностей 
кобызистов. 
Ключевые  слова:  кобыз,  способность,  исполнительское  мастерство,  технология,  музыкальное 
творчество, традиционная музыка.  
 
Laula CHENEMISOVA
 
Master student of Kazakh State Women Pedagogical University
 
 
IMPROVEMENT OF PERFORMING SKILLS THROUGH EXERCISES  
OF VARIOUS LEVELS IN KOBYZ CLASSES 
 
Summary: 
In this paper the efficiency of using of Zh. Karaev’s three-level training technology for the development of 
students mastery of the kobyz class is considered. Level training technology in music is the only practical and 
theoretical point of view, it was not specifically systematized. The organization of special tasks taking into account 
the student's capabilities, the way of opening new sources of research linking performance skills with creativity using 
new technology and its further development and the problems of development activity, interest in music and 
individual musical abilities of kobyz players are studied. 
Keywords: kobyz, ability, skills, technology, music, art, traditional music 
 
 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
92  
ƏОЖ 78.03 
 
МӨЛДІР ҚИСАМЕДЕНОВА 
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, музыкатану мамандығының  
2 курс магистранты 
 
ЗƏМЗƏМ ЕСЖАНОВА КҮЙЛЕРІНІҢ  
МУЗЫКАЛЫҚ-СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Бұл мақалада Батыс Қазақстан күйшілік дəстүрінде танымал, күйші қыз-келіншектер қатарында өзіндік 
орны  бар,  Зəмзəм  Есжанова (1913-1993) мұрасы  қарастырылды.  Мұнда  алғаш  рет  «Каспий  толкыны», 
«Арман», «Акжайык»  т.б.  күйлерінің  музыкалық-стильдік  ерекшеліктері  айқындалды.  Өзінің 
шығармашылығында  Батыс  Қазақстан  күйшілік  дəстүрін,  соның  ішінде  Құрманғазы,  Дина,  Дəулеткерей, 
Түркеш күйшілігін дəріптейді. 
 
Тірек сөздер: күйші қыз-келіншектер, суырып салма. 
Ключевые слова: женщины-кюйши, импровизатор. 
Keywords: women-kuyshi, improvise. 
 
 
Жалықпай үйретіп-ең балғындарды, 
Іштегі арманды айтып, жүрек жарды. 
Күйлерің «Шашу», «Шаттық», «Арман», «Жайық», 
«Каспийдің толқынымен» соқты жарды. 
З. Есжанова шəкірті, 
С.Аманғалиев 
 
Батыс  Қазақстан  күйшілік  дəстүріндегі  қыз-келіншектердің  бірегейі,  күй  анасы – Динаның 
өнерін жалғаушы Зəмзəм Есжанова. Олай дейтініміз, көпшілік қыз-келіншектердің домбырашылық 
қасиеттері жоғары деңгейде бола тұра, күйшілігі, суырып салмалық қырларының тыс қалуы өзекті 
мəселе  болып  отыр.  Осы  тұрғыда  бүгінгі  тақырып  кейіпкері – екі  бағытты  қатар  ұстанған,  айтар 
ойы  күрделі,  салмақты,  көркем  туынды  авторы – артына  қаншама  шəкірт  қалдыра,  қазақ  өнерін 
насихаттаған.  
Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты 14-ауылда өнерді қадірлеген отбасында дүниеге 
келген. Əкесі Хасан ұста, шебер, үш қызын да өнерге баулыған. Əпкелері: Ғайша гармонда, Барша 
əн айтса, Зəмзəм домбырада ойнаған.  «Топан», «Кеңес» күйлерін алты жастан бастап үйреніп, ел 
арасында  «домбырашы  қыз»  атанған.  Əкесі  мен  əпкелерінен  жастай  айырылған  Зəмзəмнің 
анасымен  бірге  тұрмысы  ауыр,  көп  қиыншылықтарды  басынан  кешкен,  тағдыры  оңай  болмады. 
Атырау қаласындағы Қазақ драма театрына қызмет ете жүріп, көптеген қойылымдарда қатынасып, 
мұнайшылар  оркестрінде  ойнаған,  скрипка,  мандолина  аспаптарын  үйренген.  Домбырасымен 
Құрманғазы, Дина күйлерін репертуарынан түсірмеген. Күйшіні даралайтын ақындық қасиеті тағы 
бар. 
1958 жылы Мəскеуде өткен Қазақстан өнерпаздарының, 1960 жылы Алматы қаласында өткен 
Қазақстанның 40-жылдығына  арналған  фестивальдерде  өз  өнерін  көрсеткен. 1972 жылы 
Жамбылдың 125- жылдығына  ұйымдастырылған  тойда  көптеген  өнер  адамдарымен  жүздесіп, 
академик А.Жұбановпен кездескен [1, 13]. 
Зəмзəм  Есжанованың  төл  туындыларының  музыкалық  ерекшеліктерін  айқындау  мақсатта 
күйлерінің  тақырыптарына,  интонациялық-ырғақтық  суреттерге,  ладтық  мазмұн  мен 
композициялық  құрылымдық  ерекшеліктеріне  басты  назар  аударылды.  Жұмыс  барысында 
салыстырмалы-типологиялық  əдіс  қолданылып,  автордың  өз  күйлері  мен  Батыс  Қазақстан 
күйшілік дəстүріндегі домбыра күйлері салыстырылды.  
Санынан гөрі сапасына басты назар аударған өнерпаз анамыздың домбыраға арналған бес күйі 
бар.  Оның  екеуі – «Каспий  толқыны»  мен  «Ақжайық»  табиғат  тақырыбына  арналса, «Шашу» - 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
93 
куанышты сəттегі көңіл-күй іспеттес болса, «Шаттық», «Арман» - адам бойындағы нəзік сезімдерді 
күйде сəтті бейнелеп, автордың шеберлігін айқындайды. 
«Каспий  толқыны»  –  шығу  уақыты  туралы  қазақ  өнерін  зерттеуші,  профессор 
К.Сахарбаеваның шəкірті М.Хайрушевпен бірігіп шығарған, З.Есжанова туралы арнайы жазылған 
«Күй  ғұмыр»  кітабында «1956-57 жылдары  ойға  келген  күй»  деп  келтірсе [1, 20], «1953 жылы 
Алматыда  өткен  өнерпаздар  байқауына  қатысып, «Каспий  толқыны»  күйін  белгілі  композитор 
С.Құсайыновқа тыңдаттырып, нотасын жаздырып алады» [1, 13]. Бұл деректерге қарап, автордың 
тырнақалды  туындысын  шамамен, 1950 жылдарға  жатқызсақ  артық  болмас  деген  ойдамыз. 
Тарихына келсек, күйші өз өмір жолдарын есіне алып, Каспийдің асау толқынының жағаға ұрып, 
арнасынан аса алмай кейін қайтып, саябырлаған сəтіне бейімдеп шығарған. 
«Каспий  толқыны»  құрылысы – əн  негізіне  байланысты  көпэлементті  күйлер  тобына  кіретін 
болғандықтан,  бас  буын,  транспозиция  жəне  үлкен  сағадан  құралған.  Осы  тектес  күйлерде 
транспозиция  диапазонының  кеңдігі – кіші  саға  аумағын  қамти  кетуімен  байланысты.  Оған  қоса, 
күйдің əрі өрбуін арнайы дайындықпен түскен үлкен сағада байқаймыз. Д. Нұрпейісованың «Əсем 
қоңыр», «16-жыл» күйлерінде осындай жүрісті көреміз. 
Күй – эолийлік  ладқа  негізделген,  өлшемі 7/8 болса  да,  аралас  өлшемдер  кездесуі  қазақ  күй 
өнеріндегі заңдылық, оған қоса, автор айтар ойын əр сəт сайын айқындай жеткізу мақсатында күй 
мазмұнын  аша  түседі, «атына  заты  сай» «Каспий  толқыны»  толқынның  жағаға  соғуын  əсем 
жеткізеді. Мұндай өлшемдердің маңыздылығы Құрманғазының – «Машина», «Аман бол, шешем, 
аман бол», т.б. күйлерінде кездесіп отырады. Бұл тұрғыда ұстазының дəстүрлі ерекшелігін Зəмзəм 
Есжанованың өз бойына сіңіре, болашақ ұрпаққа жеткізді деп айта аламыз. Оған қоса, Құрманғазы 
моторикалық қағыс, яғни үздіксіз қағыс түрі басымырақ, жалғар буында ғана ырғақтық қағыс түрін 
кездестіреміз. 
 
Орташа  ойлы  келетін  күй  желісінің  бас  буыны – «d-g»  ладтық  тіректе  басталады.  Салмақты 
жүретін  күй  барысы – көпэлементті  топтамаға  жатады.  Бас  буынның  өзі  үш  элементтен  тұрады: 
алғашқысы – күйдің  бастамасы,  негізгі  таныстыруы  (а);  одан  соң – негізгі  ой  дами  түсе,  «g-c» 
тіректе тоқтай, нақтылана ойналып, бастапқы əуенге қайтады (б); ал соңғысы – алғашқы əуеннен 
бастау ала, диапазонын кеңейте қайта өз қалпына түседі (в). Нота мазмұнында – аралас өлшемдер, 
3/8, 6/8, 7/8, 10/8, 11/8 кездеседі.  Күйде  көпэлементтілікті  көрсету  үшін  транспозиция
1
11
 
пайдаланады. 
 
 
 
Батыс  Қазақстан  күйшілік  өнеріне  «g-с¹»  тіректегі  транспозиция  тəн.  Осы  бастама  жалғасын 
тауып,  берілген  тақырыпты  толықтай  ойнайды  да,  ашық  ішек  арқылы  бас  буынға  күйді  одан  əрі 
жалғайды.  Шағын  дайындық  такты  кенет  «d-a¹»  нотасынан  бастап,  кіші  сағаның  қатысынсыз, 
тікелей  үлкен  сағаға  өтіп,  əуен  үстіңгі  ішекте  толықтай  ойналады.  Сағада  бастапқы  тақырыптың 
транспозицияланған күйі үстіңгі ішекте орындалады. 
                                          
1
Транспозиция-латынша «transposito»-көшіру, орын ауыстыру, негізгі элементтердің өзге дыбыс биіктігінде ойналуы 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
94  
 
 
Сағада ладтық қарама-қарсылыққа кенеледі. Шарықтау шегі – өзге буындарда аса көрінбеген 
жарқын ладтық бояуға ие болады. Бас буынға байланыс ашық ішектің қағылуымен жалғасады.  
Күй  соңы – бас  буындағы  негізгі  элементтердің  қайталана  ойналуы  арқылы  қысқа  қайыра 
тəмəм  болады.  Бұл  кез  теңіздің  буырқана  тасып,  өз  арнасына  қайтып,  тыншығанын  айнытпай 
жеткізеді. 
 
Атырау  өңіріндегі  Жайық  өзені  ақындарға  қалам  тартқызса,  күйшілерге  шабыт  шақырды. 
«Жайық  асу»
1
12
  деп  Махамбеттен  бастаған  күйшілер  қауымы  еркелете  «Ақ  Жайығым», «Ақ 
Жайық»  деп  қаншама  көркем  туындылар  қалдырды.  Осындай  бір  дүние  күйші  ана 
шығармашылығында да кездеседі. 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал