Казахской национальной консерватории им. Курмангазы


МАХАМБЕТ ДОМБЫРАСЫ – БӨКЕЙЛІК ДОМБЫРАЛАРДЫҢ



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет11/14
Дата12.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

МАХАМБЕТ ДОМБЫРАСЫ – БӨКЕЙЛІК ДОМБЫРАЛАРДЫҢ 
ПЕРНЕЛІК ЖҮЙЕСІ АЯСЫНДА 
 
Ұсынылып  отырған  мақалада  Махамбет  Өтемісұлының  домбырасы  Бөкейлік  күйшілер  аспаптарының 
пернелік жүйесі аясында қарастырылады.  
 
Тірек сөздер: Махамбет, домбыра, пернелік жүйе, төкпе, шертпе.  
Ключевые слова: Махамбет, домбыра, система ладовых перевязок, токпе, шертпе. 
Keywords: Mahambet, dombyra, perne’s system, tokpe, shertpe. 
 
Махамбет  қазақ  даласының  киелі  ұлы – жауға  қарсы  найзасын  алып  ұшқан  батыр, 
көтерілісшілерді  өлеңдерімен  қанаттандырған  жырау,  елінің  халін  əуелеткен  күйші.  Ол 
тарихымыздағы  асқақ  тұлғалар  секілді  өз  заманының  суретшісі,  сол  уақыттың  жазушысы. 
Махамбеттің шешен  сөздері, күйлері  арқылы  қайсар  батырдың  еліне  деген  сезімтал,  нəзік  жүрегі 
мен ашық ой-санасын көре аламыз.  
Ақынның күйші болғаны аян. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен домбырасы айғақ болса да, кейбір 
зерттеушілер    ақынның  күйшілігіне  күмəн  келтіруде.  Мəселен,  филолог-зерттеуші  Т.Қоңыратбай 
ақынның  күйшілігіне  аса  үлкен  күдікпен  қарап,  батырдың  күйін  нотаға  түсіріп,  насихаттаған 
марқұм Қ.Ахмедияровтың еңбегін сынға алады.  «Əй, Шонты би, Шонты би, домбыра алсам, келер 
күй...», – деп Махамбет өзі жазған жыр жолдары ғана емес, күйші домбырасын төкпе домбыралар 
аясында  салыстырмалы  типологиялық  əдіспен  зерттеу  ісі  бүгінгі  махамбеттану  ғылымының 
кезек күттірмес мəселелерінің бірі. Махамбет домбырасын жан-жақты зерттеу арқылы оның төкпе 
күй өнеріндегі орнын айқындау осы мақаланың басты мақсаты болмақ. 
Махамбеттану  саласына  аса  зор  үлес  қосқан  Мұстафа  Шəмбілұлы  Ысмағұловтың  жеткізген 
шежіресі  бойынша  батырдың  домбырасын  көру  бақытына  да  ие  болдық    [2, 3]. Өзінің 
қолжазбасында  Ысмағұлов,  Ташкентте  оқуда  жүрген  жылдары  Арыстан  Баталов  деген  керемет 
домбырашы  азаматпен  танысқанын  айтады.  А.Баталов  демалыс  уақытында  Ташкент 
радиостудиясының  залында  атақты  қазақ  күйшілері  шығарған  күйлерін  орындаған  екен.  Бірде 
əңгіме  арасында  Мұстафа  аға: «мына  домбыраң  шешен  екен,  кім  жасады?» – деп  сұрағанында, 
Арыстан Баталов: «Кім жасағанын білмеймін. Бұл домбыра əйгілі батыр, ақын Махамбеттікі. Атам 
Еркебай  «Қарғалы-Қарсақай»  дейтін  жерді  мекендеген  Ноғай  қазақтар  арасында  туып  өскен  бір 
Бегіс  Беріштен  ту  бие  соғымға  беріп,  маған  əкеліп  ұстатты.  Ол  кезде  мен  бала  едім.  Осы 
домбыраны  тарта-тарта  домбырашы  болдым.  Жасы  үлкен  елдегі  домбырашылармен  кездесіп, 
ойын-тойда күй тартысып Арыстан домбырашы атандым» – деген екен. 
Талантты домбырашы Арыстан Баталов Ташкент қаласында тифпен ауырып 1931 жылы ақпан 
айында  опат  болып,  ақын  домбырасы  Арыстанның  ағасы  Қатептің  қолына  өтіп,  Қызыл-Ордаға 
қоныс  аударады. 1933 жылы  Мұстафа  Ысмағұлов  Қызыл-Ордадағы  Совет  Сауда  техникумында 
оқып  жүргенінде  Қатеп  Баталовтың  үйін  мекендейді.  Сол  жылы  қазан  айында  Сейтек  Оразалиев 
күйші  келіп,  Махамбеттің  домбырасын  ойнауға  арнайы  келгенін  айтып,  біраз  күй  шертіп, 
кетерінде: – «мына домбыраны мен ұстайын маған бер», – деп сұрапты. 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
82  
– Бере алмаймын, Махамбеттің де, Арыстанның да көзіндей көріп сақтаймын, – деген Қатеп, 
уақыт  өте  Шымкентке  жұмысқа  ауысып,  сол  жақтан  қайтыс  болып  кетіпті.  Қатептен  кейін 
домбыраға  оның  немере  інісі  Қажет  иемденіп  Қармақшыға  əкетеді. 1934 жылы  көктемде 
Қармақшыда Қажетте дүние салып, оның анасы домбыраны Ресейге алып кетті. Сұрай-сұрай жүріп 
Махамбет  домбырасы  Елеу  деген  қарттың  қолында  екенін  анықтаған  М.  Ысмағұлов, 1979 жылы 
Нарамыш  станциясына  Елеудің  үйін  тауып  барса,  қарт  кісі  қайтыс  болған  екен,  оның  баласынан 
қақырап,  қақсып  қалған  Махамбеттің  домбырасын  алады.  Ақын  домбырасын  Алматыға  əкеліп, 
шеберлерге  жөндетіп,  қалпына  келтіреді. «Қазір  бұл  домбыра  баяғыша  сайрайды.  Тек  тартушы 
шебер домбырашы болса» – дейді Мұстафа аға өзінің қолжазбасында [3, 59  бет]. 
Ақынның  тағдыры  секілді  көшпелі  ғұмыр  кешкен  Махамбет  домбырасының  көшірмелері 
қазіргі  күні  республикамыздың  бірнеше  қалаларының  мұражайларын  безендіруде.  Алматыдағы 
Ыхылас  Дүкенұлы  атындағы  қазақ  ұлттық  музыкалық  аспаптар  мұражайынан  да  орнын  тапқан 
домбыраны  біз  де  көрдік.  Көріп,  анық  қарастырып  ақын  домбырасынан  төгіліп  тұрған  тарихпен 
қатар,  аспаптың  мойнындағы  пернелердің  орналасуына  да  аса  мəн  бердік.  Осыған  орай 
домбыраның пернелік жүйесіне ден қойып қарастырсақ. Əлбетте, бүгінде қазақтың күй мұрасының 
барлығы  дерлік  бір  жүйедегі  оркестрге  лайықталған  он  тоғыз  пернелі  домбырамен  ойналатыны 
анық. Қазіргі таңда, Махамбеттің күйлерінің ладтық тірегіне, одан əрі күйлерінің құрылымына əсер 
еткен ақын домбырасындағы пернелердің орналасуын жан-жақты қарастыру мақсаты тұр.  
Жалпы,  көтеріліп  отырған  мəселе  аға  буын  музыкатанушылырдың  еңбектерінен  орын  тапты. 
Соңғы  жылдары  əр  өңірдің  домбыраларының  пернелік  жүйесін  құрастырып,  аймақтық 
ерекшеліктерге  бағындыра  білген  бір  қатар  зерттеулер  бар.  Ең  алғашқы  болып,  домбырадағы  
перне  тағу    үлгілерін    музыкалық  симметриялогия  тұрғысында  қарастырып,  пернелік  жүйеге 
байланысты тұжырымдар жасаған, аспаптардың  аймақтық ерекшеліктері бар екенін айтқан Болат 
Қарақұлов  болды [4, 5]. Ізін  жалғастырушы  Б. Мүптекеев [6], А.  Алиналар [7] болса,  түрлі 
аймақтардың домбыра пернелерінің орналасуына байланысты белгілі заңдылықтар тауып, жүйеге 
келтіруге мүмкіндік жасады.  
Осы  еңбектерге  негізделе  отырып  Бөкейлік    домбыралардың  пернелерінің  орналасуын 
жүйелендірсек.  Алдымен,  домбыра  мойнында  пернелердің  тағылуына  байланысты  бекітіліп, 
жылжымайтын тұрақты пернелермен қоса бос тағылған жылжымалы пернелердің болатынын айта 
кету керек. Осы орайда, Болат Қарақұловтың айтуынша барлық аймаққа ортақ домбыра мойнында  
жылжымайтын    тұрақты    пернелер    ля,  до
1
,  ре
1
,  ми
1
,  соль
1
,  ля
1 
  болса,  енді  аспаптың  бас 
буынындағы    ля  мен  до  аралығындағы    си
ь
,  си  пернелері,  орта  буындағы  фа
1
,  фа
#1
  пернелері  
домбыра  мойнында  аймақтық  ерекшелікке  байланысты    əр  күйшінің  домбырасында    əрқалай 
орналасады
1
7
 [4, 5]. 
Тұрақты  пернелердің  «негізгі  пернелер»  деген  Б.  Мүптекеев  «Жетісудың  оңтүстік 
шығысындағы  күйшілік  дəстүр»  еңбегінде  жылжымайтын  пернелердің  функцияларын  көрсеткен. 
Олар: 

 
Орындаушылар  (əнші, күйші, жырау, сал, сері т.б.) бұл пернелермен өз домбыраларының  
құлақ күйін келтіреді; 

 
домбыра  сүйемелдеуіндегі  əн,  жыр  үлгілерінде,  күй  құрылымында  бұл  пернелер    ладтық 
тірек (ладовая опора) қызметін атқарады; 

 
күй құрылымында позициялық иірімдер (ПАИК)
2
8
 
негізі осы пернелерде ойналады [8]. 
Б. Мүптекеев  өз  жұмысында  жылжымалы  пернелерді  «ладтық  пернелер»  деп  атаған.  Осы 
орайда,  А. Сейдімбеков  пен  Т. Əсемқұлов  сияқты  белгілі  зерттеушілер  домбыра  пернелерінің 
дəстүрлі  атауларын  көрсетеді
3
9
.  Берілген  перне  атауларының  арасынан  «авторлық»  пернелерді  де 
                                          
1
 «Шесть перне  этой структуры  всегда присутствуют на грифе казахских домбр в виде  фиксированных, неподвижных, а 
других перне  могут быть фиксированными, либо слабозакрепленными, либо вовсе  отсутствуют и это  позволяет считать 
звуки  зеркально  совместимой    пентатоники  основными,  а  остальные  побочными  или  неосновными,  количество  и 
положение которых на грифе и определяет ту или иную региональную особенность звукорядной системы» [5, 151 бет].  
2
 ПАИК (позиционный аппликатурно-интонационный комплекс) – П. Шегебаевтың термині. 

Б. Орымбековтың жеткізуінше А. Сейдімбековтың пернелік атаулар нұсқасы Т. Асемқұловтың нұсқасымен сабақтасы, 
дегенмен қарамақайшылықыты да байқаймыз. 1. Оғыз немесе түркімен пернесі (соль диез), 2. Бас перне (ля), 3. Қосақ 
перне  (си  бемоль) (Тылсым  перне  Т. Асемқұлов), 4. Тірек  перне  (си) (Еңірелі  перне), 5. Бірінші  қашаған  перне  (си 
бемоль), 6. Сүйеу перне (до) (Жетім перне), 7. Азат перне (до диез) (Жуас перне), 8. Бел перне (ре) (Көсем перне), 9. Таса 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
83 
табамыз.  Ол  дегеніміз  əр  орындаушы  өзінің  домбырасының  дыбыстық  қатарын  қадағалап, 
шығармаларында өзіндік жаңа қосымша пернелерді енгізген, мысалы: Сейтек, Өскенбай, Дайрабай, 
Құрманғазының «Сарыарқа» пернелерін айтуға болады.  
  Жоғарыда  айтылған,  Б. Мүптекеевтің  еңбегінде  «төкпе  күй»  жəне  «шертпе  күй» 
домбыраларының  перне  тағу  үлгілері,  осыған  орай  аспаптың  дыбыстық  қатары  да  көрсетілген. 
Аталмыш еңбекпен қоса А. Алинаның «Шертпе күйдің орындаушылық ерекшеліктері (Арқа өңірі 
бойынша)»  атты  жұмысында  Жетісу  мен  Арқа  өңірлері  күйшілері  домбыраларының  пернелік 
жүйелері  көрсетілген.  Бұл  өңірлердің  домбыра  пернелері  санының  құбылмалығына    байланысты 
ортақ  көрсетілген  аймаққа  тəн  пернелік  жүйе  құрастыру  қиынға  соғады.  А. Алина  Арқа  өңірінің 
домбыраларында 9-19 пернелер  аралығында  болатынын  атап  өтіп,  Байжігіт,  Абай  Құнанбаев, 
Əміре  Қашаубаев,  Жүсіпбек  Елебеков,  Əбікен  Хасенов,  Мағауия  Хамзин,  Дəулетбек 
Садуақасовтардың  домбыраларында  негізгі  пернелермен  қатар  жылжымалы,  қашаған  мен 
оймауыт пернелерінің кездесетінін айтады [7, 54-58беттер]. 
Б. Мүптекеев болса, өз жұмысында Жетісу домбыраларындаға перне тағылу мəнеріне көп ден 
қойып,  Жұмаділ  Сыбанқұлов,  Нүптеке  Тəжіұлы,  Əбди  Əлімшарұлы,  Омархан  Керімқұлов, 
Ыбырайымхан  Мергенбайұлы,  Оразақын  Малдыбайұлы,  Намазамбай  Орманов,  Мысабай 
Сəлбенбекұлы, Мəді Шəутиев сияқты күйшілердің аспаптарынан жылжымалы, «бейтарап», «ұры» 
пернелердің  қолданылатын  күйлерін  көрсетіп,  пернесіз  ойналатын  жерлерді  де  атап  өтеді.  Əйтсе 
де,  диссертациялық  жұмыста  ұсынылған  суреттер  арқылы  Сары-Арқа  мен  Жетісу 
домбыраларының  пернелік  жүйесінде    «  сиь,  си,  до,  до#,  миь,  ми»  дыбыстары  қатар  орналасып, 
қажетті кезде жылжытылатынын айта аламыз. 
Осы еңбектің «Перне тағу үлгілері» атты тарауының қорытындысы ретінде: «Батыс Қазақстан 
аймағында пернелер «төрт перне»
1
10
 үлгісімен тағылса, Шығыс Қазақстан аймағында си бемоль, ми 
бемоль  (ля  бемоль)  пернелік  жүйе  сирек  кездеседі.  Бұл  əрине,  шығыс  аймағындағы  күй 
құрылымының  ладтық  ерекшелігіне  тікелей  байланысты  болса  керек» - деп  көрсетеді [6, 41-54 
беттер].  Аталған  еңбектер  Бөкейлік  домбыраның  пернелік  жүйесін  зерттеуге  əдістемелік  негіз 
болды.  
Енді  Батыс  аймаққа,  соның  ішінде  Бөкейдің  күйшілік  дəстүріне  келіп  тоқталсақ.  Аспап 
мойнындағы ля, до
1
, ре
1
, ми
1
, соль
1
, ля
1 
 пернелер қатары бүкіл қазақ жерінің домбыраларына тəн 
дедік.  Айтжан  Есенұлының  айтқанындай  «төрт  перне»  терминінің    шығуы,  домбыра    мойнында  
пернелердің  төрт–төрттен  орналасуына  байланысты,  төрт  перне  төкпе    күйшілік  дəстүрінде 
стереотип  түрінде  кездеседі [6, 48 бет]. 
Мақаламыздың  басты  кейіпкері  Махамбет  Өтемісұлының  домбырасы  Бөкей  күйшілерінің 
арасында ең көнесі болып отыр (автордың тапқан суреттерінің арасынан).    
Махамбеттің  домбырасында  орналасқан  он  бес  перненің  дыбыстық  қатары  төмендегідей. 
Дегенмен, көрсетілген Махамбет домбырасының мойнында алшақ орналасқан пернелер арасында 
байланған  перне  іздері  қалса,  саға  аймағындағы    сиь,  до#  пернелері  босатылып,  жылжымалы 
болғандығын байқатады. Ақын домбырасының мойыны мен кеудесі аралығында перне көлеміндей 
ойық орналасқан, аталмыш бейтарап перне күйшінің күй мұрасының барлығында кездеседі. Ақын 
домбырасында  бұл  биіктікте  орындау  қиындыққа  соқпаса  керек,  себебі  аспаптың  мойны  мен 
кеудесі қосылатын жер жіңішке болып, орындаушылық техникаға кесірін тигізбеген сыңайлы.  
                                                                               
                                                                                                                                      
перне  (ми  бемоль) (Мұңды  перне), 10. Кезең  перне  (ми) (Даңғыл  перне), 11. Екінші  қашаған  перне  (ми  мен  фа 
ноталарының арасы), 12. Асу перне (фа) (Екінші жетім перне), 13. Жетім перне (фа диез) (Емірелі перне), 14. Еңіс перне 
(соль) (Шешен перне), 15. Етек перне (соль диез) (Үйсіз перне), 16. Төс перне (ля) (Шағырмақ перне), 17. Алқым перне 
(си  бемоль) (Құсар  перне), 18. Үшінші  қаша,ан  перне  (си  бемоль  мен  си  ноталарының  арасы),19.  Шықшыт  перне  (си) 
(Кет Бұғының пернесі), 20. Тамақ перне (до) (Шыңырау перне), 21. Сағақ перне (ре) (Табалдырық перне), 22. Тысқары 
перне (ми) (Т. Асемқұлов), 23. Кəдесіз перне (фа) (Т. Асемқұлов) [9, 10].  
10
 «Төрт перне»  термині туралы  Айтжан Есенұлының  «Күй тəңірдің күбірі» атты еңбегінде жазылған.  

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
84  
 ерекше перне тағу үлгісі                  
 
ляь  ля  сиь 
си 
До 
до#   ре 
Миь 
Ми 
фа 
фа#   соль 
ляь   ля 
сиь  си  до 
до# 
ре 
 
перненің ізі қалған                                                   жылжымалы пернелер      бейтарап перне 
 
«ляь–ля,  до#-ре,  фа#-соль,  ляь-ля  бірге  орналасып,  екінші  октаваның  сиь,  до#  пернелер 
жылжымалы болып көрсетілген. 
Ендігі  мəселе,  Махамбет  домбырасындағы  байланған  соңғы  перне  до#  пернесінің  тағылу 
ерекшелігінде.  Аспап  мойынының  ортасынан  тесіліп  тағылған  мұндай  перне  байлау  түрі 
зерттеушілердің  еңбегінде  атау  алмаған.  Осы  тұрғыда  Махамбет  домбырасы  құрылымы  жағынан 
күрделі аспап болып табылады.   
Хронологиялық  кезекпен  Махамбеттен  кейінгі  Құрманғазы  бабамыздың  домбырасы 
қолымызға  жетпегендіктен  Динаның  домбырасына  келіп  тоқталсақ.  Бүгінгі  таңда  Дина 
Нұрпейісованың мұражайлардан орын алған домбыра үлгісі заманауи он тоғыз пернелік домбыра 
нұсқаларына  ұқсастығын  байқатады.  Бұл  аспапты  Дина  ғұмырының  қай  кезеңінде  қолданғаны 
белгісіз,  бұл  тағы  бір  зерттелетін  мəселе  болып  отыр.  Дегенмен  мұражайдағы  домбыра  нұсқасы 
күйшінің соңғы кезеңінде қолданған деп тұжырымдаймыз.   
 
  
 
   ляь  ля 
сиь    Си 
До  до#  ре  миь  
Ми 
фа 
фа# 
соль  ляь  ля 
си ь 
Си  До 
 
перненің ізі қалған                                                           жылжымалы пернелер            
 
Динаның домбырасындағы  15 перненің ля-сиь, до#-ре, ляь-ля бірге орналасып, сиь, соль#, сиь 
пернелерінің  жылжымалы  болып,  ляь,  сиь  пернелерінің  қасында  пернелер  тағылғанын  көруге 
болады. 
Сейтектің  домбырасының  пернелік  жүйесі  бітімі  жағынан  көне  домбыраларға  ұқсап,  он  бір 
пернеден тұрады.  
        
 
 
Дегенмен,  Сейтек  домбырасының  мойны  ескіріп,  перне  ораласуын  жүйелендіруде  қиындық 
туғызуда. Аспапты шертіп, күй құлағын келтіру арқылы айқындалса керек. Əйтседе  ре-миь, ляь-ля 
пернелерінің бірігіп орналасқанын айқын көруге болады. 
ХХ  ғасырдағы  төкпе  дəстүрінің  көрнекті  өкілі  Ахмет  Жұбановтың  домбырасының  дыбыс 
қатары төмендегідей:  

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
85 
  
ляь  Л
я  
сиь  си  до  до#  Ре  миь  Ми 
фа 
фа#  соль 
ляь  ля   сиь  си   до  до#  ре 
 
                                                          жылжымалы    тағылған перне іздері 
А.Жұбанов домбырасының мойнында орналасқан он алты перненің  фа# пернесі жылжымалы, 
сағадағы ляь жəне сиь пернелерінің  ізі анық көрініп, до жəне до# ноталары бірігіп орналасқанын 
байқаймыз. 
Қорыта  айтқанда,  жалпы  Бөкейлік  домбырашылардың  аспаптарының  пернелік  жүйесін 
зерттеуде  бұл  аймақта  тұрақты  ля,  си,  до,  ре,  ми,  фа  пернелері  бекітіліп,  басқа  дыбыстар 
жылжымалы  болып  келетіндігі  анықталды.  сиь – Бөкейлік  домбыра  аспабына  тəн  «Сарыарқа» 
пернесінің жылжымалы болуы жалпы  аймақтық құбылыс. Бұрын соңды байланған перне іздерінің 
қалуы күйшілердің домбыра пернелік жүйесіне, осыдан туындайтын дыбыстық қатарына айрықша 
ден  қойғанын  аңғартады.  Жоғарыда  көрсетілген  домбыралардың  арасында  бейтарап  перне  жəне 
перне  байлау  əдісімен  ерекшеленген  Махамбеттің  домбырасы  көлемі  жағынан  ең  кішісі  болсада 
ақын  күйлерінде  қамтылатын  дыбыстық  қатары  толық  бейнеленген.  Махамбет  домбырасының 
мойнында алшақ орналасқан пернелер іздері қалса, олар саға аймағындағы  сиь, до# пернелерінің 
босатылуымен  ерекшеленген.  Махамбет  домбырасын  айрықшалап  тұратын  тағы  бірден-бір 
белгі – мойны  мен  кеудесі  аралығының  қосылатын  жіңішке  жерінде  перне  көлеміндей 
ойықтың орналасуында. Аспап мойнының ортасынан тесіліп тағылған бұндай Махамбетке ғана 
тəн перне байлау түрі зерттеушілердің еңбектерінде əлі де атау алмаған. 
Махамбет  домбырасының  төкпе  домбыралар  қатарында  салыстырмалы  зерттеу  нəтижесінде 
күйшінің  домбрасына  «ляь–ля,  до#-ре,  фа#-соль,  ляь-ля»  бірге  орналасып,  екінші  октаваның 
сиь,  до#  пернелер  жылжымалы  болып  көрсетілгені  анықталды.  Махамбет  домбырасындағы 
байланған соңғы перне до# пернесі күйші домбырасын айрықшалап тұратын құбылыс. 
Қорыта  келегенде – Махамбеттің  күйші  болғанынан  күмəн  сейіліп  қана  қоймай,  ақын 
домбырасының  пернелік  жүйесінен,  дыбыстық  қатарынан,  аспап  құрылымының  ерекшелігінен, 
оның төкпе күй үлгісінің қалыптасуындағы үлесін, Бөкей аймағының күйшілері арасында аса зор, 
өзіндік орны бар екенін байқатады.   
 
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
 
Атырау Облыстық Мұрағат қоры № 390. 
2.
 
Ахмедияров Қ. Шашақты найза, шалқар күй – Алматы, 1982. 
3.
 
 Құлкенов М. Шашақты найза, шалқар күй (музыкалық шығармалар) – Алматы, 2004. 
4.
 
Каракулов Б. И. Симметрийный подход к ритмической структуре одноголосной песни // Сборник 
материалов и статей памяти В. П. Дерновой. – Алма-Ата, 1992. – с. 98-102. 
5.
 
Каракулов  Б.  И.  Симметрия  звукорядов  казахской  домбры // Казахская  музыка:  традиции  и 
современность. – Алма-Ата, 1992. 
6.
 
Мүптекеев Б. Ж. Жетісудың онтүстік шығысындағы күйшілік дəстүр (ƏОЖ 787.8 (574) Қолжазба 
құқығында.  Өнертану  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дəрежесін  алу  үшін  дайындалған  диссертация – 
Алматы, 2009. 
7.
 
Алина  А.  Шертпе  күйдің  орындаушылық  ерекшеліктері  (Арқа  өңірі  бойынша)  ƏОЖ 781.24 
Қолжазба құқығында. Өнер магистрі академиялық дəрежесіне ізденуші диссертасиясы – Алматы, 2012. 
8.
 
Шегебаев  П.  Ш.  Апликатурно-интонационная  основа  ладообразования  в  домбровой  музыке // 
Проблемы традиционной инструментальной музыки народов СССР – Л.: ЛГИТМИК, 1986.  
9.
 
Сейдімбек А. Күй шежіре – Алматы, 1992 
10.
 
Əсемқұлов Т. Домбыраға тіл бітсе// Жұлдыз – 1989 № 5. 
 
 
 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
86  
REFERENCES 
 
1.
 
Atyrau Oblystykh muragat hory№ 390. 
2.
 
Ahmediyarov H. Shashakty naiza, shalhar kui – Аlmaty, 1982. 
3.
 
 Kulkenov М. Shashakty naiza, shalhar kui (musykalyk shygarmalar) – Almaty, 2004. 
4.
 
Karakulov B. Simmetriynyi podhod k ritmicheskoi stukture odnogolosnoi pesni // Sbornik materialov I 
statei pamyati V.P. Dernovoi. – Alma-Аtа, 1992. – p. 98-102. 
5.
 
Karakulov B. Simmetriya zvukoryadov kazakhskoi dombry // Kazakhskaya musica: tradicii i 
sovremennost'. – Аlma-Аtа, 1992. 
6.
 
Muptekeev B. Zhetisudyn ontustik shygysyndagy kuishilik dastur  – Аlmaty, 2009. 
7.
 
Alina А. Shertpe kuidin oryndaushylyk erekshelikteri (Arka oniri boiynsha) – Аlmaty, 2012. 
8.
 
Shegebaev P. Aplikaturno-intonacionnaya osnova ladoobrazovaniya v dombrovoi musice – L.: LGITMIK, 
1986.  
9.
 
Seidimbek  А. Kui shegire – Аlmaty, 1992 
10.
 
Asemkulov Т. Dombyraga tilbitse// Zhuldyz – 1989 № 5. 
 
Венера ШУКЕНОВА 
Магистрант КНК им.Курмангазы специальности «Музыковедение» 
 
ДОМБРА МАХАМБЕТА В КОНТЕКСТЕ СИСТЕМЫ ЛАДОВЫХ ПЕРЕВЯЗОК БУКЕЕВСКИХ 
ИНСТРУМЕНТОВ 
 
Резюме: 
В  статье  предпринято  сравнительно  типологическое  изучение  домбры  Махамбета  в  контексте 
разнообразных  ее  аналогов  Западного  Казахстана.  Выявлено,  что  индивидуальность  кюйши  отличает 
своеобразие мелодического строя, что связано с  местоположением ладовых перевязок домбры. В ряду домбр 
Западного Казахстана домбра Махамбета представляет особую разновидность системы ладовых перевязок. 
 
Ключевые слова: Махамбет, домбра, система ладовых перевязок, токпе, шертпе. 
 
Venera SHUKENOVA 
Kurmangazy Kazakh National Conservatory Master student of Musicology 
 
MAHAMBET’S DOMBYRA IN THE CONTEXT OF PERNE’S SYSTEM  BUKEEV’S 
INSTRUMENTS 
 
Summary: 
The article shows typological study of Mahambet’s dombra in the context of various analogues of West KZ. It is 
revealed that kuishi’s peculiarity differs its melodic structure singualirity which is connected with the dombra fret 
dressings. Among West KZ dombras Mahambet’s has peculiar kind of fret dressing. 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
2014 -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
2014 -> Ғылыми-танымдық конференция Қалмақтөбе көрінісі
2014 -> «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры
2014 -> Байтұрсынұлы Ахмет
2014 -> Анықтамалық СӨздік russian-kazakh-english dictionary directory караганда
2014 -> Абай Құнанбайұлы Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы
2014 -> Сабақтарының тақырыптары 1-лекция. 1991-2001жж. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде
2014 -> Газет 1992 жылдың 17 қаңтарынан шыға бастады

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет