Казахской национальной консерватории им. Курмангазы



жүктеу 5.1 Kb.

бет10/14
Дата12.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
 
Əбділдина,  С.  Қ.    Қазақ  халқының  ауызекі  шығармашылығы  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларын 
адамгершілік тəрбиеге болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру. п.ғ.к. ... дисс. автореф. – Қ., 1999. – 26 б. 
2.
 
Еңсепов,  Ж.  Ж.  Музыка  мен  əдебиет  байланысы  арқылы  оқушылардың  музыкалық 
қызығушылықтарын қалыптастыру. п.ғ.к. ... дисс. автореф. – А., 2003. – 25 б. 
3.
 
Едігенова,  А.  Ж.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  қазақ  халық  ертегілеріне  танымдық 
қызығушылығын қалыптастыру. п.ғ.к. ... дисс. автореф. – А., 2004. – 25 б. 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
74  
4.
 
Тұрғынбаева, Б. А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының    шығармашылық қабілеттерін 
дамыту. п.ғ.к. ... дисс. автореф. – А., 1998. –  22 б. 
5.
 
Қасымова, Ə.Б. Шығармашылықты жетілдіру - ұстаз парызы / Ə. Б. Қасымова // Қазақстан мектебі, 
- 2008. – №11. – А. 50-52 б. 
 
REFERENCES 
1. Abdìldina, 
S. 
Ķ.  Ķazaķ halķynyn auyzekì šyġarmašylyġy arķyly bastauyš synyp oķušylaryn adamgeršìlìk 
ta rbiege bolašaķ mұġalìmderdì daârlyġyn ķalyptastyru. p.ġ.k. ... diss. avtoref. – Ķ., 1999. – 26 b. 
2.  Ensepov, Ž. Ž. Muzyka men adebiet bajlanysy arķyly oķušylardy muzykalyķ  ķyzyġušylyķtaryn 
ķalyptastyru. p.ġ.k. ... diss. avtoref. – A., 2003. – 25 b. 
3. Edìgenova, A. Ž. Bastauyš synyp oķušylaryny  ķazaķ halyķ ertegìlerìne tanymdyķ  ķyzyġušylyġyn 
ķalyptastyru. p.ġ.k. ... diss. avtoref. – A., 2004. – 25 b. 
4. Turġynbaeva, B. A.  Oķytu barysynda bastauyš synyp oķušylaryny    šyġarmašylyķ  ķabìletterìn damytu. 
p.ġ.k. ... diss. avtoref. – A., 1998. –  22 b. 
5.  Ķasymova, A.B. Šyġarmašylyķty žetìldìru - ustaz paryzy / A. B. Ķasymova // Ķazaķstan mektebì, - 2008. – 
№11. – A. 50-52 b. 
 
Медеубек ТƏНИРБЕРГЕНОВ 
Профессор Южно Казахстанкого государственного педагогического института, директор школы 
науки твочрества и новых технологии, доктор педагогических наук 
Акбопе БАЛАБЕКОВА 
Магистрант университета «Сырдарья» 
 
ПУТИ ОБУЧЕНИЯ ТВОРЧЕСТВУ УЧЕНИКОВ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ 
 
Резюме: 
В данной статье рассматриваются пути обучения творчеству учащихся начальных классов. 
 
Ключевые слова: школа, творчество, психология, педагогика, учащий, начальная школа, способность 
 
Medeubek TANIRBERGENOV 
Professor of South Kazakhstan State Pedagogical Institute, the Director of the Scientific School of creativity 
and new technologies, doctor of pedagogical sciences 
Akbope BALABEKOVA 
Master of Syrdaria University 
WAYS OF TEACHING CREATIVITY FOR PRIMARY SCHOOL PUPILS 
 
Summary: 
In this article ways of training creativity of pupils of initial classes are considered. 
 
Keywords: school, work, psychology, pedagogy, teachers, primary, ability 
 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
75 
ƏОЖ  372, 878 
 
МЕДЕУБЕК ТƏҢІРБЕРГЕНОВ 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, 
Шығармашылық жəне жаңа технологиялар ғылыми мектебінің директоры, педагогика 
ғылымдарының докторы 
СƏУЛЕ БАЙБАТШАЕВА 
«Сырдария» университетінің магистранты 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ 
ФОЛЬКЛОР АРҚЫЛЫ РУХАНИ ТƏРБИЕ БЕРУ 
 
Мақалада өскелең ұрпақты ұлттық музыка фольклоры арқылы тəрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады.  
 
Тірек сөздер: фольклор, мұра, дүниетаным, тəрбие, музыкалық фольклор. 
Ключевые слова: фольклор, наследие, воспитание, музыкальный фольклор 
Keywords: folklore, heritage, education, musical folklore 
         
Елімізде  білім  беру  жас  ұрпақты  тəрбиелеу  мəселелері  саласында  түбегейлі,  шұғыл 
бетбұрыстар  жасалып  жатқаны  белгілі.  Тəуелсіздік  туын  тіккен  жас  мемлекетіміздің  болашағына 
тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. 
Ұрпақ  тəрбиесінде  халық  əндерін  пайдалану  өз  Отанын  сүйетін,  туған  халқын,  оның  салт-
дəстүрлерін,  тілі  мен  тарихын,  өнерін  құрмет  тұтып,  ұлттық  рухты,  адамгершілік  қасиеттерді 
бойына  сіңірген,  жан-дүниесі  сұлу,  рухани  мəдениеті  бай  адамды  тəрбиелеуге  мүмкіндік  береді. 
Сондықтан  ол  өскелең  ұрпаққа  халық  дəстүрлерінің  негізінде  рухани-адамгершілік,  эстетикалық 
тəрбие берудегі аса маңызды құралдардың бірі болып табылатындығы сөзсіз. 
Фольклор – ежелгі  дүниетаным  жəне  көне  мəдениет,  əрі  мұра.  Фольклор – көп  заманның, 
бірнеше дəуірдің, əр түрлі қоғамның жемісі, сондықтан, ол көпқатпарлы, көпсатылы, көпмағыналы 
жəне  көпқырлы.  Ежелгі  замандарда  пайда  болған  ырымдар  мен  ғұрыптар,  діни  ұғымдар  мен 
мифтер, - бір жағынан, фольклор, өйткені, олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан 
əңгімелері  жəне  іс  жүзінде  атқарған  ырым-кəделері.  Бұл  тұрғыдан  қарағанда,  олар - екінші 
жағынан,  сол  дəуір  қоғамының  мəдениеті,  себебі  сол  замандағы  адамдар  атқарған  ырым-кəделер 
мен  əңгіме-мифтер  сол  қауым үшін мəдени  рөл  де атқарды. Үшінші  жағынан, əр  түрлі ырымдар, 
ғұрыптар,  діни  нанымдар  мен  мифтер  алғашқы  қауым  адамының  дүниені  танып-білу  процесінде 
қалыптасқан руханият еді. Олар,  түптеп келгенде, сол көне дəуір адамдарының дүниетанымы еді.  
Фольклор – халық даналығы тудырған сөз өнері болса, оның табиғаты мен тарихын зерттейтін 
ғылымды  фольклористика  дейміз.  Халық  шығармашылығы  бірегей  «жазылмаған  тарих»  ретінде 
«өмір  оқулығы»,  нағыз  білім  энциклопедиясы  қызметін  атқарып,  рухани  əлем  мен  халық 
даналығының идеялық- эстетикалық байлығы жайлы толыққанды мəлімет береді. 
Музыкалық фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері мен негізгі белгілері болады. Олар: 
1. Фольклордың халықтығы. Кез-келген фольклор үлгілері - нақты бір халықтың ортақ  рухани-мəдени 
мұрасы.  Олар  сол  халықтың  көркем  ойлау  ерекшеліктерін  -эстетикалық  жəне  тарихи  талап-
талғамдарын аңғартады. 
2. Авторсыздығы (анонимдігі). Фольклор үлгілері бүгін бір этникалық топ, ел, халық өңдеуінен өткен 
ұжымдық шығармалар болып саналады. 
Көпнұсқалығы  (варианттылығы),  яғни  ел  арасына  кең  тараған  бір  шығарманың  бірнеше 
нұсқаларының қатар өмір сүруі. 
3.  Дəстүрлілігі.  Фольклор  шығармаларының  өмір  сүретін  ортасы–дəстүр.  Музыкалық  дəстүр 
жоқ жерде фольклор үлгілері де болмақ емес. 
 4. 
Ауызекілігі.  Фольклор  өте  ерте  замандарда  туып,  жазба  мəдениеттен  көп  бұрын 
қалыптасқан  мəдени  құбылыс.  Олар  ауыздан-ауызға,  атадан-балаға,  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп 
отырған. Осы ерекшелігіне орай ол заманның адамдарының есте сақтау қабілеті айрықша дамыған. 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
76  
5. Көркемділігі (поэтикасы мен композициясы). Фольклор шығармалары бірде прозалық, бірде 
поэзиялық жанр ретінде қалыптасқан. Олардың өздеріне ғана тəн көркемдік ерекшеліктері болады. 
Олар  мотив,  сюжеттік  деңгейде  айқындалады.  Фольклор  туындыларының  қатарында  синкреттік 
сипаты  басым,  міндетті  түрде  музыкалық  əуен-мақаммен  айтылатын  жанрлар  да  бар.  Олардың 
табиғаты осы тұтастықта ғана қарастырылуы шарт. 
 6. 
Тарихилығы. Музыкалық фольклор үлгілерінің көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерімен 
қатар тарихилығы да айқын. Ол екі түрлі денгейде: а) көркем шығармалардың (əн-күй) музыкалық 
тілінің  қалыптасу  кезеңдеріне;  ə)  тарихи  тақырыптарға  құрылған  шығармалар  ретінде  көрінуі 
мүмкін. Фольклордың бұл ерекшеліктері ғылымдағы тарихилық принципі негізінде танылады. 
 7. 
Этникалық сипаты. Орыс былиналарын зерттеген В.Я.Пропп оның негізгі белгісі ретінде 
ру  атауларының  кездеспеуін  көрсеткен  екен.  Бұл  қазақ  эпосы  үшін  қонымсыз  пікір.  Қазақ 
фольклорында этнонимдік атаулар кездесетін шығармалар аз емес. Осы туындылардың музыкалық 
мақамын зерттей отырып, əрбір аймаққа, этникалық топтарға тəн үн-интонация, ырғақ-өлшем жəне 
мақамдық  жүйелерді  анықтауға  болады.  Оның  бергі  жағында,  этникалық  мəліметтерді  эпикалық 
жанрлардың əдеби-поэзиялық мəтіндерінен де көптеп кездестіреміз.  
«Адам өмірдің сан алуан жағдайларына орай музыканы біреулерге шаттық пен қуаныш үшін, 
екіншіден  қайғы-мұң  үшін,  үшіншілерге  жұбаныш  үшін,  төртіншілерге  ақындық  сұхбат  жүргізу 
үшін  таңдай  білуі  тиіс»  деп  Шығыстың  ойшыл  ғалымы-  Əбу  Насыр  əл-Фараби    өзінің  «Музыка 
жайлы  үлкен  кітабында»:  жалпы  мəдениеттің,  соның  ішінде,  музыканың  пайда  болуы  мен 
дамуының  табиғи  жəне  қоғамдық-рухани  қажеттіліктері  оның  негізгі  ерекшеліктерін 
айқындайтынын айтады. Халықтың музыкалық мəдениеті, оның «жыр», «толғау», «жоқтау» жəне 
тағы  басқа  түрлері  мен  мазмұны  да  осы  ойдың  дəлдігін  айғақтайды.  Адамдардың  нақты 
қажеттіліктерінің  кескін  бейнесі-  тек  өнер,  көркемдік  ойдың  айрықша  көрінісі  ғана  емес,  ол  көп 
жағдайда өмірдің өзі де.  
Сондықтан, фольклорлық музыкада орындаушыларға ерекше талап қойылатын: тыңдаушының 
білімі,  оның  көңіл-күйі,  музыкалық  аспапты  жəне  дауысты  меңгерудің  жоғары  техникасы,  кез 
келген аудиторияда музыкамен жұмыс істей білу, сондай-ақ, орындаушының өзіндік сыртқы бет-
бейнесі мен көңіл-күйі. 
Қазақ  фольклоры  балаларға  музыкалық-рухани  тəрбие  беруде  айтарлықтай  маңызы  болады. 
Біріншіден, балалар фольклор жанрларын мақсатты, жүйелі меңгеру арқылы, өздерінің музыкалық 
білім  қорын  жетілдіруге  мүмкіндік  алады.  Екіншіден,  балалар  фольклорының  көркемдік 
бейнелілігінен  құнды  адамгершілік,  эмоционалдық-рухани  əсер  алып,  олардың  мазмұндарына 
еліктейтіндей  бейнелер  тауып,  кейіпкерлерінің  істеріне  баға  беретіндей  көзқарас,  музыкалық-
рухани  сезім,  талғампаздық  қажеттерінің  қалыптасуына  жағдай  жасалды.  Үшіншіден,  игерген 
музыкалық  білім  қорын  жеке  тəжірибесінде  пайдалана  алатындай  мүмкіндіктер  дамытылып 
отырды.  Сонымен,  əрбір  адамның  туған  анасынан  басқа  төрт  анасы,  туған  тілі,  туған  жері,  туған 
дəстүрі,  туған  тарихы  болуы  керек  деп  М.Шаханов  айтқандай,  өз  елінің  тілін,  дінін,  рухани 
музыкалық  мəдениетін  білген  адам,  біртіндеп  əлемдік  мəдениетті  үйренеді.  Бұл  қасиет  ананың 
əлдиімен,  əженің  ертегісімен,  отбасында  əңгімелермен  бала  бойына  дарытыла  отырып,  музыка 
сабағында  кеңінен  жалғаса,  сол  арқылы  ата-бабаларымыздың  асыл  музыкалық  мұрасына 
қызығушылық пен сүйіспеншілік тəрбиеленеді. 
Музыкалық  фольклордың  мəні  мен  қызметін  жан-жақты  зерттеуді  мақсат  тұтқанда  əрбір 
орныққан  музыкалық  фольклор  халыққа  тəн  екендігін  айтып  өткен.  Өнердің  дүниеге  келуін 
зерттеген  кезде  алғашқы  қауымдық  құрылыстан  бастап  барлық  адами  мəдениеттің  алғашқы 
жасаушысы  халық  болып  саналады.  Осыдан  кейін  кең  ұғымға  ие  болған  халықтың  мəдениет 
музыкалық  мəдениеті  де  қамти  отырып  музыкалық  фольклордың  негізгі  зерттеу  нысанына 
айналды.  Музыкалық  фольклор  кəсіби  өнердің  дүниеге  келуін  тарихи  түрде  айқындап  береді.  Ол 
қазір  де  кəсіби  өнерде  басты  орын  алады. «Кəсіби  көркем  дəстүрдің  халықтың – фольклорлық 
қабатын  жақындату  мен  сіңісу  халықтың  мəдениеттік  қалыптасуының  заңды  көрінісі  жəне  оның 
заңдылықтарына  бағынады».  Осындай  тарихи  заңдылық  музыкалық  фольклорды  халықтық  өнер 
шеңберлігінде қарастыруға мүмкіндік беріп отыр. Музыкалық фольклорды этномəдениет, кейіннен 
халықтық  өнердің  бір  бөлігі  ретінде  зерттеу  кезеңі  оны  халық  шығармашылығы  мен 
көркемөнерпаздық  өнер  шеңберінде  зерттеу  сияқты  жаңа  бағытпен  алмасады.  Соның  ішінде 
көркемөнер қызметінің рухани тəрбиелік бағыттарын  зерттеу əлі  де  өзекті. Музыкалық  фольклор 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
77 
халықтық  мəдениеттің  құрамдас  бөлігі  ретінде  этностардың  аражігін  айырып,  сонымен  қатар 
барлық  этнос  өкілдерін  біріктіре  де  түседі  екен.  Соңғысының  дəлелі  ретінде  дамып  келе  жатқан 
өнер  ұжымдарының,  олардың  байқаулары  мен  фестивалдерін  дəстүрлі  мəдениетке  деген 
қызығушылықтарының  артуын  тілге  тиек  етуге  болады.  Халықтық  арман-мұраттар  мен  рухани 
құндылықтарды  орнықтыруға  мүмкіндік  туғызуға  ықпал  ететін  этномəдениеттің  құрамдас  бөлігі 
ретінде  қарастыра  отырып  біз  фольклордың  мəні – рухани  мұра  қалың  көпшіліктің 
шығармашылығы,  көптеген  ұрпақтардың  еңбек  жəне  мəдени  тəжірибесінің  талдап  қорытылуы 
этностардың көпсалалы тəрбиелік құралы екендігін айқындаймыз. 
Салт-дəстүрге байланысты фольклор үлгілері өте ертеден байқалады. Əр халықтың ментальдік 
ерекшеліктерін айқындайтын белгілердің бірі осы. Мысалы, орыс  халқында «хоровод» дəстүрі бар, 
бірақ  оны  қазақ  халқының  музыкалық  фольклорынан  кездестіру  қиын.  Түркі  тайпаларында 
ұжымдық  орындаушылық  дəстүр  болмаған.  Қазақ  халқының  музыкалық  мəдениеті - монодиялық 
құбылыс.  Оған  көп  болып  əн  салу,  күй  тарту,  болмаса  жыр  жырлау  тəн  емес.  Ел  ұғымында  ол 
шеберлік  белгісі  де  бола  алмайды.  Эпикалық  дəстүрі  дамыған  көшпелі  елдерде  жеке  орындаушы,  жеке 
басының  өнерімен  суырылып  шыққан  тұлғалар  ғана  бағаланған.  Мұны  ғылым  тілінде  монодиялық  
мəдениет  деп  атаймыз.  Ол  бүкіл  түркі  жəне  шығыс  əлеміне  тəн..  Салтқа  байланысты  фольклор 
үлгілері  (бесік,  шілдехана  жыры,  сыңсу,  тойбастар,  жоқтау,  т.б.)  салт-дəстүр  шеңберінде  ғана  өмір 
сүреді.  Олар  өмір  қажеттілігінен  туып,  қуаныш  немесе  қайғы  үстінде  ғана  орындалған.  Салтқа 
байланысты  музыкалық  шығармалардың  құрылымы  қарапайым  келеді.  Бірақ  бұл  жанрларға  тəн 
стереотиптік,  шын  мағынасындағы  тұрақты  музыкалық  мəтіні  бар  шығармалар  жоқтың  қасы. 
Олардың бəрі белгілі бір дəстүрге орай, белгілі бір ладтық (мақамдық) негізде туып отырған. Басты 
орынға музыкалық əуені емес, ладтық негізі шығады. 
Салттан  тыс  фольклор  үлгілеріне  халық  əндері  мен  күйлерді  жатқызамыз.  Олар  авторы  жоқ,  бірақ 
тұрақты  музыкалық  мəтіні  бар  шығармалар.  Мысалы, «Келешек», «Ақсақ  құлан», «Қамажай», 
«Маусымжан»,  т.  б.  шығармалардың  иесі  болмаса  да,  олардың  фольклорлық  мұра  екендігі  айқын. 
Қазақ халқының  аспаптық күй  шығармашылығы  музыкада бейнеленген тарих ретінде ғана емес, 
сонымен қатар халық эстетикасының  қайнар көздерінің бірі ретінде де құнды. Ол өзінің   ұлттық - 
өзіндік бейнелілігімен, музыкалық – көркемдік құралдарының байлығымен анықталатын идеялық – 
көркемдік қасиеттеріне байланысты үлкен қызығушылық тудырады. Халық музыкалық дəстүрінің 
тағы бір  жанры - терме. Ол  халық  шығармашылығындағы  тақпақ – сазды  речитативті  əннің  бір 
түрі.  Терме – насихат,  өсиет  ретінде  белгілі  бір  əуен – ырғақпен  орындалатын  өлең  түрі  болып 
табылады. Олардың мазмұны этикалық, адамгершілік, эстетикалық категорияларды ашады.  Қазақ 
халық музыкалық шығармашылығының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы – эпостық 
жырлар.  Эпостық  жырларда  еңбекқорлық,  патриоттық,  ру-тайпалар  арасындағы  ізгі  қарым-
қатынастар,  үлкендерге,  əйел – аналарға  деген  құрмет,  адалдық,  тектілік,  батылдық,  кішілерге 
қамқорлық,  туған  өлкенің,  ұлттық  киімдердің  сұлулығы  жəне  т.б.  жырланды.  Халық  музыка 
шығармашылығының дəстүрлі жанрына толғау да жатады. Онда  ой толғанысын, уақытқа, заманға, 
оқиғаға, құбылысқа көзқарасын ақын сөзді əуенмен сүйемелдей отырып білдіреді. Халық музыка 
шығармашылығының тағы бір түрі  айтыс өнері  арқылы жас ұрпақтың бойында еңбекті қадірлеу, 
адамгершілік қасиеттер,  Отанын, елін сүю уағыздалып, керісінше, өтірік, мақтаншақтық жəне т.б. 
адамды аздыратын жаман əдеттер сыналады. Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Сондықтан 
біз  ертегі  сөзінің  мəніне,  оның  түрлеріне  қысқаша  тоқтала  отырып,  балаларға  ертегіні  оқып 
береміз.  Осы  ертегіні  тек  сөз  арқылы  емес,  сонымен  бірге  музыка  тілімен  жеткізуге  болатынын, 
оны музыкалық ертегі екендігін айтамыз. Онда кейіпкерлері əн айтады, би билейді, кейде барлығы 
қосылып  хормен  айтады  жəне  ол  сахнада  қойылады.  Мұндай  ертегіні  музыка  тілінде  опера  деп 
атайды. 
Халық ертегісін балалардың сүйіп, бар ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы 
ұрпақтан-ұрпаққа  айтылып,  əбден  екшеліп,  халықтың  даналық,  тапқыр  ой-пікірлері  айтылып, 
көркем,  əрі  жеңіл  тілмен  берілетіндігінде.  Басталған  жерден-ақ  уақиғасы  қызықты,  тартымды, 
ұшқыр қиялды болып келеді де баланың ойын бірден қызықтырып, жетектеп əкетеді. Қазақ халық 
музыка  шығармашылығының  эстетикалық  талғамды  қалыптастырудағы  мүмкіндіктері,  біздің 
ойымызша, оны игеру процесінде оқушыларда  саналы – сезімдік  қабылдау қабілеті қалыптасады. 
Эстетикалық  талғам  оқушылардың  халық  музыкасындағы  эстетикалық  құндылықтарды  ұғынуға 
деген  белсенді  ұмтылысын  бейнелей  отырып,  эстетикалық  идеал,  сезім,  көзқарас,  қажеттілік, 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
78  
қабілетті біріктіретін музыкалық – эстетикалық қабылдаудағы белгілі бір жүйелілікті  туындатады. 
Оқушылар қазақ халық музыкасына ортақтасу барысында адамның жан-дүниесін, қазіргі заманның 
мақсаты  мен  мəнін,  табиғатты  терең  түсіне  білу  қабілетін  өз  бойларында  тəрбиелей 
отырып,  міндетті  түрде  өз  рухани  мүмкіндіктерін  байытып,  эстетикалық  талғамдарын  дамыта 
түседі. 
Сондықтан,  халық  педагогикасының  маңызды  құралы – музыка  шығармашылығы  құралдары 
арқылы  қазіргі  мектеп  оқушыларына  эстетикалық  тəрбие  беру  қажеттілігінің  маңыздылығы  арта 
түседі.  Бұдан  байқалатыны,  салттан тыс фольклордың стадиялық тұрғыдан кейіндеу қалыптасқан сала 
екендігі.  Оның  үлгілері  біздің  заманымызға  дейін  жетіп  отыр.  Салттан  тыс  фольклордың  басым  көпшілігін 
лирикалық жанр құрайды. Тарихи əндер сиректеу. Мұның өзі халықтың əсемдік, сұлулық, туралы эстетикалық, 
талғамының өскендігін байқататын белгі. 
Қорыта айтқанда, фольклор халықтық мəдениеттің құрамдас бөлігі ретінде этностардың аражігін айырып, 
сонымен  қатар,  барлық  этнос  өкілдерін  біріктіре  түседі  екен.  Соңғысының  дəлелі  ретінде  дамып  келе 
жатқан  өнер  ұжымдарын,  олардың  байқаулары  мен  фестивальдарін,  дəстүрлі  мəдениетке  деген 
қызығушылықтарының артуын тілге тиек етуге болады. Алайда, музыкалық фольклордың қызметі 
олардың  ұлттық  үрдістерімен  ғана  шектеліп  қалмайды.  Кез-келген  халықтың  өзіне  тəн  ұлттық 
мəдениеті,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тарихи-этнографиялық,  ерекшеліктері  болады  десек, 
солардың басты бір саласы, арнасы – музыка. Ел қиялында туып, өрбіп отыратын аңыз-əңгімелер 
мен  жыр-дастандар  сол  халықтың  əдеби,  мəдени  мұрасы  ретінде  ауыздан-ауызға  беріліп,  дамып, 
бірде  қайғы,  енді  бірде  қуанышқа  бөлейтін  мұңды  да,  асқақ  сезімді  музыка  өнерінен  орын  алып 
отыр. Көп жағдайда əн мен жыр бірлесе, қос қанаттаса дамиды.   
 
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.
 
Балабеков, Е. О. Қазақтың музыкалық фольклоры. – А., 2006. 
2.
 
Абылқасымов, Б. Фольклор шындығы. – А., 1990. 
3.
 
Қоңыратбаев, Т. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991. 
4.
 
Ұзақбаева,  С.  А.  Қазақ  халық  шығармашылығының  балалар  мен  жастарға  эстетикалық  тəрбие 
берудегі мүмкіндіктері. – А., 1994. 
5.
 
Мұқанов,  М.  М.  Ақыл-ой  өрісі /  М.  М.  Мұқанов // Қазақстан  Республикасы  бастауыш  білімнің 
мемлекеттік стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, - 1980. – А.   
 
REFERENCES 
 
1.  Balabekov, E. O. Ķazaķtyn muzykalyķ fol’klory. – A., 2006. 
2.  Abylķasymov, B. Fol’klor šyndyġy. – A., 1990. 
3.  Ķonyratbaev, T. Ķazaķ fol’klorynyn tarihy. – A., 1991. 
4.  Uzaķbaeva, S. A.  Ķazaķ halyķ šyġarmašylyġynyn balalar men žastarġa èstetikalyķ tarbie berudegì 
mùmkìndìkterì. – A., 1994. 
5.  Muķanov, M. M.  Aķyl-oj ôrìsì /  M. M. Muķanov // Ķazaķstan Respublikasy bastauyš bìlìmnìn 
memlekettìk standarty men žalpy bìlìm beretìn oķu baġdarlamalary, – A.  1980.  
 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
79 
 
Медеубек ТАНИРБЕРГЕНОВ 
Профессор Южно Казахстанкого государственного педагогического института, директор Научной 
школы твочрества и новых технологий, доктор педагогических наук 
Сауле БАЙБАТШАЕВА 
Магистрант университета «Сырдарья» 
 
ДУХОВНОЕ ВОСПИТАНИЕ УЧЕНИКОВ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ ЧЕРЕЗ ФОЛЬКЛОР 
 
Резюме: 
В  данной  статье  рассматриваются  возможности  воспитания    подрастающего        поколения    через 
национальный музыкальный  фольклор.  
 
Ключевые слова: фольклор, наследие, воспитание, музыкальный фольклор 
 
 
Medeubek  TANIRBERGENOV 
Professor of South Kazakhstan State Pedagogical Institute, the Director of the Scientific School of creativity 
and new technologies, doctor of pedagogical sciences 
Saule BAYBATSHAYEVA 
Master of Syrdaria University 
 
SPIRITUAL EDUCATION OF PRIMARY SCHOOL PUPILS THROUGH FOLKLORE 
 
Summary: 
In this article is written about the children and pupils spiritual values education of their 
people  through folk music. 
 
Keywords: folklore, heritage, education, musical folklore 
 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
80  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МАГИСТРАНТТАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫ 
 
 
СТАТЬИ МАГИСТРАНТОВ 
 
 
ARTICLES OF MASTERS STUDENTS 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
81 
 
Статьи магистрантов
 
 
 
 
 
ƏОЖ 787.62 
 
ВЕНЕРА ШУКЕНОВА 
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранты 
 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал