Казахский национальный


ҚАЗАҚ ХАЛЫҚЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет53/53
Дата09.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

 
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ  
ЫРЫМЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІ 
 
 
Ықылым  заманан  бері  келе  жатқан  халықы-
мыздың  өзіндік  түске  ие  мәдениетімізде,  ғұрып 
әдетімізде,  философиалық  ой-қортындылары-
мыз  да  мол  халықбыз.  сонау  ертедегі  арғы  ата-
сынан  бүгінгі  заманға  дейін  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  ырымдарымыздың  ішін-
дегі  ең  көбі  балаларға  қатысты  ырмдар  болмақ. 
Халықымызда мынадай бір аталы сөз бар « адам 
өзі  мың  жасамайды,  ұрпағымен  мың  жасайды» 
демекші.  Міне  осыдан  халықымыздың  ұрпақты 
болуға ерекще мән беретіндігін әрі ерекше бала 
жанды халық екенін, ұрпақ қамын маңдай алды 
орынға  қойатындығын  көріумізге  болады,  сол 
сиақты  «бала  бақыт», «бала  болашақ»  сиақты 
көптеген  мақал-мәтелдерімізде  бар  болса,  ал 
халықымыз  бір  адамның  бақытты  бақытсызды-
ғын  көбінесе  баласының  бар-жоқтығы,  аз-көп-
тігі,  жақсы-жамандығымен  өлшеп  бағалаған, 
баланы  бақытымыздың  құт-берекесі,  нышаны 
деп  біледі.  Анасының  құрсағынан  бастап  дүние 
есігін  ашқанша  іштегі  нәрестеге  және  анасына 
ерекше  көңіл  бөліп,  анасын  күтімге  алап  қа-
сетрлейді.  Бала  аман-есен  дүниеге  келіп  көзін 
ашқанша ананы қорлайтын, мазалайтын қылық-
тарға  тыйм  салады,  мұндай  қылықтар  құрсақ-
тағы нәрестегеде қаратылады, дүниеге келмеген 
нәрестені  қорлайтын  сөздер  айытсаң  онда  сен  
 
 
ұрпақсыз  қаласың  күнаға  батасың  деп  ырымда-
ған.  Дүние  есігін  ашпаған  баланың  дүниеге 
келерде аман-сау туылуы үшін әрі кемтар болып 
қалмауы  үшін,  халықымызда  екіқабат  болған 
әйел  заты  шашын  кеспейді  деп  ырымдаған. 
Мұның барлығы іштегі баланың бағы сөнеді деп 
ырымдаған. 
Қазақ халықының сонау көне ырымында екі 
қабат  әйел  ұлбала  табамын  десе,  ер  адамның 
қару  жарағын,  шалбарын,  ал  қызбала  табамын 
десе  қызылала  шыт  әйел  адамның  көйлегі, 
жүзік,  сырға,  алқа,  білезік,  моншақ  тағы  басқа 
әсемдік  бұйымдарды  басына  жастап  жатады. 
Міне осыдан қазақ халықымыздың балаға деген 
інкарлығы  зор  екенін,  бала  десе  түн  ұйқысын 
төріт  бөлетінін  тағы  бір  қырынан  аңғарамыз. 
Жаңа  түскен  келіннің  бала  көтеріп  жерік  бол-
ғанын  сезсе,  қайын  енесі  ағынан  жарылып  
«төсек  той»  ырымын  жасап  көршілерінде  қуан-
тады.  Жиналғандар  жас  келіннің  төсегіне  теңге 
іліп қойады. 
Балалармен  қатысты  ырымдардың  ішінде 
түйемен  қатысты  болған  ырымдарда  бар,  не 
үшін  дегенде  түйе  әдетте  онекі  айда  боталап 
бота туады, жүкті болған әйел түйенің етін жеп 
шұбатын  ішіп  жүннен  дайындалған  киім  кисе, 
жүктілік  мезгілі  ұзарып  кетеді  деп  ырымдаған. 

338                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
Міне осыдан қазақ халықының іштегі нәрестеге 
ерекше  көіл  бөліп,  аман-сау  дүниеге  келуін, 
құдайдан тілеуін тілеп амандығын сұрайды. 
Бала  дүние  есігін  ашқаннан  кейінгі  балаға 
қатысты  ырымдардың  өзіде  өз  басына  бір  төбе. 
Дүниеге  келген  баланың  кіндігін  кесу,  ат  қою, 
бесікке салу, шілдехана тойын жасау, тұсау кесу 
қатарлы  ырымдарда  бар.  Туылған  нәрестенің 
кіндігін  киелі  әйелге  немесе  ауылында  ел 
қалауына  бөленген,  жасы  үлкен  парасатты,  ізгі 
ниетті  үлкен  кәрі  әжелерге  кестіреді,  үйткені 
нәресте  кіндік  шешесіне  тартады  деген  наным-
дық  сенім  бар,  баланың  кіндігін  айбалтамен  де 
кескен,  кіндік  кескен  балтаны  сақтап  қойады, 
айбалтамен  баланың  кіндігін  кесуі – бала  ер-
жеткенде ержүрек, батыр, ел қалауынан шыққан 
адам  болсын,  халықына  жағымды  ізгі  ниетті 
болсын  деп  ырымдаған.  Ұл  баланың  кіндігін 
алысқа  лақтырып  жібереді,  бұнысы  «далада  өс-
кен ержүрек батыр болсын, үй күшік болмасын» 
дегені болса, ал қыз баланың кіндігін от басына 
ошақтың  түбіне  көміп  қояды,  қыз  бала  болса 
«үйдің  құты,  берекесі»  деп  ырымдаған.  Осыдан 
басқа  баласының  ертеңгі  болашағын  ойлаған 
үлкендер, баланың кіндігін кітап арасына салып 
қойған. Баламыз оқымысты, білімді болсын, оқу 
біліммен  көз  аяасын  ашсын  деген  ізгі  ниеттері 
еді. Ат құлағында ойнасын деген тілекпен аттың 
жалына  байлап  қоятын  дағыдыда  бар, «тілегі-
мізді  кіндік  кескен  жерден,  кіндік  қаны  тамған 
жерден  бер»  дейтін  аталы  сөздер  осы  ырым-
дардан қалған.  
Бала  туылғанан  кейін  баланың  ең  алғашқы 
киімін  «ит  жейде»  деп  атаған,  баланың  ит  жей-
сін далаға тастамайды, албаты біреуге бере сал-
майды.  Баланың  бақыты  сол  ит  жейдеде  деп 
ырымдаған  әрі  сол  ит  жейдесін  киген  күннен 
басталады  деп  ырымдаған.  Бұрынғы  жаугерші-
лік  заманда  елін,  жерін  қорғаған  батырлар 
болсын,  дауға  барған  көсемдер  болсын  баласы-
ның  ит  жейдесін  қойнына  салып  алып  жүрген. 
Сол  жейде  қауып  қатерден  пәле-жаладан  сақ-
тайды деп ырымдаған. Алыс жол жүрген немесе 
сапарға аттанған ерлі зайыптылар баласының ит 
жейдесін  тастамай  алып  алған  бұнысы  болса, 
біріншіден,  жолымыз  оң  болады  деп  нанса. 
екіншіден,  баласын  сағынғанда  сол  жейдені 
ійскеп сарық сағынышын басқан. Баланың өмірі 
ұзақ  болсын  деп  ит  жейдесін  итке  орап  итке 
тастаған.  Иттер  таласып  жейдені  жыртып 
тастаса,  баланың  өмірі  ұзақ  болады  деген. 
Баланың  еңбегін  баспайды.  Үйткені  баланың 
жаны  мен  бақыты  еңбегінде  болады  дейді. 
Баланың  былқылдап  тұрған  еңбегін  басса,  миы 
зақымдалады  өміріне  қатер  төнеді,  перштесі 
шошынады деп ырымдаған. 
Бала  туылғаннан  кейін  бесікке  салу.  Бірін-
шіден,  жылы,  жәйлі,  жақсы  жатады.  Екішіден, 
таза, құрғақ жатады. Үшіншіден, бала тынышты 
ұйқысын  бұзбайды.  Төртіншіден,  нәрестенің 
денесі  зақымсыз,  түзу,  әдемі  өседі.  Бесіншіден, 
көшіп  қонғанда  ат  алдына  алып  жүруге,  түйе 
қомына  артып  қоюға  бесік  қолайлы  болған. 
Бесікке  үкінің  үлпілдек  қауырсынын  қадап 
қояды.  Қыран  бүркіттің  тұйағын,  жылқының 
жалын,  түйенің  шудасын  тұмар  етіп  бесікке 
байлайды,  бесікте  жатқан  баланы  тіл  көзден 
сақтау  үшін,  шошынып  қалмауы  үшін  қасиетті 
бұйымдарды тағып қойған. 
Қазақ  ескі  бесікті  далаға,  жұртқа  тастамай-
ды,  тастауға  тура  келсе,  ақтық  байлап  ақ  сүт 
тамызып, бір уыс дәм қойып, өртеп күлін жерге 
көміп кетеді. Далада жұртта қалған бесікке жын 
үймелеп  баланың  орнына  жатып  алса,  бұрын 
осы  бесікте  жатқан  бала  ауыру  болады.  бағы 
жанбайды деген, бесікті сатуға кез-келген адам-
ға бермеген, аяқ астына тастауға тіпті болмайды. 
Нәрестеті бесікке бөлеуден бұрын адыраспанды 
отқа  жағып  тұтатып,  бесікті  айналдырып  алас-
тап нәрестені бесікке бөлеген. Бесікті бейуақыт-
та  далаға  шығармайды,  Бесікте  жатқан  нәресте 
шошынады деп ырымдаған. Бесікке пайдаланып 
жұрген  түбекті,  шүмекті  төңкермейді.  Оны 
төңкеріп қойса, ішіне кір басып пәле үймелейді. 
Отбасына  қойса қуарып  семіп қалады. Сондық-
тан,  оны  таза  жуып  күн  көзіне  кептіру  керек, 
олай  істемесе  бала  қуығы  тұтылып  ауырады, 
жіңшке  ауыруға  жолығады  деп  ырымдаған, 
баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, 
жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келін-
нің отауының төріне қойған.  
Қазақ  халықы  баланы  бесікке  салғанда, 
ауылындағы  ең  беделді,  ең  аяулы,  көп  балалы 
болған,  өнегесі  мол,  халық  қастерлеп  қадыріне 
жеткен,  ақ  көңіл,  ашық  жарқын  ана  бесікке 
салады.  Ондай  ананың  қолы  киелі,  қолынан 
бесікке  салынған  бала  аман  болады,  өмірі  ұзақ 
болады.  Бақ  қонады,  алды  ашық,  өмірі  көңілді 
өтеді,  жамандық  көрмейді  деп  ырымдаған. 
Бесікті  көбінесе  баланың  нағашысы  алдын-ала 
арнайы  жасатып  бесік  тойына  тартыу  етеді. 
Онысы  жиен-жекжат,  үрім-бұтағым  өсе  берсін, 
өрісім  кеңейе  берсін  деген  жақсы  ізгі  ниетті 
ырымдаған, бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті 
бұйым  деп  қастерлеген,  баланың  тұсауын  сал-
танатты  тұрде  кеседі,  ата-анасы  бөбектің  әр  бір 
басқан  қадамы  «құтты  болсын»  деген  тілекпен 
ауылдағы  көңіл  жетер  жақын  адамдарын,  туыс- 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                            
  339
 
 
тарын  шақырып,  ақсарбас  малын  сойып,  мол 
дастарқан  жайып  күтеді.  Той  үстінде  баланың 
тұсауын  кеседі,  баланың  екі  аяғын  ала  жіппен 
және  малдың  тоқ  ішегімен  тұсап  қояды  да 
ауылдағы ең беделі  жоғары, ел ішінде абыройы 
бар,  қол-аяғы  жеңіл  деп  саналатын  әйелге 
тұсауын  ырым  мен  ақсақалдар  тұсауы  кесілген 
балаға  ақ  батасын  береді,  аналар  жағы  шашу 
шашып  құттықтайды.  Егерде  баланың  тұсауы 
кесілмесе,  бала  сүріншек  болады.  Ержеткенде 
топ  ауыруына  жолығады  деп  жаман  ырымға 
балап,  баланың  тұсауын  салтанатты  түрде 
кесетін  болған.  Үлкендер  баласын  сыпыртқы 
мен  көсеумен  ұрмайды,  балаға  пәле  жабысады, 
қырсық шалады деп ырымдаған. 
Бала  ержетіп  азамат  болғанда  отау  тігіп, 
бауырына  қазан  асқанда,  босағаң  берік  түтінің 
түзу ұщсын, төріт түлігің түгел болсын деп, үл-
кендер баланы сүннетке отырғызғанда шертбені 
тастамай киіз үйде құрулы тұрған шидің басына 
іліп қояды. Балаға ешкінің құйыршығын, сыйра-
ғын, қойдың  құймышағын  балаға  мұжыуға  бер-
мейді.  Бала  есейіп  ержеткенде  жеңілтек  болып 
кетеді.  Ата-анасының  сөзіне  құлақ  аспай,  өз 
бетімен бейбастақ болып кетеді, ел жұрытқа жек 
көріншті  болып  кетеді  деп  ырымдаған.  Міне 
осының  барлығы  балаға  жаман  ырым  істеуге 
болмайтынын  ақыл-кеңестерді  айтып  балаға 
жақсы  болуға  тәрбиелеген.  Міне  осыдан  қазақ 
халықмыздың    атадан-балаға  жалғасып  келе 
жатқан  балаларға  қатысты  ырымының  өзіндік 
мәнінің  зор  екендігін  аңғарамыз.  Әрі  бала 
тәрбиелеугеде  ерекше  көңіл  бөліп.  Балаларды 
жақсы  өнеге  үйренуге  талпындырып,  жаманнан 
жиренуге одан аулақ болуға тәрбиелеген. 
 
 
 
 
Баласының  ертеңгі  болашағын  ойлаған  хал-
қымыз  мал  сойғанда  аналық  малды  сойғыз-
байды  тек  аталық  малды  сояды,  аңның  да  ана-
лығы  мен  төлін  ауламайды,  бұл  аңның  малдың 
киесі  болады,  әрі  албаты  тисең  киесі  атады  деп 
ырымдаған,  балаларды  әдеп  ибаға  тәрбиелеп, 
жақсы өнегелі ұрпақ болуға, тексіз болып кетуге 
қатаң  тиым  салған.  Үлкендер  сөйлесіп  отыр-
ғанда  балалардың  қосанжарласып  отыруына, 
әке-шешесінің  сөзіне  құлақ  аспауына  тыйм 
салған, «әке тұрып, бала сөйлегеннен без» деген 
ақыл  сөздерді  нәсиқаттаған.  Осының  барлығы 
әдеп-иба  тәрбиесінің  құрамдас бір бөлігі болып 
саналады. 
Жоғарыда  балаларға  қатысты  ырымының 
мәні  мен  тәрбиесі.  барлығы  болса  халықы-
мыздың  ұрпақ  қамын  ойлайтын,  ұрпақ  тәр-
биелеуде,  аман-есен  баулып  бағып-қағып  тәр-
биелеуде  ерекше  көңіл  бөліп  қалмастан,  бала-
ларға  тәрбие  айтуда,  жаманнан  аулақ  болуға, 
оған  жоламауды  ескертіп  отырған.  Балалар  осы 
айтылған әр-бір сөзді кейін есейіп ержетуі бары-
сында  осы  айтылған  әрбір  ауыз  сөздің  маңыз-
дылығын аңғарып, өзіне тәрбие беріп отырады. 
_______________ 
1.  Болат  Бопайұлы: «Асыл  қазына»,  ҚХР  ШҰАР  ха-
лық баспасы, 2003-жылы. 
2.  «Қазақтың  мың  бір  ырымы»  ҚХР  Іле  халық  бас-
пасы, 2003-жыл. 
3.  «Қазақтың  дәстүрлі  денсаулық  сақтау  тәрбиесі» 
ҚХР Іле халық баспасы, 2009-жыл.                          
* * * 
В статье рассказывается о значении поверий про детей 
у казахского народа. 
* * * 
The value of beliefs about children among the Kazakh 
nation. 
 
 
 
 
 
 
Пдюгщгщ 
 
 
тлобпиолд 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КНИГИ ИЗДАТЕЛЬСТВА «ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ» 
 
В продаже 
 
Тарақов Ə. С. Аударма  əлемі: оқу құралы. – Өңд., толықт. – 2-бас. - 2011. – 332 бет. ISBN 978-601-247-248-6   
Автор біраз жылғы теориялық əрі тəжірибелік ізденісін қорытындылап, аударманың жазбаша түрлеріне, 
техникасына,  тəсілдеріне,  құрылымдық  сипатына  тоқталған.  Шетел  жəне  ТМД  елдері  аударма 
зерттеушілерінің ой-пікірлерін талдап, салыстыра сараптаған. 
 
Момынова Б. Қазақ əдеби тілінің тарихы: оқулық. – 2011. – 283 б.  ISBN 978-601-247-268-4 
Қазақ  əдеби  тілінің  тарихын  зерттеу  жүйеге  түсірілген  бұл  оқулықта  қазақ  əдеби  тілі  пəнінің  тіл 
теориясындағы орны, əдеби тіл теориясының тұжырымдары, қазақ əдеби тілінің проблемалық мəселелері  
қамтылды. 
 
Карбозов Е. К. Т. Ізтілеуұлының ақындық шеберлігі: оқу құралы. – 2011. – 97 б. ІSBN 9965-29-713-4            
Бұл  оқу  құралында  Тұрмағамбет  Ізтілеуұлының  шығармашылығының  қыр-сыры,  тақырыптық  аясы, 
поэтикасы  зерделеніп,  ақынның  қазақ  əдебиетінің  қандай  жанрларында  қалам  тербеді  деген  мəселелер 
төңірегінде ғылыми негізде баға беріледі.  
 
Сулейменова Э. Д. Макросоциолингвистика: статьи разных лет.  – 2011. – 404 стр.  ISBN 9965-29-670-7 
В сборник статей включены наиболее важные публикации последних двух десятилетий, а также новые, 
ранее не публиковавшиеся работы, в которых на большом массиве экспериментальных и статистических 
данных  обосновываются  теоретические  положения  в  области  макросоциолингвистики:  о  языковой 
ситуации и факторах, обусловливающих ее динамику, полиязычии разных этнических групп, языковой 
компетенции и языковом сдвиге, возрождении языка и его витальности, толерантности, участии языка в 
идентификационных  процессах,  стратегии,  механизмах  и  приоритетах  языкового  планирования  в 
современном Казахстане.  
 
Мəмбетов Ж. Əдебиеттің эстетикалық негіздері: монография. – 2011. – 163 б. ISBN 978–601–247–341–4 
Аталған  монографияда  əдебиеттің  өнер  ретіндегі  бітім-болмысы,  əр  өнердің  өзіне  тəн  сипаты  жəне 
қоғамдағы алатын орны мен маңызы жан-жақты қарастырылған. 
 
Мəмбетова М. Тілдік қатынас: оқу-əдістемелік құрал. – 2011. – 70 б. ISBN 978-601-247-320-9 
Оқу-əдістемелік  құралда  «Тілдік  қатынас»  пəнінің  мазмұны,  бақылау  сұрақтары  мен  өздік  жұмыс 
тапсырмалары, əдебиеттер мен терминдер тізімі, қысқаша ұғымдық-терминологиялық анықтамалық жəне 
тест сұрақтары беріледі.   
 
Əбдікова Қ. Ж. Аймауытов туындыларындағы тұлға: оқу құралы. – 2011. – 90 б. ISBN 978–601–247–308–7 
Ұсынылып  отырған  оқу  құралында  Ж.  Аймауытовтың  “Қартқожа”  жəне  “Ақбілек”  романдарындағы 
тұлға мəселесі қарастырылған. 
 
Капасова Д. Научный стиль речи: учебное пособие для студентов-экономистов. – 2011. – 112 с. ISBN 978-601-247-
280-6 
Целью  учебного  пособия  является  обучение  научной  речи  на  материале  экономических  текстов, 
рассмотрение их стилистических и языковых особенностей, формирование у студентов навыков анализа 
научного текста. 
 
Бузело А. Русский язык: учебное пособие для студентов-математиков. – 2011. – 137 с. ISBN 978-601-247-330-8 
Целью учебного пособия является развитие необходимых для профессионального общения навыков на 
основе  знания  лингвистических  и  стилевых  особенностей  научной  речи,  законов  построения  учебного 
текста и развития информации в нем.  
 
Акберди М. Русский язык: лексико-грамматический курс для начинающих: учебное пособие. - 2011. – 169 с. 
ISBN 978–601–247–331–5 
Пособие презназнечано для иностранных студентов, изучающих казахский язык в качестве основного и 
русский язык в качестве второго иностранного.   
 
 
 
По вопросам приобретения обращаться в отдел продаж издательства «Қазақ унмверситеті» Ихсановой Г.З. Контактный тел.: 
8(727)377-33-66, 377-33-37, доб. 11-68. Мобил.тел. 8-777-316-03-97. E-mail: 
Gulnara.Ikhsanova@kaznu.kz
.  
www.read.kz
 


жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет