Казахский национальный



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет50/53
Дата09.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

 
Н. Қабиқызы 
 
ҚАЗАҚЫ ТИЫМДАРДЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ 
 
 
Тәрбиенің 
сыншысыда, 
бағалаушысыда 
халық.  Халықтық  тиым  сөздер  халықтың  ежел-
ден бері келе жатқан ұлттық ғұрып әдетінің бір 
бұтағы,  бұл  сөздердің  көбі  ешбір  оқыу-то-
қыусыз  ақ  үлкендер  арқылы  балаларға  ақыл 
кеңес  шектеме  ретінде  нәсиқатталып  бүгінге 
жетке, үлкендер балалардың ерсі қылықтарымен 
әрекеттеріне тиым салып отырған. «неге» деген 
сұраққа  «жаман»  болады  деп  жауап  берген. 
Әрине  «жаман  боладының»  мәні  жарамсыз  
 
 
әрекеттердің  бар  екенін,  әркім  өз  түсінігінше 
жорамалдап  қортынды  шығарған.  Тиым  сөз-
дердің  тәрбиелік  құны  зор  болып  балаларды 
тәртіпке,  сыпайылыққа  баулыйды  әрі  белгілі 
мөралдық  дағыды  қалыптастырады.  Мұндай 
үзіліссіз  ұласқан  өзіндік  ерекшеленген  тиым 
сөздерінің  өміршеңдік  қуатының  халық  дана-
лығының  қортындылары  екендігін,  сондай-ақ 
халықымыздың  ең  қарапайым  әрі  жалпы  ха-
лықтық  сипат  алған  дәстүрлі  бала  тәрбиелеу 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                             
 321
 
 
әдіс-шараларының  шоқтықты  бір  саласы  екен-
дігін талассыз таныймыз. 
Ұрпақ  тәрбиесінде  рөлі  бар  тиым  сөздерді 
мыныдай бірнеше түрге бөлуге болады; 
Үлкендерді құрметтеу туралы тиым сөздер, 
Қазақ  ырымдары  реал  өмірден  алынған 
мөралдық  дағыды.  Ол  адамдардың  күнделікті 
тұрмыста  мөралға  жат  қылықтарының  алдын 
алыу, тежеу негізінде жарыққа шығып отырады. 
Сондай-ақ, ырымда бір түрлі өскелең қасиет бой 
көтеріп,  адамды  ізгілікке  адамгершілікке  жете-
леп,  жаман  қылықтармен  жағымсыз  істердің 
алдын алады, 
Қазақ  ырымдары  көбінесе  сұрау,  бұйрық, 
рай  түрінде  айтылады.  Қазақ  ырым  еткен  сөз-
дерінің  барлығында  бұлай  істеме,  ұйат  болады. 
Бұл  әдепсіздік  сақ  болыңыз,  деген  сиақты 
сұраулар  жасырынып  жатады  да,  адамға  ой 
салады.  Жаман  істерден  аулақ  болуға  жебейді, 
тұрпайы  әрекеттерді  жоюды  талап  етеді.  Осы 
арқылы жастарды, пәле-қазаға ұшырап қалудан, 
ұйат  іс  туылыудан  сақтайды.  Кішпейілділікке, 
әдептілікке,  инабаттылыққа,  берекеге  шақы-
рады. 
Қазақта  үлкеннің  ризашылығын,  ақ  батасын 
алу  кішілер  үшін  үлкен  рөл  ойнаған,  алыс 
сапарға  ақсарбас  сойып,  үлкендерден  ақ  бата 
алмай  аттанбайды.  Бала  үлкенді  құрметтеуді  өз 
ата-анасын  құрметтеуден  бастап  үйренеді.  Ата-
анасына  қол  жұмсамайды,  тіл  тигізбейді,  айт-
қанын  орындайды,  албаты  алаңдатбайды.  Ата-
анаға  қол  жұмсаса,  тіл  тигізсе,  ата-ананың 
қарғысына  қалады,  ананың  ақ  сүті  атады  деп 
ырымдайды, «ата көрген оқ жонар, шеше көрген 
тон  пішер»  дегендей  сол  ата  көрген  ұл  мен 
шеше көрген қыз үлкендердің көңілінен шығып 
тәрбиелі,  көрегенді  бала  атануға  талпынады, 
ата-анасын ұятқа қалдырмайды. 
Ұнамсыз іс-әрекет жөнінде тиым сөздер. 
Халықымыз  тарих  дамуының  үзын-сонар 
көшінде  адамның  іс-әрекетінің  ұнамды-ұна-
сыздығын бейнелейтін көптеген етикалық ұғым-
дар қалыптастырған, іс-әрекеттің ұнамдыларына 
аяулы  ат  қойып,  оны  әдеп-иба  өлшемі  ретінде 
мадақтап  отырса,  ұнамсыз  қылыққа  ұнамсыз  ат 
қойып,  оны  әдепсіздік  ретінде  шектеп,  сөгіс 
айтып  тиым  салып  отырған.  Беталды  күлме, 
қазақ  беталды  артық  күлгенді  жақтырмайды, 
«жылағанды сұрама, күлгенді сұра»  деп күлкіге 
айырықша  ден  қояды.  Қазақ  «күлген  күле 
жетеді,  екі  аяғын  түре  жетеді»  деп  біреуге 
күлгенді ерсі көреді. 
Бетке  түкірме,  қазақ  салтында  бетке  тү-
кірмейді,  біреудің  бетіне  түкіру,  оны  қара  бет 
етіп,  ар  ұяттан  айырғанмен  тең.  Тек  ар  ұяттан 
безген,  қарабет  адамның  бетіне  ғана  түкіреді. 
Өте  жаман  қылықтарды  көргенде,  естігенде 
жерге түкіреді. 
Кісіге  қарап  есінеме,  адамға  қарап  күлме, 
қарсында  отырған  адамға  құрметсіздік,  әдеп-
сіздік  саналады,  сол  адамның  өзінен,  сөзінен 
жалыққандықтың белгісі деп саналады. 
Есікті  қатты  жаппа,  есігіңнен  құт  қашады, 
береке  шәйқалады.  Өз  есігіңді  өзің  қатты 
жапқаның  өз  босағаңды  аямағаның.  Кісі  есігін 
қатты  жапқаның  оны  силамағанаң.  Біреудің 
сенің есігіңді қатты жапқаны сені силамағаны. 
Бұл  тиым  сөздердің  барлығы  күнделікті 
тұрмыс,  тіршілігімен  байланысып  жатады.  Ұр-
пақтарды  жақсы  тұрмыс  әдетіне,  іс-әрекет  жү-
ріс-тұрыста тәрбие көрген жақсы ғылыми әдетке 
баулыйды. 
Тазалықты дәріптеу туралы тиым сөздер. 
Тазалықты  дәріптеу  туралы  тиым  сөздер – 
қазақ  халықының  ежелден  бері  келе  жатқан 
халықтық  тиым  сөздерінің  бір  бұтағы.  Оның 
туылу  харектіріне  қарай  тәрбиелік  сипатыда 
түрліше  болады.  Алайда,  қазақ  ырым  еткен 
көптеген  тазалақ  тиымдарының  басым  көп 
бөлігінің  тәрбиелік  құны  зор.  Ол  ұрпақтарды 
тәртіпке,  сыпайылыққа,  тазалыққа  баулыйды. 
Әрі белгіле мөралдық дағыды қалыптастырады. 
Азықтық  тағамдарды  аялау  туралы  тиым 
сөздер. 
 Халықымыз  асты  ұлы,  киелі  санап,  асты 
аялауды  халықтық  тиым  сөздер  арқылы  атадан 
балаға  жалғастырып,  ұрпақтақтарды  қарша-
дайынан  асты  аялауға,  үнемшілдікке  баулып 
отырған. «Ас  адамның  арқауы»  деп  білген 
халықымыз  нанды  аса  қасиетті  деп  есептейді, 
нан  басқанды  құдай  атады  деп  ырымдайды,  Ас 
құятын  ыдыстан  аттама  деп  оны  табалдырққа 
қоймайды,  алдыңда  тұрған  астан  асырып  тү-
кірме,  тамаққа  қарап  түшкірме,  астың  қасиеті 
кетеді,  тамақ  ішіп  отырғандар  ұшынады  деп 
жаман  дағыдыға  қатаң  тиым  салады.  Үйдің 
ішінде  тырақ  алма,  тырнақ  тамаққа  түссе  жа-
зылмайтын  қады  ауыруына  тап  қылады  деп 
ырымдайды. 
Тұзды  бей-берекет  шашпа, «астың  иманы-
тұз»  деп  қарайды.  Тұз  төгілсе,  ырыс  төгіледі, 
дәм  шамданады,  ас  азаяды  деп  ырымдайды. 
Алыс  сапарға  шыққанда,  сары  май,  түз  алып 
шықба.  Онысы  жолым  сарғайып  зарықтыр-
масын, тұздай ашты азап тартбайын дегені, асты 
оң қолмен алып жейді, сол қолмен жегенді ерсі 
көреді,  оң  қолмен  тамақ  жеу,  оң  қолмен 
амандасу,  есіктен  оң  аяқбен  кіріу  осының  бәрі 
ісім оң болсын деген ырымы. 

322                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
Бала  Ата-ананың  болашағы,  ұлыт  мәде-
ниетін  жалғастырушы  дәнекер,  ұлыттың  үміті, 
отанның  болшағы,  ұрпақтың  жетелі  жетерсіз 
болуы,  сол  ұлыттың  тағыдырына  барып  саяды, 
сондықтан  да  ата-ана  опалы  ұрпақ,  жетелі 
жеткіншек  жетілдіру  жолында  өз  ұрпағын  өз 
дәстүрі  бойынша  жақсы  тәрбиелеуге  ерекше 
назар аударған. 
Халықтық  тиым  сөздерінің  ұрпақ  тәрбие-
сінде  өзіндік  тәрбиелік  құны  бар  болып,  тиым 
сөздерінің мағынасын жете түсіну, ғылымыйлық  
 
 
 
негізін  жете  тану  және  тиым  сөздерді  ұрпақ 
тәрбиесінде орынды қолданып, әдепті ұл, ибалы 
қыз,  қайырымды  азамат  тәрбиелеп  шығыуда 
халықтық  тиым  сөздердің  тәрбиелік  рөлі  өз 
алдына бір төбе. 
_______________ 
1.  «Қазақ  ғұрып-әдет  мәдениеті»  ШҰАР  Шинхуа 
баспасы. 2009-ж. 
2.  «Асыл  қазына»  ШҰАР  Халық  баспасы 2006-ж. 1-
басылым. 
3.  «Білгенге маржан»  ШҰАР жастар-өрендер баспасы 
2002-ж. 
       
  
 
 
А. Д. Малдыбай 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘЛІПБИ РЕФОРМАСЫ 
 
 
Ахмет  Байтұрсынұлы – қазақ  халқының 20 
ғ-дың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетек-
шілерінің  бірі,  мемлекет  қайраткері,  ақын,  пуб-
лицист,  қазақ  тіл  білімі  мен  әдебиеттану  ғы-
лымдарының  негізін  салушы  ғалым,  ұлттық 
жазудың  реформаторы,  ағартушы...  Байтұрсы-
нов  әліпбиі  қазақ  тілінің  табиғатына  бейім-
делген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ 
Білімпаздарының  тұңғыш  съезінде  (Орынбор, 
1924),  Түркітанушылардың  бүкілодақтық 1-құ-
рылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліп-
бидің  қажеттілігін,  құндылығын  жан-жақты  тұ-
жырыммен  дәлелдеген  ғылыми  баяндама  жа-
сады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуын-
дағы ірі мәдени жетістік болып табылады [1; 72-
75 бб.]. 
Ғалым сауатсыз халықтың болашағын ойлап, 
жаны  күйзелді.  Қазақ  халқы  тұтынып  отырған 
араб  алфавитінің  теріс  жақтарын,  кемшілік  тұс-
тарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп санайды. 
Ол  туралы  ойын  «Қазақ  білімпаздарының  тұң-
ғыш съезінде»  сөйлеген сөзінде айтады. А.Бай-
тұрсыновтың  ойынша,  жақсы  әліпбидің  мына-
дай  қасиеттері  болу  керек:  жақсы  әліпби  тілге 
шақ болу керек; Жақсы әліпби жазуға жеңіл бо-
луға  тиіс,  әліпбидің  әріп  суреттері  қиын  болса, 
мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып, уақытты 
көп  алады;  әліпбидің  жақсысы  баспа  ісіне 
қолайлы болуы тиіс; Жақсы әліпби үйренуге де 
қолайлы болуы тиіс. Жақсы әліпбиге лайық бұл 
төрт  сипатқа  келмейтін  әліпбидің  бәрі  де  кем-
шілікті әліпби болмақ [2; 83 бб.]. 
А.  Байтұрсынов  қазақ  балаларының  өз  ана 
тілінде  сауат  ашуына  көп  күш  жұмсады.  Жас 
ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу  
 
 
таңбасының  керектігін  ұғады.  Оған  дейінгі  мұ-
ғалімдер баланы өз ыңғайларына қарай не орыс, 
не  араб  жазуларын  пайдаланып,  түрліше  оқы-
татын. Сондықтан, ол оқу жүйесін бір қа-лыпқа 
келтіру  мақсатымен,  балаларды  оқытуда,  әріп 
үйретуде  жеңіл  болуы  үшін  жас  ерекшелік-
теріне, ой-өріс, сана-сезімдерінің қалыптасу ың-
ғайына  қарай  әліппе  оқулық  кітабын  жазуды 
қолға  алады.  Ол  үшін  ең  алдымен  алфавиттегі 
әріптердің  қолданылу  ретін,  жұмсалу  орнын 
анықтауды  мақсат  етеді.  Екінші  орынға  оқыту 
жүйесі мен мектеп, медресе, оқулық, т. б. Мәсе-
лелерді  қояды.  Шамамен 1910 жылдан  бастап, 
араб  жазуы  таза  сол  күйінде  қазақ  тілі  үшін 
жайлы  еместігін  байқап,  оны  қазақ  тілінің  ды-
быстық  жүйесіне  икемдеп, қайта  түзетуді қолға 
алады. 1913 жылғы  «Қазақтың»  № 35 санында 
жарияланған  “Жазу  мәселесі»  деген  мақала-
сында  А.  Байтұрсынов  дауысты  дыбыстарды 
таңбалау  жөнінде  өз  ұсыныстарын  айтты.  Ол 
өзінің айтқан пікірлерін Ғ. Мұса мырзаның айт-
қан  пікірімен  салыстыра  отырып,  араб  графи-
касы  негізіндегі  қазақ  жазуында  о,  у,  ы,  е  әріп-
терінің  қалай  таңбалануы  жөнінде  өз  концеп-
циясын ұсынады [3; 47-48 бб.]. 
Араб  жазуын  қазақ  тіліне  лайықтап  өзгерту 
үшін  оған  мынадай  өзгерістер  енгізу  керек 
дейді.  
1.  Егер дауысты  дыбыстар   жуан  айтылса, 
олардың  қатарындағы  дауыссыз  дыбыстар  да 
жуан  айтылады,  егер  дауысты  дыбыстар  жіңіш-
ке  айтылса,  олардың  қатарындағы  дауыссыз 
дыбыстар да жіңішке айтылады, яғни, дыбыстар 
үндестік  заңына  бағынсын  деген  пікірді  білді-
реді. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                             
 323
 
 
2.  Дауысты    дыбыстардың    жіңішке      ай-
тылуы   үшін   жіңішкелік  белгісі «дәйекшені» 
енгізу,  оны  сөздің  алдына  қою,  ол  қазақ  тілін 
көп әріптіліктен құтқарады. 
3.  Әрбір  дауысты  дыбыстың  өз  таңбасын 
белгілеу. 
Аталған  мақаласында  Ахмет  Байтұрсынов 
қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  әрқайсысына 
жеке-жеке  тоқталып,  олардың  жазылу  ретін, 
орнын,  ерекшеліктері  мен  айырмашылықтарын 
көрсетеді.  Араб  жазуының  түркі  тілдерінің  ды-
быстық  жүйесіне  сай  келмейтін  тұстарын,  басы 
артық  әріптерін  алып  тастау  керектігін  тәп-
тіштеп  түсіндіреді.  Сондай-ақ  ол  араб  жазуын 
мүлдем  алып  тастап,  басқа  алфавитті  алуға 
қарсылығын білдіреді [3; 51 б.]. 
19-20  ғасырларда  оқу-ағарту  саласының 2 
түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, 
орыс-қазақ  мектептері)  әліппелер  де  араб  және 
орыс  әліпбиімен  жазылды.  Қазақтың  тұңғыш 
ағартушысы,  педагог  Ы.Алтынсариннің  «Қазақ 
хрестоматиясы» (Орынбор, 1864), «Қазақтарға 
орыс тілді үйретудің бастауыш құралы» (Орын-
бор, 1871) оқулықтары  тұңғыш  рет  орыс  әліп-
биімен  жарық  көрді.  Алайда  «Қазақ  хрестома-
тиясы»  сауат  ашуға  арналған  әліппе  емес,  оқу 
мен  жазуды  меңгерген  балалардың  алған  білімі 
мен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық 
еді.  Бұдан  кейін  А.  Е.  Алекторовтың,  А.  В.  Ва-
сильевтің  әліппелері  жарық  көрді.  Олар  екі  бө-
лімнен  (қазақша  және  орысша)  тұрды.  Оның 
авторлары  К.  Д.  Ушинскийдің  басқа  ұлт  бала-
лары орыс тілін саналы меңгеру үшін өзінің ана 
тілінде  санат  ашуы  қажет  деген  қағидасын  ұс-
танды.  Бірақ  қолданылған  әліппелер  қазақ  тілі-
нің  дыбыстық  ерекшеліктерін  түгелдей  бере 
алмады. Түркі зиялыларын біріктірген  «Жәдит-
шілер  ұйымының»  бір  топ  мүшелері  де  қазақ 
мектептері  үшін  жаңа  оқулықтар  жазды.  Қазақ 
балаларын оқу мен жазуға төте жолмен үйретуді 
көздеді. М. Нұрбаевтың «Әліппесі» (Уфа, 1910), 
З.  Ерғалиұлының  «Қазақ  әліппесі» (Қазан, 
1910),  М.  Малдыбаев  пен  Ж.  Аңдамасовтың 
«Қазақша  ең  жаңа  әліппесі» (Қазан, 1912), К. 
Сырғалиннің  «Қазақша  әліппе  кітабы» (Қазан, 
1913),  т.б.  осындай  серпілістен  туған  алғашқы 
оқулықтар  еді.  Алайда  бұл  аталған  оқулықтар 
кең  қолданыс  таба  алмады.  Ал  ғұлама  ғалым  
А.  Байтұрсыновтың  жаңа  әліпби  үлгісімен 
жазылған  «Оқу  құралы» (Орынбор, 1912) қазақ 
мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық 
жауап  берді.  Онда  шәкірттердің  сөздік  қорын 
барынша сауат ашу жұмысына тиімді пайдалану 
мақсаты  көзделді.  Қазақ  тіліндегі  сөздердің 
дыбысталу  ұқсастықтары  мен  ерекшеліктері 
ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ 
бір  дыбысы  ғана  өзгерген  сөздердің  мағына-
ларын  ажырату  арқылы  сөздің  мағынасын  нақ-
тылау,  қолдану  дағдысын  жетілдіру  қалыптас-
тырылды [4; 678 б.]. 
А.  Байтұрсыновтың  әріп  өзгертудегі,  алфа-
витке  реформа  жасаудағы  бұл  жаңалығы  сол 
кездегі  зиялы  қауым  арасында  да  пікірталас 
туғызады.  Мерзімді  баспасөз  беттерінде  оның 
алфавитті  өзгертудегі,  жаңалық  енгізудегі  ең-
бегін  бірі  қолдап,  бірі  қарсы  шығып,  айтыс 
ұйымдастырды. Сондай мақалалардың бірі 1913 
жылғы  «Қазақ»  газетінде  жарияланды.  А.Кү-
зембаев,  А.  Иманбеков,  Ғ.  Тоқтарбеков  сияқты 
азаматтар  «Емле  хақында»  деген  мақалада  ті-
ліміздің қажетін өтейтін әріптің жоқтығын айта 
келіп,  бұл  кемшіліктің  орнын  Ахмет  Байтұр-
сынов  толықтырғанын  айтады.  Оның  еңбегінің 
мәнін,  маңызын  сөз  ете  отырып,  былай  дейді: 
«Байтұрсынов  Ахмет  мырзаның  жазған  әліппе 
оқу  құралы  дұрыс  кітап  қылып,  оқытуға  әбден 
жарайтын  келіскен  деп  білдік.  Ол  мырзаның 
түзетіп  шығарған  белгілерінің  кейбіреулері, 
біздің  ойымызша,  артық.  Кейбіреулері  кем  бо-
латын көрінеді». Сөйтіп олар өз ойларын айтып, 
бірқатар  ұсыныстар  жасайды.  Бұл  авторлардың 
ойынша,  дәйекшенің  керегі  жоқ,  себебі,  сөздің 
жуан,  жіңішкелігі  сол  сөздің  ішіндегі  дауысты 
дыбысқа байланысты болады. 
Сонымен, 1910 жылдан  бастап  араб  жазуын 
қазақ  тіліне  ықшамдап  өзгерту  жолында  еңбек 
еткен ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың әр 
жылдары  жазған  мақалалары  мен  оқулықтарын 
талдаған  кезімізде  оның  араб  жазуын  қазақ 
тілінің дыбыстық жүйесіне сай етіп өзгерткенін, 
араб  жазуында  жоқ  әріптердің  таңбасын  өзі 
ойлап  тапқанын  көреміз.  Мұндағы  А.  Байтұр-
сыновтың жетістігі қазақ тіліндегі дыбыстардың 
жуан,  жіңішкелігіне  қарай  бөлінуін  дәл  бел-
гілеп, әрбір дауысты дыбысқа арнап арнайы таң-
ба белгілеуінде. Сонымен, оның араб графикасы 
негізінде  жасаған  алфавитінде 24 әріп  бар.  Осы 
24 әріптің ішінен 16 таңба дайын күйінде алын-
ған. 8 таңбаны  өзі  қосқан [3; 53 б.].  Профессор 
Е.  Д.  Поливанов  өзінің  «Основные  формы  гра-
фической революции в турецких письменностях 
СССР»  атты  мақаласында  А.Байтұрсыновтың 
араб графикасына енгізген реформасын «ғажап» 
деп  бағалады.  Бұл  жобада  араб  алфавитіндегі 
қазақ  дыбыстарын  білдірмейтін  кейбір  таңба-
ларды  алып  тастау,  қазақ  тіліндегі  ы,  е,  и,  о,  у 
дыбыстарының әрқайсысына жеке таңбалар алу 
ұсынылды. Жобадағы тағы бір ерекшелік – түрік 
тіліне  тән  сингормонизм заңдылығын мейлінше 
пайдалану.  Сөйтіп,  Ақаң  жөндеген  жаңа  қазақ 

324                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
алфавитінде  бас-аяғы 24 әріп  таңбасы  болып 
шығады [5; 195 б.]. 
А.  Байтұрсынұлының  қазақ  жазуына  икем-
деген араб алфавиті мектеп оқытушылары және 
басқа  да  қазақтың,  татардың  зиялы  азаматтары 
тарапынан  қолдау  тауып,  күнделікті  өмірде 
қолданыла  бастады.  Осы  алфавитпен  «Қазақ» 
газеті (1913-1919), көптеген  көркем  әдебиет 
шығармалары  шығып  тұрды.  Алайда  бұл  алфа-
вит  ресми түрде тек 1924 жылы  Орынбор  қала-
сында  өткен  қазақ-қырғыз  білімпаздарының 
тұңғыш  съезінде  ғана  қабылданды [6; 17 б.]. 
Ахмет  Байтұрсынұлының  ұлылығы  оның  тек 
тұңғыш  оқу  құралын  жазғанымен  өлшенбесе 
керек, ең бастысы алғашқы оқулық тілінің терең 
халықтығында,  сапалылығы  мен  біліктілігінде. 
«Біздің  жасынан  орысша  я  ноғайша  оқыған 
бауырларымыз  сөздің  жүйесін,  қисынын  нағыз 
қазақша  келтіріп  жаза  алмайды...Яғни  қазақ 
сөзінің  қисынын  келтіріп,  өз  нақышында  жазу 
үшін  сол  тілде  сауатын  ашып,  дағдыланған 
абзал».  Ғалым  мұны  көрегендікпен  айтқан-ау. 
Қазіргі  таңдағы  тілдік  жағдай  бұған  толық 
көзімізді  жеткізіп  отыр [7; 13 б.] –  деп  баға 
береді А. Б. Салқынбай. 
Ахмет  Байтұрсыновтың  латын  әліпбиін  ен-
гізуді  қолдаушылардың  дәйектеріне  қарсы  ғы-
лыми  дәлелдері  Президенттік  мұрағат  қорын-
дағы  Қазақ  жазуын  латындандыру  мәселесі 
бойынша  дискуссиялық  кеңес  құжаттарында 
кездеседі.  Ол  өзінің  алдында  сөйлеген  Бәйділ-
диннің  жаңа  алфавитке  көшу  туралы  баяндама-
сының  ғылыми  емес,  агитациялық  сипатта  бол-
ғанын ашып көрсетеді. «Мен мәселенің ғылыми 
жағына  тоқталсам.  Ең  алдымен,  араб  шрифін 
латынмен  ауыстыру  өмірлік  маңызы  жоқ,  тіпті, 
ешқандай қажеттілігі жоқ мәселе екендігін айту 
қажет.  Біздің  қолымызда  басқа  халықтардың 
жазуынан  әлдеқайда  барлық  жағынан  қанағат-
тандыратын  жазу  бар.  Себебі  алфавит  адамзат 
ақыл-ойы  жетпейтін  зат  емес.  Алфавит  мәде-
ниетке  жетелейтін  қысқа  жолды  көрсететін  еш-
қандай  да  құпия  сапа  мен  қасиеттерге  ие  емес. 
Алфавит  дегеніміз – белгілі  бір  тілдің  негізгі 
дыбыстарын  бейнелейтін  шартты  белгілердің 
жиынтығы. Алфавит тіл элементтерін толық әрі 
нақты  берген  сайын,  оның  оқу  мен  жазуға 
қолайлылығы, техникаға бейімділігі арта түседі. 
Алфавит  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін 
айқындауға  болатын  нәрсе.  Біз,  қазақтар,  ерте-
ден-ақ  тіліміздің  негізгі  элементтерін  анықтап, 
оларды  тиісті  таңбалармен  белгілеп  қойғанбыз, 
жақсы  жазамыз,  жақсы  оқимыз,  орыс,  неміс, 
француз,  ағылшындарға  және  басқаларға  қара-
ғанда тез әрі оңай сауаттана аламыз. Одан артық 
не керек? Жоқ біздің өз  жазуымызды латынмен 
ауыстыру  керек  екен  дейді.  Себебі  ол  біздікі 
емес, арабтыкі екен, араб жазуы дұрыс жазу мен 
заманауи  техникаға  бейімсіз  екен» [8; 32 б.] –  
деп жазады. 
Біз  араб  алфавиті  негізінде  өз  әліпбиімізді 
жасадық.  Сол  секілді,  араб  харпін  жазба  маши-
наларына  қолайландыру  әдістерін  де  жетілдіріп 
жатырмыз.  Соңғы  жылдары  тіпті,  машинаға 
араб  және  орыс  қарпін  қатар  енгізуге  де  қол 
жеткізілді.  Түркі  халықтарының 90 % ежелден 
араб шрифін қолданып келеді, және осы шрифт 
жүйесі  негізіндегі  жазу  мәдениетін  қалыптас-
тырған.  Жазба  мәдениет  ұғымына  шрифт  пен 
оны  қолданумен  байланыстының  бәрі  кіреді. 
Жазба  мәдениеті  қалыптасқан  халықтарға 
шрифт  жүйесін  басқамен  ауыстыру – оңай  іс 
емес.  Бір  жүйеден  екіншісіне  сатылай  өткеннің 
өзінде  көп  уақыт,  құралдар  мен  күшті  қажет 
етеді.  Әсіресе,  жазу  мен  оқуды  параллельді  екі 
жазу  бойынша  ұйымдастыру,  параллельді  бас-
паларды шығару қажет болады. Мұндай мәдени 
және материалдық мүмкіндікті қазақ халқы ғана 
емес,  түркі  халықтарының  бірде  бірі  иеленіп 
отырған жоқ. Жаңа алфавитке өту үлкен қаржы, 
күш-қуат пен еңбекті талап етеді. Академиялық 
жұмыстарды жүзеге асыру, баспаханаларды  жа-
рақтандыру,  параллельді  баспа  жұмыстарын 
игеретін ұстаздарды даярлау, т. б. – мұның бар-
лығы 9-10 он  күннің  немесе 9-10 миллионның 
шаруасы  емес.  Сол  себепті,  харіпті  өзгерту  біз 
үшін  ірі  қоғамдық-экономикалық  маңызы  бар, 
үлкен  жауапкершілікті  талап  ететін  мәселе 
болып табылады. Халық, соның ішінде, сауатты-
лар  жаңа  алфавитке  көшудің  артықшылықтары 
мен  пайдасы  айқын  көрініп  тұрған  жағдайда 
ғана  бұл  бастаманы  қолдайтындығы  сөзсіз.  Ке-
рісінше,  жаңа  алфавиттің  салыстырмалы  түрде 
еш артықшылығы жоқ. Араб харпін латын әріп-
терімен өзгерту мәселесі көптеген ғалымдардың 
екі  алфавитті  салыстыра  зерттеуге  мәжбүрледі. 
Менің  келтіретін  дәйектерім  жеке  пікірім  емес, 
осы  мәселені  зерттеген  көпшіліктің  зерттеуле-
рінің нәтижесі болып табылады. 
Екі  шрифті  салыстыруда  және  оның  қажет-
тілігі  мен  маңыздылығын  айқындауда  төменде-
гілер негізге алынуы керек: 
1)  Тілдің  негізгі  элементтерін  бейнелеу 
дәрежесі; 
2)  Баспа  және  қолжазба  мәтіннің  оқылу 
тездігі; 
3)  Тез жазылуы және оқылуы; 
4)  Типографиялық  техникаларға  қолайлы-
лығы; 
5)  Сауат ашу ісіндегі тиімділігі; 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                             
 325
 
 
6)  Баспа  және  қолжазба  мәтіннің  сыртқы 
әсемдігі мен көз гигиеналылығы - деп, осы кри-
терийлер  бойынша  жеке-жеке  салыстырмалы 
талдау жасайды. 
Әліпбилердің  тілдегі  дыбыстарды  толық 
бейнелеу  дәрежесінен  бастасақ.  Қазақ  тілінің 
дыбыстарын белгілеуде араб жүйесінің 19 әрпін 
өзгеріссіз, 5 әрпі өзгертумен алынды. Латын ал-
фавитінде 15 әріпті ғана өзгеріссіз алуға болады. 
Ал 7 әріптің  дыбысталуы  мен  жазылуына  өз-
гешеліктер  енгізілуі  тиіс  болады.  Қазақ  тілінің 
екі  дыбысын  белгілеуде  сәйкес  келетін  латын 
әріптері  жоқ.  Сондықтан  оларды  ойдан  қосуға 
тура  келеді.  Осыдан  қазақ  тілінің  дыбыстарын 
бейнелеуде араб жүйесінің таңбалар қоры латын 
харпімен  салыстырғанда  артық  екенін  бай-
қаймыз.  
Енді,  екі  харіптің  оқу  процесін  жеңілдетуге 
ықпалын салыстырып көрейік. Сауатты адам әр 
әріпті  жеке-жеке  емес,  сөздерді  бірден  оқиды. 
Латын  жүйесінің  негізгі  элементтері – әр  түрлі 
үйлесімдегі  тік  таяқша  мен  доға.  Латын  жүйесі 
бойынша  баспа  жолы  екі  параллельді  сызық-
тардың  ортасында  орналасады.  Неміс  профес-
соры  Мейман  тәжірибелік  педагогика  зерттеу-
лерін  жүргізу  барысында  ерекше  белгілері  бар 
немесе  қосымша  таңбалары  бар  әріптері  тез 
оқылатындығын  және  сөзге  үлкен  сипаттылық 
беретінін  дәлелдеді.  Араб  әріптерінде  парал-
лельді  сызық  жоқ.  Нүктелер  мен  қисық  сы-
зықтар жеке сөзге үлкен сипат беріп оның оқы-
луын  тездетеді.  Араб  жүйесі  латын  алфавитіне 
қарағанда  тез  оқылады.  Араб  жүйесіндегі  баспа 
және  қолжазба  әріптер  бірдей.  Латын  әрпінде 
бас  әріптердің болуы шрифт реестрінің көлемін 
үлкейту  секілді  баспа  ісінде  қиындықтар  туғы-
зады.  Латын  әріптерін  жазғанда  сағат  бағытына 
қарсы  қимыл  жасалады.  Блонский  адамның 
қолы немесе саусағын сағат бағытында қозғауға 
әсер  ететін  ұсақ  бұлшықеттердің  жақсы  дамы-
ғандығын  айтады.  Сонымен  қатар,  арб  әрпін 
жазғанда латындыкіндей үлкен шеңберлер емес, 
ұсақ  қимылдар  жасалады.  Нәтижесінде  араб 
әріптері әлдеқайда тез жазылады. Араб алфавиті 
барлық  нүктелерін  қосқанның  өзінде  латын 
әрпімен  салыстырғанда 25-30 % аз  қозғалыс 
импульсін  береді [8; 34 б.].  Жоғарыдағыдай 
ғылыми  нақты  дәлелдерді  келтіре  отырып,  А. 
Байтұрсынұлы  бастаған  зиялылар  араб  әліп-
биінің  маңыздылығын,  және  латыншылардың 
келтірген барлық аргументтеріне дәйекті жауап-
тар  айта  білді.  Әрине  тіл  білімінің  маманы 
Ахмет  Байтұрсынұлының  баяндамасының  құн-
ды болатыны сөзсіз еді. 
Құжат соңында, баяндаманың қорытындысы 
да берілген: 
1. Араб  жазуы  оқу  және  жазу  үрдісіне 
тиімді. 
2. Латын  әрпіне  қарағанда  объективті  сапа-
сына  байланысты  сауат  ашу  ісінде  қоғамдық 
маңызы зор. 
3. Типографиялық  техника  және  баспа  өні-
мінің құны жағынан араб шрифінің венециялық 
формасы  латын  шрифінен  тиімсіз  болғанымен, 
реформаланған түрі әлдеқайда тиімді. 
4. Жазба және терме машиналарына бейімді. 
5. Алфавиттің  әріп  құрамы  қазақ  тілінің 
тәжірибелік  орфографиясының  қажеттіліктерін 
толық қанағаттандырады [8; 36 б.]. 
Сонымен,  А.  Байтұрсынұлы  бастаған  алаш 
зиялыларының  араб  жазуын  жақтаудағы  негізгі 
дәлелдері – бұл  алфавиттің 12-13 жыл  бойы 
қолданылып, орнығып қалғандығы, қазақ тілінің 
дыбыстық  табиғатына  лайықталып,  өзгертіліп, 
қазақ мәдениеті мұқтаждығын толық өтеп отыр-
ғандығы және оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне 
айтарлықтай қолайлы болып шыққандығы. Сон-
дай-ақ,  А.  Байтұрсынұлы  бұл  алфавиттің  поли-
графиялық  мүмкіндіктері  мен  экономикалық 
тиімділік  жақтарын  да  баса  көрсетеді,  жаңа-
жаңа  сауаттанып  келе  жатқан  халқымыздың 
қайтадан  сауатсыз  болып  қалатындығына,  араб 
графикасымен  жазылған  дүниелерімізден  қаға-
жу  қалып,  тарихи  санамыздың    күңгірттенеті-
ніне  де көңіл аудартады. 
______________ 
1.   «Қазақстан».  Ұлттық  энциклопедия / Бас  ред.  
Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақстан энциклопедиясы» Бас 
редакциясы, 2 т. 1993. - 720 б. 
2.  Қазақ  білімпаздарының  тұңғыш  сиезі.  А., 2005.  
– 114 б. 
3.  Машқанова  Н.  Т.  Ахмет  Байтұрсынов – қазақ 
жазуының  реформаторы.  Ф.  ғ.  к.  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған  дисс. /Ғыл.  жет.:  фил.  ғ.  д.,  проф.  Серғалиев 
М. С.  Алматы, - 1994. – 154 б.  
4.  «Қазақстан».  Ұлттық  энциклопедия / Бас  ред.  
Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақстан энциклопедиясы» Бас 
редакциясы, 1 т. 1998. - 720 б.  
5.  Тойшыбекова  Ж.  Қ.  ХХ  ғ.  басында  Қазақстанда 
латын  алфавитіне  көшу  идеясының  қалыптасуы //ҚазҰУ 
хабаршысы. Тарих сериясы, № 1 (136). 2005. – 195-197 бб.  
6.  Әбілқасымов  Б.  Алфавитті  өзгертудің  тарихын 
зерделесек... // «Қайнар»  университетінің  хабаршысы. - 
2001.  № 1.  15-21 бб. 
7.  Салқынбай  А.  Б.  Ахмет  Байтұрсынов  тағлымы 
//Қазақ әдебиеті. № 5, 2. 11. 2006. –  8 б.  
8.  ҚР Президенті мұрағаты, Қ. 141. т. 1. іс 1560. – 15-
76 бб. 
* * * 
В  статье  рассматривается  значение  реформы  А.  Бай-
турсынова и его вклад в развитие казахской письменности.  
* * * 
In the article considered value of  A. Baitursynov’s reform 
and his deposit in development of the Kazakh written language.  
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет