Казахский национальный



жүктеу 5.08 Kb.

бет48/53
Дата09.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

 
 
Г. Бейсенқызы 
 
ШАҢЫРАҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚЫНЫҢ ТУЫСТЫҚ БАЙЛАНЫСЫ 
 
 
Қазақ  ұлты - ұзақ  тарихы,  бай  мадениетті, 
өзіндік  ерекше  ұлыттық  дәстүрі  бар,  ержүрек, 
еңбекшіл  халық.  Ұзақ  уақыт  судың  тұнығын, 
шөптің  шүйгінін  қуалай,  көшіп  қонып  жүр-
гендіктен көптеген сахара мадениетін өз бойына 
сіңріп,  сақтап  әрі  дамытып  келеді.  Қазақ  халқы 
алғашқы  қоғамның  ұйымдық  формасын  сақ-
таған  ру-тайпа,  үлкен-кішілі  ұқсамайтын  қан-
дастық  байланыс  бойынша  бірлескен  адамдар-
дың  ортақ  тұлғасы  болды.  Бір  тайпа  бірнеше 
руды  қамтыйды  да  рудағы  көшпенді  малшы 
отбастары  қандық  байланыс  жуықтау  негізде 
ауылды  қалыптастырды.  Үйткені  қазақ  халықы 
феодалдық  қоғамға  ертеде  кіргендіктен,  аз  бол-
маған  алғашқы  қоғамның  ғұрып-әдетін  сақтап, 
туған-туысқандық  атауда  ерекше  үлгі  қалдыр-
ған. 
Атамыз қазақ туыстық қатынасты байланыс-
тығына  қарата  үш  жақтан  сабақтайды.  Яғни, 
қазақта  ержігітте  үш  жұрты  болады  дейді. 
Сондықтан, туыстық қатынастардың арасын үш 
жұртқа  бөледі.  Бірінші - өз  жұрты,  екінші- 
нағашы жұрты, үшінші - қайын жұрты. Бұларды 
жеке-жеке байандағанда; 
Ата-жұрты  дегеніміз  әке  жағынан  туысатын 
жұрты.  Бұнда  қазақ  халықы  негізінен  отбасын 
өлшем  етіп.  Туған-туысқандық  қатынас  бойын-
ша  барыс-келіс  жасайды.  Қазақтың  отбасы  не-
гізінен  дара  некелік  түзімде  болып  өз  руыннан 
некеленбейді.  Үйткені  жеті  ата  ішінде  туыстық  
 
 
байланыс қатынастық қатынас болады. Сондық-
тан,  Әкеңе  қатысты  туысты  әдетте  жеті  ұрпақ 
бойынша тармқтайды. 
Бұндағы  жеті  ұрпақ  негізінен  бел  бала,  не-
мере, шөбере, өбере, туажат, шөп бермес, зауат-
ты  көрсетеді.  Ал  әулет  бойынша  болғанда  Әке-
шеше әулеті. Аға-іні, әпеке-сіңілі әулеті. Ұл-қыз 
әулеті  деп  бөлініді,  сол  себепті  қазақта  «жеті 
атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген мқал 
бар. Сондықтан, әкемен бірге туған ерлер жағы-
нан  тарайтын  ұрпақтарды  аталас-ағайындас 
туыстар, деп атайды. 
Қазақ  халықында,  бір  үйлі  жан  арасында 
тіпті алысырақ туыстар арасында да үлкендерді 
силау,  кәрілерді  құрметтеу,  және  бағып-қағыу 
сиақты, тамаша дәстүр атадан балаға жалғасқан, 
әсіресе  ұлбала  қартайған  әке-шешесін  алақаны-
на салып бағу борышты, балалар арасында кен-
жеұл  қара  шаңыраққа  яғни  үлкен  үйге  ие  бо-
лады, бұндағы «қара шаңырақ» ұлы бабасының, 
атасының  үйі,  ұрпақтар  жағынан  ата-бабадан 
қалған әке шаңырағы. Сондықтан, кенжеұл әке-
шешесін  бағуға  міндетті,  бұл  шаңырақ  сол 
атадан  тарағандар  үшін  киелі,  қасиетті  орда 
есебінде  қастерленіп  бұл  шаңырақта  жасаған 
ата-баба  аруағын  қадырлейді.  Алыс  жақтан 
келген  туыс-жекжат,  төркіндеп  келген  қыз, 
нағашылап  келген  жиен,  ең  алдымен    қара 
шаыраққа  келіп  сәлем  беріп  дәм  татып  си-
сыбаға  әкеліп  құрметтелетін  болған.  Бұнда  ата-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                            
  311
 
 
ана  қара  шаңыраққа  қарасты  мал  мүлікті  бала-
ларына енші бөлып беретін болған. Осыдан қал-
ған  мал-мүлік,  кенже  ұлының  қолында  қалады. 
Оған  ешқандай  адамның  таласуына  болмайды. 
Егер  ата-анасы  ерте  дүниеден  өткен  болса, 
ағайынды  туыстардың  арасында  үлкен  ағаның 
жолы  ерекше  болады.  Себебі  үлкен  аға  өзінен 
кейінгі  інілеріне  тіпті  қарындастарына  баскөз 
болады, ағалық жауапкершілік арқалайды. 
Қартайған  әке,  немере-шөберелері  жағынан 
«ата»  делініп,  шешесі  «Әже», «апа»  деп  силан-
ады.  Хлықымыз  арасында    қызбаланың  абы-
ройын  қадырлеу,  оның  намысын  қорғау,  елінің, 
ата-ананың,  бауыр-туыстардың  намысы  деп 
қаралады. Сондықтан жат-жұртқа жаралған қыз-
баланы  мәпелеп  әлпештеп  өсірп,  бой  түзеуіне 
мән  беріп,  кішкентайынан  тазалыққа,  үй  шa-
руасына¸  іс  тігіуге,  ерекше  көіл  бөлген,  ағамен 
қарындас арасында ерекше силастық бар. 
Нағашы  жұртқа  шеше  жағынан  туысқандар 
кіреді,  жалпы  жағынан  шешесінің  тегі  болған 
руы нағашы жұрты делінеді, оның ішінде туыс-
тық  жағынан  тікелей  нағашылар,  нағашы  ата, 
нағашы  әке,  нағашы  әже,  шеше,  нағашы  аға-
апай, нағашы іні-қарындас, немере-шөбере наға-
шылар,  нағашы  жеңге-келін  нағашы  жезде  т.б. 
деп  аталады.  Шешесінің  әпеке-сіңілілерінен  ту-
ған балалары бөле болады. 
Халықымыздың  ежелден  келе  жатқан  салты 
бойынша  жиендердің  орны  ерекше  болады. 
Жиендер  нағашысына  батымды,  жағымды  бо-
лып  арнайы  нағашылап  барады,  нағашылары 
оларды құр қайтармайды. Халықымыз арасында 
«жиендердің  налысы  қиын  болады,  олардың 
сұрағанын беру керек», «жиенді ұрғанның қолы 
қалтырайды»  дейтін  сөздер  жиендердің  нағашы 
алдында  еркіндігін,  қандай  жағыдайда  болсада 
оларды  еркелетіп,  қатты  сөз  айтбай,  ренжітбеу 
керектігін  аңғартады.  Сондықтанда  жиендер 
нағашыларынан  жүйрік  ат,  қыран  бүркіт,  берен 
мылтық  қатарлыларды  алғысы  келсе  көңілі 
түскен  бұйымтайларын  берсе  қолынан,  бермесе 
жолынан  алуғада  ерікті.  Бұл  үшін  қазақ  дәс-
түрінде жиен айпқа тартылмайтын болған. 
Бұл  айытқандарымыз  жиеннің  жағымды 
жағы, жиендер жәйлі кейбір жағымсыз сөздерде 
кезігеді. «Жиен  ел  болмайды,  желке  ас  бол-
майды» дейтін сөзді әркім әр қырынан түсінеді. 
Менің  қарауымша,  жиен  қыздан  тулған  бала 
болсада  оның  өсе  келе  құда  күйеу  болатын 
жағыда бар. Жиен қанша бақсада өз елінің сөзін 
сөйлеп,  сойылын  соғады. «жиен  ел  болмайды» 
деген сөздер осы жағындағы мағынаны білдірсе 
керек.  Бүл  жерде  туыстық  байланыс  өзгеріп 
жаңаша  байланыс  қалыптасады.  Қазақ  халықы 
ежелден  бірге  туған  аға  мен  апай,  қарындас-
тардан  туған  нағашы  ұл  баламен  жиен  қыздар-
дың тұрмыстануын құптамаған. 
Бірге  туысқан  әр  елге  үзатылған  әпеке-сіңі-
лілердің бала,немере, шөберелері бір-біріне бөле 
болады.  Оларды  туысқандық  жағынан  байла-
ныстыратын нағашы жұрты болып, ол бөлелерге 
ортақ  шешелерінің  төркін  жұрты,  нағашыларға 
олардың  барлығы  бірдей  жиен  болады,  бөлелер 
әдетте бір-бірімен тату-тәтті силасымды болады, 
осыған сәйкес халықымызда «екі айақтыда бөле 
тату, төріт айақтыда бота тату» деген мақал бар, 
оның  мәнісі  олардың  шешелері  бір  ауылдың, 
бірге өскен тіке туыстар болғандықтан олардың 
ықбалында балалары бір-біріне бөлек байланыс-
та  тату-тәтті  жасаған  деуге  болады,  ағайындар 
арасында  шінара  күндес  әйелдер  себепкер  бо-
латын  жәйіттер  кезігеді.  Осындай  жағыдайда 
кейде  кейбір  ата-аналар  ұл  балаларына  бір  се-
мианың  әпекелі-сіңілілі  қыздарын  алып  береді, 
бұл  әпекелі-сіңілілерден  туған  бала  бір-біріне 
бөле  болмайды.  Аталас  туыстық  қатынас  негіз 
етіледі.  Мұнда  балалар  семиаларының  тату-тәт-
ті, силасымды қайрымды болу үміт-тілігі бейне-
ленеді. 
Қайын  жұрыт – қайын  жұрыт  деп  тұрмыс-
танған жігіттің әйелінің туған туысы, бүкіл руы 
және  қыздың  келін  болып  ұзатылып  келген 
ауылы мен руы қайын жұрты болады. Алдымен 
жігіттің  қайын  жұртына  айалдайық.  Жігіттің 
әйеленің әкесінің әке-шешесі. Қайын ата, қайын 
әже.  Әйелінің  өз  әкесі  қайын  әке,  қайын  ене. 
Енесінің  әке-шешесі,  нағашы  ата,  нағашы  әже, 
қайын  атаның,  әкенің  бірге  туған  ағасы,  апайы, 
қайын  ата,  қайын  апай,  әйелі  ене,  апайының 
күйеулері  бажа  деп  аталады.  Ежелгі  салыт 
бойынша бажаларда силасымды, бір-біріне адал 
сенімді  болады.  Осы  жігіттің  қайын  атасының 
ұл-қыздары  жігіттің  алған  әйелінің  жасынан 
үлкендері – қайын  аға,  қайын  бике,  олардың 
әйелі жеңге, күйеуі бажа, әйеліне жасы кішілері 
балдыздар,  ұлдарының  әйелі  келін,  балдыздың 
күйеуі  бажа,  басқаларда  сәйкесті  түрде  қайын 
аға, әпеке, қайын бійке, балдыздар деп аталады. 
Әйелдің тіке туыстары туған ата, қайын аға, т.б. 
деп парықталады. 
Күйеу болған адам өз жүртымен қайын жұр-
тын бірдей көріп, олрады силап кішпейлділікпен 
жақсы  қарым-қатынас  орнатып  отырған.  Отба-
сына  қадырлы  қыздарын  жәбірлемейді,  жылат-
бай  әлпештеп  силасымды,  тату-тәтті,  берекелі 
тұрмыс  кешірген.  Күйеу  қайын  жұртына  силы, 
қадырлы, сенімді болады. Күйеулер қайын жұр-
тының  қайсы  семиасына  барсада,  күйеудің  сы-
бағасы  деп  төс  асып  тартады.  Тартылған  төсті 

312                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
міндетті  түрде  күйеу  алып  кесіп  табақтаста-
рымен  бірге  отырып  жеседі.  Күйеулер  жеңге, 
балдыздарымен  орынды  силасымды  қалжыңда-
су  әдетіде  бар.  Мұндай  қалжыңдарда  кек  бол-
майды.  Күйеу  қайын  жұртының  ауылына  бар-
ғанда ол жердегі жұмыстарға қарасып, көмекте-
сугеде міндетті. Бұл екі жұртты тең көріп, қайын 
жұртын құметтегендік болады.  
Ал әйелдердің қайын жұртына келсек; келін-
шектің  түскен  жері  жәйлі  болса,  өзіде  ақылды, 
кішпейіл,  силасымды  болса,  түскен  үйдің  бала-
ларындай болып тез араласып, ұйренісіп кетеді. 
Халықымыздың  ежелден  келе  жатқан  әдет  сал-
ты  бойынша  келіндер  күйеуінің  туыстарының 
атын  атамайды.  Оларға  ерекшелігіне  қарай  ар-
найы  лайықты  ат  қойады,  бұны  ат  тергеу  деп 
атайды.  Бұл  жанама  ат  күйеуінің  туыстарының 
жасы,  ерекшелігіне  қарап  үйлесімді  симды  
 
 
 
қойылады. Келіндер қойатын аттар көп. Күйеуі-
нің  үлкен  әке,  өз  әкесі,  әжесі,  енесі,  үлкен, 
ортаншы, кіші, ата, әке, әже, ене, қайнағаларын 
үлкен аға, жақсы аға, молла аға, мырза аға десе, 
абысындарын  үлкен,  кіші,  кенже  апа  десе, 
қайын  інілерін  еркежан,  ерке  қыз,  шырайым, 
ерке  төрем  деп  атайды.  Үзатылған  қыздарына 
олардың  күйеулерінеде  ат  қойады.  Күйеуге  не-
мере  болып  келетіен  інілерінеде  лайықты  ат 
қойады.  Мұндай  әртүрлі  үйлесімді  аттарды  па-
рықтап қою қазақ әйелдерінің көрегендігін, тап-
қырлығын, ой сергектігін аңғартады.                         
________________ 
1.  Болат  Бопайұлы: «Асыл  қазына»,  ҚХР  ШҰАР  ха-
лық баспасы, 2003-жылы. 
2.  «Қазақтың  мың  бір  ырымы»  ҚХР  Іле  халық  бас-
пасы, 2003-жыл. 
3.  «Қазақтың  дәстүрлі  денсаулық  сақтау  тәрбиесі» 
ҚХР Іле халық баспасы, 2009-жыл.                          
 
 
 
 
П. Бисенбаев 
 
УАҚЫТ ШЫНДЫҒЫ – КӨРКЕМДІК КЕПІЛІ 
 
 
Кенесары ханның інісі әрі сенімді серіктері-
нің  бірі  болған  Ержан  Саржанұлының  қырғыз 
манаптарының    қолына  тұтқынға  түсуі  Алатау-
дағы соғысқа  қатысқан көтерілісшілер үшін  то-
сын  әрі  күтпеген  жағдай  еді.  Ержан  батырдың 
қолды болуымен жыр кейіпкерлерінің іс-әрекеті, 
қимыл-қозғалысы  үдей  түседі.  Осы  оқиғаны 
көзімен көріп, көңіліне түйген Нысанбай жырау 
Кекілік  тауының  бір  асуында  орын  алған  жағ-
дайдың  мән-жайын  былай  деп  түсіндіреді. 
Ақынның айтуына қарағанда, Ержан Саржанұлы 
хан  Кененің  тапсырмасымен  төрт  жүз  кісіден 
тұратын  шағын  жасағын  ертіп  түн  ішінде  жау-
дың  мөлшерін,  қоныс  тепкен,  орныққан  жерін 
білмекке  аттанып  кетеді.  Бірақ  жолда  жасанған 
жауға  жолығып  қоршауда  қалған  Ержан  әскері 
жеңіліс  табады.  Ал  Ержан  болса,қырғыз  манап-
тарының  қолына  түседі.  Ержанның  бенде  боп 
қырғызда  қалғаны  туралы  хабарды  хан  Кенеге 
Наурызбай батыр жеткізеді. «Ержан тұтқын бол-
ды  деген  сөз  қырғызға  жетпесін,екі  жүз  сарбаз-
бен аттанып, інімді босатайын».- деп рұқсат сұ-
райды. Алайда сырттағы жағдайды жақсы білген 
Кенесары оның өтінішін орындамай қояды. 
Сол  уақытта  қалың  қырғыз  қаумалап  келіп 
қалған екен дейді. Әрі қарай Наурызбай қырғыз 
батырларымен  жекпе-жекке  шығып,  үш  бірдей 
батырын  найзамен  шаншып  өлтіріп,  ұрысқа  
 
 
кіреді.  Ерліктің  неше  үлгісін  көрсетіп,  жауын 
жайғап жүргенде ақауыз атқа оқ тиіп, Бұқарбай 
мен  Ағыбай  батырлардың  арқасында  аман  құ-
тылады.  Бірақ  Ержаннан  айырылған  батырдың 
жаны  жаралы  еді.  Сондықтан  шайқасқа  кірмей 
хан  шатырында  қалған  Құдайменді  ағасына 
келіп, өкпе-назын, ренішін ағытып қоя береді. 
...Қырғыз тұтқын қылыпты 
Ержан сынды беренді 
Қырғыз тұтқан шағында 
Арманда кеткен зеренді 
Екі ағам бар, інім бар 
Іздер ғой мені дегенді 
Сөйтіп айтқан Ержанның  
Ағасының бірі сен. 
Ұзақ күні майданда 
Бір көрмедім сені мен...(1,37) 
Нысанбай  туындысының  Т.  Сейдалин  жа-
риялаған  нұсқасынан  бастап,  Ж.  Шайхулисла-
мов,  Ж.  Басығарин  бастырған  жыр  үлгілерінде 
Ержанның  тұтқынға  түсуіне  байланысты  оқиға 
дәл осылай өрбиді. 
Ержан  Саржанұлы  жыр  нұсқаларында  Бұ-
харбай,  Ағыбай,  Шәкір,  Жәуке  сияқты  Кене-
сарының танымал батырларының қатарынан кө-
рінбегенімен  Абылай  тұқымынан  шыққан  ха-
лыққа  қадірлі,  қайсар  қолбасылардың  бірі  бо-
латын.  Орыс  үкіметіне  бағынышты  ауылдарды 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                             
 313
 
 
үш  жүз  сарбазды  бастап  келіп  шауып  алғаны 
жөніндегі  мәліметтер 1837 жылы  хатқа  түскен 
архив  деректерінде  ұшырасады.(2,46)  Ол  Кене-
сарымен бірге орыс әскерімен, қоқандықтармен 
он  жыл  бойы  соғысып  әбден  шыңдалған  батыр 
және қазақ рулары арасындағы айтыс-тартыстар 
мен  дау-дамайларға  Кенесары  атынан  қатысып, 
төрелік  айтқан  мәмлегер  би  де  болған.  Сон-
дықтан болар көтеріліс тарихына қатысты түрлі 
деректерде  оның  аты  үнемі  Наурызбай,  Құдай-
менділермен қатар аталады.  Бұл оқиғаға Нысан-
бай жырының нұсқаларында баса мән берілгені-
мен,  Жетісудағы  қазақ-қырғыз  қақтығысының 
себеп-салдарын таратып баяндайтын еңбектерде 
Ержанның  тұтқынға  түсуіне  байланысты  оқиға-
ға  назар  аударыла    бермейді.  Ержанның  қалай 
қолды  болғаны  жайындағы  әңгіме  А.Кенесарин 
хатқа  түсіріп,  Смирнов  бастырған  кітапта  ғана 
баяндалады.Онда  былай  деп  жазылған: «Бұл 
ұрыстарда  Қасым  баласы  Наурызбай  мен  Сар-
жан  баласы  Ержан  сұлтан  ерліктерімен  ерекше 
көзге  түсті.  Ол  екеуі  топтан  бөлініп  кетіп, 
қырғыздарды  Қарақыстақ  шөңгір  асуына  қарай 
үш  күн  бойы  қуып,  оларды  жеңіп  малдарын 
тартып  алды.  Қасындағы  жігіттерінің  көбі, 
кейбіреулері қолға түскен малды айдап, көбінің 
аттары  болдырып,  кейін  қалған  еді.  Сөйтіп  екі 
батыр асуға жеткенде екеуіннен басқа ешкім де 
болмады.  Алда  жар  қабағындағы  жол  тек  кісі 
өтерліктей  ғана  тар  кемер,ал  жазатайым    адам 
тая  қалса,  түбіне  көз  жетпейтін  құзға  құлайды, 
онда  жаннан  үміт  етуге  болмайды.  Жыраның 
екінші беті тіп-тік жар, ол жақта ат тұяғын тірер 
жер жоқ. Екі батыр Жантай мен Орман манаптар 
бастаған  көшті  осы  жерде  қуып  жеткен  еді. 
Көшінің соңында келе жатқан манаптар соңында 
ешкім  жоқ  екі  салт  аттыны  көрген  соң  тоқтап 
ұрысқа  әзірленіп,  әр  жерге  мергендерін  қойды. 
Тұс-тұстан  мылтық  атып,  жоғарыдан  дәу-дәу 
тас  құлатып,кейін  шегінген  екі  батырды  қыр-
ғыздар  қуа  бастайды.  Наурызбай  алда,Ержан 
артта  жүріп  ұрыс  салады.  Ержан  қолындағы 
найзасы  сынып  қалған  соң,  қуғыншылармен 
қылыштасып  соғысады.Астындағы  аты  да 
болдырған  әрі  тағасыз  еді.  Жолдың  тіктеу 
құлама  жеріне  келгенде  ат  жолдан  бір  бүйірі 
тауға  шығып  кетеді.  Сол  кезде  Жантай  манап 
қасындағы  жігіттерімен  оған  бұрылмай  ілгері 
жүре  береді.  Мұны  көрген  Наурызбай  Қызыл-
ауызға  қамшы  басып,  ілгері  ұмтылып,  қырғыз-
дарды Ержан қалған жерден әрі шегіндіреді...Ол 
қырғыздарды  бес  рет  қуғанымен  де,  Ержанның 
аты  таудан  жолға  қайта  түсе  алмай,  ақыры 
Ержан жау қолында қалады».(3,97) 
Сыздық  сұлтанның  Ержанның  қырғыздың 
қолына  түскені  туралы  әңгімесі  мен  жыр  желі-
сіндегі  оқиғаның  айырмашылықтары  айқын  кө-
рініп-ақ  тұр.  Смирнов  кітап  етіп  бастырған 
очерктегі әңгіменің төркінінде сол соғысты көзі-
мен  көргендердің  естелігі  жатуы  ықтимал.  Мұ-
ның  өзі  Ержанға  қатысты  оқиғалардың  түрлі 
жанрда  көрініс  тапқанының  белгісі.  Нысанбай 
жыраудың  да  бұл  жерде  өзгенің  сөзін  емес, 
көпке  мәлім  ақиқатты  айтып  тұрғаны  анық. 
Демек, екі түрлі жанрда екі басқа мазмұндалған 
оқиғаның  астарында  тарихи  шындық  бар.  Нақ-
тылай  түссек,  бұларда  тұтас  бір  оқиғаның  екі 
басқа  қыры  баяндалады.  Нысанбай  жырында 
Ержанның  төрт  жүз  кісімен  аттанып,  жасанған 
жауға тап келгені баяндалса, екінші әңгімеде тау 
үстіндегі, жалғыз аяқ жолдағы екі батырдың көп 
қырғызбен  айқасы  суреттеледі.  Яғни  тарихи-
фольклорлық  үлгілердің  сюжеттері  бірін-бірі 
толықтырып  тұр  десек  те  болады.  Екеуінде  де 
Ержанды  тұтқыннан  босатпақ  боп  талап  қып 
жүрген  Наурызбай  батыр  болса,  қос  жанрда  да 
Ержанның қапыда қолды болғанын   хан Кенеге 
хабарлайтын  тағы  да  Наурызбай.  Ақын  осы 
көрініс  арқылы  батырдың  дос-  туысқа  адал, 
жауына мейірімсіз тұлға ретінде бас кейіпкердің 
адамгершілік  қасиеттерін  аша  түсуді  мақсат  ет-
кен  сияқты.  Олай  болатын  себебі  эпикалық  
жырларда  дәріптелетін,  батырлықтың  эталоны 
болып  көрінетін  кейіпкерлер  ар-ожданы,  на-
мысы биік бейнеге айналғанда ғана толық тұлға, 
бүтін бітім бола алады. 
Ал  енді  осы  нұсқаларда  Ержан  үшін  жанын 
жалдап,  майданға  кірмей,  Наурызбайдан  ауыр 
сөз  есітетін  Құдайменде  болса,  Ержанға  басқа 
емес, оның туған ағасы. Ол да Саржан Қасымов-
тың  бел  баласы.  Наурызбай  батырдың  Құдай-
мендеге  өктем  сөйлеуінің  себебі  жыр  нұсқала-
рында  айтылған.  Бірақ  Наурызбай  солай  деген-
мен Құдайменде төре де осал адам емес. Архив 
деректері  Құдайменденің  талай  шайқастарға 
қатысып,  көтерілісшілердің  құрметіне  бөленген 
батыр  екенін  көрсетеді.  Құдайменде  сұлтан  ел-
шілік қызметтер де атқарған. Ол көтеріліс орта-
лығы Жетісу жеріне көшкеннен кейін Кенесары 
тапсырмасымен  Қытай  жұртына  елшілік  сапар-
мен барып, олжалы қайтады. Көп ұзамай Құдай-
менде  сұлтан  Кекілік,  Самсы  асуларында  өткен 
қызу  шайқастардың  бірінде  бес  мың  сарбазбен 
қырғыздар  құрған  тұзаққа  тап  болып,  тұтқынға 
түседі.  Соңына  ерген  қазақ  қолы  қырғын  та-
бады.  Бұл  жайтты  төрелер  Құдайменденің  біл-
местігінен  болды  деп  ұққан  сияқты.  Жыр  нұс-
қаларындағы  Наурызбайдың  сөзінде  осы  оқиға-
ның салқыны жатуы әбден мүмкін. 

314                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
«Кенесары-Наурызбай»  жырының  баспа  бе-
тін көрген бастапқы нұсқаларындағы Ержанның 
тұтқынға  түсуі  жайындағы  эпизод  кейінгі  нұс-
қаларда  біршама  өзгерістерге  түскен.  Мәселен, 
Ш.Жәңгірұлы  нұсқасында  Наурызбай  хан  Ке-
неге келіп, Ержан сұлтанның қазасын естіртеді:  
Ержекем қолды болыпты, 
Кешегі мінген бәйге көк 
Мойыны бүгін толыпты... 
Келместей боп ініңіз 
Бұл жалғаннан көшіпті 
Ұстап алған қырғыздың 
Көңілі дел боп өсіпті 
Ашулы болған адамдар 
Бір - бір пышақ қолында 
Тұс- тұсынан кесіпті,-дейді.(4) 
Артынша Нарурызбай төре Құдайменде аға-
сының  жанына  кеп,  бастапқы  нұсқалардағыдай 
«қан майданда бір көрмедім...» деп өкпе-ренішін 
білдіреді.  А.Бағдәлет  нұсқасында  отыз  жігіт 
ертіп қырғызға аттанған Ержан мен Құдайменде 
жау  қолында  қалып  қояды.  Қырғыздар  ол 
екеуінің  басын  шауып,тау  үстінен  төмен  қарай 
тастап жібереді. Биіктен құлдилап түскен Ержан 
мен  Құдайменденің  жансыз  денесі  Наурызбай 
мен  Кенесарының  алдына  келіп  түседі.  Осы 
жерде  ашу  қысқан  Наурызбай  төре  Бұғыбай 
батырға  тау  үстіне  шығар  жол  ізде  деп  бұйы-
рады.  
Бұл  нұсқалардағы  тосын  оқиғалар  шығар-
маға  жырлаушылардың  білместігінен  еніп  кетті 
деп айта алмаймыз. Керісінше, олар Ержан сұл- 
 
 
 
 
танның  қандай  жағдайда,  қалай  қаза  тапқанын 
жақсы  білген.  Мысалы,Ш.Жәңгірұлында  Нау-
рызбайдың  Ержан  төре  қазасын  «...бір-бір  пы-
шақ қолында, тұс-тұсынан кесіпті»,-деп естіртуі 
соның айғағы. А.Бағдәулетұлы да екі сұлтанның 
қазасын  баяндайтын  эпизодты  жыр  желісіне 
енгізу  арқылы  Құдайменде  мен  Ержанның  ша-
малас  тұтқынға  түскендігінен  хабардар  екенін 
байқатып  қояды.Баспа  бетін  көрген  бастапқы 
нұсқаларда  ол  кейіпкерлердің  қазасы  жайында 
мүлде  сөз  болмайды.  Кейінгі  варианттардың 
өзгешелігі  оқиғалардың  хронологиялық  ретінің 
сақталмауында. Жыршылар соғыс аяқталған соң 
орын  алған  жағдайды  жырдың  бел  ортасына 
көшіріп,  туындының  құрылымдық  жүйесі  мен 
идеялық  мазмұнына  түзетулер  енгізген.  Бұл – 
жырдың  уақыт  өте  келе  алғашқы  тарихи  си-
патынан ажырай бастайтындығының белгісі. 
_____________ 
1.  Нысынбай  жырау. «Кенесары-Наурызбай» \\ Хан 
Кене. -Алматы, 1993. 
2.  Кенесары  Қасымов  бастаған  қазақтардың  ұлт-азат-
тық қозғалысы(құжаттар жинағы).-Алматы,1996 
3.  Кенесарин  А. «Кенесары  мен  Сыздық  сұлтандар»\\ 
«Жұлдыз»-1991,№5. 
4.  Ш.Жәңгірұлы.  Кенесары-Наурызбай \\ ОҒК 1338 
бума. 
* * * 
В статье рассмотриваются доводы взятия в плен млад-
шего  брата  хана  Кене  Ержана  киргизским  манапом  и  его 
соответствие действительности. 
* * * 
In article arguments about taking in captivity of younger 
brother of Kene Erzhan by Kirgiz’s manap and its conformity 
from the validity.  
 
 
Қ. Е. Есенова 
 
КӨРКЕМ МӘТІННІҢ  ЖАЛПЫ МӘТІНГЕ ТӘН  
ҚҰРЫЛЫМ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Көркем  мәтін  тіліндегі  сөздің  ерекше  жан 
бітіп, құлпыратынын, жанданатынын айта келіп, 
академик жазушы М. Әуезов былай деп жазады: 
“Поэзиялық  лексика — жай  лексика  емес.  Оны 
аңғару үшін әрі тілші, әрі әдебиетші болу шарт. 
Сол түрдегі зерттеуші ғалым ғана тілде, әсіресе 
көркем  әдебиет  тілінде,  грамматикалық  шарт-
тарға  қосымша,  поэзиялық  өзгеше  үстем  шарт 
талаптар  барын  таныр  еді.  Оның  ұғымынша, 
көркем  шығарманың  бір  сөйлемінде  тұрған  сөз 
бір-ақ  қана  ұғым,  түсінік  бермейді.  Соны  беру-
дің  үстіне  ол  әр  алуан  қосымша  ассоциация 
тудырып, оқушыға қосымша елес-емеурін таны- 
 
 
тып  тұрады.  Мұндай  қатарда  жеке  сөз  өзінің 
орны мен сәтін тапқан шақта жаңаша жанданып 
кетеді. Оның көркемдігімен қатар сөйлем ішінде 
өзінен-өзі  ұшқын  атып  тұрған  сипаты  болады” 
[1, 283]. Көркем  шығармада  сөзді  сұрыптап, 
пайдалануда  көркемдік-эстетикалық  талап  ма-
ңызды  орын  алады.  Ол  үшін  сөздің  контекстік 
(жағдаяттық) қызметін түсіну қажет. Сөз таңдау 
әрекеті мәтін түзу, яғни колорит түзуші лексика 
шоғырын  құрастыру  мәселесіне  де  тікелей  қа-
тысты.   
Мәтін – жазбаша  байланыстырып  сөйлеуге 
үйретудің    негізі.    Тілдік  таңбалардың  мағына-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                            
  315
 
 
лық  тұтастығынан  тұратын  мәтін  бірлігі  мен 
оның  құрылымдық  ерекшелігіне  талдау  жасау  
қажет.  Өйткені  жазбаша  байланыстырып,  сөз 
бен сөзді тіркестіру жеткіліксіз. Олай дейтініміз 
жазу  әрекеті  жеке  сөз  бен  сөйлемдерден  тұр-
майды,  ол  бір-бірімен  логикалық  және  грамма-
тикалық  байланысқа  түскен  сөйлемдер  бірлігі 
болып табылатын тұтас мәтіннен тұрады [2,23].  
Мәтінді  лингвистикалық  білімнің  жеке  са-
ласы  тұрғысынан  қарастыру  ХХ  ғасырдың 60-
70-жылдарынан  қалыптаса  бастады.  Лингвисти-
каның  зерттеу  нысаны  ретінде  мәтінге  берілген 
анықтамалар да жетерлік. Олардың бірқатарына 
тән  ортақ  пікір  бойынша,  мәтін  дегеніміз 
аяқталған тұтас ойды білдіретін сөйлеудің басты 
бірлігі.  
Мәтінді  толығырақ  тану  үшін  мәтін  мен 
сөйлемдер  арақатынасын  анықтап  алған  жөн. 
Көптеген ғалымдар мәтінді бір ғана (жай немесе 
күрделі) сөйлемнен тұрады деп санайды. 
Алайда  жеке  сөйлемнің  мәтін  белгісіне  ие 
болу қасиеті өте сирек кездесетін құбылыс. Осы 
мәселе  бойынша  С.И.  Гиндин  мәтін  құру  заң-
дылығы  мен  сөйлем  құру  заңдылығын  салыс-
тырмалы  түрде  анықтағанда,  олардың  айырма-
шылығы  мынада  деп  көрсетеді: «1-ден,  сөйлем 
дайын  формулаға  сәйкес  құрылады  да,  мәтін 
жалпы  ұстаным  бойынша  құрылады; 2-ден, 
сөйлемнің  негізгі  белгісі  оның  грамматикалық 
құрылымында  болса,  мәтінде - мағыналық 
құрылымында; 3-ден,  сөйлемді  грамматикалық 
жағынан  құрғанда  қатаң  ұстанымға  негізделсе, 
мәтінді мағыналық жағынан ұйымдастыру, яғни 
сөз  таптарының  ішкі  байланысы  еркін  (икемді) 
ұстанымға негізделеді» [2,17].   
Кез келген мәтін дүниетанымдық және праг-
матикалық  аспектіден  құралып,  тілдің  көп-
қырлы бірлігін құрайды. Мәтіннің дүниетаным-
дық  аспектісі  оның  семантикалық,  композиция-
лық  жағын  құраса,  прагматикалық  аспектісі  се-
миотикалық  және  композициялық  жағын  құ-
райды. Сонымен, мәтіннің композициялық жағы 
дүниетаным  мен  прагматикалық  қырын  байла-
ныстырушы 
 
дәнекер  ретінде  қолданылып,  мә-
тінді адам ойы мен көңіл-күйінің көрінісі ретін-
де сипаттайды.  
Көркем  әдебиетте  баяндаудың  сәтті  шығуы-
на  автордың  дүниетанымы,  шығармашылық  ұс-
танымы,  композиция  мен  сюжет,  кеңістік  пен 
уақыт  ұғымдары  арасындағы  байланысты  көр-
сете білуі  ерекше маңызға ие болады.  
Академик Р. Сыздық романды (әңгімені, по-
весті)  тарихи  стиль  тезіне  салғанда,  автор  өзі 
суреттеп  отырған  тарихи  кезеңге  сәйкес  зат, 
бұйым,  құбылыс,  әрекет  атауларын  келтіруге 
тиіс,  кейіпкерлерін  мүмкіндігінше  сол  кезеңге 
сәйкес сөйлетуі керек, оның өзінде  де әр кейіп-
керді  өзінің  әлеуметтік  орнына,  тәрбие-таны-
мына,  жасына,  жынысына  қарай  «сол  кезеңше» 
сөйлетуі керектігін айтады [3, 98 б.]. 
Тілдегі  көркемдегіш  құралдарды  пайдалана 
отырып (теңеу сөз, метафора, балама т.б), әдеби 
тіл, ғылыми тіл және ресми тіл стильдері бойын-
ша  мәтін құруға  стилистика заңдылықтарын бі-
лудің  маңызы зор.  
Мәтін стилистикасы көркем шығармалардың 
жазылу  ерекшелігіне  байланысты  сөйлеу  түр-
лерін  қарастырады.  Демек,  әдеби  тілдің  функ-
циональдық  типтері  бойынша  (сипаттау,  әңгі-
мелеу,  пайымдау)  мәтін  құрастыру  жолдары 
бола  алады.  Мәтіннің  осы  түрлерін  құру  ар-
қылы,  тілдік  материалға  реттеушілік  сипат  бе-
ріп, ойды  жазбаша түрде  жүйелі  мазмұндау мә-
дениеті қалыптасады. Мысалы, әңгімелеу  мәті-
нінде сөйлемнің құрылымы бір-бірімен мағына-
лық  байланысы  арқылы  оқиға  дамытылып, 
өрбіп отырады.  
Мәтін  стилистикасы  көркем  шығармалар-
дың  жазылу  ерекшелігіне  байланысты  сөйлеу 
түрлерін қарастырады.  
Лингвист  С.И.  Гиндин  байланыс  жасаудың 
мынадай  механизмдерін  анықтайды: 1) іліктіру 

1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал