Казахский национальный


ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ КИІМ-КЕШЕКТЕРІ



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет47/53
Дата09.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53

 
ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ КИІМ-КЕШЕКТЕРІ 
 
 
 
Қазақ  ұлты - ұлыттық  мәдениетке  бай,  та-
рихы  ұзақ  халықтардың  бірі,  халықымз  атам 
заманнан  бері  көшпенді  мал  шаруашылығын 
негізгі  өндіріс  тәсілі  ете  отырып  кең  байтақ 
сахарада  өздерінің  орта  табиғатына,  шаруашы-
лық  жағыдайына  қарай  дәстүрлі  мәдениет  жа-
ратып, атағы алыс-жақынға мәлім болған. 
Міне  осы  сан-ғасырлық  тарихы  бар  қазақ 
ұлытының  ең  мол  рухани  жұбанышы  болған 
өнер түрлерінің бірі қолөнер десек, сол қолөнер 
мұралары  ішіндегі  қазақ  тұлғасының  көркі 
болған,  сән-салтанатын  асырған,  дарыны  мен 
даналығын,  ерлігі  мен  өрлігін,  дақандығы  мен 
елдігін,  абырой-атағын,  жан  сұлыулығын  әйгі-
леген  қазақтың  киім-кешек  мәдениеті  өзгеше 
көз  тартады.  Міне  осы  дәстүрлі  киім-кешегіміз 
ұлтымыздың  тәбиғи  ортасы  мен  көшпенді 
шаруашылықтың ерекшелігіне сәйкесуден пайда 
болған.  Қазақ  ұлтының  тірлік  кешкен  ортасы, 
климат  шарыт  жағыдайы  өндіріс  тәсілі,  ұрып-
әдет  діні,  жол-жосын  көркемөнері,  дәстүрлі 
киім-кешектерінен білініп тұрады. 
Міне,  бұл  арада  тілге  тиек  етбекші  болға-
ным,  қазақ  ұлыттық  киім  мәдениетінің  бір  түрі 
болған  қазақ  әйелдерінің  ұлыттық  киім-кешек-
тері.  Қазақ  әйелдер  киім-кешегі  түсі  жағынан 
әле  түрі  жағынан  болсын  ерлердің  киім-кешегі 
жағынан  көрікті  де  күрделі  және  көп  болып, 
формасыда  алуан  түрлі  болған.  Олар  киім-ке-
шекке сапалы, түсі ашық ең асыл кездемелермен 
бұлдардан  пайдаланған.  Реңдері  негізінен  қы-
зыл,  жасыл,  көк  әсіресе  ақ  түсті  көп  істететін 
болған.  Мұндай  болуы  шаманизімдік  сенім-
наныммен қатысы бар. 
Қазақтың  түт-тұқияны  жөнінде  айтылатын 
аққу-аспан  тәңірі  деп  қаралады,  арі  аруақтың 
сұлбасы  деп  қаралады.  Ақ  түс – пәктік,  бақыт, 
ұзақ  ғұмыр  және  мейрімділіктің  симовлы  бол- 
 
 
ған.  Снодықтанда  өркениетті  қоғамға  кіргеннен 
кейін  де  киім-кешек  мәдениетінде  алаіде  сақ-
талып отыр. 
Қазақ әйелдер киім-кешектері жалпы аталуы 
жағынан  бас  киім,  дене  киім,  аяқ  киім  деген 
ортақ  ұғымда  аталғанымен  оның  адамдардың 
жас  құрамына  қарай  тігілуі,  аталуы,  түрі-түсіде 
парықты  болған,  яғни  қыздармен  келіндердің 
орта  жастағылармен  қарыт  аналар  киім-кешек 
жағында  айқын  парық  болып,  өңір  және  ру 
ерекшелегі  жағынан  да  өзіне  тән  сын-сынбаты, 
сыры  болған.  Қазақ  қыздары  кішкене  күнінен 
бастап  гнізінен  тақия,  төбетай,  қасаб,  сылама, 
делегей,  сияқты  жаздық  және  қыстық  бас  киім 
киеді,  қыздар  тақиясы – төбесі  жалпақ  тегіс, 
керегесі  төріт-бес  елі  биік,  етегін  бірнеше  жер-
ден  танап  астарының  астына  қатырма  салып, 
кереге  көз  таңдайша  сияқты  тігістермен  тігеді. 
Етегін  айналдыра  түрлі-түсті  зер  жіптермен  кө-
геріс  өрнектер  салып  алтын  күміс,  маржан  тана 
сияқтыжарқырайтын  алтын  мошнқтармен  әше-
кейлейді. 
Қасаба – етегі  тікше,  биіктеу,  тақияның  ар-
тына  түсірілген  етегі  бар  тақия,  бұл  тақияның 
етегі  кестеленумен  бірге  етегінің  айналасына 
шашақ, маржан тағылады. 
Төбетай – төбесі бір қарыс биікте, цилиндір 
формалы  тігілген  қыздардың  жаздық  бас  киімі, 
төбетайды  түрлі  ашқ  түстіжібек  кездемелерден 
астар  арасына  қатырма,  жиегіне  асыл  аң  тері-
лерінен қю салып тігеді. 
Жас  келеіншектер  мен  бойжеткен  қыздар 
киімінің  негізгі  айырмашылығы  бас  киімде  бо-
лады.  Бойжеткендер  тақия,  қарқара,  бөрік,  сәу-
келе  сияқты  бас  киімдер  киеді.  Қазақ  бойжет-
кендерін  бас  киімнен  тартып  сәнді  киіндіріп, 
жақсы әдетке тәрбиелейді. Бойжеткендердің та-
қиясы  биік  ою-өрнекті  айшықты,  әсем  кесте-

306                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
ленеді.  Төбесіне  маржандап  шашақ,  үкі  тағы-
лады,  бойжеткендер  кестелі  тақиямен  қасаба 
тақияны думанды жүріс-тұрыстарда киеді.  
Қарқара – төбесі шошақ, етегі қайырлып, аң 
терілерімен қюланап көмкерілген астары қатыр-
маланып сырылатын қыздардың сәнді бас киімі. 
Бөрік – төбесі  төріт  сайлы  бөрік,  қыстық  және 
жаздық  болып  астарына  қатырма  салады.  Қыс-
тық бөрікке салатын қатырма жұқалау, киіз мақ-
та  тартылып  тігіледі,  жаздығы  жұқалау  қатыр-
мамен  астарланады,  барқытбен  тысталады,  Ай-
нала кестеленеді.  
Қыз  ұзатылған  кезінде  алуан  түрлі  моншақ-
тармен безенген әсем кестеленген шошақ төбелі 
«Сәукеле»  киіп,  оның  үстіне  «желек»  салады, 
бұл  қыз  баланаң  келіншек  болғанның  негізгі 
белгісі. Осы заманда желек орнына алыуан түрлі 
тоқылған  қызыл  немесе  күрең,  күлгін  түсті 
бөртбе  салылардыда  салатын  болды,  ал  «Сәу-
келе»  бас  киімі 19-ғасырдың  соңы 20-ғасырдың 
басында  біртіндеп  сиреп  кеткен  еді. 20-ғасыр-
дың 80-жылдарында  қайтадан  қалпына  келіп 
әрбір  отбасы  өз  баласын  ұзатқанда  жасайтын 
дәстүрлі киімі болып қалды.  
Жас  келіншек  пен  орта  жастағы  әйелдердің 
бас киімі негізінен сәукеле, желек, жаулық, салы 
сияқтылар болған. Сәукеле – бойжеткендер ұза-
тылып  жас  келін  болғанда  киетін  бас  киім.  Же-
лек – ұзатылған  қыз  немесе  жаңа  түскен  келін 
жамылатын жамылғы. 
Қыздардың  киімі  негізінен;  көйлек,  мешпет, 
қамқа,  камзол  сияқтыларды  қамтыйды.  Қазақ-
тың қыздары көбіне төріт қыйқты, алты қыйқты 
көйлек  киеді.  Жас  қыздар  көйлекті  қызыл-жа-
сыл,  ақ-сары,  ақ-күлгін  түсті  торғын  жібек  кез-
демелермен түрлі гүлді шттардан киеді. Мешпет 
–  көбінесе  қызыл  көк  сияқты  ашық  түсті  кез-
демелерден тігіліп жаға жеңдерін қюлайды. 
Қамқа – әбден  жұмсартылған  марқа  қозы 
терісінен  тігілген,  жоса  мен  бояп  жаға-жең, 
етегін асыл аң терісімен жұрындап, белін қынап, 
кең қылып тігілетін қыстық киім.  
Бойжеткендердің  көйлегінің  жас  қыздарға 
қарағанда түрі көп, тігілуіде парықты болады. 
Желбір  етек  көйлектер  төріт  қиықты,  алты 
қиықт,  сегіз  қиыққа  дейін,  желбірін  екі-үш, 
төріт  қатар,  тіпті  мықынға  дейін  салып  тігеді, 
бойжеткендер негізінен желбір етек көйлек киеді. 
Камзол – шолақ  жеңді,  жағасы  етегі  ұзын 
жаздық  шапан,  камзолды  белін  қынап,  екі  жан-
қалта  салып,  жалаң  астарлап  тігеді,  оның  жаға-
лығы,  екі  өңірі  етегіне,  жең  ұштарына  түрлі 
өрнек  салып  кестеленген  төріт  оқала  камзол 
немесе кестелі камзол деп атйды.  
Жас  келіншектермен  орта  жастағы  әйел-
дердің  киімі  желбір  етек,  кестелі  көйлек,  етек 
көйлек,  белдемше,  камзол,  мешпет,  тон  сияқ-
тыларды  киеді,  Қазақ  халықы  ежелден  әйел-
дерді  аялап,  ардақтап  қолда  бар  үлде  мен  бүл-
десіне ораған яғни айелдердің киім-кешектеріне 
көңіл  бөліп  қалмастан  осы  киім-кешектеріне 
өзіндік көркемдік қосқан сәндік бұйымдарынада 
ерекше  назар  аударған.  Мұның  бір  дәлелі; 
қазақтың  маңызды  етыно көздерінің  бірі  ежелгі 
үйсіндердің қабырларынан қазып алған мұралар 
арасындағы  жақұт  көзді  алтын  жүзік  болды. 
Қазақ  әйелдері  құлақтарына  алтын  күміс  және 
меруерттен жасалған алыуан түрлі сырға салған, 
сырғалардың  көбі  салпыншақ  формалы  болады, 
және  оған  түрлі  өрнек  түсірген,  жақұттан  ме-
руерттен  көз  салған,  саусақтарына  алтын  күміс 
жүзік,  білектеріне  алтын,  күміс  және  мыс  біле-
зіктен  салған.  жүзік  және  білезіктің  формасы 
алуан  түрлі  болды,  қыздармен  келіншектер 
мойындарына  меруерт  маржаннан  алқа  таққан, 
қазақ  қыздары  мен  келіншектері  шаштарына 
маржан мен безендірлген шашбау таққан. 
Қазақ  әйелдері  үкі  таққанды  да  жақсы  кө-
реді. Балдырған кезінен бастап келін болып жат 
босағасын аттағанша үкі қадайды. Жас келіннің 
желегіне үкі қадалады, халықымыз алтын, күміс, 
асыл  тас  және  үкі  қауырсыны  сияқты  заттарда 
қасиет  бар  деп  қараған.  мысалы:  мыс  білезік 
буынға  түскен  сар  суды  тазартады,  қазақ  әйел-
дерінің  әшекейлі  бұйымдары  негізінен  қолға 
салатын, құлаққа, шашқа, мойынға, киім-кешек-
ке тағатын тағатын сынды бес үлкен түрге бөлі-
неді, осы әшекей бұйымдардан ұлыттық зергер-
ліктің  шеберлігінде  шек  жоқ  екенін  көруге  бо-
лады.  Халықымыз  міне  осы  ұзақ  тарихи  даму 
барысында өзіне тән киім-кешек мәдениетін жа-
ратқан. Деседе қазақ ұлтының қоғамдық тұрмыс 
ритымының  тездеуіне, құн көзқарасының, білім 
мәдениет  өресінің  жоғарлауына  сай,  дала  мәде-
ниетін өзек еткен дәстүрлі мәдениет бітре-бірте 
дәстүрден  жазып  барады.  Дәстүрлі  мәдениетті 
тұғыр  еткен  қазақтың  киім-кешегі  белгілі  өз-
геріс  барысын  басынан  өткізді.  Сондықтанда, 
біз  қазақтың  киім-кешектері  ұлыттық  қасиетке 
ие  мәдениет  мұрасы  және  мәдениет  байлығы 
екендігін  бұгінгі  таңдағы  жағандану  толқы-
нында  дәстүрлі  киім-кешегінің  маңыздылығын 
тереңнен  түсініп,  өзімізді  өзге  ұлыттарға  мә-
дениетке  бай  дара  ұлыт  етіп  таныстыру  үшін, 
атадан  жалғасып  келе  жатқан  киім-кешек  мәде-
ниетімізді  сақтап  қалыуымыз  және  жалғасты-
руымыз керек.  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                             
 307
 
 
1.  Жақып  Мырзақанұлы  «Қазақ  халықы  және  оның 
салыт-санасы» ШҰАР Халық баспасы. 1992ж. 
2.  «Қазақтың  бейзаттық  мәдени  мұраларын  зерттеу-
лер» ШҰАР халық баспасы. 2009ж. 
3.  «Қазақтың  дәстүрлі  киім-кешектері»  ШҰАР  Іле 
халық баспасы 2006ж. 
 
 
* * * 
Казахские национальные наряды. 
* * * 
The Kazakh national dresses. 
     
 
 
 
 
Г. Бақытбекқызы 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ТӨРКІНІ ЖӘНЕ ДАМУЫ 
 
    
Қазақ  мәдениеті – адамзат  мәдениетінің  бір 
бөлігі.  Қазақ  халқымыздың  сонау  ерте  кезден 
қалыптасқан  дәстүрлі  мәдениетінің  бірі  болған 
Қазақ  ою-өрнектерінің  төркіні  және  дамуы 
жөнінде сондай-ақ Қазақ ою өрнегінің өзіне тән 
ұлттық  ерекшелігін  сақтай  отырып    дәуірмен 
бірге дамып бүгінгі таңдағы қоғамдық рөлының 
барынша доғарлағандығы туралы аз аялдау. 
Бір  ұлттың  қалыптасуы  әрине  белгілі  бір 
ұзақ тарихи даму барысында қалыптасады. Яғни 
ортақ тіл ортақ мәдениет ортақ тоғысу барысын 
кешіру  арқылы  біртіндеп  қалыптасады.  Сол 
сияқты қазақ ұлтымыздың қалыптасу тарихы да 
өте ұзақ. Бір ұлыт болады екен оны өзге ұлтпен 
салстыру  үшін  ең  әуелі  оның  ғасырлар  бойы 
жалғасқан ұзық мәдениеттерін тілге тиек етуiміз 
керек,  сондықтанда  қазақ  ұлтымыздың  қандай 
бір  ұлт  екендігі  әрине  оның  мәдениетінің  даму 
өресімен өлшенеді. Сонымен, қазақ ұлты ауызға 
алынса  болды  өзге  ұлттардың  ойына  көшіп-
қонып жүретін мал шаруашылығымен шұғылда-
натын  көшпенді  ұлттардың  бірі  болып  елес-
тейді.  Расында  сонау  ата-бабаларымыздан  тар-
тып  қалыптасқан  көшпенді  ұлт  екеніміз  шын-
дық,  яғни  қазақтың  тегіне  тығыз  қатысты  ерте 
заманғы ру тайпалық, ұлыстық елдердың негізі-
нен  мал  шаруашылығымен  шұғылданып  өтетіні 
рас,  Алайда  қазақ  халықымыз  көшпенді  мал 
шаруашылығымен  шұғылданып  ғана  қалмай 
сонау  ерте  кезден–ақ  басқада  сан  салалы  кәсіп-
термен  соның  бірі  болған  қолөнер  кәсібіменде 
шұғылданған  еді. қолөнер кәсіптің өзі сан алуан 
түрлерге  бөлінеді.  Соның  ішіндегі  күні  бүгінге 
дейын  өзіндік  ұлттық  ерекшелігін  тіптіде  сәу-
лелендіріп  дамытып  келе  жатқан  қазақтың 
ұлттық    ою-өрнектері  жөнінде  яғыни  қазақтың 
дәстұрлі  ою-өрнектерінің  төркынымен  дамуы 
туралы тоқталғым келеді. 
қазақ ою-өрнегінің төркіні. 
қазақтың  ою-өрнегінің  қалптасуы  қазақ  ұл-
тының  ең  негізгі  ұлттық    символы  саналады.  
 
 
бізге  мәлім,  жалпы  ою-өнері  дүние  жүзының 
көп  халықтарына  тән,  дегенмен  қазақ  халқы-
ның  ою-өрнегінің  өзіндік  ерекшеліктері  бар. 
дүниенің  қайсы  бір  түкпірінен  болмасын  қазақ 
ою-өрнегін корген жерден тануға болады.  қазақ 
ою-өрнегі  ата-бабаларымыз  мәдениеті  ішіндегі 
4000  мың  жылдан  бері  бірден-бір  тегін  жой-
маған,  қаймағын  бұзбаған  дәстүрлі  өнері  басқа 
мәдениет  атаулының  барлығы  мәлім  бір  уақыт-
та, белгілі себептерден өзгерске ұшырады. Сон-
дықтанда  қазақ  ою-өрнегінің  тарихын  зерттеу, 
қазақ  ұлты  және  оның  мәдениетін,  тарихын  та-
нуда аса келелі маңызға ие. 
Қазақтың  ата  тегі  саналатын  тайпалармен 
ұлыстар,  негізінен,  сақтар,  ұйсіндер  қаңлылар, 
аландар  жане  ғұндар  деп  есептеледі.  Ал  кейнгі 
дәуірлерде  түркілер,  оғыздар,  қыпшақтар  қо-
сылған.  Қазақ  ұлтын  құрған  тұрлы  ру  тайпалар 
ұқсамаған  мезгілдердегі  өріс  қонстары  ұқса-
маған.  сонымен  олардың  тарихтан  бұрынғы  ізі 
түскен  мекендері  Евразия  даласын  да  бұдан  да 
кең  аумақты  шарпитындығы  даусыз  деп  зерт-
телген. Сондықтан қазақ ою-өрнегі түп төркінне 
үңілсек,  қазақ  ою-өрнегі  келіп  шығу  төркіні 
оның  байырғы  шығыс    азия  ою-өрнегімен  бол-
ған  байланстығын  көруге  болатындығын  архео-
логиялық қазбалар далелдеп отыр. 
Қазыргі қазақ ою-өрнегіне ең жақын ою-өр-
нектің  ең  көнесі  Шаң  жяң  өзеннің  орта  төменгі 
ағарындағы  Қытайдың  Хунан  өлкесінің  Ниң 
Шяң ауданында табылған Шаң патшалығы дәуі-
рінің  соңғы  мезгілінде  осыдан 3100-3200 жыл 
ілгері  жасалған  қола  даңғара  (сол  замандарда 
қолданлған  софиялы  күй  аспабы)  бетіне  салын-
ған  ою-өрнек  шығыс  азия  жеріне  осы  түрдегі 
ою-өрнектің  бұданда  бұрынға  көптеген  үлгіле-
рін көруге болады. Ал бұл даңғараның сыртын-
даға  өрнек  солардың  ішіндегі  ең  бір  қазіргі 
қазақ ою- өрнегіне ұқсастық жағанан да уақыты 
жағынан да, салстыруға болатын ерте заман ою-
өрнегінің бұндай үлгісі жолықпайды. сондықтан 

308                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
қазақ ою-өрнегінің одан да арғы төркіні іздеуге 
тура  келген.  Сонымен,  Хунан  Ниңчиядағы  даң-
ғараның  сыртына  салынған  ою-өрнектегі  екі 
көздің  нобайын  оның  тура  қарап  тұрған  хайуа-
наттың  бет  өрнегі  екендігін  аңғаруға  болады. 
Егер  осы  өрнектен  екі  көзді  шығарып  салғанда, 
кілең  обстракт  түрдегі  қазіргі  қазақ  ою-өр-
негінің  өзі  келіп  шыққан.  Бұдан  мынадай  екі 
түрлі қортындыға ие болған. Біріншіден, осыдан 
3000жыл ілгері хайуанаттың бет өрнегі бүкілдей 
обстракт  ою-өрнекке  айнала  бастаған.  Екінші-
ден,  хайуанаттың  бет  өрнегі  негізіндегі  қазақ 
ою-өрнегі осы мезгілде қалыптасып болған. 
Шынын қуғанда Ниңчияңнан  табылған  қола 
даңғарадағы ою-өрнек қола құралдар дәуіріндегі 
Шығыс Азия жеріндегі қола құрал ою-өрнегінің 
барлық ерекшеліктерін өз бйына жинаған ең бір 
таңдаулы  үлгі  еді.  Шығыс  Азияда  қола  құрал 
ою-өрнегінің бұдан да ары бес ғасырлық тарихы 
жатқан еді. 
Егер қола құралдар ою-өрнегігінің жүлгесін, 
Хунан  НиңЧияңнан  табылған  даңғарадағы  хай-
уанаттың бет өрнегінің қазақ ою-өрнегіне ұқсай-
тын түрінен ары қуалайтын болса, хайуанат бет 
өрнегінің Орта жазық және оның шығыс жарты 
шеңберін  орап  жатқан  өңірлердегі  тұтас  қола 
құрал  ою-өрнегінің  негізгі  тұлғасы  екендігін 
байқауға  болады.  Қола  құралдарынан  да  ары 
қарай  ізденетін  болса,  бұл  өрнектің  дерегін 
(хайуанат  бет  өрнегі)  қола  дәуірінен  бұрынғы 
қыш  ыдыстар,  қас  тасы  бұйымдарынан  тіпті 
оның ең арғы сорабын солтүстік далаларындағы 
жартас  суреттерінен  табуға  болған.  Сонымен, 
қазіргі  қазақ  ою-өрнегі  мен  байырғы  Шығыс 
Азия  құралдары  ою-өрнегінің  төркіндес  екенін 
дәлелдеп  шыққан.  Сондықтан  қазақ  ою-өрне-
гінің  қалыптасу  барысын  жартас  суреттерінен 
“жартас  мәдениеті”  нің  жалғасы  болған  қола 
ою-өрнегінен жалғасты қарауға болады. 
Сондықтан  архелогиялық  деректерге  негіз-
делгенде,  Ората  жазық  ою-өрнегі  бүгінгі  қазақ 
ою-өрнегіне  жақын  екендігі  дәлелденген.  Яғни 
қола ою-өргенгінде көп кезігетін ою нұсқаларын 
қазақ  ою-өрнегін  салыстырса,  бұл  екі  дәуір,  екі 
өңір  ою-өрнегіндегі  жақындықты  салыстырып, 
саралап  жатудың  Ешқандай  қажеті  жоқ  болған. 
үйткені:  бұлардан  ешқандай  бөтендік  айырма-
шылық  табудың  мүмкіндігі  аз  болған.  Архоло-
гиялық деректерге өрағанда байрғы Орта жазық 
ою-өрнегі  мен  қазақ  ою-өрнегінің  жоғарғыдай 
ұқсастығында  тарихи  жалғасымдылықтың  бар-
лығын  байқауға  болған.  Мысалы,  қазақ  даласы 
мен  Орта  жазық  мәдениетінің  тарихи  байла-
нысы  ең  алғаш  Инесей  өзенінің  орта  жоғарғы 
ағарындағы  Андронов  мәдениетінен  (б.з.б 2000 
жылдықтың  орта  мезгілі),  яғни  осыдан 3500 
жыл  арыдан  басталады.  Андронов  мәдениетіне 
тән қазындылардан шыққан ақ қас тасы бұйым-
дары  б.з.б 15-16 ғасырлардың  туындылары  бо-
лып,  Орта  жазықтағы  Чаң-Иын  мәдениетінің 
әсеріне  ұшырағандығы  байқалған.  Қысқасы, 
Чаң-Иын  заманындағы  Орта  жазықпен  қазақ 
даласының Солтүстік шығыс бөлегі ерекше қою 
мәдени  байланыста  болғандығы,  осы  мезгілде 
қытайдың  солтүстігінен    көп  халықтың  Инесей 
бойына көшкендігі ғылым саласында әлдеқашан 
айтылып  жұрген  мәселе.  тағы  бір  деректерде 
ұйсін  молаларынан  шыққан  ою-өрнектері 19-
ғасырдағы  қазақтың  ою-өрнектерімен  ұқсас 
шыққан  екен.  Тағы  бір  Архологиялық  қазба-
ларда  ежелгі  Алтай  көшпенділерінің  өнеріне 
кеңінен  тараған  үлгі  бір  бұйымның  өзіне  көп-
теген  жануарлар  мен  құстардың  белгілерін 
біріктірген ғажайып мүсіндермен (өрнектермен) 
безендірілген  үлгілірі  табылған. (бұл  Чаң  дәуі-
рінің соңғы кезіндегі қола өрнек стілі) ондағы ат 
әбзелдеріндегі  ою-өрнектердің  қазыргы  қазақ 
ою-өрнектерімен  бірдейлігі  тіпті  бір  шебердің 
қолынан  шыққандай  ұқсастығы  кімде-кімді  таң 
қалдырмай  қоймаған.  Және  де  Тұрпанның  без-
гелек  сағасындағы  будда  дінінің  өңгір  ғибадат-
қанасының  қабырғасына  және  төбесіне  сызыл-
ған  өрнектерде  қазыргі  қазақ  сырмақтарына 
салынытын  мүйіз  оюлардың  үлгісі  кездескен: 
Алтын  таумен  Чиланш  тауының  түйлісіндегі 
байырға  Дуңхуаң  будда  ордасына  салынған 
әйгілі  әсем  өрнектерде  қазақ  ою-өрнегінің 
үлгілері  жолыққан.  Міне  осындай  орта  жазық 
өңірінен  табылған  қола  құралдары  орта  жа-
зықтың  орталық  аймағындағы  өзіндік  өңірлік 
ерекшелікке  ие  болып,  ол  орта  жазық  өңірінің 
басқа  аймақтарынан  жолықпаған.  әрі  сол  қола 
құралдарының  бетіне  салынған  хайуанат  бет 
өрнегі  қазақ  оюына  ұқсастығы  басқа  әр  қандай 
қола  бұйым  өрнегінен  өзгеше  болған,  және  бір 
адам  таңғаларлық  зеріттеулерде  әсілі,  Мияузу-
лар  ұлттарының  арғы  аталары  неше  мыңдаған 
жыл бұрын Чаңжиаңның орта, төменгі ағарының 
шығыс  оңтүстык  теңіз  бойларын  мекендеген 
екен. Сонымен аңыздарда айтылуынша Мияузу-
лардың  арғы  аталары  орта  жазық  және  оның 
сүлтүстыгіндегі  халықтармен  қою  тарихи  бай-
ланыста  болған.  Олар  ұзақ  уаоыттық  жаугер-
шілік  салдарынан  біртіндеп  батыс  оңтүстіктен 
(негізінен  Уинан,  Гуйжу  жеріне)  көшіп  кеткен 
екен. Біріқ арада неше мың жыл өткеннен  кейін 
қазіргі  Мияузулардың  ұлттық  ою-өрнегін  ақ-
таратын  болсақ,  іштен  айна  қатесіз  қазақ  ою-
өрнегін жолықтыруға болады екен. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011                                                           
   309
 
 
Жоғардағыларды қортып келгенде, солтүстік 
жартас  суретінен  бастау  алған  қазақ  ою-өр-
негінің  ең  арғы  мекені  Қытайдың  шығыс  сол-
түстігіндегі  және  Хуаңқы  мен  Чаңжиаңның 
төменгі  ағары  деген  тұжірім  жасауға  болады. 
тариқшылардыңк  бір  тобы  Чаң  мәдениетін 
алғаш  пайда  болған  жері  Қытайдың  шығыс 
солтүстігіндегі  немесе  шығыс  теңіз  жағалауы 
деп  дәлелдеген.  Біздің  ата-бабаларымызда    осы 
өңірде  болып,  осы  мәдениетінің  алғашқы  нұс-
қаларын  бірге  жасасқан  болуы  мүмкін,  қазаққа 
Чунчю дәуірінен кейін қалыптасуы мүмкін емес 
деп  дәлелдеген,  үйткені  бүдан  кейінгі  заманда 
орта  жазық  жерінде  байырғы  қола  ою-өрнектер 
әлі  күнге  дейін  жалғасып  келген.  сондықтан 
кейбіреулердің қазақ ою-өрнектерді басқа біреу-
ден  алған  деген  қате  көзғарастан  аулақ  болуы-
мыз  қажет  деген  көзғарасты  ортаға  қойған. 
Сонымен  тарихи,  ғылыми  деректер  негізінде 
талдау жасай келіп қазақтың ою-өрнегініің төр-
кіні  анау  арғы  заманджардан  бастау  алатын-
дығын дәлелденген. 
Қазақ ою-өрнегінің дамуы. 
Ұлт  мәднниетінің  дамуын  қоғам  дамуына 
ілесе  төмен  сатыдан  жоғары  сатыға  өрлейтін, 
күн сайын байып кемелдене беретын барыс деп 
тұсінуіміз  қажет.  Қазақтың  ою-өрнектенінің 
өзіне  тән  даму  жолы  мен  тарихы  бар.  Яғни 
сонау ерте кезден бастап адамдар өзі тұтынатын 
бұйымдарға  немесе  жасаған  ортасына  тұрлі 
белгі  таңба,  немесе  сурет  өрнектерін  сала  білуі 
адамзат  мәдениетінің  тарихындағы  төңкерістік 
мәнге  ие  бұрлыс  еді.  Үйткені  ол  адамзат  сана 
сезіміндегі  тың  бір  белеске  секірудің  яғни  адам 
баласы  өз  ойын  қиялымен,  тілмен  білдіруден 
кейін,  таңбамен  түрлі  өрнектерді  де  қамтыйды. 
Мұндай  нақтылы  обиектілерді  білдіретін  образ-
дық таңба немесе өрнектердің бір бөлегі күндер 
өте келе кілең әменгерлік мәнге ие Ою-өрнекке 
айналды.  Қазіргі  қазақ  ою-өрнегі    дәл  осындай 
дамудың  туындасы  әрі  ең  көнесі  болатын,  ол 
біздің  ата-бабаларымыздың  жаратылсты  қоғам-
ды  тануының  жәй  танымынан  жоғары  дәреже- 
ге  эстетикалық  танымға  жоғары  дәрежедегі 
обстракт,  эстетикалық  танымға  тым  ертеде  кө-
терілгендігінің  белгісі  болған,  міне  осылайша, 
көшпелі  тайпалар  өнерінің  ықпал  әсерінен  сан 
ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі-бір 
жүйеге түскенін айқын аңғаруға болады. 
Қазақ  ою-өрнегін  ең  алғашқы  жартас  су-
реттерінен  қола  өрнегіне  одан  қазіргі қазақ  ою-
өрнегі  сияқты  өрнекке  өтуде  мынадай  бірнеше 
түрлі заңдылықтарды бастан кешкен. 
1,  таралу  бағыты  солтүстіктен  оңтүстікке 
қарай. 
2,  мезгілдік  жақтан  ең  алдымен  жартас 
суреті,  онан  соң  қыш  ыдыстарға,  қас  тасы 
бұйымдарына және қола құралдарға ауысқан. 
3,  бейнелеу  өнері  жағынан,  әуелі  нақтылы 
заттарды  бейнелеу,  әсерелеу,  әшекейлеуге  өту, 
одан  соң  көркемөнерлік  бейнелеуге  көшу, 
соңында  кілең  обытракт  ою-өрнекке  айналу 
барыстарын басқан. 
4, танымдақ жақтан жартас суреттеріне қыш, 
қас  тасы  және  қола  ою-өрнектеріне  үңілсек  біз 
ата-бабаларымыздың жаратылысты жәй танудан 
оның  сырына  өңілу,  ғажайып,  тілсім,  құдыретті 
сыртқы  күштің  барлығын  сезіні,  оған  табыну, 
өзіне төтем тұтуға өткендігін сондай-ақ оның өз 
сезім түйсігін ой-қиялы бойынша бейнелеу алып 
барғанын  байқайсыз,  сондай-ақ  жартас  сурет-
терінен  қола  ою-өрнектеріне  дейінгі  өзгеріс 
барысыннан  адамдардың  қоғамдық  және  жара-
тылстық  танымының  барған  сайын  тереңдей 
түскендігі аңғарылыды. 
Қазақ ұлты ислам дінне сенгеннен  кейін ою-
өрнектеріне  нағыз  хайуан  кескінін  тұтас  бер-
меседе  соған  жақын  кескіндер  немесе  хайуан-
ның  бейнелі  мүсінін  оюып  сызатын  әдеті  қал-
маған. Сондақтанда бүгінге дейін жалғасып келе 
жатқан,  қазақтың  ою-өрнегінде  «иірім», «шир-
шық», «қос  ирек», «қошқар  мүйіз», «түйе  та-
бан», «бота көз», «қос өркеш», «қос қанат» т. б. 
аттардың  қазірге  дейін  аталып  отырғаны  бұ-
лардың  сонау  Ғун,  Үйсін  заманындағы  ою-
өрнектердің жалғасы екенін көрсетеді.  
Ал  бүгінгі  таңда  қазақ  ою-өрнектері  сонау 
ерте  замандағы  үлгісінен  барынша  көркемде, 
ықшамды, нәзік болып сомдалған, демек ежелгі 
замандардан  пайдаланып  жасалған  киіз  үйдің 
есігінен  аттап  кірмей  жатып-  ақ  оюлар  әлеміне 
саяхат  басталады.  Міне  бұл  оның  айғағы 
есептеледі.  Қазақ  ою-өрнегірің  дамуы,  қазіргі 
дамыған  бәсекелі  заманда  өзінің  ұлыттық  ерек-
шелігін  сақтай  отырып,  дәуірмен  бірге  дамый 
түскен. Яғни қазақ  әйелдері арасында он сауса-
ғынан  өнер  тамғанөенрпаздарымыз  да  баршы-
лық.  Олар  ою-өрнектіңнеше  түрлерін  тапқыр-
лаған.  Тіпті  небір  шеберлеріміз  қазақтың  жійек 
өнерін  компыютерде  жасау  әдісін  де  тапқыр-
лаған.  Сондықтан,  біз  қазақың  ою-өрнегінің 
дамуы  бүгінгі  таңда  төмендегідей  бірнеше  қо-
ғадық рөлға ие деп айтамыз. 
Баршамызға  аян  біз  күнделікті  тұрмыста 
қазақый  ою-өренктерден  айырыла  алмаймыз, 
яғни тұтыныу бұйымдарын әшекейлеуде болсын 
орны кем болса болмайды. 
Бір  ұлыттың  қалыптасуы  мен  дамуы  сөзсіз 
оның  мәдениетімен  тығыз  қатысты.  Сондықтан 
қазақ  ұлты  ұлыт  болып  мәңгі  дамыйды  екен. 

310                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011 
 
Сөзсіз ұлыт мәдениетін сақтауы, ұлыттық ерек-
шелікті  сәулелендіріу  керек,  қазақ  ұлтыныың 
мыңдаған  жылдар  бойы  тегін  жоймай  келе 
жатқан  қымбатты  мәдениет  қазыналаының  бірі 
болса  ол  әрине  қазақ  ою-өрнегі  саналады.  Сон-
дықтанда  қазақ  ұлтының  ұлттық  мәдениетін 
дамытыуда маңызды рөлға ие. 
Ұлтытмыздың  сан-ғасырлар  бойы  ғасырлар 
бойы  жалғасып  келе  келе  жатқан  көптеген 
мәдениеттеріне  неше  мыңдаған  жылдар  бойы 
мұрагерлік еткені сиақты, байырғы ою-өреккеде 
бүгінге  дейін  қаймағын  бұзбай  мұагерлік  етіп 
келеді,  әрі  халықымыздың  ою-өрнек  өнері  қа-
зірге дейін қайта түлеп, бай мазмұнмен жаңа түр 
тауып,  материалдық  және  рухани  қазынамызға 
айналып отыр, сондықтан ұлтымыздың осындай   
 
 
 
 
бір  тарихы  өте  арыдан  болған  ұлыттық  өне-
рімізді, бұдан кейінде дамытып, қоғам дамуына 
сай,  одан  ары  ұлыттық  бойауы  қанық  нақыш-
тарға толтыра берейік. 
_______________ 
1. «Алыстағы ата мұра» Ясин Құмар, ШҰАР Ұлыттар 
баспасы, 2003ж. 1-басылым.  
2. «Қазақ  халықы  және  оның  салыт-санасы»  Жақып 
Мырзақан, ШҰАР халық бсапасы, 1992ж. 1-басылым.  
3. « Қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері» Бақыт Әлболат, 
ШҰАР жастар-өрендер баспасы 2006-ж. 1-басылым.   
4. «Қазақтың  салыт-дәстүрі»  Ясин  Құмар,  ШҰАР 
халық баспасы 2006-ж. 1-басылым. 
* * * 
Происхождение и развитие казахских орнаментов и узоров. 
* * * 
The origin and development of the Kazakh orenaments and 
patterns. 
  

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет