Казахский национальный


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ УАҚЫТ, КЕҢІСТІК, ӨЛШЕМГЕ



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет32/53
Дата09.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53

 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ УАҚЫТ, КЕҢІСТІК, ӨЛШЕМГЕ 
НЕГІЗДЕЛГЕН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРГЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН СӨЗДЕР
 
 
Қазақ  халқы  уақыт,  кеңістік,  өлшем  ұғым-
дарын  өздерінше  болжап,  өздерінше  атау  бер-
ген.  Өткен  заманда  қазақтар  уақытты  сағатпен, 
қашықтықты  метрмен,  өлшем-салмақты  грамм, 
тоннамен  өлшемесе  де  оларды  дәл  болжай  біл-
ген. Мәселен, минутты – бие сауым, сүт пісірім, 
шай  қайнатым;  қашықтықты – қарға  адым,  қол 
созым, ат шаптырым жер т.б. деп фразеологизм-
дермен мөлшерлеген.  
Ал осы өлшем бірліктерінің нақты атау алуы 
мәселесіне қатысты зерттеуші Г.А. Сарбасова өз 
зерттеуінде мынадай мәлімет айтады: « Француз 
академиктері Мешен мен Деламор, Дюнкерк пен 
Барселона  қалаларын  басып  өтетін  меридиан-
ның  он  милионнан  бір  бөлігінің  ұзындығын 
метр (3 фут 11,296 линия)  деп 1799 жылы  қа-
былдайды.  Бұл  өлшем  гректің  «метрон» – 
«өлшем»  деген  сөзінен  алынған.  Сөйтіп,  қазіргі 
таңдағы  қолданылып  жүрген  ұзындық,  көлем, 
салмақ  өлшемдерінің  барлық  түрлері  ондық 
жүйе  бойынша  негізі  қаланып,  гректің  сандық 
атаулары беріледі.   
1875  жылы  Парижде  өткен  халықаралық 
дипломатиялық  конференцияда  метрикалық 
конвенцияға  кірген 17 елдің  қатарында  Ресей 
мен  Түркия  да  қабылданғанына  қарамастан, 
Ресей 1927 жылдың 1 қаңтарында,  ал  Түркия 
1933  жылдың 31 желтоқсанында  метрикалық 
жүйені  жүзеге  асырады  да,  халықтық  өлшем-
дерді қолдануға тыйым салынады. Метрдің жаңа 
мөлшері 1963 жылдан  бастап  Қазақстанда  да 
қабылданады»  [1, 9 б.] 
Ал  біз  осы    шағын  мақаламызда  уақыт,  ке-
ңістік,  өлшемге  негізделген  фразеологизмдер 
(ары  қарай  УКӨФ  деп  көрсетіледі)  қандай 
ұйытқы    сөздердің  негізінде  жасалады,  ерекше-
ліктері  қандай  деген  сауалға  жауап  беруге 
тырысамыз. 
Фразеологизмдердің  ішіндегі  кейбір  сөздер 
семантикалық  жағынан  ерек  байқалып,  түп 
қазық    есебі  қызметін  атқарады.  Ондай  сөздер 
әлденеше  ФЕ-лерде  қайталанып  отырады.  Оны 
«ұйытқы  сөз»  деп  атаған  мақұл [2, 611 б.]. 
Тіліміздегі фразеологизмдерге негіз бола алатын 
сөздердің  бірі – соматизмдер.  Құрамында  дене 
мүшелерінің  атаулары  бар  тұрақты  сөз  тір-
кестерін  соматикалық  фразеологизмдер  деп 
атайды.  Лексикологтардың  айтуына  қарағанда 
қазақ  тіліндегі  тұрақты  сөз  тіркестерінің  отыз  
 
 
пайызға  жуығы  соматикалық  атаулардан  тұ-
рады. 
Бірақ  тілдегі  кез-келген  сөз  фразеологизм-
дерге  ұйытқы  сөз  бола  алмайтынын  ескеру 
қажет.  Халықтың  өзімен  қоса  жасасып  келе 
жатқан  байырғы  сөздік  қордағы  сөздер  ғана 
ұйытқы  сөз  бола  алады.  Сөздің  сапа  жағынан 
қаншалықты  дамығандығын  көрсететін  бірден-
бір белгі – оның көп мағыналық сипатта болып, 
туынды  мағынада  жұмсалып,  әлденеше  фра-
зеологизмдерді тудыруға себеп болуында [3, 197 
б.].  Осы  пікірді  басшылыққа  ала  отырып,  қазақ 
тіліндегі  уақыт,  кеңістік,  өлшемге  негізделген 
фразеологизмдерді  жасаудағы  анатомиялық 
атаулардың  қызметі  айрықша  екендігін  атай 
кеткен жөн. Әсіресе, қан,  ауыз,   аяқ,  иек, қас, 
көз      адамның  дене  мүшелері  сөзге  арқау,  ойға 
тірек,  таяныш  болып,  тіліміздегі  фразеологизм-
дердің  бай  қорын  жасауға  ерекше  қызмет 
атқарады. Мысалы: 
КӨЗ 
Көз ілеспеу – лезде, дем арасында. 
Көзді  ашып  жұмғанша – лездің  арасында, 
қас пен көздің арасында, әп-сәтте. 
Көз  байланған  кез  –ымырт  жабылды,  қас 
қарайды, қараңғы түсті. 
Көзге  түртсе  көрінбейтін  қараңғы // Көзге 
түрткісіз  қараңғы//Көзге  түртсе  көргісіз  қараң-
ғы//  Көз  түрткісіз – тас  түнек  қараңғы,  жеті 
қараңғы түн 
ИЕК 
Иек  артым  [аспа,  созым]  жер – жап-жақын, 
бір қыр артындағы жер. 
Иек  астында – жақын  жерде,  мына  тұрған 
жерде. 
АУЫЗ 
Ауыз жиғанша [ жимай жатып], [ жимай ] – 
лезде, көзді-ашып жұмғанша. 
Аузы мұрнынан шығу – лық толды. 
АЯҚ/ ҚОЛ 
Аяқ  [ табан ] астынан – кенеттен, бірден. 
Аяқ-қолы жерге тимеу – асығыстық. 
Қол созым [ ұсыным ] жер – ең жақын жер; 
ұсынса, қол жететін жер. 
Қолды-аяққа  тигізбеу – жылдамдату,  зыр 
қағу. 
ҚАБАҚ 
Қабақ  қақпай    [қақтырмай ] – лезде,  әп-
сәтте. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   205 
 
 
Қабақ  [ кірпік ] қаққанша - өте тез, лезде. 
Сан  есімдер  ұйытқы  болған  УКӨФ:  Фра-
зеологизмдерге  сан  есімдердің  ұйытқы  болуы 
жайлы І. Кеңесбаев, В.И. Чернышев, М. Абдрах-
манов,  А.Е.  Елешевалар  арнайы  сөз  еткен 
болатын.  
І.  Кеңесбаев  сан  есімді  фразеологизмдерге 
талдау жасай келіп: “...тұрақты сөз тізбектерінің 
біраз  бөлігі...  сан  есімдер  төңірегіне  топталып 
жүреді.  Бұл  сөздердің  белгілі  бір  тізбек, 
тіркестерге  түп  қазық  болу  себебі  халықтың 
ежелгі  дәуіріндегі  ұғым-түсініктерімен,  салт-
санасымен  ұштасып  жатыр...  үш,  жеті,  қырық 
сөздері  өздерінің  сан-мөлшерлік  қызметін  көп 
жағдайда  жойып  алу  сыры  бөлегірек.  Олар 
белгілі  бір  нәрсе,  құбылыстардың  символы 
ретінде  қолданылатын  тәрізді.  Бұлардың  дені 
халықтың  ескі  наным-түсініктерінен  туған.  Бі-
рақ  бертін  келе  бұл  ұғым-түсінік  дерексізденіп, 
екінші бір салаға ауысқан деуге болады”,  дейді 
[4, 23 б.].  Сонымен  қатар  ғалым  бұл  сан  есім-
дерге  байланысты  мифтік  түсініктің  де  ұшығы 
барлығын  айта  келіп,  олардың  өзге  де  туу 
себептерін жан-жақты қарастырады. Тақырыбы-
мызға  қарай,  біз  де  уақыт,  кеңістік,  өлшемге 
қатысты  фразеологизмдеріне  бір,  екі,  үш,  бес, 
жеті  сандары  ұйытқы  бола  алатынын  төмендегі 
мысалдар арқылы талдап көрсетеміз: 
Төгіліп-шашылып  немесе  топталған  зат-
тардың  да  өлшемдері  бар.  Олар  көбіне  «бір» 
санымен  байланысты. “Бір”  санының  ұйытқы 
болуымен жасалған УКӨФ:   
Бір табан жақын  – аз да болса жуығырақ. 
Бір тұтам - өлшем. Бір сығым. 
Бір жапырақ – азғантай, зәредей, бір жұлым. 
Бір [ жалғыз]  түйір  – аз, кішкене. 
Бір уыс  – бір шөкім, алақанға сиярлық 
Бір шөкім – азғана,  кішкене ғана. 
Бір  үзім [ сындырым ] – жарым-жарты 
бөлшек. 
“Екі”  санының  ұйытқы  болуымен  жасалған 
УКӨФ:   
       Екі кештің арасында – апақ-сапақта, іңір 
қараңғысында, көз байланар-байланбаста. 
Қазақ      халқы  үшін  «жеті»  санымен  бірге 
«үш» саны да «құпиялы, киелі» деп есептелген. 
Соның негізінде,   халық  түсінігі бойынша, дуа 
оқып, дем салғанда үш күн оқыған. Киелі ораза 
айт  күндері  де  «үш»  күннен  тұрады. «Ер  кезегі 
үш  рет»  деген  халық  даналығы  да  осы  үш 
санымен байланысты болса керек. 
“Үш”  санының  ұйытқы  болуымен  жасалған 
УКӨФ:   
Үш ұйықтаса ойда жоқ [ ойға кірмеді ] // үш 
ұйықтаса түсіне [ ойына] енбеген [ кірмеген]   - 
солай болады деп күтпеген, ойламаған кезде. 
“Бес”  санының  ұйытқы  болуымен  жасалған 
УКӨФ:   
Бес [ соқыр]  тиынға  тұрмау – еш  нәрсеге 
жарамады, арзымады. 
 Жеті  саны  қазақ  халқы  үшін      –  киелі,  құ-
пиялы. Қазаққа жетi санының қасиетi мен киесi 
туралы  ертеден  айтылады. «Әлемнің  жетi  кере-
меті», «жетi қат көк», «жетi жұрт», «жетi апта», 
«жетi ата», «жетi Жарғы», «жетi қазына» бәрі де 
жеті санымен байланысты.  
«Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  де» 
жеті санының мәнін мынадай ұғымдармен бай-
ланыстырады  [Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі- 
Алматы, 2008. -300бет]:  жеті  атасынан  қара 
(көне.  арғы  аталарынан  бері  қарай  аты  шулы 
бай,  шынжыр  балақ,  шұбар  төс);  жеті  басты 
дәу  [жалмауыз] (миф.. ертегілерге тән жеті бас-
ты  мақұлық,  кейіпкер);  жеті  ғалам  (бүкіл-
дүниежүзі,  шартарап);  жеті  кентті  құртты 
(неше  түрлі  жақсыны  жалмады,  жойды);  жеті 
қабат [қат]  жер астында (миф. тым тереңде); 
жеті  қараңғы  түн  (тастай  қараңғы  беймезгіл 
уақыт); жеті нан (діни. Кездескен  қиындықтан 
сақтауын  тілеп,  нан  пісіріп,  нан,  ақша  атау); 
жеті  түнде  [жеті  түн  ішінде] (түн  орта-
сында, мезгілсіз кезде); жеті тылсым (құпиясы 
мол, қауіпті).  
Ал тілімізде “жеті” санының ұйытқы болуы-
мен жасалған УКӨФ мынадай:    
  Жеті дарияның ар жағы – өте алыс жер. 
  Жеті қабат жер асты – алыс жер. 
  Жеті қабат тау үсті – адам аяғы әзер жетер 
қиын, алыс жер. 
  Жеті қырдың асты – алыс жер. 
  Жеті  қараңғы  түн // жеті  түн – тастай  қа-
раңғы түн, түн іщі, беймезгіл уақыт. 
«Жан-жануар  атаулары  көптеген  фразеоло-
гиялық тіркестердің құрамына кіреді. Күнделікті 
өмірде  адамның  жан-жануарлармен  тығыз 
байланысы,  аң  аулауы,  жыртқыш  аңдармен  кү-
ресі  адамның  дүниетанымына,  көзқарасының 
қалыптасуына  өз  әсерін  тигізбей  қойған  жоқ. 
Адамзат  тілінде  аңдарға,  төрт  түлік  малға  қа-
тысты  тілдік  бірліктер  туындады.  Жай  тілдік 
бірліктер  емес,  бейнелі  де  әсерлі  сөз  оралым-
дары,  яғни  фразеологизмдер.  Халықтың  қан-
шама  ғасыр бойында  әр түрлі  құбылысты өзара 
салыстыра  зерттеу,  бір-біріне  теңей  сөйлеу 
тәжірбиесінің,  ойды  тыңдаушыға  әсерлі  етіп, 
көркем  түрде  жеткізу  дағдысының  нәтижесінде 
қалыптасқан  фразеологизмдер,  мақал-мәтелдер, 
афоризмдер қай тілде де жеткілікті» [5, 109 б.]- 
дейді зерттеуші К.С.Сарышова. 
Шындығында  да  тіліміздегі  фразеологизм-

206                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
дердің  біразына  (УКӨФ  қосқанда)  жан-жануар 
атаулары да ұйытқы бола алады. Мысалы: 
ҚҰЛАН   
Құланның  қасуына  мылтықтың  басылуы 
(сәті түсу) уақыт. 
Құлан жортпас қу дала (дала) кеңістік. 
ҚОЗЫ   
Қозы көш жер (жақын жер) қашықтық. 
ИТ 
Ит арқасы қиянда  
Ит жеккен жер          (алыс жер) қашықтық. 
Ит өлген жер    
Иттен де көп (өте көп, мол) мөлшер. 
ТҮЙЕ 
Түйенің  тұяғы  түсетін  жер  жер  (алыс  жер) 
қашықтық. 
Қорыта  келе,  ертедегі  халықтың  белгілеп, 
болжап  атау  беріп  кеткен  уақыт,  кеңістік,  өл-
шемге  қатысты  фразеологизмдеріне  соматизм-
дер, сан есімдер, жан-жануарлар аттары ұйытқы 
болған.  
Ал  ағылшын  тіліндегі  уақыт,  кеңістік,  өл-
шемге  негізделген  фразеологизмдерге  келер 
болсақ,  олардың  жасалу  заңдылықтары  мүлде 
басқа.  Әр  елдің  тіл  ерекшеліктері  сол  елдің 
өткен тарихына да байланысты. Қазақ халқының 
ежелден көшпелі болып, мал шаруашылығымен 
айналысқанын «Қозы көш жер», «Түйенің тұяғы 
түсетін  жер жер»  сияқты тұрақты  тіркестерден-
ақ  байқауға  болады.  Ал  ағылшын  халқының 
тарихы  егіншілікпен,  көтерілістер  мен  майдан 
даласындағы  жағдаяттармен  байланысты.  Мы-
салы:  brunt -  жылдам  берілген  соққы.  Қарсы-
ласқа атой беру. The sinews of war – майдан да-
ласына қажетті қаражат. Бұл тіркестер ағылшын 
елінде  ХҮ  ғасырдағы  әскери  ұрыстар  кезінде 
пайда болған.  Алайда,  біз тоқталған анатомия-
лық  атаулар  ағылшын  тілінде  де  өз  қызметін 
жоймайды:  
HAND (қол). 
 
To eat out of someone’s hands– өте жыл-дам 
шешім  қабылдау,  өмірдің  ағымына  тез  бейім-
делу.  Тікелей  аударатын  болсақ, «біреудің  қо-
лындағыны жұлып жеу». 
 
give one's right arm (білек) – дос  болуға 
тұрмайтын  арам  пиғылды адамнан алшақ  жүру. 
Салқындықты, арақашықтықты сақтау.  
 
close at hand – қол созым жер. 
 
Hand over first – тез және оңай 
 
Near at hand – қол созым жер 
 
Close at hand – қол созым жер 
 
Time on your hands – уақытты жақсы өткізу 
NECK (мойын). 
 
To get it in the neck– тікелей  аудармасы: 
«мойынға  шығару».  Тұрақты  тіркес  ретіндегі 
мәні – белгіленген  уақытқа  үлгеру,  жоспарлан-
ған істі жылдам аяқтау.  
 
Neck and crop – жылдам 
LEG (аяқ) 
 
to put one’s best  foot  forward- жылдам 
 
as far as legs can  (аяқ) – аяғы  аяғына  ти-
меу, тез, өте жылдам жүру. 
EYE (көз) 
 
in the twinkling of an eye – көзді  ашып-
жұмғанша;  
 
In the blink of an eye – кірпік қақпай, өте тез.  
Ағылшын  тіліндегі  сан  есімдер  ұйытқы 
болған УКӨФ: 
 
Never in a million years (миллион) – тым 
ұзаққа созылып кеткен шаруа. 
 
 At the eleventh hour (он бір) – ұзақ уақыт-
қа кешігу, соңғы сәтте үлгеру. 
 
Like sixty (алпыс) – дем арасында, жылдам.  
 
thirty pieces of silver  (отыз) - 30 күбі күміс,  
немесе  қазақ  тіліндегі  «ат  басындай  алтын» 
тіркесімен мәндес. 
 Ағылшын  тілінде  ақша-қаражат  жайлы 
тұрақты  тіркестер  көптеп    кездеседі.  Мысалы,  
"Таке саrе оf реnсе апd the роunds will tаке саrе 
оf thеmsеlvеs" (Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-
өзін  үнемдейді).  Теңге  тиыннан  өсер,  Жылқы 
құлыннан өсер; Береке бір тиыннан. 
Ағылшын  тілінде  уақыт  өлшеміне  қатысты 
тұрақты тіркестердің қолданысы  көне заманнан 
бастау алады. Бұл тақырыптық топтағы бейнелі 
орамдар  уақыттың  көз  ілеспес  жылдамдығын, 
оны  босқа  өткізіп,  өмірді  өксітпеуді,  алтын 
мезетті  пайдалы  іске  арнауды  уағыздайды. 
Мысалы, "Time is money" (c.c.a.: Уақыт — ақ-
ша); "Уақыт — білгенге  қазына,  білмегенге — 
быламық",  "Ерте  тұрған  әйелдің  бір  ісі  артық, 
ерте  тұрған  еркектің  ырысы  артық".  Туыс  емес 
екі  тілдің  бірліктері  уақытты  ұғымды  пайда-
ланып,  тынбай  еңбек  етсең,  мол  қазынаға  кене-
лесің деген ұғымды білдіреді. "There is a time for 
everything   (Әр  нәрсенің  өз уақыты  бар). Қазақ-
ша  баламасы:  Сабақты  ине  сәтімен.  Бұл  ағыл-
шын мақалы қасиетті кітап Інжілдің "To everyt-
hing there is a season, and a time to every purpose 
under the heaven", (Аспан  астында  әр  нәрсенің, 
әр  мақсаттың  өз  мерзімі  бар)  деген  өсиет,  өне-
гелерінен ықшамдалып, тұрақты қалыпқа енген.  
«Уақыт»  сөзінің  қатысуымен  жасалған 
фразеологизмдер:  
 
time after time; 
 
time flies;  
 
time on your hands; 
 
time of your life;  
 
time is ripe;  
 
in one's own sweet time;  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   207 
 
 
 
since time immemorial.  
Уақытқа  байланысты  айтылған  тұрақты 
тіркестер – neck and crop (жылдам, көзді ашып 
жұмғанша), in the year dot (атам заманда), by fits 
and starts (ауық-ауық), off and on (кезең-ке-
зеңімен), like smoke (шаңы  көрінбей  қалу,  өте 
тез), like sixty (дем арасынша, 60 секундта), like 
old gooseberry (аяқ  ілеспейді), in a trice (көз 
ілеспес), a month of Sundays (өмір  бақи,  ұзақ 
уақыт), palmy days (қой  үстіне  бозторғай  жұ-
мыртқалаған заман), to burn the midnight oil (түн 
қараңғысына  дейін  отыру,  көз  майын  тауысу), 
beat the clock (уақытында аяқтау), at the eleventh 
hour (ұзақ  уақытқа  кешігу,  ақырғы  сәт,  соңғы 
сәт), swift as thought (сүт  пісірім  уақыт).  Осы 
тұрақты тіркестердің көбісі сан есімдер арқылы 
және  адамның  дене  мүшелері  атауларының  қа-
тысуымен  жасалып  тұр.  Бұдан  шығатын  қоры-
тынды – ағылшын  тіліндегі  уақыт,  өлшемге  қа-
тысты  тұрақты  тіркестер  сандар,  апта,  мезгіл, 
адамның дене мүшелері атаулары арқылы жаса-
лады. Мал атаулары арқылы жасалуы өте сирек 
кездеседі. Мысалы:  Donkey’s years (ұзақ уақыт).  
 Өлшем  мен  кеңістікке  қатысты  фразео-
логизмдер:  
 
from China to Peru (қиыр  шығыстан  жер 
түбіне дейін созылған); 
 
from John O’Groat’s to hand’s End (дүние-
нің о шеті мен бұ шеті);  
 
to fit smb. like a glove (қалыпқа  құйып 
қойғандай); 
 
thirty pieces of silver (30 күбі күміс немесе 
ат басындай алтын);  
 
a fat lot (құмырсқадай  қаптаған,  өлшемсіз 
көп).  
Мұнда да мал атаулары негіз болған тұрақты 
тіркестердің  бейнесі  байқалмайды.  Бұл  тұрақты 
тіркестердің  жасалуына  тарихи  оқиғалар  мен  
 
 
 
 
шынайы  өмірде  болған  адамдардың  есімдері 
және  сан  есім сөздер  ұйтқы  болып  тұр. Қорыта 
айтқанда,  туыс  емес  қазақ  және  ағылшын  тіл-
деріндегі  уақыт,  өлшем,  кеңістікке    негізделген 
фразеологизмдер  жылдар  бойы  халықпен  бірге 
жасап, бірге дамып келе жатқан ұлттық қазына. 
Тілдегі  тұрақты  тіркестер  арқылы  халықтың 
тарихына  бойлап,  салт-дәстүрінен,  әдет-ғұр-
пынан  хабардар  боламыз.  Жасалу  жолдары,  құ-
рылымы  мен  сипаты  жағынан  екі  тілдегі  фра-
зеологизмдердің  ұқсас  жақтары  өте  көп  екенін 
анықтадық. Аталған фразеологизмдердің ұлттық 
сипаты өте зор, сондықтан ағылшын және қазақ 
елінің  жылдар  бойғы  бастан  кешкен  оқиғала-
рына сәйкес тұрақты тіркестері де айқындалып, 
саралана түспек.   
_______________
 
1.  Сарбасова  Г.А.  Қазақ  және  түрік  тілдеріндегі  ха-
лықтық өлшем атауларының  этнолингвистикалық сипаты. 
Филол. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы,2009. –  21 б.  
2.  Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – 
Алматы: Ғылым, 1977.  – 711 б. 
3.  Болғанбайұлы  Ә.,  Қалиұлы  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілінің 
лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, 1997. – 256 б.  
4.  Кеңесбаев І. “3, 7, 9, 40-пен” байланысты ұғымдар // 
Известия АН КазССР.  Серия филол. – 1946.  – №  4. – 23-
28 стр. 
5.  Сарышова  К.С.  Қазақ  тіліндегі  эмоцияны  бейне-
лейтін  фразеологизмдер.  Филол.  ғыл.  канд.  дәрежесін  алу 
үшін жазылған диссертация. – Қызылорда, 2006. – 152 б. 
6.  А.В.  Кунин  Курс  фразеологии  современного 
английского языка.- Дубна «Феникс» 2005г. 
7.  Cambridge Idioms Dictionary, 2nd ed. Copyright © 
Cambridge University Press 2006. Reproduced with permission. 
* * * 
В  статье  рассматриваются  фразеологизмы  времени, 
измерения  и  пространства;  структура  таких  фразеоло-
гизмов сформирована на основе разных слов. 
* * * 
In this article it considered about problems of idioms of  
time, measure and space in Kazakh and English languages. The 
structure of these types of idioms is based on many different 
words.  
 
 
 
Д. Түзелбаева 
 
ТІЛДІК САНАДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖАНҰЯСЫНЫҢ БЕЙНЕСІ 
 
 
Табиғаттағы,  бүкіл  жаратылыстағы  тіршілік 
иелерінің  ерегі – адамзат  болмысы  десек,  адам 
өзінің  ақыл-парасатымен,  сана-сезімімен  ерек-
шеленетін,  болмысы  өзгеше,  осы  болмысымен 
әлемді,  табиғатты  өзіне  бағындырған,  тіршілік 
етуді  өмір  сүруге  айналдырған  болмысқа  ие 
табиғат перзенті.  
 
 
 
Табиғат  оқу  мен  ойлау  қабілеті  бар  әрбір 
адамға тарихты оқып-үйренуге мүмкіндік берді. 
Адамзат  тарихында,  оның  болмысының  қалып-
тасуында тілдің орны бөлек. Адам сөйлей алуы, 
өз  ішкі  ойын  жеткізе  алуы  арқылы  үлкен 
жетістікке  қол  жеткізді.  Демек,  тіл – адамзат 
қоғамының бөліп жаруға келмейтін бір құрамды  
 

208                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
бөлшегі  деп  ескеретін  болсақ,  тіл  арқылы  адам 
өз  ойын  сыртқа  шығарып,  ішкі  ойы  мен  жан 
сезімін  өзгеге  білдіре  алуы  арқылы  қоғаммен 
қатынасқа түсе алады.  
Қазіргі  тіл  білімі  толық  мультипәнділігімен 
сипатталады.  Өйткені  қазіргі  ғылыми  зерттеу-
лердің  басым  көпшілігінде  орталық  назарында 
тұлға,  болғандықтан,  тілдік  тұлғаның  тілдік 
құбылыстарды  жан-жақты  талдау  үшін  шектес 
ғылыми  бағыттардың  тұжырымдары  басшы- 
лыққа  алынып  қарастырылады,  осы  тұрғыдан 
«антропоцентристік  парадигма  қазіргі  лин-
гвистиканың  негізгі  өлшемдерінің  бірі  болып 
саналады, онда негізгі назар тек тілге ғана емес 
(оның  ішкі  құрылуы  тұрғысынан),  сонымен  қа-
тар  «сөйлеуші  адамға»,  яғни  тілдік  тұлғаға  ау-
дарылады [1, 34 б.]. Лингвистикада тілдік тұлға-
ның тілдік, танымдық ерекшеліктерін танымдық 
лингвистика  (Ю.Д.  Апресян  Э.Н.  Оразалинова, 
В.А.Маслова), лингвомәдениеттану (В.В. Воробьев, 
Г.  Смағұлова,  В.Н:  Телия),  психолингвистика 
(Ю.Н. Караулов,  Б.А.  Ахатова,  Ж.Қ.  Ибраева), 
тіл  прагматика  (Д.  Әлкебаева,  Т.Е.  Пшенина) 
тұрғысынан қарастырылған. 
Әрбір  индивидуумда  оның  даму  үдерісінде 
әлем бейнесіне көзқарасын бейнелейтін идеялар, 
концептілер  қалыптасады.  Қазіргі  лингвисти-
када әлемнің тілдік бейнесі былай түсіндіріледі: 
«Әлемнің  тілдік  бейнесі – нақты  бір  қауым-
дастықтың санасында тарихи қалыптасқан және 
әлем  туралы  түсініктердің  тілде  бейнеленген 
жиынтығы,  ақиқатты  концептуалдаудың  тәсілі.  
Әлемнің  тілдік  бейнесінің  мазмұны  мен  тілдік 
ерекшеліктерін  Ю.Д.  Апресян  былайша  нақты-
лайды: «Табиғи  тіл  әлемнің  концептуалда-
нуының  (қабылдау  және  бойға  сіңіру)  нақты 
тәсілдерін  бейнелейді,  тілдік  мағына  көзқарас-
тардың  бірегей  жүйесінде  топтасады,  ол  тілді 
пайдаланушылардың  барлығы  үшін  міндетті 
құбылыс  ретінде  танылады...» [2, 40 б.].  Инди-
видуумның  санасында  мұндай  концептілер  нақ-
ты  бір  әлеуметтік  тәжірибе  мен  әрекет  жағ-
дайында  қалыптасқан  әлеуметтік  және  мәде-
ниеттанушылық құндылықтардың қайсыбір иер-
архиясы ретінде көрінеді [1, 36 б.].  
Адам  санасы  оның  тілімен  бірге  өркендеп, 
өсіп,  дамып,  оның  тарихын  жасап  келеді.  Адам 
санасының жетілуі – оның өркениетінің көрінісі.  
Өз  өркениетін  айқын  көрсете  алған  халықтың 
бірі – этнос.  Ол  болмысынан  кең  де  дархан, 
қарапайым  да  кішіпейіл,  бауырмал  да  сезімтал 
халық.  Тарихы  тереңнен  басталатын  болмысы 
бай  кеңпейіл  халық.  Даласы    қаншалықты  кең 
болса  пейілі  де  сондай  кең,  рухы  мықты,  жаны 
жомарт тарихы мен тілі бай халық. 
Белгілі  түркітанушы,  лингвист  Қ.  Өмір-
әлиевтің  мына  сөзі  тіл – этнос – ойлау  байла-
нысын  айқын  дәлелдейді: «Халықтардың  та-
рихы  қай  жерден  басталса,  олар  жайлы  ой  ба-
рысы да сол жерден басталады». 
Демек,  қазіргі  таңда  тілдің  ұлттық-мәдени, 
этнолингвистикалық,  психолингвистикалық  ас-
пектілеріне  қызығушылықтардың өсуіне байла-
нысты  лингвомәдени бейнелерді  зерттеу қажет-
тілігі  туындады.  Тілдегі  бейнелерді  білдіретін 
құралдарды  зерттеу  мынандай  қиын  сұрақтарға 
жауап беруге мүмкіндік береді: 
 
адам  санасында  қоршаған  дүние  қандай 
түрде көрініс табады; 
 
адам  мен  табиғаттың  өзара  арақатынасы 
тілде қалай көрінеді; 
 
оларда  халықтың  мәдениеті  мен  ділі,  ха-
лықтың  «тілдік  әлем  бейнесі»  қалайша  айқын-
далады. 
Адамға  қандай  да  бір  түсінік  беретін  және 
өшіріп  алуға  болмайтын  ата-бабасының  есімі 
әрбір  отбасының  үрім-бұтағын  өрбітуге  деген 
құлшынысын  арттыра  түседі.  Отбасы  ұғымы – 
қазақ  халқы  үшін  қай  кезде  де  қастерлі  болып 
келген.  Қоғамдық  қатынастар  күрделенген 
сайын, сана да алға жылжиды.  
Отбасылық қарым-қатынас интегративті мә-
селе  болғандықтан  түрлі  ғылымдарды  қарасты-
рады:  философия,  психология,  педагогика,  тіл 
білімі, этнология және т.б.       
Отбасы  қарым-қатынасында  ықпал  етуші 
мен ықпалға түсушінің орны алмасып отырады. 
Мәселен,  бірде  ересектер  балаға  ықпал  етсе, 
енді  бірде  балалар  ересектерге  әсер  етіп  оты-
рады (осыдан келіп бала да субъект деген ұғым 
пайда болған). Отбасы қарым-қатынасында ата-
ана  балаға  ықпал  етудегі  мақсатын,  өзінің  та-
лаптарын,  оған  түрткі  беріп  отырған  ішкі 
мотивтерін  қанағаттандыру  үшін  және  мұны 
кейде тікелей, кейде  жанама түрде  іске асыруға 
тырысады.  Олардың  мүдделері  белгілі:  балаға 
нақты  әдет,  дағдыларды  меңгерту,  іскерлікке 
баулу,  мәселен,  әр  нәрсені  өз  орнына  қоюға, 
берілген  істі  дер  кезінде  орындауға,  ұқыпты-
лыққа,  ерінбеуге  т.б.  дағды  мен  әдет  қалып-
тастыру.  Ықпал  ету  ересектер  тарапынан  өз 
күшін  көрсету,  бағындыру,  баланың  әлсіздігін 
не  білместігін  пайдаланып,  билігін  жүргізіп, 
содан  ләззат  алу  секілді  теріс  психологиялық 
мотивтерден  туындауы  да  мүмкін.  Әрине,  мұн-
дай  жымысқы,  теріс  әрекеттер  баланың  психи-
касын  бұзатыны  анық.  Ықпал  етудің  сан  алуан 
тәсілдерін  қолдану  арқылы  ата-аналар  өз  мақ-
саттарын  жүзеге  асыруға  ұмтылады,  бірақ  ол 
кейде  балалардың  мүддесінен  гөрі  ересектердің 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   209 
 
 
жан тыныштығы секілді мүддесіне бағытталады 
да,  баладан  өз  бетінше  төзімділікті,  шыдамды-
лықты талап етеді. Ал осының барлығы шегінен 
асып,  баланың  жүйкесіне  күш  түсіріп,  жанын 
кейітсе,  оның  артының  жақсылыққа  апармай-
тыны тағы да белгілі. [3, 21 б.]. 
Жалпы,  отбасы  мүшелерінің  (басқалардың 
да) арасындағы қарым-қатынас бір-біріне ықпал 
етуден,  сол  арқылы  әрқайсысының  өз  мүддесін 
жүзеге  асыруынан құралады. Ересектер, әсіресе 
ата-аналар не істесе де, қандай тәсілдер, жолдар 
арқылы  мәмілеге  енсе  де,  басты  мақсат  тәр-
биелік  ықпал  ету  деп  санайды.  Оның  мысалы 
мына мақалдарда айқын көрінісін тапқан:  
   Әке көрген оқ жонар,        
   Ана көрген тон пішер.  
   Баланың ұяты әкеге, 
   Қыздың ұяты шешеге. 
Сондықтан  көп  жағдайда  өз  іс-әрекетінің 
астарында  не бар, бала оны қалай қабылдайды, 
одан  баланың  алған  үлгі-өнегесі  дұрыс  па, 
бұрыс па, ол жайында есеп беріп, санаға салып, 
ойланып  жатпайды.  Осының  салдарынан  ата-
ананың  ең  жақсы  үмітпен  істеген  істері  жаңсақ 
кетіп  жатады,  олардың  талап-тілектері  мен 
мақсаты  және  баланың  мүддесі  сәйкес  келмей 
жатады.  
Тәрбиенің тал бесігі – отбасында. Әке-шеше 
үлгісімен  бала-шағаның  өмір  тоны  пішілмек. 
Ұлағатты  ұл,  қылықты  қыз  өсірем  деп,  әр  ата-
ана ұлы ержетіп, қызы бой жетіп, өз алдына үй-
жай  болғанша  көзінен  де,  көңілінен  де  таса 
етпеген. Ұлым ұяға, қызым қияға қонса екен деп 
армандаған. Байлықтың, бақыттың ең мәртебелі 
белгісін ұрпағының көптігімен есептеген.     
Қазақ өз халқының гүлі, отбасының берекесі 
қыз баласын да болашақ ана, өмір тұтқасы деп, 
қырмызы  гүлдей  құлпыртып,  алақанына  салып 
еркелете  білген.  Қыз – өріс,  қыз – қонақ.  Қыз-
дың  орны – төр,  жолы  үлкен.  Ана  бар  жерде 
өмір бар. Тұла бойы ардан жаралған арулар деп 
қызды  аялап  мәпелеген,  оған  қатты  сөз  айт-
паған, қатты қайырымға қызды көп жұмсамаған. 
Өнегелі де инабатты, нәзік те жан дүниесі мөп-
мөлдір  қыз  өсірген  ана  бүкіл  ауыл-аймақ  құр-
метіне  бөленген. Ер-азаматты  сыйлау шаңырақ-
тың  шайқалмауы  үшін,  отбасының  береке-бір-
лігін  сақтау  үшін  қажет  дегенді  кейуана  аналар 
келіндерінің  құлағына  құйып  отырды.  Қазақ 
әйелінің  жақынын  сыйлаудағы  ізеттілігі  мен 
көрегенділігі,  кішіпейілділігі  мен  құрмет  біл-
діруі ат тергеу ырымынан байқалады. Әйел адам 
ерінің  туыстарын  еш  уақытта  атымен  атамаған. 
Әйел  болса,  ақ  әже,  шырайлым,  сырғалым, 
шашбаулым,  күлімкөз,  еркем,  еркежан,  айдар-
лым,  кекілдім,  үкілім,  әппағым,  сұлу  бикеш  деп, 
ер  адамды  тетелес,  тентегім,  би  аға,  мырза 
қайнаға, мырза жігіт, төрем, бегім, сері жігіт, 
ортаншы,  сал  жігіт,  молда  аға,  ақ  жігіт, 
жақсы аға, кербез жігіт, әнші аға, сұлу  жігіт, 
аңшы  жігіт,  ұста  қайнаға,  арбашы  ата,  аты 
теріс  деп  барша  ағайын-туысын  риза  қылатын. 
Адамның  сырт  түріне,  мінезіне,  жасына,  кәсі-
біне  қарап  кейде  жарасымды  әзілмен,  тапқыр-
лықпен  жанама  ат  қою,  үлкен  алдында  иіліп 
сөйлеу,  кіші  алдында  сызылып  сөйлеу  секілді 
ізеттіліктен туындаған. 
Жер басып, еңсесін көтергеннен көк тәңіріне 
сыйынған  қазақ  халқы  даладағы  тіршілігінің 
талабына  сай  әрекетінің  ықпалы  арқылы  өзі 
жасаған  баспанасын  қастерлегендіктен,  төбесін 
биікке  беттетіп,  көкке  қарай  көтерген.  Қазақ 
ұғымы  бойынша,  үйлерінің  төбесінен  күн  сәу-
лесі  төгіліп,  қараңғы  түндерде  тұнық  аспанның 
төріндегі  самсаған  қалың  жұлдыз  жылыңдап 
жарық  сеуіп  тұруға  тиіс.  Байтақ  сахара  құша-
ғында  қысылып-қымтырылмай  өскен  халық 
мұны еркіндіктің, кең тыныс алудың белгісі деп 
білді.  
Сондықтан  ұлы  әлемнің  бүкіл  қасиетін  сез-
діріп  тұратын  шаңырағын  айрықша  қастерледі, 
жан-тәнімен  қорғады.  Шаңыраққа,  яғни  отба-
сыға ие болудың өзі шексіз абырой, адамдықтың 
биік  нысаны  деп  білді.  Қазақ  тілек  тілесе,  ша-
ңырақтың  шайқалмауын  тіледі.  Қазақ  үшін  ша-
ңырақтың  киесі  ұлы;  шаңырақты  қастерлеуінің 
мәні  де  терең.  Шаңырақтың  астында  үрім-бұ-
тақтың, өрбіген ұрпақтардың сақталуы, ержетуі, 
өркен  жайып  өсіп-өнуі  тіленеді.  Осы  тұрғыда 
қазаққа  екі  мұрат  ұлы:  әр  отбасының  шаңыра-
ғының  түтінінің  түзу  шығып  тұруы;  халықтың 
қайғысыз өмір сүруі. 
Бірінші  мұрат  екінші  мұраттың  діңі,  түбірі. 
Шаңырақтың  беріктігін  тілеу – елдік  пен  ха-
лықтық  мәні  зор  игі  үміттің  сәулесі.  Сол  сәу-
леден  елдің  өмірі  жақсылыққа  кенеліп,  құла-
шының  кедергісіз  жазылуын  көксеген  ізгілік 
нышаны  сезіледі. Сондықтан  отбасының  жалпы 
елдік мағынасы қара шаңырақ аталады да, бүкіл 
ұлтты  бір  нысана  арқылы  жарқын  мақсатқа 
ұмтылдырады.  Қазақ  іргесінің  кеңеюі  сол  от-
басыдан  тағы  бір  отау  бөлініп  шығып,  өз  ал-
дына  шаңырақ  көтеруіне  байланысты.  Енші 
бөліп беріп, бөлек үй тігу – қазақ баласының ар-
маны,  асқан  мерейлі  қуанышы.  Жаңа  отаудың 
шаңырақ көтеруі – ауылдың сәні, үміттің де ақ-
талуы.  
Қариялар:  
Құтты болсын ақ отау,  
Кеңге жайған қанатын.  
Ел көңілін өсіріп, 

210                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
Оты маздап жанатын. 
Түзу шығып түтіні, 
Өсірсін ел санатын. 
Бағы жанып жастардың, 
Несібесі артсын алатын. 
Ұрпақтары өрбісін, 
Өмірге із салатын. 
Ірге кеңіп тағы да, 
Өсе берсін қанатың... 
Бұл – қазақтың ғасырлық тілеуі, ұрпағының 
өсе  беруі,  тұқымының  құрып  кетпеуі  болды. 
Осы  ұлы  арманның  сәулесі  кеудемізге  нұрын 
құйып демеп, бізді жер бетінен жойылып кетуге 
жібермей  көгертіп  келеді.  Аталар    мұраты  ұр-
пағын  жебейді.  Қара  шаңырақ – ұрпақтар  өр-
битін құтты ұя саналады. Кең мағынада алғанда, 
бүкіл  ұлт  тұтас  ірге  жайған  жер  де  қара  ша-
ңырақ.  Сондықтан  қазақ  баласы  қара  шаңы-
рақтың  иесі,  қазақ  атасының  үйін  ардақтайды. 
Қазақ  атасы  көтерген  қара  шаңырақты  аялай 
қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай 
сезінеді.  Бұл  ұлға  да,  қызға  да  бірдей  парыз, 
өмірлік борыш.  
Қазақ  ұғымында  отбасы – өмірдің  тұтқасы, 
үй  ішінде  от  жағылатын  ошақтың  төңірегі, 
оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. 
Отбасының  амандығы  ошақтағы  оттың  маздап 
тұруы – үміттің  өшпес  алауымен  өлшенеді.Үй 
ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған 
байланысты  екендігі  даусыз.  Оттың  басы, 
ошақтың  қасы – ырыстың  ұйтқысы. Сондықтан 
қазақ отының  басын  тіршілігінің  тұтқасы  санап 
аялайды.  Оның  шырқының  бұзылмауы  үшін 
шара  қолдануы – өзінің  атқаратын  адамдық 
борышы  деп  білемін.  Қорыта  келегенде,  мақа-
лада  қазақ  лингвомәдени  қауысмдастықтың 
жанұя  бейнесінің  негізгі  бөлшектеріне  шолу 
жасалды.  
Отбысылық  қарым-қатынасының  адамның 
жанұядағы  коммуникативтік  рөлеіне  байла-
нысты  болатындығына  қатысты  мәселені  этно- 
және  психолингвистикалық  жоспарда  қарас-
тырған дұрыс деп ойлаймыз.  
______________
 
1. Ибраева  Ж.Қ.  Психолингвистика  негіздері. – Ал-
маты: Қазақ университеті, 2010. – 126 б. 
2. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. – Ас-
тана: Арман-ПВ, 2008.  
3. Ниязбеков М. Біз қалай туысамыз? – Алматы: Өнер, 
1992.   
* * * 
В  данной  статье  на  материале  казахского  языка  пред-
ставлено  описание  образа  семьи  в  языковом  сознании  ка-
захов. 
* * * 
In given article on a material of the Kazakh language the 
description of an image of a family in language consciousness 
of Kazakhs is presented. 
 

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет