Казахский национальный


ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ТЕҢЕУЛЕР ҚОЛДАНЫСЫ



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет31/53
Дата09.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53

 
ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ТЕҢЕУЛЕР ҚОЛДАНЫСЫ 
 
 
Теңеу  сөздерді  семантика-стилистикалық 
жағынан  да  бөлу – тіл  білімінде  бұрыннан  бар 
дәстүр.  Теңеулерді  осылай  бөлуде  ғалымдар  әр 
қилы  пікірлер  айтады,  содан  барып  кей  жағ-
дайда  терминологиялық жағынан бұл мәселеде 
бірізділікті  ұстана  бермейтіні  байқалады.  Се-
мантика-стилистикалық белгілері арқылы теңеу-
лерді әр түрлі топтарға бөле қарастыру  олардың 
бейнелі  сөз  ретінде  тілдің  басқа  да  осындай 
көркемдік  құралдарымен,  лексикалық  бірлік-
терімен  байланысу  мүмкіндіктерінің  мол  екен-
дігін  байқатады,  сондай-ақ  теңеулердің  семан-
тика  тудыру  ерекшелігін,  стилистикалық  қыз-
метін аша түсетіні сөзсіз. 
 Ғалым  Т.  Қоңыров  тұрақты  теңеулерді  се-
мантика-стилистикалық сипатына қарай : 
1. метафоралық теңеу 
2. эпитеттік теңеу  
3. метонимиялық теңеу 
4. синекдохалық теңеу  
5. гиперболалық теңеу  
6. литоталық теңеу  
7. градациялық теңеу  
8. синонимдік теңеу  
9. антонимдік теңеу деп жіктеген  /1, 438 б/. 
Теңеудің  бүкіл  троптарға  негіз  болатыны, 
яғни  барлық  троптардың  өз  бастауын  теңеуден 
алатыны  белгілі.  Демек,  теңеу  троп  атаулының 
бәрімен  де  байланысып  жатады.  Бір  топ  те-
ңеулер  метафоралық  қызмет  атқарса,  енді  бір 
топ теңеулер синекдохалық қызметте жұмсалып, 
тағы  бір  тобы  гиперболалық  теңеулер  ретінде 
көрінеді. «Метафоралық  теңеулерде  белгінің 
ауыс мағынада қолданылуы нәтижесінде жалпы 
теңеулік  мағына  өткірленіп,  теңеулік  образ 
айқындалып,  теңеулік  көркемдік  ажарланып, 
құлпырып кетеді. Метафоралық теңеулер тілдегі 
көптеген  бейнелі  фразеологиялық  тіркестердің 
пайда  болуын  негіз  ұйытқы  болған  тәрізді.  «... 
метафоралық теңеуді дүниеге келтіретін нәрсе –  
 
 
ауыс мағынада  қолданылатын белгі. Мұндай те-
ңеулерде  белгілердің  өздері-ақ  метафоралық  
мағынада  кеңінен  қолданыла  береді»  /1, 439 б/. 
Метафора мен теңеу де салыстыруға, ұқсату-
ға  негізделіп  жасалады  және  екеуінің  де  та-
нымдық мәні зор.  Метафора – қысқарған теңеу, 
яғни  онда  теңеуге  тән  қасиет – белгі  көрсетіл-
мейді.  Т.  Қоңыров  теңеулерді  метафоралық  те-
ңеуге  айналдыратын  басты  белгі – онда  теңеу 
белгісінің  көрсетілуі  және  оның  тек  қана 
ауыспалы  мағынада  қолданылуы  деп  өз  пікірін 
білдіреді  /2, 120 б/.  
Поэзиялық  шығармаларда  ақындардың    ас-
социативті ойлау мүмкіндігіне байланысты  қол-
данатын  метафоралық  теңеулер    сан  алуан  бо-
лып  келеді.  Мәселен,  ақын  С.  Мәуленовтің  
поэзиялық шығармаларында мынадай метафора-
лық теңеулерді кездестіреміз:  
Кейбір жолдар алды-артына қарамай, 
Балақ түріп жүгірген жас баладай. 
Кейбір жолдың жиегінде бұдыр жоқ, 
Кейбір жолды бүркейді жас қарағай /3, 106 б/. 
Ақын  өлеңдеріндегі  метафоралық  теңеулер 
терең ой, нәзік сезім, кейде көңіл күйді көрсетіп, 
ақынның  өзіне  тән  тілдік  қолданысымен  ерек-
шеленген. Жолдың жас балаға ұқсатылып, балақ 
түріп  жүгіруінің  өзі    тың  метафоралық  теңеу. 
Теңеулердің  мағыналары  екі  түрлі  мағынада 
жұмсалатындығы  белгілі,  бірі – тура  мағынада, 
екіншісі – ауыспалы  мағынада.  Аталған  мысал-
дағы  балақ  түріп  жүгірген  жас  баладай  теңеуі 
метафоралық  теңеу  болып  табылады,  себебі 
келтірінді мағынада қолданылған.  
Бұл өлең шумағындағы жас баладай теңеуіне  
Т.  Қоңыровтың  «Тұрақты  теңеулер  сөздігінде» 
берілген  баладай  арсаң  қағу,  баладай  аяғын 
тапыл-тапыл  басу  деген  тұрақты  теңеулері  
мағыналары  бір-біріне  жақын  болып,  өзара  си-
нонимдік қатар құра алады.   

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   199 
 
 
Осындай  метафоралық  теңеулер  М.  Мақатаев 
поэзиясынан да қолданыс тапқан:  
Аңса, жаным 
Үзіліп түскен алмадай, 
Үзіліп көңіл қалғаны-ай! 
Арыма басқан таңбадай, 
Арылмай қойды-ау дау-дамай! 
Тасыған көңіл арнадай, 
Таусылып бүгін қалғаны-ай! [4, 35] 
дегенде,  көңілін  үзіліп  түскен  алмаға,  дау-да-
майды  арына  басқан  таңбаға,  көңілін  тасыған 
арнаға    теңеу    тура  емес,  ауыс  мағынада  туған 
образ.  Метафоралық  теңеулерде  метафора  мен 
теңеу  арасы  жуықтай  түседі.  Үзіліп  түскен 
алмадай    теңеуі  «Тұрақты  теңеулер  сөздігінде» 
берілген сабағынан үзілген алмадай тұрақты те-
ңеуіне  синоним болып келсе, таңбадай  теңеуіне 
сөздіктегі  тайға  таңба  басқандай  теңеуі  мағы-
насы жағынан жақын болатыны белгілі.  
Ғалым  Т.  Қоңыров  жіктеуіндегі  теңеудің  
семантика-стилистикалық    мәнін  айқындайтын 
амалдардың келесі түрі  – эпитеттік теңеу. Эпи-
теттік  теңеудің  метафоралық  теңеуден  айырма-
шылығы  қандай? «Эпитеттік  теңеудің  тек  өзіне 
ғана  тән  айырым  белгілері  болады.  Ол  мынау: 
логикалық екпін түскен сөзді (мейлі ол предмет 
немесе белгі болсын) образ әр уақытта анықтап, 
айқындап  тұрады.  Басқаша  айтқанда,  образ  не 
предметке не белгіге көркем анықтауыш ретінде 
қолданылады.» /1, 443 б/.  Мысалы:  
Сазды илеп болат тұяғы,  
Құйғытса самғар қырандай 
Шаң жұқпас шаша-қияғы  
Желісі жүйрік құландай /5, 469 б/. 
Немесе: 
Бұл ғасыр – менің жүрек сағатымдай,  
Тамырым бірге онымен соғатындай,  
Амалсыз, абайсызда қалғып кетсем,  
Ғасырым бірге ұйықтап қалатындай /4, 70 б/. 
Эпитеттік  теңеулердің  құрамындағы  эпитет 
теңеу  болып  тұрған  сөздің  бір  белгісін,  мөл-
шерін-қасиетін,  түр-түсін,  сынын  айқындап  тұ-
рады да, жұрнақ жалғанбай не жекеше, не көпше 
түрде қолданылады.  
Бірінші мысалдағы қырандай, жүйрік құлан-
дай  деген  теңеулер  тура  мағынасында  қолда-
нылған,  ал  екінші  мысалда  жүрек  сағатымдай 
теңеуі ауыс мағынада  қолданылған. Демек, ме-
тафоралық  теңеу  мен  эпитеттік  теңеудің  бір-
бірінен айырмашылығы: өзінің тура мағынасын-
да  жұмсалған  теңеу – эпитеттік  теңеу,  ал  ауыс 
мағынада  жұмсалған  теңеу – метафоралық  те-
ңеу.  
Келтірілген мысалдағы самғар қырандай те-
ңеуі  «Тұрақты  теңеулер  сөздігіндегі»  қырандай 
шарықтау  теңеуімен  синоним  болса,  жүйрік 
құландай  теңеуі  «Тұрақты  теңеулер  сөздігінде» 
беріліп, жүйрік деген мағынада жұмсалған.   
Қазақ теңеулер жүйесінде метонимиялық те-
ңеу 
экспрессивті-бағалауыштық 
қасиетімен  
сараланады.  Тіл  білімі  мәселерін  зерттеуші 
ғалым  К.  Аханов: «Бір  заттың  немесе  құбы-
лыстың атауының екінші затқа немесе құбылыс-
қа    олардың  өзара  іргелестігі , шектестігі  негі-
зінде  атау  болып  ауысуы  және  осыған  орай, 
сөздің  ауыспалы  мағынада  жұмсалуын  метони-
мия»  десе /6, 110 б/,  ғалым  А.Айғабылұлы: 
«Метонимия іргелес екі заттың не  құбылыстың  
бірінің  атауы    екіншісіне  ауысып  айтылуынан 
пайда болады» – деп ой түйеді  /7, 124 б/. 
Айтылған анықтамалардың  мағынасына зер 
салсақ бір анықтама екіншісін толықтырып тұр. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  метонимия    –    бір  құбы-
лыстың не заттың атауын екіншісіне ауыстырып 
айту. Сөз мағынасын кеңейтіп, оған жаңа поэти-
калық  мән-мағына  үстеуде  метонимия  ерекше 
қызмет атқарады. Ғалым Н. Уәли «Метонимияда 
бірнеше  сөзбен  берілетін  сипаттама  сөйлемдер 
бір  сөзбен  ғана  беріледі» /8, 230 б/ – деп,  оның  
үнемділік  жағына  баса  назар  аударады.  Ғалым  
Т. Қоңыровтың пікірінше, «қазақ тіліндегі мета-
нимиялық  теңеулер  бәрі  дерлік  адаммен,  адам-
ның  тұрмыс  қажетіне  керекті  заттарға    байла-
нысты ғана қолданылатын сияқты, яғни адаммен 
байланысты  ұғымдар  ғана  метонимияланып, 
теңеуге предметтік қызмет атқарады.  
Іздемей-ақ алыстан, 
Сылқымдар да табылды. 
Сар масадай жабысқан, 
Жылпыңдар да табылды.     /3, 32 б/. 
Мұнда ақын жылпыңдарды сар масаға теңеп, 
олардың  жағымсыз  қасиеттерін  әшкерелеген. 
Сөздікке  енген  сар  масадай  тұрақты  теңеуі 
метонимияланып  отырған  сөздің  ерекше  қа-
сиетін көрсетіп, жылпыңдар метонимиясын қол-
дануда  ақын  адам  бойындағы  кездесетін  келең-
сіз  мінезін  негіз  етіп  алған.  Автор  қолданған 
метонимиялық  теңеулер  экспрессивті-бағалауыш-
тық сипатқа ие болған. Бұл шумақта ақын   бір-
бірімен  өзара байланысы бар балама ұғымдарды 
өте ұтымды  қолданған.   
Қабат-қабат сөз қамалы алдырмай,  
Қасарысып тұрды қатал тағдырдай 
Қара бұлттар омырауымды орап ап 
Көз жастарым жауды жазғы жаңбырдай.  
Келеді әлі сөз қамалы алдармай /3, 28 б/. 
Автор  танымындағы  сөз  қамалы  метони-
миясы – өлең  сөзінің  орнына  жұмсалған  ауыс-
тыру.  Сөз  қамалының  қатал  тағдырдай  қаса-
рысуынан  ақынның  көңіл-күйін  де  аңғарғандай 

200                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
боламыз. Берілген шумақтағы қатал тағдырдай 
теңеуіне  сөздіктегі  тағдыр  әміріндей  өзгермеу 
тұрақты  теңеуі  мағыналас  болып  келеді.  Ал 
сөздікте берілген жаңбырдай көз жасы тұрақты 
теңеуін  автор  көз  жастарым  жауды  жазғы  
жаңбырдай  деп  өзгертіп,  олардың  орнын  ауыс-
тыру  арқылы  эксперссивтік  мәнін  күшейте  түс-
кен.  
Метонимиялық  теңеулер  экспрессивті-баға-
лауыштық қасиетке ие болса,  ал синекдохалық 
теңеулерде    ойды  жинақы  әрі  дәл  таңбалаушы 
қасиеті сараланды. Синекдоха – сөз  мағынасын 
ауыстырып  қолдануда  жиі  кездесетін  тәсілдің 
бірі.  Синекдоха  өзінің  мағына  ауыстыру  тәсілі 
жағынан  метонимияға  ұқсайды.  Алайда  бұл 
екеуінің  арасында  әжептеуір  айырмашылықтар 
бар. «Ол  айырмашылық,  біріншіден,  кеңістік 
пен  уақыттағы  шектестік  пен  іргелестікке 
негізделсе,  екіншіден,  сандық  қарым-қатынас-
тардың  байланысына  негізделеді» [9, 126]. 
 
Синекдохадағы  негізгі  белгілер  синекдохалық 
теңеулерде  толығымен  сақталады.  Мұнда  да 
айтылатын ой, құбылыс нақтылана түседі. Көбі-
несе  көптік  ұғым  синекдохалық  теңеу  жасауға 
негіз болған. 
Жолығысу сағаттары  
 Қалайынша өтті тез. 
 Қара түнде шамдай жанған 
 Қарсы алдымда отты көз    /3, 58 б/. 
 Отты  көз  синекдохасы  адамның  орнына 
жұмсалып,  синекдохалық  теңеу  заты  қызметін 
атқарған. Отты көз –  жігіт сүйген ғашығының 
көзі.  Теңеу  заты  синекдохалық  мағынаға,  ал 
теңеу  белгісі  метафоралық  мағынаға  ие  болып, 
көркем  де  бейнелі  сурет  жасап  тұрғанын  бай-
қауымызға  болады.  Өлең  жолдарындағы  шам-
дай  жанған  теңеуі  «Тұрақты  теңеулер  сөздігін-
де» берілумен қатар,  мағыналас  болып келетін 
жанған  шамға  ұқсау,  жанған  шамдай  шұғы-
ласы, шамша жану секілді тұрақты теңеулермен  
синонимдік қатар құра алады.  
М.  Мақатаев  төмендегі  өлең  жолдарында 
синегдохалық  теңеуді  мынадай  өрнекпен  бер-
ген:  
Жанартауым бар еді ғой кеудемде, 
Жалын атып, жана-жана сөнген бе?! 
Тас жайнатып, жатушы еді от бүркіп, 
Тастай  қатып,  тынған  ба  енді,  өлген  бе?!  
[4, 52] 
Тастай  қатып  синегдохасы  жойылды  деген 
сөздің  орнына  жұмсалып,  синегдохалық  теңеу 
болып  тұр.  Тастай  қатып  теңеуі  «Тұрақты 
теңеулер  сөздігінде» берілген  және осы теңеуге 
мағыналары  жақын  болып  келетін  мынадай  
тұрақты  теңеулерді  атауға  болады:  қара  тастай 
қату, қара тастай қатты, тастай қатып қалу.  
Синекдохалық  теңеулердің  арқасында  теңеу 
заты  мен  образы  жаңа  бір  қырынан  көрініп, 
бейнелілігі арта түседі  және мұнда ой жинақы, 
дәл  таңбалануымен  ерекшеленеді.  Теңеудің  бұл 
түрі ауызекі тілде де, көркем әдебиетте де кеңі-
нен  қолданылып,  образ  жасауға  белсене  қаты-
насады.  
Келесі тілдік талдауға түсетін теңеудің түрі – 
гиперболалық  теңеу.  Гипербола  теңеулік  құры-
лымдар  құрамына  енгенде  оның  мағынасы  то-
лық  сақталып,  барынша  бейнелілік  қасиеті  кү-
шейе  түседі.  Бұл  амал-тәсілдер  суреткердің  тілі 
мен  стиліне  бояу  қосып,  сөздегі  суретті  ба-
рынша түрлендіреді. Ғалым Т. Қоңыров: «... ги-
перболалық  теңеулердің  эмоционалды-экспрес-
сивті  әсері  орасан  күшті  болады  да,  олар  тым 
жаман  немесе  өте  әдемі  деген  ұғымдарды  өз-
геше  өрнекпен,  әсермен  бейнелеп  беру  үшін 
қолданылады» /2, 52 б/  деп айтқан болатын.  
Сонымен  қатар  гиперболалық  теңеулер  тек 
қана  адамдарды  суреттеу  үшін  ғана  емес,  басқа 
да  заттарды  суреттеу  үшін  кеңінен  қолданы-
лады. Мәселен: 
Аспанға сырлы жебедей 
Шаншылып қалған көк таулар. 
Толқынға батқан кемедей 
Бұлттарға батпай тоқтаңдар!     /3, 96 б/ 
Таудың  сырлы  жебедей  шаншылуы  ойсурет 
құрылымында  танылып  тұрған  гиперболалық 
теңеу.  Асырып  айтуды  ақын  өте  орынды  қол-
данады.  Көбіне  өзінің  алдына  қойған  негізгі 
мақсатына  байланысты  кейбір  зат  пен  құбы-
лысты  дәріптеу, мақтау  мақсатында  және  әдемі 
сурет  жасау  үшін  қолданған.  Тау  айрықша 
қасиетімен  ерекшеленген.  Ақын  танымындағы 
биік  тау  ұғымы  біз  көріп  немесе  естіп  жүрген 
заңғар тау, зәулім тау емес, ол – аспанға сырлы 
жебедей  шаншылған  тау.  «Тұрақты  теңеулер 
сөздігіндегі» сегіз қырлы жебедей теңеуін автор 
сырлы жебедей деп қолданған.  
Шоқпардай сары тары тұр басын иіп,  
Көрінбес ат құлағы тоғай биік.  
Судырлап теңселеді, сұлу сұлы  
Сумаңдап сылдырлаған суды сүйіп. /5, 26. Т. 
Т.С. 287 б./ 
Мұндағы І. Жансүгіровтің шоқпардай теңеуі 
«Тұрақты  теңеулер  сөздігіне»  енген,  ақын  сары 
тарыны  шоқпарға  теңеп  оның  үлкен  екендігін 
аңғартқысы келген. Ақын ойын бейнелі, мәнерлі 
етіп,  айқын  жеткізуде  өзінің  бейнелілігін,  экс-
прессивті-эмоционалды  бояуымен  көзге  түсетін  
тұрақты теңеулерді өте орынды қолдана білген.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   201 
 
 
Гиперболық теңеуге қарама-қарсы құбылыс-
тың  бірі – литоталық  теңеу.  Гиперболалық  те-
ңеудің  эмоционалды-экспрессивті  әсері  орасан 
күшті  болса,  литоталық  теңеуде  керісінше. 
Литоталық  теңеудің  гиперболалық  теңеуден 
тағы  бір  айырмашылығы  теңеудің  бұл  түрінде 
«образ  болып  қолданылатын  заттардың  сан 
мөлшері  санаулы-ақ  болады  да,  олар  әрқашан 
тұрақты  сипатымен  көрінеді.  Сондықтан  да 
литоталық  теңеулердің  барлығы  дерлік  қазіргі 
кезде  тұрақты  сипат  алып,  фразеологиялық  те-
ңеулерге айналып кеткен.  
Поэзиялық  шығармаларда  зат  пен  құбылыс-
тың  бір  белгісінің  кішірейтілуінен  жасалған 
литоталық теңеулер   мол кездеседі.   
Жүз жыл бұрын Алматы қала атанбай, 
Ауыл болды аясы алақандай. 
Қабат-қабат үйлермен көтерілді 
Алматының еңсесі Алатаудай  /3, 68 б/. 
Бұл  шумақтағы  алақандай  теңеуі  кішкентай 
деген  мағынада  қолданылып, «Тұрақты  теңеу-
лер сөздігіндегі» аядай теңеуіне синоним  болып 
тұрса,  Алатаудай  теңеуі  үлкен  дегенді  білдіріп, 
сөздіктегі  Алатаудай  асқар  теңеуімен    мағына-
лас  болады.  Алматының  аясы  алақандай – 
теңеулік құрылымда барынша  кішірейту ұғымы 
бар,  ал  Алматының  еңсесі  Алатаудай – барын-
ша ұлғайтылған оқиға суреттелген.   С. Мәуленов  
Алматыны  кішірейту, ұлғайту  арқылы  лито-
талық  теңеу  жасаса,  І.  Жансүгіров  аспан  мен 
жер  жүзін  салыстыру  арқылы  тың  литоталық 
теңеуді қолданған; 
Аспан саған алақандай бір уыс, 
Жердің жүзі тебінгідей тар қуыс.   /5, 452 б/.  
Алақандай, тебінгідейдей өлең тармақтарын-
дағы  литоталық  теңеулер  де  стилистикалық 
мәнде жұмсалған. Аспанды алақанға, жер жүзін 
тебінгіге  теңеп,  суреттеліп  тұрған  заттардың 
белгісін мейлінше кішірейтіп көрсету литоталық 
теңеудің ерекше қасиеті болып табылады.   
Теңеудің  семантика-стилистикалық    мәнін 
аша  түсетін  келесі  теңеудің  түрі – градациялық 
теңеу. «градация – теңеулерді, образдарды, эпи-
теттерді, метафораларды және көркем сөйлеудің 
басқа  да  бейнелеу  тәсілдерін  біртіндеп  күшей-
тетін  немесе,  керісінше,  біртіндеп  солғында-
татын  стильдік  фигура.  Ақын-жазушылар  өз 
шығармаларында  суреттеп  отырған  оқиғаны 
шығарма  идеясына  байланысты  бірде  асыра 
суреттесе, бірде құлдырата суреттеп отыратыны 
белгілі. Мысалы:  
Нұрлы екен сұлулықтың арманындай, 
Жырлы екен сонау Біржан салдарындай, 
Кең екен даласындай қазақ жаны, 
Өр екен өздерінің тауларындай  /3, 260 б/.  
Өлең  жолдарындағы  арманындай  теңеуі  «Тұ-
рақты  теңеулер  сөздігіндегі»  армандай  көріну 
тұрақты  теңеуіне  мағыналас  болса,  даласындай 
тұрақты теңеуі сөздікте беріліп, кең деген мағы-
нада қолданылған. Ал тауларындай тұрақты те-
ңеуін автор үлкен деген мағынада жұмсап тұр.  
Қазақ  халқының  бар  болмысы  осы  бір 
шумақ өлеңнің ішіне сыйғандай. Қазақ халқы – 
әр ғашық арман етер сұлулықтай нұрлы, Біржан 
салдай – жырлы, жаны – өзінің даласындай кең, 
тауындай өр.  
Сонымен  бірге  “Градация – мәтіннің  инто-
нациялық  және  мағыналық  күш  беру  жағынан 
мәтінге  ерекше  рең  беретін  құбылыс” /10, 259/. 
Бұл  жағдай  теңеу  затына  бірнеше  образ  ортақ 
болған  кезде  байқалады  және  теңеулік  құры-
лымдағы  әр  мүшеге  ерекше  интонациялық  күш 
түседі, көбіне соңғы теңеулік құрылым алдыңғы 
бар  ойдың  түйіні  болып  келетінін  байқауға 
болады.  Мына  өлең  жолдарындағы  градация-
лық  теңеулердің  бейнелілік  қасиеті  өзге 
теңеулерге қарағанда әлдеқайда жоғары:  
Жүректей күшті сөздерді, 
Тілектей ыстық сөздерді. 
Сәуледей нұрлы сөздерді, 
Көздердей сырлы сөздерді.   /3, 72 б/.  
Теңеу  заты  болып  тұрған – сөзге  төрт  теңеу 
образы  алынған.  Олар:  жүректей,  тілектей, 
сәуледей,  көздердей.    Ақын  танымындағы  сөз – 
ең  жақсы,  адам  жанын  жадырататын,  адамға 
күш-қуат беретін сөз.  
Негізінен    градациялық  теңеулер  заттың, 
нәрсенің  қасиетін  немесе  айтылмақ  ойды  ба-
рынша үдете бейнелеу арқылы дүниеге келген.  
 Тіл  байлығының  көрсеткіші – синоним. 
Синонимдік  теңеулер  сан  жағынан  да,  көлемі 
жағынан  да  мол  болып  келеді.  Өзара  мәндес 
сөздердің  мағынасындағы  нәзік  айырмашылық-
тарын 
ажыратып, 
синоним 
сыңарларын 
айтылмақ ойға байланысты дәлме-дәл келетінін 
қолдана  білудің  маңызы  зор.  Жалпы  синонимге 
қатысты айтылған қасиеттердің бәрі синонимдік 
теңеуге де тән. Поэзиялық шығармаларда тұрақ-
ты  синонимдік  теңеулер  жиі  ұшырасады  және 
олар  бір  теңеулік  құрылымда  кездеспейді,  олар 
ақын  өлеңдерінің  өн  бойында  кездесіп,  бір 
ұғымның  синонимдік  теңеулері  ретінде  қолда-
нылған.  
    Өзіңді дәмеліге санап қойып
    Алдыңа Алатаудай талап қойып.  
    Салды олар өлең ата суретін
    Жазғын  деп  ұлы  Абайға  қарап  қойып.  /3, 
444 б/. 
Үлкен,  биік  сөздерінің  синонимін  беруде 
ақын “кеңістік” ұғымының бірі қазақтың тауы – 

202                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
Алатау  сөзін  теңеу  образы  ретінде  қолданған. 
Тұрақты  синонимдік  теңеулерде  теңеу  белгісі 
көрсетілмеген, бірақ теңеу образынан белгінің – 
биік  екенін  аңғаруға  болады  және  теңеулік 
құрылымда  теңеу  образы  мен  белгі  де  бір-
бірімен синоним болып келген, яғни синонимдік 
теңеудің арқасында теңеу образы – Алатау мен 
теңеу белгісі – биік сөздері жақын мәндес сөзге 
айналып тұрғанын байқауымызға болады.  
Айтайын  деген  ойын  әсерлі  де  сенімді  жет-
кізу  үшін  мағынасы  қарама-қарсы  ұғымдарды, 
антоним  сөздерді  де  шеберлікпен  пайдалану  әр 
ақынның  шығармашылығында  жиі  кездесетін 
құбылыс.  Жалпы  кез  келген  нәрсені  соған 
қарама-қарсы  ұғыммен  салыстыру  нәтижесінде 
ғана сол нәрсенің қыры мен сыры толық ашыла 
түседі.  Осы  аталған  қасиеттеріне  байланысты 
болса  керек,  антонимдер  теңеу  құрамында  да 
жиі қолданылады. Мысалы:  
Туған жер саған аманат. 
Жан сырым осы жаттап ал. 
Болмасын түндей жаманат. 
 
Күтеміз күндей хат хабар.     /3, 467 б/. 
“Ақын-жазушылар тіліндегі антоним сөздер-
дің  жиі қолданысы олардың  философиялық,  та-
нымдық  көзқарас  концепциясына  да  тірек 
болады” /11, 142 б/.  Ақын  қолданысында  күн-
түн  антонимдік  теңеу  қызметін  ғана  атқарып  
тұрған  жоқ,  соғыс  жағдайы  суреттеліп  отырған 
өлеңде  түн – жамандық  хабаршысы,  ал  күн  –  
 
жақсылық,  жақсы  хабар  мағынасында  деп 
түсінуімізге  болады.  Кейде  ақын  өлеңдеріндегі 
жиі  қолданылатын  күн-түн  антонимдік  теңеуі-
нің  адам  мінезінің  әр  қырын  ашып  көрсетуге 
қызмет еткенін байқауымызға болады.  
   Көресің кей адамды 
   Түн секілді қараңғы. 
   Жүреді ылғи туғызып 
   Басыңа ақыр заманды. 
   Көресің кей адамды – 
   Жұлдызға жол салады
   Күн секілді жанарлы, 
   Таң қалдырып ғаламды.   /3, 277 б/. 
Осы  өлең жолдарындағы антонимдік теңеу-
лер  бағалау  тәсілінің  бірі  ретінде  де  қолданыл-
ған.  Бұл  ойымызды    С.  Қасымованың  “Құбы-
лыстың,  ұғымның,  заттың  кейіп-кескіндерін, 
қасиет-белгілерін  қарама-қарсы  қою – тілдік 
тәжірибеде  адам  дүниетанымындағы  тану  мен 
бағалау  тәсілдерінің  бірі  ретінде  үлкен  орын 
алады”–  деген  тұжырымы  дәлелдей  түседі /11, 
13  б/.  Ақын  танымында  жаман  адам  түндей
жақсы  адам  күндей  антонимдік  теңеуімен  бері-
ліп,  адам  мінезі  барынша  бейнелі  түрде  ашыл-
ған.  
Сонымен,  қазақ  теңеулерін  Т.  Қоңыровтың 
классификациясы  бойынша  семантика-стилис-
тикалық  сипатына  қарай  бөлінуін  көрсету  мақ-
сатында төмендегідей кесте ұсынбақпыз:  
 
 
№ 
Т. Қоңыров бойынша 
Лирикалық шығармалардан мысалдар  
1. 
Метафоралық теңеу 
 
Аңса, жаным 
Үзіліп түскен алмадай, 
Үзіліп көңіл қалғаны-ай! 
Арыма басқан таңбадай, 
Арылмай қойды-ау дау-дамай! 
Тасыған көңіл арнадай, 
Таусылып бүгін қалғаны-ай! 
 
2. 
Эпитеттік теңеу  
 
Сазды илеп болат тұяғы,  
Құйғытса самғар қырандай 
Шаң жұқпас шаша-қияғы  
Желісі жүйрік құландай   
 
3. 
Метонимиялық теңеу 
 
Іздемей-ақ алыстан, 
Сылқымдар да табылды. 
Сар масадай жабысқан, 
 Жылпыңдар да табылды  
 
4. 
Синекдохалық теңеу  
 
Жанартауым бар еді ғой кеудемде, 
Жалын атып, жана-жана сөнген бе?! 
Тас жайнатып, жатушы еді от бүркіп, 
Тастай қатып, тынған ба енді, өлген бе?! 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   203 
 
 
5. 
Гиперболалық теңеу  
 
Шоқпардай сары тары тұр басын иіп,  
Көрінбес ат құлағы тоғай биік.  
Судырлап теңселеді, сұлу сұлы  
Сумаңдап сылдырлаған суды сүйіп.  
 
6. 
Литоталық теңеу  
 
Аспан саған алақандай бір уыс, 
Жердің жүзі тебінгідей тар қуыс 
 
7. 
Градациялық теңеу  
 
Жүректей күшті сөздерді, 
Тілектей ыстық сөздерді. 
Сәуледей нұрлы сөздерді, 
Көздердей сырлы сөздерді – 
 
8. 
Синонимдік теңеу  
 
Өзіңді дәмеліге санап қойып, 
Алдыңа Алатаудай талап қойып.  
Салды олар өлең ата суретін, 
Жазғын деп ұлы Абайға қарап қойып   
 
9. 
Антонимдік теңеу 
Өзіңді дәмеліге санап қойып, 
Алдыңа Алатаудай талап қойып.  
Салды олар өлең ата суретін, 
Жазғын деп ұлы Абайға қарап қойып   
 
 
Қорыта келе, поэзиялық шығармаларды әсем 
теңеулерсіз,  астарлы,  жасырын    мағына  беретін 
метафоралық  тіркестерсіз көз  алдымызға  елес-
тету    мүмкін    емес.  Жалпы,  бейнелеуіш  құрал-
дардың  ішіндегі  ең  жиі  қолданысқа  түсетіні 
метафора мен теңеулер болып табылады. Тілдік 
талдауға  түскен  С.  Мәуленов,  М.Мақатаев, 
І.Жансүгіров  шығармаларында  кездесетін  алуан 
түрлі  теңеулерді  семантика-стилистикалық  тұр-
ғыда талдадық. Аталған ақындардың өлеңдерін-
де  теңеу  жасаушы  амал-тәсілдердің  мол  болып 
келуі – ақын  дүниетанымының  кеңдігін  аңғар-
тады.  Мәселен,  Сырбай    Мәуленов    теңеуді  
терең  ой,  нәзік  сезім,  кейде  көңіл  күйді  сипат-
тағанда,  ақынның  өзіне  тән  тілдік  қолданысы-
мен  пайдаланған.  Мұқағали  Мақатаев  ішкі  ой 
толғаныстарын,  кейіпкердің    психологиялық 
халін  нақтыландыруда  және  пәк  сезімін  әсерлі 
де  мәнерлі  етіп  беруші  үшін,  Ілияс  Жансүгіров 
туған  жер  табиғатын  әсем  де  көркем  бейнелеу 
мақсатында  теңеулік  конструкцияларды  барын-
ша  ұтымды  қолданған.  Ой  жеткізудегі  бұл  бей-
нелеуіш    құралдың    түрі  аса  көркемдігі  мен 
ерекшелігіне  байланысты  көркем  әдебиетте, 
поэзиялық  шығармаларда  жиі  кездеседі.  Бұл 
біздің  қазақ  тілінің  тілдік  қорының  мол  әрі 
көркем  екендігінің  дәлелі.  Ақын    шығармала- 
 
 
 
 
 
рында  айрықша    түрленіп,  өлең  айшықтарын 
көріктендіріп  тұратын  көркемдегіш  құралдар 
ретінде  теңеудің маңызы ерекше.  
__________________ 
1.  Қоңыров  Т.  Тұрақты  теңеулер  сөздігі. – А.,  Арыс. 
2007. 480 б. 
2. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы: Мектеп. 1978. 
– 192 б. 
3. Мәуленов С. «Алыс кетіп барамын». -Алматы: Ата-
мұра, 2003.-188 бет 
4.  Мақатаев  М.  Жырлайды  жүрек. -Алматы:  Жазушы, 
1989 – 496 б. 
5.  Жансүгіров  І.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  
Алматы: Жазушы. 1986. 
6.  Аханов  К.  Тіл  біліміне  кіріспе.  Алматы:  Мектеп. 
1965. – 158 б. 
7. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лек-
сикологиясы. –  Алматы.  2006. –265 б. 
8.  Уәли  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің  теориялық  негіз-
дері: филол. ғыл. док. дис. Алматы. 2007. – 330 б. 
9. Квятковский А. Поэтический словарь. Москва. 1966, 
стр. 280. 
10. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мек-
теп. 1973. – 212 б. 
11.  Қасымова С. К. Сан компонентті мақал-мәтелдер-
дің  ұлттық-мәдени  негізі:  филол.  ғыл.  канд. .автореф.  – 
Астана. 2009. – 27 б. 
* * * 
В  статье  рассматривается  употребление  сравнений    в 
поэтических произведениях на казахском языке.  
* * * 
Тhis article is devoted to the peculiarities of  using the 
methods of comparison in the poetical works in Kazakh.  
 
 
 
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет