Казахский национальный



жүктеу 5.08 Kb.

бет28/53
Дата09.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
частью  сравнительной  в  русском  и  немецком  языках. 
Придаточные,  выраженные  посредством  сравнения,  рас-
смотрены с точки зрения их значения и функций по отно-
шению к главному в сложноподчиненном предложении, то 
есть  как  разновидность  некоторых  придаточных,  а  не  как 
отдельный тип.  
 
 
 
 
А. Б. Салқынбай 
 
КӨНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ МҰРАЛАРЫ 
 
 
ХІ-ХVІІ  ғасырлар  аралығында  Польша, 
Венгрия, Египет, Қырым, Подолье, араб, армян, 
латын,  славян,  руна  жазуларымен  хатқа  түскен 
қыпшақ  ескерткіштерінің  болуы  көне  қазақ 
әдеби тілінің нақты көрінісі ретінде бағаланады. 
Дунай  мен  Еділ  аралығындағы  далалар,  Қырым 
мен  Азау  теңізіне  дейінгі  жерді  мекен  еткен, 
Қыпшақ  мемлекеті  (Дешті  Қыпшақ)  құрылып, 
бүкіл  Еуразиямен  бірдей  экономикалық,  саяси  
 
 
қарым-қатынас  орнатқан  түркі  халқының  бір 
бөлігі  бүгінгі  қазақ  халқы  екенін  ешкім  жоққа 
шығара алмасы хақ. 
ХІ  ғасырдың  екінші  ширегінің  бас  кезіндегі 
жазба  деректерде  бұрын  “оғыздар  даласы” 
аталып  келген  Ұлы  дала  енді  Дешті  Қыпшақ 
даласы  деп  атала  бастайды.  ХІ  ғасырдың  орта 
кезеңінде  қыпшақ  тайпалары  Еділден  көктей 
өтіп,  Батысқа  беттейді  де  Шығыс  Европамен 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   183 
 
 
әсіресе  Россия,  Византия,  Венгрия  халықтары-
мен қарым-қатынас жасайды. Ертістен Днестрге 
дейінгі  аридтік  зонаны  алып  жатқан  Дешті-
Қыпшақтың  тарихи  географиялық  мекенін 
зерттеуші  ғалымдар  шартты  түрде  екіге  бөліп 
қарайды:  тоқсоба  рулық  әулеті  бастаған  Батыс 
қыпшақ  бірлестігі  және  Елбөрілі  рулық  әулеті 
бастаған  Шығыс  Қыпшақ  бірлестігі  (Қазақстан 
тарихы, 1994. 76). 
М. Қашқаридың атақты картасы бойынша ХІ 
ғасырдағы  қыпшақтар  мемлекетінің  шекарасы 
Еділдің  арғы  беті  мен  Каспий  теңізінің  арғы 
бетіндегі  солтүстік  батыс  жерлері  болған.  Еділ 
өзені  қыпшақ  мемлекетінің  меншігінде  болған. 
Еділ  сөзінің  төркіні  европалықтар  атайтын 
Аттиламен  түбірлес  екені  де  белгілі.  Ортақ 
түбірі – Ат.  Ет – Ат лексемасының  жіңішке  ва-
рианты,  -ыл, -іл, -лы, -лі  тұлғалары  метатеза 
негізінде  жасалған  бір  формалар.  Сонда  Атлы, 
Етлі  яғни  аттылар,  атқа  мінгендер  деген  мағы-
наны  береді.  Көне  атлы,  атлығ  тұлғасы  жабық 
буынға айналып, дами келе Еділ сөзі туындаған.  
ХІ-ХІІІ  ғасыр  басына  дейін  Қыпшақ  мем-
лекеті үлкен конфедарациялық  мемлекет ретін-
де  өмір  сүреді,  әлемдегі  ең  құдіретті  елдердің 
біріне айналады. 
Қыпшақ  мемлекетінің  мемлекеттік  тілі – 
қыпшақ тілі болған. Э.Р.Тенишев ХІ-ХҮІІ ғасыр 
аралығындағы  ескерткіштердің  тілін  зерделей 
келе,  қазақ,  қарақалпақ,  ноғай  тілдеріне  өте 
жақын  деп  тұжырым  жасаған  (Э.Р.  Тенишев 
Место кипчакского (половецкого, куманского) и 
печенежского  языков  среди  современных  тюрк-
ских  языков.//  Изв.  АН  Каз  ССР,  Сер.  общ. 
наук., Алматы, 1970, № 5). Дешті қыпшақ мем-
лекетінің  мемлекеттік  тілі – қыпшақ  тілі  бол-
ғанын  дәлелдейтін  дерек  мол.  Дешті  Қыпшақ-
тың территориясы – қазіргі қазақ даласы; Дешті 
Қыпшақтың территориясында мекендеген халық 
– бүгінгі қазақтың ата-бабалары есептелетін ру-
тайпалар. Халық тілінің негізгі лексикалық қоры 
мен  лексикалық  қабаты  осы  кезеңдерде  жазыл-
ған  мұралар  тілінде  сақталған.  Өз  заманында 
қыпшақ  тілі  тек  мемлекеттік  тіл  ғана  емес,  ха-
лықаралық  қатынас  тілі  болғандығын  да  тілдік 
деректер  арқылы  бағамдауға  болар  еді.  Олай 
деуіміздің  мәнісі  орта  ғасырларда  шыққан 
сөздіктердің  әртүрлілігі.  Кез  келген  нәрсе  бел-
гілі бір қажеттілік болғанда ғана іске асырылады 
десек,  осы  аталған  кезеңде  қыпшақша-арабша, 
қыпшақша-итальянша,  қыпшақша-немісше  т.б. 
сөздіктер молынан жазылған. Сондай-ақ, кирил, 
армян,  араб  таңбасымен  түсірілген  қыпшақ 
тілінде  әртүрлі  ғылыми,  іс-қағаздар  стилінде 
жазылған мұралар табылған.     
“Терджуман туркий уа ғараби“ – 1245 жылы 
Египетте  жарық  көрген  сөздік.  Сөздіктегі 1260 
сөздің  басым  көпшілігі  қыпшақ  сөздері  екенін 
профессор Әбжан Құрышжанов дәлелдеген (Ис-
следование  по  лексике  старокипчакского  пись-
менного памятника ХІІІ в. –“Тюркско-арабского 
словаря“, Алматы, 1970).  
Абу  Хайанның  “Китаб  әл-Идрак  ли-лисан 
әл-атрак“  атты  сөздігі 1312 жылы  жазылған. 
Еңбек  Египетте  жарық  көрген.  Ондағы 2400 
сөздің көпшілігі қыпшақ сөздері екендігін “Әбу 
Хайан – қыпшақ  тілін  зерттеуші”  деген  тақы-
рыпта  жазған  ғылыми  еңбегінде  М.  Мәженова 
дәлелдеп  жазған  (Абу-Хайан – исследователь 
кипчакского языка, АКД, Алматы, 1969). Автор 
еңбегінде  араб  тілінде  жазылған  сөздікке  қазақ 
тілі  тұрғысынан  зерттеулер  жүргізе  келіп, 
көптеген сөздердің бірнеше вариантта келетінін, 
әрі  ол  варианттар  қазақ  тілінің  материалдары-
мен  толық  сәйкес  келетінін  дәлелдейді.  Айта-
лық,  арығ-ары,  арыл,  айақ-азақ,  болмақ-олды, 
бұзағу-бұзау  т.б.  Еңбекте  берілген  сөздердің 
кейбіріне  “оғызша”, “қыпшақша”, “бұлғарша”, 
“түркістандық“  т.б.  сияқты  сілтемелер  қойыл-
ған. Мұның өзі аталған тайпалардың сол кезеңде 
Египетте өмір сүргендігін көрсетеді.  
Көне  қазақ  тілінің  үлкен  бір  мұрасы – 
“Китаб  ат-тухфат  аз-закийат  фил  луғат-ит-
туркийа“ – шамамен  ХІҮ  ғасырда  Египетте 
жазылған. Ат-тухфа – жай ғана жазба мұра емес, 
өз  кезеңіндегі  қыпшақ  тілінің  қолданылу  ерек-
шеліктерін,  грамматикалық  ережелерін,  сөздік 
құрамын, дыбыстық құрылысын көрсете алатын 
іргелі  туынды.  Еңбекті  алғаш  рет  ғылыми 
жұртшылыққа  таныстырған  түрік  ғалымы 
М.Ф.Көпрүлү  болды  да,  кейін  бірнеше  арнайы 
зерттеулер жарық көрді. 
Қазақ  ғалымдарынан  “Ат-тухфат”  жөнінде 
алғаш пікір айтқан ғалым Ә. Құрышжанұлы. Ал 
мұраның лексика-семантикалық  және  стилисти-
калық  ерекшеліктерін  зерттеп,  аудармаларды 
салыстырған,  өзіндік  жаңа  тұжырымдар  айтқан 
ғалым – Т. Арынов болды.  
180  беттен  тұратын  қолжазба  негізгі  үш 
тарауға  бөлініп  жазылған.  Мұның  өзі  де  тегін 
емес.  Автор  өзінің  көздеген  мақсатына  сәйкес, 
алдымен,  түркі  тілінің  фонетикалық  жүйесіне 
экскурс  жасап, 29 тараушадан  тұратын  сөздік 
береді  де, 64 тараушада  грамматикалық  жағы-
нан талдау жасайды. Зерттеушілердің пікірінше, 
жазба  мұра  қыпшақ  тілінде    жазылғандықтан, 
қазіргі  қазақ  тілінің  деректерімен  толық  сәйкес 
келеді. Лексикалық және грамматикалық сипаты 
қазақ тіліне жақын.   

184                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
“Китаб-булғату  ал-муштак  фул-лугати  ат-
турки  ва-л  кифчак” – авторы  Жамал  ад  Дин  ат 
Турки. “Китабу  Хуллийат  уль-инсан  ва  хульват 
уль-Лисан” – қыпшақ  тілінің  сөздері  аралас  ең-
бек.  Мухаммед  Салихтың  “Ат-Шүзүру  Зәхәбия 
бел-китабия  Ахмедия  фил  луғат-ит  туркия” 
еңбегінде 1615 жылы  мәмлүк  қыпшақтарының 
тіліндегі  морфологиялық  құрылымы  мен  лек-
сикалық қабаты түсіндіріледі. 
Көне  қазақ  тілінде  жазылған  еңбектердің 
ішіндегі  көлемділері  “Кодекс  Куманикус“, 
“Дана  Хикар  сөзі”,  Қадырғали  Жалайридың 
“Жәми-ат  тауарихы”, “Каменец-Подольск  соты-
ның қыпшақ тіліндегі құжаттары” т.б. еңбектер.  
Бұлардың  барлығы  да  орта  ғасырдағы  қыпшақ 
тілінің  төл  мұрасы  ретінде  танылады.  Негізгі 
айырмашылығы  еңбектердің  таңбалануында 
яғни  жазылу  сипатында  ғана.  Көрсетілген  мұ-
рағаттар  негізінен  араб,  армян  және  кирил 
әрпінде жазылған. 
Мұраларды  олардың  жазылу  үлгісіне  қарап 
армян-қыпшақ  (Я.Р.  Дашкевич,  А.Н.  Гаркавец, 
И.А.  Абдуллин  т.б.),  араб-қыпшақ  сияқты  тер-
минмен  атау  орынсыз  деп  білеміз.  Ескерткіш 
тілі  таза  қыпшақ  тілі  болғандықтан,  оны  бөліп-
жармай көне қазақ тілінің ескерткіші, көне қазақ 
тіліндегі әдеби тіл үлгісі ретінде қарау орынды. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  барлық  туындылар  ки-
рилицамен  таңбаланады,  бірақ  оны  орыс-қазақ 
әдеби  тілі демейміз. Сол  сияқты  тарихи ескерт-
кіштерге  деген  қалыптасқан  көзқарасты  да 
өзгерту қажет деп есептейміз. 
Қыпшақ  тіліндегі  мұралардың  өзге  тілдің 
жазу  таңбасымен  берілуінің  және  қыпшақ 
сөздігінің  мол  шығарылуының  өзіндік  тарихи 
себебі  бар  еді.  Қыпшақ  елінің  аса  дәуірлеген 
тұсында  өзге  мемлекеттермен  саяси,  эконо-
микалық, мәдени байланыстар жасалды. Мұның 
өзі  қыпшақ  тілін  білу,  түсіну,  түсінісу    қа-
жеттілігін туғызды. 
1337 жылы Еділ бойындағы Сарай қаласына 
келіп,  бірнеше  жыл  тұрып  қыпшақ  тілін  үйрен-
ген  монах  Фра  Паскель  де  Викторис  қыпшақ 
тілінің  халықаралық  тіл  ретіндегі  қызметінің 
болғанын  ашық  жазады.  Яғни,  елшілер,  сау-
дагерлер,  жиһангездер,  миссионерлер,  жай 
керуеншілер  қыпшақ  тілі  арқылы  байланыс 
жасаған.  Сондықтан  осы  кезеңде  көптеген 
сөздіктердің  жазылуының  ішкі  қажеттілігі 
болды.  Қыпшақ  (қазақ)  тілі  сөздерінің  араб, 
парсы,  латын,  итальян,  неміс  тілдеріне  ау-
дарылуына деген қажеттілік бұл тілдің ролі мен 
орнын да белгілесе керек. Демек, қыпшақ тілі – 
көне  қазақ  тілі – өз  территориясында  мемле-
кеттік  тіл  ретінде  қатынас  құралы  болып  қана 
қойған  жоқ,  халықаралық  қатынас  құралы 
ретінде де қызмет атқарған деуге хақымыз бар. 
Біздің  пікірімізше,  қыпшақ  тілі – қазіргі 
қазақ  әдеби  тілінің  тікелей  бастауы,  көне  қазақ 
тілінің үлкен бір бұлағы. Бұл жөнінде Н.Т. Сау-
ранбаев  былай  деген  болатын: “Современный 
казахский  язык  есть  развитие  древнекипчак-
ского  языка,  в  новых  условиях.  Монолитный 
язык казахов сложился и существовал до Х века, 
когда  народ  говоривший  на  кипчакском  языке 
стал  называться  казахами” (Вестник  АН 
КазССР, 1940. № 12, 17-бет). 
Аталған  кезеңдегі  әдеби  мұралар  көптеген 
зерттеулерге  дерек  болған,  әртүрлі  аспектіде 
қарастырылған. Г. Клапрот, Г. Кун, К. Гренбек, 
В.  Радлов,  Банг,  А.  фон  Габен,  Э.Р.  Тенишев, 
А.М.  Щербак,  Ә.  Құрышжанов,  А.Гаркавец,  
Р.Ғ. Сыздықова, С. Исаев, М. Томанов, Я. Даш-
кевич,  Т.  Грунин,  Э.  Севортян,  С.  Құдасов,  О. 
Еганян  т.б.  көптеген  ғалымдар  еңбегінде  грам-
матикалық жағынан талданған. 
Біздің  мақсатымыз  көрсетілген  мұралдарды 
көне  қазақ  тілінде  жазылған  әдеби  тіл  үлгілері 
ретіне қарап, олардың қазақ мәдениеті тарихын-
да алатын орны мен маңызын пайымдау. 
“Кодекс  Куманикус” (ХІV  ғ.) – орта  ғасыр-
дағы қыпшақ тілінің төл мұрасы екені ғылымға 
белгілі.  Ә.  Құрышжанұлы  зерттеулерінің  нәти-
жесінде  “Кодекс  Куманикус”  тілінің  қазақтық 
ерекшелігі  айқындалды,  транскрипциясы  түсі-
ріліп,  қазіргі  қазақ  тіліне  аударылды.  Қолжазба 
екі  бөлімнен  тұрады: 1) латынша-парсыша-ку-
манша  сөздік; 2) куманша-немісше-латынша 
сөздік.  Көлемі 164 беттен  тұратын  еңбектің 
негізгі  мазмұны  діни  хикаялардан  тұрады.  Бұл 
христиандық аңыздар кумандар арасында христиан 
дінін  уағыздау  мақсатын  көздеген.  Бұдан  басқа 
50-ге жуық жұмбақтар, сөз мағыналары берілген.  
Сөздік  жөнінде  алғаш  пікір  айтқан  қазақ 
ғалымдарының  бірі  Н.Т.Сауранбаев  еді.  Автор 
“Кодекс”  тілін  талдай  келіп,  ондағы  көптеген 
деректерді  бүгінгі  қазақ  тілінің  материалдары-
мен  салыстыру  нәтижесінде  ортақ  тілдік  дерек-
тердің  молдығын  көрсетеді.  Сөз  соңында  “ш” 
емес  “с” , “ғ”  емес, “у”  жазылғанын  тілге  тиек 
ете  отырып,  мынадай  тұжырым  жасайды. “Дей-
ствительно  в  языке  этого  памятника  мы  на-
ходим,  типичную  особенность  современного 
казахского  языка” (көрсетілген  мақалада).  Ға-
лым кейін осы тарихи мұраны тереңдей зерттеу-
ді  өзінің  шәкірті  Ә.  Құрышжановқа  тақырып 
ретінде  ұсынады.  Адал  да  жақсы  шәкірт  бола 
білген  Ә.  Құрышжановтың  терең  де  тиянақты 
зерттеу  еңбектері  қазіргі  тілші  қауымға  түгел 
таныс. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   185 
 
 
“Кодекс  Куманикустың”  көне  қазақ  тілінде 
жазылғанын дәлелдейтін оның тілі: яғни қазіргі 
қазақ  тіліндегі  лексикалық  қормен  ортақтығы, 
дыбыстық  ерекшеліктерінің  ұқсастығы,  ұлттың 
өзіндік  менталитеті  мен  дүниетанымы  арқылы 
қалыптасатын  тұрақты  тіркестердің  ортақ 
болуы,  грамматикалық  құрылымның  бірлігі, 
өлең  жолдарындағы  ұйқас  пен  буын  жүйесінің 
біртектестігі мен сабақтастығы т.б.  
  ч ( ш дыбыс сәйкестігі арқылы жасалған сөз 
варианттары  жиі  кездеседі.  Мұндай  дыбыстық 
сәйкестік  қазіргі  қазақ  тілінің  Жетісу  диалек-
тісінде  бар. Ақча-ақша, ағач – ағаш, чырмадым 
– шырмадым, чайқалмас- шайқалмас т.б. 
  -Мыш, -міш  тұлғалы  етістік  жиі  кездеседі. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  бұл  тұлға  ХІХ  ғасырға 
дейін  белсенді  қолданылғандығы  зерттеуші-
лердің  еңбектерінде  дәлелденіп  көрсетілген 
(С.И. Исаев, М.Томанов, Р.Ғ. Сыздық т.б.) 
  Қазақ  тілінде  ерін  үндестігі  екінші  буында 
айқын,  одан  кейінгі  буындарда  көмескі  білінсе, 
аталған  ескерткіште  де  осы  ерекшелік  көрініп 
тұрады. Жұмұртқа, ұзұн, ұлұс, көрүнер т.б. 
  Тұрақты тіркестер еш өзгеріссіз жұмсалған: 
сырма тон, сеңгір тау, қошқар мүйіз, қара ұлыс, 
майлы қайыс т.б.  
  Мақал-мәтелдер,  жұмбақтар  айна-қатесіз  қа-
зіргі қазақ тілімен бірдей сипатта қолданылады.  
“Кодекс  Куманикус”  тілінің  барлық  негізгі 
ерекшеліктері  мен  лексикалық  қабатын  құрай-
тын  бірліктерді  қазақ  тілімен  бірдей  деп 
тұжырым жасап, оны көне қазақ тілінің көрінісі 
деп бағалауға болады. 
Көне қазақ тілінің көптеген мұралары армян 
жазулары  арқылы  сақталған.  Көне  қазақ  тілін-
дегі  мұралардың  армян  жазуымен  жазылып, 
басқа  жерде  сақталуының  өз  тарихи  себептері 
бар. 
1064 жылы Армения астанасы Ани шаһарын 
селжүктер  басып  алады  да,  армяндар  Солтүстік 
Кавказ,  Қара  теңіз  бен  Каспий  теңіз  жаға-
лауларына  қарай  ауады.  Осы  жерде  армяндар 
қыпшақтарға  саяси  тәуелді  болады  да,  қыпшақ 
тілі  мемлекеттік  тіл  болады.  Жазбалардың 
қыпшақ тілінде жазылуы оның  халықаралық тіл 
ретіндегі сипатын да танытса керек.  
Айталық,  Каменец-Подольск  бірлестігіндегі 
іс-қағаздар жүйесі поляк, армян тілдерімен қоса, 
қыпшақ  тілінде  де  жүргізілген.  Бұл  жазба-
лардың  ХVІ-ХVІІ  ғасырларда  жазылғанын  еске 
алсақ, Қыпшақ мемлекетінің билігі әлсірегеннен 
кейін  де,  қыпшақ  тілі  өз  дербестігін  сақтап, 
халықтың  қарым-қатынас  жүйесінде  бұл  тілге 
деген қажеттіліктің болғанын пайымдаймыз. 
 Э.В.Севортян  “Документы  на    половецком  
языке ХVІ в.” атты еңбектің алғы сөзінде былай 
деп  жазады: “…язык  этих  актов  представляет 
собой  не  столь  уж  частый  среди  старых  пись-
менных  источников  по  тюркским  языкам  обра-
зец  разговорного  языка – старокипчакского 
разговорного  языка  польских  армян  ХVІ  в.” 
(1967. 13). Ескерткішті  жүйелей  зерттеген,  ау-
дармасын  жасап,  орыс  жазуына  транскрипция-
лаған,  грамматикалық  комментарийлер  берген 
Т.И. Грунин болды. Ол жүргізген зерттеулердің 
құндылығы армян жазуымен белгілеген қыпшақ 
сөздерінің  фонетикалық  ерекшелігін  анықтап, 
армян  таңбаларының  өзгешелігі  мен  қыпшақ 
дыбыстарының  белгіленуіндегі  сәйкессіздіктер-
ді  көрсетіп,  морфологиялық  сипатын  айқын-
дауында.  Ж.  Дениден  кейін  Т.И.  Грунин  бұл 
жазу  тілін  қыпшақ  тобының  ішіндегі  қарайым 
тіліне  жақын  екенін  жазады  (Документы  на 
половецком языке ХVІ в., 100-111 б.). 
Ескерткішті жүйелі зерттеген ғалым А.Н. Гар-
кавец  қарайым  тілінің  тракай  диалектісіне  өте 
жақын  екенін  айтады  (Кипчакские  языки. 1887. 
114  б.).  Ескерткіштің  мәтінінде  “қыпшақ  тілі”, 
“брім  тілі”, “татарча”  деген  сөздер  кездеседі. 
Мәтінді  оқып  отырғанда,  оның  тілінің  қазақ 
тіліне  де  өте  жақын  екенін,  сөздік  құрамы  мен 
құрылымының  сәйкес  келетінін  бағамдауға  бо-
лады. Айталық: 
1.  Келді  Иван  Слуцкалы  пак  йурка  бойнуң 
алына да ріле етті, попка-оғлунуц үстіне кі борчлу 
дур манга 70 ст. Ол айтты кі пане бойте борчлу 
едім йохса төледім де таныхым де бар да эволитца 
болдулар 2-сі де талых үстіна кі қойрай Бедрос 2 
һафтада  таныхын  а  егар  қоймаса  на  толечай  бұ 
йалчыға 70 ст.  Да  берді  нүрсес  қараны  йүқ. 
Йазылды кснұң цнт. 1559. мас. 10-а. 
Келді  Иван  Случкадан  нан  юрко  бойттан 
алдына, (ріле)  баян  етті.  Попко-оғлының  үстіне: 
бұл борышты – дүр маған 70 ср. Ол айтыы: бұл 
пан  Бойытқа  борышты  едім,  сосын  төледім  де, 
танысым  да  бар, (эволітца  босатылатын  болды 
2-уі  де,  танық  үстінде  Бедрос  деді 2 аптада 
танысын  әкелсін,  егер  қоймаса,  төлесін  бұл 
жалшыға 70 ср.  Берді.  Нүрсес  қараға  жүктейді. 
Жазылды  КС-ның, 1559 жылы 10-айда. (Доку-
менты на половецком языке ХҮІ в.) 
Бұл  келтірілген  мәтіндегі  сөздер  мен  сөз 
тұлғалардың бәрі дерлік қазақ тілінің граммати-
калық  сипатына,  лексикалық  қабатына  сәйкес 
келетіндіктен, қазақ тілінің деректерімен салыс-
тыра  отырып,  түбегейлі  зерттеуді  қажет  етеді. 
Біздің  қазіргі  мақсатымыз  тек  бұл  мұра  қазақ 
мәдениетінің бір нұсқасы екенін атап өту ғана. 

186                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
Армян  жазуындағы  қыпшақ  ескерткіште-
рінің  ішіндегі  ең  көлемдісі,  әрі  көркем  туын-
дысы  “Дана  Хикар  сөзі”.  Бұл  шығарманы  
С.Ж.  Құдасов  зерттеп,  қазақ  тіліндегі  аударма-
сын  жариялады,  лексикасы,  морфологиясы,  фо-
нетикасына  ғылыми  тұрғыда  талдау  жасады. 
Қазір аталған қыпшақ мұрасы Австрияның Вена 
қаласындағы  мхитаристердің  кітапханасында 
сақтаулы.  Қолжазба –16 беттен, 470 жолдан 
тұрады. Қай жерде, қашан, кім жазғаны жөнінде 
жазылып қалған дерек жоқ. Шығарманың негізгі 
желісі  біздің  дәуірімізге  дейінгі  VІІ  ғасырда 
Ассирияда  дүниеге  келген.  Кейіпкерлері  б.д.д. 
704-680  жылдар  аралығында  патшалық  қүрған  
Синахериб пен Ассирияны билеген Ассергаддон 
патшалар  екен.  Оқиға  осы  патшалардың  ақыл-
ды,  дана  кеңесшісі,  іс  жүргізуші  хатшысы  Хи-
кардың  басынан  кешкендері  арқылы  өрбітіледі. 
С.Ж.  Құдасовтың  көрсетуінше,  бұл  шығарма 
нұсқасы  көптеген  тілдерге  аударылып,  әртүрлі 
зерттеу  нысанына  айналған.  Әсіресе  сюжеттік 
желісі жақсы таңдалып, ондағы ортақ сюжеттер 
әр  тілдегі  аңыздармен,  әңгіме-жырлармен  са-
лыстырыла  зерттелген.  Ең  алғашқы  түпнұсқа 
қай  жерде,  қай  тілде  болған  деген  пікірталас  өз 
шешімін таппағандай. 
Еңбектің арамей  тілінде б.э.д. V ғасырда жа-
зылған нұсқасы ХХ ғасыр басында Элефонтинде 
қазба  жұмысының  нәтижесінде  табылған  екен. 
Сонда  қыпшақ  нұсқасы  аударма  деген  де  пікір 
туады. Тарихи деректерге қарағада, Синаххериб 
пен  Асархаддан  патшалардың  тұсында  Ассирия 
мен  Кимерліктер  арасында  саяси-әлеуметтік  қай-
шылықты  жағдайлар  көп  болған.  Кимериялық-
тармен болған ұзаққа созылған соғыс тек 679 ж. 
бейбіт  тыныс  алған.  Ал  кимериялықтардың  кім 
екені  туралы  И.М.  Дьяконов  “История  Мидии” 
атты  ғылыми  зерттеуінде  парсылар  көшпелі-
лерді  –сақтар  деп,  гректер – скиф,  вавилон-
дықтар – кимерліктер  деп  атағанын  жазған. 
“Ведь  тиграхауда,  что  источник  Геродота  пере-
дал  как  “ортокорибантий” – есть  эпитет  саков. 
Правомерность  такого  обозначения  скифов – 
шкуда  будет  тем  больше,  если  признать,  что 
они,  как  по-видимому,  следует  из  сообщение 
Геродота,-  действительно  пришли  из-за  Волги, 
т.е.  были  племенем  средноазиятского  проис-
хождения”, – дейді ғалым (1956, 251-бет). Стра-
бон  жазбаларында  “саки  завладели  в  Армении 
наилучшей  землей,  которой  оставили  от  своего 
имени  и  назване  Сакесени”, – делінген  (сонда, 
250-бет).  Бұдан  шығатын  қорытынды,  Ассирия 
патшасы Синаххериб 680 жылы өз балаларының 
қолынан  қаза  тапқан  уақытта  Ассирия  жерінде 
кимерліктермен  соғыс  жүріп  жатады.  Кимер-
ліктер үнемі басымдылық танытып отырған. Ал 
кимерліктер – сақтар. Демек, Дана Хикар сөзін-
де кездесетін Синаххериб және Асархаддан пат-
шалар  заманында  түркі  тілдес  сақтармен  арада 
саяси,  әлеуметтік,  экономикалық,  дипломатия-
лық  қарым-қатынастар  болған. “Дана  Хикар” 
сөзінің  жазылу  (көшірілу)  кезеңі  орта  ғасыр 
емес,  одан  әлдеқайда  бұрын  болуы  да  ықти- 
мал.  
“Дана  Хикар”  сөзі  жөнінде  жазған  “Армян 
жазулы  қыпшақ  ескерткіші“  атты  мақаласында 
Шәмшиябану Сәтпаева: “Дана Хикар сөзі” көне 
қыпшақ  тілінің  үлгісінде  сақтаулы,  одан  қа-
зақша көшіріліп, басылуы қазақ тілі мен көркем 
ойлау  тарихын  зерттеуге  де  дәнекерлесетіні 
сөзсіз”, – деген  тұжырым  айтады (“Қазақ 
әдебиеті”, 1996, 16-көкек). 
“Дана Хикар сөзінің” тілі қазақ тіліне жақын 
ғана  емес,  қазақ  тілінің  төл  туындысы.  Сөз 
қолданысы,  фонетикалық  және  грамматикалық 
жағынан  да  көне  қазақ  тілінің  сипатын  та-
нытатын  ескерткіш  деп  бағалауға  әбден  лайық 
туынды.  С.Ж.  Құдасов  жасаған  мәтіннің  транc-
крипциясына  назар  аударып,  әсіресе  ондағы  
сөз  қолданыстары,  тұрақты  тіркестерге  көңіл 
бөлсек,  оңай  көз  жеткізуге  болады: “Услу 
хігариың  сөзү”  есі  ахылы.  Айтқаны  да  өгүтү  кі 
өгүт-лангайлар  адам  оғланлары.  Да  ата  оғлуна 
өгүт  бергей  де  есіне  алғайлар.  Ескі  төре  де 
ханлар  вақтына  Сенекарім  атлы  хан  бар  еді. 
Нінуе  керменнің  да  Асаресданның.  Мен  Хі- 
гар услу 60 йашыда болдум, хатун алдым, оғул, 
хыз  болмалды  маңа.  бардым  теңрім  алнына  де 
көп  түрлу  хурбан  еттім.  Хайтып  чектүм 
алларына  да  айььым,  ей  менім  әйелдерім  де 
теңрілерім 1-нің аты Тілшім еді, 2-інчісінің аты 
Шілім  еді,  үчүн-чүсүнүң  аты  шеһміл  еді,  буй-
руунуз  де  маңа  ер  оғұл  беріңіз,  кі  ошта  хігар 
тірілей өлмійір… ”  
  “Дана  Хикар  сөзі“ – көне  қазақ  тілінде 
жазылған  әдеби  жазба  тілдің  бір  көрінісін 
таныта алар туынды деп бағалауға лайықты. 
Қазақ    мәдениетінің  керегесін  кеңейте  түсе-
тін  жазба  мұрағаттың  бірі – Қадырғали  Қосым-
ұлы  Жалайридың  “Жәми-ат  тауарих”  атты 
зерттеуі  болып  табылады.  ХVІ  ғасырдың  соңы 
мен ХVІІ ғасырдың басында дүниеге келген бұл 
мұраның  қолжазбасы  татардың  белгілі  ғалымы 
И.И.Хальфиннің  қолында  болады  да,  кейін 
Қазан  университетінің  кітапханасына  тапсыры-
лады.  Қолжазба  жөіндегі  алғашқы  мәлімет 
беруші – И.И. Березин.   
Қолжазбаны  терең  зерттеген  қазақ  ғалым-
дары Р.Ғ. Сыздықова, К.Жүнісбекова, А. Жирен-
шин, Т. Қордабаев т.б. шығарманың қазақ тілін-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   187 
 
 
де жазылғанына, оның авторы Жалайыр руынан 
шыққан  Қадырғали  бек  екеніне  ешбір  күмән 
келтірмейді.   
* * * 
В  статье  рассматривается  язык  опубликованных  мате- 
 
 
 
 
 
риалов  старого  казахского  языка    ХІ-ХVІІ  вв.  в  Польше, 
Венгрии, Египте, Кырыме, Подолье.  
* * * 
In article language published materials of old Kazakh 
language with ХІ-ХV  ІІ centuries in Poland, Hungary, Egypt, 
Kyrym, Podolia is considered. 
 
 
 
  
И. А. Самедова 

1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал