Казахский национальный


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН  ТІЛДЕРІНДЕГІ ТЕҢЕУДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет26/53
Дата09.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53

 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН  ТІЛДЕРІНДЕГІ ТЕҢЕУДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
 
Теңеу - адамның рухани дүниесінің аса қуат-
ты  көріністерінің  бірі.  Ең  алдымен  ол  ең  пәр-
менді  ойлау  формаларының  қатарына  жатады. 
Теңеу  таным  құралы  болумен  қатар,  эстетика-
лық  категориялардың  да  бірі  болып  табылады. 
Олай болуы заңды да. Өйткені адамның көркем 
ойлауының,  соған  орай  көркемдік  танымының 
аса  қуатты  құралдарының  бірі - көркем  әде- 
 
 
биетті  теңеулерсіз  көз  алдына  елестету  мүмкін 
емес. Теңеу барлық халықтың фольклорында да, 
жазба әдебиетінде де кеңінен орын алып, әдеби 
персонаждардың  портреттерін  жасауда,  табиғат 
көріністерін  суреттеуде,  кейіпкерлердің  мінез-
құлқын,  іс-әрекеттерін  сипаттауда,  басқа  да 
толып  жатқан  жай-жағдаяттарды  баяндауда 
ұтымды  стильдік  тәсіл  ретінде  мейлінше  мол 

166                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
қолданылады.  Ақын-жазушыны  қинайтын  «сөз 
азабының»  бір  ұшығы  осы  теңеулерге  келіп 
тіреліп  жататыны  анық.  Шығарманың  идеялық 
мазмұнымен ұштасып, оның көркемдік өресімен 
ұласып  жататын,  сәтімен  табылып,  шебер  қию-
ласып  тұратын, «тас  бұлақтың  суындай  сыл-
дырлаған өңкей келісім» дегеніміз шығарманың 
тілі, сол тілдің көркем өрнек, көшелі түйіндері - 
теңеулер.  Мәселен,  әдебиетші  ғалымдар  Абай 
поэзиясының  тілі,  оның  жаңалығы,  көркемдігі 
жайында сөз қозғағанда, оның «Кәркиден пілдей 
қуатына», «Арыстанның  жалындай  бұйра  тол-
қынына», «Піскен  алма  секілді  тәтті  қызына», 
I.Жансүгіровтің «Балға ашытқан қымыздай тәтті 
қызына»,  тұрақты  теңеулердің  моделі  негізінде 
жасалған «Трактордай тепкінді ауыл, Электрдей 
екпінді ауылына», «Паровоздай қайратты ерлер, 
Зеңбіректей  айбатты  ерлеріне»  көңіл  аудармай 
өте  алмаса  керек.  Сондай-ақ  С.Сейфуллиннің 
«Ұялшақ  көркем  келіндей,  Сүюге  тосқан  ерін-
дей,  Албырап  тұрған  қызыл  гүл,  Солды,  қурап 
бұзылып»  секілді  тосын,  тың  теңеуі  де  өзінің 
жаңалық-ерекшелігімен  мен  мұндалап  қол 
бұлғап тұр [1, 7б.]. 
Теңеу  басқа  лингвистикалық  категориялар 
мен  единицалардан  өзінің  логикалық  құры-
лымы,  компаративтік  семантикасы,  стильдік 
функциясы  және  танымдық  мүмкіндігі  арқылы 
өзгешеленіп  тұрады.  Сонымен  қатар  теңеу  тіл-
дің  барлық  деңгейлерімен - фразеологиясымен 
де, сөз тудыру жүйесімен де, синтаксисімен де - 
тікелей қарым-қатынаста өмір сүреді. 
Демек,  теңеу  тілдің  барлық  деңгейлерімен 
тығыз  қарым-қатынаста  өмір  сүретін,  өзінің 
компаративтік  мағынасы  мен  компаративтік 
функциясын сол деңгейлердің көмегімен жүзеге 
асыратын  көпдеңгейлі  (многоуровневый),  күр-
делі тілдік құбылыс болып табылады. 
Теңеулер  туралы  жан-жақты  ғылыми  түсінік 
осы  кітаптың  соңғы  сөзі  ретіңде  беріліп  отырған 
профессор  Т.  Қоңыровтың  зерттеуінде  толық 
баяндалады.  
Белгілі  бір  халықтың  көркем  әдебиеті  басқа 
халықтардың  әдебиетінен,  ең  алдымен,  өзінің 
образдар  жүйесімен,  сөз  бейнелеу  тәсілдерімен 
ерекшеленеді.  Әдебиеттегі  образдар  жүйесі 
және  сөз  бейнелеу  тәсілдері - ұлттық  харак-
тердің  ең  басты  көрсеткіштері.  Бұларсыз  ешбір 
ұлт әдебиеті өмір сүре алмайды.  
Сонымен,  теңеу - көркем  ойлаудың  ұлттық 
ерекшеліктері  жинақталған,  дүниетанымының 
ұлттық  өзгешеліктері  бас  қосқан  категориялар-
дың  бірі.  Сондықтан  да  теңеуді  таным  құралы 
ретінде философияда, стильдік әдіс ретінде әде-
биеттану  ғылымында,  тілдің  бейнелі  конструк-
циясы  ретінде  тіл  білімінде  зерттейді.  Теңеуді 
бұлайша  жан-жақты  зерттеп,  оның  логикалық, 
эстетикалық,  лингвистикалық  табиғатын  егжей-
тегжейлі  сипаттау  орыс  ғылымында  да,  европа 
халықтарының  ғылымында  да  бірсыдырғы  дұ-
рыс  жолға  қойылған.  Л.И.  Тимофеевтің  «Әде-
биет  теориясының  негіздері»  жөніндегі  оқулы-
ғында  теңеу  былайша  сипатталады: «Екі  құбы-
лысты  бір-біріне  жанастыра  отырып,  біреуінің 
қосалқы  белгілері  арқылы  екіншісін  сипаттай-
тын  троптың  ең  қарапайым,  ең  алғашқы  түрі 
теңеу болып табылады». Ал И.В. Гутаров теңеу-
ге мынадай анықтама береді: «Теңеу дегеніміз - 
суреттеуді  неғүрлым  көрнекі  ету  мақсатымен 
бір  затты,  үғымды  күйі  басқа  бір  заттармен, 
үғымдармен салыстыруға негізделген көркемдеу 
тәсілі». Тілдің бейнелеу тәсілдерінің семантика-
сын  зерттеуші  орыс  ғалымы  А.И.  Федоров 
теңеудің  бейнелілік  мәні  туралы  былай  дейді: 
«Теңеудің  бейнелілік  мәнісі  бір-біріне  жақын 
немесе  біртектес  белгілері  бар  екі  немесе  одан 
да  көп  затты,  кұбылысты,  әрекетті,  сапаны  са-
лыстыруға  негізделеді». «Түр-түсі,  қасиеті  мен 
мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас қүбылыстар-
ды  біріне-бірін  тікелей  салыстыруды  теңеу 
дейді» - деген  анықтама  береді  А.Т.  Рубайло. 
Мәселен,  Л.И.  Тимофеев  теңеудің  екі  шегі  бо-
лып  келетінін  атап  көрсетсе,  Б.В.  Томашевский 
оның  үш  мүшелі  болатынын  дәлелдейді,  те-
ңеудің  семантикалық  структурасының  үш  мү-
шелі болатынын теңеуді лингвистикалық түрғы-
дан  зерттеушілер  де  қостайды.  Ағылшын  тілін-
дегі  теңеулік  конструкцияларды  зерттеуші  
С.М.  Мезенин  тілдің  кез  келген  бейнелі  тә-
сілдерінің,  соның  ішінде  теңеудің,  семантика-
лық  структурасының  үш  компоненттен  тұра-
тынын атап көрсетеді. Олар: 1) теңеудің агенті, 
2)  теңеудің  референті,  3)  теңеудің  модулі.  Ло-
гика  ғылымында  да  теңеу  категориясының  бар 
екені  белгілі.  Рас,  логикадағы  теңеу  мен  тілдегі 
теңеу бір емес. Ондағы теңеу категориясы ойлау 
заңдылықтарына  байланысты  болғандық-ан, 
оның  мазмұны  мен  өмір  сүру  формасы  тілдегі 
теңеу  категориясынан,  әрине,  басқа.  Әйтсе  де 
тіл  мен  ойлау  бір-бірімен  тығыз  органикалық 
бірлікте  өмір  сүретіндіктен,  бұлардағы  теңеу 
категорияларының  жалпы  структуралары  бір-
біріне  ұқсас  болады.  Сол  себепті  логикалық  те-
ңеу де үш элементтен тұрады. «Теңеу (латынша 
-  соmparito)  формалды  логиканың  категориясы 
ретінде  үш  элементтің  болуын  қажет  етеді. 
Олар: 
а) сипаттауды  қажет  ететін  ұғым  (соmpan-
dum); 
ә) сипаттаушы ұғым (соmpatum); 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   167 
 
 
б) екі  ұғымның  арасында  «көпір»  қызметін 
атқаратын байланыстырушы элемент. 
Жаңадан танылған және бұрыннан танылған 
нәрселердің арасындағы бұл ортақ нәрсе латын-
ша  tertum comparaitions  деп,  яғни  салысты-
рылған  екі  ұғымның  арасындағы  үшінші  теңеу, 
үшінші өлшем деп аталады» [1, 13б.]. 
М.Б.Крепс  те  теңеудің  үш  мүшелі  бола-
тынын  атап  көрсетіп,  ол  мүшелерді  өз  тер-
миндерімен атайды. Олар: сипатталушы мүше 
«тема»,  сипаттаушы  мүше - «рема»,  салыс-
тыруга  негіз  болган  белгі - «теңеудіц  негізі». 
Осы  үш  мүшенің  бірлігінен  келіп  теңеудің 
семантикалық  структурасы  шығады.  Қазақ 
филологиясында  бұл  мәселенің  мүлдем  беті 
ашылмағаны  белгілі.  Соған  орай,  теңеу  мүше-
леріне берілген атаулар да жоқ, яғни қазақ тілін-
де ол мүшелерді белгілейтін ғылыми терминдер 
жоқ.  Біз  жоғарыда  теңеу  мүшелеріне  байла-
нысты терминдердің бірнеше тобымен танысып 
өттік.  Осылардың  ішінде,  біздіңше,  көкейге 
қонымдылары, тілге жеңілдері, теңеу мүшелері-
нің  семантикалық  табиғатын  барынша  ашып 
көрсететіндері    -  Б.В.  Томашевскийдің  термин-
дері.  Сол  себепті  де  қазақ  теңеу-нің  семантика-
лық  структурасы  үшін  Б.В.  Томашевскийдің 
терминдерін  қолданған  дұрыс.  Сонымен,  қазақ 
теңеулерінің  семантикалық  структурасын  белгі-
леу үшін Б.В. Томашевскийдің терминін қабыл-
дап,  соған  орай  қазақ  теңеуінің  мүшелерін  бы-
лайша  атаймыз: 1) теңеудің  сипатталушы  мү-
шесі немесе теңеудің  предметі, 2) теңеудің си-
паттаушы  мүшесі  немесе  теңеудің  образы,  
3)  предмет  пен  образға  ортақ  қасиет  немесе 
теңеудің  белгісі. 
Біздің  теңеулер  жөніндегі  бұдан  былайғы 
баяндауымыздың барлығында да осы терминдер 
қолданылады. 
"Тіл - халықтың  бүгінгі  ғана  тағдыры  емес, 
ертеңгі  де  тағдыры"  деп  Б.Момышұлы  айт-
қандай,  тіл  халықпен  бірге  жасасып  отырады. 
Тілді  дамытып,  көркемдік,  бейнелілік  сапасын 
күшейтіп  отыратын  әр  халықтың  көркем  сөз 
шеберлері  болады.  Олар  бейнелеу  тәсілдері 
арқылы көркем әдебиетте өз іздерін қалдырады. 
Осындай  бейнелеу  тәсілдерінің  бірі  теңеусіз 
бірде-бір  прозалық  не  поэзиялық  шығарманы 
кездестіре  алмайсыз.  Теңеу  көркем  әдебиетте 
айтылған  ойдың  эмоциональды-эксперссивтік 
әсерін  күшейтіп,  эстетикалық  сипатын  нәрлен-
діреді.  Теңеу  образыңда  қолданылған  сөздерге 
қарап,  әр  халықтың  тарихы  мен  мәдениетінен 
мағлұмат алуға болады [1, 9б.]. 
Қазақтың  белгілі  филолог  ғалымы  Т.Қоңыров 
теңеулердің  көркем  әдебиеттегі  орнын  анықтай 
келе,  оларды  таным  құралы  ретінде  филосо-
фияда,  стильдік  әдіс  ретінде  тіл  білімінде  зерт-
тейтінін  айта  келіп,  мынадай  айқын,  анық,  тұ-
жырымды  анықтама  береді: "Теңеу  дегеніміз - 
ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші 
затқа  салыстыру  арқылы  сипатталушы  нәрсенің 
бейнелілік, көркемдік, эмоциональды-экспрессив-
тік  сапасын  күшейтетін,  сол  нәрсені  жаңа  қы-
рынан,  поэтикалық  қырынан  танытатын  әрі 
стильдік тәсіл, әрі таным құралы". 
Қазақ теңеулерінің грамматикалық табиғаты 
жөнінде  пікірлер  (зерттеулер)  жоқтың  қасы. 
Дегенмен кейбір оқулықтар мен монографиялық 
зерттеулерде  белгілі  бір  ақын-жазушының  шы-
ғармаларындағы теңеулер және олардың жасалу 
тәсілі  жөнінде  айтқан  бірлі-жарым  пікірлер  де 
жоқ  емес.  Мәселен,  қазақ  теңеулерінің  жасалу 
тәсілдері  жөнінде  академик  Қ.Жұмалиев  былай 
деді: «Орыс тіліндегі теңеулер «как, так, то что, 
будто,  подобно,  что»  арқылы  жасалынатыны 
тәрізді,  қазақта  да  кейбір  теңеулер  «секілді» 
деген  сездер  арқылы  жасалынады.  Бұл  орыс 
тіліндегі  теңеулердің  «будто», «подобно»  деген 
сөздер  арқылы  келетін  теңеулеріне  дәл  келеді. 
Бірақ  орыс  тілінде  теңеулердің  көпшілігі 
творительный  падеж  арқылы  жасалынады.  Бұл 
бізде  жоқ;  Бізде  мұның  орнына  теңеудің  өзіне 
тән белгілі бір  жұрнақтары бар [2, 92б.]. 
Белгісіз  нәрсені  жұртқа  мәлім  белгілі  нәр-
селерге  салыстыру  осы  жұрнақтар  арқылы  
орындалады (-тай-тей, -дай -дей, -дайын, -дейін, 
-ша, -ше, «дай»  жұрнағымен  байланысты    ке-
летін  «мын»).  Немесе  «Теңеулердің  көпшілігі 
зат есімге, есімше,  етістікке жалғанған  -тай   -
тей, -дай      -дей, -ша,-ше    және    -дайын-дейін    
жұрнақтары      арқылы жасалады».   
Қ.Жұмалиевтің  бұл  пікірінен    шығатын  қо-
рытынды    мынау:  қазақ  теңеулерінің  жасалуы-
ның үш түрлі тәсілі бар: бірінші, дай-дей,  -тай-
тей,  
 -дайын-дейін, -тайын-тейін  жұрнақтары  
арқылы, екінші, -ша-ше жұрнағының  көмегімен 
үшінші — секілді,  сияқты,  тәрізді  сөздері. 
Қ.Жұмалиевтің  бұл  пікірлері  негізінен  дұрыс 
болғанымен,  тенеудің  жасалу  тәсілдерін  түгел 
қамти  алмайды.  Қазақ  теңеулерінің  төмендегі-
дей   жолдары   бар:  
1)  -дай-дей, -тай-тей, -дайын-дейін, -
тайын-тейін жұрнақтарының көмегімен;  
2) -ша-ше жұрнағының көмегімен;  
3)  шығыс  септігі  жалғауының  (-нан-нен, -
дан-ден, -тан-тен) көмегімен; 
4)  секілді,  сияқты,  тәрізді  ,іспетті  сөз-
дерінің көмегімен;  
5) бейне сезінің көмегімен; 

168                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
б)  тең сөзінің көмегімен;  
7ұқсас сөзінің көмегімен;  
8)  параллелизм тәсілі көмегімен;  
9)  аралас  тәсілдің  (бейне  және  -дай-дей; 
бейне және секілді) көмегімен; 
10) қосалқы тәсілдер көмегімен; 
Метафора мен теңеудің семантикалық айыр-
машылығы:  теңеуде  бір-бірімен  салыстырылған 
заттар  (образ,  предмет)  әр  уақытта  өздерінің 
тура  мағынасында  қолданылады  да,  ал  мета-
форада предмет тура мағынада, образ келтірінді 
мағынада жұмсалады. [3, 18б.] 
Барлық  қазақ  филологтары  бір  ауыздан 
мойындайтын теңеудің үш тәсілі бар.  Олар:  
1)  -дай-дей, -тай-тей, -дайын-дейін, -
тайын-тейін жұрнақтарының көмегімен;   
2) -ша-ше жұрнағының көмегімен;  
3)  шығыс  септігі  жалғауының  (-нан-нен, -
дан-ден, -тан-тен) көмегімен; 
Осындағы  мысалдардың  конструкциялары 
өздерінің  структуралық  құрылымы  жағынан 
теңеуге  қойылатын  шарттарға  толық  сәйкес 
келеді. Мәселен,  
Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек,  
Көзінен жасы шықса, бойына ем (А.) 
 
Қайғың болар шермен тең, 
Қара көңлің жермен тең (Ә. Т) 
 
Ердің көңілі күнмен тең, 
Ездің көңілі түнмен тең (Ә. Т) 
 
Бұлардың  барлығы  теңеу,  егер  бұлар  мета-
фора  болған  болса,  онда  олардың  «образдары» 
келтірінді мағынада жұмсалған болар еді, ал бұл 
көрсетілген  мысалдардың  барлығының  «образ-
дары»  тура  мағыналарында  жұмсалған. «Әйел 
адам  гүлмен  тең,  дымды  сүймек»  теңеуінің  үш 
элементі  түгелдей  айтылған.  Мұнда  предмет - 
әйел адам, образ - гүл, белгі - дымды сүю. Гүл - 
нәзік  өсімдік,  ол  ерекше  күтімді  қажет  етеді, 
яғни ол ылғи да суарып тұруды керексінеді; әйел 
адамның  жаны  да  нәзік,  ол  қуаныш,  қайғы, 
махаббат, жауыздық тәрізді нәрселерді жанымен 
ұғынып,  жүрегімен  қабылдайды;  оларға  өзгеше 
тебіреніп  ерекше  елтиді;  осы  күшті  сезім  оның 
көзінен  жас  болып  тамшылайды;  демек,  көз 
жасы әйел адамға тән сезім көріністерінің айны-
мас  атрибуты  болып  табылады.  Сонымен  гүлге 
су керек, әйел адамға көз жасы тән. Олай болса, 
гүл  де,  әйел  адам  да  «дымды  сүйеді»,  ендеше 
талданып  отырған  теңеудегі  «дымды  сүймек»-
осы теңеудің белгісі (қасиеті). 
Ағылшын  тіліндегі  теңеулер  негізінен  теңеу 
жасайтын  элементтер  арқылы  құрылады.  Олар 
мыналар: like, as, such as, as if, seem, as though, 
as like, as…as, т.б. 
"The intensification of some feature of the 
concept in question is realized in a device called 
simile. Ordinary comparison and simile must not be 
confused. They represented two diverse processes. 
Comparison means weighing two objects belonging 
to one class of things with the purpose of 
establishing the degree of their sameness or 
difference. To use a simile is to characterize one 
object by bringing it into contact with another 
object belonging to an entirely different class of 
things. Comparison takes into consideration all the 
properties of the two objects, stressing the one that 
is compared. Simile excluded all the properties of 
the two objects expect one which is made common 
to them. [4,р494]. 
Ағылшын  тілінде  теңеулі  сөйлем  мен  жай 
сын есімі бар сөйлем екеуінің құрылым жағынан 
ажырату  күрделі.  Сондықтан  да  жай  салыстыру 
мен  теңеу  шатастырылмауы  қажет.  Салыстыру 
бір  класқа  жататын  екі  заттың  ұқсастығын  не-
месе әртүрлілігінің салмақтығын өлшеу мағына-
сын  береді.  Ал  теңеу  болса,  бір  затты  әсерлеу 
үшін  оны  басқа  бір  класқа  жататын  өзге  бір 
затпен салыстырып, теңейді. Салыстыру екі зат-
тың  барлық  қасиетіне  салыстырылып  отырған 
затқа  екпін  қоя  отырып  қарастырады.  Ал  теңеу 
екі  затқа  ортақ  болған  белгіден  басқа  барлық 
қасиетін  қарастырады.  Мысалы: «Тhе  bоу seems 
tо bе as clever as his mother.»- « Бала өзінің анасы 
сияқты  ақылды  болып  көрінеді », бұл  сөйлем 
құрылымы  жағынан  теңеуі  бар  сөйлемге  ұқсас, 
бірақ бұл жай ғана салыстыру. Өйткені бала да, 
ана да заттың бір ғана «адамзат» типіне жатады. 
Және  де  ұқсастықты  табуда  тек  сапасына  екпін 
түсірілген.  Бірақ  мына  мысалда, « Maidens, like 
moths, are ever caught by glare.» 
Бұл  таза  теңеу,  өйткені “Maidens” қыздар 
және “Moths” көбелектер әртүрлі класқа жатады, 
сондықтан Байрон сөйлемді тартымды, әрі әсерлі 
ету  үшін (Maiden) қыз  теңеу  концептісінен 
(Moth) көбелектен тауып отыр.  
 Similes forcibly set one object against another 
regardless of the fact that they may be completely 
alien to each other. And without our being aware of 
it, the simile gives rise to a new understanding of the 
object characterizing as well as of the object 
characterized [4,р 495]. 
Яғни теңеу бір затты екінші бір затқа, олар-
дың  толық  жат  екеніне  қарамастан  бір-біріне 
күштеп  сипатталады.  Және  ол  туралы  біздін 
қанша толық, жақсы білгенімізбен, теңеу ол зат-
тың  сипаттауының  жаңа  бір  қырынан  әсерлеп, 
бейнелеп береді. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   169 
 
 
Заттың  жекеменшігі  әртүрлі  көзқарастармен 
көрінуі  мүмкін,  мысалы:  өзінің  іс-әрекетімен, 
өзінің орнымен, мінез-құлқымен т.с.с. Ағылшын 
тілінде  теңеу  сын  есімді  толықтауышпен,  пы-
сықтауышпен, етістікті баяндауышпен және бас-
қа  сөйлем  мүшелерімен  қүрылуы  мүмкін.  Осы 
теңеулерді  көрсеткен  көптеген  ағылшын  тілінде 
жазылған  шығармалардан  алынған  стилистика-
лық құрылымдарды қарастырып көрейік. 
“His mind was restless but it worked persely and 
thoughts jerked through his brain like the misfiring of 
a defective carburettor” (S. Maugham)  
Өзінің  қолданысымен  бұл  теңеудің  құры-
лымы  өте  қызық.  Оны  тексеріп  қарастырып  ке-
рейік.  «jerked»  (итеру,  бірден  тарту)  «thoughts» 
(ой,  ақыл)  сөзімен  тіркесіп  метафора  кұрайды. 
Оны «like the misfiring of a defective carburettor» 
(бұзылған  карбюратордьң  сым-тетіктері  сияқты) 
сөз тіркесі теңеу етеді, ал бұндағы «to jerk » сөзі 
өзінің  тура  логикалық  мағынасында  тұр.  Бір 
сөзбен  айтқанда,  оның  іс-қимылы  теңеу  мағы-
налары арқылы суреттелді. Келесі мысал: 
“It was that moment of the year when the 
countryside seems to faint from its own loveliness, 
from the intoxication pof its scents and sounds” 
Жартысы  метафорадан  тұратын  бұл  теңеулі 
сөйлем.  Егер  «seems»  кұрылымдық  сөзі  болма-
ғанда,  біз  оны  метафора  дер  едік.  Шынында  да, 
егер  біз  «seems»  сөзін  тастап,  «the countryide to 
faint from.» деп  айтсақ,  онда  басты  сөз  «faintі» 
(есінен  тану)  метафораға  айналар  еді.  Бірақ  
 
 
 
 
 
“seems”  сөзі  әлсіз,  жабырқау,  іс-әрекетсіздік 
түсінігінен  өзгеше  тұрады.  «faint»  сөзі  арқылы 
екінші  мүше,  адамзат  мағынасы  ойға  келтірілсе 
ғана, ол теңеу болады. 
Теңеу құрайтын «sеет» және «as if» элемент-
терінің  семантикалық  табиғатының  ұқсастығы 
бір-бірінен  алыстау  беріледі. «lіке»  және  «аs» 
байланыстырушылары  да  әртүрлі.  Бұлар  кате-
гориялық  және  іс-әрекетте  екі  заттың  ортасын-
дағы ұқсастықты тіпті ашық негіздейді. 
Кейде  теңеу  кұраушы «lіке»  элементі  өзіне 
қоса отырып сөз тіркесінің соңында орналасады 
және жартылай суффикс болады, мысалы: 
«Emily Barton was very pink, very Dresden- 
china- shepherdess». 
Жай  образды  тілде,  ол  келесі  қалыпты  алар 
еді: «Emily Barton was very pink, and looked like a 
Dresden-china- shepherdness» [5, р 28]. 
________________ 
1.  Қоңыров  Т.  Қазақ  теңеулері. – Алматы : Мектеп, 
1987. – 192б.  
2.  Аханов  К.  Қазақ  тілі  лексикасының  мәселелері. – 
Алматы: Мектеп, 1988. -92б. 
3. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қол-
данылуы.- Алматы: Мектеп, 1996. - 18б. 
4. Encyclopedia International, 1981, p.494 
5.An outline of English lexicology .Leonhard  Lipka Max 
Niemeyer: Verlag Tubingen.1990. –р.28 
* * *
 
В  настоящей  статье  анализируются  пути  создания 
сравнений в казахском и английском языках.  
* * *
 
The article  is concerned with structure of
 the making the
 
simile
 in English and Kazakh languages. 
 
 
 
 
 
Ы. Палтөре 
 
АБАЙДЫҢ «АБРАЛЫҒА» АТТЫ ӨЛЕҢІНІҢ МӘТІНІНЕ  
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 
 
 
Абай  Құнанбайұлының 1876 жылы  «Абра-
лыға»  деген  атпен  шығарған  өлеңі  халық  ара-
сында  көп  жағдайда  «Мен  жасымнан  көп  көр-
дім»  деген  өлең  шумағының  алғашқы  жолымен 
де кеңінен танылған. Өлеңнің құрылысы шағын, 
тармақ  саны  әр  түрлі  буынды 22 тармақтан, 3 
шумақтан тұрады. Бұл «...өлең  алғаш  рет  ақын-
ның 1933 жылы Қызылордада жарық көрген то-
лық  жинағында  жарияланған.  Өлең  басылым-
дарында  ешқандай  текстологиялық  өзгерістер 
кездеспейді» [1, 405-б.].   
Бұл  өлең  хакім  Абайдың  шығармашылы-
ғындағы «Көкбайға», «Күлембайға», «Дүтбайға»  
 
 
деген  сияқты  жеке  адамдарға  арнап  шығарған 
өлеңдер  қатарына  жатады.  Дей  тұрғанмен  мұн-
дай өлеңдердің астарынан сол кездегі қоғамдық 
проблеманы  көреміз.  Абай  Құнанбайұлы  кей 
өлеңдерін  сатиралық  бағытқа  жазуға  мәжбүр 
болған. Басқаша айтқанда, бір кісіге арнап, оның 
бойындағы  кемшіліктерді  өлең  шумақтарына 
арқау етіп, өзі өмір сүрген қоғамдағы жағымсыз, 
нәрселерге, құбылыстарға жалпы бұқара халық-
тың назарын аударып, оларға бой алдырмаудың 
маңыздылығын  көрсету  мақсатында  жеке  адам-
дардың  атын  атап  өлең  шығарған.  Сондықтан 
өлең  арналған  кісілер  мен  Абай  арасында  жеке 

170                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
адами  қарым-қатынастың  қаншалықты  болғаны 
жайында  айтудың  не  ол  жайында  іздестірудің 
ешбір  маңыздылығы  жоқ.  Міне  сондықтан  біз 
бұл  мәселеге  тоқталмай,  бірден  «Абралыға» 
яғни, «Мен жасымнан көп көрдім» деген өлеңге 
көшейік.  
Аталған  өлеңді  Абай  Құнанбайұлы  отыз 
жасынан асқан шағында, нағыз жігіттік шағында 
жазған.  Бұл  өлеңге  кезінде  М.  Бейсембаев: 
«...Абралы  оқымаған,  сауатсыз  адам  болса 
керек.  Сонысына  қарамай  ораза-намаздан  қал-
май,  құдайға  бар  ықыласымен  құлшылық  етеді 
екен.  Бірақ  намаз  аяттарын  дұрыс  жаттап  алуға 
әрекет  жасамаған.  Абай  Абралыны  әжуалау 
арқылы  дін  жолын  ұстанған  дүмшелерді  сынға 
алған» [1, 689-б.] - деген  қысқаша  түсініктеме 
берген екен. Мұнан басқа бұл өлеңнің «қираәт», 
«нәпіл», «намазшам», «жер ұшық», «еннатайына 
кәлкәусар»  деген  сияқты  жекелеген  сөздеріне 
шағын  түсініктеме  берілгенімен,  жалпы  көтер-
ген  тақырыбына  сай  өлең  мәтініне  арнап  ислам 
дінінің  құлшылық  талаптарымен  ұштастырыл-
ған  түсініктеме  берілмейді.  Сондықтан  да  бұл 
өлең  лингвистикалық  тұрғыдан  талдауды  қажет 
етеді.   
Абайдың  әкесі  Құнанбай  исламның  бес 
іргетасы  саналатын  қажылық  міндетін  атқарып, 
аман-есен  елге  оралған  соң  «Құнанбай  қажы» 
атанып,  қысы-жазы  молда  жалдап,  ауылына,  өз 
балаларына  діни  сауаттылықты  үйретеді.  Бұл 
ісін  замандасы  Қуанышбай  ақын  өлеңге  қосып, 
«Кешегі  елден  озған  біздің  қажы,  молда  алып, 
дін  үйретті  қысы-жазы»  деп [2, 10-б.] - дін 
таратудағы  әрекетін  құптап,  жұртқа  дәріптейді. 
Абай  да  жастайынан  әкесі  жалдаған  дін  молда-
сынан  үй  жағдайында  алғаш  діни  дәрісті  он 
жасынан  алып,  ал  он  үш  жасында  Семейдегі 
Ахмет-Ризаның  медресесінде  діни  білімін  шың-
дай түскені, сол жерде араб-парсы тілдерін мең-
гергендігі  барша  абайтанушылар  мен  Абай 
жайында  қалам  тартқан  зиялылар  арасында  дау 
туғызбайды.  Бірақ  өкінішке  орай,  әлі  күнге 
дейін  Абайдың  діни  көзқарасы,  дүниетанымы 
нақтыланбай,  әрі  абайтанушылар  арасында  бір-
ізділік  негізінде  танылмай  отырғаны  (Абайдың 
алғашқы  дүниетанымы  ислам  заңдылықтары 
негізінде  қалыптасқанмен, «Құран  дүниета-
нымы – Абай  дүниетанымының  темірқазығы» 
ретінде  таныла  алмай  отырғаны)  өз  алдына 
ауқымды әрі өзекті тақырып.  
Қалай десек те, ХІХ ғасырдың орта шенінде 
дүниеге  келген  Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы-
ның  кезінде  қоғамдағы  әлеуметтік,  діни  қал-
ахуал  қарбаласып  жатқаны  рас.  Сондықтан  бо-
лар,  Абай  Құнанбайұлы  шығармаларының  бір-
қатарын  Құран  түсініктерімен,  ислам  дүниета-
нымымен  байланыстырды.  Ұлы  ақын  шығарма-
ларында кездесетін мұндай діни сарынның себе-
бін  абайтанушы  ғалым,  профессор  М.Мырзах-
метов: «...қазақ  халқының  рухани  дүниесінде 
ХІХ  ғасырда  ислам  діні  кең  өріс  алған  кезеңде 
болашақ  ұлы  ақын  аулында  мектеп-медреседе 
оқып,  алғашқы  дүниетанымының  қалыптасу 
кезеңі тұс келді...», – [3, 174-б.] деп түсіндіреді. 
Ал  академик-ғалым,  классик-жазушы  Мұхтар 
Әуезов  кезінде: «...Молдалар  мен  ишандардың 
діни  фанатизмін,  екіжүзділігін,  пайдакүнемді-
лігін  сынай  отырып,  Абай  бірсыпыра  өлеңде-
рінде,  әсіресе,  Қара  сөздерінде  дінді  жақтады. 
Дидактикалық  өлеңдеріндегі  насихатының  бір-
қатарын  Абай  ислам  заңдарымен  дәлелдеді» [1, 
16-б.]  деген болатын. 
М.  Әуезов  айтқан  Абайдың  ислам  заңдары-
мен  дәлелденетін  өлеңдерінің  бірі  біз  сөз  етіп 
отырған,  осы  «Абралыға»,  яғни, «Мен  жасым-
нан  көп  көрдім»  деп  басталатын  өлеңі  деуге 
толық  негіз  бар.  Себебі,  бұл  өлеңде  ислам  па-
рыздарының бірі – намаз жайлы мәселе көтеріл-
ген.  Сондай-ақ  «Еннатайына  кәлкәусар»  деп 
басталатын  Құрандағы  «Кәусар»  сүресінің  ал-
ғашқы аяты да арабша (түпнұсқа қалпында) осы 
өлең жолдарының бір тармағы ретінде берілген. 
Ақын  біз  сөз  етіп  отырған  өлең  жолдарын: 
«Мен жасымнан көп көрдім, / Мұсылманды, кә-
пірді.  Абралыдай  көрмедім, / Намаз  білмес  па-
қырды»-деп  бастайды.  Осы  өлең  жолдарында 
«мұсылман», «кәпір», «намаз»  және  «пақыр» 
сөздері  діни  терминдер  ретінде  берілген.  Бұл 
сөздерге  жеке-жеке  тоқталсақ, «мұсылман» сөзі 
араб  тіліндегі  «син,  ләм  және  мим»  дауыссыз 
дыбыстарына  құралған    қазақ  тілінде  «мойын-
сұну, бағыну, мойындау, ислам дініне кіру, басы 
амандықта  болу»  деген  мағыналарды  қамтитын 
«муслим
ун
»  сөзінен  жасалған.  Бұл  сөздің  діни 
терминдік  мағынасы  «мойынсұнушы,  бағыну-
шы,  ислам  дінін  қабылдап,  оның  ереже-қағи-
даларын  мойындаушы,  заңдылықтары  мен  та-
лаптарына  бағынушы»  деген  мағыналарды  біл-
діреді.  
Н.Д.  Оңдасынов  «Арабша  қазақша  түсіндір-
ме сөздік» (қазақ тіліндегі араб сөздері) атты ең-
бегінің 2-томында: «мүслім – 1) діни,  ислам  ді-
нін  қабылдаған  адам: 2) мұсылман»  деп  түсін-
діре  келе  Абай  шығармасынан  «Өзіңді  оның 
құлы біліп, өзіңе мүсілім ат қойып...» деген сөзін 
үзінді ретінде келтіре отырып «мүсілім. Ислам – 
«бағынған», «көнген» («құдайдың  құдіретіне 
бағынған»  мағынасында)  деген  сөз. «Мүсілім» 
сөзінің  мағынасы  да  осы. «Мұсылман»  атауы 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   171 
 
 
«мүсілім» сөзінен шыққан (М.Ысқақов)» [4, 146-
б.] деген түсініктеме берілген.   
Осы  «мұсылман»  сөзі  Абай  шығармасында 
«зат есім ретінде 18 рет жеке түрде қолданылса, 
-дық жұрнағы жалғану арқылы «мұсылмандық» 
түріндегі зат есім ретінде 2 рет» [1, 689-б.] кез-
деседі. Дəл осы мағынаны беретін, «мүмин» сөзі 
де  Абай  шығармаларында 3 рет  қолданыс  тап-
қан.  Бұл  араб  тіліндегі  «Əлиф,  мим  жəне  нун» 
дауыссыз  дыбыстарына  құралып,  қазақ  тілінде 
«сену, иман келтіру» деген мағыналарды беретін 
негізгі  етіс  есімше  түріндегі  сөз.  Қазақ  тілінде 
фонеткикалық  өзгеріске  ұшырамай  сол  қал-
пында  дінге  байланысты  термин  ретінде  енген. 
Абай қолданысында да осы араб тіліндегі мағы-
насы сақталған.  
Осы  тұста  «мұсылман»  жəне  «мүмин»  сөз-
дері  сырт  қарағанда  бір-біріне  синоним  ретінде 
қолданыла  бергенімен  ішкі  мағынасында  кейде 
бір-біріне  синоним  ретінде  қолдануға  болмай-
тын  кездері  де  Құран  аяттарын  тəпсірлеуде 
басты назарға алынатындығын айта кеткен жөн. 
Себебі, бұл екі сөз ислам дініне немесе адамның 
сеніміне,  иманына  қатысты  айтылуына  қарай 
бір-бірінен  ерекшеленеді.  Мысалы  егер  ислам 
сөзі  мен  иман  сөзі  бір  мəтінде  кездессе,  онда 
ислам  мұсылмандықтың  сыртқы  іс-əрекетін 
көрсетеді.  Ал  иман  оның  ішкі  сенім-нанымын 
білдіреді. Бұл туралы Құранда «Хужурат» сүре-
сінің 14-ші аятында:  

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет