Казахский национальный



жүктеу 5.08 Kb.

бет19/53
Дата09.01.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53

). Чарли Чаплин – зна-
менитый  актер,  и  упоминание  рядом  с  его 
именем  фамилии  политика  в  альтернативном 
значении  указывает  на  некоторую  тождествен-
ность их ролей.  
Наиболее  ярко  гендерная  оппозиция  «муж-
ское – женское»  относительно  к  политику  как 
мужчине  наблюдается  в  таких  примерах,  как: 
Украинцам  все-таки  с  ней  (Тимошенко)    по-
везло.  Жаль,  что  Жириновский – не  симпа-
тичная  дама...  (Комсомольская  правда 2007, 
09/28).  Мы  видим,  что  через  прием  отрицания 
утверждается,  что  В.  Жириновский – мужчина. 
Ценителями  женщин  могут  быть  только 
мужчины, таким образом, в следующем примере 
автор  показывает,  что  политик  соответствует 
своей  гендерной  принадлежности:  Ну,  Жири-
новский  у  нас  ценитель  женщин / да  (НКРЯ 
«Общественное мнение», 2004). 
Один  из  известных  персонажей  русских 
анекдотов – это  Вова,  в  разных  ситуациях 
представленный  в  виде  маленького  наивного 
мальчика,  каждый  раз  случайно  открывающего 
всем  правду  о    проделках  взрослых,  и  этот 
прецедентный  сюжет  обыгрывается  в  данном 
примере:  А  вот  если  где-нибудь  будет  под-
растать  маленький  клонированный  Вова
возникнет  шанс  обеспечить  преемственность 
руководства  и  тем  самым  спасти  идеи  либе-
ральной  демократии  для  России  (
http://www. 
aif.ru/society/article/33003
).  В.  Жириновский – 
это  маленький  Вова,  через  имя  собственное, 
принадлежащее  только  мужчинам,  показана 
принадлежность политика к мужскому полу. 
Мы  рассмотрели  статьи  СМИ,  в  которых 
был  представлен  образ  В.  Жириновского  в  ген-
дерном аспекте. Выявленные определения отно-
сительно  его  личности  доказывают,  что  образ 
политика  в  материалах  СМИ  представлен  как 
образ  мужчины,  что  соответствует  его  био-
логической  сущности:  мужчина,  господин, 
мистер,  вождь,  актер,  Вова,  лидер  и  другие
Нужно  не  забывать,  что  «язык  не  просто  отра-
жает существующую в языке гендерную диффе-
ренциацию,  но  и  непосредственно  реконструи-
рует  гендерные  различия» [4, с.15].  В  своем 
исследовании  мы  попытались  продемонстриро-
вать,  как  отражается  в  текстах  СМИ  образ 
мужчины-политика и как проявляется гендерная 
дифференциация в языке. 
_______________
 
1.  Шепель В.М.  Имиджелогия.  М.:  Народное  образо-
вание, 2002. – 473 с. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   123 
 
 
2.  Словарь  иностранных  слов  и  выражений / Авт.-
сост. Е.С. Зенович. – М.: Астрель, 2008. – 778 с. 
3.  Гринберг  Т.Э.  Образ  страны  или  имидж  государ-
ства:  поиск  конструктивной модели. 
Выпуск  № 2. 2008 г.
 
[Электронный  ресурс]. URL: http://pravo33.wordpress.com 
(дата обращения 20.04.2011). 
4.  Сабитова  З.К.  Гендерная  оппозиция  в  языке:  учеб-
ное пособие. Алматы: Қазақ универститеті, 2007. – 157 с.  
 
 
5.  Почепцов  Г.Г.  Имиджелогия. – М.:Рефл-бук;  Киев: 
Ваклер, 2001. – 698 с. 
6.  Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь рус-
ского языка. – М.: Наука, 2005. 
7.  Захаренко  Е.Н.,  Комарова  Л.Н.,  Нечаева  И.В.  Новый 
словарь иностранных слов: 25 000 слов и словосочетаний. 
Электронный  ресурс: 
http://www.slovari.ru/default.aspx?s

0&p=232. 
 
  
 
 
Ғ. Қ. Иманалиева 
 
ЭКСПРЕССИВТІ ЭМОЦИОНАЛДЫ СӨЙЛЕМДЕРДЕГІ  
ОДАҒАЙЛАРДЫҢ   ҚЫЗМЕТІ 
 
 
Эмоцияның туу себебінің өзі сыртқы дүние-
нің  субъектіге  тигізетін  әсері  болып  табылады. 
Сол  әсердің  нәтижесінде  субъект  күледі,  ашу-
ланады,  ызаланады,  ләззат  алады  немесе  там-
санады.  Осы  әсерлердің  негізінде  адамдардың 
түрлі  дыбыстар  шығаруынан  пайда  болған  сөз-
дер  тобына  қазіргі  қазақ  тілінде  одағайлар  деп 
танылып жүрген сөздердің негізгі бөлігі жатады. 
А.  Байтұрсынұлы  одағайлар  жөнінде: «Кей 
сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады. 
Мәселен,  апырым-ай,  шошып  кеттім  ғой.  Ай-
қай-қай! Жаным жаңа райыс тапты ғой. Ай-қай! 
Менің  өз  үйім,  кең  сарайым  боз  үйім.  Әлди-
әлди!  Ақ  бөпем.  Пай-пай!  Қалай  аяңдайды? ... 
Осылай  айтылатын  сөздерді  одағай  сөздер  дей-
міз.  Одағай  сөздер  қазақ  тілінде  көп.  Қуаныш, 
реніш,  күйініш,  уайым,  қайғы  жан  күйзелгенде, 
тән  күйзелгенде,  жан  рахат  тапқанда  шығатын 
дыбыстар,  дауыстар,  айтылатын  сөздер», - деп 
жазады [1, 168].  
Одағайлар  негізінен  түрленбейтін  сөз  табы. 
Олардың  өздеріне  ғана  тән  жұрнақтары  жоқ. 
Олар субстантивтенген кезде болмаса жалғауды 
да  көп  қабылдамайды.  Одағайлардың  лекси-
калық  мағынасы  субстантивтенген  кезде  ай-
қындалады. Мысалы,  
Әне Бәзікен тағы да өзінің белгілі көйгөйіне 
басты (С. Мұратбеков). 
Кейбір  одағайларларға  -ла/-ле; -шыл/-шіл 
жұрнақтары жалғанады. Мысалы, 
Сатан ауылда біраз жатты. Жатқан құрлы 
жаны  шықты.  Ауылдың  «аһлауы», «уһлеуі», 
өсегі, «келіп  қалыптысы»  көңілін  көтертпек 
түгілі ауруға айналдырды (І. Жансүгіров). 
Ай жарық. Таң ұзақ. Келіншекте ұйқы жоқ. 
Төсекте  әлденеше  аунап,  төңбекшиді.  Анда-
санда уһлейді (І. Жансүгіров). 
 
 
 
Осы  сәт  жолды  көлденең  кесіп  өткен  арық 
кездесіп  қап,  Көкбай  қолын  еріксіз  тартып 
алып,  машина  жүрісін  кілт  баяулатқан, 
арттарынан  ілескен  қалың  шаң  лап  етіп  кеп 
өздерін  басып  қалды.  Екеуі  де  өмірінде  мұндай 
шаң  көрмегендей  «Фу-фу-ласып»  біразға  дейін 
өп-өтірік  пысқырынып-түшкірінумен  болды  
(С. Мұратбеков). 
Келтірілген  мысалдағы  «Фу-фу-ласып»  тіл-
дік  бірлігінде  одағайға  -ла ; -с; -ып  жұрнақта-
рының жалғануы қалың шаң қапқан екі адамның 
қимылын  ортақ  етіс  формасында  беріп  қана 
тұрған  жоқ,  сонымен  қатар  айтушының  сол  іс-
әрекетке деген жағымсыз эмоциясын да көрсетіп 
тұр.  Жағымсыз  эмоцияны  көрсетуде  микромә-
тіндегі  одағайдан  басқа  тілдік  бірліктердің 
қызметін  де  жоққа  шығаруға  болмайды.  Мәсе-
лен,  өмірінде  мұндай  шаң  көрмегендей,  өп-өті-
рік пысқырынып-түшкіріну. 
«Қазақ грамматикасында» көңіл күй одағай-
лары  әрі  жағымды,  әрі  жағымысыз  көңіл  күйді 
білдіре  алу  қасиетіне  қарай  іштей  үш  топқа 
бөлініп беріледі.  Жағымды көңіл күйді білдіре-
тін  одағайлардың  қатарында  Алақай!  Ура! (қуа-
ныш,  шаттану).  Һа!  Пах-Пах! (сүйсіну,  таң-
дану),  Оһо! «таңдану)  т.б.  аталады.  Бұл  бөлі-
ністі  шартты  деп  тануға  болады  себебі  тіл 
қолданыста  түрліше  құбылуы,  қолданушының 
мақсатына  қарай  түрлі  мағынада  жұмсалуы 
мүмкін.  Мәселен,  жағымды  эмоцияны,  оның 
ішінде  құптауды,  қолпаштауды,  мадақтауды, 
мақтауды,  рух  көтеруді,  көңілін  көтеруді,  сүй-
сінуді,  разылық  сезімді  білдіру  үшін  қолданы-
лады  деп  есептелінетін  Бәрекелді  одағайы    жа-
ғымсыз  реңкте  де  жұмсалатындығын  көркем 
әдебиеттен  алынған  тілдік  деректер  көрсетіп 
отыр. Мысалы,  
– Бәрекелді, жарқыным... 

124                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
Бұл  профессордың  әлденеден  қатты  түңіл-
ген кезінде ғана аузынан шығар сөз еді. Шарасы 
таусылғанның,  басқа  айтары  қалмағанның 
белгісі (М. Мағауин).  
–  Бәреукелді!..  Бәреукелді... – деді  профес-
сор. – Бұл  айтып  тұрғаның  сөз  емес.  Демігіп, 
иегі мен маңдайына дейін қып-қызыл боп кетті 
(М. Мағауин). 
Одағайлардың  кейбіреуі,  оның  ішінде  ура, 
алақай  одағайлары  адамның  қуанышын,  шат-
тану  сезімін  білдіру  үшін,  яғни  бір  мәнде  ғана 
қолданылады. Мысалы, 
–  Өй,  алақай-ай!  Хат  екен  ғой! (Ж.  Ай-
мауытов). 
Ал енді біреулері қандай  жағдайда, қай кон-
тексте,  қандай  интонациямен  айтылғандығына 
байланысты  түрлі  мәнде  жұмсалады.  Біреуге 
өштескенде,  зіл  көрсеткенде,  кіжінгенде  ай-
тылатын Бәлем! одағайы болашақта істелетін іс-
әрекетті аңсап-армандап, қайтсе де іске асыруды 
көздеп,  алдына  мақсат  қойған  кезде  де 
айтылады.  Бұл  қолданыстағы  Бәлем!  одағайы 
айтушының  көздеген  ойын  жеткізу  мақсатын-
дағы  сөйленісіне  эмоционалды-экспрессивті 
реңк береді. Мысалы, 
Бәлем,  ержетіп  ақша  табайын,  сол  кезде 
болсын! (С. Мұратбеков). 
Бірнеше  мәнде  жұмсалатын  одағайлар  тіл 
білімінде  көп  мәнді  одағайлар  деп  аталады. 
Мәселен, беймәлім адамның кім екенін білу, кей 
жағдайда  оны  қорқыту,  жасқанту  үшін  жұм-
салатын әй одағайы одан басқа да бірнеше түрлі 
мәнде қолданылады. Мысалы, 
 Әй, осы, байға ти дегеннен басқа не оқыт-
ты  дейсің  (С.  Мұратбеков) –мазақ  қылу,  келе-
междеу. 
– Әй, соны қойшы, – деп Халима ернін тыр-
житты (С. Мұратбеков) – менсінбеу, жақтырт-
пау. 
–  Әй, байыңа айтам ғой (С. Мұратбеков) – 
әзілдеу, қорқыту. 
–  Әй, мынаның қорлығы-ай! –- кею. 
Қазақ тіліндегі әй одағайымен келетін әй дер 
әже, қой дер қожа жоқ тұрақты тіркесі тыйым 
болмады, бетімен кетті мағыналарын, ал әй кәпір 
атанбады  тұрақты  тіркесі  жек  көрінішті  бол-
мады, сүйкімі кетпеді мағынасын береді. 
Біреудің  зейінін  аударту  мақсатында  жұм-
салатын  уай  одағайы  да  әр  түрлі  эмоциялық 
реңкті білдіреді. Мысалы, 
Аздан кейін біреу жатып: 
– Уай,  сен Біржаннан  білетінің  болса, айт-
шы! – деді. 
–  Біржанның  «Жаймашуағын»  айтпасам, 
көп білмеуші едім, – деді әнші (Ж. Аймауытов).   
–  Уай,  қойшы!  Сен  марксші  боп  жарыт-
пассың, – деп  төсекте  жатып  Балташ  кекей 
сөйледі (Ж. Аймауытов).  
Басқа сөз таптарымен салыстырғанда одағай 
сөздер  интонацияға,  эмоционалды  құбылмалы-
лыққа  өте  бай.  Кейбір  одағайлар  бір  ғана  ды-
быстан тұрады. Дауысты дыбыстардың ішінде а, 
ә,  и,  о,  ы  дыбыстары  одағай  мәнінде  жұмсала 
алады. Мысалы, 
– И-и... – деді тітіркеніп. Көзін ашса, қарсы 
алдында  Бердібектің  үстіне  бір  елі  түкті  тері 
жабысқан  қалың  қара  еріндері  әлі  тұр  екен  
(М. Мағауин). 
Көп  жағдайда  біреудің  айтқан  сөзін  естімей 
қалған  кезде  немесе  өзін  атаған  кезде  жауап 
түрінде  жұмсалатын  а,  ә  одағайлары  да  көп 
мәнді одағайлардың қатарына кіреді. Мысалы, 
Қолға түскен-ау, ә, ақымақтар... (С. Мұрат-
беков) – ренжу, өкіну. 
Тағы біраз жүргеннен кейін Моторбай мырс 
етіп күліп қойып: – Қуанып кеттің-ау деймін, ә, 
ұрлық  иесінің  табылғанына? – деді  кекесінмен                  
(С. Мұратбеков) – кекету. 
Жиі қолданылатын көпмәнді одағайлар: 
Бәсе, Серікбай ту бие әкеп, пәленбай жәшік 
арақ  алып  соншама  неге  бүлінді  десем,  ішінде 
осындай  бүкпесі  бар  екен  ғой... (М.  Мағауин) – 
көзі жету.  
–  Е,  бәсе, – дейді  шешей  маған  риза  болып 
(М. Мағауин) – риза болу. 
Япыр-ай! Бұл қызды енді қайтсе екен? Көзін 
қайтіп жойса екен? Буындырып өлтірер ме еді? 
(Ж. Аймауытов) – күйіну. 
- Апыр-ай,енді Мәкең сияқты өнерпаз адам-
ның  алдында  ән  айту  да,  домбыра  шерту  де 
қиын (Қ.Жұмаділов) -  қысылу
–  Ойпырмай,  асауға  жүгенсіз  мініп  мына 
Шымырбайдың  баласы  жүрек  жұтқан  екен  
(С. Мұратбеков) – таң қалу. 
Апыр-ай,  жақсы  ән  еді, – деді  Бердібек  
(М. Мағауин) – өкіну, қимау. 
– Тіфу! – деді Едіге жиіркеніп (М. Мағауин) 
– жиіркену. 
Тфу,  ең  оңбаған,  ең  жексұрын  адам  онда  
(С. Мұратбеков) – жек көру, көңілі қалу, түңілу. 
Адам  эмоциясының  түрлі  реңкін  бере  ала-
тын,  яғни  көпмәнділік  қасиетке  одағайлар  сөй-
леу  жағдайы, сөйлемдегі контекст және интона-
ция арқылы ие болады. Көпмәнді одағайлардың 
әрқайсысы  жұмсалу  ыңғайына  қарай  әр  түрлі 
интонациямен  айтылады.  Интонация  сөздің, 
сөйлемнің  неше  алуан  құбыла  айтылуын    қам-
тиды,  бірақ  ол  құбылыстарды  жазба  мәтіндегі 
нұсқада  толық  беру  мүмкін  емес.  Тек  сұраулы, 
лепті  сөйлемдерді  тыныс  белгілері  арқылы 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   125 
 
 
ажырата аламыз. Тілімізде сөйлем түрлері инто-
нация  арқылы  да  жасалады,  интонация  сөздің 
мағынасын  да  өзгертіп  жібереді.  Сондықтан 
интонацияны әрі фонетикалық, әрі морфология-
лық,  әрі  синтаксистік  тұрғыда  тануымыз  керек. 
Төмендегі  екі  сөйлемдегі  ойбай  одағайларының 
интонациялары    бір-біріне  мүлде  ұқсамайтыны 
сөзсіз. 
– Ойбай, ат шешіліп кетті! (І. Жансүгіров) 
  үрейлену. 
–  Ойбай,  мен  жүрейін,  қош,  қалқам!  
(І. Жансүгіров) –  алаңдау, асығу. 
Көпмәнді  ойбай  одағайының  интонациясы 
жайында  «Қазақ  грамматикасында»: «Ойбай! 
одағайы үрку, шошыну мағынасында жұмсалса, 
онда  екпін  бірінші  буынға  қойылады  да,  сөздің 
өзі  жұлып  алғандай,  тез,  жылдам  айтылады. 
Егер  таңырқау,  таңдану  мәнінде  жұмсайтын 
болсақ,  онда  екпінді,  керісінше,  соңғы  буынға 
ауыстырып  соңғы  «а»  дыбысын  мейілінше  со-
зып айтамыз (ой-ба-а-й)» [9, 566]. 
Бір  нәрсені  тыю  үшін  айтылатын  тәйт  ода-
ғайы  зекіру,  жекіру,  жек  көру,  ұнатпау  мағына-
ларын да береді. Мысалы, 
 – Өй, мынаған не болды сонша. Тәйт әрі! – 
деді Әзиев қабағын түйіп (С. Мұратбеков). 
Көңіл  күйге  қатысты  қолданылатын  ода-
ғайлардың  ішінде  А!  О!  Ә!  И!  Ы!  Ай!  Ау!  Аһа! 
Ой!  Пай!  Қап!  Бәсе!  Мә!  Ту!  Түу!  Ыһ!  сияқты 
одағайлар әрі қарай бөлшектеуге келмейін түбір, 
негізгі одағайлар қатарына жатады. Мысалы, 
 Түу,  не  деген  қорқынышты  дыбыс  (С.  Мұ-
ратбеков). 
– Ту, жалмауыз-ақ екенсің ғой, өзің де, – деп 
қарқылдап күлді Сәмбет (С. Мұратбеков). 
– Несі бос сөз. Менің өлейін деп отырғаным 
мынау.  Шай  қайнатып  беруге  де  шамам  келер 
емес, – деді кемпірі. 
–  Ыһ.  Баяғыда  қосыларда  кәрісініп  ең, 
жарамауға  айналдың  ба?..  Кемпір  жауап  қат-
пай самауырды алып шығып кетті (Т. Әбдіков) 
– кекету, мазақ қылу. 
– Ой, екеуі де тоғайдың мәстегі екен. Біздің 
жерді  жерсінбей  өліп  қалады.  Керегі  жоқ, – 
деді  (І.  Жансүгіров)  –  менсінбеу,  көңілі  толмау, 
қарсылық білдіру. 
–  Ай,  осы  ит  асау  ит  қой  деймін! – деді 
Жексенбек (І. Жансүгіров) – күдіктену. 
Ау,  өзінің  қызындай  ғой  (С.  Мұратбеков) – 
назалану, күйіну, жақтыртпау, ренжу.  
Аһа. Несіне жетісіп ішем деп ойлады содан 
соң. Ненің қуанышына? Ненің құрметіне? Аһа... 
Өзімнің  махаббатымның  жаназасына...  махаб-
батымның  жаназасына  ішем.  Жетісіне  де, 
қырқына  да,  жылына  да  ішем  (М.  Мағауин).- 
күйіну. 
Көңіл  күйді  білдіретін  күрделі  одағайлар 
қатарына бірнеше сөздерден біріккен, қайталан-
ған, қосарланған одағайлар кіреді. Мысалы,  
–  Бәтшағар,  жын  қуып  келе  жатқандай... 
(М. Мағауин) – жақтыртпау. 
Мәссаған, қосауыз мылтық асынып алыпты 
(С. Мұратбеков) – таң қалу 
Түге!  Әлден  соң  Тоқаның  әлгі  қылығы  ішіне 
сыймағандай  Айекең  тағы  сөйледі  (С.  Мұрат-
беков) – жақтыртпау
Сезімнің күштілігіне қарай одағайлар қайта-
ланып, қосарланып та қолданылады. Мысалы, 
Ой! – Ой,  ой... – деп  сасқалақтаған  Жанай 
оны басынан, иығынан сипап жұбата бастады. 
–  Қой,  қой... (С.  Мұратбеков) –  сасқалақтау, 
шарасыздық таныту.  
Тағы да ұра ма деп қорғаншақтаған Мотор-
бай: 
–  Өй,  өй... – деп  сасқалақтап  күле  берді  
(С. Мұратбеков).- сескену,қорқу. 
–  Қой,  ей  ...  мыналар  қайтеді,  ей? – деп 
Дәнеш әйелін қызғанған болды (Қ. Жұмаділов). – 
қуану, риза болу. 
Әр  түрлі  одағайлардың  қатар  қолданы-
луында  семантикалық  сәйкестік  болады.  Жа-
ғымды эмоция кезінде Ура! Алақай! одағайлары, 
қатты  өкінгенде  Қап!  Әттең!  одағайлары, 
қиналғанда  Аһ!  Оһ!  Аһ!  Уһ!  одағайлары,  қоше-
меттегенде,  риза  болғанда  Уа!  Пәлі!  Ай!  Пәлі!  
одағайлары қатар қолданыла береді. Мысалы,  
– Уә, пәлі, өркенің өссін, қарағым. Бәсе, сөй-
тейік те (С. Мұратбеков).  
– Ай, бәлі! – деп жігіттер көтеріліп қойды 
(І. Жансүгіров). 
Қыстың  аяқ  кезінде,  Өрік  ақсақалды  әбден 
өзіме қараттым ғой деп, сенімі күшейген кезде, 
Ақбілектен  ақтық  көңілін  шығаруға,  екі  қабат 
екенін  естіртті.  Ақсақал  аяғының  астынан  аю 
шыға келгендей, шошып кетті: 
– Аһ! Оһ!.. Қой... Қой!.. Өй... Өй... – дей бер-
ді.  Қатын  жанын  беріп  сендірді. «Оны  азсын-
саң» дегендей, босанатын мезгілі де таяу екенін 
білдірді (Ж. Аймауытов).  
Адам эмоциясына қатысты жұмсалатын ода-
ғайлар  сөйлемнің  тек  басында  ғана  емес  басқа 
шенінде де қолданыла береді. Мысалы,  
Шыбын  жаны  құрғырды  ойлай  беріппін-ау, 
япыр-ау! (Ж. Аймауытов). 
–  Дау-шар  десе  жанып  кетеді-ау  шіркін. 
Осындайды  ізденіп  жүреді  ғой,  түге.  Әй  бұлар 
ма!.. (С. Мұратбеков). 
Адамның  әр  алуан  күйін  көрсететін  құра- 
 

126                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
мында одағай сөздер бар ойбай салды, аһ ұрды, 
ай-шай деспей, ай-шайға қарамай сияқты тұрақ-
ты  тіркестер  ауызекі  сөйлеу  стилінде,  көркем 
әдебиетте жиі қолданылады. Құрамында одағай 
сөздер болғанымен бұл тіркестер түгелімен ода-
ғай сөздерге жатпайды.  
Эмоцияның  күштілігі  қолданыста  одағай-
лардың де етістігімен тіркесуі арқылы жасалған 
тілдік  бірліктер  арқылы  да  білдіріледі. «Ода-
ғайлар көбіне де етістігімен тіркесе келе, кейбір 
жағдайда сол етістікпен өзара жымдасып, мағы-
налық  жағынан  өзгеріске  ұшырап,  одағай  кате-
гориясынан ауысып кетеді. Мысалы, Я деген! Уа 
деген!  Апырай  десе!  Ой  десе!  Бәсе  деймін! 
сияқты  тіркестерді  мағына  жағынан  бөлшектеу 
қиын» [2, 567]. Мысалы: 
-  Апырай,  бәсе  деймін-ау  осы  нәрсе  мана- 
 
 
 
 
дан  бері  біздің  ойымызға  не  қып    келмеген?!- 
десіп жігіттер қуанысып қалды (Қ. Жұмаділов). 
Қорыта  келгенде  адамның  түрлі  эмоция-
ларын  білдіруде  одағайлар  арқылы  жасалған 
экспрессивті құрылымдың рөлі зор. 
______________
 
1.  Байтұрсынов  А.  Тіл  тағлымы. – Алматы:  Ана  тілі, 
1992. – 448 б. 
2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784 б. 
* * * 
Язык в своей коммуникативной функции используется 
не  только  для  выражения  мыслей,  но  и  для  выражения 
субъективного  отношения  говорящего.  В  данной  статье 
рассматривается  эмоционально-экспрессивная  функция     
междометий. 
* * * 
Language in its communicative function is not only used to 
express thoughts , moreover for the expression of the subjective 
attitude of the speaker. This article focuses on the emotional 
and expressive function interjections. 
                 
 
 
         
С. М. Иманқұлова 
 
ШАҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ 
 
 
Шақ категориясы етістіктің ең басты, негізгі 
категорияларының  бірі  болып  саналады.  Айна-
ладағы  қимыл-әрекеттердің  барлығы  да  белгілі 
бір  мезгілге  қатысты  жүзеге  асырылады.  Етіс-
тікті  мезгіл  ұғымына  қатыстырмай,  байланыс-
тырмай жеке сөз табы деп санауға да, анықтауға 
да  болмайды.  Шақ  етістікті  басқа  сөз  таптары-
нан  ажыратып,  ерекшелендіріп  тұрады.  Ол  со-
нымен  қатар  тұлғалардың  молдығымен  де,  күр-
делігімен де ерекшеленеді. 
Іс-әрекет,  қимылдың  сөйлеп  тұрған  кезде, 
одан бұрын немесе кейін өтуіне байланысты осы 
шақ,  өткен  шақ,  келер  шақ  түрі  барлық  ғалым-
дарда  бірдей  анықталғанымен,  оның  түрін, 
көрсеткіштерін  тануда  зерттеуші  ғалымдар  ара-
сында пікірталастар туындайды.    
Шақтың  өзіне  тән  тұлғалары мен  атқаратын 
қызметтері  адамның  сөйлеу  кезінде  айқын-
далады. Табиғи заңдылық бойынша, қимыл-әре-
кет сөйлеп тұрғанға дейін немесе сөйлеп тұрған 
кезде  не  сөйлеп  болғаннан  кейін  болатыны 
анық.  Бірақ  сол  кездегі  амалдардың  қай  шақта 
орындалғандығын  ажырату  біршама  қиындық-
тар  тудырады.  Оның  себебі,  біріншіден,  шақ-
тардың өзара жігі жымдасып жатқанында болса, 
екінші  жағынан  шақ  пен  рай  категориясының 
мазмұны  мен  формасының  ажыратылмағанды-
ғында  жатса  керек.  Мысалы,    барар  еді,  бара-
тын еді, бармақ еді, барған еді, барып еді, барар  
 
 
ма  еді,  жығылып  қала  жаздап  еді,  айтқысы 
келіп  отыр  екен  және    т.б.құрылымдарды  бір 
шаққа  немесе  бірнеше  шаққа  қатыстыру  қиын-
дық тудыратыны рас.   
 Айтушы  немесе  сөйлеуші  не  нәрсені  сөз 
етсе де, өзінің ойын, көзқарасын мезгілмен бай-
ланыстыра  айтады.  Сондықтан  рай  мен  шақ 
ұғымдары бір-бірімен байланысты болып келеді. 
А. Ысқақовша айтқанда, «Шақ категориясы рай 
категориясына  қарағанда,  әлдеқайда  кең  кате-
гория.  Өйткені  адам  сөйлегенде,  қашан  да  бол-
сын,  тек  амал-әрекеттің  тек  жалаң  өзін  ғана 
емес, оның мезгілі мен орнын да дәйім ойда (кө-
ңілде)  ұстаумен  қатар,  өзінің  олар  жайындағы 
көзқарасын, қатынасын да білдіреді. Әрине, бұл 
ерекшелік  қашан  да  болсын,  шақпен  байланыс-
ты, ал шақ тек ашық райда ғана болады; амалды 
(әрекетті)  тек  индикатив  қана  реальді  іс  (про-
цесс) етіп, оны белгілі бір мезгіл аясында көрсе-
теді;  өзге  райларда  бұл  қабілет  болмайды» [1, 
314-315 бб.].  
Бүгінге дейін қазақ тіл білімі үшін маңызын 
жоймаған  еңбектердің  бірі  А.  Байтұрсыновтың 
“Тіл – құрал” оқулығы. Онда шақ көрсеткіштері 
ашық  раймен  байланысты  қарастырылады.  Ав-
тор осы шақтың екі түрін көрсетеді де, 4 қалып 
етістіктерінің жіктеулі түрін нағыз осы шақ деп 
бөліп  айтады.  Мысалы,  жазамын,  жазбаймын, 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
                                                               
   127 
 
 
жүр,  тұр,  отыр,  жат.  Ал  өткен  шаққа  етіс-
тіктің  -ды  -ді, -ты, -ті  жұрнағы  арқылы  жіктел-
ген  түрін  келтірсе,  келер  шаққа  -ар  тұлғалы 
етістіктің  жіктелген  болымды,  болымсыз  түр-
лерін жатқызады. 
Етістіктің  көсемше,  есімше  түрлерінде  етіс-
тікке  тән  рай,  шақ,  жақ  категорияларын,  жеке-
ше,  көпше  түрлерін  көрсетеді.  Үнемді,  үнемсіз 
көсемшелердің  рай  түріне  жіктелу  үлгісін  ұсы-
нады.  Ғалым  көсемшенің  күрделі  және  анали-
тикалық формалы етістік құрамында кездесетін-
дігін байқайды. Есімшені үш топқа бөліп, олар-
дың:  осы  шақтық  есімше,  өткен  шақты  есімше, 
ұйғарынды есімше деген түрлерін  көрсетеді. [2, 
236-238; 245-251 бб.]. 
А.  Байтұрсыновтың  қазақ  тілін  зерттеуші 
басқа ғалымдардан артықшылығы – тілдің типо-
логиялық  ерекшелігін  біліп,  тілдік  тұлғаларды 
дұрыс  ажырата  білуі  мен  қазақ  тіл  білімі  ғы-
лымына  қатысты  терминдерді  ана  тілімізде 
беруі. 
Қазақ  тіл  білімінің  ғылыми-теориялық  негі-
зін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым Құдай-
берген  Қуанұлы  Жұбанов  етістіктің  үш  шағын 
және  олардың  мағыналық  топтарын  көрсетеді. 
Өткен шақты тоғыз түрге бөледі: айғақ өңді өт-
кен  шақ,  аулақ  өңді  мойындау  өңді,  күмән  өңді, 
айғақ баяғылық, аулақ баяғылық, әдетше баяғы-
лық,  опық  баяғылық,  арман  баяғылық, [3, 388- 
389 бб.] негізінен -п тұлғалы көсемше және -ған 
тұлғалы есімше арқылы, -ушы, -атын  тұлғалары 
арқылы  жасалатынын  мысалдар  арқылы  көрсе-
теді.  
Ал келер шақтың а) кесімді келер шақ, ә) бол-
жалды келер шақ, в) мақсатты келер шақ, г) ті-
лекті келер шақ деген төрт түрін береді. Қазіргі 
грамматикаларда  Қ.  Жұбанов  көрсеткен  өткен 
шақ пен келер шақ бірдей жүретін “сенімсіз төл 
шақ:  жазса  игі  еді”  рай  категориясында  қара-
лады.  Осы  шақты  дағдылы  осы  шақ  (қазір 
ауыспалы осы шақ), дәл осы шақ (қазір нақ осы 
шақ)  деп  бөледі.  Отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  етіс-
тіктерінің  морфологиялық  түрленуіндегі  айыр-
машылықтары  және  семантикалық  белгілерінің 
әр түрлі болуына ғалым назар аударып, дәл осы 
шақты  (нақ  осы  шақ)  білдірудегі  мағына  реңк-
теріне  айрықша  тоқталады.  Атап  айтар  болсақ, 
отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  етістіктерінің  осы  шақ 
көрсеткіштері екені; көмекші етістік қызметінде 
болуы; шақ, жақ қосымшаларын қабылдауы; екі 
райдың  (ашық  рай,  бұйрық  рай)  көрсеткіші 
болуы;  қимылдың  өту  сипаты  мағынасын  біл-
діруге қабілеттілігі айтылады.  
Н.  Сауранбаев    шақты  ашық  райдың  ішінде 
қарастырып,  өткен  шақты:  ескі  өткен  шақ,  же-
дел өткен шақ, бұрын өткен шақ, тыянақсыз өт-
кен  шақ  деп 4 мағыналық  топқа,  осы  шақты: 
ауыспалы,  нақтылы  осы  шақ  деп  екіге,  келер 
шақты:  шексіз  келер  шақ,  шекті  келер  шақ, 
мақсатты  келер  шақ  деп  топтастырады [4, 130-
134 бб.]. 
Шақ категориясы жайлы жазылған моногра-
фиялық еңбек – Т. Қордабаевтың “Қазіргі қазақ 
тіліндегі  шақ  категориясы” [5] деп  аталатын 
зерттеуі.  Ғалым  түркі  тілдеріндегі  шақ  катего-
риясының  зерттелу  тарихынан  бастап,  қазіргі 
қазақ  тіліндегі  шақ  категориясы  жайын  жүйелі 
түрде,  ғылыми  тұрғыда  баяндайды.  Автор  етіс-
тік  шақтарын,  оның  мағыналық  түрлерін  бы-
лайша топтастырады. 
1. Өткен шақ (айғақты, айғақсыз); 
2.  Осы  шақ  (нақ  осы  шақ,  жалпы  осы  шақ, 
ауыспалы осы шақ); 
1. Келер шақ (сенімді келер шақ, сенімсіз ке-
лер шақ). 
Т.  Қордабаев  қалып  етістіктерін  мағыналық 
ерекшеліктеріне  қарап, “жатыр”, “жүр”  етістік-
терін  жалпы  осы  шақ  деп, “тұр”, “отыр”  етіс-
тіктерін нақ осы шақ деп атаса дұрыс болар еді 
дейді.  Бұларды  бөлудегі  көрсеткіш  етіп, “жа-
тыр”, “жүр”  етістіктерінің  ұзаққа  созылатын  іс-
әрекеттерді  білдіруі  ғана  емес,  іс-әрекеттердің 
арасында үзілістердің болуын, дәл сөйлеу үстін-
де  ол  әрекеттердің  болып  жатпауын  негізге 
алады.  Бұдан  Т.  Қордабаев  ойларының    Қ.  Жұ-
банов пікірімен келісетінін аңғаруға болады. 
Ы.  Маманов  еңбегінде [6, 156 б.]  шақ  фор-
маларының  мағыналық  ерекшеліктерін  былай 
көрсеткен: өткен шақты – жедел өткен шақ, бұ-
рынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, дағдылы өткен 
шақ,  қатысты  өткен  шақ  деп  бес  түрге  бөліп, 
олардың  арасындағы  айырмашылық – әртүрлі 
мезгілдік  мағына  білдіруінде  емес,  әрқайсысы-
на  тән  өзіндік  семантикасында  екендігін  дәлел-
дейді.  
Келер шақтың үш түрін көрсетеді: ауыспалы 
келер  шақ  (жаз+а+мын);  болжалды  келер  шақ 
(жаз+ар+мын); ниет келер шақ (жаз+бақ+пын). 
Ы. Маманов етістіктің осы шағының арнайы 
грамматикалық морфемасы жоқ, осы шақ қалып 
етістіктеріне  және  созылыңқы  сыйпатқа  жіктік 
жалғауы тікелей  жалғану арқылы жасалады деп 
нақ  осы  шақ  формасын  және  ауыспалы  осы 
шақты береді. 
1967  жылғы  академиялық  грамматикада  өт-
кен шақ – жедел, бұрынғы, ауыспалы, осы шақ – 
нақ,  ауыспалы  осы  шақ,  келер  шақ – болжал- 
ды,  сенімді  (кіргелі  отырмыз),  ауыспалы  ке- 
лер  шақ  болып  мағыналық  топтарға  ажыраты- 
лады. 

128                                                                         ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
Морфологияға  қатысты  еңбектердің  ішінде 
А.  Ысқақовтың  еңбегін  айрықша  атау  керек. 
Ғалымның бұл еңбегі ғылыми құнды тұжырым-
дарымен ерекшеленеді. А. Ысқақов: «Шақ фор-
маларының  сыртқы  тұлға-түрлеріне  қарай  да, 
ішкі  мазмұн  өзгешелігіне  қарай  да  жіктеуге 
(таптастыруға) болады. Бірақ, қашан да болсын, 
мазмұн  түрге  жетекші  болатынын  ескергенде, 
шақтарды  да  мағыналарына  қарай  жіктеу  әрі 
олардың мазмұнын тану үшін, әрі баяндау жүйе-
сі  ықшам  болу  үшін  қолайлы  да,  ұтымды  бо-
лады» [1, 328 б.]  деген  уәждеме  айтып,  семан-
тикалық сипаттарына қарай өткен шақты – анық 
(айғақты)  өткен  шақ,  танық  (айғақсыз)  өткен 
шақ, неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ; осы шақ-
ты – жалпы  осы  шақ,  нақ  осы  шақ,  неғайбыл 
осы  шақ;  келер  шақты – жалпы  (анық)  келер 
шақ,  болжалды  келер  шақ,  мақсатты  (арнаулы) 
келер шақ деп топтастырады.  
Ғалым  Н.  Оралбай  шақ  категориясын  ашық 
рай тұлғаларының ішінде қарастырып, ашық рай 
мен шақ өте тығыз байланысты деген пікір біл-
діреді. Ашық райдың көрсеткіші жоқ, бірақ шақ 
көрсеткіштері  ашық  райдағы  реалді  қимылды 
білдіруге қызмет етеді деп есептейді.   
Өткен  шаққа – жедел,  бұрынғы,  ауыспалы, 
қатыстық  өткен  шақтарды  жатқызса,  осы  шақ-
тың екі түрін көрсетеді: нақ, ауыспалы осы шақ. 
Келер шақты  – ауыспалы, болжалды, мақсатты 
деп үшке бөледі [7, 297-304 бб.].  
Н.  Оралбайдың  осы  жіктемесімен  Б.  Қасым 
[8, 297-304 бб.]  да,  А.  Салқынбай [9, 297-304 
бб.]  да  келіседі.  Тек  аталған  ғалымдарда  өткен 
шақтың қатыстық деген түрі жоқ.   
Сонымен,  қазіргі қазақ тіл білімінде етістік-
тің  шақ  категориясы  біршама  зерттелгенімен,  
 
 
 
 
әлі  де  шешуін  таппаған  мәселелер  баршылық. 
Осы  шақ  пен  келер  шақты  тануда  үлкен  ал-
шақтық  болмағанымен,  өткен  шаққа  келгенде 
басы  ашылмаған  жайттарға  тап  боламыз. Өткен 
шақтың  ғалымдар  еңбектерінде  түрлі  қырынан 
қарастырылып,  әртүрлі  мағыналық  топтарға 
бөлініп,  түрліше  аталып  жүргенін  байқаймыз. 
Мысалы  «жедел  өткен  шақ»  деп  атап  жүрген 
шақтың  түрі  күмән  туғызатыны  рас.  Себебі 
мұнда істің өту сапасы – тез өтуі, кенеттен өтуі, 
жай  өтуі  т.б.  мүлде  сөз  болмайды.  Ондай  реңк-
тер  амалдың  өту  сипаты  категориясында  қа-
растырылады.  
Бұл  аталған  грамматикалық  категорияның 
әлі де зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. 
_______________ 
1.  Ысқақов  А.Ы.  Қазіргі  қазақ  тілі:  Морфология. – 
Алматы, 1991. – 385 б. 
2.  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 
1992. – 446 б. 
3.  Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер. – Ал-
маты: Ғылым, 1966. – 362 б. 
4.  Сауранбаев  Н.Т.  Қазақ  тілі  (Педучилищелерге 
арналған). – Алматы, – 220 б.   
5.  Қордабаев  Т.Р.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  шақ  кате-
гориясы. – Алматы, 1953. – 116 б.
 
6.  Маманов  Ы.  Қазіргі  қазақ  тілі:  Етістік. – Алматы: 
Мектеп, 1966. – 156 б. 
7.  Оралбай  Н.  Қазіргі  қазақ  тілінің  морфологиясы.  
– Алматы, 2007. – 388 б.  
8.  Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., т.б. Қазір-
гі қазақ тілі. –  Алматы, 2001. – 534 б. 
9.  Салқынбай  А.  Қазіргі  қазақ  тілі. – Алматы, 2008.  
– 462 б.  
* * * 
В статье прослеживается история изучения  категории 
времени глагола в трудах известных казахских ученых. 
* * * 
The article traces the history of studying the category of 
the verb in the works of well-known Kazakh scientists. 
 
 
 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал