Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет9/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61

С. Отебеков 
О ПРИНЦИПАХ Т. САЙРАМБАЕВА ПРО СИСТЕМЫ ПРЕДЛОЖЕНИЯ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА 
 
В статье рассматривается о принципах Т.Сайрамбаева про системы предложения казахского языка 
 
S. T. Otebekov 
ABOUT THE PRINCIPLES OF T.SAYRAMBAEV ON THE SYSTEMS OF SENTENCES IN KAZAKH LANGUAGE 
  
     This article discusses the principles of T.Sayrambaev on the systems of sentences in Kazakh language. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӘЛЕМ БЕЙНЕСІ 
 
 
 
 
 
 
 
Ж. Ә. Абдрахманова, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. 
 
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ПЛЕОНАЗМ ҚҰБЫЛЫСЫ АРҚЫЛЫ  
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ 
 
 
Жазушы  қаламының  дағдылы  фразеоло-
гиялық  тіркестердің  құрылысын  өзгертуінің 
тағы  бір  т‰рі – плеоназм  құбылысы.  Бұл 
жалпытілдік  қолданыстағы  фразеологизмдер-
дің  лексикалық  құрамын  жаймалап  қолдану 
әдісі  болып  табылады.  Плеоназм  (грек. Pleo-
nasmos – артықшылық) – лексикалық не грам-
матикалық  мағынаны  жеткізу  ‰шін  қолданы-
латын құралдардың молдығы. [1, 164 б.]. В.Т. 
Шкляров фразеологизмдердің плеоназм құбы-
лысы деп бейнелі және прагматикалық әлеуеті 
жоғары  жаңа  бірліктерді  атайды,  себебі  ол 
тірек  компонентінің  өзгеріссіз  қалуының  нә-
тижесінде  бұрынғы  фразеологиялық  тіркес-
термен  байланысын ‰збейді [2, 35 б.]. 
Мұндай  әдіс  көркем  шығарма  тілінде  өте 
көп  кездеседі.  Олар  көбінесе  мәтін  ішіндегі 
фразеологизмдердің  мазмұнын  кеңейту  және 
мағыналық дәлдікті беру, эмоциялық-экспрес-
сивті  реңкті  к‰шейту  мақсатында  қолданы-
лады.  
Мысалы: Алтынмен, к‰міспенпіл с‰йегі-
мен  к‰птелген  зеңгір  биік  қабырға  мың  сан 
құбылады. Алтынмен аптап, к‰міспен к‰птеді 
(О.  Сәрсенбаев, 8 б.) – т‰рлі  жиһазбен  тол-
тыра безендіріп, құлпыртып қойған жай [3, 39 
б.]  деген  ФТ-ның  мағынасын  одан  әрі  аша 
т‰су  мақсатында  «піл  с‰йегі»  компонентін 
қосу  арқылы  сөйлемнің  лексика-семантика-
лық мәнін аша т‰скен.  
Қолында  ұзын,  ауыр  қайың  сойылы  бар 
Тапбасардың  ойы – 
қанына  қарайып  алған 
ана  аусарды  жазым  ғып  алмай,  амалдап  ат-
тан т‰сіріп, десін қайтару еді (Ж. Ахмади, 34 
б.).  Сөздікте  қаны  қарайды  –  ашу-ызаға  бу-
лықты,  т‰ңіле  ыза  болды [3, 318 б.].  деген 
мағынаны, ал «қанына қарайып алған» тіркесі  
 
 
 
әбден  ашу  кернеп,  ызаға  булыққан  адамның 
эмоциялық кейпін білдіреді. 
Фразеологизм  құрамына  бір  немесе  бір-
неше  компоненттерді  енгізу  арқылы  автор  
оның  мағынасын  айқындайды,  к‰шейтеді  не-
месе әлсіретеді.  
Фразеологизмдердің таратылуы оның ком-
поненттерінің  біріне  бірыңғай  м‰шенің  қо-
сылуы  немесе,  көбінесе – компоненттердің 
біреуінің  қосылу  нәтижесінде  ж‰зеге  асады. 
Фразеологизмдердің  компоненттік  құрамы-
ның  кеңеюі  «негізгі»  мағына  бастапқы  ком-
понентпен,  ал  «қосымша»  элементтер  оны 
айқындап, одан әрі экспрессивтілігін арттыра-
тындығымен  ерекшеленеді.  Осылайша  «қо-
сымша» элемент тірек компонентінің экспрес-
сивтілігін  к‰шейтіп  қана  қоймай,  фразеоло-
гизмнің  белгілі  бір  семасын  (көбінесе  кон-
натативті) өзектілендіреді және олар эмотивті 
әсердің  туындауына  ықпалын  тигізеді.  Фра-
зеологизмдерді экспликациялаудың көмегімен 
эмотивті әсер туындату механизмі көркем тіл 
мен  сөйлеу  тілінде  жиі  кездеседі.  Мысалы: 
Қарап  тұрсаң,  өлімге  қиятын  жылқы  емес. 
К‰ні  бойғы  алысудан  зар  к‰йіне  жетіп  әбден 
ашынып, 
бауырынан  тартыла  жарап  та 
алған  (Ж.  Ахмади, 104 б.).  «Бауырынан  жа-
рады»  –  бабына  келді,  дер  кезінде  келді [3, 
107  б.].  Бауырынан  жарады  тұрақты  тіркесі 
компоненттер құрамына «тартыла» сөзін ен-
діру  арқылы  фразеологизмнің  ішкі  формасын 
нақтыландыра  т‰седі,  мағынасын  к‰шейтеді 
және  осы  сөз  арқылы  өзектіленуге  ұшырап, 
осылайша  бауырынан  тартыла  жарады  де-
ген  жаңа  сипаттағы  эмотивті  әсер  беретін 
ОФТ-сы жасалады.  
Фразеологизмдердің  компоненттік  құра- 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          47 
 
мының  кеңеюінің  нәтижесінде  белгілі  бір 
деңгейде  оның  семантикасының  өзгеретіндігі 
байқалады: фразеологиялық тіркес мағынасын 
айқындайды  немесе  к‰шейтеді,  фразеология-
лық  тіркестің  метафоралық  мағынасын  кон-
тексте  суреттелетін  шынайы  өмір  құбылыс-
тарымен  байланыстырады,  фразеологизмдер-
дің  құрамында  узуста  байқалмаған  жаңа  ма-
ғына  реңкінің  немесе  жаңа  окказионал  мағы-
наның  пайда  болуына  м‰мкіндік  береді.  Бұл 
пікірдің  дұрыстығын  біз  де  құптай  отырып, 
мұндай  құбылыстардың  қазақ  тілінде  де  кез-
десетіндігіне  мысал  келтіре  кетелік.  Өзі  өмір 
с‰рген  өлкенің  ‰лкен  бек,  әкімі  болған  Аллаяр 
жасы  алпыстан  асып, 
көңілі  д‰ниенің  ыстық-
суығына торыққан шағында билік орнын өзі-
нің ең әділ деген  сенімді уәзіріне  өткізіп беріп, 
ғұлама, данышпандықпен аты шыққан Лұқпан 
хакім  әулиеге  келіп  ж‰гінген  (Ж.  Ахмади, 71 
б.). «Ыстық-суығына бірдей  төзді» - жақсы-
жаман к‰нінде бірге болды; асты-‰стіне т‰сіп 
бар  қуаныш-қайғысына  бірге  ортақтасты [3, 
576  б.]  деген  мәнге  ие.  Ал  жаңа  сипаттағы 
тіркес  екі  т‰рлі  тәсіл  арқылы  жасалып  отыр. 
Біріншісі,  тұрақты  тұлғаның  алдына  сөз 
ендіру  арқылы;  екіншісі,  соңғы  етістікті 
тіркесті  басқа  сөзбен  алмастыру  нәтижесінде 
«көңілі  д‰ниенің  ыстық-суығына  торыққан» 
эмотивті окказионал тұлғасы пай-да болған.  
Содан к‰н ашылып шыжи бастағанда Бо-
лашақтың 
беделі  қаулап  өсіп  ж‰ріп  береді 
(О.  Әубәкіров, 151 б.).  Бұл  сөйлемдегі  беделі 
қаулап  өсті  тіркесі  -  беделі  артты – қадірі 
асты;  абырой-айбары  елге  жайылды [44, 108 
б.]  деген  мағынаны  білдіреді.  Беделі  артты 
тіркесімен ФТ-ның лексикалық құрамын жай-
малап  қолдану  тәсілі  негізінде  беделі  қаулап 
өсті  жаңа  тұлғасы  пайда  болды.  Қаулап  өсу 
тіркесін  естігенде  не  оқығанда  бізде  шөптің, 
бидайдың т.б. қаулап өсуі ассоциациясы туын-
дайды.  Сондықтан  бұл  сөйлемдегі  фразеоло-
гиялық  тұлға  ерекше  бейнелілікке  ие  болып, 
өзіне оқырманның, тыңдаушының назарын ау-
дартады.  
Төзе-төзе  
Аз миы айрандай ашып кеткен 
Ақыры төркініне  
Байтал  мініп  қашып  кеткен  (К.  Әмірбек, 
35 б.). «Миы ашыды» (мең-зең сенделді, басы 
қаңғыды. [3, 391 б.] тұрақты тұлғасының негі-
зінде  семантикасы  өзгереген  «аз  миы  айран-
дай  ашып  кеткен»  метафора  арқылы  мағы-
налық  реңкі  к‰шейген  окказионал  сипаттағы 
фразеологизмі жасалып отыр.  
Г.И. Шаранда былай деп жазады: «Фразео-
логиялық  тұлға  құрамына  қосымша  компо-
ненттің  енуі  оның  контекспен  өзара  тығыз 
қарым-қатынасының  орнауына  м‰мкіндік  бе-
реді, тұлғаның абстрактілі образын белгілі бір 
шамада  нақты  образға  айналдырады  және 
жекелеген  компоненттердің  тура  мағынасын 
жояды, оларды фразаның көркемдігін к‰шейте 
отырып,  нақтылайды [4, 187 б.].  Эмотивтік 
әсер  алу  мақсатында  осы  тәсіл  көркем  мәтін-
дерде көп қолданылады.  
Г.С. Покрасс «прибавление слов или слова 
к одному из компонентов подразумевает нару-
шение «принятого способа выражения» и при-
ходит к выводу: «в результате такого намерен-
ного  нарушения  фразеологизм    восприни-
мается в двух планах – традиционном и пере-
осмысленном», - деп жазды [5, 7 б.].   
Біздің  қарастырып  отырғанымыз  қалыпты 
фразеологизмдердің  плеоназм  тәсілі  арқылы 
окказионал  фразеологизм  реңкіне  ие  болуы, 
дәст‰рлі  узуал  тіркестерінің  құрылымын  өз-
гертіп  жаңа,  бірқолданар  тосын  тіркестердің 
жасалуы,  әрдайым  айтыла-айтыла  жауыр  бо-
лып  кеткен  тұлғаларды  жаңғырту, «жарқ» 
еткізу мақсатында жасалатындықтан, әрі олар 
ұтымды  шығып  жатқан  тұлғалар  болатын 
болса,  мұндай  тіркестердің  ФТ  нормасына 
әкелетін зияны жоқ болар деп ойлаймыз.   
Екі механизатор әлденеге келісе алмай бір-
бірінің жағасына жармасып, 
ауыздарынан ақ 
ит  кіріп,  қара  ит  болып  шығуда...  (Д.  Тұр-
лыбек, 8 б.). «Аузынан  ақ  ит  кіріп,  қара  ит 
шығады» – аузына  келгенін  оттап,  балағат-
тайды [3, 66 б.]  деген  мағынаны  білдіреді 
және  қалыпты  ФТ-ның  құрамына    «болып» 
етістігінің  қосылуы  нәтижесінде  б‰тіндей  бір 
фразеологизмнің  іс-әрекетіне  қосымша  мән 
‰степ, әрекетін нақтыландыра т‰седі.   
К‰ндіз к‰лкі-сиқыңыздан айрылып, т‰нде 
ұйқы-сұрқыңыздан  ажырап,  ақ  найзаның 
ұшы,  ақ  білектің  к‰шімен  жалпақ  еліңіз  ал-
дында абырой алып хан болдыңыз (Ж. Ахмади, 
14  б.). «К‰ндіз  к‰лкі-сиқыңыздан  айрылып, 
т‰нде  ұйқы-сұрқыңыздан  ажырап»  окказио-
нал  фразеологиялық  тұлғасы  (әрі  қарай – 
ОФТ)  узуал қолданыста  «к‰ндіз к‰лкі, т‰нде 
ұйқы бұзылды» немесе сөйлеу тілінде «к‰ндіз 
к‰лкіден,  т‰нде  ұйқыдан  айрылды»  деп  екі 
т‰рлі  айтылып  ж‰рген  «ешбір  тыным  тап-

48                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
пады,  ешбір  саябырламады» [3, 291 б.]  деген 
бір мағынаны білдіреді. 
Эмотивтік  әсер  туындатуда  мәтіндерді 
талдау арқылы фразеологизмнің компоненттік 
құрамының кеңеюі, оның өзгерісінің окказио-
нал  сипатының  болатындығын,  фразеологизм 
қолданылған  белгілі  бір  контекст  шеңберінен 
шықпайтындығын,  осыған  орай,  ол  ФТ-ның 
узуал  мағынасына  әсер  етпейді  деген  қоры-
тынды жасауымызға м‰мкіндік береді.  
Фразеологиялық  тұлға  (әрі  қарай – ФТ) 
компоненттік  құрамы  фразеологизмнің  суб-
стантивті  компонентіне  жататын  т‰рлі  анық-
тауыш  немесе  ФТ-ның  етістік  компонентіне 
жататын  пысықтауыш  пен  толықтауыштың 
енуінің нәтижесінде кеңейеді. Бұл – ФТ-ға тән 
мағынаның  көркемдігін  к‰шейтудің  құралы 
болып  табылады;  осыған  сәйкес  оқырманға 
әсер  ету  деңгейі  де  к‰шейеді.  Мысалы:  Ай-
даубай  «ағасына»  риза.  Көңілі  көлкөсір,  жа-
ғасы жайлау, етегі қыстау боп 
жаны байып 
жадырап  келеді  (О.  Әубәкіров, 119 б.). 
«Жаны  байып  жадырап»  тіркесінің  қалыпты 
формасы  «жаны  жадырау» – көңілі  жарқын, 
рахаттанды  деген  мағынаны  білдіреді,  сөз-
дікке  кірмегенімен  жалпы  тілдік  қолданысқа 
еніп  кеткен  бұл  тіркестің  құрамына  «байып» 
пысықтауышы қосылған. 
Сәдуақасқа  кездескелі  бері 
иығынан  бат-
пан  ж‰гі  т‰скендей,  өмір  бойғы  бар  көрген 
азабынан  бір-ақ  арыла  бастағандай  (Ж.  Ах-
мади, 59 б.). «Иығынан ж‰к т‰сті» тіркесі сөз-
дікке  енбегенімен,  УФ-ға  құрамында  бар. 
Иығынан  ж‰к  т‰сті  – ‰лкен  іс  тындырды, 
қиындықтан  құтылды  мағынасын  білдіреді. 
ҚТФС-де  жоқ,  бірақ  узусқа  айналған  бұл 
тіркеске  «батпан»  анықтаушы    сөзі  қосылуы 
арқылы  иығынан  батпан  ж‰гі  т‰скендей 
ОФТ сипатындағы қолданыс жасалып отыр. 
Плеоназм  құбылысы  узуал  тұлғаның 
құрамына енгізілген окказионал тіркес тұлғаға 
нормалы  нұсқасында  болмайтын  мағыналық 
қосымша  реңк  ‰степ,  оның  семантикасының 
баюына,  тұлғаның  контекстік  нақтылығының 
артуына м‰мкіндік береді. Мысалы: Сонардың 
қайсыбірінің «Қайрат» ‰шін 
қабырғасы қайы-
сып,  омыртқасы  майысып  ж‰р  дейсің  (О. 
Әубәкіров, 100 б.).  Бұл  жағдайдағы  ФТ-ның 
узуалды құрамы– қабырғасы қайысты [3, 302 
б.] тіркесі. Ол омыртқасы майысып қосымша 
компонентімен толысады, бұл компонент оны 
нақтылайды,  айқындайды.  Осы  компоненті-
мен өзара сәйкесе отырып, берілген тұлғаның 
ішкі контексіне оңай енеді де, узуал тұлғаның 
мағынасын  нақтылайды  әрі  к‰шейтеді,  яғни 
фразеологизмнің  ішкі  формасын  нақтылайды. 
Жаңа  ФТ  шекарасының  кеңеюінің  негізінде 
қосымша  лексемалардың,  қосымша  компо-
ненттердің  семантикалық  әсері  болады.  Олар  
ФТ-ның ішкі формасын жандандырады.  
Эмотивті  әсерге  қол  жеткізу  ‰шін  экспли-
кациялау  тәсілі  фразеологизмдерді  өзектілеу-
дің  басқа  тәсілдерімен  қатар  қосымша  тәсіл 
есебінде қолданылады. В.М. Мокиенко: «Если 
имплицирование – это  постепенное  «кодиро-
вание»  исходного  образа  фразеологизма,  то 
эксплицирование – «расшифровка», во многих 
случаях – создание  образа.  Расширение  фра-
зеологизма  стимулируется  недостаточностью 
семантики, необходимостью усилить утрачен-
ную  словом  экспрессию,  обновить  мотиви-
ровку» [6, 131 бб.]. Сонымен, ФТ құрамының 
кеңеюі  немесе  ФТ-ның  экспликациялануы – 
эмотивті  әсер  туындатудың  аса  тиімді  тәсілі 
болып  табылады.  Мысалы:  Тас  пісетін  уақыт 
қой,  еттің  еті  бір  бөлек,  с‰йегі  бір  бөлек, 
сорпасы  бір  бөлек  боп  әбден 
«есеңгіреп» 
пісіпті  (О.  Әубәкіров, 49 б.).  «Ет  пісірім»  – 
халықтық  уақыт  өлшемі:  шамамен  бір  тамақ 
пісетін  уақыт [3, 170 б.], «ет  пісірім  уақыт» 
ҚТФС-да  жоқ,  УФ  қатарына  енген  ауызекі 
сөйлеу  тілінде  жиі  қолданылады.  Қалыпты 
қолданыстағы  бұл  тіркеске  қосымша  «тас», 
«есеңгіреп  пісіпті»  сөздері  қосылып,  жайма-
лану  арқылы  жасалған  ОФТ-сы  «өте  көп 
уақыт өткендігін» білдіреді. 
Осылайша,  фразеологизмнің  экспрессивті-
стилистикалық  реңкін,  мағынаның  бағалауыш-
тық  компонентінің  өзектіленуін  өзгерте  оты-
рып,  оның  семантикасын  к‰шейту  немесе  әл-
сірету, нақтылау мақсатында өзектілеудің осы 
т‰рі  қолданылады.  Осыған  байланысты  біз 
қарастырып  отырған  ФТ-ның  өзектіленуінің 
құрылымдық-семантикалық осы т‰рі және се-
мантикалық тәсілдер аралығындағы ауыспалы 
тәсіл  болып  саналады.  Окказионал  ФТ-ның 
өзектіленуінің бір тәсілі болып саналатын плео-
назм ФТ-ның денотативті мағынасын өзгерту-
ге  емес,  белгілі  бір  стилистикалық,  эмотивті  
әсерге қол жеткізу мақсатында қолданылады. 
Плеоназмның  атрибутивті,  объектілік,  ФТ 
толықтауыштық  кеңеюі  сияқты  т‰рлері  бар. 
Нақтылаушы  сөздердің  енуінің  нәтижесінде 
ФТ-ның  негізгі  тұрақты  м‰шелерінің  мағы-
насы  нақтыланады,  ФТ  образды  немесе  эмо-
циялық-экспрессивтік  негізі  жандана  т‰седі. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          49 
 
Кейде  ФТ-ның  мазмұны  тұрғысынан  алғанда 
жаңа енгізулер артық болып келеді, себебі олар 
тұлға  мағынасына  ешқандай  өзгеріс  енгізбейді, 
ал  оның  көркемдігі  тұрғысынан  алғанда  тиімді, 
себебі  олар  фразеологизмнің  мағынасына  жаңа 
эмоциялық-экспрессивті реңк береді, тіркестің 
прагматикалық  әлеуетін  және  суреттеліп  отыр-
ған  оқиға  немесе  құбылыстың  эмотивтілігін 
арттырады. 
______________ 
1.  Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық т‰сіндір-
ме сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – 304 б. 
2.  Шкляров В.А. Современный русский язык. Лексика. – 
М.: Просвещение, 1977. – 337 с. 
3.  Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – 
Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б. 
4.  Шаранда  Г.И.  Фразеология  в  произведениях  Ганса 
Фаллады: Дис. канд. филол. наук. – Минск: Наука, 1966. – 200 с. 
5.  Покрасс Г.С. Некоторые средства и речевые приемы 
создания  комического  в  советском  фелетоне. – М.:  Изд. 
Моск. ун-та, 1970. – 235 с. 
6.  Мокиенко  В.М.  Славянская  фразеология. – М.: 
Высшая школа, 1989. – 287 с. 
7.  Сәрсенбаев  О.  Г‰лжаһан.  Таңдамалы  шығармалар:  
2 томдық. – Алматы: Жазушы, 1992. – 1 т. – 428 б. 
8.  Ахмади  Ж.  Ж‰рек  қартайса,  ажал  аңду  салады. – 
Алматы: Қайнар, 2000. –  192 б. 
9.  Әубәкіров  О.  Мың  мінездеме. – Алматы:  Жазушы, 
1989. – 239 б. 
10.  Әмірбек  К.  Мың  бір  мысал. – Алматы:  Жазушы, 
1991. – 187 б. 
11.  Тұрлыбек Д. Қазақы қалжыңдар. – Алматы: Нұрлы 
Әлем, 1999. – 16 б 
 
 
Абдрахманова Жазира Асембековна 
ОБНОВЛЕНИЕ УСТОЙЧИВЫХ СЛОВОСОЧЕТАНИИ МЕТОДОМ ПЛЕОНАЗМА 
 
В статье рассматривается обогощение лексического состава фразеологизмов методом плеоназма.  
 
Abdrakhmanova Zhazira Asembekovna 
UPDATING STABLE PHRASES BY PLEONASM METHOD 
 
The development of lexical structure of phraseological units by a pleonasm method is considered in the article 
 
 
 
 
А. Аширова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к
 
 
МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ Т‡РЛЕРІ 
 
 
Газет  бетіндегі  тақырыптарда  меңгеріле 
байланысқан есімді сөз тіркестері көп кездес-
пейді  және  барлық  есімдер  бірдей  ондай  сөз 
тіркесінің  меңгеруші  сыңары  бола  алмайды. 
Есімдердің  ішінде  көбінесе  бастауыштың 
к‰йін,  халін  білдіретін  сөздер  есімді  сөз  тір-
кесінің басыңқысы болып жиі кездеседі. Олар 
мынадай есімдер: 
1. Зат есімдер. Меңгеру амалы арқылы құ-
рылатын  зат  есімдерді  сөз  тіркестері  өлшеулі 
синтаксистік  аяда  көрінеді.  Бұл  сөз  тіркесте-
рінде  бағыныңқы  компонент  барыс  септік 
формасында  меңгеріліп  зат  пен  заттың  ара-
сындағы қатыстық байланысты білдіреді. Мы-
салы: Сыныққа сылтау  (Қазақ әдебиеті, 2003), 
Мырзашөлге  сапар  (Қазақ  әдебиеті, 2004), 
АҚШ-тан  Ақтөбеге  (Жас  Алаш, 2004), «Жас 
тұлпардан», «Желтоқсанға» дейін (Қазақ әде-
биеті, 2002), Қазақтарға  мың  алғыс.  Қазақ-
тарға мың алғыс (Қазақ әдебиеті, 2003) т.б. 
 
 
2.  Сын  есімдер.  Газет  бетіндегі  тақырып-
тарда  сын  есім  сөз  тіркесінің  басыңқы  сыңа-
рында  кездеседі.  Мысалы:  Адамдарға  сенгіш-
пін  (Жас  Алаш, 2004), Атымен  жаңа  (Жас 
Алаш, 2003) т.б. 
3.  Сан  есімдер.  Сан  есімдермен  есімдер 
жоғарыдағыдай есімді сөз тіркесінің меңгеру-
шісі  (басыңқы)  болып  өте  аз  кездеседі.  Мы-
салы:  Т‰ркістанға 10 жыл  (Т‰ркістан, 2004), 
Азияда бірінші (Жас Алаш, 2004) т.б. 
Меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тір-
кестері 
Етістікті  сөз  тіркесінде  етістік  негізгі,  ше-
шуші  қызмет  атқарады.  Өйткені  етістік  таби-
ғатында  өзінің  лексика-грамматикалық  мағы-
насына  сөз  табы  ретіндегі  жалпы  категория-
лық  қасиетіне  орай  басқа  сөздерді  жетегіне 
алып,  маңайына  ‰йіріп  тұратын  сөз  табы. 
Сондықтан да ол бағыныңқылық қызмет емес, 
негізінен,  басыңқылық  қызмет  атқарады  да,  
 

50                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
сөз  тіркесін  құрауға  ұйытқы  болады.  Мұндай 
басыңқылық қасиет сөз таптарының кейбіреу-
леріне  ғана  болмаса,  барлығына  бірдей  тән 
емес.  Мәселен,  сын  есімдер  мен  сан  есімдер 
өздерінің  табиғаты  жағынан,  зат  есімді  сын-
дық,  сапалық,  сандық,  мөлшерлік  белгілері 
мен қасиеттері жағынан айқындайтын сөздер, 
соңдықтан  да  олар  зат  есімнің  жетегінде  ай-
тьшып,  сөз  тіркесінің  бағыныңқы  сыңарында 
жұмсалады  да,  ал  зат  есімдер  негізгі,  ұйытқы 
сыңар  ретіңде  басыңқы  сыңар  қызметінде 
қолданылады.  Соңдай-ақ  ‰стеулер    қимылға 
тән  сапаның  сапасын  білдіретіндіктен,  елік-
теуіш  сөздер – етістіктерді  мәнерлі  т‰рде 
еліктеу  жағынан  сипаттайтын  болғандықтан, 
сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларында жұм-
салуға  бейім  тұратын  сөздер.  Бірақ  бұдан  зат 
есім мен етістіктен басқа сөздер тобы мен сөз 
таптары  сөз  тіркесінің  басыңқы  сыңарында 
м‰лдем  қолданылмайды  деген  қорытынды 
шықпаса керек. Ретіне қарай олар да басыңқы 
сыңар қызметінде жұмсалады: бізден жоғары, 
сізден  төмен,  олардан  ілгері    ‰стеулі  сөз  тір-
кестері,  іске  епті,  Құралайдан  сымбатты  
сын есімді сөз тіркестері, сізден оқыған, ауыл-
дан  келген    есімшелі  сөз  тіркестері.  Алайда 
‰стеу  мен  сын  есімнің,  сондай-ақ  есімшенің 
басыңқы  сыңар  қызметінде  жұмсалуы  олар-
дың негізгі қасиеті мен белгісі емес, қосалқы, 
қосымша  қасиеті,  сондықтан  да  бұлар  сөз 
тіркесін  жасауға  негіз,  ұйытқы  болатын  сөз 
табы не сөз тобы ретінде айтарлықтай көрініс 
таба алмайды. 
Т‰ркі тілдерінің бір саласы, қазақ тіл білі-
міңде  сөз  тіркесін  басыңқы  сыңардың  мағы-
налық  қасиетіне  қарай  топтастыруда  кейбір 
ерекшеліктер  байқалады.  Мәселен,  К.  Аханов 
пен  М.  Серғалиев  есімді,  етістікті  сөз  тір-
кестерінің  ‰стіне «‰стеулі  сөз  тіркестерін» 
қосса, ал Т. Сайрамбаев, М. Балақаевтың «Ор-
тақ меңгеру» деген пікірін негізге алып, есім-
ді, етістікті сөз тіркестерінің қатарына «ортақ 
басыңқы сөз тіркестерін» қосқаңды құптайды. 
М.  Балақаевтың  пікірінше, «ортақ  меңгеру» 
т‰птеп  келгенде,  есіммен  көмекші  етістіктің 
табыс септікті сөзді меңгерген т‰ріне тән. Б‰л 
орынды  да,  өйткені  меңгерудің  мұндай  т‰-
рінде табыс септікті сөзді есім де емес, көмек-
ші  етістік  те  емес,  тек  екеуінің  ортақтасқан 
тобы ғана меңгере алады: оларды қонақ етті, 
өткендерді  ойға  алды,  оларды  «жатақ»  дей-
ді, қайтқанын мақұл көрді т.б. Ал меңгерудің 
басқа  т‰рлерінде,  сондай-ақ  қабыса,  матаса, 
байланысқан  сөз  тіркестеріңде  мұңдай  ерек-
шелік байқала бермейді. Салыстырып көрелік: 
іске  епті  болатын    іске  епті,  ұжымға  м‰ше 
еді ұжымға муше, одан көрікті болатын одан 
көрікті, білімді жігіт еді білімді жігіт, ауыл-
дың сұлуы еді  ауылдың сұлуы т.б. Осы аталған 
сөз  тіркестерінің  басыңқы  сыңарларының  құ-
рамынан  көмекші  етістікті  алып  тастағаннан 
сөз  тіркесінің  тұрқы  бұзылмайды,  басқаша 
айтқанда,  сөз  тіркесінің  меңгеру,  қабысу,  ма-
тасу  деген  т‰рлері  сол  калпында  қала  береді, 
тек шақтық қасиеті жағынан ғана өзгеріске т‰-
седі.  Мәселен,  ұжымға  м‰ше  еді    өткен  шақ-
ты, ұжымға м‰ше  осы шақты, ұжымға м‰ше 
болмақ  келер  шақты,  сондай-ақ  білімді  жігіт 
еді    өткен  шақты,  білімді  жігіт    осы  шақты 
білдіреді.  Демек,  бұл  табыс  жалғаулы  сөзді 
меңгеріп  тұрған  есім  мен  кемекші  етістіктің 
ортақтасқан  тобынан  бас  қаларының  ортақ 
басыңқы  сөз  тіркестерін  құруға  ауыз  толты-
рып  айтарлықтай  емес  екендігін  көрсетеді. 
Шыңдығында,  мұндай  сөз  тіркестерінің  сөз 
тіркесі  болып  құрылуына  кемекші  етістіктер-
дің қатысы жоқ десе де болады, өйткені атал-
ған  сөз  тіркестерін  жоғарыдағыдай  көмекші 
етістіктерді  қатыстырмайақ  бірыңғай  таза 
есімді  сөз  тіркесі  т‰рінде  де  қолдануға  бо-
лады. Бұл мұндай сөз тіркестерінің жасалуына 
т‰йдекті тіркес құрамындағы кемекші етістік-
тер емес, есімдер, яғни олардың лексикаграм-
матикалық мағынасы, сөз табы ретіндегі кате-
гориялық  мағынасы  тікелей  әсер  етті  деген 
сөз.  Бірақ  осыған  қарамастан,  басыңқы  сы-
ңары есім мен көмекші етістіктің ортақтасқан 
тобы  болып  келетін  білімді  жігіт  еді,  маған 
дос  болатын  сияқты  сөз  тіркестерін  шартты 
т‰рде  «ортақ  басыңқы  сөз  тіркестері»  деп 
тануға болатын тәрізді. Өйткені м‰ңдай типті 
сөз тіркестері мақсатқа орай тілімізде кеңінен 
қолданылады. 
«Сөз  тіркесінің  құрылымдық  типология-
сын  жасауда  зат  есім  мен  етістіктің  алатын 
орны  ерекше.  Өйткені  сөз  тіркесінің  құры-
лымдық  ерекшеліктері  осы  өзекті  екі  сөз  та-
бына  негізделеді» (М.  Балақаев).  Алайда  зат 
есім  мен  етістіктер  бағыныңқылық  қызметте 
ж‰мсалатын  сөздермен  қалай  болса  солай, 
ретсіз  тіркесе  бермейді.  Олардың  тіркесуінде 
белгілі  бір  заңдылықтар  болады.  Ол,  бірін-
шіден,  сөздердің  грамматикалық  сипаты  мен 
олардың  сәйкестілігі  арқылы,  екіншіден,  ма-
ғына жақындықтары мен ‰йлесімділігіне орай, 
‰шіншіден, грамматикалық сипаты мен мағы-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          51 
 
насы  жағынан  орайлас  жатқан  сөздердің  бел-
гілі  бір  дәнекерлер,  тәсілдер  арқылы  байла-
нысқа  ену  заңдылығы  болып  табылады.  Сөй-
лем  құрамына  енген  сөздердің  қайсысы 
болмасын  осы  аталған  заңдьшықтар  негізінде 
ғана  өзара  тіркеске  т‰се  алады.  Мәселен,  біз 
әңгіме  етіп  отырған  етістік  іс-әрекетті  білді-
ретін  сөз  табы  ретінде  өзінің  лексикаграм-
матикалық  мағынасына,  жалпы  категориял-
дық  мағынасына  орай  сөздердің  барлық  т‰р-
лерімен емес, олардың ішінен зат есімдермен, 
‰стеулермен,  көсемшелермен,  елікгеу  сөздер-
мен  т.б.  ғана  тіркеседі,  өйткені  бұлар    мағы-
насы  жағынан  жақын  жатқан,  теңін  тапқан 
сөздер.  Мағынасы  жағынан  орайласып,  теңін 
тауып  тіркесу    сөз  тіркесі  ‰шін  аса  қажетті 
белгі, бірақ оларды байланысқа т‰сіретін бел-
гілі амал, тәсілдер бар [3]. 
Етістіктер мағынасы жағынан орайлас жат-
қан  саздермен  әр  т‰рлі  тәсілдер  арқылы  бай-
ланысқа  т‰седі  де,  соның  негізінде  соз  тір-
кесінің  белгілі  бір  байланысу  формасы  (типі) 
жасалады,  нақтылай  айтқаңда,  меңгеру,  қа-
бысу.  
Табыс  септігінің  пысықтауыш  қызметін 
атқарудан  біртіндеп  арылып,  бірыңғай  тура 
толықтауыш  қызметін  атқаруға  көшуі,  соған 
орай  оның  сабақты  етістіктермен  тіркесетін-
дей  болып  ж‰йеленуі  етістіктердің  меңгеруін 
қалыптастырды. 
Етістіктермен  меңгеріле  байланысты,  әр 
т‰рлі  қарым-қатынаста  жұмсалатын  сөздер – 
есімдер. 
Есімдер  етістікке  қатысты  болып  меңге-
ріле  байланысу  ‰шін  табыс,  барыс,  жатыс, 
шығыс,  көмектес  жалғауларының  бірінде  ай-
тылады. Бұл жалғаулар – есімді етістіктермен 
ұластырушы  ғана  емес,  сөздердің  синтаксис-
тік  қызметтерін  саралайтын  да  тұлғалар  мең-
герудің  етістікті  сөз  тіркесін  құрауда  мәні 
ерекше. 
Қозғалыс  әрекетінің  бағыт,  бағдары  мен 
тірелер  орнын  білдіретін  етістіктер  барыс 
жалғаулы  сөздерді  жетегіне  алып,  меңгеріле 
байланысқан сөз тіркестерін құрайды. Мұндай 
сөз  тіркестері  тіркес  құрамындағы  сөздердің 
мағыналық  ерекшеліктеріне  қарай  толық-
тауыштық  жене  пысықтауыштық  қатынаста 
жұмсалады.  Толықтауыштық  қатынаста  жұм-
салатын сөз тіркестерімен салыстырғанда пы-
сықтауыштық  қатынаста  қолданылатын  сөз 
тіркестері  тілімізде  жиі  қолданылады,  соған 
орай  мағыналық  жағынан  алуан  т‰рлі  болып 
келеді. 
Объектілік  қатынаста  жұмсалатын  барыс 
жалғаулы  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сы-
ңарлары толықтауыш қызметін атқаратын сөз-
дер болып келеді. Сондықтан да толықтауыш-
тық қатынастағы сөз тіркестерінің бағыныңқы 
сыңарларында,  негізінен,  адам  тақырыптары 
не солардың орнына ж‰ретін есімдіктер болып 
келеді  де,  басыңқы  сыңарлары  осылармен 
мағыналық жағынан орайлас жатқан қозғалыс 
мәнді  етістіктер  болады.  Мұндай  қатынаста 
жұмсалатын  сөз  тіркестерінің  мағыналары, 
негізінен, мынадай: 
1. Қозғалыс  әрекетінің  кімге,  неге  бағыт-
талғандығын  білдіреді.  Мысалы,  баласына 
келді, әкесіне барды, Абайең алдымен әжесіне 
келді  (Әуезов).  Мұндай  сөз  тіркесі  құрамын-
дағы барыс септігі қозғалыс әрекетінің тірелер 
орнын атап көрсетеді. 
2. Қозғалыс  әрекетінің  бағыт,  бағдарын 
білдіретін  етістіктердің  бірқатары  барыс  жал-
ғаулы  сөздермен  тіркесіп,  аттану,  жорыққа 
шығу,  тартысу  мағынасында  қолданылады. 
Мысалы:  жорыққа  аттану,  соғысқа  бару, 
куреске  тусу.  Жорыққа  аттандырған  ба-
рымтаға  т‰сетін  құмалақ  бұларға  да  т‰сер 
еді (Әуезов). 
3.  Қозғалысқа  т‰скен  заттың  адресатын 
білдіреді.  Мысалы:  Жолдас  Муратбаевтың 
атына арнаулы телеграмма жіберілді (С.Қ.). 
4.  Соқтығу,  тию,  суріну,  с‰йену,  жамбас-
тау,  жантаю  тәрізді  қозғалыс  мәнді  етіс-
тіктер  барыс  жалғаулы  сөздермен  тіркесіп, 
қақтығыс пен с‰йкеніске т‰скен заттарды атап 
көрсетеді. Мысалы: кәрілерге соқтықты, тас 
итке тиді, ағашқа с‰рінді. 
5. Пысықтауыштық қатынаста ж‰мсалатын 
барыс  жалғаулы  сөз  тіркестері  тілімізде  аса 
жиі  кездеседі.  Мұндай  қатынаста  келетін  сөз 
тіркестерінің  бағыныңқы  сыңарларыңда  зат 
есім,  есімдік,  т‰йық  етістік,  көмекші  есімдер 
қолданылады. Мысалы: Аздан соң қуз басына 
ереуілдеген  жаяулар  шықты  да,  ойдағы 
жиынға қарады (Әуезов). 
Пысықтауыштық  қатынаста  жұмсалатын 
барыс жалғаулы сөз тіркестері мынадай мағы-
наларда жұмсалады: 
1. Көлемдік.  Мұндай  мағынаны  білдіретін 
сөз тіркестері жер, көл, аспан, жол, ‰й, қасы, 
жаны  тәрізді  көлемдік  ұғымы  бар  сөздердің 
қозғалыс мәңді етістіктермен тіркесуі арқылы  
жасалады.  Мысалы:  сол  жерге  бару,  көлге 

52                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
келу,  аспанға  ушу,  уйге  жету,  Баласы  атын  
байлап  қасына  келгенде,  жаңа  байқады 
(Әуезов). 
2. Мезгілдік.  Мезгілдік  мағынаны  білдіре-
тін  сөз  тіркестері  уақытты,  мезгілді,  шақты 
меңзейтін  есімдердің  қозғалыс  өрекетін 
білдіретін  есімдермен  тіркесуі  арқылы  жаса-
лады.  Мысалы:  ертеңіне  келу,  сағат  беске 
бару, т‰ске жету, К‰ттіре-к‰ттіре ертеңіне 
келгені (Шашкин). 
Мақсаттық. Мақсаттық мағынаны білдіре-
тін  сөз  тіркестері  у  және  мақ  тұлғалы  қимыл 
есімдердің,  кейде  зат  есімдердің  қозғалыс 
мәңді  етістіктермен  тіркесуі  арқылы  жаса-
лады.  Оқуға  бару,  көмекке  келу,  қаралуға 
кету.  Жылы  киім  жоқ,  ауылда  қалғанжігіт-
тер жаяу-жалпылай көмекке ж‰гіріп кетіпті 
(Нұрпейісов) [73]. 
Аталған септік жалғаулардың синтаксистік 
қызметі,  негізінде,  етістіктердің  лексикалық 
мағыналарымен  байланысты  болады  да,  сөз 
тіркесінің  бағыныңқы  сыңарына  септік  жал-
ғауы  басыңқы  сөздердің  ыңғайына  қарай  жал-
ғанады.  
Газет  бетіндегі  тақырыптарда  меңгеріле 
байланысқан  етістікті  сөз  тіркестері  көп  кез-
деспейді. Ал біздің қолымыздағы тілдік мате-
риалдардан  біз  тек  көп  кездестіретініміз  кө-
мектес  септігі  болды.  Дегенмен  де  басқа  сеп-
тік жалғаулы тіркестер де бірен-саран ұшыра-
сады.  Мысалы:  Ақынмен  кездесу  (Қазақ  әде-
биеті, 2003), Тағдырмен  кездесу  (Егемен  қа-
зақстан, 2004), Елшімен  кездесу  (Егемен  Қа-
зақстан, 2004), т.б.  
Газет  беттеріндегі  тақырыптарда  кездесе-
тін  меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркес-
тері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай 
бөлінеді:  
1. барыс жалғаулы сөз тіркестері;  
2. шығыс жалғаулы сөз тіркестері;  
3. жатыс жалғаулы сөз тіркестері. 
Барыс жалғаулы сөз тіркестері.  
Демократияға  қадам  (Ана  тілі, 2005), 
 
 
Достыққа  дәнекер (Ана  тілі, 2004), Ұлылыққа 
тағзым (Қазақ әдебиеті, 2005). 
Табыс жалғаулы сөз тіркестері: Бізде қо-
нақта (Ана тілі, 2005). 
Шығыс жалғаулы сөз тіркестері: Шығыс 
септігінің  қалыптасу  тарихы  жайында  т‰ркі 
тіліңде әр т‰рлі  көзқарастар  бар. Алайда шы-
ғыс  септігін  жатыс  септігінің  негізінде  қа-
лыптасты дейтін пікір басым.  
Шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің басың-
қы  сыңарларында  етістіктер  де,  есімдер  де 
жұмсалады,  бірақ  етістіктердің  қолданылуы 
есімдермен  салыстырғанда  әлдеқайда  мол. 
Бұл  ерекшелік  меңгерудің  ең  алдымен  етіс-
тіктерге жөн екеңдігін қуаттайды. Демек, сөз-
дер  бірімен-бірі  ретсіз  тіркесе  бермейді,  олар 
тек мағыналық тұрғыдан жақын, орайлас бол-
ғаңда ғана тіркеседі. Мәселен, безу деген етіс-
тік  тек  шығыс  жалғаулы  сөздерді  меңгерсе 
(дуниеден,  емірден  безу),  жақындау  етістігі 
тек  барыс  жалғаулы  сөздерді  меңгереді  (қа-
лаға,  елге  жақындау).  Бірақ  бұған  қарап  шы-
ғыс  жалғаулы  сөздерді  меңгеретін  етістіктер 
өзге септік жалғаулы сөздерді меңгермейді де-
ген қорытынды шығаруға болмайды. Мәселен, 
қозғалыс  әрекетін  білдіретін  кет,  шық,  тус, 
қайт  т.б.  етістіктерді  алатын  болсақ,  бұлар 
шығыс  жалғауынан  тыс  барыс  және  кемектес 
жалғаулы  сөздерді  де  меңгереді.  Бұл  қасиет 
етістіктердің мағыналық жағынан алуан т‰рлі-
лігімен  тікелей  байланысты.  Ж‰зден  ж‰йрік 
(Айқын  апта, 2004), Ақ  жолдан  айнымай... 
(Ана  тілі, 2005), Өткеннен  өнеге  (Қазақ  әде-
биеті, 2006). 
Қорыта  айтқанда  меңгеріле  байланысқан 
есімді  сөз  тіркестерінің  табыс,  көмектес  жал-
ғаулы  т‰рі  газет  беттеріндегі  тақырыптарда 
кездеспеді. 
_____________ 
1.  Балақаев  М.,  Қордабаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Син-
таксис. – Алматы:  Мектеп, 1971. - 337 б. 
2.  Әмір  Р.,  Әмірова  Ж.  Жай  сөйлем  синтаксисі:  Оқу-
лық. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 199 б. 
3.  Қазақ  грамматикасы:  Фонетика.  Сөзжасам.  Морфо-
логия. Синтаксис / Жауапты ред. Е. Жанпейісов. – Астана, 
2002. – 784 б. 
 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал