Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет8/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61

Жылкыбай Гулимжан Кызметкызы 
ПРИНЦИПЫ Т.САЙРАМБАЕВА В ТЕОРИИ СЛОВОСОЧЕТАНИЯ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА 
 
В статье анализируется  принципы Т.Сайрамбаева в теории словосочетания казахского языка. 
 
Zhylkybay Gulimzhan Kyzmetkyzy 
THE PRINCIPLES OF  T.SAYRAMBAYEV  ON THE THEORY OF PHRASE  IN  KAZAKH LANGUAGE 
 
This article  deals with the principles  of  T.Sayrambayev  on the theory of phrase  in  Kazakh language. 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          39 
 
Х. Ә. Қарабаева, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, доценті, ф.ғ.к. 
 
ПРОФЕССОР Т. САЙРАБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН  
ЗЕРТТЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 
 
 
Қоғам дамып, ілгерілеген сайын, оның тілі 
де соғұрлым жаңа атаулармен толығып жетіле 
түсетіндігі  заңды  құбылыс.  Алайда  тілдегі 
өзгеріс  оның  барлық  саласын  бірдей  қамти 
алмайды.  Өзгеріске  бейім  тұратыны – оның 
лексикасы.  Әсіресе,  терминологиялық  лекси-
каның  бұл  ретте  жаңарып,  түрлену  сипаты 
қарқынды  келеді.  ХХІ  ғасырдағы  қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық  ерекшелігін  айқын-
дайтын, технологиялық жетістіктері мен мүм-
кіндіктерінің  негізінде  туындап,  қоғам  өмірі-
нің  түрлі  салаларында  пәрменді  қолданылып 
жүрген  президент,  банк,  банкомат,  кредит, 
валюта,  лицензия,  тендер,  рейтинг,  тест, 
компьютер, интернет, сайт сияқты көптеген 
халықаралық  терминдер  қазақ  тілінің  сөздік 
құрамына еніп те кетті.  
Бұл  аталған  құбылыстың  ықпалынан  лин-
гвистикалық  терминдер  де  сырт  қалмаған. 
Мәселен,  соңғы  жиырма  жылдың  көлемінде 
орын алған тіл-тілдердегі жаңалық қазақ тілі-
не  функционалды  грамматиканың  енуіне  үл-
кен  көмегі  тиді.  Сол  сияқты  фонетика  сала-
сында эксперимент әдісі арқылы дыбыстарды 
жаңаша қарау мәселесі де қолға алынды. Осы 
салаға  қатысты  зерттеле  басталған  интонация 
мәселесі тек фонетикада ғана емес тікелей син-
таксис  саласымен  байланысты  зерттеле  бас-
тады.  Қазіргі  қазақ  тілінің  осындай  бағытта 
өріс  алуымен  жаңа  тілдік  терминдер  қатары 
өсті.  Мысалы,  фонетика  саласы  (сегментті 
фонетика,  суперсегментті  фонетика,  инто-
нема,  интология,  просодия  тәсілі,  үндесім 
түрлері,  жасалым  қоры,  тілшік),  сөзжасам 
саласы  (сөзжасамдық  ұя,  сөзжасамдық  жұп,  
сөзжасамдық  мағына,  семантикалық  сөзжа-
сам, екіншілік мағына,  сөзжасам жүйесі, сөз-
жасамдық  бірліктер,  сөзжасамдық  тізбек, 
сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тарам, сөз-
жасамдық  саты),  морфология  саласы  (суб-
стантив  зат  есімдер,  зат  есімдер  сөзжа-
самы,  сын  есімдер  сөзжасамы,  жақсыз  зат 
есім),  синтаксис  саласы  (салалас  сөз  тіркесі, 
күрделі  синтаксистік  тұтастық,  параллель 
байланысты  күрделі  синтаксистік  тұтас-
тық,  тізбекті  күрделі  синтаксистік  тұтас- 
 
тық, мәтін, парадигма, синтагматика, функ-
ционалды грамматика) жаңа атау, терминдер-
мен толықты.  
Қазіргі  қазақ  терминологиясының  осы 
сынды және өзге де маңызды мәселелері про-
фессор  Т.  Сайрамбаевтың  «Терминдердің  сөз 
тіркесіндегі  құрылымдық  ерекшеліктері  ту-
ралы» (1986), «Лингвистический словарь и во-
просы  статистики» (1990), «Лингвистикалық 
сөздік,  оның  көлемі» (1991),  «Қазіргі  қазақ 
тіліндегі  жаңа  синтаксистік  терминдер  жи-
нағы» (2000), «Лингвистикалық  терминдерді 
қазақшалау  туралы» (2004) және  т.б.  ғылыми 
мұраларында  көрініс  тапқан.  Мұның  сыртын-
да 2007-2009 жылдары  Әл-Фараби  атындағы 
ҚазҰУ жанындағы 10.02.02. – қазақ тілі және 
түркі тілі мамандықтары бойынша филология 
ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін 
беру  жөніндегі  Д.14А.01.03  диссертациялық 
кеңестің  төрағасы  болған  кездерінде  де  дис-
сертациялық  еңбектерде  қолданылған  лин-
гвистикалық терминдердің қазақ тілінде бері-
луіне  ерекше  мән  беріп,  оларды  «қалайда  қа-
зақшалау бағытын» қолдайтындығының талай 
куәсі  болдық.  Аталған  бағыттың  қазақ  тіл 
білімінде  жалғаса  беруін  жақтай  отырып,  ға-
лым: «химия, математика т.б. ғылыми термин-
дермен  салыстырғанда,  қазақ  тілінің  термин-
дері – ішкі құбылыс. Бұл саланың ғалымдары, 
студенттері, аспирант, магистрлері басқа мем-
лекетке  бару  жағынан  гөрі  өз  мемлекетімізде 
ғана жұмыс істей алады. Осы салада жасалған 
оқулықтар тек өз елімізде ғана оқытылады. Ал 
бұл  оқулықтар  шет  елдерге  ауысқан  кезде  де 
тек қазақ тілді аудиториялар үшін апарылады. 
Осыған  байланысты  ғылымның  басқа  салала-
рына  қарағанда  филологиялық  (тіл  және  әде-
биетті  қоса  алып  отырмыз)  терминдер  нағыз 
ұлттық  мәнге  ие  болу  керек» [1; 110], - деп, 
аталған үдерістің маңызын ең әуелі мемлекет-
тік мүдде тұрғысынан түсіндіреді. 
Профессор  Т.  Сайрамбаевтың  пікірінше, 
терминдердің  қолданылу  дәрежесі  ғана  емес, 
олардың  «жасалу  жолдары  мен  құрылымдық 
түрлерінің әдеттегі әдеби тіл нормасымен ара 
қатынасы,  олардың  контекстегі  қолданылуы» 

40                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
маңызды,  өйткені  «әрбір  сөздің,  терминдік 
тіркестердің, калькалық аударманың сөйлемде 
қолдануда  ғана  мағынасы  нақтыланады» [2; 
47]. Cондықтан ғалым терминдердің сөйлемде 
қолданылуын,  біріншіден,  терминдердің  ішкі 
құрылымдық  ерекшеліктер  тұрғысынан,  екін-
шіден,  терминдердің  сөйлем  ішіндегі  ерекше-
ліктері  тұрғысынан  қарастырады.  Сөйлемдегі 
сөздердің өзара белгілі бір жүйеде байланыса-
тынын  негізге  ала  отырып,  терминдік  тіркес-
тердің  де  белгілі  бір  байланысу  тәсілі  негі-
зінде  жасалатындығын  қазақ  тілі  материал-
дары  негізінде  оның  екі  түрін  анықтады. 
Оларды  қиыса  байланысқан  терминдер  және 
қабыса  байланысқан  терминдер  деп  атады. 
Шынтуайтына  келгенде,  осы  терминдерді  ғы-
лыми  айналымға  енгізу  арқылы  профессор  
Т. Сайрамбаевтың өзі де қазақ тілі біліміндегі 
лингвистикалық  терминдердің  авторына  ай-
налды. Әрине, ғалымның  авторлық терминде-
рінің, атап айтқанда сөз тіркестеріне қатысты 
терминдерінің  саны  әлде  қайда  көп  бола-
тындығына  күмән  жоқ.  Себебі  профессор  
Т.  Сайрамбаев  өзінің  саналы  ғұмырын  қазіргі 
қазақ  тіліндегі  сөз  тіркесінің  синтаксисін,  сөз 
тіркесінің құрамын, сөз тіркестерінің құрылы-
сын, сөз тіркестерінің байланысу түрлерін, сөз 
таптарының  сөз  тіркестеріне  қатысын,  тілдік 
эмоцияның  сөз  тіркестері  мен  сөйлем  мүше-
леріне  қатысын  жан-жақты  ғылыми  түрде 
зерттеуге  арнады.  Сондықтан  ғалымның 1991 
жылы  шыққан  «Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем-
нің  синтаксисі»  атты  еңбегінің  «Қазіргі  қазақ 
тілі  сөз  тіркестерінің  негізгі  мәселелері»  та-
рауында  синтаксистік  терминдер  мәселесінің 
жеке  тараушамен  берілуі – заңдылық.  Бұл 
ретте  профессор  Т.  Сайрамбаев  синтаксис  са-
ласында қолданылатын кейбір ұғым атаулары-
ның  тарихына,  олардың  оқу  құралдары  мен 
оқулықтарда, лингвистикалық сөздіктерде бе-
рілу  жүйесіне,  жекелеген  лингвист  ғалымдар-
дың  терминқолданысындағы  ерекшеліктеріне 
тоқтақталып,  талдау  жасайды.  Қазақ  ғалым-
дары С. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақовтың лин-
гвистикалық  орысша-қазақша  сөздігіне  енген 
терминдердің  ішінен  синтаксис  саласына  қа-
тысты  терминдерге  статистикалық  талдау 
жүргізіп,  олардың 26 алтысын  сөз  тіркесіне 
қатысты  терминдер, 82-сін  жай  сөйлемге 
қатысты терминдер, 22-сін құрмалас сөйлемге 
қатысты  терминдер, 13-ін  тыныс  белгісіне 
қатысты терминдер, 10-ын жалпы синтаксиске 
қатысты  терминдер  деп 5 топқа  жіктеген. 
Синтаксистік  терминдерді  құрамына  қарай 
дара  синтаксистік  терминдер  және  күрделі 
синтаксистік  терминдер  деп 2 топқа  бөледі. 
Профессор  Т.  Сайрамбаевтың  анықтауы 
бойынша  жоғарыда  аталған  лингвистикалық 
сөздікте  сөз  тіркестеріне  қатысты 26 алты 
термин ғана болса, ғалымның кейінгі зерттеуі 
бойынша  олардың  қатары  әлдеқайда  өскен. 
Бұл  туралы  профессор  Т.  Сайрамбаев: «Жал-
пы барлық синтаксистік терминдерді беру бір 
жұмыста  мүмкін  емес.  Сондықтан  да  сөз  тір-
кесіне  қатысты  терминдерді  ғана  жеке  беріп 
отырмыз» [3;195], - деп  ұзын  саны 110 тер-
минді  тізіп  көрсеткен.  Берілген  лингвистика-
лық  терминдердің  қатарында  аналитикалық 
тәсіл,  синтетикалық  тәсіл,  аналитикалық-
синтетикалық тәсіл, интонация арқылы бай-
ланысу, модаль сөзді меңгеру, метафоралық сөз 
тіркестері,  сөзтіркесінің  синтаксистік  қаты-
настары,  субстантивті  сөз  тіркесі,  фразалық 
тіркес  сияқты  бір  сыңары  орыс  тілі  арқылы 
енген  терминнің  қатысуымен  жасалған  күр-
делі термин болса, қалғаны, негізінен қазақ ті-
лінің байырғы төл сөздерінен немесе қазақ тілі-
нің ерекшеліктеріне бейімделіп тілімізге сіңіс-
ті болып кеткен араб сөздерінен құралған күр-
делі  терминдер  болып  келеді.  Ал,  бұл  тізімде 
профессор  Т.  Сайрамбаевқа  тиесілі  авторлық 
терминдердің  болатындығына  еш  шүбә  келтір-
мейміз.  Тек  осы  бағытта  арнайы  зерттеу  жұ-
мысын жүргізу алдағы уақыттың еншісінде.     
Профессор  Т.  Сайрамбаев  терминология-
лық сөздіктерге, оның ішінде лингвистикалық 
сөздіктерге  мән  беру  қажеттігіне  үнемі  көп-
шілік  назарын  аударады.  Себебі,  ғалымның 
пікірінше, қазіргі кезде қолданыста жүрген лин-
гвистикалық сөздіктер « ... тілдің дамуындағы 
терминдерді  қамтуда  өресі  жетер  емес.  Өйт-
кені ... сөздіктер,  біріншіден,  алғашқы  ерте-
дегі  ғалымдар  еңбегі,  солар  әзірше  бұрынғы-
ша  қайта-қайта  басылып,  бізге  жетекші  дәре-
жеде  болғанмен,  күнделікті  тілдік  дамуды 
қамти  алмаса  керек.  Сонда  тілдік  даму  мен 
оның  терминін  жинастырып,  оны  жариялауда 
үлкен  алшақтық  бар.  Мұның  өзі  тілдік  тер-
миннің зерттелуінің әлі де жетіспей жатқанын 
көрсетсе керек» [3; 71-72].  
Жалпы  терминдердің,  оның  ішінде  тіл  бі-
лімі  саласында  қолданылатын  ұғым  атаула-
рының жылдан-жылға өсіп келе жатқандығын 
меңзеп профессор Т. Сайрамбаев: «бұрын тіл-
дік  терминдер  бір  ғана  диссертациялық  жұ-
мыс ретінде берілсе, қазіргі кезде соның әрбір 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          41 
 
саласының өзі бір-бір диссертация дәрежесіне 
жететін  объектілері  мол,  бір  термин  туралы 
әртүрлі  көзқарасты,  олардың  әртүрлі  аталуы, 
берілуі, тіпті әр авторда әртүрлі жаңа термин-
дермен толығуда. Тіпті қазіргі кезде әр автор-
дың жасаған терминдері жөнінде де сөз қозғау 
орынды  болар  еді» [3; 72-73], - дейді.  Және 
бұл  ойын  іске  асыру  мақсатында  студенттері 
бітіру жұмыстарын жазды. Ал 2004 жылы осы 
бағытта  кандидаттық  диссертация  жұмысын 
қолға алып, мен профессордың ізденушісі бо-
лып ресми түрде бекітілдім. Алқашқыда маған 
қазақ ғылымының құнды мұрасы болып табы-
латын А.  Байтұрсынұлы,  профессор  Қ.  Жұба-
новтардың төл еңбектері негізінде олардың қазақ 
тіл білімі саласына енгізген авторлық термин-
дерін  жинау  жұмысы  тапсырылды.  Кейінірек 
профессордың  ұйғарымымен  көрнекті  қазақ 
ғалымдары  С.  Амажолов  пен  Н.  Сауранбаев-
тың  авторлық  терминдері  де  зерттеу  нысаны-
на  айналды.  Нәтижесінде  А.  Байтұрсынұлы, 
Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев ең-
бектерінде қолданылған авторлық терминдер-
дің  тізімдемесі  жасалды;  Жиналған  авторлық 
терминдер  қазіргі  қазақ  тілінде  қолданылу 
жиілігіне  қарай  пәрменді  (актив)  термин 
және пәрменсіз (пассив) термин деп жіктелді; 
олардың  пәрменденуі  мен  пәрменсізденуінің 
лингвистикалық  және  экстролингвистикалық 
себептері анықталды.  
Қорыта айтқанда, профессор Т. Сайрамбаев 
–  қазақ  терминологиясының  дамуына  және  
 
оның ғылыми тұрғыда зерттелуіне елеулі үлес 
қосқан көрнекті ғалым. Біріншіден, профессор 
Т.  Сайрамбаев  лингвистикалық  терминдерді 
мүмкіндігінше  қазақтың  төл  сөздері  негізінде 
беру  бағытын  басты  қағида  ретінде  ұстанды; 
екіншіден,  лингвистикалық  терминдердің  ав-
торларын  анықтау,  қазақ  тіл  білімі  термин-
дерінің қалыптасу тарихын нақтылау бағытын 
айқындап,  суденттер  мен  ізденушілердің  ғы-
лыми  зерттеу  жұмысына  жетекшілік  жасады; 
үшіншіден, әр жылдары шыққан лингвистика-
лық сөздіктердің сапасына қатысты өз пікірін 
білдіріп  отырды;  төртіншіден,  лингвистика-
лық  сөздіктерге  енген  терминдерге  статисти-
калық талдау жүргізді; бесіншіден, лингвисти-
калық  терминдерді  тіл  білімінің  салалары 
бойынша  жіктеп  зерттеудің  үлгісін  көрсетті; 
алтыншыдан,  терминдік  тіркестердің  байла-
нысу тәсілдерін анықтады; жетіншіден,  про-
фессор Т. Сайрамбаевтың  өзі де бірнеше лин-
гвистикалық терминдердің авторы ретінде та-
нылды.   
______________ 
1.  Лингвистикалық терминдерді қазақшалау туралы // 
Білім  сапасы – ХХІ  ғасыр  өркениетінің  кепілі.  Әл-Фараби 
атындағы  ҚазҰУ  оқытушы-профессорларының  ХХХІV 
ғылыми-әдістемелік  конференциясының  материалдары. 2-
кітап. –Алматы: «Қазақ университеті», 2004.  -108-110 бб. 
2.  Терминдердің  сөз  тіркесіндегі  құрылымдық  ерек-
шеліктері туралы // –Алматы: «Ғылым», 1986. -45-55 бб. 
3.  Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа синтаксистік терминдер 
//  Қостілді  терминологиялық  сөздіктерді  құрастыру  прин-
циптері  мен  әдістері. –Алматы: «Қазақ  университеті», 
2000.  -71-76 бб.
 
 
К. Карабаева 
ВКЛАД ПРОФЕССОРА Т. САЙРАМБАЕВА В ИЗУЧЕНИЕ КАЗАХСКОЙ ТЕРМИНОЛОГИИ 
 
В статье рассматриваются основные принципы терминологической работы профессора Т. Сайрамбаева  
 
K. Karabaevа  
THE CONTRIBUTION OF PROFESSOR T. SAYRAMBAEVA TO THE STUDY OF KAZAKH 
 
The report deals with the main principles of terminography 
of Professor T. Sayrambaev.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

42                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
С. Өтебеков, 
магистр-оқытушы, А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Т‰ркістан қаласы, Қазақстан, 
e-mail: Usb_1407 
 
СӨЙЛЕМ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ Т.САЙРАМБАЕВТЫҢ 
ҚАҒИДАЛАРЫ ЖАЙЫНДА 
 
 
Жалпы  сөйлем  бір  сөзден  тұрса  да,  өзара 
байланысты  бірнеше  сөзден  құралса  да,  ол 
дауыс  ырғағы  жағынан  тұтастанып,  айнала- 
сындағы  басқа  сөйлемдерден  пауза  арқылы 
оқшауланумен  қатар,  олармен  мағыналық  қа-
тынасқа еніп, ұласып, ұштасып жатады. Олар-
ға  (сөйлемге)  тән  белгілер,  оның грамматика-
лық  сипаттайтын,  айқындайтын  синтаксистік 
категориялар – коммуникативтік  пен  модаль-
дік  және  предикаттық  белгілер.  Бұл  катего-
риялардың  әрқайсысының  өздеріне  тән  ішкі 
мағыналық және сыртқы материалдық көрсет-
кіштері  бар [1:6], яғни,  сөйлем  предикатив-
тілік деп аталатын грамматикалық мағынамен, 
коммуникативтілік  деп  аталатын  қызметімен 
және  бастауыш-баяндауыштық  деп  аталатын 
құрылымдық  ‰лгісімен  сипатталады  да,  осы 
жағынан келгенде, ол (сөйлем) әр т‰рлі айты-
лыстардан (высказывания) ажыратылады [2:198]. 
Сөйлемнің  бұл  айтылған  ‰ш  т‰рлі  белгісі, 
категориясы – бір-біріне  байланыссыз,  бөлек-
бөлек  жатқан  д‰ниелер  емес,  өзара  бірлікте, 
бір  сөйлем  ішінде  кейде  қабаттасып  та  ж‰ре-
тін белгілер. Коммуникативтік пен модальдық 
категориялар  сөйлем  сайын  кездеседі.  Бұл 
екеуінсіз  сөйлем  жоқ.  Ал  предикаттық  кате-
гория  жоғарыда  келтірілген – Тәйт  әрі!  Мәс-
саған!  Әй-әй-әй!  Дегендер  тәріздес  сөйлем-
дерде  болмайды,  яғни  сөйлем  сайын  болуы 
шарт  емес.  Бұл  айтылғандар – құрмалас  сөй-
лемдерге де тән белгілер [3:7]. Ғалым М.Бала-
қаев  сөйлемнің  осындай  қасиеттерін  негізге 
ала  отырып  «предикаттық  қатынас  негізінде 
біршама  аяқталған  ойды  білдіретін  тиянақты 
сөздер  тізбегін  сөйлем  дейміз»[3:16], -  деп 
анықтама берген болатын. 
Ал  ғалым  Т.Сайрамбаев  жоғары  да  айты-
лып  кеткен  көптеген  еңбектердегі  ережелерді 
саралай келе өзінің «Сөйлемнің тұрлаулы м‰-
шелері» атты ауқымды  еңбегінде  сөйлемдер-
дің негізгі белгілерінің бірі предикативтілікке 
байланысты  қарайды  да: «...сөйлемнің  негізгі 
белгісі  ретінде  предикативтілік,  модальділік 
және  интонация  ‰шеуін  де  бірдей  жатқызу 
орынды деп санаймыз. Оларды бір-бірімен тең  
 
немесе біріне-бірі басыңқылық қызметте жұм-
салды  дейтін  пікір  олардың  ішкі  ерекшелік-
терін ескермеуден туса керек»[3:5] деп т‰йеді. 
1970  жылы  шыққан  «Қазіргі  орыс  әдеби 
тілінің  грамматикасында»  берілген  «предика-
тивтілік категориясы әрбір сөйлемдерге қаты-
сады  және  оның  грамматикалық  мағынасы 
болып  табылады»[4:536-541]  дейтін  пікірді 
қолдайтын  ғалым  «сөйлемде  де,  оның  негізін 
құрайтын  элемент – бастауыш  пен  баян-
дауыш.  Осы  екеуінің  негізінде  ғана  оның  мо-
дальділік  қасиеті  айқындалса  керек.  Сондық-
тан да, ең алдымен, сөйлемге тән қасиет ол – 
предикативтілік» дейді.  
Жалпы, сөйлемдерді салыстыра келіп пре-
дикативтіліктің  қасиетін  анықтау  барысында: 
«жалпы,  сөйлем  бір  бас  м‰шелі,  екі  бас  м‰-
шелі  немесе  м‰шеленбейтін  сөйлемдерден 
құралса, предикативтіліктің ең жоғары т‰рі екі 
бас  м‰шелі  сөйлемдерде  нақты,  ал  бір  бас 
м‰шелі  сөйлемдерде  жартылай,  ал  м‰шелен-
бейтін сөйлемдерде болмайды да. Міне, бұған 
қарағанда  предикативтілік  тек  бастауыш  пен 
баяндауыш  арасындағы  таза  грамматикалық 
құбылыс»  дейді [3:6]. Демек,  сөйлемнің  пре-
дикативті  негізі  осы  тұрлаулы  м‰шелер  ар-
қылы  ажыратылады.  Ол  жақ,  шақ  категория-
ларын  предикативтіліктің  қасиетіне,  ал  сөй-
лемнің бойындағы модальділіктің  негізгі көр-
сеткіштері  рай  категориясы,  модаль  сөздер, 
сол  сияқты  демеуліктер  мен  интонация  екен-
дігін  айтады.  Сөйлем  синтаксисін    зерттеген 
тарландардың  бірі  ф.ғ.д.,  профессоры  Р.Әмір 
өзінің  «Жай  сөйлем  синтаксисі»  атты  ең-
бегінде де  бұған байланысты Баяндауыш м‰-
шеге  балама  ретінде  жұмсалатын  предика-
тивтік  констукциялар,  Пысықтауыш  м‰ше-
лердің  стильдік  т‰рлері  және  олардың  жұм-
салуы  атты  тараушаларында  осы  мәселелерге 
баса  назар  аударған  болатын.  Ол  да  «Қазақ 
тілінде  предикативтік  іс-әрекетті  бастауыш-
баяндауыш  құрамындағы  тіркес  арқылы  біл-
діру  амалы  бар.  Бұл  ‰шін  қимылды  сипат-
тайтын  етістік  сөздер  субстантивтік  формаға 
келіп  бастауыштық  позицияны  алады  да, 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          43 
 
баяндауыш  болып    бар,  жоқ  сөздері  қаты-
сады: алғым бар, айтатыным бар [4:193]. 
Жай  сөйлемнің  өзі – хабарлаудың  дербес 
синтаксистік  шақтар  мен  райларды  білдіретін 
арнайы  грамматикалық  тәсілдердің  ж‰йесін 
қамтып  иеленген  ең  кіші  құрылымдық  ‰лгі 
[6:543]  десек  болады.  Тіпті,  құрмалас  сөй-
лемдердің өзі бірнеше құрылымдық ‰лгісі бар 
предикативті единицалардан жасалуы м‰мкін. 
Қазіргі  орыс  әдеби  тілінің  граммматикасында 
бұл  жөнінде  «құрмалас  сөйлем  дегеніміз  бел-
гілі  бір  құрылымдық  ‰лгі  бойынша  құрасты-
рылған және хабарлардың біртұтас единицасы 
ретінде  қызмет  атқару  ‰шін  жасалған  преди-
кативті  единицалардың  тіркесі» [3:653]. Осы-
ған  орай  ғылымда  екі  немесе  бірнеше  преди-
кативті единицалардың синтаксистік единица-
лардың  синтаксистік  тіркесіне  негізделген 
құрмалас сөйлем полипредикативті (көп пре-
дикативті)  құрылым  ретінде  қаралады  да,  ол 
(құрмалас  сөйлем)  осы  тұрғыдан  монопреди-
кативті (дара предикативті) құрылым ретінде  
қаралатын  жай  сөйлемдерге  қарама-қарсы 
қойылады.  Құрмалас  сөйлем  жай  сөйлемнен 
бір  емес,  бірнеше  синтаксистік  модальды-
шақтық  мағынаға  ие  болуы  жағынан  ажыра-
тылады. Предикативтілік жай сөйлемнің грам-
матикалық  мағынасы  болып  саналса,  ол  б‰-
тіндей  құрмалас  сөйлемнің  емес,  оны  құрас-
тырушы компоненттердің сапасы болып сана-
лады [2:203]. Бұған қосарымыз қандай да бол-
масын  б‰тін  тілдік  құрылымды  құрастырушы 
компоненттер,  бір  жағынан  б‰тіннің  бір  бөл-
шегі  ретінде  қандай  да  бір  дербестігін  сақтап 
тұрса,  екінші жағынан, олар өзара қарым-қа-
тынасқа  т‰су  нәтижесінде  өзі  құрамына  еніп 
тұрған  тілдік  құрылымның  бірлікте,  тұтас-
тықта  болуын  қамтамасыз  етеді.  Құрмалас 
сөйлемдердің  өзі  жөнінде  тікелей  айтсақ – 
синтез  бен  анализдің  жемісі.  Әсіресе,  құрма-
лас  сөйлемге  қатысты  оның  компоненттері 
турасында  ғалымдар  әр  т‰рлі  талдау  арқылы 
т‰сіндіреді.  Ғалымдардың  бір  тобы  оны  құр-
малас  сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлем 
(Н.Сауранбаев,  Г.Абдрахманов,  А.Нажимов 
т.б.)  десе,  екіншілері  предикативтік  бірлік-
терді  біріктіретін  құрылым  (Г.Ф.Калашни-
кова,  Г.Садырова  т.б.), ‰шіншілері  формант-
тық  к‰рделі  бөліктің  құрылыс  материалы 
(Г.П.Уханов,  М.В.Симулик,  О.Төлегенов)  деп 
т‰сіндіреді.  Біздің  ойымызша  да,  талас  ту-
дырмайтын  айқын  мәселе  құрмаластағы  ком-
поненттердің  к‰рделі  бөліктің  құрылыс  мате-
риалы  екендігі,  ал  оның  құрылыс  материалы, 
сөз  жоқ  жай  сөйлемдер.  Жай  сөйлемнен  кіші 
тілдік  құрылыстың  ешқайсысы  да  құрмалас 
сөйлемге  дербес  компонент  бола  алмайды. 
Алайда, құрмалас сыңарларын жеке-жеке сөй-
лемдер  ретінде  емес,  оны  синтаксистік  мағы-
насы,  коммуникативтік  мақсаты – бәрі-бәрі 
оны  құрайтын  элементтерге  тікелей  қатыс- 
ты.  Коммуникативтік  талаптардың  синтаксис 
ж‰йесін  билейтін  басты  фактор  екендігін 
профессор Р.Әміров көрсеткен болатын [8:11].  
Жалпы, «предикат»  терминінің  бастапқы 
негізгі мағынасы баяндауыш екендігімен қоса 
«сөйлемнің негізгі м‰шесі»  деп, «баяндауыш-
сыз  сөйлем  болмайды»  деп  (атаулы  сөйлем-
дерден  басқа)  қарасақ,  баяндауыш  предика-
тивтіліктің  негізі  екендігін  кез  келген  ғалым 
мойындайды.  Дегенмен,  баяндауыш  логика-
лық  бастауыш  болса  да  жақ,  сан  бойынша 
қиысатын,  жіктік  тұлғаларда  тұлғаланып  бас-
тауыштық  болмыстың  белгісіне  ыңғайлана-
тын  сөйлем  м‰шесі  екендігі  даусыз,  яғни 
бастауыш басқа сөйлем м‰шелеріне қарағанда 
ойдың иесі ретінде қолданылатындығы айқын. 
Бұл  жағынан  бастауыш  басқа  сөйлем  м‰ше-
лерінен  айқын  ерекшелейді.  Бірақ,  сонымен 
қоса  бастауыш  жеке  қолданылып  өмір  с‰ре 
алмаса  керек,  ол  қалайда  басқа  сөйлем  м‰-
шелерімен,  оның  ішінде  баяндауышпен  син-
таксистік  байланыста  айтылғанда  ғана  мағы-
налары  айқындала  т‰седі.  Сонда  бастауыш 
болатын  сөздер  қаншалықты  ойдың  иесі 
болуы негізгі шарт екендігі жеке тұрғанда іске 
аспаса  керек.  Олай  болса  бастауыш  сөйлемде 
басты тұлға, бірақ оны бағынбайды деп айтуға 
келе  бермесе  керек.[3:66].  Сонымен  бірге, 
предикативтік  іс-әрекетті,  сапаны  білдіретін 
сөйлем  м‰шесін  баяндауыш  дейміз.  Сөйлем 
құрауға  негіз  болатын  бас  м‰шелер,  әсіресе 
баяндауыш,  ойды  құрастыруға  арқау  болады. 
Бас  м‰шелер  болмаса  басқа  м‰шелердің 
болуы  да  м‰мкін  емес.  Өйткені  анықтауыш, 
толықтауыш,  пысықтауыштар,  алдымен  сол 
екі бас м‰шенің маңына топтанады, қала берді 
бірін-бірі  анықтап,  толықтырып,  сөйлемнің 
құрамына  ене  алады.  Осыларды  ескере  кел-
генде,  предикативтілік – барлық  сөйлем  фор-
маларына  тән,  сөйлемді  қарым-қатынас  бір-
лігіне жатпайтын сөз, сөз тіркесінен ажырата-
тын  бірден-бір  қасиет,  белгі.  Предикативтілік 
туралы  тұжырымның  екі  қағидасы  бар: 
біріншісі – предикативтілік – сөйлемді сөйлем 
ететін  ең  басты  синтаксистік  категория.  Пре-

44                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
дикативтіктің  мағынасы  мен  қызметі  сөйлем 
мазмұнын шындық болмысқа теңестіру болып 
танылады.  Бұл  предикативтіліктің  ажырамас 
қасиеттері – модальділік,  шақтылық,  жақ-
тылық  тәрізді  синтаксистік  категориялары 
арқылы іске асады; екіншісі – сөйлемді құрау-
шы  бөліктер  (компонент)  арасындағы  арнайы 
қатынас.  
Модальділік  объективті  және  субъективті 
болып  екіге  бөлінеді.  Объективті  модальділік 
– сөйлемдегі хабарламаның (сообщение) шын-
дық  болмысқа  қатысы.  Бұл  екі  тұрғыда  көрі-
неді:  біріншісі – реалды  іс-әрекет,  қимыл-
қозғалыс,  оның  ‰ш  шақта  (осы,  келер,  өткен) 
өтуі; екіншісі – реалды емес іс-әрекет, қимыл-
қозғалыс,  яғни,  бұйрық,  қалау,  тілек,  қажет-
тілік  тәрізді  хабарлама  т.б.  Реалды  модальді-
лік  ашық  райдың  ‰ш  шағында  көрінеді.  Мы-
салы:  Қарашоқыдағы  қыстауға  келген  соң 
Абай  ең  әуелі  әкесіне  бармай,  К‰нкенің  ‰йіне 
кірді.  Мұнда  Абайдың  ең  жақсы  көретін 
туысқаны – Құдайберді  көптен  бері  науқас 
болатын. Алдымен  соған амандасып, жайын 
білмек.  Құдайберді  биік  төсек  ‰стінде  жө-
теліп жатыр екен т.б. (М.Әуезов). 
Қазақ  тілінде  предикаттық  қатынас  екі 
т‰рлі  жолмен  айқындалады:  бірінші,  компо-
нентте  екі  негізгі  м‰шенің  бастауыш  пен 
баяндауыштың  қатар  айтылуы  арқылы,  екін-
ші,  баяндауыштың  тек  жіктік  формасы  ар-
қылы. Мұның алғашқысын предикаттық қаты-
настың  аналитикалық  немесе  аналитика-син-
тетикалық тәсіл арқылы көрінуі де, соңғысын 
синтетикалық  тәсіл  арқылы  көріну  дейміз. 
Мысалы: Сендер тәлтіректеп белестен асып 
кеткенше, мен көз алмай қараумен болып едім 
(Б.Майлин).  Ақырында  осы  отырған  жұрт 
Нілді  мен  Қарағандыны  мына  Боздақ  пен 
Байжандікі  деп  тапты  да,  өзгеміз  соған  қол 
көтеріп шықтық (Ғ.М‰сірепов). 
Мысалдың  бірінші  сөйлеміндегі  бағының-
қы  компонент  баяндауышы  болып  тұрған 
«асып кеткенше» деген к‰рделі сөз ешбір жақ-
қа  тәуелді  емес,  жеке  алғанда  оның  бойында 
баяндауыштық  қасиет  те  жоқ.  Оны  баян-
дауыштық    дәрежеде  көрсетіп,  белгілі  бір 
жақтық  мән  беріп  тұрған – «сендер»  деген 
бастауыш.  Егер  ол  болмаса,  тіркесте  сөйлем-
дік  қасиет,  яғни  предикаттық  қатынас  пайда 
болмайды.  Предикаттық  қатынастың  бұл 
көрінісі – аналитикалық тәсіл көріну деп ата-
лады.  Ал  мысалдың  соңғы  сөйлемінде  де 
предикаттық  қатынас  әр  компонент  баян-
дауыштардың  (Боздақ  пен  Байжандікі  деп 
тапты,  қол  көтеріп  шықтық)  формасы  ар-
қылы  да,  олардың  әр  қайсысының  дербес 
айтылған  бастауыштары  арқылы  да  (жұрт, 
өзгеміз)  берілген.  Бұл  тәсіл  предикаттық  қа-
тынастың  екі  жақты,  яғни  аналитикалық-
синтетикалық  жолмен  көрінуі  делінеді.  Осы 
арада  предикаттық  қасиеттің  көрсеткіші  са-
налатын  жақ  категориясы  жөнінде  де  айтып 
кетсек  болады.  Ол  ‰шін  жақ  категоиясының 
бірден-бір  құрылымы  етістік  болатындығын 
ескерген  Т.Сайрамбаевтың  осы  мәселенің 
төңірегінде айтылған пікірі негіз болуға әбден 
лайық.  Ол  «синтаксистік  жақ  категориясы – 
айтушы,  тыңдаушы  және  ІІІ  бір  жақта  айты-
лады да, ол көрсеткіш етістік арқылы көрінеді. 
Етістіктің  жақ  категоиясы  отыр,  тұр,  ж‰р, 
жатыр етістіктеріне тікелей жалғанады да, ал 
басқа  етістіктерге  т‰рлі  қосымшалардан  соң 
жалғана келе, етістік баяндауыштың қай жақ-
та  тұрғандығын  көрсетіп,  әрі  сол  көрсеткіші 
арқылы  бастауыш  та  белгілі  болады.  Мұның 
өзі  баяндауыштағы  жақтық    көрсеткіші  ар-
қылы  бастауыштың  қай  жақта  тұрғандығы 
мен етістіктің де сол жақта тұруы бір-бірімен 
ұштасып,  екі  жақты  байланысқа  т‰седі  де, 
бірін-бірі  толықтырады.  Бастауыш  та,  баян-
дауыш  та  екі  жақты  баяндауыштың  бірінде 
баяндауыш    арқылы  көрінсе,  бастауышта  кө-
біне есімдіктер арқылы көрінеді. 
Сөйлемнің  ең  негізгі  қаңқасы  предикат-
тылық десек, одан кейінгі мәселе - сол сөйлем 
арқылы  адамның  қуану,  шаттану,  еркелету, 
шошу,  ашу-ыза,  к‰діктену,  к‰шейту,  әсерлеу, 
құптау,  құптамау,  жақтырмау,  сену,  м‰мкін-
дік,  керектілік,  болжалдық,  т.б.  қасиеттері, 
яғни,  олардың  семантикалық  белгілерін  ай-
қындау – екінші орындағы мәселе. Ал сөйлем-
нің  бойындағы  мұндай  қасиеттердің  барлығы 
да  модальділік  белгісі  арқылы  беріледі  де, 
олардың  негізгі  көрсеткіштері  рай  категория-
сы,  модаль  сөздер  мен  демеулер  және  инто-
нация  болуы  тиіс.  Бұл  Т.Сайрамбаевтың  сөй-
лемге  тән  тағы  бір  қасиет  модальділікке  бай-
ланысты  айтылған  пікірі.  Яғни,  модальділік 
категория сөз иесінің беріліп отырған хабарға 
өзіндік  көзқарасын  байқатады.  Ол  өзінің 
мағынасы  арқылы  сөйлемнің  айтылу  мақ-
сатын,  сазын  білдіреді.  Модальділіктің  сипа-
тына  қарай  сөйлемдер  хабарлы  (Оқу  бас-
талды),  бұйрықты  (Ертең  ерте  кел),  сұраулы 
(Мынау  кімнің  кітабы?),  лепті  (Қандай  та-
маша! Көрінбе көзіме!) боп бөлінетіндігі бел-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          45 
 
гілі.  Модальділік  категориясының  сыртқы 
материалдық  көрсеткіші-  интонация  мен  әр 
т‰рлі  морфологиялық  және  лексикалық  эле-
менттер.  Модальділік  мағынаның  көрінісі, 
берілуі  тілдерде  біркелкі  болмайды  Модаль-
ділік  мағына  материалдық  жағынан  грамма-
тикалық та, лексикалық та болады. Граммати-
калық  модальділік  белгі  сөйлемде  негізінде 
етістік  райлары  арқылы  жасалады.  Бұл  жа-
ғынан алғанда, модальділік категориясы пере-
дикаттық  категориямен  ‰ндеседі  десек  бо-
лады. Ал лексикалық модальділік белгісі көбі-
не  тілдегі  модаль  сөздер  арқылы  көрініс  та-
бады (Ол оқиды – ол, әрине, оқиды т.б.). Осы-
ның  ішінде  модальділік  категориясының  көр-
сеткіштерінің  бірі  демеуліктердің  рай  кате-
гориясына  қарағанда  өте  эмоциональдық  қа-
сиетін  таныту  жағы  басымырақ  екенін  көреміз. 
Жалпы, демеулердің т‰рлерінің атының өзі олар-
дың  ондай  сөйлемдерге  қандай  мағына  ‰степ 
тұрғандығын көрсетуімен нақтыланады [9:7]. 
Қорыта  айтқанда,  ғалым  Т.Сайрамбаев 
қазақ  тіліндегі  сөйлемнің  негізгі  белгіле- 
рінің  ғылыми  теориясының  қалыптасуына  
‰лкен  ‰лес  қосты  деуге  толық  негіз  бар. 
Ғалымның  синтаксистік  ғылыми  жаңалық- 
тары  арнайы  қарастыруды  қажет ететін  мәсе-
лелер.  
______________ 
1.  Жубанов  Х.  Исследования  по  казахскому  языку. 
Алма-Ата, 1966 
2.  Аманжолов  С.  Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қыс-
қаша курсы А.,1950 
3.  Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А. 1966 
4.  Сайрамбаев  Т.  Сын  есімді  етістік  сөз  тіркестері // 
Қазақ тілімен әдебиеті. № 1. 1999./ М.Жолшаевамен бірге. 
5.  Виноградов  В.В.  Вопросы  грамматического  строя, 
М., 1955 
6.  Сайрамбаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  к‰рделі  сөз 
тіркестері. А., 1981 
7.  Балақаев  М.,  Қордабаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тілі.  А. 
1966 
8.  Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. А.,1998. 
9.  Закиев М. Синтаксический строй татарского языка, 
Казань, 1963.
 
 
 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал