Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет7/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61

Толеуп Мейиримгуль 
ИССЛЕДОВАНИЯ Т. САЙРАМБАЕВА ПРО СИНТАКСИС СЛОВОСОЧЕТАНИИ И  
ПРЕДЛОЖЕНИИ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ 
 
В  статье  анализируются  труды  выдающегося  ученого-лингвиста  профессора  Т.  Сайрамбаева,  посвященные 
синтаксису словосочетания, простого и сложного предложения в современном казахском языке. В работах ученого 
рассматриваются  важнейшие  теоретические  вопросы  данного  лингвистического  направления.  При  исследовании 

34                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
спорных вопросов казахского синтаксиса профессор Т. Сайрамбаев особое внимание уделяет структурным схемам 
и  семантическим  и  функциональным  особенностям  синтаксических  единиц.  Опираясь  на  свои  исследования,  он 
дает определения синтаксическим терминам. 
 
Toleup Meyirimgul 
STUDIES OF T. SAYRAMBAEV ABOUT SYNTAX OF PHRASES AND SENTENCES  
IN THE MODERN KAZAKH LANGUAGE 
 
The article analyzes the scientific works of the outstanding linguist professor T.Sairambayev which are dedicated to 
the syntax of phrases, simple and complex sentences in the modern Kazakh language. The papers of the scientist examine 
the most important theoretical issues of the given linguistic stream. While researching disputable issues of the Kazakh 
syntax, Professor T.Sairambayev pays special attention to structural schemes, semantic and functional features of syntactic 
units. According to his own researches the linguist gives definitions to syntactic terms. 
 
 
 
 
Г. Жылқыбай 
А.Ясауи атындағы ХКТУ доценті, ф.ғ.к.
 
  
Т.САЙРАМБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСІ ТЕОРИЯСЫНА  
ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМЫ
 
 
Қазақ тіл білімінде кенжерек дамыған сала 
ретінде  саналатын  сөз  тіркесі  жөніндегі  зерт-
теулер  қазіргі    шақта  едәуір  биікке  көтерілді 
деуге  болады.  Жалпы  сөз  тіркесінің  ж‰йелі 
қарастырылуына  бірталай  елеулі  еңбек  ет- 
кендердің  басында  С.Аманжолов,  Р.Әміров, 
Ә.Аблақов,  М.Серғалиев,  М.Балақаев,  Т.Сай-
рамбаев, 
Е.И.Убрятова, 
Н.А.Баскаков, 
Н.К.Дмитриев,  Қ.Басымов  сияқты  тілші  ға-
лымдардың тұрғандығы сөзсіз. 
Дегенмен  т‰ркі  тілдеріндегі  сөз  тіркестері 
жөніндегі ең алғашқы таза теориялық туынды 
профессор  М.Балақаевтың  еңбегінен  бастал-
ған  болатын.  Олай  деуіміздің  себебі,  ғалым-
ның 1954 жылы  шыққан  «Қазіргі  қазақ  тілі» 
деген  кітапқа  енген  «Сөз  тіркесі»  бөліміндегі 
мақаласы мен 1957 жылы жарық көрген «Ос-
новные  типы  словосочетаний  в  казахском 
языке»  еңбегіне  дейінгі  зерттеулердің  «тек  
мектеп  грамматикаларының  көлемінде  айты- 
лып келгендігін», «онда да сөз тіркесіне толық 
анықтама  беріп,  оның  т‰рлі  жақтарын  егжей-
тегжейіне  дейін  зерттеген  ешкім  болмаған-
дығын» оның ізбасар шәкірті Т.Сайрамбаев өз 
еңбегінде атап өтеді. 
Ғылымға  ең  алғашқы  қадамын  сөз  тіркес-
теріне байланысты ғылыми мақаласымен бас-
тап,  тіл  білімінің  синтаксис  саласына  жарты 
ғасырлық  ғұмырын  арнаған  ф.ғ.д.,  профессор 
Т.Сайрамбаевтың елеулі еңбектерінің мол бө-
лігінің  жетекшісі  М.Балақаев  қағидаларынан 
бастау  алатындығымен  қоса  онымен  ‰ндес  
 
 
екендігін  байқау  қиын  емес.  Мәселен, «Қа-
зіргі  қазақ  тіліндегі  к‰рделі  сөз  тіркестері» 
атты  монографиясын  негізге  алсақ  болады. 
Аталған  еңбекте  автор  М.Балақаев  пен  т.б. 
ғалымдарының  зерттеулерінен  тыс  қалған, 
тіпті  т‰ркі  тілдері  бойынша  еш  сөз  болмаған 
мәселелер  жөнінде  алғаш  зерттеу  ж‰ргізген 
болатын  және  бұл  д‰ниелердің  орнын  баса 
алатын  еңбектердің  қазірде  жоқтығын  сеніп 
айта аламыз. 
Қазақ  тіліндегі  сөз  тіркесі  саласы  туралы 
ХХ  ғасырдың 20 жылдарынан  кейін  сөз  қоз-
ғала бастағанымен, жалпы тіл білімі бойынша 
ХІХ  ғасырдың  басында  пайда  болған  қисын-
дық  бағыт  өкілдерімен  байланысты.  Сол  ға-
сырдың  орта  кезеңіне  дейін  беделін  жоғалт-
паған  бұл  бағыттың  әр  т‰рлі  ойлары  кейінгі 
зерттеушілер  тарапынан  қате  деп  табылғаны-
мен,  сөз  тіркесін  сөйлеммен  қатар  синтаксис-
тің  қарамағында  қарау  қағидасы  жоққа  шы-
ғарылмайтын  мәселе  болып  қала  берді.  Олар 
синтаксистік  ұғымдарды  формалды  логика-
ның м‰ддесі тұрғысында, соған тәуелді  мәнде  
қарады, синтаксистің міндеті логикалық кате-
гориялардың тілдегі баламасын айқындау деп 
т‰сінді.  Сөйлемге  болсын,  оның  м‰шелеріне 
болсын анықтама беруде бірден-бір с‰йеніш – 
қисын  заңы  деп  білді.  Сөйлем – қисындық 
пайымдаудың  көрсеткіші,  ол  екі  м‰шелі  ғана 
болады:  оның  бірі – субьект,  екіншісі – пре-
дикат.  Бұл  екі  категорияның  тілдегі  көрсет-
кіштері – бастауыш  пен  баяндауыш  дегенді 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          35 
 
айтты. Көптеген олқылықтары барлығына қа-
рамастан  қисындық  бағыт  ХІХ  ғасырдың 
ортасына дейін елеулі беделге ие болып келді. 
Оның  сарқыншағы  к‰ні  б‰гінде  де  кездесіп 
қалады.  Тіпті,  сол  кезден  бергі  жарық  көрген  
грамматикалық  әдебиеттердің  барлығында  да 
синтаксисті  грамматиканың  бір  саласы  ретін-
де қарау ж‰йесі б‰гінгі шақтағы ғылымымыз-
дың  да  сипаты.  Соншалықты  ұзақ  тарихына, 
т‰рліше кезеңдеріне қарамастан, синтаксистің 
негізгі  обьектілерін  айқындауда  әлі  к‰нге 
дейін  пікір  қайшылықтары  кездесіп  қалады. 
Өткен ғасырдың аяғына дейін синтаксистің ең 
негізгі  және  бірден-бір  обьектісі  сөйлем  де-
лінген  болса, ‰стіміздегі  ғасырдан  бастап 
оның қарауына сөздер тіркесі де жатады дей-
тін пікір пайда болды. Тіпті, орыс тіл білімінің 
көрнекті  өкілдері  Ф.Ф.Фортунатов  пен  оның 
шәкірті  М.Н.Петерсон  секілді  ғалымдардың 
тарапынан  сөздер  тіркесі – синтаксистің  бір-
ден-бір обьектісі, сөйлемнің өзі де сөз тіркесі 
құрамына  енеді  дейтін  қағидалар  пайда  бол-
ған  болатын.  Бұл  бағыттағы  ғалымдардың 
пікірінше,  синтаксистің  т‰йінді  мәселесі, 
негізгі  обьектісі – сөздер  тіркесі.  Сөйлем  де-
геніміз  сөздер  тіркесінің  бір  т‰рі  ғана.  Сон-
дықтан синтаксистің қарауына тек сөз тіркесі 
т‰ріндегі  сөйлем  ғана  жатады  деп  есептейді 
[1.28].  
Қай пікірдің, зерттеудің болмасын сөз тір-
кесі  тіл  біліміндегі  ең  негізгі  тұлға  екендігін 
көреміз.  Орыс  тілінде  сөз  тіркестерін  алғаш 
қолға  алғандардың  бірі  В.В.Винградов    сөз 
тіркестерінің  т‰рлері,  байланысу  формалары 
және олардың құрылысы тіл білімінің ең бас-
ты бөлімі екендігін айтады [2.179].   
Ғалым  Т.Сайрамбаевтың  айтуынша,  орыс 
тіл  білімінің  белгілі  зерттеушісі  И.П.Мелио-
ранский  «Краткая  грамматика  казах-киргиз-
ского  языка»  деген  еңбегінде  сөз  тіркесі  ту-
ралы  арнайы  тоқталмағанымен, «простое 
предложение»  деген  бөлімінде  бастауыштың 
баяндауышпен  қиыса  байланысатынын  дұрыс 
көрсеткен [3.1-2]. Ал  септіктерге  жеке-жеке 
тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық 
топтарының  қайсысы  қандай  сөздерді  мең-
геретінін анықтаған.Ал қабыса байланысу ту-
ралы  ешбір  сөз  қозғалмайды.  Бірақ  автордың 
«Определение»  деген  бөліміндегі  мынадай 
мысалдар: «ақ  тас – белый  камень;  жақсы 
кісі – хороший человек; ‰шінші  жыл – третий 
год»  дегенде  сөздердің  қатар  келіп  орналаса-
тынын сөз етеді». Мұның өзі қабысу термині-
нің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін 
енгізілмеу  себебіне  байланысты  ма  деп  ой-
лауға болады. 
Қазақ  тіл  білімінде  сөз  тіркесі  синтаксисі 
жеке  ғылым  болып  елуінші  жылдары  про-
фессор  М.Балақаевтың  әсерімен  қалыптасты 
дегенімізбен,  синтаксисті  сөйлемнің  қандай 
т‰рлері  болатынын,  қандай  бөлшектерден 
құралатынын  қарастыратын  грамматиканың 
бір  саласы  деп  анықтаған  қазақ  ғалымдары-
ның  алғашқыларының  бірі,  профессор  Қ.Жұ-
банов синтаксистің қарауына сөздер тіркесі де 
жататындығын  отызыншы  жылдары  айтқан 
болатын.    
Алғашқы зерттеулердің бірі С.Аманжолов-
тың  да  сөйлем,  сөз  тіркесіне  қосқан  пікірлері 
әлі  к‰нге  маңызын  жоймаған  оның  еңбек-
терінде  біршама  сөз  болады.  Ол 1940 жылы 
«Қазақ  әдеби тілі ғылыми синтаксисінің қыс-
қаша  курсы»  деген  кітабын  он  жылдан  кейін 
«Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қысқаша 
курсы»  деген  атпен  қайта  бастырғанда,  әдейі 
«Сөздер  тізбектері» [5.10] деген  тақырыппен 
берілген  болатын.  Әрине,  бұл  кітапта  тілі-
міздің  барлық  сөз  тіркесін  сөйлемге  берілген 
анықтамалардың ыңғайында атап ж‰рді. Сон-
дықтан  да,  С.Аманжоловтың  пікір-тұжырым-
дары  өз  уақытысындағы  ғылыми  еңбектердің 
ұстанымына  сәйкес  келуі  м‰мкін  еді,  Мәсе-
лен; «Тиянақты  ойды  білдіретін  сөзді  я  бір-
неше сөз тіркесін сөйлем дейміз», «кейбір сөз 
(сөйлем  м‰шесі)  басқа  сөзді  анықтап,  толық-
тырып,  пысықтап  немесе  т‰рліше  қиюласып, 
бірін-бірі  керек  ету  жолымен  байланысады. 
Мұндай  байланыстарды  сөйлемдегі  сөздердің 
тіркесі  дейміз», - деген  өзіндік  пікірлері  осы-
ның айғағы. 
Қалай десек те, ХХ ғасырдың алғашқы бө-
лігінде  оқулықтар  жазып,  ой  айтқан  профес-
сорлар  Қ.Жұбанов,  С.Аманжоловтар  сөз  тір-
кесі тіліміздегі елеулі категория екенін жақсы 
т‰сінгендіктен  аз  да  болса  өз  еңбектерінің 
нысанына айналдырды. 
Сөздер тіркесі синтаксистің қарауына ене-
тінін  жоғарыда  айтып  өткендей  кейінгі  жыл-
дары М.Балақаевтың  еңбектерінде өте  ж‰йелі 
айтып  өтеді.  Ол  өзінің  жай  сөйлем  синтак-
сисіне  арналған  зерттеуінде  «синтаксис  сөй-
лемнің грамматикалық ж‰йесін құрамын, сөз-
дердің  тіркесуін  қарастырады» - десе,  соңғы 
еңбектерінде  одан  гөрі  айқындаңқырап,  сөз 
тіркесін  синтаксистің  бірінші  обьектісі  дәре-
жесіне дейін көтереді [6.140].   

36                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
 М.Балақаев пен Т.Сайрамбаевтың пікіріне 
с‰йенсек  егер  сөйлем  қарым-қатынас  жасау-
дың,  адам  ойын  білдірудің  негізгі  формасы 
болса,  сөз  тіркесі  және  сөз – сөйлем  құрау-
дың  материалдары,  яғни,  бұдан  шығатын  қо-
рытынды  сөздер  тіркесі  синтаксис  қарауына 
жататын  мәселелердің  бірі  екені  даусыз.  Ол 
сөйлеммен  тығыз  байланыста  қаралуы  керек. 
Бірақ  сөз  тіркесі  синтаксистегі  тұлға  емес, 
оның  негізгі  тұлғасы – сөйлем.  Сөз  тіркесі, 
көптеген  ғалымдардың  көрсеткеніндей,  сөй-
лемнің  бір  бөлшегі – сөйлем  құрауға  қажетті 
материал.  Мұндай  сөз  тіркесі  мен  сөйлемнің 
арасындағы  айырмашылықтарды  тану  мәсе-
лесі  тілші  ғалымдардың  көбіне  ой  салған  бо-
латын.      
Сөз  тіркесін  сөйлемнен  ажырату – жалпы  
тіл білімінде негізгі мәселелердің бірі. Осыған 
орай ғалым Т.Сайрамбаев «Сөз тіркесіне син-
таксистік топ құрайтын барлық сөздердің тір-
кесін жатқызамыз ба, әлде предикативті қаты-
насты  жатқызамыз  ба?»  деген  сауалға  жауап 
іздеп,  осының  негізінде  бұл  к‰ні  жоққа  шы-
ғарылған  қағидалардан  бастап,  қазіргі  ж‰йеге 
себеп  болған  ұстанымдарды  салыстырып, 
саралап, жинақтайды. Мысалы, кейбір ғалым-
дардың,  атап  айтқанда  Фортунатов,  Пешков-
ский  тағы  да  басқалардың  толық  мағынасы 
бар грамматикалық тіркестердің барлық т‰рін 
сөз тіркесіне жатқызуы тілге тиек етіліп, қате 
ұстанымын  айқындауға  тырысады.  Оның 
айтуынша: «Фортунатовтың  пікірі  бойынша, 
сөйлем дегеніміз сөз тіркесінің бір т‰рі (разно-
видность), көрінісі.  Бұлардың пікірінше, сөй-
лем  мен  сөз  тіркесінің  ешбір  айырмашылығы 
болмайды».  Ал  «Керісінше,  кейбір  ғалымдар 
Буслаев,  Потебня,  Шахматов  т.б.  сөз  тіркесін 
жоққа шығарды. Олардың пікірі бойынша, не-
гізгі  етіліп  сөйлемнің  теориясы  және  сөйлем-
нің  м‰шелері  алынады.  Сөйтіп  сөз  тіркесі 
туралы  мәселе  тек  т‰ркі  тілдеріне  ғана  емес, 
басқа  тілдерде  де  т‰рліше  қаралады»,- [3.8] 
дейді.  
Сондай-ақ, сөйлем мен сөз  тіркесінің  айыр-
машылықтары  мен  өзіндік  ұқсастықтарына 
аса  назар  аударған  ғалым  бұдан  басқа 
Н.К.Димитриев,  Б.А.Убрятова,  Н.А.Баскаков, 
Г.И.Инжековой-Грекул,  В.В.Виноградов  сын-
ды  т.б.  ғалымдардың  зерттеулерін  негізге  ала 
отырып аталмыш мәселеге өз көзқарасын біл-
діріп, кей тұстарға келіспейтіндігіне толықтай 
ғылыми  дәлел  айтады.  Егер  бастауыш  пен 
баяндауыштық  қатынастан  болмай,  олар  тия-
нақты  ойды  білдірсе,  сөйлем  деп,  егер  бас-
тауыш  пен  баяндауыштық  қатынас  болмай, 
олар  тиянақты  ойды  білдірмесе  сөз  тіркесі 
болады»(Н.К.Дмитиев,  Б.А.  Убрятова  т.б.) 
[7.202-203],  соңғы  сөз  (басыңқы  сөз)  есімше 
не көсемше формасында тұрса ғана сөз тіркесі 
де,  ал  етістіктің  басқа  формаларында  келсе, 
сөйлем (Н.А.Баскаков, Г.И.Инжековой-Грекул 
т.б.) [8.464] деген пікірлер мен соған орай сөз 
тіркестерін  предикативті  және  предикативті 
емес  деп  бөлінуін  аса  қолдай  қоймайды. 
Өйткені  «сөз  тіркестерінің  әрбір  сыңарларын 
бұлай  қарау,  олардың  қасиетін  толық  аша 
алмайды.  Сөз  тіркесі  мен  сөйлемді  ажырату 
немесе  олардың  арасына  жоғарыдағыдай  шек 
қою дұрыс болып шықпайды. Өйткені мұндай 
шек  қою  негізгі  критерий  бола  алмайды.  Ол 
‰шін сөз тіркесі мен сөйлемдердің әрқайсысы-
ның зерттелетін негізгі обьектілерін ашу керек 
сияқты [9.11] дей  келе  В.В.Виноградовтың 
кейінгі  еңбектеріндегі  сөйлем  мен  сөз  тіркес-
терінің  айырмашылығы  мен  ұқсастықтарын 
дұрыс байқағандығын атап өтеді. 
Бұл  принципке  қарағанда  сөйлемнің  сөз 
тіркесінен  бір  өзгешелігі – біріншіден,  әрбір 
сөйлемнің  интонациясы  болады.  Бұл  қасиет 
сөз тіркесінде болмайды. Екіншіден, негізінде 
сөйлемдерге тән нәрсе, олар көбіне бастауыш 
пен  баяндауыштық  қарым-қатынастан  құры-
лып,  біршама  аяқталған  ойды  білдіруі.  Бұл 
құбылыс  та  сөз  тіркесінде  ‰немі  бола  бер-
мейді. Сөз тіркесі толық мағыналы сөздерден 
құрала  отырып,  сөйлемнен  осындай  айырма-
шылықтары  болғанымен  олардың  өзіндік 
ұқсастықтары  да  бар.  Сол  сияқты  сөз  тіркесі 
сөйлемнің негізінде жасалады. Мысалы: кітап 
оқыды  бұл  әрі  сөйлем,  әрі  сөз  тіркесі.  Олай 
болса,  бір  сөз  табы  басқа  сөз  таптарына 
ауысып  отыратыны  сияқты,  бұл  екеуі  бір-
біріне  ауысып  отырады.  Әрі  екеуі  құрылысы 
жағынан  кейде  ұқсас  келеді.  Сөйлем  де,  сөз 
тіркесі  де  екі  немесе  одан  да  көп  сөздерден 
құрала  отырып,  сөйлемдермен  сәйкес  келе 
береді. Сонымен, қорыта келгенде, сөз тіркесі 
және  сөйлем  жалпы  тіл  қатынасы,  ой  қаты-
насы  бола  отырып,  әрқайсысының  өзіндік 
объектілері  бар.  Сөйтіп,  Т.Сайрамбаевтың  пі-
кірінше: сөз айналадағы обьективтік шындық-
тың  адам  басындағы  сәулесі  (отражения)  ре-
тінде  жеке-жеке  ұғымды  (понятие)  білдірсе, 
сөз  тіркесі  олардың  грамматикалық  қарым-
қатынасын  және  мағыналық  тобын  білдіреді. 
Ал сөйлем жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          37 
 
байымдауды  (суждение),  хабарлауды,  сұрау-
ды, модальділікті білдіреді.  
Сөз  де,  сөз  тіркесі  де - сөйлем  құраудың 
негізгі  материалы.  Бірақ  әрқайсысының  өзін-
дік  ерекшеліктері  барын  ғалымдар  тарапы 
ертеден-ақ  аңғарған,  ол  туралы  бағалы  ең-
бектер  де  аз  емес.  Дегенмен,  сөз  бен  сөз  тір-
кесінің ұқсас және айырым белгілерін айқын-
дау  ‰шін,  алдымен  сөздің  негізгі  т‰рлерін 
ажыратып алуды ескерткен ғалым, әсіресе, сөз 
тіркесі  синтаксисінің  ‰лкен  мәселесінің  бірі 
к‰рделі  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  сыртқы 
тұлғасының  ұқсастық  белгілеріне  және  айыр-
машылықтарына  аса  назар  аударады.  Ол  к‰р-
делі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастығы олар-
дың  жасалу  жолында  емес,  сөз  санының  кө-
бінде, саны жағынан екеуі де екі немесе одан 
да көп сөздерден құралатындығын [9.36] атай 
келе,  олардың  арасындағы  бірталай  айырма-
шылықтарды  да  т‰сіндіре  т‰седі.  Бұл  ‰шін 
сөздердің  тілде  атаушы  қызмет  атқарып,  тіл-
дің  номинативті  құралдарының  қатарына  жа-
татындығы  сияқты,  сөз  тіркестері  де  заттар-
дың,  сапа-белгілердің,  іс-әрекеттердің  атау-
лары ретінде қолданылып, тілдің номинативті 
құралдарының  қатарына  жатқызатын  К.Аха-
новтың  семантикалық,  морфологиялық,  син-
таксистік тұтастық белгілеріне қарай ажырат-
қан  классификациясына  с‰йене  отырып  дә-
лелдейді.  
Синтаксис  мәселелерінің  ішіндегі  сөз  тір-
кесінің к‰рделенуіне дербес мағыналы сөздер-
мен    (сөз  таптары)  бірге  кейде  дербес  мағы-
налы  к‰ңгірт  сөздердің  де  қатысты  бола-
тындығын  дәлелдеп,  т‰бегейлі  н‰кте  қойған 
еді.  Оның  пайымдауындағы  сөз  тіркесінің 
аясын кеңейтуде әр сөз тобының к‰рделі т‰рі; 
көмекші есім; көмекші етістік;  модаль сөздер
шылаулар;  нумеративті  сөздер;  т‰рлі  қосым-
шалар;  фразеологиялық тізбектер т.б. фактор-
лар  шешуші  орын  алады  деген  тұжырымы  да 
айқындалып  барып  жарияланған  еді.  Бұл 
к‰рделі  сөз  тіркестерінің  жасалу  табиғатын 
терең  зерттеу  ‰шін  сөз  тіркестерінің  к‰р-
делену  процесіне  ықпалы  бар,  ықпалы  жоқ 
тілдік  бөлшектердің  кез  келгенінің  қасиет-
терін зерттеуіне тура келетіндігін көрсетті. 
Т.Сайрамбаев  өзіндік  ерекшелігі  бар  син-
таксистік байланыс т‰рі матасудың қиысу мен 
меңгеруге  ұқсастығын  мойындайды,  сондай-
ақ ең алғаш дөп басып айтқан М.Балақаевтың 
матасу  жөніндегі  матаса  байланысу  тек  сөз 
тіркестерінде  жұмсалады  деген  пікірін  қол-
дайды. 
Шындығында  да,  матасу  ілік  жалғаулы 
сөздің  тәуелдік  жалғаулы  сөзді  қажет  етуі 
жағымен, бірінсіз-бірі қолданыла алмайтынын 
айқас  байланысу  жағымен  анықтауыш  пен 
анықталушы сөздің анықтауыштық қатынаста 
жұмсалу ерекшелігінен, бағыныңқы, басыңқы 
сыңар  қызметтерінде  зат  есім  немесе  зат  ор-
нына  ж‰ретін  сөздердің  қолданылуымен  өзге 
синтаксистік  байланыс  т‰рлерінен  оқшаула-
нады. 
Матаса байланысатын сөз тіркестерінің әр-
бір  сыңарының  жасалуына  қарай  оларды 
бағыныңқы  сыңардың  к‰рделі  т‰рі,  басыңқы 
сыңардың  к‰рделі  т‰рі,  кейде  екі  сыңардың 
к‰рделі  т‰рі  деп  қарастыру  керек  сияқты 
[9.131] деп атап көрсетеді.    
Ғалымның  бір  ғана  сөз  тіркесінің  құра-
мындағы  ‰ш  немесе  одан  да  көп  зат  есіммен 
келетін  к‰рделі  қабыса  байланысу  т‰рінің 
болатындығын  дәлелдеуі  біраз  мәселенің 
басын ашып бергендігі сөзсіз. Мысалы, аю төс 
ене,  мұз  балақ  қыран,  жылан  бас    тастар, 
қошқар  мұрын  жігіт,  қошқар  м‰йіз  ою,мая 
ж‰н шекпен т.б. Өйткені «бірнеше зат есімнің 
орын  тәртібі  арқылы  жалғаусыз  тіркесі  тек 
профессор  М.Балақаевтың  еңбегінде  бірер 
сөзбен айтылғаны болмаса, арнайы зерттеудің 
обьектісі  болған емес» [9.89] еді.   
Сол  сияқты  өзіне  дейінгі  еңбектерде  сөз 
болмаған  таза  сын  есімді  к‰рделі  сөз  тіркес-
терінің  топтары  жөнінде  айтып  ізге  салған 
Т.Сайрамбаевтың  көзқарасы  көпшілік  ғалым-
дар  тарапынан  сол  кезде-ақ  қолдау  тапқан 
болатын.  Өйткені  екі  не  одан  да  көп  сапалық 
сын  есімдердің  т‰йдектеле  қолданылуы,  зат-
тың  сапасын  к‰шейту  ‰шін  қолдану  құбылы-
сының  қазақ  тіліндегі  ‰лгілерін  ж‰йелеудің 
басы  саналатын  бұл  еңбектердің  маңызы  зор 
болды.  Әрине,  сапалық  сын  есімдер  жөнінде 
морфологиялық жағын зерттеп «сөз арасында 
ғана  затқа  қатысты  қолданылатынын  екі  не-
месе  одан  көп  сапалық  сын  есімнің  к‰рделі 
т‰рде  тіркесіп  сол  тобымен  заттың  анық-
тауыштық  қызметінде  жұмсалатындығы  жө-
нінде  Т.Сайрамбаев  еңбектерінен  бұрын  ай-
тылмады  дей  алмаймыз,  бірақ  оларда  сын 
есімнің  жай  сөз  тіркесі,  к‰рделі  сөз  тіркесі 
тұрғысынан арнайы зеттелмеген болатын. 
Сөз  тіркестерінің  тіл  білімінде  қалыптас-
қан  есімді  сөз  тіркестері  және  етістікті  сөз 
тіркестері  деген  ж‰йемен  қарастыра  отырып 

38                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ғалым « ...бірақ  тіліміздегі  барлық  сөздердің 
тіркесі осы екі т‰рдің айналасында топталады 
деп  тұжырымдауға  болмайтын  сияқты.  Тіл-
тілде  барлық  сөзде  ‰немі  есімді,  етістікті  сөз 
тіркестері  ретінде  келе  бермей,  өзіндік  ерек-
шеліктерімен  топталатыны  бар.  Мәселен,  тұ-
рақты  тіркес  тобы  мен  т‰йдекті  тіркестер  
тобын алайық. Олар сол тобымен немесе етіс-
тікті не есімді тіркестерге қатысты болмай-ақ 
сөз  тіркестерінің  бір  сыңары  ретінде  жұмса-
латындығы айқын» [3.152] деп есептейді.  
Сол сияқты сөз тіркестері мен сөйлем м‰-
шелерінің  арасындағы  қарым-қатынастардың 
болатындығын былай т‰сіндіреді: 
Еркін  сөз  тіркестерінен  к‰рделі  сөйлем 
м‰шесіне  ауысу  процесі  барлық  тілде  ‰немі 
ж‰ріп отыратын құбылыс. Б‰гін, кемпірқосақ, 
баспасөз,  келісап,  жезқазған  сияқты  біріккен 
сөздер  уақытысында  кемінде  екі  сөзден 
құралып,  өзара  еркін  сөз  тіркесі  болғаны 
белгілі.  Сонда  олар  бұл  к‰н,  кемпір  қосақ, 
баспа  сөз,  келі  сап,  жезді  қазған  сияқты  әрі 
есімді,  әрі  етістікті  сөз  тіркестерінің  бағы-
ныңқы  сыңарының  әлсіреуіне    байланысты 
енді  к‰рделі  лексикалық  топ  құрайды  да,  сөз 
тіркесі  жағынан  бір-ақ  сөйлем  м‰шесі  дәре-
жесіне  жетіп  отыр.  Мұның  өзі  әдеттегі  сөз  
тіркестері енді өзара бірігу арқылы сөз тіркесі 
қасиетінен айрылып сөз тіркесінің  бір сыңары 
бола  отырып,  бір  сөйлем  м‰шесі  дәрежесіне 
ауысуы.  Кейде  сөз  тіркестерінің  басыңқы 
сыңарына  т‰рлі  жұрнақтардың  жалғануынан 
олардағы грамматикалық қатынасы жойылып, 
сөз тіркесінің к‰рделі сыңарын құрайды. Мы-
салы, 15-20 қойлы ауыл деген де қой басыңқы 
сөзіне  лы қатыстық сын есімінің жұрнағының 
жалғануы  енді  ол  сөздегі  басыңқы  сөз  бағы-
ныңқы  қызметке,  яғни,  сол  тобымен  анық-
тауыштық  қатынаста  жұмсалатын  дәрежеге 
ауысып отыр. Мұның өзі жалпы сөз тіркесте- 
 
рінің  сөйлем  м‰шесіне  ауысу  процесіндегі  
өзіндік  бір  құбылысы.  Бұдан  сөз  тіркестеріне 
қарағанда  сөйлем  м‰шелерінің  аясының  кең-
дігін,  екіншіден,  мағыналық  жағынан  да  мол 
ауқымды екенін көруге болады т.б.  
Қорыта айтқанда, профессор Т.Сайрамбаев 
синтаксис  саласының  өзекті  мәселелерінің 
бірі  саналатын  сөз  тіркестерін  қазақ  тіліндегі 
кез  келген  құбылысқа  байланыстырып  зерт-
теп,  қатысты,  қатыссыз  дәрежелерін,  ұқсас 
тұлғалардың  айырмашылықтары  мен  ұқсас-
тық  белгілерін  айқындап,  бұрынғы  ғалымдар 
қалыптастырған  қағидалармен  ғана  шектел-
мей,  елеусіз  қалған  көптеген  құбылыстардың 
бетін ашты. Яғни, жай және к‰рделі болып құ-
рылысына  қарай  бөлінетін  сөз  тіркестерінің 
т‰рлеріне байланысты ауқымды екі бірдей жи-
нақталған, атап айтқанда «Қазіргі қазақ тілін-
дегі к‰рделі сөз тіркестері», «Сөз тіркесі және 
жай  сөйлем  синтаксисі»  монографиялары  тіл 
білімінің  синтаксис  саласындағы  к‰рделі  мә-
селелердің бірталайының шешімін тауып бере 
алды. 
______________ 
1.   Петерсон М. Очерки синтаксиса руского языка, М., 
1923 
2.  Виноградов  В.В.  Вопросы  изучения  словосоче-
таний. «Вопросы языкознания», 1954, № 3 
3.  Сайрамбаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  к‰рделі  сөз 
тіркестері. А., 1981 
4.  Аманжолов  С.  Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қыс-
қаша курсы А.,1950 
5.  Балақаев  М.,  Қордабаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тілі.  А. 
1966 
6.  Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. М., 
1948.  Убрятова  Е.И.  Исследования  по  синтаксису  якут-
ского языка. М. –Л., 1950. 
7.  Баскаков Н.А.и Инкижековой-Грекул Г.И.Хакасско-
русский словарь. М.,1953. 
8.  Сайрамбаев  Т.  Сөз  тіркесі  және  жай  сөйлем  син-
таксисі. 
9.  Сайрамбаев  Т.  Структурно-семантические  типы 
сложных  словосочетаний  в  современном  казахском  языке. 
А., Қазақ университеті, 2002 
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет