Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет61/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
Н.К.Іт.  −  Кенжеғұлұлы  Н.  Кәнеки,  тілім,  сөйлеші... I 
том. – Алматы: Ғылым, 1992. – 224 б. 
Н.К.ІІт. − Кенжеғұлұлы Н. Кәнеки, тілім, сөйлеші... IІ, 
ІІІ том. – Алматы: Ғылым, 1994. – 444 б. 
Е.К.  −  Қарасақал  Ерімбет.  Ұлағат    сөзім    ұрпаққа. – 
Алматы: Маржан, 1995. – 313 б. 
 
* * * 
В статье рассматривается особенности устаревших и исторических названий в казахском языке. В языковом 
образовании устаревшие слова (архаизм и историзм) можно рассматривать как "устаревшие названия". 
 
* * * 
The article discusses the features of old and historic names in the Kazakh language. In language formation obsolete 
words (archaic and historicism) can be regarded as «obsolete name». 
 
 
 
 
 
 
А. Ө. Нұртазина 
 
ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Түркі  тілінде,  оның  ішінде  қазақ  тілінде  тіл 
байлығын  әрі  сан  жағынан  байытып,  әрі  сапа 
жағынан қолдану иемділігін арттыратын ерекше 
сөз  жасау  құбылысы  да  қос  сөздер  болып 
табылады. 
Қос сөздер басқа тілдерде де бар, бірақ сон-
шалықты кең ауқымды, даму жағынан ешқандай 
тілге  ұқсамайтын  ерекше,  формалық,  мағына-
лық  жағынан  айрықша  дараланып  көзге  түсетін 
құбылыс  қос  сөздер  болып  табылады.  Сондық- 
 
 
тан  да  түркі  тілінде  де  қос  сөздердің  табиғаты 
жөнінде сан алуан еңбектер де жарық көрді. Де-
генмен,  қазақ  тіліндегі  зерттеулерді  басқа  түркі 
тектес тілдермен салыстырғанда кем түсіп жата-
тын сияқты. Мысалы, Ә. Қайдаровтың ұйғыр ті-
ліндегі қос сөздерді зерттеп, диссертация қорғауы. 
   Т.  Гариповтың:  Башкирское  именное  сло-
вообразование. – Уфа,1959; 
   С.  Муратовтың:  Устойчивые  словосочета-
ния в тюркских языках. – М., 1961; 

354                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Б.  Оразбаевтың:  Словообразование  в  кир-
гизском языке. – Фрунзе, 1964; 
А.  Ходжиевтің:  Узбек  тилда  кушма  жуфтва 
такрорий  сузлар. – Тошкент, 1963; П.  Азимов: 
Туркмен  дили  (сөз  ясайәли  гошуммалар). – 
Ашхабад,1950;  Ф.  Ганиевтің  татар  тіліндегі 
күрделі сөздерді объекті етіп алып, монография 
жариялауы  бізді  осындай  пікірде  болуымызға 
себепші болады. Өйткені С. Кеңесбаев, А. Ысқа-
қовтардың  еңбектері  жоғарыда  аталған  еңбек-
тердің  көлемімен  де,  қамтыған  проблемалары-
мен  де  сай  келе  алмайды.  Сондықтан  да  қазақ 
тілінде  қос  сөздер  күрделі  сөздің  жасалу  жолы-
ның  бірі  ретінде  қолға  алынған  да,  сөз  таптары 
тұрғысынан көп әңгіме болмайды. Көп жағдайда 
сөз  таптарына  бөлінуде  шатасушылық  байқа-
лады. Айталық, ауызба-ауыз, қолма-қол, жолма-
жол  деген  қос  сөздерді  қос  сөздердің  (күрделі 
сөздердің  бір  түрін)  бір  жасалу  жолы  деп  тү-
сіндіреміз  де,  оның  қай  сөз  табына  қатысты 
екенін  атай  бермейміз.  Шындығына  келгенде, 
бұл  жол  тек  сын-бейне  үстеуін  жасаудың  бір 
жолы  деп  қарау  керек.  Өйткені,  ауызба-ауыз, 
көзбе-көз  деген  сияқты  қос  сөздердің  басқа  сөз 
табы болуы мүмкін емес.  
Ал  тау-тау,  төбе-төбе,  қап-қап  сияқты 
қайталама  қос  сөздер  де  оқулықтарымызда 
күрделі  сөздердің  бір  түрі  болып  жүр.  Егер 
байыптап,  көңіл  бөлетін  болсақ,  бұл  қос  сөздер  
түрі күрделі сөз сияқтанып, құрамы жағынан екі 
сөзден  тұрғанымен,  жаңа  сөз  жасалынбайды. 
Айталық  тау-тау  деген  қос  сөз  болғанымен, 
жаңадан жасалған зат есім де сын есім де немесе 
басқа  сөз  табы  да  жоқ.  Тек  зат  есімнің  көптік 
мағынаны  аналитикалық  жолмен      беруінің  бір 
тәсілі  ғана  болып  табылады.  Мысалы,  қап-қап 
астық  дегненде  көп  қап  астық,  қатар-қатар 
үйлер  дегенде  көп  қатарлы  үйлер  дегенді  аң-
ғартады.  Сондықтан  да  біз  қос  сөздердің  бәрі 
бірдей  жаңа  сөз  жасамайтынын    байқаймыз. 
Осындай  қос  сөздердің  қыр-сырындағы  бізге 
беймәлім тұстарын жақсы түсіну үшін және қа-
зіргі  түсініктерге  дұрыс  талдау  жасау  үшін  біз 
қос  сөздерді  жалпылама  алмай,  оның  қазақ 
тіліндегі жайын 10 томдық түсіндірме сөздіктегі 
берілуіне қарай талдауды мақсат еттік. Шынды-
ғында, қазақ тілінің  түсіндірме сөздігіндегі  қос 
сөздердің  берілу  жайына  арнайы  талдау  жаса-
ғанда,  тілге  тиек  етер  бірсыпыра  мәелелерге 
тұмсық тіредік. Сондай-ақ, қос сөздердің семан-
тикасына  көңіл  аударуда  да  бірсыпыра  морфо-
логиялық белгілер ашылды. Айталық қос сыңар-
ларының құамындағы дауысты дыбыстың жуан-
жіңішке  болып  келуі  астан-кестен,  кемпір-
сампыр, ұрыс-керіс немесе сыңарларының бірін-
де  дауысты  дыбыс  ашық,  бірінде  қысаң  болып 
келуі тарс-тұрс, бұрқ-сарқ стильдік-семантика-
лық айшықтар туғызады. 
Компонеттері мағынасыз қосарлама қос сөз-
дерге  тоқталайық.  Компоненттерінің  не  біреуі, 
не  екеуі  жеке-дара  қолданылмайтын  мағынасы 
түсініксіз немесе некен-саяқтан ғана қолданыла-
тын  құрамнан  жасалатын  қосарлама  сөздер  екі 
түрлі  болады:бірінші  түрі  бірнеше  сыңары  ғана 
түсініксіз сөздер, екіншісі – екі сыңары да түсі-
ніксіз  сөздер.  Бір  сыңары  түсініксіз  қосарлама 
сөздер:  айқай-сүрең,  арық-тұрық,  азын-аулақ, 
әуре-сараң, бала-шаға, борыш-қарыш, көл-көсір, 
киіз-кепшік,  киім-кешек,  жеңіл-желпі,  жүдеу-
жадау, т.б. Олардың бірінші сыңарлары түсінік-
сіз қосарлама сөздер де , опыр-топыр, тай-талас, 
ұлан-байтақ,  шардақ-шашыр,алба-жұлба,  алай-
түлей,  ыбыр-сыбыр,  ығын-шығын,  екі  сыңары 
да  бірдей  түсініксіз  абыр-сабыр,  ағыл-тегіл,  ал-
ба-жұлба,  алай-түлей,  әңкі-тәңкі,  егіл-тегіл, 
ығай-сығай сөздер де бар. 
Бұл  топқа  түсініксіз  сыңарлардың  кейбіреу-
лерін  де  тіпті  ешқандай  да  мағына  жоқ  болса, 
кейбіреулерінде  әлдеқандай  күңгірт  я  кейде 
азды-көпті аңғарарлықтай мағына барлығы сезі-
ліп  тұрады.  Мысалы,  анда-санда,  кәкір-шүкір, 
қым-қуып, әңкі-тәңкі сияқтылардың сыңарлары-
ның    жеке  тұрғанда  ешқандай  мағына  аңғарыл-
майды.  Ал,  ым-жым,  ың-жың,  тым-тырақай,  
ту-талақай,  ұйпа-тұйпа  дегендердің  кейбір 
сыңарларынан  азды-көпті  мағынаның  нышаны 
білінеді.  Ол  нышан  я  белгі  сыңарды  қазіргі 
тілімізде  я  жеке-дара  жұмссалатын  сөзбен,  я 
қосарланып,  я  қайталанып  қолданылатын  сы-
ңарлармен  салыстырғанда  айқындала  түседі. 
Мысалы,  ым-жым  дегендегі  бірінші  сыңарды 
ым қақты (ымдасты) деген сөзге, екіншісін жы-
мыр я жымықыр деген сөздерге (сыртқы дыбыс-
тың  жағынан  да,  ішкі  мағыналық  жағынан  да) 
салыстырып,  оның  төркінін  де,  мағынасын  да 
анықтауға болады. Ал, тым-тырақай, ту-тала-
қай дегендерді екінші сыңарын тырақайлап қаш-
ты,  талақай,  талау  сияқты  формалармен  ұштас-
тырып қарауға болады. Алба-жұлба, ұйпа-тұйпа 
дегендердің жұлба формасын жалба-жұлма сөзі-
мен, тұйпа дегенді ұйпалақ, ұйпалау сөздерімен 
әбден байланыстыруға болғандай. 
Екі  сыңардың  да  мағынасы  жоқ  қосарлама 
ссөздердің кейбір компоненттері бір ғана сөздің 
емес,  бірнеше  сөздің  құрамынан  кездесіп  оты-
рады.  Мысалы,  анда-санда,  оқта-санда,  оқта-
текте,оқтын-оқтын  дегендердегі  санда  фор-
масы  алғашқы  екі  сөзде  оқта  (оқтын)  формасы 
соңғы  үш  сөзде  қатысып  тұр.  Ал,  ың-жың  де-
гендегі  ың  формасын  ың-шың,  ыңыру,  ыңырану 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          355 
 
сөздерімен  салыстыруға  болатыны  сияқты,  ым-
жым  дегеннің  екінші  сыңарын  жым-жырт, 
жым-жылас  дегендердің  құрамынан,  ал  тым-
тырыс  дегеннің  сыңарын  тымырады,  тымырай-
ған дегендерден табуға болады. 
Қос  сөздердің  қазіргі  кезде  түсініксіз  болып 
немесе  мағынасы  жоқ  сияқтанып  көрінген 
сыңарлары  мынандай  екі  түрлі  жолмен  пайда 
болған.  Біріншіден,  әуел  бастан  дербес  мағы-
насы  бар  белгілі  бір  сөз  екі  рет  қайталанып, 
бірте-бірте оның я бірінші, я екінші компоненті 
өз  мағынасын  біржолата  жоғалтумен  (делекси-
каланумен)  бірге,  дыбыстық  жағынан  да  тиісті 
өзгеріске  ұшыраудың  нәтижесінде  өзіне  тән 
дербестігінен айырылып, тек өзгермейтін қосар-
ланып  жұмсалатын  қосалқы  я  қосақтама  мүше 
ретінде ғана қалыптасқан. 
Екіншіден,  әуел  баста  дербес  мағыналары 
бар басқа-басқа екі түрлі сөз ұдайы қосарланып 
жұмсала-жұмсала жүріп, бірте-бірте бір сыңары, 
бірде екеуі де бірдей өз мағынасын я біржолата, 
я  жартылай  жоғалтып  (делексикаланып),  бас-
тапқы өз дербестігінен  айырылып, не тек мағы-
налы  компонентке,  не  бір-біріне  қосарланатын 
қосалқы  сыңар  ретінде  ғана  жұмсалатын  болып 
қалыптасқан. 
Идиомалану,  лексикалану,  грамматикалану 
процесі – қос сөздерге тән қасиет. Мысалы, жү-
ген-құрық, ер-тоқым, бет-жүз, ауыз-мұрын, қас - 
қабақ  тәрізді  қос  сөдер  идиомаланып.  Жүген-
құрық тигізбеу, ер-тоқымын бауырына алу, бет-
жүзге  қарамау,  аузы-мұрны  қисаймау,  қас-қа-
баққа қарау, ес-түсін білмеу сияқты аса күрделі 
сөздерге арналған. Тарихи шығу төркінін қалып-
тастыру  заңдарын  топшылағанда,  қос  сөздер 
мынандай  екі  түрлі  жолмен  дами-дами  келіп, 
үлкен бір арнаға сайған: 
1.  Қосарлама  қос  сөздердің  бір  алуаны  бел-
гілі  бір  төл  сөзге  өзге  бір  рудың  я  тайпаның 
тіліндегі  пара-пар  я  мәндес  сөзді  немесе  көр-
шілес,  айлас-күйлес  отырған  я  бұрынды-соңды 
белгілі  қарым-қатынаста  басқа  халықтардың 
тілдеріндегі  балама  сөзді  жарыстыра,  қосарлап 
қолдану  машығынан  туып  қалыптасқан.  Бірақ 
бұлардың ішінен кейбіреулерінің жеке, я екі ком-
поненті  әуелгі  өз  мағынасын  солғындатып,  не 
бір жола оны жоғалтып (диалексикаланып),  тек 
қосарлама сөздің құрамында ғана қолданылатын 
көне формаға айналған. 
Бұл  үрдісте,  әрине,  тиісті  фонетикалық  құ-
былыстардың  да  өзінше  маңызды  болғаны  кү-
мәнсіз.  Үрдістерді  бағдарлау  үшін  мысалы,  ба-
ла-шаға,  жора-жолдас,некен-саяқ,  жүдеу-жа-
дау,  тоқты-торым,  дау-шар,  қыз-қырқын,  ас-
ауқат  деген  сөздерді  салыстырып-ақ  көз  жет-
кізуге болады.  
2.  Қосарлама  қос  сөздердің  бір  алуаны 
сөйлемдегі  бірыңғай  мүшелердің,  айқындауыш 
мүшелердің  логикалық,  формалық,  интонация-
лық  райға  қарай  бірте-бірте  орын  жағынан  да 
өзара  орайласып,  бір-бірімен  үнемі  жұпталып 
айтылып,  жұпталып  қолдануына  сәйкес,  бірде 
күрделі, бір бүтін тұрақты сөз ретінде,бірде бір-
бірінен  ажырасатын  бірыңғай  мүшелер  ретінде 
жұмсалу  машығынан  қалыптасқан.  Практикада 
әрі  байлаулы,  әрі  еркін  қолданылатын  осындай 
қасиет  екі  жағы  да  мағыналы  қосарлама  сөз-
дерге  тән.  Сондықтан  ондай  қосарлама  сөздер-
дің  компоненттері  тым  ауыспалы  болады,  бірде 
олар (қажет болған жағдайда) қос сөз құрамын-
да  қолданылса,  сау-саламат,  аман-есен,  әке-
шеше,  апа-қарындас,  іс-әрекет  бірде  олар  бір-
бірінен  ажырап  дербес,  жеке-дара  сөз  ретінде 
бірыңғай мүше тізбегінде өз алдына мүше ретін-
де қолданыла береді (саумысың, саламатпысың? 
Әкеңе,  шешеңе  сәлем  айт.  Еңбек  дегеніміз - іс 
істеу, әрекет жасау деген сөз т.б.). қос сөздердің 
екі  сыңары  да  бірден  бірыңғай,  демек,  бір  ғана 
сөз  табына  тән  сөздерден  құрылатын  себебінің 
бір  негізі  олардың  бірыңғай  мүшелерімен  ұш-
тастығында да болуға тиіс. 
Ал  қайталама  қос  сөздердің  симантикалық 
сипатына тоқталатын болсақ, қайталама қос сөз-
дердің түр-түрлерінің өзара мағыналық айырма-
шылықтары  сол  сөздердің  қайталау  түрлеріне, 
олардың  сыртқы  дыбыстық  және  сыртқы  мор-
фологиялық  формаларына  байланысты.  Олай 
дейтін  себебіміз – қайталаудың  әрбір түрі  я үл-
гісі  тиісті  семантикалық  мағына  тудыратын 
грамматикалық  форма  ретінде  ретінде  қалып-
тасқан  тәсілдер  деуге  болады.  Өйткені,  қайта-
лама  қос  сөздердің  формаларында  басқа-басқа 
қаншалықты  түр  болса  олардың  соншалықты 
мағыналық  реңктері  болады.  Демек,  өзіне  тән 
ерекшелігі  бар  әрбір  мағыналық  реңктің  өзіне 
лайық формасы да болады. 
Егер  зат  есімге  ешқандай  да  қосымша  қо-
сылмай  екі  рет  қайталанса  тау-тау,  сай-сай, 
қора-қора  ол  сөзден  жаңа  лексикалық  мағына 
тумайды. Тек сол сияқты заттарды топ-тобымен 
жинақтау  я  бөлу  мағынасы  түсініледі.  Мысалы,  
Күндіз  көрген  жазық  жерін  қазір  тау  шатқа-
лындай  өркеш-өркеш  көрінеді  (Ғ.  Мүсірепов). 
Көп кешікпей шабындық жерлерде мая-мая шөп 
тұрды (С. Көбеев). 
Сын  есімнің  ешбір  қосымшасыз  қайталатын 
формасы  да  ол  сөздің  лексикалық  мағынасын 
өзгертпейді,  тек  семантикасымен  қолданылу  
 

356                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
райына  азды-көпті  ерекшелік  енгізеді.  Мысалы, 
Банан  жапырағының  әр  сласында  үлкен-үлкен 
банан  жемістері  өседі  (М.  Әуезов).  Ұзын-ұзын 
сарайлар,  кең-кең  қоралар  көрінеді  (С.  Мұқанов). 
Бұл  сөйлемдердегі  үлкен-үлкен  банан,  ұзын-
ұзын  сарайлар,  кең-кең  қоралар  деген  тіркес-
тердегі  қайталанған  сын  есімдер  бір  жағынан 
өздері  анықтайтын  заттардың  көптігін  білдірсе, 
екіншіден сол заттардың бәрі де (я ол заттардың 
әрқайсысы  да)  бір  сипатты,  бір  реңкті,бір  са-
палы екенін білдіреді. 
Сонымен қатар, қайталанған сын есім анық-
тауыш болғанда, анықталатын  зат  есімге көптік 
жалғауы жалғанбаса да оның көп екені білінеді. 
Бірақ әдетте, көптік жалғауының жалғанып тұр-
ғаны  дұрыс.  Ал,  анықтауыш  қосарланған  сын 
есім емес жалаң сын есім болғанда көптік мағы-
нада  қолданылуға  тиісті  зат  есімге  көптік  жал-
ғауы  қайтсе  де  жалғануы  шарт.  Мысалы,  үлкен 
үй және үлкен үйлер: үлкен-үлкен үй және үлкен-
үлкен үйлер. 
Жалпы  алғанда  бір  сөздің  қайталануы  ар-
қылы  жасалатын  күрделі  есімдер  күнделікті 
өмірде  кездесетін  заттарда  я  басқа  құбылыс-
тарда  және  олардың  әр  түрлі  қарым-қатынаста-
рында  болатын  көбею,  топталу,  есептеу,  жік-
телу,  саралану,  бөліну,  жекелену  сияқты  жай 
күйлерді  көбейтіп  топ-тобымен  я  бөліп  жік-
жігімен  я саралап  сала-саласымен  атап  анықтап 
білдіретін  форма  ретінде  қызмет  етеді.  Қос 
сөздердің  бұл  ерекшеліктері  олардың  қосарлан-
ған  формаларында  әрқилы  жалғау  және  басқа 
қосымшалар  жалғанып  қолданғанда  сөйлемде 
өте  жақсы  айқындала  түседі.  Мысалы,  Олар 
көше-көшені  бойлатып,өзді-өзі  сеңдей  соғылы-
сып  қалып  жатыр  (Ғ.  Мүсірепов).  Ботакөз  үй-
үйдің  арасымен  келе  жатты  (С.  Мұқанов)
Осындағы  көше-көшені  сөзі  бір  ғана  көшені 
емес бірнеше көшені және оның әрқайсын деген 
семантикалық-грамматикалық мағынаны білдір-
се, үй-үйдің  сөзі әр үйдің я барлық  үйдің деген 
сара ұғымды білдіреді. 
* * * 
В статье рассматривается лексико-грамматические особенности компонентов парных слов. 
* * * 
The article deals with the lexical and grammatical features of the components of paired words. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал