Казахский национальный


  Сөздіктің  көмегімен  есімшелерді  қазақ



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет60/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

1.  Сөздіктің  көмегімен  есімшелерді  қазақ 
тіліне  аударыңыз. 2) Осы  есімшелермен  кел-
ген  сөйлемдерді  аударып,  олардың  сөйлем-
нің қай  мүшесі болып тұрғанын анықтап, ас-
тын  сызыңыз.  Актив  және  пассив  есімше-
лерді табыңыз. 
а) У этого молодого человека уже абсолютно 
сложившийся  характер,  сложившиеся  убежде-
ния.  Сложившаяся  в  регионе  ситуация  грозит 
серьезными опасностями. 
б) В отчете  о работе фирмы были обнару-
жены  вопиющие  ошибки.  Равнодушие  можно 
отнести  к  одному  из  самых  вопиющих  не-
достатков в характере человека. 
Қазақ  тіліндегі  күрделі  есімшелер  орыс 
тілінде  «причастия  с  зависимыми  словами» 
немесе  «причастные  обороты»  деп  аталады. 
Сөйлем  мүшелерінің  қызметі  орын  тәртібіне 
негізделген  қазақ  тілінде  есімшелі  анықтауыш-
тардың  барлық  түрі  өзі  анықтайтын  сөзінің 
алдында келеді. Егер ол өзі анықтайтын сөздің 
соңынан  келсе,  оның  қызметі  де  өзгеріп,  сөй-
лемнің  анықтауышы  емес  баяндауышына  айна-
лады.  Ал  есімшелі  оралымдардың  орыс  тілінде 
анықталатын  сөздің  орын  тәртібіне  қарай  екі 
түрі бар. Сондай-ақ кей жағдайда орыс тілінде 
күрделі  есімшелер  құрмалас  сөйлемдердің  бала-
масы  болып  келеді.  Бұл    заңдылықтар  төмен-
дегі  жаттығу  жұмыстарын  орындау  арқылы 
бекітіледі. 
  1)  Есімшелі  сөйлемдерді  қазақ  тіліне 
аударыңыз, сөйлемнің қай мүшесі болып тұр-
ғанын    табыңыз. 2) Анықтауыш  қызметін-
дегі есімшелердің астын сызыңыз.  
Экология – наука,  изучающая  связи  между 
живыми  организмами  и  окружающей  средой. 
Это  была  незабываемая  встреча.  На  вокзале 
было  много  провожающих.  Торт  остался  не- 
 
доеденным.  Звонивший  был  знакомым  моей 
сестры.  Они  узнали  о  случившемся  из  газеты. 
Староста  объявила  присутствовашим  студентам 
об изменении расписании. 
Аударма  жұмысында  қазақ  және  орыс  ті-
ліндегі сөйлем құрылысының тағы бір маңызды 
ерекшелігі – дара  есімшелермен  қатар  күрделі 
және  үйірлі  есімшелі  оралымдардың  анық-
тауыш болып келуі. Қазақ тілінде есімшелі ора-
лымдар образдылық, көркемдік беріп, сипаттау 
қызметінде  келсе,  орыс  тілінде  сөйлемге  кіта-
билық, ресмилік сипат береді және публицисти-
калық, ғылыми стильде өте жиі қолданылады.   
Орыс  тілінде  есімшелі  оралымды  “екінші 
предикат”,  сөйлем  ішіндегі  сөйлем  деп  қарас-
тырады.  Бұл  жерде  екі  нәрсені  ескеру  қажет: 
біріншіден, ”Айқындауыш мүше жөніндегі ұғым 
басқа  тілдердегі  приложение,  аппозисон  деп 
аталып жүрген ұғымдарға сай туып, қазақ тіл 
тілімінде  орнықты.  Осылай  болғанмен,  қазақ 
тіл  білімінде  айқындауыш  деп  аталып  жүрген 
грамматикалық ұғым олармен теңбе-тең емес. 
«Причастный  оборот  и  сложное  предложение 
со  словом  «который»  взаимозаменяемы,  если 
причастный  оборот  занимает  позицию  После 
слова,  к  которому  он  относится,  если  при-
частный  оборот  занимает  позицию  Перед,  то 
это – «необособленный  причастный  оборот», 
деген тұжырым осының дәлелі [14; 2].  Мысал-
мен  айтсақ:  Он  читает  газету,  купленную 
утром – Он  читает  газету,  которую  он  купил 
утром.   
 Демек,  орыс  тіліндегі  оңашаланған  айқын-
дауыш  қазақ  тілінде  күрделі  анықтауыш  қана 
болады.  Қорыта  келгенде,  орыс  тіліндегі  оңа-
шаланған  да,  оңашаланбаған  есімшелі  айқын-
дауыштарға,  анықтауыштарға  да  қазақ  тілін-
дегі күрделі есімшелі анықтауыштар сәйкес келеді. 
______________  
1.  Крючкова  Л.С.  Русский  язык  как  иностранный. 
Москва., 2004.–269 с. 
2.  Куприянова  Т.Ф.  Знакомтесь:  причастие.  Санкт-
Петербург. 2002, 112 с. 
3.  Бреус  Е.В.  Основы  теории  и  практики  перевода  с 
русского на английский. Москва., 2004. 
4.  Латышев Л.К. Семенов А.Л. Перевод: Теория, прак-
тика  и  методика  преподавания. – М.:  Издательский  центр 
“Академия”.
* * * 
В  статье  рассматривается  методика  перевода  атрибутивных  предложений  выраженных  причастными 
конструкциями. 
* * * 
The article studies the translation method of attributive sentences expressed by participial constructions. 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          349 
 
А. Р. Найманбай,  
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ  доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
 
Ж. ӘЛМАШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДЕГІШ-БЕЙНЕЛЕГІШ 
ҚҰРАЛДАРДЫҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ 
 
 
Көркем  шығарма – эстетикалық  категория. 
Ол  ең  алдымен  оқырман  сезіміне,  оның  ой-
санасына  әсер  етуі  тиіс.  Көркем  әдебиет  тілі – 
әдеби тілдің негізгі көрсеткіші. Шығарма тілінде 
көріктеуіш  тілдік  құралдардың  көп  кездесуі, 
алдымен,  жазушы  тілінің  шеберлігін,  орынды 
сөз оралымдарының ұтымды, қисынды жұмсалу 
жайын  көрсетсе,  екіншіден,  сол  үйлесімді  сөй-
лем  үлгілері  мейлінше  мол  бағытта  лингвисти-
калық  талдау  жүргізуді  қажет  ететіндігін  бай-
қатады. 
Суреткердің  шеберлігі – ең  алдымен  өмірді 
бақылау  мен  ұғу  ерекшелігімен  сипатталады. 
Жазушы  стилі – өзіндік  сөз  мәнері  мен  сурет-
кердің  өзіне  ғана  тән  қалам  ізі.  Жазушының 
стилін анықтау дегеніміз – оның басты шеберлік 
қасиеттерін  тап  басып,  тілдік  қыр-сырын  ашу 
болып  табылады.  Сондықтан  көркем  шығар-
маны  жасаушы  қаламгер  табиғаты  стиль,  ше-
берлік  арқылы  танылатыны  белгілі  жағдай  бо-
лып анықталады. 
Тіл  ғылымында  көркем  шығарма  тілінің 
стильдік  қажеттілігі  туралы  мынадай  пікір  бар: 
«Көркем  тексті  өнер  туындысы  ретінде  зертте-
генде  таза  лингвистикалық  әдіс-тәсілдермен 
шектеліп қалу жеткіліксіз. Себебі, көркем туын-
ды,  даралық  көркем  стиль  жазушы  шығармала-
рының  көркем  құрылысы  ғана  емес,  әр  жазу-
шының  шығармаларына  тән  мазмұн  мен  түр 
ерекшеліктері. Көркем әдебиет стилистикасында 
шығарманың  тілін  оның  идеялық  мазмұнынан 
бөліп алып қарауға болмайды. Бұдан талдаудың 
лингвистикалық  принциптері  мен  әдіс-тәсіл-
дерін  әдебиеттану  тұрғысынан  талдаумен  ұш-
тастыру қажеттілігі туады» [1, 17]. 
Жазушы-драматург    Ж.  Әлмашұлы  өз  шы-
ғармаларында кейіпкерлердің сан түрлі бейнесін 
жасайды  және  олар  бір-біріне  ұқсамайтын  қай-
таланбас  тұлғасымен,  мінез-құлық,  таным-түсі-
нігімен  ерекшеленеді.  Қаламгер    туындыларын-
да  кейіпкер  бейнесін  сомдауда  көптеген  жал-
пыхалықтық  мәдениет  құндылықтарына енетін 
этнографизмдер  мен  эмоционалды-әсерлегіш 
сөздерді кездестіреміз. Оның  бір көрінісін – біз 
жазушының 2007 жылы  «Арыс»  баспасынан 
шыққан, оқиғасы 1916 жылғы ұлт-азаттық көте-
ріліс  пен 1937-38 жылдардағы  саяси  қуғын-
сүргін  кезеңдерін,  оның  тарихи  себептерін 
суреттеруге  арналған  «Күлкі  мен  көз  жасы» 
романынан байқай аламыз. 
Тіл  мәдениетінің  ерекшеліктері  туралы  көр-
некті  ғалым  М.  Балақаев: «Жеке  жазуының  тіл 
өрнегінің толып жатқан бояу-бедері, өзіндік өсу, 
жетілу жолдары болады. Көркем әдебиет тілінің 
нәзіктігі  көп  жағдайда  жазушының  белгілі  бір 
сөздерді  «мағыналық  топқа  иіру»  яғни  сөздерді 
өзара  мағыналық  байланысқа  түсіру  шебер-
лігімен байланысты», – деп жазса [2, 87], көркем 
әдебиет  тілі  жөнінде  профессор  Б.  Сағындық-
ұлы: «Көркем әдебиет тілі  – жазушының тілі, әр 
шығармасына  тән  мазмұн  мен  түр  ерекшелігі. 
Бұл орайда жазушының құралы – тіл, әлемді таң 
қалдырған көркем туындылардың бәрі де тілдің 
сиқырлы  күші  арқылы  дүниеге  келген.  Мұндай 
қатарда  жеке  сөз,  өзінің  орнымен  сәтін  тапқан 
шақта, жаңаша жанданып кетеді. Сондай шағы-
на  жетіп,  жанданған  сөздің  дәмі,  легі  бөлініп, 
тың  тірлік  етіп,  бал-бал  жанып  тұрады.  Ол  көп 
қолданған  сөз  емес,  қызықты,  ыстық  лепті  сөз 
болады» [3, 330],  –  деген ойлар айтады. 
Әр  кейіпкердің  қоғамда  алатын  орнына,  ой-
өрісіне,  білім-дәрежесіне,  рухани  өсуіне,  өмірге 
көзқарасына, әлеуметтік тегіне, д‰ниетанымына 
байланысты  сөйлету – персонаж  бейнесін  аша 
т‰сетін  тілдік-стильдік  амалдың  бірі  болып 
есептеледі.  Автор 
«Күлкі  мен  көз  жасы»  рома-
нында әр кейіпкерге өз дәрежесіне сай ат қойып, 
жер-су  атауларын  да  ұтымды  суреттейді:  Бүкір-
Шүкір, Шуылдақ Шәріп, Сәнімай, Ақ Сырға, Ақ 
Тиін, Сырғалым, Айналма т.б. 
Қазақ  мәдениеті  тарихында – фразеология-
лық  тіркестер  мақал-мәтелдермен  қатарласа 
өмір  сүреді.  Мақал-мәтелдер  көркем  сөз  қоры-
ның  мәйегі  болып  саналады.  Біздің  ойымызша, 
мақал-мәтелдер  жай  сөйлем  түріндегі  тұрақты 
сөз  тіркестеріне  жатады.  Өйткені  олар  тұрақ-
талған,  мазмұны  біртұтастыққа  ие  болған  сөз-
дер. Осы біртұтастық мағына мен мазмұнға бай-
ланысты. Мағына мен мазмұн тұтастығы таным 
мен  түсініктен  туындаған  ой-пікірдің  сан  алуан 
обарзбен  астарласуы,  тілдің  даму  үдерісінде 
тұрақты  сөз  тіркестерінің  санамызда  орнығуы 
негізінде  қалыптасқан  логикалық  тұжырымның 
жиынтығы  болып  келеді.  Қаламгер  өз  шығар-
масында  халық  тағылымындағы  бабалар  сөзі 
мен сөз тіркестеріне көбірек көңіл бөліп, кейіп-

350                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
кер  бейнесі  арқылы  сомдап  көрсетеді:  «Байлық 
бір-ақ  жұттық».  Бұл – Мелде  баба  сөзі. «Бай-
лыққа  көп  бейілдене  берме,  пейілің  бұзылады». 
Бұл  да  Мелде  бабадан  қалған  өсиет (9-б.). 
«Бөлінгенді  бөрі  жер»  деуші  еді  ілгерідегілер. 
«Алыс  ағайыннан  жақын  көрші  артық»  деген 
мәтел тағы бар. «Бірлік  түбі – береке» дейтін 
көзі қарақты кісілер (113-б.). Жоқтың бір жыр-
тығы  жамалар  еді.  Бейшараның  бүйірі  шығар 
еді (119-б.).  Бәйгенің  аты – бәйге. «Ат  шап-
пайды, бап шабады» (121-б.).  
Көркем  өнер  туралы  ғылым  әрқашан  қоғам 
талабына сай белгілі бір зерттеу нысанына қарай 
өріс  алып  отырады.  Мәдени,  рухани  өмірімізде 
дер  кезінде  үн  қосып  отыратын  әдеби  тілдің 
маңызы  мен  мәні  зор.  Тіл  мен  сөз,  ой  парқы 
туралы  айтқан  сөз  кестелерінде  бір  ғана  «сөз» 
ұғымы  бірнеше  анықтауыштық  тіркестермен 
қолданылу аясында қарай түрлі рең береді. 
Жазушы  кейіпкерлердің  ой-толғанысы  мен 
іс-әрекеттерін  суреттеуде  халықтық  үлгідегі 
қанатты  сөздерді  де  молынан  пайдаланады: 
«Кедей  бай  болсам  дейді,  бай  құдай  болсам 
дейді»  дегендей  әр  көңілге  бір  арман (140-б.). 
Атам  қазақ  қалай  тауып  айтқан: «Атың  жа-
ман болса, сатып құтыласың, қатының жаман 
болса,  өліп  құтыласың»  ддемеуші  ме  еді (179-
б.). «Көрінген  таудың  алыстығы  жоқ,  байеке! 
Әні-міні  дегенше  олар  зіңгіттей-зіңгіттей  жі-
гіт болыпшыға келеді. Сонда көрерсіз» (199-б.). 
«Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық бай-
латпас» деуші еді (311-б.).  Әлгінде келіннің ай-
туымен  қызметшілердің  ең  әуелі  бай  алдына 
қасиеттеп  нан  әкелуі – ішін  жылытып  сала 
бергені (16-б.).  Жаманымды  жасырып,  жақ-
сымды асқақтатқан  ешкім де емес,  осы отыр-
ған өнегелі топ. Оны неге ұмытайын. Оны неге 
жоқ дейін! (22-б.). Әшейінде ғой, «балам, ескіге 
байланып  қалма,  есті  ұл  ескіге  емес,  ертеңгіге 
ұмтылар болар» деп отыратын (344-б.).  
Қаламгер  туындыларында  теңеу,  меңзеу, 
эпитет  сынды  көріктеу  құралдары  көптеп  кез-
деседі  де,  авторлық  баяндаудағы  ойларды  нақ-
тылай  түседі:  Осының,  осы  жас  періштенің 
бойынан  өзіне,  өз  бойына  өзгеше  бір  қуат  ала 
түскендей. Әлде қылығы, әлде құлын мүсіні, әлде 
жібектей  есер  жылы  лебі...  біле  алмапты (11-
б.).  Өмір  бойын  сыр  бермейтін  кәрі  емендей 
мығым,  сөзге  сараң,  мінезге  мәрт,  арғы-бергіні 
ақыл  тезіне  салып  отыратын  ел  анасы – 
Сәнімайға  өкпесі  де  сол (12-б.).  Нарша  ширақ 
еді.  Онсыз  да  ұдай  берген  қуат  бар,  білек  күші 
қарулы,  желке  тұсы  жұмыр (14-б.).  Бар  кінәні 
Палманбетке  аудара  салып,  өзі  сүттен  ақ, 
судан  таза  бола  қалмақшы (112-б.).  Әйелдің 
махаббаты  көлдегі  аққу  іспетті.  Оны  әдемі, 
жылы,  әсерлі  сөзбен  ғана  ұстай  аласың.  Өйтіп 
аялай алмасаң, ұшады да кетеді. Басқа жаққа... 
(525-б.). Көкірегіне жел біте бастағаны ма бұл 
байдың?... (70-б.).  
Тіл – қоғамның  рухани  және  мәдени  өмірі-
нің  өзіндік  ерекшеліктерінің  жиынтығы  сана-
латын,  мәдениетпен  қатар  тұратын  маңызды 
көрсеткіш.  Онда  халықтың  өмір  салты  мен 
өмірінің тарихи кезеңдері көрініс табатын тілдік 
бейнесі  сомдалады.  Шығарма  тіліндегі  тұрақты 
тіркестерге назар аударсақ: қолтығына су бүрку, 
әліптің  артын  бағу,  қатқан  тоңдай  жібімеу  т.б. 
Мәселен,  Қосай  байдың  қолтығына  су  бүркуші-
лер де аз болған жоқ (38-б.). «Әліптің артын ба-
ғып, әңгіменің аяғын тыңдамай жатып, лақ ет-
кізе  салғаным  қалай?!  Әй,  осы  ұшқалақтығым-
ақ...» (39-б.). Арада біршама уақыт сырғып өтсе 
де, Жасыбай мен бадырақ Бейсеннің арасы қысқы 
қатқан тоңдай жібімей жатып алды (342-б.).  
Көркем  сөз – халықтың  рухани  азығы.  Қан-
дай  халық  болмасын  оның  ұлттық  тілі  сонау 
рулық,  тайпалық,  халықтық  сатысынан  бастау 
алып,  сол  дәуірдегі  мәдениетпен  бірге  өмір 
сүріп,  әр  дәуірдің  мәдениетін  жалғастырып, 
қазірге  дейін  жетуіне  арқау  болған.  Романдағы 
авторлық  кейіптеудегі  кейіпкерлердің  әлеумет-
тік  жағдайлары  да  назардан  тыс  қалмаған:  Та-
қыр  бүгін  жәй  Тақыр  емес,  бай  Тақыр.  Дүниені 
дүниеқоңыз  мінезімен,  сараңдығымен  жинаған, 
әзер  деп  енді  ғана  бай  қатарына  ілініп  жүрген 
кешегі жоқ-жітік (24-б.). Желкелеп жатсаң да, 
жетекке  жүргісі  келмейтін  жетесіздер  айна-
лада  толып  жүр.  Оның  қайсыбірімен  мәміле 
жасай алмақпыз  (41-б.). Онсыз да сүрініп кет-
сек, сыртымыздан күліп, жығылып қалсақ, жыр-
тыла  мазақ  етер  жәдігөй  жандар  жетерлік. 
Соларға жем болайық дегендерің бе?... (42-б.).  
Пәлсафалық  ізденістер  мен  тілдік  деректер 
бойынша  табиғат  пен  адамның  үндесуі,  адам 
мінезінің негізгі тетіктерін табиғи құбылыстарға 
теңеу,  салыстыру  үдерісі  әрқашан  шынайылық 
кейіптеулерді көрсетіп келеді. Жазушы-суреткер 
Ж.  Әлмашұлы  да  өз  шығармасында  кейбір  бей-
нелік көріністерді мынадай көріктеулер арқылы 
сипаттайды: Үш  күн,  үш  түн  бойы  долдана соқ-
қан  долы  боран  бүгін  таң  алдында  ғана  бір 
сәтке ғана тынышталып, ішін тарқан (361-б.). 
«Дүние  сусылдақ  құм  секілді...» (400-б.).  Әт-
тең...  мына  сумақай  жел  болмаса,  аязы  кәдім-
гідей  аяз  ғой, – деді  Қалданға (363-б.).  Бай 
осыны  айтып  бола  бергенше-ақ,  боз  үйдің  есігі 
айқара  ашылып,  ішке  ұзын  бойлы  еңгезердей 
сары  кісі  кіріп  келе  жатты (57-б.).  Мен  оның 
жан сұлулығына шомылушы ем. Күміс күлкісіне 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          351 
 
көмілуші ем (429-б.). «Тек  жүрген  тоқ жүреді» 
деп  шеттей  береді. «Үндемей  жүрген  үйдей 
бәледен құтылады» деп ойлайды (503-б.).  
Көрікті ойдың келісті суретін салуға жұмса-
латын амал-әрекеттің әр түрлі бояуы, көркемдік 
кескіні,  эстетикалық  әсері  болады.  Қандай  да 
болмасын қатынас-хабарлар мәтін арқылы жүзе-
ге  асады.  Сөйлеудің  мазмұны,  қатынас  жасау 
жағдайлары, оның бағыт-өрістері әр түрлі бола-
тындықтан,  мәтін  құрамындағы  тілдік  тұлға- 
лардың  тіркесу,  байланысу  сипаттары  да  түр-
ліше.  Алайда  ол  айырмашылықтар  жалпылан-
ған,  біртектес  сипатқа  ие  болады.  Көркем  әде-
биет тілінің өздеріне тән сипаты, табиғаты, ерек-
ше белгісі бар. Ол – көркем дүние тілінің комму- 
никативтік  қызметімен  қатар,  эстетикалық  қыз-
метті  де  қоса  атқаруында.  Шебер  жазушы 
кейіпкер  тілін  әрлеп,  оның  сөз  қолданысына 
поэтикалық  өң  береді.  Әрбір  қаламгер  иесі 
кейіпкер  тіліне  алуан  түрлі  сөз  оралымдарын 
салып, стильдік мақсатты көздейді. 
Тіл – қоғамның  рухани  және  мәдени  өмірі-
нің  өзіндік  ерекшеліктерінің  жиынтығы  сана-
латын  мәдениетпен  қатар  тұратын  маңызды 
көрсеткіш.  Онда  халықтың  өмір  салты  мен 
өмірінің тарихи кезеңдері көрініс табатын тілдік  
 
 
бейнесі  сомдалады.  Дүниенің  тілдік  бейнесінде 
ғалам,  әлем,  күллі  дүние,  оның  заңдылықтары 
туралы барлық білім жинақталады. Ол ақпарат-
та  тілдік  және  этномәдени  қауымдастықтың  әр 
мүшесін  ортақ  мүддеге  сай  тірлік  кешіп,  өмір 
сүруге үйрететін озық үлгідегі «адам және оның 
ортасына», «адам  және  ақиқат  шындыққа», 
«жеке адам және оның рухани болмыс бітіміне» 
қатысты  лингодидактиқалық  мазмұн,  тағылым-
дық-тәлімдік сарын болады.  
Жазушы-драматург  Ж. Әлмашұлы шығарма-
ларында  синтаксистік  құрылымдарға  өзгеше 
стильдік  реңк  жүктелген.  Мұнда  сұраулы,  бұй-
рықты, лепті сөйлемдердің алған орны, атқарған 
қызметтері  өзгешеленіп  тұрады.  Бастысы,  бұл 
сөйлемдердің  кейіпкер  бейнесін  даралаудағы 
қызметтері олардың қарым-қатынасын реттеуін-
де  шебер  қиюласып,  тілдік  бірліктер  жүйесі 
тұтастай стильдік қызмет атқаруға жинақталған.  
_____________ 
1.  Көркем  тексті  өнер  туындысы  ретінде  зерттеудің 
өзекті мәселелері. – Алматы, 1993. 
2.  Балақаев  М.  Қазақ  тілі  мәдениетінің  мәселелері. – 
Алматы: Қазақстан, 1965. – 187 б. 
3.  Сағындықұлы  Б.  Қазақ  тілі  дамуының  этимология-
лық негіздері. – Алматы: Санат, 1994. – 168 б. 
4.  Ж.  Әлмашұлы.  Күлкі  мен  көз  жасы.  Роман. – Ал-
маты: Арыс, 2007.    – 568 б. 
 
 
* * * 
В статье рассматривается стилистические особенностей и область применения  культура речи в произведениях 
писателя  Ж. Алмашулы. 
 
 
 
Г. Ж. Өтемісова, 
Халықаралық Бизнес Академиясының доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
 
АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ТІЛІНДЕГІ КӨНЕРГЕН АТАЛЫМДАРДЫҢ 
СИНОНИМДІК ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ 
(Ерімбет пен Нұртуған шығармалары бойынша) 
 
 
Синонимдер  тілдің  кемеліне  келіп,  қанша-
лықты  жетілгендігін,  оның  образдылығы  мен 
дамығандығын  көрсететін  көрсеткіш  деп  есеп- 
теледі.  Адамның  ойлаған  ойын,  көңіл-күйі  мен 
көзқарасын  нақты  әрі  көркем  түрде  жеткізу 
үшін  синонимдер  айрықша  қызмет  атқарады. 
Ақындар шығармаларының тілінде ерекше көзге 
түсетін  құбылыс  −  көнерген  аталымдарға  негіз-
делген синонимдердің молынан қолданылуы. 
 «Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекше-
лігі  мен  өзіндік  бояуы,  ұлттық  сипаты  болады. 
Сөздің    мағыналық  жағынан  дамуына  сыртқы 
себептер  де,  ішкі  себептер  де  ықпал  етеді.  Әсі- 
 
 
ресе сөз мағынасына ішкі себептерден гөрі сыртқы 
себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз 
мағынасының  ішкі  (лингвистикалық)  өзгерісте-
рінің  бір  себебі,  жаңа  сөз  немесе  жаңа  мағына 
сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тіл-
де  бар  сөздердің  мағыналарымен  өзара  қарым-
қатынасқа  түсіп,  солармен  синонимдік  байла-
ныста жұмсалады» [1, 85 б.]. 
Ақын-жыраулар  шығармаларындағы  көнер-
ген аталымдардың мағынасы мен қызметі жағы-
нан сараланбай жұмсалғандығы байқалады. Мы-
салы,  экономикалық  және  әлеуметтік  тәуелді 
топтарды білдіретін аталымдар – кедей, жарлы, 

352                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
байғұс сөздері мағына жағынан бір-бірінен ажы-
ратылмаған синонимдер. Ал қазіргі нормамызда 
соңғы  сөз  бейшара,  мүсәпір,  сорлы  сөздерінің 
синонимі  ретінде  танылады.  Сол  сияқты  бай, 
бек,  батыр  сөздері  де  әрі  тура  мағынасында, 
яғни  терминдік  мәнде,  әрі  жалпы  аталым  ре-
тінде  қолданыла  береді.  Нұртуған  мен  Ерімбет 
шығармаларының  тілінде  синоним  болып  жұп-
тасатын  мәндес  сөздер  тобы,  яғни  синонимдік 
қатар молынан кездеседі. 
Ғалым Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев еңбегін-
де: «Тілдегі  синонимдік  қарым-қатынастар  әр-
дайым үздіксіз өзгеруде, дамуда болады. Әсіресе 
сөздің  мағыналық  жағынан  болған  өзгерістері 
синонимдердің  арасынан  айқын  және  тез  бай-
қалады.  Қоғам  өміріндегі  әрбір  тарихи  оқиға-
лардан  кейін  бір  жағынан  кейбір  синонимдік 
қарым-қатынастар бұзылып өзгеріп жатса, екін-
ші жағынан бұрын-соңды тілде өмірбақи болып 
көрмеген  жаңа  синонимдік  құбылыстар  туып  
жататындығын аңғарамыз. Сондықтан синоним-
дер  тарихи  өзгеріп  отыратын  семантикалық 
категория деп танылады» − деп тұжырымдайды              
[2, 108 б.]. 
Ғалым  Б.  Қасым  күрделі  атаулардағы  сино-
нимдік  қатар  туралы  қорытындылай  келіп: «Күр-
делі атаулардың мағыналық жағынан даму нәти-
жесінде  жаңа  синонимдік  қатарлар  түзіліп,  лек-
сикалық  қордың  баюына  өз  үлесін  қосуда.  Тіл-
дегі синонимдер де – қоғамдағы құбылыстардың 
өзгеруіне,  жаңғыруына  орай  мағыналық  жағы-
нан дамып, жетіліп қалыптасатын атаулар. Тіпті, 
қолданыс  қызметінде  де  маңызды  қызмет  атқа-
ратындығын да айтып өтеді» [3, 71 б.]. 
Айталық,  синонимдерді  таңдауда  олардың 
сол  мәтінде  алынған  қатары  айтарлықтай  экс-
прессивті  немесе  көбіне  поэтизм  болмауы  да 
мүмкін,  бірақ  белгілі  бір  стильдік  мақсатпен 
келгенде,  синонимдердің  дәл  сол  таңдалған  ва-
рианты ұтымды болып табылады. 
Сыр  бойы  ақындары  Нұртуған  мен  Ерімбет 
синонимдерді  таңдауда  нағыз  ұтқырлық  таныт-
қан. Тұлғалары бөлек, мағыналары жуық сөздер 
болып  табылатын  синонимдер – поэзия  тілінің 
ең  бір  қажетті  құралы.  Синонимдік  қатардағы 
сөздердің  таңдап  алу  ақынның  айтпақ  ойын 
(идеясын) дәл беру, ұсынбақ образды әсерлі етіп 
шығару  сияқты  шарттарды  жүзеге  асырады. 
Ә.Болғанбаев  синонимдерді  қолданудың  негізгі 
тәсілдерін көрсетеді [4, 6-9 б.]. 
Сол  тәсілдерді  негізге  ала  отырып,  ақындар 
шығармаларында  кездескен  синонимдік  қатар-
дағы  көнерген  аталымдар  қолданысы  былайша 
анықталды: 
1  Синонимдер  контексте  мағыналық  кон-
траст  деп  аталатын  кереғарлық  мән  тудырып, 
оның  оқырманға  тигізетін  әсерін – экспрес-
сиясын  күшейту  арқылы  стильдік  жүк  арқа-
лайды.  Ақындар  шығармаларының  тілінде  ал-
дыңғы  сөйлемде  немесе  қатар  тұрған  мәтінде 
бір  рет  пайдаланған  көнерген  аталымды  қайта-
ламас үшін қолданылады. 
Ісіне өзі қылған пүшәйман жеп, 
Келе  жатыр  көп  опынып  жалғыздыққа 
[Н.К.ІІт]. 
 
Қашып шыққан шаруалар, 
Құл-құтан мен қаралар, 
Аулаққа салды кетегін [Н.К.Іт]. 
 
Айрықша Ғали шерді қайғы басты, 
Марқұмның өлгеніне болып пүшман! [Е.К]. 
 
Құдайға мінажат қып Әбу Шашма, 
Ішінен жалбарынды оқып дұға [Е.К]
 
Қарасай өз жасағымен, Айсаның ұлы Ахмет 
өз әскерімен топ-топ болып жүрді [Н.К.ІІт]
 
«Әуелі пәруәрдігер сені айтармын, 
Жасаған  Жаппар  тұрып  кімді  айтармын?! 
[Н.К.Іт]. 
 
Меккеде мекен-жайы өмір сүрген, 
Елу жыл дүниеде дәурен құрған [Н.К.ІІт]. 
 
2  Синонимдерді  қолдануда  Нұртуған  мен 
Ерімбет  ұстанған  және  бір  тәсіл – олардың  
 
өлеңнің  бір  жолында  қатар  келтіріп,  градация 
(сөз  мағынасын  бірте-бірте  күшейту  немесе 
әлсірету)  арқылы  оның экспрессиясын  арттыру. 
Бұл  тәсілді  ақындар  жүйелі  түрде  жиі  пайда-
ланған.  Белгілі  бір  ұғымды  толық  қамтып  көр-
сету  мақсатымен,  бірнеше  синоним  (мағыналас 
(көнерген)  аталымдар)  қатарма-қатар  қолданы-
лады. 
Ұрыншақ, шалпы жанның тілі удай, 
Жүрегің шоқ басқандай дір етеді [Н.К.ІІт]. 
Хұсейін патша болып мініп таққа, 
Теңгерді ғаріп, міскін, кедейлерді [Е.К]
3  Ақындар  шығармаларында  синонимдерді 
жекелеп  те,  кезектестіріп  те,  жұптап  та,  топтап 
та қолданады. 
Шам шахы тіріліктің тартты азабын, 
Қоймады төрт арыстан күш-мажалын [Е.К]. 
 
Көр-лаһат көрмегенге суық қандай, 
Таяқ бар сұраушыдан темір ұшты-ай [Е.К]. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          353 
 
Мең-зең болып манаурап, 
Заң-шарғыдан жаңылып [Н.К.ІІт]. 
 
Cол бір кездер есімде 
Сан мың жарлы-жақыбай, 
Қайыр сұрап жүретін [Н.К.Іт]. 
 
4  Мағыналас  екі  немесе  үш  сөз  қатар  келіп, 
алдыңғысы  соңғысын  анықтап,  мағынасын  кү-
шейту  үшін  қолданылады.  Мұндай  сөз  қолда-
нысын  плеоназм  немесе  плеонастикалық  сөз 
тіркесі деп атайды. 
Талабымды оңғарса, 
Жаратқан жаппар құдайым [Н.К.ІІт]. 
 
Жандыны жаратушы жаппар құдай, 
Ойласпас жақсылығын берерінде [Н.К.ІІт]. 
 
Сол уақта Жаппар һақтан хабар келген,  
«Халықтың арасында өлтір» деген [Е.К]. 
 
Мына үрият бостандық,  
Туғызды күн мен айыңды... [Н.К.Іт]. 
 
5 Синонимдер жеке сөз ғана емес, фразалық 
тіркестерде де жиі ұшырасады. Көңілдегі көрікті 
ойды  сөзбен  кестелеп  айтып  беруде  фразалық 
тіркестер орасан зор қызмет атқарады. 
 
Мұқтар деген біреу бар – 
Қатты мәзәжіп, кеулі тар [Н.К.ІІт]. 
Қорыта  айтқанда,  жоғарыдағы  мысалдарда 
көнерген  аталымдар,  арабизмдер  мен  парсы-
сизмдер  синонимдік  қатар  түзу  үшін  стильдік 
мақсатпен  алынған.  Ғалым  Б.  Юнусалиевтің 
сөзімен айтсақ, екі синоним сөздерді қатар қол-
дану – жазба  әдебиетке  өзге  тілдік  элемент-
тердің  жаңа  ене  бастаған  кезінде  болатын  әдіс 
[5, 227 б.]. 
______________ 
1.  Кияк  Т.Р.  Мотивированность  лексических  единиц 
(количественные и качественные характеристики). – Львов, 
Вища школа, 1988. − 158 с. 
2.  Қалиев  Ғ.,  Болғанбаев  Ә.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лек-
сикологиясы мен фразеологиясы. − Алматы: «Сөздік–Сло-
варь», 2006. – 356 б. 
3.  Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. – Алматы: 
«КИЦОО», 2007. – 166 б. 
4.  Болғанбаев  Ә.  Қазақ  тілінің  синонимдер  сөздігі.  
− Алматы, 1975. − 504 б. 
5.  Болғанбаев  Ә.  Қазақ  тілінің  синонимдер  сөздігі.  
− Алматы, 1975. − 504 б. 
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет