Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет6/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

Саркыт Алисжан 
ПРОФЕССОР Т.САЙРАМБАЕВ И НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ СИНТАКСИСА СЛОВОСОЧЕТАНИИ 
 
В статье рассматривается вклад труда проф. Т.С.Сайрамбаева по синтаксису словосочетания казахского языка. 
Анализируются основные взгляды данного ученого по словосочетанию. По мнению автора статьи,  труды ученого 
имеют важное значение при изучении словосочетании современного казахского языка.  
 
Sarkyt Aliszhan 
PROFESSOR T.SAYRAMBAEV AND SOME PROBLEMS OF PHRASE SYNTAX 
 
The article discusses the contribution of prof. T.S.Sayrambaev’s work on the phrase syntax of the Kazakh language. 
Analyzed the main views of the scientist on phrase. According to the author’s article, a scientist’s works have great 
importance in the study of modern Kazakh language phrases. 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          29 
 
А. С. Елеуова, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 
университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты 
 
ПРОФЕССОР Т.САЙРАМБАЕВТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ 
СИНТАКСИСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
 
Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасуы,  б‰гінгі 
даму қарқыны  оның  ірге  тасын қалап,  негізін 
салған  ұлағатты  есімдермен  тығыз  байла-
нысты.  Қазақ  тіл  білімінің  тарихында  қазақ 
тілін  ғылым  ретінде  қалыптастырған,  оның 
ғылыми-теориялық  негізін  қалаған  ғалымдар-
дың  ерекше  орны  бар.  Осы  тұрғыда  қазіргі 
қазақ  тілі  синтаксисінің  қалыптасуы  мен  б‰-
гінгі  жай-к‰йі,  көкейкесті  мәселелерін  танып 
білуде  профессор  Т.Сайрамбаевтың  теория-
лық тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. 
Қайсыбір ғалымның ғылыми тұжырымдары 
мен зерттеу бағыттарына сәйкес ұстанымдары 
көзі тірісінде қолдау тауып немесе кереғар пікір 
туындатса, ғалым д‰ниеден озғаннан кейін оның 
ғылыми бағыты негізгі сынақ – уақыт сынынан 
өтеді. Сөйтіп, тіл білімі тарихында қандай да бір 
ғылыми бағыттың негізділігі, өміршеңдігі уақыт-
пен  өлшенеді.  Қай  халықтың  болмасын  білім 
беру ісі мен ғылымының көш басында сол ха-
лықтың ғылымына, әдеби-мәдени, саяси өміріне 
еңбегін сіңірген ерен тұлғалардың тұратыны бел-
гілі. Ғалымның ‰зеңгілес замандастары, тәлім-
тәрбие, ‰лгі-өнегесін алған ізбасар шәкірттері 
сол  ғалымның  қалдырған  мұрасының  салма-
ғына қарап, оның ғылымдағы орнын уақыт еле-
гінен  өткізіп,  тарихи  тұрғыдан  таразылап,  баға-
лайды. Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық 
және  әдістемелік  жағынан  даму  мәселелеріне 
тоқталып,  оның  негізгі  теориялық  бағыт-бағ- 
дарын  анықтап,  қарқынды  дамуына  елеулі  
‰лес  қосқан  ғалымдардың  бірі – профессор 
Т.Сайрамбаев.  
Ғалым  синтаксис  мәселелеріне  тоқталған-
да,  ең  алдымен,  сөйлемді  басты  синтаксистік 
категория  ретінде  таниды.  Сөйлемдердің  тіл-
танудағы  синтаксис  ғылымының  басты  зерт-
теу  нысаны  болатындығы  белгілі.  Оның    тіл 
ж‰йесіндегі  ең  басты  бірлік  болып  анықта-
луының  өзіндік  дәлелді  себебі  бар.  Әр  дең-
гейдегі тілдік бірліктер: фонемалар, морфема-
лар,  лексемалар,  сөз  тіркестері – т‰птеп  кел-
генде, ең алдымен, тілдегі сөйлемдерді құрас-
тыру  ‰шін  қызмет  етуге  жұмылады.  Толық 
мағыналы  сөздер,  яғни  лексемалар  сөйлем 
құрылысында  белгілі  бір  грамматикалық  по- 
 
 
зицияларға  орналасып,  сол  арқылы  сөйлем 
м‰шелері  қызметін  атқарса,  қосымшалар  мен 
көмекші  сөздер  сол  сөздерді,  яғни  сөйлем 
м‰шелерін  тұлғалары  жағынан  өзара  грамма-
тикалық  байланысқа  т‰сіріп,  ал  мағыналық 
жағынан  сол  сөйлем  м‰шелерінің,  тіпті  сөй-
лемдердің  арасындағы  синтаксистік  мағына-
ларды, қатынастарды көрсетеді. Ал сөйлемдер 
солардың  бәрін  жинақтап  тиянақтап  тұрады. 
Сонымен,  сөйлемге  келгенде,  тіл  ж‰йесінің 
барлық  тетіктері  өздерінің  негізгі,  т‰пкі  қыз-
меттік мақсатына қол жеткізеді. Сөйтіп, бірін-
шіден, сөйлеуші адамның айтайын деген ойын 
белгілі  бір  шамада  тиянақтап  жарыққа  шы-
ғаруды қамтамасыз ететін, екіншіден, адамдар 
арасындағы  тілдік  қарым-қатынасты  ж‰зеге 
асыру ‰шін тікелей қолданылатын бірліктер –  
сөйлемдер тілдік ж‰йедегі негізгі мақсаттарды 
орындайтын бірден-бір тірек болып табылады. 
Сөйлемнің  осы  жоғарыда  аталған  қасиеттері 
тіл білімінде оның негізгі белгілері ретінде та-
нылатындығы  профессор  Т.Сайрамбаев  зерт-
теулерінде орын алған.   
Сөйлемнің  басты  белгілерінің  ішіндегі  ең 
бірегейлері  ретінде  сөйлемдер,  ең  алдымен, 
коммуникативтік  және  предикативтік  бірлік 
ретінде  танылып  айқындалатыны,  осы  қызмет-
тері арқылы сипатталып отыратыны белгілі. 
Бұл жағдай енді предикативтілікті синтак-
систік  аспектілердің  ара  қатынасы  тұрғысы-
нан қарастыруға әкеледі. Ондай көзқарасты да  
Т.Сайрамбаев пікірлерінен көруге болады [1:6]. 
Ғалым  сөйлемнің  тұрлаулы  м‰шелерін  зерт-
теуге  арналған  еңбегінде  предикативтілік  кате-
гориясы, яғни сөйлемнің предикативтілігін әдет-
тегі  ‰ш  синтаксистік  аспектіден  немесе  сөйлем 
құрылысының ‰ш т‰рлі ұйымдасуынан – кон-
структивтік-грамматикалық,  семантикалық-ло-
гикалық,  сонымен  қатар  коммуникативтік-пси-
хологиялық аспектілерінен жинақталып шығып, 
олардың  тығыз  бірлігінен  көрініс  табады  деп 
есептейді.  Сөйлемнің  құрылымында  бұл  ‰шеуі 
әрқашан бірігіп әрекет етеді. Сондықтан олар-
ды  жеке-жеке  қарастыру  тек  қана  қағидалық 
сипатта болады. Ғалым синтаксистегі ең басты 
категория – сөйлемнің мәнін айқындауды мақ-

30                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
сат  етіп  қояды.  Осы  бағыттағы  ғалымның  із-
деністері соңғы кезеңде қарқынды дамып келе 
жатқан  коммуникативтік  синтаксис  мәселеле-
рін қамтитындығын көрсетеді.  
Ғалым зерттеулерінде сөйлем м‰шелерінің 
теориялық  мәселелері  де  сөз  болады.  Қазақ 
тіл  біліміндегі  сөйлем  м‰шелерінің  зерт- 
телу тарихы, тұрлаулы, тұрлаусыз м‰шелердің  
жасалу  жолдары,  грамматикалық  табиғаты, 
сөйлем  м‰шелерінің  құрылымдық  типтері 
Т.Сайрамбаев еңбектері негізінде зерттелген.  
Ғалым  Т.Сайрамбаев  «Сөйлемнің  тұрлау-
лы м‰шелері» атты еңбегінде: «Баяндауышсыз 
жалпы  (атаулы  сөйлем  болмаса)  сөйлем  құрал-
маса керек. Баяндауыш – қай сөз табынан бол-
масын бәрібір сөйлемді тиянақтау жағынан, оны 
сөйлем дәрежесіне жеткізу жағынан қандай тұл-
ғада,  қай  орында  келуіне  қарамастан  басты 
тұлға.  Дегенмен  сөйлемді  тиянақтау  жағынан 
баяндауыш  м‰ше  басқа  сөйлем  м‰шелерінен 
жеке дараланады», – деп, маңыздылығын баса 
көрсетеді  және  баяндауыштың  төмендегідей 
негізгі қасиеттерін санамалап береді: 
1. Баяндауыштың бастауышқа бағынышты 
сөйлем м‰шесі екендігі; 
2. Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақ-
тайтындығы; 
3.  Баяндауыш  бастауыштың  әр  т‰рлі  қа-
сиетін көрсететірдігі; 
4.  Баяндауыштың  бастауышпен  жақ,  көп-
ше, жекеше т‰рде ‰йлесуі; 
5. Предикативтілікті білдіруі; 
6. Сөйлемнің бас м‰шесі екендігі [1:93]. 
Ал  ғалымның  тұрлаусыз  м‰шелердің  тео-
риялық  мәселеріне  арналған  зерттеулерінде 
сөйлемнің  тұрлаусыз  м‰шелерінің  сипаты, 
олардың жасалу жолдары тармақталады [2;3].  
Т.Сайрамбаев еңбектерінде жай сөйлемнің 
құрылымдық  т‰рлері,  олардың  жасалу  тәсіл-
дері,  интонациялық,  грамматикалық  белгілері 
анықталып,  сол    негізде  қазақ  тілі  білімінде 
жай  сөйлемдердің  грамматикалық  бірізділігі 
сақталды. Мысалы, қазақ тілінің синтаксисіне 
арналған  оқулығында  ғалым  бір  ғана  толым-
сыз  сөйлемдердің  табиғатын  тану  ‰шін  мы-
надай анықтама береді: «Ойға қатысты м‰ше-
лері т‰гел айтылмаған олқы сөйлемдер толым-
сыз болады» [4:226-227]. Бұндай ойға қажетті 
сөйлем м‰шелерінің бірі жоқ болатын сөйлем-
дер,  яғни  толымсыз  сөйлемдер  туралы  т‰рлі 
ыңғайдағы  көзқарастар  бар.  Толымсыз  сөй-
лемнiң  «өмiр  с‰руiн»  контекспен  және  жағ-
даятпен байланыстырып, олардан тыс алғанда 
сөйлемнiң  мағыналық  құрылымындағы  то-
лымсыздықты  сол  контекстегi  бар  сөзбен  то-
лықтыру  арқылы  немесе  жағдаяттық  ыңғайда 
т‰сiнуге  болады  дейтiн  пiкiрлер  де  кездеседi 
[5:16].  Бұл  қысқаша  шолу  қазақ  тіл  білімін- 
де  толымсыз  сөйлемдердің  тілдік  табиғатын 
тануға  бағытталған  сан  қырлы  зерттеулердің  
бар екендігін көрсетеді.  
Ғалым  зерттеулерінде  тілдегі  ықшамдау, 
‰немдеу  заңдылықтары  да  сөз  болады.  Қазақ 
тіліндегі  сөйлем құрылысының ықшамдалуы-
на  қатысты  Т.  Сайрамбаев: «… синтаксистік 
экономияда  да,  негізінде,  біріншіден,  толық 
сөйлемнен  толымсыз  сөйлемге  ауысу  процесі 
пайда  болады,  екіншіден,  белгілі  бір  сөйлем 
м‰шесі  қызметіндегі  сөздер  т‰сіп  қалуы – 
басты фактор, ‰шіншіден, т‰сіп қалған сөздің 
қызметін  басқа  сөздер  уақытша  атқаруға  тиіс 
болады,  төртіншіден,  соңғы  қызмет  атқару- 
шы  сөздің  семантикасы  бұрынғыға  қарағанда 
қалай  да  молая  т‰седі,  бесіншіден,  т‰сіп  қал-
ған  сөз  көбіне  сөйлем  мағынасынан  белгілі 
болып тұрады, алтыншыдан, ондай экономия-
ға  т‰сетін  сөз  таптары  көбіне  зат  есімдер,  ал 
зат  есім  орнына  жұмсалатын  сөз  таптарының 
көбіне  бұрын  анықтауыш  қызметінде  жұмса-
луға  тиісті  сын  есімдер,  сан  есімдер,  есімше 
және  кейде  кейбір  көмекші  сөздер  т‰йдекті 
тіркестер  құрамында  ғана  жұмсалады…», - 
деп көрсеткен [6:135-136].  
Сөйлемнің  нақты  коммуникативтік  бірлік 
(айтылым) ретінде қолданылуы сөйлемнің қо-
ғамдағы  негізгі  қызметтерінің  бірін  құрайды. 
Ол  синтаксистік  ж‰йеде  екі  жағынан,  сөйлем 
және  айтылым  арасынан  көрінеді.  Сөйлемді 
қатысымдық  құрылым  (коммуникативтік  ас-
пект)  тұрғысынан  зерттеу  дегеніміз,  сөйлемді 
адамдардың  пікір  алмасуы  кезінде  пайдала-
нылатын  құрал  ретінде  қолданғанда  болатын 
логикалық  байланыстар  ыңғайында  зерттеу 
болып шығады. Сөйлемнің шегі мен айтылым-
ның шекарасы бір-біріне тура келмеуі м‰мкін. 
Біртұтас  грамматикалық  құрылым  хабарлау-
дың бөлек қатары болып бөлшектенуі м‰мкін, 
бұндай  көрініс  лингвистикада  «парцелляция» 
деп аталады. Парцелляция – стильдік-экспрес-
сивтік  мақсатта  сөйлемді  ерекше  интонация 
арқылы  әдейі  жеке  бөлшектерге,  фразаларға 
бөліп  айту [7:247]. Орыс  тіл  білімінде  жеке-
леген  зерттеулерде  бұл  құбылысқа  қатысты 
жалпылама т‰сінік берілгенімен, арнайы зерт-
теу нысаны болмағаны белгілі. Қазақ тіл білі-
мінде «парцелляция» құбылысының табиғаты-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          31 
 
на Т.Сайрамбаев  зерттеулерінде кеңінен т‰сі-
нік берілген. Парцелляция жеке сөзді, сөз тір-
кесті, сөйлемді болып, өзі қатысты сөйлемнің, 
біріншіден,  айрылмас  бір  бөлшегі  іспеттес, 
екіншіден, мағыналық жағынан тиянақтаушы, 
‰шіншіден, сөйлемнің өн бойына, не жеке бір 
м‰шесіне  қатыстылығы,  төртіншіден,  өзіне 
қатысты  сөздермен  әдеттегі  айқындауыштар 
сияқты  тұлғалық  жағынан  кейде  ұқсас,  кейде 
ұқсас  еместігімен  де  ерекшеленеді.  Бұған 
қарағанда, ондай синтаксистік топтар қалайда 
өзі  қатысты  сөйлемнің  ажырамас  бір  бөлігі,  
айқындауышы  тәрізді,  олар  өз  алдына  жеке  
қолданылмайды,  алдыңғы  сөйлемнен  бөліне 
алмайтын синтаксистік қосалқы топтар. Олар- 
дың  ‰ш  т‰рлі  тұлғада  жұмсалатынын  тілдік 
деректер  дәлелдейді.  Сондықтан  парцелляция 
сөз  тіркесі,  сөйлем  м‰шесі  және  сөйлемдік 
жағынан  топтастырылады.  Қазіргі  әдеби  тілі-
міздің  материалдарына  қарағанда,  парцел-
ляция  мәселесі  тілімізге  толық  енді  деп  айта 
аламыз [8:229-230].     
Профессор  Т.Сайрамбаевтың  зерттеулері 
қазақ  тіл  білімінің  б‰гінгі  дамуы  мен  оның 
өзекті  мәселелерін  шешуде  ғылыми-теория-
лық  құндылығын  жоймайды.  Біз  жоғарыда 
ғалым  зерттеулеріне  арқау  болған  қазақ  тілі 
синтаксисінің  кейбір  мәселелеріне  ғана  тоқ- 
 
талдық.  Әрине,  бір  мақала  деңгейінде  ғалым  
зерттеулерінің  нәтижелері  туралы  толық-
қанды  талдау  жасау  м‰мкін  емес.  Ғалымның 
еңбектері  қазақ  тілі  синтаксисінің  теориялық 
бағыт-бағдарын  анықтауда  бағдарламалық 
мәні  бар,  қазіргі  синтаксистің  өзекті  мәселе-
лерін  шешуде баға жетпес мұра. Ендеше, ға-
лымның қазақ тілі синтаксисінің қалыптасуы-
на  сіңірген  еңбегінің  мәнін  ашу,  ғылымдағы 
ұстанымдарын айқындап, жалпы тіл білімінде, 
соның ішінде қазақ тіл білімінде қалыптасқан 
теориялық  тұжырымдармен  салыстыра  зерт-
теу,  сөйтіп,  ғалым  мұрасына  лайықты  баға 
беру болашақтың еншісі.  
_____________ 
1.  Сайрамбаев Т. Сөйлемнiң тұрлаулы м‰шелерi. – Ал-
маты: Қазақ университеті, 1991.  – 168 б. 
2.  Сайрамбаев Т. Есім пысықтауыш. – Алматы: Санат, 
1976. – 48 б. 
3.  Сайрамбаев  Т.,  Өмірбекова  Р.  Анықтауыш,  оның 
кейбір  жасалу  жолдары. – Алматы:  Республикалық  баспа 
кабинеті, 1995. – 41 б.  
4.  Балақаев  М.,  Сайрамбаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тілі. – 
Алматы: Санат, 1997. – 286 б. 
5.  Ардентов Б.П. Номинативные предложения в совре-
менном русском языке. – Кишинев, 1959. – 211 с. 
6.  Сайрамбаев  Т.  Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем  синтак-
сисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 186 б. 
7.  Қалиев  Ғ.  Тіл  білімі  терминдерінің  т‰сіндірме  сөз-
дігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 440 б. 
8.  Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Ал-
маты: Санат, 2003. – 240 б.  
А. С. Елеуова 
НАУЧНО-ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ СИНТАКСИСА КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В 
ИССЛЕДОВАНИЯХ ПРОФЕССОРА Т.САЙРАМБАЕВА 
 
В  статье  анализируются    научно-теоретические  основы  синтаксиса  казахского  языка  в  исследованиях 
профессора Т.Сайрамбаева.  
 
A. S. Eleuova 
SCIENTIFIC AND THEORETICAL BASIS OF THE SYNTAX OF THE KAZAKH LANGUAGE IN THE 
RESEARCH OF PROFESSOR T.SAYRAMBAEV 
The article examines the scientific and theoretical basis of the Kazakh language syntax in the research of Professor 
T.Sayrambaev. 
 
 
 
М. М. Төлеуп, 
Алматы энергетика және байланыс университеті, e-mail: mira-abay@mail.ru 
 
Т. САЙРАМБАЕВТЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСІ МЕН  
СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
 
 
Профессор Талғат Сайрамбаевты қазақ тілі 
синтаксисінің  к‰рделі  мәселелерін  терең  де, 
жан-жақты  зерттеп,  ХХ  ғасырдағы  қазақ  тіл 
білімінің  қалыптасып,  дамуына  зор  ‰лес  қос-
қан  ірі  ғалым  ретінде  танимыз.  Ғалымның  
 
еңбектері  ғалымдар  мен  ізденушілерден  бас-
тап,  студенттер  мен  оқушыларға  қазақ  тіл 
білімінен  академиялық  білім  беру  құралы  
ретінде  жемісті  пайдаланылып  ж‰ргені  бел-
гілі.  

32                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Енді  қазақ  синтаксисі    мәселелерін,  оның 
ішінде,  сөз  тіркесі  мен  сөйлемдерге  қатысты 
мәселелерді  шешіп,  оларды  бір  ж‰йеге  т‰сі-
ріп,  қазақ  тіл  білімінде  өзіндік  із  қалдырған 
ғалымның  еңбектерін  зерделеп,  бағалайтын 
кез келген сияқты.  
Профессор 
М. 
Балақаевтың 
шәкірті 
Т.Сайрамбаев  ұстазының  жолын  жалғасты-
рып,  ұстазы  қалдырған  мол  мұраны  игеріп, 
қазақ  синтаксисіндегі  өзекті  мәселелерді  анық-
тап,  оларды  зерттеу  жолында  көп  еңбек  ат-
қарды. Ол еңбектерінің нәтижелері ғалымның 
өзі  жазған  көптеген  оқулықтары  мен  ғылыми 
еңбектері  және  ол  кісінің  жетекшілігімен шә-
кірттері  зерттеген  ғылыми  еңбектер  т‰рінде 
басылып шықты.  
Біздің мақаламыздың мақсаты – ғалымның 
с‰белі  еңбектерінің  ішіндегі  синтаксис  мәсе-
лесіне  қатысты  бір-екі  еңбегіне  тоқталып, 
оларды саралап,  талдау. 
Ұстаздың  жоғары  оқу  орындарының  сту-
денттері  мен  мұғалімдеріне  арналған  «Қазіргі 
қазақ  тіліндегі  к‰рделі  сөз  тіркестері»  атты 
еңбегінде  бұған  дейін  қазақ  тіл  білімінде  сан 
алуан  пікір  тудырып  келген    сөз  тіркесі  мен 
сөйлем  мәселелерін  т‰бегейлі  зерттеп,  ж‰йе-
леп,  олардың  айырмашылығын  көрсетіп,  сөз 
тіркестерінің  негізгі  белгілерін  ажыратып, 
қазақ  тілінің  аталған  мәселелерін  бір  жолға 
сала білген.   
Ғалым аталған еңбегінде кез келген сөздер 
сөз тіркесін құрау ‰шін олардың қалыптасқан 
семантикалық  мазмұны  ‰лкен  рөл  атқараты-
нын,  яғни  басыңқының  семантикасының  ба-
ғыныңқы м‰шенің мағынасына сай келуі шарт 
екенін атап көрсете келіп, басыңқы мен бағы- 
ныңқы  мағыналық  байланыста  бола  отырып,  
бір-бірімен әрі грамматикалық, әрі интонация-
лық  жағынан  байланысатынын,  яғни  грамма-
тикалық  тәсілге  т‰рлі  қосымшалар  арқылы 
байланыс  тән  болса,  интонация  ‰шін  сөйлем-
дегі  сөздердің  табиғи  орын  тәртібі  қажет  де-
ген т‰йін жасайды.  
Сөз тіркестерінің құрылысына қатысты олар-
ды  жай және  к‰рделі  сөз  тіркесі  деп  бөліп,  жай 
сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден 
құралатынын,  к‰рделі  сөз  тіркесінің  құралуы 
әрт‰рлі болып келетінін, бірде басыңқы м‰ше, 
бірде  бағыныңқы  м‰ше  к‰рделі  болатынын 
және  сөз  тіркестерінің  әрбір  сыңарының  к‰р-
делі болуы да м‰мкін екенін айтады [1:20].  
К‰рделі  м‰шелер:  к‰рделі  анықтауыш, 
к‰рделі  пысықтауыш  немесе  к‰рделі  толық-
тауыштар  өзара  сөз  тіркесін  құрай  ала  ма; 
қосарлы сөздер, негізгі етістіктер мен көмекші 
етістіктер,  к‰рделі  сан  есімдер,  негізгі  сөздер 
мен  шылаулар,  біріккен  сөздер,  қысқарған 
сөздер, есім мен көмекші етістіктер, фразалық 
тіркестер  сөз  тіркесін  құрай  ала  ма  деген 
сұрақтарға  к‰рделі  сөз  бен  сөз  тіркесінің 
айырмашылығын  айқындау  арқылы:  к‰рделі 
сөз – сөз  жасаудың  бір  т‰рі,  оның  әрбір  сы-
ңары бір-бірімен тығыз мағыналық байланыс-
та  болады,  к‰рделі  сөздің  әрбір  сыңарында 
жеке-жеке мағына болуы да, болмауы да м‰м-
кін, жеке-жеке  мағынасы болғанымен, тұтас 
сөздің мағынасы сыңарларының мағынасынан 
гөрі  к‰ңгірттеу  болады,  к‰рделі  сөздің  әрбір 
сыңарына  жеке  сұрақ  қойылмайды,  екеуіне 
бір-ақ  сұрақ  қойылады,  к‰рделі  сөздің  әрбір 
сыңарының орны жылжымалы емес, тұрақты, 
к‰рделі  сөз  тұтасымен  морфологиялық  өз-
геріске  ұшырайды,  тұтасымен  басқа  сөзбен 
синтаксистік байланысқа т‰седі; ал сөз тіркесі 
– синтаксистік категория,  оның сыңарлары бір-
бірімен  синтаксистік  байланыста  болады, 
сөз  тіркесінің  әрбір  сыңарының  мағынасы 
айқын  болады,  оның  әрбір  сыңары  дербес  сұ-
раққа  жауап  береді,  сөз  тіркесінің  әрбір  сы-
ңары  т‰рлі  морфологиялық  өзгеріске  ұшы-
райды және сөз тіркесінің әрбір сыңары жеке 
синтаксистік  байланыста  жұмсалады  деп,  
дәлелді, тиянақты жауап береді [1:31].  
Осы еңбектің екінші тарауында к‰рделі сөз 
тіркесінің  құрылымдық  т‰рлеріне  тоқталып: 
есімді к‰рделі сөз тіркестері, оның ішінде зат 
есімді,  сын  есімді,  сан  есімді,  шылаулар  қа-
тысты,  етістікті,  есімшелі  к‰рделі  сөз  тіркес-
терін жеке-жеке талдап; сөз тіркестерінің бай-
ланысу  тәсілдеріне  тоқталып,  олардың  сөй-
лемдегі қызметтерін саралайды.  
Т.Сайрамбаев  бұл  еңбегін  М.  Балақаев,  
Т.  Қордабаев,  С.  Аманжолов,  Н.  Сауранбаев, 
Ы.  Маманов,  К.Аханов  М.Томанов,  М.  Сер-
ғалиев,  Ә.  Хайдаров,  Ә.  Әбілқаев,  З.И.  Буда-
гова,  В.В.  Виноградов,  Н.К.  Дмитриев,  
А.Н.  Кононов,  Н.А.  Баскаков,  А.М.  Пешков-
ский, Е.И. Убрятова, т.б. көптеген белді-белді 
орыс,  т‰ркі  және  қазақ  тілші-ғалымдарының 
пікірлерін келтіре отырып, олардың көзқарас-
тарын  қолдау-қолдамау  себептерін  көрсете 
отырып, мол мысалдармен дәлелдеп жазған. 
Проф.  Т.Сайрамбаевтың  «Сөз  тіркесі  мен 
жай  сөйлем  синтаксисі»  атты  оқу  құралын- 
да  автор  сөз  тіркесінің  тарихына  тоқталып, 
Н.З.Гаджиева, 
А.М.Щербак, 
А.Ысқақов, 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          33 
 
М.Томанов, т.б. тілші-ғалымдардың пікірлерін 
ой  елегінен  өткізіп,  өз  қорытындысын  жа-
сайды.  Байланысу  тәсілдерінің  ішкі  ерекше-
ліктеріне  тоқталады:  синтетикалық  тәсілдің 
төрт  жалғаудың  қатысы  арқылы  ж‰зеге  аса-
тынын, септік және көптік жалғауларының сөз 
тіркесінің  бағыныңқы  сыңарына  қатысты  бо-
латынын  және  сөз  бен  сөзді  байланыстыруда 
жұрнақтардың    да  рөлі  ерекше  екенін  дәлел-
дей келіп, бірақ жұрнақтар арқылы байланысу 
жалғаулар арқылы байланысудай активті емес 
екенін  атап  көрсетеді  және  қазақ  тіліндегі 
синтетикалық  байланысу  тәсілдерінің  осы 
ерекшелігін ескеріп, оны қосымшалар арқылы 
байланысу деп атауды жөн көреміз деп қоры-
тындылайды.   
Сөздердің  байланысуының  аналитикалық 
тәсіліне  көмекші  сөздер,  сөздердің  орын  тәр-
тібі  және  интонация  арқылы  байланысуды 
жатқызады.  Ал  аналитикалық-синтетикалық 
байланысу  тәртібі  шылаулар,  көмекші  есім-
дер,  көмекші  етістіктер,  модаль  сөздер  ар-
қылы байланысуды  қамтитынын дәлелдейді.  
Оқу құралының жаңа тіркесімділік туралы 
бөлімінде  еліміздегі  сыртқы  әсер  мен  ішкі 
даму  ‰дерісінде  жыл  сайын  жаңа  мамандық-
тар т‰рлерінің пайда болуына байланысты сол 
салаларға  қатысты  жаңа  зат,  құбылыс,  ұғым, 
іс-әрекеттердің  атаулары,  яғни  кәсіби  сипат-
тағы  жаңа  терминдер  мен  терминдік  топтар-
дың  тілімізге  көптеп  еніп  жатқандығын  айта 
келіп, оларды: компьютер, ЭЕМ, физика, тех-
ника,  ауыл  шаруашылығы,  әлеуметтік  сала, 
т.б.  деп,  сала-салаға  бөліп  және  лингвисти-
калық  терминдерді  де  ұмытпай,  ол  атаулар-
дың  байланысу  тәсілдерін  зерттеп,  қорытын-
дылайды [2:41,42].  .  
Келесі  тарауларда  шартты  рай,  оның  син-
таксистік  ерекшеліктері,  оның  сөйлемде  қан-
дай  м‰ше  қызметінде  қолданылатынына  
және пысықтауыштардың т‰рлеріне тоқталып, 
олардың мағынасын анықтайды, оларды функ-
ционалдық синтаксис тұрғысынан зерттейді.  
Ғалым  тілдегі  экономия,  байланысу  фор-
маларының  бір-біріне  ауысу  ‰дерісін  де  зерт-
тейді.  Бұл  мәселе  қабысудың  қиысуға,  қабы-
судың  матасуға  ауысу,  қабысудың  меңгеруге,  
 
меңгерудің қиысу ауысу және бір сөйлем м‰- 
шесінің  екінші  сөйлем  м‰шесіне  ауысуы, 
қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктердің мең-
герілуі  дәлелденген  бөлімдерде  қарастыры-
лады.  
Проф.  Т.Сайрамбаевтың  «Сөйлемнің  тұр-
лаулы  м‰шелері»  атты  еңбегінде  сөйлемнің 
негізгі белгілері ажыратылып көрсетіліп, шақ, 
жақ,  рай,  модальдылық  категориялары  зерт-
теледі.  
Осы  еңбектің  І  тарауында  автор  сөйлем 
м‰шелерінің  теориялық  мәселелерін  дәлел-
деп, оның қорытындысы  ретінде  «сөйлем м‰-
шесі  деп  сөйлемде  бірнеше  сөздер  тобының 
басқа  сөздермен  синтаксистік  қатынастар  ар-
қылы  арнайы  бір  сұраққа  жауап  беріп,  грам-
матикалық  мағынаға  ие  болатын  т‰рін  айта-
мыз» деген анықтама береді [3:13].  
ІІ  тарауда  грамматикалық,  логикалық  бас-
тауыш  деген  ұғымдарға  т‰сінік  беріледі,  бас-
тауыштың  жасалу  жолдары  көрсетіліп,  сөз 
таптарының  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы, 
баяндауыштық  тұлға  ретінде  қандай  сөздер 
қолданылатыны,  баяндауыштың  жасалу  жол-
дары,  т‰рлері,  етістікті,  есімді  баяндауыш,  
‰стеудің,  еліктеуіш  сөздердің,  модаль  сөздер-
дің,  бар,  жоқ  сөздерінің,  көмекші  сөздердің 
баяндауыш  қызметінде  жұмсалу  ерекшеліктері, 
құрама баяндауыштар жан-жақты зерттеледі.  
Т.  Сайрамбаев  өз  еңбектерінде  тіл  білімі-
нің  қомақты  саласының  бірі  синтаксистің, 
оның  ішінде  қазіргі  қазақ  тілі  синтаксисінің  
өзекті  мәселелерін  дөп  тауып,  синтаксис  тео-
риясы  мәселелерінің  негізі  қалануына,  фило-
логия ғылымының  осы саласының жекелеген 
тарауларының    қыр-сырының  толық  та,  жан-
жақты  зерттелуіне  сыни  ғылыми  көзқараспен 
қарап, өзекті мәселелерді дәйекті т‰рде негіз-
деп, нақты мысалдармен, теориялық фактілер-
мен дәлелдеп, өз анықтамаларын береді. 
_____________ 
1.  Т.  Сайрамбаев.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  к‰рделі  сөз 
тіркестері  (Жоғары  оқу  орындарының  студенттері  мен  ұс-
таздарына арналған). –Алматы: Мектеп, 1981. – 197 б. 
2.  Т.Сайрамбаев.  Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем  синтак-
сисі. –Алматы: Рауан, 1991. -174 б. 
3. Т.Сайрамбаев. Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері. –Ал-
маты: Қазақ университеті, 1991. -167 б. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал