Казахский национальный


Р. Тусупкалиева, Б. Тансикбаева



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет59/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

Р. Тусупкалиева, Б. Тансикбаева 
Эффективные методы обучения казахскому языку, связанные по специальности  
В статье рассматриваются роль текстов, связанных по специальности в изучении казахского языка. 
 
R. Tusupkalieva  
Tansikbaeva B.Effective methods of teaching Kazakh language related to a specialty 
The article discusses the role of texts related to the specialty in the study of the Kazakh language. 
 
 
 
 
 Р. Ә. Шаханова, 
п.ғ.д., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ 
А. О. Тымболова, 
ф.ғ.д. , доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
 
 
КӨПТІЛДІ МӘДЕНИ ТҰЛҒАНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ 
 
 
Б‰гінгі таңда ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назар-
баев отандық білім беру саласына ‰лкен  мін-
деттер ж‰ктеп отыр. Кез келген мемлекет өзі-
нің  азаматтарына  сапалы  әрі  заманауи  білім 
алуға  қолжетімді  де,  қолайлы  жағдай  туғы-
зуды  ел  дамуының  бірден-бір  кепілі  санай-
тындығы  анық. Cондықтан  ‰кімет  жастарды 
халықаралық  біліктілікке  сай  біліммен  қам- 
тамасыз ету ‰шін мемлекеттік тілді, орыс тілін 
және  шет  тілдерін  меңгерту  арқылы  олардың  
тілдік  санасын  дамытуға  айрықша  көңіл  бө-
луде.  Отандық  білім  ж‰йесі  қазақстандық 
жастардың  келешекте  шетелдің  жоғары  оқу 
орындарында  білім  алуын  еш  қиындықсыз 
жалғастыруына  м‰мкіндік  туғызып,  бәсекеге 
лайықты,  жоғары  сапалы  бірнеше  тіл  игерген 
маман  даярлауды  көздеп  отыр.  Елімізде  көп-
тілді  білім  беру  әдістемесінің  дамуын  анық-
тайтын  негізгі  бағыттар  қалыптасып  та  ‰л-
герді.  Осыған орай, қазіргі таңда біздің алды-
мызда,  әлемдік  деңгейде  оқытылып  жатқан 
тілдердің  рөлін  саралау,  оларды  меңгертудегі 
нәтижелілік  пен  тілдік  дайындық  әдістемесін  
көтеру тұрғысынан маңызды мәселелер тұр.  
 
 
 
Елбасының биылғы  «Әлеуметтік  экономи-
калық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты 
бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауын-
да  «патриотизм,  мораль  мен  парасаттылық 
нормалары,  ұлтаралық  келісім  мен  толерант-
тылық,  тәннің  де,  жанның  да  дамуы,  заңға 
мойынұсынушылық  жатуы  тиіс  деген  талап 
бар.  Бұл  құндылықтардың,  меншіктің  қандай 
т‰ріне  жататынына  қарамастан,  барлық  оқу 
мекемелерінде сіңірілуге тиіс деген шешімі де 
қадап  айтылды.  Көп  ұлттық  пен  көп  тілділік 
осы құндылықтардың бірі және  біздің еліміз-
дің  басты  артықшылығы  болып  табылады. 
Қазақ  тілі,  біздің  Конституциямызға  сәйкес, 
мемлекеттік  тіл  болып  табылады.  Бұл  біздің 
Конституцияның  нормасы,  оны  бұзуға  еш-
кімге  жол  берілмейді»  деген  Елбасының  сөзі 
мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  тағы  бір  нақ-
тылап берді деп ойлаймыз.  
Көптілділік – көпмәдениетті  тұлғаны  қа-
лыптастырудың  негізі  болып  табылады.  Ын-
тымақты  халықаралық  өзара  қарым-қатынас- 
тар  көптілдік  білім  берудің  дамуына  т‰рткі 
болды.  Ел  мен  елдің  арасындағы  мәдени  ық- 
 

344                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
палдастық  болмайынша,  ол  ел  дамудың  жо-
ғарғы  сатысына  көтеріле  алмайтындығы  да 
анық. Өркениеттің көшіне ілесе алмай жатқан 
тілдер қаншама. 
Тілді оқытуда интегралдық бағыт бар. Бұл 
пәнаралық бағыт қана емес, ғылымның, өнер-
дің, яғни  ұлттық мәдениеттің синтезі. 
Б‰гінде  мемлекеттік  тілді,  орыс  тілі  мен 
шет тілін меңгеру заманауи қоғамда адамның 
жеке  және  кәсіби  әрекетінің  ажырамас  бөлі-
гіне  айналып  отыр.  Мұның  барлығы  қоғамда 
бірнеше тілді тәжірибелік әрі кәсіби деңгейде 
меңгерген  мамандардың  тек  әлеуметтік    қана 
емес,  сондай-ақ  кәсіби  тұрғыда  айтарлықтай 
мәртебеге ие болатын көптеген артықшылық-
тарды  көрсетіп  отыр.  Жастардың  әмбебап  әрі 
жаһандық  құндылықтарға  қос  тілде  беттеу-
лерінің  бірден-бір  мақсаты  да – көрші  мәде-
ниет  өкілдерімен  әлемдік  кеңістікте  өзара  қа-
рым-қатынас  жасауға  ұмтылу.  Осындай    та-
лаптар  кәсіби  мамандарды  дайындауда  көп-
тілдік  білім  беруге  асқан  ден  қоюға  тура 
келтіріп,  мәдени  әлемімізде  маңызды  құралға 
айналып отыр. 
Көптілді  білім  берудің  немесе  көпмәде-
ниетті  тұлға  қалыптастырудың    мақсаты – 
көпұлтты  әрі  көпмәдениетті  ортада  белсенді 
өмір  салтын  ұстанатын,  өзге  мәдениеттерді 
т‰сініп,  оған  сыйластықпен  қарап,  өз  мәде-
ниеті  мен  тілін  мансұқтамайтын    тұлға  қа-
лыптастыру.  Негізі  мәдениетті  қоғам  қалып-
тастырады,  ал  тілсіз  қоғам  жоқ.  Сондықтан, 
ғалымдардың  б‰гінде  айтып  ж‰рген  тіл  мә-
дениеттің  бір  бөлігі  ғана,  адам  мәдениетін 
білдірудің  бір  формасы  ғана  деген  пікірлері 
негізсіз.  Тіл  ұлттың  б‰тін  бір  құндылығы. 
Тілде  б‰тін  бір    халықтың  тарихы,  оның  ты-
ныс-тіршілігі,  жан  сезімі,  діні  мен  ділі,  ша-
руашылығы  мен  дәст‰рі  жатады.  Демек,  тіл - 
тек коммуникативті құрал ғана емес, сонымен 
бірге  адам  болмысының,  оның  мәдениетінің 
көрінісі.  Керісінше,  мәдениет  тілден  тысқары 
өмір с‰ре алмайды. Тіл - тек денотативті (бел-
гі,  сигналдық)  коммуникация  құралы  ғана 
емес,  сонымен  бірге  коннотативті  (белгілі 
әлеуметтік - мәдени,  идеологиялық  мәні  бар) 
құрал. 
Шет тілдерін ‰йрену арқылы адам әлемдік 
тарихтан  тікелей  сусындап,  оған  қоса  өзінің 
ұлттық  мәдени  тарихының    қайталанбас  ға-
жаптығын сол ұлттың мәдениетімен салысты-
рып, таным көкжиегін кеңейтеді.  
Қазіргі жанталасқан жаһандану уақытында 
әлем  мен  қоршаған  орта  жылдам  өзгеруде. 
Өркениеттің  мақсаты  мен  қисыны  да  осы 
жаһанданып,  өндірістен  кейінгі  қоғамға  көшу 
болып  отыр.  Яғни,  техникалануды  да  артқа 
тастап,  әлем  интеллектуалдық  және  ақпа-
раттық технологияны бағындыруға ұмтылуда. 
Сондықтан,  ұлттық  құндылықтарымызды  ба-
ғамдап, оқытудың әдіс-тәсілдерін қайта қарап, 
ұлттық  тұрғыдан  ретрозерделеу  керектігін 
ескеруіміз  қажет.  Ретрозерделеу  дегенде,  мә-
дени  ақпараттар  аясында  ұлттың  салт-дәст‰р, 
әдет-ғ‰рып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және 
өнер,  білім  т.б.  деңгейін  мәдениет  субъекті-
сінің  өзіндік  санасында  жанды  рухани  д‰ние 
ретінде бағамдату көзделуі тиіс.  
Көптілді білім беруде тіл ‰йренушінің бел-
сенділік,  өзін-өзі  басқару,  білімді  өздігінше 
алу,  яғни  «тілді  ‰йрету  м‰мкін  емес,  оны  тек 
‰йренуге  болады»  қағидасын  ұстану  қажет. 
Кез  келген  тілді  оқытуда    тіл  ‰йренушіге  ана 
тілі негізгі таяныш болады. 
Көптілді тұлғаның санасын дамытуда сөй-
леуді  дамыту  алгоритмі;  ойша,  ауызша-жаз- 
баша  дағдылар  қалыптастыру  қажет.  Сөздің 
сыртқа  шығуы    ой  арқылы  іске  асса,  мұнда 
‰йренушіге    сыртқы  ортасының  ықпалы  бар. 
Бұл  ықпал  тілдік  тұлғаны  коммуникациялық 
әрекеттен  бастап,  шешендік  өнерге  (рито-
рика), сөйлеу мәдениетіне тәрбиелейді.  
Сонымен,  тіл  дегеніміз – деңгейлік  ж‰йе. 
Тілдің прагматикасы, сөйлеу – қарым-қатынас 
‰дерісі  ‰йреніп  жатқан  тіл  арқылы  ойды  біл-
дірудің жаңа құралдарын меңгеруді көздейді.   
Білім ж‰йесіндегі болып жатқан өзгерістер 
оның  мазмұнын  жаңартумен,  қазіргі  заманғы 
еңбек  нарығы  талабына  сай  кәсіби  мобилді, 
коммуникативті  қабілетті  және  шығармашы-
лық  тұрғыда  ойлай  білетін  мамандардың  тіл-
дік құзіретін дамытуға жағдай жасауда. Бұдан 
жастардың көрші мәдениет өкілдерімен әлем-
дік  кеңістікте  өзара  бірлесе  жұмыс  жасай 
алатын қабілеті қалыптасады.  
Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі-
мен  қатар,  ұлтаралық  қатынас  құралы  ретін-
дегі орыс тілі және ағылшын тілінің де маңыз-
дылығы  даусыз  болып  оытрған  тұста,  біз  бұл 
мәселені  айналып  өте  алмаймыз.  Тіліміз  өзге 
тілге  тәуелді  осындай  эмансипациялылықтан 
арыла алмай отырған кезде, шешуші қадамдар 
жасалуы тиіс.  Ол ‰шін ұлттық элитология жа-
сақталуы  керек.  Бұлар  ұлтын  с‰йетін,  сол  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          345 
 
ұлтының  тілінде  сөйлейтін,  тілдің  өсіп-өр-
кендеуіне,  билік  тіліне  айналуына  ықпал  ете-
тін ғылыми орта немесе алашын с‰йетін атқа-
мінер азаматтар болуы тиіс.   
Көпмәдениетті, этногеографиялық кеңістік 
тұрғындарының  басым  бөлігі  қостілді.  Сон-
дықтан,  қазіргі  таңда  әлемде  ұлттың  өзін-өзі 
тануы,  көпұлтты  мемлекеттердің  көбеюі,  ха-
лықтың белсенді көшіп-қону ‰дерістеріне бай-
ланысты,  ресми  және  ресми  емес  қатынаста 
тілдерді  ‰йретуді  және  халықтардың  өзара 
қарым-қатынас жасауын заңнамамен қамтама-
сыз ету және қоғамдағы тілдерге қатысты сұ-
рақтардың  құқықтық  шешімін  табу  мәселесі 
тұр.  
Көпмәдениетті, этногеографиялық кеңістік 
тұрғындарының  басым  бөлігі  қостілді  болып 
келеді.  Екі  мәдениеттің  мұрасын  меңгертетін 
қостілділік,  тұлғаның  шет  тілін  ‰йренуге  тек 
өз ана тілін біліп барып саналы т‰рде бастаған 
кезде  әлдеқайда  тиімділігін  береді.  Бұл  орай-
да,  әлемдік  мәдениеттің  құрамдас  бөлігі  ре-
тінде тұлғаға өз төл мәдениеті туралы білімін 
тереңдету,  туған  тілін  одан  да  тереңірек  білу 
талабы  ж‰зеге  асырылу  қажет.  Ұлттық  білім 
ж‰йесінің  ерекшеліктерін  ескере  отырып, ‰ш 
тілді  қатар  меңгергенде  болатын  қиындық-
тардың,  кемшіліктердің  себеп-салдарын  бол-
дырмауда  оқытудың  тәртібін  ж‰йелеу  керек. 
Мемлекеттік  тілмен  қатар  шет  тілін  оқыту 
алдағы  уақытта  білім  беруді  дамытудың  тұ-
жырымдамасымен  анықталған  маңызды  ба-
сымдықтардың  бірі.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
шет  тілін  оқытуды    бастауыш  сыныптан  бас-
тап  оқытуға  негізделген  тұжырымдама  қа-
былданды. Шет  тіліне осылай  ертерек  оқыту-
дағы  ‰здіксіз сабақтастық тілді тек коммуни-
кативтік  функциясында  ғана  емес,  танымдық 
тұрғыда пайдалануға да м‰мкіндік береді.  
Сонымен,  б‰кіл  әлем  көпұлтты,  көптілді 
болып отырған б‰гінде  көптілді оқыту – шы-
найы  қажеттілік,  уақыт  талабы.  Бұл  адамдар 
арасындағы  келісім  мен  өзара  т‰сіністікті,  ұлт-
аралық қатынас кезінде туындайтын қиыншы-
лықтарды  жеңуді,  мәдениетарлық  қатынаста 
барынша ашық қарым-қатынасты қамтамасыз 
етеді. 
Т‰рлі  мәдениеттердің  тоғысуы  тілдегі 
кірме  сөздерден  көрінеді.  Яғни,  тіл – мәде-
ниеттің айнасы, онда халықтың өзіндік қоғам-
дық  сана-сезімі,  менталитеті,  ұллтық  мінезі, 
өмір салты, дәст‰рлері, адамгершілігі, құнды-
лықтар  ж‰йесі,  әлемге  деген  көзқарасы  ғана 
емес,  адамзаттың  шынайы  өмірі  көрініс  та-
бады.  Сондықтан,  тіл – маңызды  мәдени  құ-
былыс.  Тіл  адамның  материалдық  және  ру-
хани  мәдениетінен  ақпарат  алуға  арналған 
құралы  болуымен  қатар,  ұлттық  ментали-
теттің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.  
Қостілділік  және  көптілділік  әлеуметтік 
лингвистиканың  маңызды  мәселелерін  қарас-
тырады.  Билингвизмді  қоғамдағы  заңды  қа-
жеттіліктен туады дейтін пікірлер де бар. Бұл 
дегеніңіз  өз  ұлтының  тілін  халықаралық, 
ұлтаралық  қатынас  тілімен  табиғи  ‰йлестіре 
білу  деген  сөз.  Әлеуметтік  лингвистика  да 
ұлттық  тіл  мен  мәдениетке  деген  қызығушы-
лықтың қайта жаңғыруын, мемлекеттік тілдің 
атқаратын әлеуметтік қызметінің аясын қаты-
настың  әр  т‰рлі  саласында  кеңейту  міндет-
терін көздейді. 
Қостілді  оқытудың  ғылыми  ізденістеріне 
екі тілді меңгертудің мынадай т‰рлерін атауға 
болады:  аккультурациялық  т‰ріне  аз  ұлттар-
дың  басымдық  көрсететін  мәдениетке  сіңуі 
жатады. Бұл ана тілі мен төл мәдениетті ығыс-
тыратын  ығыстырушы  билингвизм  және  ана 
тілі мен төл мәдениетті сақтай отырып, екінші 
тілді  меңгеруді  білдіретін  сақтаушы  билин-
гвизм деп есептеледі.  Оқшаулау т‰рі – аз ұлт-
тардан  тұратын  елдің  балаларын  оқшаулап 
оқыту.  Ашық  т‰рі – жалпыеуропалық  және 
әлемдік  кеңістік,  мәдениетаралық  коммуни-
кация  және  көпмәдениетті  тәрбиелеуді  енгізу 
жатады. 
Қос  тілде  білім  беру  бағдарламаларында 
мына факторлар ескерілу керек. Тілді меңгер-
тудің  лингвистикалық  факторында  тілдің 
табиғаты,  бірінші  тіл  мен  межеленген  екінші  
тілдің  ж‰йесі  мен  құрылымы,  барлық  дең-
гейлерде  тоғысатын  тілдердің  ұқсастықтары 
мен  айырмашылықтары,  ұстаздардың  екі  тіл-
дегі  құзіреттілік  дәрежесі,  бірінші  тіл  мен 
екінші  тілдің  арасалмағындағы  оқушылардың 
білім  деңгейі  т.б.  Педагогикалық  аспект  оқу 
пәні және оқу құралы ретінде тілдерді оқыту-
дағы әдістердің дәйектемесін жасауды, нақты 
егжей-тегжейлі  ойластырылған  оқу  жоспары 
мен  сабақ  кестесін    құру,  оқыту  барысында 
қадағалаудың  жолдарын  анықтау  және  ынта-
ландыру.  Психологиялық  фактор – бұл  оқу-
шылардың  бірінші  тіл  мен  екінші  тілді  мең-
геру  кезінде  тұлғаның  екі  тілдегі  дағдыларын 
қолдану  барысында  пайда  болатын  мәселе- 
лерді  шешуге,  бір  тілден  екінші  тілге  ауысу-
дағы  қиындықтарды,  билингв  санасындағы  

346                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
тілдік қайшылықтарды, екінші тілді меңгеруді 
жеделдететін  және  кедергі  жасайтын  жәйт-
тарды, мотивация және интеллект сұрақтарын 
меңгеруі қамтылады. Әлеуметтік және антро-
пологиялық    фактор  билингвизмнің  әлеумет-
тік  мәдени  мәселелерімен  байланысты  туын-
дайды.  Бұл  қостілділердің  ‰міті,  олардың  мі-
нез-құлығына,  отбасына,  замандастарына  әлеу-
меттік  факторлардың  әсері,  екі  мәдениетке 
деген  ашық  шынайы  сезім,  оларды  ‰йрену 
және қолдану кезінде тілдік жағдайлардың ат-
қаратын  рөлі,  қос  тілді  меңгерудің  артықшы-
лықтарын,  қос  тілді  ортада  м‰мкін  болатын 
оқытудың әдіс-тәсілдерін көре білу және оларды 
оқу ‰дерісінде ескеру болып табылады.  
Сонымен,  б‰гінде  Қазақстан  мемлекеті 
‰шін  көптілде  білім  беру  жаңа  д‰ние  болып 
отыр. Ол  ‰шін  тілдік  тұлғаның төл мәдениеті 
мен  әдебиетін,  қысқасы,  табиғи  болмысын 
ескере  отырып,  тілді  меңгертудің  тілдік-лин-
гвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, әлеу-
меттік-мәдени,  әлеуметтік-тұрмыстық,  қазақ-
стандық  «тілдердің  ‰штұғырлығы»,  лин- 
гвомәдени,  аксиологиялық,  акмеологиялық,  
стратегиялық  құзіреті  толығымен  қамтылуы 
қажет. 
 
Р. Шаханова, А. Тымболова 
Лингвокультурный аспект полиязыковой личности 
 
В данной  статье рассматриваются основы формирования полиязыковой и поликультурной личности. Анали-
зируются основы, цели и  задачи полиязыкового обучения  
 
R. Shakhanova, A. Tymbolova 
Linguistic and cultural aspect of multilingual personality 
 
The article considers the basics of formation of multilingual and multicultural individual. The basis, purposes and 
objectives of the multilingual education are analyzed.
 
 
 
 
 
Б. Ақбұзауова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к, bahytkaznu@mail.ru 
 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕСІМШЕЛІ ҚҰРЫЛЫМДАР ЖӘНЕ  
ОЛАРДЫ АУДАРУ 
 
 
Халықаралық  қатынастар  мамандықтарында 
аударма  жасауды  меңгерту  негізінен,  орыс 
тілінен  қазақ  тіліне  аударуға  басымдық  беру 
арқылы  жүзеге  асады.  Себебі  тәржіма  жасау 
арқылы  меңгертілетін  тіл – қазақ  тілі.  Бұдан  
бұрынғы  мақалаларымызда,  алдымен  сөйлем 
құрылымын  түсіндіріп  алып,  оларды  сөйлемнің  
актуалді  мүшеленуіне  қарай  аудару  керектігін 
жазған болатынбыз. Сөйлем субьектісі мен пре-
дикатын  тапқан  соң,  ерекше  назар  аударуды 
қажет  ететін  құрылым – сөйлемнің  атрибуттық 
мүшелері.  Қазақ  тілі  өзінің  ерекшелігіне  орай 
образды бейнелеуді осы   атрибут мүше  арқылы 
жүзеге  асырады.  Бұл  ретте  аударма  жасауды 
бірден  мәтін  беруден  бастаған    дұрыс  есепте-
мейміз.  
Аударма  жұмысы  арнаулы  есімшелі  тіркес-
тер,  сөйлемдер  арқылы  келген  жаттығуларды 
орындаудан  басталады.  Мысалы,  орыс  тілінде  
де  есімше  етістік  пен  сын  есімнің  мағынасын  
 
 
бірдей  иеленген  етістіктің  атрибуттық  фор-
масы болып табылатынын түсіндіре келіп, сын 
есімдердей  род  және  сан  категориясымен  түр-
ленетінін  әрі  септелетінін  пысықтаймыз.  Мы-
салы: 
Статья1 
Республика  Казахстан  утверждает  себя 
демократическим,  светским,  правовым  и  со-
циальным  государством,  высшими  ценностями 
которого являются человек, его жизнь, права и 
свободы.   
1-бап 
Қазақстан  Республикасы  өзiн  демократия-
лық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтiк  мем-
лекет  ретiнде  орнықтырады,  оның  ең  қымбат 
қазынасы - адам  және  адамның  өмiрi,  құқық-
тары мен бостандықтары.  
Осы үлгі бойынша қазақ және орыс тіліндегі 
заң баптарынан анықтауыштық қатынастағы сөз 
тіркестерін  тапқызып,  анықтауыштың  қай  сөз 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          347 
 
табынан  жасалғанына  және  қалай  аударылға-
нына  назар аударамыз.  
Келесі  қадам – есімшелерден  болған  анық-
тауыштардың  жасалуына  және  оларды  аудару 
жұмысына машықтандыру болмақ. 
Аударма жұмысы, ең алдымен, жеңіл жат-
тығулардан  орындаудан    басталады.  Бұл  тап-
сырма  есімшелі  құрылымдарды  бірден  тануға  
және  аударма  жасауда  автоматты  түрде  дұ-
рыс  тәржімалауға,  сөйлемде  өз  орнына  қоюға 
машықтандырады.  Мысалы,  төмендегі  жат-
тығу  атрибуттық  тіркестерді  аударуға  және 
есімшелі  анықтауыштарды  аудару  ерекшелігін 
меңгертеді. 
1.  Анықтауышты  сөз  тіркестерін  аудары-
ңыз. Анықтауыштың қай сөз табынан жасал-
ғанын  түсіндіріңіз. 2.  Есімшелі  анықтауыш-
тар бар ма, астын сызыңыз. 
Прекрасная  память,  сорокоградусная  жара, 
ласковый  голос,  меховое  пальто,  проверенная 
работа, чтение вслух, любой гражданин, словарь 
друга, мой реферат, ученый с мировым именем, 
древний  город,  профессор  кафедры,  исследова-
ния  в  области  физики,  лектор  по  политологии, 
научная конференция, медвежья шкура, богатей-
шая страна, уникальная история. 
Жаттығудың  тағы бір түрі – 1. Есімшелі 
сөз  тіркестерінің  қазақ  тіліндегі  сәйкес  бала-
масын  тауып  қойыңыз. 2. Есімшелі  анық-
тауыштарыдың  ырықсыз  етістен  жасалған 
түрлерін  табыңыз.  Мысалы:  Описываемая 
история – айтылған сөз 
Создаваемый проект – мойындалған қате 
Проводимая  политика – суытылатын 
тағамдар 
Выписываемая цитата – сипатталған оқиға 
Наблюдаемый процесс – жасалатын жоба 
Привозимые подарки – жүргізілетін саясат 
Произносимые  слова – әкелінетін  сыйлық-
тар 
Признаваемая ошибка – алынатын цитата 
Охлаждаемые  продукты – бақыланатын 
үдеріс [38; 1] 
 Кез  келген  сөз  табының  ерекшелігі  оның  
сөйлемде  атқаратын  қызметіне  байланысты.  
Осы  тұрғыдан  салыстырсақ:  орыс  тілінде–
дара есімшелер (одиночные причастия) синтак-
систік  қызметінде  анықтауыш  (спящие  люди), 
күрделі  есім  баяндауыштың  құрамында  есім 
сыңары (Отец был уставшим), бастауыш (Уча-
щиеся  этой  школы),  толымсыз  формада  баян-
дауыш  (город  основан),  толықтауыш  (Мы  раз-
будили спящего) болады.  Орыс тіліндегі есімше 
тұлғаларының  бәрі  бірдей  қазақ  тіліне  есімше 
болып  аударылмайтынына  осы  мысалдар  ар-
қылы  көз  жеткіземіз.  Бұл  грамматикалық  пы-
сықтаулардың  көмегі  зор,  себебі  мамандық-
тары филологиямен қатысты болмағандықтан 
тіл  үйренушілердің  дені  бұларды  ұмытып  қа-
лады немесе мүлдем мән бермейді. Ал сөйлем құру 
барысында бұл кемшіліктер бірден көзге түседі. 
Аударма  жұмысында  есімшелер  арқылы 
келген  анықтауыштар  әрдайым  өзі  алдында 
тұрған  заттың  тікелей  сыны  болмайды.  Атап 
айтқанда,  оларды: 1) субъектінің  іс-әрекетке 
қатысты  сыны  (оқыған  адам); 2) субъектінің 
іс-әрекет объектісіне қатысты сыны (лекцияны 
жақсы оқитын профессор); 3) іс-әрекет объек-
тісінің  сыны  (біз  құрметтейтін  адам,  мен  тұ-
ратын жатақхана); 4) объекті сыны (жуылған 
еден)  деп  қарастыруға  болса,  аударма  жаса-
ғанда, бұлардың ішінде тек алғашқысы мен соң-
ғысы  орыс  тіліндегі  есімше  формаларына  сәй-
кес келеді. Мысалы:  оқыған адам – начитанный 
(ученый)  человек,  лекцияны  қызықты  оқитын 
профессор – профессор,  который  интересно 
читает  лекцию,  немесе,  профессор  у  которого 
интересные  лекции,  мен  тұратын  жатақхана – 
общежитие, в котором я живу.  
Демек  анықтауыштық  құрылымдардың 
бірде  тек  есімшелердің,  енді  бірде  орыс  тілін-
дегі  есімдіктер  көмегімен  аударылуы  есімше-
лердің  мағынасына    ғана  емес,  есімшелі  анық-
тауыштардың құрамына да тәуелді болады.  
Сонымен  қатар  есімшелер  белсенді  әрекет 
сынын  білдіруіне  байланысты  актив  және  пас-
сив  немесе  ырықсыз  (орысшасында  страда-
тельный)  есімшелер  болып  бөлінеді.  Мысалы: 
кітап оқыған студент (актив), студент оқыған 
мақала  (пассив).  Актив  есімшелер  салт,  са-
бақты етістіктерден бірдей жасалып, толым-
ды есімшелерді құраса, ырықсыз есімшелер яғни 
пассив  субъектінің  анықтауыштары  тек  салт 
етістіктерден  болады  әрі  салт  және  сабақты 
етістіктерді қамтиды.   
Қазақ  тілінде  есімшелер  актив  немесе  пас-
сив  болып  бөлінбейді.  Алайда  орыс  тіліндегі 
(страдательный) есімшелер қазақ тіліне ырық-
сыз  есімше  болып  аударылады.  Қазақ  тілінде 
есімшелер  үйірлі  анықтауыш  болып  келеді, 
мысалы:  Статья,  переводимая  студентом,  напи-
сана  на  японском  языке – Студент  аударған 
мақала  жапон  тілінде  жазылған.  Субъект – 
предикат түрінде келгенмен бұл құрмалас емес, 
жай  сөйлем,  грамматикалық  терминмен  айт-
қанда, үйірлі мүше.  Тапсырма: 
 Сөздіктің көмегімен ырықсыз етіс форма-
сымен  келген  есімшелі  сөйлемдерді  тауып, 
аударма жасағандағы ерекшелігін көрсетіңіз. 

348                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Сатья,  переводимая  студентом,  написана 
на  испанском  языке. 2. Задача,  решаемая  маль-
чиком,  не  очень  трудная. 3. В  этом  маленьком 
городке  почти  не  бывает  журналов,  издавае-
мых в Москве и Петербурге. 4. На конференции 
речь  шла  о  проблемах,  исследуемых  в  нашем 
институте  и  очень  актуальных  в  медицинской 
практике.  

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет