Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет58/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

М. Турсынбайкызы 
Проблемы перевода казахской ономастики на английский и на русский  языки 
 
В данной статье рассматриваются проблемы перевода казахской ономастики на английский и на русский  языки, 
такие  как  транслитерация,  смысловой  перевод,  эквивалентный  перевод.  Теоретический  материал  подкреплен 
практическими примерами 
 
M. Tursynbaykyzy 
Problems of Translation Kazakh onomastics into English and Russian languages 
 
This article discusses the problems of translation Kazakh onomastics in English and Russian languages, also such as 
transliteration, interpretation of the meaning, equivalent translation. Theoretical material lis supported by practical examples. 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          337 
 
Г. Тікенбай 
Астана қ., Еуразия ұлттық университеті, gozya_89@mail.ru 
 
АУДАРМА ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ  
ОНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
Аударма бұл адамзат әрекетінің к‰рделі де 
көп  қырлы  т‰рі.  Әдетте,  аударманы  «бір 
тілден  екіншісіне  аудару»  деп  қарастырған-
мен,  шындығында  аударма  жай  ғана  бір  тілді 
екінші  бір  тілмен  алмастыру    ‰дерісі  емес. 
Аударма  барысында  әрт‰рлі  мәдениеттер, 
тұлғалар, т‰рлі әдебиеттер, дәуірлер, дамудың 
т‰рлі  деңгейлері,  салт-дәст‰рлер  қақтығы-
сады.  Аударма  мәселесі  мәдениеттанушы-
ларды, этнограф, психолог, тарихшы, әдебиет-
танушыларды қызықтырады және аударма іс-
әрекетінің  әрт‰рлі  жақтары  сәйкес  ғылымдар 
аясында  зерттеу  нысаны  бола  алады.  Деген- 
мен,  аударуда  ең  бастысы  тілдер  деген  дәс-
т‰рлі  көзқарас  ғылыми  негізделген  және  қа-
зіргі  заманғы  аударматануда  жетекші  орында 
тұрған  аударманың  лингвистикалық  теория-
лары.  Аударма  тіл  білімін  қызықтыратын  мә-
селелер  қатарына  бірқатар  қиындықтарды 
жеңіп салыстырмалы т‰рде жақында қосылға-
нын айта кету керек.  
ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  тіл  ма-
мандарын  аударма  мәселесінің  қызықтыр-
мауы  лингвистика  ғылымында  структурализм  
идеяларының басым болуына алып келді. Тіл-
дің  объективті  сипатын  беруге,  лингвисти-
каны  «нақты»  ғылымдарға  жақындатуға  ты-
рысып,  тіл  мамандары  «ішкі  лингвистика» 
немесе «микролингвистикамен» шектелді [1:24]. 
Ғылыми дәлдік пен объективтілікті көздеп, тіл 
мамандары  тілдік  ж‰йенің  тікелей  бақылап, 
өлшеп,  санауға,  дәлелді  т‰рде  сипаттап  клас-
сификациялауға болатын жақтарына көп көңіл  
бөлді:  тілдің  дыбыстық,  морфемалық,  және 
лексикалық  құрамы,  оның  синтактикалық 
құрылымы, тіл бірліктерінің синтагматикалық 
және  парадигматикалық  байланыстары,  олар-
дың  ‰йлесімділігі  және  т.с.с.  Нәтижесінде  тіл 
білімі  көп  тілдердің  құрылыстық  ұйымдас-
тырылуына  ғылыми  анализ  жасауда  елеулі 
жетістіктерге  жетті.  Алайда,  тілді  зерттеудегі 
құрылыстық  тәсілі  тілдің  мазмұнды  жағын 
зерттеуден  бас  тарту  қажеттілігін  тудырды. 
Сондықтан  мағына  туралы  пікірлер  ғылыми 
емес  деп  саналып,  семантика  ‰шін  тіл  ғы-
лымында орын болмады.  
 
Тіл  білімі  мен  аударманың  жолдары  ХХ 
ғасырдың екінші жартысында ғана қиылысты. 
Бұған  аударма  ісі  мен  лингвистикаға  өзгеріс-
тер  алып  келген  объективті  және  субъективті 
факторлар  себепші  болды [1:25]. Екінші  д‰-
ниеж‰зілік соғыс аяқталғаннан кейін ақпарат-
тық  жарылыс – адамдар  мен  халық  арасын-
дағы ақпарат алмасуының к‰рт өсуі - «аудар-
машылық  жарылыспен» - әлем  бойынша  ау-
дарма  әрекеті  қарқынының  өсуімен  қатар 
ж‰рді.  Аударманың  синхронды,  кинофильм-
дерді, радио және теледидар бағдарламаларын 
аудару  сияқты  жаңа  т‰рлері  пайда  болды. 
Аударылатын кітаптар санының көп болуынан 
басқа,  т‰рлі  ұйымдар,  мекемелер  мен  кәсіп-
орындар  қызметінің  аясында  көптеген  құжат-
тар жазбаша және ауызша т‰рде аударылды.  
XX  ғасырдың  екінші  жартысына  қарай 
лингвистика  ғылыми  бағытын  өзгертті.  Тіл 
мамандары зерттеу салаларын оған макролин-
гвистиканың  мәселелерін  қосып  кеңейтті. 
Макролингвистикада  тілдің  қоғаммен,  ойлау-
мен, болмыспен байланысы, вербалды қарым-
қатынастың  лингвистикалық  және  экстралин-
гвистикалық  аспектілері,  адам  қоғамында  ақ-
паратты жеткізу тәсілдері және т.с.с  маңызды 
мәселелер  қарастырылады.  Аударманы  зерт-
тей  бастағанда  тіл  мамандарының  лингвис-
тика  ғана  аударма  теориясына  емес,  аударма 
да  лингвистикаға  ‰лкен  ‰лес  қоса  алатынды-
ғына  көздері  жетті.  Аударма  аударма  ‰дері-
сіне  қатысатын  тілдер  туралы  ақпараттың 
құнды  дереккөзі  болып  шықты.  Әр  тілде  бір-
дей  функциялар  мен  жағдайларды  сипаттай-
тын  бірліктер  мен  құрылымдардың  қолданы-
луындағы  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтар 
анықталады.  Осының  арқасында    зерттеудің 
басқа  тәсілдерін  қолданғанда  назардан  тыс 
қалған  тіл  қызметі  мен  құрылсындағы  кейбір 
ерекшеліктерді  табуға  болады.  Лингвистика-
лық  теорияны  дамытуға  машиналық  аудар-
маның әр т‰рлі ж‰йелерін құру талпыныстары 
да  т‰рткі  болды.  Машиналық  аударудың  ал-
ғашқы  әрекеттері  қанағаттандырарлықтай 
болмады,  бірақ    бұдан  кейінгі  жетілдірілген 
компьютерлер бұл мәселені шеше алады деген 

338                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
‰міт  болды.  Дегенмен  көп  ұзамай  компьютер 
адам  сияқты  көптеген  аудармашылық  қиын-
шылықтарды жеңе алмайтындығы анық болды. 
Дегенмен, машиналық аударма ‰ш негізгі жағ-
даяттарда сәтті қолданып келуде [1:28]. Бірін-
шіден,  бағдарлама  лексикалық  және  грамма-
тикалық құрылымы шектеулі, стандартты, тар 
шеңберде  мамандандырылған  мәтіндерді  ау-
дару  ‰шін  құрастырылады.  Екіншіден,  машина 
арқылы  т‰пнұсқаның жалпы мазмұны жайлы 
т‰сінік  беретін  көп  көлемді  аударманы  алуға 
болады. Осының негізінде аудармашы  нақты 
аударма  беру  ‰шін  не  керек  екенін  шешеді. 
‡шіншіден,  жұмысқа  редактор  кіріседі.  Ол 
мәтінді  аударуға  дайындайды,  яғни  машина 
‰шін  қиын  сөздерін  алып  тастап  немесе  бас-
қаша  жазып  қайта  редакциялайды  немесе  ау-
дарылған мәтіндегі қателер мен дәлсіздіктерді 
т‰зетеді.  
Аудармашы  тап  болатын  негізгі  қиыншы-
лықтар  тілдердің  ерекшеліктерімен  және  ны-
сандарды  атау  мен  жағдайды  сипаттау  тәсіл-
дерімен байланысты. Бұл жерде қиыншылық-
тардың  ‰ш  типін  атап  көрсетсе  болады:  тіл 
бірліктерінің семантикасының өзгешелігі, тіл-
дік емес шындықты бейнелеуге тілдер құрған 
«әлем  бейнесінің»  сәйкес  келмеуі  жене  ау-
дарма мәтіндерде сипатталатын осы шындық-
тың  өзіндегі  айырмашылықтар.  Аудармашы 
жеңуге  тиіс  екінші  лингвистикалық  кедергі 
әрбір  тіл  өзінің  ерекше  «әлемнің  тілдік  бей-
несін» құратындығында. Мысалы, қазақ тілін-
дегі  «қол»  және  ағылшын  тіліндегі  «hand» 
және  «arm»  сөздері,  қазақ  тіліндегі  «саусақ» 
пен ағылшын тіліндегі «finger» мен «toe». Сөз-
дерді  әрт‰рлі  м‰шелеу  аудармашы  алдында 
аударма  нұсқасын  таңдау  қиындығын  туды-
рады.  Қиыншылықтар,  сонымен  қатар,  т‰п-
нұсқада  қабылдаушы  мәдениетте  жоқ  құбы-
лыстар аталған кезде де пайда болады. Қазақ-
тың «даласы» деген не? «Brown Betty»дің дәмі 
қандай?  Дегенмен  тілдік  факторлар  аударма 
қиындықтарын тудырып қана қоймай, оларды 
шешуге  жағдай  жасайды.  Әр  тіл  бірегей  бол-
ғанына  қарамастан,  барлық  тілдердің  құры-
лысы  мен  қолданылуының  негізінде  аударма 
‰дерісінде  оларды  байланыстыруға  м‰мкіндік 
беретін  бір  принцип  жатыр.  Барлық  тілдер 
дыбысталуы  мен  мағынасы  бар  екі  жақты 
бірліктерден  тұрады.  Олардың  барлығының 
сөздік  құрамы  мен  граммтикалық  құрылымы 
бар,  олардың  барлығы  ойды  құрастыру  және 
басқа адамдармен қарым - қатынас кезінде сол 
ойды жеткізу құралы қызметін атқарады. Бар-
лық  тілдер  әр  т‰рлі  тәсілдермен    мезгіл,  ме-
кен, сандық, модальдық жәнет т.б. мағыналық 
категорияларды  білдіріп,  заттар  класын,  жеке 
объекттер  мен  олардың  белгілерін,  қалпын 
көрсете алады.  
 Әрт‰рлі лингвистикалық пәндердің ереже-
лері  аударма  ісінің  көптеген  аспектілерінің 
бетін  ашып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  ау-
дарманы зерттеушілерге осы к‰рделі феномен 
туралы объективті ақпарат алуға көмектесетін 
бірқатар  сараптама  жасау  әдістерін  береді. 
Б‰гінгі  таңдағы  аударматану  лингвистикалық 
сараптама  жасаудың  әдістерін  толығымен 
немесе оларға қандай да бір өзгертулер енгізіп 
қолдануда.  Аударма  барысында  әрт‰рлі  тіл-
дерде  жазылған  мәтіндер  арасында  (т‰пнұсқа 
мен  аударма  мәтін)  белгілі  бір  қатынас  ор-
найды.  Осындай  мәтіндерді  салыстыра  оты-
рып,  аударманың  ішкі  механизмін  ашуға,  ба-
лама  бірліктерді  анықтауға,  сонымен  қатар 
т‰пнұсқа  бірліктерін  аударма  тілдің  бірлік-
терімен  алмасытрғанда  болатын  құрылысы 
мен  мазмұнындағы  өзгерістерді  байқауға 
болады [2:36]. 
Мәтіндерді  салыстыру – аударма  туралы 
ақпараттың  маңызды  көзі.  Қазіргі  аударма-
тануда  осындай  сараптаманың  төрт  т‰рі  қол-
данылады. Біріншіден, аударма мәтіндері т‰п-
нұсқамен  салыстырылады.  Бұл  салыстыру  
т‰пнұсқа  мен  аударма  мәтіннің  мазмұндық 
және  құрылымдық  жағынан  жақындығының 
деңгейі,  сәйкестікке  жету  тәсілдері,  аударма-
ның  стандартты  әдістері  мен  аударма  ‰дері-
сінің  басқа  да  сипаттары  жайлы  маңызды  ақ-
парат  алуға  м‰мкіндік  береді.  Екіншіден,  бір 
т‰пнұсқаның  әр  т‰рлі  аудармашылардың  бір-
неше  аудармалары  салыстырылады.  Бұл  әр 
аудармашының жеке ерекшеліктері мен білік-
тілік  дәрежесіне  тәуелді  емес  жалпы  заңды-
лықтарын  анықтауға  м‰мкіндік  береді. ‡шін-
шіден,  бір  т‰пнұсқа  мен  сол  т‰пнұсқаның 
бірнеше тілге жасалған аудармалары салысты-
рылады.  Осылайша  аудармалар  тілі  сәйкес 
ұлттық  тілдің  ерекше  ішкі  ж‰йесі  екендігі 
анықталады.  Салыстырудың  төртінші  т‰рінде 
т‰пнұсқа мен аударма тілдеріндегі параллель-
ді  мәтіндер,  яғни  мазмұны  жағынан  жақын, 
бірдей функционалдық стильге немесе жанрға 
жататын  мәтіндерді  салыстыру  жатады.  Бұл 
жерде  аударма  кезінде  стилистикалық  бейім-
делу қажеттілігін тудыратын екі тілдегі сәйкес 
мәтіндердегі  тілдік  құралдарды  қолданудың 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          339 
 
айырмашылықтары анықталады. Т‰рлі тілдер-
дегі  мәтіндердің  салыстармалы  анализі  б‰тін 
мәтіндердің  мазмұны  мен  құрылымының  ұқ-
састықтары, айырмашылықтары мен арақаты-
насын ашуды ғана емес, осы мәтіндердің жеке 
элементтерін салыстыруды көздейді. Сонымен 
қатар,  аударма  теориясы  компонентті  анализ 
бен статистикалық есептеу сияқты лингвисти-
калық  әдістерді  қолданады.  Тіл  бірліктерінің 
мағынасында  элементарлы  семаларды  бөлу 
‰шін  компонентті  анализді  қолдану  т‰пнұсқа 
мен  аударма  тілінің  семалық  құрамын  және 
олардың  бір-біріне  сәйкестігінің  деңгейін 
салыстыруға  м‰мкіндік  береді.  Т‰пнұсқа  мә-
тін  мен  аударма  мәтінінің  арақатынасы  ту-
ралы мәліметті  нақты статикалық немесе бол-
жалды  бағдарлы  есептеу  арқылы  алуға  бо-
лады.  Жеке  сөз  таптарының,  синтактикалық 
құрылымы, лексикалық бірліктерінің және т.б. 
қолданылу  жиілігі  салыстырылады.  Сөйтіп 
аударманың толық мәтіні жауап беруге тиісті 
талаптар  нақытланады:  көбінесе  етістікті  не-
месе заттық сипаты, эмоционалды лексиканың 
толықтылығы,  сөйлемнің  орташа  ұзындығы, 
логикалық  байланыстардың  саны  және  т.б. 
Аудармашылық  зерттеулерде  маңызды  орын-
ды лингвистикалық модельдеу алады: аударма 
‰дерісінің теоретикалық моделін жобалау. Бұл 
‰деріс  бірқатар  ой  операциялары  арқылы 
аудармашының  миында  ж‰зеге  асырылатын-
дылықтан,  ол  тікелей  бақылана  алмайды. Ау-
дарма  ‰дерісінің  лингвистикалық  моделі  оны 
т‰пнұсқа  мәтіннің  аударма  мәтінге  ж‰йелі 
өзгеруінің қатары ретінде көрсетеді.  
Енді  аударманың  лингвомәдени  мәселе-
ріне  келетін  болсақ.  Аударманың  б‰гінгі  таң-
дағы  жағдайы  Ю.А.  Сорокин  анализінің 
объектісі  болып  табылады.  Сорокин  аудар-
мадағы универсалдық және мәдени ерекшелік 
мәселесіне мән беріп, екі тілді аударманы т‰-
сіндірмелі «қос мәдени» аударма деп т‰сінеді.  
Тілдік  мағына  ж‰йесі  тіл  өкілдерінің  мә-
дени құзыреттілігімен қатынаста болады, өйт-
кені мәдени  салт - дәст‰р контекстісінде ұғы-
нылатын  халықтың  д‰ниеге  көзқарасы  тілде 
көрініс  табады.  Лингвомәдени  қоғамдастық 
әлемінің  тілдік  бейнесі  осы  социумды  қоғам-
дастықта  қалыптастыратын  мәдени    стерео-
типтер,  символдар  мен  эталондарды  іске 
асыру құралы болып саналады [3].  
 Г. Гачевтың айтуынша, әрбір ұлттық әлем 
сол кеңістікте қалыптасқан халықтың жараты-
лысының,  мінез-құлқының,  ойлауының  не-
месе оны қабылдау тәсілдер бірлігінінің және 
сол  этнос  санасында  көрініс  табуының  бей-
несі.  Мәтін  сол  ұлттық  мәдени  қоғам  мәде-
ниетінің даму сипаты мен деңгейін көрсетеді. 
Аудармашы  аударма  мәтіндегі  бөтен  мәде-
ниеттің  бейнелі  эмблемасын  қайта  жаңғырта 
отырып,  оған  әрт‰рлі  т‰сіндірмелі  немесе 
мәнін  толықтыратын  лингвомәдени  т‰сінік-
теме  енгізеді.  Кез  келген  этностың  бейнелі 
ойлауы  көркем  бейнелерде,  яғни  троптарда 
көрініс  табады.  Оларды  аударғанда  бейнелер 
басқа  тілде  сөйлейтін  оқырманның  қабыл-
дауында  қарама - қайшылық  тудырмайтын 
бейнелермен  алмасытырлуы  қажет.  Бұл  деге-
німіз,  аудармашыға  мәдениеттер  арасындағы 
«балансты»  сақтауға  тура  келеді.  Аударма-
шы-ның  таңдауы  оның  лингвистикалық  және 
когнитивтік білімдеріне, қарым – қатынас құ-
зыреттілігіне,  аударманы  қабылдаушылары-
ның фондық ақпаратты қаншалықты білетінін 
ескеруіне тәуелді болады.  
  Зерттеушілердің  дәлелдеуінше,  т‰пнұсқа 
авторы  мен  аудармашының  когнитивті  ‰де-
рістері  арасындағы  айырмашылықтар  олар-
дың мәдениеттері арасындағы айырмашылық-
тарына  байланысты  болады.  Бұл  айырмашы-
лықтар  міндетті  т‰рде  тілде  көрініс  табады. 
Аударма  теориясының  маңызды  мәселелері 
аударатын  тұлғаның  ролін  атап  кетіп,  аудар-
маның  семиотикалық  мәніне  көп  көңіл  бө-
летін  Л.М.  Алексееваның  еңбектерінде  көте-
ріледі.  Автор  аударманы  «мәтін  мен  аударып 
жатқан  тұлғаның  өзара  әрекеттесуінің  екі 
жаққа бірдей ‰дерісі» деп т‰сінеді [3].  
Аударма  және  т‰пнұсқа  тілдерінің  өкілі 
болатын, осы тілдреге сәйкес мәдениетті, бол-
мысты қабылдау  мен оның тілде көрініс табу 
ерекшеліктерін  білетін  аудармашының  екінші 
тілдік  тұлғасы  қалыптасады.  Басқа  тілде  жа-
зылған  мәтінмен  жұмыс  істеп  отырған  аудар-
машы  алдында  лингвомәдени  қоғамдастық-
тың  құндылықты  тәжірибесін,  ұлттық  ерек-
шелігін  білдіретін  мәтіннің  кейбір  элемент-
терін т‰сінбеу қиыншылығы туындайтындық-
тан,  хабарламаның  мәнін  т‰сінуде  кедергілер 
пайда  болады.  Бөтен  мәдениеттің  қабылдау-
шысымен бұл т‰сініспеушіліктер мәдени кон-
тексттің  ерекше  бөліктері,  фрагменттері  ре-
тінде  қабылданады.  Мәдениеттің  осы  маңыз-
ды  бірліктері  әрт‰рлі  терминдермен  аталады: 
«ашық жерлер», «интервал» (У.Эко), «мәдени 
скрипттер» (А.Вежбицкая), «саңылау» (Жин-
кин) және «лакуна» (Ю.А.Сорокин, И.Ю.Мар-

340                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ковина).  Лингвомәдени  анализдің  бірлігі  ре-
тінде  лакуна  зерттеу  нысанын  шектейді.  Бұл 
жерде  зерттеу  нысаны  деп  отырғанымыз  мә- 
 
тін.  Мәдени  лакуналарды  аудару  ‰шін  аудар-
машы  құзыреттілігінің  және  реалийлері  мен 
мәдениетін білудің белгілі бір деңгейін қажет 
ететіндіктен,  мәтінде  лакуналардың  болуы 
оны  толық  т‰сінуге  кедергі  жасайды.  Белгілі 
бір  шығарма  аударма  тіл  мәдениетінде  ор-
ныққанына  қарай  бұдан  кейінгі  аудармалар 
мағынаны  беруде  нақтылыққа  жету  бағытын- 
да  ғана  болады.  Бұдан  аудармашының  тілдік 
тұлғасының  толық  қалыптаспағандығы  туралы 
қорытынды  шығады.  Мұнда  Ю.Н.  Караулов-
тың  «тілдік  тұлға  құрылымында  бейвербал-
данған  бөлігін»  ажырату  туралы  ережесімен 
салыстырмалы байланысы байқалады [4:91].  
Мәтінді аударғанда т‰пнұсқамен сәйкестік 
мәселесі  берілген  феноменнің  бірқатар  фак-
торларға тәуелді т‰п негізіне байланысты. Бұл 
феноменнің т‰п негізі трансформациялық қай-
та  құрулар  ‰дерісінде  оларды  т‰сіндіретін 
аудармашы  әрекетінің  ерекшелігінде  көрініс 
табады.  
Қорыта  келе,  аударманы  лингвистикалық 
әдістермен зерттеу өте орынды және нәтижелі 
деп  айтуға  болады.  Бархударов  айтып  кет-
кендей,  аударманың  лингвистикалық  теория-
сының пәні аударма ‰дерісін тіларалық транс-
формация  (бір  тілде  жазылған  мәтіннің  басқа 
тілде  жаңғыртылуы)  ретінде  ғылыми  сипат-
тау  болып  табылады [5:6]. Ал  мәтінді  аудар-
ғанда  сәйкестікке  жету  мәселесі  берілген  фе-
номеннің  бірқатар  факторларға  тәуелді  т‰п 
негізіне  байланысты.  Бұл  феноменнің  т‰п  не-
гізі  трансформациялық  қайта  құрулар  ‰дері-
сінде  оларды  т‰сіндіретін  аудармашы  әреке-
тінің ерекшелігінде көрініс табады.  
______________ 
1.  Комиссаров  В.Н.  Современное  переводоведение. 
Учебное пособие. - M.: ЭТС. - 2002.- 424 с. 
2.  Комиссаров  В.Н.  Теория  перевода: (Лингвисти-
ческие аспекты). - М.: Высш. шк.- 1990. - 253 с 
3.  Балмагамбетова  Ж.Т.  Лингвокультурологические 
проблемы  перевода.  Карагандинский  государственный 
университет им. Е.А.Букетова, Казахстан. 
www.rusnauka.ru
 
4. Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность.- 
М.: Наука, 1987. — 312 с. 
5. Бархударов Л.С. Язык и перевод: Вопросы общей и 
частной  теории  перевода. - М.:  Международные  отноше-
ния, 1975. - 240 c. 
Тикенбай Гаухар 
Перевод, как объект лингвистического исследования и его лингвокультурные особенности 
В  данной  статье  перевод  рассматривается  как  объект  лингвистического  исследования,  говорится  о  взаимо-
связи теории перевода и языкознания, а также о роли лингвокультурных особенностей в процессе перевода 
 
Tikenbay Gauhar 
Translation as an object of linguistic study and its linguistic and cultural features 
 In this article, translation is regarded as an object of linguistic study. It is about relationship of translation theory and 
linguistics, also about the role of linguocultural features in the translation process. 
 
 
 
 
Р. Т‰сіпқалиева, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, доценті, ф.ғ.к. 
Б. М. Таңсықбаева, 
Тынышбаев атындағы ҚазККА доценті ф.ғ.к. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН МАМАНДЫҚПЕН ҰШТАСТЫРЫП   
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ 
 
 
Қазақ  тілін  студенттердің    мамандығымен  
ұштастыра    оқытуда  кәсіби  сөздік  қор  мен  
мамандыққа байланысты  мәтіндердің  алатын 
орны ерекше. 
Осы  тұрғыдан мамандыққа сай қазақ тілін 
сапалы  оқыту – қазіргі  уақыт  сұранысынан 
туындап отырған өзекті мәселелердің бірі бо-
лып  табылады.  Мемлекеттік  тілдің  әлеумет- 
 
 
тік-қатысымдық  қызметін  кеңейту  мен  дамы-
туда  оның  ғылымда,  өндірісте,  елдің  халық-
аралық  байланыстарында  қолдану  аясының 
кеңи  т‰суі  тіл  ‰йренушілердің  болашақ  ма-
мандығымен  де  байланысты  екені  белгілі. 
Жоғары оқу орнын бітірген жас буын – әрі бо-
лашақ  маман,  әрі  ҚР  өндірісін  ілгері  дамыта-
тын  кәсіпкер.  Оның  алдыңғы  қатарлы  маман 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          341 
 
болуы  мемлекеттік  тілді  жоғары  деңгейде 
білуімен де терең сабақтасады. 
Соңғы  жылдары  әдіскер-ғалымдар  қазақ 
тілін  қарым-қатынас  құралы  ретінде  меңгер-
тумен қатар, студенттердің кәсіптік маманды-
ғын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын 
қарастыруда.  Ғалымдардың  еңбектеріне,  өз 
тәжірибемізге  с‰йене  отырып,  тілді  маман-
дыққа  қатысты  оқытудың  ұтымды  жақтары  
қатарына мыналарды айтар едік: 
мамандық мәтіндерінің мазмұнын  әңгіме-
лету  студенттердің  қазақша  сөйлеу  дағдыла-
рын қалыптастырады; 
мамандық  мәтіндері  арқылы  студенттерге  
мазмұндама,  шығарма  т.б.  жаздыру  олардың 
жазбаша сауатын жетілдіреді; 
кәсібіне  байланысты  жинаған  сөздік  қоры 
жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына 
қатысты  ой-пікірлерін  нақты,  анық  жеткізу 
дағдысын қалыптастырады; 
к‰нделікті  қызмет  бабында  ресми-іскери 
сөйлесуге  тән  тұлғаларды  меңгеріп,  маман-
дыққа қатысты ісқағаздарды жазуды ‰йренеді; 
болашақ  маманның  тұлға  ретінде  қалып-
тасуына,  өсуіне  және  дамуына,  өз  маманды-
ғын саналы сезінуіне м‰мкіндік туады. 
лексикалық  минимумды  танымдық-бағ-
дарлы  оқыту,  грамматикалық  минимумды  
мамандыққа  сай  мәтіндер  мен  жаттығулар  
арқылы  оқыту  студенттердің  сөздік  қорын 
көбейтеді. 
Мамандығына  қатысты  мәтіннің  қызметін 
анықтай  келе,  студенттердің  өз  мамандығы 
бойынша    қазақ  тілінде  қарым-қатынас  құзы-
рын  қалыптастыруда  тілдік  материал  тұтас 
ж‰йелі т‰рде берілу керек. 
Яғни,  мамандыққа  байланысты    мәтінмен 
жұмыстар,  дәрісханалық  және  СӨЖ    жұмыс-
тарын  ұйымдастыру  барысында  әрт‰рлі    тіл 
дамыту  тапсырмаларын, жаттығуларын қазақ-
ша оқып  жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптас-
тырады,  мамандық  бойынша  білім  сапасын 
көтереді;  студенттердің болашақ мамандығы-
на бағдар береді. 
Соңғы  жылдары  қазақ  тілін  мамандыққа  
байланыстырып қатысымдық тұрғыдан оқыту 
әдістемесіне  байланысты  ғылыми  зерттеулер 
ж‰ргізіліп, ол зерттеулердің нәтижесінде кан-
дидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды.  
Қазақ  тілін  мамандыққа  сай  оқытудың 
басты  ерекшеліктерін  анықтауда,  тиімді  әдіс-
темесін  ұсынуда әдіскер-ғалым,  педагогика ғы-
лымдарының докторы, профессор Ф.Ш. Ораз-
баеваның  б‰гінгі  к‰нде  ‰лкен  бір  ғылыми-
әдістемелік мектебі қалыптасқан. 
Г.Т.Алдамбергенова  “Кәсіптік  мектептер-
дің орыс бөлімі оқушыларының қазақша сөй-
леу  тілін  құрылысшы  мамандығына  сәйкес 
мәтіндер  арқылы  дамыту”  деген  тақырыпта 
кандидаттық  диссертация  қорғады.  Автордың 
айтуынша,  мәтін  арқылы  тілді  оқыту  төмен-
дегі міндеттердің ж‰зеге асуына көмегін тигізеді: 
тұрмыста, өндірісте, әлеуметтік ортада қа-
зақша тілдік қатынасты игеру; 
қазақ  тілінде  мәдени-ресми,  кәсіби  қаты-
насқа дайындық; 
өз  мамандығы  бойынша  сұрақтарға  жауап 
бере білу, осы тақырып төңірегінде ойын айта 
білу дағдыларын меңгерту; 
кәсіби  бағыттағы  қарым-қатынастық  мә-
тін-дерді аудармасыз т‰сінуге ұмтылу; 
оқушылардың  сөздік  қорын  молайтуда 
аударма,  т‰сіндірме  және  кәсіби  сөздіктерді 
пайдалана білу; 
қазақша  ойлауға,  қазақша  сөйлеу  әуезді-
лігіне  жету, ‰лгісіз,  жетексіз  өз  бетінше  сөй-
леуге, жазуға дағдылану, игеру [1,77]. 
 Мамандығына  сай  сұрыпталып  алынған 
мәтін  студентке  болашақ  мамандығы  бойын-
ша өте қажетті, пайдалы мағлұмат бере алады. 
Ол  студент  білімін,  білігін,  танымын  толық-
тырады.  Сондықтан    студент  ондай  мәтінді 
қызыға оқиды.  
Қ.  Қадашева  “Жаңаша  жаңғыртып  оқы-
тудың ғылыми әдістемелік негіздері: өзгетілді 
дәрісханалардағы қазақ тілі” деген докторлық 
диссертациясында  мамандық  тіліне  бейімдеп 
оқытуда  жаңаша  жаңғыртып  оқыту  әдісте-
месінің  әдіс-тәсілдерін  ұтымды  пайдалануға 
болатындығын,  тіл  ‰йренушілердің  өз  сала-
сында  тілді  қолдану  қызметінде  лексикалық 
минимумды  анықтау  қатысымдық  қажетті-
лікті  қамтамасыз  ететін  ерекшелік  екендігін 
көрсетті. /2.103/. 
Студенттердің  мемлекеттік  тілді  тиімді 
игеруінің  басты  факторы – оқу  бағдарлама-
лары  мен  оқулық,  оқу-әдістемелік  материал-
дарды  модульдік  оқу  ж‰йесімен  беру  және 
модульдік  ж‰йеге  негізделген  электрондық 
оқулықтар  дың  болуы  студенттердің  өз  беті-
мен жұмыс істеуіне м‰мкіндік береді.  
Қазіргі  ғылым  мен  техниканың    дамыған 
заманында  қазақ тілінің  лексикасы жаңа сөз-
дермен толығып отырады. Әсіресе,  біз нысан 
етіп  отырған    техника  саласына  қатысты  тер-
миндер  жаңадан  жасалып, к‰нделікті қолда-

342                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ныс  аясында  жұмсалады.  Біз  сол  сөздерді  
меңгерту арқылы  студенттердің сөздік қорын 
‰немі    толықтыруға  тырысамыз.  Терминдерді 
жалаң  жаттап  алу,  оны  қатысымда  қолдана 
алмау тіл ‰йренушілер ‰шін ешқандай нәтиже 
бермейтіндігі белгілі. Сондықтан алдымен сол 
сөздердің,  сөз  тіркестерінің  мағынасын  т‰сі-
ніп  сөйлемдерде  дұрыс  қолдана  білуге  дағ-
дыландыру керек. 
«Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны 
екінші  адам  т‰сінбесе,  тілдік  коммуникация 
ж‰зеге  аспайды»  деп  Ф.Ш.  Оразбаева  атап 
айтқандай,  студенттің    сөйлемдерді    қатесіз 
құрап ойын дұрыс айтуына дағдыландырудың 
маңызы өте зор/3.78/. 
Жоғарыда  айтқанымыздай  кәсіби  қазақ 
тілін  оқыту  барысында  сөз тіркесін  ‰йрету-
дің  маңызы    ерекше.  Өйткені  сөздердің  жеке  
тұрғандағы    мағынасы  мен  тіркес  сыңарында 
тұрып  беретін  мағынасы  бірдей  бола  бер-
мейді. Мысалы:  
Толқын-  әуе  толқыны,  электрогмагниттік 
толқын т.б. 
Энегия- электр энергиясы 
Желі- электр желісі  
Қуат- электр қуаты 
Сан -сандық байланыс 
Өріс – магниттік өріс 
Көз- қуат көзі  
Сөздердің  тура  және  ауыспалы  мағына-
сын,  көп  мағыналы  сөздерді,  синоним,  анто-
ним, омоним сөздерді меңгерту студенттердің  
қазақша  дұрыс  сөйлеуін  қалыптастыруға  игі 
ықпал етеді. 
Қазақша  сауатты сөйлеу ‰шін, сөйлемдегі 
сөздердің орын тәртібін білу қажет. Сонымен 
қоса,  сөздерге  жалғанатын  қосымшаларды    дұ-
рыс қолдану сөйлеушінің ойын анық етеді. Сон-
дықтан    студенттерге    қазақ  тілінің  ‰ндестік 
заңын  және    сөйлем  м‰шелерінің    сөйлемдегі 
орнын меңгертуге көңіл бөлген жөн.  Адамның 
ойын жеткізу ‰шін сөйлем  басты орын алады. 
Қазақ  тілінің  айтылым  нормасын   меңгер-
туде    студенттер қазақ    тіліне  тән    белгілерді 
ескергені  дұрыс.  Лексикалық  және  граммати-
калық  мағына  негізінде  сөздің  беріп  тұрған 
мағынасы анықталады. Сондықтан сөздің  ма-
ғынасын т‰сінбей оны   қолданудың нәтижесі 
болмайды.  
Әсіресе  техника  саласында  кірме  сөздер  
жиі  кездеседі.  Олардың    кейбіреулері  қазақ 
тілінің дыбыстық нормасына  икемделіп,  қол-
данысқа т‰сетінін байқауға болады.  
Мысалы:  дуга-доға,  кабель - кәбіл,номер-
нөмір,  ток-тоқ,  станция – стансы,  почта  –пошта 
т.б.  Ал    фонетикалық  өзгеріске  т‰спей,  сол  
к‰йінде  қолданатын  терминдер  саны  көптеп 
саналады:  фототелегафия,радио,  банде-роль, 
телефон,  факс,  телефонограмма,  электро-тех-
ника, электромагнит, телеграф, акустика, про-
грамма,  автоматты  телефон,  т.б.  Сонымен қа-
тар, өзге тілдегі атаумен қазақ сөздерінің  бірігуі 
арқылы  қолданысқа  енген  сөздер  де  бар:  ра-
диохабар,  телеарна,  радиобайланыс.  Мұндай 
сөздерді меңгерту барысында олардың жасалуы 
жолдарын т‰сіндіндіріп отырған жөн. Мысалы 
«Радиотехника», «Радиобайланыс  негізін  қа-
лаған    ғалым», «Радиоэлектроника – ел  келе-
шегі», «Физика  және  техника»  тағы  басқа  та-
қырыптарды  өткенде  ескеру қажет.  
Сонымен  қатар,  қатысымға  тусуге  қажет  
бірнеше    дайын    формадағы    тілдік    құралда-
рының ‰лгілерін  қолдану қажет: 
У+ керек /интернет байланысын пайдалану 
керек; 
У+ҒА болады  /  ұялы байланысты пайда-
лануға  болады; 
У+ҒА болмайды/ жылдамдықты арттыруға 
болмайды; 
У+ ‰шін қажет  / техниканы жетілдіру ‰шін; 
 
ҒЫ+М келеді / ұялы телефонды пайдалан-
ғым келеді; 
ҒЫ +Ң келеді /жаңа  ақпарат бергің келеді; 
ҒЫ+СЫ келеді/ инженер болғысы  келеді; 
Кейбір сөздерге әсіресе, орыс тілінен енген 
сөздерге  қосымшалардың  дұрыс  жалғанбауы 
‰ндестік  заңын жетік білмеуінен келіп туады. 
Сондықтан  әр тақырып барысында кездесетін 
жаңа  сөздерге  жалғанған  қосымшалар  жайлы  
т‰сініктеме берілген жөн. Ондағы септік жал-
ғауларын,  жұрнақтарды  ‰ндестік  заңына  қа-
рай жалғау заңдылығы  ешқашан назардан тыс 
қалмауы  тиіс.  Ал  кірме  сөздерге  қосымша-
ларды  жалғауға  қатысты  ақпараттар  да  қам-
тылып  отырғаны  абзал. – Мен; -бен, -пен  кө-
мектес  септігінің  ‰ндестік заңына  бағынбай-
тын  қосымшалар  қатарына  жататынын  да  
ескеріп  отырамыз.  Мысалы,  мәтінде  кездесе-
тін жаңа  сөздерге жалғанған қосымшалардың  
‰ндесуіне  талдау  жасай кету артық болмайды.  
Телефон  аппаратымен,  шақыру    сигналда-
рымен,  программалық  модульмен,  электро-
магниттік  индукциялармен,  айнымалы    тоқ-
пен, синхронды генератормен т.б.   

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          343 
 
 Сөздердің  дұрыс  айтылуын  қамтамасыз 
етуде  фонетикаға,  сөз  мағыналарын    ажырата 
білу  ‰шін  лексикаға,  сөздерді    дұрыс  қолда-
нып  ойды  жеткізу  мақсатында  синтаксис 
салаларына ерекше көңіл бөлген жөн. 
 Қорыта  айтсақ,  грамматикалық  тұлғалар-
дың да мәнін  т‰сіндіру  өзге тілді  дәрісхана-
ларда  кәсіби  қазақ  тілін  оқытудың  сапасын 
арттырады.  Сонымен  қатар,  орыс  тілді  сту-
денттердің ауызша сөйлеу дағдыларын қалып- 
 
тастыруда  және  сабаққа  деген  қызығушы-
лығын  арттыруда  мамандыққа  негізделген  
мәтіндердің  мәні  зор.  
______________ 
1.  Алдамбергенова  Г.Т.  Кәсiптiк  мектептердiң  орыс 
бөлiмi  оқушыларының  қазақша  сөйлеу  тiлiн  құрылысшы 
мамандығына  сәйкес  мәтiндер  арқылы  дамыту:  Пед.  ғыл. 
канд. … дисс. – Алматы, 2002. -161б. 
2. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми 
әдiстемелiк  негiздерi:  өзгетiлдi  дәрiсханалардағы  қазақ 
тiлi: Пед. ғыл. док. … дисс. – Алматы, 2001. – 301 б. 
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас  негіздері. А., 2005 
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет