Казахский национальный


Ж.С. Таласпаева, Ә. Д. Сабитова



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет57/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

Ж.С. Таласпаева, Ә. Д. Сабитова 
Лингвокультурологические аспекты в произведениях Г.Мусрепова. 
 
В статье рассматриваются лингвокультурологические аспекты в произведениях Г. Мусрепова. 
Talaspaeva JC, Sabitova Ә. D. aspects in G.Musurepov’s  works. 
 
The article presents linguistic and cultural aspects in G. Musurepov’s works. 
  
 
 
 
А. Тумабаева, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақ филологиясы» мамандығының магистранты 
 
ЖАСТАР ТІЛІНІҢ СУБМӘДЕНИ ТАБИҒАТЫ 
 
  
 Елдің  егемендігін,  мемлекеттің  тәуелсіз-
дігін  баянды  етудің  аса  маңызды  факторла-
рының  бірі – ұлттың  тұтастығы  мен  бірлігі. 
Ал  ұлттың  ыдырамас  тұтастығы,  мызғымас 
бірлігі, т‰птеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы 
оның  әдебилігімен  тығыз  байланысты.  Өйт- 
 
кені  ұлтты  ұйыстыратын,  оны  өзге  этностар-
дан  өзгешелігі  мен  айырмасын  айқын  аңғар-
татын  негізгі  белгісі  де,  бет-бедері  де   оның 
тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі [1, 3 б.].   
 Ұлттық әдеби тілдің дамып, толығуына тіл 
мамандарының  қосар  ‰лесі  қомақты.  Тіліміз-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          329 
 
дің  бар  байлығын  пайдалана  отырып,  ақын-
жазушы,  лингвист  ғалымдар  тілдегі  нормаға 
қайшы қолданыстарды реттейді, тілдік ұжым-
ның  атап  айтқанда,  филолог  студенттердің 
мәдениетін көтеруді, олардың тілдік тұлғасын 
қалыптастыруды назарда ұстайды. 
Әр  қоғамда  арнайы  стандартталған  тәр-
тіпке құрылған нормативті мәдениеттің болуы  
қалыпты  жағдай,  бұл  коммуникация  саласы 
мен  қызметке  де  қатысты.  Жеке  тұлғалардың 
тәртібін реттеп отыратын бұл секілді ‰лгілерді 
әлеуметтік  форма  ретінде  қоғам  және  мем-
лекет  бекітеді.  Бірақ  «кез  келген  мәдениет 
субмәдениет  элементтерінің  к‰рделі  жиынты-
ғынан  құралады»,  соған  сәйкес  ресми  мәде-
ниет  әрқашан  әр  т‰рлі  суб  және  контмәде- 
ниеттермен  бірге  өмір  с‰реді,  олар  қоғамның 
дамуына әсер етеді.  
Бұрын топтық және кәсіби жаргон сөздер-
дің  қолданысы  шектелген  болса,  соңғы  жыл-
дары  мұндай  сөздер  қалыптасқан  әдеби  нор-
малармен  жарыса  қолданылып,  филолог  сту-
денттер  тілінің  бір  элементіне  айналып  отыр. 
Мұндай  стиль  бір  жағынан,  жастардың  бірін-
бірі т‰сінуіне жағдай жасайды да, олардың ба-
сын  біріктіреді,  екінші  жағынан  оларды  қо-
ғамдағы  басқа  әлеуметтік  топтардан  ерекше-
леп, оқшаулап тұрады. [2, 19 б.].   
Жаргон (ағылш. сланг; жаргон;) – әлеумет-
тік диалект; жалпы сөйлеу тілінен ерекше құ-
рамымен ерекшеленіп тұратын әлеуметтік не-
месе кәсіби топтың сөйлеу тілі. Айналымдар-
ды  ерекше  лексикамен  және  фразеологиямен, 
экспрессиялылықты  әңгіме  аралық  тілден 
және  сөз  жасау  құралдардың  ерекше  қолда-
нуымен  айырмашылығы  болады,  бірақ  мен-
шікті  фонетикалық  және  грамматикалық  ж‰йе-
ге  қатысы  болмайды.  Белгілі  бір  ортада  ғана 
т‰сінікті  шартты  тіл.  Жаргон-тілдің  ішіндегі 
тіл. Нақтырақ айтсақ, белгілі бір мамандыққа 
біріккен  адамдар  тобының  (ұшқыштардың, 
шахтерлердің,  теңізшілердің  жаргондары), 
белгілі  бір  іспен  әуестенушілердің  (спортс-
мендер, коллекционерлер жаргондары) сөйлеу 
тілінің өзгешелігі [3, 3 б.].   
Жаргонның  лексикасы  қайта  мағыналау, 
метафоризация,  қайта  рәсімдеу,  әдеби  тілді 
дыбыстық  қысқарту  базасындағы  жолымен 
салады,  тағы  сол  сияқтылар,  сонымен  бірге 
басқа  тілдегі  сөздер  және  морфемаларды 
белсенді  меңгеруі.  Мысалы:  құламалы-сәнді, 
іскер, ‰й - пәтер, бакстер - долларлар, қол арба 
-  автокөлік,  тартып  қалсын - кетсін,  баскет - 
баскетбол, чувак - (сыған тілінен) жігіт. Жар-
гон қазіргі тілде кең таралуда, (жастар сленгі) 
әсіресе жастардың тілінде.  
Жаңа  сөздердің  жарыққа  шығуында  ма-
ңызды рөлді ақпараттандыру, әсіресе, теледи-
дар  атқарады.  Жаргон  орнықты  сөйлеу  тілі 
және жалпы мәдениет арқылы ұлттық тілге өз 
‰лесін  тигізуде.  Уақыт  ағымына  байланысты 
өмірдің  өсу  темпі  жылдамдады.  Соған  сәйкес 
сөздік қор да өсті, яғни әр жаңа т‰сінікке кем 
дегенде  бір  сөз  сәйкес  болуы  керек.  Жалпы 
қоғамның  қауырт  өсуіне  байланысты  саяси 
және  әлеуметтік  өзгерістерді  көрсететін  мың-
даған  жаңа  сөз  қосылды.  Жаңа  сөздер  ескі 
т‰сініктегі сөздерді жаңарту ‰шін де жарыққа 
шықты.  Музыканттарға  қатысты  жаргон  сөз-
дердің  көпшілігі  ағылшын  тіліне  қатысты: 
«дум»-музыкадағы  бір  бағыт  (ағылшын  тілін-
дегі «doom»-тағдыр),  «попса»-танымал  му-
зыка (ағылшын тіліндегі «popular music» ұғы-
мына қатысты). Көбінесе жаргондардың ж‰зе-
ге  асуы  ерекше  қажеттілікке  байланысты  емес, 
ермек ‰шін қолданылады (М.А. Грачев). 
Жаргондардан  басқа  фенялар  да  қолданы-
лады. Мысалы, фенмен сөйлеу-ұрылар тілінде 
сөйлеу.  Бастапқыда  бұл  термин  мына  т‰рде 
болған,  офенмен  сөйлеу,  яғни  офендік  тілде, 
ұсақ  саудагерлер  тілінде  сөйлеу.  Сатып  алу-
шыларды  алдағанда  қолданатын  немесе  өз 
көзқарасы  мен  іс-әрекетін  жасыратын  қауіпті 
жағдайларда  қолданатын  офендіктердің  өз 
шартты-кәсіби тілі болған. 
Жаргондардың  тілдің  басқа  лексикалық 
бірліктерімен  араласып  қолданылуы  олардың 
тілде  өздеріне  тән  ерекше  заң  бойынша  өмір 
с‰руіне  негіз  болады  және  тілдік  тұлғаның 
шығармашылығының м‰мкіндігін кеңейтеді. 
Жастар жаргоны – кез келген тілде қолда-
нылатын  және  барлық  уақытта  өмір  с‰ретін, 
тек сандық құрамы мен тілдік және тілден тыс 
факторлардың  әсерінен  қолданылу  аясын  өз-
гертетін  құбылыс.  Жаргондар  жастар  мәде-
ниетінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады, 
себебі  бір  де  бір  мәдениет  өзінің  коммуни-
кативтік  кодтық  сөзінсіз  өмір  с‰ре  алмайды, 
тіл  әр  т‰рлі  тұрмыстық,  мәдени  және  саяси 
салада  қолданыс  табады.  Студенттер  тілінің 
негізгі ерекшелігі оның қызметінің көптігімен 
сипатталады. Жастар арасындағы жаргон сөз-
дер  әмбебаптық  қызмет  атқарады,  белгілі  бір 
мақсатты көздегендіктен тез таралады.  
Жастар  жаргонын  пайдаланудың  басты 
функционалды  міндеттерінің  бірі  –оның  ком-

330                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
муникативтік қызметі. Ерекше әлеуметтік топ 
құрылады,  сонымен  қатар  ішкі  ұқсастық  бел-
гілер мен тілдегі жаңа қолданыстар өзінің құр-
дастарымен  қарым-қатынас  жасауға,  комму-
никативтік актіге т‰суге бағытталады.  
Еркін, тәуелсіз т‰рдегі жастар жаргоны ‰л-
кендердің, ата-аналардың, мұғалімнің көңілсіз 
әлемінен шығуға талпынады. ‡лкендер: Жақ-
сы!-десе,  жастар:  Клево!  Прикол!  Классно!-
дейді. ‡лкендер:  Ал,  жетіс,  жастар:  Облом! 
‡лкендер: Бұл өте к‰рделі!-десе, жастар: Ма-
ған ж‰ктеме!-дейді. ‡лкендер таңқалса, жас-
тар сөзбен ілмеседі, тартысады. 
Жастар  жаргонының  ең  басты  ерекшелігі-
оның  тез  өзгеріп,  жаңаланып  тұруында.  Жас 
буын 5-7 жылда  алмасып  тұрады,  онымен 
бірге жаргон сөздер де өзгереді. ‡лкендер ақ-
шаны «тиын», «сом» десе, жастар «бакс» дей-
ді.  Ал  жас қыздарды  «г‰л», «пчелка»  деп  ата-
са,  белгілі  бір  топтың  бас  қосуын  «тусовка» 
деп атайды.  
Жастар жаргонының тағы бір белгісі-тақы-
рыбының шектеулілігі. Атауларының сыртын-
да көптеген синонимдері бар он шақты семан-
тикалық  класы  ерекшеленеді.  Бұл  тұлға  атау-
лары (чувак, «ат екен», сабын), киімдер және 
аяқ киімдер (шуз), ақша (бакс, лимон, доллар)
көңіл-к‰й  жағдайлары  (круто,  клево,  прикол)
кейбір  іс-әрекеттерге  байланысты  тіркестер 
(лақтырып кету, құлаққа лапша ілмеу, дем ал, 
қоянның  суретін  салып  кету,  құтылып  кету, 
мазақ ету, тартысу, ұрып тұру) және т.б. 
Жастар  жаргонының  тағы  бір  ерекшелігі-
құрамына  кірген  сөздердің  мағынасының  анық 
еместігі және сұйықтығы.  
Жастар жаргонын жастардың әр т‰рлі суб-
мәдениетіндегі  сөйлеу  тілінің  қызметі  ғана 
емес,  сонымен  бірге  олардың  ойлау  ж‰йесін 
бейнелейтін жеткілікті т‰рде әр т‰рлі лексика-
лық топтар құрайды. Әр индивид әр т‰рлі тип-
тегі  бірнеше  топтың  құрамына  кіреді.  Мәсе-
лен, музыка фанаттарының сөйлеу тілі, наша-
қорлардың  тілі,  компьютерлік  жаргон,  қала-
лық  ауызекі  сөйлеу  тілі,  ағылшын  тілі  және 
ұрылар аргосы және т.б. Осылардың әрқайсы-
сының  өз  әлемі,  өз  жолы,  сонымен  бірге  кең 
т‰рдегі  өзара  байланысы  бар  (мысалы,  маған 
ж‰ктеме-компьютершілер  жаргоны;  шегеді-
нашақорлар жаргоны).   
Жастар  жаргоны  креативті  қызметті  іске 
асырады,  бұл  лексикалық  бірліктерді  қарым-
қатынас  жағдаятында  өз  ойын  білдіруге  қа-
жетті құрал ретінде пайдалануға м‰мкіндік бе-
реді. Әдеби тілге тән нормалар мен табуларды 
бұзып, жаңа сөздерді ойлап шығарады, ол ар-
қылы  жастар  дербестігі  мен  шығармашылық 
м‰мкіндіктерін  аша  т‰седі,  тілдің  лексикалық 
құрамын жаңартады.   
Жастар  жаргонын  пайдалану  көптеген  мақ-
саттарды  шешуге  жол  ашатындықтан,  номи-
нативті  бірліктердің  жасалуы  мен  таралуы 
т‰рлі  бағытта  болады. Бірінші  кезекте  жастар 
жаргонының  лексикалық  құрамының  толығу 
ерекшелігін  қарастыру  керек,  бұл  көп  жағ-
дайда студенттердің д‰ниені тану тәсілін анық-
тайды.  
Студенттік  жаргондардың  көбі – өзгертіл-
ген  ресми  атаулар.  Қазіргі  студент  сөздерін-
дегі  қолданылатын  жаргондарды  бірнеше  та-
қырыптық  топтарға  бөлуге  болады:  оқу,  оқу 
пәндері,  уақыт,  студенттік  өмірдің  қолданы-
сындағы    заттар,  студенттік  тұрмыс,  оқыту-
шылар  және  олардың  психологиялық  қасиет-
тері  т.б.  Әрт‰рлі  жаргондық  атауларды  сту-
денттер өз өмірлерінде маңызды орын алатын 
заттарға, адамдарға, уақыт кезеңдеріне қояды.  
Студенттік жаргондардың көпшілігі оқыту 
құралдарына және тәртіпке қатысты пайдала-
нылады.  Егер  де  оқытылатын  пән  атауы  бір 
сөзден  тұрса,  студенттердің  тілдік  қарым-қа-
тынасында философия, тарих, риторика, лек-
сикология,  фонетика,  грамматика  және  т.б.  
тәрізді өзгертілмеген к‰йінде қалады. Егер ол 
бірнеше  сөзден  құралса,  универбаттар  қолда-
нылады.  Мысалы,  антика  (антикалық  әде-
биет),  аббревиация:  ҚҚТ  (қазіргі  қазақ  тілі) 
және  эллиптикалық  сөз  тіркестері  (редукция-
ланған):  негіздер  (журналистика  негіздері), 
стиль (қазақ тілі стилистикасы) және т.б. 
Студент  тілінде  оқытушыларды  номина-
циялау  жаргондалатыны  және  негізгілері  бо-
лып  бөлінеді.  Оқытушыларды  преп,  препод/ 
преподша деп атайды. Жас ерекшелігіне және 
қызметіне  байланысты  оқытушыларды  сту-
денттер ешкі (жас),  асс (ассистент), псих (пси-
холог),  проф/профа/профи  (профессор),  зав-
каф, гавгав (кафедра меңгерушісі), декан сту-
денттің бар мәселесін шешетін болғандықтан, 
оны  «тағдырды  шешуші», «тәрбиеші», «сти-
пендиядан айырушы» және т.б. деп атайды. 
Студент  тілінде  әр  т‰рлі  шек  қою  сатысы 
болады. Университетке алғаш келу өмірге ал-
ғаш  келумен  бірдей.  Студент  болып  қалып-
таспаған жастарға: «абита, абитеньабитура, 
абитурь,  абитуха,  университеттің I курс  сту-
денттеріне  (перваш,  первокур)  және IV курс 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          331 
 
студенттеріне – бітіруші  т‰лектерге  (пятак, 
дипломшы) деп ат қояды.  
Студенттік  өмірдің  негізгі  құралы – оқу-
лық.  Қазіргі  студентке  ол  қажетсіз  нәрсе  бо-
лып барады. Сондықтан оқулыққа кірпіш жи-
нағы,  дәретхана  қағазы,  т‰сінуге  қиындық 
келтіретін  болғандықтан  жан  қинаушы,  бас 
қатырушы, кейде тіпті қолдануға қажетсіз бо-
лып  қалған  зат  ретінде  макулатура,  сэконд-
хэнд деп те атайды. Дегенмен, қазіргі филолог 
студенттер оқулық білімнің қайнар көзі екен-
дігін ұмытпайды (мағыналы кірпіш, ми, ғылым 
нәрі),  көмекші  ретінде  (жедел  жәрдем,  репе-
титор). 
Студенттік өмірде бақылау, емтихан басты 
орын  алады.  Олар  өмірге  қауіп  тудыратын 
қорқынышты,  өтпелі  кезең  ретінде  сол  сәт-
терді кішкене тозақ, той бітті, лоторея, ай-
қас, қош келдің, әскери өмір деп атайды. 
Студенттік  атаулардың  ішіндегі  қызығу-
шылық  тудыратындардың  бірі – жатақхана. 
Студенттер оны жануарлар тұрағы ретінде ұя, 
тауық  қора  және  оның  жағымсыз  ерекшелік-
тері туралы тышқан,  тозақ деп атайды [2, 20 
б.].  
Жаргондар  жастардың  ‰немі  асығып  ж‰-
руіне  байланысты  тілдік  ‰немдеу  принципін 
де  басшылыққа  алады.  Жастардың  тіліне  қа-
рап  олардың  қандай  топтарға  жататындығын, 
қандай  мамандық  иелері  екендігін  анықтауға 
болады, сондықтан студенттің тілдік тұлғасын 
оның  қоғамдағы  басқа  әлеуметтік  топтардан 
өзін  ажыратып  тұратын  құрал  десек  те  бо-
лады.  Филолог  студенттердің  субмәдени  дис-
курсы  олардың  бірегей  бейнесін  қалыптас-
тыруда ғана емес, сонымен қатар әрт‰рлі жағ-
даяттарда  идентификатор  рөлін  атқаратын-
дығын көруге болады.  
Зерттеу  нәтижесі  бойынша  жастар  жар-
гонының пайда болу көздері мен толығу жол-
дарын  ‰ш  топқа  біріктіруге  болады: 1) кірме 
сөздерді  пайдалану; 2) семантикалық  дерива-
ция; 3) морфологиялық  деривация.  Жастар 
тілі ерекшелігінің жарқын көрінісіне шет тілі-
нен  енген  кірме  сөздерді  жиі  пайдаланатын- 
дығын  жатқызуға  болады,  бұл  студенттердің 
жалпы  бағыт-бағдарын  және  мәдениетаралық 
байланысты көрсетеді [2, 21 б.]. 
Соңғы кездері жастар жаргонындағы арго-
тикалық  сөздер  саны  азайып  келеді,  себебі 
жастардың  ойынша  қызықты  сөздер  қазіргі 
қолданыста  тұрақтанды,  қалғандары  ерекше 
назар  аударуды  қажет  етпейді,  ал  жаңалары 
әлі пайда болған жоқ.  
Жастар  жаргоны  арасындағы  ерекше  орын-
ды жастар сленгі алады. «Жастар сленгі» – 13-
23  жас  аралығында қолданылатын ерекше  та-
рихи  т‰рде  қалыптасқан  және  жоғары  не  тө-
мен  деңгейдегі  сөйлеушілердің  барлық  саты-
сына  ортақ  тілдік  норманың  нұсқасы  болып 
табылатын  лексикалық  құбылыс» — деп  бұл 
ұғымға филологтар анықтама береді. Cтудент-
тердің,  оқушылардың  арасында  сленгтер  әр-
т‰рлі  болатыны  анық.  Бұл  сөздерге  тән  ерек-
шеліктердің бірі – заман ағымына қарай жедел 
өзгеріске ұшырап отыруы. 
Себебі студенттер бір мезгілде әр т‰рлі қо-
ғамдық  ортада  болады,  осыған  сәйкес  олар-
дың тілі де әр т‰рлі болып өзгереді. Айталық, 
студент  оқу  ғимаратында  ж‰ріп  және  дәріс 
сабақтарында,  кітапханада  болғанда  студент 
жаргонына  тән  сөздерді  қолданады,  мысалы, 
читалка – оқу  залы,  внеаудиторка – аудито-
риядан тыс тапсырма, препод – оқытушы, «об-
щяга» – «жатақхана
»  т.б.  Ал  оқу  ғимараты-
нан  алыстаған  кезде  ол  өзінің  достарымен 
немесе  өзіндік  лексиконы  бар  өзге  топ  м‰-
шелерімен кездеседі. Бұған мысал ретінде, бір 
жерге  баратын  болса,  қоғамдық  көлік  деудің  
орнына маршуткаға мінеміз бе, инетке бара-
мыз ба? дейді, яғни интернет орталығы деген 
сөз.  Сонымен  қатар,  хакер  сөзін  емтихан  ке-
зінде оқытушымен сөйлесіп, баға қойдыратын 
студент  ретінде  қолданатындығын  айтуға  бо-
лады.  Жастардың  көп  қолданысына  ие  осын-
дай  сөздер  көбінесе  белгілі  бір  топтар  ара-
сында кездеседі.  
Ресми  емес  топтардың  сөзін  қолдануда 
студенттер  оларды  дұрыстауға,  т‰зетуге  ты-
рыспайды,  сондықтан  оқу  ғимаратындағы  к‰н-
делікті  қарым-қатынаста  осы  жаргон  сөздер-
мен  сөйлейді,  бұл  жаңа  жаргон  сөздердің  кең 
таралуына әкеліп соғады.  
Жастар тілінде программист мамандардың 
жаргоны  ерекше  орын  алады.  Бұл  лексиканы 
тек  ақпараттық  ж‰йелер  мамандықтарында 
оқып  жатқан  студенттер  ғана  емес,  сонымен 
бірге  дербес  компьютермен  жұмыс  істейтін 
барлық  жастар  қолданады.  Мысалы,  емеля – 
электрондық  почта,  пенек,  пень – pentium  
инет – интернет т.б. 
Баспасөз тілі оқырман сұранысын қанағат-
тандыруға  тырысады,  сондықтан  баспасөзге 
маркерленген жаргондық лексика енеді. Тақы-
рыптық  айдарлар  қажетті  лексикамен  толы-

332                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ғып отырады. Баспасөз қызметкерлері жас оқыр-
мандарды өздеріне тарту мақсатында студент-
тік жаргондарды қолданады.  
Сөйтіп,  студенттер  тілінің  ерекшелігін,  лек-
сиконының  толығу  тәсілін  және  оның  берілу 
жолдарын  айқындай  келе,  жастар  жаргонын 
жастар  мәдениеті  шеңберінде  ерекше  ж‰йе 
деп  айтуымызға  болады.  Олар  бір  жағынан, 
жастар  дамуының  баспалдағын,  иерархиялық 
реттелуін,  тілдік  кодтар,  қоғамдағы  басқа  да 
әлеуметтік  топтармен  байланысын  орнатса, 
екінші жағынан, жастар мәдениетінің басқа суб-
мәдени  бірлестіктермен  бірігу  тәсілін  анық-
тайды. 
_______________ 
1.  Уәли  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің  теориялық 
негіздері:  филол.  ғыл.  докт. ...дисс.: 10.02.02. – Алматы, 
2007. – 328 б. 
2.  Исақова  А.С.  Қазақ  тілді  филолог  студенттердің 
тілдік тұлғасын қалыптастырудың лингвомәдени негіздері: 
филол.  ғыл.  канд. ... автореф.: 10.02.02. – Алматы, 2010. – 
31 б. 
3.  Қазақ  тілі.  Энциклопедия.  Алматы:  Қазақстан  Рес-
публикасы  Білім,  мәдениет  және  денсаулық  сақтау  ми-
нистрлігі,  Қазақстан  даму  институты, 1998 ж., 509 бет. 
ЫСБН 5-7667-2616-3 
 
А. Тумабаева 
Субкультурологическая особенность молодежного жаргона 
 
В данной статье рассматривается субкультурологическая особенность молодежного жаргона, употребляемого 
в социальных группах, который является особой системой культурной сферы молодежи. 
 
A. Tumabaeva 
The subcultural feature of youth slang 
 
This article considers subcultural feature of youth slang that is used in social groups, which is  as special system of 
youth cultural sphere. 
 
 
 
 
М. Тұрсынбайқызы, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 
Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының магистранты 
 
ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ ӨЗГЕ ТІЛГЕ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕСІ 
 
 
Еліміз егемендік алып, қоғамдық, әлеумет-
тік  өміріміздің  жеделдеп  дамуы,  өтпелі  ке-
зеңнің ықпалы жалпы мәдениетімізге, ғылым- 
білімге,  тілімізге,  оның  ішінде  атаулар  ж‰йе-
сіне  елеулі  әсерін  тигізді.  Халықтық  лексика, 
ономастика мен терминология қоғамдағы саяси, 
әлеуметтік,  экономикалық  өзгерістерді  тез 
арада  қабылдап,  бойын жинақтап, електен өт-
кізіп отыратын бірден-бір жанды д‰ние іспет-
тес. Оның ‰стіне ономастикалық атаулар, оның 
ішінде  еліміздің  жер-су  аттары  ұлтымыздың 
тілі мен этникалық мәдениетінің құрамды бө-
лігі ретінде танылып, халықтың тарихи жады-
нан  ‰лкен  орын  алатындығын  ескерсек,  екін-
шіден,  кейбір  атауларымыз  әлемге  әйгілі  бо-
лып,  жалпы  адамзаттық  тарихта  өз  орны  бар 
жалпы  мәдени,  гуманитарлық  маңызы  зор 
құндылыққа  айналғанын  мақтан  тұта  аламыз. 
Мысалы, Қазығұрт, Ертіс, Отырар, Сырдария, 
Талас, Каспий секілді көптеген атаулар пайда 
болу  кезеңі  тұрғысынан  аты  аңызға  айналған  
 
ежелгі Ефрат, Тигр, Египет, Рим мәдениетімен 
шендес  қатар  тұра  алатын  ұлттық  мәдениеті-
міздің феномені ретінде бағаланады. Осы рет-
те  көне  атауларды  тілдік  мұра,  тарихи  жәді-
герлік  ретінде  сақтап,  қалу  қалпына  келтіру 
мәселелері қолға алынуда. 
Бұл  аталған  мәселелер  ұлттық  м‰ддемен 
байланысты  қолға  алынып  отырса,  екіншіден 
мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып таны-
латындықтан,  Қазақстан  жағдайында  саяси 
астары бар іс екені жасырын емес. Сондықтан, 
бұл  мәселе  әуелі  жергілікті  жерде:  аудандық, 
қалалық,  облыстық  мәслихаттарда  қаралып,  
облысты  ономастикалық  комиссия  тарапынан 
бекітілуі  тиіс.  Ал  Қазақстанның  солт‰стік, 
шығыс облыстарындағы, басқа өңірдегі кейбір 
аудан, қалаларымыздағы демографиялық ахуал, 
жергілікті  мәслихаттың  ұлттық  құрамы  бұл 
мәселеде ‰лкен рөл ойнайды. Алайда осы мә-
селеге қарамастан, кейінгі жылдарда б‰л өңір-
лерде  көптеген  атаулар  қалпына  келтіріліп, 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          333 
 
қайта  аталды.  Атап  айтқанда,  Солт‰стік  Қа-
зақстан  облысындағы  Совет  ауданы – Ақ-
қайың,  Сергеев  ауданы – Шал  ақын,  Целин-
ный ауданы – Ғ.М‰срепов ауданы  Батыс Қа-
зақстандағы  Орда  ауданы – Бөкей  ордасы  
болып  өзгертілген,  Шығыс  Қазақстан  облы-
сындағы Лениногорск қаласының ежелгі Рид-
дер  атауы  қайтарылған.  Осы  секілді  Қазақ-
станның  т‰рлі  облыстарындағы  көптеген  елді 
мекендер  бабаларымыз  қойған  байырғы  поэти-
калық  атауларына  ие  болды.  Мысалы,  Заря – 
Ақжар, Георгиевка – Кеңт‰бек, Просторный – 
Ақ  ой,  Пролетар – Ақт‰бек,  Жаңатұрмыс – 
Сынтас,  Полевод  Көкжиде,  Қызыләскер – 
Аққұм, Вторая Пятилетка – Қасқасу, Галинко 
– Зертас, Қызыл Октябрь – Керегетас, Комин-
терн – Береке,  Октябрь – Құйған,  Мичурин – 
Нұрлы жол т.б. болып өзгертілген. 
Бұрынғы  Яисан – Жайсаң,  Челкар – Шал-
қар, Кинжалы – Кенжалы, Дарья – Дария, Би-
рюк – Б‰йрек,  Монадырь – Мыңадыр,  Щер-
бакты – Шарбақты болып өзгерген.  
Қазақ  ономастикасының  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  ұлттық  болмысы  немен    құнды 
дейтін  болсақ – жер-су  атауларында,  адам 
есімдерінде  т.б.  жалқы  есімдердің  т‰рлерінде 
халқымыздың  тарихы,  д‰ниетанымы,  рухани 
байлығы,  наным-сенімдері,  ой-санасы,  ша-
руасы,  рухы  тілдік  ақпарат  ретінде  сақталып, 
ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып  отыратын  асыл 
қазына, тарихи  жәдігер болуында.   
Қазақстанның  ұлан-ғайыр,  кең  байтақ  же-
ріндегі  миллиондаған  жер-су  аттарында  аса 
құнды, көп деректі, сан-салалы ақпарат ғасыр-
лар бойы жинақталған.  Жер-су аттарында қа-
зақтың  көшпелі  мал  шаруашылығын  ж‰ргізу 
тәжірибесі,  қоршаған  ортаны  сол  шаруашы-
лық  м‰дделеріне  бейімдеп  игеру,  жалпылап 
айтқанда, халық пен табиғаттың ‰йлесімді (гео-
экологиялық)  өмір  с‰руі  бейнеленген.  Қазақ 
халқы  төл  тілі  арқылы  қоршаған  ортаны,  та-
биғат  нысаналарын  даралай  жіктеген,  геогра-
фиялық терминологиясы аса бай – Ғ.Қоңқаш-
баевтың  мәліметтеріне  сәйкес,  қазақ  халқы-
ның 600-ден  астам  географиялық  термин- 
дері  бар  және  де  Қазақстан  жер-су  аттары- 
ның  жартысына  жуығы  халықтық  термин- 
дер  негізінде  жасалған.  Жер  бедері  атаула-
рының өзі 234-ке жетеді. Биіктердің т‰р-т‰рін 
атау  ‰шін 40-қа  жуық  термин  қолданылады 
да, тек тау беткейлерін атайтын 13 термин бар 
екен.  
Егер  орыс  тілінде  тауды  атауда  бір  ғана 
«гора» термині қолданылса, қазақ тілінде тау-
лардың  мынадай  т‰рлері  жіктеледі:  алатау, 
қаратау, асқартау, балақтау, өркешті тау, сан-
дық  тау,  мұзтау  т.б.  Жайылымдардың  да  тер-
минологиясы  аса  бай:  жайлаудың  неше  т‰р-
лері бар – қан  жайлау, сар жайлау, бөктер жай-
лау, к‰зеу, көктеу;  басқа жайылым т‰рлерінің 
аттары: аңыз, беделік, отар, өріс (жылқы өріс, 
қой өріс, қозы өріс, бұзау өріс), тебін (ақтебін, 
алатебін),  соны,  шалғын,  шабын  (шабындық) 
ш‰йгін,  бидайық,  сор  (сортаң),  ащы,  боз, 
көгал, қоңыр, керала, алатамыр, көкорай, өлең 
т.б.  Қоршаған  ортаға  байланысты  атаулар, 
төрт  т‰лікке  (дәст‰рлі  шаруашылыққа)  қа-
тысты  терминдер  қазақ  халқының  табиғи  ор-
таны,  ландшафттық  ерекшеліктерді  кеңінен  
пайдалағанын  көрсетеді,  яғни  географиялық 
атаулардың  геоэкономикалық  негізде  қалып-
тасқанын көруімізге болады.  
Туған  өлке,  атамекен  жеріміздің  тарихи-
лығын  дәлелдей  т‰сетін,  көне,  ортағасырлық 
және  кейінгі  замандардың,  сан  қилы  тарихи 
оқиғалардың  куәсіндей  болған  жер-су  аттары 
Қазақстанда өте көп. 
Қазақ  елінің  ең  көне  топонимдері  туралы 
біздің дәуірімізден бұрынғы Қытай жылнама-
ларында,  б.з.б. VІ  ғасыр  грек  тарихшылары 
Геродот,  Страбан,  Птолемей  еңбектерінде, 
ортағасырлық  топонимдер  араб  географтары 
Ибн-Хордадабек, Ибн –Хаукаль, Аль-Истархи, 
Аль-Масуди;  т‰ркі  ғалымдары,  М.Қашқари, 
Рашид-ад-Дин,  Ә.Баһадұр,  Мұхаммед  Хайдар 
Дулати;  ХVІІІ – ХІХ  ғғ.  орыс  ғалымдары 
Т.Т.Семенов-Тянь-Шаньскиий,  И.В.Мушкетов, 
В.В.Радлов,  В.В.Бартольд,  А.Н.Бернштам  ең-
бектерінде  кездеседі.  Сол  ежелгі  дәуір,  көне 
заман  және  орта  ғасырлараға  тән  атаулардың 
біразы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, б‰гінгі к‰н-
ге  жетіп  отыр.  Сондай  топонимдер  қатарына 
Алтай,  Жайық,  Арыс,  Талас,  Есіл,  Сырдария, 
Хантәңірі, Іле, Қарқара, Суяб, Сығанақ, Орал, 
Торғай,  Т‰ркістан,  Жем,  Сайрам,  Сауран, 
Шымкент, Отырар, Алматы сынды атауларды 
жатқызуымызға болады.  
Халық  пен  табиғатты  біртұтас  ұғым  деп 
қарау,  әсіресе  көшпенділер  мәдениетін,  пси-
хологиясын  т‰сіну  ‰шін  маңызы  ерекше», - 
деп көрсетеді.  
Басқаша айтсақ, талай ғасыр желісін ‰збей 
келе  жатқан  халқымыздың  өмірінен    туған 
ұлы мәдениеттің іздері қазақ жер-су аттарын-
да да сақталған.  

334                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Қазығұрт,  Ұлытау,  Қарқаралы,  Шаңырақ-
тас,  Әулиешоқы,  Хантәңірі,  Ойсыл-қара,  Қы-
рық  қыз,  Оқжетпес,  Баянауыл,  Жасыбай,  Тұ-
ран,  Домбыралы,  Найзатас,  Керегетас,  Бектау 
ата,  Еренқабырға,  Арыстан  бап  т.б.  көптеген 
жер-су аттары қазақтың мифологиясынан, на-
ным-сенімдерінен, рухани танымдарынан,  эсте-
тикалық  құндылықтарынан  сан-сапалы  ақпа-
рат, деректер бере алады. 
 Қазақ  есімдерінің  ағылшын  тіліне  транс-
литирациялануы.  Д‰ние  ж‰зіндегі  көптеген 
мемлекеттермен  байланысымыз  жылдан-жыл-
ға  кеңейіп  келе  жатыр.  Ономастика  саласы 
бойынша  көптен  көкейде  тұрғандықтан,  орыс 
тілінде  транслитерация  мәселесін  шешіп  ал-
дық та, ағылшын тілімен екі арада әлі де біраз 
т‰йткілді жайттар бар секілді.      
Ономастикалық  атаулар  өзге  тілдерге  ау-
дарылмайтын  болғандықтан,  әр  ұлттың  өз 
рухани  қазынасының  бірінен  саналады.  Т‰р-
кістан,  Отырар,  Ясауи  (Яссауи,  Иассауи  т.б.), 
Ақсақ Темір, қаңлы, қыпшақ деген сияқты т.б. 
тарих беттерін құрайтын ономастика – антро-
поним,  топоним,  этноним  т.б. «оним»  сөзде-
ріміз  орысшадан  аударылған  кітаптарда  бір 
басқа,  қазақшадан  аударылған  кітаптарда  бір 
басқа,  оған  әр  аудармашының  өз  қалауынша 
жазатынын  қосқанда  тағы  бір  басқа,  соған 
орай, интернетте әрқалай жазылып, ‰лкен бей-
берекеттікке жол беріліп келеді. Мәселен, (қа-
зақшасының  өзін  бірдей  жаза  алмай  ж‰рген) 
Қожа Ахмет Ясауи (Осы нұсқаға тоқтаған сы-
ңайлымыз) бабамыздың аты орысшадан ауда-
рылған  мәтіндерде Kodzha, Khodzha, Qogja, 
Kodja, Hodja/Ahmed, Achmed/Yassavi, Yassawi, 
Yasavi, Yesevi т.б. деп жазылған болса, қазақ-
шадан  аударылған  аудармаларда Koja, Hoja, 
Kozha, Qaja, Quash/ Achmed, Achmet, Ahmet/ 
Yassawi, Yasawi, Yasaui т.б.  болып  мың-сан 
т‰рлі  жазылып келеді. Ал сол қасиетті Әзірет 
Сұлтан кесенесінің өз тұсында Ahmet Yassawe 
Mausoleu Ahmet Yassawe Mausoleum тағы 
басқаша жазылып тұр. Осының қайсы дұрыс? 
Turkistan ба, Turkestan ба? Temir ма, Timur ма? 
Shyngys Khan ба, Chingis Khan ба, Genghiz-
Khan ба? Abai ма, Abay ма? Осы сияқты толып 
жатқан  сауалдардың  жауабын  таппай  келе 
жатқанымыз қиын. 
Аударылмайтын  қазақ  сөздерін  ағылшын 
тілінде  транслитерациялаудың  қабылданған 
ж‰йесі болмағандығы салдарынан осы уақыт-
қа  дейінгі  жарыққа  шығып  кеткен  ағылшын 
тіліндегі аударма-еңбектердің барлығы дерлік 
жоғары бағаларын жоғалтып тұр.  
АҚШ-та 2001 жылы  жарық  көрген  «Әлем 
Альманағында» Алматы сөзі әлем картасының 
бетінде [1. 508] Almaty деп берілсе, Қазақстан 
туралы берілген мағлұматта [1. 804] Alma-Ata 
деп жазылып ж‰р. Бір тілде екі т‰рлі жазылып 
тұрған  нәрсені  бір  зат  деп  қабылдау  м‰мкін 
емес.  Басқа  ел  туралы  осындай  жағдай  кез-
дессе, кім болса да, мынау елдің айтып отыр-
ған  бас  қаласы  картаға  т‰спей  қалыпты,  деп 
ойлар  еді.  Бұл – олардың  қатесі  емес,  өзіміз 
берген мәліметтің әлемдік деңгейде де осылай 
кері әсерін тигізіп отырғаны.   
Ағылшын  тіліне  аударма  жасаған  уақытта 
тілдегі  жалқы  есімдерді  дұрыс  жазуға  талап-
танып  ізденген  адамның  негізге  алып  арқа 
с‰йеуіне жарар, жол көрсете алар бір “бағдар-
шамның”  болмағаны,  әрине,  қиын.  Мұндайда 
әдетте,  ең  білікті  аудармашылар  тартылады 
ғой  деген  есеппен  ел  Президентінен  бастап 
белгілі, беделді жазушы немесе қоғам қайрат-
керлерінің ағылшын тіліне аударылған еңбек-
терін  басшылыққа  алу  еске  келеді.  Н.Назар-
баевтың “My Life, My Times and the Future» 
деп  аталатын Peter Conradi аударып, Coventry  
(Ұлыбритания)  қаласында  шығарған  кітабын-
да «Currency and Economics» мақаласынан 
алынған «… Other early successes included 
Almaty and Karaganda Margarine Combines and 
the Shymkent Confectionery Factory» [4. 108] 
деген  бір  сөйлемнің  өзінде Almaty, Shymkent 
қалаларының  аттары  қазақшадан  ауыстырыл-
ған болса, Karaganda қаласының аты бұрынғы 
орысша к‰йінде қалыпты.  
 Almaty [123], Alma-Ata [163]; 
Yenesei [207], Yenisei [206]; 
Jusuf Balasaguny [229], Jusup Balasaguny 
[235], Yusup Balasaguny [229];  
Chokan Valikhanov [52], Chokan Ualikanov 
[65], Chokan Ualikhanov [66]. 
Осы  кітапта  мына  төмендегіше  екі  т‰рлі 
жазылып  тұрған  нәрсе  де  бір  оқу  орнының 
аты болса керек:  
The Dzambyl Livestock Technical Institute 
[29] 
The Dzambyl Animal Veterinary Technical 
School [61]. 
Бұл  бір  оқу  орнының  атында  Жамбыл 
Жабаев  атамыздың  аты  екі  т‰рлі  жазылғаны-
мен  қоймай, 53-бетте Zhambyl Zhabaev деп 
тағы  басқаша  (дұрыс  нұсқасында)  жазылып  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          335 
 
тұр.  Ал  осындай  қазақтың  ы  әрпінің  орнына 
ағылшынның  у  әрпін  ж‰йелі  т‰рде  қолдану 
қалыптаспағандық  салдарынан 28 бетте  Сы-
дық деген кісі есімі Sidik деп жазылып, көзге 
де  құлаққа  да  қолайсыз  келіп  тұр.  Дұрысы 
Sydyk болу керек еді.  
“The Nomads” – «Көшпенділердің»  ағыл-
шын  тіліндегі  аудармасында [6] тарих  сахна-
сында басты рөлдердің бірін иемденген Шың-
ғыс хан есімі 
Gengiz Khan [4] 
Gengizkhan [8] 
Genghiz Khan [9] 
Genghizkhan [137] 
Genghiz-khan [190] 
Chingiskhan  [193] 
Genghiz Khan [280] 
Jenghiz-Khan [287] 
Chinghis [294] 
Genghiz-Khan [367] 
болып, 10 т‰рлі берілген. 10 т‰рлі жазудың 
бірі  де,  өкінішке  қарай,  Шыңғыс  хан  деген 
сөзді  бере  алмайды.  Өз  бабамыз  Қожа  Ахмет 
Ясауи аты  
Sheik Hoja-Ahmed Yasavi [48] 
Ahmed-Hoja [131] 
Khodzhi  Akhmed Yasav [196] 
Khadzhi  Akhmed Yasavi [197] 
Khodzhi  Akhmed Yasavi [226] 
Khoja-Ahmed Yesevi [282] 
Khodzhi  Akhmet Yasavi [376] 
The Saint Khodzhf  Akhmet [438] 
болып,  өзі  трилогияның  өн  бойында  жиі 
кездеспесе де, кездескен сайын т‰рлене т‰сіп, 
8  т‰рлі  беріліпті.  Не  Қожа  деп  жазғысы  кел-
гені  не  Қажы  деп  жазғысы  келгені  т‰сініксіз. 
Бұл  жерден  де  Қожа  Ахмет  Ясауи  деген  есім 
естілмейді. Орысша нұсқасындағы «родитель-
ный  падежде»  Ходжи  Ахмеда  Яссави  деп  бе-
рілген  жерлер  ағылшыншасында  да  сақтал-
ғаны көрінеді. Бұқар жырау 
Bukhara-Zhyrau [203] 
Bukhar Zhyrau [271] 
Bukhar-Zhirau [292] 
Bukhar-zhyrau [296] 
Bukahr-Zhyrau [341] 
Bukhar-Zyrau [355] 
Bukhar-Zhyrau [362] 
болып 7 т‰рлі, Жәнібек, Сәмеке хандар 5-6 
т‰рлі  болып,  құбылып  кете  берген.  Бір  ғана 
134-бетте Temir-Biy, Biy-Temir, Biy Temir де-
ген 3 т‰рлі Темір би тұр. Әбілқайыр хан кітап-
тың  жартысына  дейін Khan Abulkhair болып 
келіп,  жартысынан  ауа Abu'l-Khair Khan бо-
лып, «имиджін» ауыстырады да, соңыра қайта 
қалпына  т‰седі.  Қазтуған  жырау  болса Kaz-
tugan-Yhyrau [37], Kaztugan-Zhyrau [38], Kaz-
tugan-Zhirau [129] болып  келе-келе,  бір  жер-
ден Kazgutan-Zhyrau [35], яғни  Қазғұтан  жы-
рау  болып  шыға  келеді.  Ал  Тәуке  ханымыз 
Tauk-Khan [192], Khan Tauk [195] деп  жазы-
лып, Тәуке емес, тауық болып кеткен. 
Ал кітаптың соңында баспаның мекен-жайы 
көрсетілген  тұста  Жамбыл  көшесі Gambyl st. 
деп  жазылған  екен,  оқығанда  ағылшынның 
(құмарлық  ойындар – азартные  игры)  деген 
сөзіне ұқсайды.  
Қазаққа қатысты мәтіндер ағылшын тіліне 
орыс  тілі  арқылы  аударылмасын  деген  сөз 
жоқ,  дегенмен  қазақ  ономастикасы  атаулары-
на және ұлттың реалий сөздеріне, яғни ұлттың 
рухани  қазынасына  келтірілген  нұқсанның  да 
едәуір  екенін  төмендегі  мысалдар  нақтылай 
т‰седі: 
М.Әуезовтің  “Абай”  романының  ағылшын 
тіліндегі аудармасында [11. 23] тобықты руы-
на  берілген  т‰сіндірмеде “Tobikty – a large 
tride of Kazakhs in Central Zhusa (Central 
Orda)…”  деп, «Центральный  жуз» – орталық 
ж‰з  (орталық  орда)  болып  дұрыс  аударыл-
мағанымен қоймай, орысшалағандағы жуза-сы 
сол  к‰йінде  сақталып,  ағылшын  тіліне  ауда-
рыла салған.  
«Көшпенділер»-дегі  Дәшті-Қыпшақ  сөзі 
«Кочевники»-де  Дешти-Кипчак  деп  берілген, 
соған  орай «The Nomads”-дың  аудармашысы 
ортадағы u-ді and (және) деген сөз етіп, Desht-
and-Kipchak (Дешт  және  Қыпшақ)  деп  ауда-
рып тастаған [7, 8, 6]. 
SCE “Cartography” [12] шығарып  жатқан 
Алматы  қаласының  ағылшын  тіліндегі  карта-
сында  аудан,  көше,  алаң  аттары Medeuskii 
District, Bostandykskii District, Auezovskii 
District, Almalinskii District, Zhetysuskii 
District, Turksibskii District, Square Lenina т.б. 
деп жазылып, орыс тіліне деген с‰йіспеншілік 
қазақ  тұрмақ,  ағылшын  тіліне  де  залал  келті-
ріп тұр. Бұл өте жиі кездесетін қателердің бірі.  
“History of Kazakstan” – Қазақстан тарихы, 
орысшадан  аударылған  эсселер  жинағынан 
[13. 133] “The Congress decided, that into the 
composition of the Kazak autonomy must enter 
the Bukeevskaya Horde, Ural'skaya, Turgaiskaya, 
Akmolinskaya, Semipalatinskaya, Semirechinskaya 
oblasts and the regions of the Zakaspiiskaya 
oblast and Altaiskaya province, settled by the 

336                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Kazaks»  деген  бір  сөйлемді  алайық,  ағылшын 
тіліне  де  ұқсамайды,  қазақ  ономастикалық 
атауларының  латын  қаріптерімен  берілген 
орысша  т‰сіндірмесі  сияқты,  себебі  ағылшын 
тілінің  ішкі  заңдылықтары  мұндай  «оконча-
ниелерді»  тіпті  көтермейді.  Бұл  кітаптың  өн 
бойы осындай қателерге толы.  
Кісі  есімдері  мен  жер-су  аттарын  қазақша 
жазуды  біріздендіру  проф.  Т.Жанұзақтың 
«Адамдарға айшықты ат жарасқан» деген ма-
қаласында көрсетілгендей [14] толық шешімін 
тауып ‰лгермесе де, бірқатар ж‰йеге келтіріл-
ген  сыңайлы,  енді  олардың  орыс  тілінде  т‰п-
нұсқаға  жақын  жазылуын  қалыптастыру  қа-
жет. Дегенмен, қазақ атауларын орысшалауда 
да  қазақша  нұсқаға  жақындау  басталды.  Осы 
2004  жылы  орыс  тілінде  шыққан  Қазақстан 
картасында [15] бұрынғы  бұрмаланып  жазы-
лып  келген топонимдердің  Жанакорған,  Жай-
лауколь, Ушарал, Шымкент, Карағанды, Шиели, 
Байконыр, Кокшетау, Жамбыл т.б. болып, ай-
тарлықтай  жөнге  келіп  қалғаны  байқалады. 
Бұл  әрине,  көңілге  демеу,  дегенмен,  к‰нде-
лікті  қолданыстағы  өзгеріс  мардымды  емес, 
себебі қадағалаудың “білегінде”  к‰ш  жоқ.  Ал 
орфографияның  алдымен  қазақшасы,  соң 
орысшасы  нақты  ж‰йеге  келтірілген  болса, 
оларды  ағылшын  тілінде    (басқа  да  тілдерде) 
транслитерациялау – ‰шінші  міндет – қиын-
дықсыз шешім табар еді. 
Қорыта  келе  ХХІ  ғ.  лингвистикасының 
перспективалары,  оның  басты  бағыттары  мен 
әдістері жөнінде тілші-ғалымдар сөз қозғаған-
да  тілді  зерттеудегі  дәст‰р  бір  жағынан  сақ-
талып, екінші жағынан  бұрынғы жетістіктер-
дің  жетіле  т‰сетіндігін  айтады,  яғни  жалпы 
ғылымдағы  іргелі  принцип – ол  сабақтастық-
тың сақталуы. 
Келешектегі  лингвистикалық  ізденістерде 
басым  бағыттардың  орнына  тілдік  нысана-
ларды зерттеуде кешенділік орын алмақ. ХХ ғ. 
аяғы  мен  ХХІ  ғ.  әлемдік  лингвистикада  жаңа 
ғылыми  концептуалды  парадигма – антропо-
центристік, этноцентристік бағыт бой көтеріп, 
ұлттық  лингвистикаларға,  оның  ішінде  қазақ 
лингвистикасындағы  зерттеулерде  де  тілдегі 
адами  факторларға  қазірдің  өзінде  басымды-
лық беріле бастады. Лингвистикалық зерттеу-
лердің басты нысаны «тілдік тұлға» (языковая 
личность)  болғандықтан  адами  факторға 
с‰йенетін  адам  тіршілігінің  ойлау,  сөйлеу 
аспектілерімен  байланыста  антропоцентрис- 
тік  бағыт  к‰шейе  т‰сті,  өйткені  тіл  деген 
феноменнің  өлшемі  де,  ғаламның, «әлемнің 
тілдік  бейнесінің»  көрсеткіші  де  осы  адам- 
ның өзі. 
_______________________________ 
1.  Атамекен  атаулары.  Астана:  Ақмола  полиграфия, 
1999 
2. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2005 №2 (4) 
3. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2005 №1 (3) 
4. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2004 № 1 
5. Ономастикалық хабаршы, Астана, 2004 №2  
6.  Терминологиялық  жинақ. – Алматы:  Сөздік-Сло-
варь, 2002 
7.  Жанұзақ  Т.  Рысберген  Қ.  Қазақ  ономастикасы:  же-
тістіктері мен болашағы. – Алматы: Азия, 2004 
8.  Жанұзақ  Т.  Қазақстан  географиялық  атаулары.  Ал-
маты облысы. – Алматы: Арыс, 2005  
9.  Мәдиева  Г.,  Иманбердиева  С.  Ономастика:  зерттеу 
мәселелері. – Алматы: Атамұра, 2005 
10.  Ә.Нұрмағамбетұлы,  Жер-су  аты  тарихтың  хаты. 
Алматы: Балауса, 1994 
11. Атаулар сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2004 
12. Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері (Респуб-
ликалық  ғылыми-практикалық  конференцияның  материал-
дары). – Астана: Ақжол-баспа, 2004 
  

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет